Жер салығы жайлы


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 3

1. Жер салығының теориялық негізі.

1. 1 Жер салығының экономикалық мэні жэне оның классификациысы. 5

1. 2 Салық салу объектілері жэне есептеу тэртібі. 20

2. Қазақстан Республикасының жер салығын салу механизмінің қызметіне талдау.

2. 1 Алматы облысы бойынша жер салығы түсімдеріне талдау, соның ішінде жер санаттары бойынша. 34

2. 2 Жергілікті салық органдарының бюджетке түсетін жер салығының түсімдеріне бақылау жасау ерекшеліктері. 54

3. Жер қатынастары саласындағы өзекті мэселелер және жер туралы нормативтік құқықтың реформалаудың қажеттілігі.

3. 1 Қазақстан Республикасының жер қатынастарының дамуы және оның қызметін арттырудың тэсілдері. 65

3. 2 Жер туралы заңның орындауындағы негізгі мэселелер жэне оны жетілдіру жолдары. 74

Қорытынды 83

Қолданылған эдебиеттер 86

1. Жер салығының теориялық негізі.

1. 1 Жер салығының экономикалық мэні және оның

классификациясы.

Республикадағы жер қатынастары саласындағы өзгерістер Қазақстан Республикасының жер реформасы жөнінде заңдарын, Жер Кодексінде бейнеледі.

Қазақстанның Жер Кодексінде жер республиканың айрықша меншігі леп танылды. Жерді иелену жэне пайдалану үшін ақы төленуі керек. Бүл ақы жер салығы ретінде қарастырылады.

Жер салығының мақсаты - экономикалық эдістермен жерді ұтымды пайдалануды қамтамасз ету жэне жерді сақтау, қүнарлығын арттыру, территориялардың әлеуметтік - мэдени дамуы үшін қажетті шараларды іске асыру арқылы бюджетке түсетін табыстарды қүрау.

Жер салығы меншікті салықтарға жатады. Салықтың түпкі мақсаты меншікті тиімді пайдалануға ынталандару. Салықтардың мөлшері меншіктің көлеміне қарай белгіленеді: меншіктің көлемінің ірі болуы табыстың жоғары болуына кепілдік бермейді, егер салық жоқ болса, ірі меншік иелері көп артықшылықтарға ие болып, мүлікті дүрыс пайдалануға үмтылыс еді. Меншік салықтары қоғам алдындағы салық жауапкершілігін бірдей көтеруге бағытталған нақты салықтарға жатады.

1992 жылдан енгізілген жер салығы, жерді рационалды қолдануға, жердің қү_нарлығын көтеру үшін түрлі қажетті шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Жер салығын төлеушілер болып, Қазақстан республикасының азаматтары, ұйымдар, серіктестіктер, мекемелер, сонымен бірге кэсіпорныдар, халықаралық серіктестіктер жэне үйымдар, шетел заңды түлғалары жэне азаматтары, жер учаскесін пайдаланатын резидент еместер. Сонымен бірге, ҚР «Салық жэне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексінің 324 - бабына сэйкес жер салығын төлеушілер болып мынадай:3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де шаруашылығ емес мақсаттағы жерлерге;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне, сауықтыру, реакциялык және тарихи-мэдени мақсаттағы жерлерге;

5) орман қорының жерлеріне;

6) су корының жерлеріне;

7) запастағы жерлерге жатқызылуына қарай қарастырылады.

Жердің белгілі бір немесе өзге санатка жататындығы ҚР - ның жер туралы заң актілерімен белгіленеді. Елді мекендер жерлері салықсалу максаты үшін мынадай екі топқа бөлінген:

1) тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді коспағанда елді мекендер жерлері;

2) тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы кұрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.

Негізінде жер салығының мөлшері жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын куэландыратын құжаттар жэне жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган эр жылдың 1 каңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық жэне сапалык есебінің дерекетері негізінде есептеледі. [1. ]

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын салык. Ауыл шаруашылығының қажеттері үшін берілген немесе осы мақсаттарга арналған жер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер деп танылады. Ауыл мақсатындағы жер құрамына ауыл шаруашылығы алқаптары мен ауыл шаруашылығының жұмыс істеуіне кажетті ішкі шаруашылық жолдары, коммуникацилар, тұйық су айдындары, мелиорациялық жүйе, қора-жайлар мен ғимараттар орналасқан жерлер, сондай-ақ басқа да алқаптар (cop, қүм, такыр жэне ауыл шаруашылығы алқаптарынының алабына қосылған баска да алқаптар) жатқызылады.

Ауыл шаруашылығы алқаптарына егістіктер, тыңайған жерлер, көгі жылдық екпелер егілген жер, шабындықтар мен жайлымдар жатады. Егістік - жүйелі түрде өңделетін жэне көп жылдык шөптердің егістігін коса алғанда, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігіне пайдаланылатын жер учаскелері, сондай-ақ сүрі жер. Алдын ала егілетін дақылдардың егістігі орналасқан (үш жылдан аспайтын уақыт аралығында), түбегейлі жаксарту мақсатында жыртылған шабындықтар мен жайылымдардың жер учаскелері. сондай-ак бақтардың егіске пайдаланылатын қатар аралығы егістікке жатпайды. [1. ]

Тыңайған жер - бұрын егістік қүрамында болған жэне күзден бастап бір жылдан аса ауыл шаруашылығы дакылдарын егіге пайдаланылмайтын және пар айдауға эзірленбеген жер учаскесі.

Көп жылдық екпелер - жеміс-жидек, техникалык жэне дәрі-дәрмек өнімдерінің түсімін алуға, сондай-ақ аумақты сәндеп безендіруге арналып колдан отырғызылған көп жылдық ағаш, бұта екпелеріне пайдаланылатын жер учаскелері.

Табиғи шабындықтар мен жайылымдар - шөп шабуға және жануарларды жаюға жүйелі түрде пайдаланылатын жер учаскелері.

Түбегейлі жақсартылған шабындықтар мен жайылымдар - шөп егу аркылы жаңадан отайға шабындық және жайылым учаскелері.

Суландырылған жайылымдар - тиісті мал басын сапасы ойдағыдай сумен камтамасыз ете алатын су көздері (көлдер, өзендер, тоғандар, апандар, суару жэне суландыру каналдары, қүбырлы немесе шегенді қүдыктар) бар жайылымдар.

Ауыл шаруашылығы алқаптары суармалы және суарылмайтын болуы мүмкін. Суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарына ауыл шаруашылығында пайдалануға жэне суаруға жарамды, су ресурстары жүйесінің казіргі пайдалы жүмыс коэффициентінде суару нормаларының жобалау немесе қолданыстағы нормативтері бойынша осы жерді сумен камтудың қолайлы мерзімі ішінде қамсыздандырудың кемінде 75 пайзынан кем емес су ағынымен қамтамасыз ететін суару көзімен байланысты түрақты және уакытша суару жүйесі бар жерлер жатады. [1. ] Жайылма суару жері кар суын және көктемгі тасқын суды, сондай-ак топырақты ылғандандыру үшін суару және суландыру каналдарынан берілетін суды осы учаскелер аумағында ұстап қалуды жэне қайта бөлуді қамтамасыз ететін су бөгейтін белдеулері, суды реттейтін бөгеттері мен баска да гидротехникалық құрылыстары бар учаскелер болып табылады.

Ауыл шаруашылығы мақсатындагы жерлер:

1) жеке меншікке - Қазақстан Республикасының азаматтарына өзіндік қосалкы шаруашылығын, бағбандыкты, саяжай құрылысын дамыту үшін,

2) ' жеке меншікке немесе жер пайдалануға - Қазақстан Республикасынын жеке және заңды түлғаларына шаруа (фермер) қожалығын жүргізуге, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісі, орман өсіру, ғылыми зерттеу, тэжірибе жүргізу жэне оқыту мақсатында, қосалкы ауыл шаруашылығын, бақша жэне мал шаруашылығын жүргізу үшін, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға 10 жылға дейінгі мерзімге жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалануға беріледі. [2. ]

Азаматтар мен заңды түлғаларға жер пайдалануға немесе меншікке берілетін ауыл шаруашылығы алқаптарының сапасын мемлекеттік бағалау мақсатында республикалық бюджет қаражаты есебінен топыракты зерттеу, топырақ-мелиорациялық, геоботаникалық зерттеулер мен топырақты бағалау материалдары деректерінің негізінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорты жасалады. Жер учаскелері паспортының нысанын жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.

Жер учаскесінің паспортын жасау жөніндегі жұмыстарды үйымдастыру мен оны беруді жер ресурстарын басқару жөніндегі аумактық органдар жүзеге асырады.

Инженерлік түрғыда эзірленген суармалы жерді пайдалану. Инженерлік түрғыда эзірленген суармалы жерге ауыл шаруашылығы дақыоьлдарын өсіруге арнайы әзірленген суландыру, тоспа-кәріз жүйесімен және ауыл шаруашылығы дакылдарын кезектестірудің ғылыми негізделген схемасы жабдықталған, инженерлік тұрғыда жоспарланған жер жатады. Бүндай жерлерде дақылдарды кезектестіру схемасын жер ресурстарын, ауыл жэне су шаруашылықтарын басқару жөніндегі аумактық оргардардың үсынысы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітеді. Дақылдарды кезектестірудің бірыңғай схемасымен және суармалы тоспа-кәріз жүйесімен байланыстырған жер учаскелері бөлінбейтін болып танылады. Осы ереже инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жердің құрамынан Жер Кодексі күшіне енгенге дейін таратылып берілген жер учаскелеріне де қолданылады.

Арнайы жер қоры. Жерді ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің арасында қайта бөлу мақсатымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жермен босалқы жер есебінен арнайы жер қоры құралады. Санитарлық нормалар мен талаптарға сай келетін ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге мүмкіндік бермейтін жер учаскелері арнайы жер қорына енгізілмейді.

Арнай жер қоры:

1) жер учаскесінен ерікті түрде бас тартқан кезде,

2) Жер Кодексінің 92, 93 және 95 баптарына сэйкес жер учаскелерін мэжбүрлеп алып қойған кезде,

3) Егер заң бойынша да, өсиет бойынша да мұрагерлері жоқ, не бірде бір мүрагер мұраны қабылдамаған, не өсиет қалдырушы барлык. мұрагерлерді мұрадан айырған, не мүрагер мемлекет пайдасына мүрадан бас тартқан немесе мұрадан кімнің пайдасына бас тартатынын атамай, мұрадан бас тартқан жағдайда, осы қорға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден түсетін жер учаскелері есебінен құралады. [2. ]

Жоғарыда аталған жер кчаскелерін арнайы жер қорының қүрамына енгізу ауданның аткарушы органының шемімі бойынша жүргізіледі. Арнайы жер қорының күрамына мемлекеттік жер пайдаланушылардың мақсаты бойынша пайдаланылмаған немесе Қазақстан Республикасының заңдарын бүза отырып пайдаланылған жер учаскелерін енгізу аудандык атқарушы органның біржакты шешімі негізінде жүзеге асырылады. Шаруа (фермер) қожалығын жүргізуге арналган жер учаскелері. Жер учаскелері шаруа (фермер) қожалыгын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке менщік құқығымен немесе өтеулі уақытша жер пайдалану құқығымен 49 жылға дейінгі мерзімге, ал шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу үшін (маусымдық жайылым) уақытша өтеусіз жер пайдалану қүқығымен Жер Кодексіне және Қазақстан Республикасының шаруа (фермер) қожалығы туралы заңдарына сәйкес беріледі. Жер учаскесін шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін алуға басым қүқыкты жеке еңбегімен қатысу негізінде шаруашылық жүргізетін, арнаулы ауыл шаруашылығы білімі мен біліктілігі бар, ауыл шаруашылығыгда іс жүзінде жүмыс тэжірибесі бар және осы ауданда, қалада, ауылда, кентте түратын азаматтар пайдаланады.

Шаруа қожалығын үйымдастыру үшін үлес немесе пай есебіне нақтылы бөліп шығарылатын жер учаскесінің орналасқан жері шаруашылык серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің күрылтай кұжаттарында көзделген тэртіппен немесе тараптардың келісімімен айкындалады. Құрылтай күжаттарында жер учаскесін бөліп шығару тәртібі болмаған жағдайда Жер Кодексінің 4 бабында көрсетілген нормалар колданылады. [2. 23 - 28 беттер. )

Өзіндік қосалқы шаруашылыкқа, бағбандыққа және саяжай қүрылысына арналғанжер учаскелері. Қазақстан Республикасының азаматтарына өзіндік қосалкы шаруашылық жүргізу, бағбандық және саяжай қүрылысы үшін жеке меншікке жер учаскелері ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден, ауылдык елді мекендердің жерінен және босалқы жерден беріледі. өзіндік қосалкы шаруашылыққа, бағбандыққа жэне саяжай құрылысына арналған жер учаскелерінің меншік иесі болып табылатын азаматтар ортак мүдделері үшін Қазақстан Республикасының заң актілерінде қүқықтык жағдайы белгіленетін жай серіктестіктерге, бағбандық немесе өзге де түтыну кооперативтеріне бірігуге қүықлы. Бағбандыққа немесе саяжай құрылысына арналған жер учаскелері азаматтардың бөлек меншігінде болып, ал жер учаскелерінің меншік иелерінің ортақ қажеттерін қанағаттандыруға арналған жер учаскелері мен басқа да мүлік олардың ортақ үлестік меншігінде болған жағдайда меншікиелері арасындағы ортақ мүлікке байланысты қатынастарға кондоминиум туралы нормалар қолданылады.

Елді мекендер жері.

Қалаларды, кенттерді, ауылдарды, селолар мен басқа да коныстарды дамыту үшін берілген жер учаскелері елді мекендер жерінің санатына жатады. Елді мекендердің жері өзге экімшілік-аумақтық құрылымдардың жерінен қаланың шегі, кенттің шегі, ауылдық елді мекеннің шегі арқылы шектеледі.

Елді мекендер жерінің құрамына:

1) құрылыстар алып жатқан эрі көп пәтерлі жэне көп кабатты түрғын үйлер, үй іргесіндегі жер учаскелері бар жеке түрғын үйлер салуга арналған тұрғын жай салатын жер,

2) денсаулық сақтау, мэдениет, сауда, қоғамдық тамақтандыру, түрмыстық қызмет көрсету, коммерциалық қызмет объектілері, сондай-ақ жалпы білім беру, арнаулы орта жэне жоғарғы білім беру мекемелері, әкімшілік, ғылыми-зерттеу мекемелері, ғибадат үйлері мен өзге де іскерлік үйлері, қүрылыстар мен ғимараттар салынған және соларды орналастыруға арналған коғамдык іскерлік қүрылыс салатын жер,

3) өнеркәсіп, коммуналдық жэне олардың жүмыс істеуін камтамасыз ететін қойма объектілері, инженерлік жэне көлік инфрақүрылымы объектілері салынған және соларды орналастыруға арналған, сондай-ақ осы обектілердің санитарлық-корғау аймактарын белгілеуге арналған өндірістік құрылыс салатын жер,

4) темір жол, автомобиль, өзен, теңіз, әуе және күбыр тасымалы жолдары, инженерлік инфрақүрылым мен байланыс магистральдары өтетін жэне соларды салуға арналған көлік. байланыс, инженерлік коммуникациялар жері,

5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, реакциялык және тарихи-мэдени мақсаттағы жер, 6) өзендер, табиғи жэне жасанды су айдындары мен акваториялар, су қорғау аймақтары, гидротехникалық және басқа да су шаруашылығы құрылыстары орналасқан су айдындары мен акваториялар жері,

7) қорғаныс қажеттері үшін берілген және өзге де пайдалану режиміндегі жер кіруі мүмкін.

Жер учаскелерін елді мекендер жеріндегі ортақ пайдаланудағы жерлерге жатқызуды, сондай-ақ олардың нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты ортақ пайдаланудағы жердің құрамынан шығаруды өз құзыретіне сэйкес жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. [2. 23 - 28 беттер. ]

Елді мекендердің жерін пайдалану. Қалалардың, кенттердің, селолык елді мекендердің барлық жері олардың бас жоспарына, жоспарлау мен кұрылыс салу жобаларына және аумақтық жер-шаруашылық орналастыру жобаларына сэйкес пайдаланылады. Тұрғындар саны 5 мыңнан асатын елді мекендерде белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарлар болмаған жағдайда осы елді мекенді дамыту мен онда құрылыс салудың бас жоспарының оңайтылған схемасымен немесе белгіленген тэртіппен бекітілген қала құрылысы құжаттамасымен жерді пайдалануға жол беріледі. Ортақ пайдаланудағы жерден жер учаскелері азаматтар мен заңды тұлғалардың ортақ пайдалануға нұқсан келтірмей, жеңіл үлгідегі құрылыстарды орналастыруы үшін уақытша жер пайдалануға берілуі мүмкін. Бүл ретте ортақ пайдаланудағы жер күрамынан, оның ішінде базарлар, ақылы автотұрақтар орналастыруы үшін жол жиегінен учаскелер беруге жол берілмейді.

Ортак пайдаланудағы жерден жер учаскелері жеке меншікке оларды ортак пайдаланудағы жер құрамынан шығарғаннан кейін ғана берілуі мүмкін.

Қала маңындағы аймақтар. Бул жерлердің құрамына қаламен ауыл шаруашылығы өндірісін қарқынды дамыту, қала құрылысын ерекше реттеу аймактарын (қаланы дамытуға, инженерлік жэне көлік инфракүрылымының қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті ғимараттарды орналастыру мен салуғаарналған резервтегі аумақтарды), қорғау эрі санитарлық-гигиеналык кызмет аткаратын жэне халықтың демалыс орны болып табылатын ормандар, орман парктері жэне басқа да жасыл екпелер алып жатқан жасыл аймақтарды белгілей отырып, аумақты аймақтарға бөлу жүзеге асырылады. Қалалардың кала маңы аймақтарының мөлшері мен шекарасын жерге орналастыру, сэулет және кала құрылысы жөніндегі мемлекеттік органдардың бірлесіп жасаған ұсынысы бойынша осы қалалардың бас жоспарларын бекітетін мемлекеттік органдар белгілейді жэне өзгертеді.

Жерді қала маңы аймағына қосу бұл жерге меншік кұқығы мен оны пайдалану кұқығының тоқтатылуына әкеп соқпайды. Қала маңы аймағына енгізілген жерді пайдаланудың тэртібі мен режимін қала маңы аймағын белгіленген орган айқындайды. Астана қаласы мен республикалық маңызы бар калалардың кала маңы аймағына косылған жерді пайдалану тәртібі мен режимін аумағы қала маңы аймағына қосылған тиісті облыстык аткарушы органдармен келісілген, аталған қалалардың атқарушы органдарының ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер. [2, 3]

Азаматтар мен заңды тұлғаларға берілген жер өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер деп танылады. Бұндай жерлерді пайдалану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен белгіленеді.

Өнеркэсіп жері. Өнеркәсіп жеріне өнеркәсіп объектілері орналастыру мен пайдалану үшін берілген жер, соның ішінде олардың санитарлық-қорғау жэне өзге де аймақтар жатады. Аталған мақсаттарға берілетін жер учаскелерінің мөлшері белгіленген тэртіппен бекітілген нормаларға немесе жобалау-техникалық құжаттамаларға сәйкес айқындалады, ал жер учаскелерін бөліп беру оларды игеру кезектілігі ескеріле отырып жүргізіледі. Көлік жері. Автомобиль, теңіз, өзен, ішкі су, темір жол, әуе жэне өзөге де көлік түрі объектілерінің қызметін камтамасыз ету жэне оларды пайдалану үшін берілген жер көлік жері болып табылады.

Көлік жері. Автомобиль, теңіз, өзен, ішкі су, темір жол, әуе жэне өзөге де көлік түрі объектілерін дамыту, салу жэне қайта жаңарту үшін жағдай жасау мақсатында қазақстан Республикасының көлік туралы заңдарында көзделген тәртіппен жерді резервте ұстау жүзеге асырылуы мүмкін.

Темір жол көлігінің жері.

1) магистраль жолдарына және солармен технологиялық байланыстағы құрылыстар мен ғимараттарға (темір жол белдеуі, көпірлер, тоннельдер, виадуктер, сигналдык жабдықтар, қызметтік-техникалық үйлер),

2) кірме жолдарға,

3) энергетика, локоматив, вагон, жол жэне жүк шаруашылыктары. сумен жабдықтау және канализация қүрылыстары, қорғау және бекіту екпелері, қызметтік жэне темір жол көлігіне кызмет көрсетілетін арнаулы мақсаттағы өзге де объектілер бар темір жол станцияларына,

4) темір жолдарға берілген белдеулер мен күзет аймақтарына бөліп берілген жер жатады.

Автомобиль көлігінің жері. Автомобиль көлігі қажеттеріне арналған жерге:

1) автомобиль жолдарына, олардың конструкциялык элементтері мен жол ғимараттарына жэне олармен технологиялық байланыскан құрылыстар және ғимараттарға,

2) автовокзалдар мен автостанцияларды, автомобиль көлігінің баска объектілерін жэне жер беті мен жер асты үйлерін, құрылыстарын. ғимараттарын, кұрылғыларын пайдалану, күтіп-ұстау, салу, қайта жаңғырту, жөндеу, дамыту үшін қажетті жол шаруашылығы объектілерін орналастыру үшін, 3) автомобиль жолдарына бөлінетін белдеулерді белгілеу үшін бөлініп берілген жер жатады.

Автомобиль көлігінің қажеттері үшін бөліп берілетін белдеуге арналған жер учаскелері жолдың санатына байланысты және жобалау құжаттмасына сәйкес белгіленген нормалардың негізінде беріледі. [ 3. ]

Теңіз жэне ішкі су көлігінің жері. Теңіз жэне ішкі су көлігінің кажеттеріне арналған жерге теңіз және өзен порттарын, айлақтар, пристаньдар, гидротехникалық гимараттар, жер беті жэне жер асты үйлерін, қүрылыстарын, ғимараттарын, қүрылғыларын пайдалану, күтіп-үстау, салу және баска да объектілерін орналастыру үшін бөлініп берілген жер жатады.

Әуе көлігінің жері. Әуе көлігінің қажеттеріне арналған жерге әуежайлар, әуеайлактар, аэровокзалдар, үшып көтерілу-қону белдеулерін жэне жер беті мен жер асты үйлерін, құрылыстарын, ғимараттарын, қүрылғыларын пайдалану, күтіп-ұстау, салу және басқа да объектілерін орналастыру үшін бөлініп берілген жер, сондай-ақ олардың күзет аймақтары жатады.

Күзет аймақтары жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймай белгіленуі мүмкін. Құбыр тасымалы көлігінің жері. Қүбыр тасымалы көлігінің қажеттеріне арналған жерге су құбырын, газ қүбырын, мүнай қүбырын және жер беті мен жер асты үйлерін, қүрылысын, ғимараттарын, құрылғылырын пайдалану, кеңейтіп ұлғайту үшін кажетті объектілерді және құбыр жүргізу көлігінің баска да объектілерін орналастыру үшін бөлініп берілген жер жатады. Аталған жерге шекарасы белгіленген тәртіппен бекітілген құрылыс нормалары мен ережелерінің, магистральді құбырларды күзету ережелерінің жэне баска да қүжаттық номативтердің негізінде анықталатын, жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттары бар магистральды қүбырларды күзету аймактары да жатады.

Байланыс пен энергетика жері. Байланыс, радио хабарларын тарату, теледидар, акпарат қажеттеріне арналған жерге тиісті орналастыру, байланыстың кабель, радиореле жэне әуе желілері, соның ішінде жер астындағы желілер үшін бөлініп берілген жер, Энергетика жерлері:

1) су электр станцияларын, атом станцияларын, жылу станциялары мен олардың құрылыстары мен объектілеріне қызмет көрсететін басқа да электр станцияларын орналастыру,

2) электр таратудың әуе желілерін, электр таратудың кабель желілерінің жер бетіндегі кұрылыстарын, шағын станцияларды. тарату пунктерін, энергетиканың баска да құрылыстары мен объектілерін орналастыру үшін бөлініп берілген жер учаскелерін атауға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық төлеушілердің дербес
Қосылған құн салығының экономикалық мазмұны
Жеке тұлғаларға салынатың салық. Кәсіпкерлерден алынатың салық. Салықтың түрлері және жіктелуі
Аудандық салық төлеушілер бөлімі
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің төлемдер түрлері
Қазақстан Республикасының салық және салық жүйесінің сипаттамасы
Салық инспекциясында заңды тұлғада салық төлемдерін қабылдау ақпараттық жүйесі
Мүлікке салынатын салық
Мемлекеттік бюджеттiң атқарымдылығы және оны жүзеге асыру
Аймақтық бюджет табысын қалыптастырудағы меншікке салынатын салықтын ролі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz