Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі құрылымының стратегиясы және қалыптасуының құқықтық принциптері


ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I . Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі құрылымының стратегиясы
және қалыптасуының құқықтық принциптері.
1.1. Қазіргі кезеңдегі сыртқы қауіпсіздіктің құқықтық параметрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.2. Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінің
анықталуының құқықтық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 6
1.3. Ядролық қару және Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

II . Орталық-азия регионында Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық мәселелері.
2.1. Интеграциялық процесс Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыздандырудың негізгі факторы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
2.2 Азиядағы Сенімділіктің өзара әрекеті мен шаралары бойынша Кеңестің дамуы мен келешегінің қорытындысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
2.3. Оратлық-азиялық қауіпсіздік жүйесін қалыптастырудағы ШОС қызметі мен ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. ХХІ ғасырға адамзатпен бірге кіретін шешілмеген проблемалар ауыр жүк болып табылады. Оның ішінде қауіпсіздік проблемесы әмбебап мәнге ие болады. Әскери аспектілерімен қатар оның саяси, экономикалық, экологиялық, ақпараттық және басқада аспектілері айқындалады. Халықаралық қауіпсіздікке зиян келтіруге қабілетті және Халықаралық қатынастардың тұрақты дамуына келешекте ауыр нұқсан келтіретін ескі қатерлер шиеленісіп және жаңа қатерлер пайда болды...1
Қазіргі кезде Қазақстан өте қолайлы сыртқы саясаттық жағдайларда орын алады деп есептеледі. Қазақстан Республикасы барлық ядролық қарулы державалардан қауіпсіздік кепілдігін алды, 1992 жылғы Ташкенттік Шарт негізінде әскери – саясаттық блоктың қатысушысы болып табылады, еуропалық және азиялық елдермен өзінің қатынасын белсенді түрде дамытуда. Дегенмен осы процестің тұсында Қазақстан қауіпсіздігінде өте қатты көңіл аудартатын күмән бар. Бұл күмән ұлы державалардың міндеттемелерімен және стратегияларымен байланысты. Жоғарыда айтылғандай, Ресей ресми түрде өзінің өмірдегі мүдделерінің аймағына енгізді. Бұл өзара әскери – стратегиялық міндеттемелердің тұрғысынан қарағанда түсіндіруге болады. Бірақ мәселе келесіде: Ресей саясаты Қазақстанның тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне қандай дәрежеде қауіп төндіре алады, Мәскеу региондағы өз мүддесін қорғай отырып және мұнда басқа державалардың енуіне кедергі жасай отырып қаншалықты терең кете алады...2
Қытаймен арадағы қатынасты, ҚХР әскери қуатының өсуіне байланысты гипотетикалық қауіптің болуына қарамастан, қауіпсіздік тұрғысынан позитивті (оң) деп бағалауға болады. ҚР мен ҚХР Үкіметтері жалпы мақсаттарды анықтады: ішкі тұрақтылықты сақтау, экономикалық байланыстарды дамыту және төменгі сапалы өндірістермен күресу.
Көп жоспарлы ынтымақтастықты кеңейтуге, саяси климатты тұрақтандыруға, регионалдық жанжалдарды болдырмауға және реттеуге бағытталған, Азиядағы өзара әрекеттер мен шаралар бойынша Кеңесті шақыруы (АӨӘШК) Қазақстан Республикасының ең шынайылық ынталығы болды.
Он жыл бұрын басталған процесс, бүгінгі күні Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қолдау саласындағы әрекеттегі форумның сипатына ие болды, оның нәтижесі болып АӨӘШК принциптерінің Декларациясы табылды.
Біздің күш салуымызбен және көрші мемлекеттердің күш салуымен регионда бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізілгенмен, Орталық Азия – әлуетті дау – жанжалды региондардың біріне саналады. Таяу жердегі шекаралық территорияларға көз салғанның өзі жеткілікті: Тәжікстандағы, Ауғанстандағы, ұзаққа созылған Кавказдағы соғыстар. Дау – жанжалдар келешекте регионның ішіндеде, жәнеде оның айналасында, оның ішінде территория үшін, сулы және бай табиғи ресурстар үшін пайда болуы мүмкін...3
2002 жылдың 4 маусымында Алматыда АӨӘШК – нің бірінші саммиті өзінің жұмысын бастады, онда мақсатқа жетудің нақты қадамы болып табылатын – регионның тұрақты дамуын қамтамасыз ету – халықаралық терроризммен күресте бірлескен әрекеттер туралы Алматылық Акті мен Мәлімдеме қабылданды. Бұл жұмыстағы Азия мен дүниежүзінің ірі мемлекеттерінің – Қытайдың, Ресейдің, Индияның және басқа мемлекеттердің, маңызды ролін атай келіп, төрағалық жасаушы азиялық континентте қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі БҰҰ координациялаушы роліне ерекше көңіл бөлді.
Н. Назарбаев шарттың ескірген ережелерін қайта қарауды қолдады, жәнеде оны халықаралық ұйымға түрлендіруге ықылас қосты. Қазақстанның атынан осы ұйымның беріктенуі мен тұрақтануына барлық қажеттілікті жасайтынын және Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт ұйымы жаңа түрінде өте кең жайылған еуразиялық кеңістікте тұрақтылықтың кепілдігі болатынына сенімділік танытты.
Тарихнама. Біздің республикамыздың сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуының 10 жылдығының қорытындыларының түпнұсқасы, Қазақстанның сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыздандыру мәселелеріне арналған, бірқатар ғылыми еңбектер бола алады.
Қазақстанның сыртқы саяси курсының қалыптасуы мен беріктенуі тақырыбын аша отырып, маңыздылығы кем түспейтін тағы бір аспектіге көңіл аударғанымыз дұрыс болар еді. Саясаттағы жеңістік тұтасымен, жәнеде әсіресе мемлекетаралық қатынастарда, көп жағдайда халықаралық аренада басты қатысушы тұлғалар болатын – мемлекеттердің жетекшілерінің таза адамгершіліктік және жетекшіліктік қасиеттеріне тәуелді болады... Бұл, халықаралық қатынастың кез – келген аспектілерінің сауатты және күн ілгері кесіліп пішілмеген талдауы онсыз іске аспайтын, тарихи дамудың объективті факторларының барлық маңыздылығымен қатар, қазіргі саясатты қалыптастыру үшін маңыздылығы төмен емес басқа элемент – субъективті фактор туралыда ұмытпауымыздың керек екенін көрсетеді.
Бұл пролемадағы өзінің көзқарасын Казахстан и Назарбаев: логика перемен кітабында Е. Ертысбаев мазмұндап берді. Автор, Президент Н.Ә.Назарбаевтың сыртқы саясаттық қызметі республикада барынша кеңінен белгілі екенін, бұқаралық ақпарат құралдарында егжей – тегжейлі түсіндірілетінін және баяндалатынын, ғылыми орталықтарда талданатынын ерекше атап өткен. Кітапта Қазақстан мемлекетінің Басшысының халықаралық қызметінің жеке эпизодтарын жекелей бақылауға негізделген бірегей материалдар келтірілген. Оның ең басты қорытындысы: Бүгін жалпыға белгілі, Қазақстан мемлекеті Басшысының белсенді жүргізген сыртқы саяси қызметінің арқасында Қазақстан халықаралық саясат мінбесінде өзінің жеке дауысын шығара алады....
Өзінің Казахстан в современных международных отношениях: безопасность, геополитика. Политология монографиясында Лаумулин М.4 ең маңызды мәселелерді Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен факторлары тұрғысынан көрсетеді, бірақ ол тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның сыртқы саясатының барлық аспектілерін толығымен айқындай алмайды, бұл жұмыс, сонымен қатар, біздің еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түпкілікті және аяқталған жетекшілік бола алмайды. Бұл проблема соншалықты иілімді және тұрақты түрде өзгеріп отыратындықтан, оның басымдылығына тұрақты түзетулер енгізіліп отырады.
Азия континентінде бейбітшілік пен тұрақтылықты ұстауға, тоқырау жағдайын реттеу бойынша дүниежүзілік қоғамдастықтың тактикасы мен стратегиясын әзірлеуге ықпал ететін Шарттарды жүзеге асыруға арналған регионалдық бірлестіктердің қызметі К.Л. Сыроежкиннің жұмыстарында айқын көрсетілген. Оларда Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басымдылықты бағыттары, жалпы дүниежүзілік проблемалар бойынша активті жайғасымдары және қауіпсіздік жүйесін қолдау мен құру үшін дүниежүзілік қоғамдастық істеріне қатысу талданады.
Қазақстан – ресей қатынастарының он жылдық дамуының нағыз қорытындысы ретінде Т.А.Мансуровтың Казахстан и Россия: суверенизация, интеграция, опыт стратегического партнерства және Казахстанско-российские отношения в эпоху перемен. 1991-20015 монографияларын атауға болады, ол біздің ынтымақтастығымыздың қазіргі кезеңінің өзінше антологиясы болып табылады. Олар қазақстан – ресей қатынастарының барлық саласында өтетін көп жоспарлы процестердің талдануына арналған. Кітаптың өзінің атауыда айтып тұрғандай, осы онжылдықта қаланған серіктестіктің қуатты іргетасы, қазақстан-ресей қатынасының жоғары деңгейіне баға беруге тырысу бар.
Деректеме қоры болып қазіргі этаптағы Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемаларына арналған халықаралық шарттар табылды. Әсіресе, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен шартты – құқықтық қорын құрайтын және осы елдердің саяси, экономикалық, әскери – техникалық және ізгілікті ынтымақтастығының әртүрлі аспектілерін қозғайтын негізгі құжаттар кіретін жинақтарды ерекше бөліп көрсету керек.
Дипломдық жұмыста келтірілген материалдарды, құрылымы бойынша бірнеше топтарға сыныптауға болады. Біріншісі, құжаттардың ең кеңейтілген тобы, 1991 жылдан бастап біздің республика мен басқа мемлекеттер арасындағы халықаралық қауіпсіздік, әскери ынтымақтастық пен бейбітшілік жолындағы қызметтердің саласындағы, мемлекеттер басшыларымен, үкіметтер басшыларымен, сыртқы істер және басқа ведомстволар министрлерімен қол қойылған тікелей келіссөздерден тұрады.
Бұл құжаттар тобына, әскери саладағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі шеңберін анықтауда ең маңызды орын алатын, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы Шартты жатқызуға болады. Біздің елдеріміздің арасындағы осы шарттың барлық негізгі ережелерінің жүзеге асуын атап айтуға болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы Қазақстан Республикасының территориясында орналасқан стратегиялық шабуылдық қарулануды қысқарту процесіндегі ынтымақтастық туралы Келісімде осы келісімнің шеңберінде жемісті орындалған стратегиялық шабуылдық қарулануды қысқарту бойынша ынтымақтастықтың негізгі кезеңдерін анықтайды.
Құжаттардың екінші тобына біздің республикамыздың территориясындағы ядролық мұраның тағдырын анықтайтын, қабылданған келісімдер мен шарттар және Қазақстан Республикасының территориялдық тұтастығы мен тәуелсіздігіне, қауіпсіздігіне кепілдік беретін құжаттар жатады.
Лиссабон хаттамасына6 қол қоя отырып және сол арқылы ядролық қарусыз мемлекет болуға міндеттеме ала отырып, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі, 1993 жылдың желтоқсан айында Ядролық қаруды таратпау туралы Шартты бекітті. Біздің мемлекетіміздің қабылданған шарттардың барлық талаптарын қатысушы – елдер ішінде бірінші болып орындағанын атап айтуымыз керек.
Республиканың қауіпсіздігіне кепілдік беретін маңызды жағдай, ол Қазақстанның халықаралық шартты – құқықтық қатынастар жүйесінде болуы, олардың ішінде – Қазақстан Республикасы мен МАГАТЭ арасындағы ядролық қаруды таратпау туралы Шартпен байланысты кепілдеме беруді қолдану туралы Келісім.
Үшінші топқа ТМД – ны беріктендірі және оған қатысушылар арасындағы қауіпсіздік контекстіндегі интеграциялық байланыстарды дамыту үшін ең маңызды мәні бар Ынтымақтастық құжаттары кіреді.
Ұжымдық қауіпсіздік идеясы, 1992 жылдың 15 мамырында Ташкент қаласында алты бұрынғы кеңесті республикалармен қол қойылған Шартта өз орынын тапты. Соңғы жылдардың ішінде ТМД елдерінің арасындағы ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Қазақстанның қауіпсіздігіне байқалатындай кепілдік беретін жалғыз шарт болып қалды.7 Бірақ, қылмыстықпен күресте біріккен шаралар қабылдайтын, ТМД елдерінің тәжірибелік ынтымақтастығының деңгейі оның реалдық масштабына үйлесімді және тиімді болуы және кешендік және жүйелік келісті қамтамасыз етуі керек.
2000 жылдың 24 мамырында Минскіде, 1992 жылдың 15 мамырындағы ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарттың тиімділігін жоғарылату туралы Меморандум қабылданды, бұл оны қазіргі геосаясаттық жағдайларға үйлестіру әрекеті еді.8
Бұл процестің дамуының келесі қадамы болып 2002 жылдың мамыр айының ортасында Кремлде өткен Ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің мерейлі сессиясы табылды, онда Шартты халықаралық регионалдық ұйымға түрлендіру қажеттігі туралы шешім қабылданды.
Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы ТМД қатысушы – мемлекеттердің әскери қауіпсіздігінің Концепциясы туралы Келісім әскери ынтымақтастықты күшейту және бейбітшілікті ұстау бойынша шараларды күшейту мақсатында қабылданған ең маңызды қадамдардың бірі болып табылады. Осы шартта ТМД елдерінің бірқатарының жалпы мүдделері көрсетілгеніне қарамастан, бұл келісімнің тиімділігі төмендігі байқалады, өйткені осы уақытқа дейін оның қатысушыларының қауіпсіздігіне келетін қауіп пен қатерге шапшаң тойтарыс беретін нақты механизмдер құрылған жоқ.
Келесі топқа, азия континентіндегі регионалдық қауіпсіздікті құру туралы материалдар кіреді. Бұл, бірінші кезекте, ынтымақтастықтың Шанхайлық ұйымын құру туралы Декларация9, онда ұйымның негізгі мақсаттары мен принциптері, ынтымақтастықтың әртүрлі саласындағы барлық қатысушылардың өзара әрекеттесу координациясы анықталады. Сонымен қатар, Азия мемлекеттерінің қауіпсіздігін қамтамасыздандыру проблемалары толығымен шешілді деп тұжырым жасау аңғырттық болар еді. Өкінішке орай, осында азиялық емес мемлекеттердің – АҚШ, НАТО және Еуроодақ елдері – әскери – саясаттық қатысуы салдарынан және бірқатар басқада себептермен, Азиядағы геосаясаттық жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты, осының бәрі бір жағынан Ауғанстан айналасындағы жанжалдық потенциалдың төмендеуіне әкелгенмен, екінші жағынан жаңа нақты қауіптердің пайда болуына әкелді.
Әдіснамалық негіз. Салыстырмалы, институтталған талдаудың жалпы теориялық әдістері, объективтіліктің, тарихтылықтың, ғылымдылықтың принциптері қолданылды.
Жұмысты жазу үшін әдіснамалық бағдар ретінде Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері алынды, онда ол регионалдықта, дүниежүзілік деңгейдеде қауіпсіздікті қолдаудың маңыздылығы туралы айтады. Концептуалдық аспектілер, стратегиялық бағдарлар Президент Н.Ә.Назарбаевтың ескертілген келесідей негіз қалаушы жұмыстарында белгіленген - Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы және Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі және тұрмыс халінің жақсаруы.
Біздің еліміздің сыртқы саяси курсының қалыптасуы мен дамуының торабтық кезеңдері, еуразиялық өркениеттіліктің келешегі туралы ойлар, оның ішінде тарихи және мәдениет аспектілеріндегі, мемлекет басшысының На пороге XXI века және В потоке истории жұмыстарында келтірілген.
Қауіпсіздік саласындағы қазақстанның сыртқы саясатының бағытына келетін болсақ, ол туралы Стратегия трансформации общества и возрождения евразийской цивилизации кітабында оған көп көңіл бөлінген, онда 1991 жыл мен 2000 жылдар аралығындағы қауіпсіздіктің әртүрлі аспектілері бойынша біздің мемлекетіміздің басшысының баяндамалары, сөйлеген сөздері, статьялары келтірілген. Бұл кітаптан, қазақстандық жетекшінің сыртқы әлеммен қауіпсіздік саласындағы біздің ынтымақтастығымыздың принципиалдық жайғасымын сатылы түрде бақылауға болады. Барлық материал бойында қызыл сызықпен өтетін негізгі идея, Қазақстанның президентінің сөзімен айтқанда: Қазақстан өзінің геосаясаттық жағдайын түсінеді және азия континентіндегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті беріктендіру бойынша орталық болуға дайын10 – деп қорытындыланады.
Диплом жұмысының жаңалығы. Қазақстан Республикасының қазіргі этаптағы сыртқы қауіпсіздігі тақырыбы – әдебиеттегі жаңалық емес және соңғы жылдарда Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің әртүрлі аспектілеріне арналған көптеген еңбектер пайда болды. Берілген тақырыпты зерттей отырып, ҚР сыртқы қауіпсіздігін беріктендірумен байланысты мәселелерді және мемлекеттік тұтастықты қамтамасыздандыру саласындағы жағдайлардағы елдің басты мүдделері ретінде зерттеумен айналысқан саясаткерлердің еңбектеріне сүйендік. Елдің қауіпсіздік принциптерін зерттеуде келесі қадамды жасау керек, ХХІ ғасыр табалдырығында Орталық – азиялық регионда пайда болған жағдайларды талдауға тырысу қажет. Жұмыстың жаңалығы жаңа әдебиеттерді қолданудан тұрады, соларды талдау негізінде автор қазіргі халықаралық қатынастар жағдайындағы қауіпсіздік контекстіндегі қорғанудың ұлттық мүдделерінің сипаттамалары туралы қорытындылар жасайды.
Жұмыстың мақсаты біздің мемлекетіміздің қауіпсіздік құрылымының қалыптасуының негізгі принциптері мен стратегияларын ашудағы Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігінің негіздерін анықтау болып табылады, сонымен қатар Қазақстан Республикасымен қазіргі кездегі Орталық – азия регионы шеңберінде туындаған тоқырау жағдайын реттеудегі проблемалар мен қарама – қайшылықтарында, қауіпсіздік контекстінде, оның саясатының негізгі бағыттарында, жүргізудегі сыртқы саясатты талдау болып табылады.
Бұл жұмыстың міндеттері болып табылатындар:
қазіргі кезеңдегі республиканың сыртқы саясатының параметрлерін оларда белгіленетін дүниежүзілік процестер аспектілерінде зерттеу, Тәуелділік алумен Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін анықтау;
ядролық қарусыздану мәселелерін шешу жолындағы Қазақстанда пайда болатын проблемалар мен қарама – қайшылықтарды талдау;
Орталық – азия регионындағы Қытай Халық Республикасының геосаясаттық стратегиясын зерттеу және қауіпсіздік контекстінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өзара қатынасын талдау;
ТМД қатысушы – елдерінің бір-біріне қанасы бойынша және барлық дүниежүзілік қоғамдастық бойынша қауіпсіздік контекстінде жүргізетін ынтымақтастығын зерттеу;
региондағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін фактор ретінде Орталық Азия мемлекеттерінің интеграциялық мүмкіншілігін зерттеу;
Азиядағы өзара әрекеттер мен шаралар бойынша Кеңестің (АӨӘШК) дамуы мен алдағы келешегінің негізгі қорытындыларын талдау, сонымен қатар Орталық – азияның қауіпсіздігі жүйесін қалыптастырудағы ЫШҰ қызметі мен ролінің негізгі бағыттарын анықтау.
Жұмыстың құрылымы қойылған мәселелермен анықталады және кіріспеге, екі тарауға, қорытындыға және қолданылған әдебиеттер тізіміне бөлінеді.
Бірінші тарауда Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігінің параметрлері, тәуелсіздік алумен келген өзінің ұлттық мүдделерін анықтау, ядролық қарусыздану мәселелерін шешу жолындағы Қазақстанда пайда болған проблемалар мен қарама – қайшылықтарды талдау сипатталады.
Екінші тарауда Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен, ҚХР – мен ынтымақтастығының күйі мен келешегі, біздің мемлекетіміздің ТМД шеңберіндегі мүдделерінің кеңеюі мен тереңдеу саясаты, ХХІ ғасыр табалдырығындағы Мемлекеттер қауіпсіздігі беріктенуінің сыртқы саясаттық факторының ролі сипатталады.

I . Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі құрылымының стратегиясы және қалыптасуының құқықтық принциптері.

1.1 Қазіргі кезеңдегі сыртқы қауіпсіздіктің құқықтық параметрлері

XX ғасыр, адамзат тарихының басқа кезеңдерімен салыстырғанда, барлық біздің планетамызды қозғалысқа келтірген уақиғаларға бай кезең болды. Екі дүниежүзілік соғыстар, отаршылдық жүйенің күйреуі және Азия мен Африкада жаңа мемлекеттердің пайда болуы, бірінші социалистік мемлекеттің және дүниежүзілік социалистік жүйенің пайда болуы жәнеде жүзжылдық соңында оның ыдырауы, экономиканың қарқынды дамуы, планетарлық ғаламдану мемлекеттердің жеке топтарының интеграциялық бірлесулері өткен жүз жылдықты анықтады...11
Кеңес Одағы ыдырағаннан соң жаңа тәуелсіз Мемлекеттер алдында, оның ішінде, бұрынғы республикалар ішінде ең соңғысы болып – 1991 жылдың 16 желтоқсанында – өзінің тәуелсіздігі туралы жариялаған, Қазақстан Республикасы алдында, ондаған жылдармен қалыптасқан экономикалық, ізгіліктік байланыстарды сақтаумен ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру және нығайту, қоғамдық өмірді түбірлі қайта құрудың іргетастық проблемалары тұрды.
Халықаралық құқықтың дербес субъектісі ретіндегі өзінің болмысының бірінші күндерінен бастап, Қазақстан Республикасы тұтас халықаралық қауіпсіздікті нығайту бойынша дүниежүзілік қоғамдастық салған күштерге және жалпы дүниежүзілік қатынастар жүйесінде өзіне лайықты орынды қамтамасыз етуге белсенді кірісті, бұл ұлттық қауіпсіздіктің өздік стратегиясын әзірлеу қажеттігіне әкелді.
Адамзаттың өркениетті дамуының барлық тарихи тәжірибесі, мемлекеттің қарқынды және тұрақты өсуі жүзеге асатын шеңбердегі барлық қажетті жағдайлардың ең бастапқысы оның ұлттарының қауіпсіздігі мен мемлекеттігінің сақталуы болып табылатынын куәлендіреді. Еркіндік пен тәуелсіздікті жеңіп алу аз, оны ұстап тұру, нығайту және өзіміздің ұрпақтарымызға беруіміз керек. Келешек ұрпақ біздің ұрпақтарымыз жеңе алмаған қиыншылықтар мен проблемаларды және оларға жеткен жеңілдіктерді бізге кешіреді. Бірақ, егер біз мемлекеттігімізді жоғалтатын болсақ, тәуелсіздіктің стратегиялық негіздерінен, өзіміздің жеріміз бен ресурстарымыздан еркімізбен безетін болсақ, онда бізге ешқандайда кешірімділік жоқ...12
Кеңес Одағы Қазақстанды сыртқы қауіптер мен ішкі тұрақсыздықтардан қорғады. Бірақ тәуелсіздікті алғаннан соң бұл қорғаушылық өздігінен ешқандай кепілдік бере алмады. Қазақстан жетекшілері мен басқа орталық-азиялық республикасының жетекшілеріне бұрын болып көрмеген дұшпандық қоршаумен кездесуге тура келді. Сыртқы саясат тұрғысынан қарағанда, негізгі қауіптер Қытайдың империялық әрекеттеріне, Ауғанстаннан келетін анархияның таралуына және оңтүстіктегі радикал исламның экспортталуына байланысты.
Қазақстанның тәуелсіз даму кезеңі бірінші кезекте саяси дербестігінің қалыптасуымен, мойындаудың құқықтық негізімен және Достастық бойынша жаңа көрші – серіктестерменде, бұрынғы шетелдік мемлекеттерменде, халықаралық саясаттық және қаржылық ұйымдарменде мемлекет аралық қатынастарды рәсімдеумен анықталады ... 13
Қазақстан жалпы дүниежүзілік қатынастың келешектегі жүйесінде лайықты орынды өзіне қамтамасыз етуі үшін, елдің мүддесіне ішкіде, сыртқыда сипаттағы проблемалармен келетін нұқсанды барынша болдырмауға бағытталған әрекеттің стратегиясын әзірлеуі керек. Мұндай стратегия келешекті анықтауға және мүмкіндікті апаттарға қарсы сақтандыратын шараларды қабылдауға көмектеседі.
Қатаң сызылған ұлттық қауіпсіздік концепциясы мен оларды қамтамасыздандыру шараларының болмауы республикадағы ішкі саяси тұрақтылыққа нұқсан келтіруі мүмкін, өйткені бұл фактор кейбір саяси күштер үшін өздерінің жалпы ұлттық емес мүдделерге қол жеткізу мақсатында қолданылады. Одан өзге, мұндай текті құжатты әзірлеу міндеті елдегі жүргізіліп жатқан реформалардың тиімділігін жоғарылату тым қажеттілігімен және Қазақстан Республикасының әлуетті құрылымдарының қызметтеріндегі жетімсіздіктермен байланысты...14
Соңғы жылдар ішінде Қазақстанда дербес қауіпсіздік туралы анықталған бір көріністер құралды. Олар біздің жас мемлекетіміздің тәуелсіздігін сақтау проблемаларымен тығыз байланысты. Қауіпсіздік туралы көріністің мәліметтері сыртқы және ішкі саясатты жүзеге асыру барысында әзірленген принциптерге сүйенеді. Бұлар келесі принциптер: ішкі саясатта – этникалық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау, экономикалық реформаларды жүргізу, президенттіктің мемлекеттік билігі мен режимін нығайту; сыртқы саясатта – ғаламдық державалар арасындағы баланстану, Достастық шеңберіндегі ұжымдық қорғаныс, азиялық қауіпсіздікті беріктендіру, Орталық Азияның интеграциясы мен еуразиялық идея.
1991 жылдың аяғында және 1992 жылдың басында Қазақстан өзінің бірінші бастапқы, қауіпсіздіктің сынамалы доктринасын белгіледі: екіжақты келісімдерді ТМД механизмдерінен сырт жүргізу, бірақ сонымен бірге Достастық институттарының дамуының жақтаушысы болып қалу. Қазақстанның жетекшілері үш мақсатты анықтады:
1) Ресей Федерациясымен ерекше қатынасты сақтау,
2) орталық – азиялық одақ құруға ұмтылу;
3) ТМД шеңберіндегі қауіпсіздік саласында кеңейген келісімге қол қою.
Одан өзге, Қазақстан мен Өзбекстан Орталық – азия регионының қауіпсіздігі туралы ұқсас көрініске ие болды. Назарбаевтың, Ресей Федерациясы бас болатын ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне байланған, Орталық – азия одағы туралы идеясы, нақты іске асырыла алатын еді. Мамыр айының ортасында, 1992 ж. ТМД бірқатар мемлекеттерінің басшылары Ташкентте кездесті. Ельцин мен Назарбаев ұжымдық қауіпсіздік туралы Шартқа қол қойылуы үшін көп күш жұмсады. 15 мамыр 1992 ж. Ресей Федерациясы, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Армения ұжымдық қауіпсіздік туралы Шартқа қол қойды.15
Ұжымдық қауіпсіздік туралы бұл Келісім қатысушы – мемлекеттерге басқа альянстарға кіруге немесе өзара немесе үшінші жақтармен топтасуға тиым салады. Бұл бөлім Ресейдің Орталық Азиядағы жайғасымы үшін ерекше маңызды болды. Бұл бірде-бір шетелдік державаның ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт әрекетте болған кезде, әскери келісім негізінде регионға кіре алмайтынын көрсетті. Сонымен қатар біріккен қорғаныс туралы шартта қарастырылды, оған сәйкес барлық қатысушылар біріне жасалынған шабуылды бәріне жасаған шабуылдай қарастырады. Бұл келісімнің нәтижесінде Ресей Федерациясы Қазақстанның басқа державалармен одақ құруының орнына, оны қорғау міндеттемесін алды.
1994 жылы сәуірде күшіне енген, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім әскери құрылыс аясындағы ынтымақтастықты жөнге салуға әсер етуші инструмент ретінде ғана емес, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін маңызды фактор ретінде, егемендікті қорғау мен қатысушы-мемлекеттердің территориялық тұтастығында өзінің тағайындалуын ақтады, ол ұлттық қарулы күштердің әскери және ұйымдастыруға қатысты нығаюына, АҚҚ біріккен жүйесін сақтауға, ТМД-ға кірмейтін мемлекеттермен шекараларды бірігіп қорғау аймағындағы өзара әрекеттер мен ынтымақтастықтың реттелуіне ықпал етті...16
Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі елдің ұлттық мүдделерін нақты потенциалдық қауіптерден қорғану күйін көрсетеді.
Сыртқы қауіпсіздік – Қазақстан Республикасының нақты және потенциалды қауіптерден және шетелдік мемлекеттер, ұйымдар мен азаматтар тарапынан болатын озбырлықтан қорғану күйі...17
Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі деп, конституциялық құрылысты сақтауды, мемлекеттің егемендігін, тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын, ішкі және сыртқы қатерден қауіпсіздендіруді, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саясаттық құрылымдардың тұрақты жұмыс істеуі мен дамуын, билік пен басқарудың институттарының мемлекеттік құрылуын: бейбітшілік пен келісуді, негізгі құқықтар мен еркіндікті қорғауды, құндылық, қоғам және мемлекет мүдделерін есепке алумен өмірлік маңызы бар тұтынуларды қамтамасыз ететін, халықаралық және қоғамдық қатынастардың жүйесі қабылданады.
Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі осы саладағы саясаттың жалпы міндеттері мен басымдылығын қамтитын және қауіпсіздік мақсатына жету арқылы жүзеге асатын стратегияға сүйенеді. Бұл мақсаттар қатердің нақты көздерін айқындайды және сәйкестендіреді, оларды жою механизмдерін анықтайды және қауіпсіздік жүйесіне негізделеді. Қазақстан Республикасының қауіпсіздік жүйесі – бұл республика қауіпсіздігінің ішкі және сыртқы қатерлерден тәжірибе жүзінде іске асырылуын қамтамасыз ететін, мемлекеттік институттар мен саясаттық құралдардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің стратегиясы қауіпсіздіктің объектілері мен субъектілерін қорғауға бағытталған.
Қауіпсіздіктің негізгі объектілеріне жататындар:
Мемлекет – оның конституциялық құрылысы, егемендік және территориалдық тұтастық;
қоғам – оның материалдық және рухани құндылығы;
тұлға – оның құқығы мен еркіндігі.
Ұлттық қауіпсіздіктің стратегиясы Қазақстан Республикасының өте маңызды мүдделерінің сақталуынан шығады.
Тұрақты тіршіліктік маңызды мүдделерге жататындар:
республиканың тәуелсіздігі мен мемлекеттік тұтастығының сақталуы;
халықаралық құқық принциптерінде басқа елдермен қатынасты дамыту;
Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтай отырып халықаралық қатынастарда тайталастықты болдырмау;
басқа мемлекеттермен арада пайда болған қарама-қарсылықтарды шешу үшін әскери күштерді қолдануды болдырмау, ұжымдық қауіпсіздік пен ұлттық күштер негізінде шабуылдарды тойтару қабілеттілігін қолдау;
азаматтық бейбітшілік пен келісімді сақтау,
Республиканың экономикасының дамуын тұрақтандыруды қамтамасыз ету және ғылыми – техникалық потенциалды жоғарылату;
азаматтардың саясаттық еркіндігін қамтамасыздандыру үшін және олардың құқығын сақтау үшін демократиялық институттарды дамыту;
Қазақстан Республикасының азаматтарының шетелдерде болуы кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Қоғамның тіршілік әрекетінде дұрыс экологиялық жағдайларды ұстану.
Біріншіден. Қатерлерге қарсы тұру осы қатерлердің сипаты мен масштабына адекватты болуы керек; өз уақытында және ескерпелі.
Екіншіден. Қатерлерді болдырмау және бейтараптандыру бойынша алдын-ала шараларды қабылдау мүмкіндігін қамтамасыздандыру.
Үшіншіден. Регионалдық және жалпы ұлттық қауіпсіздік ішіндегі мүдделердің үйлесімді ұштасуы. Қазақстан қауіпсіздігінің мүддесі тұтастай және оның жеке региондарында органикалық бірлікте шешіледі, бір-біріне нұқсан келтірмей. Осындай бірлікті қамтамасыз ететін механизм қажет.
Төртіншіден. Қазақстан қауіпсіздігі жүйесінің қауіпсіздіктің халықаралық регионалдық (жалпы еуропалық, азиялық-тынық мұхиттық және басқалары) және ғаламдану жүйелерімен, сонымен қатар басқа елдердің, әсіресе көрші елдердің, қауіпсіздіктің ұлттық жүйелерімен тоқайласуы.
Ерекше орынды ТМД және ынтымақтастық елдерінің ұжымдық қауіпсіздігі жүйесі алуы керек – экономикада, саясатта, мәдениет аясында, қорғаныс саласында. Өзіміздің тәуелсіздігімізді және территориялық тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін біз күшті мемлекет болуымыз керек және көрші мемлекеттермен сенімді және достықты қатынасты ұстануымыз керек. Сондықтан біз біздің жақын және тарихи достықтағы көршіміз Ресеймен сенімді және тең құқықты қатынастарымызды дамытамыз және нығайтамыз. Тура осындай сенімділік және тату көршілік қатынасты, өзара тиімді негізде, ҚХР–менде дамытамыз. Қазақстан гегемонизмге қарсы, көрші елдермен достасуға бағытталған Қытай саясатын қолдайды... Біздің орталық – азиялық мемлекеттермен байланысымыз және интеграциялық процестеріміз күшейе түседі...18
Бесіншіден. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін шешу үшін тартылатын барлық күштер мен құралдарды рационалды және тиімді пайдалану.
Алтыншыдан. Қазақстанның әскери – саясаттық қауіпсіздігін кепілді қамтамасыз ету.
Саясат аясында Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігін анықтайтын қатерлердің негізгі шарттары мен факторлары:
Қазақстан Республикасының тұтастығын шайқау, оның ішінде этностар аралық және конфессионалдық қайшылықтарды қолдану жолымен;
Қазақстан Республикасына территориалдық талап қойылуы;
ТМД – дағы интеграциялық процестердің тұқыртылуы;
шектес елдердегі мемлекеттік құрылымның тұрақсыз болуы;
шектес мемлекеттердегі қарулы жанжалдар, азаматтық және этнос аралық соқтығысулар және соның салдарынан болатын миграциялық процестер;
Қазақстан Республикасының халықаралық жағдайына және беделіне, қауіпсіздігіне қатынасы бар өзекті халықаралық проблемаларды шешуде және халықаралық ұйымдар қызметінде Қазақстан Республикасыныңролінің тарылуы. Біз түсінеміз, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне барлық мүмкіндікті потенциалдық қатерлер қазіргі кезде және таяу келешектеде орын алмайды, жәнеде мемлекеттің территориалдық тұтастығына тікелей әскери басып кіру мен қатер болмайды. Ресейдіңде, Қытайдыңда, Батыс пен мұсылман елдерініңде бізге шапқыншылық жасауға себептері жоқ екені айдай анық. Және бұл салыстырмалы айтылған тыныштық пен тұрақтылықтың ара қашықтығы Қазақстанның экономикалық потенциалын тиімді беріктендіру үшін қолданылуы керек, соның негізінде біз ұлттық қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құра аламыз...19
Экономикалық салады:
Қазақстан Республикасының экономикалық дербестігін әлсірету, оның технологиялық және өнеркәсіптік потенциалын аздыру, дүниежүзілік экономикадағы отын-шикізат мамандандыруды бекітіп тастау;
Қазақстан Республикасының бірқатар шетелдік рыноктарда қатысуын шектеу, сонымен қатар оны олардан ығыстырып шығару;
Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы технологияға жетуіне шектеулер қою;
Қазақстан Республикасынан тысқа бақыланбайтын капиталды және жеке стратегиялық маңызды шикізаттық тауарларды әкету;
Қазақстан Республикасының қаржылық-экономикалық және саудалық реттеудің халықаралық механизміне толық құқықты қатысуына кедегі келтіру;
Қазақстан Республикасының бұрынғы одақтық республикалармен сауда – экономикалық қатынасының реттелінбеуі.
Әскери салада:
жергілікті соғыстар мен қарулы жанжалдардың болып жатырған және потенциалды ошақтары, бәрінен бұрын Қазақстан шекарасына тікелей жақын аумақтарда, немесе республикадағы жағдайға ықпал ете алу қабілеті бар жанжалдар;
жаппай жою қаруларының ядролық және басқада түрлерін тарату, оларды жеткізу құралдары және әскери өндірістің ең жаңа технологиялары мен оларды жеке елдердің өзінің әскери және саясаттық мақсаттарын жүзеге асыру үшін қолдануға тырысуымен ұштастырылуы;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының қорғануының тұтастық жүйесінің бұзылуы және режимнің анықсыздығы;
Қазақстан Республикасымен шекаралас бірқатар мемлекеттердің жаппай жою құралдарының ядролық және басқа түрлерінің болуы;
қаруды күштерді шектеу және қысқарту, басқа елдермен қарулы күштерді сапалық және сандық түрде арттыру саласындағы халықаралық шарттардың бұзылуы нәтижесінде стратегиялық тұрақтылықтың бүліну мүмкіндігі.
Экология саласында:
Бәрінен бұрын – Қазақстан Республикасы территориясына техногендік сипаттағы қауіп және белгілі бір мемлекеттердегі экологиялық апаттар салдарынан пайда болатын қауіптер.
Сонымен, Қазақстанның қауіпсіздік проблемалары үшін тынышсыздануы мемлекеттік сипатқа ие болды деп қорытындылауға болады. Ол өзінің қауіпсіздігіне келетін ықпал мен олардың халықаралық маңызын түсінуімен байланысты.
Бүгінгі күннің болмысын талдау, Қазақстанның қолайлы сыртқы саясаттық жағдайда екені туралы айтуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы барлық ядролық қарулы державалардан қауіпсіздік кепілдігін алды, 1992 жылғы Ташкенттік Шарт негізінде әскери – саясаттық блоктың қатысушысы болып табылады, еуропалық және азиялық елдермен өзінің қатынасын белсенді түрде дамытуда. Қазақстанның қазіргі әскери саясатының басымдылығы оның халықаралық міндеттемелерімен, ядросыз мемлекет статусымен және геосаясаттық жағдайымен анықталуы керек.
Біз қандайда болмасын жанжалдың кез – келген әскери шешіміне қатаң қарсыласы болуымыз керек және көп айғайдан бір байбай принципін уағыздағанымыз жөн. Ұлттық мүдделерді қорғауды және жақын және алдағы келешектегі күштердің тепе – теңдігін қамтамасыз ететін біздің ең жақсы құралымыз интеграциялық саясат болуы керек, бірінші кезекте – Қазақстанның, Қырғызстанның және Өзбекстанның арасындағы орталық – азиялық одақтың беріктенуі мен дамуы, басқа мемлекеттердің ісіне араласпау, актілер мен келісімдерге басым жағдай жасау, қарама – қайшылықты болдырмау.
Дүниежүзі қарулы жанжалдардың барлық пайдасыздығын түсінгеніне шын ниетімізбен сенсек дағы, ақылға сүйенген держава басқа мемлекеттердің уәделеріне ғана емес, сонымен қатар өзінің елінің қуатына да сенеді...20

1.2 Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінің анықталуының құқықтық жағдайы

Қазіргі дүние бұрынғы социалистік лагердің қирауымен байланысты қатерлі түрленуді бастан өткізуде. Биполярлық дүние, қарама – қарсы векторлар бойынша өркендеген, екі Социалдық жүйенің арасындағы бөлінудің артуына әкелетін процестердің әртүрлі бағыттылығымен қатерлі. Екі жүйенің қарама – қайшылықты аясының кеңеюі шарттасатын процестер өрісін тарылтты, бүкіл дүниежүзіндегі қауіпсіздікті қатерге қойды...
Қазіргі этапта дүниежүзі жаңа проблемаларға кезікті. Ең өзектісі – жауапкершіліктің ғалами жүйесінің қалыптасуы арқылы бейбітшілікті сақтап қалу, бұл халықаралық тәртіптің сәйкестікті принциптерін болжайды және әзірлейді...21
Қазақстанның ұлттық мүддесін анықтаудағы күрделілік, осы қоғамның ең жоғарғы бағалылығының кепілі ретіндегі, Қазақстанның ұлттық – мемлекеттік мүдделерінің мемлекеттілік идеясымен тығыз байланыстылығынан тұрады. Мұндай көзқараста өміршеңдік, мемлекетті сақтау оны қамтамасыз ететін кез – келген құралды заңдастыратын басымдылықты мақсат ретінде мойындалады.
Басқа Мемлекеттермен халықаралық қатынасқа кірген Қазақстан, өзінің сыртқы саясаттық бағытын ұлттық идея негізінде және жеке ұлттық мүдделері негізінде құруы керек. Ұлттық идея біздің полиэтникалық қоғамымыздың бағалылығын көрсетеді, жәнеде соған сүйене отырып, Қазақстан өзінің ұлттық мүдделерін қорғауы керек... 22
Қазақстанның ұлттық мүддесі ұғымына мемлекеттің территориялық тұтастығын сақтау бойынша, басқару мен саясаттық тәуелсіздіктің негізгі институттары бойынша шаралар кешені кіреді. Одан өзге, ұлттық мүдде қызметтің басқада салаларын қозғайды: Қазақстан азаматтарының шетелдердегі өмірі мен меншіктерін қорғау, аномалдық экономикаға қатынасы бойынша протекционисттік саясат, қазақстандық тауарлардың шетелдік рынокка шығуын қамтамасыз ету, мемлекеттің мәртебесін қолдау және тіршілік пен мәдениеттің опциондық түрін қорғау.
Геосаясаттық орналасуымен, қуаттылығымен және халықаралық қатынастағы ықпалымен байланысты, Қазақстанның басты ұлттық мүдделерінің қатарына мемлекеттік тұтастық пен сыртқы және ішкі қатерлерден қауіпсіздікті қамтамасыздандыру жатады...
Қазақстанның спецификалық (өзіндік) мүдделері мемлекет жетекшісінің саясатында өз тұлғасын табады жәнеде үлкен дәрежеде идеологиялық пен бағалылық белгісін көрсетеді, жеңіл өзгереді және жағдайға бейімделеді.
Халықаралық аренадағы біздің еліміздің табысын біз шынындада оның жетекшісінің жеке тұлғасымен байланыстырамыз, ол Конституцияға сәйкес сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын анықтайды және Қазақстанды халықаралық қатынастарда көрсетеді....
Қазақстанда әлеуметтік сілкініс пен қиын реформалар кезеңдеріндегі салыстырмалы тұрақтылықтың ресурстары президент Н.Назарбаевтың қатаң билігі мен қатты ішкі саясатының арқасында орнады. Сыртқы саясатта, әсіресе қауіпсіздік мәселелерінде, Н.Назарбаев мейлінше сәтті жолды таңдап алды: Достастықтың құрылымын беріктендіру және сонымен бірге Ресеймен ерекше байланыстарды тұрақтандыру, Вашингтонда өзін өте жоғары дәрежеде көрсету және Орта және Таяу Шығыста өте күткен қонақ болу. Одан өзге, Н.Назарбаев Қытаймен арадағы салқын қатынасты жұмсарта білді және Азиядағы ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құрудың бастамашысы болды.
Әрине, Қазақстанның ұлттық мүдделерін жүзеге асырудың шарты болып халықаралық құқықты, бағалылықтың жалпы қабылданған жүйесін және әртүрлі халықаралық проблемаларды шешуге қатысуды сақтау жоспарында дүниежүзілік қоғамдастықта мемлекеттің мәртебесі мен сенімділігін сақтау болып табылады...23
Заманымыздың ғалами проблемалары, сөзсіз, Қазақстанға да қатысты болады, ол өзінің геосаясаттық жағдайынан және даму таңбасының деңгейінен шыға отырып, барлық адамзаттың күнделікті проблемаларынан туатын ұлттық қауіпсіздіктің қатеріне жауап береді.
Ғалами сипаттамасы бар, Қазақстан ұлттық қауіпсіздігінің басты сыртқы қатері болып үшінші дүниежүзілік соғыстың қатері табылады. Бірақ екі социал – саясаттық және экономикалық жүйенің қарсылығы ССРО-ның ыдырауымен өзінің текетірестігін жоғалтсада, көптеген жергілікті сипаттағы әскери жанжалдар ядролық державалардыда өзіне тартумен ірі масштабтағы соғысқа айналып кету қауіпі туды...24. Араларындағы қатынасты жоғары достықты деп атау қиынға түсетін, екі ірі ядролық қарулы державаға тікелей жақын орналасқан Қазақстан үшін, үшінші дүниежүзілік соғыстың қатері бағытты сипатты еді. Қарудың ең жаңа түрлерін қолданумен жүргізілетін, ірі масштабты әскери жанжалдың басталған жағдайында, Қазақстанның барлық территориясы түгелімен соғысу әрекетінің театрына айналады. Мұндай текте өтетін ұрыс Қазақстан үшін зор апаттық сипатта болады.
Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне зор қатер туғызатын, қатарына Жапония жататын батыс елдерінің топтары мен қалған дүние арасындағы даму деңгейіндегі бөлінудің кеңею процесі болып табылады. Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің қарсы тұруы дүниежүзілік дамудың беталысы болып қалады, өйткені Шығыс пен Оңтүстік елдері дүниежүзілік шаруашылық құрылымында өнеркәсіптік, ауыл шаруашылықтық және шикізаттық аумақты құрайды....
Дамыған елдердің Қазақстан территориясына өндірістің экологиялық зиянды және энергосыйымдылықты салаларын орналастыруы, толғантпай қоймайды, өйткені ол республиканың ұлттық мүдделеріне тікелей залал әкеледі.
Ғалами сипаттағы басқа қатерлер таяу және алысты келешектердегі адам өмірінің әрекетін қамтамасыз ететін проблемалармен байланысты. Осындай қауіптердің бірі, қайтадан жанданбайтын энергия көздері ресурстарының құлдырауымен байланысты, энергетикалық тоқырау болып табылады. Қазақстан іс жүзінде қайта пайда болатын энергия көздерін қолданбайды (күннің, желдің геотермальді және өзендердің гидроэнергиясы), ал мұнайды, газды және көмірді энергия көздері ретінде ойсыз қолдану жабық тиімділікті дамуға және шикізаттық ресурстардың жоғалуына әкеледі...25
Өмір сүретін жақсы ортаны қалыптастырумен байланысты проблемаларды шешпейінше, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыздандыру мүмкін емес.
Ғалами сипаттағы сыртқы қатерлер Қазақстанның ұлттық мүддесін тікелей қозғамауы мүмкін, дегенмен бүкіл дүниежүзінде ортадан ұмтылтын бетбұрыстардың арту жағдайындағы олардың болуына немқұрайлы қарау, сөзсіз республиканың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілеттілігіне өзінің әсерін тигізеді.26
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне ықтималды әскери қатер оның геосаясаттық орналасуымен байланысты. Ол әскери, материалдық және жұмылдырылған күштері бар мемлекеттер шеңберінде орналасқан. Одан өзге, Қазақстан екі ірі ядролы державалармен – Қытаймен және Ресеймен шекаралас. Орталық Азия регионында мемлекеттер арасында бұрыннан келе жатқан қарама – қайшылықтар бар (Қазақстан – Өзбекстан, Қырғызстан - Өзбекстан, Өзбекстан – Тәжікстан), олар қарулы жанжалдарға соқтыруы мүмкін, яғни, қазіргі шекаралар шегіне шығарады. Қазақстанның қауіпсіздігіне сөзсіз әскери қатер туғызатын, бұл Тәжікстан мен Ауғанстандағы жағдайлар. Бұл екі елде азаматтық соғысымен қамтылған, ол оларды Орталық Азиядағы соғыс ошағына айналдырып отыр. Ауғанстандағы жанжал ТМД елдері территориясына өту қауіпі бар, сөйтіп жергілікті жанжалдан регионалдыққа айнала алады...27. Мұсылман әлемі Қазақстанның исламдануынан үмітін үзбейді, жәнеде оның жетекшілерін Батыс пен Солтүстікке бағдар жасаудан бас тартуға шақырады.
Әскери қатынасы бойынша өте ірі, тіпті қауіпті деп айтуға болатын, Қазақстанның көршісі болып Қытай Халық Республикасы табылады. Қазақстанмен шекарада тактикалық ядролық қарудың алғы пункттерін және жылдам әрекеттегі бөлімшелерді, осы соғыстарды жүргізуге дайындалған және ең алдыңғы технологиялы қарулармен жасақталған армияны орналастыра отырып, Қытай Қазақстанның ядролық қару бар ел статусынан бас тартуын және қазақстандық армияның ұрысқа дайындығының төменгі деңгейін қолдана алады.
Қазақстанның Ресей мен және Орталық Азия елдерімен екі жақты жасалған шарттарының болуы региондағы халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың кепілі болуы керек.
Қытай Қазақстанның бірден – бір ықтималды әскери қарсыласы, ал екіншісі – Ресей. Құрылуының бастаушысы Қазақстан болған, Орталық – Азиялық одақ Ресейдің регионға түсіретін ықпалына қарсы салмағы болып табылады. Ресей, өз кезегінде, Тәжікстанды Орталық Азияның бұрынғы кеңестік республикаларындағы өзінің әскери қатысуының форпосты ретінде қолданады... Әскери қауіптердің және олардың әскери қатерлерге өсу мүмкіндігінің болуын мойындауға негізделген, әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдарын нақты бағалауды ұстану керек. Қазақстан Республикасы тікелей әскери соқтығысудың адекватты қауіптерін, өзінің қорғану күштерінің үйлесуіне ұмтылуы керек.
Республика шекарасына жақын орналасқан ірі масштабты әскери топтардың, үлкен жұмылдыру мүмкіндіктерінің және Орталық – азиялық мемлекеттерді қоршайтын елдердің ірі әскери потенциалының болуы, Батыс пен мұсылмандық Шығыстың арасындағы қарама-қайшылықтың артуы, Азия – тынықмұхит регионындағы Қытай гегемониясының қарқындауы, оның салдарынан экономикалық және әскери модернизациялануы, тығыз орналасу проблемасы түсінде ядролық – космостық потенциалдың өсуі және жаңа өмірлік кеңістіктердің қажеттілігі, Қазақстанның келешекте үлкен проблемалармен түйісуіне әкеледі.
Қазақстанмен тікелей шекаралас елдердің геосаясаттық мүдделерінің қақтығысуы оның территориясын бөлу сынамасына әкеледі. Мемлекеттің тұтастықты сақтай отырып, ары қарай өту үшін, Қазақстан экономикалық реформаны қарқынды өткізіп, мүмкіндікті агрессияға тойтарыс беруге қабілетті мамандандырылған Қарулы Күштерді құру мақсатында әскери потенциалды арттыруы керек...
Ресеймен құрылған әскери одақ Қазақстанның территориалдық тұтастығы мен егемендігін сақтаудың кепілдігі болып табылады. АҚШ-та Орталық Азиядағы тұрақтылықтың кепілдігі бола алмайды, өйткені осы регионда пайда болу қауіпі бар ірі масштабтағы әскери жанжалға араласпайды, ықтималды әскери жанжалдарды ескермегенде Қазақстанның қатысуымен үш топқа шартты бөлуге болады: а) қылмыстық, б) жергілікті, в) ғалами.
Қылмысты сипаттағы әскери жанжалға Қазақстанды тарту қауіпі республика территориясын есіртілер мен қарулар өткінші тасымалдау кезінде өткізу бекеті ретінде қолданумен байланысты, Сонымен қатар есірткі мен қаруды Қазақстанның өзінде өткізумен байланысты. Қылмысты сипаттағы әскери жанжалдар, әншейінде, регион шеңберінен шықпайды және сондықтан осы регионға кіретін елдердің ұлттық қауіпсіздігіне едәуір қатер туғызады. Мұндай текті жанжалдар, Қазақстанның егемендігіне қатер келтірместен, ішкі саясаттық жағдайды тұрақсыздандырады және әлеуметтік қарама – қайшылықтарды туғызады. Қазақстанда мемлекеттік шенеуніктермен және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен жемқорлық күшейген жағдайларда қылмыстық сипаттағы әскери жанжалдар өте қауіпті сипаттамада болады.28
Қазақстанның қатысуымен жергілікті сипаттағы әскери жанжалдар ықтималдығы жеткілікті жоғары. Қазақстанның шекаралық аудандарына бола Ресеймен, Өзбекстанмен және Қытаймен жанжалдар тууы мүмкіндікті. Бұл жанжалдар регионның шекарасынан ары шыға қоймас, дегенмен олардың болуы ірі масштабтағы жанжалдардың басталуына себеп болуы мүмкін.
Одан өзге, Қазақстан исламдық фундаментализмді тарату жолына түсуі мүмкін. Егер өркениеттіліктің тоғысуы жүретін болса, онда Қазақстан территориясы шытынау орынында қалады
Қазақстанда сыртқы агрессияны ұстауға және тойтарыс беруге қабілетті Қарулы Күштер жоқ. Күрделі геосаясаттық жағдайда және ықтималды әскери қарсыластың болуы кезінде Қазақстанда жақсы дайындалған және қаруланған армияның болмауы, оның өзінің егемендігі мен тәуелсіздігін, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қоғамдық - саяси мемлекеттік құрылымының қайта құрылуы
Патриоттық тәрбиені іске асыруда Ресейдің революцияға дейінг неғұрлым тығыз
Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдылары
Маркетингтік орта
Оңтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік ақпараттық саясат: саяси-салыстырмалы талдау
Орталық Азия елдерінің аймақтық ынтымақтастығы: негізгі бағыттары мен болашағы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
Қазақстан қауіпсіздігі құрылымының стратегиясы және қалыптасу принциптері
Әлеуметтік саясат - мемлекеттің ішкі саясатының құрамдас бөлігі
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Пәндер