Ландшафттар және оларға бейімделген мал шаруашылығы жүйесі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 103 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Әлемнің көптеген өркениетті елдерінде, әсіресе Ресей ғалымдарының белсенді ізденістерінің нәтижесінде, бүгінгі таңда, ландшафттарға бейімделген егіншілік жүйесінің ғылыми - теориялық тұғырнамасы және іс жүзіне асырудың әдіснамалық жолдары жасалып шықты. Кейінгі кезде, бұл бағыттағы ғылыми зерттеу жұмыстары Қазақстанда да қолға алынып, олардың нәтижелері баспа беттерінде де жарық көре бастады. Бұлардың басым көпшілігі айдалған жерлердегі егіншілік жүйесін жаңа тұрғыда қалыптастыруға арналғанын байқап жүрміз.
Осы еңбектерді және ландшафттарға бейімделу бағытындағы еңбектерді талдай келе, біздің ойымыз, осы жүйе, мал шаруашылығын да бейімдеу мүмкіндіктеріне де мол жол ашатындығына тіреліп, бұл мәселелерді ландшафттану тұрғысынан шешуге болатындығына көзіміз жетті. Бұл пікірімізді дәлелдеу үшін кеңес заманындағы Қазақстан аумағындағы мал шаруашылығындағы келеңсіз мәселелерді мүмкіндігімізше талдап, оларды болдырмауымыздың жолдарын ландшафттарға бейімделу жүйесінен іздестіруге тырыстық. Нәтижесінде, бұрынғы замандағы кемшіліктерді талдап, топтастыру жасадық (жұмыстың мәтінінде келтірілген) . Осы кемшіліктерді жаңа жүйемен салыстыра келіп, жақсартудың нақты шараларын көрсетуге тырыстық (жұмыстың мәтінінде келтірілді) .
Жоғарыда баяндалған мәселелерді ландшафттану ғылымының тұрғысынан түсіндіру тақырыптың өзектілігі болып саналады . Мұны іс жүзінде көрсету үшін Алматы облысындағы Қарасай ауданының таулы өңірінің ландшафттық карталары құрастырылды.
Тақырыптың жаңалығы:
- Қазақстан аумағындағы ландшафттарға бейімделген мал шаруашылығының жүйесіне арналған ландшафттық карталар алғашқы (бірінші) рет құрастырылды;
- бұл карталардың қағаз бетіндегі және компютерлік ГАЖ технологиясын қолданып электрондық нүсұаларын жасау іске асырылды;
Жұмыстың мақсаты - Алматы облысындағы Қарасай ауданы таулы өңіріндегі ланшафтардың иерархиялық жіктелу ұстанымдары негізінде, олардың карталарын құрастыру.
Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселелер шешілді :
- ландшафтар туралы түсініктерді баяндай келе, табиғи ландшафттық қорларды дұрыс пайдаланбау себептерін талдап, ландшафттарға бейімделген мал шаруашылық жүйесін ұйымдастыру жолдарын анықтау;
- зерттеу нысандарына сәйкестелген әдістерге талдау жасап олардың оңтайлы нұсқаларын пайдалану;
- Қарасай ауданындағы таулы өңірдің масштаптары 1: 100 000-дық топырақтық-геоморфологиялық, жер бетінің сулары мен ирригациялық және ландшафттық карталарды құрастыру;
- жоғарыдағы мәләметтерді жүйелей келе жұмыстың мәтінін жазып, тұжырымдық- қорытындыларын шығару.
Жұмыс 2006-2008 жылдары жүргізіліп әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі география факультетінің физикалық география және геоэкология кафедрасының меңгерушісі, г. ғ. к., доцент Н. Н. Керімбай және профессор, биология ғылымдарының докторы Ж. . Ү. Мамытовтың ғылыми жетекшілігімен орындалды.
Ғылыми жетекшіге және жоғарыдаңы аталған кафедраның меңгерушісі, г. ғ. к., доцент Н. Н. Керімбай мырза мен оқытушыларға қол ұшын беріп, көмектескендері үшін шексіз алғысымды айтып, ризашылығымды білдіремін.
1 ЛАНДШАФТТАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА БЕЙІМДЕЛГЕН
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
- Ландшафттар туралы ұғым
Тақырыпта көрсетілген «ландшафтар және оларға бейімделген мал шаруашылығы жүйесі» деген ұғымдарға бірден сипаттама беруді жөн көрдік. Себебі, ұсынып отырған осы еңбектің бірден-бір мақсаты - ландшафттарға бейімделген мал шаруашылығы жүйесін (бұдан ары - ЛБМШЖ ) Қазақстанның табиғатына сәйкестендіріп жобалау болғандықтан, бұл екі ұғым - осы әрекеттің негізгі мәтіндік мазмұны болып саналады.
Қазақстан аумағында көп жылдар ғылыми зерттеулер жүргізіп жүрген профессор Г. Ж. Жаналееваның /1/ соңғы анықтауы бойынша «табиғи ландшафт» дегеніміз - өзін-өзі реттеп, болмыстық құрылыстарының ара қатынасы белгілі-бір деңгейде іске асып, құрамындағы тірі және өлі бөліктерінің үйлесімді қызметтері біртұтастықпен әрекет ететін (функция) табиғи-тарихи жүйе.
Осындай ландшафттың жайғасқан территориясы мен құрамды бөліктері (компонет) өзара тығыз байланыста болып, біркелкілігі мен ерекшеленеді. Ондағы жүретін қуаттық (энергия) ағынның бағыты, биофильді химиялық элементтердің алмасулары, мерзімдік физикалық қарым-қатынастар, популяциялық түрлердің сандық-сапалық құбылымдарының өзара бейімделулері ландшафттық кеңістік пен уақыт аумағында біртұтас ажырамайтын күйде болады. Табиғаттың жаратылысындағы осындай болмыстық қасиеті бар үлескілердің кез-келген бөлігіне әсер етіп, өзгертсе, бүтіндей экологиялық тепе-теңділігі бұзылып, «антропогендік» деп аталатын ландшафттың типіне ауысады. Себебі, ондағы ғасырлар бойы табиғи қалыптасқан үрдістер тізбегінің заңдылықтары бүлініп, қайтадан орнына келмейтін өзгеріс туындайды.
Қазіргі заманда антропогендік ландшафттар жер бетіндегі құрлықтың басым көпшілігін алып жатыр. Бұларға адам баласының тікелей әсер етіп, тіршіліктері мен қауымдарының қажеттеріне пайдаланатын территориялар жатады. Олар: егістік, жайылымдар, пайдаланатын ормандар, пайдалы қазбалар орналасқан аумақтар, құрылыстар, т. б. Егер, планетамыздағы табиғи ландшафттардың көлемі 20 пайыз болса, антропогендік нұсқасы 60 пайыздан астамын алып жатыр. Көлемі жағынан өте ауқымды бұл ландшафттар жүйесі жан-жақты зерттеліп, жүйелей жіктеліп, сипатталған. Олар: қалалық, техногендік, рекрациялық, жайылымдық, орман және су шаруашылық, медециналы-географиялық, агроландшафттық болып бөлінеді. Бұл тізімге қарағанда бірден көзге түсетіні, әр-қайсысының ерекшеліктері олардың атауларынан байқалатын тәрізді. Сонда да, әр-қайсысының табиғаты туралы нақтылы мәліметтер беретін анықтамасына, жүйесіне және жіктеулеріне өте қысқаша тоқталып, біздің тақырыбымызға сәйкестелінетін агроландшафттық ұғымға талықтай талдау жасауды жөн көрдік.
ТМД елдерінде антропогендік ландшафттарды жүйелей жіктеу нұсқасын ұсынған және осы кезде де іс жүзінде пайдаланатын А. И. Перельманның /2/ ұстанымы. Ол бойынша, табиғи ландшафттардың өзгеруіне адамның әсерінің дәрежелерін (деңгейін) және сипатын еске алу қажет. Біріншісі - ландшафттардың жекеленген құрамды бөліктерінің сандық және сапалық мөлшерлерінің немесе оның барлық құрылысының (струкрура) өзгеру дәрежесіне байланысты болады. Екіншісі - әсер етуші факторлардың түріне, сипатына сәйкес ландшафттардың модификацияланған атаулары анықталады. Осы екеуінің жиынтық қуат-күші табиғи ландшафттармен салыстырғандағы, жаңарған нұсқасының тұрақтылық дейгейін анықтайды.
Жайылымдық антропогендік ландшафттар , кез келген территорияның ауыл шаруашылық саласында жайылымдық жерді үлес салмағы аз болғанымен, басқа табиғи кешендермен салытырғанда антропогендік әсерге тұрақсыз болады.
Табиғи жайылымдық жерлердің экономикалық тиімділігін арттыру тек оларға дұрыс шараларды пайдалана білуде ғана емес, сонымен қатар жердегі ірі массивті құмдарға, ауыл шаруашылығына жарамсыз жыртылған жерлерге, жасанды өнеркәсіп үйінділеріне көп жылдық өсімдіктер отырғызу. Бүкіл вегетациялық кезеңде жануарлар нәрлі өсімдіктермен қоректенеді. Бірақ мұндай көрсеткіштер жыл сайын бола бермейді. Ылғалы мол жылдар мен жайылымды алқартарды дұрыс пайдаланғанда ғана нәтижелі көрсеткішке қол жеткізуге болады. Ал қуаңшылық жылдары өсімдік жаздың ортасында күйіп кетеді. Сонымен қатар малды шамадан тыс жаю, өсіміктердің өнімділігі мен биологиялық ерекшеліктерін есепке алмау жайылымдық жерлердің нашарлауының бірден- бір себебі болып табылады. Сол себепті шабындық өсімдіктерінің нәрлік құны төмендейді, мал жемейтін өсімдіктер өсіп, механикалық құрамы жеңіл топрырақта эрозиялық процесс дамиды.
Көп жылдық ауа райы көрсеткіштері мен мезгілдік ерекшеліктеріне сүйене отырып, жем-шөптің қорын, тиімді пайдалану жолдарын шешуге мүмкіндік туады.
Құрғақ жылдары өсімдіктердің азықтық құнының 1, 5-2 есе төмендеп кететінін байқауға болады. Сондықтан жайылымдық жерлерді пайдалану өсімдік түрлерінің биоэкологиялық ерекшелігін, өнімділігін, мезгілдік даму ритімін есепке алуды талап етеді. Осыған байланысты табиғи жайылымдарды тиімді пайдалану мен жақсарту шаралары ғылыми тұрғыда көп жылдық биоэкологиялық мәліметтерді пайдалануды талап етеді.
Елімізде шалғынды, шабындықты жерлерді жақсартуда елеулі жетістіктерге қол жетіп отырғанымен, әлі күнге дейін шешімін таппаған күрделі мәселелер жеткілікті. Сондықтан да жоғарғы экономикалық көрсеткішке жету жолында жүзеге асырылатын жұмыстар баршылық. Табиғи жайылымдарды жақсарту жолында жасанды азық түлік базасын құру, суландыру жұмыстарын жүргізген дұрыс.
Метерологиялық жағдайдың аномальды көрсеткіштері вегетациялық кезеңнің ғана емес жалпы өсімдік жамылғысының өзгерісіне, өнімділігіне әсер етеді. Сондықтан стационарлық ізденістер жүргізу арқылы азық - түлік картасын түсірген жөн. Өйткені өсімдік өнімділігі кең аумақта өзгеріп отырады яғни кеңістікте әр қалай. Мысалы, Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі жусанды жайылымдарда 10 жылдың 4 - 5-інде өнім төмен, ал 3 - уінде орташа, 2 -уінде жоғары яғни өнімділігі нашар кезең -50-60%, орташа өнімділік - 30%, ал ең жоғары көрсеткіш - 15-20% қана.
Шабындықты жерлерді тиімді пайдалану көптеген көрсеткіштерге: өсімдік түрлеріне, биологиялық ерекшелігіне, тамырының таралуы және жер беті мен жер асты органдарының қарым - қатынасына негізделеді.
Шөлейт зонасы өсімдіктерінің келесі бір еркшеліктері - вегетациялық кезеңнің ұзақтығы - көптеген өсімдіктер вегетация кезінде, ал кейбіреулері вегетациялық кезең аяқталған соң жеуге тиімді. Сондықтан мал жаю уақытын жоспарлау мен ауыспалы жайылым құрудың маңызы зор. Ауыспалы жайылымды жоспарлағанда жайылымда қандай өсімдік топтары өседі, алып жатқан ауданы қанша екендігін де есепке алу керек. Өйткені өсімдік жамылғысының вегетациялық кезеңіне, малдың оны пайдалану жағдайына байланысты жайылымдар күздік, жаздық, қыс пен көктем айлары жайылымдары деп бөлінеді. Бірақ бұл Қазақстан территориясы бойынша біртекті ауыспалы жайылым сұлбасын құру әлі мүмкін емес. Өйткені, алдымен әрбір жеклеген шаруашылықтар мен облыстар көлемінде осындай сұлбалар болуы тиіс.
Әрбәр жекелеген жайылымдар үшін мейлі ол жусанды құмды жайылым болсын демалыс беріп тұру керек, оның ұзақтылығы жайылым түріне байланысты. Құмды жайылымдарда үнемі, ал жусанды жайылым үшін өнімділігі орташа жылдарда, өйткені өсімдігі мүлдем жойылып кетекен жусанды жайылымдардың қайтып орнына келуі үшін 10 - 15жыл қажет.
Жайылымды жерлерді тиімді пайдалану жұмыстары жайылымды дұрыс бағалау, оның ылғалмен қамтамасыз етілу деңгейін анықтау, өнімділікті болжау мәліметтерін дұрыс пайдалану, керек кезде оған өзгерістер негізу сияқты мағлұматтарға негізделеді. Ауыспалы жайылым сұлбасын өнімділікті болжау мәліметтерін есепке алмай пайдалану жағымсыз нәтиже беруі мүмкін. Мысалы, жайылымда быйыл бір-екі рет мал жаю жоспарланып отыр дейік, болжау бойынша өнімділік нашар, сондықтан екі рет жаю тиімсіз біреуіде жеткілікті. Өйткені эрозиялық және эолдық процесстер үдеуі мүмкін. Сондықтан ауыспалы егістік сұлбасына болжау мәліметтерін пайдалана отырып, өзгеріс енгізсе жайылымның экономикалық көрсеткіші артады. Соңғы уақытқа дейінгі ғылыми мәліметтерге негізделген ауыспалы жайылым сұлбаларына көп көңіл аударылмай келді. Жайылымды жерлерді жақсартуда екі әдіс кеңінен қолданылады: бірінші жайылым мен шабындықты түбірімен жақсарту - ол үшін территория жыртылады да қайтадан қолдан басқа өсімдік егіледі; екінші табиғи өсімдік жамылғысы сақталады, су режимі реттеледі, химиялық тыңайтқыштар жіберіледі.
Соңғы жылдары табиғи шөлді жайылымдарда құрғақтануды болдырмау үшін кулис әдісімен ( ұзын сабақты өсімдіктер егу) бұталы өсімдіктер егеді( ақ және қара сексеуіл, жыңғыл т. б. )
Жасанды шабындықтар мен жайылымдар ұйымдастыру үшін жабайы, бірақ нәрлі сапасы жоғары өсімдіктер егу жақсы жолға қойылған. Әр түрлі агротехникалық шараларды пайдалана отырып кейреуік, изен сияқты жабайы өсімдіктер егіле бастады. Бұл өсімдіктер АҚШ пен Канада елдерінің шөлді аймақтарының жайылымдарында да пайдаланылып жақсы нәтиже беріп отыр /3/ .
Қалалық ландшафттар, ондағы қоныстанған алуан түрлі іс-әрекетінің нәтижесіндегі табиғи ортаның түбегейлі өзгеруінен қалыптасады. Үйлердің тұрғызылған үлескілері (селитебные участки) мен табиғи ортаның үйлесімді бірлістігі қалалық ландшафттардың негізгі өндірістік қызметін (функциясын) атқарып, сипатын анықтайды. Табиғаттың бастапқы қасиетінің өзгеру үрдісі қаладағы халықтың санына, шаһардың өсу екпінділігіне, ондағы өндіріс орындарының түрлері мен қоршаған ортаға әсер ету деңгейіне байланысты болады. Алдын-ала дұрыс жобаланған қалалардың аумағында таби ландшафттар мен қалалық-өндірістік құрылымдардың территориялық тепе-теңдігі сақталып, алғашқы - табиғи кешен мен мәдениеттендірілген (урбанизацияланған) ландшафттардың арасындағы үйлесімділік экологиялық оңтайландыру дәрежесіне дейін дамиды. Мұндай жағдайда жалпы қалалық ландшафттың шеңберінде орман шаруашылық, рекрациондық, ауыл шаруашылық, антропогендік ландшафттар пайда болып, әр-қайсысы өзінің бағытында дами береді. Олай болса, ландшафттарға бейімділік концепциясының әдіснамалық ұстанымдарының заңдылықтарын қалалық ландшафттарды игеру мен пайдалануда экологияландыру тұрғысынан толық пайдалануға мүмкіндік туындатады. Бұл жөніндегі ғылыми жұмыстарды В. В. Владимиров /4/ және тағы басқалардың ұсыныстық жобасымен жүргізуге болады (1-кесте) .
1 - кесте. Қала құрылыстық-геоэкологиялық нысандардың табиғи ортамен байланысын зертеу жобасы
Кестеде көрсетілгендей, ірі қалалардағы қалыптасатын ландшафттарды ерекше техногендік сипатта қарастырып, қаланың құрылатын жеріндегі табиғи ландшафттар мен жаңа бөлік (компонент) болып табылатын техногендік жақындықты қоғамдық өндірістің даму үрдістерімен үйлестіре зерттеу мүмкіндігі бар. Қалалық ландшафттарды зерттеуде Ю. Г. Тютюник /5/ пен Э. Г. Коломыктың /6/ әдіснамалық ұсыныстарын да пайдалануға болады.
Техногендік ландшафттар (бұдан кейін ТЛ) табиғи-антропогендік құрылым. А. Е. Ферсманның /7/ пікірі бойынша «техногенез» терминін адамзаттың қоршаған ортаға техникалық іс-әрекеті, инженерлік, химиялық, ауылшаруашылықтық, т. б. үрдістердің әсер ету нәтижесінде қалыптасқан геохимиялық және минералогиялық өзгерістердің жиынтығы, яғни ТЛ техногендік факторлардың (бұдан кейін ТФ) қоршаған ортаға әсерлерінен пайда болады. Қазіргі заманның негізгі ТФ-на тау-кен мен мұнай-газ өндіруден туындайтын және көлемді құрылыс пен транспорттардың әсерлерінен пайда болатын антропогендік факторлар жатады. Бұл ластандырушы көздері нүктелі, сызықты және территориалды болып бөлінеді. Бірақ, ТЛ ареалымен оны ластандырушы көздердің шығу нүктесі немесе сызықтық жайғасулары кейде сәйкес келмейді. Бұл құбылыс ландшафттардың өзара табиғи қарым-қатынас заңдылықтарымен түсіндіріледі, ал қалыптасқан ТЛ-дың қоршаған ортаға әсері территориалды жағынан әлдеқайда мол жерді қамтиды.
Кейіннен Р. К. Баландин /8/ бұл терминнің толық анықтамасын беріп, «жер қыртысының қайта құрылу үрдісі» деп атаған. Ландшафттарға әсер етуші техногендік өзгерістерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, тиянақтау геотехникалық жүйелер туралы концепция жасағаннан кейін қарқынды бағыт алды. Бірақ, кейінгі кезге дейін техногендік ластануды зерттеу салалық бағытта болды. Мысалы, табиғаттағы ағын суларға, ауа қабатына, топыраққа, т. б. жеке-жеке әсер ететін факторлар анықталды, ал қазіргі уақытта бұл зерттеулер кешенді экологиялық бағыт алуда.
Қазіргі заманның жоғарыда көрсетілген ТФ түрлерінен басқа, Қазақстан аумағындағы өте зиянды зардаптары зымырандарды тасушы (ракетоноситель) бар факторлардың қатарына - ғарыштық аппараттардың жағар майларының ыдыраған өнімдерінің және радионуклидтердің ландшафттарға тигізетін әсерлері. Бұлардың біріншісі, негізінен, Республикадағы ұсақ шоқылы аймақтарға әсер етсе, екіншісінің алапат көзі Шығыс Қазақстан облысында жатыр.
Зымырандар кешендерінің толық ыдырамаған жанар майларының негізгі түрі - симметриясыз диметилгидразин (СДМГ) және оның түрлері (гептил - (CH 3 ) 2 N 2 H 2 ) . СДМГ жер бетімен ауаға таралуы - зымырандардың ғарышқа ұшып кеткендерінен және апатқа ұшыраған түрлерінен де тарайды. Біріншісі - ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап Байқоңырдан дамылсыз ұшырылатын зымырандардан шашырап, бірнеше жүздеген мың шаршы километрге дейін жетеді. Ал, «Днепр» пен «Протондардың» ғарышқа жетпей апатқа ұшыраулары 6 рет болып (соңғысы «Протон-М» немесе «Бриз-М» 05. 09. 2007 ж. ), мүлдем пайдаланбаған, ыдырап үлгермеген СДМГ 3600 тоннасы Қарағанды облысының аумағын ластап, топырақтағы мөлшері ШК-дан 17 есе артқан. Осылардың нәтижесінде жаңадан техногендік ландшафттардың түрлері пайда болып, биосфераның, оның ішінде, топырақ жабындысы мен өсімдік жамылғылық бөліктеріне ерекше әсерлерін тигізді. Мысалы, Т. В. Корлеваның /9/ мәліметтері бойынша Қазақстанның шөлейт белдеміндегі құба топырақтардың 1 кг-да гептилдің мөлшері 18 мг-ға, яғни шектік концентрация (ШК - ПДК) 180 есеге жететін көрінеді. Бұл заттар топырақтың жоғарғы қабатындағы шаңды фракциясына сіңіп, жауын-шашынның әсерінен төменгі иллювиалды қабатына өтіп, сорбциалық геохимиялық кедергі (барьер) бөлігінде ұсталып қалады екен. Топырақтағы қара шіріктердің мөлшерлеріне қарай СДМГ гумустық қабаттарында тұрақты сіңген күйлеріне көшеді. Әсіресе, гумусы мол ойпаңдар мен Нұра, Сарысу өзендерінің бойында мол мөлшерде жиналады. Ал, Байқоңыр аумағы мен Орталық Қазақстандағы ұсақ шоқылардағы өсімдіктер құрамында гептилдің мөлшері (құрғақ күйінде) 224 мг/кг-ға дейін жеткен кездері болған.
Сонымен, «гептил» деп аталатын зымырандарды ұшыруға пайдаланатын жанар майлардың сіңіргіш (адсорбция) қабілеттілігінің өте жоғары болғандығынан, топырақтарда сақталу ұзақтығы ондаған жылдардан асып кететін көрінеді. Сондықтан ЛБМШЖ жобалауда бұл заттарды ықтияттылықпен зерттеп, ландшафттарды экологиялық бағалау қажеттіліктері туындайды. Мұны іске асыру үшін Т. В. Корлеваның /10/ ұсынған ұстанымын басшылыққа алуға болады.
1 - сұлба. Зымырандық жанар майлардың ландшафттарға, жануарлар мен адамдарға әсер ету сұлбасы (схемасы)
Соңғы кезде Мәскеудің М. В. Ломоносов атындағы мемлекеттік университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғалымдарымен бірігіп және Ө. Ө. Оспанов атындағы (Алматыдағы) топырақтану Институтының зерттеушілері СДМГ-нің табиғаттағы өзгерістерін жан-жақты тексеріп, олардың зиянды мөлшері мен тигізіп үлгерген кесапаттарын жоюдың жолдарын іздестіруде. Бұл жұмыстардың нәтижелері ландшафттарға бейімделген егіншілік және мал шаруашылығының жүйесін (ЛБЕМЖ) қалыптастыруда экологиялық маңызының зор екендігі күмән тудырмауға тиіс.
Қазақстандағы ЛБЕМЖ қалыптастырудағы еске алып, бағасын беретін экологиялық факторлардың тағы бір зор мәні бар құбылысы - Республикамыздың басым аумағының радионуклидтермен ластанды. Мұның негізгі таралған көзі - 1949-жылдың 29 тамызынан басталған Семей қаласының маңындағы ядролық қопарылыспен, осы жерде 1953-жылғы 12 тамызда болған сутектік бомбаны сынау. Бұл қатыгездік апаттар үнемі жалғасып, 88 рет ауада, 25 - жер бетінде, 398 - жер астында жойқын әртүрлі бомбалар сыналып, барлығы 498-ге жетті. Бұлардың жалпы жиынтығы 16, 5 млн/т тротилді эквивалент болды. Бұлардан басқа, Азғырдағы «Галит» полигонында 17, Орал қаласынан 140 км жердегі «Лира» полигонында 6 жер асты қопарылыстары іске асты. Сөйтіп, Семейден басқа, Қазақстан территориясында 34 ядролық сынақ жүрді. Бұлардың қатарында: Шаған, Сайөтіс, Сарыөзен, Атыраудағы Тайсойғандарда бар /11/. Жоғарыдағы қосымша, Республикамыздың радиациялық жағдайына зиянды үлес қосатын 5 ғылыми-зерттеу атомдық реакторлардың, 7-ден астам уранды өндіруші және өңдеуші мекемелердің үнемі іс-әрекетте екендігін айта кету жөн.
Міне, осылардың барлығы еліміздегі егіншілік пен малшаруашылықтық - ландшафттардың экологиялық қал-ахуалына әсерін тигізбей қойған жоқ. Мысалы, тек қана Семей полигонының көлемі 18500 шаршы километр болса, Тайсойғанда 750 шаршы км-ге жетеді. Осы көлемдердегі ядролық ластандырушы көздерінде пайда болған экологиялық залалдардың жан-жаққа таралып, алыс қашықтықтарда кең көлемді жиналу (аккумуляциялық) алаңдарын түзетіндігі белгілі жағдай. Мұндағы ландшафттар радионуклидтердің, ауа арқылы аэрозольдық түрімен де ластанады. Мысалы, бұлардағы таулық өсімдіктерде 90 Sr мен 137 Cs-дің концентрациясы 269-461 Бк/кг және жазықтықтардағы өсімдіктерде 3988-26 Бк/кг мөлшерінде болады екен. Бұл жағдай, қазақстандық территорияның барлық көлемін радионуклидтермен ластандырғанын байқауға болады. Олай болса, ЛБЕЖ жобалау барысында, радионуклидтермен ластанған ландшафттарға экологиялық баға беру қажеттілігі туындайды. Бұл жөнінде біраз әдістемелер бар. Оларды осы еңбектің арнаулы таралауларында толық тоқталамыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz