Қазіргі қазақ повесть - әңгімелеріндегі лиризм



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.9

I тарау. Лиризм және психологизм ... ... ... ... ... ... ..10.33
1.1. Т.Ахметжан шығармаларындағы лиризм.
1.2. А.Алтай повестеріндегі психологизмнің берілу әдістері

II тарау. Лиризм және мінез ... ... ... ... ... ... ... ... 34.45
2.1. Т.Нұрмағамбетов әңгімелеріндегі мінез ерекшеліктері.
2.2. Қ.Түменбай прозасындағы ұлттық рух.

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...46.49

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... .. 50.52
КІРІСПЕ


ХХ ғасыр соңы адам, қоғам санасына өзгерістер, берекесіздік әкелуімен ерекшеленеді. Қоғамдық құрылыстың өзгеруіне байланысты, бұрынғы сана мен бұрынғы идеалдар жойылып, жеке сана пайда болды. Осының нәтижесінде ХХ ғасыр плюрализмі әдебиетте де көрініп, бір-біріне ұқсамайтын жазушылар шығармашылығы дүниеге келді. Бұрыннан жазып жүрген қаламгерлер қазіргі әдебиетте де көрініп, бір-біріне ұқсамайтын жазушылар шығармашылығы дүниеге келді. Бұрыннан жазып жүрген қаламгерлер мен әдебиетке жаңа келген жазушылар арасында түсініспеушілік пайда болды. Тіпті тұстас суреткерлер де бір-бірінің шығармашылығын түсінбейді. Өйткені әр жазушы өз шығармасында өз дүнетанымын бейнелейді, өз қабылдауын береді. Әдебиет – идеология құралы емес, жеке тұлғаның өз-өзін таныту құралына айналды.
Әрбір суреткер әдебиет арқылы өз бойындағы энергиясын шығаруға машықтанды. Көп жазушылар оқырман қабылдауымен санаспайды. Олар үшін тек субьективті дүниетанымын суреттеу ғана маңызды болды. Не болмаса, шығарма терең ойлы, ерекше саналы оқырманға лайықталады. Әдебиет қоғамдағы өзгерістерді жіті бақылап отыр, әйтсе де сол құбылыстарға ілесе алмай қалатын кездер де байқалады.
Әдебиеттануда көркемдік әдістер алмасуы әр кезеңде түрлі көзқарастар тұрғысынан көп рет талқыға түскен еді. Негізгі жетекші әдістер реализм мен романтизм деп, ал модернистік жүйе әдістері керітартпа, декаденттік әдістер ретінде түсіндіріліп келді. Тіпті, әлемдік әдебиет пен өнер тарихы «реалистік өнердің пайда болу, қалыптасу, даму және антиреалистік ағымдармен күрес тарихы» ретінде қарастырылды. Шын мәнінде шығармашылық әдіс суреткердің шындыққа қатысымен анықталатыны белгілі.
Әдебиет жазушы еңбегі арқылы жасалса, жанр да, кезі келгенде сөз суреткерлерінің ізденістерінен туады. Барлық жанрлар да өздерін қызықтырған нәрсені жалаң оқиғалар тізбегімен дәлелдей салмай, образ арқылы көрсетеді, бейнелейді, суреттейді. Суреттеу, дәлелдеу арқылы өздерін тебіренткен, толқытқан жайдың сырын ашып, жазушы жанрды идеялық ой жеткізуге тәсіл, амал есебінде пайдаланады.Қалаған жанрды таңдауға жазушы ерікті, ықтиярлы.
Көркем прозаға қатысты көрікті ой мен кешелі табиғатты толыққанды танып, көңіл көрігіне суара білетін сөз зергері жазар әлемін әдбен зерттеп, зерделеп, иін қандырып, илеуін пісірмей, тақырыбына тағдырын танып, табиғатын түгендемей, тәуекелге бармайды.Орнықсыз ой балалатып, орынсыз күшену, кейіпкерін тізелетіп тезге салу, жалған, жылтыр сөйлеу жазушыға жат.
«Кез келген жазушы психолог бола білуі керек. Ол кейіпкерлердің типтік характерін суреттеп қана қоймай, сол характердің бұлттартпай сендіретін психологиялық мотивировкасын көрсете білген жөн» /1,42/. Демек, әр жазушы үшін кейіпкер жанындағы психологиялық нәзік те сырлы әрі күрделі құбылыстарды аша отырып, характер логикасына сай келетін шешімдер табу басты мақсаттың бірі болуға тиіс, кейіпкердің характері сонда ғана жан – жақты ашылады. Қазіргі әңгіме, повесть, роман болсын олардың бір ерекшелігі кейіпкер саны аз болып келеді. Сондай – ақ, алдымен монологқа құрылады да диалогқа ұласады. (Бұл ойымызды алдағы мысалдарда дәлелдейміз). Терең психологизм дәлдігі, сенімділігі үшін монолог қандай қызмет атқарса, диалогтың да идеялық – көркемдік орны сондай үлкен.
Жалпы прозаның көркемдік сапасы, идеялық мазмны қоғамдық әлеуметтік мәні бар күрделі, қомақты шындықтарды көтеріп, соған байланысты философиялық тың ойлар түйіндеумен өлшеніп таразыланады.
Біз қарастырғалы отырған жазушылардың прозасында жекелеген адамдар тағдыры суреттелініп, бүкіл әлеуметтік өмірдің күнгейі мен көлеңкесіне, даму барысына, жалпы моральдық болмысына философиялық тұрғыда талдаулар жасалынады. Әрине, әлеуметтік шындықты көркемдік шындыққа айналдыруда жазушыға ең қажетті фактордың бірі – суреткерлік екеніне көз жеткіземіз.
Шындығында, көркемөнердің өзі адам көңіл-күйі, ой-қиялы мен қоғамдағы тарихи-әлеуметтік, эстетикалық алғышарттардың бірлігінен өрістегенін жадымызда ұстасақ, “ХІҮ ғасырдың аяғы мен ХҮ ғасырдың басында жазушылардың назарында адамның кейбір пихологиялық жағдайлары, сезімдері, сыртқы әлем құбылыстарына орай эмоционалдық үн қосу сәттері түсті. Бірақ, бұл сезімдер, адам жанының жекелеген шақтары характер болып тұтаспайды”, - деген Д.С.Лихачев тұжырымына ден қою дұрыс. Демек, лиризм мен психологизмнің де негізгі көзі – авторлық экспрессияның идеялық-көркемдік генезисі тереңде жатыр. Бүкіл факторлардың айшықты поэтикалық жүйесі ақын-жыраулардың оттты пафосқа құрылған романтикалық поэзиясы және заманның асқақ идеяларын барынша шынайы әрі мол оптимизм, нақты гуманизммен бейнелеу талаптарынан туған жаңа әдебиеттің лейтмотивіне лирика нақыштары жат элемент болып табылмайды.
Л.И.Залесская кеңес әдебиетінде: “Қаһармандық-романтикалық, алайда типтік характерлер ерекше тосын болғанмен, өмірлік, типтік ахуалдарда ашылатынын” айта келіп, дербес поэтикасына қарамастан, романтизм реализмнің бір стильдік қанатына жатаныны туралы бір пікірге келеді. Осы ретте кейбір мағыналық ұғымдарды анықтап алу үшін ақиқатқа жақын паймдауларға жүгінеміз. “Романтизм қашанда лирикалық табиғатқа ие. Әйтсе де, лирикалық әуенділік шығарманың романтикалық сипатына дәлел емес. Лирикалық өнер әрі реалистік негіздерде өмір сүреді”, - дейтін С.А.Липин лиризмнің белгілі бір көркемдік әдістер мен бағыттарға тәуелсіздігін, психологизм сияқты әдебиеттің “тектік” қасиетіне бейім екенін аңғартады /2.162/.Майтанов.
Адамның мінез – қырларын белгілі бір сәттердегі сезім – күйлерін тапқыр әрі ұтымды, қысқа да мағыналы бейнелеуде диалог ерекше тєсіл. Яғни, автор кейіпкер характерін ашу үшін диалогті қолданады. Әрине кейіпкердің іс - єрекетімен сөйлер сөзінде тамырластық болу шарт. Әдебиет зерттеушісі М.Базарбаев: «Тіл көркемдігінің бір байқалар тұсы диалог пен монолог құруда. Мұнда шеберлік керек – ақ. Өйткені диалог адам мінездерін ашуға бірден – бір қолайлы форма» /3,53/,- деп атап өтеді. Жалпы кейіпкердің сөзі өмірдегі ауызекі тілге мейлінше жақын болып келеді. Әрине, көркем диалог пен ауызекі әңгімелесу тілі толық сай келуі мүмкінде емес. Сөзі өмірдегі ауызекі тілге мейлінше жақын болып келеді. Әрине, көркем диалог пен ауызекі әңгімелесу тілі толық сай келуі мүмкінде емес. Бұл орайда орыс ғалымы Р.Будагов көркем диалогтың ауызекі тілден төрт түрлі айырмашылығы бар екенін көрсетеді.
1.Көркем диалог белгілі бір дєрежеде созылыңқы болып келеді, өмірдегі диалог үшін бұл міндетті емес.
2.Автор көркем диалогты алдын – ала ойластырып алады, табиғи диалогта сөйлеуші оны ойластырып жатпайды.
3.Көркем диалог – оқиғаны дамытып, оның алға жылжуына қызмет етеді, оның барлық элементтері өзара тығыз байланысты, бұл да өмірдегі диалог үшін міндетті емес.
4. Көркем текстегі диалог уақыттың, ырғақ пен қарқынның ережелеріне бағынады. Бұларсыз көркем мәтін болмайды.
Кейіпкер сөзінің тағы бір ерекшелігі туралы Л.Тимофеев: «Кейіпкерлердің өз мінездерінің ерекшеліктеріне жауап беретін, оның мәдени өресін, психологиялық қырларын, жан – дүниесінің жағдайын білдіретін өзіне ғана тірі адам тәрізді әсер етпек» /4,31/ - дейді. Демек, диалогтан кейіпкер ерекшелігі моральдық – этикалық қасиеті, мінез – құлқы, танымы, рухани дүниесі, психикасы, бір сөзбен айтқанда өзіндік болмысы, характері көрінеді. Түйіндеп айтқанда - шығармадағы шешуші сәттің бірі диалог құру. Диалог арқылы да кейіпкер психологиясын көрсете алады.
Әдебиеттегі психологизм дегеніміз – кейіпкердің ойы мен іс-әрекетінің кереғарлығы, сана қақтығысынан тұратын ерекше көркемдік жүйе. “Алайда осы жерде ескерер бір жәйт - әдеби психологизмде автор мен кейіпкердің ой-толғаныстары мен ой ағымдары, сана қақтығыстары қайшылыққа толы болса да жүйеліліктің сақталатындығы, ал модернистік бағыттағы жазушылар пір тұтатын « сана тасқынында» жүйеліліктің ауылы алыс екендігі” /5,74/.
Біз бұл жұмысымызда қазіргі кездегі прозадағы лиризмнің, психологизмнің көріністерін нақтырақ айтқанда – монолог, диалог, түс көру, заттық әлем тұрғысынан талдап қарастыруды мақсат еттік.
Қазіргі қазақ прозасының өкілдерінің нақты бір бағыт ұстанып, мектепке бірікпеуінің тарихи астарлы себептері де бар. ХХ ғасырдың соңы – қандай да бір қоғамдық құрылымдар жойылып, ортақ идеялардан бас тарту заманы болды. Бірнеше адамның бір идеяны ұстануы сирек кездесетін құбылысқа айналды. Әр жазушы аласапыран дүниеден шындықты өзі ғана іздейді, әрі соны жалғыз ақиқат деп дәлелдеуге тырысады. Жазушылар әр қайсысы өз субьективті пікірін ұстанады, өз дүниетанымын өзгелерге танытуға ұмтылады. Сонымен қатар, әлемдік сананың өзгеруі жаңа дүниетанымға негіз болды., жаңа кейіпкер типін жасауға, сол кейіпкер бойына көбіне өз субьективті қабылдаулары мен түсініктерін дарытуға әкеп соқты.
Көркемдік дәстүрге жаңа көзқарас пайда болды. Бұрынырақта айтылған шығармаларға, сол шығармалардағы әлем модуліне, кейіпкер типіне жөнді-жөнсіз сын пікірлер айтыла бастады. Алдыңғы буын әдебиетін мойындамайтын жас толқын мен өзінен кейінгілерді түсінбейтін ағалар, бір-бірін ұқпайтын тұстастар – қазіргі әдеби процесті осылай деп сипаттауға болады.
Дегенмен де, қазіргі қазақ прозасында көркемдік ізденістер жоқ емес. Бүгінгі таңда бұрынғы барлық әдістердің танымдыќ тұрғылары бірге көрінуде. Көркемдік танымның жалпы предметі болып табылатын субьект пен обьект қарым – қатынасы әр дєуірде әр түрлі болған. Орта ғасырлық діни өнері негізгі таным обьектісі етіп адам мен құдай арасындағы, Ќайта өркендеу дәуірі өнері – адам мен табиғат арасындағы, 20 – ғасырдағы сыншыл реализм ең алдымен тұлға мен қоғам арасындағы қарым – қатынасты алып отырса, романтиктер танымдық ізденістерін рухани – ұждандық қатынас аясына, ал натуралистер адам санасы мен єрекетініњ биологиялық алғышарттары саласына бағыттап отырған.
Модернизмде екі басты танымдық бағытта ажыратуға болады: оның бірі өнердің кейде қалыпты, кейде патологиялық типтегі индивидуальды психология микрокосымына сараптай отырып енуінен көрінеді (мысалы, психоаналитикалық романында), ал екіншісі макрокосондық масштабтағы жалпы заңдылықтарды ұғынуға ұмтылады. Көркемдік таным мен шығармашылық әдіс арасындағы байланыстың бір саласы осындай.
Осы танымдығы бағыттар қазіргі қазақ прозасында көркем синтезбен көрінеді. Ал ең басты қатынас – адамның өз - өзімен, ішкі «менімен» қатынасы. Қазіргі кейіпкер типтері – бәрімен келісе бермейтін, бәрін қабылдай алмайтын адам және ештеңемен, тіпті өз - өзімен де келісімге келе алмайтын адам.
Қазіргі кейіпкер қоршаған әлемге салғырт қарай алмайды, ол бәрін де өз бойынан өткізеді. Сыртқы дүниеде болып жатқан өзгерістер кейіпкер санасына керемет әсер етеді, әрбір құбылысқа кейіпкер санасы сезімдік импульстармен жауап береді. Т.Нұрмағамбетов, С.Елубаев, М. Байғұтов, А.Асқар, Р.Мұқанова, Д.Амантай, А.Кемелбаева, Т.Ахметжан, Қ.Түменбай, Қ.Жиенбай, Ж.Қорғасбек, Ә.Асқар, К.Құдабаева, т.б. шығармашылығындағы қазіргі қазақ прозасы осы арнада дамып келеді. Бұл жазушылар үшін ең бастысы – ой қозғалысы, психологиялық күйлер ауысуымен біздің замандасымыз алдында тұрған ең маңызды мәселелерді ашып, анықтау.
«Қазіргі қазақ прозасын саралау ол өз бейнелілігінің түптамырына барып қана қоймай, кері байланыс та болуы мүмкін екенін мойындауға мүмкіндік береді: көркем түсініктерді жања бояулармен жаңартып, кең көлемді метафоралар қалыптастырып, қазіргі прозаның бейнелік қорын ғана емес, оның потенцалды жанрлық – стильдік арсеналында кеңейте отырып, бейнеліліктің бастапқы архетиптері актуальданады» /6,23/.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы: Қазақ университеті, 1992 -350 бет.
2. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. Алматы: Санат, 1996 -333 бет.
3. Базарбаев М. Замана тудырған әдебиет. – А: жазушы, 1991.
4. Тимофеев Л.И. Основы теории литературы. – М: Просвещение, 1971.
5. Майтанов Б. Суреттеу мен мінездеу. – А: Жазушы, 1991
6. Пірәлиева Г. Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері. Алматы: Алаш, 2003 – 327 бет.
7. Майтанов Б. Қаһарманның рухани әлемі. – А: Жазушы, 1987. – 232б.
8. Ержанова Г. Қазіргі қазақ әңгімесі. Фил. ғылым. канд. дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы. Алматы, 1999 - 125 бет.
9. Қабдолов З. Жанр сыры. —Алматы: Жалын, 1964 - 214 бет.
10. Әдебиеттану терминдер сөздігі. —Алматы: Ана тілі, 1998. – 321 бет.
11. Омаров Т. Әдебиет жайлы ойлар. - Алматы: Қазақ университеті, 1992. —352 бет.
12. Ахметжан Т. О дүниенің қонағы. – Астана: елорда, 2001.
13. Ақшолақов Т. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. —Алматы: Рауан, 1994. —224 бет.
14. Гинзбург Л. О психологической прозе. – Москва: худож литература, 1977.
15. Асылбекұлы С. Қазіргі қазақ повестеріндегі заман шындығы. Филология филология ғылымдарының кандидатығылыми атағын алу үшін дайындаған диссертация. —Алматы, 1997. 120 бет.
16. Алтай Асқар. Қызыл бөлтірік. – Алматы: Жазушы, 1996.
17. Пірәлиева А. Ішкі монолог. - Алматы: 1995 – 170 бет.
18. Сөзстан. 5- кітап. Алматы: Жалын, 1984, 220 бет.
19. Нұрмағамбетов Т. Тұнық су. - Алматы: Жазушы, 1991.
20. Керейқұлов Қ . Теңізге түскен желқайық. – А: жазушы, 1991.
21. Аязбеков Ж. Рух дерті // Қазақ әдебиеті. 07.04.2006.
22. Түменбай Қуандық. Көз . – А: Зерде, 1999.



Қосымша әдебиеттер:

1. Борев Ю. Художественные направления в искуссстве ХХ века. Киев, 1986 131 стр.
2. Храпченко М. Мировозрение и творчество (Проблемы теории литературы. Москва., 1958.
3. Бехер И. О литературе и искусстве. Москва: МГУ, 1981, 200стр.
4. Борев Ю. Эстетика. Москва: Сов.Росс., 1981, 318стр.
5. Майтанов Б. Қазақ прозасындағы замандас бейнесі. Алматы: Жазушы, 1982, 265б.
6. Мақпыров С. Әдебиеттануға кіріспе. Алматы: Ана тілі, 1991, 198б.
7. Серғалиев М. Сөз сарасы. Алматы: Мектеп, 1989, 274б.
8. Храпченко М. Горизонты художественного образа. Москва: 1982, 324стр.
9. Гинзбург Л. О психологической прозе. Москва: Худлит. 1977, 433стр.
10. Тілепов Ж. Тарих және әдебиет. Алматы: Қазақ университеті, 2001, 200б.
11. Исмакова А. Казахская художественная проза. Поэтика, жанр, стиль. Алматы: Ғылым, 1998, 398б.
12. Қаратаев М. Әдебиет және эстетика. Алматы: Жалын, 1970, 244б.
13. Әдібаев Х. Талант, талғам, тағдыр. Алматы: Жазушы, 1971. 256 бет.
14. Щепилова Л. Введение в литературоведение. Москва: Сов. Писатель, 1968 – 280 стр.
15. Гей Н. Время и пространство в структуре произведения. Москва: Наука, 1975 – 232 стр.
16. Жұмағалиев З. Шындық және көркем әдебиет. Қарағанды, ҚарМу, 1993 -215 бет.
17..Борев Ю. Методология анализа литературного произведения. Москва: Наука, 1988 -348 стр.
18. Балтабаева Г. Қазіргі қазақ әңгімесі (1980-1990). Филология ғылымдарының кандидаттығын ғылыми дәрежесі алу үшін дайындалған диссертация. —Алматы, 1999 – 121 бет.
19. Ахметжан Т. Тұма. Астана: Фолиант, 2004 – 124 бет.
20..Нағыметов А. Қазіргі повесть және көркемдік ізденіс. —Алматы, 1961 – 142 бет.
21..Әбдезұлы Қ. Жазушы жєне заман шындығы. —Алматы: Қазақ университеті, 2003. —185 бет.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі қазақ повесть-әңгімелеріндегі лиризм

Мазмұны

Кіріспе–––––––––––––––––––––––––––– ––––––––––––––––––– 3-9

I тарау. Лиризм және психологизм–––––––––––––––––––––––– ––10-33
1.1. Т.Ахметжан шығармаларындағы лиризм.
1.2. А.Алтай повестеріндегі психологизмнің берілу әдістері

II тарау. Лиризм және мінез–––––––––––––––––––––––––––––– ––34-45
2.1. Т.Нұрмағамбетов әңгімелеріндегі мінез ерекшеліктері.
2.2. Қ.Түменбай прозасындағы ұлттық рух.

Қорытынды__________________________ _________________46-49

Пайдаланылған әдебиеттер_________________________ _____ 50-52

КІРІСПЕ

ХХ ғасыр соңы адам, қоғам санасына өзгерістер, берекесіздік әкелуімен
ерекшеленеді. Қоғамдық құрылыстың өзгеруіне байланысты, бұрынғы сана мен
бұрынғы идеалдар жойылып, жеке сана пайда болды. Осының нәтижесінде ХХ
ғасыр плюрализмі әдебиетте де көрініп, бір-біріне ұқсамайтын жазушылар
шығармашылығы дүниеге келді. Бұрыннан жазып жүрген қаламгерлер қазіргі
әдебиетте де көрініп, бір-біріне ұқсамайтын жазушылар шығармашылығы дүниеге
келді. Бұрыннан жазып жүрген қаламгерлер мен әдебиетке жаңа келген
жазушылар арасында түсініспеушілік пайда болды. Тіпті тұстас суреткерлер де
бір-бірінің шығармашылығын түсінбейді. Өйткені әр жазушы өз шығармасында өз
дүнетанымын бейнелейді, өз қабылдауын береді. Әдебиет – идеология құралы
емес, жеке тұлғаның өз-өзін таныту құралына айналды.
Әрбір суреткер әдебиет арқылы өз бойындағы энергиясын шығаруға
машықтанды. Көп жазушылар оқырман қабылдауымен санаспайды. Олар үшін тек
субьективті дүниетанымын суреттеу ғана маңызды болды. Не болмаса, шығарма
терең ойлы, ерекше саналы оқырманға лайықталады. Әдебиет қоғамдағы
өзгерістерді жіті бақылап отыр, әйтсе де сол құбылыстарға ілесе алмай
қалатын кездер де байқалады.
Әдебиеттануда көркемдік әдістер алмасуы әр кезеңде түрлі көзқарастар
тұрғысынан көп рет талқыға түскен еді. Негізгі жетекші әдістер реализм мен
романтизм деп, ал модернистік жүйе әдістері керітартпа, декаденттік әдістер
ретінде түсіндіріліп келді. Тіпті, әлемдік әдебиет пен өнер тарихы
реалистік өнердің пайда болу, қалыптасу, даму және антиреалистік
ағымдармен күрес тарихы ретінде қарастырылды. Шын мәнінде шығармашылық
әдіс суреткердің шындыққа қатысымен анықталатыны белгілі.

Әдебиет жазушы еңбегі арқылы жасалса, жанр да, кезі келгенде сөз
суреткерлерінің ізденістерінен туады. Барлық жанрлар да өздерін
қызықтырған нәрсені жалаң оқиғалар тізбегімен дәлелдей салмай, образ арқылы
көрсетеді, бейнелейді, суреттейді. Суреттеу, дәлелдеу арқылы өздерін
тебіренткен, толқытқан жайдың сырын ашып, жазушы жанрды идеялық ой
жеткізуге тәсіл, амал есебінде пайдаланады.Қалаған жанрды таңдауға жазушы
ерікті, ықтиярлы.
Көркем прозаға қатысты көрікті ой мен кешелі табиғатты толыққанды
танып, көңіл көрігіне суара білетін сөз зергері жазар әлемін әдбен зерттеп,
зерделеп, иін қандырып, илеуін пісірмей, тақырыбына тағдырын танып,
табиғатын түгендемей, тәуекелге бармайды.Орнықсыз ой балалатып, орынсыз
күшену, кейіпкерін тізелетіп тезге салу, жалған, жылтыр сөйлеу жазушыға
жат.
Кез келген жазушы психолог бола білуі керек. Ол кейіпкерлердің типтік
характерін суреттеп қана қоймай, сол характердің бұлттартпай сендіретін
психологиялық мотивировкасын көрсете білген жөн 1,42. Демек, әр жазушы
үшін кейіпкер жанындағы психологиялық нәзік те сырлы әрі күрделі
құбылыстарды аша отырып, характер логикасына сай келетін шешімдер табу
басты мақсаттың бірі болуға тиіс, кейіпкердің характері сонда ғана жан –
жақты ашылады. Қазіргі әңгіме, повесть, роман болсын олардың бір ерекшелігі
кейіпкер саны аз болып келеді. Сондай – ақ, алдымен монологқа құрылады да
диалогқа ұласады. (Бұл ойымызды алдағы мысалдарда дәлелдейміз). Терең
психологизм дәлдігі, сенімділігі үшін монолог қандай қызмет атқарса,
диалогтың да идеялық – көркемдік орны сондай үлкен.
Жалпы прозаның көркемдік сапасы, идеялық мазмны қоғамдық әлеуметтік
мәні бар күрделі, қомақты шындықтарды көтеріп, соған байланысты
философиялық тың ойлар түйіндеумен өлшеніп таразыланады.
Біз қарастырғалы отырған жазушылардың прозасында жекелеген адамдар
тағдыры суреттелініп, бүкіл әлеуметтік өмірдің күнгейі мен көлеңкесіне,
даму барысына, жалпы моральдық болмысына философиялық тұрғыда талдаулар
жасалынады. Әрине, әлеуметтік шындықты көркемдік шындыққа айналдыруда
жазушыға ең қажетті фактордың бірі – суреткерлік екеніне көз жеткіземіз.
Шындығында, көркемөнердің өзі адам көңіл-күйі, ой-қиялы мен қоғамдағы
тарихи-әлеуметтік, эстетикалық алғышарттардың бірлігінен өрістегенін
жадымызда ұстасақ, “ХІҮ ғасырдың аяғы мен ХҮ ғасырдың басында жазушылардың
назарында адамның кейбір пихологиялық жағдайлары, сезімдері, сыртқы әлем
құбылыстарына орай эмоционалдық үн қосу сәттері түсті. Бірақ, бұл сезімдер,
адам жанының жекелеген шақтары характер болып тұтаспайды”, - деген
Д.С.Лихачев тұжырымына ден қою дұрыс. Демек, лиризм мен психологизмнің де
негізгі көзі – авторлық экспрессияның идеялық-көркемдік генезисі тереңде
жатыр. Бүкіл факторлардың айшықты поэтикалық жүйесі ақын-жыраулардың оттты
пафосқа құрылған романтикалық поэзиясы және заманның асқақ идеяларын
барынша шынайы әрі мол оптимизм, нақты гуманизммен бейнелеу талаптарынан
туған жаңа әдебиеттің лейтмотивіне лирика нақыштары жат элемент болып
табылмайды.
Л.И.Залесская кеңес әдебиетінде: “Қаһармандық-романтикалық, алайда
типтік характерлер ерекше тосын болғанмен, өмірлік, типтік ахуалдарда
ашылатынын” айта келіп, дербес поэтикасына қарамастан, романтизм
реализмнің бір стильдік қанатына жатаныны туралы бір пікірге келеді. Осы
ретте кейбір мағыналық ұғымдарды анықтап алу үшін ақиқатқа жақын
паймдауларға жүгінеміз. “Романтизм қашанда лирикалық табиғатқа ие. Әйтсе
де, лирикалық әуенділік шығарманың романтикалық сипатына дәлел емес.
Лирикалық өнер әрі реалистік негіздерде өмір сүреді”, - дейтін С.А.Липин
лиризмнің белгілі бір көркемдік әдістер мен бағыттарға тәуелсіздігін,
психологизм сияқты әдебиеттің “тектік” қасиетіне бейім екенін аңғартады
2.162.Майтанов.
Адамның мінез – қырларын белгілі бір сәттердегі сезім – күйлерін тапқыр
әрі ұтымды, қысқа да мағыналы бейнелеуде диалог ерекше тєсіл. Яғни, автор
кейіпкер характерін ашу үшін диалогті қолданады. Әрине кейіпкердің іс -
єрекетімен сөйлер сөзінде тамырластық болу шарт. Әдебиет зерттеушісі
М.Базарбаев: Тіл көркемдігінің бір байқалар тұсы диалог пен монолог
құруда. Мұнда шеберлік керек – ақ. Өйткені диалог адам мінездерін ашуға
бірден – бір қолайлы форма 3,53,- деп атап өтеді. Жалпы кейіпкердің сөзі
өмірдегі ауызекі тілге мейлінше жақын болып келеді. Әрине, көркем диалог
пен ауызекі әңгімелесу тілі толық сай келуі мүмкінде емес. Сөзі өмірдегі
ауызекі тілге мейлінше жақын болып келеді. Әрине, көркем диалог пен ауызекі
әңгімелесу тілі толық сай келуі мүмкінде емес. Бұл орайда орыс ғалымы
Р.Будагов көркем диалогтың ауызекі тілден төрт түрлі айырмашылығы бар
екенін көрсетеді.
1.Көркем диалог белгілі бір дєрежеде созылыңқы болып келеді, өмірдегі
диалог үшін бұл міндетті емес.
2.Автор көркем диалогты алдын – ала ойластырып алады, табиғи
диалогта сөйлеуші оны ойластырып жатпайды.
3.Көркем диалог – оқиғаны дамытып, оның алға жылжуына қызмет етеді,
оның барлық элементтері өзара тығыз байланысты, бұл да өмірдегі диалог үшін
міндетті емес.
4. Көркем текстегі диалог уақыттың, ырғақ пен қарқынның
ережелеріне бағынады. Бұларсыз көркем мәтін болмайды.
Кейіпкер сөзінің тағы бір ерекшелігі туралы Л.Тимофеев: Кейіпкерлердің
өз мінездерінің ерекшеліктеріне жауап беретін, оның мәдени өресін,
психологиялық қырларын, жан – дүниесінің жағдайын білдіретін өзіне ғана
тірі адам тәрізді әсер етпек 4,31 - дейді. Демек, диалогтан кейіпкер
ерекшелігі моральдық – этикалық қасиеті, мінез – құлқы, танымы, рухани
дүниесі, психикасы, бір сөзбен айтқанда өзіндік болмысы, характері
көрінеді. Түйіндеп айтқанда - шығармадағы шешуші сәттің бірі диалог құру.
Диалог арқылы да кейіпкер психологиясын көрсете алады.
Әдебиеттегі психологизм дегеніміз – кейіпкердің ойы мен іс-әрекетінің
кереғарлығы, сана қақтығысынан тұратын ерекше көркемдік жүйе. “Алайда осы
жерде ескерер бір жәйт - әдеби психологизмде автор мен кейіпкердің ой-
толғаныстары мен ой ағымдары, сана қақтығыстары қайшылыққа толы болса да
жүйеліліктің сақталатындығы, ал модернистік бағыттағы жазушылар пір тұтатын
сана тасқынында жүйеліліктің ауылы алыс екендігі” 5,74.
Біз бұл жұмысымызда қазіргі кездегі прозадағы лиризмнің, психологизмнің
көріністерін нақтырақ айтқанда – монолог, диалог, түс көру, заттық әлем
тұрғысынан талдап қарастыруды мақсат еттік.
Қазіргі қазақ прозасының өкілдерінің нақты бір бағыт ұстанып, мектепке
бірікпеуінің тарихи астарлы себептері де бар. ХХ ғасырдың соңы – қандай да
бір қоғамдық құрылымдар жойылып, ортақ идеялардан бас тарту заманы болды.
Бірнеше адамның бір идеяны ұстануы сирек кездесетін құбылысқа айналды. Әр
жазушы аласапыран дүниеден шындықты өзі ғана іздейді, әрі соны жалғыз
ақиқат деп дәлелдеуге тырысады. Жазушылар әр қайсысы өз субьективті пікірін
ұстанады, өз дүниетанымын өзгелерге танытуға ұмтылады. Сонымен қатар,
әлемдік сананың өзгеруі жаңа дүниетанымға негіз болды., жаңа кейіпкер типін
жасауға, сол кейіпкер бойына көбіне өз субьективті қабылдаулары мен
түсініктерін дарытуға әкеп соқты.
Көркемдік дәстүрге жаңа көзқарас пайда болды. Бұрынырақта айтылған
шығармаларға, сол шығармалардағы әлем модуліне, кейіпкер типіне жөнді-
жөнсіз сын пікірлер айтыла бастады. Алдыңғы буын әдебиетін мойындамайтын
жас толқын мен өзінен кейінгілерді түсінбейтін ағалар, бір-бірін ұқпайтын
тұстастар – қазіргі әдеби процесті осылай деп сипаттауға болады.
Дегенмен де, қазіргі қазақ прозасында көркемдік ізденістер жоқ емес.
Бүгінгі таңда бұрынғы барлық әдістердің танымдыќ тұрғылары бірге көрінуде.
Көркемдік танымның жалпы предметі болып табылатын субьект пен обьект қарым
– қатынасы әр дєуірде әр түрлі болған. Орта ғасырлық діни өнері негізгі
таным обьектісі етіп адам мен құдай арасындағы, Ќайта өркендеу дәуірі өнері
– адам мен табиғат арасындағы, 20 – ғасырдағы сыншыл реализм ең алдымен
тұлға мен қоғам арасындағы қарым – қатынасты алып отырса, романтиктер
танымдық ізденістерін рухани – ұждандық қатынас аясына, ал натуралистер
адам санасы мен єрекетініњ биологиялық алғышарттары саласына бағыттап
отырған.
Модернизмде екі басты танымдық бағытта ажыратуға болады: оның бірі
өнердің кейде қалыпты, кейде патологиялық типтегі индивидуальды психология
микрокосымына сараптай отырып енуінен көрінеді (мысалы, психоаналитикалық
романында), ал екіншісі макрокосондық масштабтағы жалпы заңдылықтарды
ұғынуға ұмтылады. Көркемдік таным мен шығармашылық әдіс арасындағы
байланыстың бір саласы осындай.
Осы танымдығы бағыттар қазіргі қазақ прозасында көркем синтезбен
көрінеді. Ал ең басты қатынас – адамның өз - өзімен, ішкі менімен
қатынасы. Қазіргі кейіпкер типтері – бәрімен келісе бермейтін, бәрін
қабылдай алмайтын адам және ештеңемен, тіпті өз - өзімен де келісімге келе
алмайтын адам.
Қазіргі кейіпкер қоршаған әлемге салғырт қарай алмайды, ол бәрін де өз
бойынан өткізеді. Сыртқы дүниеде болып жатқан өзгерістер кейіпкер санасына
керемет әсер етеді, әрбір құбылысқа кейіпкер санасы сезімдік импульстармен
жауап береді. Т.Нұрмағамбетов, С.Елубаев, М. Байғұтов, А.Асқар, Р.Мұқанова,
Д.Амантай, А.Кемелбаева, Т.Ахметжан, Қ.Түменбай, Қ.Жиенбай,
Ж.Қорғасбек, Ә.Асқар, К.Құдабаева, т.б. шығармашылығындағы қазіргі қазақ
прозасы осы арнада дамып келеді. Бұл жазушылар үшін ең бастысы – ой
қозғалысы, психологиялық күйлер ауысуымен біздің замандасымыз алдында
тұрған ең маңызды мәселелерді ашып, анықтау.
Қазіргі қазақ прозасын саралау ол өз бейнелілігінің түптамырына барып
қана қоймай, кері байланыс та болуы мүмкін екенін мойындауға мүмкіндік
береді: көркем түсініктерді жања бояулармен жаңартып, кең көлемді
метафоралар қалыптастырып, қазіргі прозаның бейнелік қорын ғана емес, оның
потенцалды жанрлық – стильдік арсеналында кеңейте отырып, бейнеліліктің
бастапқы архетиптері актуальданады 6,23.

І ТАРАУ
Лиризм және психологизм

Жазушы ізденістері, жаңашыл мазмұнды форма көркем әдебиеттің
өміршеңдігіне қажетті басты шарт болғандықтан, әрбір кезеңдегі тұтас әдеби
ағым немесе жекелеген қаламгерлер стиліндегі соны қасиеттер әдебиет сыны
мен ғылымын бірдей қатр толғандырмақ. Әдеби процестегі сан алуан тың
сипаттар мен тенденцияларды алдымен аңғарушы сынның өзін-өзі қайталай
беретін тұстары, бастаған ісін аяқсыз қалдыратының да таңқаларлық емес.
Алайда ол бекерге сөз бастамасы және айтқанын кездейсоқ доғара салғаны
емес. Бұл өзгерістердің барлығына дирижерлық еететін таяқша - әдебиетте.
Елуінші жылдардың соңы мен жетпісінші жылдардың бірінші жартысына
дейін көп әңгімеге тиек болғанмен, қазірде уақытша болса да ұмытылған
тәрізді тақырыптың бірі – прозадағы лиризм. Кеңес әдебиетінде Ольга
Бергольцтің “Күндізгі жұлдыздар”, Владимир Солоухиннің “Владимир
соқпақтары” атты кітаптарына байланысты туып, тез өрбіп, стильдік ағым,
яки жанрға негіз салған күрделі құбылыстың бұрынғыдай қызу таласқа бұйда
беормеуінде табиғи заңдылық бар. Өйткені, біз бүгінгі прозадан лиризм
құбылыстарын жиі кездестіргенмен, аталған дәуірдегі “лирикалық прозаны”
мезгіл архивіне сақтай тұруға қойдық.
Көркем шығарманың белгілі бір әдісте жазылуы дүниетаным мен стильдік
факторлардың тығыз байланысымен анықталса, оған хас лиризм өрнектері ең
алдымен, стильдік, жанрлық және қаламгерлік мақсаттар тәрізді неғұрлым ішкі
себептермен тамырлас. Әрине, бұл компоненттің кең мағынада алғанда,
объективті болмысы да сақталар еді. Асылы лирика өнер иесінің қоғамдық
және интимдік шындықтарға өз көзқарасын ашық білдіруді, эпикалық тәсілге
тән пластикалық бейнелеу құдіретінен басқаша, психологиялық суреттеу
амалдарынан өрбиді. Алайда, психологизм мен лиризм өзара туыс, етене жақын
құбылыстар болғанымен, біріншісінде мейлінше терең аналитикалық рух басты
атрибутқа айналуы арқылы оны негізгі желі етіп алатын жазушы назарының
әралуандығы, шығарманың баяндаушылық образдық жүйесіндегі қамту
ауқымждылығы нәтижесінде соңғысынан (лиризмнен) молырақ ұғым туғызады.
Бұдан кейінгі көркемдік-эстетикалық принциптің ішкі мүмкіндігі аз деген
теріс пікір тумаса керек. Кейде автор үшін көркемдік-философиялық талдау
сфераларының шекутеулілігі қажетті шарт болып, өмір шындығын лирикалық
планда жеткізу амалы жаңашыл дәстүрге айналары рас. Мәселен, зерттеуші
Б.А.Ахундов: “ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы шұғыл әлеуметтік
қадамдар шындықтың тек эпикалық кең картинасын ғана емес, өзгермелі
дәуірдің эмоционалдық атмосферасын бере алатын лирикалық баяндауларды да
қажетсінеді. Лирикалық романда идеялық салмақ ”эпикалық“ емес, лирикалық
бөлімге, яғни, кейіпкер істері мен әрекеттерін сипаттауға емес, оның
толғаныс, әсерлену, сыр ашу сәттеріне түседі”“, - деп жазады. А.П.Чеховтың
лирикалық проза мүмкіндіктерін танытушы ұлы қаламгерлердің бірі ретінде
әдетте бірауыздан мақұлданатын қатал реалистік өнерінің тұла бойына лиризм
шуағын жарасымды жинақтай білгені – басы ашық тартымды факт.
Нағыз реалистік лиризм орыс әдебиетінде И.С.Тургенев, Н. Короленко,
И.А.Бунин сияқты саңлақтар шығармашылығында өзгеше стильдік бедер танытқаны
мәлім. К.Паустовский табиғат және адам сұлулығын ерекше нәзіктікпен
мөлдірете суреттеуде романтикалық лиризм оңтайлығын дәлелдеді. Осынау
жемісті бағдар айшықтарын М.Әуезов, С.Сейфуллин, Ғ.Мүсірепов, Т.Ахтанов,
Ә.Нұршайықов, Т.Әлімқұлов, Ә.Әлімжанов тәрізді қазақ қаламгерлері де
орнымен пайдалана білгені аян. Барлық көркемдік-эстетикалық көріністерінде
де лиризм психологизмнің, психологизм лиризмнің ажырамас өрімі ретінде
стиль түзушілік қызмет атқарысты. Анығына барғанда, лиризм жазушы
субъектісімен тамырлас та, психологизм сан алуан антипод қаһармандар
танымы, жан әлемі танылатын объективті ақиқаттарға баяндаушылық аялармен
жол салады.
Қаламгердің шын жан сыры халық жүрегінен орын табуы үшін ол әңгіме,
көңіл-күйдің, ой-арманның гуманистік, интернационалдық сипаттары болмыс
болары хақ. Себебі, лиризм “оқушының интеллектуалды-эмоционалдық
сергектігіне сенімнен” (Е.Горбунова) қуат алады. Сондықтан да, ғалымдар
лирикалық прозадағы басты шеберлік кілті суреткердің дара өмірбаяны мен
уақыттың күрделі тарихи-қоғамдық, рухани құбылыстары терең байланыстырылып,
өмір шындығының қызғылықты бейнеленуінде деп ұғады.
Орыс әдебиетіндегі лиризмнің кең өрістеу кезеңі елуінші жылдардың
екінші жартысынан күні бүгінге дейін алуан таластарға өзек болып келе
жатқан, шартты түрде “деревнялық проза” аталатын ағыммен тұспа-тұс шықты.
Айтылмыш атаумен М.Слуцкис, Ю.Бондарев, Ю.Казаков, Ф.Абрамов, Е.Дорош,
В.Бубнис сияқты ірі қаламгерлердің есімімен байланыстырылды. Оның заңдылығы
көп жағдайда жазушының ішкі сезім толғаныстары туған жер, өскен орта
тіршілігімен бетпе-бет ұшырасу сәттерінде қанат жаюында жатса керек.
Бұл ыңғаймен келгенде, негізінен ауыл тұрмысы, бір кездегі балалық шағы
мен артта қалған аяулы мекен жайлы жан-жақты көңіл-күй әуендерін толғайтын
қазақ прозаиктерінің де қалыс қалар реті жоқ еді. Жоғарыдағы дәуірде
жарияланған туындылардың көбінде жалпыодақтық әдебиеттегі бағдарға сай
адамгершілік, ар-ождан мәселелері дайым көне салт, дәстүрге мән бюермей,
өмірдегі жаңаға оның шын парқын айырмай, ес-түссіз құмартатындығы үшін
сыналуға лайық қала мен ата-бабалар, халықтың асыл мирасын, әдебін әлі де
шын жүректен әлпештейтін ел адамдарының ара-қатынасы, көзқарастар шарпысуы
арқылы пайымдалды. Бір себептен лиризмның мазмұндық-идеялық төркіні осынау
сағыныштан, аңсау, адалдық тазалық, жақсы мұраттарды алыс естеліекьтерден
іздеп, өткенді бағалау сарындарымен тамырлас шыққан сияқты.
Қаламгерлердің шартарап ізденістері лирикалық прозаның композициясына
өзгерістер енгізуге итермеледі және ол қадамдар ежелні озық әдеби
үрдістерді өнерпаздықпен пайдалана білуге жетеледі. Мысалы, Прибалтика
әдебиетінде шағын новеллалар құрылымына “ассоциативтік пен метафоралық”
(А.Бучис) сипаттар дендеп енді.
Мұндай құбылыс қазақ әдебиетінде де мол байқалады. Фольклорлық
сарындар, тарих пен бүгінгі таң оқиғаларын салыстыра бейнелеу, көне аңыз,
әңгімиелерде түйінделген өмір ақиқаттарына қазіргі шындықтан үндестік іздеу
арқылы психологиялық танымдыққа қол арту – прозаның барлық жанрларында бел
алған стильдік тенденция. Ал, әсіресе, жетпісінші жылдары С.Мұратбеков
туындылары, Ә.Кекілбаевтың “Бір шөкім бұлт”, Т.Жармағамбетолвтың “Нәзік
бұлттар”, Н.Ғабдуллиннің “Өмір, қымбатсың маған”, Ә.Сараевтың “Қараша өткен
соң”, “Тырналар жоғары ұшқан жыл”, Қ.Ысқақовтың “Қоңыр күз еді”, “Ананың ақ
сүті”, О.Бөкейдің “Сарыарқаның жаңбыры”, “Іңкәр”, Б.Соқпақбаевтың “Өлгендер
қайтып келмейді”, Т.Әбдіковтың “Күзгі жапырақтар”, “Оралу”, Т.Ахтановттың
“Махаббат мұңы” атты туындылары осы адам жан сырын ізгі мұраттар жолындағы
өрлеу сұлулығымен суреттейтін нәзік күйлі арнаның өрістей түскенін
айғақтайды 7.175.
Ал қазіргі қазақ прозасында жемісті еңбек етіп жүрген, бүгінгі біздің
бітіру жұмысымыздың негізгі өзегі болып отырған қаламгерлер - Тынымбай
нұрмағамбетов, Талаптан Ахметжан, Қуандық Түменбай, Асқар Алтай
шығармашылығында да лиризм элементтері байқалады.
Қазақ әдебиеті қалыптасқан, өзінің дәстүрі, шыққан биігі бар жанр.
Қазақ прозасындағы әңгіме жанрының өзі бүгінде сан жағынан да, сапа жағынан
да кемелдене, толыса түсті. Қоғамдағы жаңалықтарды жіті бақылап, оларды
көркемдік кестесіне түсіре бастады. Алайда өмір тереңіне, қайшылықтарына
бойлау, олардың ерекшеліктерін дәл басып бейнелеу оңайға соққан жоқ.
Өйткені көркем шығарма, оның ішінде әңгіме жанры да өмір шындығын қалай
болса солай, талғамсыз тізбектей бермейді, қоғамдық - әлеуметтік орта
шындығына сай, жинақтап характер арқылы сомдайды. Характер жоқ жерде тарихи
орта, әлеуметтік жағдай шындығы көрінбейді.
Әңгіме жайында әңгімеге көшсек “Әңгіме––оқиғасы баяндап айтуға
негізделетін, қара сөзбен жазылған шағын көркем шыѓарма. Әңгіменің жанрлық
ерекшеліктері алдымен оқиғаны баяндау тєсілі, композициялық, сюжеттік
құрылымы, кейіпкер жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіме әдетте бас-аяғы
жинақы, тиянақты бір оќиғаға айтылады (8,89). Сондықтан Тургеневтің,
А.Толстойдың, Чеховтың, Майлиннің, Ғ.Мүсіреповтың әңгімелері классикалық
үлгілер болып табылады.

Әңгіме жазу оңай емес. Әңгіме жазудың екі түрлі ерекшілігі бар.
Біріншіден, қысқа жазылу керек, екіншіден, шебер жазылуы қажет. Бұл екеуі
бір-бірімен тығыз байланысты.
“Ол––бес жүз беттік роман емес: көлемі бес-ақ бет болуы мүмкін. Оны
оқып шығу үшін бір жеті керек емес, бір-ақ сағат жетуі мүмкін. Жұмыстан
бос, демалыс сағаттарыңызда қолыңызға алып, қызыға оқып, қызғана қадалып,
көз ала алмай, толқына тебіреніп отыру қандай рақат!” (9,72).
Ал мұншалық қысқа мерзімді оқырманға қыруар эстетикалық ләззат беру тек
шебер жазушыныњ ғана қолынан келеді. Бес-он бет қана кішкене шығарма
көлемінде үлкен өмірдің бір бөлегін жарқ еткізіп жайып тастап, оқырман
алдына қилы-қилы мінездің адамын жетелеп әкеп, жақсысына сүйсінтіп,
жаманынан түңілтіп отыру––ірі шеберлік.
Әңгімеге қатысатын кейіпкерлер де көп болмайды. Сюжет желісі бір
арналы, ширақ келіп, таќырыбы мен идеясы айқын болады. Мұнда бір айтылған
жайларға қайта оралуға, тәптіштеп баяндауға, ұзақ-сонар суреттеме беріп
жатпайды. Бір оқиға тартыс-қақтығысты бейнелеумен кейіпкерлердің мінез-
тұлғасы толық, айқын көрініс тауып, маңызды ой-түйіндер жасалуы қажет.
“Әңгіме жанры сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік
шеберлікті талап етеді” (10.73).
Әңгіме—қысқа новелладан көрі сюжет арқауы қиындау құрылатын, өмір
құбылыстарын ықшамдап түйгенімен, оған терең мағыналы идея сыйғызып,
болмысты сәл өрнектеп, сатылатып дамытатын, өте елгезек, икемді форма.
Әңгіме де очерк пен новелла тәрізді өмірдің шұңыл-шұңғылына үнемі барлау
жасайды. Көбінесе адамның басынан кешкен суреттеуге әбден тұратын жеке
жағдайын сөз етеді. Негізгі мақсаты бір ғана мәселенің бірер ғана
кейіпкердің төңірегіне бағыныңқы болады. Әңгіме жанрының өзіне тән басты
қиыншылығы сол, ол қашан да қиыннан қиыстырылып, қысқа жазылады.
Повеске қарағанда әңгіме өмір құбылысын өте тар шеңберде, өз бойына шақ
мөлшерде, икемдеп алады. Яғни, күрделі бір ғана сәтке негізделеді.

Адам характеріне сайып келгенде, екі жақты процесс ықпал етеді:
біріншісі – кейіпкер әлемінде, ой – сезім дүниесінде сол кейіпкер өмір
сүріп отырған заманның әлеуметтік проблемалары, екіншісі – ар –
инабаттылық, құлықтың проблемалары 11,8. Тұлғаның рухани адамгершілік
әлемі, оның әлеуметтік жағдайы, философиялық – құлықтық, әлеуметтік
мәселелеріне жауап беру қазіргі қазақ әңгімесінің тақырыптық идеялық
ерекшеліктерін құрайды.
Негізінен әдебиеттегі психологизмнің мақсаты әдебиеттанушы
Б.Ыбыраймовтың айтуынша – оқырманды мүмкіндігінше терең толғандыру, оның
жан жүрегіне неғұрлым күштірек әсер етіп сол арқылы тәрбиелеу.
Жалпы, жазушы стилінің бір ерекшелігі – кейіпкердің ұзақ сонар өмір
тарихын баяндамайды. Қайта адамдар арасындағы қарым – қатынасты белгілі бір
сәт арқылы ғана ашып отырады.

1. Талаптан Ахметжан прозасындағы лиризмнің көрінісі.

Осы орайда қазақ прозасында өзіндік қолтаңбасын қалыптастыра бастаған
жас жазушы Т.Ахметжанның шығармашылығындағы лиризм мәселесіне кеңірек
тоқталуды жөн көрдік. Қазақстан Жастар одағы және Қазақстан Жазушылар Одағы
О.Бөкей атындағы сыйлықтардың лауреаты талаптан Ахметжанның көпшілікке
танымал жинағы “О дүниенің қонағы” деп аталады. Бұл жинаққа негізінен
оқырмандар жылы қабылдаған “Сұлу мен суретші”, “Тозақ оты”, “Айсәуле”
тәрізді хикаяттары мен “Шәрбат”, “Тұма”, “Күнәһар”, “Айқасқа”, “Тергеу”
секілді бірқатар әңгімелері мен тың туындылары енген. Талаптан Ахметжанның
кейіпкерлері – кейде өз ой-сезіміне өзі қарама-қарсы келіп қалатын күрделі
тағдыр иелері. Автор өз кейіпкерлерінің жан дүниесін үлкен психологиялық
қақтығыстар үстінде ашуға ден қойған. Ортақ тақырыбы – махаббат, тазалық,
мейірбандық. Қай жағынан келсек те, Т.Ахметжанның шығармалары арқылы
оқырманды тазалыққа, адалдыққа үгіттеп отыратыны айқын.
Т.Ахметжан прозасының өзіне ғана тән ішкі үні, ішкі музыкасы бар.
Асықпай, аптықпай, жұп – жұмсақ қоңыр үнмен көкірегіңе сәуле құяды. Өмірдің
өзінен, қарапайым тірліктің ұйтқысынан ой іздейді.
Тұма әңгімесінде жоғары оқу орнын тәмәмдап келген жас маман Нұртас
тұрмыс – тауқыметімен бетпе – бет ұшырасады. Мамандығы инженер болса да
жаны ақын Нұртастың көңілі көп нәрсеге толмайды. Арыны басылмаған арманшыл
жігіттің көңілін тоқтап тұрған зауыттың мүшкіл халі мен енжар жандардың
бойкүйездігі, баспанассыз жүрген өзінің отбасы титықтатады. Пәтерсіз жүрген
жас маман сең соққан балықтай күй кешеді. Осы тұстағы жұбайы Қарлығаш
екеуінің диалогы өте нанымды:
- Көрші келіншек көшкелі жатыр екен, - дейді сөз
арасында Раушан.
- Қайда? – дей салды немқұрайлы.
- Северге. Якутияға. Күйеуі алдын – ала барып үй алып, енді
жанұясын көшіріп алуға келіпті.
- Ұнаған ғой тегі.
- Ұнаса ұнаған шығар.
- Келіншегі қылт ете қалды.
Сіркесі су көтермей отырған Нұртас:
- Немене , Севрге көшкің келіп отыр ма?
Осы тұста оқиға екі жастың томсаруымен, үнсіз ренжісуімен,
ішкі бұлқынысымен тынады.
Ал енді келесі диалогқа назар аударайықшы:
- Нұртас, - деді түннің бір уағында келіншегі сыбырлап.
- Ұйықтаған жоқсың ба?
- Иә.
- Неге ұйықтамай жатырсың?
- Жәй...ұйықта.
- Нұртас деймін, бері қарашы. – Ол аунап түсті.
- Ренжіп қалған жоқсың ба, Нұртас?
- Ренжідім.
Мен де. Сен бір түрлі өзгеріп барасың.
Еркелетпейсің. Өзіңмен өзің болып үнсіз жүресің. Бір уақыт сенімен
сөйлесейін десем кітап кеміріп отырып аласың. Сосын жыным келеді. Сен мені
еркелетші, сүйші... 12.23.
Тұмадағы осы диалог табиғилығымен, тазалығымен баурайды. Кейбір
қаламгерлердің қызылды – жасылды бояулармен баттасқан, өтірік тебіреніп,
үздіккен диалогтары мезі қылып жіберетіндері де бар. Ал Т.Ахметжановтан
мұндайды кездестірмейміз. Онда табиғилық басым. Оқырман Нұртас пен
Қарлығашты айнадағыдай ап – айқын көреді. Олардың жастығын, тазалығын,
өмірінің бастау тұмасын, махаббатын көріп, біліп, түсініп әрі түйсінеді.
Әрі тұщынады.
Тұма хикаяттармен әңгімелер жинағы қазіргі өмірдегі қоғамды
қазқалпында береді. Төрт қанден - деген әңгімесінде Талғаттың пәтер
іздеп, аяғынан таусылып келе жатқан жолында қаланың кәрі тұрғыны бір
кемпірмен кездеседі. Бірі – отбасын күйттеп, өмірге жолдама алған жалаңтөс,
жас жігіт. Бірі – бойдан қуаты қайтқан, қызықтан қағылған кәрі. Бірінің
басында даңғарадай үиі болғанымен қызығы жоқ болса, ал екіншісінің
жастығымен қызығы бар бірақ үйі жоқ. Яғни қоғамның екі жетімі суреттеледі.
Бұның бәрі де етене таныс жұпыны тірліктің, мүшкіл тұрмыстың суреті,
адамдар психологиясы сол қалпында беріледі. Жазушы осы көріністі дәл де
тартымды бере білген. Және оны ақ қағазға айна – қатесіз түсіре білген.
Кәрі шешесі тұрмақ, өз басын алып жүре алмай ішіп кеткен Сағынышты –
Сәшкені жазушы кінәлап, қаралап жатпайды, мүсәпір жанның ішіне үңілгісі
келеді, себебін іздейді:
“...Әлде жастайынан жанын жаралап өскен жігіт жан рахатын алдамшы
әзәзілден тапты ма Жалғандыққа, жауыздыққа қарсы шыға алмаған шарасыз жан
қасыретке тұншығып, қаралы түнді өз басына тіледі ме Жетімдіктің,
жесірліктің не екендігін ерте көргендіктен де озбырлардың басынып, оңбаған
- ның мазағына шыдамағандық – тан да ертеңгі күннен жеріп кетті ме Әлде
намысы мен жігері жоқ ез немесе ағысқа қарсы жүзе алмай, дүлей толқын бір
ұрғанда жағаға шығып қалды ма Мұның бәрі Талғатқа жұмбақ, бірақ сол
сұрақтарға жауап тапсам деп іштей аласұрды, ауыр ойға шым – шымдап бата
берді” .
Дәл осыған ұқсас Тозақ отындағы Күлмәнды да кінәлағың келмейді. Сол
сияқты Қылбұраудағы Еділді де түсінгің келеді, жаның ашиды. Осы
кейіпкерлер ақылсыздықтан от басып жүрген жоқ. Қарынбайдың қармағына кез
болған Айтолқынды қалай кінәлайсың.
Т.Ахметжанның хикаялары мен әңгімелерінде талай – талай тағдырлар
бар. Әуені де, мазмұны да, формасы да бірін – бірі қайталамайтын, бірін –
бірі қуып биіктей түсетін түйіндер мен астарлы ойлар бар. Қылбұрау
әңгімесінде де кейіпкерлердің психологиясы түс, елес, шытырман тағдырлар
арқылы ашылады. Мәселен, тағдырдың тұңғиығына түсіп, адасып қалған Еділдің
көз алдына Маржан елестейді: ... Қыз бүрмелі етегінің астынан әлденені
сопаң еткізіп алып шықты. Қысқа ғана қыл арқан екен. Жігітке қыл арқан
жыландай сұп – суық көрінді. Қыл арқан жыландай жылжып Еділдің қара санына
оратылды. Жігіт қызға не айтарын білмей дал болды. ... Қылбұрау қара санын
үзіп әкетіп барады.
Еділ есін жиғанда қасындағы орындық бос тұрды. Маржан жоқ. Қылбұрау
салынған аяғы әлі жансыз. Қолымен сипалап көрсе, қылбұрау батқан жері
буылтықтанып ап – анық білінеді 12.24 .
Түсі пе, елес пе? Түсініксіз. Еділдің қарсаңында буылтықтанып із
қалған. Елестің шындыққа жанасуына сенетін құбылыс па, сенбейтін құбылыс
па? Сенбейін десең қара санда қалған із бар. Яғни, автор адам санасынан
тыс, қосымша бір жұмбақ дүниенің бар екенін меңзейтін сияқты. Меңзеп қана
қоймай сол құбылыстың шындығына сендіретін секілді. Кезінде ойымызды ашып
айта алмадық, астарлап жаздық, ашық көрсетуге болмайтын заман еді, деп
жатады. Ал енді қазір ашылып неге айтпасқа? Құпиясы арқылы тереңдігі,
тереңдігі арқылы ақиқаты сезілмесе ол сөз өнері болмас еді. Сөз өнері де
музыка сияқты, үнімен ішкі түйсігіңді оятып, іші – бауырыңлы елжіретіп,
көзге жас, көкірекке мұң салып, күрсінтеді, қуантады. Ашылып сайрағаннан
гөрі суреткер дөп басқан пернеден – ақ оқырман қауымды тұшындыратын,
тәптіштеп, ашық тақылдағаннан гөрі, оймен меңзеу қасиеті сияқты.
Талаптанның прозасына осы қасиеттер тән 12.26.
Қазіргі қазақ прозасындағы психологизм мәселелерін зерттеуші ғалым А.
Пірәлиева суреткер психологизміне тән екі қасиетті атап өтеді: “біріншіден,
күрделі психологиялық жағдай мен психологиялық процесті талдау. Екіншіден,
кейіпкердің рухани жан әлемінде жиі болатын күйзеліс, психологиялық
қиналысты беру атмосферасы. Осы психологиялық атмосфераны беру үшін ең
алдымен жазушы сол сәітті дәл де нанымды беретіндей бейнелі, көркем сөздер
пайдалану керек” 6.63, - дейді. Бұл айтылғандар Т.Ахметжан әңгімелерінде
молынан пайдаланылған.
Көркем әдебиеттегі лиризм, психологизм, оның көркемдік бейнелеу
тәслдері: ішкі монолог, портрет, көзқарас мимикалары, пейзаж бұлардың
барлығы даралық сипатқа ие болып, әдеби процесте өзіндік өсу заңдылығымен
дамуын біз осы аталмыш авторлардың шығармаларынан көреміз.
Біз сөз етіп отырған жазушы Талаптан Ахметжанның әңгімелерінде
жекелеген адамдар тағдыры суреттелініп, бүкіл әлеуметтік өмірдің күнгейі
мен көлеңкесіне, даму барысына, жалпы моральдық болмысына философиялық
тұрғыда талдаулар жасалынады. Әрине, әлеуметтік шындықты көркемдік шындыққа
айналдыруда жазушыға ең қажетті фактордың бірі – суреткерлік екеніне көз
жеткіземіз.
Кез келген жазушы психолог бола білуі керек. Ол кейіпкерлердің типтік
характерін суреттеп қана қоймай, сол характердің бұлттартпай сендіретін
психологиялық мотивировкасын көрсете білген жөн 10.32.

Демек, әр жазушы үшін кейіпкер жанындағы психологиялық нәзік те сырлы
әрі күрделі құбылыстарды аша отырып, характер логикасына сай келетін
шешімдер табу басты мақсаттың бірі болуға тиіс, кейіпкердің характері сонда
ғана жан – жақты ашылады.
Қазіргі әңгімелердің бір ерекшелігі кейіпкер саны екіден аса қоймайды,
сондай – ақ, алдымен монологқа құрылады да диалогқа ұласады. (Бұл ойымызды
алдағы мысалдарда дәлелдейміз). Терең психологизм дәлдігі, сенімділігі үшін
монолог қандай қызмет атқарса, диалогтың да идеялық – көркемдік орны сондай
үлкен. Адамның мінез – қырларын белгілі бір сәттердегі сезім – күйлерін
тапқыр әрі ұтымды, қысқа да мағыналы бейнелеуде диалог ерекше тәсіл. Яғни,
автор кейіпкер характерін ашу үшін диалогті қолданады. Әрине кейіпкердің іс
- әрекетімен сөйлер сөзінде тамырластық болу шарт. Жалпы кейіпкердің сөзі
өмірдегі ауызекі тілге мейлінше жақын болып келеді. Әрине, көркем диалог
пен ауызекі әңгімелесу тілі толық сай келуі мүмкінде емес.
Қазіргі қазақ прозасында көркемдік ізденістер жоқ емес. Бүгінгі таңда
бұрынғы барлық әдістердің танымдық тұрғылары бірге көрінуде. Көркемдік
танымның жалпы предметі болып табылатын субьект пен обьект қарым – қатынасы
әр дәуірде әр түрлі болған. Орта ғасырлық діни өнері негізгі таным
обьектісі етіп адам мен құдай арасындағы, Қайта өркендеу дәуірі өнері –
адам мен табиғат арасындағы. ХХ ғасырдағы сыншыл реализм ең алдымен,
тұлға мен қоғам арасындағы қарым – қатынасты алып отырса, романтиктер
танымдық ізденістерін рухани – ұждандық қатынас аясына, ал натуралистер
адам санасы мен әрекетінің биологиялық алғышарттары саласына бағыттап
отырған. Модернизмде екі басты танымдық бағытта ажыратуға болады: оның бірі
өнердің кейде қалыпты, кейде патологиялық типтегі индивидуальды психология
микрокосымына сараптай отырып енуінен көрінеді (мысалы, психоаналитикалық
романында), ал екіншісі макрокосондық масштабтағы жалпы заңдылықтарды
ұғынуға ұмтылады. Көркемдік таным мен шығармашылық әдіс арасындағы
байланыстың бір саласы осындай.
Осы танымдық бағыттар қазіргі қазақ прозасында көркем синтезбен
көрінеді. Ал ең басты қатынас – адамның өз -өзімен, ішкі менімен
қатынасы. Қазіргі кейіпкер типтері – бәрімен келісетін, бәрін қабылдайтын
адам және ештеңемен, тіпті өз - өзімен де келісімге келе алмайтын адам.
Қазіргі кейіпкер қоршаған әлемге салғырт қарай алмайды, ол бәрін де өз
бойынан өткізеді. Сыртқы дүниеде болып жатқан өзгерістер кейіпкер санасына
керемет әсер етеді, әрбір құбылысқа кейіпкер санасы сезімдік импульстармен
жауап береді.
Жас жазушы шығармаларындағы басты ерекшелік – кейіпкердің жан –
дүниесін психологиялық толғаныс үстінде ашуында және сол алған бетінен
қайтпай келе жатуында. Адам жанынан түпсіз не бар? Әр адам жаны – ашылмаған
бір – бір жұмбақ арал. Өзгені қойып, адам өмір бойы өзін - өзі зерттеп
бітпейді. Адам жанына үңілген сайын небір қалтарыс – бұлтарыстарында,
құлыптаулы жатқан құпияларына кездесесіз.
ХХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында көрінген прозадағы
психологизмнің негізі: тұлғаның суреттеуге келмейтін күрделі әсерлері,
қандай да бір фактор – еске түсіру, елес, түйсіну, сезіну, детальдар
әсерінен пайда болатын кейіпкердің көңіл – күйін беруге тырысу.
шығармаларының сюжеттік – композициялық ерекшеліктері осыған сәйкес.
Зерттеушілер импрессионистік проза өкілдері ретінде Э.Золя, А.Чехов, Ги
де Моппассан, тіпті М. Прусты да атайды. Алайда бұлардың шығармаларында
таза күйінде кездесетін импрессионизм емес, басқа көркемдік әдістермен
қатар өріліп отыратын стиль ретінде көрсетеді.
Әдебиеттегі импрессионизм де фрагментарлы, онда баяндау мен суреттеудің
бірізділігі жоқ. әңгімелерінен де осыны байқаймыз. Онда әр кейіпкердің
көңіл – күйін бір шолып шығып, әр қайсысының психологиялық жағдайына кезек
– кезек барады. Бір оқиғаға, бір адам тағдырына бір ғана қырынан
тұрақтамай, түрлі бұрыштан, әр кейіпкер тұрғысынан келеді.Осының
нәтижесінде шығарма тұтас полотна емес, бөліктерге бөлінген сурет ретінде
көрінеді. Тіпті, кітап бетіндегі абзацтардың арасына бос орын қалдырып кету
немесе жұлдызшамен бөлу де кездеседі. Алайда, әңгімеге түгел алыстан көз
тастаса, бір адам тағдырын, оның жан диалектикасын бақылауға болады.
Кей әңгімелер екі кейіпкердің полемикасы ретінде де құрылған. М.
Бахтиннің: Ақиқат іздеудің диалогтық амалы бәрін білетініне, яғни ақиқатқа
ие екендіктеріне сенімді адамдардың ақкөңіл сенгіштігіне қарсы қойылады.
Ақиқат бір адамның басына туып, сонда болмайды, ол ақиқатты бірге іздеп
жүрген адамдар арасында, олардың диалогтық қатынасы барысында туылады, -
дегенін еске алсақ, жазушы кейіпкерлерінің шындықты іздеуі сәл басқаша.
Олар не жалғыз – жалғыздан іздейді, не болмаса, екі кейіпкер монологы
диалогқа ұласып, ақиқатқа жету жолы болады.
Жалғыз адамның ойындағы шындық – нағыз ақиқат емес. Бір адам білгенді
екіншісі біле бермейді. Екеуінің ойлары, екеуі білетін себептер қосылып,
ұласып барып, қана нағыз ақиқат ашылады.
Адамдар сөйлесіп, сырласып бар шындықты ашып алуына болады. Бірақ, егер
бар түйткілді ашып алу мүмкіндігі болса, онда адамдар арасында
түсініспеушілік болмас еді. Әр адамның сыртқа шығарғысы келмейтін, ешкімге
білдіруге батпайтын құпия сырлары болатыны белгілі. Адамдардың сырласу
арқылы ақиқатқа жетуіне сол сырлар бөгет болады. Сөйтіп, әр адам ақиқатты
өзінен де, өзгеден де өз бетімен іздейді.
Жас жазушы шығармаларындағы басты ерекшелік – кейіпкердің жан –
дүниесін психологиялық толғаныс үстінде ашуында және сол алған бетінен
қайтпай келе жатуында. Адам жанынан түпсіз не бар? Әр адам жаны – ашылмаған
бір – бір жұмбақ арал. Өзгені қойып, адам өмір бойы өзін - өзі зерттеп
бітпейді. Адам жанына үңілген сайын небір қалтарыс – бұлтарыстарында,
құлыптаулы жатқан құпияларына кездесесіз.
Жалғыз адамның ойындағы шындық – нағыз ақиқат емес. Бір адам білгенді
екіншісі біле бермейді. Екеуінің ойлары, екеуі білетін себептер қосылып,
ұласып барып, қана нағыз ақиқат ашылады. Алайда, ең соңында ол ақиқат
ешкімге керек болмай қалады.
Адамдар сөйлесіп, сырласып бар шындықты ашып алуына болады. Бірақ, егер
бар түйткілді ашып алу мүмкіндігі болса, онда адамдар арасында
түсініспеушілік болмас еді. Әр адамның сыртқа шығарғысы келмейтін, ешкімге
білдіруге батпайтын құпия сырлары болатыны белгілі. Адамдардың сырласу
арқылы ақиқатқа жетуіне сол сырлар бөгет болады. Сөйтіп, әр адам ақиқатты
өзінен де, өзгеден де өз бетімен іздейді. Бірақ ол бәрін біле
алмайтындықтан, шындыққа жете алмайды. Суреткерді толғандыратында осы –
адамның ашылуына мүмкіндіктің болмауы. Мұны айтып отырған себебіміз,
Т.Ахметжан кейіпкерлері де шындықты, тығырықтан шығар жолды іздейді. Алайда
адамдар арасындағы ашық қатынас мүмкіндігі жоқтығынан, олар аласұрумен ғана
тынады. Ал оқырман үшін бәрі белгілі, автор монтажының көмегімен әрбір
кейіпкер санасындағы шындық көріністерін толық көріп, оқырман болуы мүмкін
нәрсені болжай алады.
Авторлық баяндау – кейіпкер ойының жалғасы, еске түсіруден, елестен
туындаған оның ішкі монологын жеткізуші, кейіпкер ойының жалғасы, еске
түсіруден, елестен туындаған оның ішкі монологын жеткізуші. Бұл – жазушы
әңгімелерінің стилінің ерекшелігі екендігі байқалады. Сондай –ақ, бір
оқиғаға кейіпкердің көзқарасы мен автордың көзқарасы қатар беріліп,
оқырманға ой сала отарып суреттеуі жас жазушының өзіндік шеберлігі
екендігіне көз жеткіземіз. Яғни, кейіпкердің иррационалды ой қозғалысы,
психологиялық жай – күйі Т.Ахметжанның барлық шығармаларында кездеседі. Ол
негізінен, түс көрумен, кейіпкердің еске түсіруімен байланыстырылады да,
шарқ ұрып жауап іздеуге, тірек іздеуге ұластырылады. Кейіпкер кеудесінде
екі түрлі сезімнің шарпысуы және шығармадағы диалогтар полемикаға алып
келеді.
Сонымен, жазушы шығармаларындағы басты ерекшелік – кейіпкерлерінің
жан – дүниесін психологиялық толғаныс үстінде ашуға ден қоюын кез келген
әңгімесінен байқауға болады.
Негізінен, қаламгер шығармалары бүгінгі күннің өзекті мәселелерін
қамтиды. Сондай фонда импрссионистік кейіпкер трактовкасын жасай отырып,
жазушы шығармаларының денін ішкі монологқа құрады. Сонымен қатар, жазушы
стилінің негізін монтаж құрайды. Баяндау мен суреттеуде тиянақтылық жоқ,
бір обьектіні әр қырынан шұғыл жарық түсіріп көрсету, сол арқылы соңғы
тұтастыққа қол жеткізуге ұмтылу бар. Осы ретте жазушының шығармаларын бір
демде жазып, өзгертіп, түзетуді қаламайтынын ескеру керек. Стилі жағынан
алғанда жазушы шығармаларындағы баяндау формасының ерекшелігіне назар
аудару керек. Авторлық баяндауды екінші кезекке шығарып, кейіпкеріне сөз
берген жазушы шығармаларының оқиғалық желісі кейіпкерлердің ішкі
монологтары арқылы баяндалатыны белгілі. Онда: Авторлық баяндау төл сөздің
құрамына сыналай кіріп қайта шыққанын өзі де байқамай қалады 13,19 .
Осылайша, қазіргі қазақ прозасындағы модернизм көрінісі ретінде
Т.Ахметжан шығармашылығындағы импрессионизм көріністерінің кездесуін атауға
болады. Бұл жүйе жазушы шығармаларында толық, барлық қырымен көрінбесе де,
әңгімелердің жалпы көркемдік жүйесіне қосылып – араласып, мазмұндық та,
пішіндік те деңгейде көрініс тапқан.
Қазіргі қазақ прозасындағы психологизм мәселелерін зерттеуші ғалым А.
Пірәлиева суреткер психологизміне тән екі қасиетті атап өтеді: біріншіден,
күрделі психологиялық жағдай мен психологиялық процесті талдау. Екіншіден,
кейіпкердің рухани жан әлемінде жиі болатын күйзеліс, психологиялық
қиналысты беру атмосферасы. Осы психологиялық атмосфераны беру үшін ең
алдымен жазушы сол сәтті дәл де нанымды беретіндей бейнелі, көркем сөздер
пайдалану керек 6,36, - дейді. Бұл айтылғандар жазушы әңгімелерінде
молынан пайдаланылған. Көркем әдебиеттегі психологизм, оның көркемдік
бейнелеу тәслдері: ішкі монолог, портрет, көзқарас мимикалары, пейзаж
бұлардың барлығы даралық сипатқа ие болып, әдеби процесте өзіндік өсу
заңдылығымен дамуын біз осы шығармалардан көреміз.

2. А.Алтай повестеріндегі психологизмнің берілу тәсілдері

Лирикалық прозаны зерттеуші ғалымдар А.Павловский, В.Воронов бұл ағым
туындыларын психологизм принципімен жазылған шығармалардың қатарына
жатқызады. Лирикалық проза мен психологизмнің туыстығы ашық айтылмаса да,
Я.Эльсбергтің :“Шын мәніндегі әрі терең лирикалық стильдің тасасында өз
ойлары, сезімдері мен тебіреністері немесе солардың кейбір қырлары мен
қасиеттері туралы хақы бар адам тұруы шарт”, - деген, С.А.Липиннің:
“Лирикалық проза жазушының шындыққа тікелей қатынасы, оның өзі жайлы сыр
ашуы”, - деген пікірлері осы екі ұғым арасындағы түбірлі туыстықты
байқатады. Әрине, лирикалық прозаның әдеби тенденция екені, психологизм –
бейнелеу принципі екенін ұмытпаймыз. Алайда, психологизм заңдылықтары
лирикалық прозада елеулі орын алатыны шүбәсіз.

Көркем шығармада кейіпкердің әртүрлі қалыптағы ішкі ой-толғаныстары
әрдайым өзгеріп, іс-әрекет, сезім қайшылықтарын тудыратын психологиялық
құбылыстарды тереңдетіп, күрделендіре бейнелеу психологизмнің табиғатын
айқындап берері хақ 2,13. Осы арада суреткер психологизміне тән екі
қасиетті атап өткен жөн. Ол біріншіден, күрделі психологиялық жағдай мен
психологиялық процесті талдау. Екіншіден, кейіпкердің рухани жан әлемінде
жиі болатын күйзеліс, психологиялық қиналысты беру атмосферасы. Осы
психологиялық атмосфераны беру үшін ең алдымен жазушы сол сәтті дәл де
нанымды беретіндей бейнелі, көркем сөздер пайдалану керек. Сонымен бірге
көркем әдебиеттегі психологизм, оның көркемдік бейнелеу тәсілдері, ішкі
монолог, ой ағысының пейзаж, портрет, көзқарас мимикасы (ымдау) ишара түс
көру т.б. бұлардың бәрі ішкі монологтың элементтері даралық сипатқа ие
болып, әдеби процесте өзіндік өсу заңдылығымен дамуын біз қазіргі қазақ
прозасынанда байқай аламыз.
Автордың өз толғаныстары немесе кейіпкердің өз-өзін талдауы ішкі
монолог, ішкі сөз, сана тасқыны, түс көру секілді аналитикалық принцип
арқылы берілсе, рухани әлемді бейнелеудің жанамамтәсілдері – бейвербалды
ишараттар, сыртқы көріністері, көркемдік деталь, заттық әлем, психологиялық
орта т.б. принцип ретінде көрінеді 6,66.
Көркем прозадағы әдеби психологизм мәселелерін зерттеуші Г.Пірәлиева
психологиялық шығарманың өзіне ғана тән жанрлық, көркемдік, стильдік
ерекшеліктерін былайша жіктеп береді:
Біріншіден, психологиялық прозада оқиға, кейіпкер, кезең, уақыт,
тақырып, идея т.б. деген мәселелер алдыңғы сапқа шыға қоймайды. Ол талап та
етілмейді.
Екіншіден, мұнда ең бастысы – жеке адамның ішкі өмірі, өмір мен өлім
арасындағы кезеңде адамзат бастан кешетін азапты тағдыр тәлкегі,
кейіпкердің күрделі тұлғаға айналуы көркемдік назарға алынады. Шығармада
шым-шытырық оқиғалар тізбегінен гөрі жеке Адам санасындағы сапалық өзгеріс,
рухани қопарылыс, ішкі сезімдік құбылыстар тереңдетіле талданады.
Үшіншіден, психологиялық прозаның эстетикалық, көркемдік әлемі өзінің
жанрлық, көркемдік, стильдік талабына сай жеке санада жүріп жатқан ой мен
сезім қайшылықтарын, сөз бен іс сәйкессіздіктерін тереңдеп талдап,
көркемдік жүйеде саралайды.
Психологиялық бейнелеу құралдары:
Бірінші – психологиялық бейнелеудің тура түрі, бұл кейіпкердің жан
дүниесін көркемдік таным тұрғысынан танып-білу, яғни ішкі сөз, қағытпа
түрі, өзін-өзі бақылау, ойша елестету, ішкі монолог, еске алу және елестету
т.б. арқылы психологиялық талдау жасау.
Екінші – психиканы берудегі сыртқы психологиялық қимыл көріністерге –
бейвербалды ишараттарға мән беру, оның басқа да түрлерін қолдану болып
табылады.
Үшінші – осы екі тәсілді тұтастандыра беретін авторлық психологиялық
баяндау.
Г.Пірәлиеваның ұсынған осындай теориялық тұжырымдарын сараптай келе,
жазушы А.Алтайдың повестеріндегі психологизм көріністерін қарастырамыз.
Осы талапқа сай–әркiмге ұнамды, тартымды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Проза, оның даму сатылары және дәстүр мен жаңашылдық
Мемуарлық шығарма (конспект)
Төлен Әбдікұлы шығармаларының композициялық ерекшеліктері
Лирикалық проза жайлы ақпарат
Қазіргі қазақ әңгімелерін психологиялық талдау
Жазушы Төлен Әбдікұлының көркемдік әлемі
Мінез және лиризм
М.Әуезов – әлем әдебиеті мойындаған тұлға
Көркем шығармадағы психологизм туралы
Мұхтар Әуезов әңгімелерінің көркемдік ерекшелігі
Пәндер