Тұтыну несиесі, оны ұйымдастыру және даму перспективалары


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС» ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
«ҚАРЖЫ» КАФЕДРАСЫ
«» «Қорғауға жіберілді»
Хаттама №
кафедра менгерушісі қ. а.
Мустафина А. Қ.
ДИПЛОМ жұмысы
тақырыбы:
«Тұтыну несиесі, оны ұйымдастыру және даму перспективалары»
050509- «Қаржы» мамандығы
Орындаған:
«Қаржы» мамандығының
3 курс студенті Ермекқызы А.
(күні, қолы)
Ғылыми жетекші:
Э. ғ. к., доцент Даулиева Ғ. Р.
(күні, қолы)
Норма бақылаушы:
аға оқытушы Садыханова Д. А.
(күні, қолы)
Алматы, 2013
Реферат
Нарықтық экономика жағдайында, ел экономикасы үшін тұтыну несиесінің атқаратын қызметі өте зор. Қай деңгейде болмасын несиелік мекемелер өз қызметтерін толық көлемде жүзеге асыруда. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында тұтыну несиесінің қарқыны жылдан жылға өсіп келе жатыр. Осы операциялар мен қызметтерді халыққа ұсыну арқылы несиелік мекемелер банк қызметі нарығын дамытуда. Ол отандық банктер үшін өте маңызды құбылыс. Мұны Қазақстан халқына жолдауында еліміздің басшысы да атап өткен. «Қазақстандық банктер өз кезегінде өзінің мақсатын орындауға және нақты экономика секторының кредиттік ресурстарға деген қажеттілігін қамтамасыз етуге тиіс». Жеке тұлғаларды несиелеу нарықтық экономиканың ең маңызды әрі динамикалық құрылымы болып табылады. Өйткені тұтынушылық несиелеу халықтың әл-ауқатын жақсартуға көмектеседі. Халық өзі қалаған тауарын таңдап, несие алу арқылы сатып ала алады. Сол арқылы тауар өндірушілердің өнімдері тез өтіп, өндіріс көлемін кеңейтеді, қосымша жұмыс орындары ашылады. Жеке тұлғаларды несиелеу мемлекетке де, кәсіпорындарға да, жеке тұлағаларға да өте тиімді.
Диплом жұмысының мақсаты - тұтыну несиесі мен оны ұйымдастыру және даму мәселелерін кешенді әрі құрылымдық түрде ашу, коммерциялық банктердің тқтынушылық несиелеуін талдау арқылы банктердің несие беру шарттарын қарастырып, жақсарту. Осы мақсатқа жету үшін мынадай мәселелер қойылған:
- тұтыну несиесінің мазмұнын анықтау;
- коммерциялық банктердің қазіргі күнгі жеке тұлғаларды несиелеу жүйесін қарастыру;
- коммерциялық банктердің тұтыну несиесінің процестерін талдау;
- коммерциялық банктердің тұтыну несиесінің жолдарын қарастыру.
Диплом жұмысының міндеттері:
- тұтыну несиесінің экономикалық мазмұнын ашып көрсету;
- екінші деңгейлі банктерде жеке тұлғаларды несиелеу жағдайы ашу;
- «БанкЦентрКредит» АҚ-ның мәліметтері негізінде тұтыну несиесінің қазіргі кездегі жағдайына талдау жасау;
- Қазақстан Республикасында тұтыну несиесінің жетідіру жолдарын көрсету.
Диплом жұмысының объектісі - «БанкЦентрКредит» АҚ болып табылады.
Жұмыс құрылымы бойынша кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Жұмыстың бірінші бөлімінде коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеудің теориялық негізі қарастырылады. Екінші бөлімде коммерциялық банктердің тұтыну несиесін талдау келтірілген. Үшінші бөлімінде коммерциялық банктердің тұтыну несиесінің қазіргі жағдайы және даму болашағы туралы қарастырылған.
Диплом жұмысын дайындау
кестесІ
Тапсырманың берілген күні
Кафедра меңгерушісі
қызметін атқарушы Мустафина А. Қ.
Жұмыс жетекшісі
Э. ғ. к., доцент Даулиева Ғ. Р.
Тапсырманы орындауға
алған студент Ермекқызы А
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС» ЖОҒАРҒЫ МЕКТЕБІ
«ҚАРЖЫ» КАФЕДРАСЫ
«ҚАРЖЫ» мамандығы
3 курс Ф09К2 тобының студенті Ермекқызы А.
«Тұтыну несиесі, оны ұйымдастыру және даму перспективалары» атты тақырыбында диплом жұмысын орындауға арналған
ТАПСЫРМА
« ___ » 2012 ж. № __ бұйрығымен бекітілді.
Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі «»
Жұмыстың бастапқы мәліметтері : Банк ісі бойынша заңды және нормативті актілер, ҚР Президентінің халыққа жолдауы, Банк ісі бойынша әдебиеттер, оқулықтар мен оқу құралдары
Диплом жұмысындағы толықтырылуы қажет сұрақтар тізімі немесе жұмыстың қысқаша мазмұны:
а)
ә)
б)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі - Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында қаржы жүйесінде банк саласы өте жақсы дамып келе жатқан секторға жатады. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялағаннан соң өзінің қаржы саласын, соның ішінде банк секторын дамытуға көңіл бөлді.
Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни, операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері өзгеруде. Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айрысуларды жүзеге асыру, несие беру.
Нарықтық экономика жағдайында, ел экономикасы үшін тұтыну несиесінің атқаратын қызметі өте зор. Қай деңгейде болмасын несиелік мекемелер өз қызметтерін толық көлемде жүзеге асыруда. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында тұтыну несиесінің қарқыны жылдан жылға өсіп келе жатыр. Осы операциялар мен қызметтерді халыққа ұсыну арқылы несиелік мекемелер банк қызметі нарығын дамытуда. Ол отандық банктер үшін өте маңызды құбылыс. Мұны Қазақстан халқына жолдауында еліміздің басшысы да атап өткен. «Қазақстандық банктер өз кезегінде өзінің мақсатын орындауға және нақты экономика секторының кредиттік ресурстарға деген қажеттілігін қамтамасыз етуге тиіс». [1] Жеке тұлғаларды несиелеу нарықтық экономиканың ең маңызды әрі динамикалық құрылымы болып табылады. Өйткені тұтынушылық несиелеу халықтың әл-ауқатын жақсартуға көмектеседі. Халық өзі қалаған тауарын таңдап, несие алу арқылы сатып ала алады. Сол арқылы тауар өндірушілердің өнімдері тез өтіп, өндіріс көлемін кеңейтеді, қосымша жұмыс орындары ашылады. Жеке тұлғаларды несиелеу мемлекетке де, кәсіпорындарға да, жеке тұлағаларға да өте тиімді.
Коммерциялық банктердің дәстүрлі базалық қызметі-экономиканы және халықты несиелелендіру, яғни экономиканы және заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларды несиелендіру. Жеке тұлғаларды несиелендіруге тоқталатын болсақ жеке тұлғалар көбінесе тұтыну несиесін пайдаланады.
Жеке тұлғаларды несиелеу халықтың өмір деңгейін арттыруға бағытталған мемлекеттік несие саясатының маңызды бөлігі болып табылады. Өнеркәсібі дамыған елдерде тұрғындар өзінің жыл сайынғы табысының 18-20% -ын тұтыну несиесін өтеуге жұмсайды. Қазақстанда несиенің бұл формасы мүлдем дамымай қалды десе де болады. Халық борышкер болудан қорқады, оның үстіне, тұтыну несиесінің пайыздық мөлшерлемесі айтарлықтай жоғарғы деңгейді құрайды. Тек соңғы жылдары ғана халық несиенің мәнін түсініп, несие ала бастады. Жеке тұлғаларды несиелелендіру белгілі бір дәрежеде табыстары біркелкі емес тұрғындардың өмір деңгейін салыстырмалы түрде теңестіреді, әр түрлі әлеуметтік топтардың тұтыну деңгейі мен құрылымының арасындағы айырмашылықты жояды. Коммерциялық банктер беретін тұтыну несиесі жеке тұлғаларға оның ағымдық сипаттағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін беріледі. Оның ішінде, жеке шаруашылықтағы өндірісті дамытуға, құрылыс салуға, тұрғын үйді жөндеуден өткізуге, ұзақ уақыт пайдалануға жарамды заттарды сатып алуға беріледі.
Жеке тұлғаларды несиелендіру көптеген елдерде маңызды рөл атқарады. Осыған орай, мемлекет тарапынан реттеліп отыратын болады. Ол қадағаланады әрі банктік және коммерциялық несиелерге бақылау қойылады. Жеке тұлғаларды несиелендіру халықтың тауарға деген сұранысын ынталандырады әрі олардың өндірілуі мен сатылуын арттырады. Сондықтан жеке тұлғаларды несиелендіру ақша-несие саясатының басым бағыты болып қала береді.
Диплом жұмысының мақсаты - тұтыну несиесі мен оны ұйымдастыру және даму мәселелерін кешенді әрі құрылымдық түрде ашу, коммерциялық банктердің тқтынушылық несиелеуін талдау арқылы банктердің несие беру шарттарын қарастырып, жақсарту. Осы мақсатқа жету үшін мынадай мәселелер қойылған:
- тұтыну несиесінің мазмұнын анықтау;
- коммерциялық банктердің қазіргі күнгі жеке тұлғаларды несиелеу жүйесін қарастыру;
- коммерциялық банктердің тұтыну несиесінің процестерін талдау;
- коммерциялық банктердің тұтыну несиесінің жолдарын қарастыру.
Диплом жұмысының міндеттері:
- тұтыну несиесінің экономикалық мазмұнын ашып көрсету;
- екінші деңгейлі банктерде жеке тұлғаларды несиелеу жағдайы ашу;
- «БанкЦентрКредит» АҚ-ның мәліметтері негізінде тұтыну несиесінің қазіргі кездегі жағдайына талдау жасау;
- Қазақстан Республикасында тұтыну несиесінің жетідіру жолдарын көрсету.
Диплом жұмысының объектісі - «БанкЦентрКредит» АҚ болып табылады.
Дипломдық жұмысты жазуға ҚР-ның Ұлттық Банк туралы заңы, мерзімдік басылымдардардағы ақпарат материалдары, сайттар, шетелдік және отандық экономистер мен ғалымдардың еңбектері және экономикалық әдебиеттер негіз болды.
Жұмыс құрылымы бойынша кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Жұмыстың бірінші бөлімінде коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеудің теориялық негізі қарастырылады. Екінші бөлімде коммерциялық банктердің тұтыну несиесін талдау келтірілген. Үшінші бөлімінде коммерциялық банктердің тұтыну несиесінің қазіргі жағдайы және даму болашағы туралы қарастырылған.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КОММЕРЦИАЛЫҚ БАНКТЕРІНІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫ ТҰТЫНУ НЕСИЕСІМЕН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ТОЕРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Тұтыну несиесінің экономикалық мәні мен атқаратын қызметі
Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы ретінде құн қоғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Құн қозғалысы несие қозғалысының негізі болып табылады. Айырбас процесінде мәміленің екі түрі ажыратылады : қарыз мәмілесі және сатып алу - сату мәмілесі. Несие қарыз мәмілесі ретінде тауарлар айналысы процесіне себепші болады. Қарыз мәмілесі тауар айналысының ерекше формасы және сатып алу - сату кезінде тауарларды өзара ұсыну бір мезгілде жүреді, қарыз мәмілесі кезінде эквиваленттің қайтарылуы кейінге қалдырылады. [2]
Несиені экономикалық категория ретінде қарыз мәмілесі негізінде көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз мәмілесі несиені экономикалық категория ретінде өз бетінше сипаттамайды, оны осы мәміле негізінде пайда болатын өндірістік байланыстар немесе жүзеге асыру формасы - қарыз мәмілесі болып табылатын өндірістік қатынастар сипаттайды. Қарыз мәмілесі тауар шаруашылығының әр - түрлі сатыларына тән. Экономиканың тарихи дамуымен бұл мәмілелер ұлғаяды, жетілдіріледі және жалпылама мәнге ие болады.
Әр - түрлі шаруашылық жүйелерінде кездесетін мәміле типтерінің формалды ұқсастығы олардың бір атауымен - «несие» - бекітіледі, бірақ әр түрлі дәуірлердің несиелік қатынастары бір атауды сақтай отырып әр түрлі мәнге, мазмұнға және табиғатқа ие.
Несие түсінігі келесі түрде белгіленеді. Бақыланатын халық шаруашылығы құбылыстарының барлық жиынтығының іріктелініп алынады, одан кейін бұл құбылыстар талданады, төмендегідей белгілерге бөлінеді: біріншіден, олардың барлығына тән белгілері; екіншіден, бұл белгілердің ішінен тек таңдалған құбылыстарға тән белгілер ғана сақталады. Несие деп аталатын әлеуметтік байланыстар: әр түрлі тарихи кезеңдерде, тауар шаруашылығының алғаш пайда болуы кезінде, дамыған нарықтық шаруашылық дәуірінде де бар.
Ғ. С Сейітқасымов өзінің «Ақша, несие, банктер» оқулығында несиеге мынадай анықтама беріледі: «несие - пайыз төлеу шартында белігілі бір мөлшерде және белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын ақшалай қатынстар жиынтығы» деп тұжырымайды. [3]
Ал экономикалық сөздікте несиеге келесі анықтаманы береді: «несие - бір тұлғаның екінші тұлғаға қарыз түрінде ақша немесе тауар материалдық құндылықтар беру жөніндегі мәміле».
Несиенің мәнін ашу - бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін сапаларын тану болып табылады. Сондықтан да несиенің қажеттігін және мәнін ашу үшін несиенің құрылымын қарастырайық.
Несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субъектілері деп атауға болады. Осы тараптардың біреуі болмаса несиелік мәміле жасалмайды. Несие беруші - қарыз беретін несиелік қатынастың бір бөлігі. Несие берушілерге мемлекет, банктер (орталық және коммерциялық), банк типтес мекемелер мен қаржылық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары да жатады. Кейбір жағдайларда несиенің коммерциялық формада берілуіне байланысты несие берушіге өнім өндіруші кәсіпкерлер де жатқызылуы мүмкін. Ал, қарыз алушыларға қаражатқа деген уақытша қажеттілігі бар кез келген заңды және жеке тұлғалар жатады.
Несиелеу объектісі - бұл несиенің пайдалану заты, яғни қарызға берілетін құн болып табылады.
Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде де болады. Материалдық қамтамасыз етілген несиелеу объектісіне өндірістік шикізат қорларын, негізгі және көмекші матариалдарды, жанар-май, ыдыстар, сатып алынатын жартылай дайын өнімдер, азықтар және басқа да материалды құндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымды қорлары жатады. Мұндай қорларды жасау ең бастысы, өндіріспен және өнімдерді сату процесімен тығыз байланысты.
Несиелеу объектісіне экспортты және импортты тауарлар мен қызметтермен жабдықтау, экономикалық қызметке байланысты шығындар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың сатып алынатын шикізаттары, материалдары, құралдары және басқа да мүліктері, ломбардтық операциялар, шаруашылық субъектілердің кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтық жатады.
Ұзақ мерзімді несиелеу объектілеріне жататындар мынадай түрлерге бөлінеді:
- өндіріс объектілерінің құрылысы;
- өндіріс объектілерін қайта құру, техникалық жағынан қайта қаруландыру және кеңейту;
- техникалар, құрал-жабдықтар және көлік құралдарын сатып алу;
- жаңа өнім шығаруды ұйымдастыру;
- өндірістік емес маңызы бар объектілерді салу.
Жеке тұлғаларды несиелеу кезінде банктік несиелеу негізгі қағидаларға сәйкес жүзеге асырады. Оларға жатады : несие қайтарымдылығы, мерзімділігі, төлемділігі, қамтамасыз етілуі, дифференциалдығы мен мақсаттылығы. Оның әрқайсысына қысқаша тоқталайық:
Несиенің қайтарылымдылығы оның экономикалық категория ретінде басқа да тауарлы - ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылатын ерекшелігімен сипатталады. Қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да, қайтарымдылық - несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.
Мерзімділік - белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген несиенің ерекше бір белгісі. Ол, яғни несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп, несиенің қайтарымдылық принципі туындайды.
Несиенің төлемділігі - бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы (пайыз) түрінде беріледі.
Несиенің берілген түрі келесі функцияларды атқарады:
- шаруашылықтың салалары арасында капиталдың қайта бөлуін жеңілдету арқылы пайданың орта нормасының құрылуына көмектеседі;
- еңбек тиімділігін арттырады;
- тауарлардың өткізу нарығын кеңейтеді;
- тауарларды шығару процесі мен пайданы алу процесін жеделдетеді;
- тауар мен қолма - қол ақша айналысымен байланысты айналым шығындарын төмендетуде үлкен рөльді атқарады.
Жалпы несие экономикалық категория ретінде келесі қызметтерді атқарады:
- қайта бөлу;
- айналыс шығындарын үнемдеу;
- айналыстағы ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
- капиталдың шоғырлануын жеделдету;
- ғылыми - техникалық прогрессті жеделдету. [4]
Сонымен өзінің негізі бойынша жеке тұлғаларға берілетін несие - сауда кәсіпорындардың төлемдерді кейінге төлеу шартымен берілген тұтынушылық тауарларды сату немесе банктердің тұтынушылық тауарларды сатып алуға, жеке сипаттамадағы шығындарды төлеу (медициналық қызметтерді төлеу, білім алу және т. б. ) және жеке тұлғаларға ипотекалық несиелерді беру болып табылады. Берілген несиелердің банктің басқа несиелерден айырмашылығы бұл несиелер жеке тұлғалардың қарыздық қаражаттарда қажеттілігін қанағаттандыру үшін қолданылады. Сондықтан да берілген несие халықтың өмір деңгейінің жақсартуымен байланысты болып келеді. Оның көмегімен қарыз алушы тауарлар мен қызметтерді төлеуге жағдайы болғанға дейін тұтына алады, ал оның нәтижесінде өмір деңгейін көтере алады.
Жеке тұлғаларды несиелеу халықтың өмір деңгейін теңестіру, қала мен ауыл халықтың тұтыну құрылымы мен деңгейі арасында айырмашылықты төмендету сияқты әлеуметтік есептерді шешуге көмектеседі. Сонымен қатар несиеге сату тауарларды өндірудің арттыруына негізгі алғышарт болып табылатын халықтың тұрақты сұранысқа себеп болады, ал бұл өз уақытта тауардың өзіндік құнын төмендетіп, бағалардың төмендеуіне обьективті алғышарттарды құрайды.
Жеке тұлғаларды несиелеумен байланысты пайыздық тәуекелдің мүмкін пайда болуы тартылған ресурстардың банктік бағасы өте жоғары болған жағдайда пайда болады. Бірақ мұндай несиелер бойынша мөлшерлеме төмен болады, сондықтан да тартылған банктік қаражаттар бойынша нарықтық пайыздық мөлшерлеме мен несиелік келісімдер бойынша қарыз алушылар өзінің міндеттемелік қаражаттарын орындамау пайызы несиелердің көп бөлігінің пайдалы болмау үшін күрт жоғарлауы керек.
Несиелердің экономикалық айналымнан тәуелдігінің мәнін қарастырайық. Олардың көлемі қарыз алушылар өзінің болашағы бойынша оңтайлы ойлағанда, яғни экономикалық өсу сатысында көбейеді және керсінше экономикалық құлдырау сатысында, әсіресе жұмыссыздық өскен жағдайында көптеген жеке тұлғалар банктен қарыз алудың көлемін шектейді. Несие алушы жеке тұлғалар пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне көп көңіл бөлмейді. Үй шаруашылығы жағынан несие алу пайыздық мөлшерлемелер көзқарасынан салыстырмалы түрде икемді емес. Олар несиелік келісім бойынша ай сайынғы төлемдер көлеміне алынатын пайыздық мөлшерлемелерге қарағанда көбірек көңіл аударады. Мұндай қарыз алушылар үшін мөлшерлеме деңгейі көбінесе негізгі фактор болып табыламайды, несиені қолдану көбінесе табыс пен білім деңгейіне тәуелді болады. Жоғары табысы бар тұлғалар мен жоғары білім деңгейі бар тұлғалар несиені көбірек қолданылады, берілген жеке тұлғалар несиені қалаған өмір деңгейіне жету құралы ретінде қарастырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz