Исламдағы қиямет – қайым


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 142 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Әр халықтың сау - саламат өмір сүруі оның мәдениеті мен рухани байлығына тығыз байланысты. Егер адамзат рухани байлығы мен бойына сіңірген білімінен айырылса, онда олардың орнын сол заматта мәдениетсіздік және надандық қараңғылығы басады. Сондықтан әрбір саналы кісі ұлт мәдениетінің жойылып кетпеуіне аянбай ат салысып, қарсы тұруы керек және адамдардың жүрегінде қияметтің болатынына имане келтіріуге дұрыс сенімді оятуға ұмтылуға міндетті.

Ақырзаман! Бұл ежелгі ғасырлардан бері дұрыс ойлайтын адамдарды мазалап келе жатқан ұлы сұрақтардың бірінің мәні.

Ақырзаманның жақындағанын қасиетті Пайғамбарлар ескерткен және киелі кітаптарда хабарланған. Қазіргі кезде ол туралы осы заманның көптеген ғалымдары айта бастады.

Осындай оқулықтардың орнын толтыруға тырысып, олар Ностарадамустың «көріпкелдігі» тағы басқа сияқты кітаптарды оқиды. Бұл жорамалдар - ешқандай күмәні жоқ өтіпік әрі әдепсіздік. Сондықтан бірде - бір мұсылман (иман келтіруші) оларға сенбегені абзал. Сиқыршылар мен жорамалдаушылар өтірікші күнәһарлар болып табылады. Бұлар өте маңызды нәрсе туралы және оған қоса тіпті болашақта не болатынын білмейді. Бұл білім жалғыз Аллаһқа тән жән аса жоғары Аллаһ оны тек Өзінің тап - таза пайғамбарлары мен елшілерне ғана білдірген. Сондықтан мен диссертациямды қасиетті Құранның аяттары мен Пайғамбарымыз Мухаммедтің (с. а. у. ) сахих хадистеріне сүйене отырып жаздым. Сонымен қатар имамдар Жағфар ас - Садық, Әбу Ханифа, Мәлик ибн Әнәс, Мухаммад аш - Шафиғи, Ахмад ибн Ханбал және басқада тақуа мұсылман ғұлама ғалымдар (р. а. ) ғибадат еткен мұсылмандық ақиқат сенімінен ауытқып кетпеу үшін қолға қалам алып барлық мүмкіншілікті жасауға қолдан кегенше атсалыстым.

Аллаһ Тағала адамзат өмірi үшін бес мезгiл тағдыр етiп қойған. Бұлардың бiрiншiсi - рухтар әлемi, екiншiсi - ана жатыры, үшіншiсi - дүние өмірi, төртiншiсi - берзах және қабыр әлемi, ал бесiншiсi - ақырет және соның нәтижесi болған жұмақ пен дозақтағы мәңгі өмір. Бұлардан дүние өмірi адамға сынақ үшін берiлiп, мәңгілiк бақыт та адамның осы дүниедегi iс-әрекеттерiне байланған. Әр құлдың осы iс-әрекеттерің болымды және болымсыз қарсылықтары болатынын бiлуi және сол себептi жауапкершiлiгiн аңғаруы үшін де адамзат өмірінің бесiншi мезгiлi болған ақырет иманның алты негізінің арасынан орын алған. Ақыретке сену өте маңызды болғаны соншалық бiрталай Құран аятында Аллаһқа иман етумен бiрге ескертiледi. [1] ., 26-29 бб.

Аллаһ Тағала айтқан: «Аллаһқа және ақырет күнiне иман етiп салих амал iстегендер үшін Раббыларының қасында үлкен сыйлықтар бар. Олар үшін қорқыныш жоқ әрi олар қайғырмайды да». (Бақара сүресі, 62-аят) .

Ақырет - өлiмнен кейiн басталатын жаңа, шексiз және шын өмір. Құран аятында былай баяндалады: «Осы дүние өмірi бiр ойыншықтан, ермектен басқа нәрсе емес. Ал ақырет жұрты сөзсiз ол өмірдің дәл өзi. Әттең! Олар бiлсе ғой». (АнкӘбут сүресі, 64-аят) .

Өйткені мұны бiлгендер, осы фәни әлемде алған әр демінің бағасын бiледi де, Хақ Тағаладан бiр сәтте болса ғапыл қалмайды. Өмірлерi салих амалдарға толы бiр ғибадат өмірi болады. Соңдарының не болатыны туралы үнемi хауф және ража (қорқу мен үмiттену) арасында болады. Махшарда үлкен есеп күнінің үрейiнен көздерi де көңiлдерi де Аллаһтан деген қорқыныштан жас төгедi.

Дүниедегi өмір түгелденiп бiткен соң ұлы перiштелерден Исрафил (а. с. ) сүрге үрлейдi де, сол сүрдің даусымен адамдар қайтадан тiрiлiп түрегеледi және махшар алаңына келедi.

Сол күнi адамдардың қайтадан тiрiлтiлуi жоқтан бар етушi болған Хақ Тағала үшін өте оңай жағдай. Аллаһ Тағала Құран аятында осы жағдайға байланысты былай дейдi:

“Адам баласы былай дейдi: «Мен өлгенде қайтадан тiрiлтiлiп (қабірiмнен) шығарылам ба?” Адамзат бұрын ешнәрсе болмай тұрған кезде де оны жаратқанымызды ойламайды ма?». (Мәрям сүресі, 66-67-аяттар) .

«Адам баласы бiздi олардың сүйектерiн бiр араға жинай алмайды деп ойлайды ма? Әлбетте, оны ұшына дейiн қайтадан бұрынғы қалпына келтiруге күшiмiз жетедi!». (Қимет сүресі, 3, 4-аяттар) .

“Адам баласы көрмей ме, бiз оны бiр тамшы судан жараттық. Ол сонда да бiзге ашық түрде жаулығын көрсетедi. Өз жаратылысын ұмытып бiзге қарсы мысал келтiруге тырысады да “Осы шiрiп кеткен сүйектердi кiм тiрiлтедi?” дейдi.

«(Пайғамбарым! Оларға былай) Айт: Оларды алғаш жаратқан тiрiлтедi. Өйткені Ол әр түрлi жаратуды өте жақсы бiледi. Жасыл ағаштан сендер үшін от шығарған Ол. Мiне, сендер отты содан жағасыңдар. Көктердi және жердi жаратқан Аллаһтың олардың ұқсастарын жаратуға құдіретi жетпейдi ме? Әлбетте күшi жетедi. Ол әр нәрсенi жаратушы, толық бiлушi».

«Ол бiр нәрсе жаратуды қаласа, Оның iстегенi “Бол!” деу ғана, ол дереу бола салады. Барлық нәрсенің билiгi қолында болған Аллаһ әр түрлi кемшiлiктерден пәк. Сендер де оған қайтасыңдар». (Ясин сүресі, 77-83-аяттар) .

«Ол өлiден тiрi, тiрiден өлi шығарады. Жер бетiнде өлгеннен кейiн Ол қайта жандандырады. Мiне, сендер де (қабірлеріңнен) осылай шығарыласыңдар». (Рум сүресі, 19-аят) .

«Ей, адам баласы! Егер өлгеннен кейiн тiрiлуден күдіктенсеңдер, осыны біліңдер бiз сендердi топырақтан, одан соң жыныстық тамшыдан, кейiн алақадан (ұрықтанған жұмыртқадан) одан кейiн мүшелерi (алдымен) белгiсiз (бейнеленбеген), (кейiн) белгiлi (бейнеленген) жаны бар кесек еттен сендерге құдіретiмiздi көрсетейiк деп жараттық. Және кiмдердi қалаған болсақ соларды белгiлi мерзiмге дейiн жатырларда тоқтатып қоямыз да сендердi бөбек түрiнде сыртқа шығарамыз. Сондай-ақ күштi шақтарыңа жету үшін сендердi үлкейтемiз. Араларыңнан кейбіреулеріңнің жаны алынады да, кейбіреулерің бiлетiн бiр адам болғаннан кейiн түк нәрсе бiлмейтiн күйге түссiн деп өмірдің ең пайдасыз шағына дейiн апарылады. Сен жер бетiн де қураған және өлген халiнде көресің, Бірақ бiз оған жаңбыр жаудырғанда, ол құлпырып көпсидi де әр түрден (немесе жұптан) көркем өсiмдiктер бередi». (Хаж сүресі, 5-аят) .

Өмір сүрдіртетiн, өлтiретiн және тiрiлтетiн Аллаһ Тағаланың осы баяндары қайтадан тірілтілудің сөзсiз болатынын көрсетедi. Олай болатын болса, маңызды болған мәселе Пайғамбар (с. а. у. ) нің: «Қалай өмір сүрсеңдер сол күйде өлесіңдер және қалай өлсеңдер сол күйде тірілтілесіңдер!». (Сүнәну Әбу Дәуіт) .

«Бiз көктер мен жердi және екеуiнің арасында болғандарды ойын болсын деп жаратпадық. » (Дұхан сүресі, 38-аят), «Кәпiрлер қиямет бiзге келмейдi дедi. (Ей, Пайғамбарым! Сен оларға) айт: Жоқ! Олай емес. ғайыпты бiлетiн Раббыма ант етемiн! Әлбетте сендерге ол мезгiл келедi. Көктердегi және жердегi тозаңның түйiрiнің салмағындай нәрсе де Одан жасырын қалмайды. Тiптi көзге iлiнбес кiшкенесi болсын, одан үлкенi болсын барлығы ап-ашық бiр кiтапта (лаухи махфұзда жазулы) ». (Сәбә сүресі, 3-аят) .

(Адам баласы:) «Қиямет күнi қашан болады екен деп сұрайды. Ол көздер ұрейленiп қорыққан, ай тұтылған, Күн мен ай бiр араға келтiрiлiп қарайған сәтте болады. Мiне, осы күнi адам баласы: “Ендi қайда қашамыз?” дейдi. Жоқ сол күнi қашылмайды, әсте пана болмайды. Сол күнi әркiмнің барып тоқтайтын жерi тек қана Раббысының алды. Сол күнi адам баласына бұрыннан iстеп жiбергендерiнің және артында қалдырғандарының барлығы өзiне бiлдiрiледi». (Қиямет сүресі, 6-13-яаттар) .

Жұмыстың зерттеу объектісі: Бұл жұмыс - өз алдына мақсатын орындау үшін белгілі бір тақырыпты қарастырып, зерттеп соған қарай дәл тұжырымдама жасап шығаруға міндетті. Сондықтан да, ең бастысы ғылыми жұмыстың басты объектісі болып табылатын - Ислам дініндегі ақыреттік сенім түсінігін айта кеткен жөн болар. Бұған қоса, ақыреттік сенімнің ажырамас болып табылатын қиямет - қайым және оның адам өміріндегі маңызды орны мен үлкен және кіші белгілері де- диссертациямның зерттеу объектісі болмақ. Нақтырақ айтқанда: Ислам дініндегі ақыреттік сенім және қиямет- қайымның орын алуы және жүзеге асуы жайында көптеген негізгі әдебиеттер және де Ислам дінінің қайнар көзі болып табылатын Құран Кәрім мен хадистерге зер салып, сондай - ақ ақыреттік сенімнің адам өміріндегі мән - маңызы мен тәрбиелік мәні жайында түбегейлі зерттеп, нақтылы тұжырымдарға қол жеткізбекпіз. Өйткені, диссертация тақырыбым «Ислам дініндегі ақыреттік сенім түсінігі» жайында болғандықтан осы жұмыстың зерттеу объектісі тек қана Исламды емес, христиан философтардың еңбектерімен бірге қарастыру керек. Сонда ғана нағыз салыстырмалы, герменевтикалық, аналогиялық әдіс-тәсілдердің мән-мағынасын тереңірек түсінуге мүмкіндік туады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: ғылыми жұмыстың зерттелу барысында қарастырып, зерттеп отырған бұл диссертация (яғни, «Ислам дініндегі ақыреттік сенім түсінігі» мәселесі) еш Қазақстанда зерттелмеген болатын. Әрине, бұл - мүлде тың тақырып, әле ешкім зерттеп үлгермеген деп айтсақ қателесеміз. Өйткені, бұған дейін көптеген шетел тілдерінде болсын, жалпы ақыреттік сенімге және қиямет - қайымға және оның белгілеріне қатысты біршама кітаптар жарық көріп келген. Дегенмен қазақ тілінде бұндай ғылыми еңбек жоқтың қасы деп айтуға болады. Тіпті Исламдағы ақыреттік сенімге қатысты мәліметтердің де кейбір кітаптарда жарияланғаны рас. Сондай - ақ ақыреттік сенім мен қиямет - қайым мәселесі жайындағы тақырыптар мен олардың өзара байланыстарын, өмірлік тәрбиелік мәні мен ерекшеліктерін қарастыратын төл бір еңбектің болмағаны көпшілікке аян. Сондықтан да бұл магистрлік диссертацияның мәні ерекше болса керек.

Осы орында айта кетерлік мәселе: аталған ғылыми зерттеу жұмысы әзірленетін кезде көптеген еңбектерден, философтар мен дінтанушылар негізгі тақырыпты зерттеген ғалымдардың ішінен мына кісілердің еңбектеріне назар аударуға болады: Имам әл - Ғазали, Сайд Кутуб, Әл - Фараби, және де Француз философы Филип Ариесь т. б. Қазақ орыс, араб, түрік тілдеріндегі Ақырет сенімі және қиямет - қайымға қатысты әдебиеттер, оның ішінде Ахмед Лутфи Казанжы, Ислам ақаиды. Өмер Насухи Билмен, Бүйук Ислам илмихали. Шерафеддин Гөлжүк, Ислам ақаиды. Имам Ғазали Әбу Хамид Мухаммед бин Мухаммед, Ихяу Улумиддин. Шах Уалиуллаһ Дихлеви. Хужжатуллаһи-л Балиға әдебиеттері қолданылды. Негізгі зерттелу нысанасы ретінде қасиетті кітаптар Құран, таурат, зӘбур, інжіл қолданылды

Осы аталған көптеген еңбектерді сараптай отырып, қажетті мәліметтер өзара салыстырылып, ең дұрыс әрі нақтылары қағазға түсіріліп отырады. Сондықтан да аталған еңбектерді дайындауға ат салысқандарға да өзімнің шексіз ризашылығымды білдіргім келіп отыр. Өйткені менің жазған магистрлік диссертациям да (көптеген өзге дияссертациялар сияқты) жоқтан бар етіп, жаңадан жасау түрінде емес, қолда бар деректерді зерттеп, құрастырып, аналитикалық және синтетикалық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып әзірленбек. Осы құрастыру, үзінділер келтіру барысында жоғарыда аты аталған еңбектердің де үлесі зор болғанын атап айтқан жөн.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті: келесі кезекте осы магистрлік диссертацияның негізгі мақсаттарына тоқталып өткен жөн болар. Мұнда алдымен, көпшілік қауымға ақыреттік сенім мен қямет - қайымның мән-мағынасын, оны діни әрі дүниелік тұрғыдан алатын орны мен ролін, қасиетті кітап болып табылатын Құран - Кәрімнің ақыреттік сенім мен қямет - қайым жайындағы деректердің қаншалықты дұрыс-бұрыстығын, сонымен қатар, о дүниедегі адамның өмірі мен жауапкершілігін түсіндіріп, ақыреттік терминдерге тоқталып егжей - тегжейімен ашықтап баян ету.

Осы орында «Неліктен? Не қажет?» деген сұрақтардың тууы даусыз. Бұл сұраққа қайырар жауабым: өйткені, осы жоғарыда аталған мағлұматтар кеңінен ашып көрсетілгенде ғана халқымыздың болашағы болып саналатын жастардың көптеген қате сенімдерге беріліп кетулерінің алды алынатын болады. Әйтпесе, өз дінін, ұлтын, Құранын, хадисін танымайтын, имандылықтан жұрдай, адамгершіліктен мақрұм жастар көбейе бермек. Сондықтан да, ең басты мақсатым: осы еңбек арқылы көпшілікке: ақырзаманның болатындағына сендіруге, шайтан жолымен емес Аллаһтың нағыз тура жолы болған Ислам жолына түсулеріне үлес қосу.

Ендеше, осы көзделген мақсаттарға толығымен қол жеткізу үшін белгілі бір міндеттерді, іс-шараларды атқаруға тура келеді. Сондай міндеттердің кейбіреулері мына төмендегілер болмақ:

  • Тақырыпты зерттеу барысында тек қана Ислами дерек көздерге сүйенумен шектелмей, өзге діндердің еңбектерінен де қажетті болған деректерді келтіріп отыру;
  • Ақырзаман немесе қиямет - қайым сөздерінің тек діни мағыналарына емес, халық ауызекі тіліндегі, аңыз-әңгімелердегі, түрлі дүние танымдық үлгілердегі мән-мағыналарына кеңінен талдау жасау;
  • Ақыреттік сенімнің қоғамға тигізетін пайдаларын, сонымен қатар адам өміріндегі сенім негізінің ең бастысы екендігі туралы дәйекті пікірлерді ұсыну
  • Сондай-ақ, Қазақстан өңіріндегі ақыреттік сенім түсінігі мен қазақ халқының қаншалықты ақыретке сенетіндігі жайында нақты да маңызды мағлұматтар келтіру т. б.

Қысқаша айтқанда, зерттеу жұмысының негізгі мақсаты ақырет сенімінің мақсатын аша отырып, оның адам өміріндегі негізгі қағидаларың маңыздылығын түсіндіру. Исламда ақыреттік сенім - жеке тұлға және қоғамда жауапкершілік сезімдерін нығайта түседі. Бұл дүниеде істегендерінң нәтижесін о дүниеде берілетіндігін ойлайтын адам - салмақты, жауапкершілікті болуға, жақсы және шариғат заңдарына сай өмір сүріп, жамандықтардан бойын аулақ ұстауға тырысады. Ақыретке сену адамды бос қиялшылдықтан құтқарып, өмірдегі ащы, қайғылы оқиғаларға сабырлы, төзімді болуға үйретеді.

Зерттеудің методологиялық негіздемесі: осы тақырыпты зерттеу кезінде жалпы ғылымдағы және де дінтану саласын зерттеудегі бірнеше әдіс-тәсілдер қолданылды. Атап айтатын болсақ, ақырет қатысты ұғымдарды талдау кезінде теологиялық әдіс; әлемдік үлкен (Ислам, Христиан, секілді) діндерін қарастырғанда тарихи-салыстырмалы әдістер; ал Құран, Інжіл, Таурат мәтіндерін талдау кезінде герменевтикалық әдістерден пайдаланылады. Сондай-ақ осы магистрлік диссертацияда аналогиялық, диалектикалық, феноменологиялық, антропологиялық әдіс-тәсілдерге азды-көпті орын алады.

Зеттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Бұл жерде нақты ғылыми жаңалықтардың қатарына мына бір жайттарды жатқызуға болады: бұған дейінгі дерек көздер түрікше немесе арабша (әлде өзге де шетел тілдерінде) жазылған болса, бұл магистрлік диссертация - қазақ тілінде әзірленіп отыр. Сонымен қатар, бұрынғы әдебиеттер мен дерек көздердің айтарлықтай көпшілігі жалпы Ислам дінінің сенім ережелеріне; иман, намаз, ораза, зекет, қажылық сияқты мәселелерге тоқтала отырып, мұндай тақырыптар жайында ана тілімізде кең түрде қарастырылмаған болатын. Бұл ғылыми жұмыс - осы бос орынды толтыратындай болып, бұл да бір жаңалық болмақ. Сонымен қатар, мына төмендегідей жаңалықтарын да айта кетсек болады:

1. Осы тақырып (яғни, «Исламда ақыреттік сенімі түсінігі» мәселесі) еліміз Қазақстанда айтарлықтай зерттелмеген сыңайлы. Дегенмен көптеген шет елдерде аталған мәселелер жайында сан-алуан кітаптар жазылып, халықтың назарына ұсынылып үлгерген. Ал, біздің елімізде «ақыреттік сенім» жайында жазылған атап айтарлықтай көп емес. Демек, жазылған еңбектер шектеулі ғана. Сондықтан да халқымыздың кез-келген азаматын, әсіресе, елдің келешегі мен болашағы болып табылатын жас ұрпақтықұдайдан қорқып, ақыретке сенетін сау - саламатты, санасы таза кәміл саналы адам болып өсіп, ұлғаюлары үшін үшін осы мәселе қайтадан, кең түрде, жан-жақты зерттеу арқылы қарастырылып өтілді.

2. Бұл ғылыми зерттеу жұмысы негізінен тек қана қазақ тілдік әдебиеттер мен шектелместен, басқа да шеттілдік әдебиеттерден үзінділер мен пайдалы деректер келтіріле отырып әзірленді.

осы тақырыпты зерттеу барысында қарастырған әдебиеттерімнің басым көпшілігі қазақ басылымдарына шықпаған түрік әдебиеттерінен көптеген мәліметтер алдым. Оның ішінде Шах Уалиуллаһ Дихлевидің Хужжатуллаһил Балиға, Имам Ғазали, Өлүм ве Өтеси, Ахмед Языжыоғлы Бижанның Әнуарул т. б Ашиқин және де тағы басқа еңбектерідің ішінен ең маңыздылары таңдалып алынып, білімгер қауымның назарына ұсынылды.

Зерттеу жұмысының теориялық және іс-тәжірибелік маңыздылығы: Негізінде осы теория жүзінде жазылып отырған деректер мен үкімдердің барлығы да шындап келгенде практика барысында (іс жүзінде) жүзеге асуы үшін жазылып отырады. Сондықтан да, бұл магистрлік диссертацияны көптеген ізгі шараларда, имандылық сабақтарында, жалпы университет қабырғаларында, дінтану, мәдениеттану, психология салаларында пайдалануға болады. Тағы да айта кететін болсам, бұл жұмыста көптеген зерттеу әдістерінен пайдаланылды. Солардың ішінде компаративтік (тарихи-салыстырмалы), феноменологиялық, антропологиялық, аналогиялық, герменевтикалық, генетикалық т. б. әдістер кеңінен қолданылған. Әсіресе, герменивтикалық әдіс арқылы діни мәтіндердің мағыналары түсіндіріліп, компаративтік әдіс арқылы көптеген салыстыру іс-шаралары жүргізіледі. Диссертациялық еңбекте алынған теориялық тұжырымдар философия тарихының, дінтану ғылымының бүкіл білімгерлеріне ортақ гносеологиялық, онтологиялық мәселелерді терең танып түсінуге ықпал етеді. Бұл ғылыми диссертациялық жұмыс негізінде кез-келген санасы сау, ақыл-есі бүтін жандарға, жалпы алғанда адамзат баласына ортақ мұраларды философиялық тұрғыда игеріп, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беру іс-шараларында пайдалануға да ұсынылатын еңбек.

Ғылыми зерттеу жұмысының құрылымы: осы ғылыми диссертациялық жұмыс әдеттегідей; кіріспеден, бірінші тарау төрт бөлімнен, екінші тарау төрт бөлімнен және де қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен (жалпы алғанда 118 беттен) құралады. Бұған қоса, тақырыппен байланысты болған кейбір интернет-сайттарының да тізімі келтірілген

Жұмыстың апробациясы: ғылыми жұмыстың мәнді астарын замандастарымызға таныту мақсатымен бірқатар мақала, тезистер жазылды. Баспасөз беттерінде жарияланған еңбектердің ұзын жобасы төмендегідей:

1. «Ислам дінінде ақыретке сенудің маңыздылығы». //Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ: серия саясаттану серия мәдениеттану сери философия №2 (28) . 19. 05. 2007.

2. «Қиямет - қайымның үлкен және кіші белгілері». Алматы // «Ақиқат». 2007 жыл.

3. «Ислам дінінде ақыретке сенудің қоршаған ортаға тигізетін әсері». «Білім әлемінде» журналы. № 2-саны // 2007 жыл.

1. ИСЛАМДАҒЫ ҚИЯМЕТ - ҚАЙЫМ ЖӘНЕ АҚЫРЕТТІК СЕНІМГЕ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ДІНТАНУЛЫҚ САРАПТАМА

  1. Қиямет- қайым және ақырет терминдерінің сөздік және ұғымдық мағыналары

Ақырет сөзі арабшада соңғы және соңғы болған, соңғы күн деген мағынаны білдіреді. Бұл дүниенің соңын, бұл өмірден басқа өлімнен бастау алатын жаңа әрі соңғы әрі мәңгі өмірді ақырет деп атайды.

Діни ұғым ретінде - ақырет күні Исрафил атты періштенің Аллаһтың әмірімен сүр деп аталатын үрлегішпен бірінші мен екінші үрлеуіне және содан кейінгі жұмақтықтардың жұмаққа. Тозақтықтардың тозаққа кіруіне дейінгі уақыт немесе сүрді екінші рет үрлегеннен бастап мәңгі бақилық өмірді атайды.

Жоғарыда айтылған анықтамаға сүйенетін болсақ. Ақырет ұғымы, қиямет, Исрафил періштенің сүрді үрлеуі, адамдардың қайта тірілуі, барлық адамдарға бұл дүниеде істеген істері жазылған амал дәптерлерінің берілуі, амалдардың таразыға тартылуы, бұл дүниеде істеген істері үшін әр бір адамның есепке тартылуы, шапағат, сират көпірі, жұмақ және тозақ т. б. сияқты мәселелерді қамтиды. [6] ., 169 б.

Бәрімізге белгілі иманның бес шартының бірі - ақырет күніне сену. Ақырет күніне сену Ислам дінінің негіздерінен болып табылады. Құран Кәрімде ақыретке сенудің парыз екендігін білдіретін көптеген аяттар бар.

Бұлардан бірнешеуін айтып өтетін болсақ: « Бірақ шын мәніндегі ізгі амал - Аллаһқа, ақырет күніне, періштелерге, кітаптарға және пайғамбарларға иман ету, сену ізгі амал». (Бақара сүресі, 177-аят) .

«Аллаһқа, ақырет күніне иман етіп, ізгі амал істеген Раббылары қасында сыйлық бар. Олар үшін қорқыныш жоқ. Әрі олар қайғырмайды». (Бақара сүресі, 62-аят) .

«Олар саған түсірілгенге, сенен бұрынғы түсірілгенге сенеді және ақыретке анық нық сенеді». (Бақара сүресі, 4-аят) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИМАН ЖӘНЕ АМАЛҒА БАЙЛАНЫСТЫ
Абайдың исламиятқа қатысы
Ислам дініндегі негізгі құндылықтың бірі
Исламдағы жастардың кейбір мәселелері
Имам матуриди ақидасы
Ислам әлемінің мәдениеті
Тахауи ақидасы – Имам Тахауи
Исламда сауда-саттықтың орны
Қазақ тілінің фонетикасы дәрістер
Сабуни іліміндегі таным және оның маңызы мен мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz