Ақмола облысынның рекреациалық ресурстары


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3: КІРІСПЕ . . . 3
  1. АҚМОЛА ОБЛЫСЫННЫҢ РЕКРЕАЦИАЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ . . . 4Облыстың туристтік кластерін қалыптастырудың негіздері және қиындықтарыТабиғи ресурстарыТарихи-мәдени ресурстарыЕрекше қорғалатын жерлер
  2. АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДАМЫҒАН ТУРИЗМНІҢ ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН РЕКРЕАЦИАЛЫҚ
  3. АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ КУРОРТТЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН Қазақстан туризмінің қазіргі жағдайыАқмола облысындағы туризмді дамыту проблемалары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Ақмола облысы экономикалық ауданында демалыс пен туризм қоғамдық қызметтің негізгі сферасына айналуда. Олар көптеген рекреациялық ресурстар түрлерінің географиялық ортаға таңдалмалығымен, рекреациялық территорияларды рационалды үйымдастырумен, әртүрлі демалыс түрінде қажеттіліктерді болжаумен, рекреациялық ресурстардың аймақтық бағалау ерекшеліктерімен байланысты мәселелердің кең шеңберін қамтиды. Соңғысы ерекше өзекті мәселені құрайды және ол туризм мен демалыс мақсаттары үшін территорияның жарамдылығын зерттеу мәселесінің маңызды бөлігін құрайды.

Қоғамның өндірістік интенсификациясы ең алдымен адамның психофизикалық жүктемесінің күшеюіменен анықталады. Адамның жұмыс қабілеттілігін (рекреацияны) жақсарту үшін арнайы жағдай жасау керек. «Рекреация» сөзінің мағынасы - «дем алу, адамның күшін қалпына келтіру» дегенді білдіреді.

Емдік-сауықтыру туризмі туристік классификация ішінде өзіндік орны бар. Сондықтан да туризм классификациясын талдай отырып диплом жұмысының мазмұнын құрау. Соған орай Ақмола облысындағы экономикалық ауданында емдік сауықтыру рекреациялық ресурстарын зерттеу, талдау мәселелері қолға алынуда. «Адамдардың рекреациялық қызметі бірнеше аспектілерден тұрады: медико-биологиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық. Рекреациялық қызметінің ең негізгі аспектісі медико-биологиялық болып табылады». Оның құрамында - денсаулықты жақсарту, курорттық емдеуді қажет ететін адамдарға көмек көрсету және аурудың алдын алу;

Әлеуметтік-мәдени қызметке - әлемді, табиғатты, тарихты, мәдениетті тану, яғни танымдылық мақсаты;

Экономикалық аспектіге - адамның еңбекке деген қабілеттілігін жақсартуды жатқызуға болады.

Ақмола облысы санаториялық курорттық потенциалы Ақмола облысы туристік ресурстар жиынтығынан құралған. Сонымен қатар жалпы емдік туризмнің қалыптасу және даму тарихына тоқталмай объективті тұрғыда бағалау мүмкін емес. Зерттеу мақсаты мен міндеттеріне орай емдік туризмді классификациялай отырып, олардың орналасу принциптерін ашу, көрсету қажеттілігі туып отыр.

Курорттық-рекреациялық шаруашылыққа курорттар, санаториялар, демалыс үйлері, туризм және қызмет көрсету бөлімдері жатады. Олардың басты мақсаты халықтың рекреациялық қажеттіліктерін, рекреациялық (емдік сауықтыру, табиғи, мәдени-тарихи және әлеуметтік-экономикалық) ресурстар арқылы қанағаттандыру. Жоғарыдағы айтылғандарды ескере келе емдік сауықтыру туризмі проблемасы көкейтестілігі анықталды.

Ақмола облысындағы туризмнің жағдайы жалпы тұрғызылу деңгейінде. Облыстың территориясында орналасқан үш бірдей табиғи-қорықтық зоналардың, территориялардың және көптеген ғажайып жерлердің болуына қарамастан жергілікті бюджетке туризмнің қосатын үлесі бар-жоғы 3 % құрайды. Географиялық жағдайына байланысты Ақмола облысы көлік шығыны бойынша қымбат саяхат болып есептеледі. Мысалы, көптеген еуропа елдерінен келген туристтері сұралуы бойынша туристтің Солтүстік Қазақстанға сапары шығынының шамамен 60-70 % үлесін көлік шығыны құрайды. Отандық туристтердің негізгі пайызы қызмет көрсетуші мекемелердің ұсынатын қызметі мен сервисіне көңілі толмайды, әсіресе негізгі қиындық баға мен сапа арасындағы күрт диспропорционалдығы.

2005жылы Қазақстан Республикасының Президенті Ақмола обдысының туристтік кластерін стратегиялық дамыту бойынша жобасы ұсынылды. Сонымен қатар соңғы жылдары туристтік климаттың айтарлықтай жақсаруымен жүргізілген анализдің нәтижесінде туризмнің жоғары кірісті экономика саласы ретінде дамуына кедергі жасайтын көптеген шешілмеген қиындықтар анықталды. Келесідей туризм салаларын дамытуға алғышарттар жасалмаған, мысалы, емдік, демалыс, этникалық.

Жалпы алғанда, қонақүйлер және туристтік мекемелер арасында бірегейлі ақпараттық жүйе, мемлекеттік құрылымдық бөлімдер арасындағы туристтік сфераның координациясы, облыстың ірі қалаларында жүргізілетін іскерлік, мәдени, спорттық, ғылыми, білім берушілік және басқа да іс-шаралар арасында байланыс жоқ. Көлік құралдарының, зерттеу, құрылыс-архитектуралық институттардың, қонақ үйлер мен ойын-сауық, демалыс, сауда орталықтарының айтарлықтай жетіспеушілігі байқалады. Осыған байланысты туристтік кластердің қалыптасуы үшін біртұтас негіз жоқ.

Ақмола облысының туристтік индустриясы өзінің дамуында бірқатар қиындықтарды басынан кешіруде. Жалпы кірістің аз үлес салмағының негізгі себебі туристтік инфрақұрылымның әлсіз дамуы, оның дамуына қаражаттың аз болуы, аймақтың негізгі нарық орталығынан алыс орналасуы, және осылардың салдарынан туристтік өнімді жасаудағы көлік шығынының жоғары болуы, деңгейі қазіргі кездегі туризм нарығына сай келмейтін орта класс обьектілерін және мәдени сауықтыру орындарын орналастыруға санының жетіспеушілігі.

Жұмыстың мақсаты: Ақмола облысы туристік рекреациялық ресурстарының потенциалын анықтау.

Жұмыстың міндеті: Ақмола облысының туристік потенциалы мен мүмкіндіктерін талдау:

-Ақмола облысы курорт-санаторийлерін жіктеу:

-Әрбір курорт, санаторийлердің туризмдегі орнын сипаттап ұсыныстар беру.

Зерттеу әдістері: әдебиеттерге шолу, картографиялық, статистикалық, ақпарат құралдары материалдарын өңдеу.

Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспе, 3 тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТТІК РЕСУРСТАРЫ

1. 1 Облыстың туристтік кластерін қалыптастырудың негіздері және қиындықтары

Ақмола облысының туристтік индустриясы өзінің дамуында бірқатар қиындықтарды басынан кешіруде. Жалпы кірістің аз үлес салмағының негізгі себебі туристтік инфрақұрылымның әлсіз дамуы, оның дамуына қаражаттың аз болуы, аймақтың негізгі нарық орталығынан алыс орналасуы, және осылардың салдарынан туристтік өнімді жасаудағы көлік шығынының жоғары болуы, деңгейі қазіргі кездегі туризм нарығына сай келмейтін орта класс обьектілерін және мәдени сауықтыру орындарын орналастыруға санының жетіспеушілігі.

Қолдағы бар өте төмен деңгейдегі туристтік маршруттың дамуы қажет деңгейде облыстың табиғи ескерткіштері мен обьектілерін қолдануға мүмкіндік бермейді. Туристтік сектордың дамымағандығы негізгі қажет нарық сигменттері бойынша инфрақұрылымның, туризмді дамытудың кешенді бағдарламасының болмауымен, құқықтық қамтамасыздандырудың төмен деңгейімен, салық жүйесінің күрделілігімен және инвестициялар тартуға байланыссты жеңілдіктердің болмауымен анықталады. Туризм саласы өзінің қызметінің ғылыми негізделгендігін, басқарылуын, келісімділігін, барлық туристтік потенциалдың және инвестиция тарту бойынша жеңілдіктерін мүмкіндігінше толық және ақылмен пайдаланылуын талап етеді.

Ақмола облысындағы туризмнің жағдайы жалпы тұрғызылу деңгейінде. Облыстың территориясында орналасқан үш бірдей табиғи-қорықтық зоналардың, территориялардың және көптеген ғажайып жерлердің болуына қарамастан жергілікті бюджетке туризмнің қосатын үлесі бар-жоғы 3 % құрайды. Географиялық жағдайына байланысты Ақмола облысы көлік шығыны бойынша қымбат саяхат болып есептеледі. Мысалы, көптеген еуропа елдерінен келген туристтері сұралуы бойынша туристтің Солтүстік Қазақстанға сапары шығынының шамамен 60-70 % үлесін көлік шығыны құрайды. Отандық туристтердің негізгі пайызы қызмет көрсетуші мекемелердің ұсынатын қызметі мен сервисіне көңілі толмайды, әсіресе негізгі қиындық баға мен сапа арасындағы күрт диспропорционалдығы.

2005жылы Қазақстан Республикасының ПрезидентіАқмола обдысының туристтік кластерін стратегиялық дамыту бойынша жобасы ұсынылды. Сонымен қатар соңғы жылдары туристтік климаттың айтаврлықтай жақсаруымен жүргізілген анализдің нәтижесінде туризмнің жоғары кірісті экономика саласы ретінде дамуына кедергі жасайтын көптеген шешілмеген қиындықтар анықталды. Келесідей туризм салаларын дамытуға алғышарттар жасалмаған, мысалы, емдік, демалыс, этникалық. Жалпы алғанда, қонақүйлер және туристтік мекемелер арасында бірегейлі ақпараттық жүйе, мемлекеттік құрылымдық бөлімдер арасындағы туристтік сфераның координациясы, облыстың ірі қалаларында жүргізілетін іскерлік, мәдени, спорттық, ғылыми, білім берушілік және басқа да іс-шаралар арасында байланыс жоқ. Көлік құралдарының, зерттеу, құрылыс-архитектуралық институттардың, қонақ үйлер мен ойын-сауық, демалыс, сауда орталықтарының айтарлықтай жетіспеушілігі байқалады. Осыған байланысты туристтік кластердің қалыптасуы үшін біртұтас негіз жоқ.

Облыс туризміне жүргізілген зерттеулер сандық көрсеткіштерді есептеуді және талдауды талап етеді, олардың негізінде статистикалық мәлісеттер жатыр. Туризм саласында зерттеу жүргізу сандық көрсеткіштерді есептеуді дәне анализдеуді талап етеді, оның негізінде статистикалық мәліметтер жатыр. Қазіргі кездегі Ақмола облысының статистика басқармасымен берілген облыстың туристік қызметінің статистикасы туристік саланың барлық спектірін қамтымайды және бұл облыстағы туристік саланың дамуын болжауда қиындық тудырады. Сондықтан да статистикалық есеп проблемасы туризмді зерттеудегі орталық мәселе болып табылады. Олардың ең алғашқысы - мәліметтер базасының сәйкес келуі. Ол туризмнің даму тенденциясын, заңдылықтарын; ондағы болатын кеңістіктегі жне уақыттағы өзгерісін анықтау; әр түрлі елдерге қатысты бірдей көрсеткіш шамаларының қатынастарын бағалау және т. б. мақсатында ақпараттарды салыстыруға мүмкіндік береді. Статистикалық мәліметтер оларды есептеу әдісі және өлшем бірлігіне байланысты салыстыруға келмейтін жағдайлар болады [1] . Туризм статистикасының басқа бір қиындығы - толық және нақтылы статистикалық ақпараттың жоқтығы. Қазіргі таңда ешбір мемлекет толық көлемде туризмге жүйелі бақылау жүргізбейді. Туристік ағымдардың статистикасында экскурсиялық және іскерлік қысқа мерзімді саяхаттар фрагменттік сипатқа ие; сондай-ақ туристтік шығындардың статистикасы да нақты емес. Маңызды қиындық ақпараттың дер кезінде келіп түсуі болып қалуда, себебі нарықтың қатысушылары келісім компаниясын жүргізеді және сатуды ағымдағы нарықтың коньюктурасы жайлы статистикалық мәлімет келіп түсуінен бұрын бастайды. Туризм саласының ең айтарлықтай кемшілігі - туризмнің экономикалық әсеріне қатысты тұрақты, түсінікті және халықаралық масштабта унифицирленген ақпарат базасының жоқтығы. Ақпарат базасының тарлығы, әдістемелік бірліктің және басқа салалардың көрсеткіштерімен салыстырудың жоқтығы туризмнің экономикалық рөлінің дұрыс бағаланбауына алып келді. Туристтік саланың экономика саласындағы маңызы айқын болуына қарамастан ол статистикада қажетті орнын таба алмады [2] .

Облыстың қонақ үй шаруашылығының жағдайын анализдей келе бұрынғы уақытта да адамдардың физикалық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселелеріне жете көңіл аударылмағанын айта кету керек. Туристтік индустрияны функциялауда негізгі күш қоғамдық маңыздылық талаптарға сәйкес емдеу-сауықтыру құраушысына қажет арнайы орналастыру құралдарын тамытуға бағытталған. Мұндай жағдайда қонақ үй шаруашылығы бір жағынан санаторий-курорттық қызметтің бөлігі ретінде, екінші жағынан көбінесе еңбек миграция ағымын тұрғын-үй қызметімен қамтамасыз етудің көзі ретінде қарастырылған. Нәтижесінде Щучинск-Бурабай және Зеренді демалыс зоналарындағы орналасу құралдары нарығының қазіргі кездегі жағдайы арнайы орналасу құралдары үлесіне барлық қуатының 54 %, оның ішінде жартысынан көбісін (57 %) санаторий-курорттық ұйымдар құрайды. Барлық орналасу құралдары нарығының 46 % қонақ үй мекемелерінің үлесіне тиесілі [2] . Бұрынғы жүйе туристтерге қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталмаған, екіншіден мемлекеттен бөлінген қаражат тек қана қонақ үй шаруашылығын емес, сонымен қатар бар мекемелердің жұмысшы қалпын сақтау үшін де жеткіліксіз болды. Нәтижесінде бұл сектордың қонақ үй объектілерінің материалды-техникалық базасы айтарлықтай тозған. Оларға бүгінгі таңдағы тән қасиет - бұл жанбайтын шамдар, бұзылған су құбырлары, бұрыннан жөндеуден өтпеген ғимараттар, қазіргі кездегі батыстың стандарттарына сай келмейтин электр көздері. Қазіргі кезде берілген саладағы стратегиялық бағыттардың бірі осы қонақ үйлерді шет елдік инвесторлардың меншігіне беру болып аталған.

1. 2 Ақмола облысының табиғи жағдайы

Туризм дамуының негізгі алғышарттары табиғи, әлеуметтік-экономикалық ресурстар және туристік инфрақұрылым болып табылады. Олар туризмнің дамуына, туристік обьектілер мен туристік аудандардың құрылуына әсерін тигізеді. Біз осы тарауда туризм дамуының маңызды алғышарттарына, табиғи жағдайына көңіл бөлгіміз келіп отыр. Табиғи жағдай туралы айтудың алдында, туристік-рекреациялық ресурстар не деген сұрағына жауап берейік.

«Туристік-рекреациялық ресурстар дегеніміз - туристік экскурсиялық қызметке және емдеу, спорттық-сауықтыру, танымдық туризмге жарайтын, табиғаттың және адамдардың күшімен салынған обьектілер мен қоршаған орта құбылыстарының жиынтығы. Барлық туристік-рекреациялық ресурстардың жиынтығын үлкен екі топқа бөлуге болады: табиғи және әлеуметтік-экономикалық ресурстар (мәдени, тарихи) . Ал енді тікелей осы тараудың мазмұнына, табиғи-рекреациялық ресурстарға көшуге болады» [3] .

Табиғи жагдайлар мен ресурстар алдыңғы орынды алып, рекреацияның негiзгi алғышарттарының бiрi болып саналады. Рекреацияның табиғи алғышарттары ретiнде әртүрлi рангтағы табиғи-территориялық комплекстер, олардың компоненттерi. Олардың компоненттерi мен жеке касиеттерi көрсетiледi: аттрактивтiлiк, ландшафттың контрасттылығы мен ритмi, бөгеттердi өту мүмкшiншiлiгi, географиялык ерекшелiк, экзотикалығы, уникалдығы немесе керiсiнше карапайымдылығы, табиғи объектiлердiң формалары мен көлемi.

Табиғи географиялық жүйелердi рекреация мақсатында зерттей отырып, баска сөзбен айтқанда, демалыс пен туризмнiң түрлерiн өткiзудiң ыңғайлылығы, колайлығының деңгейiн бағалау кезiнде, бiз тек рекреация үшiн қолайлы жағдайлары бар географиялық жүйелердi ерекше етiп көрсетемiз. Олар табиғи рекреациялық ресурстарды кұрайды [4] .

Табиғи-рекреациялық ресурстар бұл - рекреациялық іс-әрекеттер үшін комфорттық қасиеттерге толы, белгілі-бір уақыттарда демалыс және сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға болатын табиғи және табиғи-техникалық географиялық жүйелер, денелер мен табиғаттың құбылыстары.

Табиғи-рекреациялық ресурстар демалушылардың демалу және саяхаттау ауданын таңдауда үлкен роль атқарады. Туристтер ландшафт, климат, жануарлар және өсімдіктер әлемінің байлығы мен әртүрлілігін, спортпен, аңшылықпен, балық аулаумен шұғылдануы табиғи қажеттіліктерін ескеріп отырады. Территорияда қандай табиғи ресурстар болуымен рекреациялық іс-әрекеттің түрлері мен формаларының ұйымдастырылуы тәуелді болады.

Елдің немесе ауданның географиялық жағдайы, басқаша айтқанда теңізге, таулы және орманды массивтерге, демалушылардың негізгі ағымдарына және маңызды көлік жолдарына жақындығы, ірі туристік комплекстер мен жеке туристік обьектінің құрылуында маңызды орын алады. Туристік маршруттар мен туристік мекемелер негізінен тікелей ресурстары бар аймақтарда орналасады. Осы ресурстарды көру үшін туристер осы аймаққа келеді.

Рельефтің әртүрлілігі де ландшафтың маңызды құндылығы болып табылады. Олардың туристер мен спортсмендер үшін өзіндік тартымдылығы бар, сондықтан ол рекреациялық мүмкіншіліктер туғызады.

Табиғи ортаның таулы климаттық және ландшафттық факторлары психофизикалық регенерацияда маңызды терапевтикалық фактор ретiнде болады. Сонымен қатар олар, активті және пассивті демалыс турлерi үшін өте қолайлы.

Табиғи ортаның келесі маңызды элементі болып - климат табылады. Климаттың адамға тікелей және қосалқы әсері бар. Адамның организміне тікелей әсерін тигізетін климаттық факторларға: температура мен ауа ылғалдылығы, жел, атмосфералық қысым, күн радиациясы, метеорологиялық құбылыстар жатады. Метеорологиялық өлшемдердің маңыздылығының бірлігі ауа-райы жағдайлары әртүрлілігін анықтайды, олар әртүрлі физиологиялық эффектілердің пайда болуы мен жүруіне әсерін тигізеді. Адам биоклиматологияның маңызды міндеті болып, адамның организмі мен метеорологиялық факторлардың арасындағы байланыстарды зерттеу. Гигиенисттердің зерттеулері бойынша ең оптималды ылғалдылық 30-60% денгейінде болады.

«Адамның организімінің табысты жұмыс істеуіне айналадағы ортаның температура режимі әсерін тигізеді. Жазғы орта тәулік температуралардың комфорттық зоналары +17, 2+21, 2 деңгейінде болады. (Н. В Виноградов, В. Г Надеждин бойынша) » [5] . Осы көрсеткіштер емделуде қажеттілігі бар адамдар үшін есептелінген. Денсаулығы жақсы адамдар үшін біршама жоғары немесе біршама төмен температуралар ыңғайлы.

Сондықтан туризм үшін жылы мезгілдің ұзындығын анықтау кезінде Е. А. Котляров +10+12 диапозонын ұсынды, ал Ю. А. Веденин, Н. Н. Мирошниченко демалыс пен туризм үшін оптималды температуралар +15+25 деп анықтады.

Негізгі құндылықтарға ауаның таза болуын, инсоляцияның қолайлы жағдайы, ауа ылғалдылығы мен температураның аз тербелісі, тұмандардың аз болуы т. б. жаткызуға болады.

1. 3 Табиғи ресурстары

Ақмола облысы табиғи рекреациялық ресурстарға өте бай. Мұндағы әртүрлі формадағы таулар тап - таза ауасы, әдемі көлдері, сыңсыған ормандар облыс өлкесіне көрік беріп тұр. Сонымен қатар бұл жердің климаты да табиғат аясында демалыс орнын ашуға, курорттық сфераны дамытуға өте қолайлы болып табылады.

«Бурабай - Көкшетау облысының Шучье ауданындағы тұйық көл. Теңіз денгейінен 301 метр биіктікте орналасқан. Көлдің аумағы 10, 5 м 2 , ұзындығы - 4, 5 км, ені - 2, 5 км. Орташа тереңдігі - 4, 5 м. Тиктоникалық ойыстағы көлді әсем қия жартасты тау жоталары қоршап жатыр. Суы тұщы және мөлдір, ең тереңдегі жәндіктер мен балықтар айқын көрінеді. Саңсыған қарағай, әйгілі “Жұмбақтас”, Көкшенің шоқылары көлді ерекше көрікті етіп тұрады. Сол себепті жұрт оны “Қазақстан Швецариясы” деп атайды. Көлде шабақ, алабұға, табанбалық, сазан, шортан бар. Бурабай көлінің айналасында курорт, санаторий, демалыс үйлері мен лагерлері орналасқан» [6] .

Баян - Көкшетау облысының Арқыбалық ауданындағы тұйық көл Есіл алабында, теңіз денгейінен 154 м биіктікте орналасқан. Көл жағасы жайпақ. Қоңыржай құрғақ дала белдеуінде орналасқан. Онда сұлыбас, боз, селеу, т. б. астық тұқымдас өсімдіктер өседі. Су қарашаның ортасында қатып, сәуір айында ери бастайды. Табиғи ресурс ретінде Есіл өзенін айтып кетуге болады. Өзен Қазақстанның ұсақ шоққысының солтүстік - шығыс бөлігінен басталады. Есіл Көкшетау маңында бірнеше салаларды қосып алып, едәуір суы мол өзенге айналады.

Өзен кіші - гірім кемелердің жүзуіне қолайлы. Шағын катерлер өзен боймен Петропавлдан 270 км-ге жоғары көтеріле алады. Дегенмен, жазда судың таяздығынан кемелер үнемі жүре бермейді. Есіл өзені Астана қаласы арқылы да өтеді. Сол себепті мұны жаға - жайлық демалыс зонасын ашқан. Онда халық суға түсіп катамаранмен жүріп демалады.

Ақмола облысы табиғи рекреациялық ресурстарға бай. Бұл айтылғаннан басқа көптеген, өзен, тау және тағы басқа байлықтары көп. Соңғы жылдары облыстың табиғи ресурстары қолға алынып, туризм белсенді түрде дамуда. Әсіресе, көптеп қызықтыратындары табиғатпен танысу, емделу болып табылады. Бұл Қазақстандық және шетел туристерін көптеп тартуда [7] .

Солтүстік Қазақстан экономикалық облысы Қазақстан Республикасының солтүстік бөлігінде орналасқан. Оның құрамына 4 облыс кіреді: Қостанай, Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары кіреді. Бұл территория бойынша екінші және халықтың қонысы бойынша да екінші орынды алады. Республика территориясының 20, 8% алып жатыр және халықтың 26, 6 % осында тұрады. Халық тығыздығы бойынша Оңтүстік Қазақстаннан кейінгі екінші орынды алады.

Ауданның үлкен территориясы батыста Оңтүстік Орал биіктігінен, шығыста Ертіс маңына және солтүстігінде Батыс сібір даласынан Оңтүстік ұсақ құмды оқысына дейін созылып жатыр.

Солтүстік Қазақстанда биік таулар, орманды ақ шоғырланған Бірақ өзінің ландшафтысында көрікті желлер көп. Олар жайылымды, түрлі шөптер алып жатқан далалы, ақ діңді қайыңдар және қарағай боры, жан- жағын таулар, ормандар қоршаған әдемі көлдер.

Солтүстік Қазақстан облысының түризмі де жақсы дамыған, әсіресе әртүрлі әдіспен жазатын емдеу туризмі. Мұнда көптеген курорт, санаторийлер, бальнеогиялық орындар туристерді ел ішінен ғана емес, срнымен қатар, шетел азаматтары да көптеп келеді. Мысалыға айтар болсақ, Көкшетау облысындағы “Бурабай”, “Оқжетпес”, Павлодардағы “Баянауыл” және тағы басқа емдеу орындарына бай. Бұған себеп табиғи ресурстардың көп болуы.

Жер бедері. Солтүстік Қазақстан облыстық аумағы негізінен жазық дала, солтүстіктен оңтүстікке қарай тым созылып жатуына байланысты (740 км) әртүрлі физикалық- географиялық белдеулерден тұрады: батыс жағында Орал маңы үстіртін (200-400 м), солтүстігінде Батыс Сібір ойпатының (150-200 м) оңтүстік бөлігін оңтүстігінде Торғай үстіртінің басым бөлігін (250-300 м), қиыр оңтүстік шығысында Сарыарқаның батыс бөлігін (450-500 м) қамтиды. Олал маңы үстірті негізінен шығысқа қарай еңістене келіп солтүстігінде Алтын шоқы тұсымен, оңтүстігінде Тобыл өзенінің жоғарғы ағысының аңғарымен шектеледі.

Солтүстікте және шығыста Солтүстік Қазақстанға кең және жалпақ Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігі кіреді. Оның ең биік жері 120 метрді құрайды. Оңтүстік және оңтүстік- шығысқа қарай бұл жазық ақырындап 300-400 метрге көтеріледі және қазақтың ұсақ шоқысымен ауысады. Ауданның кішігірім оңтүстік батыс бөлігін Торғай жайпақ тауы алып жатыр. Оның максимальды биіктігі 300 метрді құрайды [8] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туристік - рекреациялық кешеннің құрылымы
Қостанай облысының туризмі
Солтүстік қазақстанда дамыған емдік туризмнің орталықтары
Қазақстан Республикасының емдік-сауықтыру орындарына баға беру
Қазақстан Республикасының рекреациялық ресурстары
Қар жамылғысы туралы зерттеулер қысқы туризм дамытуға себеп
Қостанай облысындағы ішкі туризм
Пайдалы ресурстар
ТУРИЗМ БАЗАСЫ РЕТІНДЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлемдік қар мен мұз қорлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz