Туристік бизнес жүйесіндегі қонақ үй бизнесі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ТУРИСТІК БИЗНЕС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Қазақстанда қонақ үй бизнесінің дамуы мен қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Қазақстан Республикасындағы қонақ үй бизнесінің қазіргі ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
1.3 Қонақ үй бизнесі дамуының халықаралық тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІНІҢ ТУРИСТІК БИЗНЕС ЖҮЙЕСІНДЕГІ РӨЛІН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45
2.1 Алматы қаласында «Қазақстан» қонақ үйіне қысқаша сипаттама ... ... ... ... .45
2.2 Алматы қаласы қонақ үй бизнесі нарығында «Қазақстан» қонақ үйінің отельдер желісіндегі бәсекеге қабілеттілігін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...55

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ МЕН ПРОБЛЕМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .64
3.1 «Қазақстан» қонақ үйінің проблемаларын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .64
3.2 «Қазақстан» қонақ үй бизнесін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .70
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .79

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .81
Тақырыптың өзектілігі: Туризм көптеген елдердің экономикасына әсер ететін маңызды әлуметтік және экономикалық құбылыс болып табылады. Бұл сала мұнай-газ, тамақ, көлік өнеркәсібі салаларына салынатын инвестициялық салымдардың тиімділігімен салыстырғанда жоғары табысты сала болып табылады. Дамыған елдердің экономикалық саяси және әлуметтік тұрақтылығын қолдаудың әлемдік тәжіриебиесі мен практикасы, елдердің географиялық жағдайы, олардың табиғи-климаттық ресурстары және көрікті жерлері болып табылады.
Ұлттық экономиканы реформалау басқарудың механизмдері мен инструменттерін қайта бағыштау туристік ұйымдардың қызметі жүйесіне едәуір өзгерістер енгізді және бірқатар маңызды мәселелерді қалыптастырды. Бұған қоса олар дұрыс демалуды қамтамасыз етуде және Қазақстан халқының денсаулығын нығайту тәрізді маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуде үлкен роль атқарды. Осыған байланысты ел президентінің Қазақстан халқына 2007 жылдың 18 ақпанында жолдаған жолдауында еліміздің экономикасының шикізатты емес саласында ұзақ мерзімді мамандануын анықтайтын болашағы зор кластерлердің бірі туризм болып анықталды, ол республикамыздың қазіргі инфрақұрлымының қалыптасуына және республика аймақтарының дамуына ықпал етеді. Дүние жүзілік туристік ұйым болжауымен, туризімнің дамуы жаңа аймақтардың пайда болуы есебінен жүзеге асуы тиіс, өйткені әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары іс жүзінде рекреацялық сыйымдылық шегіне жетті. Осыған байланысты Қазақстанда туристік қызметтің әлемдік рыногінде өз орнын алуына бірегей мүмкіншілік туды. Соңғы он жылдықта Қазақстан туристік нарыққа белсенді түрде кіреді. Дегенмен туризмнің индустриясын басқару мәселелері аз зерттелген болып табылады. Бұған қоса нарықтық қатынасқа өту жаңа ұйымдастыру формаларын және басқару қатынастарын пайдалану есебінен туристік мекемелерде бәсекелес артықшылықтардың пайда болуына байланысты жаңа проблемаларды шешуді талап етті. Бұл өз кезегінде олардың потенциялын зерттеуді және даму болашағын анықтауды талап етті. Сонымен туристік қызмет нарығын басқару проблемасы Қазақстанда ерекше өзектілікке ие болады және терең теориялық зерттеуді кешенді талдауды, сондай – ақ осы бағытта негізделген ұсынымдарды дайындауды қажет етеді.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы: Қазақстан Республикасында нарықтық экономика жағдайында бәсекеге қабілетті туристік сала қалыптастыру үшін қонақ үй бизнесінің экономикалық механизмдеріне әр түрлі элементтер қосу арқылы жетілдіру болып табылады.
1 Послание Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева народу Казахстан «Казахстан на пути ускоренной экономической, социальной и политической модернизации». - Алматы: Атамура, 2007. – 42 с.
2 Назарбаев Н.А. Казахстан-2034: Процветание, безопасность, улучшение благосостояния всех казахстанцев: Послание Президента страны народу Казахстана. – Алматы: Билим, 1997. – 176 с.
3 Cluster specialization patterns and innovation styles. - Den Haag, 1998. - Р. 5..
4 Воронов А., Буряк А. Кластерный анализ — база управления конкурентоспособностью на макроуровне // Маркетинг.- 2005.- № I. — С. 13.
5 Соколенко С.И.. Промышленная и территориальная кластеризация как средство реструктуризации // Безопасность Евразии.- 2004.- № 1. — С, 435.
6 Кутьин В.М. Территориальная экономическая кластеризация (классификация) регионов России: социально-географический аспект // Безопасность Евразии. – 2005. - № 1. - С. 525.
7 Андрианов А.Ю.Лотар Линцен, БХУ Германия «Кластеры как инструмент развития некоммерческих организаций» электронный журнал // www.journal.vlsu.ru
8 Porter M.E. Clusters and the New Economics of Competition // Harvard Business Review, November-December, 1998. – Р. 77-90.
9 Пилипенко И.В. Конкурентоспособность стран и регионов в мировом хозяйстве: теория, опыт малых стран Западной и Северной Европы. – М.; Смоленск: Ойкумена, 2007. – 496 с.
10 РябченюкЮ. «Автомобильные кластеры в системе региональной экономики» // Автобизнес - 2008 №5- с7 14.
11 Порфиева О.Б. «Промышленные округа в Италии» Стратегии современной экономики geo.1september.ru/articlef.php?ID=200702004
12 Территориально-производственный комплекс - Материал из Википедии свободной энциклопедии ru.wikipedia.org/.../
13 bse.sci-lib.com/article110233.html
14 Краткий экономический словарь. - М., 1987 –С6
15 Пилипенко И.В. «Конкурентоспособность регионов и кластерная политика в России» // www.hse.ru/data/762/332/1234/Пилипенко.doc
16 Аубакиров Я.А. Конкуренция – закономерность рыночных отношений // Материалы международной научно-практической конференции, посвященной 15-летию независимости Республики Казахстан «Национальная конкурентоспособность Казахстана: теория, практика, перспективы». – Алматы, 2008. – Ч.2. – С. 9-14.
18 Герчикова И.Н. Международное коммерческое дело. М. 2001 . с.415
19 Электронный ресурс // www.travel.ru
20 Манильская декларация по мировому туризму от 10 октября 1980 г. Принята Всемирной конференцией по туризму, проходившей в Маниле (Филиппины) с 27 сентября по 10 октября 1980 года // Вахмистров В.П., Вахмистрова С.И. Правовое обеспечение туризма "Изд-во Михайлова". – 2007.
21 Международное право: учебник / Отв. ред. Ю.М. Колосов, Э.С. Кривчикова. – М.: Международные отношения, 2007. – с.776.
22 Барчукова Н.С. Международное сотрудничество государств в области туризма. – М.: Международные отношения. – 1986. – с.7.
23 Статистическая комиссия ЭКОСОС (TSG/18 от 13 октября 2000 г.)
24 Квартальнов В.А. Туризм. М.: Финансы и статистика, 2004. - 320 с.
25 Закон Республики Казахстан от 13 июня 2001 г. Закон Республики Казахстан от 13 июня 2001 г.
26 Руководство по статистике международной торговли услугами. Приложение VI. Перечень классификационных услуг по секторам (GNS/W/120). – 2006.
27 Вспомогательный счет туризма: рекомендуемая методологическая основа. Евростат. 2004.- с.39.
28 Гостиничный и туристический бизнес. - М.: Ассоциация авторов и издателей «Тандем», 1998. – 342 с.
29 Семенович А.Х. Основы управления в индустрии гостеприимства. - М.: Аспект Пресс, 1995. – 264 с.
30 Электронный ресурс // http://globorama.ru/
31 Электронный ресурс // www.kedem.ru/voyaj/restaurant/
32 Кабушкин Н.И., Бондаренко Г.А. Менеджмент гостиниц и ресторанов: Учеб. пособие. — 2-е изд. — Мн.: Новое знание, 2001. — 216с.:
33. SKYTRAX World Airline Awards // www. buklib.
34 Электронный ресурс // www.stern.kz/
35 Ильина Е. Н. Менеджмент транспортных услуг: учебник. - М.: РМАТ, 1997. – 295 с.
36 Яковлев Г.А. Экономика и статистика туризма: учебное пособие. М.: Издательство РДЛ, 2008.- 224 с.
37 Текущее состояние туристского рынка // www.unwto.org/index_r.php
38 Архангельская О. Мировой туризм меняет ориентиры // Экономика и время. – 2005. - №41 (428). - С.68-71.
39 Квартальнов В.А. Мировой туризм на пороге 2000 года: прогнозы и реальность. - М.: Финансы и статистика, 1998. – 380 с.
40 Бродель Ф. Время мира: Материальная цивилизация, экономика и капитализм 15-18 вв. - М.: Перспектива, 1992. – 450 с.
41 Борисова Ю.Н. Маркетинг в туризме. М.: Рос. Межд. академия туризма, 1996. – 56 с.
42 "Эксперт Северо-запад" ?27-28 21 шілде 2005 жыл
43 "ИМИДЖ-Контакт" консалтинговая группа. "PR сегодня: новые подходы, исследования, международная практика
44 Отчеты компании Deloite за 2009г. // www.deloitte.ru
45 Созиева З. И. Формирование стратегии кластерного развития туристско- рекреационного комплекса региона: -автореф... канд.экон.наук: - Москва, 2011.- 25
46 Tourism-review on line Magazine 2034.
47 Создание туристского национального бренда // www.tours.kz.
48. VSO’s WorldWise Tourism Campaign (2001). “Travelling To A Fairer World: Can Tourism Help Combat Global Poverty?”.
48 Журнал // Туризм. - 1999. № 37
49 http://www.turkey.com
50 Мустафа Боз - к.э.н.,Гульзат Айтбаева – студентка 1 курса магистратуры
Значение устойчивого туризма в развитии туризма // alternativetourism.org/tourism
50 Основные факторы развития туризма в Испании// www.spain.com.
51 Электронный ресурс www.travel.ru
52 Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігінің 2034-2034 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары (ҚР Үкіметінің 31 желтоқсан 2011 №2340 қаулысы)
53 Электроный ресурс www.stat.kz
54 Электронный ресурс курсив
55 Қазақстан Республикасында 2009-2037 жылдарға арналған туризмді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы
56 Данные Министерства внутренних дел РК. за 2007-2010 годы .
57 Транспортное обеспечение тупризма в РК // government.kz/.../turizm_ru.htm.
58 Күмісжан Байжан «Батыс Еуропа- Батыс Қытай жолы» // Егемен Қазақстан Алматы, 27 Қаңтар 2034.
59 Отчет Министерства транспорта и коммуникаций РК за 2005-2010 гг.
60 С.К.Тажиева «Подготовка кадров для туристского кластера»// Фининсовый механизм повышения инновационной активности в РК // международная конференция, Алматы 2011.
61 Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 марта 2001 года N 333 (Специалисты: Мартина Н.А.,Цай Л.Г.) (САПП Республики Казахстан, 2001 г., N 10, ст. 109). Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по туризму и спорту от 24 марта 2000 года N 1-1-2/74 (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18.04.2000 г. за N 1116)
62 Айгуль Турысбекова - Национальное информационное агентство "Казинформ
63 Жантемиров А.Ж. Реализация и возможности туристического рынка Казахстана // Деловой мир. - 2008. – 5 сентября.
64 Влияние кризиса на ресторанный бизнес // www.inform.kz 2011
65 Уахитова Г.Б. Состояние и тенденции развития Казахстанского туристкого рынка // Вестник КазНУ. Серия экономическая. – 2009. - №5. – С. 107-111.
66 Официальный саит Мангыстауской области // www.mangystau.kz/
67 Р.Искандеров: На грани моря и пустыни. Развитие туризма в Казахстане//www.centrasia.ru
68 Электронный ресурс // www.aktau-business.com/
69 Мастер-план создания и развития туристского кластера Мангыстауской области до 2037 года
70 Sergey Shmateyev aktau-business.com
71 Есназар Султанов, Актау Актау-Сити, город эконом-класса. // www.kazpravda.kz
72 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2011 – 2037 жылдарға арналған стратегиялық жоспары // ҚР Үкіметінің 2010 жылғы «23» желтоқсандағы № 1204 қаулысымен бекітілген
73 Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 января 2004 года № 100 Об утверждении ставок лицензионного сбора за право занятия отдельными видами деятельности(с изменениями и дополнениями по состоянию на 11.05.2008 г.)
74 Положение о Департаменте развития туризма и спорта и международного сотрудничества
75 Поправки в закон об особо охраняемых территориях способствуют разрушению ценных природных территорий страны- экологи news.gazeta.kz/art.asp?aid=104753
76 Закон РК от 7 июля 2008 года №175-III ЗРК Об особо охраняемых природных территориях (по состоянию на 21 января 2034 года)
77 Экологическая экспертиза // 17 ноя 2010 ... Алматы. 17 ноября. "Казахстан Сегодня"...news.gazeta.kz/
78 Новости / Экология текст: "Kazakhstan Today"v.zakon.kz/our/news/news
79 Айжан Шалабаева На местах закон не писан// Деловой еженедельник «Бизнес&Власть» [16.01.2010].
80 Стратегия индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2005-2037 годы.
81 К.Нарибаев, С.Джумабаев, А.Нусупова «Инновационный менеджмент» Алматы «Қазақ университеті» 1998г.
82 У.К. Шеденов «Социально- экономические аспекты инноваций и конкурентоспособности страны». Материалы международной научно- практической конференции, посвященной 75- летию КазНУ им. Аль- Фараби.13-14 ноября 2010 года C.312 стр.8.
83 А.Н. Тулембаева «О вопросах кокуреции и конкурентоспособности в условиях глобализации» Материалы международной научно- практической конференции, посвященной 75- летию КазНУ им. Аль- Фараби.13-14 ноября 2010 года C.312 стр. 229.
84 Новиков В.С. Инновации в туризме: учеб. Пособие для студ. высш. учеб. заведений/ В.С. Новиков. - М.: Издательский центр «Академия», 2009. - 208 с.;
85 Кельбуганова Л.Ж., Рахимбекова Ж.С. Информационные технологии в управлении туризмом // Вестник КазНУ. Серия экономическая. – 2010. - №1 (29). – С.91-94.
86 Национальная_инновационная_система/ ru.wikipedia.org/.../
87 Freeman, C. The Economics of Hope Essays in Technical Change. Economic Growth and the Environment. London; New York: Pinter, 1992.
88 Lundvall, B.-A. (ed.). National Systems of Innovation: Towards a Theory of Innovation and Interactive Learning. London: Pinter Publishers, 1992.
89 Nelson, R. (ed). National Innovation Systems. A Comperative Analysis. Oxford: Oxford University Press, 1993
90 Иванова, Н. И. Формирование и эволюция национальных инновационных систем. М.: ООД ИМЭМО РАН, 2001.
91 Орешников А. Институциональные аспекты развития и взаимодействия национальных инновационных систем стран Европейского союза // Журнал международного права и международных отношений. — 2008.
92 Иванов, В. В. Методологические аспекты формирования национальных (государственных) инновационных систем // Экон. стратегии. 2004. № 6. С. 95—99.
93 Леонтьев Л. И. О формах и методах стимулирования инновационной деятельности // www.uran.ru/rasrabotki/report.../r.htm
94 Севастьянова С.А. Региональное планирование развития туризма и гостиничного хозяйства: учебное пособие / С.А. Севастьянова. - М.: КНОРУС, 2009.- 256 с.
95 Fidelio hotel system // http://www.hrs.ru/
96 OPERA Enterprise Solution - cистема управления отелем // www.hrs.ru/prodsols/hotels/opera.php
97 Hotel H2O selects Amadeus Property Management System // www.amadeus.com/hotels/x154064.xml
98 «Технологии в гостиничном бизнесе» // Kz журнал цифровой цивилизации Digital www.dgt.
99 Карачаровский «ИКТ в ресторанном бизнесе – насущная потребность или опережение времени?» www.cnews.ru/.../restaurant
100 Ильина Е. Н. Менеджмент транспортных услуг: Учебник. - М.: РМАТ, 1997. – 295 с.
101 Казахстанская кластерная инициатива. Туризм // www.cluster.kz.
102 В. Голубятников «Воздухоплавание – традиции плюс инновации» жур. Наука и жизнь №4 2009 год.
103 Алтынбаева Б.А. Рынок туристических услуг. Учебное пособие: Основы рыночной инфраструктуры. – Алматы: Экономика, 1997. – 125 с.
104 Сухова Л.Ф. Кластеры как прогрессивная форма инновационного развития // Материалы международной научно-практической конференции, посвященной 15-летию независимости Республики Казахстан «Национальная конкурентоспособность Казахстана: теория, практика, перспективы». – Алматы, 2008. – Ч.2. – С. 177-180.
105 53 Щурова А., Кантарбаева Ж. Рынок туруслуг в Казахстане // Аль-Пари. - №7. - 1997. – С.25-31.
106 Электронный сайт Акимата города Алматы // www.almaty.kz.
107 «Экономический проблемы регионов и отраслевых комплексов» Белякова Е.В
108 Мухтарова К.С, Тажиева С.К. «Обзор теорий кластерного развития»// Вестник КазНУ №1 (77) Алматы, 2034г.
109 Сабитов Р.А Основы научных исследований: Учебное пособие / Челяб. гос. ун-т. Челябинск, 2004. 138 с.
110 Сахарчук Е.С.О критериях оценки турресурсов Краснодарского края, г. Москва.
111 Кабушкин Н.И., Дурович А.П. Организация туризма. Минск: Новое знание, 2005
112 Исмаев Д.К. Основная деятельность туристской турфирмы (на примере российского турбизнеса). М.: ООО «Книгодел»: МАТГР, 2007. 158 с.
113 Дурович А.П. Маркетинг в туризме: Учеб.посо-бие.- Мн.: Новое знание, 2008.- 496с.- 2 н.а., 2 ч.з., 6 уч.а.
114 Юрлина Н.А. Введение в специальность социально-культурный сервис и туризм. М.: ГИНФО, 2001.
115 Караневский П. И. Комплексная методика оценки потенциала культурных и природных объектов туризма. Статья опубликована в Сборнике научных- статей «Туризм и региональное развитие», Выпуск 5 (V Международная научно-практическая конференция)

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 91 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 туристік бизнес жүйесіндегі қонақ үй бизнесінің теориялық
аспектілер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...5
1.1 Қазақстанда қонақ үй бизнесінің дамуы мен қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Қазақстан Республикасындағы қонақ үй бизнесінің қазіргі
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
1.3 Қонақ үй бизнесі дамуының халықаралық
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ..31

2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІНІҢ Туристік бизнес жүйесіндегі рөлін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .45
2.1 Алматы қаласында Қазақстан қонақ үйіне қысқаша
сипаттама ... ... ... ... .45
2.2 Алматы қаласы қонақ үй бизнесі нарығында Қазақстан қонақ үйінің
отельдер желісіндегі бәсекеге қабілеттілігін
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...55

3. Қазақстан Республикасының қонақ үй бизнесінің даму перспективалары мен
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64
3.1 Қазақстан қонақ үйінің проблемаларын
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .64
3.2 Қазақстан қонақ үй бизнесін жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .70
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .79

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..81

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Туризм көптеген елдердің экономикасына әсер
ететін маңызды әлуметтік және экономикалық құбылыс болып табылады. Бұл сала
мұнай-газ, тамақ, көлік өнеркәсібі салаларына салынатын инвестициялық
салымдардың тиімділігімен салыстырғанда жоғары табысты сала болып табылады.
Дамыған елдердің экономикалық саяси және әлуметтік тұрақтылығын қолдаудың
әлемдік тәжіриебиесі мен практикасы, елдердің географиялық жағдайы, олардың
табиғи-климаттық ресурстары және көрікті жерлері болып табылады.
Ұлттық экономиканы реформалау басқарудың механизмдері мен
инструменттерін қайта бағыштау туристік ұйымдардың қызметі жүйесіне едәуір
өзгерістер енгізді және бірқатар маңызды мәселелерді қалыптастырды. Бұған
қоса олар дұрыс демалуды қамтамасыз етуде және Қазақстан халқының
денсаулығын нығайту тәрізді маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуде үлкен
роль атқарды. Осыған байланысты ел президентінің Қазақстан халқына 2007
жылдың 18 ақпанында жолдаған жолдауында еліміздің экономикасының шикізатты
емес саласында ұзақ мерзімді мамандануын анықтайтын болашағы зор
кластерлердің бірі туризм болып анықталды, ол республикамыздың қазіргі
инфрақұрлымының қалыптасуына және республика аймақтарының дамуына ықпал
етеді. Дүние жүзілік туристік ұйым болжауымен, туризімнің дамуы жаңа
аймақтардың пайда болуы есебінен жүзеге асуы тиіс, өйткені әлемдік туристік
рыноктың дәстүрлі аудандары іс жүзінде рекреацялық сыйымдылық шегіне жетті.
Осыған байланысты Қазақстанда туристік қызметтің әлемдік рыногінде өз орнын
алуына бірегей мүмкіншілік туды. Соңғы он жылдықта Қазақстан туристік
нарыққа белсенді түрде кіреді. Дегенмен туризмнің индустриясын басқару
мәселелері аз зерттелген болып табылады. Бұған қоса нарықтық қатынасқа өту
жаңа ұйымдастыру формаларын және басқару қатынастарын пайдалану есебінен
туристік мекемелерде бәсекелес артықшылықтардың пайда болуына байланысты
жаңа проблемаларды шешуді талап етті. Бұл өз кезегінде олардың потенциялын
зерттеуді және даму болашағын анықтауды талап етті. Сонымен туристік қызмет
нарығын басқару проблемасы Қазақстанда ерекше өзектілікке ие болады және
терең теориялық зерттеуді кешенді талдауды, сондай – ақ осы бағытта
негізделген ұсынымдарды дайындауды қажет етеді.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы: Қазақстан Республикасында нарықтық
экономика жағдайында бәсекеге қабілетті туристік сала қалыптастыру үшін
қонақ үй бизнесінің экономикалық механизмдеріне әр түрлі элементтер қосу
арқылы жетілдіру болып табылады.
Республикада қонақжайлылық индустрия кәсіпорындарының дамуында негізгі
тенденцияларға (беталыс) тек қана соңғы 10 жылдағы анық белгіленген
тендецияларды (беталыс) жатқызуға болады:
- қонақ үй және мейрамхана ұсынысының мамандандырылуын тереңдету
- халықаралық қонақ үй және мейрамхана жолдарын құру
- кішігірім кәсіпорындар жүйелерін дамыту, қонақжайлылық индустриясына
жаңа компьютерлік технологияларды енгізу.
Қонақжайлылық кәсіпорындардың мамандандырылуын тереңдету халықаралық
тізбектің құруы сияқты маңызды беталыспен байланысты, оның өзі қызмет
көрсетудің жоғары стандарттарымен алға басуында және дайындалуында үлкен
рольді атқарады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Туризм дамуының теориялық және ғылыми-
тәжірибелік аспектілері келесі шет елдік ғалымдардың еңбектерінде көрініс
тапқан: Ден Хаак, М. Портер, А. Маршалл, И. Тюнен, П. Ротх, A. Шранд, Е.
Сайтц, В.Г. Meйер, Р. Баррас, И. Беннет, И. Браун, Д. Дэвидсон,
Туристік сала мәселелерімен айналысатын ресейлік экономисттер ішінен
келесілерді атап көрсетуге болады: Е.Н. Ильин, В.А. Квартальнов, И.Т.
Балабанов, А.С. Запесоцский, Н.В. Буторов, А. Воронов, С.И. Соколенко,
В.М. Кутьин, А.Ю. Андрианов.
Отандық экономикалық әдебиеттер ішінде туризмнің даму мәселелерімен
айналысқан ғалым-экономистерді атап көрсетейік: Ө.К. Шеденов,
К.С.Мухтарова, С.С. Сатылбалды, Д.К.Ильясов, Г.М. Дуйсен, У.Б. Баймуратов,
С.Р.Ердавлетов, А.Н. Тулембаева, Ж.С Рахимбекова және т.б. бар.
Қазақстан экономикасында туристік бизнес қалыптастыру мәселесін келесі
авторлар зерттеген: Я.А. Аубакиров, Р. Елемесов, К.С. Мухтарова, С.Б.
Байзаков, Л.Ф. Сухова, С.Н. Нысанбаев, А.Н. Тулембаева және т.б.
Зерттеу пәні- Қазақстан Республикасында туристік бизнес жүйесіндегі
қонақ үй бизнесін қалыптастыру мен дамытудағы қалыптасатын экономикалық
қатынастар.
Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде Қазақстан Республикасының туризм
бойынша заңдары мен нормативтік актілері, туризмді дамыту бойынша Ұлттық
бағдарламалары, Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлықтары,
Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасының
министірліктері мен ведомствалары, ҚР туризм және спорт Министрлігінің
туризм индустриясы Комитетінің, туризм бойынша арнаулы басылымдардың
есепті материалдары мен статистикалық мәліметтері болды. Қазақстан
Республикасының статистика және талдау жөніндегі Комитеттің материалдары
мен статистикалық мәліметтері, халықаралық ұйымдарының бағалау және
статистикалық мәліметтері қолданылды.
Дипломдық жұмыс объектісі: Қазақстан қонақ үйі.
Мақсаты: Туристік бизнес жүйесіндегі қонақ үй шаруашылығының қазіргі
жағдайын қарастырып баға беру.
Міндеттері:
1.Қонақ үй бизнесінің туризмге әсерін қарастыру, оған талдау жасау.
2. Қазақстан қонақ үй шаруашылығының жай күйін көрсету.
3. Қазақстан туризм кластерінің қонақ үй шаруашылығының дамуына
ықпалын қарастыру.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды, пайдаланған
әдебиеттер, қосымшадан тұрады.
1. туристік бизнес жүйесіндегі қонақ үй бизнесінің теориялық
аспектілер
1.1 Қазақстанда қонақ үй бизнесінің дамуы мен қазіргі жағдайы

Туризм - демалу мақсатында, іскерлік және өзге мақсаттарда қатарынан
бір жылдан аспайтын кезең ішінде саяхаттайтын және әдеттегі ортасынан тыс
жерде орналасқан орындарда болуды жүзеге асыратын адамдар қызметі.
Туристік бизнес - әлемдік шаруашылықтың едәуір тез дамитын
салаларының бірі. Халықаралық туризм үш ірі экспорттық саланың құрамына
мұнай және көлік өндіретін салалардан кейін кіреді. Басқа ақпараттар
бойынша туризм әлемдік шаруашылықтың ең тиімді саласы болып табылады.
Туризм индустриясында жер бетіндегі барлық жұмыс күшінің 60 пайызы жұмыспен
қамтылған.
Әлемдік табыс туризмнен 1998 жылы әуе тасымалдау сатылымдарынан
түскен түсімді есептемегенде 44467 млрд. $ құрады.1995 жылы ол 372 млрд. $,
1950 жылы 261 млрд $ құрады.
Болжамға сәйкес 2001 жылы туризмнен алынған табыс әлемде 621 млрд $
жетті. 2020 жылы ол триллион долларға дейін жетеді. ДЖС ұйымының бағалауы
бойынша 2011 жылы туристердің саны 1018 млн адамға дейін ұлғаяды [2].
Туризмнің әлемдегі маңызы әрқашан өсіп отырады, бұл жекеленген
елдердің экономикасына туризмнің әсерінің өсуімен байланысты. ЕҚ елдерінің
және басқада өнеркәсіптік дамыған елдерде туризмнен алынатын табыс жалпы
ішкі өнімнің 5,5 пайызын құрайды.
Туристік бизнес кәсіпкерлер үшін әртүрлі себептермен тартымды:
- алғашқы инвестиция көлемінің шағындығы;
- туристік қызметтерге сұранымның өсуі;
- рентабельділік деңгейінің жоғарлығы;
- шығынның өтелу уақытының төмендігі;
Туризмнің тиімділігі келесі функциялардың жиынтығынан тұрады:
1.Туризм валюталық түсімнің көзі және ел ішіндегі халықты жұмыспен қамтудың
құралы;
2.Туризм елдің төлем балансына салымдарды кеңейтеді;
3.Туризм осы салаға қызмет көрсететін салаларды дамыта отырып экономиканың
диверсификациялануына ықпал етеді; құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, халық
тұтынатын тауарлар өндірісі т.б.
Туризм пайдалылығына қарамастан батыс елдерінің престижін нығайтатын,
оның маңызының әлемдік қоғамдастық және қатардағы азаматтар алдында өсуінің
мықты факторларының бірі болып табылады. Туризмнің аймақ бойынша дамуы
бірқалыпты болмайды: ең жоғары өсу қарқыны Азия және Тынық Мұхит елдерінде
күтіледі, Еуропа және Америка елдерінде ол жалпы әлемдіктен төмен болады.

1 кесте - 2020 жылға туристтерді қабылдау бойынша алғы шептегі елдер
[2]

Ел Туристердің келіп Дүниежүзілік селде1995-2020 – ғы
жетуі, млн адам. үлесі ,% жылдық орташа
мөлшер өсу шегі,%
Қытай 137,1 8,6 8,0
АҚШ 102,4 6,4 3,5
Франция 93,3 5,8 1,8
Испания 71,0 4,4 2.4
Гонконг 59,3 3,7 7,3
Италия 52,9 3,3 2,2
Ұлыбритания 52,8 3,3 3,0
Мексика 48,9 3,1 3,6
Ресей 47,1 2,9 6,7
Чехия 44,1 2,7 4,0

Жоғарыдағы мәліметтерден көріп отырғанымыздай 2020 жылы Қытай адамдар
көп келетін туристік орта болуы тиіс. Сондай-ақ жоғары өсу қарқыны Гонконг
және Ресей елдерінде де күтілуде. Қытай мен Гонконг үлесі туристердің жалпы
әлемдік ағымынан 12,3 пайызды алады. Әсіресе ерекше өзгеріс Ресейде
болжамдалуда: 2020 жылы елден шығатын туристердің саны 1,5 есеге артады.
Европа елдерінің ішінде Чехия үлкен жетістікке қол жеткізеді. Қазіргі
уақытта мемлекет экономикасының дамуы, жеке тұлғалардың сұранысын
қанағаттандыру, елдер арасында әлеуметтік байланыстарды өзара байыту үшін
туризмнің маңызын және рөлін асыра бағалау мүмкін емес. Көптеген елдер
экономикасында туризм индустриясы маңызды орынға ие. Оның дамуы жұмысшы
орындарының кеңейтілген нарығын көрсетеді [4].
Халықтың едәуір туристік қозғалысы Нидерландия, Германия, Ұлыбритания,
Канада және Жапония елдерінде күтілуде, мұнда осы елдердің бір адамына бір
жылда шет елге шығу 1,5-2-ден келеді. Алғашқы ондыққа кіретін басқа
көптеген елдерде туристік қозғалымдар айтарлықтай төмен.
ХХ ғасырдың соңында ХХІ ғасырдың басында туризм толық халықаралық
және интернационалдық болды, мұның өзіне екі өзара байланысқан факторлар
әсерін тигізді: бір жағынан туристік кәсіпорындардың табысын көбейту, үлкен
пайда алу үшін фирмалар дүние жүзі бойынша саяхат географиясын кеңейтеді,
екінші жағынан тиімді болу үшін туристік бизнес халықаралық деңгейде
инвестициялануы керек [5].

2 кесте -2020 жылға туристтердің шығуы бойынша алғы шептегі елдер [2]

Ел Туристердің шығуы Дүниежүзілік ағымдағы
млн адам үлесі ,%
Германия 163,5 10,2
Жапония 141,5 8,8
АҚШ 123,3 7,7
Қытай 100,0 6,2
Ұлыбритания 96,1 6,0
Франция 37,6 2,3
Нидерланд 35,4 2,2
Канада 31,3 2,0
Ресей 30,5 1,9
Италия 29,7 1,9
Барлығы 788,9 49,2

Осындай мысалдарды қонақ үй корпорация сферасында да, және Холидей
Инн, Нур-туристик және т.б агенттік – операторлар бизнесінде де
көрсетуге болады.
Аймақтық туризм бірқалыпты емес дамиды, және де көп жағдайда жиірек
келесі туристік аймақтар бөлініп шығады. Еуропа, Америка, Шығыс Азия мен
Тынық мұхит ауданы, Африка, Жақын Шығыс елдері, Оңтүстік Азия. Дүние
жүзінің аймақтарға пропорционалды емес бөлінуі жөнінде нақты жауап беру
мүмкін емес; берілген аудандардың бірдей емес территориялары салыстырмалы
сипаттама жүргізуге мүмкіндік бермейді, өйткені ресурстар бойынша жер
шарының әр түрлі бөліктерінің дамуын салыстыру мүмкін емес .Туристік
қозғалыстың тек дамуын ғана салыстыруға болады.
Мысалы: соңғы он жылда туризмнің артуы және туристік пайданың өсімі
өзгеріссіз және ол үлкен жетістікпен Жақын Шығыс және Оңтүстік Азия
аймақтарында байқалады. Өздерінің салыстырмалы азғантай территориясына
қарамастан оларда туристік қызмет көрсетудің әжептеуір маңызды жерлері
бар, мұның өзі статистиктердің, туризм бойынша мамандардың, маркетолог және
кәсіпкерлердің едәуір қызығушылығын тудырады.
ХХ ғасырдың соңында және ХХІ ғасырдың басына дүние жүзінде туризмнің
өсуі және дамуы бүтіндей алғанда тұрақты деп мойындауға болады. Бірақ,
Азия аймақтарында болып жатқан экономикалық дағдарыс қатармен
түсіндірілетін 1997 -1998 жылдары туристік бизнесте қандайда бір құлдырау
байқалса да туристтер саны орташа есеппен жылына 4% - өсуде [6].
Соңғы жылдары Африка, Жақын Шығыс елдері, Шығыс Азия және Тынық
мұхиты аймақтарында туризмнің интенсивті қарқыны байқалады, Еуропада
өсім қарқынының едәуір төмендеуіне қарамастан, ол келушілер саны бойынша
(385,9 млн. адам 2004 жыл) өзінің біріншілігін сақтауда.
Сапарға шығу және ішкі туризм сферасында қонақ үй бизнесі туристер
үшін қызмет көрсетудің бүтін комплексін құрайды және туристік бизнестің
дүниежүзілік жүйесінде бәсекеге қабілетті Қазақстанда туризм дамуының
болашағын анықтаушы негізгі факторы болып табылады.
Туристік қызметтер, соның ішінде қонақ үй қызметтері әлеуметтік-
мәдени қызмет көрсетулерге жатқызылады. Олар қазіргі қонақжайлылық
принципінде құрылады, мұның өзі отандық туризм дамуында олардың ролін
арттырады, сондай – ақ туристік- қонақ үй сервисі үшін мамандарды дайындау
жүйесінде белгілі есептерді қояды.
Қонақжайлылық индустриясы ұжымдық және дербес орналастырудың әр түрлі
құралдарын құрайды: отельдер, қонақүйлер, мотельдер, жастар хотельдері мен
жатақханалар, аппартаменттер, туристік баспаналар, сондай – ақ туристерді
орналастыруда қатысатын жеке меншік секторлары [7].
Экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қонақүй индустриясы қонақ
үйлерде, мотельдерде, кемпингтерде және орналастырудың басқа да
құралдарында төлем ақыға қысқа мерзімді тұруды ұйымдастыруды және қызмет
көрсетуді ұсынады.
Көрсетілімнің ең тартымды және мәнді обьектілері республиканың
оңтүстігінде орналасқан Қазақстанның ең бірінші жаңа қоныстанушылар ретінде
белгілі қоныстану пунктері, олар: Түркістан, Отырар, Баба – ата, Испиджап
(Сайрам), Тараз, Мерке, Талхиз (Талғар), Қойлық (Талдықорған) [13].
Сол кезде Қазақстан туристік жоспарда өз қызығушылығын ұсынады.
Бірінші ғасырдан басталып біздің эрамызға дейінгі республикамыздың бай
тарихы, сирек материалдық тарихи ескерткіштер, өз тұрмысымыздың мәдениеті,
саяси тұрақтылық, республиканың жариялылығы және оның ынтымақтастығына
дайындығы – мұның барлығы туристік индустрияның қарқынды дамуына ықпал
етеді.
Керісінше, көшпелі туризм жақсы емес уақыттарды басынан өткізуде.
Қазақстанға шетел қонақтарының келуі мен қызығушылығының шыңы 1994 жылға
келді, бұл уақытта бізге іскерлік, жеке және танымдылық мақсатымен
демалысқа 450 мың туристер келді.
Бірақ, 1996 жылы олардың саны 141,1 мың адамға дейін төмендеді. Шетел
туристерінің келу мерзімі де қысқарды. Шетел қонақтары үшін республикамызға
да қызығушылық төмендеді, мұның өзі туризм инфрақұрылымының
дамымағандығымен және саланың материалдық – техникалық базасының
әлсіздігімен түсінідіріледі. Қолымыздағы бар орналастыру құралдары
жабдықталғандықтың және техникалық жабдықтаудың өте төменгі деңгейімен
ерекшеленеді, бұл отандық туристік қызмет көрсетудің бәсекеге қабілетсіз
екендігін көрсетеді. Халықаралық стандарттар деңгейінде сервисті Алматыдағы
тек жеке жоғары классты отельдер көрсете алады: Хайят-Ридженси және
Риджент-Алматы 5 жұлдызды қонақүйлер, Достық Интер Отель, 3 жұлдызды
Астана, Премьер Алатау отельдері, Алма Арасан тамаша шатқалында
орналасқан Кумбель VIP-Отель, сондай-ақ Астана қаласындағы Астана-
Интерконтиненталь бес жұлдызды отелі. Бірақ олардың қызмет көрсетілуі өте
қымбат және шетел азаматтарының шамалы ғана бөлігі пайдаланады [8].
Республикааралық байланыстың үзілуі бірыңғай туристік кеңістікке кері
әсерін тигізді.
Көшпелі туризм дамуын тоқтатушы факторларына сүйене туристік сапарлар
құрылымын жақсартуға және пайданың өсуіне әсер етуші жағымды факторлар
қатарының әсерін мойындау керек, яғни шетел валюталарын жоғары сатып алу
қабілеттілігі; шетел компания капиталдарының құйылуының кең сферасы мен
игерілмеген өткізу нарығының бар болуы; Қазақстан және ТМД-ның үлкен бөлігі
бойынша еркін ауысуы, сондай-ақ шетел қонақтарын қабылдауға дайын жаңа
қалалардың санын өсіру.
Ағымдағы жылдың І жарты жылдығына сәйкес олар 1197,4 млн.
теңгеге өнімді сатты, жұмыс, қызмет көрсетілді, қызметтің негізгі түрі
бойынша 1055,4 млн. теңгеге қызмет көрсетілді. Соның ішінде мемлекеттік
меншік формасындағы туристік кәсіпорындар 15,4 млн.тг. (қызмет көрсетілді –
14,1 млн.тг.), жеке фирмалар – 1174,9 млн.тг. (қызмет көрсету-1034,3
млн.тг), шетел фирмалары – 7 млн.тг. (қызмет көрсету – 6,9 млн.тг).
Ағымдағы жылдың І жарты жылдығында туристік кәсіпорындардың
шаруашылық қызметтің нәтижесі олардың өзін-өзі ақтамаушылығын көрсетті және
ол 25,9 млн. теңге болды. Барлық меншік формасындағы кәсіпорындардан
қорларға түскен аударымдар мен бюджетке түскен төлемдер 36,4 млн.теңгені
құрады.
Туристерді Республикаға тартуда қонақ үй шаруашылығының жұмыс
қарқындылығы өседі: бір адамға шаққанда тәулігіне бір нөмер үшін 773 тг
(1999 жылдың соңы), 7213 теңге-2010 жылдың желтоқсан айы, едәуір табыста
өседі.
Туризмді дамыту үшін туризім сипатамасын өзгерту қажеттілігі белгілі
мәнге ие. Туризмнің өткен жылдары топтық туризмді ұйымдастыруға
негізделген, сол уақытта дүние жүзілік тәжірибе көрсеткендей туристердің
негізгі бөлігі жеке саяхаттануды құмартады. Туризм индустриясының алдында
көтерілген мәселелерді шешу үшін экономикалық қарым- қатынастардың әр-
түрлі формаларын пайдалану қажет: шетел инвесторларымен бірігіп фирмаларды
құру, жаңа туристік объектілерді салу, жеке бастамаға (инициатива) еркіндік
беру [10].
Қонақ үй шаруашылығымен туризм сферасында статистикалық есепті
жақсарту қажет, онда атап өткен сфералардың жұмыс істеуі және дамуының
барлық қызықтыратын жақтарын (мемлекттік басқару органдарын, баспасөзді,
кәсіпкерлерді, статистиканы және т.б.) толық көлемде бейнелеуге болады
[15].
Министірліктермен және ведомоствалармен, ҚР мемлекеттік шекарасын
қорғау қызметімен, кедендік қызметпен іскерлік байланысты тәртіпке келтіру.
Саланың көріну келешектері үміттендіреді. Мамандар дүние жүзілік туристік
нарықта ҚР- ның мәні әрі қарай өсуін болжаулайды. Бірақ, еліміздің туристік
потенциалын тиімді пайдаланылуын армандай отырып, негізгі және шұғыл міндет-
саланың қазіргі инфрақұрылымын, және ең алдымен, халықаралық стандартқа
жауап беретін орналастыру секторын құру жөнінде міндетті есте сақтаймыз.
Қонақ үй бизнесін туристік бизнес, сондай-ақ туризм мен қонақжайлылық
индустриясынан бөліп қарастыруға болмайды, керісінше, оның маңызды
құраушысы ретінде жүреді.
Соңғы кездері қонақ үй бизнесі әлемде пайдалы бизнестің біріне
айналды. Ол өзімен қоса туризмді дамытады. Ал туризм болса, әлеуметтік
тұрмыстық инфрақұрылымның салааралық кешені ретінде әлемдік экономикада
басты рөлді алады, әлемдік ұлттық өнімнің 110 бөлігін қамтамасыз етеді.
Сондықтан да алдағы кезеңде оның ең маңызды факторына айналмақ.
Қонақ үй бизнесі көңіл көтеру және туризм индустриясының құрамды
бөлігі болып табылады. Туризм индустриясында маңызды орынға орналастыру
құралдары ие болған. Бүкіләлемдік туристік ұйымның (БТҰ) ұсыныстарына
сәйкес барлық орналастыру құралдарын екі категорияға – коллективтік және
жеке деп бөліп қарастырады. Олар 3 кестеде көрсетілген.

3 кесте –Туристерді орналастыру құралдарының жіктелімі

Туристерді коллективтік орналастыру құралдары
Қонақ үйлер және қонақ үйге ұқсас орналастыру құралдары
Қонақ үйлер –нөмірлерден тұратын , көрсетілетін қызметтерге және
елдің стандарттарына сәйкес класстар мен категорияларға
топтастырылған , бірыңғай басшылығы бар және түрлі қонақ үй
қызметтерін ұсынатын обьект.
Статистикалық мәліметтер бойынша олар былай ажыратылады:
А} көлемі бойынша:100 нөмірге дейін, 100-ден-300 нөмірге
дейін,300-ден жоғары нөмірлер;
Б}қызмет көрсетудің сапасының деңгейі бойынша:люкс класс
отельдері, бірінші класстағы отельдер, эконом –класс отельдері;
В} басқарылуы бойынша:тәуелсіз, қонақүй желісіне жататындар.
1.1.2 Қонақ үйге ұқсас мекемелер (туристік жатақханалар, жиһаздалған
бөлмелер және басқа мекемелер), олар шектелген қызмет түрлерін
ұсынады.
1.2. Мамандандырылған мекемелер. Орналастырудан басқа қосымша
мамандандырылған функцияны атқарады.
1.2.1. Сауықтыру мекемелері
1.22 Демалыс және еңбек лагерлері
1.2.3 Транспорттың қоғамдық құралдары
1.2.4 Конгресс-орталықтар
1.3 Басқа коллективтік мекемелер
1.3.1 Демалысқа арналған баспаналар
1.3.2 Кемпингтер
2 Туристерді жеке орналастыру құралдары
2.1 Жеке меншік баспаналар
2.2 Жалға алынған бөлмелер
2.3 Жалға алынатын баспаналар
2.4 Туғандарында және таныстарында орналасу
2.5 Тағы басқалар

Нөмір – бір немесе бірнеше орыннан тұратын үй-жай. Оның мөлшері мен
белгіленуі туристік жолдамада көрсітіледі.
Қонақжайлылық индустриясы – қонақтармен қарым- қатынаста қонақжайлылық
принциптеріне сүйенетін ықылас пен мейманшылдық таныту сияқты қызмет
көрсету түрлерінен тұратын кәсіпкерлік түрі.
Қонақ үй – бұл қызметті өндіру мен ұсынуға байланысты күрделі
шаруашылық кешен.
БТҰ анықтамасы бойынша қонақ үй – белгілі-бір нөмір санынан тұратын,
бірыңғай басшылығы бар, қызмет жиынтығын ұсынатын және ұсынылатын
қызметтердің түріне, сапасына және нөмірлердің жабдықталуына байланысты
класстар мен категорияларға топтастырылған коллективтік орналастыру құралы.
Басқару ерекшелігіне байланысты оқшауландырылған және қонақ үй желісіне
кіретін қонақ үйлер болуы мүмкін.
Барлық қонақ үйлерде қызметтің төрт негізгі тобы ескерілген:
- орналастыру;
- тамақтандыру;
- бос уақыт;
- тұрмыстық қызмет көрсету.

Кез- келген қонақ үйдің қажетті жағдайы ретінде екі негізгі
-орналастыру және тамақтандыру қызметтерінің болуы қарастырылады.
Орналастыру қызметінің мазмұны мынада:
Біріншіден, пайдалануға арнайы мекемелер (қонақ үй нөмірлері)
ұсынылады;
Екіншіден. Ұсынылатын қызметтер қонақ үй персоналымен тікелей
байланыста атқарылады.
Орын (койка) – бір адамның пайдалануына арналған жарамды төсек орын
ауданы.
Қонақ үй нөмірлері орналастыру қызметінің негізгі элементі болып
табылады. Ол қонақтардың демалуына, көңілін көтеруіне, жұмыс істеуіне
арналған көп функционалды үй-жай.
Қонақ үй нөиірлерінің ауданы, жиһазы, жабдықталуы, жарықтандыруы
бойынша түрлі категорияларға бөлінеді. Қонақ үйдің категориясына тәуелсіз
әрбір нөмір келесідей жиһаз бен құрал- жабдықтармен жабдықталуы керек:
- төсек;
- бір орынға есептелген кресло немесе орындық;
- киімге арналған шкаф;
- жалпы жарықтандыру;
- қоқыс жәшігі;
- қонақ үй жайлы ақпарат және өрт жағдайына байланысты эвуакация
жоспары.
Қосымша және басқа қызметтерге – бассейн, конференц-залдар, жеңіл
көлікті жалға беру, киім тазалау, шаштараз, массаж кабинеті және тағы басқа
жатады.Қазіргі кезде қосымша қызметтердің қонақ үй кәсіпорындарының
нарықтық тартымдылығын қалыптастыруда маңызы өте зор.
Қонақ үй бизнесін басқаруда қызметтердің негізгі қасиеттерін атап
өткен жөн. Олардың негізгі сипаттамалары 4 кестеде көрсетілген.

4 кесте – Қызметтің негізгі сипаттамалары және басқару проблемалары

Қызмет сипаттамалары Басқару проблемалары
Қызметтің сезілмейтіндігі Стандарт үлгілерін ұсынудағы
қиындықтар:тұтынушы үшін қызметті сатып
алу тәуекелдікпен байланысты.
Қызметті тұтынушыға алдын-ала көрсету
мүмкіндігінің болмауы. Анықталатын және
өлшенетін физикалық сапа стандарттарының
санының шектеулігі (нөмір көлемі және тағы
басқа)
Тұтынушының қатысуы. Жеткізу Тұтынушылар қызметті ұсыну үдерісіне
және тұтыну үдерістерінің қатысады: сапаны басқарудың қиындығы.
біртұтастығы. Қызмет көрсету – қызметті жеткізушілердің
айрықша белгісі.
Сапа тұрақсыздығы Қызметті стандарттау персонал қызметімен
анықталатын функционалдық сапа түсінігімен
қиындатылады. Қызмет сапасын бақылау
проблемасы қызмет көрсету жағдайының
әртектілігі
Қызметтің сақталмайтындығы Қызметті сақтап қоюдың мүмкін еместігі.
Маусымдылықпен байланысты проблемалар.
Қызметке баға белгілеудегі қиындықтар.

Қонақ үй кәсіпорындарының негізгі функциясы клиенттерді уақытша
баспанамен қамтамасыз ету. Қонақ үйдің табысты қызметін қамтамасыз ету үшін
оның әрбір қызметкері ұйымның мақсатын жете түсініп, оны іске асыру үшін
барлық күшін жұмылдыруы керек.
Қонақ үйлердің жіктелімі – бұл нақты қонақүйдің және нөмірлердің
белгілі- бір белгілерге және қызмет көрсету стандарттарына сәйкес келуі.
Әрбір елде қабылданған жіктелім стандарттың сапалық параметрі болып
табылатын категорилар разрядынан тұрады.
Қонақ үй разряды оның беделіне, клиенттердің қалыптасуына, қонақ үй
қызметтерінің құнына әсер етеді.
Қонақүйлердің жіктелімі ұлтаралық және ұлттық деңгейлерде реттеледі,
сонымен бірге қонақ үй желісі , ассоциация шеңберінде анықталады.
Қонақ үйлердің бүкіләлемдік бірыңғай жіктелімін енгізуге белгіленген
ұлттық дәстүрлер, мемлекеттердің мәдени тарихы, көңіл көтерулері, сапа
белгілері кедергілерін тигізуде.
Қазіргі кезде қонақ үй жіктелімінің отыздан аса түрі белгілі, олардың
ішіндегі ең көп таралғандары болып мыналар саналады:
Орналасу орнына байланысты қонақ үйлер былай бөлінеді:
- қала орталығындағы қонақ үйлер;
- жол бойындағы, әдетте, аз қабатты және ашық автотұрағымен
ерекшеленеді;
- қала төңірегіндегі және аэропорт маңындағы қонақ үйлер;
- қалқымалы отельдер.
Қонақ үй жұмысының ұзақтығына байланысты былай бөлінеді:
- жыл бойы жұмыс істейтін қонақ үйлер;
- маусымдық қонақ үйлер.
Қонақ үй тарифтерінің жүйесі бойынша былай бөлінеді:
-тарифке тек қана тұру ақысы кіреді (Room only);
-орналастыру және тек қана таңғы асты ұсынатын континенттік
жоспар үлгісіндегі қонақ үйлер. Тарифке кіргізілген таңғы ас үш түрде болуы
мүмкін:
-континенттік (құрамына шырын, кофе , шәй, тоқаш кіреді)
-ағылшындық (құрамына шырын, кофе, шәй, тоқаш, жұмыртқа кіреді)
-шведтік (құрамына жеміс- жидектер, бал, шырын, кофе , шәй,
джем, ірімшік , тоқаш өзіне- өзі қызмет көрсету бойынша ұсынылады)
-жартылай пансионды қамтамасыз ететін қонақ үйлер (орналастыру+
таңғы ас + түскі ас немесе кешкіас-Half Board);
-толық пансионды қамтамасыз ететін қонақ үйлер (орналастыру+үш
немесе төрт рет тамақтандыру-Full Board).
Қонақтардың тұру ұзақтығына байланысты қонақ үйлер былай бөлінеді:
- қонақтардың ұзақ уақыт тұруына арналған;
- қонақтардың қысқа мерзімгі тұруына арналған.
Қонақ үй нөмірлеріне баға деңгейіне байланысты былай жіктеледі:
-бюджеттік;
-экономдық;
-орта;
-бірінші класстағы;
-апартаменттік ;
-фешенебельдік.
Қонақ үй кәсіпорындарын ыңғайлылық деңгейі бойынша жіктеу қонақ үй
қызметтерінің сапасын басқаруда қалыптасқан сұрақтарды шешуде үлкен рөлге
ие болады. Негізгі белгілері:
-нөмірлік қордың жағдайы :нөмірлердің ауданы (м ^2), бір орынды (бір
бөлмелі), көп бөлмелі, апартамент нөмірлерінің үлесі, коммуналдық
ыңғайлылықтың болуы және тағы басқа;
-жиһаздың ,инвентарьдың, санитарлық-гигиеналық заттардың жай-күйі ;
-тамақтандыру кәсіпорындарының (кафе, бар, мейрамхана) болуы және
ұқыптылық жағдайы;
-ғимараттың ұқыптылығы және қонақ үйге іргелес территориялардың жай-
күйі;
-ақпаратпен қамтамасыз етілуі және техникалық жабдықтандыру , соның
ішінде телефон , спутниктік байланыстың , теоледидардың, тоңазытқыштың,
мини- бардың бар болуы;
- қосымша қызмет қатарын көрсете алу мүмкіндігі.
Нөмірлік қордың сиымдылығы бойынша қонақ үйлер былай жіктеледі:
-кішігірім-100-ден 150-ге дейін нөмірі бар;
- орташа -100-ден 300-400-ге дейін нөмірі бар ;
- ірі- 300-ден 600-1000-ға дейін нөмірі бар;
- гиганттар-1000-нан аса нөмірі бар.
Функционалдық тағайындалуы бойынша қонақ үйлер былай бөлінеді:
Транзиттік қонақүйлер өткінші аялдаған туристерге қызмет көрсетуге
арналған.
Мақсатты қонақ үйлер былай бөлінеді:
1.Іскерлік тағайымдағы қонақ үйлеріскерлік жұмыс мақсатында келген
қонақтарға қызмет көрсетеді.
2.Демалысқа арналған қонақ үйлер (туристік, курорттық).
Іскерлік қонақ үйлерге қойылатын талаптар:
1. Орналасуы жағынан әкімшілік , қоғамдық қала орталықтарына жақын болуы
керек. Демалысқа және спорттық қызметке арналған жасылдандырылған
территориясының болуы міндетті емес;
2. Нөмірлік қорда бір орынды нөмірлердің басым болуы;
3. Міндетті түрде нөмірде жұмыс аймағын ұйымдастыру;
4. Нөмірлік қорда апартамент нөмірлерінің болуы;
5. Нөмірлерді жинақталған жұмыс жағдайын қамтамасыз ету мақсатында сыртқы
ортадан максималды түрде оқшаулау;
6. Семинарлар, келіссөздер, кеңес өткізуге арналған үй-жайлары болуы
керек;
7. Бизнес-орталық;
8. Қаржылық қамтамасыз ету мақсаты.
Демалысқа арналған қонақ үйлерге қойылатын талаптар:
1. Жасылдандырылған массив маңайында орналасуы керек, максималды түрде
қала орталықтарынан қашық болуы керек;
2. Демалыс және спортпен айналысу үшін жабдықталған және міндетті түрде
жасылдандырылған территориясы болуы керек;
3. Нөмірлік қорда екі орынды нөмірлердің басым болуы;
4. Балалар алаңының , ойын-сауық орталықтарының болуы.
Курорттық қонақ үйлердің концепциясы демалысқа және денсаулығын
қалпына келтіруші адамдарға орналастыру , тамақтандыру және қосымша
қызмет қатарын ұсыну болып табылоды. Олардың емдік- медициналық, сауықтыру
бағытындағы үй-жайы болуы керек, сонымен бірге диеталық тамақтандыруды да
қарастыруы керек.
Туристік қонақ үйлердің тұжырымдамасының мәні мынада:
- туристік маршруттарда орналасадыжәне осы маршруттардан клиенттерді
қарсы алады;
- туристік қонақ үйлердегі қызмет жиынтығы маршрут бағдарламасына
сәйкес құрастырылады және алдын-ала ваучермен немесе жолдамада
анықталады;
- туристік қонақ үйлер штаттарының құрамында экскурсоводтары, топ
басқарушылары ,спорт инструкторларының қызметі болуы керек.
Қонақ үй нөмірлерінің жіктелімі:
-орын саны бойынша ;
-бөлмелердің саны бойынша;
-тағайымдалуы бойынша .
Орын саны бойынша нөмірлерді бір бөлмелі, екі бөлмелі,үш бөлмелі және
тағы басқа деп бөледі.
Бөлмелердің саны бойынша бір бөлмелі, екі бөлмелі, үш бөлмелі және тағы
басқа деп бөлінеді.
Тағайымдалуы бойынша бизнес – класстағы нөмірлер, эконом класстағы
нөмірлер , апартамент және тағы басқа болып бөлінеді.
Бизнес-класс нөмірлері іскерлік сапар мақсатында келуші тұлғаларды
орналастыруға арналған. Нөмірдің стандарттық жағдайымен бірге жұмыс істеуге
қажетті шарттар қарастырылуы керек.
Эконом класс нөмірлері кез-келген контингенттегі клиенттерді
орналастыруға арналған. Олар орналастырудың арзандығымен және құрал
–жабдықтардың қарапайымдығымен ерекшеленеді.
Апартамент нөмірлері – екі-үш, төрт бөлмелі нөмірлер, әдетте,
жанұялардың ұзақ мерзімге орналасуына арналған. Апартамент нөмірлерінің
бөлмелерінің құрамында міндетті түрде тұрмыс техникасымен жабдықталған ас
үйі болуы керек.
Қызмет – бұл айырбас мәміле көмегімен клиентпен сатып алынатын өнім.
Қызметтің өзіндік ерекшелігі бар, оны ұстауға, көруге, естуге болмайды,тек
жүзеге асырғаннан кейін ғана қызметтің көрсетілгенін сезіне аламыз.
Қызмет сапасын түсіндіруде түрлі көзқарастар қарастырылады:
1. Қызмет сапасы тұтынушының белгіленген және болжалды қажеттіліктерін
қанағаттандыру қабілеттілігін анықтайтын қызмет сипаттамасының
жиынтығы.
2. Сапа түсінігі – клиенттердің қанағаттану сезімін арттыра түсетін
кемшіліктердің жоқтығын білдіреді
3. Сапа техникалық және функционалдық түрде қарастырылады.
Техникалық сапа қызметтің материалдық құрамдас бөлігіне қатысты.
Орналастыру құралдарының техникалық сапасына-нөмір, инфрақұрылымдар (жиһаз,
архитектура , ғимарат, дизайн) және қызметтің материалдық атрибуттары
(тамақтандыру сапасы) жатады.Функционалды сапа –қызметті ұсыну үдерісінің
немесе қызмет көрсету сапасы. Функционалды сапа орналастыру құралдарына
сапаның өзгергіштігі сияқты сипаттама келтіреді, яғни сапаның деңгейі
қызметті кімнің және қандай жағдайларда көрсететіндігіне байланысты.
Демек, функционалды сапаны қамтамасыз етуде негізгі рөлді
кәсіпорындардың персоналы алады. Қонақ үй персоналы келесі параметрлер
бойынша сипатталынады:
- жеке қасиеттер;
- жоғары білім және дайындық деңгейі;
- ынталандыру тәсілдері және кадрларды басқару.
Сонымен, орналастыру құралдарының сапасы – техникалық және
функционалдық сапа түсінігінен құралады. Жоғары функционалдық сапа
нөмірден алған әсерді арттыруы мүмкін.
Қауіпсіздік. Орналастыру құралдарының қызмет сапасын анықтауда
тағы да бір маңызды аспект ретінде қауіпсіздік қаралады. Тұтынушы үшін
қауіпсіздік оның өміріне, денсаулығына, мүлігіне қызмет көрсету барысында
нұқсан келтіру мүмкін еместігімен түсіндіріледі. Орналастыру құралдарының
қызметі барысында туатын кауіп-қатердің алдын-алу мақсатында мемлекеттік
деңгейде экологиялық, технологиялық, санитарлық-гигиеналық,
эпидемиологиялық нормативтік талаптар белгіленіп, бекітілді.
Тұтынушылардың күтімі. Қонақ үй қызметінің тұтынушыларының күтімі өмір
сапасының жеке стандарттары, жақын адамдардың ой-пікірлерінің әсері,
бәсекелестердің, қоғамдық ой –пікір, компания беделі, қызметті жылжыту
бойынша компания жұмыстары, баға негізінде қалыптасады. Өмір сапасының
стандарттары түсінігіне қонаққа тұрақталып қалған дағдылы әлеуметтік
ортада уақытша тұру жағдайының лайықты деңгейін ұсыну, тамақтандыру
сапасы,персоналмен қарым-қатынас жасаудың стилі мен сипаты жатады. Өмір
сапасының жеке стандарттарын тұтынушылар ғимарат пен интерьердің, үй-
жайдың, құрал- жабдықтардың ұқыптылығынан, қонақ үйде тұру бағасы мен
қосымша қызметтердің сапа деңгейінің сәйкестігінен, мейрамхана
қызметтерінің сапасынан, персоналдың жылдамдығы, көңіл аударушылығы,
ізеттілігі сияқты қасиеттерден табады.
Бағасы бойынша елеулі түрде ажыратылатын біртекті қызметтердің ақысын
төлеп отырып , тұтынушы түрлі болжалды күтеді: бағасы неғұрлым жоғары
болған сайын, жоғары сапа күтіледі.
Орналастыру құралдарының қызмет сапасын бағалау және қабылдау. Қызмет
көрсетуді бағалайтын негізгі компонент – қызметті тұтынушының қабылдауы
болып табылады. Ол мынадан құралады:
- қызмет көрсетумен байланысты түрліше әсерлердің жиналуы;
- қызметті қабылдаудан алынған әсерді күтілген эмоционалдық әсермен
салыстыру;
- қызметті атқарушыға байланысты жалпы эмоционалдық демді
қалыптастыру.
Қызметті қабылдауға орналастыру құралдарының сыртқы көрінісі, оның
интерьері , персоналдың қызметі, лифті күту уақыты сияқты элементтер әсер
етеді.Қызметті қабылдау нақты сезілетін обьектілер, жеке алғанда
жарықтандыру жағдайымен, температура, ауа ылғалдылығы сияқты сыртқы орта
элементтері арқылы, сонымен бірге персоналдың ілтипатты қарым-қатынасы
сияқты сезілмейтін элементтер жиынтығынан көрініс табады.
Орналастыру құралдарының қызмет сапасын қабылдауға әсер ететін негізгі
факторларға мыналар жатады:
Қауіпсіздік – қорғаныштық және тыныштық сезімі. Мысалы, ондай
сезімдержақсы жарықтандырылған, қорғалатын көлік тұрағы немесе орналастыру
кәсіпорындарының холлында күзет қызметінің арнайы өкілдерінің болуы
арқасында қалыптасады;
Сенімділік – уақыт аралығына қарамастан бастапқы деңгейдегі қызмет
көрсетудің жоғары сапасын сезіну;
Қол жететіндік – қызмет көрсету барысында тұтынущылардың күту уақыты;
Репутация – компанияға тұтынушылардың сенуі;
Толықтылық – каталогтағы (прейскурант, меню) ұсынылған қызмет
жиынтығының нақты тұтынушылар қабылдаған қызметтерге сәйкестігі;
Құзыреттұтынушыларға сапалы қызмет ұсынуға қажетті персоналдың білімі
мен шеберлігі;
Персоналдың мінез-құлығы – кәсіпорын қызметкерлері жағынан сый-құрмет
көрсету әсерінен тұтынушылар алған ғанибет.
Өзінің күтіміне қабылдау дәрежесінің сәйкестігі бойынша тұтынушы
алынған қызметті бағалайды, оны кеткен шығындармен (ақша, уақыт, күш,
психологиялық шығындар) салыстырып қарайды. Демек, тұтынушы көзқарасындағы
орналастыру құралдарының қызмет сапасы-тұтынушы күтіміне көрсетілген
қызметтің сәйкестігі.
Қызметке байланысты күтімді қалыптастыру жек үдеріс болып табылады.
Ұсынылатын қызметке қатысты кәсіпорын билеушілерінің, басшыларының
персоналдың жеке ой-пікірлері, практикалық тәжірибелері қалыптасқан. Қызмет
сапасын басқаруда ең басты міндет – тұтынушы күтімінің дұрыс деңгейін
анықтау болып табылады. Егер белгіленген күтім деңгейі өте төмен болатын
болса, тұтынушылар қанағаттанады, бірақ олардың жеткілікті санын тарту
қиынға соғады. Керісінше, егер олардың күтімі өте жоғары болатын болса,
тұтынушылардың көңілі қалады.
Қазіргі кездегі бәсекелестіктің күшеюімен сипатталынатын нарықтық
жағдайда орналастыру құралдарының табысты дамуын қамтамасыз ету үшін
тұтынушылардың сүранымына сәйкес келетін белгілі-бір сапа деңгейін
қалыптастыруы керек. Бәсекелестік күресте кәсіпорын жеңісін қамтамасыз ету
үшін сапаның жоғары деңгейіне бағдарлану керек, өйткені жай ғана
қанағаттанған тұтынушылар жақсы ұсыныстың пайда болуына қарай
жабдықтаушыларды жеңіл айырбастайды.
АҚШ стратегиялық жоспарлау институтының ғалымдарының зерттеу
мәліметтері мынадай: жыл сайын қызметтің төмен сапасын ұсынушы кәсіпорындар
нарық үлесінің жиырма процентін жоғалтады, сату көлемінен түскен орташа
пайда бір пайызды құрайды, ал жоғары сапасымен ерекшеленетін компаниялардың
нарық үлесі жылына алты процентке өсіп отырады, пайда нормасы (сату
көлеміне байланысты) он екі пайызды құрайды.
Қазіргі нарықтық жағдайда сапаға байланысты сұрақтарды шешу-
бәсекелестік күресте жеңіске жету жолы болып табылады. Ең маңызды
сұрақтардың бірі болып сапа тұрақсыздығын төмендетуге бағытталған біріңғай
стандарттар мен нормативтерді, қызмет көрсету ережелерін әзірлеу болып
табылады. Стандарт – белгілі-бір қызмет түріне, соның ішінде қонақ үй
қызметіне қатысты ережелерден, жалпы принциптерден,сипаттамалардан тұратын
нормативтік документ. Стандарт кез-келген қызметті өзінің нысандандырылған
сапа көрсіткіштері, қауіпсіздік және тағы басқа тағайымдалуына
сәйкестендіретін минималды қажетті талаптарды белгілеуге арналған.
Қызмет көрсетуге байлагысты стандарттау элементтері:
- қонақ үй индустриясында қызметті сипаттайтын түсініктерді бір
мағынада қабылдауға және өзара түсінушілікті қамтамасыз етудегі терминдер
мен анықтамалар, қызмет көрсету шарттары, қауіпсіздік;
- орналастыру құралдарының түрлерінің және олардың қызметтерінің
жіктелімі, орналастыру құралдарының санаты;
- қызметті қалыптастыру, жылжыту, көрсету әдістері;
- қызметті пайдалану барысында тұтынушылардың өміріне және
денсаулығынакелу қауіп-қатер тәуекелдігін минималдау және бағалау әдістері;
- орналастыру құралдарымен, турфирмалармен ұсынылатын қызметтер жайлы
ақпарат нысаны, мазмұны және қызмет көрсетілмей қалған жағдайда өтемақы
жолдары;
- құжат нысандарына, олардың ішіндегі ақпарат құрамына және басқа да
элементтерге қойылатын стандарттық талаптарды белгілейтін технологиялар.
Қонақ үйлік қызмет сферасындағы стандарттаудың мақсаты-қызметті
тұтыну қауіпсіздігін және сапаның белгілі-бір деңгейін ұстап тұруды
қамтамасыз ету және нарықтағы адал емес бәсекелестіктен тұтынушылардың
мүдделерін қорғау болып табылады. Кәсіпорын деңгейінде стандарттар мен
нормативтерді енгізу сапаны басқару жүйесінің маңызды элементі болып
табылады.Олардың мақсаты ретінде функционалдық сапа бойынша қателіктер
ықтималдығын төмендету және қызмет көрсетудің жоғары сапасының тұрақтылығын
қамтамасыз ету қаралады. Стандарттар, нормативтер және ережелер өндірістік
міндеттерді жеке бөлімшелерге және қызметтерге, орналастыру
кәсіпорындарының лауазымды тұлғаларына жете бекітеді, олардың өзара
әрекеттесу ретін және субординацияны анықтайды, сонымен бірге қызмет
көрсету барысында түрлі операцияларды орындау үдерісін регламенттейді. Дәл
тұтынушылар күтімін қалыптастыру негізі ретінде орналастыру құралдарының
сапа деңгейі жайлы тұтынушыларды ақпараттандыруда стандарттау маңызды рөлге
ие болады.
Нақты бір орналастыру құралын таңдау алдында тұтынушы сол кәсіпорын
жайлы ақпарат жинауға тырысады.Қызметті кабылдау туралы шешім қабылдау үшін
ақпарат көлемі Тұтынушылар күтімін қалыптастыруға қолданатын көрсеткіштер
жиынтығына сәйкес келуі керек. Сатып алынатын қызметтің сапасы жайлы
тұтынушы құқығы заңдық тәртіпте бекітіледі. Бұл құқықты жүзеге асыру –
қызмет сапасын басқарудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Қызметтің сезілмейтіндігіне байланысты кәсіпорын билеуінде тұтынушыға
сапа жайлы ақпаратты жеткізуде әдістердің көп еместігімен түсіндіріледі.
Орналастыру құралдары өзінің қызметтерінің сезілмейтіндігін мына жалдармен
төмендетуге тырысады:
- басылымдар, брошюралар, каталогтар арқылы;
- түрлі тасушылардағы видео ақпараттар арқылы;
- интернет арқылы.

Осы ақпарат тасушылары белгілі-бір көлемле ұсынылатын қызметтердің
тізімдемесі және техникалық сапасын елестетуге мүмкіндік береді. Бірақ
қызмет көрсетілмей жатып , оның функционалдық сапасын көрсететін бірде-бір
тәсіл жоқ. Тұтынушы билеуінде тек қана белгілі-бір сапа жайлы жанама
айғақтарғана болуы мүмкін- басқа тұтынушылардың ой- пікірі, сапа саласында
орналастыру құралдарының жетістіктері жайлы ақпарат (сертификат, диплом
және тағы басқа) .
Тәуекелдік дәрежесін төмендету және қалыптасқан күтімнің адекваттығын
жоғарылату мақсатында қызметтің сапа деңгейіне байланысты орналастыру
құралдарын категориялар бойынша саралау орын алған. Саралау қабылданған
шкала бойынша жүзеге асырылады.
Қызмет сапасының деңгейі (қызмет көрсету) – сапаның нақты
көрсеткіштерін нормативтік мағынадағы көрсеткіштермен салыстыру арқылы
алынған қызмет сапасының сипаттамасы.
Қызмет сапасының көрсеткіші (қызмет көрсетудің ) – сапаны құрайтын бір
немесе бірнеще қасиетінің сандық сипаттамасы. Бұл көрсеткіштер және олардың
нормативтік мағынасы – стандарттаудың іс-әрекеті болып табылады.
Кәсіпорындардың нормативтік талаптарын орындауын белгілеу сертификаттау
үдерісінде жүзеге асады. Қызметті сертификаттау – ұсынылған қызметтің
белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша нысанда куәландыратын.
Сәйкестілікті растайтын үдеріс. Онымен қызметті атқарушыға және тұтынушыға
тәуелсіз ұйым айналысады. Орналастыру құралдарының қызметін сертификаттау
қызмет сапасының деңгейін обьективті бағалауға мүмкіндік беретін қызмет
сапасын басқару жүйесінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады,
сонымен бірге тұтынушыға олардын қауіпсіз екенін растайды. Сертификаттау
міндетті түрде және ерікті түрдегі сипатта болуы мүмкін. Туристердің
денсаулығын, өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың мүліктерін
сақтау, қоршаған ортаны қорғау сияқты мәнді талаптарды міндетті
сертификаттау үдерісінің құрамына кіргізу қажет.
Қонақ үй қызметін сотқа дейінгі құқықтық мемлекеттік реттеу түрі-
лицензиялау болып табылады. Лицензия – онда көрсетілген қызмет түрін
белгіленген мерзімде жүзеге асыруына рұқсат беретінжәне қызметтің жүзеге
асыру шартын анықтайтын ресми құжат. Лицензияны беру тұтынушы алдында
мемлекеттің жауапкершілігін көрсетеді. Мемлекеттік органдар құжаттың
рәсімделуінің дұрыстығын ғана тексермей, сонымен қатар кәсіпорынның
лицензиялау талаптарын сақтауын міндетті түрде бақылауды жүзеге асырады.
Қонақ үй кәсіпорындары кез-келген туристік өнімнің базасы болып отыр.
Кез-келген сапарда орналастыру қызмет жиынтығының құрамына кіреді, өйткені
келген жерінде адамның түнейтін орыны болуы керек. Бұл негізгі қызметті
қызмет көрсету деңгейі және типтері бойынша ажыратылатын қонақ үй
кәсіпорындары көрсетеді.
Біздің республикамызда кішігірім кәсіпорындарға жұмысшыларының саны
елуге дейін, орташа кәсіпорындарға жұмысшыларының саны екі жүз елуге дейін,
ірі кәсіпорындарға екі жүз елуден аса жұмысшылары бар қонақ үйлер жатады.
Талдау мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасында 2011 жылы қонақ
үйлердің 64,1%-ті кішігірім кәсіпорындарына,26,1%-ті орташа
кәсіпорындарына, 9,8%-ті ірі кәсіпорындарыны жатады (5 кесте).

5 кесте – 2010жылы 1 қаңтардағы ҚР-дағы қонақ үйлер және қонақ үйлік
кәсіпорындар

Барлығы Соның ішінде Облыс
орталық-тарында
Қалалық Ауылдық
жерлерде жерлерде
2010 2011 2010
Барлығы, соның ішінде 159 165 195
Мемлекеттің меншігінде 14 14 16
Жеке меншікте 138 143 167
Басқа мемлекеттердің, олардың заңды 7 8 12
тұлғаларының,азаматтарының меншігінде

Орналастыру құралдарының 195-інің ішінде 16 кәсіпорын мемлекет
меншігінде,167 кәсіпорын жеке меншікте, 12 кәсіпорын басқа мемлекеттердің,
заңды тұлғалардың, азаматтардың меншігінде.
Жалпы Қазақстан бойынша орналастыру обьектілерінің көрсеткіштері
кестеде көрсетілген. Қонақ үйлердің 86%-ті жеке меншік нысанында, 7,7%-ті
мемлекеттің меншігінде, 6,3%-ті басқа елдердің меншігінде.
Қазақстандық стандарттау жүйесі бойынша қонақтарды қабылдау нарығы
келесідей жіктеледі: төрт қонақ үй 5 жұлдыздығ (екеуі Алматыда , Астана
мен Атырауда бір- бірден ), он бес қонақ үй 4 жұлдыздыға, отыз алты обьект
3 жұлдыздыға жатады.

7 кесте –Орналастыру обьектілерінің қызметінің көрсеткіштері 2011ж

Обьект Нөмір Төсек-тТуристер Ұсыныл-ғанТолу
саны, саны, әулік саны төсек- коэффи-цен
бірлік бірлік тәулік ті (%)
Қазақстан 273 12196 24257 1034168 2242024 25,3
Республикасы
Ақмола облысы 11 469 833 33123 35904 11,8
Ақтөбе облысы 6 373 466 51133 110583 65,0
Алматы облысы 12 489 967 73101 92464 26,2
Атырау облысы 31 754 983 97737 242722 67,6
Шығыс- Қазақстан 40 2358 6332 118366 350653 15,2
облысы
Жамбыл облысы 11 307 575 20313 57109 27,2
Батыс-Қазақстан 6 316 470 21886 24724 14,4
облысы
Қарағанды облысы 31 1151 2217 76474 171472 21,2
Қостанай облысы 3 256 476 27449 65347 37,6
Қызылорда облысы 11 206 350 9340 20618 16,1
Маңғыстау облысы 10 327 477 31446 63468 36,5
Павлодар облысы 15 453 860 31079 59805 19,1
Солтүстік-Қазақст5 176 262 15650 28170 29,5
ан облысы
Оңтүстік-Қазақста13 533 881 49807 71537 22,2
н облысы
Астана қаласы 28 1083 1928 128041 225489 32,0
Алматы қаласы 40 2945 6180 249223 621959 27,6

2011 жылы жалпы Қазақстан бойынша орналастыру обьектілрінің саны
-273,соның ішінде ең көбі Алматы мен Шығыс Қазақстан облысынды (40), ең азы
Қостанай облысына (3) келеді.Жалпы 2011 жылы 103468 туристке қызмет
көрсетілген.Қазақстан бойынша толу коэффициенті-25,3%,соның ішінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғалармен сөйлесу мәдениеті
Туризм саласындағы қонақ үйдің ерекшелігі
Қонақ үй бизнесіндегі ақпараттық-жарнамалық қызмет
Тәуелсіз қонақ үлгісі
Қонақүйлердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру құралын анықтау
Туриндустриядағы көрме-жәрмеңкелік қызметтің ерекшеліктерін зерттеу
Стандарт салалары
Сервис саласындағы кәсіпорынның менеджмент ерекшеліктері туралы ақпарат
Мейрамхана бизнесінің мәні мен маңызын ашу
Қазақстан Республикасындағы қонақжайлылықтың дамуына шет елдік тәжірибенің әсері
Пәндер