Элеотрис балығының (micropercops cinctus) морфобиологиясы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Биология факультеті
Зоология және гистология кафедрасы
Бітіру жұмысы
Элеотрис балығының
( Micropercops cinctus ) морфобиологиясы
Орындаған 4 курс студенті Рахимжанова Г. Н.
Ғылыми жетекшісі,
зоология және
гистология кафедрасының оқытушысыСапарғалиева Н. С.
Норма бақылаушы Сапарғалиева Н. С.
Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға жіберілді, б. ғ. д., проф. Нуртазин С. Т.
Алматы, 2010
РЕФЕРАТ
Бітіру жұмысы “Элеотрис балығының ( Micropercops cinctus ) морфобиологиясы” 34 беттен, 3 бөлімнен, 7 кестеден, 4 суреттен, 32 әдебиеттер тізімінен және қорытындыдан тұрады.
Кілттік сөздер: элеотрис, морфологиялық анализ, биологиялық анализ, систематика, гонада, порция, субстрат, аквариум, зообентос, планктон, қоңдылық, эврифаг.
Бітіру жұмысының мақсаты: Қапшағайдағы уылдырық алу және шабақ өсіру шаруашылығындағы элеотрис балықтарына морфологиялық және биологиялық анализ жүргізу.
Бітіру жұмысының міндеті:
1) Элеотрис балығы бойынша әдебиет көздерімен танысу;
2) Жиналған элеотрис балықтарына морфологиялық анализ жүргізу;
3) Жиналған элеотрис балықтарына биологиялық анализ жүргізу;
4) Алынған мәліметтерді әдебиет көздерімен салыстыру.
МАЗМҰНЫ бет КІРІСПЕ . . . 4
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ . . . 5
1. 1. Элеотристің систематикалық орны . . . 5 1. 2. Элеотристің морфологиялық сипаттамасы…… . . . 7 1. 3. Элеотристің биологиялық сипаттамасы . . . 9
2. МАТЕРИАЛДАР МЕН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ . . . 15
2. 1. Морфологиялық анализ көрсеткіштері . . . 15 2. 2. Элеотрис балығының биологиялық анализі . . . 17 2. 3. Элеотрис балығының морфологиялық анализ әдістерінің
экологиялық негіздері . . . 20
2. 4. Қапшағайдағы уылдырық алу және шабақ өсіру
шаруашылығының қысқаша сипаттамасы . . . 21
3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ . . . 23
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 31
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 32
КІРІСПЕ
1950 жылдары балықтарды жерсіндіру кезеңінде Қазақстанның тоған шаруашылықтарына және Орталық Азия суқоймаларына- Қытай елінің суларынан және Амур бассейіндерінен әкеліп ақ амур және ақ дөңмаңдай балықтарын жерсіндіргенде кездейсоқ әкелінген тағы басқа бірнеше түр балықтары болды. Солардың ішінде Қытай элеотрисі балығы кездескен.
Қытай элеотрисінің Micropercops cinctus - тіршілік ету аймағы -Қытай мен ТМД - ның, Въетнамның суқоймалары болып табылады. ТМД - ның суқоймаларынан алғашқы рет 1960 жылы Түркменияда табылған. Өсімдік қоректі балықтарды жерсіндіргенде кездейсоқ әкелінген. Қазіргі уақытта Сырдария, Іле, Талас, Шу және Балқаш көлдері, Алматы облысының суларында кең таралған түр осы қытай элеотрисі - Micropercops cinctus .
Уылдырық шашуы - порционды, сәуірдің соңынан қыркүйектің басына дейін. Жылу сүйгіш объект [1] .
Өндірістік маңызы жоқ, бірақ Алматы облысындағы суқоймаларда таралған жеріндегі басқа жыртқыш балықтардың қоректік тізбегіне қатысады. Қоректік бәсекелестікте маңызды роль атқарады.
Бітіру жұмысының мақсаты: Қапшағайдағы уылдырық алу және шабақ өсіру шаруашылығындағы элеотрис балықтарына морфологиялық және биологиялық анализ жүргізу.
Бітіру жұмысының міндеті:
1) Элеотрис балығы бойынша әдебиет көздерімен танысу;
2) Жиналған элеотрис балықтарына морфологиялық анализ жүргізу;
3) Жиналған элеотрис балықтарына биологиялық анализ жүргізу;
4) Алынған мәліметтерді әдебиет көздерімен салыстыру.
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1. 1 Элеотристің систематикалық орны
Тип : Chordata - Хордалылар
Тип тармағы : Vertebrata- Омыртқалылар
Бөлім: Gnathostomata- Жақтылар
Класс үсті: Pisces- Балықтар
Класс: Osteichthyes- Сүйекті балықтар
Отряд үсті: Percomorpha- Перкоидтар
Отряд: Perciformes- Алабұғатәрізділер
Отряд тармағы: Gobioidei- Бұзаубастәрізділер
Тұқымдас: Eleotridae-Элеотристер
Туыс: Micropercops- Элеотрис
Түр: Micropercops cinctus - Қытай элеотрисі [2, 3] .
Өсімдікқоректі балықтармен бірге элеотрис тұқымдастары Орта Азияға және Қазақстанға кездейсоқ жерсіндірілген. Алғашқы рет 1960 жылы табылып, анықталды. Ол зерттеулер Д. С. Алиева, 1963 жылы және т. б ғалымдардың зерттеуі бойынша Hypseleotris swinhonis түрі болды.
Басқа туыстық өкілі - ротан Perccottus glenii (Dybowski) алғашқы кезеңдерде осы аудандарға келген балықтардың арасында аталмаған, содан келе ихтиофаунаның тізіміне қосылды, негізінен Сырдарияның орта ағысында, Зеравшана бөлігінде - гипсо - элеотристармен бірге кездескен [1] .
Тұқымдастардың, туыстарының систематикасы толық зерттелмеген. ТМД - ң суқоймаларында тек 2 туыс белгілі : Perccottus (Dybowski, 1877) , Hypseleotris (Gill, 1863) немесе Micropercops (Fowler et Bean, 1920) [4, 5] .
Балқаш - Іле бассейндерінде головешка (ротан) ретінде анықталды. 1960 жылдардың ортасында Іле өзенінің, Қаскелең, Талғар, Түргеннен өтетін ағыстарында зерттелген. Кейінгі кездерде Қапшағай суқоймасында 1970 жылдары 2 дана, ұзындығы - 4 және 6 см, 1975 жылдары 12 дана, ұзындығы - 1, 4 -3, 5 см; орташа -2, 8 см, масса - 0, 2 -1, 1 г ; орташа 0, 6 г түрлері және олардың қорегінің түрлері 1969 -1976 жылдардағы жинақтарда Балқаш көлінде анықталды.
Бұл практикалық зерттеулер - ротан - головешка бойынша Орта Азия және Қазақстанда ғана таралуымен шектеледі. Бұл түрдің пайда болуы, ихтиофауна аудандарының құрамында морфологиялық және биологиялық зерттеулері әлі зерттелмеген.
Н. Б. Воробьева өз еңбектерінде элеотристің қорегінің Балқаш көлінде бар екендігі туралы қысқаша сипаттамалар берген [6] .
1960 жылдары Балқаш көлінде ротан, гипсоэлеотрис түрлері кездескен. 1980 жылдардағы басқа мәліметтер бойынша Қазақстанда табылмаған [7] .
Соңғы жылдары Оңтүстік Қазақстанда және Орта Азияда кең таралған элеотристердің түрлерін басқа туыстың өкілі ретінде қабылдаған [8] .
Таксономиясы жағынан көптеген қиыншылықтар туындайды. Алғашқы кезде анықтағанда Hypseleotris swinhonis , содан кейін Perccottus cinctus түрге жатқызылды [1, 9] .
Г. М. Дукравец және И. В. Глуховцевтер [7] толық анализ өткізген соң, бұл балықтың жұтқыншақ тістерінің болуына қарап өз уақытында Hypseleotris swinhohis түріне жақын келеді деп зерттеген.
Е. Д. Васильева бұл элеотристі басқа туысқа жатқызады. Оның айтуы бойынша алғашқы кезде Micropercops cinctus түріне жатқызады [10] .
H. W. Fowler, B. A. Bean бұл зерттеген түрді бұл туысқа жатпайды деп көрсетеді. Негізгі систематикалық белгі ретінде авторлар - қабыршағының желбезек қақпағында болмауын және қақпақалды ұзындығы 45 мм немесе 47 мм-ге тең болуымен қарастырады [11] .
Осы уақыттарда G. T. Nichols (1943) салыстырмалы түрде осы түрдің белгілерін желбезек қақпағы бар, ерекше қабыршақтармен жабылған және қабыршақтардың ізі қақпақ алдында орналасқан деп сипаттайды. Бұл белгілер ұзындығы 40 мм-ге тең болған Micropercops туысының балықтарына тән, ал кішкентай түрлерінде басында қабыршақтары болмайды. Өкілдері құрсақ қанаттарында 14 сәулесі бар болуымен сипатталады. Сол себепті әлем ихтиофаунасында Misropercops туысына жататынын анықтайды [12] .
Eleotris swinhohis Қытай суларындағы анықтамалар бойынша, желбезек қақпағында және қақпақалдында қабыршақтың болмауы және құрсақ қанаттарының сәулелерінің саны бойынша 15 сәулесі бар болуымен сипатталады [13, 14] .
Іле және Сырдария бассейіндеріндегі балықтарды зерттеулер бойынша желбезек қақпақтарында және қақпақалдыда қабыршақ болып, құрсақ қанатындағы сәулелер саны 7-15 немесе 15 - ке тең болған [13] .
H. W. Fowler (1962) Қытай ихтиофаунасын зерттеу барысында ұсақ Қытай элеотрисі Micropercops туысына жатпайды деп көрсетті, ал Hypseleotris swinhohis балықтардың сипаттамасын A. Gunther (1873) берді және Micropercops dadery балығын Percottus cinctus түрінде сипаттады. Кейін P. Bleeker (1874) Hypseleotris туысының өкілдерінде жақтарында көп қатарлы тістері бар және оның алдыңғы қатары біршама қозғалғыш деп жазды. Hypseleotris туысының бірінші желбезек доғасында 11 өсінді, 24-31 омыртқасы болуымен сипатталады. Денесі ктеноидты қабыршақтармен қапталған, кеуде қанатынан құйрық қанатына дейін 28 - ден 35 - ке дейін қабыршақтар орналасқан. Қабыршағы көзінің алдына дейін, желбезек қақпағын және қақпақалдын жауып тұрады. Көзінің айналасында, қақпақ алдының әр жақ бөліктерінде ұсақ тесіктері бар [4, 14-17] .
Арқа қанатындағы сәулелер саны 8-10, екінші арқа қанатындағы сәулелер саны 10 - 13, аналь қанатындағы сәулелер саны 10 - 14, құрсақ қанатындағы сәулелер саны 15-ке тең. Осы белгілері бойынша сипатталған материалдар Hypseleotris туысына сипаттама береді. Тек омыртқаларының саны Орта Азиялық элеотристарда көбірек, оның қатары 24-31 дейін және 32-36-ға тең келеді [5] .
Е. Д. Васильеваның айтуы бойынша, Іле өзенінде тіршілік ететін балықтардың көзінің айналасында ашық орналасқан тесіктері бар болуына байланысты Hypseleotris cyprinoids түріне жатқызылған [10] .
Осылайша, элеотрис туысының және түрлерінің Орта Азияға және Қазақстанға жерсіндірілгендері анықталып және болашақта басқа зерттеулерді қажет етеді. Micropercops туысының толық зерттелмеуі негізінде элеотрис балығына берілген сипаттамалар Hypseleotris туысына қойылған диагноздар бойынша Орта Азия және Қазақстанда кездесетін туысы бойынша Hypseleotris cinctus түріне жатқызады [12] .
1. 2 Элеотристің морфологиялық сипаттамасы
Элеотристің құрсақ және арқа қанаттары өте жақын орналасқан. Алдыңғы арқа қанаты әдетте өте үлкен емес. Бұзаубастәрізділердің тұқымдасынан ерекшелігі - элеотристің жүзбе қанаттары өзінің негізгі белгілерімен ажыратылады, бірақ диск тәрізді емес.
Әдетте ірі мөлшерге дейін өсіп жетпейді. Бұл балықтардың ұзындығы 15-20 см - ден аспайды. Көбінесе табиғи тіршілік етеді.
Балқаш - Іле бассейініндегі элеотрис балығына зерттеулер жүргізілген соң, тағы толықтырулар енгізілді. Нәтижесінде белгілердің қатарының кең көлемде ауытқуы байқалады, соның ішіндегі кейбір белгілер: біріншіден қабыршағының көлденең орналасуы және желбезек өсінділерінің санының ауытқуы барысында алдыңғы анализге қарағанда қиындау болды. Осылай бола тұрса да, ғалымдармен келіспеуге болмайды, “қабыршағын санағанда, дұрыс емес орналасуына байланысты алдыңғы бөлігінен 2-3 қабыршағынан оңай шатасасың” - деген [7, 10] .
Іле өзенінің төменгі бөлігіндегі жаңа жасалған анализдер бойынша: арқа қанатындағы сәулелер саны 8- 9 (10), екінші арқа қанатындағы сәулелер саны 8-13, аналь қанатындағы сәулелер саны 7 - 16, кеуде қанатындағы сәулелер саны 12 - 13 (14), құрсақ қанатындағы сәулелер саны 15-ке тең [7] .
Көлденең орналасқан қабыршақтарының саны денесінің бүйір жағында 31-36 немесе 33-36, омыртқасы 32 - 33 (34), (35) ; кеудесіндегі омыртқасы 16-17; 1 - ші желбезек доғасындағы өсінділері 11-13 (14) . Денесі - ұршық тәрізді, екі бүйірінен қысыңқы, құйрық қалақшасы қысқа. Аузы - төменгі жағы алға қарай, жоғары жағы көзінің алдыңғы жағына дейін созылады. Тістері жақтарында қалқан тәрізді бірнеше қатар орналасқан. Қабыршағы бүйір жағында және денесінде ктеноидты, ал желбезек қақпағында циприноидты. Арқа қанатының арасы біршама бөлінген. Аналь қанаты екінші арқа қанатының астында орналасқан және мөлшері кішкентай. Құйрық және кеуде қанаты дөңгеленген, құрсақ қанаты бөлінген және үшкірленген. Қақпақалды қалқаны жоқ, таңдайында тістері жоқ. Гонадасы жұп, торсылдағы бар. Түсі ашық - сұр. Денесінде 6-13 күңгірт көлденең жолақтары бар. Арқасында және бүйірінде көптеген күңгірт дақтары бар. Көзінің астындағы күңгірт жолақтары астыңғы жағына дейін созылып жатыр. Көзі - көгілдір, құбылмалы, қабағы бар. Аталығының құйрық қалақшасының төменгі бөлігі, құрсағы және басының төменгі бөлігі сарғыш - қызыл, ал аналықтарында суреттер - кілем түстес. Денесінің жалпы түсі және қанаттары балықтың жағдайына байланысты өзгереді. Зерттеулер бойынша абсолюттік ұзындығы 48 мм -к балықтың толық массасы - 1, 1 г, ал аквариумда олар ірілеу 68 мм - ге дейін жетеді [18] .
Іле өзенінде тіршілік ететін элеотрис балықтардың аталығы мен аналығының арасындағы айырмашылығында - 8 пластикалық белгілері табылған. Аталықтың маңдайы кең, денесі онша биік емес, екі көзінің ортасынан басының биіктігі, екінші арқа қанатының биіктігі және аналь қанатының биіктігі - өте биік емес, орташалау. Денесінің ұзындығы бойынша аталықпен аналықтың арасында айырмашылық жоқ [19] .
И. В. Глуховцев және Г. М. Дукравецтің (1987) зерттеулері кезінде элеотристердің барлығы ұсақ болған, алайда аталығы аналығынан ірілеу, ал жыныстық диморфизмі тек үш белгі бойынша ажыратылады: аталықтарда - басы ұзын және маңдайы биіктеу болады, ал аналықтарында желбезек өсіндісі көп болады. Алайда желбезек өсінділерінің санын анықтау нақты мәлімет бермейді, ал пластикалық белгілеріндегі диморфизмнің болуы балықтар арасында әлі көбеюге қатыспаған балықтардың болуымен түсіндіріледі. Көбею кезінде аталықтарының түсі қатты өзгереді. Аналықтарына қарағанда олардың түсі - қараяды немесе сұр түсті болады. Денесіндегі және қанаттарындағы дақтары кетіп қалады. Периодтық кезеңде құйрық қалақшасының төменгі бөлігінің түсі - ашық - қызғылт -сары, аналь және құрсақ қанатының түсі де осылай өзгереді. Осындай өзгерістердің болуы австралиялық аталықтардың түсі Hypseleotris golil - да бақыланған [7, 20] .
Іле өзенінің төменгі бөлігіндегі бір популяция ішіндегі элеотрис балығының жастық мөлшерінің өзгерістері, жас және жыныстық жетілген особьтардың арасында 22 белгісінің ішінде 12 пластикалық белгілері бойынша айырмашылық байқалған. Жасы өскен сайын маңдайы кеңейеді, арқа қанаттарының биіктігі, құрсақ, аналь қанаттарының арасы кеңейеді және сәйкесінше денесінің биіктігі, құрсақ қанатының ұзындығы, көзінің диаметрі және антедорсальды ара қашықтығы кішірейеді. Бұл алынған мәліметтер экологиялық өзгерістерге байланысты, себебі бассейіннің әр түрлі бөліктерінен жиналған элеотрис балықтарына сипатталған [21] .
Салыстырмалы түрде экологиялық өзгерістері бойынша бірдей жастағы әр түрлі бассейіндерде жеткілікті айырмашылықтары - 18 белгісінің ішінде 12 пластикалық белгілері болған.
Осылайша, Іле бассейіндеріндегі элеотрис балықтың түрі Е. Д. Васильева және А. П. Макеева бойынша Сырдария бассейініндегі сипаттамаға сай келеді. Тек біршама айырмашылықтары - кеуде қанаттарындағы сәулелер саны Сырдарияда - 9-12; ал Іле өзенінде 11-15-ке тең келеді [10] .
1. 3 Элеотристің биологиялық сипаттамасы
Элеотрис балығының өкілдері теңізде, тұзды суда және субтропиктік тұщы суларда кездеседі.
Hypseleotris туысының өкілдерінде уылдырық шашу ортасы- өсімдіктердің арасы, тереңдігі 25 см - ден аспайтын судың жоғарғы қабатындағы ағаштардың бұтақтары болып табылады.
Уылдырығының дамуы Hypseleotris compressus түрінде 10-14 сағат, ал Odontobutus abcura түрінде уылдырығының дамуы 10-14 күн. Уылдырықтарын аталықтары қарауылдап жүреді. Уылдырық шашуы - порционды. Дернәсілдері - пелагикалық қабатта өмір сүреді. Қоректену сипаты - эврифагтар.
Тіршілік ету аймағы Қытай және Солтүстік Въетнамның суқоймалары болып табылады.
ТМД - ның суқоймаларында алғаш рет 1960 жылы Түркменияда табылған. Өсімдікқоректі балықтарды алып келгенде кездейсоқ келген. Кейін осындай жолмен элеотрис - Сырдария, Талас, Шу және Балқаш бассейіндеріне әкелінген [22] .
Қазіргі уақытта Сырдария өзенінің және оның Өзбекстан территориясындағы бөлігінің ағыстарында және Арнасай өзенінде, Шардара суқоймаларында кең тараған. Осы өзендердің төменгі ағыстарында да тіршілік етеді.
Іле өзенінен бастап Балқаш көліне дейін кездеседі, сонымен қатар Қапшағай суқоймасында және оған құятын өзендерінде тіршілік етеді. Саны жағынан көп түрлері Қаратал өзенінде және Шу өзенінде кездеседі. Қазақстан территориясының Талас өзенінен бұрын, Қырғызстандағы Кировский суқоймасында 1987 жылы осы элеотрис түрінің 1 данасы табылған [23] .
Іле және Сырдария бассейінінде элеотристің жыныстық жетілуі өмірінің 2 - ші жылы ұзындығы 28 - 41 мм және 24 - 25 мм - ге тең болғанда жетілген. Осындай балықтардың жақсы жетілген жыныс өнімдері және аталықтарында оның көрінетін неке сәні болады. Жыныстық карым - қатынасы Іле бассейінінде 1:1 - ге қатынасына тең [24] .
В. Н. Еловенко зерттеуі бойынша элеотристардың популяциясы көбінесе аталықтан тұрады [10] .
Аналықтарында жетілген уылдырық саны шілденің басында 122 - ден 280 данаға дейін ауытқиды. Олардың орташа диаметрі 0, 6 -0, 85 мм және жыныстық жетілу индексі 4, 17 - ден 12, 95 - ке тең.
Аналық жыныс бездерінің III сатысында уылдырық саны 1, 62 - 350 дана, олардың орташа диаметрі 0, 49 - 0, 63 мм және жетілу индексі 1, 20 - 3, 98. Аталық жыныс бездерінің III сатысында жыныстық жетілу индексі 0, 17 - ден 0, 67, ал IV - V сатыларында жыныстық жетілу индексі 0, 79 - дан 1, 67; орташа 1, 19 - ға тең. Ұзындығы 33, 3 мм болатын және дене массасы 592 мг - ға жететін, гонадасының массасы 35 мг болатын бір аталық балықтың жыныстық жетілу индексі 5, 91 - ге тең болады.
Уылдырық шашуы - порционды. Элеотрис балығының уылдырық шашуы Іле бассейінінде сәуір айының соңынан немесе мамырдың басынан қыркүйек айына дейін өтеді [22] .
Іле аймағынан бастап Қапшағай суқоймасына дейін 1986 және 1988 жылдары элеотрис балығының дернәсілдерінің өрістеу уақыты 90 күнге созылған және қыркүйек айының бірінші жартысына дейін болған [16] . Тәжірибелік жағдайда бір аналық - тан 50 күн ішінде 7 порция уылдырық салынған [25] .
Уылдырығын қатты субстратқа салады: тасқа, қос жақтаулы моллюскалардың бақалшағына және субстраттың жоғарғы, төменгі қабаттарына бір қатарлы етіп орналастырады. Уылдырығы - ұсақ, уылдырығының бір жақ полюсінде болатын өсінділері арқылы субстратқа жабысады, бекінеді. Уылдырығының бірінші порциясында 35 - тен 150 данаға дейін уылдырық болады, уылдырықтың диаметрі 0, 9 - 1, 0 мм - ге тең болған. Е. Д. Васильева және А. П. Макеева (1988) зерттеген мәліметтері бойынша табиғи және тәжірибелік жағдайда көбеюге бір аталықпен бірге бірнеше аналық қатысады.
Аквариумдағы бақылаулар бойынша, көбею кез-келген уақытта басталады. Көбею алдында аталықтары уылдырық салуға таза орын дайындайды. Бұл кезде аналықтары да жақын жерде жүреді. Жиі -жиі аталықтары аналықтарын ұяға шақырады. Көбеюге дайын болмаған аналықтары біраз уақыттан кейін ұяны тастап кетеді. Алайда аталықтары аналықтарының соңынан қуып жетіп, аналықтарын қайтадан таңдаған субстратқа қайтарады. Бұл көрініс көп уақытқа созылуы мүмкін. Сонымен қатар аталықтары субстратты жиі -жиі тазалап жүреді [26] .
Көбею су температурасы 25° С - қа тең болғанда басталады. Көбею уақытында аталықтары аналықтың ізімен жүріп отырып, салынған уылдырықтарды ұрықтандырады. Уылдырықтың бір бөлігін салғанда оның саны 20 - 40 данадан аспайды. Содан кейін аталықтары өсімдіктердің өсінділерінің арасына барып демалады. Біраз уақыттан кейін уылдырық шашуы қайта жалғасады және жалпы толық уылдырық шашуы 1 сағатқа созылады. Егер жақын жерде тағы бір аналық уылдырығын шашуға дайын болса, біраз уақыттан кейін осы әрекеттер тағы жалғасын табады.
Уылдырықтарды күтіп, қарауылдап жүру аталықтың кеуде қанаттарын қағу арқылы іске асады және сонымен қатар субстратын тазалап жүреді. Егер ұяға басқа балықтардың түрлері келсе, аталық элеотрис қорғаныш үрей көрсетеді: басы және арқа жүзбе қанаттарының түсі қараяды және денесі жиырылады. Аузын кең ашып, желбезек қақпағы көтеріліп, бүйірімен қозғалып қарсыласын өз территориясынан қуып жіберуге тырысады. Ұясын күзету кезінде, зерттелген бақылаулар бойынша, аталығы сол сәтте қоректенбейді. Уылдырықтан соңғы дернәсілдер шыққан соң, аталықтары ары қарай ұрпақтарын қарамайды.
Аквариумда уылдырықтың даму уақыты судың температурасы 17 - 20°С - қа тең болғанда 10 - 14 күнге, ал температура 25 - 28°С болғанда 4 - 5 күнге созылады. Алғашқы уақыттағы дернәсілдік кезең субстратқа бекінгіш болып келеді. Пелагикалық тіршілік деңгейіне көшкенде дернәсілдердің денесінің ұзындығы 2, 8 - 3, 2 мм - ге жетеді. Бұл уақытта олар су қабатында жүреді. Экзогенді қоректенуге уылдырықтан шыққаннан кейін 2 - ші күні көшеді. Осы кезде су қабатында тұрақты тіршілік етеді. Кейбір дернәсілдерінде әлі дамыған жүзу торсылдағы болмайды және қозғалуы баяу болады. Элеотристің дернәсілдерінің пелагикалық жағдайға көшуі оның өзендерде кең көлемде тіршілік етуіне жағдай туғызады. Іле өзенінің төменгі бөлігінде пассивті өрістейтін жас балықтардың өрістеуі ҚазҰУ- ң қызметкерлерінің жасаған экспедициясы нәтижесінде С 1 кезеңіндегі дернәсілдердің ұзындығы 4, 0 - 5, 9 мм - ге тең екендігін көрсетті [27] .
Су түбілік тіршілік етуге элеотрис 30 - 40 күннен кейін өтеді. Бұл уақытта жас балықтардың денесінің пішіні және түсі ірі балықтардыкіне сәйкес келеді.
Жаз кезіндегі су шығынына байланысты Іле өзеніндегі шабақтар және ересек балықтар төменгі ағыспен орнын ауыстыруы мүмкін. Элеотристің максимальді жасы 5 жасқа тең болған [10] .
Элеотристі күріш дақылдарымен бірге өсірген кезде, (1+) 2 жас шамасында, (2+) жас шамасында, толық 3 жастық даралары бірқалыпты кездескен. Ал кейінгі жинақтарда үш жастағы балықтар мүлде кездеспеген [17] .
Аквариумдағы тәжірибенің нәтижесі бойынша, күзде ауланған биылғы шабақтар 20-25°С температурада тез өсуімен және уылдырықтан шыққан соң 30 - 40 күнде жыныстық жетілуімен ерекшеленген; 50 күн өрістеу кезеңінен кейін, балықтардың ары қарай өсуі жалғасқан және оның абсолютті ұзындығы 68 мм - ге тең болған.
Жаздың ортасында бақылаудағы элеотрис балықтардың түрлері себепсіз жойылған. Олардың қаңтар айында шыққан ұрпақтары бірқалыпты өсіп, маусым - шілде айында жыныстық жетілген. Уылдырық шашқаннан кейін, ұзындығы 55 мм - ге жеткенде бір жыл ғана өмір сүріп, қараша - желтоқсан айында жойылған [6] .
Табиғи жағдайда элеотрис уылдырық шашқаннан кейін, 2 жасқа жеткенде өледі. Мысалы, Қытай, Корея және Жапония суқоймаларында тіршілік ететін басқа тұқымдастың өкілі Odontobutis obscura уылдырық шашқаннан кейін жойылған [26] .
Жасының біркелкі болмауы және көбею кезеңінің созылуы, экспериментальды жағдайда балықтардың мөлшерінің ауытқуы - 1 жылдық сақина қалыптасқан соң, 15, 4 - 32, 9 мм; орташа - 23, 1 мм дейін ауытқиды. Бұл кезде аналық пен аталық арасында дене мөлшері бойынша айырмашылықтар болмаған [10-13] .
Қапшағай суқоймасында бірнеше жылдар бойы бақылау жүргізу барысында мезгілге байланысты элеотрис балықтарының мөлшері мен сандық қатынасының өзгерістері анықталған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz