Маңғышлақ мұнай-газ аймағы


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .

І тарау. Физика-географиялық жағдайы . . .

1. 1 Географиялық орыны . . .

1. 2 Қысқаша зерттеу тарихы . . .

1. 3 Геологиялық құрылу, рельефтің негізгі кескні . . .

1. 4 Климат . . .

1. 5 Гидрогеологиялық және гидрохимиялық сипаттамасы және олардың экологиялық бағасы . . .

1. 6 Өсімдік жамылғысы . . .

ІІ тарау. Топырақ пен топырақ жамылғысы. Топырақтардың экология-генетикалық сипаттамасы . . .

2. 1 Ашық құба шөл топырақтары . . .

2. 2 Сортаң топырақтар (кебір) қабатында 1% тұз бар . . .

2. 3 Сор топырақтар (тұзы 1% - ден жоғары) . . .

2. 4 Тақыр опырақтары . . .

ІІІ тарау. Экологиялық шамадан тыс күштің әсерінен топырақтың шөлейттенуі . . .

ІV тарау. Техногенездің әсерінен топырақтың өзгеруіне экологиялық баға беру . . .

4. 1 Топырақ жамылғысына техногендік салмақтың әсері . . .

4. 2 Топырақтың мұнай-химиялықдан ластануы . . .

4. 3 Топырақтардың мұнай кәсібінің сарқынды суынан тұздануы . . .

4. 4 Топырақтың ауыр металдармен қоса радионуклиндермен ластануы . . .

4. 5 Топырақ жамылғысының техногендік бұзылуы . . .

V тарау. Мұнай қалдықтарын химия - экологиялық зерттеу . . .

5. 1 Қалдықтың жалпы сипаттамасы . . .

5. 2 Шикі мұнайдың қалдықтарының химиялық құрамы мен қасиеттері . . .

5. 3 Мазутталған грунт . . .

5. 4 Мұнай шламы . . .

5. 5 Топырақ - грунттың мұнай қалдықтарымен ластануы . . .

5. 6 Жер бетінің суларының ластануы . . .

5. 7 Атмосферлік ауаның ластануы . . .

VІ тарау. Топырақ нематодтарының өмір тіршілігіне мұнай ластағыштың тигізетін әсерін зерттеу . . .

6. 1 Материалдар мен зерттеу тәсілдері . . .

6. 2 Зерттеу қорытындысын тексеру . . .

6. 3 Жалпы қорытынды . . .

VІІ тарау. Тәжірибелі - эксперименттік зерттеулердің ашық құба шөл топырағының өнімділігіне мұнай ластағыштың әсері . . .

7. 1 Тексеру әдістері . . .

7. 2 Зерттеу қорытындысын талқылау . . .

7. 3 Бұзылған мұнай жерінің реаблитациясының ғылыми негіздері . . .

Практикалық ұсыныстар . . .

Топырақтың рекультивациясы . . .

Қорытындылар . . .

Қолданылған дереккөздің тізімі . . .

Қысқартылған белгілердің, символдардың және терминдердің тізімі.

Кіріспе

Мәселенің маңыздылығы : Халық шаруашылығының өркендеуімен бірге ғылыми-техниканың алға басуы, Маңғышлақ мұнай-газ аймағының зкологиялық жағдайын күрт өзгертіп, антропогендік деградацияның белсенділігі қарқындап дамуы территорияның шөлейттенуіне себепкер болды. Көмірсутек шикізаттың табиғи ірі қорларының ашылуымен қатар, осының негізінде мұнай-газ өндірісін дамыту, энергетикалық шикізаттың бай қорларының барлығы, құрылыс материалдарын қолдану, қысқа мерзім ішінде шөл даланың келбетін өзгертіп, бір уақытта, биогеоценоздың экологиялық дағдарыс ошақтарын туындап, аймақтың әлеуметті-экономикалық жағдайын шиеленістіре түсті.

Экологиялық дағдарысты ошақтарына Жаңа өзен - Жетібай мұнай-газ кентінің аймағы жатады. Техника мен технологиялық құрал-жабдықтарының дер кезінде жетілмеуі, мұнай (жылына 3млн. т. аса) мен газ (1, 2 млн м³) өндіру көлемінің өсуі, аз буферлі топырақ деградациясының қарқынды түрлерінің дамуына себепкер болды, ал олардың шектен тыс ұқыпсыз жұмысы түзелмейтін экологиялық дағдарысқа алып келуі мүмкін.

Антропогендік деградация мен территорияның шөлейттенуі: мұнай-газ кәсібінің өндірістік алаңдарында, мұнай-газ құбырлары мен байланыс желілерінің бойында, геофизикалық бұрғылау учаскелерінде кеңінен таралған техногендік жүктеме, ұңғымалардың апатты бұрқақтануы, мұнай-газ құбырларының зақымдалуы, жер бетіне минералданған кәсіптік су мен химреагенттерді төгумен тікелей байланысты.

Қазіргі кезде Жаңа өзен - Жетібай мұнай-газ кентінің аймағы, Маңғыстау облысындағы экологиялық бұзылған аймаққа айналды. Ол мынандай себептерге байланысты:

а) Мұнайдың қалыптан тыс, қабаттық қысымының жоғары болуы (800-100 атм. ж/е одан жоғары) ж/е көмірсутек шикізатының басқыншылық қасиеті (парафин, күкіртті сутек, күкірт ж/е т. б. көп болуы) .

б) Кәсіпорындарда ауыр жүк көтеретін техниканың топыраққа түсіретін салмағы;

в) Ескірген, сапасы төмен технологиялық тозған құрал-жабдықтар, сондай-ақ олардың жиі-жиі апатқа ұшырауы;

г) Табиғи ландшафттардың антропогендік жүктемеге төмен буферлігі.

Бұл жерде топырақтың деградациясы мен шөлейттенуді тудыратын алғы шарттардың негізгі себептері: жазықты жер бедері, климат аридциясы жоғары деңгейдегі, шөлді топырақтың майда қабатының тұздануы, карбонаттылығы, құрылымсыздығы мен аз қуаттылығы, сармат әктастарының плиталарының жердің жоғары бетінде жатуы.

Экологиялық жағдайды жақсарту және табиғи ресурстарды шаруашылықта ұтымды пайдалану, аймақтың маңызды мемлекеттік міндетіне айналуда. Бұл тұрғыдан топырақ жамылғысының экологиялық жағдайын дер кезінде бағалау, жоғары парафинді мұнаймен қаныққан қалдықтардың биологиялық және химиялық зерттеулері, мұнаймен толыққан қалдықтар құрамының физика-химиялық зерттеулері, топырақтың антропогенді өзгеру барысын, оларда ауыр металлдар мен көмірсутектердің болуын көрсету, сонымен қатар территорияның антропогенді ластануын төмендету үшін практикалық ұсыныстар, мұнай-газ кешенінің кәсіпорындарында өндірістік қалдықтарды пайдаға асыру әдістерін көрсету.

Диссертациялық жұмыс осы міндетттерді шешуге арналған, оның ғылыми негізіне, автордың далалық, экспериментальдық, және де зертханалық зерттеулер нәтижесінде алынған жұмыстар жатады.

Зерттеудің мақсаты мен міндетттері: Мұнай-газ орынының топырақ жамылғысының қазіргі экологиялық жағдайын, топырақтың физика-химиялық және биологиялық қасиеті мен жоғары парафинді мұнаймен қаныққан қалдықтарды зерттеп, соның нәтижесінен алынған мәліметтер негізінде, қоршаған ортаға мұнаймен ластанудың тигізетін әсерін төмендету үшін практикалық ұсыныстар жасау. Бұл жағдайда келесі мәселелер шешіледі:

1. Өзен - Жетібай мұнайгаз орнының топырақ жамылғысының экологиялық жағдайын бағалау;

2. Жоғарғы парафинді мұнаймен қаныққан топырақтардың физика-химиялық және биологиялық қасиеттерін зерттеу;

3. Экологиялық жағдайда тәжрибелі-эксперименттік ізденіс жолымен тексеру;

4. Мұнаймен нақ қаныққан қалдықтардың топырақ пен қоршаған ортаға тигізетін зиянын ғылыми негізде төмендетуді ұсыну.

Зерттеу нысаны мен әдістемесі: Құрамына екі мұнай-газ және жеті газ кен орны енетін, Маңғыстау облысының Жаңа өзен - Жетібай мұнай-газ кентінің аймағы зерттеу нысаны болып табылады.

Зерттеу барысында салыстырмалы-экологиялық, тәжірибелі-эксперименталдық, зертханалық-аналитикалық, санақтық және графикалық әдістер қолданылды.

Топырақ үлгілері ҚР АШМ Ө. О. Оспанов атындағы Топырақтану институтының химия зертханасында келесі әдістер бойынша зерттелді: гумус-Тюрин бойынша, жалпы азот-Къельдальша, гидро-лизденетін азот-Тюрин-Кононова, жылжымалы фосфор-Мачигин, жыл-жымалы калий-Гусейнов-Протасов, гипс-Гедройцша, карбонаттардың көмір қышқылдығы-Гейслер мен Шейблер, сіңірілген кальций мен магний-Шмук, сіңірілген натрий-жалынды фотомерде, су суспензиясы рН-электро-метриялық әдіспен, су ерітіндісі-Гедройц бойынша ауалы құрғақ топыраққа, механикалық құрам-Качинскийдің түрлендіруіндегі пипетка әдісі және мүлдем құрғақ топырақты пирофосфор қышқылды натриймен өндеу арқылы. Микроэлементтердің барлығын тексеретін зерттеулер эмиссиялы-спектрлік талдау мен атомды-абсорбциялық спектроскопия әдісімен жүргізілді.

Мұнайдың органикалық және минералдық компоненттеріне талдауды стационарлық жағдайда, ҚР БҒМ А. Б. Бектуров атындағы химия институтының аттестаттанған аспабтарында өткізді. Шикі мұнай мен мұнай қалдықтарының молекулярлық, фракциялық құрамы және химиялық компоненттерін ЯМР-спекрометрінде (мерккурий-300), ИК (Брукер-89), КР (Рамисер), СФ-46 спектрометрінде, және де газ-сұйықтық анықтады. Талдау нәтижелерін өңдеу Пентиум-4 бағдарламасы бойынша компьютерде жүргізілді.

Топырақ үлгілері, жер беті мен жер асты суларының сынамалары жалпы қабылданған, қолданылып жүрген ГОСТ-ға сәйкес алынды, қарамайлы топырақ пен ішкі мұнай уақытша қоймадан алды, асфальт-шайыр-парафинді шөгінділерді, тұрмыстық қалдықтарды және тауар астындағы суларды «Өзен мұнай-газ» АҚ экологиялық қызметімен бірлесе отырып зерттеуге алынды.

Ғылыми жаналық: Өзен-Жетібай мұнай-газ кешен территориясы топырақ жамылғысының экологиялық жағдайына алғаш рет баға берілді, техногенездік әсерінен топырақ пен топырақ жамылғысының өзгеруі, жоғары парафинді мұнай қалдықтарының физико-химиялық және биологиялық қасиеттерін зерттеу және осыдан алынған мәліметтер негізінде, ғылыми қортындысы жасалынды. Техногенді бұзылған жерлердің өнімділігін қалпына келтіру.

Қорғалатын жағдайлар:

  1. Өзен-Жетңбай мұнай-газ кешен топырағының экологиялық жағдайын бағалау;
  2. Мұнаймен ластанған топырақтын қасиеттері, олардың әр түрлі экологиялық ластанған жағдайда тазарту жолдары;
  3. Мұнаймен толық ластанған топырақтарды және техногеннен бұзылған өңірді жақсартудың ғылыми негіздері.

Жұмыстың мазмұны

1. Физика-географиялық жағдайы.

1. 1. Географиялық орны

Өзен-Жетібай мұнай-газ кешені республиканың онтүстік-батыс шетінде, Маңғыстау облысының Қарақия ауданының шекарасында орналасқан. Географиялық координаттары: 52° 30 '-53°20' с. е пен 43°20'-43°30' ш. б анықталады. Аймақтың көлемі солтүстіктен оңтүстікке 15 шақырымға дейін, ал батыстан шығысқа 50 шақырымдық жерге созылып жатыр. Кен орны Үстірт шоқысының Батыс чинкінің бір сатысында жатыр, бұл аласа таулы Маңғышлақ пен Басқұдық-Түйесойған құмды массивінің түйіскен жеріндегі шоқы жазықта орналасқан.

Мұнай-газ кен орындары Қазақстан геологтарымен 1961жылы ашылып, 1965-1968 жылдарда жайластырыла отырып игерілді.

Жалпы ауданы 35 мың. га өндірісте 2 мұнай-газ кенті (Өзен, Қарамандыбас) және 7 газ орны орналасқан (Ақтас, Тасболат, Оңтүстік Жетібай, Қарамандыбас, Батыс Теңге, Өзен, Шығыс Өзен) (1-ші сурет) .

25 өнімді қабаттағы мұнай қорлары 210 млрд. тоннаға бағалады, жылдық өндіру 3 млн. тоннадан асады, газы 1, 2 млрд м³ және конденсат-40 мың тоннаға жуық. Кен орындарында 2, 5 мыңнан астам үңгіме жабдықталған, соның ішінде мұнай ұңғымаларының пайдалану қоры 1, 2 мың және газдікі 143. Көптеген үңгімелерінің шамадан тыс суланған, сондықтан қабаттағы қысымды сақтау үшін, өнімді қабаттарды жыл сайын 20 млн. м³ теңіз және өндірістік ағын сулармен толтырады, Кәсіпоындардың технологиялық құрал-жабдықтары қатты тозған және ескірген, апаттық жағдайлар мен қоршаған ортаның ластануы жиі пайда болады. Кен орындарда 500-ден аса мұнай жинайтын «қамба» мен қарамайланған топырақты аккумуляциялайтын полигондар жұмыс істейді.

Кен орындарында мұнай мен газды өндіруден басқа, Жаңа-Өзен қоласында ірі газ өңдейтін зауыт, құрылыс материалдарын жасайтын және Сауысқан қаласындағы кен орындарының өндірістік-шаруашылық қажеттіліктілері үшін жер асты суларын өндіретін кәсіпорындар жұмыс істейді.

Карта үшін орын.

1-сурет. Мұнай-газ кен орындарының карта-схемасы.

  1. Мұнай кен орындары (№) ;
  2. Газ кен орындары (№) ;
  3. Мұнай-газ кен орындары (№) . Зерттеудің қысқаша тарихы

Маңғышлақ пен Өзен-Жетібай аймағының табиғи ресурстары мен химика-экологиялық потенциалының алғашқы жүйеленген ғылыми зерттеулерді С. Г. Гмеллин /1/, Л. С. Левшин /2/, Г. С. Карелин /3/, Н. А. Северцев /4/, И. Г. Борщов /5/, С. Н. Никитин /6/, Н. И. Андрусова /7, 8/, М. В. Боярунас /9/ және т. б. экспедицияларымен бірге және арнайы ізденістерімен толықтырылды.

Осы ғалымдардың зерттеулері, бұрын аз зерттелген шөлдің табиғаты мен ресурстары туралы мәліметтерді, яғни: геологиясын, геоморфологиясын, гидрогеологиясын, флора мен фаунасын толықтырды. . Олар осы жерде мұнай-газ белгілерін, көмір, темір, мыс, марганец, минералдық тұздар, ұлутас қорларының бар екендігін анықтады, геологиялық құрылымы мен жер бедерін сипаттады. Маңғышлақта іргелі геологиялық зерттеуледі Н. И. Андрусов /10/, Н. В. Неволин /11/ және т. б. жүргізді.

1926-1930 жылдары СССР-дің ғылым Академиясының профессоры С. С. Неструевтің басшылығымен Маңғышлақ пен Үстірт шоқысына экологиялық және Адай мен Табын руынан шыққан көшпенді қазақ территориясының топырақ-өсімдік жамылғысын зерттеу үшін кешенді экспедиция ұйымдастырады. Зерттеулер нәтижесі «СССР . ғылым. Академиясының Қазақстандық экспедиция отрядының топырақ-ботаникалық жұмыстары туралы есеп беру» Шығарымдарында жарияланып /12/, ол жердің кен территорияның ландшафт-географиялық жағдайы мен топырақ-өсімдік жамылғысы толығымен сипатталды (И. П. Герасимов, Е. Н. Иванов, М. Д. Спиридонов, Ф. Н. Русанов және т. б. ) . Экспедиция материалдары әлі күнге дейін өзінің ғылыми және практикалық маңыздылығын әліде жоғалтқан жоқ, және аймақтың қазіргі экологиялық жағдайын шешу үшін эталон бола алады.

Маңғышлақта геологиялық зерттеулерден, антиклиндік құрылымының 1400-1700м тереңдікте мұнай-газ зонасы жататыны, юраның бор құмды-батпақты шөгінділерінде мұнай-газдың бары анықталды. 1961 жылдың маусымында Жетібай кен орынында бірінші мұнай алынды, осы жылдың шілдесінде Өзеннің мұнай бұрқағы атқылады. Бұл алканды, жеңіл, шайырлы және күкіртсіз, жоғары парафинді мұнай еді.

Енді 1930-1980 жылдары Маңғышлақта кең сейсмикалық және мұнай, газ бен басқа да табиғи ресурстары геологиялық-іздеу жұмыстары өткізілді. Осыдан кейін, мұнай-газ кен орындары ашылды және жұмысқа берілді. (1961 жылы Өзен мен Жетібай, 1964-Қарамандыбас, Теңге, 1967 - Асар және т. б), толық геоморфологиялық және топырақ карталарыжасалды. (К. Ш. Фаизов, Е. У. Джамалбеков, А. Х. Файзулина) . 1964-1985 жылдарда ҚРҰҒА топырақтану Институты Маңғышлақ түбегінде топырақ процесстерінің қолдан суару кезінде топырақ-мелиоративтік және стационарлық режимдегі түбегейлі зерттеулер мен жүйелеу әдістері жүргізілді. Сармат әктастары жақын жатқан (0, 5-2, 0м), аз қуатты топырақтарда, территорияны көгалдандыру мақсатымен игерген кезде рекультивация жұмыстары қажет екендігі анықталды: алып келінген топырақпен жаба отырып, шұнқырларды траншейлік әдіспен қазу және топырақ қабатын біртіндеп көбейту. Шөлде құнарлылықтың, топырақ өнімділігінің, оттегі балансының жоғарылауы көгалдандыру жұмыстары көмегімен мелиорация жолдары, жоңышқа егу, шөп өсіру, тыңайтқыштар еңгізу мен дренаждық фон жүйелі түрде суару арқылы жүзеге асыруға болады /13/. Бұл зерттеулердің нәтижелері, қолдан суару үшін учаскелерді таңдағанда және Ақтау мен Жаңа Өзен қалаларын көгалдандырғанда қолданылды.

Мұнай-газ аймақтарының экологиялық мәселелерін шешкен кезде, 1985 жылы құрылған «СССР аридті территорияларның антропогенді шөлдену картасы» мен (авторлары Н. Г. Харин, Л. Я. Курочкина, К. Ш. Фаизова және басқалар) оған берілген түсініктеме хаттың мәні маңызды /14/. Онда табиғи ортаның қазіргі жағдайын сипаттайтын, шөлденуді бағалау критериилері, шөлдену қарқындылығы, шөлейттенуді ішкі қауіптілігі, жануарлар мен халық тығыздығының табиғи ортаға әсері анықталды. Бұл кезде, адамның бағытталған іс-әрекеті әсерінен территорияның биологиялық өнімділігі төмендеуімен ілесе жүру, экожүйенің деградация процессін шөлдену деп түсінеміз. Картада Өзен-Жетібай мұнай-газ кешенінің ауданы ішкі қауіптілігі өте жоғары, шөлдену қарқындылығы мен антропогендік әсер деңгейі техногендік шөлейттенумен анықталған.

Қазіргі экологиялық мәселелер мен топырақ жамылғысының жағдайын тереңірек түсіну үшін, 2003 жылы жарық көрген Фаизов К. Ш пен басқалардың «Маңғышлақ-Каспий маңы мұнай-газ аймағының экологиясы» монографиясы маңызды ғылыми-еңбек екендігі түсінікті.

Сондай-ақ, 1990-2003 жылдары ҚР БҒМ Топырақтану Институты Атырау мен Маңғыстау облыстарында жүргізген экологиялық зерттеулердің нәтижесінде айта кету керек (И. Қ. Асанбаев, К. Ш. Фаизов және басқалар) . Оның нәтижесінде топырақ өзгерістері мен топырақ-экологиялық аудандастыру карталары жасалды, техногенез бен табиғи-шикізаттық ресурстарды ұтымсыз пайдаланудың экологиялық және әлеуметті-экономикалық әсері анықталды.

Өзен-Жетібай кешенінің аймағында мұнай-химиялық, радиактивтік ластанудың техногенді бұзылулары мен топырақтың минералданған өндірістік ақпа сулармен тұздану ареалдардың барлығы анықталды.

1. 3. Геологиялық құрылымы, жер бедерінің негізгі кескіні мен топырақ түзуші жыныстар.

Өзен-Жетібай кент аймағы ландшафт-географиялық тұрғыдан, Маңғышлақ жазықтығында орналасқан. Ол жақсы зерттелген және арнайы әдебиеттерде толық баяндалған. Жазықтық палеозойды басып жатқан, палеоген-неогендік теңіз тұңбаларынан құралған. Бұл жердегі ең ежелгі жыныстар, палеогеннің жасылтың және қызғылтым балшықтары кездеседі. Олардан жоғары, құрамы бойынша өзгеретін құмтастардың, мергелдердің сонымен қоса, балшық пен гипстің миоцендік түрлері жасырынып жатыр.

Аймақтың көп бөлігі Беке-Басқұдық антиклинының оңтүстік қанатымен көмкерілген, Қаратау жотасына қарама-қарсы біліктерде созылған және қанаттары дизъюнктивті бұзылыстарымен сипатталып, брахиантиклиналдық құрылымының екінші қатары құралған. Көтерілімдерді құрайтын жыныстар, моноклиналды, оңтүстікке аздап еңіс жатады. Жер бетінде тігінен жататын, ауданда тұрақты дерлік, әлсіз дислоцирленген сарматтық теңіз тұңбалары орналасқан. Олар кәуекті, жақсы су өткізетін, солиттік кавернозды әктастармен көрсетілген, әр жерде мергел және балшықпен ауысып тұратын жыныстар бар.

Карбонатты-гипсті сарбалшықты элювийдің қалыңдығы 1, 0-1, 5м аспайды және солтүстіктен оңтүстікке қарай азаяды. Элювий қабаты аз өзгерген (әктас қабаты), 30-50 см-ден 1, 0 м дейінгі тереңдікте жатыр, уақ кристалды гипс қабаты бөлінеді. Жыныс пен элювиолді бөліктің байланысынан гипс қабатының түзілуін, көптеген зерттеушілер сармат теңізінің түбінде гипстің түсуімен түсіндіреді /11 және басқалар/. Аймақта делювиал-пролювиальді сарбалшықты және эольды құмды шөгінділермен бірге, континентальды төрттік кезеңнің шөгінділері кеңінен тараған.

Соңғылары Сауысқан, Сеңгірқұм, Бостанқұм, Түйесойған құм массивтерін құрайды. Олардың түзілуі альб-сеноман құм үгінділерін жел елеуімен байланысты. Аймақтың мұнай-газ кен орындары палеоген, девон-перм және юра-бор тұз асты, сонымен қатар тұз үсті терригендік шөгінділерге қанық және тұз-күмбезді тектоникасымен байланысты. Олар автономды теңіз қолтықтарында ыстық климаттың тоқыраулы су режимі, шамалы газ алмасуы мен күкіртсутегімен уланған органикалық қалдықтардың жағдайында пайда болды /48, 49/. Жағымды экологиялық режимде жинақталғандықтан (тозаңданғандықтан), олар ірі мұнай қор орындарының пайда болуына жағдай тудырды.

Кеннің өнімді қабаты, жоғарғы бор сеноман ойығынан төменгі перм шөгінділеріне дейінгі стратиграфиялық жиектерді қамти орналасқан. Сонымен қатар, бор шөгінділермен газ қоры, ал юрамен негізінен мұнай қорлары жатыр.

Жер бедері бойынша Маңғышлақ жазығы аридті-денудациялық шоқыда орналасқан, олар сармат әктастармен қоршалған. Жазықтықтың абсолютті биіктігі солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп таулы Маңғышлаққа 300 метрден, Кендірлі-Қаясан ойпатына қарай 160 метрге төмендейді. Бетінде түрлі мөлшердегі және тереңдіктегі, иректі тұйықталған жазықты шұңқырлардың болуы, олар сыртта тік құламалы, биіктігі 100-150 м жар-чинктермен жиектелген. Шұңқырлардың пайда болуы негізінен, карсттық процесстермен байланысты. Мұндағы ең ірі ойпаттар Қауынды, Өзен, Жазғұрлы және т. б. олардың ішіндегі Қарақия ойпатының ауданы 80 км², тереңдігі -132 м минустік белгісі бар - Қазақстан Республикасы аймағындағы ең төмен белгі. Шұңқырлардың түбінде көбінесе сортаңдар өседі.

Жазық Маңғышлақтың оңтүстік-шығыс бөлігінде, абсолюттік биіктігі минус 70 метрлік ірі Қарын-жарық иілісі бөлінеді. Бұл Каспи теңізінің, қатты тұздалған құмды-балшықты теңіз трансгрессияның шөгінділерінен құралған, ежелгі шығанақ болып табылады. Шөгінділердің ұзақ эолдық өнделуі, иілістің бетінде сор шұңқырларымен ауысып тұратын, төбе-тізбекті құм массивтерінің пайда болуына алып келді. Құмдар уақ қиыршықты, кварцты, әр жерде жел ұшырып, бархандарға айналады. Сондай-ақ, жазықтықта жазық, терең емес, тақырлы ойпаттар, карсттық ойшықтар, мұнай траншеясы, мұнай «қоймасы», тұзды ағын сулардың арықтары, коллювиальды көшкіндер және т. б. түріндегі техногендік мезо және микро жер бедері бар.

Жазық Маңғышлақ - тұйық сусыз жер. Жер бетіне жақын жатқан әлсіз дислоцирленген, сарматтық және понтикалық әктастар мен мергелдердің (0, 5-1, 5м) қабаты, аймақтың жұқа карбонатты-гипсті топырағы су өткізбейтін қабат болып табылады.

Галогеохимиялық қатынаста құрамында бор, Маңғышлақтың карбонатты - гипс мөлшері жоғары, сульфат-хлоридті және хлоридті тұз жиналуы басым, Каспи теңізінің шегінде жатыр. Маңғышлақ карбонатты-гипстегі гипергеноз зонасының тұз аккумуляциясының құрамында сілтілі жерлердің сульфаттары басым (Боровский және т. б. 1976ж, Боровский 1982ж) . Бұл жерде топырақ түзуші жыныстар, желмен ұшырылып келген шөгінділер үйінділерін айтуға болады. Негізінен бұлар элювиалді-делювиолді (биік жазықтықтарда), көл-теңізді хемогенді (тұйық сусыз ойпаттар мен шұнқырларда) және эолдық (құмды массивтерде) шөгінділер. Олар шаңды сарбалшықты, балшықты, құмайтты және құмды механикалық құраммен сипатталады. Топырақ түзуші жыныстар жоғары карбонаттылығымен (СО 2 -10-20%), құмды-шаң құрамымен ерекшеленеді, түрлі денгейде сульфат пен хлоридтермен тұздалған, оның техногендік жүктеме кезінде бұзылуға тез ұшырайтынын сипаттайды. (1-кесте)

Топырақтың 1 мм аз бөлшектері эрозионді-қауіпті деп есептеледі, әсіресе мөлшері 0, 1-0, 5мм-лік бөлшектер қауіпті, олар жел қозғалысы кезінде «көшкін эффектісін» тудырады, сондай-ақ, қарастырылып отырған аймақтардың топырағында көп болып табылатын шаңды бөлшектер (0, 05-0, 001мм), жел жылдамдығы 6 м/сек болғанда, ауа ағынымен 4-тен 10 мың км-ге дейінгі қашықтыққа ауыса алады (Орлова, 1983) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Қазақстандағы мұнай кен орны
Теңіз жаға бойы рельефі
ОҢТҮСТIК МАҢҒЫШЛАҚТЫҢ ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫНЫҢ РЕСУРСТАРЫ МЕН ПАЙДАЛАНЫЛУЫ
Мұнай - газды аймақтардың техногендік ландшафтары
Солтүстік Үстірттің геологиялық даму тарихын, геологиялық құрылымын зерттеу және пермь-триас кешендерінде мұнай және газ шоғырларын табу
Кен орны бойынша жалпы мәліметтер
Өзен мұнай-газ кен орны
Жетыбай кен орны
БАТЫС ЖЕТІБАЙ КЕН ОРНЫНЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Өзен кен орны жайлы жалпы мағлұматтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz