Қазақстандағы саяси партиялар азаматтық қоғамды қалыптастырушы субъекті ретінде


ӘОЖ 329:321. 001(574) Қолжазба құқында
ЗИЯДИН АЙДОС САХАБАДИНҰЛЫ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАР АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ СУБЪЕКТІ РЕТІНДЕ
23. 00. 02 саяси институттар, этносаяси конфликтология,
ұлттық және саяси процестер мен технологиялар
Саяси ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертацияның
Авторефераты
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2008
Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің теориялық және қолданбалы саясаттану кафедрасында орындалған
Ғылыми жетекші: саяси ғылымдарының докторы
Ә. М. Жүнісов
Ресми оппоненттері: саяси ғылымдарының докторы
Мұхамедов М. Б.
саяси ғылымдарының кандидаты
Нүкенов А.
Жетекші ұйым: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
саясаттану кафедрасы
Қорғау 2008 жылғы маусымның 20 күні сағат 14. 00 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі 23. 00. 02 саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар мамандығы бойынша ғылым докторы дәрежесін алу үшін құрылған Д 14. 21. 03 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, конференц-зал.
Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітпаханасында (050010, Алматы қаласы, Қазбек би көшесі, 30) танысуға болады.
Автореферат 2008 жылғы 20 мамырда таратылды
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, саяси
ғылымдарының докторы Г. Р. Нұрымбетова
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Осы күні тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан Республикасы басқа да посткеңестік елдер сияқты өзін халықаралық қауымдастықтағы орнын нығайтуға барлық күш-жігерін салуда. Осы тұрғыдағы ең маңызды мәселелердің бірі қоғамдық саланы әлемдік демократиялық стандарттарға келтіру болып табылады. Демократиялық үрдістердің алғы шарты - елде саяси еркіндік, адам құқықтарының сақталуы, әлеуметтік қорғау қамтамасыз етілуі, жеке және қоғамдық бастамалардың кең тарауы. Соңғысы саяси партия сияқты қоғамдық субъектінің еншісіндегі мәселе екендігі анық. Ал жалпы алғанда, жоғарыда көрсетілгендердің барлығы дерлік, бүгінгі күні «азаматтық қоғам» қағидаларына еніп отыр.
Қазақстанның азаматтық қоғам құру мүмкіндіктері, тарихи алғышарттары, күрделі мәселелері мен келешегі, сонымен бірге оның қалыптасуындағы партиялық жүйенің орны мен ролі осы жұмыста тиянақты қарастырылмақ.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Біздің мұратымыз «демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет» құру екені еліміздің конституциясында айқын көрсетілген. Ал демократиялық саяси жүйе мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының алғы шарты - азаматтық қоғамның қалыптасуы болып табылады. Сондықтан осы азаматтық қоғамды қалыптастырудағы саяси партиялар рөлін зерттеу өзекті де маңызды. Батыс елдерінде азаматтық қоғамның қалыптасу үрдісі бірнеше жүз жылдықтар бойында жүрді, және де тек дамыған азаматтық қоғам негізінде Батыс Еуропада, АҚШ-та, Канадада, Жапонияда және бірқатар басқа елдерде екінші дүние жүзілік соғыстан кейін белгілі бір деңгейде құқықтық мемлекет қалыптасты.
Қазақстан, Батыстың тәжірибесін пайдалана отырып, негізінде адамның экономикалық, саяси және рухани салалардағы бостандығы жатқан азаматтық қоғамның қалыптасу жолын әлдеқайда тез басып өтуде тарихи мүмкіндікке ие болып отыр. Азаматтық қоғамның мемлекет пен саясаттың демократиялық тұжырымдамасы аясындағы заманауи түсінігі, азаматтардың кәсіби саясаткер болмай тұра, мүдделерін қорғап отырған әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға қол жеткізу мақсатында мемлекеттік билікке ұйымдасқан және белсене түрде ықпал ететін ассоциацияларын - тұтынушылардың, фермерлердің, кәсіпкерлердің немесе басқа да топтардың мемлекетке тәуелсіз және ерікті жиынтығын білдіреді.
Азаматтық қоғамның қалыптасуындағы мемлекеттің рөлі туралы мәселені қарай отырып, мемлекеттің қоғамдық істерді тиімді түрде басқара алу мәселесі демократия туралы көптеген ғылыми пікірталастардың орталық тақырыбы болып табылатындығын атап өту керек.
Осы орайда, мемлекеттің қоғам үстінен ұзақ уақыт үстемдік ету дәстүріне, өзгерудің қиындығына және азаматтық қоғам институттарының әлсіздігіне қарамастан, біздің мемлекетке дегенмен де өзінің негізгі рөлі түрлі қоғамдық таптар, топтар мен қабаттардың арасындағы әлеуметтік және экономикалық қатынастары саласындағы «ойын ережелерінің» жасаушысы және оның сақталуын қадағалаушы төреші болу негізгі рөліне иелік ету талпынысын да жоққа шығаруға болмайды.
Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара әрекеттестік арналарының бірі ретінде қиындықпен болса да, көппартиялы саяси жүйенің қалыптасу үдерісі алға қарай жылжып келеді. Қазақстан саяси салада бостандыққа қол жеткізгеннен кейін ондаған саяси партиялар пайда болғанына куәміз. Олардың көпшілігі жетілмеген, қоғамда терең тамыр жая алмаған күйінде қалып келеді. Және олар өз қоғамының нақты әлеуметтік мүдделерін білдірудің орнына батыс елдерінің саяси құрылымдарына ұқсап бағуға тырысуда.
Осы орайда, еліміздегі азаматтық қоғамды қалыптастырудағы саяси партиялар орны жәйінде елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы Қазақстан халқына жолдауында: «Партиялық механизмді нығайту қазіргі заманғы азаматтық қоғамның қалыптасуына, халықты қоғамдық үдерістерге кеңінен тартуға жағдай жасайтын болады» [1] дегені тақырып өзектілігін арттыра түседі.
Біздің ойымызша, ең маңыздысы, азаматтық қоғам өз мүшелерінің сана-сезімдерінің оянуына жол ашады. Адам тек қана пайда табатын жай ғана кәсіпкер де, жай ғана тұтынушы да емес, ол - өзінің ішкі табиғаты бойынша қоғамдық жан және оған әріптестік пен қатар өмір сүрудің сан алуан нысандары, айналада болып жатқан дүниелерге ықпал ету, өз істерінің мойындалуы қажет. Сондықтан азаматтық қоғам адамның өзін-өзі жүзеге асыруындағы ең «үздік» құралдардың бірі.
Сонымен қатар, ел Конституциясына 2007 жылы сәуір айында енгізілген өзгерістер Парламент пен саяси партиялардың, азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыра түсуде. Осы тұрғыдан алғанда, зерттеу тақырыбы саяси уақыт талабынан, тәжірибедегі қажеттіліктен туындап отыр.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Партиялар азаматтық қоғам мен мемлекеттің құрылымы ретіндегі зерттеулермен, олардың мәні, формасы мен функционалдық бағытын анықтаумен байланысты сұрақтар мемлекет пен құқықтың жалпы теориясында ең басты мәселелердің бірі болған және болып қала бермек те. Оның үстіне саяси партиялар азаматтық қоғамды қалыптастырушы субъекті ретінде мәселесі зерттеу объектісіне айналғанына ұзақ уақыт бола қойған жоқ. Алайда, оның абстрактілі деңгейде әлдеқайда ертеректе зерттелген мәселе екендігін ашып айту қажет. Жалпы азаматтық қоғам мен саяси партия мәселесін зерделеу батыстық, ресейлік, отандық зерттеушілердің тарапынан кеңінен жүргізілуде.
Біріншіден, бүгінгі күні батыстық зерттеушілер азаматтық қоғам мен оның айнымас бөлігі саяси партия мәселесін зерттеу әдістері мен оның қалыптасу мүмкіндіктері және әртүрлі әлеуметтік-саяси және мәдени жағдайлардағы азаматтық қоғам көрінісі туралы тұжырымдар арнайы талқылағандықтан, оған қысқаша шолу жасағанды жөн көрдік. Саяси партияның азаматтық қоғам институты ретінде зерттелуі демократия мәселесін талдау шеңберінде жүзеге асырылған. Біздің зерттеуіміздің І тарауы осы азаматтық қоғам институттарына саяси ой тарихындағы көзқарас эволюциясына арнлағандықтан, қысқаша ғана шолу жасағандық жөн көрдік.
Біз, бірінші кезекте, азаматтық қоғам түсінігін қолданған Аристотель («societias civilis»), «азаматтық қоғам» түсінігіне жаңаша көзқарасты қалыптастырған Т. Гоббс, Дж. Локк, Ш. Монтескье, В. Вильсон, Т. Пейн, Гегель, Алексис де Токвиль еңбектерін ерекше атап өтуіміз керек.
Сонымен бірге, ашық қоғам мәселелерін зерттеу шеңберінде Т. Вулси, В. Рошер, К. Поппер, А. Бергсон өз еңбектерінде демократиялық институттар мәселесіне көп көңіл бөлген. Ал, Г. Алмонд, С. Верба саяси мәдениет, саяси қатысу және саяси сана түрлерін анықтауды ашық демократиялық қоғаммен тікелей байланыстырып қарастырған.
Біздіңше, қазіргі заманғы демократия мен азаматтық қоғам теорияларын зерттеген Р. Даль, А. Лейпхарт, Дж. Сартори, С. Хантингтон еңбектері де ерекше орын алады. Сонымен бірге, азаматтық қоғам мәселесіне қатысты өкілеттілік, сайлау жүйелері мен партиялық жүйелердің өзара байланыстылығын зерттеген М. Дюверже, азаматтық қоғам қалыптастырудағы халықтың белсенділігінің маңызы мен ролін зерттеген Г. О Доннел мен Ф. К. Шмиттер еңбектерінің де алатын өзіндік орны бар.
Қазіргі кезеңдегі демократия мен азаматтық қоғам, азаматтық қоғам мен мемлекет қарым-қатынастарын зерттеген заманауи зерттеуші Дж. Кин еңбегін ерекше айтқымыз келеді. Біз «азаматтық қоғам таза күйінде қалыптаса қалмайды; оның тек жалғыз немесе мәңгілік ұстанатын формасы жоқ» [2, 43-б] . Дж. Кин пікірімен толығымен келісеміз. Себебі, әртүрлі елдерде азаматтық қоғамның қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері болатыны сөзсіз.
Осы тұрғыдан алғанда, бізге шетелдік тәжірибені, әрі азаматтық қоғамның қалыптасу барысында пайда болған институттар қызметін зерттеген неміс зерттеушісі Ю. Кокка [3] және ресейлік зерттеушілермен дайындалған ұжымдық еңбектердің маңызы зор [4] .
Сонымен қатар, біз азаматтық қоғам мен демократия мәселесін зерттеу барысында кеңестік тәжірибеге де бірқатар көңіл бөлгенімізді атап айту керек. Осы орайда, кеңестік қоғамдық ғылымда азаматтық қоғам идеясын буржуазиялық ой-өріс ретінде қарастырып, жеке тұлғаның табиғатын зерттеген В. С. Нерсесянц, П. М. Егидес, И. И. Резвицкий, Л. М. Баткинді атап өткен абзал. Бұдан бөлек, В. В. Бартольдтің, В. И. Пантиннің ретроспективті талдаулары да біршама қызығушылық тудырды.
Ресейлік зерттеушілер В. В. Витюк, К. С. Гаджиев, А. П. Кочетков, С. П. Перегудов, Л. И. Малков, Ю. Д. Шевченко, А. П. Страхов, Ю. М. Резник, М. Ильин, А. В. Одинцова, В. Т. Данченко, Е. Рашковский ашық қоғам идеясын электоралдық үрдіс тұрғысынан қарастыра келе, қоғамның саяси саласындағы ашықтық принципін қарастырған.
Ал отандық зерттеушілерге келетін болсақ, мұнда мәселенің зерттелуі біршама кенже қалғанын байқаймыз. Сонда да болса, азаматтық қоғамға қатысты М. С. Әшімбаев, А. А. Әлімұлы, Л. А. Байдельдинов, Г. Ж. Ибраева, А. Ш. Ишмұхамедов, А. Б. Қарабаева, М. С. Машан, М. Б. Мұхамедов, Ә. Н. Нысанбаев еңбектерінде Қазақстандағы қоғамды өзгерту, саяси жүйені дамыту мәселелері шеңберінде зерттеу тақырыбы қамтылған.
Еліміздегі сайлау жүйесінің ерекшелігін демократиялық теориялармен байланыста зерттеген Т. Т. Исмағамбетов, Г. А. Госманова, Ш. А. Құрманбаева, Г. О. Насимова еңбектерінде атап өткен жөн.
Ә. М. Жүнісов, Б. И. Иманбекова зерттеулерінің азаматтық демократиялық қоғам құрудағы қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың сипаты мен бағдарын анықтауда ролі зор.
Келесі кезекте, С. М. Борбасов, М. Б. Тәтімов, Н. В. Романова еңбектерінде азаматтардың саяси еркіндігі мен демократиялық азаматтық қоғам қалыптастырудағы ұлттық спецификаның ықпалы анықталған.
Қазақстан Республикасындағы азаматтық демократиялық қоғам қалыптастырудағы жастардың қатысуын анықтауда Р. Б. Әбсаттаров, Т. С. Садықовтың еңбектерінің маңызы зор.
Сонымен қатар, отандық саяси ғылым аясында аталмыш тақырып бойынша жарық көрген тың ғылыми жұмыстарды атап өтпеуге болмас. Азаматтық қоғамның негізін құраушы Қазақстан халқының саяси қатысу ерекшелігі мәселесін зерттеген Г. Р. Нұрымбетова[5], Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптастыру ерекшелігін зерттеген С. Ш. Мұсатаев[6], азаматтық қоғам құндылықтарын зерттеген Қ. Ж. Нұғманова[7], В. Баймұрзаева еңбектерінің орны бөлек.
Сонымен, тақырыптың зерттелу деңгейіне жасалған шолу негізінде келесі қорытындыға келеміз: азаматтық қоғам мәні батыстық, ресейлік және отандық саясаттанушылармен әртүрлі қырларынан зерттелген, бірақ саяси партиялардың азаматтық қоғамды қалыптастырудағы белсенді рөлі мәселесі назардан тыс қалып келген. Яғни, саяси ғылымның зерттеу объектісіне толыққанды айнала қоймаған. Сондықтан әрі қарай тереңдеп зерттеуді қажетсінеді.
Зерттеудің объектісі. Диссертациялық жұмыстың зерттеу объектісі әлемдік тәжірибедегі азаматтық қоғам мен партиялық жүйелердің қалыптастыру мәселелерін зерттей отырып қазіргі Қазақстан Республикасындағы осы бағыттағы саяси үрдістерді талдау болып табылады.
Зерттеудің пәні. Диссертацияның зерттеу пәні ретінде жалпы азаматтық қоғам және саяси партиялар феноменінің түсінігі мен ерекшеліктерін және де олардың өзара байланысын талдауды көрсетуге болады.
Зерттеудің мақсаты. Диссертациялық зерттеу жұмысының алдында «азаматтық қоғам» тұжырымдамасын теориялық-методологиялық және ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан қарастыру, аталған концепцияның қалыптасуы, дамуы, іске асырылуы негіздерін анықтай отырып, Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды қалыптастыру ауқымындағы саяси партиялар орны зерттелген.
Зерттеудің міндеттері. Диссертациялық зерттеу жұмысының алдына қойған мақсатына сәйкес келесі міндеттер айқындалды:
- осы заманғы ғылымның жетістіктерін кешенді зерттеулер негізінде шешілмеген және пікірталасты проблемаларды зерттеу, оларға жауап іздеу;
- «қоғам», «мемлекет», «азаматтық қоғам», «партия» және басқа ұғымдардың құқықтық табиғатын талдау, олардың функционалдық сипаттамасын зерттеу;
- Қазақстандағы, сондай-ақ басқа мемлекеттік-құқықтық құрылымдардағы азаматтық қоғамның тарихи даму тенденцияларын, олардың диалектикалық өзара себептілігін және өзара кірігіп-сіңісу тенденцияларын сараптау;
- заманауи азаматтық қоғамның функционалдық сипаттамасын, оның саяси жүйенің белсенді элементтерімен (мүдделі топтар, саяси партиялар, қоғамдық коммерциялық емес ұйымдар) өзара байланысын анықтау;
- демократиялық құқықтық мемлекетте билік құрылымдарының қалыптасу, құрылу және қызмет ету жағдайында азаматтық қоғамның орны мен рөлі проблемасын зерттеу;
- азаматтық қоғам құру үрдісіне жаһандану мен мәдениет факторының ықпалын анықтау;
- Қазақстан Республикасында азаматтық демократиялық қоғам орнату барысындағы саяси партиялардың қызмет ерекшеліктерін анықтау;
- Қазақстан Республикасында партиялық жүйені қалыптастырудың идеологиялық аспектілерін айшықтау;
- Қазақстан Республикасының партиялық жүйесінің азаматтық қоғам құрудағы ролі мен маңызына ғылыми негізделген баға беру;
- Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың дамуы мен азаматтық қоғам құрудағы қоғамдық ұйым өкілдерінің ықпалын зерттеу.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
- партиялар азаматтық қоғам мен мемлекеттің құрылымы ретінде өзара әрекеттесуіне осы заманғы әлеуметтік-құқықтық даму жағдайында қолдануға мүмкін болатын зерттеу жүргізілді;
- азаматтық қоғамның өтпелі құрылымына, оның саяси институттармен (саяси партиялар, қоғамдық коммерциялық емес ұйымдар, мүдделі топтар, кәсіподақтар және т. б. ) өзара байланысына талдау жасалды;
- тақырыпқа қатысты саяси-философиялық ғылымдағы түрлі көзқарастар эволюциялық арнада қарастырылып, ондағы «азаматтық қоғам» концепцияларының қалыптасу ерекшеліктері мен мемлекет дамуындағы маңыздылығына терең талдау жасалып, бүгінгі заманғы саяси-әлеуметтік өмірдегі басымдылықтары ашып көрсетілді;
- қоғам жөніндегі ойларды салыстырмалы зерделеудің нәтижесінде ежелден қалыптасқан «азаматтық қоғам» концепциясының бірқатар түпкілікті өзгешеліктері анықталып, мінездемеленді;
- Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғам қалыптастыру саясатына зерттеу жүргізілді және Қазақстандағы «саяси партия» категориясына авторлық талдау жасалды;
- Қазақстан Республикасы жағдайында азаматтық қоғам қалыптастырудағы саяси партиялардың орны мен ролі терең талданып, саяси және қоғами саланың осы тұрғыдағы ерекшеліктеріне сараптама жасау арқылы бірқатар нақты ұсыныстар әзірленді.
Зерттеу жұмысының әдiстемелiк және теориялық негiздерiн қазiргi заманғы азаматтық қоғам туралы тұжырымдар мен саяси партияны зерттеу қағидалары, Г. Алмонд, Р. Даль саяси ұстанымдары құрады.
Диссертациялық зерттеу барысында арнайы әдістерден жүйелiк, құрылымдық-функционалдық, тарихи, логикалық, бихевористiк, статистикалық, салыстырмалы әдiстер, абстрактылы және нақты, жалпы және ерекше, жеке-дара және бірегей сияқты диалектика заңдары кеңiнен қолданылды. Бұл өз кезегiнде объективтi қорытындылар беруге мүмкiндiк бердi. Зерттеу жұмысында саяси партиялар бағдарламалары контент-анализ негiзiнде талданды.
Диссертацияда Қазақстан қоғамын демократия бағытында қайта құру тәжірибесі негізінде отандық қоғамтанушылардың теориялық және практикалық сараптау жұмыстарына ғылыми талдау жасалды.
Зерттеу жұмысының деректiк көздерi. Зерттеу жұмысының деректiк көздерi отандық және шетелдiк зерттеушiлер еңбектерi, Қазақстандық саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың бағдарламалық құжаттары, Қазақстан Республикасының заң актiлерi.
Зерттеу жұмысына Қазақстанның даму институты, Қазақстан әлеуметтанушылары мен саясаттанушылар ассоциациясы, мемлекеттік органдардың және жеке сараптау орталықтары мен сарапшылардың статистикалық мәліметтері басшылыққа алынды.
Диссертациялық жұмыстың тәжірибелік маңызы. Диссертациялық зерттеу жұмысының нәтижелерін Қазақстан Республикасының азаматтық демократиялық қоғам мен толыққанды партиялық жүйе орнату бағытындағы мемлекеттік саясатын іске асыру барысында пайдалануға болады.
Диссертация материалдарын жалпы саясаттану пәнін оқыту бойынша және арнайы курстар жүргізу барысында қолдануға болады. Диссертация материалдары мен қорытындылары ішкі саясат мәселелерімен айналысатын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қызығушылығын тудыруы мүмкін.
Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдары.
Бұл проблеманы ғылыми талдаудың нәтижесі қорғауға шығарылатын қорытындылар мен ережелер болып табылады:
1. Азаматтық қоғам - қоғам дамуының ең биік сатыларының бірі, қоғамдық жүйелердің басқа элементтеріне сәйкес, яғни өзін-өзі басқаратын қоғамдық институттардың осындай байлығын қалыптастыра отырып, адамның басымдылық орнын (өзінің құқығымен, бостандықтарымен және міндеттерімен) қамтамасыз етеді.
2. Қазақстандық саяси партиялар әлеуметтік бостандық, демократиялық мемлекеттік басқару, саяси қызметке және саяси сөзсайыстарға атсалысу арқылы азаматтық қоғамның алғышарттарын қалыптастыруда. Әрі саяси партиялар бұқаралық талқылауларды ұйымдастыру арқылы қоғамдағы келісім негізін құрауда. Әлеуметтік бостандық, адамның қоғамда өзін-өзі жүзеге асыруы үшін мүмкіндік жасайды.
Сонымен қатар, саяси партиялар шаруашылық конъюнктураны нақты бағалауға, әлеуметтік мәселелерді көтеруге және оларды шешу бойынша қадамдар жасауға ұмтылуда. Осы жолда жариялылық және соған байланысты азаматтардың жоғары хабардарлығын пайдаланады;
3. Азаматтық қоғам өз ұйымдары мен бірлестіктері арқылы барша қоғамдық салаларда құрылымды түрде өз орнына ие. Олардың ең үлкен бөлігі экономикалық, әлеуметтік саяси және рухани (мәдени) салаларға келеді.
Экономикалық салада азаматтық қоғамның мемлкеттік емес мекемелер (өндірістік, сауда, қаржылық және басқалар) тарапынан құрылған ұйымдарының кең желісі қызмет етуде.
4. Азаматтық қоғамның әлеуметтік-саяси саласы ретінде, Қазақстандағы көппартиялық жағдайында, билікке қол жеткізбеген саяси партиялар (олардың саны оннан асып түседі), азаматтық қоғам критерий- леріне сай толық жауапкершілікте болуы керек. Олар мемлекеттік емес бірлестіктер (ұйымдар) болып табылады, мемлекетпен тәуелсіз түрде қызмет етеді және өз мүдделерін жүзеге асыруға тырысады. Азаматтық қоғамның әлеуметтік-саяси салалардағы ұйымдары және бірлестіктері барлық басқа объектілер секілді, қоғамдық бастама негізінде құрылады және әрекет етеді.
5. Азаматтық қоғамның рухани (мәдени) саласы ақыл-ой, сөз бостандығы, өз пікірін жария, ашып айту мүмкіндігі, дербестік және шығармашылық бірлестіктердің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ол адамның өмір сүру бейнесімен, олардың адамгершілігімен, ізгілігімен, ғылыми шығармашылығымен, рухани кемелденуімен тікелей байланысты. Азаматтық қоғам мен мемлекет Қазақстанның қазіргі заманғы саяси жүйесінде екі өзара байланысты және өзара әрекет ететін институт ретінде шығады. Алайда, олардың өзара әрекет ету қағидалары мен әдістерін анықтау, негізінен мемлекеттік билік органдарының «құқықтық емес» әрекеттеріне байланысты.
6. Саяси жүйенің орталық элементі ретіндегі мемлекеттің өзге де институттармен өзара әрекетке түсуі Қазақстанның азаматтық қоғамы құрылымының трансформациясына байланысты.
7. Қазақстандағы сайлау жүйесіндегі өзгерістер саяси партияның саяси жүйедегі орнын нақтылап, оның қоғамдағы рөлін арттыруда.
Зерттеу нәтижелерiнiң сыннан өтуi және мақұлдануы.
Диссертациялық жұмыстың негізгі қағидалары мен қорытындылары ашық басылымда жарық көрген ғылыми мақалалары, автордың ғылыми-тәжірибелік конференцияларда, дөңгелек үстелдерде сөйлеген сөздерінде баяндалды. Зерттеу жұмысының негізгі мәселелері: «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның дамуы: конституциялық-құқықтық қамтамасыз ету» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Алматы, 27 ақпан, 2007) ; «Реформалаудың жаңа дәуіріндегі Қазақстанның саяси дамуы» атты Сегізінші Мұстафиндік саяси оқуларының шеңберіндегі Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда. (Алматы, 2007) ; «Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңі - демократиялық қоғамның дамуын жеделдету» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Алматы, 30 май, 2007) баяндалды.
Диссертациялық жұмыс құрылымы мен көлемi.
Диссертация кіріспеден, төрт тақырыпшаны қамтитын екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың негізгі мазмұны
Кіріспе бөлімде диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделіп, ғылыми зерттелу деңгейі, теориялық және әдістемелік негіздері, зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері, қолданылған әдіс-тәсілдер, қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар, зерттеу нәтижесінде алынған ғылыми нәтижелер, зерттеудің қолданбалы маңызы, оның сыннан өтуі мен мақұлдануы, құрылымы мен көлемі жөнінде мәліметтер келтірілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz