Несие қоржыны


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. . . . 3

1 НЕСИЕ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ МӘНІ МЕН НЕГІЗІ

1. 1 Қазақстан Республикасында несие қатынастарының

пайда болуының құқықтық негізі. . . . 6

1. 2 Несие қоржынын қалыптастыру және оның жағдайын бақылау. … . . . 8

1. 3 Несие қатынастарын басқарудағы несие саясатының рөлі. . . . 11

2 «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ НЕСИЕ ҚОРЖЫНЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2. 1 «Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамының несие саясаты . . . 18

2. 2 «Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамының несие

қоржынын бағалау. . . . 22

2. 3 Несие операцияларының сапасын талдау. . . . 31

3 НЕСИЕ ҚОРЖЫНЫН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ҚАЙТАРЫМСЫЗДЫҒЫНЫҢ ТӘУЕКЕЛІН ТӨМЕНДЕТУДЕГІ КЕМШІЛІКТЕРІН ШЕШУ ЖӘНЕ ПРОБЛЕМАЛЫҚ НЕСИЕЛЕРДІ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3. 1 Проблемалық несиені басқаруды жетілдіру жолдары. . . . 49

3. 2 Тәуекелді төмендету әдістерін пайдаланудағы жолдарын

жетілдіру. . . . 53

ҚОРЫТЫНДЫ. . . . 56

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . . 59

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: "Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр. Біз экономикамыз мен мемлекетіміздің берік іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалық, әлеуметтік, саясаи және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық", - деп Елбасымыз Қазақстан халқына жарқын болашағымыз біздің қолымызда екендігіне тағы да көзімізді жеткізді. /1/

Еліміздің 2030 жылға дейінгі Дамуының стратегиясы - қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекеттің мақсат-мұраты баян етілді.

Бүгін толық жауапкершілікпен былай деп мәлімдеуімізге болады: "Қазақстан өтпелі кезеңнен ойдағыдай өтті, әрі өз дамуының сапалық жаңа кезеңіне нық сеніммен қадам басты!"

Өткен жылы біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл - біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыз және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту.

Президентіміздің өткен жылғы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында: "Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те. Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жекеменшік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге міндетті", - деп экономикамыздың барлық салаларын дамытуға мүмкіндігіміз бар деп пайымдаған еді. /2/

Экономикамыздың дамуына үлкен өзіндік үлесін қосып жатқан Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің қызметтерінің дамып, халықаралық стандарттарға сай болып жатқандығын айта аламыз.

Екінші деңгейлі банктердің, яғни коммерциялық банктердің пассивті операциялары негізінде салымдар түрінде кәсіпорынның, ұйымдардың, басқа банктердің, халықтың уақытша бос қаражаттарын тартуға мүмкіндігі бар. Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақты дамуы бірінші кезекте ұзақ мерзімді қайта құрудан өткен банктік мекемелердің дамуынан көрініс табады. Осыған байланысты еліміздің несие нарығының соңғы жылдардағы даму қарқыны банктердің несие көлемінің ұлғаюынан және халықтың банк жүйесіне деген сенімділігінің артуынан байқалады.

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында банк аясы серпінді түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бірі. Бұрын қатал түрде реттелетін коммерциялық банктер, бүгін дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында жұмыс істеп жатыр.

Дағдарысты құбылыстардан өтумен байланысты Қазақстан экономикасының қазіргі проблемалар тұрғысында банк жүйесінің алдағы уақыттағы дамуы мен жетілдірілуі үлкен тәжірибелік мәнділікке ие.

Қазіргі банктер клиенттерге қызметтің кең ауқымды спектірін ұсынып, банк операцияларының жаңа техникасын қолданып, қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейін қамтамасыз етіп отыр. Банктердің ең басты қызметі - несиелеу. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік фирмалардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттары үшін іске асырылады. Банктер өздерінің несие қызметтін қаншалықты тиімді жүзеге асырса, соншалықты клиенттердің экономикалық жағдайына әсерін тигізеді. Себебі, банктік қарыз жаңа кәсіпорындардың пайда болуына, жұмыс орны санының өсуіне мүмкіндік туғызады және олардың экономикалық өмір икемділігін қамтамасыз етеді.

Қазіргі банктік несиелеу жүйесі нарықтық қатынастарды қалыптастыру мен дамытуға, өндірістің тиімділігін арттыруға, мемлекет экономикасын нығайтуға, айналыстағы негізсіз ақша массасының өсуін шектеуге, инфляциялық процестердің алдын алуға және ұлттық валютаны нығайтуға бағытталған.

Кейінгі жылдары қаржы секторының тез арада дамуы мен нығайуы бұрын болған несие ресурстарының дефицитін қысқартты. Қазақстанның экономикалық өсуі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің конструкциялық саясаты, қоғамдық сенімді арттырып, мемлекеттің банк секторының динамикалық дамуына мүмкіншілік туғызды. Несие ресурстары мен бәсеке өсуінің нәтижесінде Қазақстан банктері пайыздық мөлшерлеме және мерзімге байланысты банктік қарыз беру бойынша аса ыңғайлы жағдай ұсынуға ұмтылуда.

Бірақ Республикадағы банктердің қызметі әртүрлі факторлардың ықпалынан аса күрделі жағдайда жүзеге асырылады. Мысалға, жекелеген экономикалық секторлардың экономикалық тұрақсыздығы, төлем дағдарысы, төлем балансының дефициті және т. б. Осы факторлардың әр қайсысы берілген банктік несиелер бойынша қарызды уақытылы өтеу мүмкіншілігінің төмендеуінен банктердің несие және пайыздық саясатын хеджирлеу стратегиясы және т. б. мүмкін тәсілдер механизмдерін әзірлеу көмегімен несие тәуекелдігін бәсеңдетуге ұмтылады.

Осы проблеманың маңыздылығы мен тәжірибе жүзіндегі мәнділігі дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.

Дипломдық жұмыстың объектісі болып « Қазақстан Халық Банкі » Акционерлік Қоғамы болып табылады.

Осы дипломдық жұмысты жазудың мақсаты тек қана теориялық аспектілер ғана емес, сонымен қактар банктің несие, операцияларын жүргізудің тәжірибелік жақтары, банктің несие қоржынының жағдайы және пайда болған проблемаларды шешудің перспективалық бағыты табылады.

Бұл мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер қойылып отыр:

  1. Тақырыпты зерттеудің мақсаты -коммерциялық банктердің несие операцияларының ішіндегі - несиелік портфеліне талдау жүргізіп, оны жетілдіру бойынша ұсыныстарды беру.
  2. Несие қоржынынң ролін анықтау, банктің несие саясаты тиімділігі көрсеткіштерінің жүйесін және оны қамтамасыз ету механизмдерін әзірлеу.
  3. «Қазақстан Халық Банкі » Акционерлік Қоғамының несие қоржынына талдау жүргізу.
  4. Несие қайтарымсыздығы тәуекелдігін төмендету саласында жобалық шешімдерді әзірлеу, « Қазақстан Халық Банкі » Акционерлік Қоғамының несие портфелінің көлемін көбейтуге мүмкіншілік беретін жаңа несие өнімдерін енгізуді бағалау, несиелеу кезінде пайда болған проблемаларды шешу жолдары.

Дипломдық жұмысты орындау кезінде заңдық, нормативтік актілер, әдістемелік сілтемелер мен нұсқаулықтар, отандық және шетел экономистерінің ғылыми еңбектері қолданылды.

Жұмыс құрылымы. Дипломдық жұмыс 61 бет көлемінен, негізгі бөлімі кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, сонымен қатар 43 атаулы қолданыған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста 16 кесте және 11 сурет бар.

Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында коммерциялық банктердің қаржы ресурстары және оны қалыптастырудың көздері анықталған, коммерциялық банктегі пассивтік операциясының ішінде депозиттік операцияның мәні ашылған.

Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несиелік портфель динамикасына және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мысалында банктің несиелік қызметіне талдау жүргізілген.

1 НЕСИЕ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ МӘНІ МЕН НЕГІЗІ

Қазақстан Республикасында несие қатынастарының пайда болуының құқықтық негізі, несие қоржынын қалыптастыру және оның жағдайын бақылау, несие қатынастарын басқарудағы несие саясатының рөлі және мәні қарастырылды.

1. 1 Қазақстан Республикасында несие қатынастарының пайда

болуының құқықтық негізі

Біздің елде банктердің несие қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің құзіретіне қатысты сұрақтар бойынша Жарлықтары мен Заңдық актілерінің негізінде шығарылып, орындалатын Қазақстан Республикасының Заңдарымен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің нормативтік - құқықтық актілерімен реттеледі.

Қазақстан Республикасындағы несие қызметін реттейтін ең басты Заңдық акт 1995 жылдың 31 тамызында шыққан № 2444 Заң күші бар

« Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы » ( 25. 04. 01 №179 - II Қазақстан Республикасының Заңдарымен енгізілген өзгертулер және толықтырулармен қоса ) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы болып табылады.

« Қазақстан Республикасының Банктер және банк қызметі туралы » Заңның 34 бабында қарыз операциясының анықтамасы берілген. Мұнда, жеке банк операцияларын жүзеге асыратын банк немесе ұйым қаржыны басқа тұлғаларға мерзімділік, қайтарымдылық және төлемділік талабына сай береді.

Банктік қарыздың қайтарымдылығын қамтамасыз ету Заңын 35 бабымен реттеледі. Заң бойынша несие қайтарымдылығы ( Заңға немесе шартқа сәйкес) тұрақсыздық айыбы, кепілдік, кепіл, кепілгерлік және т. б. тәсілдермен қамтамасыз етіле алады. Банк клиентінің несиені өтеу қабілеті мен сенімділігі жоғары болған жағдайда қарызды беру жөніндегі шешімді қамтамасыз етілмеген етіп қабылдауға құқылы ( бланкілік несие ) .

Заңның 36 бабында банк қарыз алушының төлеу қабілетсіздігіне қатысты шара қолдана алатыны қарастырылады. Бұл банкпен жаңа қарыздардың берілмеуі, қарыз алушының кез - келген шотындағы оның келісімінсіз қаражатын өндіріп алу немесе қарыз алушының төлем қабілетсіздігін мойындау жөнінде сотқа беру. / 27. 18-19б. /

Несиелеу саясатындағы екінші деңгейлі банктер қызметінің нормативтік - құқықтық базасын жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 1996 жылдың 16 тамызында шыққан № 276 « Екінші деңгейлі банктермен несиелеу бойынша құжаттакмаларды жүргізу ережесін бекіту туралы » Қаулысын бекітті. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісімен, банк жүйесіндегі несие тәуекелін басқару жүйесін жетілдіру және банктердің қызметін инспектірлеу бойынша функцияларды орындау үшін талаптарды белгілейді. Айтылған Ережеде несиелеу тәжірибесінде қолданылатын дефинициялар берілген. Олар:

а) « негізгі қарыз » - банкпен қарызға берілген ақша сомасы;

ә) « банк қарызы бойынша сыйақы » - банкіге қатысты жылдық қаражат мөлшері есебінен негізгі қарызға ( қарыз сомасына ) қатысты пайызға шағылуында анықталатын берілген қарыз үшін төлем;

б) « қарыз шарты » - сыйақы мөлшері жөніндегі шартты, қарыз алушымен міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді, сонымен қатар жеке банктік қарыз бойынша тәуелділікті төмендетуге бағытталған ерекше талаптарды қосқандағы берілген банктік қарызға қатысты шарт түрі. /10. 7б. /

Ережеде кез келген банктік қарызды беру кезіндегі қажетті құжаттамалар тізімі анықталған және банктік қарыз шартының міндетті талаптары ескертілген.

Қазақстан Республикасының банк жүйесін нығайту мақсатында және несие берушілердің мүддесін қорғауда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктер үшін провизияларды ынталандарудың міндетті түрде болуын белгілейді. Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері № 218 1997 жылдың 23 мамырынан шыққан « Банк активтерінің классификациясы мен шартты міндеттемелері бойынша провизияны есептеу туралы » Ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктермен берілген қарыздарды классификациялайды. банк активтерінің классификация критерийлері болып мыналар табылады:

а) ағымдық қаржылық ақпарат негізінде қарыз алушының қаржылық жағдайын, активтер сапасын, олардың айналыс жылдамдығын, өтімділік көрсеткіштерін, жеке капиталы мен қарызға алынған қаражат арасындағы қатынасты, жалпы пайда мен таза табыстың пайыздық өсуін талдау;

ә) қарыз алушы мен банк арасындағы қарым - қатынас. Клиенттер банк қарызын алудың шартын түсінуі тиіс және оны міндетті түрде орындауы қажет;

б) банкіге берілген кепілдік және банк қарызын кепілдік есебінен өтеу жағдайында оның құны ( оның өтімділігі ) ;

в) негізгі қарыз сомасын және ол бойынша пайызды уақытылы өтеу. /18. 1-2б. /

Банктер шаруашылық қатынастар қатысушыларының қаржы делдалы болып, республика экономикасында үлкен рольді атқаратындықтан, нарықтық қатынастың дамуы банк заңдылықтарының жаңартылуына әкеліп соқты.

Осының нәтижесінде Қазақстан Республикасындағы банк қарызы айқын түрде қайта құрылды және нысаны мен мазмұны бойынша өркениетті болды деуге болады.

Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан монетарлық саяса, нисие қызметі аумағындағы банктер жұмысының стилі мен әдісін халықаралық стандарт талаптары мен нормаларына қарай өзгертуді мәжбүр етуге жағдай туғызды.

Қазақстан Республикасындағы несие қатынастарының құқықтық негізін анықтаудан кейін, несие қатынастарын басқарудағы несие саясатының ролін анықтау қажет.

1. 2 Несие қоржынын қалыптастыру және оның жағдайын бақылау

Несие қоржыны банк табысының және активтерді орналастыру кезіндегі тәуекелдің басты көзі қызметін атқарады. Банк қоржынының құрылымы мен сапасының жақсы болуы, банктің орнықтылығы, оның репутациясы мен қаржылық сәттілігіне әсерін тигізеді. Сондықтан, банктердің барлығында қоржында бар қарыздардың сапасына бақылау, қабылданған стандарттар мен банктің несие саясатының мақсатынан ауытқу жағдайларын анықтау және тәуелсіз экспертиза жүргізіледі. Несие қызметкерлері мен жоғарғы қызметкерлер нақты салалар мен жеке қарыз алушылардағы капиталдың шамадан тыс шоғырлануын анықтау мақсатында несие портфелінің құрамын, сонымен қатар банк жағынан араласуды қажет ететін проблемалық қарыздарды талдайды. /12. 111б. /

Несие қоржынын қалыптастыру кезінде, банк барлық инвесторларға қатысты жалпы принципті ұстануға тиіс. Ол жоғарғы табысты және аса тәуекелді салымдарды несиелеудің төмен тәуекелді бағыттарымен байланыстыру.

Несие тәуекелі- бұл қарыз алушының негізгі қарыз бен пайызды төлемеу тәуекелі немесе несие мәмілесі контрагентінің өзіне қатысты алынған міндеттемелер бойынша әрекет ете алмауы.

Пайызды төлемеу кезінде, банк өзінің табысын жоғалтады, негізгі қарыздың қайтарылмауы кезінде, банк сенімсіз несиені шығынға жатқызады да, осы несие мәмілесі бойынша залал шегеді.

Несие тәуекелін минимизациялаудың мынадай жолдары бар:

1) несие қоржынын диверсификациялау;

2) қарыз алушының несиені өтеу қабілеті мен төлем қабілеттілігіне

алдын ала талдау жүргізу

3) несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету әдістерін қолдану (кепілдік,

кепілгерлік, кепіл, цессия, сақтандыру) ;

4) қарыз бойынша мүмкін болатын жоғалтуларға резервтерді

қалыптастыру.

Несие қоржынын диверсификациялау - бұл бірнеше бағыт бойынша несие тәуекелін сейілту, бөлу. Банктер бір ғана қарыз алушыны немесе бірнеше ірі қарыз алушыларды несиелендіруді немесе бір - бірімен байланысты қарыз алушыларды тобына ірі несиені беруді шектеу керек.

Несие қоржынын диверсификациялау ережесі: несиені түрлі экономика салаларынан әр түрлі кәсіпорындарға аз сомада қысқа мерзімге және қарыз алушылардың көп бөлігіне беру. Тәукелді төмендетудің қосымша шарты ретінде қарыз қайтарымдылығын қамтамасыз ету тәсілдері негізінде несие қайтарымдылығын қамтамасыз етуді диверсификациялауды қолдану қажет, яғни кепілдік, кепіл, кепілгерлік, сақтандыру. Осы ережені сақтау несие мәлімесі мүмкін болатын жоғалтуларды басқа несие мәлімесінен түскен пайда арқылы өтеуге мүмкіншілік береді. /22. 119-120б. /

Несие қоржынының жағдайына бақылауды жүргізеді:

  • несие бөлімшелерінің жауапты қызметкерлері;
  • несие бөлімшелерінің жетекшілері және филиалдың директорлары;
  • Басқарма төрағасының орынбасары;
  • банктің Несие Комитеті;
  • банк Басқармасы.

Несие қоржынының жағдайы туралы есеп Несие Комитеті мен банк Басқармасына тұрақты түрде ұсынылады.

Несие қоржынын бақылау бағдарламасы банк түріне, оның мамандандырылуына, несиені өтеу қабілетін бағалау әдісіне байланысты.

Қарызды тексеру қаржылық есепті қайта талдауда, қарыз алушы кәсіпорынның келуінде, құжаттарды тексеру, қамтамасыз етуде болуы мүмкін және т. с. с. Бақылау тексерісі кезінде банктің несие саясатының мақсаттары мен нұсқауларына қатысты қарыздың сай болуы туралы сұрақтар қайта қарастырылады, клиенттің несиені өтеу қабілеттілігі мен қаржылық жағдайына, операциялардың табыстылығына талдау жүргізіледі және т. с. с.

Банктердің көбі кезекті бақылау тексеріс барысында параметрлер қатары бойынша несиені қорытынды бағалауды көрсететін қарыздарға рейтинг белгілейді. Кейбір әдістемелерде қарыздарға категориялардың біріне сай номер белгілейді ( 1, 2, 3 . . . ) . Олар « Ең жоғарғы сапа », « Қанағат », « Маржиналды қарыз », « Сыни қарыз », « Есептен шығаруға жататын залалды қарыз ».

Рейтинг бойынша қарыздың жіктелуі банкке несие қоржынының құрамын бақылауға мүмкіншілік береді. Мысалға, « Сыни қарыз » бұрын қоржынның 1, 5 пайызынан кемін құраса, соңғы төңкерістің нәтижесі бойынша 5 пайызын құрады. Қоржынның нашарлау себептерін шешу және жағдайды жөндеуге қатысты шаралар қолдану қажет. Егер сыни қарыздың өсуі нақты шаруашылық саласындағы қарыз алушыға немесе нақты несие түріне байланысты болса, онда осы қарызды беруді қысқарту керек. Тексеріс негізінде жеке несие инспекторларының және банк бөлімшелерінің жұмысын бағалауға болады.

Несиенің жіктелуі несиені басқарудың басты инструменті болып табылады. Себебі, банк тәуекелді жіктейді және несиені жоғалту мүмкіншілігін, сонымен қатар оларды тиімді басқару жолдарын анықтайды.

Клиенттің қаржылық - экономикалық жағдай, оған несиенің негізгі сомасы мен пайызын төлеуге мүмкіншілік бермесе, ал кепілдік құны бұл соманы жабу үшін жетіспеу кезінде, банктің тұрақты жағдайын сақтап қалу үшін резервтерді құру бойынша банкте орынды саясаттың болуы қажет.

  • Банктің несие қызметінен болатын залалды жабуда провизияларды құру керек. Провизиларды құру кезінде мыналар қолданылады:
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің несие қоржынын жіктеу әдістемесі;

коммерциялық банктердің несие қоржынын жіктеудің ішкі әдістемесі.

Несиені жіктеудің критерилері болып мыналар табылады:

  • ағымдағы қаржылық ақпараттың, активтер сомасының, олардың айналыс жылдамдығының, өтімділік көрсеткіштерінің, жеке капитал мен қарызға алынған қаражат арасындағы қатынас, жалпы пайда мен таза пайданың пайыздық өсуінің негізінде қаржылық жағдайды талдау;
  • банк пен қарыз алушы арасындағы қарым - қатынас, клиенттер несие алудың, оны бекіту кезіндегі айтылатын шартты түсінуі және оны қатал түрде орындауы тиіс;
  • банкке берілген кепілдік және несиені кепілдік есебінен өтеу жағдайында оның құны ( оның өтімділігі ) ;
  • несиенің негізгі сомасын және ол бойынша пайызды уақытылы өтеу.

Келтірілген критерилер несиенің қандай класқа жататынын анықтауға көмектеседі. Несие класын анықтау кезінде олардың барлығы ескерілуі тиіс. Несиенің жіктелуі туралы соңғы шешім несиенің өтелуін нақты болжайды.

Несие қоржынынң жіктелуі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1997 жылдың 23 мамырынан № 218 Қаулысымен бекітілген « Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріне қатысты банк активтерінің жіктелуі мен шартты міндеттемелері және олар бойынша провизияны есептеу туралы » Ережесіне сәйкес жүргізіледі.

Несие қоржыны екінші деңгейлі банктермен берілетін барлық несиелер бойынша жіктеледі, яғни қарыз, лизинг, сонымен қатар овердрафт, факторинг, форфейтинг түрінде, вексель немесе басқа да қарыз міндеттемелері жолымен берілген несие аккредитивті ұсыну және жіктеуді жүргізу мезетіне қарай өтелмеген берешек бойынша басқа да несиелеу түрлері.

Егер айтылған критерилер бойынша жіктелетін несие бөлінетін екі несие тобы ( түрлері ) арасында аралық орын алса, онда банк тәуекелін төмендету үшін бұл несиені ең төмен сапалы топқа ( түрге ) жатқызу керек.

Қарыз алушы стандартқа қатысты ұзақ мерзімді ( 3 жылдан жоғары ) несие бойынша мерзімді ұзартудың орынды болуын растайтын құжаттарды өткізу кезінде банк мұндай несиені стандартты несие деп жіктеуге құқылы.

Егер санация тәртібіндегі қарыз алушыға берілген несие сенімді және өтімділікті қамтамасыз етілсе, онда мұндай несиені субстандартты несие деп жіктеуге болады.

Өзінің міндеттемелері бойынша сенімді төлеуші репутациясына ие қаржылай тұрақты қарыз алушыларға берілген банк несиені субстандартты болып жіктеледі.

Несиенің алғашқы жіктелімі несиені беру мезетіне қарай тәуекел деңгейін бағалау негізінде жүргізіледі. Несиенің келесі жіктелімі мен несие қоржынын талдау несие алушылардың қаржылық жағдайы туралы және несиеленетін жобаларды іскем асыру туралы келетін ақпаратты талдау мен қорытуға байланысты ай сайын жүргізіледі. Талдау нәтижесі бойынша қарыз жіктелімі өзгертілуі мүмкін, несие қоржынының сапасын жақсарту бойынша шаралар қолдану мүмкін /14. 111-116б. /.

Енді құқықтық базаны, банктің несие саясатының ролін анықтап, несие қоржынының жағдайын бақылаудың жоспарын әзірлеуден кейін, « Қазақстан Халық Банкі » Акционерлік Қоғамының несие қоржынының жағдайын талдауға тоқталып, оны екінші тарауда қарастырайық.

1. 3 Несие қатынастарын басқарудағы несие саясатының ролі

Несие - қарыз капиталы қозғалысының нысаны болып саналады, яғни қарызға берілген ақша капиталы. Оның көмегімен кәсіпорындардың, жеке секторлардың және мемлекеттің бос ақша капиталы мен табыстары уақытша қолдануға берілген қарыз капиталы үшін төлемге айналып, шоғырланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Халық Банкі Ашық Акционерлік Қоғамының несие қоржынының жағдайын талдау
Банктің проблемалық несиелерді басқаруы тұрғысында несиелік тәуекелін талдау
Банктердің несиелік тәуекелін басқару кезеңдері
Клиенттерге берілген несиелер
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы
Еуразия банк АК
Центркредит банкі
Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының теориялық негіздері
Банк ресурстарын басқару жүйесінде коммерциялық банктердің депозиттік саясатын құру
Коммерциялық банктердің несиелік қызметі: талдау және даму болашағы. «Каспий банк» АҚ негізінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz