Ұсақ бизнес
Кіріспе 2
I. Ұсақ бизнестің теориялық негіздері 4
1.1 Бизнес түсінігі, мәні, атқаратын қызметтері және түрлері 4
1.2 Шағын кәсіпкерлікті ұйымдастырудың шетелдік тәжірибелері 11
II. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің экономикадағы ролі мен даму тенденциялары 16
2.1 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің ағымдағы жағдайы мен макроэкономикалық көрсеткіштері және дамыған елдермен салыстырылуы 16
2.2Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламалары 23
2.3 Шағын кәсіпкерліктің даму жолындағы негізгі проблемалары 28
Қорытынды 33
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 35

Әлемдік тәжірибе бойынша шағын кәсіпкерлікті дамытусыз нарық экономикасы болуы мүмкін емес, екенін көрсетеді.Себебі өркениетті елдердердің қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуге кәсіпкерлікке арқа сүйейді.Сондықтан Қазақстандағы іске асырылып жатқан экономикалық реформалар экономиканың келешекте дамуында негізгі бағыты шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту болып белгіленеді. Өйткені шағын кәсіпкерлік экономикасының өсуіне, ғылыми-техникалық пргресті жеделдетуге, нарықтың тауар және қызметпен тойымына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әсерін тигізеді, сонымен қатар, нарықтық экономикаға қажетті иілгіштік және динамиз береді, әлеуметтік, экологиялық және экономикалық функцияларын өткізу арқылы ортаның қажеттілік жүйесіне өзгерістер қатал сезінеді. Сондықтан да кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің экономикадағы ролінің өте маңыздылығын дәлелдейді .
Қазақстан егемендік алғаннан бері шағын және орта кәсіпкерлікке орасан көңіл бөлініп келеді.Әлемдік дағдарыс кезінде кәсіпкерікке оданда қатты көңіл бөлініп жатыр.Өйткені Елбасымыздың 2010жылғы Жолдауында”Жаңа онжылдық-Жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері “ белгілегендей “Кәсіпкерлік –жаңа экономиканың қозғаушы күші деп атап өтті.Әртараптантырудың өзегі кәсіпкерлік болады.Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға,жаңа рыноктарды игеруге,инновациялар ендіруге дайын қуатты кәсіпкерлер табын көргіміз келеді.Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады”деп атап өтті. Сондықтан бүгінде республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып,жандандыру және олардың ұйымдық-құқықтық нысандарды мен мемлекеттік реттеу әдістерін жетілдіру күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бірінші кезеке қойылып отыр. Оған куә ретінде Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметі тарапынан жасалынып жатқан кәсіпкерлікті қолдау,жандандырып нығайту туралы шараларды ,бірқатар құқықтық актілерді және мемлекеттік бағдарламаларды атап өтуге болады. Осыған орай айта кететін бір жайт мемлекетімізде шағын кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау табуын тек кәсіпкерлікті дамыту үшін деп түсінбей,сонымен бірге оның нарықтық экономиканы дамытуға қосар үлесінің де қомақты екенін естен шығармауымыз қажет. Демек нарықтың өрлеп,өркендеуі кәсіпкерлердің қызметіне айтарлықтай дәрежеде тәуелді болады.
Шағын кәсіпкерліктің экономикалық нәтижесі мыналардан құралады:
- бәсекелестік ортаны қалыптастырады;
- нарықты тауар мен қызметтерді толтыруға әрекеттеседі;
- шағын және ірі бизнестер кадр ресурстарын және капитал алатын, «қоректендіргіш орта» болып табылады
Саяси нәтижелері шағын бизнес қоғамның тұрақтылық негізінде орта классты қалыптастыру мәліметтерінен құрылады.

1. Назарбаев Н.А. Қазақстан-2030, Алматы-1997ж.;
2. Бусыгин А.В. Предпринимательство, Москва-1999ж.;
3. Под ред. Горфинкеля Л. Курс предпринимательства, Москва-1998г.;
4. ҚР-ның Азаматтық Кодексі, алматы-199ж.,10бап;
5. Пелиха А.С. Основы предпринимательства, М.-1996ж.;
6. Окаев К.О. Предпринимательство в РК, Алматы-1999ж.;
7. Бердалиев К.Б. Қазақстан экономикасын басқару, А-2001ж.;
8.Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары: халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Семей,2001ж.,
9. Бердалиев К.Б., Тұрсынбаева А.А. Менеждмент теориясы мен тәжірибесі, Алматы-2002ж.;
10. Под ред. Жатканбаева Е.Б. Малое предпринимательство: теория, мировой опыт и Казахстан, Алматы-2001ж.;
11. Битемиров Қ.Т. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің даму жолдары және құқықтық негіздері, Алматы-1998ж.;
12. Кантарбаева А. Экономические регуляторы политики поддержки предпринимательства в Казахстане, Аль-Пари,1998г. ,№4;
13. ҚР-ның Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау заңы,
Алматы-1997ж.;
14. Под ред. Смаилова А.А. Казакстан 1998-2001 г.г. Информационно-аналитический сборник, Алматы-2001ж.;
15. Дауранов И. Проблемы развития малого бизнеса в Казахстане, Аль-Пари,№3-4,72-75б.;
16. Токсанова А.Развитие малого предпринимательства: концептуальный подход с позиции менеджмента,А-2000г.;
17. Государственная программа развития и поддержки малого предпринимательства в РК на 2007-2008г.г.,Астана, Казахстанская Правда ,2009г. 11 май;
18. Под ред. Жатканбаева Е.Б. Малое предпринимательство: теория, мировой опыт и Казахстан, Алматы-2008ж.;
19. Егемен Қазақстан газеті, 27.12.2009ж.
20. Егемен Қазақстан газеті, 05.10. 2010ж.

ЖОСПАР
Кіріспе 2
I. Ұсақ бизнестің теориялық негіздері 4
1.1 Бизнес түсінігі, мәні, атқаратын қызметтері және түрлері 4
1.2 Шағын кәсіпкерлікті ұйымдастырудың шетелдік тәжірибелері 11
II. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің экономикадағы ролі мен даму
тенденциялары 16
2.1 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің ағымдағы жағдайы мен
макроэкономикалық көрсеткіштері және дамыған елдермен салыстырылуы 16
2.2Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік
бағдарламалары 23
2.3 Шағын кәсіпкерліктің даму жолындағы негізгі проблемалары 28
Қорытынды 33
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 35
Кіріспе
Әлемдік тәжірибе бойынша шағын кәсіпкерлікті дамытусыз нарық экономикасы
болуы мүмкін емес, екенін көрсетеді.Себебі өркениетті елдердердің қайсысын
алсақ та өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуге
кәсіпкерлікке арқа сүйейді.Сондықтан Қазақстандағы іске асырылып жатқан
экономикалық реформалар экономиканың келешекте дамуында негізгі бағыты
шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту болып белгіленеді. Өйткені шағын
кәсіпкерлік экономикасының өсуіне, ғылыми-техникалық пргресті жеделдетуге,
нарықтың тауар және қызметпен тойымына, жаңа жұмыс орындарының пайда
болуына әсерін тигізеді, сонымен қатар, нарықтық экономикаға қажетті
иілгіштік және динамиз береді, әлеуметтік, экологиялық және экономикалық
функцияларын өткізу арқылы ортаның қажеттілік жүйесіне өзгерістер қатал
сезінеді. Сондықтан да кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің
экономикадағы ролінің өте маңыздылығын дәлелдейді .
Қазақстан егемендік алғаннан бері шағын және орта кәсіпкерлікке орасан
көңіл бөлініп келеді.Әлемдік дағдарыс кезінде кәсіпкерікке оданда қатты
көңіл бөлініп жатыр.Өйткені Елбасымыздың 2010жылғы Жолдауында”Жаңа онжылдық-
Жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері “ белгілегендей
“Кәсіпкерлік –жаңа экономиканың қозғаушы күші деп атап
өтті.Әртараптантырудың өзегі кәсіпкерлік болады.Біз тәуекелдерді өз
мойнына алуға,жаңа рыноктарды игеруге,инновациялар ендіруге дайын қуатты
кәсіпкерлер табын көргіміз келеді.Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы
жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады”деп атап өтті. Сондықтан бүгінде
республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негізі болып
табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып,жандандыру және олардың ұйымдық-
құқықтық нысандарды мен мемлекеттік реттеу әдістерін жетілдіру күн
тәртібіндегі мәселелер бойынша бірінші кезеке қойылып отыр. Оған куә
ретінде Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметі тарапынан жасалынып
жатқан кәсіпкерлікті қолдау,жандандырып нығайту туралы шараларды
,бірқатар құқықтық актілерді және мемлекеттік бағдарламаларды атап өтуге
болады. Осыған орай айта кететін бір жайт мемлекетімізде шағын
кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау табуын тек кәсіпкерлікті дамыту үшін деп
түсінбей,сонымен бірге оның нарықтық экономиканы дамытуға қосар үлесінің
де қомақты екенін естен шығармауымыз қажет. Демек нарықтың өрлеп,өркендеуі
кәсіпкерлердің қызметіне айтарлықтай дәрежеде тәуелді болады.
Шағын кәсіпкерліктің экономикалық нәтижесі мыналардан құралады:
- бәсекелестік ортаны қалыптастырады;
- нарықты тауар мен қызметтерді толтыруға әрекеттеседі;
- шағын және ірі бизнестер кадр ресурстарын және капитал алатын,
қоректендіргіш орта болып табылады
Саяси нәтижелері шағын бизнес қоғамның тұрақтылық негізінде орта классты
қалыптастыру мәліметтерінен құрылады.
Әлеуметтік – шағын кәсіпкерлік, еңбекке қабілетті халықты жұмыспен қамту
мәселелерін шешуге әрекетеседі.
Шағын кәсіпкерліктің дамуы мемлекеттің жалпы экономикалық шараларды іске
асыруда әсерін тигізеді. Яғни: инфляция деңгейінің төмендеуі, мемлекттік
меншігін жекешелендіру; салықтық және томожниялық заңдардың болуы.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті қолдау
және дамыту тәжірибесін мол деп санауға болады. Дегенмен де Қазақстан
Республикасында пайдаланып жатқан шаралар негізінде еліміздің
экономикасының ерекшеліктерімен бірге әлемдік тәжірибе де жатыр.Өйткені
Қазақстан әлемдік экономиканың толыққұқұлы қатысушысы болып
келеді.Сондықтан ,шағын кәсіпкерліктіің мемлекеттегі нарықтық экономикалық
қатынастарды құруда алатын маңызды роліне байланысты бұл жұмыстың мақсаты
–Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің негіздері мен даму
процестерімен танысу, талдау және шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен
дамыту бойынша шетелдік тәжірибесін зерттеу.
Осы мақсатқа жету үшін курстық жұмыстың бірінші бөлімінде шағын
кәсіпкерліктің теориялық негіздері мен шағын кәсіпкерлікті ұйымдастырудың
шетелдік тәжіриебесі қаралады. Екінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы
шағын кәсіпкерліктің экономикадағы ролі, ағымдағы жағдайы мен даму
тенденциялары мен бірге негізгі проблемалар талқыланады. Қорытындысында
Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлігінің әрі қарай дамыту және
нығайуына арналған бірқатар ұсыныстар берілетін болады.
1.1 Бизнес түсінігі, мәні, атқаратын қызметтері және түрлері
Бизнес іс ретінде қарастырылады, оны істердің дипломатиялық қарым-
қатынастары, адамдар арасындағы қарым-қатынастар ретінде қарастыру керек.
Сондықтан осы процеске қатынасатын адамдарды бизнесмен деп атайды.
Бизнес сондай-ақ пайда әкелетін әрекет ретінде қарастырылады. Оның
басқа тірліктерден айырмашылығы - ол әртүрлі салаларда орындалады. Ол
негізінен өндіріс өрісіндегі бизнес, сауда–айналым өрісі, банк, қызмет
көрсету салаларында жүзеге асырылады.
Бизнестің жеке түрінің бірі кәсіпкерлік бизнес болып саналады.
Бұл бизнестің экономикалық негізі өндіріс құралдарына жеке меншік және
басқа түрлі меншіктердің болуымен сипатталады.
Жалпы кәсіпкерлік ұғымының тарихы орта ғасырдан басталады. Тіпті
сол кезеңдерде саудагерлер, қолөнершілер, үгіттеушілер бастаушы
кәсіпкерлер ретінде болған. Орта ғасырда кәсіпкер деген термин одан да
бұрынғы антрепренер, яғни француз сөзі делдалдық екі мағынада
қолданылды:
1) түрлі мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы;
2) өндірістік немесе құрылыс жобаларын басқарушы.
Ал кәсіпкерлік ұғымын ең алғаш 18 ғасырдың басында ағылшын
экономисті Ричард Контильон (1680-1734ж.ж) енгізген. Ол кәсіпкер деп нарық
жағдайында тәуекел етуімен байланысты іс-әрекеттер жиынтығын жүзеге
асыратын адамдың айтқан.
Ал француз экономисті Жан-Батист Сэй (1767-1832 ж.ж.) бойынша
кәсіпкерлік дегеніміз екі өндіріс факторлары еңбек пен капиталдың тәуекел
жағдайындағы шығармашылық үндесуі және бірігуі болып табылады. Сонымен
қатар Сэйдің түсінігінше кәсіпкердің еңбегі шығармашылық еңбек, ал
менеджердікі бірыңғай еңбек деп түсінген.
Американ экономисі Йозеф Шумпетердің (1883-1950 ж.ж.) ойынша,
кәсіпкерлік дегеніміз - инновациялардың көзі және дамудың қозғаушы күші
болып саналады. Яғни ол кәсіпкерлікті технологиялық дамуымен,
жаңашылдықтармен және экономикалық өсумен байланыстырады. Шумпетер бойынша
жаңа комбинацияны жүзеге асыруға келесі бірқатар мәселелер әсер етеді:
1) жаңа өнімдер мен қызмет өндіру;
2)жаңа технологиялар енгізу;
3)өткізудің жаңа рыногына ие болу;
4)шикізаттың жаңа көздеріне ие болу мүмкіндіктері;
5)сала құрылымының қайта ұйымдастыру қажеттілігі.
1964ж. П.Друкер, кәсіпкер - белгілі бір мүмкіндіктерден мейлінше көп
пайда түсіретін адам3.
Қазіргі кездегі кәсіпкер деп - пайда табуға бағытталған және
тауарларға (қызмет, өнім) сұранысты қанағаттандыру арқылы өз атынан жүзеге
асыратын жауапкершілікті, инициативті қызметті атқарушы азаматтар.
Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 10-
бабында: Кәсіпкерлік деп - меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен
заңды тұлғалардың тауарларға (қызмет, өнім) сұранысты қанағаттандыру арқылы
пайда табуға бағытталған ынталы қызмет және ол кәсіпкердің өз атынан, оның
тәуекелдерімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады
делінген4.
Кәсіпкерліктің бірнеше анықтамаларын қарастыру негізінде бұл
ұғымның негізгі құрамдас бөліктерін атауға болады:
1) жауапкершілік, тәуекел, инициатива;
2) жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау;
3) құралдарды іске асыру еркіндігі;
4) жаңа шешімдерді, идеяларды іздеу.
Жоғарыдағы кәсіпкерліктің құрамдас бөліктері менеджмент фунцияларымен
байланысты екендігін көруге болады. Сонымен, кәсіпкерлік дегеніміз - ол
жеке бизнесті ұйымдастыра білу және оны тиімді түрде іске асыру болып
табылады.
Жалпы кәсіпкерлік қатынастарды қарастырудың алғашқы сипаты - оның
субъектісі мен объектісі.
Кәсіпкерліктің субъектісіне экономикалық қызметке қатысушы түрлі
мүшелер, алдымен жеке-дара индивидтер жатады, сосын кәсіпкерлік қызметті
бір топ адамдар жүзеге асыратын ұйымдар, яғни шаруашылық серіктестіктер,
акционерлік қоғамдар, кооперативтер.
Ал кәсіпкерліктің объектісіне адамның белгілі бір қызметі, нақты
жағдайда жаңашылдық, ерекше мағынадағы өндіріс, айырбас, бөлудің әртүрлі
факторларын қосу жатады.
Кәсіпкерліктің соңғы нәтежиесі - өндірілген өнім мен қызмет болып
табылады.
Сонымен қатар, кәсіпкерлікті процесс ретінде де қарастыруға
болады, ол 4 сатыдан тұрады:
1) Жаңа идеяларды іздеу мен бағалау.
Барынша көп табыс келтіру - кәсіпкерліктің ең қозғаушы факторы.
Кәсіпкерлер өзіне тиімді өзгерістер, яғни жұмыстарына жаңалықтарды
енгізеді, мақсаты - пайда табу. Нарыққа жаңа тауар ұсынған алғашқы фирма
оларды белгілі бір уақытқа дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады.
Міне осы қабілет әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және іске
шығармашылықпен қарау іскерлік әлемінде жоғары бағаланады.
2) Бизнес-жоспарды құру.
Бизнес-жоспарды құру - күрделі мәселелердің бірі, яғни өзіне нарық
сегменттерін қосатын, оның қөлемін және негізгі сипаттамаларын, маркетинг
жоспарын, өндірістік және қаржылық жоспарларды қамтамасыз ету болып
табылады.
3) Қажетті ресурстарды табу.
Бұл ең бастысы қандай ресурстар қажеттігін нақты бағалау; бастапқы
деңгейден қайталама деңгейді ажырата білу; ресурстар жетіспеушілігімен
байланысты теріс зардаптарды бағалау жұмыстары жүзеге асырылады.
4) Құрылған кәсіпорынды басқару.
Әрбір кәсіпорынды басқару мәселесі - нақтыланған өнім стилінің
басқарушысынан тұрады, ұйымдық құрылым құруды ұйымдастыру, табыстың шешуші
тетіктерін және де әлсіз жақтарын табу арқылы шешім қабылдаудан тұрады5.
Ал жалпы жаңа шағын кәсіпорын құру процесі 3 негізгі кезеңнен
тұрады:
1-ші кезеңді дайындық кезеңі деп аталады, мұнда кәсіпкердің
қызмет түрін және көлемін анықтау және ұйымдастырушылық- құқықтық формасын
таңдайды;
2-ші кезең, яғни құрылтайшылық кезеңде құрылтайшы құжаттарды
дайындау процестері мен мемлекеттік тіркелу және кәсіпорынның атрибуттарын
енгізу мәселелері шешіледі,
3-ші ұйымдастырушылық кезеңінде жаңа шағын кәсіпорынның
ұйымдастырушылық құрылымын құру мәселесі қарастырылады, яғни негізгі
өндірістік құрылымын, басқару құрылымы, персоналдық құрылым және өндірістік
инфрақұрылым.
Кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде бірнеше негізгі
белгілері бар. Оның ішінде ең негізгілерінің бірі шаруашылық
субъектілерінің еркіндігі мен тәуелсіздігі. Олардың егемендігі нарық
механизмі әрекетін қамтамасыз ететін тәртіп қалыптастырады. Жалпы бизнестің
негізгі талабы - экономикалық іс-әрекеттердің әртүрлілігіне қарай іздеу мен
таңдау еркіндігі болып табылады.
Кәсіпкерлікке тән тағы бәр сипаты - ол шаруашылық жүргізудегі
тәуекелге баруы. Тәуекел-жоспар немесе болжауды қарастырылған нұсқалармен
салыстырғанда табыс ала алмау немесе зиян шегудің ықтималдығы. Шаруашылық
тәуекелдің негізінде мүмкін болатын және шығындар мен нәтежиелердің
арақатынасы жатады.
Кәсіпкерліктің жүзеге асырушыларының ерекше белгілері ретінде
жаңашылдық, шығармашылық ізденіс, жауапкершілік, іскерлікте этикет
әрекеттері, жеке қабілеттер мен қасиеттерін жатқызуға болады6.
Сонымен қатар, кәсіпкерлікті ұйымдастырудың мәнді сипаттамалары
да бар және олар келесідей:
1) Мақсатты анықтау. Ол пайдалылықтың негізін енгізуде маңызды
болады. Кезінде Барух Спиноза әлемді билейтін мүдде деп атап көрсеткен
екен. Ал Аристотельде мүдде туралы: игілік барлық жерде екі шартты сақтауды
талап етеді Біріншісі - қандай қызмет болмасын ең соңғы мүддені дұрыс табу.
Екіншісі - сол түпкі мүддені іске асыру үшін керекті құралдарды табу.
2) Мақсатқа жету жолдары. Мақсатқа жету жолында кәсіпкер жету
құралдарын, әдістерін анықтауы қажет. Бұл тұрғыда пайда алу мен басқару
сапасының өзара үйлесуінің қамтылуы қажет.
3) Мадақтау мен жазалау жүйесінің болуы. Мұнда жұмысты
ұйымдастыруда шығармашылық ықылас көрсеткені үшін марапаттау туралы
айтылады. Жазалау - ықыластың жоқтығы үшін мәселені қою жөнінде болады.
Кәсіпкер алдына жаңа мәселелерді іздеп қояды және оларды шешудің жолдарын
іздейді. Бұл жағдайда ғылыми тәсіл қолданылады.
4) Басқару стилі. Мұнда кәсіпкерге төнетін қауіп-қатер де,
адамдарды жұмысқа жұмылдыру, оларды марапаттау және тағы басқа факторлар да
жатады.
5) Ұйымдастырушылық құрылым. Бұл жерде оның икемділігі туралы
сөз болады, яғни оның негізгі объектісі-өндіріс болып табылады. Құрылым
өндіріске қарағанда екінші болып, рынок жағдайына байланысты бағытталуы
тиіс.
6) Кәсіпкерлік кәсіпорындардың айырмашылығы, яғни сонымен қатар,
сандық сипаттары бары: жұмыскерлер саны, капиталдың жылдық айналымы,
кәсіпорындардың шамалары.
7) Кәсіпкерлікті сипаттайтын негізгі қасиеттері - ол қызмет
еркіндігі, субъектілердің тәуелсіздігі, сонымен қатар, кәсіпкерлік қызмет
өрісінде тәуелсіздік.
8) Қандай басқару тәсілін таңдау қажеттілігі. Еркіндік өндіріс
бағдарламасын қарастыруда көрінеді, мысалы бағдарлама, өндіріс жоспары.
9) Тәуекелдікке қатынасы. Жасағыштық тәуекел және тәуекелдік
түрлерінің жиынтығының тепе-теңдігі болып саналады.
Енді кәсіпкерге тән сипаттарды анықтайтын болсақ ол келесідей
болады:
қызмет өрісін кәсіпшілік біліммен басқару;
өндірістік-маркетингтік қызметті басқару үшін басқарушы білімі мен
тәжірибесі болу;
өзінің мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білу және рыноктағы жағдайды
ескеру, қаржы құралдарын тарта білу,
экономикалық ойлау қабілеттілігі, құзыретті болу, іскерлік мәдениетті,
тәжірибелі болу,
өндірісті ұйымдастыруды білу, қойған мақсатқа жету үшін тәуекелге
бару,
талдай білу және рыноктің мүмкіндіктерін пайдалану, жаңашыл ойлар
болуы.
Жоғарыдағы кәсіпкерлік қызмет пен кәсіпкердің сипатамаларын
қарастыру негізінде оның атқаратын қызметтеріне тоқталу қажет.
Кәсіпкерліктің атқаратын қызметтеріне келетін болсақ: өндірістік,
коммерциялық, қаржылық және басқарушылық қызметтері бар.
Өндірістік қызметі өндіріс пен материалды-техникалық қамтамасыз
етуді және шаруашылық қызметті шикізат, құрал-жабдықтар және тағы
басқаларымен өзара байланыстылығын жүзеге асырады.
Коммерциялық қызметі тұтынушылардың қажеттіліктерін анықтау және
кәсіпорындар мен нарықтық контрагенттер арасындағы айырбас процесін
басқаруды жүзеге асырады. Сонымен қатар, тауар-ақша және сауда-айырбас пен
сату-сатып алу бойынша келісімдер арқылы да жүзеге асырылады.
Қаржылық қызметі келесі функцияларды іске асырады: қаржы есебінің
енгізілуі; инвесторлар мен кредиторлар есебінен капиталдың
мобилизациялануы; сатудан түскен табыстарды жинақтау; ақша нарығы, банктер,
инвесторлар, бағалы қағаздармен өзара байланыстар қалыптастыру; сатып
алушыларды іздеу мен анықтау және тартуға байланысты маркетингілік
қызметтер және тағы басқалары.
Басқарушылық қызмет кезінде келесі мәселелер қарастырылады:
1) кәсіпорындар мен қоғамдық құрылымдар немесе ақпарат
құралдарымен өзара қарым-қатынастарын басқару, инициативалық талаптарды
және менеджмент тәжірибелерін қалыптастырып, тарату;
2) капиталдар мен табыстардың қолданылуын басқару; ғылыми-зерттеу
жұмыстары мен жобалық жұмыстарды тиімді пайдалану;
3)бизнес қажеттіліктеріне сәйкес жұмысшыларды тарту, таңдау,
жұмысқа алу.
Сонымен, кәсіпкер қызметінің сферасына байланыссыз өз
қабілеттіліктерін келесі функцияларды орындау арқылы жүзеге асырады:
1) нарықты зерттеу арқылы төлемқабілетті сұранысы бар тауарлар
мен қызметтер іздеу;
2) тауарды өндіру немесе қызмет көрсету үшін қажетті ресурстарды
бағалау;
3) төмен бағалы ресурстар нарығын іздеу;
4) бизнесті жаңа техника, технология және менеджмент негізінде
ұйымдастыру мен басқару;
5) маркетингтің қазіргі заманғы қағидаларын пайдалану арқылы
тауарлар мен қызметтерді сату, тарату;
6) табыстарды тұтыну және жинақтау қорлары арасында, резервтік
қорлар, дивидендтерді төлеу қорлары арасында тағы басқаларын тиімді бөлу.
Жоғарыдағы аталған кәсіпкерліктің қызметтеріне байланысты негізгі
түрлерін бөліп айтуға болады: өндірістік, коммерциялық, қаржылық,
делдалдық, сақтандыру7.
Өндірістік кәсіпкерлік негізінен тауарлар, қызметтер, ақпарттар,
рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік болып табылады. Сондықтан өндіріс
функциясы кәсіпкерлер үшін ең негізгі болып саналады.
Ал коммерциялық кәсіпкерлік тауарлар мен қызметтерді сату және
сатып алу келісім-шарттары негізінде жүзеге асырылады, яғни тауарлы-
ақшалай, саудалық-айырбас операциялары сипатталады. Кәсіпкер пайдасы
тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл
операциялар заң шегінде болса, алыпсатарлық болып есептелмейді.
Кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі - қаржылық кәсіпкерлік болып
табылады. Оның сату-сатып алу қызмет саласы ақша айналымы, бағалы қағаздар,
валюталық қатынастар.
Делдалдық кәсіпкерлік дегеніміз бір мәмілеге өзара мүдделі
жақтардың басын қосатын қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады және
ол делдалдық қызмет атқарады.
Сақтандыру кәсіпкерлігі дегеніміз кәсіпкер сақтандырған жағдай
болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы
кәсіпкерлігінің ерекше формасы және жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік
табысты құрайды. Көріп отырғандай кәсіпкерліктің барлық түрлері пайда
табуға бағытталған8.
Сонымен қатар кәсіпкерлік бірнеше белгілер мен қызметіне байланысты
жіктелінеді:
біріншіден, көлемі бойынша: -шағын, орта, ірі;
екіншіден, меншік түріне қарай: -жеке, мемлекеттік және аралас;
үшіншіден, аумағы бойынша: -жергілікті, аймақтық, республикалық,
халықаралық;
төртіншіден, салалық бағыты бойынша: -өнеркәсіптік, аграрлық,
құрылыс, көліктік, саудалық, инфрақұрылымдық;
бесіншіден, атқаратын қызметтеріне байланысты:-өндірістік,
коммерциялық, қаржылық, кеңестік;
алтыншыдан, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы бойынша:
индивидуалды кәсіпкерлік, өндірістік кооперациялар;
толық серіктестіктер; -сенім серіктестіктері;
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер;
біріккен кәсіпорындар формалары;
акционерлік қоғамдар.
Ал жалпы экономикасы дамыған елдерде кәсіпкерлікті ұйымдастырудың
үш негізгі нысанан кездестіруге болады: жеке шаруашылық, серіктестік,
корпорациялар.
1) Жеке шаруашылық дегеніміз әрбір меншік иесі жеке өзі ғана
шешім қабылдап, шаруашылықтың барлық ісіне жкек жауапкершілікті алатын,
өндірісті ұйымдастыру болып табылады. Мысалы, 80-жылдар ортасында АҚШ-та 7
миллионға таяу жекеше шеруашылықтар болған.
Артықшылығы: барлық істің жүруіне меншік иесі -қожайынның толық
бақылауы.
Кемшілігі: капитал мөлшерінің аздығы, шығын, зиян және тағы
басқалары үшін жеке жауапкершілік.
2) Серіктестік дегеніміз - екі немесе бірнеше кәсіпкерлер
кәсіпорын үшін бірге шешім қабылдап, бірге жауап беретін өндірісті
ұйымдастыру түрі болып саналады. Мысалы, АҚШ-та 80-жылдардың ортасында 1
миллионнан астам серіктестік түрінде кәсіпкерлік болған.
Артықшылығы: капитал мөлшері жоғары, барлық серіктестіктер бірдей
иелік етеді және шығын үшін де, зиян үшін де бірдей жауап береді.
Бұл кәсіпкерлік түрі көбінесе сауда, делдалдық қызметтерде, қызмет
көрсету салаларында көбірек тараған, немесе көпшілік жағдайда ол өндіріске
байланыссыз болады.
3) Корпорациялар акционерлік меншік негізінде ұйымдастырылады.
Айырмашылығы: кәсіпкер жеке меншік пен жеке меншік иесінен бөлінген, оның
қаржылық қызметі шектелген.
Артықшылығы: акцияларды сату арқылы едәуір капиталды іске
қатыстыру мүмкіншілігі, корпорацияның иелері ешқандай материалды
жауапкершілікке тартылмайды.
Кемшіліктері: акция иелерінің барлығы бірдей корпорацияны басқару
ісіне қатыса алмайды, салық жалпы табысқа салынуымен қатар әрбір акция
иелерінің дивидендіне де салынады9.
Қазіргі батыс экономикасында шағын кәсіпкерлік шаруашылықтың ірі
секторын құрайды. Шағын кәсіпкерліктің әдеттегі формаларына франчайзинг
және венчурлық кәсіпкерлік жатады. Франчайзинг - ірі фирманың фабрикалық
маркасын пайдалануға құқық алу үшін және белгілі бір салада, белгілі бір
территорияда өз қызметін жасау үшін рұқсат алу үшін келісім шарт жасайтын
ұсақ жеке фирмалар жүйесі болып табылады. Олардың бағаны төмендету, тауарды
жеткізуге, құрал-жабдықты сатып-алуға, несие алуға көмек түрлерінде
жеңілдіктері бар. Ал венчурлық фирма - ол ғылыми зерттеулерді жасаумен
шұғылданатын коммерциялық ұйымдар. Олар жаңалықтармен бизнес жасайды. Жаңа
өнімнің рынок талаптарына сатып алушылар қажеттіліктеріне төменгі
шығындарға сай келмеу қалуының мүмкін болуына байланысты жабылуға тәуекел
етеді.Сондықтан венчурлық фирмалар бір өніммен жұмысты бітіріп, тезірек
екіншісіне көшуге тырысады.
Нарық экономикасына көшудің бірден-бір жолы мемлекет
құрылымындағы әртүрлі аяда қызмет атқаратын өндіріс, кәсіпорындарымен
бәсекелесе алатын кәсіпкерлік құрылымын құру, дамыту болып табылады.
Демек, бұл шағын кәсіпкерлік құрылымдарының материалдық базасы жеке
меншік инвестициялар болып табылумен қатар, олардың басқару бастамасында
білікті және қайратты кәсіпкер тұруы қажет. Осыған орай, мемлекеттегі
бірнеше жылдар аралығында жүргізіліп жатқан жекешелендіру саясаты қандайда
болмасын аядағы мемлекеттік меншікке негізделген монополизмді жойып
мемлекеттік емес коммерциялық құрылымдардың дамып, өркендеуіне бағытталған
деп айтуға болады11.
Жалпы Қазақстанда кәсіпкерлік қызметтің пайда болуы 1988 жылы
енгізілген Кооперациялар туралы заңға байланысты жүзеге асты деуге
болады. Бұл заң кооперативтік демократияның даму принциптерін, олардың
шаруашылық жүргізу формаларын таңдау еркіндігін кепілдендірді,олардың
мүшелеріне инициативаларын көрсетуге елеулі мүмкіндіктер ашты. Аталған
заңның мақсаты - экономиканың мемлекеттік және колхозды-кооперативтік
секторларын өзара тең құқықты ұйымдастыруды қамтамасыз ету болды. Заңның
іске асырылғандығы мемлекеттегі бұл кооперативтердің даму динамикасы арқылы
дәлелденді. Оның даму шыңы 1990 көрініс тапты: кооперативтік ұйымдар мен
кәсіпорындар саны 15 мыңға жетті, ал онда жұмыс істейтіндер саны 300 мыңнан
асты, тауарлар мен қызметтің 25,5%-нан астамын өндірді.
1.2 Шағын кәсіпкерлікті ұйымдастырудың шетелдік тәжірибелері
Өркениетті елдердің көпшілігінде экономикалық өсудің шешуші бір
факторы-шағын бизнесті жан-жақты дамыту болып табылады. Кәсіпорындардың
жалпы санының ішінде шағын және орта фирмалардың үлесі 80-90%-ын қамтып,
елдің жалпы ұлттық өнімінің 50 %-ға жуығын өндіруді қамтамасыз етіп отыр.
Шағын кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуге икемділігі оларды ғылыми-
техникалық прогрестің негізгі бір қозғаушы күшіне айналдыруда.
Шағын кәсіпкерліктің шетелдегі даму ерекшеліктерін қарастыру негізінде
ең алдымен дамыған мемлекеттер ішіндегі алыптар тәжірибесіне тоқталсақ, ол
біріншіден Америка Құрама Штатының және Жапонияның, сонымен қатар
Германияның шағын кәсіпкерлік қызметінің сипаты мен оны мемлекеттік қолдау
бағыттары мен проблемаларын ескеру қажет.
Шағын және орта кәсіпорындардың ірі кәсіпорындармен қатар қызмет
етуі дамыған елдер экономикасына тән белгі. Америка Құрама Штатында өз
ісімен айналысушы азаматтар, яғни кәсіпкерлер үлкен құрметке ие. Нарықтық
экономикаға бет бұрған елдер үшін Америка Құрама Штатындағы шағын бизнесті
дамыту тәжірибесінің үлкен маңызы бар. Америка Құрама Штатында тіркелген
кәсіпорындардың 97%-ына жуығы шағын кәсіпорындар. Бұл шағын кәсіпорындар
жалпы ұлттық өнімнің 53%-ына, көтерме сауданың 64%-ына,бөлшек сауданың 72%-
ына, қызмет саласының 57%-ына ие болып тұр9,324б..
Сонымен қатар, Америка Құрама Штатындағы кәсіпкерлік қызмет АҚШ
экономикасында шағын және орта фирмалар ғылыми-техникалық прогресс саласына
жататын барлық жаңалықтарды жасаудың, игерудің және өндіріске енгізудің тең
жартысына жуығын қамтамасыз етеді. Өндіріске жұмсалған әрбір шығынға олар
ірі кәсіпорындармен салыстырғанда орташа есеппен 17еседен көп ғылыми
жаңалықтар енгізуде. Шағын инновациялы өндіріс мұнда ғалымдар, инженерлер
және тапқырлар еңбегі негізінде ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда жыл сайын
құрылатын 600-700 мың жаңа фирмалардың 18 бөлігін ғылыми-техникалық
жаңашылдық өндірісінде мамандандырылған.
Америка Құрама Штатында шағын кәсіпкерлік тұрақты түрде
мемлекеттік қолдауға ие. Әр түрлі мемлекеттік реттеулер мен қолдау шаралары
құқықтық базаға негізделген. Солардың бірі “шағын бизнес туралы заң”.
Америка Құрама Штатының конгрессінде шағын бизнес проблемаларымен екі
комитет айналысады.
Федералдық деңгейде шағын бизнес әкімшілігі қызмет атқарады.
Әкімшіліктің басты функциясы - шағын бизнесті жан-жақты қолдау. Әрбір
штатта әкімшіліктің аймақтық бөлімдері жұмыс істейді. Аймақтық бөлімшелер
шағын бизнес субъектілеріне нарық туралы ақпарат береді, оның мәселелерін
шешуге көмектеседі.
Сонымен қатар, Америка Құрама Штатының кәсіпкерлік саясатының
негізгі бағыттарының бірі - ол қаржы түсімдерін реттеу болып табылады. Ол
екі бағытта жүзеге асырылады:
1)бюджеттен мақсатты бағытталған субсидиялар;
2)қаржыландыру үшін жеке капиталдарды тарту;
Бұл бағытты іске асыруда АҚШ-та Шағын Бизнестің Әкімшілігі құрылған
және ол шағын кәсіпкерлікке қаржылық, кеңестік, материалдық көмектеседі,
кәсіпкерлерді оқыту мен дайындауды жүзеге асырады. Шағын Бизнес Әкімшілігі
шеңберінде келесі бағдарламалар жүзеге асырылады:
1) халықаралық саудада көмек;
2) ғылыми-техникалық зерттеулер;
3) әйел-кәсіпкерлерге көмектер;
4) ардагер-кәсіпкерлерге көмек көрсету жұмыстары;
5) ұлттық кәскерлікті дамыту және т.б.
АҚШ-та шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржы ресурстарымен
қамтамасыз ету келесі бағыттарда болады:
- шағын кәсіпкерлікті инвестициялауда компаниялардың конкурс
негізінде несиелермен қамтылуы;
- қарыздар мен несиелер негізінде мемлекеттік іс ұсынылуы (Шағын
Бизнес Әкімшілігі 25 жылға дейін 750 000 долларға дейінгі ссудалар береді);
- қоршаған ортаны қорғауға байланысты шағын бизнесті
қаржыландыру10. Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөнінде Жапония мемлекеті де
үлкен тәжірибеге ие болып отыр. Жапонияда шағын кәсіпкерлікке ерекше назар
аударады. Себебі жапондық мамандардың ойынша, екінші дүние жүзілік соғыстан
кейінгі кезеңде бұл елдің әлемдегі ең бай елдер қатарына қосылуына бірден-
бір себеп болған нәрсе - ол шағын кәсіпкерлікті дамыту. Жапонияның халық
шаруашылығында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны, жұмысшылар
саны, тауар айналымы басқа секторлармен салыстырғанда алдыңғы қатарда тұр.
Жапонияда шағын кәсіпопрындар үлесіне: өндірістік өнімнің 55%-ы,көтерме
сауданың 60%-ы,бөлшек сауданың 80%-ы тиеді.
Ал мұндағы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың басты
ерекшелігі - басымды бағыттарды дамытудағы уақыт мерзімі. Басымдылық
бағыттар бір немесе одан да көп жылдарға бекітіліп, кейіннен өзгеріп тұруы
мүмкін. Жапонияда шағын кәсіпкерлікті мақсатты түрде бюджеттен
қаржыландырылады. Әрбір министірлік, әр ведомство өз шығындар бюджетіне
шағын кәсіпкерлікке жұсалатын қаржыны кіргізеді, салық жеңілдіктірі
қолданылады.
Жапонияда шағын және орта кәсіпорындар ЖҰӨ-нің 73%-ке ие болып
отыр. 1980 жылдардың екінші жартысында Жапонияның тек өңдеуші өнеркәсібінде
ғана 6,5 млн. шағын және орта кәсіпорындар қызмет етті, немесе бұл олардың
жалпы санының 99 % қамтыған9,325б..
Жалпы Жапонияда бірқатар салаларда, атап айтқанда, аяқ киім,
тігін, дәрі-дәрмек, құрастырушы бұйымдар өнеркәсібінде, бөлшек саудада,
қызмет көрсету сферасында, өндірістік және тұрмыстық техника мен бұйымдарды
жөндеп, қалпына келтіруде шағын бизнес басым орын алады.
Сонымен қатар, Жапонияда шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 9
оқу орындары бар, онда шағын және орта кәсіпорындар үшін кәсіпкерлерді
дайындайды. Мемлекет бойынша 2800 сауда-өнеркәсіптік ассоциациялар мен 500
Палатада 9000 кеңесшілер жұмыс істейді. Әдетте кәсіпкерлер бұл ұйымдарға
келесі сұрақтар бойынша барады: қаржыландыру мен несиелендіру,
шаруашылықты басқару, бухгалтерлік есеп жүргізу, міндеттемелік сақтандыру
және тағы басқалар.
Жоғарыда шағын кәсіпкерлік қызметінің даму еркшеліктерін АҚШ пен
Жапония мемлекеттеріндегі сипатын қарастырудан кейін Еуропа мемлекеттерінің
бірі Германиядағы шағын кәсіпкерлік қызметінің даму үрдісіне тоқталсақ.
Германияда шағын кәсіпкерліктің басты сипаттамасы ең алдымен
меншік құқы мен кәсіпорынды тікелей басқарудың бірлігі болып табылады.
Екіншіден, кәсіпорын қызметінің айқындылығы - оның көлемінің
шектеулілігі қожайын мен жұмыскер арасындағы өзіндік ерекше қатынас сипатын
білдіріп, өндірістің түпкі нәтежиесі үшін екі жақтың да бірдей
мүдделілігін, ынталылығын тудырады.
Үшіншіден, кәсіпорын өмірінде басқарушының ролінің ерекше
маңыздылығы: ол шарушылықтың нәтежиелілігіне тек ғана мүлік иесі
болғандықтан ғана емес, сонымен бірге оның өзінің де өндіріспен тікелей
айналысып, оны ұйымдастыруға барлық жағынан қатысуынан көрінеді.
Төртіншіден - істі жанұялық негізде жүргізу, яғни кәсіпорын
қызметін нәтижелі ұйымдастыруға, жүргізуге атадан балаға мұра ретінде
машықтану.
Бесіншіден, шағын кәсіпкерліктің тағы бір сипатты белгісі ретінде
- кәсіпорындарды қаржыландыру мәселесін жатқызуға болады. Егер алыптар
қажетті ресурстарды негізінен капиталдар нарығы қор биржалары арқылы алатын
болса, ал шағын және орта кәсіпорындар банктердің аздаған несиелеріне арқа
сүйейді, сондықтан да олар үшін қаржыландыру мәселесі басты проблема болып
табылады.
Шағын кәсіпкерліктің жоғарыда аталған сапалық жақтарымен бірге
сандық жағынан да сипаттамалары бар. Олар екі көрсеткішке негізделеді:
жылдық айналым саласы мен еңбекпен қамтылғандар саны. Германияда
қабылданған есептеу методологиясына сәйкес халық шаруашылығының бұл
сеторына мыналар жатқызылады:
1) белгілі бір жағдайда өзіндік фирма түріндегі - барлық жеке
еркін мамандық иелері (дәрігерлер, нотариустар, салық пен жарнама бойынша
консультанттар, аудиторлар, өз бетінше дербес әрекет ететін инженерлер және
тағы басқалар);
2) жұмыс істейтіндер саны 1-ден 49 адамға дейінгі және жылдық
айналым 1млн. маркаға дейінгі ұсақ кәсіпорындар
3) жұмыс істейтіндер саны 50-ден 499 адамға дейінгі және жылдық
айналымы 1 миллионнан 100 миллион маркаға дейінгі орта кәсіпорындар.
Елде шағын және орта бизнестің экономикалық маңызы:
біріншіден, барлық еңбекке жарамды халықтың 23 бөлігін қамтып отырған
жұмыс беруші ретіндегі; екіншіден, елдің жалпы ішкі өнімінің жартысына
жуығын құрайтын өнім өндіруші мен қызмет көрсетуші ретіндегі; үшіншіден,
барлық инвестициялар мен тіркелген патенттердің жартысынан артығының
өндіріске енгізудегі үлесіне 25 бөлігі келетін ғылыми-техникалық
прогрестің катализаторы ретіндегі; төртіншіден, Германиядағы барлық
өндірістік оқу орындарының 85 пайызын қамтитын даярлау көзі ретіндегі
ролімен анықталады.
Германияда шағын бизнесті мемлекеттік қолдау жүйесінің негізінде
жатқан басты принцип өздігінен, мүмкіндігінше өз бетінше дамуды барынша
ынталандыратын негізде көмек беру болып табылады. Бағдарламаның басты
мақсаты - шағын және орта бизнестің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін
арттыру. Германияның федералды үкіметі іс жүзінде асырып отырған құрылымдық-
саяси шаралары шағын фирмалар үшін қалыпты бәсеке жағдайын қамтамасыз етуге
бағытталған және мемлекеттік келісім-шарттарды бөлуге қатысудағы олардың
құқықтық жағынан теңдігін қамтамасыз ету болып табылады. Ал салық салу
жеңілдіктеріне келетін болсақ, Германияның жаңа аймақтарында қазіргі кезде
пайдаланып жүрген бұл құралдың басты үш түрі бар:
1) амортизациялық аударымдардың арнайы нормалары, яғни бұл нормалар
барлық инвестицияларға қолданылып, жаңа жұмыс орнын ашуға, қоршаған ортаны
қорғауға, техникалық жағынан алдыңғы қатарлы өнім өндіруге, сыртқа товар
шығаруға бағытталады. Жұмсалынған қаражаттар үш жыл ішінде есептен
шығарылады, бірінші жылы жұмсалған капиталдың 50 % амортизацияланады,
екінші жылы 30% және үшінші жылы 20%.
2)пайданың салық салынбайтын резервтерін жасау, яғни бұл резервті
жасауға қолөнер өндірісінде, саудада, өнеркәсіпте, еркін мамандық
секторларында, сондай-ақ мүліктерді жалдау мен жалға беру қызметі
сферасында қолдануға рұқсат етілген. Сонымен қатар, резерв бір жыл ішінде
түскен пайданың 20%-ке дейінгі мөлшерін құрауы мүмкін;
3)салық ведомствалары төлейтін инвестициялық үстемелер.
Сонымен қатар, үкімет тарапынан берілетін салыстырмалы түрде
процент ставкасы төмен және жеңілдік жағдайын пайдалана отырып ақшаны
қайтаруға мүмкіндіктер тудыратын несиелер - шағын бизнес үшін айтарлықтай
қамқорлық болып табылады.
Қазіргі кезде бизнестің бұл түрін қаржыландырудың негізгі көзі
федералдық бюджет, оның қорлары Кредитанштальт фюр видерауфбау (Майндағы
Франкфурт), Дойче аусглейхсбанк (Бонн), Берлиндер Индустриалбанк (Берлин)
сияқты арнайы үш банк арқылы бөлінеді. Шағын және орта фирмаларға несиелер
тікелей емес, ақшаның дер кезінде қайтарылуына кепілдік беретін олардың
өздерінің банктері негізінде іс жүзіне асырылады. Сонымен қатар, шағын
кәсіпорындар федералды және жергілікті үкіметтердің кепілдіктерін де
пайдалана алады. Жаңа жұмыс орындарын ашу мен экономиканың аймақтық
құрылымын жақсартуға ынталандыратын арнайы несиелерді жергілікті үкіметтер
береді.
Ал ондағы кәсіпкерлерді қорғау мақсатында сонымен бірге
инновациялық саланы дамыту мәселесі қойылған. Бұл көмектің ұйымдық
формалары әр алуан: индустриалды және ғылыми парктер, жұмыс бабына қарай
бөлмелер бере алатын, ақпараттық банктерге енуге, кеңестерге, капиталдарға
қатысуға рұқсат беретін мүмкіндіктері бар инновациялық орталықтар жүзеге
асырылған.
Жалпы қарастырғанда шағын және орта бизнес саласында инновацияны
мемлекеттік қолдау олардың ғылыми мекемелермен бірлесіп жұмыс істеуіне
көмектесу, қажетті ақпараттық және кеңестік инфрақұрылымды жасау,
технологияны алуды жеңілдету, ғылыми қызметкерлерді даярлауға жәрдемдесу
жұмыстары арқылы іс жүзіне асырылады.
Ал Ресейде экономиканы құрылымдық қайта құру үшін шағын
кәсіпкерлікті дамыту маңызды мәселе болып саналады. Ресейде экономиканың
бұл саласын дамыту мақсатында бірқатар экономикалық шаралар жүзеге
асырылған. Мысалы, 1995 жылы Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы
заң қабылданды. Бұл заң бойынша жаңадан құрылған кәсіпорындар екі жылға
дейін табыс салған төлеуден босатылады. Шағын бизнесті қолдаудың Федералдық
Қоры арқылы әр түрлі жобалар қаржыландырылды. Бұл қорға федералдық
меншіктегі кәсіпорындарды жекешелендіруден түсетін қаржының бес пайызы
келіп түседі. Осы аталған федералдық Қор арқылы шағын кәсіпкерлік ті
қаржыландыру жүйесі екі қағидаға негізделген және олар:
- федералдық қордан жұмсалатын әрбір рубльге аймақтардан да бір рубль
жұмсалуы керек;
- қаржыландыру өкілетті банктер арқылы жүзеге асырылады. Қор банкке
өз резервтік қаржысын салады, ал банк өз қаржысынан аймақтарда
кәсіпкерлерді қаржыландырады.
Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлікті қолдаудың аймақтық қорлары мен
орталықтары барлық аймақтарда құрылған. Шағын кәсіпкерлік федералдық және
жергілікті бюджеттерден қаржылық көмек алады, жергілікті салықтар бойынша
әртүрлі жеңілдіктерге ие.

тенденциялары

макроэкономикалық көрсеткіштері және дамыған елдермен салыстырылуы
Дамыған елдердің бәсекеге лайық және экономика құрудағы табысты
тәжірибесі шағын және орта бизнестың (әрі қарай – ШОБ) осы процесс
барысында шешуші элементтердің бірі болып табылатындығының нақты көрінісі
екендігінде сөз жоқ. ШОБ секторының хал-ақуалы мен даму деңгейі елдің
тұрақты түрдегі экономикалық өрлеуін қамтамасыз етеуде маңызды роль
атқара отырып ,жұмыссыздық, кедейшілік,дамымаған бәсеке,материалдық және
материалдық емес қорларды тиімсіз пайдалану ,ішкі жиынтық сұраныстың
импортқа тәуелді сияқты т.б. бірсыпыра мәселелерді шешугесептігін
тигізеді.Осының нәтижесінде ШОБ-тың даму жағдайы коптеген елдерде аса
маңызды категория болып есептеледі де,мемлекеттік жоғары деңгейде
қарастырылды. Шағын кәсіпкерлік Қазақстан Республикасында жаппай құбылысқа
айналып ,едәуір икемділік танытып отыр.Соңғы төрт жылдың барысында
тіркелген ЖКС-ның саны 2005 жылмен салыстырғанда 35%-дан артық болды
да,2008 жылдың қорытындысы бойынша 1млн бірліктен асып түсіп, елдегі
жұмыс үстіндегі шаруашылық субъектілерінің жалпы санының 92%-на
жуықталды.
ШКС-ның шаруашылық әрекет үстіндегі субъектілердің жалпы санындағы үлесі
[кесте-1]
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
макроэкономикалық көрсеткіштеріне талдамалы зерттеу, www.damu.kz
Тіркелген және белсенді ШКС-нің өзгеріс қарқыны
2008 жылға дейін тіркелген ШКС-ның жыл сайынғы өсу қарқыны орташа
алғанда 15% болды. Белсенді ШКС санының өсуі алдыңғы жылдары баяу жүріп
отырды,ал 2008 жылғы дағдарыс құбылыстарының әсерінен кәсіпкерлердің
белсенділігінің төмендеуіне байланысты өсу қарқыны кері кетті.2009жылдың
3 тоқсанында жалпы қайта қалпына келтіру процестарі жағдайында тіркелген,
сондай-ақ белсенді ШКС-ның өсу көлемі едәуір ұлғайды.(6%және 15%).
Белсенді ШКС-ның саны анық мағынада айтқанда 2009 жылдың 3 тоқсанында 95
мың бірлікке 01.01.2009 жылғы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz