Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалау


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 281 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 3

КІРІСПЕ 4

1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ АГРАРЛЫҚ РЕФОРМАЛАУДЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ, ТАРИХНАМА-СЫ МЕН ДЕРЕК КӨЗДЕРІ 15

1. 1 Мәселенің теориялық-методологиялық негіздемесі 15

1. 2 Аграрлық секторды зерттеудегі тұжырымдамалар, тарихнама мен дерек көздері 25

2 ОҢТҮСТІК ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК АГРАРЛЫҚ САЯСАТ 43

2. 1 Нарықтық қатынас жағдайында агроөнеркәсіп кешенінің даму тарихы мен әлемдік тәжірибе 43

  1. Аграрлық реформаның ұйымдастырушылық-құқықтық заңнамалары-ның қалыптасуы 87

2. 3 Аграрлық секторда шаруашылықты жүргізудің тетіктері 117

2. 4 Аграрлық реформалаудағы серіктестіктер мен бірлестіктердің тарихи қағидалары мен құндылықтары 128

3 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ 140

3. 1 Жергілікті және қоғамдық мекемелердің құрылымдық жетілдірілуіндегі инновациялық үрдіс 140

3. 2 Әлеуметтік - аграрлық реформалардағы сәйкестіктер 158

3. 3 Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытудағы стратегиялық жоспарлаудың маңыздылығы 169

3. 4 Ауыл шаруашылығының инженерлік саласын реформалау 176

4 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ АГРАРЛЫҚ РЕФОРМАЛАУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІ 197

4. 1 Реформалау барысында агроқұрылымдық жетілдірудегі қиғаштықтар мен мемлекеттік реттеу 197

4. 2 Аграрлық секторды мемлекеттік қолдау мен қаржы-несие жүйесі 211

4. 3 Қосалқы және жеке шаруашылықтардың қалыптасуы мен дамуы 239

4. 4 Аграрлық реформалауда ауыл шаруашылық өндірістерін ұйымдастырудағы ұсыныстар 273

ҚОРЫТЫНДЫ 286

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 296

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ЖЭС - жаңа экономикалық саясат

ХЕҰ - Халықаралық еңбек ұйымы

АҚШ - Америка Құрама Штаттары

ХКА - Халықаралық кооперативтік альянс

ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы

ҒТП - ғылыми-техникалық прогресс

АӨК - агроөнеркәсіптік кешен

ІЖӨ - ішкі жалпы өнім

Қазақ КСР - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы

АҚ - акционерлік қоғам

ААҚ - ашық акционерлік қоғам

ЖАҚ - жабық акционерлік қоғам

ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік

БҰҰ- Біріккен Ұлттар Ұйымы

ЖҰӨ - жалпы ұлттық өнім

ДСҰ - Дүниежузілік сауда ұйымы

ЕО - Европалық Одақ

ГФР - Герман Федеративтік Республикасы

КСРО - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы

АДБ - Азия Даму Банкі

СПСТК - Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативі

МТС - Машина-тракторлық станция

ҚЖС - қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер

ТС - толық серіктестіктер

ҚРОММ - Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағаты

ҚРПМ - Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты

АОММ - Алматы облыстық мемлекеттік мұрағаты

ЖОММ - Жамбыл облыстық мемлекеттік мұрағаты

ОҚОММ - Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты

ҚОММ - Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағаты

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Ауыл шаруашылығы саласы - ел экономикасының негізгі буыны, ежелден келе жатқан бар байлығымыздың бастауы. Халықтың әл-ауқатының жақсаруы негізінен әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтануы және дамуымен тікелей байланысты. Осыған байланысты, қазіргі қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдай ғылыми тұрғыда терең зерделеуді, саланы кешенді дамытудың жолдары туралы жан-жақты дәлелденген қорытындылар мен байыпты ғылыми тұжырымдар жасауды талап етеді.

Зерттеу жұмысында ғылыми тұрғыдан ауыл шаруашылығын кеңестік экономиканың кембағарлығынан көрген зардаптары мен тәуелсіздік дәуірінде Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы ауыл шаруашылығының нарықтық қатынастарға бейімделуі мен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы аграрлық реформалаудың нақтылығы қарастырылады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған 2003 жылғы Жолдауында: «Біздің әлі де болса есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек. Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек. Бұл үшін агроөнеркәсіп кешенін түлете дамытып, ауылға (селоға) айрықша назар аударылуы, жеткен биігіміз бен жинақтаған тәжірибемізге сүйеніп, ауылдағы ағайындарымызға өмірдің жаңа сапасына жетуіне қол ұшын беретін уақыт туды», - деп көрсетеді [1] . Төл тарихымыздың күңгірт беттерін ашып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа, аршынды сапалық сатыға көтерілуіне қазақ елінің өткен кезеңін зерттеу, зерделеу бүгінгі күннің талабы. Себебі, тоталитарлық жүйенің идеологиялық ықпалынан арылуымен бірге тәуелсіздік идеологиясының әдістемелік негізінде тарихи дамудың ақиқат болмысын қалпына келтіру бағытында түбірлі жұмыстар атқарылды.

Сондықтан, Отандық тарих ғылымының өзектілігі - кеңестік тоталитарлық жүйенің идеологиялық ықпалынан арылуымен бірге тәуелсіздік идеологиясының әдістемелік негізінде тарихи дамудың ақиқат болмысын қалпына келтіруге бағытталуында. Соның бірі - аграрлық секторды реформалаудағы мемлекеттік саясат. Қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі негізгі, әрі өзекті мәселелердің бірі болып отырған осы салада нарық қатынасын қалыптастыру, халықты отандық азық-түлік өндіру мен өнеркәсіпті шикізат өнімдерімен жеткілікті түрде қамтамасыз ету, өндірістің тиімділігін арттыру, бәсекелікке төтеп беретін өнім өндіру және әлемдегі экономикасы бәсекеге барынша қабілетті дамыған 50 елдің қатарына кіру стратегиясын іске асыру болып отыр. Ауыл шаруашылығында бірінші кезекте шаруашылықты жүргізу тетіктерін қалыптастыру және дамыту аса қажетті қозғаушы экономикалық күштің негізіне айналуда.

Мемлекеттің халық шаруашылығының барлық салаларының ішінде ауыл шаруашылығында біразға созылған экономикалық дағдарыстан шығуы бірте-бірте өз нәтижесін беріп келеді [2] . Дегенмен, агроөндірістік кешенді ұйымдастыруды жетілдірудегі негізгі мақсаттардың бірі - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әйтседе, шикізат мәселесін шешетін халық шаруашылығындағы өнім өндіру мен оның өсімі әлі де болса төмен деңгейде. Өндірістерде қалыптасқан жағдайларды сараптай және ғылыми талдай келе аграрлық сектордағы шешілмей жатқан мәселелерді зерттеу, ауыл шаруашылық пен өндірістің экономикалық негізіне әсер ететін іс-шараларды (тиімділігін көтеретін, бәсекелікке лайықты өнім өндіру, т. б. ) жүзеге асыру нарық жағдайындағы көкейтесті мәселелердің атаулысы болып отыр.

Осындай еліміздегі экономикалық өрлеу жағдайында «Қазақстан -2030» Стратегиясы ауыл шаруашылығын көлемді өзгерістерге жетелеуде. Стратегияны жүзеге асыру мақсатында саланы дамытудағы мемлекеттің 2000-2002 жж. арналған бағдарламасы мен қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ауыл аумақтарын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында көзделген Қазақстан Республикасының 2003-2015 жж. индустриалды-инновациялық даму Стратегиясы, сондай-ақ, Елбасының қолдауымен 2003-2005 жылдардың «Ауыл жылы» деп жариялануы мен ауыл шаруашылық агроқұрылымдарын құқықтық жетілдірудегі «Астық туралы», «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы», егіншіліктегі «Тұқым шаруашылығы туралы» заңдардың өмірге келуі ауыл тұрғындарын әлеуметтік қолдауға бағытталған ауқымды іс-шаралар болып табылады.

Сонымен, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда агроөнеркәсіптік кешенді ұйымдық-құрылымдық және заңнамалық жетілдірумен шектелмей ауыл шаруашылығын дамытудың 2006-2010 жылдарға бағытталған тұжырымдамасының негізінде 2006-2008 жж. бірінші кезекті шаралары жүзеге асырылды. Сондықтан, Қазақстан Республикасы үшін аграрлық сектор елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейін айқындаушы күштердің бірі болып отыр.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өз алдына ұлттық мемлекет қалыптасып, шаруашылық жүргізудің әкімшілік әдісімен аралас нарықтық қатынас қағидаларына ауысу үрдісі байқалды. Әрине, 90-жылдардың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық қиыншылығы мен ауыртпалығы аз болған жоқ. Әсіресе, өтпелі кезеңде орын алған қиындықтар зардабы ауыл шаруашылығына, бүкіл аграрлық секторға қолайсыз болды. Аграрлық дағдарыстың табиғаты, негізгі себептері мен одан шығу жолдары ғылыми және көпшілік әдебиетте аз жазылған жоқ. Осы өзекті әрі көкейтесті мәселе Республика Президентінің еңбектерінде, түрлі заң және атқарушы органдардың күнделікті іс-тәжірибелерінің күн тәртібінен түспегені белгілі. Бірақ ел экономикасының маңызды және өмірлік қажет саласының әлеуметтік мәселелерін, әкімшілік басқару жүйесінен нарықтық жүйеге көшуге байланысты аграрлық саланың тұрақты және тиімді даму бағыттарын анықтайтын теориялық және тәжірбиелік маңыздылығын одан әрі зерттеп, зерделеу керектігі ешбір күмән тудырмайды.

Социалистік қоғамнан шыққан өзге елдердегі сияқты, Қазақстан Республикасында өткізіліп жатқан аграрлық реформалардың басты мазмұны әкімшілік-әміршілдік тәсілге негізделген бір экономикалық жүйеден нарық қатынастарына негізделген екінші жүйеге көшу. Оның негізінде экономикалық жүйенің іргетасының өзі - мемлекеттің меншікке монопольды құқығынан бас тартып, оның басым бөлігін жеке және заңды тұлғаларға беруді ойластырған меншік қатынасы жатыр.

Нарықтың өзгеру нәтижесінде аграрлық саланың шаруашылықты жүргізудің тетіктері терең өзгерістерге ұшырайды. Ауыл шаруашылығындағы нарықтық қатынастың барлық субъектілерінің экономикалық мүдделерінің рөлі артады. Осыған байланысты, ауыл шаруашылығын реформалауда шаруашылық жүргізудің басымырақ нысаны болып табылатын, өндірісті тиімді жүргізуді қамтамасыз ете алатын және табыстарды әлеуметтік әділеттілікпен бөле алатын ауылшаруашылық бірлестіктері мен серіктестіктерінің атқарар шаруашылық қызметіне тиесілі.

Осындай ауылшаруашылық бірлестіктерінің қарапайым түрлерінің бірі - кооперация өзінің бір ғасырдан астам уақыттан бергі тәжірибесі оның нарықтық экономиканың заңдары мен қағидаларына сүйене отырып, тауарлы ауылшаруашылық өндірісін қалыптастырудағы ерекше маңызын ашып берді.

Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы ауыл шаруашылығының дамуын зерттеу барысында шаруашылық жүргізудің тетіктерінің әлемдік тәжірибе қолданысындағы үш жолына назар аудардық. Бірінші - қосалқы және жеке шаруашылық, екінші - ірі кәсіпорындар және үшінші - кооперация. Осы жолдармен шаруа қожалықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің бірлескен шаруашылық қызметін жүргізуі. Осы үш жолдың біздің елімізде алдыңғы екеуі жақсы жолға қойылғанымен, көлемі жағынан шағын, айналымдық қаржысы тапшы, жағдайы ортадан төменгі дәрежедегі шаруаларды кооперациялау жолы мемлекет тарапынан өз дәрежесіндегі қолдауына зәру екендігін аңғартады.

Ұзақ жылдар бойы елімізде ауыл шаруашылығын зерттеудің теориясы мен қолданбалы маңыздылығының дәстүрлі ғылыми-зерттеу ісін жүргізудің мүмкіндігі болмады. Бұрынғы КСРО-ның ғылымы мен тәжірибесінде кооперация десе колхоздар алға тартылды және оған Қазақстан тұтынушылар одағының жүйесі қосылды, өйткені тек осылар ғана ауылшаруашылық бірлестіктерінің ең жоғары, жетілдірілген түрлері деп есептелді. Бұл толық дәлелденбеген қағида. Сол себептен адасулар орын алып, оның қайта өрлеуі мен даму жолында кедергі болды.

Осындай ерекшеліктерге байланысты тақырыптың мынадай өзектілігі айқындалады.

Біріншіден, Кеңес дәуіріндегі қалыптасқан ауыл шаруашылығындағы агроөнеркәсіптік кешен Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі отандық тарихтың ажырамас құрамды бөлігі ретінде үнемі назар аударуды қажет етеді. Себебі, тарихи жағдайлармен қалыптасып, іс-жүзінде атқарылған жоспарлы шаруашылықтан қазіргі кезеңдегі аграрлық сектордағы нарықтық қатынастарға бейімдеп шаруашылық жүргізудің тетіктерін түбегейлі қайта қалыптастыруда өзіндік ерекшеліктерге ие болу себебінен реформалау қажеттігі туындады. Сол себептен, бұл мәселені қазіргі заманғы әдістемелік тұрғыда қайта бағалауды қажет етеді.

Екіншіден, Мемлекеттің аграрлық саясаты мен аграрлық реформаның орындалуындағы жергілікті және аймақтық өзін-өзі басқару мекемелерінің қалыптасқан жүйесінің кешегісі, бүгінгісі және ертеңгі жағдайларын сыни көзбен талдау барысында халықтық мүдде тұрғысынан дамытуда тәуелсіздік идеологиясы тұрғысынан назар аударылар болса, онда тарихи танымның игілігіне айналатын нәтижеге қол жеткен болар еді. Нарық жағдайында ауыл шаруашылығындағы агроқұрылымдық нысандар мен өндірістік қатынастарды, экономикалық ынталандыруды және шаруашылық жүргізудің тетіктерін кезінде жетілдіріп отырмаса, мемлекеттік несие-қаржы жүйесіндегі күрделі бағдарламалар мен қаржылық қолдаулар ауыл шаруашылығында тиімді нәтиже бермейді.

Үшіншіден, ауыл шаруашылығын әлеуметтік-экономикалық дамытудағы аграрлық реформалау барысында, ауыл шаруашылығындағы өндірістік нысандардың ұйымдық-құрылымдарын жетілдіру мен қабылданған құқықтық заңнамаларын ғылыми талдау зерттеудің жаңа әдістемелік тәсілін арттыра түседі деп ойлаймыз.

Тарих ғылымының зерттеу саласында ауыл шаруашылығындағы аграрлық реформалардың қалыптасуының кейбір бөліктерін ішінара зерттеу еңбектері кездескенімен, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында жүзеге асырылуының ерекшеліктері мен тәжірибелік маңызы ғылыми тұрғыда кешенді зерттелген жоқ. Зерттеу тақырыбын таңдауымыздың басты себебі осыдан туындайды.

Тақырыптың зерттелу тарихы. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығында жүргізіліп жатқан реформалар мен аграрлық сектордың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы агроқұрылымдық нысандардың тарихи құндылықтар мен қағидаларын объективті түрде тәуелсіздік идеологиясында жаңа әдістемелік көзқараспен қайта зерттеу қазіргі кезеңдегі қоғамдық ғылымдардың маңызды міндетіне айналғандығы ақиқат. Себебі, ХХ ғасырдағы Қазақстан бойынша тарихи шындықтың негізінде орын алған аграрлық өзгерістерді объективті тұрғыдан терең талдау мен ғылыми зерттеуге мүмкіндік бермеген коммунистік идеология басқа қоғамдық ғылымдар сияқты тарихты да өзінің ықпалында бұғаулады.

Сонымен, XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басындағы ауыл шаруашылығындағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен реформалау барысына қатысты зерттеулер сипаты, мазмұны жағынан өте күрделі болды. Тақырыптың тарихнамасының күрделі сипат алуының өзіндік себептері бар.

Біріншіден, тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдары ауыл шаруашылығындағы қайта құрудың бағдарламалық мақсаты, әлеуметтік-саяси негізі, ұйымдық-құқықтық заңнамалары және жергілікті басшылықтар мен өзін-өзі басқару мекемелері өзіндік ерекшеліктерге ие тарихи құбылыс болатын. Сондықтан да ол аймақтық оқшаулауға көнбейтін республикалық тұрғыдан сабақтастырып қарау қажеттігі туындады. Міне, осы күрделі сипат жүргізілген зерттеу жұмыстарының барынша әралуандылығына негіз болды.

Екінші себеп - қоғамдық-саяси көзқарастар жүйесінің өзгермелілігінен туындайды. Қазіргі кезеңдегі жағдайда, жоспарлы шаруашылықтан нарықтық қатынастар қалыптасып жатқан аграрлық секторда, бірқатар объективті және субъективті қиыншылықтар болуына қарамай, ауыл шаруашылығында реформалар жүргізуде салалық саясатын жетілдірудің икемді тәсілдерін қолдану жөніндегі тарихшы ғалымдардың, Ж. Б. Әбілғожин, С. А. Байтілен, К. Ә. Берденова, Қ. Қ. Байсарина, Г. Ф. Дахшлейгер, Ж. Жұмабеков, С. Жолдасов, М. Т. Кенжебаев, К. Нұрпейіс, А. Б. Тұрсынбаев, Б. А. Төлепбаев, М. Ж. Ташенев, Г. Халидуллин, Р. Исатаев, И. Шамшатов, К. Рыспаев, С. И. Иманбердинаның ғылыми зерттеу жұмыстары бар. Сондай-ақ, ауыл (село) еңбеккерлерінің әлеуметтік, мәдени саланы М. Х. Асылбеков, Х. Әбжанов, Ә. Н. Құдайбергенов, М. Б. Тәтімов, экономика ғылымы саласындағы Л. Е. Әбділдина, И. Ю. Бенке, К. Ж. Жарекешев, Б. З. Зиябеков, Х. Е. Ертазин, Ж. О. Ихданов, С. М. Қасымов, М. Тінәсіл, және де бірқатар авторлар өз жұмыстарында қарастырған.

Алайда зерттеулердің ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері әлемдік ғылым үшін жаңалық емес. Оны зерттегендер қатарында Р. Оуэн, Ш. Фурье, Ф. Райффейзен, Ф. Лассаль, К. Маркстар болды. Ал Ресейдегі ауыл шаруашылық кооперациясы мәселесімен Н. П. Макаров, П. П. Маслов, А. А. Николаев, С. Н. Прокопович, Н. Г. Чернышевский, М. И. Туган-Барановский, А. В. Чаянов, А. Н. Челинцев, А. Чупров, К. А. Пажитнов, Н. Д. Кондратьевтер жете шұғылданды.

Кеңестік кезеңнің аяғы - нарық экономикасына көшу мерзімінде ауыл шаруашылығын әлеуметтік-экономикалық тұрғыда шынтуайты зерттеуде Президентіміз Н. Ә. Назарбаев, мемлекет қайраткері Д. А. Қонаев, Б. М. Тұрсынбаев, С. А. Терешенко, Ж. Кәрібжановтардың ой-толғау еңбектері және естеліктері назар аудартады.

Демек, әр кезеңнің, әр ағымның тақырыпқа қатысты зерттеулерінің деректік, әдістемелік негізі әр түрлі болғандықтан олардың арасында бір-біріне қарама-қарсы бағаларда кездеседі. Бұндай жағдайда мәселені кешенді түрде қарастырып, тарихи тұрғыда салыстыра бағалау қажеттігі туады.

Дегенмен, ауыл шаруашылығында қалыптасып отырған нарықтық қатынастар жағдайында халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартудағы аграрлық реформалардың сәйкестік мәселелері әрі қарай талдауды қажет етеді. Зерттеулер көрсеткендей, бұл салада шаруашылық жүргізудің жаңа жағдайына сай келетін теориялық және әдістемелік негізі жеткілікті дәлелденбеген.

Еліміздің аграрлық саласындағы осы үрдістердің әрі қарай даму заңдылықтарын айқындау, оны одан әрі кешенді талдау, қазақстандық және шетелдік тәжірибелерді сыни қорыту мен әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік бағалауда жаңа тәсілдер мен дәстүрлі емес шешімдер іздеу өте маңызды.

Бұл жұмыс нарық қатынасы жағдайында Қазақстанның ауыл шаруашылығы секторындағы ауылшаруашылық өндірісінде, комерциялық және комерциялық емес ұйымдық-құқықтық кәсіпорындарды заңнамалық қамтамасыз етілуі мен ауылдық өндіріс пен аймақтық басқаруды жетілдірудің өзекті мәселелерін қоса алғанда, аграрлық реформаны жүзеге асырудың теориялық-әдістемелік негіздеуімен тәжірибелік жақтарын кешенді зерттеуді мақсат тұтқан бастапқы еңбек болып табылады.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізін тарих философия және т. б. қоғамдық ғылымдырдың қалыптастырған жаңа бағыттағы ғылыми тұжырымдамаларымен ұлттық ғылыми мүдде ұстанымдары негізге алынды. Сонымен бірге теориялық-әдістемелік мәселелерді зерттеуде шетелдік және отандық жетекші ғалымдардың еңбектеріндегі қарастырылып отырған тақырыпты жаңа көзқарас тұрғысынан жазуға мүмкіндік беретін ғылыми тұжырымдары да басшылыққа алынды. Соның нәтижесінде ХХ ғасырдың соңы мен ХХI ғасырдың басындағы Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалауды зерттеуде өркениеттік көзқарастар мен ұлттық ұстаным, тарихилық қағида мен гуманизм, ынтымақтастық және мәдени-тарихи тұжырымдамалар аясында жүргізілді.

Зерттеудің әдістемелік негізіне ғылыми танымның жүйелілік, салыстырмалы талдау шынайылық пен синтез және ретроспективалық ұстанымдар қолданылды. Осы әдістер негізінде жасалынған тұжырымдар мен қорытындылардың өзара логикалық үйлесімділікте болуына да ерекше мән берілді.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері . Жұмыстың мақсаты ХХ ғасырдың аяғы мен ХХI ғасырдың бас кезіндегі ауыл шаруашылығын аграрлық реформалаудың жүзеге асуы мен өзекті мәселелерінің теориялық-әдістемелік тұжырымдамасы негізінде Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында тиімділікпен жүзеге асыруды негіздеу болып табылады. Бұл мақсат мынадай міндеттерді орындау арқылы нақтыланған:

  • Қазақстан Республикасындағы аграрлық реформалау мен оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық даму үрдісін зерттеудің теориялық-методологиялық негіздерін дәлелдеу;
  • зерттеу жұмысының тарихнамасы мен дерек көздеріне жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан талдау жасау;

- Қазақстандағы аграрлық реформалардың шынайы қажеттілігі мен алғы шарттарын анықтау,

- аграрлық реформалауда қалыптасқан ұйымдық-құқықтық заңнамаларын ғылыми талдау;

- аграрлық реформалауда шаруашылықты жүргізудің тетіктерін анықтау;

- ауылшаруашылық бірлестіктері мен серіктестіктерінің тарихи қағидалары мен құндылықтарын қазіргі нарық қатынасында бейімділігін ғылыми тұрғыда негіздеу;

- аграрлық реформалау барысында Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы аймақтық басқару мен жергілікті құрылымдық жетілдірілгендігін пайымдау;

- жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мен мемлекеттік қажеттілікті қамтамасыз етудегі аграрлық реформалардың нақтылығын мұрағат қорларының құжаттары және статистикалық мәліметтер негізінде дәлелдеу;

- ауыл шаруышылығын дамытудағы стратегиялық жоспарлаудың маңыздылығын саралау;

- аграрлық секторда салалық реформалау барысында ауылшаруашылық құрылымдарын жетілдіруді жүйелік тәсілмен зерттеу;

- қазіргі нарықтық қатынаста Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы агроқұрылымдық нысандардың жетілдірілуіне аграрлық реформалаудың ықпал ету дәрежесін ашып көрсету;

- Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтық басқару мекемелерінің қызметін елімізде қалыптасқан жүйелік тұрғымен байланыстыра қарастыру;

- жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті шаруашылықты
басқару түсініктерінің аражігін ажырата көрсету үшін тиісті
заңнамалық құжаттарға талдау жасалып, оларды ұдайы жетілдіріп отыру
керектігін айқандау;

- ауыл шаруашылығында салалық коммерциялық емес серіктестіктерді құрудың агроөнеркәсіп кешенін құрылымдық жетілдіруіндегі әсеріне ғылыми баға беру.

Зерттеу жұмысының нысаны - ХХ ғасырдың соңы мен ХХI ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы ауыл шаруашылығын аграрлық реформалаудың жүзеге асуы мен ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелерін қарастыру.

Зерттеу жұмысының пәні - Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы ауыл шаруашылығын аграрлық реформалау мен ХХ ғасырдың соңы мен ХХI ғасырдың бас кезіндегі Қазақстанның ауыл шаруашылығының даму үрдісіне тарихи талдау жасау.

Тақырыптың хронологиялық шеңбері. Қазақстан Республикасындағы аграрлық реформалар тақырыбының хронологиялық кезеңінің бастауы 1991 жыл болып белгіленді. Себебі Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық дамуымен ауыл шаруашылығының жоспарлы шаруашылықтан нарықтық қатынастарға түбегейлі бет бұру кезеңі негіз болып, зерттеу кезеңі 2008 жылмен шектелген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалар (1991 – 2008 жж.)
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік – шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалар: қағидалар және тарихи тағылым (1991-2007 ж.ж.)
Зерттеудің сарапталып, сыннан өтуі
Шаруа (фермер) қожалығының кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері
Инвестицияның пайда болу және даму тарихы
Ауылшаруашылық өндірісінің ерекшеліктері
Иттифак әль - Муслимин одағының құрылуы және қызметі
Ертефеодалдық дәуіріндегі жер қатынастарының сипаты мен жерге орналастыру
Ауылды елді мекендер
Қазақстанның әлем шаруашылығына енуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz