Саяси мәдениет - әлеуметтік институт ретінде


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 153 бет
Таңдаулыға:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
ӘОЖ 32-16. 7:32 (574) Қолжазба құқығында
Джаппарова Раушан Тұрғанәлiқызы
Саяси мәдениет - әлеуметтік институт ретінде
22. 00. 04 - әлеуметтiк құрылым, әлеуметтiк институттар
мен процестер
Социология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесiн
алу үшiн дайындалған диссертация
Ғылыми жетекшiсi
философия ғылымдарының докторы, профессор Ғ. Ғ. Ақмамбетов
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 САЯСИ МӘДЕНИЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ
ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ 11
- Қазіргі қоғамның саяси мәдениетін зерттеудің теориялық-
методологиялық принциптері 11
1. 2 Саяси әлеуметтендіру нәтижесінде қоғамның саяси мәдениетін
қалыптастыру 27
1. 3 Саяси мәдениеттің қоғамды модернизациялаудағы ықпалы 42
2 САЯСИ МӘДЕНИЕТТІҢ ЖАЛПЫӨРКЕНИЕТТІК ҚЫЗМЕТІ 61
2. 1 Азаматтық қоғамды қалыптастыру және дамыту контекстіндегі саяси
мәдениет 61
2. 2 Қоғамның азаматтық мәдениетін қалыптастыру жолдары 79
2. 3 Қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы
және рухани қайта жаңаруы үрдісіндегі саяси мәдениеттің
өзгеруі 101
ҚОРЫТЫНДЫ 123
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 126
ҚОСЫМШАЛАР 133
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс саяси мәдениеттің табиғаты мен өзіндік ерекшелігін әлеуметтік институт ретінде зерттеуге, сондай-ақ қазақстандық қоғамда нарықтық экономиканы қалыптастыру және дамыту, қоғамды демократияландыру жағдайын саяси мәдениет тарапынан социологиялық тұрғыдан сараптауға арналған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Саяси мәдениет күрделі әлеуметтік феномен ретінде қоғамдық құрылымның, оның ішінде адамдардың мінез-құлығы мен әр түрлі мемлекеттік ұйымдардың, сонымен бірге әлеуметтік институттардың қызметтеріне барлық жағынан тікелей немесе жанама түрде де әсер етеді. Саяси мәдениет ел азаматтарының ішкі және халықаралық саясатты, жекелеген және топтық саяси көшбасшыларды басқаратын саяси жүйе мен тәртіптерінің бағасын дұрыс түсінуге, адамның қоғамдық өмірдің саяси саласындағы өз орнын анықтауына мейлінше кең ауқымда көмектеседі. Саяси мәдениет білімі саяси хал-ахуалды болжау үшін қажетті көріністерді ашады.
Нақты саяси-басқару шешімдерін қабылдауда және оны жүзеге асыруда, саяси курстарды жете зерттеу процесінде саяси мәдениетті есепке алу ерекше маңызды. Аса қажетті жұмыстарды алдын ала қарастыруға, оларды мейлінше оңтайлы және тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, қабылданатын саяси шешімдер, тұрғындардың қарым-қатынасына, демек олардың саяси мәдениет деңгейі мен жағдайына тікелей байланысты.
Саяси мәдениетті әлеуметтік институт ретінде социологиялық сараптау, саяси жүйенің тұрақтылығын нығайтудың әлеуметтік-саяси тетіктерін, сонымен бірге оның әлеуеті әлсіз, деструктивті элементтерін айқындауға, қоғамдағы саяси мәдениет пен ағымдағы саяси тәжірибедегі сәйкестілікті немесе айырмашылықты анықтауға мүмкіндік жасайды. Шамасы, шетелдік саяси-социологиялық әдебиеттерде саяси мәдениеттің құндылығын, адамдардың саяси әрекетін алдын-ала болжай білу қабілеттерімен, саяси тәртіптің тұрақтылығын азаматтардың саяси бағыттарымен тікелей байланыстырып қарастыратындығымен түсіндірілсе керек.
Кез келген қоғамда оның әлеуметтік әр тектілігінің күшінде үстемдік етіп жатқан билік жүйесіне қарсы бағытталған, қоғамдағы саяси құндылықтар мен қондырғыларға қарсы басымдық танытатын, саяси өмірде тұрақсыз және деструктивті, яғни қалыпты құрылысы бұзылған рөл атқаратын контрмәдениет элементтері мүмкін екендігін ерекше атап өткен жөн. Бұл контрмәдениетті зерттеу, оның қоғамдық өмірдегі тұрақтылыққа, тепе-теңдікке ықпал ететін теріс әрекеттерінің болжамын жасап, ескерту үшін тиесілі маңызы бар екенін де көрсетеді.
Таңдалып алынған зерттеу пәнінің саласы өте күрделі және көп салалы. Сондықтан да диссертацияда «саяси мәдениет», «саяси сана-сезім», «саяси мінез-құлық», «саяси қарым-қатынас», «саяси қызмет» және т. с. с. түсініктер бөлініп алынады. Саяси мәдениет түсінігі мейлінше кең ауқымда қарастырылып, оның құрамы ретінде мәдениет түрлерінен алыстау болса да, өзінің түпнұсқалық мазмұны жағынан еңбектік немесе әлеуметтік белсенділік түрінде қолданылады.
Көптеген зерттеулерде саяси мәдениет әлеуметтік институт ретінде әлеуметтік-саяси, рухани-құлықтық, мәдени-тарихи, діни-құндылық категорияларының байланысынан тыс түсіндіріледі.
Демек, кейбір әдебиеттерде қоғамның саяси мәдениетін анықтаудың сараланбаған көзқарастары, социологиялық түсінік контексінде қоғамда саяси субмәдениет деп аталатын жағдайдың кездесетінін атайды. Әрине, әңгіме тек пікірталастар мен ұстанымдардың қарама-қайшылықтарында және қаншалықты екендігінде ғана емес. Саяси сана-сезімнің белгілі құрылымындағы саяси мәдениеттің шектеулігі, ұғымды субъективті және психологиялық сипатта қарастыруға алып келеді, ал соңғы нәтижеде бұл қоғам өміріндегі өте маңызды ұғымды тұйыққа тіреп, әрі маңызды құбылыс болып табылатын ұғымның мазмұнын шектейді. Мәдениеттің бірде-бір түрі өзіне тиесілі қызметтік, әрекеттік аспектісіз көріне алуы мүмкін емес. Кез келген мәдениет сана-сезім мен шынайы мінез-құлықтық элементтерінің табиғи байланыс бірлігі ретінде танылады. Бұл мағынасында саяси мәдениет әлеуметтік өмірдің барлық сапалы сипаттамаларын көрсетеді, сондықтан бұл ортадағы қоғам өмірінің аса маңызды құбылысы ретінде оны жеке алып қарауға болмайды. Аталмыш жағдайда әңгіме тек саяси сана-сезім туралы және оған сәйкес саяси мінез-құлық туралы болып отыр.
Сонымен бірге, саяси мәдениет өзі арқылы барлық сана-сезім мен саяси мінез-құлықты көрсетпейтінін, бар болғаны сол қоғамның немесе топтардың саяси өміріне тән сипаттарды, тұрғындардың негізгі бұқарасынның саяси сана-сезімі және мінез-құлығының, яғни әдетке енген тұрақтылығын, көпшілікке бірдейлігін, типтігін ғана білдіретінін ерекше атап айтқан дұрыс. Бұл контексте саяси мәдениет барынша кең әлеуметтік ұғым, оны терең социологиялық талдау деңгейінде түсінуге болады.
Тақырыптың ғылыми-зерттелу деңгейi. Социологиялық зерттеулер контексінде саяси мәдениет мәселесінің өзіне ғана тән ерекшеліктері бар. Ол жалпы мәдениет жүйесімен, яғни материалдық және рухани мәдениетпен бірге, салыстырмалы түрде саяси мәдениеттің дербес түрі.
Оның өзгешелігі іс-әрекет саласындағы ерекшеліктерімен анықталады, әрине, бұл жерде әңгіме саяси қызметтер мен оның барлық ішкі құрылымдық құрамдары туралы болып отыр. Сонымен қатар әрбір адамның және тұтас қоғамның нақты тіршілік әрекетімен табиғи байланыста кіріктірілетінін ерекше атап өткен орынды. Сондықтан саяси биліктің жүзеге асырылуының ішкі тетігі, мәдениеттің аталмыш түрінің ерекшеліктерін, оның шекарасын нақты белгілеуді айқындау үшін өте маңызды. Сондай-ақ, бұл өзіндік ерекшелікті жете бағаламау немесе естен шығару, оның социологтарды қызықтыратын пәндік салаға тікелей қатысы жоқ басқа мәдени құбылыстармен теңестірулерге, ақталмайтын кеңейтілулерге, оның үстіне тіпті саяси мәдениеттің өзіне тән мазмұнын жуып-шайып жіберуге әкеліп соғуы да мүмкін.
Біз зерттеп отырған мәселенің барабар жауаптарына арналған белгілі бір ғылыми зерттеулердің саны, басқа елдердің өздерінің тарихи дамуында өтіп жатқан осындай сатыларындағы әр алуан тәжірибесіне сүйене отырып, олардың түбегейлі жаңаруында және тіпті қоғамдық өзгерістердің алғашқы деңгейінде, бәрінен бұрын, және тіпті ең негізінде «адам факторы» шешуші рөл атқаратыны анық деген қорытындыға әкеледі. Ол қоғамның трансформациясы мен модернизациясының негізін жасайтын секілді. Сонымен бірге құндылық бағыттарының маңызын, менталдық қондырғыларын және саяси мәдениетін ерекше бөліп қарайды. Әрине, саяси мәдениетті шамадан тыс ұлғайтудың қажеті жоқ, дегенмен ол радикалды реформаларға баратын ішкі дайындықты қалыптастыруға және тіпті қоғамда түбегейлі қайта құруды жүзеге асыру барысында тарихи процестегі жекелеген субъектілерді белгілі бір құрбандыққа жіберуге мүмкіндік жасайды.
Мәдениет ұғымының алғашқы түсінігі бір нәрсенің жасалуы, өңделуі, дамуы процесін белгілейтін терминді түсінуге тікелей байланысты болған. Бастапқыда ол жерді өңдеу үдерісімен байланысты болса, кейін біртіндеп адамның өзін қамти отырып, адамзат баласының тіршілік әрекетінің басқа салаларына таратыла бастады. Дегенмен де, қалай болғанда да, мәдениетті түсіну кейбір ерекше субстанциялар секілді Ағарту дәуірінде «мәдениет» ұғымын пәндік дербес құбылыс ретінде түсінуден басталған. Бұл контексте адамды табиғатпен және социуммен бірлікте қарастырудың табанды қажеттігі туды. Нақ осы көріністер шеңберінде мәдениет ұғымы табиғат әлемінен өзгеше, ең сапалы нәрсе ретінде және адам өзінің белсенділігімен жетілетін субъект ретінде қарастырыла бастады. Десек те, бұл ұғымның қалыптасуы барысында XVIII ғасырдың соңында мейлінше белгілі бола бастағаны неміс философы Иоганн Гердердің мәдениетті адамгершілік тұрғысынан ұғынудың нақты көзқарастары негізделген және мәдениет компоненттерін эмпирикалық тұрғыдан зерттеудің қажеттілігін көрсеткен «Адамзат тарихындағы философияға идеялар» атты мәдениет жөнінде өз еңбегін шығарғанына байланысты еді. Ол ғылыми айналымға сенімділік, құндылықтар және өркениеттік деңгейді анықтайтын «мәдениет» терминін енгізді. Мәдениет терминінің бұл түсінігі қазіргі ғылыми контексте де қолданылып келеді [1] .
О. Шпенглер, А. Тойнби, Г. Гумилёв еңбектерінде мәдениеттің плюрализм идеялары бір сызықта ғана дамытылмайтыны, олардың «параллельдігі» жеткілікті дәрежеде терең зерттеліп, одан әрі қарастырылуға мүмкіндік алды. Олар мәдениет эмоционалды тарихи бірізділікте төменнен жоғары қарай дамымайтындығын, халықтардың мәдени өмірінің өзіндік ерекшелік түрлері және әдістері ыдырамайтындығын, олардың әрқайсысының өзінің бастапқы құндылықтары бар екендігіне, жеткілікті дәрежеде, дәлелдеді түрде көз жеткізіп берді. Бұл алғышарттың біздің зерттеуімізде белгілі бір маңызы бар, өйткені саяси қызмет үшін абстрактылы және дерексіз мәдениет емес, ең алдыменен саяси ойлау мен мінез-құлықтың типтерін қалыптастыруға ықпал ететін белгілі бір мәдени ортаның маңызы зор.
Антропологиялық бағыттың өкілдері (Э. Тайлор) мәдениетті тіптен өзгеше түсіндіреді. Түсіндірме тәсілі негізінде, яғни эмпирикалық талдау жолдарымен мәдени құбылыстар бір-бірінен ең алдымен символдық сипаттамалары арқылы ажыратылуын дәлелдеуге ұмтылу тәсілдерін қолданады. Әйтпесе, мәдениет өзі арқылы әр түрлі әрекеттерде, мағыналық объектілерде іске асырылатын мағыналар жиынтығын көрсетуші болып шығады. Бұл, өз кезегінде, жеке адамдарға тәжірибелерді, идеялар мен көз жеткізулерді алмасу қатынасының мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Бұл тұста мәдениетті зерттеу символдар мен символдық іс-әрекеттердің мағынасын ұғындыруға бағытталуы қажет.
Мәдениет мәселесі К. Маркстің теорияларында да жеткілікті дәрежеде өзіне тән деңгейде сарапталады. Мұнда мәдениеттің мәнін түсіндірудегі негізгі мәселе, адам баласының тіршілік әрекетімен тікелей жүзеге асырылатын қоғамдық қарым-қатынастарға көңіл аудару ошағы болып табылады. Сонымен бірге бұл жерде мәдениет басты тарихи даму мазмұнының өзегін құрайтындығымен түсіндіріледі. Нақ осы мәдениетте, ең соңғы есепте, қоғамдық еңбек үдерісіндегі адам баласының өзіне тән жеке байлығы айтылып ашылады.
Тарихи контекстегі мәдениет ұғымының қысқаша талдануы «саяси мәдениеттің» табиғатын барабар зерттеуге мүмкіндік жасайды. Оның үстіне қазіргі шынайылық пен нақтылық әлемдегі мәдениет көріністері, құндылықтары, мінез-құлық үлгілері арқылы саясатқа үлкен ықпал ететінін көрсетіп отыр. Мәдениет - әлеуметтік-экономикалық, идеологиялық факторлардың тұтас кешенді іс-әрекеттерінің нәтижесі және мәдениеттің қоғамның басқа салаларымен - саясатпен және экономикамен қарым-қатынасы күрделі әрі көп қырлы сипаттарды алып жүреді. Саясат саласындағы социомәдениет факторларының өзара әрекеттері қоғамдағы саяси мәдениеттің үстемдігіне сүйенеді. Саяси мәдениет тұтас мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. «Саяси мәдениет» ұғымын алғаш рет неміс философы И. Г. Гердер өзінің «Адамзат тарихындағы философияға идеялар» (1784 ж. ) атты еңбегінде ендірді. Осыдан кейін, әсіресе, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында аталмыш категория әр түрлі ғылыми мектептерде кеңінен пайдаланылды. Американдық ғалым Г. Алмондтың «Салыстырмалы саяси жүйелер» (1956 ж. ) атты жұмысында саяси мәдениетке мейлінше терең мән берілді. Одан әрі қарай саяси мәдениет теориясын талдауға С. Верба, Л. Пай, Д. К. Каванах, П. Шаран және басқалар [2-5] негізгі үлестерін қосты.
Ресейлік авторлар арасында саяси мәдениетті зерттеудің әлеуметтік-саяси мәселелеріне ерекше назар аударғандар арасынан Н. Р. Андрухов, В. А. Житенев, Н. М. Кейзеров, Е. Г. Комаров, М. М. Лисенков, Ф. М. Бурлацкий, А. А. Галкин, К. С. Гаджиев, М. Т. Иовчук, Л. Н. Коган, Е. М. Бабосов, В. А. Щегорцов [6-15] есімдерін атауға болады.
Философия, социология және саясаттану ғылымдары контексінде саяси мәдениеттің кейбір мәселелерін зерттеген қазақстандық ғалымдар арасынан К. У. Биекенов, Д. К. Кішібеков, Ж. А. Шалабаев, Г. А. Абдикерова, П. А. Добреев, В. И. Зырянов, Ә. Н. Нысанбаев, К. К. Габдуллина, Е. М. Абенов, М. М. Тажин, Р. С. Салыкжанов [16-26 ] аттарын атай аламыз.
Қазақстандық ғалымдардың зерттеулеріне назар аударсақ, тұтас социологиядағы секілді қазақстандық социологияда да, саяси мәдениеттің әлеуметтік институт ретінде тақырып етіп таңдалуын және зерттеу мақсаттары мен міндеттерінің айқындалуын жан-жақты зерттелген деп айта алмаймыз.
Зерттеу жұмысының нысаны және пәні. Зерттеу нысаны ретінде саяси мәдениет құбылысы алынған. Зерттеу пәні ретінде осы объектінің тарихи даму процесінің қоғам өміріндегі функциясы мен әлеуметтік институт трансформациясындағы саяси мәдениеттің мәндік мазмұнының айқындалуы болып табылады.
Зерттеу мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық зерттеудің мақсаты саяси мәдениеттің табиғаты мен қызметі, оның транзиттік кезең жағдайындағы қоғам өміріндегі маңызын зерттеу болып табылады.
Алға қойылған мақсаттың жетістігіне жету үшін төмендегі міндеттерді шешу қажет:
− социология ғылымында саяси мәдениет мәселесінің қойылуын зерттеу;
− саясат пен мәдениеттің генетикалық өзара байланысын ашу;
− «саяси мәдениеттің» тарихи үдеріс қажеттігі ретінде пайда болуы және қалыптасуы;
− саяси мәдениеттің бағыттылық және институтционалдық сипаттамаларын айқындау;
− қоғамдық өмірдің өзгеше құбылысы ретіндегі саяси мәдениеттің құндылық маңызын анықтау;
− Қазақстандағы саяси мәдениетті қалыптастыру жағдайының қажеттілігі ретінде ұлттық мемлекеттіліктің императивті тенденцияларын орнықтыру.
Зерттеудің теориялық және методологиялық негіздері. Әлеуметтік шындық - бұл әр түрлі компоненттерден тұратын социумның объективтік болмысы. Олардың арасынан өзгеше әлеуметтік институт формасы ретінде көрінетін саяси мәдениет ерекше орын алады. Саяси мәдениет біздің алдымызға екі тұрғыдан көрінеді: рухани білім және әлеуметтік институт ретінде. Оларды табиғи байланыстыру үшін ішкі қисыннан шығатын тиісті барабар, ғылыми әдістер қажет. Олар мыналар - қисындылық және тарихилық, сондай-ақ жүйелік-құрылымдық. Аталмыш жағдайдың мәселесі бұл екі өзара байланысты синтездеуден және осының негізінде зерттелетін пән саласын сараптап, олардың концептуалды кеңістіктегі бірлігінде интегративті-жүйелік қасиеттерін ашудан тұрады. Сондықтан аталмыш зерттеу пәні адамның өзінің саяси мәдениетінің өзіндік бағдарлық-институттандырылған сипаттамаларын ашуға бағытталған. Осындай көлемде саяси мәдениеттің өзі билік жүйесінің саласы мен адамдардың өзара әрекеттесуі және өзара тәуелділік құрылымын тудыратын адам санасының «кристалдануы» және мінез-құлық үлгісінің жиынтығы ретінде көрінеді.
Саяси мәдениет құбылысын зерттеудің негізгі әдістері тарихи-социологиялық, диалектикалық, компаративистік, жүйелік-құрылымдық, герменевтикалық болып шығады. Аталмыш әдістерді пайдалану саяси мәдениеттің нақты-тарихи және жалпыадамзаттық маңызының арақатынасын айқындауға мүмкіндік жасайды.
Ұсынылып отырған диссертациялық зерттеудің теориялық негіздері болып саяси философия, әлеуметтік философия, саяси социология қызмет етті.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диссертацияда жаңалық статусын иеленген төмендегі бірқатар нәтижелер алынды:
− тоталитарлық жүйеден демократиялық жүйеге өту жағдайында адамның саяси мәдениетіне институттандырылған талдау жасалды;
− зерттелген мәселенің теориялық-методологиялық негіздік қызметін орындайтын саяси мәдениеттің «институциялық моделі» секілді өзгеше құбылыстың концептуалдық қасиеттері айқындалды;
− қазақ халқының дәстүрлі саяси мәдениетінің институттандырылған ортасын қалыптастыру үдерісінде белгілі бір қызмет атқарған евразиялық-ресейлік өркениеттердің маңызы дәлелденді;
− ұлттық мемлекет рөлінің концептуалдық көріну шеңберінде тарихи болашағы бар адамның саяси мәдениетінің институттандырылған модернизациясына сәйкес мемлекеттік және жеке, дәстүрлі және жаңадан қабылдауға болатын өзара әрекеттеріне қол жеткізу жолдарының идеясы бекітілді;
− Қазақстан республикасындағы саяси мәдениеттің жалпы және өзіне тән сипаттамалары белгіленді және олардың тарихи контекстегі ішкі өзара әрекеттері айқындалды.
Қорғауға ұсынылатын диссертацияның негізгі тұжырымдары.
1. Өзінің тарихи дамуында осындай сатыдан өткен басқа елдердің әр түрлі тәжірибелерін зерттей отырып, зерттеудің таңдалған пәндік саласына сәйкес дәстүрлі тәсілдерді қарастыру аталмыш мәселеге барабар жауапты іздестіруден басталды. Диссертацияда саяси мәдениеттің табиғатын социологиялық зерттеу негізінде қоғам өмірінде ерекше қызмет атқаратын, тұтас алғанда, жалпы қабылданған аксиомалық ережені жоққа шығармай, оның әлеуметтік институттағы қалыптасуы және трансформациясы бір ізбен қарастырылады.
2. Диссертациялық жұмыста негізделген іргелі және өтпелі жағдайы ретінде саяси мәдениеттің «қол астына қарайтындығы» және «азаматтығы» институттандырылған «үлгісінің» қалыптасуы және даму факторларын анықтайтыны секілді жеке адам мен мемлекет арақатынасының елеулі рөлі туралы тезис шығады. Осы жерден адамның тәжірибелік қызмет үдерісінде жүзеге асырылатын динамикалық біріге бағытталған бағдарлары ретіндегі қоғамның саяси мәдениетінің негізделген табанды қажеттілігі туындайды.
3. Жеке адамның үйреншікті және теориялық сана-сезімінің арақатынасы объективті шындықты танытып қана қоймайды, сонымен бірге қоғамның инновациялық және институттандырылған модернизациясы формасында айқындалатын адамның шығармашылық қызметінде нәтижеленетін қоршаған әлемнің қайта жасалуына мүмкіндік тудырады. Бұл контексте адамның саяси мәдениеті жеке адамның қайта жаңарған қызметінде жүзеге асырылған сипаттамалар және оның институттандырылған шаралары туралы куәландыруға бағытталған нысаналардың, моделдердің динамикалық жағдайында табылады.
4. Тарихтың қайталанған сәттерінде адамдардың бағдарларын елеулі мөлшерде анықтайтын институттар қызметі сипаттамаларын қалыптастыру үдерісінің өзіне сәйкес заңдылығы шығады және керісінше адамдардың бағдарының өзі маңызды мөлшерде институттар қызметінің табанды сипаттамалары үдерісінде айқындалады. Бұл мағынасында бағдарлар өмірлік тәжірибеде тұрақты ұдайы өндіріліп, орнықтырылған қалыптар жүйесінде мүлдем өзгеріп, құндылық жүйесіне кіреді, басқаша айтқанда өзіне тән институттандырылған ортаны жасайды.
5. Саяси мәдениет бағыттар қызметін орындап, адамның сана-сезімі мен мінез-құлығын белгілі бір арнаға бағыттай отырып, қоғамдық-саяси жүйе құрылымын ретке келтіру элементіне үлес қосады. Оның үстіне басқа қоғамдық-саяси құрылымды институттандыруға мүмкіндік жасайды және сонымен бір мезгілде ықпал етеді және өзгертуге ұшыратады, саяси жүйенің ұйымдастырушылық құрылымына көбірек кіріп, өз кезегінде, саяси мәдениеттің өзінің институттандырылу үдерісін анықтайды. Бұл мағынасында адамның саяси мәдениетінің бағыттық сипаттамалары институционалдық талдауға жүйелік компонент ретінде кіреді.
6. Жеке меншіктіктің пайда болуы және соған сәйкес қызығушылықтар саяси сана-сезім мен мінез-құлықты, қоғамдық қажеттіліктер мен мақсаттарды ығыстырып, оның ішкі әлемін екіге айыруға алып келеді. Күнделікті жеке адамның өміріндегі экономикалық мүдделер оның саяси сана-сезімін айқындайды, ал қоғамдық ортада олар керісінше болуы мүмкін. Бұдан шығатыны посткеңестік қоғамның саяси мәдениетінің институционалдық қайта жасалуы, қоғамның нығаю міндеттерін тарихи толық ойдағыдай шешу, ұлттық мемлекетті құру жолдарымен ғана мүмкін дейміз.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығы. Саяси мәдениет дегеніміз не, ол әлеуметтік институтта қалай өзгеріске түседі, қоғам және әрбір адам өміріндегі оның маңызы қандай, оның ақиқат мәні неде және өзінің теориялық-социологиялық мағынасынан басқа неге міндеттейді, қандай тәжірибелік маңызы бар деген сұрақтарды қамтиды. Қазіргі социологияның әмбебап, сондай-ақ қолданбалы әдістерін қолдану қоғамдық тұтастық контексінде адамның саяси мәдениетінің үдерісінің даму динамикасын қарастыруға, қоғамдық құрылымның түбегейлі қайта жасалуы үдерісінде мемлекеттік және жеке адам бастауының ішкі өзара байланысын айқындауға мүмкіндік жасайды.
Саяси мәдениеттің институционализациясы қазіргі адам өмірінде болып жатқан түбегейлі өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасы халықтарының бірігіп нығаюының ұлттық берік негізін құрады.
Зерттеу нәтижелері ғылыми-идеологиялық және идеялық-саяси жұмыстардың барабар және әрекетті ұйымдары үшін негізгі база ретінде қызмет ете алады, сондай-ақ ЖОО-да тарих, саясаттану, философия және социология мәселелері жөніндегі, басқа да байланысты білім саласы бойынша дәрістер курстарын оқу және талдау кезіндегі тәжірибеде пайдалануға болады. Диссертация мемлекеттік қызмет саласымен айналысатын адамдар үшін ғылыми-танымдық және саяси-практикалық қызығушылықтарды қанағаттандыра алады.
Зерттеудің негізгі қорытындыларын талқылаудан өткізу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz