Ұлттық дәстүр - әлеуметтік институт ретінде


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 158 бет
Таңдаулыға:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
ӘОЖ 316. 614:316. 454. 3 Қолжазба құқығында
Абдрашева БануГүл Жолдыбековна
Ұлттық дәстүр - әлеуметтік институт ретінде
22. 00. 04 - әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар және процестер
Социология ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған
диссертация
Ғылыми жетекші:
Социология ғылымының докторы
Қалдыбаева Т. Ж.
Казақстан Республикасы
Алматы, 2008
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 Ұлттық дәстүрдің әлеуметтік қарым-қатынастың маңызды элементі
ретіндегі ғылыми-теориялық негіздері
1. 1 Ұлттық дәстүрді әлеуметтік институт ретінде ғылыми-теориялық
зерттеу . . . 9
1. 2 Ұлттық дәстүрдің мазмұны мен әлеуметтік мәні . . . 14
1. 3 Мәдени-этникалық әдет-ғұрыптағы дәстүрлі әлеуметтік
қатынастар . . . 26
1. 4 Халық тарихындағы ұлы ойшылдардың әлеуметтік даналық
дәстүрлері . . . 38
2 Ұлттық дәстүрдің әлеуметтік функциялары . . . 63
2. 1 Ұлттық дәстүр-халықтық әлеуметтік және адамгершілік
құндылықтар ретінде . . . 63
2. 2 Халықтық дәстүрдің әлеуметтендіруші және әлеуметтік
бақылаушы функциялары . . . 74
2. 3 Қазақ этносы дәстүріндегі өзара көмек және әлеуметтік қолдау . . . 98
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 114
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 118
ҚОСЫМША А. Ұлтық дәстүрдің бүгінгі күндегі қажеттілігі . . . 126 ҚОСЫМША. Ә. Әдет-ғұрыптардың қолданудағы әлеуметтік мәні . . . 128
ҚОСЫМША. Б. Экспертті бақылау жұмысындағы зертеушілермен
сұхбаттасу . . . 131
ҚОСЫМША. В Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің қазақ
ұлттының дәстүрі туралы көзқарасы . . . 132
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаты . Зерттеу жұмысы ұлттық дәстүрдің қоғамда алатын орны, рөлі мен атқаратын қызметіне арналады.
Тақырыптың өзектілігі. Ұлттық дәстүр мәселесі көптеген ғылымдарда зерттеліп жүргенімен, отандық әлеуметтану ғылымында бұрын-соңды зерттеле қойылмаған мәселе. Ел тарихында мәлім болған аталар дәстүрін мәдени-институционалды жағынан жүйелеу, ондағы ақсақалдар заңдылығын, билер шешімін, әдет-ғұрып пен салт пен сана мұраларындағы әлеуметтік нормалары мен әлеуметтік әрекетін әлеуметтану ғылымының әдістері арқылы талдау жүргіздік. Ұлттық дәстүрдегі адамгершілік-гумандық және әлеуметтік институционалды қатынастарын, әдет-ғұрыптың функционалдық қызметін бүгінгі трансформациялаушы қоғамда қолдануындың маңызы, ұлттың ұлағатты салтын идентификациялау мәселесі қарастырылды. Ұлттық дәстүрдің қазіргі кезеңдегі жаһандану саясаттының тасасында көмескіленіп қалмас үшін, оның әлеуметтік ортадағы қолданудың қажеттілігін, құндылығын әлеуметтанудың әдістері арқылы іске асыру басты міндетіміз болмақ. Сонымен ұлттық дәстүрді әлеуметтік институт ретінде негіздеу және дәлдеу - диссертациялық жұмысымыздың өзектілігі деп қарастырамыз.
Әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі ретінде қалыптасқан - салт. Ол ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп сана, құндылық, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық, құндылық, тағылым, өнеге тәжірибесін құрған. Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтемеген, сақтамаған адамдарды сол заң негізінде жазалап та отырған. Демек, салт-дәстүр қазақ үшін бұлжымас заң десек те болады. Қазақтың өмір салты, өнер салты, тарихы, мәдени мұрасы оның ел арасындағы тәлімдік, өнегелік, гумандық халықтық қызметі де әлеуметтік қатынас принципінің құралы болатындықтан ол әлеуметтанулық зерттеулер құбылысы бола алады. Дәстүр-ұлттық ғұрып. Ізгілікті дәстүр мәдениеттілік белгісі. Дәстүр байлығы- мәдениет байлығы. Ол ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани байлық. [1, б. 74]
Көшпелі қазақ халқы өздері өмір сүрген әлеуметтік ортасында өзіндік дүниетанымдық көзқарасымен әлеуметтік-экономикалық жағдайына, мәдениеті мен тарихына орайлас жас буынға тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге берудің басқа жұрта қайталанбайтын әдет-ғұрыптарын қалыптастырды. Мәселен, жас ұрпақты тәрбиелеудің жалпыға ортақ әлеуметтік-моральдық нормасы белгіленеді. Қыр қазақтары өздеріне биік моральдық талаптар қойа білді, солардың ең бастылары: жеті атасын білу, үлкендерді құрметеу, кішіге қамқор болу, жетімді жебеу, жастың меселін қайтармау, ата салтын қастерлеу, бір сөзге тоқталып сөз атасын қаділеу, тапқырлық пен алғырлық, кісілік пен ізгілік, ата-анасын сыйлау т. б. сияқты салттар арқылы қоғамдық отадағы әлеуметтік институтардың нормалары мен функцияларын қадағалап отырды.
Қазіргі қоғамдық әлеуметтік-экономикалық қатынас барлық салаларда түбегейлі өзгеріске ұшырап, трансформациялану қоғамындағы нарықтық қатынасқа байланыстылығы жағдайында, адамдардың өздігінен ақы-пұлсыз біреуге көмектесу ұғымы жат болып, әлеуметтік рөлдер мен әлеуметтік статустардың құндылықтары өзгеріске ұшырады. Мұндай нарыққа ерік берген қоғамдық дағдарыста адамдар арасындағы тәртіп, моральдық нормалар дисфункцияға ұшырай бастады. Сондықтанда ұлттық дәстүрді әлеуметтік инситут ретінде зерттеу және талдау арқылы өркениетті елдер арасында әдет - ғұрыптардың әлеуметтік- рухани мәртебесін көтеру арқылы мәдени құндылықтарды жаңғырта аламыз.
Ұлттың өткен тарихы мен дәстүрлі рухани - дүниетанымдық тұғырларын жаппай қалпына келтіру қазіргі заманға сай озық батыстық өркениеттік құндылықтар мен жаңашылдықтарды жаппай жөн - жосықсыз қабылдау үрдісімен қатар жүреді. Ұлттық дәстүр дегеніміз - сол ұлтты құрайтын халықтардың ата-бабаларының халық болып қалыптасу жолындағы бүкіл өмір тәжірибесінен сан ғасырлар бойы тірнектеп жинап, тіршілік тізгінен өткізіп, бір жүйеге келтірген өмір сүру заңдылығы, қатал тірліктің қағидалары қорытып уақытың өзі бекітіп берген конституциясы. Белгілі бір ұлттың адамзат өркениетінің ортақ өрісіне шығып, дамып жетілуі де, құлдырап төмен кетілуі де, осы заңдылықтардың сақталуы мен бұзылуына тікелей байланысты. Дәстүр бұзылған жерде халықтың халықтығы бұзылады, ұлт ұлт болудан қалады да идеялық негіздері құлдырайды. Тоталитарлық кезеңде жаппай үрдіс алған, ескінің көзі деп қаралған дәстүрлердің, технологиялық ақпарараттау қоғамындағы оның әлеуметтік экспектациялық рөлін беру мәдени-инситутциональды құндылықтар арқылы қазіргі кезеңдегі эгалитарлық (саяси-идеялық ағым) идеясын айқындауға талдау жасаймыз.
Қазақ ұлтының әлеуметтік институт ретіндегі өзіндік дәстүрлі мәдениетінің моральдық талаптарына сай, әлеуметтік нормалар мен заңдылықтарын пайдалана отырып мәдени-этникалық әдет-ғұрыптарға әлеуметтанулық әдістер тұрғысынан зерттеу жүргізіледі. Ұлттық дәстүрдегі адамгершілік-гумандық проблемаларды ұтымды шешудегі халықтың даналығы мен даралығын жүйелей отырып, халықтың кейбір әдет-ғұрпылары сараланады. Мысалы, «Асар», «Аманат», «Ант» салттарынның, ауыз бірлікке, кісілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеп, ұлттық салт-сана арқылы-ақ жас ұрпақтың әлеуметтендіру процесіндегі рөлі мен әлеуметтік статусына талдау жасалды. Қандай қоғамдық формацияда болмасын тап пен топтың, байлық пен кедейліктің, аштық пен тоқшылықтың қатар болуы табиғи параллельдік заңдылық екенін айта отырып, алғашқы рет әлеуметтік страфикация теориясының негізін салушы П. А. Сорокин «адамдар арасындағы табиғи теңсіздіктің» [2, б. 302] болуы қоғамдық құбылыс деп атап көрсеткен. Әлеуметтік тап пен тап арасындағы позитивті қатынасты кезінде қазақтар әлеуметтік заңдылықтар жолымен қарастыра отырып, ұлттық салт бойынша «Сауын салу», «Жылу», «Ерулік», «Көрімдік», «Енші беру» т. б. арқылы көмек беріп, қамқорлық пен қолдау жасап отырған. Аталған «Сауын алудың» мақсатына тоқталатын болсақ, бұл ел арасындағы бауырмалдылық пен адамгершіліктің позитивті функцияларының орындалып отырылғанының айғағы. Имандылық, инабаттылық, кісілік, тазалық, адамгершілік қасиеттер дінмен де байланыстырылады. Әйткенмен, қазақтың дінге қатты бет бұрып, фанатизмге беріле қоймағаны, оның үстіне қазақ жеріне мұсылмандықтың кеш келгені тарихтан белгілі, басым құндылықтарымызды діннен гөрі, әлеуметтілік қажетіліктен туғандықтан, жоғарыда айтылғандардың дінмен еш байланыстылығы жоқ екенін байқай аламыз, дегенмен қазақтар дінсіз, діннен безген деген ойды айту емес, әлеуметтану ғылымында дін жеке әлеуметтік инситут болып қарастырылғандықтан, кейбіреулердің әдет-ғұрыпты діннің және мәдениеттің элементтері деп қана шектелгендіктен, ұлттық дәстүрді әлеуметтік инситут ретінде, оның алғы шарттары мен функцияларына талдау жүргіземіз. Қазақтың қазақ бола бастағанынан оның ой-өрісі, даналығы мен даралығы, дүниетанымдығы, кісілігі мен тектілігі, салт-санасы мен әдет-ғұрпы ұлттық дәстүрімен үйлесетіндігін ғылыми жұмысымызда дәлелдеу көзделген.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ұлттық дәстүр жөнінде зерттеушілер С. Кенжеахметұлының «Ұлттық әдеп - ғұрыптың беймәлім 220 түрі»,
Ж. Молдабековтің «Қазақтану», «Мұралық мерей», Құрбанғали Халид «Тауарих хамса», М. Қозыбаев «Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері», Н. Елікбаевтің «Ұлт психологиясы», Қ. Нұрланованың «Символика мира в традиционном исскусстве казахов» сияқты көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілген. Бірақ олар әлеуметтану тұрғысынан талдау жасалмаған. Дегенмен, ғалым ағаларымыз М. Аженов, Қ. Биекенов, Қ. Жарықбаевтың, С. Қалиевтің, Ғ. Есімовтің, Д. Кішібековтердің зерттеу жұмыстары басшылыққа алынған негіздердің бірі. Сол сияқты социологияның негізін салушылар О. Конт, Г. Спенсер, Э. Дюркгейм, Т. Парсонс, П. Бурдьенің еңбектері зерттелді.
Қай халықтың болмасын өзіндік тарихы, мәдениеті мен ұлттық дәстүрі бар. Жер бетінде , жалпы адамзат аясында жеке-жеке ұлыстың, халықтың, ұлттың пайда болуы мен билік құру дәстүрі тым тереңде жатқан құбылыс. Бүгінде ұлт болып қалыптасып, жер бетін жайлап отырған санқилы ұлттардың әлеуметтік заңдылықтары мен басқару жұмыстарының пайда болуын мен салт-санасын, ғылымда әртүрлі пайымдайды, олардың қашан, қалай пайда болғанын ұлттық дәстүріне қарап тұжырым жасауға болады. Ұлттың әдет-ғұрпы мен салт-санасының гумандылығы, мәдениеттілігі әр түрлі ғылымда әр түрлі зерттелуде. Әдебиетшілер фольклордан, тарихшылар этнографиядан іздеп, философтар халық даналарының өсиеттеріне табиғи болмыстарға жүгінсе, мәдениеттанушылар археологиялық қазба жұмыстары арқылы дәлелдесе, ал әлеуметтанушылар фольклорды да, археология, этнография, халық даналарының шешімдері мен билік заңдылықтарын осының бәрі қоғамның әлеуметтік нормалары мен стандарттары негіздері ретінде басын біріктіре отырып, салиқалы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Зерттеу жұмысының мақсаты тақырыптың өзектілігі мен шешілетін мәселенің әлеуметтік маңыздылығынан туындап отыр. Халық дәстүріндегі әлеуметтік нормалар мен заңдылықтардың қазіргі адамдық арақатынастар үшін маңызын ашып, ғылыми түрде негіздеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері.
-ұлттық дәстүрді әлеуметтік институт ретінде қарастыруды ғылыми-практикалық негіздеу;
-ұлттық дәстүрдегі әлеуметтік заңдылықтар мен нормаларды нақтылап көрсету;
- ұлттық дәстүріміздің қоғамдағы рөлі мен белсенділігін ашып негіздеу;
- әлеуметтік қатынастағы ұлттық салт-сананың алатын орнын көрсету;
-мифологиялық наным-таным, тиым сөздерінің (табу) әлеуметтік мәнін ашу;
-тарихтан белгілі халқымыздың ғұлама-ойшылдарының даналық ой-пікірлерін жүйелеу;
-әдет-ғұрыптардағы әлеуметтік нормалар мен қоғамдық-моральдық қатынастарды нақтылау;
-әдет-ғұрып пен салт-санадағы адамгершілік-гуманисттік функцияларды топтастыру.
Зертеу жұмысының нысанасы: Ұлттық дәстүрді қолданудағы Қазақстан Республикасының территориялық жағына байланысты үш аймақты тұрғындармен зерттеу жұмысы жүргізілді және Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің мәдени-этикалық дәстүрлі қарым-қатынасы зерттеу жұмысымыздың нысанасы болып табылады.
Зерттеу жұмысының пәні: Ұлттық дәстүрді әлеуметтік институт ретінде зерттеу және оны әлеуметтану тұрғысынан талдау.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
Егеменді Қазақстан Республикасы оның негізгі иесі - қазақ халқының рухани мұрасын толық қалпына келтіру кезек күттірмейтін мәселе. Қазіргі қоғамның интерграциялануына байланысты ұлттық дәстүрдің әлемдік жаһандану саясаты мен процесінің көлеңкесінде қалып қалу қауіпін ескере отырып, іске асырылған зерттеудің өзіндік жаңалығы төмендегідей қойылымдар мен шешімдерден байқалады:
1. Ұлттық дәстүрге отандық әлеуметтану ғылымында алғашқы рет талдау жүргізілілді;
2. Ұлттық дәстүр тарихи шежіре ретінде топтастырылды;
3. Халық тарихындағы ұлы ойшылдардың даналық дәстүрі көрсетілді;
4. Ұлттық дәстүрді ұлттық әлеуметтік құндылық ретінде бағаланып негізделді;
5. Мәдени-этникалық әдет-ғұрыптарды әлеуметтану ғылымының тұрғысынан жүйеленді;
6. Ұлттық дәстүр - моральдық-этикалық кодекс ретінде айқындалды;
7. Ұлттық салт-санадағы адамгершілік-гуманистік заңдылықтары белгіленді.
Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негізі. Диссертациялық жұмыста жүйелі және салыстырмалы түрдегі талдаулар, дүниежүзілік және отандық ғылыми тұжырымдар мен пайымдаулар басшылыққа алынды. Әлеуметтік институттың теориялық-әдіснамалық негізін жасаған әлеуметтанушы ғалымдар Огюст Конт, Герберт Спенсер, Эмиль Дюркгейм, Талкотт Парсонс т. б. ілімдері зерттеудің негізгі әдіснамалық базасын құрады. К. Маркс пен Ф. Энгельстің әлеуметтік қоғамдық дамудың түрлі сатыларына тұрған елдердің әлеуметтік ой өрісін философиялық даму дәрежесін анықтау үшін ең алдымен сол халықтардың әдет-ғұрыптары, фольклорлары мен ежелгі әдеби және мәдени мұраларына баға берілген. Сонымен қатар қазақ даласында өмір сүрген Қорқыт ата, Баласұғын, әл-Фараби, Яссауи сияқты дана ойшылдардың Абай, Шоқан, Алтынсарин іспетті данышпандардың ұлттық әдет-ғұрып туралы ой-пікірлері басшылыққа алынды.
Ерте кезеңде әлеуметтік институт функциясынның бақылау, реттеуді іске асырушы қазақтың билері мен жыраулардың әлеуметтік нормалар мен заңдылықтары іске асырудағы өсиеттері мен билік шешімдері теориялық тұрғысынан қаралған. Халық даналарының ой-тұжырымдары диссертациялық жұмыстың зерттеу барысында ескерілді.
Зерттеудің практикалық маңызы.
Диссертациялық зерттеу жұмысы ұлттық салт-дәстүр пен әдет-ғұрыптардың әлеуметтік заңдылықтары мен нормаларының белгілерін, мәнін, оның қоғамдағы рөлін түсінуге және оларды күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік туғызады. Диссертациялық жұмыс нәтижелерінің қоғамның индустрияланушы қоғамды ізгілендірудегі өзектілігі артады. Зерттеу- әлеуметтік шындық құбылыстарын ғылыми тұрғыдан талдап, қортындылауға қосылған өзіндік үлес. Зерттеуден алынған нәтиже жаңа мазмұнды жоғары және арнаулы орта оқу орындарында әлеуметтану аясында арнайы курс ретінде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылып отырған негізгі ғылыми тұжырымдар. Қазіргі Қазақстан Республикасының әлемдік дамумен интеграциялауына байланысты ұлттық дәстүрдің рөлін артырып, оның озық елдер мәдениетімен қатарлас дамып, Қазақстан халқының рухы мықты ұлт ретінде әлеуметтік мәртебесін (статус) сақтап қалу қажеттілігінен туып отыр. Аталған тақырыптағы диссертациялық жұмыс отандық әлеуметтану аясындағы алғашқы зерттеу жұмысы болып табылады:
Осыған орай төмендегідей нақты ғылыми нәтижелер алынды.
1. Ұлттық дәстүрдің әлеуметтік қатынастардағы нормалар мен заңдылықтар мәні мен рөлін ескере отырып, оны әлеуметтік институт ретінде қойылымдар қарастырылған;
2. Ұлттық дәстүр жөніндегі ғылыми тұжырымдар мен ой-пікірлерді әлеуметтану ғылымы тұрғысынан жүйеге келтірілді;
3. Ұлттық дәстүрдің әлеуметтік қатынастағы мәдени-этикалық рөлдерін белгіленді;
4. Қоғамның жаһандауына байланысты ұлттық дәстүрдің құндылықтары мен әлеуметтік мәртебесін айқындалды;
5. Әдеп-ғұрыптардағы ақсақалдар мен билер салтының моральдық кодекс ретіндегі әлеуметтік бақылау және реттеуші функцияларының қызметіне талдау жүргізілді.
Диссертацияның эмпирикалық базасы . Зерттеу жұмысында тақырыпқа сай әлеуметтану ғылымының нақты әдістері қолданылды. Зерттеу жұмысына Қазақстан Республикасының әр түрлі аймақтары, атап айтқанда: Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Орталық Қазақстан өңірлері тұрғындары қазақтар өзге ұлт өкілдерінің арасында қазақ ұлтының дәстүрі туралы сауалнама жүргізілді, Сонымен қатар эксперттік сұхбаттасу барысында бүгінгі күнгі қоғамның өткір әлеуметтік мәселері көрніс тапты. Сұраунамаға барлығы 800 респонденттер қатысты. Эксперт мүшелерінің ой-пікірлерін саралап, бұданда басқа республика көлемінде жарияланған статистикалық ақпаратты жинастырып, өңделді, сұрыпталды және талданды. Жинастырылған ақпараттарды өңдеуде «Анкета» атты мамандандырылған бағдарлама бойынша электронды-есептеу машинасы қолданылды.
Зерттеу жұмысының деректемелік көзін Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары, мерзімді баспаларда шыққан мақалалар, ұлттық әдет-ғұрыптар мен салт-саналар жөніндегі философтар, филологтар мен тарихшылар, педагог-психологтардың, әлеуметтанушылардың ғылыми еңбектеріне талдау жасаулар құрады.
Зерттеу жұмысының сынақталуы (апробациясы) . Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әлеуметтану кафедрасында талқыланып, мақұлданды және қорғауға ұсынылды. Тақырып бойынша 7 мақала жарияланды. Атап айтқанда: «Экологические проблемы деятельности комплекса «Бойконур» и пути их решения» атты халықаралық ғылыми конференцияның материалдары (Қарағанды, желтоқсан 2001 ж) ; «Актуальные проблемы здоровья человека и формирования среды обитания» (Караганда, 2002) ; Материалы І конгресса социальных работников Казахстана «Қазахстанское общество и социальная работа: новые вызовы и альтернативы» (Алматы, октябрь 2004 г. ) ; «Жастар және қазіргі заманның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірбиелі конференцияның материалдары (Карағанды, 2006 ж. ) ; «әл-Фараби-Абай: сабақтастық мәселесі» атты халықаралық ғылыми конференция матераиалдары (Алматы, қараша 2007 ж. ) ; «Қазақ мәдениетіндегі дәстүрлер мен инновациялар» атты профессор Т. Х. Ғабитовтың 60-жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми конференцияның материалдары (Алматы, қараша 2007 ж. ) .
Зерттеудің негізгі қортындыларын талқылаудан өткізу. Диссертациялық тақырып бойынша 20 шақты мақалалар жарық көрген, оның ішінде 7 ғылыми және ақпараттық-аналитикалық журналында жарық көрсе, қалғандары республикалық және халықаралық конференция материалдарының басылымы болып шықты.
Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен (7 бөлімшіден), қортындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Диссертацияның көлемі- 129 бет.
1 ӘЛЕУМЕТТІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ МАҢЫЗДЫ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Ұлттық дәстүрді әлеуметтік институт ретінде ғылыми-теориялық зерттеу
Халқымыздың мақтан етер кейбір дәстүрлерін өзгелерге танытып, оның қоғамдық өмірде кеңінен қолданып, ұрпақты мәдени-рухани құндылықтарды бағалай отырып, өркениетті елдердің қатарындағы «Бәсекеге қабілетті өркениетті 50 елдердің қатарына қосылу» саясатын іске асыруда үлкен мектеп кемесі - ұлттық әдет-ғұрптың әлеуметтік рөлі зор. Дәстүр, әдет - ғұрып пен салт - сана қоғамдағы әлеуметтік қатынастар түрлерін, қоғамның мәдени деңгейін көрсетумен қатар, тәлімдік-тәрбие талаптарының негізін құрайды, адамдардың қоғамдасып өмір сүруінің және ұйымдасуының институциональды маңызды факторы болып табылады.
Дәстүрлердің жалпыға ортақ ең маңызды қызметі - адамдар арасындағы қатынастардың өркендеуі және өзгеруі жағдайындағы тұрақтылықты ретке келтіріп отыру. Тұрақтылық болмаса, даму да болмайды. Демек, дәстүрсіз қоғамдық қатынастардың қалыптасуы, дамуы, өзгеруі мүмкін емес. Тұрақтылықты реттей отырып, дәстүр қоғамдық болмыстың ең маңызды негізін түзеді. Қоғамдық қатынастар тарихи дамудың әрбір жаңа сатысында сақталып қана қалмастан өзгеріп, жаңара береді. Сөйтіп, дәстүрлер арқылы қайта жаңғыру жүзеге асады, ескі қатынас түрлерінің қазіргі және болашақтағы қатынас түрлері келіп шығады. Француз әлеуметтанушы Э. Дюркгеймнің пікірінше, әлеуметтану әлеуметтік нақты мәні бар, оған ғана тиісті қатынастарды, олардың саналарын терең зерттеуі керек. Э. Дюркгейм әлеуметтік фактілерді бастапқы түсінікті (елестетуді) жатқызады. Ұжымдық ұғымға әр түрлі адам өмірінің моральдық, басқаша айтқанда, әдет-ғұрып, дәстүр, тәртіп ережелері т. б. кіреді. Ал, олар объективті түрде өмір сүреді. Э. Дюркгейм қоғамды ерекше субстанция ретінде қарастырды, оны топтық сана мен топтық мінез-құлық ерекшеліктерімен салыстыра отырып түсіндірген. Топ ойлайды, сезінеді, іс-әрекет, қимыл жасайды. Ал, бұл топтың мінез-құлқы оның әрбір жеке мүшесінің ой-сезім, іс-әрекетінен басқаша. Бұл постулатты Э. Дюркгейм барлық қоғамға қолданады. Әлеуметтік фактілер индивидтен (адамнан) тәуелсіз, ол да табиғат құбылыстары сияқты, бірақ, олар адамға еріксіз түрде әсер етіп, оның қоғамда бір тәртіппен жүруін талап етеді. [3, б. 27] Мұнда әлеуметтік қатынас түсінігінің дәстүрі қалыптасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz