Т.Рысқұлов атындағы Экономикалық Университет



І.Кіріспе:
ІІ.Негізгі бөлім:
2.1.Бухгалтерия мен шаруашылық субъектісі есебін ұйымдастыру құрылымы
3.Қаражаттар есебі және есептесу
3.1.Кассадағы қаржылық есептің жүргізілуі
3.2.Бухгалтерлік есеп шотында ақшаның кірісі мен шығысының көрсетілуі
3.3.Жұмысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
4.Негізгі құрал.жабдықтар мен материалдық емес активтер есебі
5.Тауарлы.материалдық қорларды есептеу және жеткізушілермен есептесу есебі
6.Еңбек пен оның төлемінің есебіі
7.Өндіріс шығындарының есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
8.Дайын өнімнің есебі,оны жөнелту мен сату
9.Қаржылық нәтиже мен меншікті капитал есебі
10.Қаржылық есеп
11.Есеп саясаты.Салықтық есеп саясаты
12.Материалдық емес активтер аудиті
13.Негізгі құрал. жабдықтар аудиті
14.Тауарлы. материалдық запастар аудиті
15.Дебиторлык берешек аудиті
16.Есеп беретін адамдармен есептесу аудиті
17.Кассалық операциялар аудиті
18.Есеп айырысу,валюталық шоттағы қаражаттар аудиті
19.Қысқа мерзімді несие аудиті
20.Бюджетпен есептесу аудиті
21.Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдау мазмұны және әдістері
22.Қаржылық есептілік және оны талдау
23.Шаруашылық субъектісінің табыстылығын талдау
24. Шаруашылық субъектісінің қызметінің іскерлік белсенділігін талдау
25. Шаруашылық субъектісінің қызметінің тиімділігін талдау
26. Шаруашылық субъектісінің потенциалды банкроттылығын талдау
ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер
Мен, Бақытқызы Мөлдір өндірістік тәжірибемді Т.Рысқұлов атындағы Экономикалық Университетінде 23 наурыздан- 5 маусым аралығында өттім. Өндірістік тәжірибені өту мақсатым колледжде алған теориялық білімімді практика жүзінде толықтыру.
1963 жылы 9 мамырда Советтік Социалистік Республикалар Одағы Үкіметінің шешімімен Алматы Халық шаруашылығы институты құрылды.
Жоғары оқу орнының тарихына атақты Қазақстандық ғалымдар да өз үлестерін қосты, олардың ішінде Әубәкіров Я.Ә, Аутов Р.Р., Алтынбаев Б.А., Ашитов З.О., Балапанов Ж.Б., Байбараков Е.Б., Баймұратов О.Б., Бердалиев К.Б., Берденова К.А., Бутин М.Е., Гамарник Г.Н., Дайырбеков Ж.О., Дүйсембаев К.Ш., Елемесова А.М., Есқараев О.К., Ильясов Қ.Қ., Ысқақов Ұ.М., Ихданов Ж.О., Кеулимжаев Қ.Қ., Оқаев Қ.О. тағы басқалары.
Алғашқы жылдары АХШИ (АИНХ) күндізгі және сырттай оқу түрінен 3 факультет болды:
1. Экономикалық- жоспарлау факультеті;
2. Қаржы- несие факультеті;
3. Экономика- есеп факультеті.
1964 жылы АХШИ-да күндізгі және сырттай оқу түрі бойынша 10 мамандық бойынша аспирантура ашылды.
1965 жылдан бастап факультет аралық және университет аралық ғылыми-теориялық және ғылыми-әдістемелік конференциялар өткізіле бастады.1972 жылы АХШИ Республикадағы 46 жоғары оқу орындарының арасында ең үздік деп танылды.
1991 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімі бойынша Алматы Халық Шаруашылық Институты –Қазақ Мемлекеттік Экономикалық Университеті болып өзгертілді.Экономист мамандарды Халықаралық талаптарға сәйкес даярлау және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында 1993 ж
№ 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығына сәйкес Қазақ Мемлекеттік Экономикалық Университеті Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясы болып өзгертілді. 1994ж. «Экономика» баспасы ашылды.
2000 жылы 23 мамырда Қазақстан Республикасының Үкіметінің № 775 бұйрығы бойынша Университетке Қоғам қайраткері,экономист Тұрар Рысқұловтын есімі берілді.2003 жылдан бастап ҚР-ның Халық Банкімен бірлесе отырып МВА бағдарламасы бойынша Магистратура ашылды.Және осы жылы Т.Рысқұлов атындағы Экономикалық Университетте Әскери даярлау кафедрасы ашылды.Қазіргі таңда Т.Рысқұлов атындағы Экономикалық Университеті еліміздегі ең үздік жоғары оқу орындарының қатарына жатады.

Мазмұны

І.Кіріспе:
ІІ.Негізгі бөлім:
2.1.Бухгалтерия мен шаруашылық субъектісі есебін ұйымдастыру құрылымы
3.Қаражаттар есебі және есептесу
3.1.Кассадағы қаржылық есептің жүргізілуі
3.2.Бухгалтерлік есеп шотында ақшаның кірісі мен шығысының көрсетілуі
3.3.Жұмысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі
4.Негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтер есебі
5.Тауарлы-материалдық қорларды есептеу және жеткізушілермен есептесу
есебі
6.Еңбек пен оның төлемінің есебіі
7.Өндіріс шығындарының есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
8.Дайын өнімнің есебі,оны жөнелту мен сату
9.Қаржылық нәтиже мен меншікті капитал есебі
10.Қаржылық есеп
11.Есеп саясаты.Салықтық есеп саясаты
12.Материалдық емес активтер аудиті
13.Негізгі құрал- жабдықтар аудиті
14.Тауарлы- материалдық запастар аудиті
15.Дебиторлык берешек аудиті
16.Есеп беретін адамдармен есептесу аудиті
17.Кассалық операциялар аудиті
18.Есеп айырысу,валюталық шоттағы қаражаттар аудиті
19.Қысқа мерзімді несие аудиті
20.Бюджетпен есептесу аудиті
21.Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдау мазмұны және әдістері
22.Қаржылық есептілік және оны талдау
23.Шаруашылық субъектісінің табыстылығын талдау
24. Шаруашылық субъектісінің қызметінің іскерлік белсенділігін талдау
25. Шаруашылық субъектісінің қызметінің тиімділігін талдау
26. Шаруашылық субъектісінің потенциалды банкроттылығын талдау
ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер

І.Кіріспе

Мен, Бақытқызы Мөлдір өндірістік тәжірибемді Т.Рысқұлов атындағы
Экономикалық Университетінде 23 наурыздан- 5 маусым аралығында өттім.
Өндірістік тәжірибені өту мақсатым колледжде алған теориялық білімімді
практика жүзінде толықтыру.
1963 жылы 9 мамырда Советтік Социалистік Республикалар Одағы
Үкіметінің шешімімен Алматы Халық шаруашылығы институты құрылды.
Жоғары оқу орнының тарихына атақты Қазақстандық ғалымдар да өз үлестерін
қосты, олардың ішінде Әубәкіров Я.Ә, Аутов Р.Р., Алтынбаев Б.А., Ашитов
З.О., Балапанов Ж.Б., Байбараков Е.Б., Баймұратов О.Б., Бердалиев К.Б.,
Берденова К.А., Бутин М.Е., Гамарник Г.Н., Дайырбеков Ж.О., Дүйсембаев
К.Ш., Елемесова А.М., Есқараев О.К., Ильясов Қ.Қ., Ысқақов Ұ.М., Ихданов
Ж.О., Кеулимжаев Қ.Қ., Оқаев Қ.О. тағы басқалары.
Алғашқы жылдары АХШИ (АИНХ) күндізгі және сырттай оқу түрінен 3
факультет болды:
1. Экономикалық- жоспарлау факультеті;
2. Қаржы- несие факультеті;
3. Экономика- есеп факультеті.
1964 жылы АХШИ-да күндізгі және сырттай оқу түрі бойынша 10 мамандық
бойынша аспирантура ашылды.
1965 жылдан бастап факультет аралық және университет аралық ғылыми-
теориялық және ғылыми-әдістемелік конференциялар өткізіле бастады.1972 жылы
АХШИ Республикадағы 46 жоғары оқу орындарының арасында ең үздік деп
танылды.
1991 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімі бойынша Алматы
Халық Шаруашылық Институты –Қазақ Мемлекеттік Экономикалық Университеті
болып өзгертілді.Экономист мамандарды Халықаралық талаптарға сәйкес даярлау
және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында 1993 ж
№ 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығына сәйкес Қазақ
Мемлекеттік Экономикалық Университеті Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясы
болып өзгертілді. 1994ж. Экономика баспасы ашылды.
2000 жылы 23 мамырда Қазақстан Республикасының Үкіметінің № 775
бұйрығы бойынша Университетке Қоғам қайраткері,экономист Тұрар Рысқұловтын
есімі берілді.2003 жылдан бастап ҚР-ның Халық Банкімен бірлесе отырып МВА
бағдарламасы бойынша Магистратура ашылды.Және осы жылы Т.Рысқұлов атындағы
Экономикалық Университетте Әскери даярлау кафедрасы ашылды.Қазіргі таңда
Т.Рысқұлов атындағы Экономикалық Университеті еліміздегі ең үздік жоғары
оқу орындарының қатарына жатады.

Университеттің миссиясы- еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына,
экономиканың маңызды бағыттарының қарқынды даму мәселелерін шешуге
бағытталған заманауи,дегдарлық жоғары білімді,бәсекеге қабілетті мамандар
буынын қалыптастыру.
Университеттің стратегиялық мақсаты:
● Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-ді тек республикалық ғана емес, сондай-ақ
әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орынға ие Орта Азия аймағындағы
халықаралық білім беру орталығы ретінде дамыту;
● Қазақстан мен шетел азаматтарына білім берудің технологиясы мен
коммуникациялық, электронды құралдар, сондай-ақ қашықтықтан оқыту арқылы
сапалы білім қызметтерін ұстану;
● Университеттің ЖОО секторындағы қолданбалы және іргелі ғылымдарға
көшбасшылық бағытын одан әрі бекіту және ұстану;
● Инновациялық әдістемелерді жүзеге асыру мен өткізу үшін қолайлы жағдай
жасау.
Университеттің міндеті:
● Университеттің әлемдік білім беру кеңістігіне түбегейлі енуін қамтамасыз
ететін және жоғары ғылым мен білімнің отандық қарымымен, алдыңғы қатарлы
халықаралық тәжірибемен тығыз үйлескен жаңа инновациялық үлгісін жүзеге
асыру;
● қазіргі таңдағы білім берудің технологияларын дамыту,Т.Рысқұлов атындағы
ҚазЭУ-де еліміздегі жоғары білім беру жүйесінің жетекші ғылыми және оқу-
әдістемелік орталығы мәртебесін бекіту мақсатында оқытудың шетелдік
технологияларына бейімделу және шеттен алу;
● бітіруші түлектердің сұранысқа ие болуын және бәсекеге
қабілеттілігін,дипломдардың халықаралық деңгейде танылуын қамтамасыз ету,
оқытушы-профессорлар құрамының мәртебесін қоғамдық және экономикалық
тұрғыдан көтеру;
● қазіргі таңдағы ЖОО менеджменті технологиясының трансферті және оны
дамыту;
● іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу,олардың нәтижелерінің әлемдік
және республикалық деңгейде көрінуін, экономика мен қоғамда жүзеге
асырылуын, ғылымның білім беру үдерісі мен іс жүзіндегі байланысын
қамтамасыз ету;
● Университет қызметінің тиімділігін қамтамасыз ететін білім беру, ғылыми
және инновациялық инфрақұрылымдарды дамыту;
● жоғары білім беруді,ЖОО-дан кейінгі даярлық саласында профессорлар
құрамымен тәжірибе алмасуды, ОПҚ біліктілігін көтеруді, инновациялық
әдістемелер мен ғылыми зерттеулер жүргізуді дамыту.

2.1.Бухгалтерия мен шаруашылық субъектісі есебін ұйымдастыру
құрылымы

Шаруашылық жүргізуші субъектісі өзінің нақты жағдайына, көлеміне
және қызмет түріне қарап бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асырады:
бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру нысандарын дербес белгілейді; есептік
саясатын қалыптастырады; қаржылық пен өндірістік есептері бойынша қызмет
ету аясын белгілейді: шаруашылық операцияларына бақылау тәртібін әзірлейді,
сондай-ақ бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін басқа да қажет шешімдерді
жасайды.
Субъектіде бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға, шаруашылық операцияларын
орныдаған кезде оның заңдылығын сақтауға кәсіпорынның басшысы жауапты болып
келеді.
Субъектінің құрылымдық бөлімшелерінде бухгалтерлік есепті жүзеге асыруға
кәсіпорынның бас бухгалтері басшылық етеді. Егер де кәсіпорынның дербес
бухгалтерлік қызметі болмаса, онда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру
арнайы мамандандырылған фирмалардың немесе келісім- шарттың негізінде жұмыс
істейтін мамандардың көмегімен жүзеге асырылады.
Бас бухгалтерді қызметтен босатқан кезде ол жаңадан тағайындалған бас
бухгалтерге субъектінің басшысы бекіткен тәртіпке сай істерді өткізіп
береді, өткізу барысында бухгалтерлік есептің жағдайына және есеп
мәліметтерінің дұрыстығына тиісті актілер жасалады.
Субъект активтердің, меншік капиталының, міндеттемелердің және олармен
жасалатын шаруашылық операцияларының қосарлана немесе екі жақты жазылатын
жазу тәсілімен бухгалтерлік есеп шоттарының Бас жоспарымен сәйкестендіріліп
бухгалтерлік есебін жүргізеді.
Бухгалтерлік қызметтің басты мақсаты субъектіні жедел басқару үшін
қажет ақпараттармен, субъектінің қаржылық нәтижесі мен шаруашылық
процестері туралы дұрыс және толық ақпараттармен қамтамасыз ету, сондай-ақ
инвесторларға, жабдықтаушыларға, сатып алушыларға, кредиторларға,
мемлекеттік органдарға, банктерге және басқа да мүдделі тұлғаларға
бухгалтерлік есептің стандарттарына сәйкес қаржылық есеп беруді жасау болып
табылады.
Бухгалтерлік есепті жүргізген кезде субъекті мына жағдайларды
қамтамасыз етіуі керек:
- есеп беру кезеңінің ішінде міндеттемелер мен активтерді бағалау мен
кейбір шаруашылық операцияларын көрсету кезінде қабылданған есеп
саясатының өзгермейтіндігі, 1 БЕС белгілеген ережесімен сәйкес
келетіндігі;
- қаржылық міндеттемелерімен мүліктерді түгендеу нәтижесін және есептік
кезеңде жүзеге асқан барлық шаруашылық операцияларының есепте толығымен
көрініс табуы;
- тиісті есептік кезеңіне шығыс пен табыстың дұрыс жатқызылуы;
- әрбір айдың басына синтетикалық есеп шоттары бойынша қалдығы,
аналитикалық есептің айналымымен сәйкестігі сақталуы керек.
Жасалған шаруашылық операцияларын тіркейтін алғашқы құжаттардың мәліметтері
бухгалтерлік есептің регистрлеріне жазу үшін негіз болып табылады.
Бухгалтерлік құжаттарда жасалған шаруашылық операциялары мәліметтердің
айғақтылығын немесе жасалған операцияға жазбаша түрінде берілген жарлығы
екендігін көрсетеді және осы соңғыларды бухгалтерлік есептің шоттарында
көрсету үшін ол негіз болып табылады. Кез келген шаруашылық операцияларын
тиісті есеп шоттарында көрініс таппауы, олардың тиісті құжаттармен
рәсімделуімен байланысты болып келеді.
Операцияларды құжаттармен рәсімдеу процесі бухгалтерлік есептің
алғашқы сатысы болып саналады, сондықтан аталған процесті құжаттау деп те
атайды.
Құжаттардың арналымы мен мазмұнын дәл және толық түсіну үшін, оларды
біршама белгілері бойынша жіктейді: арналымы бойынша, жасау тәсілі бойынша,
мазмұны бойынша, жасау орны, сандық позициясы, толтыру тәсілі бойынша.
Құжаттар арналымы бойынша мына топтарға бөлінеді:
- тәртіп орнататын (басқара білетін) – жарлықтың мазмұны, шаруашылық
операциясын жасауға берілген бұйрық болып танылады, бірақ ол жасалған
операцияның фактісін растамайды, сондықтан операцияның ол кезеңі
бухгалтерлік есепті көрініс таппайды.
Көптеген жарлық ретіндегі құжаттар, операция жасалғаннан кейін барып,
ақтаушы құжаттарға айналады;
- ақтаушы (атқарушы) – жасалған шаруашылық операцияларының фактісін
растайды, яғни жасалған операция ретінде рәсімделеді. Құжаттардың бұндай
типі шаруашылық операциялары ретінде бухгалтерлік есепте көрсетуге негіз
болып табылады;
- бухгалтерлік рәсімдеу – тәртіп орнататын және ақтаушы құжаттардың
негізінде жасалатын құжаттар, бірақ олардың дербестік мағынасы болмайды;
- қиыстырылған (құрастырылған) – жоғарыда келтірілген құжаттардың бірнеше
түріне тән қызметті, бір мезгілде атқаратын құжаттауларды құрастырылған
құжаттау деп атайды; оларды пайдалануын жеңілдетеді, ықшамдайды және
есептік құжаттауда аса көрнекті етіп көрсетеді.
Құжаттар жасау бойынша мына топтарға бөлінеді:
- бір жолғы – жасалған бір немесе бірнеше шаруашылық операцияларын
рәсімдеу кезінде пайдаланады;
- жинақтаушы – біртектес шаруашылық операциялары жасап біткеннен кейін,
оларды рәсімдеу үшін пайдаланады. Олардың бір жолғыдан айырмашылығы
құжаттарды рәсімдеу уақытын және олардың санын қысқартады. Олар есепте
тек ең соңғы операциясы жасалғаннан кейін барып көрініс табады және
барлық жазулар осы жерде қосылып жинақталады.
Бухгалтерлік есепте алғашқы құжаттардың қозғалысы кәсіпорын басшысы
бекіткен графигімен белгіленеді.
Барлық бухгалтерлік құжаттар жазылған сәттен бастап, архивке тапсырылған
сәтке дейін белгілі бір есептік өңдеу кезеңдерінен өтеді. Құжаттардың
бұндай қозғалысы құжат айналымы деп аталады. Кез келген құжаттардың барлығы
өзіне тән сатыдан өтуі тиіс: жасау, бухгалтерияға қабылдау,есеп
регистрлеріне мәліметтерді жазу, ағымдағы архивке беру.
Құжат айналымының басты мақсаты құжаттардың қозғалысын дұрыс
ұйымдастыру болып табылады, демек ол бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың
бірде- бір қағидасы болып табылады.

3. Қаражаттар есебі және есептесу

3.1.Кассадағы қаржылық есептің жүргізілуі

Қатаң бәсекелестік жағдайында өндірістік жаңалықтарды енгізу және
шаруашылық поцесін ары қарай дамыту үшін кәсіпорындардың ақша қаражаттары
болуға тиіс. Соның ішінде:
Шот 1010 Кассадағы теңгемен ақша қаражаты
Шот 1020 Кассадағы валютамен ақша қаражаты
Бұл шоттар актив қатарына жатады. Ақша қаражатын есептейді. Дебетте
айдың басында кассада қалған ақшалар, сол айдың ішінде кассаға қабылданған
ақшалар және айдың аяғында кассада қалған ақшалар есептеліп жазылады.
Кредитте кассадан жұмысшылар мен қызметкерлерге және шаруашылық операциясы
бойынша және жол сапар жұмыстарына нақты берілген ақша сомалары жазылады.
Кассаға қабылданған ақшалардың құрамы:
1. Кассир банктен жалақы, жол сапар, ауырған күндердің , кезектегі
демалыс күн және шаруашылыққа арналған ақшаны кассаға қабылдайды.
2. Мекемеден сатып алған материалдық заттардың құнын, пәтердің ақысын,
кассаға төленгенде ақша кассаға қабылданады.
Кассадан берілетін ақша қаражатының құрамы:
1) Жұмысшылар мен қызметкерлерге жалақы ақшасы, ауырған күндердің ақшасы,
кезектегі демалыс жалақысы, мемлекеттік міндетті атқарған уақыттың
қаржысы, қолма-қол берілген сомасы жазылады.
2) Жол сапарға шығатын қызметкер мен жұмысшыға жол сапар ақшасы кассадан
беріледі.
3) Мекеменің шаруашылық жұмысына арналған ақша кассадан беріледі.
Дебеттегі және кредиттегі сомалар журнал ордер 1 мен ведомостта
жазылады.
Кассада мамандығы бухгалтер қызметкер жұмыс істеу керек. Жаңадан кассаға
қабылданған қызметкерді бас бухгалтер касса ережелерімен таныстырып,
материалды жауап беретіндігі жөнінде түсіндіріп, арнаулы кітапқа қолын
қойдырады. Касса бөлімесінің терезесінде темірден істелген решётка орнатылу
керек. Есігі темірден болу керек.Ақша мен бағалы заттар жанбайтын темірден
істелген сейфте сақталу керек. Сейф еденге немесе қабырғаға бекітілу керек.
Касса бөлімесінің қабырғаларында, шаңырағында, терезесінде, есігінде дыбыс
беретін қондырғы орнатылу керек. Кассир касса кілтін ешкімге бермеу керек,
еш жерге тастамау керек. Касса бөлмесіне бөтен адамдар кірмеу керек.
Кассаны бас бухгалтер мен оның орынбасары кіріп тексере алады. Жұмыс күннің
аяғында кассир касса есігін жауып, құлыппен құлтап, пломбысын белгілеп,
сигнализацияға қосып, қарауылға кілтін өткізеді.
Кассир банкке өтініш құжатын жазып, ақшаға арналған чек кітапшасын
алады. Чек кітапшасының әрбір беті банктен ақша алған кезде қолданылады.
Кассир банктен ақша алатын күні ақша чегін толтырады. Чекте мекеменің аты,
мекен-жайы, кассирдің аты-жөні, паспортының номері, барлық ақша сомасы
жазуымен де, санмен де жазылады. Себебі көрсетіледі. Барлық ақша сомасына
анықтама беріледі. Жалақы ақшасы, ауырған күндердің ақшасы, кезектегі
демалыс күндердің ақшасы, жол сапар ақшасы анықтамада жеке дара
көрсетіледі. Чектің төменгі жағында мекеме бастығының қолы және кассирдің
қолы қойылады, мекеме мөрі басылады. Чекте жазылған анықтамалар түгелдей
чек каришогына түсіріледі. Кассир ақша чегін банкке өткізеді. Ал чек
каришогы мекемеде қалады. Банк қызметкері тексеріп қабылдап алып, чекте
жазылған ақшаны мекеме кассиріне береді.
Ақшаны кассада сақтаудың тәртібі. Құрылымдық бөлімшелерде барлық қолма-
қол ақша сейфтерде және жанбайтын металл шкафтарда сақталады. Құрылымдық
бөлімшенің басшысы және бухгалтерлік қызметтің басшысы заңнамамен
белгіленген тәртіппен ақшаның сақталуын қамтамасыз етуге қажетті жағдайлар
жасау үшін жауапты болады. Ақшаны банктен жеткізу және оларды банкке
тапсыру үшін құрылымдық бөлімшенің басшысы көлік құралын беруге міндетті.
Кассаның жайы оқшалануы және техникалық нығайтылуы және күзет-өрт
сигнализациясы құралдарымен жарақтандыру жөніндегі талаптарға сәйкес
жабдықталуы, кассаның есіктері операциялар өткізу уақытында ішкі жағынан
жабық тұруы тиіс. Касса жайын, сейфті және металл шкафтарын ашардың алдында
кассир құлыптардың, есіктердің, терезе торларының және мөрлердің сақталуын
тексеруге, күзет сигнализациясының жұмыс істеп тұрғандығына көз жеткізуге
міндетті. Мөр зақымдалған немесе алынып тасталған, құлыптар, есіктер немесе
торлар бұзылған жағдайда кассир ол жайында дереу құрылымдық бөлімшенің
басшысына баяндауға міндетті, ол болған жағдай туралы ішкі істер
органдарына хабарлайды және полиция қызметкерлері келгенге дейін кассаны
күзету бойынша шаралар қабылдайды. Мұның өзінде құрылымдық бөлімшенің
басшысы, бухгалтерлік қызметтің басшысы немесе оларды ауыстырушы тұлғалар,
сондай-ақ құрылымдық бөлімшенің кассирі ішкі істер органдарынан рұқсат
алғаннан кейін кассада сақталатын қолма-қол ақшаның болуын тексеруді
жүргізеді. Бұл тексеру кассалық операциялар басталғанға дейін жүргізілуі
тиіс. Тексерудің нәтижелері туралы 3 данада акт жасалады, оған тексеруге
қатысқандардың бәрі қол қояды. Бірінші данасы ішкі істер органдарына,
екіншісі –жетекшілік ететін жоғары құрылымдық бөлімшеге беріледі, үшіншісі
құрылымдық бөлімшеде қалады.
Кассаның жұмысына қатысы жоқ адамдардың кассаның жайына кіруіне тыйым
салынады. Бухгалтерлік қызметтің басшысы кассаға кіре алатын адамдардың
тізімін жасайды, оған құрылымдық бөлімшенің басшысы қолын қояды.
Сейфтің, металл шкафтарының кілттері және мөртабандар кассирде
сақталады. Кассирге кілттерді бөтен адамдарға қалдыруға және тапсыруға не
болмаса есепке алынбаған телнұсқаларын жасауға тыйым салынады. Кілттердің
телнұсқалары кассир мөр басып жапқан пакеттерде құрылымдық бөлімшенің
бастығында сақталады. Тоқсанына бір реттен жиі емес кілттер телнұсқаларының
болуына комиссиялық тексеру жүргізіледі. Кілттің жоғалтылғанын анықтаған
құрылымдық бөлімшенің басшысы жетекшілік ететін жоғары құрылымдық бөлімшеге
болған оқиғаны хабарлайды және сейфтің, металл шкафының құлпын дереу
ауыстыру жөнінде шаралар қабылдайды.
Кассада кассирдің жеке басының ақшасын, аталған құрылымдық бөлімшеге
тиісті емес қолма-қол ақшаны және басқа құндылықтарды сақтауға тыйым
салынады.
Банк мекемелерінде қолма-қол ақша алудың тәртібі. Құрылымдық
бөлімшелердің банктермен қарым-қатынастары шарттық негізде жүзеге
асырылады.
Анықталған жетіспеушілік, артықшылық, төлем жасалмайтын және жалған
жасалған ақша белгілері бойынша дауларды реттеу тәртібі шартпен
белгіленеді, оның ережелері Қазақстан Республикасының, соның ішінде ҚР
Ұлттық Банкінің нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес келуі тиіс.
Банктен қолма-қол ақшаны алу үшін құрылымдық бөлімшенің кассирі чек
(қосымша№4) толтырады, содан кейін бухгалтерлік қызметтің басшысы чектің
дұрыс толтыруын тексереді, өзі қол қояды, құрылымдық бөлімшенің бастығына
қол қоюға береді және бухгалтерия мөрінің бедерімен растайды. Барлық
деректемелерін толтырғанға дейін чекке қол қоюға және мөр бедерін басуға
қатаң тыйым салынады. Құрылымдық бөлімшенің кассирі банктің кассасына қолма-
қол ақша алғанда алынған жалпы соманы банк бақылаушысының қатысуымен
парақтап санауға және оның чекте көрсетілген сомаға сәйкес келетіндігіне
көз жеткізуге міндетті.
Банктегі қалдық сомасын білу және дәлелдеу үшін субъектінің банктен
ағымдағы есебі бойынша көшірме алынады.
Кассаны ревизиялау және кассалық тәртіптің сақталуына бақылау жасау.
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінің АҚ Есеп саясатымен
белгіленген тәртіппен және мерзімде комиссиялау арқылы кассадағы барлық
ақшаны толықтай парақтап қайта санау арқылы кассаға ревизия жүргізіледі.
Ревизияның қорытындылары бойынша акт жасалады. Ревизия кассадан ақшаның
жетіспеуін немесе артық болуын анықтағанда актіде жетіспейтін немесе артық
сома және олардың туындау жағдайлары көрсетіледі. Мұның өзінде кассада
анықталған артық ақша негізгі емес қызметтен түскен өзге кіріс ретінде
кіріске жатқызылады. Жетіспеген ақша кассирден өндіріліп алынады.
Ревизияның қорытындылары түгендеу актісімен рәсімделеді.
Ақшаны түгендеу
Кассаны түгендеу Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінің
АҚ Ректорының мүлік пен міндеттемелерге түгендеу жүргізу туралы бұйрығының
негізінде жылына бір рет жүргізіледі. Кассадағы ақшаның нақты қолда барын
санаған кезде қолма-қол ақша барлық қағаз ақшаны толықтай парақтап санап,
актіде олардың атаулары, нөмірі, сериясы мен номиналдық бағасы көрсетіліп
есепке қабылданады. Кассаның қолма-қол ақшасының қалдығына ешқандай
құжаттар немесе қолхат енгізілмейді. Кассада басқа ұйымға тиісті ақшаның
барлығы туралы кассирдің өтініші ескерілмейді. Қолма-қол ақша актіге қағаз
ақшалар мен сомасы бойынша енгізіледі. Ақшаның қолда барын түгендеу
актісінде кассадағы ақшаның қалдығы түгендеу күнінде есепке алу
деректерімен салыстырылып тексеріледі және нәтижесі белгіленеді. Ақшаның
жетіспеушілігі немесе артығы анықталған кезде қолма-қол ақшаның жетіспейтін
немесе артық сомасы және олардың туындау жағдайлары көрсетіледі. Түгендеу
кезінде анықталған ақшаның нақты қолда барының бухгалтерлік есепке алу
деректерімен айырмашылығы: артықтар – кіріспен және кіріске алуға жатады;
жетіспеушілік –шығыспен расталады. Түгендеудің нәтижелері түгендеу
аяқталған айдың есепке алуында және есеп беруінде, ал жылдық түгендеу
бойынша – құрылымдық бөлімшелердің жылдық қаржылық есеп беруінде көрсетілуі
тиіс.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу
үшін ҚР банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары ағымдағы,
жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір
операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар,
бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның
жекелеген бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) үшін де ашылады.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың мынадай негізгі формалары ұсынылады:
төлем тапсырма, чек, вексель, тапсырма-талап төлемдері.
Төлем тапсырмалары (қосымша№8) онда көрсетілген соманы бенефициардың
пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк-алушының ақшаны
аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-
материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет
пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлем жасаған кезде
төлем тапсырмаларын пайдаланады.
Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем
чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды.
Вексель – біржақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң
нысанда белгіленген төлем құжаты. Ол жай және аударма болып келеді.
Жай вексель (соло-вексель) – талап етуі бойынша немесе белгіленген
мерзімде келешекте вексельде көрсетілген ақша сомасын вексель ұстаушыға
төлейтіні туралы вексель ешқандай талқылауға жатпайтын міндеттемесінен
тұрады. Аударма вексель (тратта) – вексель берушінің үшінші тұлғаға бірінші
вексель ұстаушыға немесе оның бұйрығы бойынша келешекте белгілі бір
уақытта, не ұсынған кезде, вексельде көрсетілген ақшаны төлейтіні туралы
басқаша ешбір шарт қойылмайтындығы туралы міндеттемесі. Аударма вексель өз
табиғаты бойынша бұйрыққа ұқсас болып келеді.
Төлем талап тапсырмасы тауарларды алғанда, жұмысты орындағанда,
қызметті көрсеткенде бенефициарлардың ақшаны төлеушіге жіберген талабы
болып табылады. Бенефициар төлем талап тапсырманы банкке ұсынады және төлем
талап тапсырмалары белгіленген бланктердің нысанында тиісті реестрлеріне
тіркеледі. Төлем талап тапсырмасы реестрмен бірге бенефициар-банкісіне
ұсынылады, ал бенефициар барлық реквизиттердің толық толтырғанын тексеріп,
төлем-талап тапсырманы ақша жіберуші банкке бағыттайды.

3.2.Бухгалтерлік есеп шотында ақшаның кірісі мен шығысының
көрсетілуі

Әрбір кәсіпорындар мен ұйымдардың, шаруашылық субъектілерінің
қолда бар нақты ақшалай қаражаттарын сақтайтын өздерінің
кассасы болуы керек.
Касса арнайы жабдықталған, яғни едені мен төбесінен
ешқандай адам кіре алмайтындай етіп жабылған, терезесі мен
есігіне темірден тор қойылған және дыбыстық белгі беретін
қондырғылар орнатылған, өрттен сақталатындай түрлі материалдармен
қапталып жасалған бөлмеде орналастыруды қажет етеді.
Кассадағы нақты ақша қаражаттары кассирдің мөрі сургуч
арқылы басылып жабылатын сейфте немесе темір шкафта
сақталынуы тиіс. Бұл сейфтің кілті мен сургуч басатын мөр
кассирде, ал кілттің екінші данасы белгіленген ыдысқа салынып,
аузы жабылып, кассирдің мөрі басылып, кәсіпорын, яғни субъектінің
басшысында сақталады. Кассир жұмыс күннің соңында кассаның тиісті
жерлеріне (есігіне) мөр таңбасын басып, күзетшіге тапсыруы тиіс.
Кассадағы ақшаның түгелділігіне жұмысқа деген немқұрайдылық пен
салақтық салдарынан кәсіпорынның, субъектінің шеккен зардабына, әдейі
қастандықпен немесе арам ниетпен істелген әрекет негізінде
кәсіпорынға, ұйымға келтірілген шығындарға касса қызметкерлері,
яғни кассир толық жауап береді. Кәсіпорындар мен ұйымдарда,
субъектілерде кассирлік жұмысқа қызметкерлердің тағайындалға-ны,
орналасқаны жайлы бұйрық шыққаннан кейін касса қызметкерлерін
касса операцияларымен таныстырып, кәсіпорын яғни шаруашылық субъектімен
кассир арасында жеке материалдық жауапкершілікке келісім-шарт
жасалуы керек.
Кәсіпорын, мекеме немесе ұйым өздерінің есеп айырысу шотынан
нақты ақшаны сол есеп айырысу шоты ашылған банк мекемесі берген
чек кітапшасы арқылы ғана ала алады. Банк мекемесінен нақты ақша
алу үшін кәсіпорынның, ұйымның, яғни субъектінің касса қызметкері
чек кітапшасындағы парақты толтырады. Бұл чек парағын толтыру
барысында чеке алынғалы отырған, яғни кәсіпорын-ның, ұйымның,
субъектінің жұмсауға тиісті нақты ақша қаражаттарының сомасы және
бұл соманың қандай мақсатқа жұмсалғандығы жазылып көрсетілуі
тиіс.Толтырылған чекке кәсіпорынның, ұйымның, яғни субъектінің бас
бухгалтері және басшысы қол қойып, осы субъектінің мөрі басылады.
Барлық толтыруға тиісті ақпараттар толтырылмағанша, чекке қол
қоюға болмайды. Сонымен қатар чекке лауазымды адамдардың, яғни
қол қойюға тиісті адамдардың қолы қойылмаса (біреуінің қолы
қойылмаған жағдайда), мөр басуға рұқсат етілмейді. Кәсіпорынның,
ұйымның яғни қандай да болмасын шаруашылық субъектінің касса
қызметкері банк мекемесінен нақты ақша аларда банк бақылаушысының
қатысуымен ақшаны санап алуы тиіс. Сонымен қатар банк мекемесінен
алынған нақты ақша сол алынған күні кәсіпорынның, субъектінің
кассасына кіріске алынуы керек. Ол үшін кәсіпорынның, субъектінің
касса қызметкері, яғни кассир кассалық кіріс ету ордерін
толтырып, содан соң оны кассалық кітапқа жазуы керек.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни шаруашылық субъектілердің кассадағы
ұлттық валюта түріндегі (теңге түріндегі) нақты ақша қаражаттарының
кірісі мен шығысының (қозғалысының) есебі Қазақстан Республикасы
Ұлттық банк мекемесі бекіткен кассалық операциялар есебін
жүргізудің тәртібіне сәйкес жүргізілуі тиіс.
Жалпы касса операцияларының есебі 1010 Кассадағы ақша қаражаты,
1030 Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты- деп аталатын шоттарда
жүргізіледі.
Касса операциялар бойынша келесі құжаттар толтырылады:
- касса кіріс ордері;
- касса шығыс ордері;
- касса кітабы;
- журнал – ордер № 1;
- №1 журнал - ордердің ведомосы.
Кәсіпорынның, субъектінің кассасына қолма-қол нақты ақшаны
кіріске алу, қабылдау үшін бас бухгалтердің немесе ол сенім
білдірген адамның кассалық кіріс ету ордеріне қол қоюы керек
және де ақша төлеген адамға осы толтырылған кассалық кіріс ету
ордерінің квитанциясы беріледі. Осы нақты ақшаны кассаға қабылдау
барысында толтырылатын кассалық кіріс ету ордеріне кәсіпорынның,
ұйымның, субъектінің аты , ақша төлеуші адамның немесе субъектінің
аты-жөні қандай мақсатқа және не үшін ақша төлеп жатқандыѓы, сол
ақша төлеген уақыты (күні, айы, жылы) жазылып, кассир мен бас
бухгалтерлердің қолдары қойылуы қажет.
Кәсіпорынның, ұйымның, яғни субъектінің кассасынан нақты ақша
кассалық шығыс ету ордері немесе тиісті үлгілі түрде дайындалған
басқа да ақша төлеу ведомстары, сондай-ақ кәсіпорынның, ұйымның бас
бухгалтері мен басшысының қолдары қойылған ақша алу үшін жазылған
өтініштер , шоттар және тағы басқа құжаттар беріледі. Бұл
құжаттарға кассалық ордердің реквизиті көрсетілген штамп басылуы
керек. Егер кассалық шығыс ету ордеріне қоса тіркелген
құжаттарды шаруашылық субъектінің басшысының рұқсат етемін
деген жазуы және қолы қойылған болса , онда кассалық шығыс ету
ордеріне оның қол қоюы аса қажет болып саналмайды. Субъектінің
кассасынан адамдарға кассалық шығыс ету ордері бойынша ақша
берген кезде касса қызметкері нақты ақша алушы адамның төл
құжатын немесе өзін куәландыратын басқа құжаттарын көрсетуді
талап етеді.
Сонымен қатар касса қызметкері осы көрсетілген құжаттарда
берілген, яғни жазылған деректерді нақты ақша алушы адамның аты-
жөнін, құжатының номерін және ол құжатты кім бергендігін, қай
уақытта берілгендігін кассалық шығыс ету ордеріне жазуы керек.
Кассадан нақты ақша алушы адамдар кассадан шығыс ету ордеріне
алып жатқан соманың теңгедегі бөлігін жазумен, ал тиынын
сандармен көрсетеді. Кассалық кіріс ету ордері және оның
квитанциясы, сондай-ақ кассалық шығыс ету ету ордері және оның
орнына жүретін немесе оған қосымша тіркелетін құжаттарды,
кәсіпорынның, яғни субъектінің бухгалтерия қызметкерлері сиямен
шарикті қаламсаппен анық етіп толтырулары керек . Бұл құжаттарды
өзгеруге олардағы сандармен әріптерді түзетуге , өшіруге ешқандай
рұқсат етілмейді.
Кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлерін немесе
олардың орнына жүретін құжаттарды кассаға берместен бұрын
бухгалтерия қызметкерлері тіркеу журналына тіркеп жазады.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшы - қызметкерлерге жәрдемақы,
сыйақы, еңбекақы төлеу үшін төлем ведомстары қолданылады. Бұл
ведомостар тіркеу журналына еңбекақы, жәрдемақы және сыйақыларды
төлеп, үлестіріп болғаннан кейін ғана тіркеледі. Кассалық кіріс
ету немесе кассалық шығыс ету ордерлері, сондай-ақ олардың орнына
жүретін құжаттар бойынша кассаға немесе кассадан нақты ақшаны
қабылдауға міндетті. Бұл операциялар орындалғаннан кейін құжаттардың
тиісті жеріне касса қызметкері өз қолын қоюы керек .
Касса операцияларының есебі кассалық кітапқа тіркеліп отыруы
тиіс . Бұл кітапты касса қызметкері жүргізеді . Кассалық кітаптың
беттері (парақтары) номерленіп және жіп өткізіліп , кәсіпорын
басшысы мен бас бухгалтері қолдарын қойып , куәландыруы керек .
Кәсіпорынның, ұйымның кассасына келіп түскен , кіріс етілген немесе
кәсіпорынның, ұйымның кассасына төленген, яғни шығыс етілген
ақша қаражаттарының кімнен келіп түскендігін немесе кімге не
үшін төленгендігін білу үшін ол операцияларға толтырылған
құжаттардың номері және бухгалтерлік жазулар, сонымен қатар
кіріске алынған немесе шығыс етілген сомалар кассалық кітапқа
жазылуы тиіс . Күн сайын кәсіпорынның , ұйымның касса
қызметкері кассадағы еақты ақша қаражаттарының қалдығын жұмыс
күнінің соңында санап және оның сомасын кассалық кітапқа жазады
. Бұл кассалық кітаптағы деректерге өзгеріс енгізуге, өшіруге,
түзетуге жол берілмейді және де касса операциялары мен ондағы
жүргізілетін, толтырылатын құжаттардың дұрыстығына субъектінің
бас бухгалтері бақылау жасап отыруы керек .
Кассир алған ақшаны кассалық қабылдау ордері арқылы кассаға қабылдайды.
Кассалық қабылдау ордерінде номері, уақыты, қызметкердің аты-жөні, кассаға
өткізілген ақша сомасы, чектің номері, себептері жазылады. Кассаға
өткізілетін ақша сомасы санмен де жазуымен де жазылады. Кассалық қабылдау
ордерінің төменгі жағында бас бухгалтер мен кассирдің қолы қойылады.
Кассалық қабылдау ордерінде жазылған анықтамалар түгелдей квитанцияға
түсіріледі. Бас бухгалтер мен кассир қабылдау ордеріне, квитанцияға қол
қойған соң таңбалы мөр басады немесе төленді деген штамп қойылады. Кассалық
қабылдау ордері кассада қалады. Ал квитанция ақшаны өткізген қызметкердің
қолына береді.
Бухгалтермен берілген бухгалтерлік жазу:
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті АҚ -ның мынадай ақша
операциялары іске асырылады:

1. Кассаға Николаев Олег Александрович ЖК-ден жал үшін ақша келіп түсті.
Құжат № 1, 03.01. 2008 жыл.
Дт 1010 Кт 1210 18 900 тг.

2. Кассадан Джусупов М.-ға іс-сапарға ақша қаражаты берілді.
Дт 1250 Кт 1010 87 872,78 тг.

3. Джусупов М. іс-сапарынан жаратылмай қалған ақшаны кассаға өткізді.
Дт 1010 Кт 1250 6 000 тг.

Мекемеден материалдық заттарды сатып алғанда құны кассаға төленеді, жол
сапарда жаратылмай қалған ақша қаржысы кассаға өткізіледі. Жоғарыда
көрсетілген қарыз қаржылар кассалық қабылдау ордері арқылы қабылданады.
Кассадан берілетін ақшаны кассалық шығын ордері арқылы анықтаймыз. Кассалық
шығын ордерінде номері, уақыты, қызметкердің аты-жөні, кассадан берілетін
ақша сомасы жазуымен де, санмен де жазылады. Себебі көрсетіледі. Мекеме
бастығы мен бас бухгалтер қол қойған соң , бухгалтер кассалық шығын ордерін
кассирге береді. Кассир кассалық шығын ордерін ақшаны алатын қызметкерге
көрсетіп, онда қызметкер канша ақша алатындығы жөнінде сомасын жазуымен
жазып, қолын қойып күннің белгілейді. Кассир қызметкер қолын қойған соң
шығын ордерінде жазылған соманы санап береді және шығын ордерінің төменгі
жағында ақшаны бергендігі жөнінде кассир қолын қояды.
Жұмыс күннің аяғында кассир барлық кассалық шығын ордерін жинастырып,
касса ақпарын жазады. Касса ақпарында күні, номері, құжаттың номері, жұмыс
күннің басында кассада қалған ақшалар, сол жұмыс күннің ішінде кассаға
қабылданған ақшалар, сол жұмыс күннің ішінде кассадан қолма-қол берілген
ақшалар және жұмыс күннің соңында кассада қалған ақша есептеліп жазылады.
Касса ақпары екі данада жазылады.
1) кассада қалады;
2) Алғашқы құжаттармен бірге бухгалтерияға өткізіледі.
Бухгалтер тексеріп, қабылдап алып, қолын қояды. Кассир өткізгендігі
жөнінде қолын қояды. Бухгалтер касса ақпары арқылы журнал ордер 1 мен
ведомостты толтырады. Ведомостта айы, касса ақпарының номері, уақыты, айдың
басында кассада қалған ақша, сол айдың ішінде кассаға қабылданған ақшалар
және айдың соңында кассада қалған ақша есептеліп жазылады. Журнал ордер 1-
де айы, касса ақпарының номері, уақыты және айдың ішінде кассадан берілген
ақшалар жазылады.
1040 Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты
Бұл шоттар актив қатарына жатады. Дебетте жұмыс күннің басында шотта
қалған ақшалар, жұмыс күннің ішінде шотқа түскен ақшалар және жұмыс күннің
соңында қалған ақшалар есептеліп жазылады. Кредитте шоттан қолма-қол
берілетін ақша қаржылары мен аударылған қаржылар сомасы жазылады.Айдың
соңында қалған ақшаны есептеп табу үшін жұмыс күннің басында қалған ақшаға
қосамыз сол жұмыс күннің ішінде түскен ақшалардың қорытындысын, шегереміз
жұмыс күннің ішінде аударылған ақшаның қорытындысын, сонда жұмыс күннің
соңында қалған ақша шығады. Қалған ақша шоттың дебетінде жазылады.
Дебеттегі және кредиттегі сомалар журнал ордер 2 мен ведомостта жазылады.

Ақша қаражаттарымен байланысты шоттар корреспонденциясы

№ Шаруашылық операция мазмұны Дт Кт
1 Есептесу шотынан алынған выписка 1010 1030
кассаға чекпен келіп түскен
2 Жалдық төлемнің кассаға түсуі 1010 1260,
2160
3 Кассалық кіріс ордерімен бұрын 1010 1210
жөнелтілген құндылықтардан қаржы түсті
4 Іссапардан артылған ақшаларды кассаға 1010, 10201250
қайтару
5 Жауапты тұлғаларға ақша берілді 1250 1010
6 Субъектінің жарғылық капитал есебіне 1010 5020
құрылтайшылардан салым ретінде нақты
ақшалардың түсуі
7 Жалпы және әкімшілік, сонымен қатар 7110, 72101010
өнімді өткізуге байланысты әртүрлі
есептер бойынша шығыстарды кассадан
төлеу
8 Есептелген еңбекақыны кассадан төлеу 3350 1010
9 Есеп беруші тұлғаға кассадан төлеу 1250 1010
сомасын көрсету
10 Кінәлі тұлғалардың мойындауымен
кассадағы ақшалай қаржының артық
немесе жетіспеушілігінің бейнеленуі:
артығы 1010 6280
жетіспеушілігі 1250 1010

3.3.Жұмысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі

1250 Қызметкерлердің қысқа мерзімдегі дебиторлық берешегі Бұл шот актив
қатарына жатады. Дебетте Айдың басында қалған қарыз қаржылар, сол есепті
айдың ішінде жол сапарға,шаруашылық қажетіне берілген ақша қаржылар
есептеледі және айдың соңында қалған қарыз қаржылар есептеліп жазылады.
Кредитте бекітілген ақпар бойынша жол сапарға жаратылған қаржылар мен
шаруашылық қажетіне жұмсалаған ақшалар мен жаратылмай қалған және кассаға
қайтарылған ақша сомасы жазылады. Дебеттегі және кредиттегі сомалар журнал
ордер 7 жазылады.
Кәсіпорын өзінің қызметкерін жол сапарға жіберетін кезде мекеме бастығы
бұйрық береді. Бұйрыққа байланысты жол куәлігі беріледі. Қызметкер жол
сапарына келгеннен кейін үш күн ішінде аванстық ақпар құжатын жазып,
бухгалтерияға өткізеді.Аванстық ақпар құжатында қызметкердің аты-жөні,
қызметі, жол сапарға шығу себебі,кассадан алған ақшасы және жаратылған ақша
сомасы есептеліп жазылады.Төменгі жағына қолын қояды , күнін белгілейді.
Бухгалтер аванстық ақпар құжатын тексеріп, қабылдап алып, журналға тіркеуге
алады. Аванстық ақпар құжатын мекеме бастығы бекітеді. Бухгалтер бекітілген
ақпар құжаты бойынша журнал ордер 7 толтырады. Журнал ордер 7-де айы,
аванстық ақпар құжатының номері, уақыты, қызметкердің аты-жөні, айдың
басында қалған қарыз қаржылар, жолсапарға, шаруашылық қажетіне жұмсалған
қаржылар есептеліп жазылады.
Банкте әрбір мекемеге жеке есеп айырысу шоты ашылады. Есеп айырысу шотын
ашу үшін мекеме банкке тиісті құжаттарды өткізеді.
1) шотты ашу жөнінде өтініш;
2) мекеме жарғысының көшірмесі;
3) лицензиялық құжат және тіркеу номері;
4) мекеме басшысының қолдары қойылған карточкалар;
Мекеме қызметкері өтінішпен бірге жоғарыда көрсетілген құжаттарды банкке
өткізеді. Банк қызметкері құжаттарды тексеріп, дұрыс болған соң есеп
айырысу шотын ашады. Кассир банктен чек арқылы алар кезде банк қызметкері
карточкада қойылған қолдарды чектегі қойылған қолдарымен салыстырып
тексереді. Қолдары сәйкес келген жағдайда банктен ақша беріледі. Қолдары
сәйкес келмеген кезде чекке жарамайтындығы жөнінде жазып, чекті қайтарады,
банктен ақша берілмейді. Бухгалтер банктен күнделікті банк көшірмесін алып
отырады. Банк көшірмесіне тіркелетін құжаттар:
1) Төлем тапсырмасы
2) Шот фактура құжаты
3) Квитанция құжаты
Банк көшірмесінде уақыты, есеп айырысу шотының номері, алғашқы
құжаттардың номері, жұмыс күннің басында шотта қалған ақшалар,сол жұмыс
күні ішінде шотқа түскен ақшалар және сол жұмыс күннің ішінде шоттан
берілген, аударылған ақша қаржылары жазылады. Банк көшірмесінің төменгі
жағында жұмыс күннің соңында шотта қалған ақша есептеліп жазылады.
Бухгалтер банк көшірмесі арқылы журнал ордер 2 мен ведомостты толтырады. 7
ХҚЕС Ақша қаражаттарының қозғалысының есебі бойынша стандарт қолданылады.

Мысалы :

№ Операциялық мазмұны Қабылданды Шығын Байланыс
Дт Кт
1 Садуақасов А.-қа іс-сапар 266 066,93 1250 1010
ақшасы берілді.
2 Садуақасов А. іс-сапардан 63 055 1010 1250
жаратылмай қалған ақша
қаржысын кассаға өткізді.

Ақша қаражаттары аудитінің мақсаты – ақша қаражатымен болған
операциялардың мақсаттылығын, дұрыстығын және дебиторлық, кредиторлық
қарыздардың пайда болуын бекіту, растау. Ақша қаражаттары аудитінің
міндетіне мыналар кіреді: кассада нақты ақшалардың сақталуын қарастыру;
ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы бойынша операциялардың құжаттық
рәсімдеу тәртібін қалыптастыру; касса кітабын жүргізу және кассалық
операциялардың есебін оқып үйрену; банкте ашылған шоттың санын анықтау
және әр шот бойынша болған операциялардың заңдылығын растау; жасалынған
келісім-шарт бойынша төлем-есеп айырысу тәртібін тексеру. Касса
кітапшасындағы ақша қаражаттарының қалдығы синтетикалық есеп ригистрлерінің
мәліметтерімен сәйкес келуі керек. Аудитор есеп айырысу шотындағы
ақшаларды тексеру кезінде олардың банктің қай шотында жүргізілуін,
бастапқы құжаттардың дұрыстығын, төлем-тапсырмалардың кітапшаға тіркелуін
бақылауы тиіс. Сонымен қатар, бухглтерлік жазулардың дұрыстығын, чек
кітапшаның сақталуын, шоттағы ақшаның қалдығын, журнал-ордермен банк
көшірмесінің мәліметтерімен салыстырылуын тексеру керек. Бақылауды
жүргізуші бас бухгалтер ішкі аудитті жүргізу барысында талдауға да көңіл
бөледі.

4. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есебі.

Негізгі құралдар дегеніміз – кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды
тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін басқа кәсіпорынға жалға беру үшін
немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылатын және бір кезеңнен (бір
жылдан) артық мерзім ішінде пайдаланылады деп болжанатын материалдық
активтер.
Негізгі құралдарға қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен
ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу
аспаптары мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың
бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік
және шаруашылық құрал-саймандар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалары
жатқызылады. Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай
өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді:
Негізгі құралдар пайдалану мақсатына және атқаратын міндетті қызметіне
қарай мынадай түрлерге жіктеледі:
1. Жер 2411 шотында жүргізіледі, құрамына өндіріске қатысты жер, сауда
саттықтағы жер.
2. Өндірістік ғимараттар мен құрылғылар 2412 шотында жүргізіледі,
құрамына қонақ үй, монша.
3. Машиналар мен жабдықтар, өткізгіш тетіктер 2413 шотында жүргізіледі,
сыра шығаратын аппарат, компьютер, кондиционер.
4. Автокөлік құралдары 2416 шотында жүргізіледі, құрамына автокөлік.
5. Офистік жабдықтар 2417 шотында жүргізіледі, құрамына офистік жиһаз,
кресло.
6. Жиһаз және қозғалатын мүліктер 2418
2410 Негізгі құралдар. Бұл шот актив қатарына жатады. Дебетінде айдың
басында қалған қалдық сомасы, сол есепті айдың ішінде қабылданған негізгі
құралдың құны және айдың аяғында қалған қалдық сомасы жазылады. Кредитте
қолдануға жарамайтын тозған негізгі құралдың құнымен сатылған негізгі
құралдың құны есептелінеді. Дебеттегі және кредиттегі сомалар журнал ордер
12-ге жазылады.
Бухгалтерлік есептің жоғарыда аталған халықаралық стандартында негізгі
құралдарды бағалаудың мынадай түрлері белгіленген: өзіндік құн, жойылу
құны, амортизацияланушы құн, әділетті құн, баланстық құн.
Өзіндік құн – төленген ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаттарының
эквиваленттері не болмаса активті сатып алу сәтінде оны алуға берілген
басқадай төлемдердің әділетті құны.
Амортизацияланушы құн – жойылу құнын алып тастағаннан кейінгі активтің
өзіндік құны немесе өзіндік құнның орынына қаржылық қорытынды есепте
көрсетілетін басқа сома.
Жойылу құны – негізгі құралдың тиімді қызмет ету мерзімінің аяғында оны
кәсіпорыннан шығаруға байланысты жұмсалатын шығындарды алып тастағаннан
кейінгі алынады деп күтілетін таза сома.
Баланстық құн – жинақталған тозу мен құнды төмендетуден шеккен зиянды
алып тастағаннан кейінгі негізгі құрал балансты есепке алынатын сома.
Кәсіпорынның территориясына сатып әкелінген қондырғылар мен
машиналарды, көлік құралдарын және жаңадан соғылып біткен ғимараттарды,
орнықты құрылыс жайларын қабылдау үшін мекеме бастығы бұйрық береді.
Бұйрыққа байланысты комиссия құрылады. Комиссия мүшелері сатып әкелінген
қондырғылар мен машиналарды, көлік құралдарын, жаңадан соғылып біткен
ғимараттарды, орнықты құрылыс жайларын тексеріп қабылдау актісін жазады.
Негізгі құралдардың қабылдау актісінде актінің номері, уақыты, комиссия
мүшелерінің аты-жөні, қызметі, қабылданған негізгі құралдардың аты, алғашқы
бағасы, зауыттан шыққан уақыты, соғылып біткен уақыты, кәсіпорынға
қабылданған уақыты, қабылдап алған және бекітілген цехтың аты және
қабылданған негізгі құралдардың кем-кетігі, қабылданған негізгі құралдардың
паспортының номері, жобалау шоттарының номері, тексеруден өткендігі,
қолдануға жарайтындығы жөнінде комиссия анықтама береді және қабылданған
негізгі құралдар бойынша қысқаша анықтама жазып, қолдарын қояды. Актіні
мекеме бастығы бекітеді. Акті екі данада жазылады:
1) Негізгі құралдарды қабылдап алған жерде қалады.
2) Бухгалтерияға өткізіледі.
Журнал ордер 12-ге айы, қабылданған негізгі құралдардың актілерінің
номері, уақыты, қабылданған негізгі құралдардың аты, алғашқы бағасы,
баланстық, қалдық бағасы жазылады. Айдың соңында қабылданған негізгі
құралдар бойынша қорытынды шығарылады. Бухгалтер әрбір қабылданған негізгі
құралдардың қабылдау актісі бойынша инвентарлық карточканы толтырады.
Инвентарлық карточкада номері, қабылданған негізгі құралдардың аты,
инвентарлық номері, зауыттан шыққан уақыты, ғимараттардың соғылып біткен
уақыты, кәсіпорынға қабылданған уақыты, бекітілген цехтың аты, қабылданған
негізгі құралдардың алғашқы бағасы баланстық бағасы, қалдық бағасы
көрсетіледі және қабылданған негізгі құралдарға қысқаша анықтама беріледі.
Қабылдау актілері журнал ордер 12 мен архивке жіберіледі. Инвентарлық
карточкалар бухгалтерияда қалады.

№ Шаруашылық операцияның мазмұны Дт Кт
1. НҚ жабдықтаушыдан сатып алынды
- сату құны көрсетілді 2410 3310, 4110
- ҚҚС зачетқа қабылданды 1420 3310, 4110
- жабдықтаушымен есеп айырысу 3310, 4110 1010, 1030
2. НҚ еншілес, қауымдасқан немесе біріккен
ұйымдардан сатып алынды
- сату құны бойынша 2410 3320, 3330
- ҚҚС зачетқа қабылданды 1420 3320, 3330
3. НҚ өтеусіз алынды 2410 6220, 6230
4. НҚ жарғылық капиталға жарна ретінде келісімді 2410 5020
құн бойынша қабылданды
5. Қарапайым жағдай бойынша НҚ-ның істен шығуы
- жою құны есептн шығарылды 7410 2410
- тозу есептен шғарылды 2420 2410
- НҚ-ны істен шығарумен байланысты шығындар 7410 3310
ескерілді (демонтаж, т.б.)
- НҚ-ны істен шығарумен айналысқан 7410 3350
жұмысшыларға еңбекақы аударылды
- еңбекақыдан салықтар аударылды 7410 3150, 3210
- қайта бағалаудан қалған сома есептен 5320 5410
шығарылды
- бөлшектер, құрылыс материалдары, өзге де 1350 6210
материалдар қабылданды
6. - бастапқы құны артқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәжірибелік жұмыс жөнінде есеп беру
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Cалық менеджменті»
Пәннің оқу-әдістемелік кешені Бизнесті моделдеу туралы ақпарат
Түркістан АКСР-дегі білім, ғылым мәселелері: (1918-1924 жж.)
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС ҚАҒАЗДАРДЫ ЖҮРГІЗУ Пәнінен жинақ
Мемлекетті басқару
Акция нарығының негізгі көрсеткіштері
Тұрғындарды еңбекпен қамтуды арттыру жолдары
Тауарлы балықтарды өсіру
Қазақстанның сақтандыру компаниялары инвестициялық қызметінің басымдықтары және жетілдіру механизмі
Пәндер