Логистика есептерінде иерархияларды талдау әдісін қолдану



ҚЫСҚАРТУЛАР 6
КІРІСПЕ 7
1 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІН ШОЛУ 8
2 ЛОГИСТИКА МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ИЕРАРХИЯНЫ ТАЛДАУ ӘДІСІ 20
2.1 Өткен зерттеулерді шолу және талдау 20
2.2 Шешімдерді қабылдау технологиясы:сатылы талдау әдісі 35
2.3 Иерархияны және оның аналогын талдау әдісі 38
2.4 Иерархияны талдау әдісінің мүмкіндіктері 39
2.5. Шешім қабылдау теориясында әдісті таңдау 41
2.6 Иерархияны талдау әдісінің негізгі түсініктері 44
3 ЛОГИСТИКАДАҒЫ ИТӘ ҚОЛДАНУ 52
3.1 Шешім қабылдау міндетінің тұжырымы 54
3.2 Әдісті қолдану тиімділігі 55
3.3 Әдістің артықшылықтары мен кемшіліктері 56
3.4 Оңтайлы жабдықтаушыны таңдауда ИТӘ 58
4 ИЕРАРХИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ӘДІСІН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ ҚОЛДАНУ 61
ҚОРЫТЫНДЫ 76
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 77
ҚОСЫМШАСЫ 79
Өсу немесе өшу? Дұрыс шешімді қалай қабылдау керек? Бұл бүкіл өмірімізде тұрақты қойылатын сұрақтар. Қаншалықты біз ішкі түйсік негізінде, көбінесе «Көкті саусағымызбен түртіп» шешім қабылдаймыз.
Қазіргі кезде тәжірибе мен ішкі түйсік тиімді шешім таңдауды қамтамасыз ете алмағандықтан, жеке бағалау мен талғамдарға оңтайлы жауап беретін шешім қабылдау үдерісін автоматтандырумен байланысты [оңтайлы жабдықтаушыларды таңдау] жүйе ерекше қызығушылық білдіреді. Компьютерлік технологияны кеңінен пайдалану бұл үдерістерді автоматтандыруға және тиімді (оңтайлы) шешім қабылдауға көмектесетін қолайлы құралды тұтынушыға беруге мүмкіндік жасайды.
Іс-әрекеттің әртүрлі сфераларында шешім қабылдау үдерісі көбінесе ұқсас болады. Сондықтан адам ойының табиғи бағытына сәйкес келетін шешім қабылдауды қолдаудың ортақ әдісі қажет.
Шешім қабылдау үдерісін қалай қолайлы, технологиялық, ең бастысы тиімді етуге болады?
Қазіргі уақытта әртүрлі облыста мәселені шешуде оңтайлы таңдау жасауға көмектесетін және өмірді едәуір жеңілдетуге мүмкіндік беретін бірқатар ақпараттық жүйелер әрекет етеді. Қазіргі кезде әсіресе американдық ғалым Т.Саати әзірлеген Иерархиялық Талдау Әдісінің (ИТӘ) негізінде шешім қабылдауды қолдау жүйесі өте кең тараған.
Өз жұмысымда оңтайлы жабдықтаушыны таңдау үдерісінде мен компьютерлік қолдау жүйесінде неғұрлым кең тараған (ИТӘ) қоданамын.
Басқарушылық шешімді қабылдау және мүмкін нәтижелерді болжау кезінде талдау жасалуы қажет және тиімді шешімді шығаратын өзара тәуелді компоненттің (ресурстар, күтілетін нәтижелер және мақсаттар, немесе тұлғалар тобы және т.б.) күрделі жүйесімен шешім қабылдайтын тұлға кездеседі. Сондықтан біздің жұмыстың мақсаты: нақты тауардың белгілерін ескере отырып, неғұрлым ыңғайлы (оңтайлы) жабдықтаушыға шешім шығаратын жүйені жасау.
1 Никитин В.П. Теория управления запасами. – Рига: ЛГУ, 1973.– 118 с.
2 Павлов А.П., Рихтер, К., Родин, В.П., Рейнхардт, Г. Теория управления запасами и ее применение при нормировании материальных запасов. – М.: МТИ, 1988. – 49 с.
3 Уилсон Р. Введение в теорию графов. – М.: Мир, 1977. – 207 с.
4 Эрроу К. Применение теории управления к экономическому росту // Математическая экономия. – М.: Мир, 1974. – С.7-45.
5 Хэнссменн Ф. Применение математических методов в управлении производством и запасами / пер. с англ. – М.: Прогресс, 1966. – 280 с.
6 Рыжиков Ю.И. Теория очередей и управление запасами. – СПб.: Питер, 2001. – 384 c.
7 Логистика: Учебник / Под ред. Б.А. Аникина. - М.: ИНФРА-М, 2008.- 386с. 2.Щербанин Ю. А. Основы логистики: учеб. Пособие /
8 Ю.А.Щербанин - М.: Юнити- Дана, 2007. – 235с. (ЭБС Электронная библиотека ONLINE).
9 Сакович В.А. Модели управления запасами. – Минск: Наука и техника, 1986. – 319 с.
10 Букан Дж., Кенигсберг Э. Научное управление запасами. – М.: Наука, 1967. – 424 с.
11 Хруцкий Е.А. Проблема эффективности принятия решений: на примере материально-технического снабжения. – М.: Наука, 1983. – 303 с.
12 Гаджинский А.М.Практикум по логистике /А.М. Гаджинский - М.: Маркетинг, 2008.- 180 с. (стр. 52 - 60)
13 Проблемы управления запасами: доклады II симпозиума по управлению запасами. – М.: ЦЭМИ, 1972. – 292 с.
14 Хедли Дж., Уайтин Т. Анализ систем управления запасами. – М.: Наука, 1969. – 512 c.
15 Лотоцкий В.А., Мандель А.С. Модели и методы управления запасами. – М.: Наука, 1991. – 189 c.
16 Гордиенко Е.И. Адаптивное управление запасами при неизвестном распределении спроса // Известия АН СССР. Техническая кибернетика. – 1982. – №1. – С. 56-60.
17 Ермолаев Ю.М., Ястремский А.И. Стохастические модели и методы в экономическом планировании. – М.: Наука, 1979. – 256 с.
18 Альбеков А.У., Митько О.А. Коммерческая логистика: Учебник / А.У. Альбеков. – Ростов-на Дону: Феникс, 2002.- 416с. (стр. 185 - 223)
19 Бродецкий Г.Л. Экономико-математические методы и модели в логистике: потоки событий и системы обслуживания: учеб.пособие: рек.УМО/ Г.Л.Бродецкий. – М: Академия, 2009. – 267с.
20 Попова Н.В., Серовайский С.Я., Шакенов К.К. Стохастическая модель распространения товара // Вестник КазНУ. Серия «математика, механика и информатика». – 2002. – №7. – С. 35-42.
21 Вагнер Г. Основы исследования операций / пер. с англ. – М.: Мир, 1973. – 502 с.
22 Фасоляк Н.Д. Управление производственными запасами: (Экономический аспект проблемы). – М.: Экономика, 1972. – 256 с.
23 Степанов В.И. Логистика: Учебник / В.И. Степанова. - М.: Проспект, 2010.- 386с. (стр. 5 - 52)
24 Аникин Б.А.,Тяпухин А.П. Коммерческая логистика: Учебник.Б.А.Аникин – М.: Проспект, 2007.- 432с. (стр. 5 - 92)
25 Курганов В. М. Логистика. Транспорт и склад в цепи поставок товаров.: учеб.-практ. пособие: допущено УМО вузов РФ в качестве учебного пособия для студентов высших учебных заведений 2-е изд., перераб. и доп. - М.: Книжный мир, 2009. - 512 с. (ЭБС Электронная библиотека ONLINE).

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР КАФЕДРАСЫ

Логистика есептерінде иерархияларды талдау әдісін қолдану тақырыбына
жазылған

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Орындаған ____________________ Құрбаналиева А.Б.
(қолы)
Ғылыми жетекші, ____________________ Джомартова Ш.А.
ф.-м.ғ.к., доцент (қолы)
Норма бақылаушы ____________________ Кумалаков Б.А.
(қолы)
Қорғауға жіберілді:
Кафедра меңг.м.а, ____________________ Есенгалиева Ж.С.
PhDдоктор (қолы)

Алматы 2015
ТҮЙІН

Дипломдық жұмыс көлемі 82 бет, 21 сурет, 25 әдебиет көздері, 1
қосымша.
САРАПАТАМАЛЫҚ ЖҮЙЕ, ТАУАРМЕН ЖАБДЫҚТАУШЫ, ИЕРАРХИЯЛЫҚ ТАЛДАУ ӘДІСІ,
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРНЫ, ЛОГИСТИКА, ЗАПАС
Мақсаты: запастарды басқаруға иерархияларды талдау әдісін қолдану және
оның негізінде тәжірибелік ұсыныстар үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді
әзірлеу.
Алгоритмді суреттеу, есептеу формулалары және т.б.
Нысаны – кәсіпорынның запастарын басқару жүйесі
Пәні – ұтымды жабдықтаушыны табу.
Жаппай және ірі сериялық өнім шығаратын қазіргі кәсіпорындардың барлық
операцияларында, атап айтқанда дайындау цехтарының операцияларында
синхронизация талап етіледі. Өндіріс қарқынының, жабдықтаушылар мен
тұтынушылардың келіспеушілігі, жеткізу үдерісінің дискреттілігі, орташа
(есептік) деңгейге қатысты жеткізулер арасындағы арақашықтықтар ұзақтығы
немесе тұтыну қарқындылығындағы кездейсоқ ауытқу мүмкіндігі жабдықтау
жүйелерінде запас құруға мәжбүрлейді.
Көп жағдайда запасты сақтау қарқынды өндірісті қамтамасыз етудің кез
келген тәсіліне қарағанда арзан түседі. Запасқа салынған қордың үлкен
бөлігі, ғылыми басқару мәселесіне бірінші деңгейдегі маңыздылықты береді.
Артық запас бизнесте көптеген сәтсіздіктердің себебі болды, дағдарысты
кезеңде тұрақсыздықты көрсетті.
Сұранысты сенімді қамтамасыз ету қажеттілігі, едәуір экономикалық
салдарлармен бекітілген жеткізілмеулер, айналымнан едәуір материалды
құндылықтарды уақытша алуға алып келетін, запастарды арттыруға мәжбүрлейді.
Запастарды негізсіз қысқарту кезінде өндіріс тоқтауы мүмкін.
Нәтижелер:
• тауардың оңтайлы жабдықтаушысын іздеу бойынша әдебиеттер зерттелді;
• оңтайлы таңдауды анықтау және бөлудің әртүрлі әдістері
қарастырылды;
• тауардың оңтайлы жабдықтаушысын табу бойынша сараптамалық жүйе
әзірленді.

РЕФЕРАТ

Объем дипломной работы 82 страниц, 21 рисунков, 25 источников, 1
приложение.
Ключевые слова: ЭКСПЕРТНАЯ СИСТЕМА, ПОСТАВЩИК ТОВАРА, МЕТОД АНАЛИЗА
ИЕРАРХИЙ, АВТОМАТИЗИРОВАННОЕ РАБОЧЕЕ МЕСТО, ЛОГИСТИКА, СКЛАД, ЗАПАС.
Цель работы: применение метода анализа иерархий к проблеме управления
запасами и разработка на их основе программного обеспечения для
практических приложений.
Описание алгоритма, формулы вычисления и т.д.
Объект исследования: система управления запасами предприятия.
Методы исследования: нахождение оптимального поставщика.
Основные конструктивные, технологические и технико-эксплуатационные
характеристики: В современных предприятиях, выпускающих массовую или
крупносерийную продукцию, синхронизация требуется при всех операциях,
включая работу заготовительных цехов. Неизбежная рассогласованность ритма
производства поставщиков и потребителей, дискретность процесса поставки,
возможность случайных колебаний в интенсивности потребления или
длительности интервалов между поставками относительно среднего (расчетного)
уровня вынуждают создавать в системах снабжения запасы. Хранение запасов во
многих случаях обходится дешевле, чем любой другой способ обеспечения
ритмичного производства. Колоссальный объем средств, вложенных в запасы,
придает проблеме научного управления ими первостепенную важность.
Избыточные запасы были причиной многих неудач в бизнесе, оказывали
дестабилизирующее влияние при кризисах.
Необходимость надежного обеспечения спроса, подкрепляемая серьезными
экономическими последствиями недопоставок, вынуждает увеличивать запасы,
что приводит к временному исключению из оборота значительных материальных
ценностей. При необоснованном сокращении запасов возможна остановка
производства.
Результаты:
• изучена литература по нахождению оптимального поставщика товара;
• рассмотрены различные методы ранжирования и определения оптимального
выбора;
• разработана экспертная система по нахождению оптимального поставщика
товара.

ABSTRACT

Diploma work consists of 82 pages, 21 figures, 25 sources, 1 app.
Keywords: EXPERT SYSTEMS, SUPPLIERS OF GOODS, THE ANALYTIC HIERARCHY
PROCESS, WORKSTATION, LOGISTICS, WAREHOUSE, INVENTORY.
Purpose of the research : To use the analytic hierarchy process to the
problem of inventory management and development on the basis of their
software for practical applications.
Description of the algorithm, calculation formulas, etc.
The object of study: the inventory management system of the
enterprise.
Methods of the research: to find the optimal supplier.
The main design, technological, technical and operational
characteristics: In modern enterprises, producing a mass or large-scale
production, synchronization is required for all operations, including the
work of procurement departments. The inevitable mismatch rate of production
suppliers and consumers, the discrete delivery process, the possibility of
random fluctuations in the intensity of use or duration of the intervals
between deliveries relative to the average (estimated) level of force to
create systems of supply stocks. Keeping inventories in many cases cheaper
than any other method of providing a rhythmic production. The enormous
amount of money invested in stocks, makes the issue of the scientific
management of paramount importance. Excess inventories have been the cause
of many failures in business, is a destabilizing influence in crises.
The need to ensure a reliable supply, supported by serious economic
consequences of short supply, forcing stocks to increase, leading to a
temporary exemption from turnover considerable wealth. When unjustified
reduction of stocks may stop production.
The results:
• studied literature on finding the optimum supplier of the goods;
• Various methods of ranking and the best choice;
• developed an expert system for finding the best supplier of the product.

Мазмұны

Қысқартулар 6
Кіріспе 7
1 Бағдарламалық қамтамасыз етілуін шолу 8
2 Логистика міндеттері және иерархияны талдау әдісі 20
2.1 Өткен зерттеулерді шолу және талдау 20
2.2 Шешімдерді қабылдау технологиясы:сатылы талдау әдісі 35
2.3 Иерархияны және оның аналогын талдау әдісі 38
2.4 Иерархияны талдау әдісінің мүмкіндіктері 39
2.5. Шешім қабылдау теориясында әдісті таңдау 41
2.6 Иерархияны талдау әдісінің негізгі түсініктері 44
3 Логистикадағы итә қолдану 52
3.1 Шешім қабылдау міндетінің тұжырымы 54
3.2 Әдісті қолдану тиімділігі 55
3.3 Әдістің артықшылықтары мен кемшіліктері 56
3.4 Оңтайлы жабдықтаушыны таңдауда ИТӘ 58
4 Иерархиялық талдау әдісін бағдарламалық қамтамасыз етуде қолдану 61
Қорытынды 76
пайдаланылған әдебиеттер тізімі 77
қосымшасы 79

Қысқартулар

ИТӘ – Иерархиялық Талдау Әдісі
МҚБЖ – Мәліметтер Қорын Басқару Жүйесі
ДК – Дербес Компьютер
БАЖ – Басқарудың Автоматттандырылған Жүйесі
МҚ – Мәліметтер Қоры
ЭЕМ – Электр Есептеуіш Машина

Кіріспе

Өсу немесе өшу? Дұрыс шешімді қалай қабылдау керек? Бұл бүкіл
өмірімізде тұрақты қойылатын сұрақтар. Қаншалықты біз ішкі түйсік
негізінде, көбінесе Көкті саусағымызбен түртіп шешім қабылдаймыз.
Қазіргі кезде тәжірибе мен ішкі түйсік тиімді шешім таңдауды қамтамасыз
ете алмағандықтан, жеке бағалау мен талғамдарға оңтайлы жауап беретін шешім
қабылдау үдерісін автоматтандырумен байланысты [оңтайлы жабдықтаушыларды
таңдау] жүйе ерекше қызығушылық білдіреді. Компьютерлік технологияны
кеңінен пайдалану бұл үдерістерді автоматтандыруға және тиімді (оңтайлы)
шешім қабылдауға көмектесетін қолайлы құралды тұтынушыға беруге мүмкіндік
жасайды.
Іс-әрекеттің әртүрлі сфераларында шешім қабылдау үдерісі көбінесе ұқсас
болады. Сондықтан адам ойының табиғи бағытына сәйкес келетін шешім
қабылдауды қолдаудың ортақ әдісі қажет.
Шешім қабылдау үдерісін қалай қолайлы, технологиялық, ең бастысы тиімді
етуге болады?
Қазіргі уақытта әртүрлі облыста мәселені шешуде оңтайлы таңдау жасауға
көмектесетін және өмірді едәуір жеңілдетуге мүмкіндік беретін бірқатар
ақпараттық жүйелер әрекет етеді. Қазіргі кезде әсіресе американдық ғалым
Т.Саати әзірлеген Иерархиялық Талдау Әдісінің (ИТӘ) негізінде шешім
қабылдауды қолдау жүйесі өте кең тараған.
Өз жұмысымда оңтайлы жабдықтаушыны таңдау үдерісінде мен компьютерлік
қолдау жүйесінде неғұрлым кең тараған (ИТӘ) қоданамын.
Басқарушылық шешімді қабылдау және мүмкін нәтижелерді болжау кезінде
талдау жасалуы қажет және тиімді шешімді шығаратын өзара тәуелді
компоненттің (ресурстар, күтілетін нәтижелер және мақсаттар, немесе
тұлғалар тобы және т.б.) күрделі жүйесімен шешім қабылдайтын тұлға
кездеседі. Сондықтан біздің жұмыстың мақсаты: нақты тауардың белгілерін
ескере отырып, неғұрлым ыңғайлы (оңтайлы) жабдықтаушыға шешім шығаратын
жүйені жасау.

1 Бағдарламалық қамтамасыз етілуін шолу

Адамның кез келген кәсіби іс-әрекетінде тиімді шешім қабылдауды қажет
ететін күрделі мәселелердің үлкен саны тұрақты түрде болып отырады.
Қазіргі уақытта шешім қабылдау үдерісін қолдауға арналған жүйелер
ерекше маңызға ие, оның ішінде кеңес беретін және сараптамалық жүйелер.
Өндірісте жұмыс істейтін бірқатар жүйелерді қарастырайық.
Интеллект-Сервис компаниясының БЭСТ сериясының бағдарламалық
өнімдері
Интеллект-Сервис компаниясы, сауда кәсіпорындарын автоматтандыру үшін
бағдарламалық өнімдерді жетекші әзірлеушілер қатарынан. Ол нарыққа БЭСТ
сериясы жүйесінің негізінде көтерме және бөлшекті фирмалар үшін кешенді
шешімдерді ұсынады. БЭСТ сериясын бағдарламалық қамтамасыз етуін 25
мыңнан астам ресейлік кәсіпорындар қолданады.
Бұл бағдарламалық өнімнің басты артықшылығы-шешімнің әртүрлілігі мен
әмбебаптылығы, қарапайымдылығы мен сауданы басқарудағы неғұрлым маңызды
міндеттерді шешудің қуатты және сенімді құралы болуында. Олар сауданың кез
келген сызбасын қолдайды: алмастыру, консигнация, кез-келген валютада алдын-
ала төлеу және несие.
БЭСТ сериясында запастарды басқарудың қосалқы жүйесінің
артықшылықтарының бірі номенклатуралық позициялардың атрибутты жіктемесін
пайдалану мүмкіндігі болып табылады: қолданушының сұранысы бойынша түсі,
сұрпы, мөлшері, материалы және басқада сипаттамалары.
Қоймадан түскен ақпараттар сату және сатып алуды талдау, болжау және
жоспарлау үшін қажет болады. БЭСТ бағдарламалық кешенін қоймалық есепке
алудың қосалқы жүйесіні ассортимент жағдайы мен қозғалысы бойынша
анықтамалар, есептемелер және жинақтардың 300 жоғары формасын ұсынады.
Жүйе жабдықтаушылар мен сатып алушылардың өзара есебінің жағдайын
қадағалауға және коммерциялық іс-әрекетті толық көлемді салықтық есепке
алуды қамтамасыз етеді.
Парускорпорациясының бағдарламалық өнімдері
Парускорпорациясының бағдарламалық өнімдерін қолдану деңгейі мен
облысы бойынша келесідей етіп топтауға болады:
- жеке кәсіпкерлердің қаржысын есепке алуға арналған;
- әртүрлі деңгейдегі бюджеттерден қаржыланатын мемлекеттік ұйымдарды
автоматтандырылған басқару;
- неғұрлым сиымды және белсенді нарық сегментіндегі жұмысқа
бағытталған – шағын және орта кәсіпорындар сегментінде.
Бағдарламалық өнімдердің бұл тізбегіне фармацептикалық компаниялар
мен дәріханалар, көліктік және қауіпсіздендіру фирмалары, қоғамдық
тамақтану және қонақ үй бизнесі, көтерме және бөлшекті сауда
кәсіпорындарын басқаруды автоматтандыру үшін кешенді жүйелері
жатады.
Ірі кәсіпорындар, корпорациялар және холдингтер, оның ішінде мұнай-газ
және жылу –энергетикалық кешен, сондай-ақ телекоммуникация және байланыс
кәсіпорындарын басқаруды автоматтандыру үшін құрылған.
Бағдарламалық өнімдер MS Office және Seagate Crystal Reports
құжаттарын дайындау және ақпараттарды өңдеудің қазіргі технологияларын
пайдаланумен Клиент-сервер типіндегі архитектурада МҚБЖ Oracle
негізінде құрылған.
Аналитикалық қосалқы жүйе шағын және орта сауда кәсіпорындарының
саудалық іс-әрекетін оңтайландыру, болжау және талдауды, сонымен бірге
қоймалық есеп, сатып алуды жоспарлау мен негізгі көрсеткіштердің серпінін
талдауды автоматтандыру үшін арналған. Барлық аналитикалық нәтижелер сызба
түрінде көрсетіледі және басуға шығарылып, есептемелер файлында сақталуы
мүмкін.
NS2000 кәсіпорында басқару жүйесі
NS2000 кешені запастарын басқарудың қосалқы жүйесі келесідей
функцияларды жүзеге асырады:
- қоймаларға түскен шикізат, материал және запас бөлшектерді есепке
алу;
- орауыш, бар-кодтар, сөре орындары, партиялар және сертификаттарды
есепке алу;
- материалдық құндылықтардың қойма аралық ауысуы;
- шикізат, материал және запас бөлшектерді ұйымдарға, бөлімдерге,
материалды жауапты тұлғаларға беру;
- материалды құндылықтарды есептен шығару және түгендеу;
- қойма және контрагенттер бойынша тауар қалдықтарын есепке алу;
- тауарларды қайта фактурлау;
- тауарлардың қозғалысы негізінде бухгалтерлік жазбаны автоматты түрде
қалыптастыру;
- консигнациялық тауарлар мен жұмыс жасау;
- өзіндік құнды есепке алудың әртүрлі тәсілдерін пайдалану;
- құжаттардың кез келген түрін құру, қарастыру, іздеу, басудың
әртүрлері, түзетпе жасау, өзгерту, құжаттарды көшіру;
- номенклатура сыныптары және өндірушілер, жабдықтаушылар бойынша
материалдар және тауарлар қозғалысы, қалдықтары жөнінде әртүрлі және
көптеген есептемелер.
Домино-8 бизнесті басқаруды автомттандырудың интеграцияланған жүйесі
1991 жылдан бастап сауда кәсіпорындарын автоматтандыру облысында жұмыс
істеп жатқан Софт-Вест фирмасы Домино кешені – өзінің негізгі
бағдарламалық өнімінің жаңа версиясын ұсынады.
Домино-8 жүйесі келесідей облыстарда әрекет етеді:
- запастарды басқару – жабдықтаушылармен (кіріс, қайтару, еңбек ақы)
өз-ара әрекет бойынша барлық операциялар, тауарлардың ішкі ауысуы
және түгенделуі тауарлық запастарға терең талдау жасауға және
жабдықтаушылар бойынша теңгерім жүргізуге мүмкіндік береді;
- өндірісті басқару – өндіріс үдерісін көрсететін операциялар;
- сатуларды басқару – сатып алушылар мен өзара әрекет бойынша барлық
операциялар (көтерме және бөлшекті сату, сатып алушының қайтаруы,
еңбек ақы) және бағаларды басқару.
X-Art тауарлар қозғалысын есепке алудың автоматтандырылған жүйесі
X-Art БАЖ (басқарудың автоматтандырылған жүйесі) жабдықтаушылармен
және сатып алушылармен есептеулер, оны сатуға дайындау, тауарды қабылдау
үдерісінің еңбексиымдылығын автоматтандыру есебінен кәсіпорын жұмысының
тиімділігін арттыру үшін, сондай-ақ коммерциялық іс-әрекет нәтижесі жөнінде
оперативті және шынайы ақпараттар алу үшін арналған.
Жүйе МҚ жүргізуді және тауарлардың қозғалысының барлық негізгі
кезеңдерінде қаржылық-шаруашылық іс-әрекетінің ағымдағы жағдайы жөнінде
ақпараттар алуды қамтамасыз етеді: тауарлармен жабдықтаушылармен келісім-
шарт жасау; жеткізуге тапысырыстар қалыптасулар; тауарларды сату алдында
дайындау және қабылдау; тауарларды бөлшекті сату; көтерме сатып алушыларға
жүктеу үшін құжаттар мен тауарлардың партиясын қалыптастыру; жабдықтаушылар
бойынша дебиторлық қарыздарды ескере отырып, алынған тауарларға еңбек ақы
төлеу; келісілген тапсырыс берушлердің формасымен есептемелерді
қалыптастыру.
Нысандардағы жүйлердің функцияларының тізімі:
- электронды жөнелтпе құжат негізінде басқа нысанды алмастыру
нәтижесінде тауарды қабылдау (қайтару);
- жеткізілмей қалудың нәтижесінде тауар қайтарылады;
- жабдықтаушыдан тікелей тауарды қабылдау;
- жаңа тауарға баға қою;
- ескі тауарға жаңа баға қою;
- тауарға тапсырысты рәсімдеу және тапсырысты компания кеңсесіне
автоматты түрде жеткізу;
- тауардың өзгертілген бағасын қарап шығу;
- баға көрсеткішін басып шығару, штрих-кодпен бірге жабысатын
этикеттер;
- жөнелтпе құжатты басып шығару, шоттар, шот фактура және кез-келген
жұмыс орнындағы басқада құжаттар (АРМ);
- тауар қозғалысы бойынша есептемелер қалыптастыру;
- жабдықтаушылармен (клиенттермен) есептесулерді есепке алу;
- мүлікті түгендеу жұмыстарын жүргізу.
X-Art қорғаудың сенімді жүйесі ұйымдастырылған. Мүмкіндік құқығының
көмегімен толығымен сыртқы түрін және функционалдылығын өзгертуге болады.
Қолданушы құқықтардың шектеулігімен қосымша функциялардың, мәзірдің,
есептемелердің және операциялардың бар екендігіне күмән келтірмейді.
Қолданушының әрекетін бақылау жүйе деңгейінде, сондай-ақ МҚ өзегенің
деңгейінде жүзеге асырылады, нәтижесінде МҚ бірде бір өзгеріс, сонымен
қатар жүйелі әкімшіліктің кез-келген әрекеті құжаттандырылмай қалмайды.
МҚ кез-келген нысаны бойынша өзгерістер тарихын авторларды және өзгерту
уақыттарын көрсетумен бақылауға болады. Мәліметтердің тұтастығын қолдау
және МҚ резервтік көшірмесі МҚ серверінің деңгейінде орындалады, ол үшін
оператордың қатысуы талап етілмейді.
E-Sklad қоймасын басқарудың автоматтандырылған жүйесі
ДатаСкан фирмасы нарыққа E-Sklad орналастырушы орталықпен немесе
қоймамен басқарудың кешенді жүйесін ұсынады. Бұл жүйе мәліметтерді жинаудың
радио немесе батч-терминалдарын, штрих-кодтары принтерін, бағдарламалық
қамтамасыз етуден тұратын бірыңғай кешен болып табылады. Жүйенің негізгі
қызметі-барлық қоймалық үдерістерді оперативті басқаруды автоматтандыру.
E-Sklad БЖА қойманы басқарудың қазіргі технологияларын ескере отырып
әзірленген, табысты жүйені болып табылады және тапсырыс берушінің
талаптарына жеңіл бағытталады. Ол интернет-технологияға негізделген және
бірқатар артықшылықтарға ие. Оған бағытталу үшін web-браузерді басқарудың
негізгі қағидалары жөнінде білім ғана талап етіледі. Жүйе толығымен оған
орнатылған платформадан тәуелсіз, өйткені ол Java тілінде жазылған. Ол
бірыңғай серверде орнатылған және аз уақытта жетілдіріледі, өйткені әрбір
жұмыс стансасына қосымшаларды жүктеу уақытын жұмсаудың қажеті жоқ. Жүйе
Интернет арқылы өз қоймасындағы жекелеген операцияларды іскер серіктестерге
бақылауға мүмкіндік береді.
E-Sklad модулді архитектурасы жұмыс үдерісінде жүйенің
функцияналдығын кеңейтеді және барлық шығындарды алдын-ала жоспарлауға
мүмкіндік береді. Жүйенің өзегенде қойманың барлық негізгі функцияларының
жиынтығы жүзеге асады: қабылдау, орналастыру, мүлікті түгендеу, запастарды
толықтыру, таңдау және тауарларды жүктеу. E-Sklad жүйесі Windows
NT2000, Unix, Linux операциялық жүйелерден; қосымша серверлерден BEA
Weblogic; СУБД Oracle, MS SQL Server, MS Access, этикеттер
принтерлерінен Zebra, Dymo; радиожиіліліктер және батч-терминалдардан
Symbol және Intermec тұратын бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз
ету конфигурациясын қолдайды.
E-Sklad қоймалық кешен кәсіпорындарының жұмысын ұйымдастыруға, еңбек
өнімділігін арттыруға алып келеді, қоймалық операциялардың орындалуына
жұмсалған жұмыс уақытын қысқартады және қоймалық орындарды тиімді
пайдалануға мүмкіндік береді. Жүйе неғұрлым сапалы бақылауға алып келетін,
әрбір жұмыс қоймасының әрекеті жөніндегі барлық ақпараттарды сақтайды.
Мұның барлығы кәсіпорынның экономикалық тиімділігінің артуына әкеледі.
Трейд-Мастербағдарламасы
Көтерме-бөлшекті сауда ұйымдарында запастарды басқару және сату,
қамтамасыз етуді автоматтандыру үшін арналған бағдарлама. Нарықта оны
Ининг Бизнес Софт компаниясы ұсынады.
Бағдарлама келесідей мүмкіндіктерді тауарларды есепке алу үшін ұсынады:
кодты тауарларды енгізу және іздеуді жеңілдету үшін қолдану; тауарларды
партионды есепке алу (киімнің мөлшері, далап түсі және т.б.); консигнация
тауарлары мен меншікті тауарларды жеке есепке алу; тауарға төрт өлшем
бірлікті байланыстыру мүмкіндігі (көтерме-бөлшекті саудада, жеткізуде,
қоймалық есепке алуда).
Склад модулі басқа модулдермен бірлесіп қоймалық операциялардың 99
типіне дейін орындауға мүмкіндік береді (консигнацияға қабылдау, қойманы
түзету, сату, сатушыдан қайтым, өндіріске беру, мүлікті түгендеу).
Модулдің негізгі функциялары:
- келісім бойынша қоймаға тауарларды қабылдау (жоспарлы) немесе
(жоспардан тыс);
- келісім бойынша тауарларды бірнеше партиялармен қабылдау;
- сатылатын тауарды қабылдау;
- әртүрлі валютадағы бағамен тауарды қабылдауды рәсімдеу;
- ыдысты есепке алу;
- тауарлардың сипаттамаларын ескере отырып, партиялармен тауарды
қабылдау;
- қойма секциясы, партиялар, тауарлар бойынша запастарды есепке алу;
- запастарды түзету (бағалық және сандық);
- операцияларды бекіткеннен кейін ғана запастардың жағдайын автоматты
түрде өзгерту;
- соңғы жеткізілім бағасы, жоспарлы баға, FIFO, LIFO, әдістері, орташа
баға әдістерінің бірі бойынша қоймадағы тауарлардың өзіндік құнын
есепке алу мүмкіндігі;
- Бас кітапқа беру үшін қоймалық операциялардың өткізбесін автоматты
түрде қалыптастыру;
- Қоймалық операциялар жұрналын жүргізу (қойма жағдайын қосымша
бақылау үшін).
Қойма модулінде статистикалық және аналитикалық есептемелердің үлкен
таңдауы қарастырылған: тауар қозғалысының аналитикалық картасы, қойма
айналымы, операцияның әртүрлі типтерінің тауар айналымы жөнінде
есептемелер, жабдықтаушылар, серия, қойма секциялары, қоймалар, тауар
түрлері бойынша запастар жөнінде есептемелер; АВС-талдауы, запастардың
тапшылығы мен артықшылықтары жөнінде есептеме; сондай-ақ тауар немесе
қойма секциалары мүлікін түгендеу өткізбесін басу.

095 Лабаз жүйесі
095 Лабаз жүйесін Клиент-Сервер архитектурасына сәйкес, 095 Soft
фирмасы әзірлеген. Онда тауарлық және қаржылық операциялардың барлық
түрлерін автоматтандыру қамтамасыз етіледі. МҚ крипто қорғау, қуатты кіріс
пен ішкі мүмкіндікті қатаң бөлуге ие.
Сатып алу және сату процедурасына қатысты қарастырылған: кез-келген
өлшем бірлікте операцияларды есепке алу (дана, орауыш, контейнерлер),
тауарлық кредитті ағымдағы бақылау, нақты санын бақылау, қайта беру
блокадалау, ағымдағы операция үшін бағаны оперативті түзету,
қанағаттандырылмаған сұраныстың фикациясы, жеңілдіктің кез келген жүйесі,
алдын-ала төлем, толық төлем, бөлшекті сату, сату бойынша қарыздарды қатаң
бақылау, өзара есептесу негізінде бөлшектеп қарыздарды жабу мүмкіндігі,
сатылған тауарларды қайтару, толық төленген жөнелтілген құжатты автоматты
жабу. Тауарлық-қаржылық құжаттардың барлық түрлері қолдау табады: жай
жөнелтпе құжаты, тауарлық және тауарлық-көліктік, шот-фактура, төлемдер,
төлем тапсырмалары, кіріс және шығыс ордерлері, беру және есептен шығару
актілері.
Жүйе ағымдағы және аналитикалық ақпараттарда көрсетілетін,
есептемелердің әртүрлі қолайлы формаларынан тұрады: салыстырмалы талдау:
пайдалылық және өткізу бойынша тауарлар, қойма және клиент бойынша
операциялар; сұраныс және өткізуді бөлшекті талдау: динамикадағы кез-келген
тауар бойынша, кез-келген клиент бойынша, қанағаттандырылмаған сұранысты
талдау, тауарлы талдаудың арнайы түрлері, сату бойынша қарыздарды талдау
және оның есебі; кез-келген тауар бойынша қоймалық картасы, айналмалы
өткізбе, тауар қозғалысының серпіні.
Спрут кәсіпорынының сауда іс-әрекетін автоматтандырудың бағдарламалық
жүйесі
Спрут бағдарламалық жүйесін нарықта 1995 жылдан бастап компьютерлік
және телекоммуникациялық технология облысында жұмыс істейтін ВИМАС
Текнолоджис жеке компаниясы ұсынады.
Жүйе компанияның кез-келген саны кіруі мүмкін корпорация іс-әрекетін
автоматтандыруға бағытталған. Корпорацияның ішкі иерархиясы болуы мүмкін
және ол компанияның топшаларға бірлесуіне негізделген. Жүйе үшін МҚБЖ
Oracle 8i негіз болып табылады, бұл оның жоғары сенімділігін, еңбек
өнімділігі мен мәліметтерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Жүйе алыстағы ДҚ-ғы мүмкіндікті ашады, өйткені корпорацияға кіретін
компаниялар аумақтық шоғырланған болуы мүмкін. Жұмыстың барлық кезеңінде
импортэкпортмәліметтері қамтамасыз етіліп, бейстандартты есептеулер
жүргізу үшін Excel шаблондары қолданылады.
Спрут жүйесі тауарларды қоймалау, сату, сатып алу, тапсырыс
операцияларын тиімді басқару үшін арналған; сондай-ақ жарнама, маркетинг,
қаржылық талдау жүргізуге арналған. Барлық модулдердің байланысы
мәліметтерді қолмен енгізу операцияларының санын минимумға дейін қысқартады
және тауардың қозағлысының барлық тізбегін қадағалауға мүкіндік береді –
жабдықтаушылардың тапсырысынан бастап қоймадан тұтынушыға дейін оны жүктеу
қадағаланады. Тауардың алмасуының әрбір кезеңінде оның қозғалысының нақты
және қатаң бақылауы қамтамасыз етіледі.
Акант корпоративті сауда жүйесі
Акант жүйесі толығымен қазіргі сауда технологиясына сәйкес келеді
және кез-келген сауда жабдығын қолдайды. Ол кез-келген масштабта әрекет
етеді, сондықтан келесідей сауда кәсіпорындарының типтерінде қолданылуы
мүмкін: дүкен, супермаркет, гипермаркет (сауда сөресі, өз-өзіне қызмет
көрсету, Cach&Carry); қызмет көрсету кәсіпорыны (жалға берілетін бейне
таспа, сурет шығару және т.б.); көтерме кәсіпорыны (ірі және майда
көтерме), сауда торабы (орталық офис, қоймалар, дүкендар); интернет-дүкен,
интернет- В2В жүйесі (Business-to-Business).
Акант сауда фирмасының іс-әрекетіне толық бақылауды, есепке алуды
және талдауды қамтамасыз етеді, тауарлық запастардың деңгейі мен оңтайлы
тауар қозғаласының есебінен шығындар қысқарады, сауда іс-әрекетін талдау
және болжау үшін маңызды ақпарат береді, персоналдың жаман ниетті
әрекетінен сауда фирмасын қорғайды. Акант өнеркәсіптік МҚБЖ қолданады:
Оracle, SQLBаse, Sybase, Informix немесе Ingress, мәліметтердің
сақталуы мен қарама-қайшы болмауына кепілдік береді, мәліметтердің екі
архивті көшірмесін автоматты түрде қолдайды, жабдықтардың тоқтап қалуы мен
персоналдың қателіктерінен көп деңгейлі жүйені қорғауды қолданады.
Акант сауда жүйесі тауар қалдықтарын, залда тауардың орналасуын,
бағалық және ассортиментті саясатты, тауар қозғалысын толығымен бақылауды,
ұрлықтан жоғалуларды азайтуды, тауарға тапсырысты автоматтандыруды және
инвентаризация жүргізуді, клубтық және дисконттық карта жүргізуді,
бухгалтерлік бағдарламамен бірге кәсіпорында басқарудың бірыңғай жүйесін
алуды оңтайландырады.
Акант сауда жүйесінде оn-linе режимінде сауда жабдықтарының жұмысына
қолдау көрсетіледі, яғни барлық өзгерістер тауарды қабылдау, есептен
шығару, жарамсызын шығару барлық таразылар мен кассаларда мүмкін болады, ал
кассаларда сату нәтижесі – сауда жүйесінде мүмкін болады. Байланыс бұзылған
жағдайда (мысалы, жергілікті торабта) сауда жабдығы оn-linе режимінде
автоматты түрде оn-linе режимі қайта қосылғаннан кейін қайтару жұмыс
істейді.
Trade X бағдарламалық кешені
Өнеркәсіптік тауарлармен саудада мамандандырылған кәсіпорындардың
бизнес-міндеттерін шешу үшін Борлас ИТС компаниясымен ТradeХ
бағдарламалық кешені әзірленген. Кешен тауарлар қозғалысын басқару және
есепке алуды автоматтандыруды, компанияның сауда операциясындағы құжаттар
мен ақша қорларын, көтерме және бөлшек операцияларын қолдауды қарастырады.
Көтерме клиенттерден тапсырыс қабылдау және жабдықтаушылардың тапсырысын
қалыптастыру, олардың орындалуын қадағалау мүмкін.
Бағдарламалық кешеннің негізіне клиент-серверлік архитектура (MS SQL
және Oracle) және көп деңгейлі, үлестірілген МҚ жатыр. Қашықтағы БД мен
басты нысандардың арасындағы байланыс арнайы әзірленген бағдарламалардың
немесе Интернет арқылы е-mail немесе дискет көмегімен модем арқылы
қосылады. Кешенде анықтамалық ақпараттар орталықтандырылып ендірілуі жүзеге
асырылады нысандардың (орталық және аймақтық офистер, қоймалар, дүкендер)
функционалды түрлері қарастырылады. Есепке алудың негізінде көп валюталы
жүйе, алу-жабдықтаушының бағасындағы, сатып алу бағасындағы және орташа
салмақтандырылған баға әдісі немесе FIFOLIFO әдісі бойынша мөлшері мен
түсіне дейін дәлдікпен сату бағасындағы тауарларды есепке алу жатыр.
Жабдықтаушыларға автоматты түрде тапсырыстарды қалыптастыру сатудың
есептелген қарқынының негізінде жүзеге асырылады. Бұл қалыптастыру
жабдықтаушының жалпы тапсырысына көтерме клиенттердің тапсырыстарын, ішкі
кодировка мен жабдықтаушының кодировкасындағы (үлгілер, мөлшерлері және
түсі) тауарлармен жұмыс мүмкіндігін, сондай-ақ тауарларды мерзімдік жеткізу
жұмыстарын ендіруді қарастырады. ТradeХ бағдарламалық кешенінде көтерме
қойманы басқарудың екі сызбасының: орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған оңтайлы үйлесімін қамтамасыз ететін көтерме сауданың
ішкі жүйесі әрекет етеді.
Супермаг-2000 сауда жүйесі
1992 жылы Сервис Плюс компаниясын қалыптасқан кезеңнен бері оның
басты бағыты сауданы басқару үшін кешенді шешім болып табылады. Компания,
дүкендермен бөлшекті торабтар үшін кассалық бағдарламаның сауда жүйесі -
Супермаг сауда маркасымен меншікті бағдарламалық өнімдерді әзірлейді.
Компанияның өкілеттіліктері мен филиалдары Санкт-Петербургта, Төменгі
Новгород және Минскіде бар. Ресеймен ТМД-де 80 дилерлік және сервистік
орталықтардың серіктестік байланыстар торабы бар.
Супермаг-2ООО-сату, сатып алуды, қойманы, персоналды, клиенттермен
қарым-қатынасты және т.б. басқарады. Супермаг-2ООО сауда жүйесінің
негізгі функциялары:
- қоймалар мен дүкендер арасында тауарлар партиясының алмасуын ескере
отырып, тауар қозғалысы мен өзіндік құнының есебін алу;
- тауарлардың жарамдылық мерзімін бақылау;
- бағаның қалыптасуының икемді жүйесін пайдалану; келіссөздерді
жүргізу және жабдықтаушылармен есеп айырысу;
- белгілі бір қасиеттермен тауарлар саудасын қолдау (түсі, мөлшері,
бойы, сұрпы және т.б.);
- сақталған ақпараттарға санкцияланбаған шектеулердің дамыған
қорларының болуы және санкцияланбаған операциялардың орындалуы;
- (ақпараттық қамтамасыз етудің тек техникалық параметрлерімен
шектелген), бағдарламалық қамтамасыз етудің (ОгасIе и Мiсrosoft)
жетекші жабдықтаушыларының өнімдері мен қазіргі технологиялары
қамтылған қолданулармен үлкен ақпарат көлемін сенімді сақтау;
- Crystal Reports, MS Access сияқты жалпы бағыттағы есептік
қорларды пайдалануға (сәйкес мүмкіндікке құқықтар бар кезінде)
мүмкіндік беретін, аналитикалық ақпараттар мен алғашқы құжаттарды
сақтау үшін ашық құрылымның болуы және клиенттердің нақты тобы мен
клиенттер үшін арнайы есептемеден қосымша формаларды ендіру.
Оracle 8i бір жергілікті торапта 100-ден аса қолданушалардың бір
уақытта жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді (Windows 2000)
операциялық жүйесінің басқарумен).
Супермаг-2000 сауда жүйесінің бағдарламалық қамтамасыз етуінің
құрылымы үш деңгейдегі бағдарламалық пакетті пайдалануды қарастырады: 1)
нақты операциялар жөнінде ақпараттар жинау және кассаны басқару үшін
кассалық бағдарламалар пакеті; 2) қоймада және дүкендерде тауар қозғалысын
тіркелейтін тауарлық қойма мен дүкендерді бағдарламалық басқарудың пакеті,
сондай-ақ тауарларды түгендеу және салмағын тарту, штирх-код, бағаларын
басу үшін көмекші жабдықтарды басқарушылар; 3) барлық дүкендерде тауар
қозғалысын талдайтын және тіркейтін орталық офисті басқару бағдарламасы,
тауарлар ағынын, тауарлар тапсырысын, бағаның түзілуін, алғашқы құжаттармен
және корпорацияның іс-әрекеті жөнінде аналитикалық есептемені және
бухгалтерлік есептемені басқаруды жүзеге асырады.
Microsoft Business Solutions-Axapta жүйесі
Ахарta бағдарламалық өнімі – электронды бизнес ортасында жұмыс
істейтін ERP-жүйесі. Оның қазіргі технологиясы кәсіпорынның бірыңғай
ақпараттық кеңістігін қамтамасыз етеді. Ахарta кәсіпорында басқарудың
халықаралық жүйесі әртүрлі салалардың орташа және ірі кәсіпорындары үшін
құрылған. Ол бизнес-үдерісті оңтайландыруға ықпал етеді, шығындарды
қысқартады, нарықта сату үлесін арттырады немесе электронды дүкенді құруды
арттарды. Ахарta өндірісті, логистика және сауданы тиімді бақсрау
қорларынан тұрады. Жүйенің барлық модулдері тығыз байланысты және нарық
талабына адекватты компанияның жауап беруіне мүмкіндік беретін байланысқан
ортаны түзейді.
Сатылым және Логистика модулдері келесіні қарастырады:
- сатып алу және тапсырыс (жөнелтпе құжаты, шот-фактура және басқа)
бойынша құжаттарды орталықтандырылған рәсімдеу;
- тауарды клиентке жүктеу және шотты беруге дейін оны кірістеу кзеңіне
тауарлық-материалдық ағындардың мониторингі;
- барлық құжаттардың архивін жүргізу және мәліметтерді реттілікпен
қарастыру;
- тапсырыстар мен сатып алуды жеткізу мен төлеу шарттарын, кезеңмен
жеткізуді реттеу;
- тауарларды сатып алу бойынша құжаттарды тікелей құру; пакеттік
режимде тапсырыстар жөнінде мәліметтерді өңдеу;
- жоба, тапсырыстар және өндіріс арқылы болашақтағы сатып алу және
қоймалық запастардың резервтері;
- толық орындалмаған және мөлшерден тыс орындалған тапсырыстарды
басқару;
- ақауларды есепке алу, қайтарылғандарын тіркеу;
- кредит-нот қою, тапсырыстардың күшін жою;
- баға мен жеңілдіктерді егжей-тегжейлі қалыптастыру,
жабдықтаушылардың прейскурантын тіркеу, жеңілдіктерін есептеу;
- үстеме шығындарды есепке алу: жиылымдар, акциздер, көліктік қорлар;
- сақтау құны, запастардың айналымдығы, пайдалылық бойынша АВС-
жіктемесі;
- спецификацияны, қызметтерді және тауарларды, номенклатура
кодировкасын контрагенттерде қабылданғандай қолдауды есепке алу;
- қоймалық есеп бірлігінің қайта түзілуі;
- автоматтандырылған мүлікті түгендеу;
- сақтау ұяшығын және деңгейлерін, сөрелерді, қойманың шектелмеген
санын;
- жүктеу-түсіру операцияларын, тасымалдау және буып-түюді басқару,
жүктің сипатына қарай сақтау ұяшықтарын таңдау;
- партионды есепке алу, сериялық нөмерлердің генерациясы, жарамдылық
мерзімін бақылау;
- өзіндік құнды және бағаны түзетудің, өзіндік құнды есептен шығарудың
бес әдісі;
- спецификациясын және олардың конфигурациясын жүргізу;
- сату және сатып алуды болжау, қоймалық запастарды болжау, Бас
кітапқа бюджеттерді ендіру;
- спецификация немесе болжау негізінде сатып алуларды қысқамерзімді
жоспарлау;
- өндірістік қажеттіліктерді автоматтандырылған есептеу және
жоспарлау, спецификациядағы формула бойынша шикізаттың тұтынылуын
есептеу;
- өндіріс және сатып алу, тапсырыстар көлемін түзету және мерзімдерін
ауыстыру бойынша нұсқалар.

Trade Assistant бағдарламалық кешені
Тгаde Assistant кешені - есеп шоттағы ақша қорларында және
қоймалардағы тауаврлы-материалдық запастардың жағдайын оперативті басқару
және бақылау үшін, тауарлық және төлемдік операцияларды жүргізу, толық
теңгерім жүргізу, МҚ жүйесінде жинақталған ақпараттарды жан-жақты талдау
үшін арналған.
Тгаde Assistant жергілікті тораптардағы жұмыс үшін арналған көп
қолданылатын жүйе болып табылады. Базалы модуль тауарлардың қозғалысын және
қоймаларды басқарады, серіктестермен теңгерім жүргізіп, төлемдерді
тіркейді. Оның функциясы: құжаттарды рәсімдеу және басу, жүйенің
анықтамаларын қолдау, орташа салмақтандырылған әдіс бойынша өзіндік құнды
автоматты түрде есептеу, есептемелердің кітапханасына кіретін дайын
формалар бойынша есептемені алу және басу. Құжаттарды рәсімдеу кезінде
қолданушылар автоматты түрде тіркеледі: жүйе құжатты құрушыны және соңғы
авторды сақтап қалады. Базалы модулге мәліметтердің экспорты мен импорты
арқылы МҚ немесе басқада жүйелермен интерфейс кіреді.
Scala жүйесі
Scala (Scala Business Solutions) компаниялар тобы - ұлттық және
халықаралық компаниялар үшін қаржылар мен өндірісті, бизнесті басқару
бойынша бағдарламалық қамтамасыз етудің әлемдік әзірлеушісі мен
жабдықтаушысы. Scala жүйесі 1978 жылы Швецияда құрылған және содан бері
кәсіпорынды кешенді басқару және қаржылық есепке алудың әмбебап құралы
ретінде үздіксіз дамуда.
Scala жүйесі ERPMRPII сыныбының толық функционалды өнімі және
әртүрлі кәсіпорындармен конфигуриацияланады: сервистік және
дистрибюторлықтан өндірістің әртүрлі типіндегі өндірістікке дейін. Мұндай
әмбебаптылық бизнестің қандайда бірі үшін құрылған арнайы бағдарламалардың
тармақшаларының көмегімен қол жеткізіледі.
Scala компаниясы 100 елде кәсіпорынның ресурстарын жоспарлау үшін
өзінің барлық бағдарламаларын жүзеге асырады. Жүйенің әзірлеуші орталықтары
Батыс Еуропада, Азияда, Ресейде және Америкада әрекет етеді. Қазіргі
уақытта әртүрлі масштаб пен бейіндегі 14 мың кәсіпорын оны табысты
қолдануда.
Simple запастарды басқару жүйесі
Simple запастарды басқару жүйесі SimpleSoft фирмасының өнімі-
тауарды жеткізуге тиімді өтініштерді автоматты түрде беру жолымен
запастарды қысқартуды қамтамасыз етеді. Си тілінде бағдарламаның жаңа
нұсқасы 2003 жылы шықты.
Жүйеге келесі блоктар кіреді: Сұранысты болжау, Запастарды басқару,
Запастарды оперативті басқару, Запастарды басқару тиімділігін бағалау.
Simple жүйесінің мақсаты - запастарды оңтайландыру, көліктік
шығындарды қысқарту, тапшылықты төмендету және осылардың салдарынан
келесідей параметрлерді есепке алу негізінде сауда кәсіпорындарының
запастарының рентабелділігін арттыру (пайданың запасқа салынған
инвестицияларға қатынасы): ассортиментті позициямен нетто-баға,
ассортиментті позициямен сату бағасы, сұраныстың және оның варияциясының,
тасымалдау құны мен тауарлар партиясын өңдеудің орташа шамасының
статистикасы, сауда кәсіпорынында тауар партиясының жеткізілімінің орташа
уақыты.
Жүйенің негізінде барлық ішкі көрсеткіштерінің байланысы ескерілген
сауда кәсіпорындарының инновациялық үлгісі жатыр: айналымдылық пен көліктік
қорлар, тапшылық деңгейі, запасты инвестициялау көлемі мен тауарларды сату
көлемі және т.б.

2 Логистика міндеттері және иерархияны талдау әдісі

2.1 Өткен зерттеулерді шолу және талдау

Запастарды басқару мәселесі өзекті болған және солай болып қала береді.
бұл мәселеге арналған көптеген жұмыстар бар. Көптеген авторлар запастарды
басқару теориясының пайда болуына шолу жасай отырып, Эджуорт Ф. (1888 ж.),
Харрис Ф. (1915г.), Стефаник-Алмейер К. (1927 ж.), Андлер К. (1929 ж.) және
Уилсон Р. (1934 ж.) сияқты шетелдік зерттеушілердің жұмыстарымен
байланыстырады[1-3]. Уилсон Р. теорияның негізіне оңтайлы партия формуласы
қойылған запастарды басқару жүйесін ұсынды. 50-ші жылдардан бастап,
запастар теориясының детериминерленген үлгісі ғана емес, сонымен қатар
статикалық ықтимал, содан соң кездейсоқ сұраныспен динамикалық үлгіде
болған стохастикалық үлгісі де зерттеле бастады.
Алғашқы статикалық ықтимал міндеттердің санына 1953жылы Т. Уайтинмен
зерттелген жаңа жылдық шырша міндеті жатады. Оның ізінен запастар
теориясына бірқатар ірі американдық математиктер көңіл аударды. Запастарды
басқару үлгісі бірқатар математикалық қасиеттермен және экономикалық
интерпретациялармен қызықтырды. Эрроу К., Маршака Дж., Дворецкого А.,
Карлина С., Скарфа Г және басқалардың мақалалары запастарды басқару
теориясының қазіргі математикалық теориясында негізін қалаушысы болып
табылады [4].
Запастарды басқару теориясының табысты кітаптарының бірі Ф.Хэнссменнің
монографиясы болып табылады [5]. Ол запастарды басқару теориясының
міндеттері мен әдістері бойынша жеткілікті жан-жақты және жүйелі жетекші
болып табылады. Запастарды басқару теориясының қалыптасуының тарихи
кезеңдері ресейлік ғалым, осы ғылыми бағыттың отандық мектебінің бастауында
тұрған Ю.И.Рыжикованың кітабында келтірілген [6].
[7] жұмысында запастарды басқару теориясының негіздері, запастар мен
жеткізулерді оперативті басқару үлгілері жүйелі мазмұндалған. Запастар –
сұраныс бар барлық нәрсе, бірақ қазіргі уақытта өндірістік немесе жеке
тұтынудан шығарылған барлық материалды, қаржылық, еңбек және басқада
ресурстар. Олар қазіргі уақытта қолданылмайды. Запастардың рөлі мен
критерилерді басқару бірқатар авторлармен зерттелген [8].
Өзімізге белгілі материалды рсурстардың запасы ұдайы өндірістің
үздіксіз және қарқынды үдерісі үшін қажет. Қандайда бір затқа қажеттілік
пен олардың сол мезетте болуы арасында уақыты және кеңістігі жағынан
сәйкесіздікке алып келетін көптеген себептер бар. Мысалы, өндіріс пен
сұраныс қарқынының мезгілдік ауытқуы, кездейсоқ факторларға байласты
сұраныстың ауытқуы, жоспарлаудағы есептеулер және т.б. Сондықтан запастарды
сақтау мен жасау арзан болады, өйткені запастар болмаған жағдайда шикізат,
еңбек ресурстары, өндірістік қуаттың үлкен резервтерінің қажеттілігі пайда
болады. Бірақ үлкен запастардың болуы, олардың рухани және материалды
құндылықтарының тез төмендеуі мен жоғалып кетуіне алып келуі мүмкін.
Сондықтан запастар мен жеткізулердің неғұрлым тиімді жоспарлау мәселесі
жедел зерттеуді және оның шешімі үшін математиктер мен экономистермен
запастарды басқару теориясы қолданылады.
Запастарды құру қажеттілігі келесідей пікірлерді дәлелдейді:
а) өнім партиясын сату немесе өндіру кезінде алынған үнем үшін запастар
жиі ұсталады. Нәтижесінде тек запастар жинақталып, салдарында ғана қажет
болады. Жалпы сатып алу құны х тең бірлігі с(х), өнім бірлігін немесе
жабдық бірлігін қарастырайық. Орташа құны с(х)х және егер ол х –тен
кемімелі функция болып табылса, тікелей қажеттіліктен жоғары болатын
деңгейде запастарды қолдауға негіз болады.
Мысалы, келесідей болсын,

Мұндағы К – тұрақты шығындар, ал с – өнім бірлігінің құны. Мұндай құн
функциясы запастарды басқару теориясы әдебиеттерінде өте жиі қарастырылды,
бірақ оның шындыққа жақын болғанынан емес, оның запастарды басқару саясатын
салыстырмалы қарапайым талдауға мүмкіндік беретін, кемімелі орташа шығындар
құнының функциясының бірі болғандықтан.
б) өнімдерге қажеттілік уақыты жағынан едәуір өзгеруі мүмкін және мұның
өзі запастарды құруға алып келеді. Егер орташа шығындар функциясы кемімелі
болса, запастарды құру үшін себептер тағы да күшейеді.
в) сұраныстың ауытқуынан басқа шығындар да уақытқа қарай өзгереді.
Мысалы, өнімдерге болжам жасалған бағаның артуы запастарды сақтауға
жұмсалған шығындар сомасында, бұрын сатып алынған құннан неғұрлым артатын
жағдайда ғана сақталуы мүмкін.
г) болашақтағы сұраныстың анық болмауы, запастарды құру үшін басты
мотив болып табылады. Егер өнім кеңінен қолданылатын болса, болашақтағы
сұраныстың анық болмауы сұранысты қандайда бір деңгейге дейін болжауға
болатындай жағдайда, запастың жоғары болуына алып келеді. Сұраныс жөнінде
мәліметтерді жинақтау шамасына қарай, априорлық үлестіруді енгізу
әрекеттері жасалады.
Запастарды жасамаудың мотивтеріне тоқталайық.
а) егер өнімдер запаста болса, олар қандайда бір жерде сақталып, оны
сақтау шығындарын сақталған тауарларға жатқызуға болады. Бұл шығындар
пайдалы жағдайда запастарды ұстау құны бойынша, ескіруден жоғалулар
бойынша, сақтау үшін мекемені жалға алу бойынша немесе жаңа мекеменің
құрылысының құны бойынша бекітілуі мүмкін. Шығындар өндірістік болуы
мүмкін, мысалы, салмағының шектеулері немесе су көлігіндегі көлемімен
байланысты.
б) ақша қаражаттарын қолданудың әртүрлі сфераларынан алуға болатын
табысқа жақын болса, запастарды құруға қарсы мотивтер пайыздық жарна болуы
мүмкін. Қазіргі уақытта запастарға қаражаттарды салудан алынатын
тиімділікті осы қаражатты қандайда бір басқа салымға ұтымды салу және осы
қаражаттардан алынған пайыздарды болашақтың қандайда бір кезеңіне
пайдаланудан алынған тиімділікпен салыстыру қажет. Бұл кезде пайыздық жарна
сақталу құны ретінде қарастырылады. Бірқатар зерттеулерде шығындар ешқандай
сақталмайды және запастарды төмендетудің басты мотиві пайыздық жарнаны
арттыру болып табылады.
Запастарды басқаруға ғылыми ыңғай жеке және өндірістік-техникалық
қызметтер мен заттарға, қажеттіліктердің болжамына барлық қарастырылатын
жүйенің қызмет етуінің шынайы заңдылықтарын тануға негізделуді талап етеді.
Математикалық әдістер және ЭЕМ – қарастырылатын барлық сфераларда оңтайлы
шешімнің синтезі мен үрдістері және уақыт қатарлары, экономикалық
заңдылықтарды анықтау мен талдау ең қуатты құралдар болып табылады.
Запастарды басқару үдерісін үлгілеу әртүрлі әкімшілік-шаруашылық
шешімдердің мүмкін салдарларын неғұрлым үнемдеу жолымен алдын-ала бағалау
арқылы қымбат тұратын тәжірбиелер жасауды азайтуға мүмкіндік береді.
Әдебиеттерде осы күнге дейін зерттелген жалпы үлгілердің құрылуына
қарамастан, запастарды басқару сызбасы жойылмайды, мүмкін бұл
кәсіпорындардың тәжірибелік іс-әрекетінде пайда болатын, міндеттердің аз
үлесінің болуына байланысты шығар. Әрбір нақты жағдайда міндеттердің
ерекшеліктеріне бар үлгілерді икемдеу немесе запастарды басқарудың жалпы
теориясының жалпы қағидаларын пайдалана отырып, жаңа үлгілерді әзірлеу.
Әртүрлі жағдайлардың көп болуына байланысты біртіндеп ғана жүйелендірілген
нақты жүйенің үлкен санын туғызды. Оның жіктемесінің құрамында запастарды
тиімді басқарудың міндеттерінің негізгі элементтері бойынша айырмашылықтар
жатыр, атап айтқанда: жабдықтау жүйесінің сипаты, тұтынудың (сұраныс)
қарқындылығы, запастарды толықтыру мүмкіндігі, қызмет етуінің шығындары,
шектеулердің болуы, запастарды басқарудың қабылданған стратегиясы.
Жабдықтау жүйесінің сипаты бойынша запастарды басқарудың үлгілері
қарапайым және күрделі құрылымдарға бөлінеді. Біріншіге жататындар
контрагенттер арасында бекітілген байланыстармен бір өнімді үлгілер жатады,
екіншісіне көптеген жабдықтаушылар мен тұтынушылармен жабдықтау жүйесінің
көп өнімді үлгілері жатады.
Тұтыну қарқындылығы бойынша үлгілер стационарлы және стационарлы емес
сұраныспен және сұраныстың белгілі және белгіссіз үлестірілуімен
стохастикалық детерминирленген болып бөлінеді. Соңғы уақытта дискретті
сұраныстағы үлгілерге сондай-ақ белгіссіздік жағдайындағы запастарды
басқару үлгілеріне көп көңіл аударылады. Запастарды толықтыру сипаты
бойынша үлгілерді тоқтауларымен және жедел деп бөлуге болады. Шығындар
бекітілген және кездейсоқ болуы мүмкін. Шығындардың функциясы бойынша
үлгілер сызықтық және сызықтық емес және т.б. болып бөлінеді. Шектеулер
салмақтың максималды жетпеуі шамасына (үзіліссіз қамтамасыз ету
коэффициенті), немесе жеткізу көлеміне, жеткізу санына, қоймалық алаңдарға
жатқызылуы мүмкін. Запастарды тиімді басқарудың үлгілерінің бұл жіктемесі
Ю.И.Рыжиковқа тиесілі [6] .
Запастарды басқарудың қарапайым үлгісін қарастырайық. A(t), B(t) және
R(t) функциялары запастардың сәйкесінше толығуын көрсетеді, олардың шығыны
және [0,t] уақыт аралығында запаста тұрған сұранысты көрсетеді. Запастарды
басқару үлгісінде a(t), b(t), r(t) уақыты жағынан осы функцилардың
көбейтінділері сұраныс пен шығынды сәйкесінше қарқындылықтарымен аталып,
қолданылады.
Егер a(t), b(t), r(t) функциялары – кездейсоқ шамалар болмаса, онда
запастарды басқару үлгісі детерминирленген болып есептеледі, егер осылардың
ең болмағанда бірі кездейсоқ стохастикалық сипатта болса. Егер үлгінің
барлық параметрлері уақыты жағынан өзгермесе, ол статикалық, ал қарама-
қарсы жағдайда серпінді болып аталады. Статикалық үлгілер белгілі бір кезең
деңгейі жөнінде бір ретті шешім қабылданғанда, ал серпінділік – болған
өзгерістерді ескере отырып, бұрын қабылданған шешімдерді түзету немесе
запас деңгейінде тізбекті шешім қабылдау кезінде қолданылады.
t кезеңінде запастың деңгейі запастардың негізгі теңдеуімен анықталады

(2.1)

мұндағы - кезеңіндегі бастапқы запас .
(2.1) теңдеуі интегралды формада жиі қолданылады:

Запастарды басқарудың кейбір жалпы үлгілерін қарастырайық.
Запастарды басқарудың детерминирленген үлгілері
Запастарды басқарудың детерминирленген үлгісі Р Уилсон тиесілі шешімі
партияның ең үздік мөлшерін беретін жалпыға белгілі үлгісі болып табылады.
Бұл уақыттың кез-келген кезеңінде сатып алулар болатын үздіксіө үлгі, ал
шығын функциясы келесідей түрде болады:

Минималды шығындарды қамтамасыз ететін саясаттарды таңдау кезінде,
запастарды сақтау шығындарымен ірі және сирек сатып алуларды жүргізуді
негіздейтін тұрақты шығындарды К салыстыру қажет. Запастарды сақтау
шығындары запастар деңгейіне және олардың сақталу ұзақтығына пропорционалды
болып есептеледі, пропорционалдылық коэффициенті h тең (тауар бірлігіне
валютада, уақыт бірлігіне).
Өнімге сұраныс алдын-ала белгелі және тұрақты деп есептейік (уақыт
бірлігіне т тең). Мінез-құлық сызықтарын салыстыру кезінде капиталға
пайыздар көбінесе ескерілмейді (немесе тікелей сақтау шығындарына
енгізіледі). Салыстыру уақыт бірлігіне орташа шығындармен жүргізіледі.
Мінез-құлық сызықтарын суреттеу үшін бір параметр жеткілікті Q –
тапсырыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шешім қабылдау есебі
Графтар теориясы
Портландцемент өндірісінің технологиясы
Басқарушылық есебін қалыптастыру жүйесі
Транспорт Логистика Таможня кәсіпорнының бөлімдерінің байланысы
Маркетинг қызметінің саласы
Логистика. Жеткізу тізбектерін басқару
Көлік логистикасындағы ақпараттық технологиялар
ЖЫЛУӨТКІЗГІШТІКТІҢ ТЕҢДЕУЛЕРІНІҢ КЕЙБІР БАСТАПҚЫ-ШЕКТІК ЕСЕПТЕРІН САНДЫҚ ӘДІСТЕРМЕН ШЕШУ
Ақтау қаласына сипаттама
Пәндер