Туристік бизнес туралы


МАЗМҰНЫ
ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ
ДАМУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КРИТЕРИЯСЫ РЕТІНДЕ
Туризм инфрақұрылымының дамуы және кластерлік басқару,
Қазақстанның шетелдерге насихатталуы
Кіріспе
Туризм - демалыспен, бос уақытпен, спортпен, сондай - ақ мәдениетпен және табиғатпен тілдесумен тікелей байланысты, жәке және ұжымдық толық жетілудің жолы ретінде жоспарлануы және тәжірибеге енгізілуі тиіс қызмет.
Туризм әлемдік экономикада басты рольдің бірін атқарады. Бүкіл әлемдік туристік ұйымның деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлгін халықаралық инвестициясының 11%- дан астамын, әлемдік өндірістің әр бір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді. 1993 жылы Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік туристік ұйымға мүше болып кірді.
Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді.
Б. э. дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан туризмінің тарихи алғы шарттары болып табылады.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп қаланды. Туризмнің тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық саласына және қоғамның әл - ауқатына күшті ықпалын назарға ала отырып Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімді даму бағдарламасында туризмді басым сала деп анықтады.
Қазақстанда туризмнің дамуы үшін нормативтік - құқықтық база құрылды. 2001 жылдың маусымында «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» жаңа Заң қабылданды. Ол Қазақстан Республикасы экономикасының бір саласы ретінде туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негізін айқындады. Заңға сәкес Қазақстандағы туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері болып: туристік қызметке жәрдем беру және оның дамуына қолайлы жағдайлар жасау, туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау, сонымен қатар Қазақстан туризм үшін қолайлы ел туралы түсінікті қалыптастыру саналады. [] 15
1993 жылы Қазақстандағы туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы, 1997 жылы «Жібек жолының тарихи орталықтарын жандандыру, түрік тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастыра дамыту, 1997-2003 жж. Туризм инфрақұрылымын құру туралы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. 1997 жылы 2030 жылға дейінгі туризмді дамыту стратегиясы жасалды[20] .
Cодан кейін 2003-2005 жылдарға арналған туризмді дамыту жөніндегі республикалық бағдарламаның жобасы жасалған. Бұл бағдарламаның басты мақсаты - республикада қазіргі заманға сай жоғары нәтижелі және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, экономиканың қосалқа салаларын өркендету. Сонымен қатар ол Қазақстанның туристік бейнесін қалаптастыруға және нығайтуға бағытталған.
Қазіргі кезде 2007 - 2011 жылдарға арналған бағдарлама қызу орындалу үстінде. Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының Президентімен 2006 жылы 29 желтоқсанында №231 жарлығымен бекітілген болатын. Бағдарламаның мақсаты - сырттан келушілер туризмі және ішкі туризм көлемін арттыру есебінен мемлекет пен халық кірісінің тұрақты өсуін, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілеттi туристік индустрия құру.
Қазақстанның мәдени - тарихи және демалыс зоналарын жетілдіру мен сақтауға, саланың ғылыми - әдістемелік қамтамасыз етілуіне, кадрларды дайындауға және қайта дайындауға үлкен мән бөлінетін болады.
Туризмнің қазірігі индустриясы табысы жоғары және серпімді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. Туризімнен табыс, мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейінгі тұрақты үшінші орында кееледі. Әлемдік туристік нарықтың дәстүрлі аудандары өзінің реакциялық сиымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстан әлемдік туристік нарықта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Қазіргі туризм енбекшілердің жыл сайынғы ақылы енбек демалысына шығуы мен байланысты, мұның өзі адамдардың дем алуға және бос уақытын өткізуге деген негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар мен халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторларына айналады.
Қазіргі туризм - бұл әлемдік экономиканың құлдырауы болмайтын саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна мұнай, немесе 2 тонна жоғары сұрыпты бидайды әлемдік нарыққа шығару керек екен. Бұл ретте, шикі зат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істеуді. Шетелдік эконмистердің есебі бойынша, 100 000 турист қалада орташа есепппен екі сағат болған кезде кемінде 35 доллар немесе адам басына 1 сағатта 17, 5 доллар жұмсайды. Сөйтіп шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризімді дамыту- ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.
Туризм тек қана экономикалық емес, сонымен бірген әлеуметтік- мәдени маңызға ие. Себебі ол елдер арасындағы мемлекетаралық байланыстардың және мәдени айырбастаудың дамуына ықпалын тигізеді, аймақаралық байланыс көлемін арттырады, халықтың танымдық деңгейін көрсетеді.
Қазақстанда туризмнің хаостық дамуы, мемлекеттің, қоғамдық-құқықтық және жеке құрылымдардың арасында өз ара байланыстың жоқтығы, экономикалық механизімнің жетілмегендігі тән. Туризм сферасындағы макротенденциялар туризмнің тек бір сегментінің - шығу туризмнің артықшылықты екенін анықтады. Сонымен бірге, Қазақстанда келу туризмін дамытудың да алғы шарттары іс жүзінде бар, себебі Республикада табиғи және рекреационды ресурстар, мәдени, тарихи сәулер және архиологиялық ескерткіштер мол[34] .
Қазақстандағы қазіргі заманғы туризм дамуының деңгейі қолда бар туристік әлеуметті толығымен пайдалануға мүмкіндік бермей отыр. Туристік сфера дамуының төмен деңгейі туризм сферасын экономикалық реформалау жөніндегі ғылыми өңдеулердің тіптен болмауына байланысты. Қазақстанда туризм сферасында тәжірибелік ұсынуларды жасау үшін кешенді және жүйелік талдау өткізетін ғылыми-зерттеу құрылымы жоқ. Сондықтан қазіргі заманғы сатыдағы туризм дамуының экономикалық механизмін зерттеудің өзекті мәні бар.
Отандық туристік нарықтағы қазіргі жағдай маркетингтің қағидаттары мен тәсілдерін қолдануды, жаңа тұтынушылардың негізгі белгілерін зерттеуді, сондай-ақ туристік қызметтерді тұтынушылардың мативациялары мен мінез-құлықтың ерекшеліктерін зерттеуді қажет етеді. Туризмді зерттеуге, сонымен бірген М. Б. Биржаков, В. И. Азар, Ф. Котлер сияқты ғалымдар өз үлестерін қосты.
Жұмыстың өзектілігі: Туризмнің қоғамдық дамуы үшін теориялық негіздердерді зерттеу, туристтік бизнестің дамуына талдау жасау.
Зерттеу обьектісі - туристтік фирма және оның нарықтағы орны.
Зертеу пәні - туристік бизнестің дамуына әсер ететін факторларды анықтау.
Дипломдық жұмыстың мақсаты туризмнің отандық және шетелдік тәжірибесіне талдау жасау арқылы, отындық туристтік шаруашылықты дамыту үшін ұсыныстар жасау. Зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін дипломдық жұмыста келесідей негізгі тапсырмалар қойылған:
- туризмнің қалыптасуымен дамуының теориялық негіздерін зерттеу;
- туристік бизнестің отандық шетелдік тәжірибесіне салыстырмалы экономикалық талдау
- Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың экономикалық стратегиясын анықтау.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен логикасы зерттеудің мақсаттары және тапсырмалары негізінде анықталған. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ ДАМЫУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КРИТЕРИЯСЫ РЕТІНДЕ
- Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері
Дипломдық жұмыста келесі түсініктер пайдаланлады:
- туризм - жеке тұлғалардың уақытша болатын елде (жерде) жиырма төрт сағаттан бiр жылға дейiн не жиырма төрт сағаттан аз уақытқа созылатын, бiрақ түнейтiн, ақылы қызметпен байланысты емес мақсаттағы саяхаты;
- турист - уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бiр жылға дейiнгi кезеңге келетiн және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде) сауықтыру, танымдық, кәсiби-iскерлiк, спорттық, дiни және өзге де мақсаттарда кемiнде бiр рет түнейтiн жеке тұлға;
- Анализ ( грекше - analisis) тура аударғанда зерттеп жатқан объектіні бөлшектеп қарау. Анализге қарама-қайшы ұғым, ол «синтез» (грекше - synthesis) - зерттеп жатқан объектіні жинақтап қарастыру.
- ішкі туризм - қарастырылып жатқан ел шегінде тұрақты тұрып жатқан келушінің ішкі туристік сапар немесе шығу туристік сапар шеңберіндегі қызметі;
- келу туризмі - қарастырылып жатқан елде тұрмайиын келушінің келу туристік сапары кезінде осы ел шегіндегі қызметі;
- шығу туризмі - қарастырылып жатқан ел шегінде тұрақты тұрып жатқан келушінің шығу туристік сапар немесе ішкі туристік сапар шеңберіндегі қызметі;
- Ел ішіндегі туризм: келуші - резидент пен келуші - резидент еместің соы ел экономикасының аумағы шегіндегі қызметі.
- Ұлттық туризм: келуші - резидент пен келуші - резидент еместің осы ел экономикасының аумағы шегіндегі және шегінен тыс қызметі.
- Халықаралық туризм, келу туризмінен және шығу туризмінен тұрады.
- Резидент - [латынша resident - орнында қалушы] - белгілі бір мемлекеттің аумағында тұрақты мекендейтін жеке тұлға, сондай - ақ онда өзінің қызметін тұрақты түрде жүзеге асыратын заңды тұлға. Қазақстанда салық салу мақсатымен мынандай түрлерге бөлінеді: 1) басталған немесе аяқталған салық жылындағы кез - келген тізбекті 12 - айлық кезеңде 183 күн бойында және одан да көп уақыт бойында республикада жүрген немесе шетелде республиканың мемлекеттік қызметін атқарып жүрген жеке тұлға. Жеке тұлғаның республикада болуы аяқталатын жылдан кейінгі жылы ғана бұл тұлға резидент болса, республикада болған соңғы күннен кейінгі кезең үшін ол резидент ретінде қаралады. 2) Қазақстан заңдары бойынша құрылған заңды тұлға немесе оның Қазақстандағы басқару органдары орналасқан мекен.
- Резидент емес - заңды ұйым немесе жеке адам, оның тұрақты орны басқа елде болды; резиденттер емес үшін салық салу және реттеу тәртібі резиденттер үшін қолданылатын тәртіптен өзгеше болады, ол көбінсе мемлетаралық келісіммен айқындалады.
1993 жылдан бастап, қызмет көрсетілген резидент пен резидент еместердің жалпы санына, жолдама мен турдың құнын төлеген туристердің саны жатады.
- туристiк сала - негiзгi қызмет саласы туристiк қызмет көрсету, туристiк өнiм жасау, оларды iшкi және халықаралық нарықтарда ұсыну мен өткiзу болып табылатын экономика саласы;
- туристiк қызмет көрсету - туристiң саяхаты кезеңiнде және осы саяхатқа байланысты оның қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн ұсынылатын қажеттi қызмет көрсетулер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердiң (гид-аудармашылардың) қызмет көрсетулерi және сапар мақсатына байланысты көрсетiлетiн басқа да қызметтер) ;
- Туристік операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың туристік өнімді қалыптастыру, ұсыну, және өткізу жөніндегі қызметі.
- Туристік агенттік қызмет (турагенттік қызмет) - қызметтің осы түріне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың туристік өнімді ұсыну және өткізу (халыққа сату) жөніндегі қызметі.
- Тур - туристерді орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтер кешені, экскурсиялық қызметтер, сонымен қатар гид - аудармашылардың көрсететін қызметтері мен саяхат мақсатына қарай көрсетілетін басқа қызметтер.
- туристік өнім - туристің саяхаттау барысында қажеттілігін қанағаттандыруына жеткілікті туристік қызметтердің жиынтығы;
- туристiк ресурстар - туристiк көрсету объектiлерiн қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтiк-мәдени, сауықтыру объектiлерi, сондай-ақ туристердiң рухани қажеттiлiктерiн қанағаттандыра алатын, олардың дене күшiн қалпына келтiрiп, дамытуға жәрдемдесетiн өзге де объектiлер;
- туристік индустрия - туристерді орналастыру құралдарының, көліктің, қоғамдық тамақтану объектілерінің, көңіл-көтеруобъектілері мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, іскерлік, спорттық және басқа да мақсаттағы нысандардың жиынтығы; туристік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ экскурсиялық қызметтер мен гидтер (гидтер-аудармашылар) қызметтерін ұсынатын ұйымдар;
- туристік шығындар - тұтыну тауарлары мен қызметтерін, сондай-ақ жеке қолдануға немесе туристік сапарға дайындалу кезінде немесе сапар барысында басқа тұлғаларға беруге арналған басқа да құндылықтарды сатып алуға жұмсалатын сома. Оларға келушілердің өздері төлейтін шығындар, сондай-ақ басқа тұлғалармен төленетін немесе өтейтін шығындар кіреді;
- туристік қызмет - жеке немесе заңды тұлғалардың туристік қызметтерді ұсыну бойынша кәсіпкерлік қызметі;
- Рекреация - адамның демалу арқылы дене күші мен рухани күшін қайта қалпына келтіріп, жетілдіруі. Рекреациялық ресурстарға оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолданылатын қоршаған ортаның мына компаненттері жатады: климат, бедер, өсімдік, үстіңгі, және жер асты суы, соның ішінде минералдысы, жағажай, лайлы және шымтезекті батпақ, тұз және т. с. с.
- Аумақтың емдік - сауықтыру әлуетін айқындайтын табиғи - климаттық факторлардан басқа, рекреаациялық ресурстарға туристік әлуетті айқындау көзқарасы жағынан зор маңызы бар тарихи - мәдени обьектілер: ертедегі храмдар, ұмытылмас орындар, сәулет жауһарлары, мұражайлар мен с. с жатады.
- Қоғамдық қызмет түрінің мақсаты заң тарапынан тиым салынбайтын қызметтен табыс алу болып табылады.
Қоғамдық қызмет түрі болып:
- Қазақстан Республикасында шетел туристеріне қызмет көрсетуді ұйымдастыру, коммерциялық негізде шетел туристеріне сапарларды сату, туризмнің жаңа бағыттарын құру және енгізу, ТМД елдері мен 3 - ші әлем елдерінің азаматтарына шетел сапарларын ұйымдастыру және сату;
- Гидтер - тілмаш (аудармашы) қызметін ұйымдастыру мен ұсыну, кездесу өткізуді қамтамасыз ету, экскурсиялық қызмет көрсету, театрлы - көріністерді және басқа да шараларды, сонымен қатар, транспорттың кез - келген түріде транзитті туристер мен қоса, туристерге транспорттық және басқа да қызметтермен қамтамасыз ету;
- Брондау, транспорт және қонақ үйлер және басқа да қызмет түрлерін келісім шарт негізінде жүзеге асыру, қызметке келісілген және туристермен төленген Қазақстан Республикасының территориясында ұсынуларын қамтамасыз ету;
- Виза мен төлқұжаттарын рәсімдеу;
- Мемлекет ішінде және оның сыртында делдалдық қызмет көрсету;
- Шетел және шекарадан тыс туризмнің экономикалық тиімділігінің аз шығын шығару арқылы сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату бойынша іс - шараларды жүзеге асыру;
- Ғылыми - техникалық, лизингтік, жарнамалық, патентті - лицензиялық, ақпараттық және өкілдік қызмет көрсету;
- Қоғамдық тамақтандыру сферасында қызмет ету (мейрамхана, кафе, асханаларды қолдану) ;
- Ойын - сауық индустриясы (казино, парктер, аттракциондар, концерттік қызмет, кафе, және асханалар) ;
Сонымен қатар, қоғам Қазақстан Республикасының заңдылығы бойынша тиым салыбайтын кез -келген басқа да қызметтерді жүзеге асыруға құқылы. [35]
Лицензиялауды қажет ететін қызметтің барлық түрлері, сәйкес келетін лицензияны алғаннан кейін қоғам арқылы жүзеге асырылады.
Ұзақ даму тарихи бола тұрып, туризм әлі күнге дейін толық, бір мәнді анықтама алған жоқ және оны тек жеке мамандар ғана емес, туристік ұйымдар да әр түрлі анықтап жүр. Күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде ол жеткілікті зерттелмеген және оған сандық баға беру қиын.
Туризмнің іс жүзінде бар анықтамаларын екі топқа біріктіруге болады. Оның бірі жұмысшылық деп аталады және оның мінездемесі тар арналы, оған туризмнің жеке экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және тағы басқа аспектілерін немесе туризмнің ерекшеліктерін қамтиды да, нақты мәселелерді (мысалы, статистикалық мақсаттағы туризм анықтамасы) шешу құралы ретінде қолданылады. Екінші топ, мәндік анықтамалар пәнді түгелдей қамтиды, туризмнің қасиеттері мен қатынастарының көптүрлігін бір бірлікте көрсететін ішкі мазмұнын ашады, және оны ұқсас, көбінесе өзара байланысты, бірақ басқаша табиғаттағы құбылыстардан ажыратуға мүмкіндік береді.
Туризмнің статистикалық анықтамасы. Статистикада туризмді тұрғындардың мекен-жайын немесе жұмыс орның орнын ауыстыруына байланысты емес көшіп-қону формасының бірі деп түсіндіріледі. Оған анықтама берілудің қажеттілігі ХХғ. І жартысында туындады және ол туристік ағындардың барлық жерде өсуімен, туризмнің экономикалық маңызының артуымен және саяхаттаушы тұлғалардың статистикалық есебін алуға тырысушылықпен түсіндіріледі.
Турист терминіне алғашқы анықтамалардың бірін Ұлттар Лигасының статистика мәселелері жөніндегі камитет сарапшылары берген (1937ж) . Ол халықаралық қолдануға ие болды және қазіргі күнге кейбір түзетулері болмаса негізінен сол күйінде жетті. Соңғы жылдары туризмге анықтама беру мәселелері Ресми туристік ұйымдардың халықаралық одағының бас қосуларында (Дублин, 1950жылы, Лондон, 1957жылы), Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық туризм және саяхат туралы конференциясыда (Рим, 1967 жылы), Бүкіләлемдік Туристік Ұйым конгресінде (Манила, 1986жылы), туризм жөніндегі парламентарлық конференцияда (Гаага, 1989 жылы), және тағы басқа жиындарда талқыланған.
Қазіргі уақытта халықаралық тәжірибеде саяхат пен туризм статистикасы жөнінде халықаралық конференцияда қабылданған (Оттава, 1991жылы) және Бүкіләлемдік Туристік Ұйымымен және Біріккен Ұлттар Ұйымының Статистикалық комиссиясымен бекітілген анықтама кең қолданыста. Ол бойынша:
- турист - бұл 24 сағаттан 1 жылға дейінгі мерзім кезеңінде уақытша болатын елді (жерді) аралап көретін және өзге де мақсаттарда кемінде бір рет түнеп шығатын жеке тұлға.
Ұсынылған анықтама саяхаттаушы тұлғалардың туризмдегі статистикалық зерттеудің обьектісі болып табылатын бөлігін анық көрсетуге мүмкіндік береді. Оттава конференциясының қорытынды құжаттарында және Бүкіләлемдік Туристік Ұйым техникалық құралдарына турист келіп-кетуші ретінде анықталады және бұл ұғымды туризм статистикасында түйінді ұғым ретінде қолдану ұсынылады. Ол туристермен қатар жалпылама ортақ белгілері бар экскурсанттарға тиісті. Олардың арасындағы айырмашылықтар құбылыстың мәніне қатысты емес, сондықтан экскурсиялық сапарлар көбінесе туризмнің жеке оқиғасы ретінде қарастырылады және туристік статистикалық анықтамаларда көрсетіледі.
Туристтер мен экскурсанттарды келіп-кетушілер категориясына біріктіруге және сол уақытта басқа саяхаттаушы тұлғалардан ажырату мүмкіндік беретін үш басты белгіні бөліп көрсетуге болады: күнделікті орта шегінен асып басқа жерге ауысу, келген жерінде болу ұзақтығы және сапар мақсаты.
Күнделікті орта шегінен асып сапарлау бұл саяхаттаушыларды жіктеудің бірінші белгісі.
Күнделікті орта термині айналымға Оттава конференциясында келіп-кетушілер қатарынан күнделікті үйден жұмысқа (оқуға) барып, қайта келетін адамдарды бөліп қарау үшін енгізілген. Олар күнделікті ортадан аспайды және турист болып саналмайды.
Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның туризм статистикасы жөніндегі ұсынымдамаларында күнделікті орта параметрлері екі көрсеткішпен сипатталады. Ол нысанға келіп-кету жиілігі және оның қашықтығы. Тұлға тұрақты баратын жерлер оның тұрғылықты жерінен әжептәуір қашықтықта болса да, оның күнделікті ортасының элементтері болып табылады. Осыны негізге ала отырып айтатын болсақ, мысалы, шекаралық аудандардын тұрғындары шекаралас мемлекеттердің территориясында қызмет істеп және ол елдерге үнемі барып тұратындықтарына қарамастан халықаралық туристер санына жатқызылмайды.
Сонымен қатар, күнделікті ортаға адамдардың бұл нысандарды психологиялық түрде күнделікті орта элементі ретінде қабылдауынан шығады. Мысалы, көрші орналасқан театрға баруды ешкім де туристік шара деп санамайды және ол туризм статистикасында да көрініс таба алмайды.
Келген жерде болу ұзақтығы - бұл келіп-кетушілердің статистикалық жиынтығын бөліп көрсетудің екінші белгісі. Ол күнделікті орта тұжырымдамасының дамуына енгізіледі және туристер мен экскурсанттарды резиднттерден ажырата білуге мүмкіндік береді. Болу ұзақтығы 12 аймен шектеледі, одан кейін келіп-кетуші тұрақты тұрғын санатына ауысады да, туризм статистикасында есепке алынбайды. Бұрынғы тұрғылықты орнына қысқа келу (мысалы, туыстарына қонаққа келу) жағдайында бұл тұлға сол территотияның келіп - кетушісі ретінде тіркеледі. Атап айтсақ, Оңтүстік Еуропаның басты қабылдаушы туристік елдері - Италия мен Испанияда келу туристік ағымының үлкен бөлігін отанына келуші эмигранттар құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz