Оқу-әдістемелік кешен
1. Кіріспе. Delphi ортасымен танысу
2. Визуалдық программалау негіздері
3. Delphi тілінің басқарушы құрылымдары. Консолдық қосымша.
4. Массивтер
5. Символдар мен жолдар.
6. Программистің өзі анықтайтын деректердің типтері
7. Файлдар
8. Процедуралар мен функциялар
9. Арнайы күйлерді өңдеу
10. Графикалық мүмкіндіктер
11. Мултимедиалық мүмкіндіктер
12. Мәліметтер қоры
13. Мәліметтер қорымен жұмыс істеу негіздері
14. ОБП элементтері
15. Қолданушының компоненттерін құру

Borland корпорациясы аз ғана мерзім ішінде Delphi-дің 7 негізгі версиялары мен бірнеше модификацияларын шығарды. Delphi 7 версиясында өте көп өзгерістер енгізілген. Программалармен қамтаматсыз етудің тиімді өңдеу құралдарын қажет ету “жылдам жасау” ортасы деп аталатын программалау жүйелерінің пайда болуына алып келді. Мұндай ортаға мысал ретінде Borland Delphi жатады. Жылдам жасау RAD – жүйесіне “Rapid Application Development” жүйесінің негізі визуалды жобалау және оқиғаны өңдеуді программалар технологиясы жатады, оның мағынасы өңдеу үнемсіз жұмыстың көп бөлігін өзіне алады да, программистке сұхбат терезелерді және оқиғаны өңдеу функциясын құрастыру жұмыстары қалады. Ортада қатаң типтелген объектіге бағдарлы тіл қолданылады, оның негізіне Object Pascal (Turbo Pascal жалғасы) жатады. Delphi әртүрлі программаларды құруға мүмкіндік береді: қарапайым біртерезелі қосымшалардан тармақталған дерекқорларды басқару программаларына дейін. Delphi-дің ұлғайтылған мүмкіндіктері графикпен, мультимедиямен, дерекқорларымен жұмыс істейтін және динамикалық құрылымдармен қосымшаларды құруға мүмкіндік береді. Delphi-дің айрықша ерекшелігі .NET технологиясының сүйемелдеуі болып табылады.
Delphi тілінде программалау ортасымен танысу
Delphi тіліндегі қолданбалы программалар немесе қосымшалар IDE (Integrated Development Environment) дамытылған құрылымдық ортада орындалады. IDE ортасы программалаушының қарым-қатынасын ұйымдастырып, әртүрлі басқару элементтерінен құралған бірнеше терезелерден тұрады. Осы ортаның құралдарын пайдалана отырып, қосымшаның интерфейстік бөлігін жобалауға, программаның кодын жазуға және оны басқару элементтерімен байланыстыруға болады. Аталған жұмыстар және программаны түзету, оны орындау әрекеттері IDE ортасында орындалады.
Delphi ортасын іске қосу үшін, келесі командаларды пайдалану керек: Пуск —> Программы —> Borland Delphi — Delphi 7.
Delphi-дің ортасы көптерезелік жүйе деп саналады және икемделуіне байланысты оның көрнісі жүктелгеннен кейін келесі түрде болуы мүмкін (1- сурет). Интерфейстің құрамына 4 терезе кіреді:

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 142 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 142 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты
“Компьютерде машықтану” пәні бойынша
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
(SILLABUS)
Алматы 2006ж.

Информатика кафедрасы
“БЕКІТЕМІН”
Оқу ісі жөніндегі проректор
_______________ Ж.А.Қараев
“_____” ____________ 200__ж.
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
(SILLABUS)
Пәннің аты: Компьютерде машықтану
Мамандық (шифр) 050602 – “Информатика”
Кредиттер саны: 3
Алматы 200__ ж.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі дайындаған жалпыға
міндетті білім беру стандарты және типтік оқыту бағдарламасы негізінде
құрастырылған.
Оқу-әдістемелік бағдарламаны құрастырушылар: т.ғ.к. Махметова А.М.
Кафедраның ____ _______________ 2006 ж. мәжілісінде талқыланған,
хаттама №___
Кафедра меңгерушісі ________________________ т.ғ.к., доцент
Г.И.Салғараева
Физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланып,
бекітілген ____ _______________ 2006 ж. Хаттама №___
Факультет ОӘК төрайымы __________________ п.ғ.к., доцент Б.Қасқатаева
“КЕЛІСІЛДІ”
Факультет деканы __________________ ф-м.ғ.к., доцент С.М.Кеңесбаев
____ _______________ 2006 ж.
Студенттің пәндік оқу-әдістемелік кешені
1. Пәннің оқу бағдарламасы - SILLABUS
1. Оқытушылар жөніндегі мәліметтер
Пән оқытушылары: аға оқытушы А.М.Махметова
Байланыс түрі: Информатика кафедрасы, 33-18-41
Кафедрада болу уақыты:
2. Пән туралы мәліметтер
Пәннің аты: Компьютерде машықтану
Кредиттер саны: 3
Сабақ жүргізілетін орын: компьютер дәрісханасы
Оқу жоспарынан көшірме
Күндізгі бөлім
Шифр, Кредит 1 семестр
мамандық саны
050602 3
№1 үй Cұрау, Delphi ортасымен [1],[2] – 1 2 апта
жұмысы. баяндау танысу. Объектілертараулар;
инспекторы. [3] - 1
Формалар терезесі.тарау
Визуалдық
программалау
негіздері
№2 үй Cұрау, Standard [1],[2] - 1 3 апта
жұмысы баяндау парағының TLabel, тараулар;
TEdit, TButton, [3] - 1
TChexBox, TMemo, тарау.
TradioButton,
TMainMenu,
TPopupMenu
компоненттері
№3 үй Cұрау, Additional [1],[2] - 1 4 апта
жұмысы баяндау парағының тараулар;
Bitbnt, Image, [3] - 1
StringGrid тарау.
компоненттері
№4 үй Жеке Сызықтық [1],[2] - 1 5 апта
жұмысы тапсырмағаалгоритмдерді тараулар;
программа программалау [3] - 1
құру тарау.
№5 үй Жеке Тармақталу [1], [2] - 6 апта
жұмысы тапсырмағаалгоритмін 2 тараулар;
программа программалау [3] - 2
құру тарау.
№6 үй Жеке Қайталану [1], [2] - 7-8 апта
жұмысы тапсырмағаалгоритмін 3 тарау.
программа программалау [3] -
құру 3,15,17
тараулар.
1-ші аралық 30
бақылау
№7 үй Жеке Бір өлшемді [1], [2] - 9-10 апта
жұмысы тапсырмағамассивтерді өңдеу 3 тарау.
программа [3] -
құру 3,15,17
тараулар.
№8 үй Жеке Екі өлшемді [1], [2] - 11-12 апта

№9 үй Жеке Символдық [1] -3,13,14 13-14 апта
жұмысы тапсырмағамәліметтерді өңдеутараулар;
программа [2] -
құру 3,13,14
тараулар;
[3]- 17
тарау.
№10 үй Жеке Графика. Функция [1] -3,13,14 15 апта
жұмысы тапсырмағаграфигін тұрғызу. тараулар;
программа [2] -
құру 3,13,14
тараулар;
[3]- 17
тарау.
2-ші аралық 30
бақылау
Емтихан 40
Барлығы 100
1.7. Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1. Фаронов В.В. Система программирования DELPHI. -СПб.:БХВ-Петербург,
2004. -912с.
2. Фаронов В.В. DELPHI. Программирование на языке высокого уровня.
-СПб.:Питер, 2004. -640с.
3. Архангельский А.Я.. Программирование в DELPHI. 7. -М.:ООО “Бином-
Пресс”,2005. -1152с.
4. Фаронов В.В. Программирование баз данных в DELPHI 7. -СПб.:Питер,
2005. -459с.
Қосымша:
5. Фаронов В.В. Программирование баз данных в DELPHI 6. -СПб.:Питер,
2003. -352с.
6. Глушаков А.Л. и другие. Программирование на Delphi 5.0. -Харьков:
ФОЛИО, 2002.
7. Суворов К.Ф., Черемных М.Н. Справочник DELPHI. -СПб.: БХВ-Петербург,
2004.
1.8. Бағалау ақпараты және критериясы
Қорытынды бағалауға:
Ағымдық бақылау – 60%
Емтихан - 40%
Қорытынды бағалау келесі формула бойынша есептелінеді:
мұндағы:
ИО - қорытынды бақылау;
Р1 – бірінші аралық бақылау бағасының сандық эквиваленті;
Р2 – екінші аралық бақылау бағасының сандық эквиваленті;
Е – емтихан бағасының сандық эквиваленті.
Баға қою саясаты
Қорытынды баға осы курс бойынша Сіздердің алған нәтіжелерге сәйкес
төмендегі бағыттар бойынша бағаланады:
✓ үй тапсырмасы (макс. балл-10)
✓ ағымдық бақылау (макс. балл-20)
✓ аралық бақылау (макс. балл-30)
✓ қорытынды емтихан (макс. балл-40)
Төмендегі кестеде оқытудың кредиттік технологиясымен жалпылама
қабылданған, әріптік символдар қолданылатын, GPA – студенттің оқу
жетістіктері деңгейінің орташа бағасын – анықтау үшін қажет бағалау жүйесі
көрсетілген.
Әріптік жүйе бойыншаБалдардың цифрлік Балдары Дәстүрлі жүйе бойынша
бағалануы эквиваленті бағалануы
А 4,0 95-100
Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89
Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74
Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0 0-49 Қанағаттанарлықсыз
“Компьютерде машықтану” пәні бойынша емтихан нәтижелері бойынша
рейтингтік балдардың бөлінуі:
Студенттердің жауаптарының Балдары Бағасы
дұрыстығын бағалау, (
90-100 37-40 5 (өте жақсы)
75-89 31-36 4 (жақсы)
50-74 20-30 3 (қанағат.)
0-49 0-19 2 (қанағат-сыз)
Курстың саясаты – бұл оқытушының курсты оқыту барысында студентке қоятын
талаптар жүйесі. Төменде ұсынылатын талаптар тізімі көрсетілген:
✓ сабақты жібермеу;
✓ сабаққа кешікпей келу;
✓ сабақ үстінде сөйлеспеу;
✓ сабақ үстінде сағыз шайнамау;
✓ үй тапсырмаларын уақытында орындау;
✓ оқу үрдісіне белсенді қатысу және т.с.с.
Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
2.1. Курстың тақырыптық жоспары
Тақырып аты Академиялық сағаттар саны
Дәріс СОӨЖ СӨЖ
1. Кіріспе. Delphi ортасымен танысу 2 2 2
2. Визуалдық программалау негіздері 2 2 2
3. Delphi тілінің басқарушы құрылымдары. 2 2 2
Консолдық қосымша.
4. Массивтер 2 2 2
5. Символдар мен жолдар. 2 2 2
6. Программистің өзі анықтайтын деректердің 2 2 2
типтері
7. Файлдар 2 2 2
8. Процедуралар мен функциялар 2 2 2
9. Арнайы күйлерді өңдеу 2 2 2
10. Графикалық мүмкіндіктер 2 2 2
11. Мултимедиалық мүмкіндіктер 2 2 2
12. Мәліметтер қоры 2 2 2
13. Мәліметтер қорымен жұмыс істеу негіздері 2 2 2
14. ОБП элементтері 2 2 2
15. Қолданушының компоненттерін құру 2 2 2
Глоссарий
ABSOLUTE Абсолютті айнымалы белгісі
ASSEMBLER Ассемблерде жазылған көмекші программа (подпрограмма)
AND Логикалық амал – ЖӘНЕ
ARRAY Массивті сипаттаудың басы
ASM Ассемблердегі блоктың басы
BEGIN Программа денесінің, қосалқы программаның, құрама
оператордың басы
CASE Таңдау операторының басы
CONST Тұрақтыларды сипаттау бөлімінің басы
CONSTRUCTOR Объектінің құрылымы
DIV Бөліндінің бүтін бөлігін анықтау
DO Орындау - FOR, WHILE операторындағы циклдың басталуы
DOWNTO Цикл параметрінің соңғы мәнінен бастапқы мәніне
өзгеруі (кему қадамы)
ELSE IF шартты көшу және CASE таңдау операторларындағы
ӘЙТПЕСЕ бөлімі
END Программаның, қосалқы программаның, модульдің, құрама
оператордың соңын баяндау
EXTERNAL Ішкі қосалқы программаның мәліметтері
FILE Файлдық тип
FOR Параметрлі қайталану операторының басы
FORWARD Қосалқы программаның тақырыбындағы мәліметтер
FUNCTION Қосалқы программа – функцияның басы
GOTO Шартсыз көшу
IF Шартты көшу операторының басы
IMPLEMENTATION Модульдің орындалушы бөлігі
IN Жиында элементтің бар екендігін тексеру
INHERITED Жалғастыру әдісі
INLINE Ассемблерде жазылған программа бөлігін қосу
INTERFACE Модуль интерфейсі
INTERRUPT Процедура дерективасы
LABEL Белгілерді сипаттау бөлігінің атауы
MOD Бөліндінің бүтін қалдығын анықтау
NIL Бос сілтеу
NEAR Жақын адресті форматтау
NOT Логикалық амал – ЕМЕС
OBJECT Объект
OF Массив типін сипаттау бөлігінің, файлдың, CASE
операторындағы тұрақтыларды анықтаудың басы
OR Логикалық амал – НЕМЕСЕ
PACKED Жинақталған массив белгісі
PRIVATE Объект секциясының басталуы
PROCEDURE Қосалқы программа – процедураның басы
PROGRAM Программаның басы
PUBLIC Сыртқы объект секциясының басы
RECORD Жазба типінің басы
REPEAT Шарт бойынша қайталауды ұйымдастыру операторы
SET Жиын типі
SHL Бос разрядтарды солға жалғастыру арқылы 0-мен толықтыру
SHR Бос разрядтарды оңға жалғастыру арқылы 0-мен толықтыру
STRING Жол
THEN ІҒ операторының ОНДА бөлігі
TO Цикл параметрінің бастапқы мәнінен соңғы мәніне дейін
өзгеруі (өсу қадамы)
ТУРЕ Тип бөлімінің атауы
UNIT Модульдің басы
UNTIL REPEAT операторының соңы
USES Орындалатын модульдің нұсқаушысы
VAR Айнымалыларды сипаттау бөлімінің атауы
VIRTUAL Виртуальдық әдіс
WHILE Алдын ала берілген шарт бойынша қайталануды ұйымдастыру
операторы
WITH Жазба операторының басы
XOR Логикалық амал – НЕМЕСЕ амалына кері амал
1 дәрістің тақырыбы: Кіріспе. Delphi ортасымен танысу
• Негізгі терезе мен компоненттер жинағы.
• Форма құрастырушының және объектілер бақылаушысының терезесі.
• Программа кодының терезесі.
Кіріспе
Borland корпорациясы аз ғана мерзім ішінде Delphi-дің 7 негізгі
версиялары мен бірнеше модификацияларын шығарды. Delphi 7 версиясында өте
көп өзгерістер енгізілген. Программалармен қамтаматсыз етудің тиімді өңдеу
құралдарын қажет ету “жылдам жасау” ортасы деп аталатын программалау
жүйелерінің пайда болуына алып келді. Мұндай ортаға мысал ретінде Borland
Delphi жатады. Жылдам жасау RAD – жүйесіне “Rapid Application Development”
жүйесінің негізі визуалды жобалау және оқиғаны өңдеуді программалар
технологиясы жатады, оның мағынасы өңдеу үнемсіз жұмыстың көп бөлігін
өзіне алады да, программистке сұхбат терезелерді және оқиғаны өңдеу
функциясын құрастыру жұмыстары қалады. Ортада қатаң типтелген объектіге
бағдарлы тіл қолданылады, оның негізіне Object Pascal (Turbo Pascal
жалғасы) жатады. Delphi әртүрлі программаларды құруға мүмкіндік береді:
қарапайым біртерезелі қосымшалардан тармақталған дерекқорларды басқару
программаларына дейін. Delphi-дің ұлғайтылған мүмкіндіктері графикпен,
мультимедиямен, дерекқорларымен жұмыс істейтін және динамикалық
құрылымдармен қосымшаларды құруға мүмкіндік береді. Delphi-дің айрықша
ерекшелігі .NET технологиясының сүйемелдеуі болып табылады.
Delphi тілінде программалау ортасымен танысу
Delphi тіліндегі қолданбалы программалар немесе қосымшалар IDE
(Integrated Development Environment) дамытылған құрылымдық ортада
орындалады. IDE ортасы программалаушының қарым-қатынасын ұйымдастырып,
әртүрлі басқару элементтерінен құралған бірнеше терезелерден тұрады. Осы
ортаның құралдарын пайдалана отырып, қосымшаның интерфейстік бөлігін
жобалауға, программаның кодын жазуға және оны басқару элементтерімен
байланыстыруға болады. Аталған жұмыстар және программаны түзету, оны
орындау әрекеттері IDE ортасында орындалады.
Delphi ортасын іске қосу үшін, келесі командаларды пайдалану керек:
Пуск — Программы — Borland Delphi — Delphi 7.
Delphi-дің ортасы көптерезелік жүйе деп саналады және икемделуіне
байланысты оның көрнісі жүктелгеннен кейін келесі түрде болуы мүмкін (1-
сурет). Интерфейстің құрамына 4 терезе кіреді:
1. Негізгі терезе (Project 1);
2. Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Inspector);
3. Формаларды құрастырушының терезесі (Form1);
4. Программа кодының терезесі (Unit1.pas).
Негізгі терезеден басқа терезелерді жылжытуға, экраннан алып тастауға
және олардың өлшемін өзгертуге болады. Delphi бір құжаттық орта, яғни бір
мезгілде тек қана бір қосымшамен жұмыс атқаруға болады. Программалар
жобасының атауы негізгі терезенің жоғарғы қатарында көрсетіледі.
Терезелерді кішірейту, үлкейту, жабу әрекеттері осы әрекеттердің Windows
ортасында орындалуымен бірдей болып келеді. Форманың терезесінен Unit
кодына өту және одан кері өту F12 пернесі арқылы орындалады. Кейде Delphi
жүктелгенде, Unit терезесі шығады. Сол жақтағы терезе Browser терезесі деп
аталады және бұл терезе арқылы программаның құрылымымен танысуға болады.
Delphi ортасынан шығу үшін негізгі терезені жабу керек.
Негізгі терезе мен компоненттер жинағы
Негiзгi терезе программаның жобасын құрудағы жұмыстарды басқарады және
Delphi ортасы iске қосылып тұрғанда мiндеттi түрде экранның жоғарғы
қатарында орналасады (2-сурет).
Бұл терезеде Delphi-дiң негiзгi меню жүйесi, пиктограммалық командалық
батырмалары мен
компоненттер палитрасы орналасады. Негiзгi меню жүйесiнiң опциялар
тақырыптарының құрамына iшкi меню кiредi.
Негiзгi меню жүйесiнiң элементтерi сол жағында ¦¦¦ таңба қойылған
арнайы панельдерде орналасады. Негiзгi менюден басқа элементтердi
панельдегi ¦¦¦ таңбасы арқылы негiзгi терезеден тыс экранның кез-келген
жерiне жылжытуға немесе мүлдем алып тастауға болады.
Компоненттер жинағы - Delphi-дiң негiзгi байлығы болып табылады. Ол
негiзгi терeзенiң оң жағында орналасып, қажеттi компонентті тез табуға
арналған белгiлерден тұрады (3-сурет).
Компонент деп белгiлi бiр қасиеттердi иемденген және форма терезесiнде
кез-келген объектiнi орналастыру мүмкiндiгiн туғызатын функционалды
элементтi айтады. Delphi ортасының компоненттері 19 топқа бөлiнген, ол
топтарды парақтар деп атайды. Компоненттер көмегiмен программаның негiзi
бөлiгi құрылады (терезелер, батырмалар, таңдау тiзiмдерi және т.с.с).
Батырмалар панелi сияқты компоненттер палитрасын икемдеуге болады. Ол
үшiн компоненттер палитрасына кiретiн кез-келген пиктограмманы тышқан
тетiгiнiң оң батырмасымен сырт еткiзiп, арнайы редакторды iске қосу керек.
Ашылған менюдегi Properties (қасиеттер) пунктiн таңдағанда 4–суреттегi оң
жақ терезе шығады.
Мысалы, 3-суретте көрiнбейтiн компоненттер арасындағы Dialogs парағын
алға жылжытсақ, бұл парақта жиi қолданылатын компоненттер орналасады. Ол
үшiн 4-суретте келтiрiлген терезеде Dialogs пунктiн тышқанның сол жақ
батырмасын басып тұрып, Dialogs пунктiн Data Aсcess пунктiнiң
орнына қою керек.
Форма құрастырушының және объектілер бақылаушысының терезесі.
Форма құрастырушысының немесе форманың терезесi - болашақ программаның
Windows терезесiнiң жобасы. Алдымен бұл терезе бос болады, дәлiрек айтсақ,
Windows-тiң стандартты интерфейстiк элементтерiнен: жүйелi менюдi шақыру,
терезенi үлкейту, кiшiрейту, жабу батырмаларынан, тақырып қатарынан және
қоршаған шегiнен тұрады. Бұл терезенiң жұмыс аймағы координттық
тордың нүктелерiмен реттелген.
Программалаудағы айтарлықтай уақытта Lego констукторының бөлiктерiмен
атқарылатын жұмыс сияқты компоненттер жинағынан қажеттi компонентті
таңдап, форманың терезесiнде орналастыруға болады. Сөйтiп, форма
терезесiнде қажеттi компоненттер бiрiнен соң бiрi орналастырылады.
Бұл ерекшелiк – визуалды (көрсеткiш) программалаудың негiзi болып табылады.
Программалаушы әр мезгiлде құрылатын программаның терезесiн бақылап отырып,
қажеттi өзгерiстердi кез-келген мезетте енгiзу мүмкiндiгiне ие болады.
Формадағы орналасқан әр компоненттер өзiнiң мекен-жайымен, мөлшерiмен,
түсiмен т.с.с. анықталады. Форманы құрастыру File = New = Form опциялары
арқылы орындалады. Шығып тұрған бос формаға бiр компонентті, мысалы
Standard парағының Button батырмасын орналастыру үшiн компоненттер
жинағындағы Standard белгiсiн сырт еткiзiп, парақты екпiндi күйге
келтiру керек.
Button батырмасының кескiнiн ажырату үшiн тышқанды баспай тұрып парақта
орналасқан белгiлердiң үстiнен жылжытып көрген сәтте компоненттердің аты
шығып тұрады.
қажеттi компонентті сырт еткiзiп белгiлеп, тышқанды форма аймағының кез-
келген жерiне сырт еткiзсек, форманың бетiнде Button1 элементi
пайда болады.
Компоненттің формадағы орнын, мөлшерiн форма терезесiнде бiрден
өзгертуге болады, ол үшiн компонентті тышқанның сол жақ батырмасымен
белгiлеу керек (кiшiгiрiм төртбұрыштылар пайда болады). Ендi белгiленген
компонентті тышқанның сол жақ батырмасымен басып тұрып, форма аймағының кез-
келген жерiне жылжытуға болады. Мөлшерiн өзгерту үшiн тышқанды элементтi
қоршап тұрған кез-келген төртбұрышқа орналастырсаңыз, пайда болған қос
бағытты тiк сызықты тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып жылжытуға
болады. Компонент жою үшiн оны белгiлеп, Delete пернесiн басса жеткiлiктi.
Компоненттің басқа параметрлерiн өзгерту әрекеттерi Объектiлер
бақылаушысы арқылы немесе программаның денесiнде орындалады.
Объектiлер бақылаушысының терезесi екi парақтан құрылады: Properties-
қасиеттерi және Events –оқиғалары. Properties парағы арқылы компоненттің
қасиеттерi –параметрлерi анықталады, ал Events парағы арқылы компонентті
әртүрлi оқиғаларға сәйкес сезiндiру анықталады. 5-суреттегi Form1
терезесiнде орналасқан Button1 батырмасы - компонент, оқиға - осы
батырманы басу, ал оқиғаға сезiндiру - осы батырма басылғанда қандай
амалдар орындалады- соны анықтауды қажет етедi.
Объектiлер бақылаушысы екi бағанадан құралған кесте: сол жақ
бағанасында параметрдiң немесе оқиғаның атауы, ал оң жақта – параметрдiң
мәнi немесе оқиғаны өңдейтiн iшкi программаның атауы орналасады.
Кестенiң кез келген жолын тышқанды сырт еткiзу арқылы таңдауға болады.
Бұл жолдағы параметр қарапайым немесе күрделi болуы мүмкiн. Қарапайымдарға
бiр мәнмен анықталатын - сан, символдар жолы, True немесе False мәндерiн
қабылдай алатын және т.с.с. компоненттің қасиеттерi жатады. Мысалы,
Caption (тақырыбы) қасиетi бiр символдар жолымен, Enabled (қол жетерлiк)-
True немесе False мәндерiмен, ал Heigh (биiктiгi) және Width (ұзындығы)
нақты бiр сандық шамалармен анықталады.
Компоненттің күрделi қасиеттер құрамына бiрнеше мәндер тiзiмi кiредi.
Олардың сол жағында “+“ белгiсi тұрады, мысалы
.
Осы тiзiмдi ашу үшiн “+” белгiсiн тышқанмен сырт еткiзсе жеткiлiктi.
Тiзiмдi жабу амалы қасиеттiң “-“ белгiсiн басқанда орындалады.
Жолдың оң бағанасын сырт еткiзу арқылы қасиеттiң мәнiн шығаруға
болады, кейде шыққан көрiнiс келесi түрлерде де болуы мүмкiн:
Суреттегi бiрiншi көрiнiстегi “...” белгiсiн басқанда қасиеттiң мәнiн
анықтауға мүмкiндiк туғызатын сұқбаттасу терезесi шығады. Екiншi
көрiнiстiң белгiсiн басқанда қарапайым қасиеттiң болуы мүмкiн
мәндерiнiң тiзiмi ашылады.
Объектiлер бақылаушысы терезесiнiң жоғарғы жағында форманың атауы және
формадағы орналасқан барлық компоненттер және оларға қолданылған оқиғалар
тiзiмi орналасып тұрады (7-сурет).
Объектiлер бақылаушысының терезесiн тышқанның оң батырмасымен
сырт еткiзгенде локальды меню шығады. Меню құрамындағы бiрнеше опциялар
терезенi икемдеуге мүмкiндiк туғызады, мысалы Stay on Top оциясы екпiндi
болса, онда Объектiлер бақылаушысының терезесi әрқашанда басқа
терезелердiң үстiнде орналасып тұрады.
Программа кодының терезесі
Программа (немесе модуль) кодының терезесi программаның мәтiнiн
құруға және оны түзетуге арналған. Бұл мәтiн арнайы ережелер бойынша
құрылып, алгоритм жұмысын анықтайды. Delphi жүйесiнде Pascal тiлiнiң
ұлғайтылған және дамытылған нұсқасы - Object Pascal программалау тiлi
қолданылады.
Delphi ортасы iске қосылғанда программа кодының терезесi Windows
ортасының бос терезесiнiң бастапқы кодынан (яғни минималды қажеттi кодынан)
тұрады.
Жаңа форманың кодына Delphi ортасы бұл қатарларды автоматты түрде
қосып отырады.
Жобаны құру барысында осы кодқа қажеттi өзгерiстер енгiзiледi. Delphi
ортасы unit Unit1 және implementation қатарларының аралығын өзгертiп
отырады, ал программалаушының жұмыс аймағы - {$R *.DFM} және end қатарлар
аралығы болады.
Модуль деп программаның белгiлi бiр тәуелсiз бөлiгiн атайды. Жаңа
форма құрылғанда жаңа модуль жасалады. Жалпы программа құрамында көптеген
формалар және олармен байланысқан модульдер болуы мүмкiн. Delphi ортасы әр
программаны компиляциялағанда кеңейтiлуi .PAS, .DFM және .DCU болатын
файлдарды құрады. .PAS файлында программа кодының терезесiндегi мәтiн
көшiрмесi, .DFM файлында форма терезесiнiң мазмұн анықтамасы, ал .DCU
файлында алдыңғы екi файл мәтiнiнiң машина тiлiндегi аудармалары
орналасады. DCU файлы компилятор жұмысының нәтижесi, ендi компоненті осы
файлды өңдейдi, нәтижесiнде орындалатын немесе жүктелетiн .EXE файлы
құрылады.
Пиктограммалық батырмалар
Пиктограммалық батырмалар арқылы негiзгi меню жүйесiнiң маңызды
опцияларына тез арада қол жеткiзуге болады. Атқаратын жұмыстарына
байланысты пиктограммалық батырмалар келесі топқа бөлінеді: Standard, View
, Debug, Custome, Desktops.
Бос форма Delphi ортасы жүктелгенде программа кодының терезесi Windows

тұрады. Бұл код функционалды толық деп саналады және ол жұмысқа даяр болып
тұрады. FileNew Application опцияларын таңдап, программаны iске қосуға
болады.
Бақылау сұрақтар
1. Delphi ортасының негізгі терезесі қандай бөліктерден тұрады?
2. Компонент дегеніміз не?
3. Форма құрастырушы дегеніміз не?
4. Объектілер бақылаушысының терезесі. Оның қызметі.
5. Программа кодының терезесі дегеніміз не?
2 дәрістің тақырыбы: Визуалдық программалау негіздері
Жоспар
• Delphi ортасының компоненттері.
• Жаңа компоненттерді орналастыру.
• Оқиғаға сезіндіру.
• Компоненттiң қасиетiн программа орындалу барысында өзгерту.
• DELPHI тiлiндегi программаның құрылымы.
• Жобаның құрылымы.
• Модульдың құрылымы.
• Delphi ортасында Object Pascal тiлiнiң элементтерi
• Программаның элементтері
1. Delphi ортасының компоненттерді.
Delphi ортасының компоненттері программа орындалғандағы көрiнiстiң
пiшiмiн анықтайтын бөлек элементтер ретiнде қолданылады. Сонымен қатар,
Delphi ортасының көрiнiспен жұмыс атқармайтын, яғни көрсеткiш емес көптеген
маңызды компоненттері бар. Жалпы, дәлiрек айтсақ, құрауыш алдын-ала
даярланған программаның үзiндiсi, оны қажет болғанда құрылып жатқан
программаға ендiруге болады.
Delphi ортасының құрамына 200-дей компоненттер кiредi.
Delphi ортасының келесі парақтарының көрністері.
Standard парағы
Additional парағы
Dialogs парағы
Dialogs парағында Windows ортасының стандартты сұхбаттасу
элементтерiн ұйымдастыру үшiн қолданылатын компоненттері орналасқан. Осы
парақтың объектiлерi орындалғанда көрiнбейдi және сұхбаттасу жұмыстары
программада орындалады.
System парағы
System парағының компоненттері DDE, OLE, таймер және т.с.с жүйелi
сервистiк элементтере қол жеткiзуге мүмкiндiк туғызады
Жаңа компоненттердi орналастыру.
Жаңа компоненттi орналастыру амалдары өте оңай орындалады. Ол үшiн
компоненттер тақташасындағы бiр белгiнi, мысалы - Label-дi (белгi -
шағын хабарды шығаруға арналған элемент) белгiлеп, форма аймағының кез
келген жерiн тышқанмен сырт еткiзсе болғаны. Бұл компоненттiң мөлшерiн,
орын-жайын өзгерту үшiн компоненттi шектеп тұрған төрт бұрыштарылар
қолданылады (5- сурет).
Формаға орналастырылған компоненттiң аты келiсiмше Label1- белгi 1
деп қойылады. Атын өзгерту үшiн осы компоненттi белгiлеп тұрып, Объектiлер
бақылаушы терезесiндегi Caption қасиетiн таңдап, оң жақтағы Label1-дiң
орнына басқа жазуды, мысалы Object Pascal деп қоюға болады:
Форманың атын 1_FORM- ге өзгертейiк. Компоненттегi мәтiннiң әртүрлi
параметiрлерiн Объектiлер бақылаушысының терезесiндегi Font қасиетiнiң оң
жағындағы “...” белгiсiн басып шрифтың түрiн, түсiн, таңбалардың биiктiгiн
таңдауға болады (6 - сурет).
6 - cурет. Font-тiң сұхбаттасу терезесi
Осы әректтердi Font-тiң сол жағындағы “+” белгiсiн басу арқылы iшкi
Size параметрiнде таңбалардың биiктiгiн көрсетуге, Color параметрiнiң
ашылатын тiзiмiнен қажеттi түсiн анықтауға болады. Font=Style= fsBold
- True, fsItalic - True ден таңдап әрiптердi жуандатылған курсив түрiне
өзгертуге болады.
Ендi форма төмендегi түрге келтiрiлдi.
7- сурет. Label1 - дiң жаңа жазуы
Оқиғаға сезіндіру.
Формаға орналастырылған әр компонент өз параметрлерiнен басқа оның
сезiнетiн оқиғалар жиынымен анықталады. Мысалы, жоғарыда құрастырылған
формаға Standard парағындағы - компонентiн
орналастырайық. Бұл компоненттiң аты Button, ал оны формаға орналастырғанда
орта атын және жазуын Button1 деп қояды.
Жұмыс iстеп тұрған программада Button1-дi тышқанның сол батырмасын
сырт еткiзгенде OnClick оқиғасы орындалады немесе туады деп саналады.
Программаны осы оқиғаға сезiндiру үшiн Object Pascal тiлiндегi Оқиғаны
өңдеушi үзiндiнi жазу керек. Бұл үзiндi iшкi программа - процедура түрiнде
ұйымдастырылады.
Delphi өз бетiмен дайындаманы жасайды. Ол үшiн Button1 компонентiн
екi рет үзiлiссiз тышқанның сол батырмасымен сырт еткiзiңiз. Delphi өз
бетімен программаның интерфейстік бөлігіне procedure Button1Click(Sender:
TObject); деп қосып, программаның орындалатын бөлігінде процедураның
қабықшасын келесi түрде шығарады (9 - сурет):
9 - сурет. Button1Click процедурасының қабықшасы
Терезедегi procedure TForm1.Button1Click (Sender: TObject)
-процедураның тақырыбы. Бұл тақырып procedure арнайы сөзiмен басталады,
сонан кейiн тұрған құрамды атаудағы TForm1- кластың аты, Button1Click -
процедураның аты. Кластың және процедураның атулары нүктемен (“ . “)
ажыратылады.
Класс деп Delphi ортасындағы үлгi ретiнде қолдануға болатын
функционалды толық программаның үзiндiсiн атайды. Алдын-ала класты құрып
алып, сол кластың көшiрмелерiн әртүрлi программаларға немесе бiр
программаның әртүрлi үзiндiлерiне орналастыруға болады.
Delphi құрамына Inprise корпорациясының жүздеген стандартты кластары
кiредi. Delphi ортасындағы барлық компоненттер белгiлi бiр кластың құрамына
жатады. Ал формаға орналастырылған нақты бiр компоненттiң аты алғы
буынның аты және сандық индекстен тұрады. Delphi ортасындағы барлық
кластардың аты Т әрпiнен басталады, мысалы TForm кластың туындыларының
атаулары TForm1, TForm2 және т.с.с. болып келедi. Егер код
терезесiндегi мәтiндi басынын қарап шықсақ, онда келесi қатарларды көруге
болады:
unit Unit1;
interface
uses
Windows, Messages, SysUtils, Classes, Graphics, Controls,
Forms, Dialogs;
type
TForm1 = class(TForm)
Label1: TLabel;
Button1: TButton;
procedure Button1Click(Sender: TObject);
private
{ Private declarations }
public
{ Public declarations }
end;
var
Form1: TForm1;
TForm1 = class(TForm) қатары TForm1 деген жаңа класты TForm -ның туындысы
ретiнде анықтайды. Стандартты TForm - Windows -тiң бос терезесiн
анықтайды, ал TForm1 - формаға орналастырылған екi компоненттi сипаттайды,
олар:
Label1: TLabel; - белгi компонентi;
Button1: TButton; - батырма компонентi;
Бұл анықтамалар Label1 - TLabel, ал Button1 - TButton кластарының
туындылары екенiн көрсетедi.
TForm1.Button1Click процедураның атынан кейiн жақшада нақты параметрi
ретiнде (Sender: TObject); тұрады. Мұнда Sender - процедураны шақыру
параметрi TObject деген класқа жатады деп анықталған. Процедурадағы
көрсетiлген шақыру параметрi алгоритмдi процедурадағы анықталған нақты
жұмысты орындауға икемдейдi. Осы параметр арқылы Button1Click процедурасы
OnClick оқиғасын қай компонент қҰрғанын анықтай алады. Процедураның
тақырыбы “; “ таңбасымен аяқталады.
Процедура тақырыбынан кейiн тұрған Begin ...end; қатарлары процедураның
денесi деп аталады. Ендi Begin мен end аралығында Button1 батырмасын
басқандағы орындалатын операторлардың жиынтын жазуға болады. Операторлар
бiр бiрiнен “; “ таңбасымен ажыратылады.
Компоненттiң қасиетiн программа орындалу барысында өзгерту
Жоғарыдағы формаға орналастырылған Button1 - компоненттiң атын Label1
сияқты бiрден Объектiлер бақылаушы терезесiнен өзгертуге болады.
Сонымен бiрге, осы әрекеттердi динамикалық түрде, яғни программаның
кодын өзгерту арқылы орындауға болады.
Динамикалық түрде компоненттiң атын өзгерту үшiн OnCreate (құрастыру
барысындағы) оқиғаны өндейтiн программаның үзiндiсiн келтiрейiк. Объектiлер
бақылаушысының терезесiндегi компоненттер тiзiмiн ашыңыз (10-сурет).
Тiзiмдегi TForm1 қатарын таңдап, Events бағанасындағы OnCreate қатарының оң
жағын үзiлiссiз екi сырт еткiзiңiз.
10- сурет. Объектiлер бақылаушысының терезесi
Delphi ортасының шығарған дайындамасына бiр қатарды енгiзiңiз:
procedure TForm1.FormCreate(Sender: TObject);
begin
Button1.Caption: =’ ДЫБЫС’;
: = меншiктеу операторы, таңбалар арасында бос орын қалтырмай жазылады.
Апостофқа алынған таңбалар жолы; таңбалар саны шектелмейдi. Батырманың
аты осы жолдың
таңбаларынан тҰрады
end;
Ендi программа қайтадан iске қосылғанда, Button1 батырмасының аты
ДЫБЫС - қа өзгертiлгенiн көруге болады.
DELPHI тіліндегі программаның құрылымы
Delphi ортасының негiзгi құралы ретiнде Object Pascal программалау тiлi
қолданылады. Программалау тiлiнiң негiздерiн келтiру қарапайым мысалдарды
қарастырумен iске асады. Аталған қарапайым әрекеттердi программалау үшiн
әртүрлi интерфейстiк (қарым-қатынастық) элементтер орнатылған форма
құрастырайық. Бұл форманы кез-келген оқулық программалардың үлгiсi ретiнде
қолдану үшiн, оны жаңа программалардың баяндамалар архивiне орналастыру
керек.
Delphi ортасын iске қосып, File = New Form орындалғандағы шыққан бос
терезеге келесi компоненттердi 1 –суреттегiдей орналастыруға
болады. Формаға панель-Рanel1, екi батырма- BitBtn1 және BitBtn2, енгiзу
жолы –Еdit1, белгi-Label1, көпжолдық редактор-Memo1 элементтерi
орналастырылған.
Example формасы
Формадағы екi батырманы, енгiзу жолын және белгi компоненттерiн
бiрiктiру және әрдайым терезенiң төменгi жағына (тiптi терезе толық
қкрандық тәртiпте ашылса да) орналастыру үшiн Рanel1 элементi контейнер
ретiнде қолданылған.
Сол жақтағы OK батырмасы программаға енгiзу жолындағы берiлгендердiң
даярлығы туралы хабарлайды. Осы батырма басылғандағы программаның өндеушi
үзiндiсiн жазу- бiздiң мақсатымыз.
Екiншi батырма –Close терезенi жауып, программаның жұмысын тоқтатады.
Батырмалардың төменгi жағында белгi орналасады және де ол көрiнбей
тұрады. Белгiде программаның қалыптастырған шағын хабары орналасады.
Көпжолдық хабарлар TMemo аймағына шығарылады.
құрастырған форма File =Save as... = Example деп сақталады.
Жобаның файлын File=Save project as ...= Project1 түрiнде
қалдырамыз.
Delphi тiлiндегi программаның құрамына келесi файлдар кiредi: . dpr
кеңейтiлуi бар жобаның файлы және . pas кеңейтiлуi бар бiр немесе бiрнеше
модульдер файлы.
Жобаның құрылымы.
Жобаның файлы - Object Pascal тiлiнде жазылған және компилятормен
өңделетiн программа. Бұл программаны Delphi автоматты түрде құрастырады (2-
сурет) және ол бiрнеше жолдардан тұрады.
Delphi ортасын iске қоссақ, Project=View Source опцияларын орындау арқылы
келесi терезе шығады:
2- сурет. Жобаның құрылымы
Программада арнайы сөздер жуандатылып жазылған, программа Program
сөзiмен басталып, End сөзiмен және одан кейiн қойылған нүктемен
(терминатормен) аяқталады. Object Pascal тiлiнде көптеген арнайы сөздер
әртүрлi нұсқау ретiнде қолданылады, компилятор оларды солдан оңға және
жоғарыдан төмен қарай оқиды. Жүйелi жақшаға алынған таңбалар түсiнiктеме
ретiнде қолданылады. Сонымен қатар, түсiнiктеменi көрсету үшiн “(* *)”
немесе “ “ белгiлерiн қолдануға болады.
Бiрақ {$R *.RES} жолы (жақшадан кейiн бiрден “$” белгi тұрған)
түсiнiктеме емес, бұл жол компиляторға берiлген нұсқау. Мысалы, жоғарыда
келтiрiлген {$R *.RES} жолы программаны ресурстар файлымен қоса
компиляциялау керек екендiгi туралы баяндайды.
Program сөзi және онан кейiн анықталған программаның атауы
программаның тақырыбы деп саналады.
Uses (пайдалану) сөзiмен басталған сөйлем программаны осы сөзбен
анықталған, басқа файлдарда орналасқан модульдердi қоса компиляциялау
туралы хабарлайды. Осындай нұсқаудан соң программаның денесi орналасады, ол
Begin сөзiмен басталып, End және одан кейiн қойылған нүктемен
(терминатормен) аяқталады. қарастырылып отырған программаның денесi
орындалатын үш операторлардан құралады.
Әр оператор Application объектiмiнiң белгiлi бiр әдiсiн шақыру жұмысын
атқарады.
Object Pascal-да объект деп арнайы даярланған берiлгендер мен оларды
өңдеуде қолданылатын, iшкi программалардың жиынтығынан тұратын және
бiртұтас болып саналатын программаның үзiндiсiн айтады. Объектiнiң
берiлгендерiн өрiстер деп атайды және олар кез-келген түрде анықталуы
мүмкiн. Объектiнiң iшкi программаларын әдiстерi деп атайды.
Объектiлік типтердiң негiзгi ерекшелiгi - объектiнiң өрiстерiмен
бiрге оларға қолданылатын әртүрлi iс-әрекеттердiң жиынын iшкi
программалар (процедура және функциялар) арқылы анықтауға болатындығы.
Берiлгендердiң осындай қасиетiн инкапсуляция дейдi. Инкапсуляция- ол,
берiлгендердi және оларды өңдеудегi алгоритмдердi бiр бүтiн құрылымға
бiрiктiру деген тұжырым.
Объектiк типтердiң негiзгi қасиеттерi – функционалдық толықтығы және
өрiстер мен әдiстердiң бiр-бiрiнен ажыратылмауы, оларды программаның бөлек
бiр тәуелсiз бөлiгi ретiнде қолдануға болады. Мұндай объектiлердi бiр
программадан екiншiге оңай алмастыруға болады. Бұл принциптi объектiге
бағытталған программалау тәсiлдерi деп атайды.
Жалпы Delphi ортасы кез-келген жаңа жобаның Application объектiлiк
программасын автоматты түрде құрастырады.
Initialize әдiсi арқылы программа Windows-тiң басқаруымен әртүрлi
көмекшi жұмыстарды орындайды. Application.Initialize әдiсi шақырылғанда
компилятордың құрастырған коды процессордан Delphi ортасының даяр бiр
үзiндiсiн орындауын сұрайды. Осы үзiндi орындалғаннан кейiн (немесе iшкi
программадан шыққаннан кейiн) келесi жолдағы CreatForm әдiсi орындалады
және т.с.с.
CreatForm әдiсi негiзгi терезенi құрастырып, оны экранда көрсетедi.
Ал Run әдiсi берiлгендердi және оларды өңдеу туралы Windows - тан келген
хабарларды қабылдайды. Close батырмасы басылғанда программаға Windows -
тан жұмысты тоқтату және жүйелi ресурстарды (жадыны және процессорды)
босату туралы нұсқау берiледi.
Жобаның коды, жоғарыда айтылғандай, Delphi ортасымен құрастырылады
және көптеген жағдайларда бұл кодқа араласуға тиым салынған. Егер
программалаушы осы кодқа әртүрлi өзгерiстердi енгiзiп, араласса, онда
Delphi ортасы осы өзгерiстердi алып тастауға тырысады. Сондықтан жобаның
файлында ерекше кеңейтiлу қолданылады және әдетте бұл код көрiнбей тұрады.
Модульдың құрылымы.
Модульдер- программаның үзiндiсiн орналастыру үшiн қолданылатын
программалық бiрлiк. Модуль деп программаның белгiлi бiр тәуелсiз бөлiгiн
атайды және олар стандартты және бейстандартты болып екi топқа бөлiнедi.
Модульдiң коды программаның бет алысын анықтайды.
Модульдер келесi бөлiктерден тұрады:
Unit ‹ модульдiң аты ›;
Interface
‹интерфейстiк бөлiгi немесе көрiнетiн (ашық) объектiлердiң анықтамасы
›
Implementation
‹орындалатын бөлiгi, немесе көрiнбейтiн объектiлердiң анықтамасы ›
Initialization
‹модульдiң объектiлерiн инициализациялау бөлiгi›
Finalization
жұмысты аяқтаушы бөлiгi
End.
Unit - модульдiң басталуын көрсететiн арнайы сөз; ‹аты›-модульдiң атауы;
Interface - модульдiң интерфейстiк бөлiгiн көрсететiн арнайы сөз;
Implementation - модульдiң орындалатын бөлiгiн көрсететiн арнайы сөз;
Initialization - модульдiң инициализациялау - алғашқы рет iске қосу
бөлiгiнiң басталуың анықтайтын арнайы сөз;
Finalization - жұмысты аяқтау әрекеттерiн орындауды көрсететiн арнайы
сөз;
End - модульдiң соңын анықтайтын арнайы сөз.
Модульде келтiрiлген бөлiктердiң кез келгенi болмауы мүмкiн.
Программаның элементтерi
Object Pascal программалау тiлiнiң негiзгi элементтерi келесi:
Арнаулы сөздер, идентификаторлар (атаулар), түрлер, тұрақтылар,
белгiлер, айнымалылар, iшкi программалар, түсiнiктемелер.
Арнаулы сөздер
Арнаулы сөздер - белгiлi бiр iс-әрекеттердiң орындалу қажеттiлiгiн
немесе объектiнiң қасиетiн көрсететiн компиляторға берiлген нұсқаулар. Олар
- ағылшын тiлiнiң қарапайым сөздерi. Арнаулы сөздердi басқа қажеттiлiкке
пайдалануға болмайды. Мысалы, begin - программаның немесе құрылымды
оператордын басталуы, end - программаның немесе құрылымды оператордың соңы,
array - массив түрiндегi анықтаманың түйiндi сөзi, record -жазба түрiндегi
анықтаманың түйiндi сөзi, program - программа тақырыбының басталуы, var -
айнымалы бөлiгiнiң басталуы, type - түрлердi анықтау бөлiгiнiң басталуы,
integer - берiлгендi бүтiн түрде анықтау т.с.с.
Идентификаторлар
Идентификаторлар (атаулар) тұрақтыларды, айнымалыларды, олардың
түрлерiн, программаларды, процедураларды, функцияларды, файлдарды және т.б.
программа объектiлерiн белгiлеу үшiн қолданылады. Идентификатор - мiндеттi
түрде әрiптен басталатын цифрлар мен әрiптердiң тiзбегi. Атаудың ұзындығы
63 символдан артпауы тиiс. Идентификатор стандартты және бейстандартты
(өзiмiз берген атау) болып екi топқа бөлiнедi. Стандартты атаулар тiлдiң
объектiлерiн белгiлеу үшiн қолданылады, олар тек сол өз мағынасында
қолдануды қажет етедi: TRUE, FALSE, CHAR, SIN, COS, EXP, INTEGER және т.б.
Object Pascal тiлiнде программаны жазуда қолданылатын арнаулы сөздер де жәй
атаулар ретiнде қолданылмайтын стандартты идентификаторлар болып
есептеледi, олар: AND, ARRAY, BEGIN, END, CASE, CONST, VAR, PROGRAM, IF
және т.б. Object Pascal тiлiндегi атауларда қолданылған бас немесе кiшi
әрiптердiң айымашылығы жоқ.
Атауларда келесi символдар қолданылады:
1) A дан Z дейiнгi және a дан z дейiнгi латын әрiптерi;
2) 0 ден 9 дейiнгi араб цифрлары;
3) “_” сызықша таңбасы.
Бос және арнаулы символдар атауларда қолданылмайды.
Түрлер
Мәлiметтердiң түрлерiн басқа элементтердi құрудағы қолданылатын үлгiсi
деп санауға болады. Түрлер - осындай түрдегi анықталған элементтiң жадтағы
ұзындығын, олардың қабылдай алатын мәндерiнiң аралығын және оларға
қолдануға болатын операциялар жиынын көрсетедi. Түрлердi анықтау бөлiгi
арнаулы type сөзiмен және одан соң түрдiң атауы мен мәндерiнен тұрады.
Тұрақтылар
Тұрақтылар деп, мәндерi программаның орындалу кезiнде өзгермейтiн
шамаларды айтамыз. Тұрақтылар есебiнде Object Pascal тiлiнде бүтiн, нақты,
он алтылық сандар, логикалық, символдық шамалар мен жазбалар, жиындар,
таңбалар жолдары, NIL - анықталмаған сiлтемесi қолданылады. Программа
құрамында тұрақтылар екi түрде анықталады: жәй және типтiк.
Белгiлер
Белгiлер бөлiгi арнаулы сөз label және программа құрамына енетiн
белгiлердiң тiзiмiнен тұрады.
Бөлiктiң жазылуы:
Label белгiлер тiзiмi;
Белгiлер есебiнде 0-9999 сандар мен a-z символдарынан құралған тiзбектi
қолданады. Олар негiзiнде шартсыз goto басқару операторымен бiрге
қолданылады. Программа құрамында белгiден кейiн екi нүкте таңбасы жазылады
(: ) .
Айнымалылар
Айнымалы деп, программаның орындалу барысында әр түрлi мәндердi қабылдай
алатын шамаларды атайды. Олар идентификатормен белгiленедi және әрбiр
уақытта белгiлi бiр мәнге ие болады. Айнымалылар жәй немесе индекстi болып
екi топқа бөлiнедi. Айнымалы шамаларды анықтау бөлiгi арнаулы var сөзiмен
басталып, одан кейiн олардың атауы мен түрлерi көрсетiледi.
Түсiнiктемелер
Қатарлар арасына не соңына “{ }”, “”, “(* *)” таңбаларға алынған
түсiнiктеме беретiн сөздер жазып отыру керек. Оларды ағылшын немесе ұлттық
әрiптермен жазуға рұқсат етiлген.
Delphi ортасында Object Pascal тiлiнiң элементтерi
Алфавит
Тiлдiң алфавиты A дан Z дейiнгi және a дан z дейiнгi латын әрiптерiнен,
0 ден 9 дейiнгi араб цифрларынан, он алтылық цифрлардан, арнайы
символдардан, пробел - бос таңбадан, “_” сызықша таңбасынан, және арнайы
сөздерден тҰрады.
Әр он алтылық цифр 0 ден 15 - дейiнгi мәндердi қабылдай алады. Алдынғы
10 мәндер араб цифрлары арқылы бейнеленедi, ал соңғы 6 мән A - дан F - ке
(немесе a-дан f-ке) дейнгi латын әрiптерiмен бейнеленендi.
Бөлгiштер
Атауларды, цифрларды және арнаулы сөздердi бiр бiрiнен ажырату үшiн
бөлгiш таңбалары қолданылады. Бөлгiштер құрамына келесi символдар кiредi:
1) Бос символ;
2) Кез келген басқару символдары.
Арнаулы символдар
Арнаулы символдар деп Object Pascal тiлiндегi программада орындалатын
символдардың жиынын айтамыз. Олар келесi үш топқа бөлiнедi:
□ Пунктуация таңбалары;
□ Операция таңбалары;
□ Арнаулы сөздер.
өрнектер
Таңба өрнектерi арифметикалық, логикалық немесе қатынастық әрекеттердi
бейнелеу үшiн қолданылады. Олар арифметикалық, логикалық және қатынас
таңбалары болып үшке бөлiнедi (3-шi, 4-шi, 5-шi кестелерде көрсетiлген).
Амалдар
Арифметикалық амалдар
Таңба Қолданылуы
+ Іосу
- Алу
* Көбейту
Бөлу
div Екi бүтiн санның бөлiндiсiнi бүтiн бөлiгi
mod Екi бүтiн санның бөлiндiсiнiң қалдық бөлiгi
Логикалық амалдар
Таңба Қолдануы
and Логикалық “және”
or Логикалық “немесе”
not Логикалық “жоқ”
xor Логикалық “немесе” амалын жоққа шығару
Қатынас таңбалары
Таңба Қолдануы
Үлкен
Кiшi
= Үлкен немесе тең
= Кiшi немесе тең
= Тең
Тең емес
Бақылау сұрақтар
1. Delphi ортасының қандай компоненттерін білесіз?
2. Формаға жаңа компоненттерді қалай орналастрамыз?
3. Оқиғаға сезіндіру дегеніміз не?
4. Компоненттiң қасиетiн қалай өзгертеміз?
5. DELPHI тiлiндегi программаның құрылымы қандай бөліктерден тұрады?
6. Жобаның құрылымы қандай бөліктерден тұрады?
7. Модульдың құрылымы қандай бөліктерден тұрады?
8. Delphi ортасында Object Pascal тiлiнiң элементтерi.
9. Программаның элементтері.
3 дәрістің тақырыбы: Delphi тілінің басқарушы құрылымдары.
Консолдық қосымша.
Жоспар:
• Негізгі операторлар:
• Қарапайым операторлар
• Шартсыз өту операторы ( GOTO )
• Құрамды операторлар
• Шартты оператор ( IF )
• Тандау операторы ( CASE )
• Қайталану (цикл ) операторы FOR
• Қайталану операторы WHILE
• Қайталану операторы REPEAT
• Консольдық қосымша.
Негізгі операторлар
Операторлар программаның немесе модульдiң соңғы бөлiмiнде begin және
end түйiндi сөздерiнiң аралығында орналастырады. Оператор дегенiмiз -
алгоритмдi жүзеге асыру барысындағы орындалатын iс-әрекеттердi анықтайтын
тiлдiң қарапайым сөйлемi. Операторлар жазылу ретiне қарай бiрiнен кейiн
бiрi тiзбектелiп орындалады. Олар бiр-бiрiнен нүктелi үтiр ( ; ) арқылы
бөлiнiп жазылады. Іатарлар арасына не соңына жақшаға ( { } немесе (*
*)) алынған немесе “” таңбаны соңынан түсiнiктеме сөздер жазып отыру
керек. Оларды ағылшын немесе ұлттық алфавит әрiптермен жазуға рұқсат
етiлген. Операторлар қарапайым және құрамды болып екiге бөлiнедi. Қарапайым
операторлар тек бiр оператордан тұрады, құрамында басқа операторлар
болмайды. Жәй құрама оператор бiрнеше қарапайым операторларды бiрiктiрiп,
қосымша жақша тәрiздес begin және end арнаулы сөздерiнiң арасына
орналастырудан пайда болады. Құрама оператор басқа құрамдас операторларды
құрамына енгiзiлiп, бiр оператор тәрiздi орындалады.
Қарапайым операторлар
Қарапайым операторлар тек бiр оператордан тұрады, құрамында басқа
операторлар болмайды. Олардың қатарына меншiктеу, көшу, процедураны шақыру
операторлары жатады. Меншiктеу операторы ( := )
Меншiктеу операторы жазылған өрнектердiң мәнiн есептеп, оны айнымалыға
теңеу үшiн қолданылады. Өрнек мәнiнiң түрi айнымалының түрiне мiндеттi
түрде сәйкес келуi тиiс. Кейде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz