Қазақстанды дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1-тарау. Қазақстанды дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялау

  1. Халықаралық экономикалық қатынастардың мәні және ерекшеліктері
  2. Қазақстанды дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялая бағыттары
  3. Қазақстан және аймақтық интеграциялық топтар.

2-тарау. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІ жӘне одағы Қазақстанның қатысуы МЕН РӨЛІ

2. 1 Қазақстанның халықаралық саудадағы орны және рөлі

2. 2 Халықаралық тауар айырбасындағы дамушы елдердің орны мен рөлі

2. 3 Қазақстанның дамушы елдермен экономикалық қатынастарының

болашағы

2. 4 Қазақстан және Тмд-ның экономикалық қатынастарының

болашағмен мақсаттары

3-тарау. Қазақстанның ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАда қатысуы

3. 1 Халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастары жүйесіндегі

Қазақстанның орыны

3. 2 Халықаралық экономикалық ұйымдар және олардың Қазақстандағы

қызметі

3. 3 Орталық Азия Экономикалық кеңістігі

Қорытынды

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

XX ғасырдың екінші жартысындағы дүниежүзілік шаруашылықтың айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі - халықаралық экономикалық қатынастардың жедел әрі қарқынды дамуы.

Әр түрлі мекемелер мен фирмалардың, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы екі жақты, көп жақты экономикалық қатынастардың кең қанат жайып, тамырын терең тарта бастағанының куәсі болып отырмыз. Бұл процестер халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуінен, шаруашылық өмірдің интернационалдануынан, ұлттық экономика-лардың мейлінше ашықтыққа ұмтылысынан, аймақтық халықарлық құрылымдардың жақындасып, өзара пайдалы көмек арқылы нығайып, дами бастағанынан көрінеді. Әрине, аталған процестер оңайлықпен жүріп жатқан жоқ. Бұлар бәсекелі, қайшылықты, диалектикалық қозғалыс, құбылыстарға толы процестер. Халықаралық экономикалык, қатынастардың диалектикасының өзі жекелеген елдердің экономикалық тәуелсіздік пен ұлттық шаруашылықты көркейтуге деген ұмтылысының көрінісі. Дүниежүзілік шаруашылықтың нығайып, интернационалдануы, ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтығы, дамудың жаңа, тиімді арналарының пайда болуы - осының бәрі экономикалық өсудің диалектикасы.

Қазіргі кезеңде адамзат әлемін "ақ, қара" деп жіктеп, оған "капитализм", “социализм" атты айдар тағушылықпен қоса жасанды антагонизмдер де келмеске кетгі. Біздің заманымыз өзара байланысты, экономикалық дамудың жалпыға ортақ заңдылықтарына бағынатын біртұтас әлем. Сондықтан еліміздің ойдағыдай өркендеп, гүлденуі үлгін сыртқы экономикалық байланыстардың маңызы зор.

Қазақстан Республикасы бұрынғы кеңес өкіметі тұсында халықаралық экономикалық қатынастардың субъектісі бола алған жоқ. Сыртқы экономикалық байланыстардың субъектісі болуына оған ешкім мүмкіндік те берген жоқ еді.

Ал, қазір Қазақстанның егеменді ел ретінде қалыптасуы барысында халықаралық экономикалық қатынастар ғылымын қолға алып, оны оқытуды жетілдіру көкейтесті мәселеге айналып отыр.

Еліміздің сыртқы экономикалық байланыстарын орнықтырып, дамытудың қазіргі кезеңі сол қатынастардың нысандары мен әдістерін түбегейлі өзгерту қажеттігімен айқындалады. Меншік құқының қандай түрінде болмасын отандық жүздеген фирмалар мен кәсіпорындар халықаралық экономикалық қарым-қатынастарға қосылып, оның белсенді мүшесі болуға ұмтылуда. Бұл, әрине, мейлінше қолдауға тұрарлық құбылыс. Дегенмен, қазақстандық өндірушілер мен тұтынушылардың дүниежүзілік сауда-саттық процесіне еркін адымдап кіруіне, экономикалық интеграцияның шарапаттарын пайдалануына кедергі боларлық себептер де жоқ емес. Сол себептердің бірі халықаралық экономикалық қатынастар саласындағы бай тәжірибені екшейтін, әлемдік рыноктың ерекшеліктерін талдайтын қазақ тіліндегі оқу құралдарының тапшылығы. Халықаралық, рыноктық орта өзінің экономикалық, ұйымдык,, заңдық т. б. аспектілері бойынша біздің елде қалыптасып, орныққан шаруашылық қызметін жүргізу әдісамалдарынан өзгеше екендігі мәлім. Соңғы уақытқа дейін орын алып келген сыртқы экономикалық қатынастарға деген көзқарасымыз рыноктың заңдарына сәйкес құрылған экономикалық жүйелерде өзінің шарасыздығын, тіпті кейбір сәттерде зшшды екендігін көрсетіп жүр. Мұның өзі шетелдік әріптестермен өзара түсінікті, бірлескен іс-қимылдарды атқаруды күрделендіреді, тіпті заяға кетіреді.

Сондықтан да, біз халықаралық экономикалық қатынастардың мақсаттары мен міндеттерін, оның құрылымын және жүзеге асыру механизмі мен ерекшеліктерін, дамуының негізгі тенденциялары мен өзгешеліктерін тұңғыш рет қазақ тілінде жазылып отырған осы оқу құралында қарастырамыз.

1-тарау. Қазақстанды дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялау

1. 1. Халықаралық экономикалық қатынастардың мәні және

ерекшеліктері

Қазіргі халықаралық экономикалық қатынастардың дамуының мәні, ерекшелігі және деңгейі мыналардан көрінеді:

  • дүниежүзілік шаруашылықтағы халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі;
  • дайын өнімдердің саудасы көлемінің, құрылымының, сапасының өзгеруі оның таза алыпсатарлықтан ұлттық өндіріске қызмет көрсетушіге айналуы;
  • капиталдар келуінің қарқыны;
  • ғылыми-техникалық білімдер айырбасының және қызмет көрсетулердің дамуы;
  • жұмысшы күштері миграциясының өсуі;
  • жекелеген елдер мен аймақтардың экономикаларының үйлесу процестерінің жеделдеуі және кеңеюі.

Өнеркәсібі дамыған елдердің (мысалы, Еуропалық Одақ елдері) сауда, өндіріс және несиеқаржы мәселелерінде жеткен жоғары деңгейі дүниежүзілік шаруашылық кешенінің қалыптаса бастағанының белгісі. Еуропалық Одаққа қатысушылар мемлекеттік шекаралары бола тұра біртұтас шаруашылық жүйесінің құрамдас бөліктері тәрізді қызмет атқаруда. Сөйтіп, іс жүзінде шаруашылық өмірдің интернационалдануы процесі жүріп жатыр. Жалпы, интернационалдану деген ұғымның астарында әлемдік шаруашылық байланыстары жүйесінің көп деңгейлілігі жатыр. Бұл деңгейлер жекелеген елдерді бүкіл дүниежүзілік кешенге біріктіру мақсатында пайдаланылады.

Интернационалдану дегеніміз халықаралық еңбек бөлінісі негізінде жекелеген елдер арасындағы тұрақты өндірістік-экономикалық байланыстарды қалыптастыру. XX ғасырда айырбастың интернационалдануы капитал мен өндірістің интернационалдануына жалғасты. Өндірістің халықаралық мамандануы мен кооперациясы жедел дами бастады. Ішкі ұлттық рыноктың шеңбері ірі көлемді маманданған өндіріске тарлық етті. Сондықтан, ол (өндіріс) ұлттық шекарадан объективті түрде шығады.

Ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП) әсерімен өндірістің интернационалдануы қай елде болмасын тек қана өз өндірісімен шұғылдануын экономикалық жағынан тиімсіз етеді. Дербес, ұлттық экономикалар дүниежүзілік экономикадан өз орнын іздейді, соған “бір кірпіш болып қалануға" мүлделі болады.

Жұмысшы күшінің қозғалысы, кадрлар даярлау, мамандармен алмасу уақыт озған сайын интернационалдық мәнге толыға береді.

Аталған байланыстардың қалыптасу заңдылықтарын зерттеп, болашағын болжау дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымына бастайтын төте жол. Жекелеген елдердің экономикаларының жақындасып, үйлесуі негізінде бүкіл дүниежүзілік капиталдар, тауарлар және қызмет көрсетулер рыногы қалыптасады, сөйтіп біртұтас дүниежүзілік шаруашылық кешенінің құрылу мерзімі жақындайды. Бұл халықаралық экономикалық қатынастардың ең жоғарғы деңгейі. Демек, дүниежүзілік экономиканы неғұрлым халықаралық экономикалық қатынастардың кешенді жүйесі ретінде қарастыру, соғұрлым дүниежүзілік рынокқа жеткізер жолды жеңілдетеді.

Халықаралық экономикалық қатынастардың әлемдік деңгейін екі тұрғыдан талдап көрсетуге болады. Макроэкономикалық деңгейде оны жекелеген елдер мен аймақтардың халықаралық экономикалык, белсенділігі мен шетелге шығуға ұмтылыстары айғақтайды. Мұндай ұмтылыстардың көздеген мақсаты - экономиқалық еркіндік, сауда мен инвестициялар жолындағы кедергілерді жою, еркін экономикалық аймақтарды құру т, б.

Микроэкономикалық деңгейде мұны фирмалар мен кәсіпорындардың ішкі рыноктың шеңберінен шығын, әлемдік рыноктық кеңістіктерге ұмтылыстары байқатады. Мысалы, Солтүстік Америка, Батыс Еуропа, Жапония елдерінің "бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару" ниеттері халықаралық экономикалық қатынастардың әлемдік кеңістіктерді игеруге ұмтылыстарының дәлелі.

Біздің заманымыздың бірталай қайшылықтарына қарамастан, оның басты белгісі мемлекеттердің бір-бірімен қарсыласуы емес, қайта бірлескен іс-қимылдар мен өзара түсіністіктерді ортақ мүлделерге пайдалану болып отыр.

Біртұтас, өзара байланысты және өзара тәуелді, мей-лінше дамыған әлеуметтік әділетті қоғам құру - дүние-жүзілік шаруашылықтың негізгі тенденциясы. Әрине, мұны проблемасы жоқ, тек қана ілгерілеуші қозғалыс деп айту әлі ертерек болар еді.

Бұл қозғалыстың ілгерілеуіне мыналар әсер етеді:

  • индустриалды қоғамнан постиндустриалды, ақпаратты қоғамға өту;
  • технологиялық төңкерістер;
  • энергия, шикізат және азық-түлік мәселелерін шешу;
  • экологияның әлемдік проблемаларының шешімін табу.

Бұл қозғалысқа теріс ықпалын тигізетін қауіпті де қатерлі күштерге ұлтшылдық, нәсілшілдік, діни фанатизм жатады.

Сонымен, қазіргі уақыттағы халықаралық экономикалық қатынастардың мәні осы қатынастардың қарқындылығын арттырып, оларға жаңа келбет пен жаңа мазмұн беруде болып тур.

1. 2 Қазақстанды дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялая бағыттары

Қазақстан экономикасын дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялау және оның халықаралық қатынастар мен халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді қатысу процестері енді ғана басталып келе жатыр. Дегенмен, мемлекетіміздің соңғы жылдардағы ұтылды әрі өзара тиімді сыртқы экономикалық байланыстарды нығайтып, дамытуға ұмтылыстарын атау керек. Еліміздің дүниежүзілік интеграциялық процестерге қатысып, көп жақты ынтымақтастықты қалыптастыруға мүдделілігі орнығып келеді.

Бұл арада, ең алдымен Ресей Федерациясымен өзара экономикалық қарым-қатынастардың жөні ерекше. Еуразиялық кеңістіктің едәуір бөлігіне орналасқан екі елдің қарым-қатынастары осы кеңістіктегі экономикалық тұрақтылықтың алғышарты және қуатты кепілі. Ресеймен, т. б. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерімен Кеден, Төлем және Валюта одақтарын қалыптастыру жұмыстары тұрақты түрде жалғасып келеді. Бұл жұмыстардың қорытындысы қатысушы елдердің экономикалық дамуына өзінің игі әсерін тигізері даусыз. Орталық Азия мемлекеттерімен, ең алдымен Өзбекстан және Қырғызстанмен ынтымақастық жүйелі және қарқынды дамыту және одан әрі кеңейту мәселелері күн тәртібінен түскен емес.

Бул аймақтағы өзара тиімді экономикалық байланыстардың негізгілеріне отын-энергетика және су ресурстарын пайдалану, құрлықтық сипаттағы газ құбырларын тарту, көлік магистралдары мен байланыс жүйелерінің құрылыстарын салу мен пайдалану жатады.

Экономикасы мейлінше дамыған едердің ішінде Америка Құрама Штаттарымен Экономикалық әріптестік өзінің оң нәтижелерін бере бастады. Соңғы жылдарда АҚШ-пен сауда-экономикалық қарым-қатынас саласында біраз келісімдерге қол жетті. Атап айтсақ, Сауда келісімі жасалып, оған мемлекет басшылары қол қойды. АҚШ-пен саудада біздің еліміз барынша қолайлылық берілген ел мәртебесіне ие болып отыр. Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатында Еуропалық бағыттың елеулі маңызы бар екені анық.

1996 жылы Қазақстан - Еуропалық Одақ бірлескен комитеті құрылды. Еуропалық Одақ елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру еліміз үшін елеулі саяси-экономикалық табыс болары сөзсіз.

Экономикасы қуатты және инвестициялық мүмкіндіктері мол Германия, Ұлыбритания, Франция сияқты елдермен экономикалық қарым-қатынастардың жүйелі түрде дамуы Қазақстан экономикасының жедел дамуына жәрдем болары анық.

Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея елдерімен тығыз іс-қимыл мен әріптестікті дамыту, екі жақты байланыстарды кушейту өз мүмкіндіктерінен әлі төмен. Қазақстан экономикасын жаңарту, гүлдендіру бағытында осы елдердің инвестициялары мен үздік технологияларын алу проблемасы ерекше ықылас пен талаггга қажет етеді.

АСЕАН-ға мүше елдермен, ең алдымен Индонезиямен, Малайзиямен, Сингапурмен экономикалық қарым-қатынастардың бізге тартымдылығы - ол елдердің тарихи қысқа мерзім ішінде қол жеткен орасан экономикалық жетістіктерінің іс-тәжірибесі.

Туркия, Иран, Сауд Арабиясы т. б. Таяу және Орта Шығыс елдерімен экономикалық ынтымақтастыққа мүлделілігіміз жекелеген бағыттарды ұстанып қалмай, көп жақты шаруашылық байланыстарға ұмтылысымыздың сипатын көрсетеді.

Қазақстан экспортының құрылымында шикізаттық бағыттың басым екендігі белгілі. Халықаралық интеграциялық процестерге еркін үйлесуді шешуге мынадай алғышартгарды орындау көмектеседі:

  • Қазақстанның рыноктық экономиканы дамытудағы негізгі кезеңдерден жеделдете өтуі;
  • КСРО-ның ыдырауымен байланысты бұзылған экономикалық үйлестіру процестерін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері шеңберінде мүмкіндігінше тезірек қайта жаңғырту;
  • Өнеркәсібі дамыған және дамушы елдермен, әр түрлі экономикалық топтармен байланыс механизмін жетілдіре беру;
  • Еліміздегі саяси халахуалдың турақтылығын қамтамасыз ету;
  • Қолайлы инвестициялык, ахуал жасап, экономикамызға ауадай қажет шетел инвестицияларын тарту және оларды жоғары тиімділікпен пайдалану;
  • Эспорт пен импорттың арақатынасын жіті қадағалап, белсенді сыртқы экономикалық саясат жүргізу;
  • Экономиканың ғылыми-техникалық прогресс жолымен дамуын ынталандыру;

Аталған мәселелерді шешу үшін Қазақстанда дамыган ғылыми-техникалық база мен шикізат қорларының мол көздері бар. Әрине, шикізаттың мол қорлары өздігінен, автоматты турде гулденуді қамтамасыз ете алмайды. Қазбалы байлықтар Қазақстан экономикасының өсіп, жетілуінің негізі екені даусыз, дегенмен тоқмейілсуге орын жоқ.

Дүниежүзілік рынокқа қосылудың оңай жолдары жоқ. Ондағы қалыптасқан қатаң бәсекеге төтеп беріп, оңтайын таба білу үшін рынок конъюнктурасының сырларын талмай уйрену қажет. Бұл ретте еліміздің экономикалық қауіпсіздігі де естен шығармайтын мәселе.

Дүниежүзілік шаруашылықтың талаптарын, халықаралық экономикалық қатынастардағы бәсекенің қыр-сырын үйреніп, жете тусіну - қазақстандық кәсіпорындар мен фирмалардың әлемдік рынокқа қосылуының негізгі шарттары.

1. 3 Қазақстан және аймақтық интеграциялық топтар.

Қазіргі заман жағдайында мемлекеттің табысты дамуының негізі макроэкономикалық тұрақтылық - инфляцияға ұшырамаған ақша-несие саясаты, бюджет тапшылығына қатаң бақылау жасау мен қалыпты баға белгілеу, сондай-ақ сыртқы саудадағы ашықтық-экспортты ынталандыру, импортты барынша шектеу, біртұтас импорт тарифы, ұлттық валютаның икемді құны мен сыртқы инвестиция үшін қолайлы ахуал жасау болып табылады.

“Қоғамдық өмірдің шешуші саласы - экономика саласындағы стратегия мен тактиканың мәні құрылымдық және технологиялық артта қалушылықты бір мезгілде жоя отырып, нарықтық жүйеге көшуді одан әрі жалғастыру болып табылады" 1 .

Қазақстанның аймақтық интеграциялық топтармен қарым-қатынасын сөз еткенде ең бірінші кезекте ТМД елдерімен күш жігерді біріктіру мақсаттары тұрады. Өйткені ТМД елдерінің экономикалары бір-бірімен тығыз байланысқан. Сондықтан күш-қуатты бірлестірудің шын жақтастары бола отырып, қалыптасқан жағдайдан шығудың өзімізге тән жолын іздестіруге мәжбұр болып, ТМД елдерімен “интеграция" саясатынан “үйлестіру" саясатына көшуді жүзеге асыру қажет. Бұл саяси бағыт абыр-сабырсыз және қауіпті шыдамсыздықсыз, ішкі потенциалдық мүмкіндіктерге сүйене отырып жүзеге асырылуы тиіс. Ал, бұл мүмкіндіктер Қазақстанда жеткілікті.

Біріншіден, бұл іс жүзінде кез-келген өндіріс түріне сенімді шикізат негізі болатын пайдалы қазба байлықтарының көптігі. Екіншіден, жерге қатысты реформаларды жүзеге асырғаннан кейін Қазақстанға тіпті дүниежүзілік аренада азық-түлікті экспортқа шығаруда көзге түсуге мүмкіндік беретін ауыл шаруашылық жері мен егістіктің кең көлемі. Үшіншіден, жеткілікті мөлшерде дамыған өндірістік потенциалдың және барлық салаларда сауатты жұмысшылар контингентінің болуы. Төртіншіден, бай, бұрынғы жүйе кәдімгідей талап етпеген ғылыми идеялардың мол қоры, жаңалықтар мен өнертабыстар.

Республика байланыстарының қазіргі жай-күйі мен стратегиялық мүлдесін ескере отырып, сыртқы экономикалық саясат нақты маңызы бірдей мына бағыттар бойынша дамитын болады.

1. “ТМД" Ресеймен, Украинамен, Беларусьпен, Орталық Азия мемлекеттерімен және ТМД-ның басқа мемлекеттерімен экономикалық одақты сақтап, нығайту. Бұл орайда мыналар ескеріледі:

а) кәсіпорындар арасындағы тығыз байланыстар;

б) дүние жүзілік рыноктағы бағаны түсірмеу үшін шикізат эксперты саласындағы іс-әрекетті үйлестіру қажеттігі;

в) Еуропа мен Таяу Шығысқа біздің жүктердің транзитін қамтамасыз ету;

г) ғылыми-техникалык, орталықтарды бірлесіп пайдалану және конверсияны жүргізу.

2. «Азия - Тынық мұхиты аймағы» Пекин - Сеул - Токио арқылы Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдеріне шығу. Бұл бағыттың алдыңғы қатарлы технологиялар, ірі көлемде инвестициялар мүмкіндігі бар несие көзі, болашақта - біздің өнімді өткізу және Қазақстанда бірқатар жобаларды іске асыру үшін жұмысшы күшін қатыстыру рыногі ретінде үлкен мәні бар.

3. «Азия». Ықтимал өткізу рыногы және нарықтық экономиканы дамыту үлгілерінің бірі ретінде Туркияға басты назар аудару. Экономикаға инвестиция тарту үшін Шығыс және Алдыңғы Азия елдерімен ынтымақтастық.

4. «Еуропа» ГФР-ға басым назар аударылады, ол ТМД-ға барлығынан да көп қаржы салуға әзір. Айтарлықтай неміс диаспорасы болуының арқасында Қазақстанмен ірі көлемде ынтымақтастық жасалуы мүмкін. Оның үстіне ГФР-дің экономикалық үлгісі біз үшін неғұрлым тартымды. Инфрақұрылымды дамыту және кадрларды оқыту мақсатында техникалық жәрдем мен несие алу үшін Еуропа экономикалық қоғамдастығымен ынтымақтастық. Бірқатар салада Шығыс Еуропа елдерімен өзара іс-қимыл сақталады.

5. «Америка» Дүние жүзінің жетекші экономикалық державасы ретінде АҚШ-қа басты назар аудару. Мексикамен және Латын Америкасының басқа елдерімен байланыстардың болашағы өте зор.

6. Халықаралық ұйымдардағы: Халықаралық валюта қоры, Халықаралық даму және қайта құру банкі, басқа экономикалық ұйымдар, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымы, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы, шикізаттың жекелеген түрлерін экспортқа шығарушы елдер одағындағы қызмет өте маңызды жеке сала болып табылады.

«Дүние жүзі қоғамдастығымен қосылуға деген ұмтылысымызды білдіре отырып, халықаралық экономикалық стратегияларды үйлестірудің қалыптасқан құралдарын тануға біз әзірміз»1.

Республика Үкіметі бизнес үшін халықаралық сауданың қажетті болашағын құра отырып, халықаралық коммуникациялар қалыптастыру мен дамытуға жіті көңіл бөлуде. Қазірдің өзінде Қытайдағы теңіз жағалауынан басталып Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Иран және Түркия арқылы Парсы шығанағындағы порттарға дейін баратын Трансазия темір жол магистралі іске қосылды. Осы мемлекеттердің темір жол желісі арқылы Ресеймен, Еуропа және Таяу Шығыс елдерімен жаңа қатынас жолдары ашылады. Қолда бар және жоспарланып отырған темір жол маршруттарымен Қазақстан жыл сайын 15-20 млн. тонна жүк тасымалдау ниетінде. Ресейдің Транссибімен салыстырғанда жаңа Трансазия маршруты Жапония мен Германия арасындағы жүк тасымалдау жолын 2, 5 мың шақырымға қысқартады. Ал Суэц каналына шығып, теңіз арқылы тасумен салыстырғанда жол 10, 5 мың шақырымға қысқарады.

Каспий труба құбыры консорциумының барлык, ішкі проблемалары шешілді. Ол құбыр тарту құрылысына кірісіп, оны 1999 жылы аяқтайды. Мүның өзі қыруар мұнайды Қазақстаннан сырт жерге тасымалдауға мүмкіндік береді. Бірақ 2003-2005 жылдардан бастап балама мұнайгаз құбырлары қажет болады. Бұлар көмірсутегі өнімдерін сыртқа шығаруға және оны елдің ішінде тұтынуға бағдарланады. Әңгіме, атап айтк, анда, Кавказ дәлізін пайдаланудың мумкіндігі туралы болып отыр. Сондай-ақ мұнайды Жерорта теңізіне де, сондай-ақ Батыс Қытайдың аймақтарына да тасымалдау идеясының келешегі зор.

1997 жылы оптико-талшықты кабель пайдаланылатын Трансазия - Еуропа байланыс желісін іске қосу аяқталады. Мұның өзі таяу уақытта планетаның кез-келген нүктесіне бөгетсіз телекоммуникациялық жол ашуға мүмкіндік береді.

Еуропа қайта құру және даму банкісінің көмегімен Каспийдегі Ақтау теңіз портын қалпына келтіріп, жаңғырту жұмыстары басталды. Олар аяқталғаннан кейін порт екі миллион тонна құрғақ жүк және 6 миллион тоннага дейін мұнай мен мұнай өнімдерін жөнелте алады. Порт Иран арқылы Қазақстанның Таяу және Орта Шығыспен, ал Ресей өзендері мен Балтық теңізі арқылы Еуропамен сауда байланыстарын жасауын қамтамасыз етеді.

Қазақстан арқылы жаңа әуе көтрлерін жасау жөнінде де жедел жұмыс атқарылуда. Олар келешекте Еуропадан Оңтүстік-Шығыс Азияға және керісінше жолаушылар мен жүк тасымалдағанда шығынды едәуір қысқартуға, жаңа астана, еркін экономикалық аймақ болып табылатын

Ақмола қаласының құрылысын жеделдетуге жәрдемдеседі.

Соңғы жылдары Қазақстанға б миллиард доллардан астам капитал енгізіледі. Мұнда 2000-ға жуык, бірлескен кәсіпорын жұмыс істеуде. Жасалған келісім-шарттар бойынша узақ мерзімді инвестициялар сомасы 60 миллиард доллардан асып түседі. Бұл ТМД елдері мен Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің бүкіл инвестициялық портфелінің 40 процентіне жуығын құрайды.

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы, шикізаттың жекелеген түрлерін экспортқа шығарушы елдер арасындағы қызмет өте маңызды жеке сала болып табылады. «Дүние жүзі қоғамдастығымен қосылуға деген ұмтылысымызды білдіре отырып, халықаралық экономикалық стратегияларды үйлестірудің қалыптасқан құралдарын тануға біз әзірміз»2.


2-тарау. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІ жӘне одағы Қазақстанның қатысуы МЕН РӨЛІ

2. 1 Қазақстанның халықаралық саудадағы орны және рөлі

Қазақстанның егемен ел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға муше болуы ел экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынастарына интеграциялауға объективті жағдайлар жасады.

Қазақстан экономикасының бүгінгі жағдайын талдап қарасақ, онда біз мынадай оңды құбылыстарды байқар едік:

1. Теңгенің тұрақтылығының нығаюы. Егер 1995 жылы теңге доллармен салыстырғанда 28, 8 процент төмендеген болса, 1996 жылы 4, 5 процент қана төмендеді. Бұл тенденция 1997 жылы және одан әрі де сақталады деп күтілуде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық нарық
Дүниежүзілік экономикалық қатнастар
Қазақстан Республикасының экономикалық потенциалы
Экономикалық қатынастардың қазіргі жағдайдағы дамуы
Қазастандағы көлік жолдары
Қазіргі заманда қалыптасқан экологиялық жағдайлар
География – экология – қоршаған орта
Қазақстандағы туризм дамуының қазіргі жағдайы проблемалары 12 және даму болашағы
Интеграциялық процестің дамуындағы Қазақстан Республикасының алатын орны
Қазақстан және дүниежүзілік сауда ұйымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz