Көне заман ғұрыптық-еске алу құрылыстары


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 121 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
4
:

I

1. 1

1. 2

1. 3

КІРІСПЕ . . .:

ҚОЛА ДӘУІРІНІҢ ҒҰРЫПТЫҚ-ЕСКЕ АЛУ ҚҰРЫЛЫСТАРЫ

Қола дәуірінің ғұрыптық-еске алу орындарының зерттелуі . . .

Ғұрыптық қоршаулар . . .

Менгирлер . . .

4:

12

19

37

:

II

2. 1

2. 2

2. 3

КІРІСПЕ . . .:

ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІНІҢ ҒҰРЫПТЫҚ-ЕСКЕ АЛУ ҚҰРЫЛЫСТАРЫ

Сақ дәуірінің ғұрыптық-еске алу құрылыстарының зерттелу тарихы.

«Мұртты» обалар ғұрыптық ескерткіш ретінде . . .

Ғұрыптық қоршаулар мен тас мүсіндер . . .

4:

43

54

61

:

III

3. 1

3. 2

КІРІСПЕ . . .:

КӨНЕ ҒҰРЫПТЫҚ ОРЫНДАРДЫҢ КЕЙІНГІ ДӘУІРЛЕРМЕН ӨЗАРА САБАҚТАСТЫҒЫ

Көне ғибадат ету орындарының ортағасырлық ғұрыптық құрылыстармен байланыстары . . .

Көне ғұрыптық орындардағы салт-жоралардың қазақтың салт-дәстүрлерімен ұқсастықтықтары және ерекшеліктері . . .

4:

64

74

:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
4: 86
:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ . . .
4: 89
:
КІРІСПЕ . . .: ҚОСЫМШАЛАР . . .
4: 96

ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ - СПИСОК СОКРАЩЕНИЙ

АН КазССР - Академия наук Казахской Советской Социалистической Республики

АО - Археологические открытия

ВАН КазССР - Вестник Академии наук Казахской Советской Социалистической Республики

ИА КН МОН РК - Институт археологии им. А. Х. Маргулана Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан

ИИАЭ - Институт истории, археологии и этнографии им. Ч Валиханова

КарГУ - Карагандинский государственный университет им. Академика Е. А. Букетова

КСИА - Краткие сообщения Института археологии

КСИИМК - Краткие сообщения Института истории материальной культуры

ЛАЭ - Лисаковск археологиялық экспедициясы

ЛО ИА АН СССР - Ленинградское отделение Института археологии Академии наук Союза Советских Социалистических Республик

ҚР БҒМ ҒК - Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Ғылым комитеті

НАН - Национальная Академия наук

РА - Российская археология

РАН - Российская Академия наук

СА - Советская археология

САИ - Сарыаркинский археологический институт при КарГУ

САЭ - Сарыарқа археологиялық экспедициясы

ТИИАЭ АН КазССР - Труды Института истории, археологии и этнографии Академии наук Казахской Советской Социалистической Республики

ЦГМ РК - Центральный государственный музей Республики Казахстан

ЦКАЭ - Центральная Казахстанская археологическая экспедиция

ГЭ - Государственный Эрмитаж

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Көне заман ескерткіштерінің мол шоғырланған өңірлерінің бірі саналатын Орталық Қазақстан аймағы Еуразия даласындағы археологиялық зерттелу тарихы ғасырдан астам уақытты қамтитын бірегей аудан ретінде белгілі. Сондықтан әр кезеңдерде жүргізілген зерттеулерді жүйелеп, бұрынғы ізденістердің мәнін, археологиялық зерттеулердің маңыздылығын көрсету археология ғылымындағы күрделі мәселелердің бірі.

Қола дәуірі адамзат тарихындағы маңыздылығы қола металлургиясының кең қанат жайып, еңбек құралдары мен қару-жарақ жасауда басты шикізат көзі ретінде қоғамдық-өндірістік қатынастардың дамуына ықпал етуімен сипатталады.

Б. з. д. ІІ мыңжылдықтың бірінші ширегінде Еуразия даласында қола қолданысқа енді. Қоланы өндіру Қазақстан жеріндегі өте бай мыс пен қалайы металдарын жоғары деңгейде игерумен тығыз байланыста болды. Сондай ірі металлургиялық ошақтар Қазақстанның территориясында орналасқан.

Қола дәуірінен кейінгі ерте темір дәуірінде Еуразия даласында, оның ішінде Орталық Қазақстанда көшпенділік үстемдік құрып, темір өндіру мен мал шаруашылығының жаңа форматтағы қоғамы пайда болды.

Біз қарастырып отырған Орталық Қазақстанның аймақтық шекарасының нақты келбеті жоқ. Территориялық тұрғыдан қолданып жүрген «Орталық Қазақстан» термині археологиялық зерттеулерде, әдетте жалпы мағынада қолданылады.

Көлемді географиялық әдебиеттерде, әсіресе аудандарға бөлу туралы еңбектерде «Орталық Қазақстан» түсінігі туралы біржақты көзқарас жоқ және де зерттеушілер бұл терминге үнемі бір территорияны кіргізген емес. Географ мамандар Орталық Қазақстанды көбінесе қазақтың ұсақ шоқылығымен байланыстырады. Ал, Орталық Қазақстан жері бұрыннан қазақ халқының тарихи атауында «Сарыарқа» деп аталатын аумақта орналасқан. Сарыарқаның ортағасырлық формасы «Арқа» екендігі анықталды. «Сарыарқа» атауының қолданыстан шығуы Кеңестік кезеңде орын алды. Аталмыш атау тек Орталық Қазақстанға ғана тән болып, басқа аймақтар жаңаша атауларға ие болды. Бұл әкімшілік бөліністің көне заманның ғұрыптық-еске алу ескерткіштерін зерттеуде үлкен қолайсыздықтар әкелмеуі үшін магистрлік жұмысқа Сарыарқа жеріндегі көне ғұрыптық маңызы бар ескерткіштерді қамтуға тырыстық. Себебі Сарыарқа жері - сонау қола дәуірінен бастап Беғазы-Дәндібай, Тасмола мәдениеттерін қалыптастырған тұрғындардың мекені. Оған дәлел, аталмыш аймақтан көптеп табылып жатқан археологиялық ескерткіштер мен одан шыққан артефактілер болып табылады.

Аталмыш аймақтың археологиялық зерттеу нәтижелері бұдан бірнеше ондаған жыл бұрын ғылыми айналымға енген және жыл сайын жаңа деректер, жаңа ғылыми гипотезалар, көзқарастармен толықтырылып отырылатын көптеген қоныстар мен қорымдар, кен өндіру орындары, ғұрыптық нысандар бар.

Біз қарастыратын зерттеу жұмысының өзекті мәселесі болып табылатын ғұрыптық-еске алу құрылыстары археологиялық ескерткіштердің бір құрамдас бөлігі.

Ғұрыптық құрылыстар - археологиялық ескерткіштердің негізгілері болып табылатын қоныстар мен қорымдардың аумағында айрықша, өте маңызды және жиі кездесетін ескерткіштердің түріне жатады. Олар жерлеу орындары немесе қоныстарды зерттегенде зерттеу нысанына ілінбей төмен деңгейде зерттеліп қалады. Мұның өзі көне дәуір тұрғындарының тұрмысы, діни салттық-рәсімдері, дүниетанымдық болмысын анықтауды, зерттеуді талап ететін өзекті мәселе болып табылады. Ал, іс жүзінде ғұрыптық орындардың берер ақпараты көп.

Қазақстан территориясын мекендеген көне заман тұрғындарының дүниетанымы мен рухани болмысынан, тұрмыстық тіршілігінен және идеологиялық, діни көзқарастары жағынан хабар беретін ғұрыптық құрылыстарды зерттеу аса өзекті мәселелердің қатарынан орын алады.

Ғұрыптық құрылыстарды өз кезегінде дер уақытында зерттеп алу және оны тарих сахнасында кейіннен өмір сүрген халықтардың мәдениетімен салыстыру өзекті болып табылады. Әрине, ғұрыптық құрылыстарды қазақ халқының діни наным-сенімдерімен, идеологиялық көзқарастарымен салыстыра қарастыру бүгінгі таңдағы зерттеуді қажет етеді.

Ғұрыптық құрылыстардың тек қана археологиялық тұрғыдан бір жақты қарастыру оның нақты мән-мағынасын ашуда кемшілік әкелері анық. Негізінен, археологиялық ескерткіш болып табылатын салттық табыну орындарының функциясын этнографиялық жағынан қарастыру өзекті мәселелердің бірі болмақ. Себебі, аталған құрылыстардың функционалдық маңызын анықтау барысында археология және этнография ғылымындағы бірқатар кезек күттірмес мәселелердің шешімін таба аламыз.

Бүгінгі таңда зерттеудің жаңа белестеріне көтерілген археология ғылымында кешенді зерттеулер жүргізілді. Соның арқасында жұртшылыққа беймәлім болып келген көне тарихтың көптеген тақырыптары ашылып, жан-жақты талқылануда. БАҚ беттерінде де біршама деңгейде кездеседі.

Кеңестік кезеңде археология жеке ғылым ретінде қалыптасып, зерттеу жүйесі жаңарды. Қазба жұмысы жаңа әдістер арқылы жүргізілді. Жаңадан ашылған ескерткіштер қарасы көбейіп, негізгі бағыттары айқындалды.

Тәуелсіздік жылдарындағы археологиялық зерттеу жұмыстары негізінде біршама істер атқарылды. Ұлттық идея, мәдени мұра хақында іргелі зерттеулер жазылып жатыр. Археологиялық нысандар ашылып, зерттеулер жалғасуда. Археология ғылымында көне уақыт саналатын кезең қола және ерте темір дәуірі болса, сол дәуірдің ірі ошағы Орталық Қазақстанның археологиялық ескерткіштері зерттелуі тиіс.

Бүгінгі таңда экономикалық жағынан қуатты Орталық Қазақстанның көне дәуір тұрғындары үшін де құтты мекен болғандығы ақиқат. Оған дәлел б. з. б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтарда игерілген кен орындары мен қорытпа пештері, мыстан жасалған әр түрлі заттар.

Магистрлік зерттеу жұмысында қола және ерте темір дәуірінің ғұрыптық құрылыстарына зерттеуге және олардың функцияларына баса назар аударуға тырыстық. Атап айтар болсақ, қазіргі кезде отандық археология ғылымында күрделі мәселелер санатына жатқызылатын ғұрыптық құрылыстардың өз заманында атқарған қызметі мен кейінгі дәуірлермен сабақтастығын зерттеу бойынша зерттеулер жасалынды. Оның ішінде көне дәуірдің культтері мен бүгінгі күнге дейін келіп жеткен, кейбірі әлі күнге өз өміршеңдігін жоғалтпаған салттық жоралармен байланысын ашып көрсетілді. Сонымен қатар, археолог ғалымдар арасында әлі де нақтыланбаған ортағасырларлық ғұрыптық құрылыстармен байланыстарын, сонымен қатар қазақтың этнографиясының кейбір ұқсастықтарымен салыстыру бойынша пайымдаулар үшінші тарауда қарастырылды.

Біртұтас қазақ жерінің тарихын жазу үшін алдымен жекеленген ескерткіш түрлерін толықтай ашып, аталған тақырып бойынша жазылған мәліметтерді жүйелеп, бір ізге түсіру қажет.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Орталық Қазақстанның қола дәуірі мәдениетін зерттеумен айналысу Кеңестік кезеңде бір жүйеге түсті. Бұл кезеңде шыққан зерттеу еңбектерінде Орталық Қазақстанның қола дәуірінің зерттелу тарихы қарастырылған. Орталық Қазақстанның археология ғылымы қола және ерте темір кезеңдері бойынша кешенді зерттелді. Осы дәуірге байланысты шыққан Ә. Х. Марғұлан, К. А. Ақышев, М. Қ. Қадырбаев, Ә. М. Оразбаевтың «Древняя культура Центрального Казахстана» [1] деп аталатын еңбегінде аталмыш аймақтың археологиясына арналған бірден-бір құнды еңбек. Мұнда ғұрыптық құрылыстарға байланысты «Жертвенные сооружения» деген атаумен кішкене тарауша берілген. Басты назарға ұстайтын жағдай, қола дәуірінің ескерткіштерін кешенді зерттеген Ә. Х. Марғұлан болғандығын айтып өту керек. Ғалымның пікірлері арқылы көне дәуір тұрғындарының дүниетанымы мен діни түсініктерін зерттеудегі бірқатар өзекті мәселелер анықталды. Оның қазіргі таңда да өз ғылыми құндылығын жоймаған «Бегазы-дандыбаевская культура Центрального Казахстана» [2] атты кітабында ғұрыптық-еске алу құрылыстары туралы материалдардың негізгі шоғырын құрайды. Еңбекте «Культовые камни» атты жеке тараушада алып менгирлердің түрлерін жан-жақты қарастырған. Ә. Х. Марғұланның «К изучению памятников района р. Сарысу и Улытау» [3] атты мақаласында алғашқы барлау жұмыстарында тіркеуге алынған ерте темір дәуірінің тас тізбекті құрылыстарына сипаттама беріледі. Ғалымның 1947-52 жылдары ОҚАЭ жұмыстары негізінде жүргізілген зерттеулерден Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірінің «мұртты» обаларын жан-жақты қарастырып сипаттама беріп өткен. Ерте темір дәуірінің тас тізбекті құрылыстары - «мұртты» обаларды «күн сәулелі тас тізбектер» деп атаған. Ә. Х. Марғұлан, Т. Басенов, М. Меңдіқұловтің «Архитектура Казахстана» [4] кітабында ғұрыптық орындардың құрылыстарына жақсы сипаттама берілген. Сонымен қатар Ә. Х. Марғұланның 1956 жылы шыққан «Главнейшие памятники эпохи бронзы Центрального Казахстана» [5] атты үлкен ғылыми мақаласында қола дәуірінің ең алғаш ғұрыптық қоршаулары мен менгирлердің арасында байланыс бар екендігі айтылып өтеді. «Ұлытау өңіріндегі тас мүсіндер» 3-томдығында кейінгі дәуірлердегі ғұрыптық орындардың, археологиялық нысандардың функцияларына кеңінен тоқталып өтеді.

Ә. Х. Марғұланнан кейін қола дәуірін зерттеумен тұрақты түрде шұғылданғандардың бірі Ә. М. Оразбаев болды. 1959 жылы Тарих, археология және этнография институтының 7 томында зерттеушінің қола дәуірінің жаңадан зерттелген ескерткіштері бойынша «Памятники эпохи бронзы Центрального Казахстана» [6] мақаласы жарыққа шықты. Қола дәуірімен қатар ерте темір дәуірінің ғұрыптық-еске алу құрылыстарын зерттеу нысанына айналдырған ғалымның табысты зерттеулерінің бірі - Жанайдар қорымы. Қорымдағы «мұртты» обаларды қалпына келтіру жұмысын жүргізуі ерте темір дәуірін зерттеу бойынша көлемді жаңалықтардың біріне айналды.

Белгілі ғалым, археолог К. А. Ақышевтың 1953 жылы қорғаған «Эпоха бронзы Центрального Казахстана» [7] Орталық Қазақстанның қола дәуірі мәдениеті және іргелес аймақтары жөнінде біршама қамтылған еңбек. Ғалымның «Памятники старины Северного Казахстана» [8] атты мақаласында көршілес жатқан аудандағы қола дәуірінің ескерткіштерін зерттеу нәтижелерін сипаттайды. Мұның ішінде әрине, ғұрыптық нысандарға тоқталып өткенін айтып өту керек.

Кешенді түрде зерттеулерді М. Қ. Қадырбаевтың зерттеулерінен көреміз. Оның әр жылдары жарық көрген «Памятники ранних кочевников Центрального Казахстана» [9], «Могильник Сангыру-2» [10], «О некоторых памятниках ранних кочевников Центрального Казахстана» [11], «Древности восточных районов Сары-Арка» [12] атты ғылыми жұмыстары сақ дәуірінің «мұртты» обаларын зерттеудегі теңдессіз еңбектердің қатарынан орын алады. «Памятники тасмолинской культуры» [13] монографиясында «мұртты» обаларға зерттеу жүргізілген жұмыстардың нәтижелері ғұрыптық құрылыстарды зерттеудегі соны еңбек.

Орталық Қазақстанның көне ескерткіштерін зерттеумен басқа да ғалымдар шұғылданды. Аймақтың қола және арналған іргелі зерттеулер жарық көрді. А. А. Ткачев «Центральный Казахстан в эпоху бронзы» [14] монографиясы өзіндік бір іргелі еңбектердің қатарына жатады.

Орталық Қазақстанның ғұрыптық ескерткіштерін зерттеуде салыстырмалы түрде ең жақын ауданның бірі - Шығыс Қазақстан облысы. Аталмыш аймақтың қола дәуірі ескерткіштеріне кешенді зерттеулер жүргізген ғалым А. Г. Максимова [15] болды. Ол қола дәуірінің қорымдарымен қатар белгілі Қанай және Трушниково қоныстарын қазған болатын. Осы орайда қоныс аумағында орналасқан қола дәуірінің ғұрыптық қоршауларына да қазба жүргізіп өтеді. Құрылыстан табылған заттай деректерді қоныстан табылған артефактілермен салыстыра зерттеді. Материалдардың өзара ұқсастықтарын арнайы зерттеу нәтижелері арқылы дәлелдей отырып, ғұрыптық орындарды қоныспен бірге өмір сүрген деген болжамға келді. Көршілес аймақта тек қола дәуірі бойынша ғана шұғылданып қана қоймай, ерте темір дәуір саласы бойынша іргелі зерттеулер жүргізген Грязнов М. П. «Северный Казахстан в эпоху ранних кочевников» [16] атты мақаласы құнды еңбектің біріне жатады.

С. С. Сорокиннің ғұрыптық мәселелер бойынша зерделі пікірлер айтылған «К вопросу о толковании внекурганных памятников ранних кочевников Азии» [17] атты мақаласы өз құндылығын жоймақ емес. Әлі күнге дейін ғылыми жағынан өміршең мақала болып табылады.

Орталық Қазақстанның төл мәдениеті ретінде қарастырылатын Тасмола мәдениетіне М. Қ. Қадырбаевтан кейін кешенді зерттеулер жасаған А. З. Бейсеновтың «Погребальные памятники и культово-ритуальные сооружения древних номадов Центрального Казахстана (7-1 века до н. э. ) ») [18] кандидаттық диссертациясында алғаш рет хронологиялық және типологиялық бөлу мәселелері бойынша ғылыми ізденістер қарастырылды. Ғалым одан кейінгі басқа да бірнеше ғылыми мақалаларында «мұртты» обаларға байланысты терең пайымдаулары мен құнды пікірлерін келтірген. Атап айтар болсақ, «Курганы с «усами» - культовые памятники саков Центрального Казахстана» [19], «К характеристике раннекочевнических памятников восточных районов Центрального Казахстана конца I тыс. до н. э. » [20] сынды мақалалары тас тізбекті обалардың архитектуралық жағынан қамтыса, «Мұртты» обаларды зерттеудің кейбір мәселелері» [21], «Тасмола зерттеулері. Талды-2: Сарыарқа сақтарының патша қорымы» [22] тақырыптарында қозғаған зерттеу жұмыстары олардың ғұрыптық мәселелерін ашуға бағытталған.

П. И. Мариковскийдің «О древних астрономических сооружениях на территории Казахстана» [23] атты мақаласында «мұртты» обалардың аспан әлемін бағу мақсатында қолданған деп, ғұрыптық құрылыстардың функциясына байланысты таласты пікірлердің басын ашып берді. Мұндай пікірді С. Г. Боталов, А. Д. Таиров, И. Э. Любчанский сынды ғалымдар «Курганы с «усами» урало-казахстанских степей» [24] атты біріккен монографияда қуаттайды. Бұл еңбектің де «мұртты» обаларды зерттеуде қосар үлесі көп. Кейінгі кезеңнің ғұрыптарын көне заманның рәсімдік жораларымен салыстыра қарастырған Е. М. Смағұловтың «Қазақтың ас беру дәстүрі: әлеуметтік-саяси қызметі» [25], Н. Әлімбайдің «Казахский ас как модель мира кочевой культуры. (К семиотике одной из форм ритуального моделирования действительности у кочевников) » [26], Ж. О. Артықбаевтың «Казахское общество в XIX веке: традиции и инновации» [27], С. Е. Әжіғалидың «Генезис традиционной погребально-культовой архитектуры Западного Казахстана» [28] атты ғылыми жұмыстарында өзара сабақтастық пен ұқсастықтарды нақты мысалдармен көрсете білген.

Қазіргі кездегі белгілі этноархеолог Ә. Т. Төлеубаевтың «Реликты доисламских верований в семейной обрядности казахов (XIX-начало XX в) » [29] атты іргелі монографиясында осы тақырыпқа байланысты этнографиялық зерттеулер келтірілген. Сонымен қатар ғалымның соңғы шыққан мақалаларында тас мүсіндерге байланысты жаңаша пікірлері жарық көрді.

Қазақтың тұрмыс тіршілігі С. Ақатаев [30], Х. А. Арғынбаев [31], С. И. Руденколардың [32], В. Ф. Зайберттің [33] мақаларында қазақтардың дүниетанымы сонау ықылым заманнан келе жатқандығын дәлелдейтін ғылыми пікірлер бар.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Осы зерттеу жұмысында алдымызға қойған мақсат: Орталық Қазақстанның қола және ерте темір дәуірінің ғұрыптық құрылыстарына қатысты деректерді талдай отырып, қазба жұмыстары нәтижесінде шыққан материалдар және жарық көрген зерттеулер негізінде ғылыми тұжырым жасау.

Зерттеу жұмысының мақсатын ашуда мынадай міндеттерді іске асыру басшылыққа алынады:

- Орталық Қазақстанның қола және ерте темір дәуірінің ғұрыптық орындарын зерттелуін қарастыру;

- Кеңестік кезеңде зерттелген ескерткіштердің бір ізге түсіру;

- Өңірдегі ғұрыптық құрылыстардың таралуын сипаттау;

- Ғұрыптық құрылыстардан табылған артефактілерді талдау;

- Өзге аймақтардағы ескерткіштермен салыстыру;

  • Тәуелсіздік жылдарындағы зерттеулерді талдау; Қазақстан жерін, оның ішінде Орталық Қазақстан аймағын бұрыннан мекен еткен тұрғындардың автохтонды халық екендігін талдау;

- Көне дәуір тұрғындарының дүниетанымдық ерекшеліктеріне тоқталу;

  • Орталық Қазақстан өңіріндегі көне дәуір тұрғындарының ғұрыптық аспектілерін ашып көрсету; Көне ғұрыптық құрылыстардың бертінгі кезеңнің ғұрыптық-еске алу орындарымен салыстыру; Қазақ діни наным-сенімдерінен көне заманның ғұрыптық-еске алу құрылыстарында атқарылған рәсімдердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтау;

Магистрлік жұмыстың деректік негізі . Тарихи, археологиялық және этнографиялық тұрғыдан зерттеу үшін ең бастысы деректер қоры қажет. Орталық Қазақстан археологиясы үшін негізгі деректер Орталық Қазақстанның археологиялық экспедициясының есептері, еліміздің ғұлама ғалымы, қола дәуірінің майталман маманы Ә. Х. Марғұланның археологиялық зерттеу жұмыстары, далалық күнделіктері, монографиялары болып табылады. Сонымен қатар РФ Санкт-Петербург қаласындағы Заттай мәдениет тарихы институтының қорындағы сирек журналдар, Е. Бөкетов ат. ҚарМУ жанындағы САИ мұрағат қоры, Қарағанды облыстық ескерткіштер қорғау инспекциясының қоры, Ұлттық кітапхана, Орталық мемлекеттік кітапхана материалдары мен кітаптары негізгі деректер орталығы болып саналады. Орталық Қазақстанға жүргізілген археологиялық зерттеулердің есеп беру құжаттары сақталған Ә. Х. Марғұлан ат. Археология институты мен кітапханасы жұмыстың басты деректік қорларын берді. Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының 11-қор, 2-тізімінің 83-ісінде [34] Ұлытау өңірінен барлау барысында табылған «мұртты» обалардың сипаттамалары берілген.

Тақырыптың мазмұнын ашуда негізгі деректік қорды археологиялық материалдар құрайды деп айтуға болады. Олардың қатарында ХХ ғасырдан бастап қазақ даласының түпкір-түкпірінде жүргізілген археологиялық қазбалардың нәтижелері және табылған заттар жатады. Сонымен бірге қазба жұмыстарын қорытындылайтын ғылыми есептер мен зерттеу еңбектері магистрлік жұмысты талдау барысында үлкен маңызы бар.

Зерттеудің теориялық-методологиялық негізі. Тақырып үш дәуірдің зерттеу деректерін қамтып отырғандықтан және қола және ерте темір дәуірінің ғұрыптық құрылыстары мәселелері қозғалғандықтан және олардың соңғы уақытпен - түркі, қыпшақ, кейінгі қазақ кезеңімен сабақтастығын талдау мәселелері қарастырылғандықтан, әр ақпаратқа сыни талдау жасай отырып, объективті көзқарас қалыптастыру көзделді. Зерттеу барысында ғылымилық және жүйелілік принципі, тарихи таным қағидасы методологиялық негіз ретінде алынды. Жүйелілік және ғылымилық принципі зерттеудің ғылыми талаптарына жауап берсе, тарихи таным қағидасы Орталық Қазақстан ғұрыптық құрылыстарының функциясын, құндылығын түйсінуде жатыр. Талдау, салыстыру, сараптамалық әдістер қолданылды.

Ғылыми практикалық құндылығы. Орталық Қазақстанның ғұрыптық құрылыстарына, археологиясына, соның ішінде қола және ерте темір дәуірінің ғұрыптық құрылыстарына тарихнамалық талдау жасалынды. Зерттеуге негіз етіп алынған Орталық Қазақстанның археологиялық және Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы, Сарыарқа археологиялық экспедициясының мәліметтері мен басқа аймақтарды зерттеу экспедициялардың материалдары, этнография саласы бойынша кешенді зерттеулер, еліміздің белгілі ғалымдарының ғылыми жұмыстары, сонымен қатар шетелдік ғалымдардың еңбектері мен деректері тақырыпты ашуға септігін тигізді. Археология ғылымының жанданған кезеңі - Кеңес үкіметі тұсында қазба жұмыстары фронталды түрде жүзеге аса бастады. Бастысы, археологиялық мектеп қалыптасты. Сол мектептің Орталық Қазақстанды зерттеген ірі ғалымдарының еңбектері бойынша салыстырмалы түрде сараланды. Тәуелсіздік алғанға дейін және алғаннан кейінгі жылдарда ғұрыптық құрылыстарды зерттеу бойынша атқарылған жұмыстарға, ескерткіштерді зерттеудің бағыттарына объективті баға берілді. Қазақстан тарихында деректану және тарихнама ғылымы кешеуілдеп жатқан болса, археология ғылымында ғұрыптық құрылыстардың тарихнамасына арналған жеке еңбек жоқтың қасы. Локальді аймақ ретінде қарастырылып отырған Орталық Қазақстанның ғұрыптық құрылыстарына қатысты археологиялық деректер жүйеленбеген. Зерттеу барысында мақсат-міндеттерінде көрсетілген критерийлерді негізге ала отырып, тақырыптың құндылығын ашуға тырыстық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық Қазақстан темір дәуірінде
Қазақ Алтай жеріндегі көне түріктердің жерлеу ғұрыптық ескерткіштері
Шыңғыстау өңірінің қола дәуірі ескерткіштері
Түркі дәуірінің тас мүсіндері
Сақ ескерткіштері
Жетісу жеріндегі түркі дәуірі ескерткіштерінің зерттелуі
Беғазы-Дәндібай мәдениеті туралы ақпарат
Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі
Орталық Қазақстан ерте көшпелілерінің әлеуметтік құрылымы
Сарматтардың ғұрыптық кешендері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz