Кәсіпорынның айналым қаражаттары мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т. РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

"ҚАРЖЫ" КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: Кәсіпорынның айналым қаражаттары мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару

"Қаржы және несие" факультетінің "Қаржы менеджменті" мамандығының IV курс студенті Лайықова А. Т.

Ғылыми жетекшісі: э. ғ. к., доцент Әмірқанов Р. Ә.

Рецензент: "Еуро-Азия Эйр"

ААҚ-ның алматылық

филиалының басшысы

Жауханов К. К.

Жұмыс Мемлекеттік аттестациялық коммисия алдына

кафедра шешімімен"" 2002 ж, №протоколымен

қорғауға жіберілді

"Қаржы" кафедрасының

меңгерушісі профессор Ильясов К. К.

Алматы 2003 ж.

Жоспар

Кіріспе

I бөлім. Айналым капиталының экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері

1. 1 Кәсіпорынның айналым активтерінің мәні мен жіктелуі

1. 2 Айналым активтерінің қалыптасу көздері

II бөлім. Кәсіпорынның таза айналым капиталын басқару саясатын бағалау және талдау

2. 1 "Еуро-Азия Эйр" ААҚ-ның алматылық филиалына жалпы сипаттама

2. 2 "Еуро-Азия Эйр" ААҚ-ның алматылық филиалының жалпы қаржылық жағдайын талдау

2. 3 Кәсіпорынның ағымдағы активтері мен пассивтерін басқару саясатының негізгі типтерінің сипаттамасы

  1. "Еуро-Азия Эйр" ААҚ-ның алматылық филиалының айналым капиталының жылдардығы өзгеру динамикасын талдау және ақшалай активтерін басқару

III бөлім. Кәсіпорынның айналым активтерінің негізгі элементтерін тиімді басқаруды жетілдіру механизмі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

Кіріспе

Нарықтық экономика, оның модельдерінің әртүрлілігіне қарамастан, мемлекеттік реттеуді міндетті түрде қажет ететін, әлеуметтік-бағытталған шаруашылық ретінде сипатталады. Нарықтық қатынастар құрылымында үлкен ролді қаржы атқарады. Қазақстан Республикасында жүргізілетін экономиканы жандандырудың стратегиялық курсы шаруашылық субъектілерінің қызметтерінің нәтижелілігі, қаржы жағдайының тұрақтылығы үшін жауапкершіліктерін жоғарлатуды болжамдайды.

Алғашқы жаңақұру жылдарында байқалған қаржы бақылауы мен ұйымдастырылуының ролін дұрыс бағаламау кәсіпорындардың қаржылық жағдайына теріс әсер етті. Реформа жылдарында шаруашылық субъектілерінің айналым қаражаттарының жетіспеушілігі екі топ факторлардың әсерінен пайда болды.

Бірінші топтың пайда болуына макродеңгейдегі шешім қабылдау мен туатын жағдайлар шарт болды. Олардың қатарына мыналарды қосуға болады: өнімнің өзіндік құнының өсуі мен айналым қаражаттарының жетіспеушлігіне әкелген еңбек ақы қорына салынатын салық салу; шикізат, материалдар, құрал-жабдықтарды сатып алуға кететін айналым қаражаттарына деген кәсіпорындардың қажеттілігін өсірген қосымша құнына салығы енгізілді; кәсіпорындардың айналым қаражаттарына қосымша салымдарды қажет еткен айналымға салынан тағы бірқатар салықтар енгізілді; нақты өндірушілерді қолдауға бағытталмаған банктік жүйенің дамымауы кәсіпорындарға уақытында айналым қаражаттарының орнын толтыруға мүмкіндік берген жоқ; инфляцияның жоғары деңгейі; табысқа салынатын салық, қосымша құн салығы, т. б. салықтар бойынша аванстық төлемдердің бюджетке жіберілуі.

Факторлардың екінші тобы кәсіпорындардың қызметімен байланысты: айналым қаражаттарының ұйымдастырылуына, ең алдымен олардың нормалануына, жеткіліксіз көңіл бөлушілігі; айналым қаражаттырының мақсатсыз қолданылуы; өндіріс процесінен айналым қаражатарының шығарылуы; жабдықтаушылардың, мердігерледің және товар мен қызметтерді тұтынушылардың дұрыс таңдалмауы; дебиторлық және кредиторлық қарыздарды басқарудың төмен деңгейде болуы; банкроттық жүйесінің аз тиімділігі, кәсіпорындардағы қаржы бақылаушыларының төмен дайындығы.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімдік (2002-2004 жж) бағдарламасының мақсаты ұзақ мерзімді динамикалық өсу потенциалы бар, жергілікті халықтың әл-ауқатының бірқалыпты көтеруін, өндіріс аппаратының тиімді жаңартылуын, елдің қамтамасыздығын және бәсеке қабілеттілігінің нығаюын қамтамасыз ететін қазақстандық экономиканың моделін жасау.

Қазақстан экономикасы мен әр шаруашылық субъектісінің алдына бұл бағдарламамен қойылатын басты міндетінің бірі - қаржылық жандандыру болып табылады. Бұл міндеттің орындалуы нарық шаруашылығы субъектілерінің негізгі және айналым қаражаттарының қолданылуының тиімділігін жоғарлатуынсыз мүмкін емес. Қаржы-несие механизмі кәсіпорындардың айналым қаржаттарының жеткіліктілігі жағадайында ғана тиіміді қызмет етуі мүмкін.

Әрбір кәсіпорынның табысты жұмыс істеуі бірқатар шарттарға байланысты, оның ішінде ең маңыздыларының бірі айналым қаражаттарынң қажетті көлемінің бар болуы. Бәсеке ортасы жағдайында өндіріс тиімділігі кәсіпорынның нарықтық инфрақұрылымдағы алдыңғы қатарларында болуына негізгі шарт болып табылады. Сондықтан, айналым қаражаттарының тиімді ұйымдастырылуы мен оларды қолданудың тиімділігін жоғарлату мәселелері кәсіпорындар алдында өткір түрде тұрады, себебі бұлардың шешілуі өндірістік процесің үздіксіздігін қамтамасыз ететін және өндіріс рентабельділігінің негізгі шарты болып табылады.

Қазіргі кезде ғылыми қызметкерлер айналым қаражаттарына, оларды жоспарлау және қолдану тиімділігі мәселелеріне жеткілісіз көңіл бөледі. Айналым қаражаттарының теориясы бойынша батыс экономистері еңбектерінің аудармалары санының өсуіне байланысты белгілі терминологиялық айырмашылықтар туындады. Бұрын жасалған зерттеулерді, жарыққа шығарылаған монографияларды және оқулықтарды талдай келе, көпшілік кездерде авторлардың айналым капиталы, айналым қаражаттары және айналым активтері түсініктерінің бір мағынада көрсететінін байқауға болады. Айналым қаражаттарын бақылау мәселелері ашылғанда, оларды ұйымдастырудың принциптері көрсетілмейді. Нормалауды жетілдіру сұрақтары терең түрде қарастырылмайды. Бұның бәрі тәжірибелік қызметте кері әсерлерге әкеліп соқтырады.

Жеңіл, тамақ, машина жасау салалары кәсіпорындарының ерекшеліктері олардың активтеріндегі айналым қаражаттарының көлеміне байланысты. Сондықтан бұл салалар кәсіпорындарының айналым қаражаттарын ұйымдастыру мен тиімді қолдану мәселелері қор сыйымдылықты салаларға қарағанда жоғары. Бұл салалар кәсіпорындарда айналым қаражаттарын жоспарлау мен қолдану мәселелеріне көңіл бөлінбейді. Айналым қаражаттарының нормалануы барлық кәсіпорындарда бірдей жүргізілмейді, ал нормативтердің есептелуі мен түзетілуі жүргізілсе де, тұрақты түрде емес және тек өндірістік қорлар бойынша ғана. Ескірген әдістерді қолдану есептеулердің нақтылығын барлық кезде қамтамасыз етпейді. Бұның бәрі кәсіпорынның қаржы қызметкерлерінің көңілін айналым қаражаттарын нормалау мәселесіне, нормалауды жетілдірудің нақты бағыттарына аудартуға тура келеді.

Қазіргі экономикалық әдебиеттерде айналым қаражаттарының қалыптасу көздерінің ұйымдастырылуы көп қаралғанымен, тәжірибе жүзінде қолдау таппайды. Қаражат көзінің бағасы түсінігін қазір барлығы да қолданады. Дегенмен, бір ғана қаржыландыру көзі қолданылмай, бұл көздің бағасын түсіндіру қындыққа соғады. Көп кезде, қаражатты қалыпты мөлшернеме бойынша тартып, кәсіпорындар тәуекел деңгейін бағаламайды, бұл кері әсерге әкеліп соқтырады. Сондықтан, баға мен тәуекел бірқалыпты қатынаста болатын айналым қаражаттарын қаржыландырудың көзін таңдауға мүмкіндік беретін моделді қолданудың мәселесі актуалды болып табылады.

Дебиторлық қарызды басқаруда кәсіпорындардың оны төмендетудегі маңызды талпыныстар жасауын байқауға болады. Сонымен бірге, дебиторлық қарыз бойынша шекті мәндерін есептеудегі әдістеменің жоқтығы қаражаттардың шектен тыс шығарылуы байқалады.

Кәіспорындардың айналым қаражаттарын қолдаун тиімділігін талдау көптеген шаруашылық субъектілері жүргізеді. Бірақ, көптеген жағдайда, есептеулер салыстырылмайтын көрсеткіштерді қолданумен, өзіндік құнды есептеудің ерекшелігі мен инфляцияны ескермеуінсіз жүргізіледі. Бұның бәрі айналым қаражаттарын қолдану тиімділігі көрсеткіштерінің бұрмалануына әкеледі.

Өнідірістегі ресурстардың айналымдылығы бойынша, әсіресе, айналым қаражаттарының мәні, оларды ұйымдастыруды, оларды қолдану тиімділігін жоғарлатуды терең талдау бойынша теориялық зерттеулерді жалпылау қажеттігі бұл жұмыстың тақырыбын анықтады.

I бөлім. Айналым капиталының экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері

1. 1 Кәсіпорынның айналым активтерінің мәні мен жіктелуі

Айналым қаражаттары кәсіпорын мүлкінің бірден бір құрылымдық бөлігі болып табылады. Оларды қолданудың жағдайы мен тиімділігі - кәсіпорынның табысты қызмет істеуінің басты шарты. Нарық қатынастырының дамуы оларды ұйымдастырудың жаңа алғышарттарын анықтайды. Жоғары деңгейдегі инфляция, төлемқабілетсіздік және тағы басқа дағдарыстық көріністер кәсіпорындарды айналым қаражаттарын басқару саясатын өзгертуге, оларды толықтырудың жаңа көздерін іздестіруге, оларды тиімді қолдану мәселесіне жаңа көзқараспен қарауға мәжбүр етеді.

Өндірісті тоқтатпаудың бірден бір шарты - оның материалдық негізін, яғни өндіріс құралдарын үнемі жаңартып отыру. Өз кезегінде, бұл өндіріс құралдарының айналым ретіндегі үздіксіз қозғалуына жағдай жасайды.

Өзінің айналысында айналым қорлары кезектесе ақша, өндіріс және тауар түріндегі формасына өзгереді, бұл олардың өндіріс қорлары және айнналыс қорларына бөлінуге сәйкес келеді.

Өндіріс қорларының материалдық негіздері өндіріс құралдары болып табылады, ал бұлар еңбек заттары мен еңбек құралдарына бөлінеді. Дайын өнім ақша құралдары және есептегі құралдармен бірге айналыс қорларын түзеді.

Кәсіпорын қорларының айналысы шикізат, материалдар, жанар-жағар май, отын және т. б. өндіріс құралдарын аванстық құнмен ақшалай нысанда сатып алудан басталады - бұл айналысның бірінші сатысы. Нәтижесінде ақша құралдары өндірістік құралдар нысанына өзгеріп, айналыс аясынан өндіріс аясына ауысуды сипаттайды. Мұнда құн шығындалмай, тек қана авансталады, себебі айналыс біткеннен кейін ол қайтарылады. Бірінші сатыда тауар ауысу аяқталады, бірақ айналыс аяқталмайды.

Айналыстың екінші сатысы өндіріс процесінде жүргізіледі, мұнда жұмыс күші жаңадан құрылған және әкелінген құны бар жаңа өнім жасап, өндіріс құралдарының өндірістік тұтынуын жүзеге асырады. Аванстық құн қайтадан өзінің нысанын ауыстырады - өндірістік нысаннан ол тауарлыға ауысады.

Айналыстың үшінші сатысы шығарылған дайын өнімді сатып, ақша құралдарын алудан тұрады. Бұл сатыда айнлым қаражаттары қайтадан өнддіріс аясынан айналыс аясына ауысады. Тоқтатылған тауарлы айналыс жалғастырылып, құн тауарлы нысаннан ақшалай нысанға көшеді. Өнімді шығаруға, сатуға кеткен және шығарылған өнімді сатудан түскен ақша қаражаттары сомасы арасындағы айырма кәсіпорынның ақшалай қорларын түзеді.

Бір айналысты бітіргеннен кейін айналым қаражаттары жаңа айналысқа түсіп, үздіксіз айналысты құрайды. Тек осы айналым қражаттарының үздіксіз қозғалысы өндіріс және айналыс процесінің негізін құрайды. Кәсіпорын қорлары айналысының талдауы аванстық құнның кезектесе әртүрлі нысанға ауысып отыруын ғана емес, бірақ әруақытта белгілі мөлшерде бұл нысандарда болып отыруын көрсетеді. Басқа сөзбен айтқанда, аванстық құн айналыстың әрбір мезетінде әр түрлі жақтарымен біруақытта ақшалай да, өнідірістік те, тауарлы нысанда да болып отырады.

Кәсіпорын қорларының айналысы тек белгілі бір аванстық құнның ақшалай нысанда болу шартымен ғана жүзеге асырылады. Айналысқа түскенде, ол енді оны жоғалтпайды, тек қана өзінің қызметтік нысандарын ғана өзгертіп отырады. Көрсетілген ақшалай нысандағы құн кәсіпорынның айналым қаражаты болып табылады.

Айналым қаражаттары ең алдымен құндық категория ретінде болады. Олар материалдық негіз болып табылады, себебі олардан дайын өнім алуға болмайды. Ақшалай нысанында айналым қаражаттары айналыс процесінде өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім нысанына ауысады. Тауарлы-материалдық құндылықтарға қарағанда айналым құралдары шығындалмайды, шығырылмайды, тұтынылмайды, тек қана айналыс аяқталғаннан кейін қайтарылып, келесі айналысқа түскенде авансталады.

Авансталу мезеті айналым қаражаттарының ең маңызды және ерекшелікті мінездемесі болып табылады, себебі ол экономикалық шектеулерді орнатқанда маңызды рөл атқарады. Айналым қаражаттарының уақытша сипаттамасы болып қорлардың тоқсандық немесе жылдық көлемі емесе, ал бір айналысы ғана табылуы қажет.

3-саты 1-саты

2-саты

1. 1. 1 сызба. Айналым қаражаттарының айналысы

Кәсіпорындардың тиімді жұмыс жасауы үшін өндірістік бағдарламаға сәйкес шикізат, материалдар, жанармай, тез тозатын құралдар болуы қажет. Нарық қажеттігін толығымен қамтамасыз етуде әрбір кәсіпорын дайын өнімдер қорын да қалыптастыруға міндетті. Әр түрлі шарттарға сәйкес дайын өнімді жеткізуде және есеп айырысуда кәсіпорын елеулі қаржыны дебиторлық қарыздарға жатқызады. Өз кезегінде мерімді түрде өз қарыздарын тез арада өтеу үшін кәсіпорын кассасында, есеп айырысу шотында немесе басқа шоттарда ақша қаражаттарын ұстау қажет. Еркін, яғни бос ақша қаражаттары құнсыздап кетпеуі үшін және қосымша пайда алу үшін қаржының бір бөлігін құнды қағаздарға орналыстыруға мүдделі. Бұның барлығы капиталдың бір бөлігін айналым активтеріне салымды жасау керектігін қажет етеді.

Кәсіпорынның айналым активтерін мақсатты түрде басқару үшін олардың жіктелуі қажет. Қаржы менеджменті тұрғысынан айналым активтерінің жіктелуі келесі белгілер бойынша жүргізіледі: айналым активтерінің қаржылық қалыптасу көздерінің мінездемесі; айналым активтерінің түрлері; айналым активтерінің операциялық процеске қатысу мінездемесі; айналым активтерінің қызмет ету кезеңі бойынша1.

Қаржылық қалыптасу көздерінің мінездемесі бойынша айналым активтері келесідей жіктеледі:

Кәсіпорынның жалпы айналым активтері- меншік және қарыз капиталы негізінде құрылған айналым активтерінің бөлігі. Кәсіпорынның қорытынды балансында олар активтің II (екінші) және III (үшінші) бөлімдерінің сомасы ретінде көрсетіледі;

Кәсіпорынның таза айналым активтері (таза жұмыс капиталы) - меншік және ұзақ мерзімді қарыз капитал негізінде құрылады.

Таза актив сомасы келесі формула бойынша есептеледі:

ТАА = АА - ҚҚМ,

мұндағы ТАА - кәсіпорынның таза активтерінің сомасы;

АА - кәсіпорынның жалпы айналым активтерінің сомасы;

ҚҚМ - кәсіпорынның ғымдағы қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелері.

Меншік айналым активтері - кәсіпорынның меншік капиталының негізінде құрылған айналым активтерінің бөлігі. Кәсіпорын меншік айналым активтерінің сомасын келесі формула бойынша есептейді:

МАА = АА - ҰҚК - ҚҚМ,

мұндағы МАА - кәсіпорынның меншік айналым активтерінің сомасы;

АА - кәсіпорынның жалпы айналым активтерінің сомасы;

ҰҚК - кәсіпорынның айналым активтеріне инвстицияланған ұзақ мерзімді қарыз капиталы;

ҚҚМ - кәсіпорынның қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері.

Егер кәсіпорын айналым қорларын қаржыландыру үшін ұзақ мерзімді қарыз капиталын қолданса, онда өзіндік және таза айналым активтерінің сомалары сәйкес болады.

Айналым активтерінің түрлері белгісі бойынша айналым активтері былай жіктеледі:

Шикізат, материалдар және жартылай фабрикаттар қорлары. Айналым активтерінің бұл түрі кәсіпорынның өндірістік қызметін қамтамасыз ететін материалды ағымдарын мінездейді;

Дайын өнім қорлары. Бұл айналым активтері сатуға арналған қор формасындағы дайын өнімді көрсетеді. Қаржы менеджменті тәжірибесінде айналым активтерінің бұл түріне аяқталмаған өндіріс көлемін де жатқызады;

Дебиторлық қарыз. Ол тауар, жұмыс, қызмет, берілген аванс есебі бойынша жеке және заңды тұлғалардың кәсіпорынға деген қаржылық міндеттемелерін көрсетеді;

Ақша қаражаттары. Қаржы менеджменті тәжірибесінде оларға ұлттық және шетел валютасындағы ақша қаражаттарының қалдығы ғана емес, қысқа мерзімді қаржылық салымдар сомасы да жатады;

Айналым активтерінің басқа да түрлері. Оларға жоғарыда көрсетілген түрлерге енбейтін, жалпы сомасында көрсетілетін айналым активтері жатады. Мысалы: болашақ кезең шығындары.

Операциялық процеске қатысу мінездемесі бойынша айналым активтерінің жіктелуі былай болады:

Кәсіпорынның өндірістік циклін қамтамасыз ететін айналым активтері;

кәсіпорынның қаржылық циклін қамтамасыз ететін айналым активтері болып жіктеледі.

Кәсіпорынның өндірістік циклін қамтамасыз ететін айналым активтеріне шикізат, материалдар және жартылай фабрикаттар қорлары, аяқталмаған өндіріс көлемі және дайын өнім қорлары жатады.

Кәсіпорынның қаржылық (ақшалай) циклін қамтамасыз ететін айналым активтеріне дебиторлық қарыздар жатқызылды.

Айналым активтері қызмет ету кезеңі бойынша келесідей жіктеледі:

Айналым активтерінің тұрақты бөлігі;

Айналым активтерінің айнымалы бөлігі.

Айналым активтерінің тұрақты бөлігі - бұл активтердің көлемі кәсіпорынның қызметінің маусымдық және басқадай ауытқуларына байланыссыз болатын бөлігі. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның операциялық қызметін іске асыру үшін қажетті айналым активтерінің төмендемейтін минимумы.

Айналым активтерінің айнымалы бөлігі - бұл айналым активтерінің өндіріс көлемі мен өнім сатудың маусымдық өсуімен, бөлек кезеңдегі тауарлы-материалды қорларды маусымдық сату үшін кәсіпорынның шаруашылық қызметін ұйымдастыру қажеттігімен байланысты бөлігі. Ол айналым активтерінің жоғары және орташа бөлігін құрайды.

Айналым активтерінің жіктелуінің бейнелік көрінісі 1. 1. 2-сызбада көрсетілген.

Айналым активтерінің жіктелуінің белгісі: Айналым активтерінің жіктелуінің белгісі
Айналым активтерінің түрі: Айналым активтерінің түрі
Айналым активтерінің жіктелуінің белгісі: Айналым активтерінің түрлері
Айналым активтерінің түрі: Шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттар қорлары
Дайын өнім қорлары
Дебитор-лық қарыздар
Ақша қаражат-тары
Басқа да айна-лым актив-тер
Айналым активтерінің жіктелуінің белгісі: Қаржылық қалыптасу көздерінің мінездемесі
Айналым активтерінің түрі: Жалпы айналым активтері
Таза айналым активтері
Меншік айналым активтері
Айналым активтерінің жіктелуінің белгісі: Айналым активтерінң операциялық процеске қатысу мінездемесі
Айналым активтерінің түрі: Өндірістік циклді қамтамасыз ететін
Қаржы-лық циклді қамтама-сыз
Айналым активтерінің жіктелуінің белгісі: Айналым активтерінің қызмет ету кезеңіне байланысты
Айналым активтерінің түрі: Айналым активтерінің тұрақты бөлігі
Айналым активтері-нің айнымалы бөлігі
  1. сызба. Негізгі белгілері бойынша кәсіпорын айналым активтерінің жіктелуі

Айналым қаражаттары тек материалды ғана емес, ақшалай ресурстарды да құрайтындықтан, оларды ұйымдастыру мен қолдану тиімділігіне материалдық өндіріс процесі ғана емес, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы да байланысты болады.

  1. Айналым активтерінің қалыптасу көздері

Кәсіпорынның айналым қаражаттары айналыстың барлық сатысында олардың үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін, өндірістің қажеттіліктерін ақшалай және материалды ресурстрамен қамтамасыз ету үшін, есептердің уақтылығын және толықтылығын, айналым қаражаттарының қолдану тиімділігін қаматамсыз ету үшін қажет.

Айналым қаражаттарының барлық қаржыландыру көздері былай бөлінеді: меншік қаражаттары; қарыз қаражаттары; тартылған қаражаттар.

Меншік қаражаттар айналысты ұйымдастыруда басты рөл атқарады, себебі жұмыс рентабельді болу үшін және қабылданған шешім үшін жауапкершілігі болу үшін коммерциялық есептесу негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың мүліктік және оперативті тәуелсіздігі болу керек.

Айналым қаражаттары қалыптасуы кәсіпорын ұйымдасқан кезде, оның жарғылық қоры қалыптасқан кезде өтеді. Бұл кезде айналым қаражаттарының қалыптасу көзі кәсіпорын құрылтайшыларының инвестициялық қаражаттары болып табылады. Жұмыс процесінде айналым қаражаттарының толықтыру көзі алынған пайда және айналым қаражаттарына теңестірілген тұрақты пассивтер. Бұл қаражаттар кәсіпорын мүлкіне жатпайды, бірақ үнемі оның айналысына қатысады. Бұндай қаражаттар айналым қаражаттарының сомасының минималды қалдығы ретінде қалыптасу көзі болып табылады. Оларға жататындар: кәсіпорын жұмысшыларына еңбекақы бойынша айдан айға өтетін минималды қарызы, болашақ шығындарды жабуға арналған резервтер, бюджет алдында және бюджеттен тыс қорлар алдындағы минималды өтетін қарыз, тауар үшін алдын ала төлемақы ретінде алынған несиегерлердің қаражаттары, қайтарымды тара үшін кепілдер бойынша төлеушілердің қаражаттары, тұтыну қорының өтемелі қалдықтары және т. б.

Шаруашылықтың айналым қаражаттарына деген жалпы қажеттілікті қысқарту үшін және оларды тиімді қолдануды ынталандыру үшін қарыз қаражаттарын тартқан жөн. Қарыз қаражаттары айналым қаражаттарына деген уақытша қосымша қажеттілікті қанағаттандыратын банктің қысқа мерзімді несиелері.

Айналым қаражаттарын қалыптастыру үшін қажетті несиелерді тартудың негізгі бағыттары мыналар: өндірістің маусымдық процесімен байланысты шикізат, материалдардың маусымдық қорларын және шығындарын несиелеу; меншік айналым қаражаттарының жетіспеушілігін уақытша толықтыру; есептеулерді жүргізу.

Экономиканы әкімшілік-әміршілдік басқару жүйесі жағдайында қарыз қаражаттары айналым қаражаттарын қаржыландыру көздері ішінде үлкен үлесте болды. Осылайша, 1965 жылы айналым қаражаттарын құру көдері құрылымында несие үлесіне 42, 6%, 1975 жылы - 47, 3, 1977 жылы - 47, 1, 1988 жылы - 47, 6% тиді. 1988 жылдан айналым қаражаттарын құру көздеріндегі несие үлесі төмендей бастады. Осылайша, 1989 жылы ол 40, 5%, 1990 жылы - 24, 2% болды. Келесі жылдары несие үлесі қайтадан жоғарылай бастады да, 1993 жылы ол 40, 3%-ке жетті2.

Бұл көрсеткіш динамикасы сипатының алғышарты - объективті экономикалық процестер. 80-жылдардың басындағы несие үлесінің азаюын коммерциялық несиенің дамымаған жүйесіндегі кәсіпорындардың орталықтандырылған несиелеуінің қысқаруымен түсіндіруге болады.

Коммерциялық банктер жүйесінің тұрақтануымен, коммерциялық несие көлемінің өсуімен бірге кәсіпорындар айналым қаражаттарының қалыптасу көздерінің құрылымдағы несие ресурстарының үлесі де жоғарлады.

Сонымен, экономиканы басқарудың нарықтық жүйесіне көшкенде несиенің айналым қаражаттарының көзі ретіндегі ролі азайған жоқ. Кәсіпорындардың айналым қаражаттарына деген шектен тыс мұқтаждығын жабу қажеттілігімен бірге банктік несиенің мәнін шарттайтын жаңа факторлар пайда болды. Бұл факторлар ең алдымен отандық экономиканың өтпелі даму сатысымен байланысты. Олардың бірі инфляция болды. Кәсіпорынның айналым қаражаттарына инфляцияның деген әсері көп жақты болды: ол тура және жанама әсер етті. Тура әсер айналым қаражаттарының айналыс ішіндегі құнсыздануымен сипатталады, яғни айналыстан кейін кәсіпорын шығарылған өнім үшін алған пайданың құрылымында айналым қаражаттарының авансталған сомасын қайтарып алмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша қаражаттарын басқару саясаты
Қазіргі экономикалық жағдайда кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау
Фирманың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқару
Шаруашылық субъектілердің қаржылық жағдайын талдаудың мәні және маңызы
Кәсіпорынның таза айналым капиталын басқару және ЖШС «Ұланның» айналым активтерін бағалау және талдау
Фирмалардың айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін басқаруын талдау
Компания активтерінің құрамы мен құрылымын оңтайландыру
Кәсіпорынның айналым активтерін басқару және оларды оңтайландыру
Қаржылық талдаудың мәні және мақсаты
Айналым капиталының элементтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz