Көп пропозициялы дискурс


МАЗМҰНЫ
Анықтамалар . . . 5
Қысқартылымдар . . . 7
Кіріспе . . . 8
1 ТАРАУ. Дискурс талдау теориясы мен көп пропозициялы дискурсты когнитивтік аспектіде зерттеу мәселелері
1. 1 Дискурс талдау теориясының негіздері және зерттеу пәні . . . 14
1. 2 Дискурс теориясының ұғымдық аппараты . . . 16
1. 3 Лингвистикадағы «тіл-сөз-дискурс» үштағанының арақатысы . . . 17
1. 4 Лингвистикадағы «дискурс» терминінің интерпретациясы . . . 25
1. 5 Лингвистикадағы дискурс құрылымына қатысты мәселелер . . . 30
1. 5. 1 Семантикалық түсінік компоненттері . . . 33
1. 5. 2 Семантикалық құрылымның түзілуі . . . 38
1. 5. 3 Дискурстың семантикалық макроқұрылымы . . . 43
1. 6 Дискурс пен мәтіннің айырым белгілері . . . 47
1. 7 Дискурсты талдау түрлері . . . 55
1. 8 Қазақ тіліндегі көп пропозициялы дискурсты зерттеудің когнитивтік парадигмасы . . .
1. 8. 1 «Когни» түбірлес терминдердің арақатысы . . . 71
1. 8. 2 Дискурс және қазақ тіл біліміндегі когнитивтік парадигма . . . 75
1. 8. 3 Көп пропозициялы дискурсты когнитивтік аспектіде зерттеу мәселелерінің қазақ тіл біліміне қатысты еңбектердегі нышандары . . . 85
1. 8. 4 Пропозиция және оның дискурстағы көрінісі . . . 90
1. 8. 4. 1 Пропозициялы құрылым мен оған қатысты қазақ тіл білімі зерттеулеріндегі пікірлер . . . 94
1. 8. 5 Қазақ тіліндегі көп пропозициялы дискурс пен тілдік тұлға құрылымының қатысы . . . 104
І І ТАРАУ . Көп пропозициялы дискурс - дискурстың бір түрі ретінде
2. 1 Қазақ тіліндегі көп пропозициялы дискурсты талдау мен мәтін талдау ерекшеліктері . . . 113
2. 2 Көп пропозициялы дискурстың айырым белгілері . . . 115
2. 3 Көп пропозициялы дискурстың құрылымы, оған риторикалық құрылым теориясы тұрғысынан сипаттама . . . 125
2. 3. 1 Көп пропозициялы дискурстың қарапайым бірліктерінің сипаты . . . 137
2. 3. 2 Көп пропозициялы дискурстың дискурстық бірліктерінің сипаты . . . 149
2. 3. 3 Сөз актісі - дискурстық бірлік ретінде . . . 162
2. 4 Көп пропозициялы дискурстың типологиясы . . . 163
2. 4. 1 Бірыңғай және әрыңғай типті дискурс . . . 167
2. 5 Көп пропозициялы дискурс пен клауздың бірізділігі . . . 171
ІІІ ТАРАУ . Көп пропозициялы дискурс - когнитивтік құрылымды бекітетін тілдің білімдік моделі
3. 1 Мәтін мен мәнмәтін байланысы . . . 176
3. 2 Мәтінді құрушылар санасының компоненттері . . . 180
3. 3 Көп пропозициялы дискурс - символ қалыптастырушы фон . . . 188
3. 4 Көп пропозициялы дискурс және бала тілі проблемалары . . . 195
3. 5 Көп пропозициялы дискурс және концепт . . . 199
3. 6 Көп пропозициялы дискурс тақырыбының (топигінің) когнитивті функционалды уәждері . . . 205
1У ТАРАУ . Көп пропозициялы дискурсты қабылдау, түсіну, түзу тетіктерінің (механизмінің) негіздері
4. 1 Көп пропозициялы дискурсты қабылдау мәселелері . . . 211
4. 2 Дискурсты түсіну негіздері туралы . . . 216
4. 3 Көп пропозициялы дискурстың түзілу тетіктері . . . 218
4. 4 Ментальды құрылымдар -жадтағы білімді тіркеу түрлері: сценарий, фрейм . . . 227
4. 5 Ауызша дискурстың түзілу ерекшеліктері . . . 230
4. 5. 1 Қазақ тіліндегі көп пропозициялы дискурстың ауызша қабылдануы мен түзілуіне эксперименттік зерттеу . . . 238
4. 5. 2 Эксперименттік зерттеу жүргізілген дискурстың жалпы сипаты мен эксперимент жүргізу барысы . . . 240
4. 5. 3 Көп пропозициялы дискурстың ауызша қабылдануы мен қайта түзілу ерекшеліктеріне эксперименттік талдау . . . 241
4. 5. 4 «Көшпенділер» кинофильмінің интерпретациялануына талдау . . . 272
Қорытынды . . . 286
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 291
Анықтамалар
Бұл диссертацияда төмендегідей терминдер мен олардың анықтамалары қолданылды:
Дискурс - дайын мәтіннің сөйлеу әрекетін туғызушылар мақсатына сай күрделі әрі нақты коммуникативтік жағдайға айналуы, мәтін қызметтерінің дискурс құзыреттілігіне көтерілуі.
Дискурс дегеніміз - коммуникация барысында креативтік нұсқада (креативтік, референттік, коммуникативтік интенциялары негізінде) түзіліп, рецептивтік нұсқада (референттік, рецептивтік, коммуникативтік интенциялары негізінде) қабылданатын, онтологиялық негізін интерсубъективті мағыналар жүйесі құратын, субъективті мән мен объективті таңбаларды жалғастырушы буынды түзетін күрделі коммуникативті жағдай.
Көп пропозициялы дискурс - құрылымдық негізі екі не онан да көп пропозицияға бекітілген семантикалық (пропозициялы) құрылым мен оның грамматикалық коды саналатын тілдік құрылымдар жұбынан түзілетін дискурс түрі.
Пропозиция (клауздар) - түсiнiктер тобы, хабар бiрлiгi, ақпаратты қаттаудың алғашқы құралы.
Әрекет пропозициясы - басты құрамдас бөлiгi әрекет болып табылатын пропозиция.
Күй пропозициясы - басты құрамдас бөлiгi қатынасқа құрылған пропозиция.
Суперқұрылым - нақты дискурс құрылатын стандартты сызба, ол нақты дискурстың мазмұнына байланыссыз, оның жанрына байланысты.
Макроқұрылымдар - суперқұрылымдық сызбаға енетін категориялардың семантикалық мазмұны.
Макропропозициялар - дискурсты құрап тұрған сөйлемдер арқылы берілетін пропозициялар қатарынан тұратын пропозициялар.
Макроережелер - семантикалық бейнелену ережесі, олар бір пропозицияның бірізділікпен жоғары деңгейдегі пропозициялармен байланысын жүзеге асырады, осылайша дискурстың тұтастай алғанда басты мағынасын және желілік мағынаны (дискурс сөйлемдерінің мағынасын) білдіреді
Тiлдi когнитивтiк тұрғыдан зерттеу дегенiмiз - коммуникацияға қатысушылардың тек тiлдiк бiлiмдерiн ғана пайдалану емес, олардың әлем туралы бiлiмдерi, әлеуметтiк мәнмәтіндегі айтылым, жадта сақтаулы ақпаратты ала бiлу, дискурсты жоспарлау және басқару.
Когнитивтiк құрылымдар деп әлеуметтiк-мәдени сипаттағы ақпаратты мазмұндайтын фреймдiк модельдер аталады.
Фрейм - түрлi ақпараттарды мазмұндайтын стереотиптi жағдайларды баяндау жолдарының бiрi .
Байымдау, пікір (суждение) - біреуі орталық ядро түзетін пропозициялар тобы.
Негізгі, басты пропозиция - байымдаудың орталық пропозициясы. Ал қалған пропозициялар оны жан-жақты толықтырады.
Семантикалық абзацтар - байымдаудың ірі бөліктерге бірігуінен түзілетін бірліктер.
Пропозиция тақырыбы - семантикалық абзацтардың ортақ орталықтанған тақырыбы.
Асимметриялы қатынас - біріккен екі бірліктің бірі ядро, екіншісі саттелит болғанда туындайтын қатынас.
Бинарлы қатынас - біріккен ядролардың арасында туындайтын қатынас.
Дискурсты түсіну дегеніміз - барлық деңгейдегі - яғни сөз мағынасы, фраза, сөйлем деңгейінде, сондай-ақ макроқұрылымның глобальды деңгейіндегі қорытындыларды құру процесі.
Дискурсты когнитивті талдау дегеніміз - шынайы сөйлеу мен оны түсіну үдірісін зерттейтін сала.
Предикация тілдің негізгі екі осінің - шынайы уақыттағы осі (on-line ) мен ұзақ уақыттық сақтау осінің ( off- line) - қиылысуында пайда болатын дискурс кванты; предикация - оқиғаның не күйдің тілдік көрініс табуы; сонымен бірге предикация - ақпаратты сақтау кванты; адамның физиологиясы мен когнитивтік жүйесі ақпараттың осы бірлігіне үндесе ыңғайласқан.
Типология әртүрлі үлгілердің белгілі бір өлшемдерге бірдей жауап беретін белгілері бойынша топтастырылып жіктеудің кез келген сызбасы ретінде анықталады.
Қабылдау - қабылданатын нысанаға, әрі оның санадағы көшірмесін құруға бағытталған, ақпараттың кодталуы мен қайта кодталуы арқылы жүзеге асатын өзіндік әрекет.
Кодтау дегеніміз - ақпаратты код түрінде беру.
Қайта кодтау (декодирование) кодты керісінше қайта құру.
Репрезентация дегенiмiз - (француз сөзi воспроизведение, показ ) таңбалық жүйе ретiндегi тiлдiк деректер мен мәлiметтердiң нанымды жағдайда жеткiзiлуi.
Пропозициялы ақпарат - пропозицияға айналған ақпарат. Бұл жерде ақпарат - алынған, өңделген, түсiнiктi кез келген бiлiм.
Субъект - объектілік модель - объект белсенділігі төмен, субъект белсенділігі жоғары болатын коммуникативтік акт моделінің бір түрі.
Субъектаралық коммуникация - субъект те, объект те белсенді болатын коммуникативтік акт моделінің бір түрі.
Пропозициялы ядро семантикалық компоненттер арасындағы қатынастарды (түсінік, нысан, әрекет, абстракция) білдіретін компонент.
Пропозиция предикаты өз актанттарын еркін билейтін, оларға фрейм ашатын бірлік.
Актанттар - семантикалық рөлге ие болатын бірліктер.
Дискурстың қарапайым бірліктері (ДҚБ) - дискурстың ең төменгі деңгейдегі бірліктері.
Дискурстық бірліктер - дискурс құрылымын түзуге қатысатын жалпы бірліктер.
Риторикалық құрылым теориясы - табиғи тілдегі мәтіннің ұйымдасуының негізгі аспектісін сипаттайтын теория.
Қысқартылымдар
КПД - көп пропозициялы дискурс
ДҚБ - дискурстың қарапайым бірліктері
РҚТ - риторикалық құрылым теориясы
СА - сөйлеу актісі, сөз актісі
ШӨҮ - шындық өмір үзігі
КО - коммуникативтік орта
Д - дискурс
К - коммуникант
А - адресат
ПҚ - пропозициялы құрылым
Ж - жағдай
ГП - грамматикалық предикат
ДБ - дискурстық бірлік
С - сөйлеуші
А - мәтінді қабылдаушы
М - мәтін
to - уақыт
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектiлiгi. ХХІ ғасыр лингвистикасында адам танымы мен ой құрылымын тіл арқылы және керісінше, ой құрылымынан тілге қарай бағытталған зерттеулер қарқынды сипат алуда. Оның негізінде ақпараттың молдығы мен қолданбалы лингвистикадағы сұраныс, соған сай ашылған жаңалықтар, адам факторы мен оның тілі арасындағы кешенді байланысты зерттеудің жаңа сатыға көтерілуі жатыр. Тіл жүйесі лингвистиканың зерттеу нысаны болғанымен, оны жеке дара зерттеу бүгінгі ғылым сұранысына жауап бере алмайды. Осы себептен де лингвистикалық бірліктерді когнитивтік не прагматикалық аспектілерде зерттеу қажеттілігі туындады. Осы бағыттағы лингвистиканың негізгі зерттеу нысаны ретінде танылған жоғары сатыдағы бірлік - мәтіннің үстіміздегі ғасыр ғылымында динамикалық сипатын ерекшелеуге елеулі назар аударылуда. Соның нәтижесінде ол қозғалысқа түсетін кеңістік коммуникативтік жағдаят ұғымымен сабақтастырылып, тек интралингвистикалық қана емес, экстралингвистикалық контексте де қарастырылуда. Дискурс аталатын осы динамикалық мәтінді жаңаша тану барысында мәтін лингвистикасы мен дискурс теориясы деген екі басқа, бірақ бір-бірімен тығыз байланыстағы бағыттар айқындалып отыр. Бірақ күні бүгінге дейін мәтін лингвистикасы мен дискурс теориясының зерттеу нысандарының айырмасы ажыратылып, мәтін мен дискурс белгілері сараланып болған жоқ, соған байланысты оған түрліше анықтамалар беріліп жүр. Сондай-ақ дискурстың жеке түрі сапасында көп пропозициялы дискурс мәселесі қарастырылған зерттеулердің де кеңінен өріс алып орнықпауы осы себептен болса керек. Осыған қатысты пропозиция термині тек сөйлем мағынасында ғана ғылыми айналыста жүр. Оның адам танымын сипаттайтын бірлік, оның ішінде хабар бірлігінің қызметі негізіндегі астырт және үстірт құрылымдағы жұптастығы толық сипатталған емес. Соңғы кезеңдегі лингвистикалық зерттеулерде дискурсты когнитивті аспектіде зерттеу кеңінен орын алып келеді. Әсіресе, бұл шетел ғалымдары еңбектерінде ерекше байқалады. Әрине, дискурс пен мәтіннің айырмасын ашып, бір-бірімен байланыстағы, бірақ мәтінді дискурсқа өзек ретінде қарастыратын, соған сай мәтін талдау мен дискурс талдаудың ортақтықтары мен айырмасын ажырататын еңбектер қазақстандық зерттеушілер қатарынан да табылуда. Солай дей тұрсақ та, дискурс талдау теориясын, оның когнитивті аспектідегі сипатын түбегейлі зерттеудің проблемаларын айқындап шешімін іздеу қазақ тіл білімінің өзекті мәселелерінің санатында екенін жоғарыда аталған зерттеу үдерісі көрсетіп отыр. Оған дәлел ретінде дискурс терминінің әлі де нақты анықталмауы, ғылымаралық сипатының басымдығы, мәтіннен ажырату шарттары, дискурстық бірліктердің лингвистикалық табиғатының және мәтін ішінде бөлшектеу алгоритімінің нақты белгіленбеуі т. б. мәселелердің зерттелу қажеттілігін көрсетуге болады.
Тілді зерттеуде «тілдегі адамды» тану мақсаты алдыңғы қатарға жылжыды. Оны орындауға байланысты адам санасының астарында жатқан тілдік құрылым мен когнитивтік модельдерді бір байланыста талдау, дискурсты түзу мен оның мәнін түсіну үрдісінің заңдылықтарын лингвистикалық деректерге сүйеніп анықтау талабы туындады. Сондай тілдік бірліктің бірі - көп пропозициялы дискурс (әрі қарай КПД) . КПД - құрылымдық негізі екі не онан да көп пропозицияға бекітілген семантикалық (пропозициялы) құрылым мен оның грамматикалық коды саналатын тілдік құрылымдар жұбынан түзілетін дискурс түрі . Ол - когнитивтік модельдің логикалық аналогы ретінде қарастырылатын, адамның саналы жүйе ретіндегі танымдық әрекетінің нәтижесі, ортаға бейімделіп өмір сүру қажеттігін қанағаттандыратын модель. Кез келген коммуникативтік әрекет спонтанды немесе ұйымдасқан дискурста белгілі бір коммуникативтік-когнитивтік құрылымдарды жүзеге асыратындықтан, КПД когнитивтік-семантикалық құбылыс ретінде қарастырылады. Мұндай когнитивтік құрылымдар деп әлеуметтік-мәдени сипаттағы ақпаратты мазмұндайтын фреймдік модельдер аталады. Фрейм -түрлі ақпаратты мазмұндайтын стереотипті жағдайларды баяндау жолдарының бірі [1] . КПД-ны когнитивтік аспектіде тану мақсаты когнитивтік зерттеулерге тән жалпы мақсаттардан шығады. Яғни, тілде көрінетін сананың когнитивтік құрылымының - концепт, түсінік, фрейм - сипатына тән заңдылықтарды саралау, түсіндіру, «тілдегі адамды» тану. Тілді когнитивтік тұрғыдан зерттеу дегеніміз - коммуникацияға қатысушылардың тек тілдік білімдерін ғана пайдалану емес, олардың әлем туралы білімдері, әлеуметтік мәнмәтіндегі айтылым, жадта сақтаулы ақпаратты ала білу, дискурсты жоспарлау және басқару [2] . Адам қоршаған ортаны тек қабылдап қана қоймайды, оны өз біліміне, дүниетанымына сай қайта құрады. Демек, бұл ғылыми танымда санадағы когнитивтік құрылымдардың тілдегі құрылымдармен сәйкестену дәрежесі мен заңдылықтары, әрі жеке тұлғалардың өзіндік ерекшеліктерінің көрініс табуы мен типтік және ментальды құрылымдарының ажыратылуы арқылы жүзеге асады. КПД - танымның, ғалам туралы білімнің тілдегі көрінісін жеткізетін бірлік. Демек, онда ұлттық таным да көрініс табады. Алайда аталған бірлік қазақ тіл біліміне қатысты зерттеулерде талдау нысанына айналмаған. Оны зерттеу тілдің, сөздің (речь) коммуникативтік қызметінің когнитивтік астарын, тетігін анықтап, дискурс пен мәтін арасын ажыратуға ғана емес, коммуникативтік тұлға сөзінің, қазақша сөз сөйлеудің оң және теріс өзгерістеріндегі әсер ететін факторларды ажыратуға, ұлттық танымды бекітетін модельдерді саналы түрде іске қосуға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысы көтерген мәселенің өзектілігі осыдан көрінеді.
Зерттеудің әлеуметтік маңыздылығы дискурс теориясының пәні мен нысанын, әдістерін анықтау, дискурс түзілуінің, қабылдануының негізіндегі құрылымдар сипатын аз да болса білуге мүмкіндік береді де, ал ол коммуникацияның сәттілігіне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Аталған тақырыптың зерттелу, даму тарихы мен бүгінгі күйіне баға берер болсақ, әлем лингвистикасында дискурс теориясы жеке ғылыми бағыт ретінде ХХ ғасырдың 70-жылдарында пайда бола бастаған деп танылады, ал қазақ тіл білімінде бұл мәселе осы соңғы 5-10 жылдықта ғана қолға алынған. Тіл білімінің кейінгі кезеңінде дискурс теориясына байланысты зерттеулер арнайы өріс алып, дискурс пен мәтінді ажыратқан еңбектер жариялануда. Тұтас алғанда дискурс талдау теориясы қазақ тіл білімі үшін жас, әлі толық қалыптаса қоймаған, лингвистиканың пәнаралық сипаттағы саласы. Сондықтан зерттеу жұмысын орындауда дискурс талдау теориясына қатысты жарияланған шетелдік зерттеушілер еңбектері (Т. Гивон, А. Е. Кибрик, Т. А. ван Дейк, Н. Хомский, Л. С. Выготский, Т. В. Ахутина т. б. ) мен қазақ тіл білімінде мәтін лингвистикасына және когнитивтік лингвистикаға қатысты зерттеу жүргізген ғалымдар (Р. Сыздық, Р. Әмір, Т. Сайрамбаев, Б. Шалабай, А. Жұбанов, Ж. Манкеева, Г. Смағұлова, Г. Қосымова, З. Ш. Ерназарова, Г. Әзімжанова, Қ. Есенова, Ж. Қайшығұлова, Қ. Айтмұхаметова, т. б. ), дискурсқа қатысты пікір білдірген Н. Уәли, Д. Әлкебаева, Г. Бүркітбаева, Ж. М. Кеншінбаева т. б. зерттеулері негізге алынды.
Зерттеу нысаны - қазақ тіліндегі көп пропозициялы дискурс, оның семантикалық құрылымы мен түзiлуi, макроқұрылымдар, макропропозициялар мен соған сай макроережелердiң қолданылуы, пропозициялы ақпарат пен оның грамматикалық кодталуы, дискурстың қабылдану, түсінілу, қайта түзілу негiздерi.
Зерттеудiң негiзгi мақсаты - қазақ тiлiндегi көп пропозициялы дискурстың семантикалық (пропозициялық) құрылымдарының түзiлуiн және қабылдану, түсінілу, қайта түзілу негiздерiн, өзіндік ерекшеліктерін анықтау. Ол мынадай мiндеттердiң шешiмiн табуын белгілейді:
- қазақ тіліндегі КПД-ның мәтiн бiрлiгi мен мәтiнмен тең бiрлiк ретiнде танылу жағдайларының арақатысын ашу;
- қазақ тіліндегі КПД-ның семантикалық құрылымының түзiлуiне қатысты когнитивтiк психология мен когнитивтiк лингвистикадағы, семантикадағы тұжырымдарды сабақтастыра отырып, олардың типтiк және ментальды құрылымдары мен модельдерiн анықтау;
- семантикалық құрылымды түзетiн семантикалық компоненттер мен бiрлiктердi (пiкiр, семантикалық абзацтар, пропозиция тақырыбы, пропозиция түрлерi: әрекет, күй, дамыту, бекiту және олардың арасындағы қатынас сипаттары: толықтыру, ассоциациялық) айқындау, олардың байланыстылығын қуаттайтын заңдылықтарды тану;
- қазақ тіліндегі КПД-ның түсiнiлу негiздерiнiң алғышарттарын, оның стратегиялық сипатын, яғни нақты ережелерге бағынбай, нақты бiр құрылымға таңылмайтын үрдіс екендiгiн, түсiнудiң жеке индивидтердiң түсiнiктерi мен мақсатына сай анықталатындығын айқындау;
- қазақ тіліндегі КПД-ның бір пропозициялы дискурстан ерекшеліктерін көрсету;
- жазбаша және ауызша дискурс ерекшеліктерін айқындап, оларға сипаттама беру;
- нақты тәжірибелер жасау арқылы дискурс нәтижесі мәтінді, тұтас дискурсты түзу мен қабылдау заңдылықтарын ашу;
- дискурс компоненті ретінде тілдік тұлғаға сипаттама беру.
Зерттеу жұмысының дереккөздерi мәтiн грамматикасына, когнитивтiк лингвистика, жасанды интеллект теориясы, когнитивтiк психология, дискурсты түсiну теориясына қатысты отандық және шетелдiк ғылыми зерттеулер, мақалалар, көркем мәтіндер және түрлi стильдегi мәтiндер/ көп пропозициялы дискурс, «Көшпенділер» фильмін мазмұнын қайта баяндау мәтіндері жазылған дыбыс таспаларындағы материалдар.
Зерттеудiң әдiс-тәсiлдерi. Зерттеу барысында сипаттамалы, салыстырмалы, мәтінді және жағдаяттық әрекетті талдау, жүйелеу, модельдеу және дискурс талдау тәсiлдерi мен эксперименттік әдіс қолданылды .
Зерттеудiң ғылыми жаңалығы ретiнде мыналарды атауға болады:
- қазақ тіліндегі КПД-ның өзіне тән белгілерінің және семантикалық құрылымдарының түзiлуi мен түсiнiлуiне қатысты ғылыми түсiнiктердiң жүйеленуi;
- дискурс пен мәтiннiң айырмашылықтарының коммуникативтік когнитивтік аспектіде анықталуы;
- КПД-ның символ қалыптастырушы фон ретiнде танылуы;
- дискурс құрылымы мен оған әсер ететiн факторлардың сипатталуы мен оған қатысты ұлттық таным көрiністерін танытуы;
- дискурстың семантикалық түсiнiгiнiң мәтiн базасы түрiнде қалыптасатындығын, ал мәтiн базасының пропозицияның бiрiздiлiк сипаттағы байланыстылығынан тұратындығын пайымдауы;
- КПД құрылымы тiл тұтынушылардың белгiлi бiр оқиға не әрекеттiң бiрiздiлiгiн түсiнуiн көрсететiндiгi;
- КПД модельдерiнiң тiл тұтынушыларда түзiлуiндегi олардың өздерi куә болған жағдайларға сай болуының, жағдайлық модельдердiң, семантикалық, мәнмәтiндiк модельдердiң прагматикалық, әлеуметтiк сипатта болатындығының пайымдалуы;
- Аудиовизуальды мәтін негізінде қазақ тілінде түзілген дискурстың когнитивтік-дискурстық қырларын тәжірибе материалдары негізінде түйіндеуі;
- Тілдік тұлға мен дискурс қатынасын айқындап, тілдік тұлғаларды жіктеуі, тілдік тұлға, коммуникативтік тұлға, тіл тұтынушысы терминдерінің арақатынасын ашуы;
- Дискурс талдау теориясының не дискурс лингвистикасының жеке бағыт ретінде қалыптасуы мен негізгі ұғымдық аппаратының жүйеленуі.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы дискурсты талдау теориясы мәселелерiнiң қазақ тiлiндегi ғылыми айналысқа ену мүмкiндiгiн арттырады. КПД құрылымының түрлерi мен түзiлу заңдылықтары туралы тұжырымдар, оның мәтiн грамматикасына қатысты қалыптасқан өзге де пiкiрлермен сабақтастырыла қарастырылуы мәтін, когнитивтік және функционалды лингвистика салаларын дамытуға өз деңгейінде үлес қоса алады.
Зерттеу жұмысының практикалық мәнi ЖОО - ның филология факультеттерiнде арнаулы пән ретiнде енгiзуге болатындығынан, алынған тұжырымдарға негiзделген арнайы курстарды жүргізуде және тiл үйрену/тiл үйрету мен аударма жасауға қажеттi және мәтінге пропозициялы талдау жасау үлгілерінің, модельдердiң ұсынылуынан, сонымен бірге жинақталған ауызша дискурс материалдарының алдағы зерттеулерде пайдаға асу мүмкіндігінен көрiнедi.
Зерттеу жұмысы бойынша қорғауға ұсынылатын негiзгi тұжырымдар:
- Қазақ тіліндегі КПД-ның құрылымдық негізі - мәтінге дейін түзілетін екі не онан да көп пропозицияға бекітілген семантикалық (пропозициялы) құрылым мен оның грамматикалық коды саналатын тілдік құрылымдар жұбы.
- Пропозиция (клауздар) - түсiнiктер тобы, хабар бiрлiгi, ақпаратты қаттаудың алғашқы құралы.
- Әрекет пропозициясы дегенiмiз - басты құрамдас бөлiгi әрекет болып табылатын пропозиция, ал күй пропозициясы деп басты құрамдас бөлiгi қатынасқа құрылған пропозиция аталады.
- Қазақ тіліндегі КПД мен пропозицияның арақатынасы дискурсты талдау барысында ақпараттарға қатысты анықталады: пропозицияларды түзетiн сөз мағынасын пропозиция мағынасын түсiнбей-ақ ұғуға болады, ал пропозиция құрауға қатысып тұрған сөз мағынасын түсiнбей пропозицияның мәнi ұғынылмайды, дискурстың жалпы мәнiн түсiнбей-ақ жекелеген клауздардың мәнiн ұғуға болады, бiрақ пропозициялардың мәнiн түсiнбей, дискурстың мәнiн ұғу мүмкiн емес.
- Қазақ тіліндегі КПД - тiлдiң дискурстың қалыптасуына қатысатын және санадағы когнитивтi құрылымдарды бекiтетiн, когнитивтi-бiлiмдiк (эпистемдiк) жағдайды құрушы нарративтi құрылымға ие бiлiмдiк модельдiң бiрi. Сондықтан да ол символ құруға фон бола алады, әрi символдық дәрежеде қалыптасқан бiрлiктердiң жаңа сипат алуына жағдай жасайды .
- КПД-ға бір пропозициялы дискурс негіз болады, оған адам баласының биологиялық қабілеті, яғни тілдік құзыреттілік пен ақылдың бастапқы кезеңіндегі түрінен жоғары деңгейге көшуі себеп болады.
- Сөздің түзілу және қабылдану негізінде жатқан заңдылықтар мен ережелер, ұстанымдар дискурстың барлық түрінің де негізінде жатады.
- Қазақ тіліндегі КПД-ны талдауда мәтіннің тілдік сипаты тілдің түсіну үрдісінің тетігі, сезімді білдіретін және туғызатын күші және жаңа ойдың түзілуіне қозғау салушы сипатымен қоса алынады.
- КПД -ның когнитивтік аспектісі дискурс негізіндегі когнитивтік құрылымдардың тілдік құрылымдармен сәйкестігін анықтаумен байланысты.
- Дискурстың көп пропозициялы болуы оның құрамдас бөлігіндегі мәтіннің бір грамматикалық абзацында бірнеше семантикалық абзацтың тұруынан, дискурстық уақыт пен мәтінішілік уақыттың сай түсе бермейтіндігінен көрінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz