Ақша қаражаттар есебі жайлы


Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген.
2020 Стратегиялық жоспарын іске асырудың базалық шарттары бойынша, «Қаржылық реттеуші банк секторының сыртқы міндеттемелері үлесінің оның міндеттемелерінің жиынтық көлемінде төмендеуін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл ретте сыртқы займдардың басым бөлігі тиімді де бәсекеге қабілетті өндірістер құруға бағытталуы керек. Банктерді ашық немесе жасырын аффилирленген құрылымдардан аулақ ұстау қажет. Банктердің тек қана банк қызметімен айналысуын және олардың қызметінің барынша мөлдір болуын қатаң бақылауға алу керек. Біз банктердің дағдарыс кезінде аман қалуына көмектестік, енді банктер экономикаға оның дағдарыстан кейінгі қалпына келуі мен дамуына жігерлі түрде жәрдемдесуі тиіс. »
28. 01. 2012 жылғы Қазақстан Республикасы Парламентінің бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағытты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялағанда, «Қазақстан тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына батыл қадам басты. Жаңа құрамдағы Парламент пен жаңарған Үкімет өз жұмысына кірісті. Өткен 2011 жылы ел экономикасы 7, 5 пайызға өсті. Ішкі жалпы өнім жан басына шаққанда 11 мың доллардан асты. Қазақстан жолының жаңа кезеңі - экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері. Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу - өмірлік маңызды нәрсе. Бүгінгі әлемде бұл - әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың түбегейлі мәселесі. Бұл таяу онжылдықтардағы Қазақстан дамуының басты бағыты», екенін атап өткен еді.
Ал кәсіпорын қызметінің дүрыс жолға қойылуы күптеген факторларға байланысты болып табылады. Соның ішінде бухгалтерлік есептің, аудиттің, оның ішінде қаржылық есептің, ішкі аудиттің және талдаудың дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуі үлкен роль атқарады. Бұл қызметтердің мэні «тірі» ақпаратта. Ал кім ақпаратқа ие болса, сол әлемді билейді деген сөз бар. Бухгалтерлік есептің маңызын осыдан ақ білуге болады.
Есепке алу мәліметтегі кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқаіру үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлау жасау үшін, сүйтіп ел экономикасының даму заңдылықтарын зерттеу үшін қолданылады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында кәсіпорынның күрделі экономикалық тетігін нық, дұрыс жолға қойылған есеп жүйесінісіз, сондай - ақ сенімді экономикалық ақпаратсыз басқару іс жүзінде мүмкін емес. Осы түрғыдан есептегенде ақша қаражаттарының есебі мен оның ішкі аудиті өзекті болып есептелінеді.
Бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттардың талабына сай жүргізу қазіргі кезде ең басты мәселе болып табылады. Осыған байланысты бухгалтерлік есеп пен аудитке жүктелетін міндеті қай кезде болмасын күрделі болып отыр. Осы тұрғыдан қарағанда ақша қаражаттар есебін дұрыс ұйымдастырудың рөлі зор.
Ақша қаражаттардың есебін зерттеп бақылай отырып кез - келген кәсіпорынның жабдықтаушылары мен клиенттерінің кім екендігін, олардың қандай тауар сататынын, қызмет көрсететінін, олармен қандай қарым -қатынастарда, қандай тәртіпте, қандай құжат негізінде жүзеге асатынын көріп білуге болады.
Бұл жерде тағы маңызды бір нәрсе - банк мекемесі. Жоғарыдағы айтылып кеткен қарым - қатынастар қолма қолсыз есеп айырысу нысанында жүзеге асырылса банк мекемесі де бүл қатынастарда өз үлесін қосады. Яғни, кәсіпорын банкі мен жабдықтаушы банкі арасындағы қатынастар жүзеге асырылады. Бұл жерде банк қызметімен де жақынырақ танысып, олардың құжаттарының кәсіпорын құжаттарымен қандай байланысы бар екенін көруге болады.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигациялар немесе акциялар жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.
Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр.
Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, элемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы жатады.
Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар аталған жаңа қызметтерді атқара бастады. Клиенттің заказы бойынша маркеингтік зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық консультациялық, қор және т. б. жүргізеді.
Жоғарыдағы айтылып кеткен мәселелер мені қызықтырды, сондықтан бухгалтерлік есептің ақша қаражаттар бөлімін кеңірек ауқымда қарастырып, дипломдық жұмысымның тақырыбы ретінде таңдап алдым.
«Банктің кассалық операциялар есебі мен аудиті» тақырыбындағы диплом жұмысымның негізгі мақсаты-банктің кассалық операцияларының алатын орнын көрсету.
Осы мақсатқа жету үшін мынандай келесі мәселерді қарастыру керек:
- Банктегі ақша қаражаттар есебінің теориялық негіздемесін, ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәні мен мақсатын қарастыру;
- Есеп айырысу шоты операцияларының есебін, банктегі валюталық шоттардағы ақшалар есебі, бағамдық айырмашылықтар есебінің алатын орнын көрсету;
- Ақша қаражаттар қозғалысының есебі, төлем карточкаларының есебінің қолдану мүмкіндігін талдау;
- Банктердің кассалық операцияларының қызметтерін жетілдіру жолдарын қарасытыру.
Жоғарыда аталған сұрақтарды қарастыру үшін диплом жұмысы кіріспе, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Ақша қаражаттар есебінің теориялық негіздемесі.
1. 1 Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәні мен мақсаты
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі жанындағы «Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің» №4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» - деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субьектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік береді» делінген. Ал осы стандарттың екінші бабында:«Заңды тұлғалар, субьектілер (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге) тапсырады» делінген.
Барлық шаруашылық жүргізуші субьектілерде өндірілген өнімді сату барысында, сондай-ақ материалдық қүндылықтарды, негізгі құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе бюджеттен тыс басқа да мекемелерге эртүрлі төлемдерді түлеуге байланысты түрлі операциялар пайда болады. Әрбір кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бір уақытта өндірілген өнімін сатып немесе қызмет күрсетіп, жабдықтаушы ретінде болатын болса, екіншіден сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар мен материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады.
Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар күбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз түлеу жолы арқылы жүргізіледі. Қолма қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақшаларды сақтау және қолма қолсыз ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері:
1) ҚР Әділет министрлігінде тіркеуден өткен заңды тұлғаларға есеп айырысу шоттарын;
2) Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есепке алу үшін заңды тұлғаларға валюталық шоттарды;
3) Бюджеттік мекемелерге, олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша, қоғамдық ұйымдарға, өндірістік, коммерциялық қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға ағымдық шоттарды;
4) Республикалық бюджетте түрған мекемелерге бюджеттік шоттарды;
5) Ұлттық банк мекемелеріндегі екінші деңгейдегі банктерге корреспонденттік шоттарды ашады.
Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:
1) Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу.
2) Субьектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін және оларды дұрыс, тиімді пайдалануды бақылау.
3) Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу.
Ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебінің міндеттері:
1) Қолма қолсыз ақша аудару жолымен және қолма қол ақшамен қажетті есеп айырысуларды уақтылы және дүрыс жүргізу.
2) Ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын және есеп айырысу опрацияларын есептік тіркелімдерде толықтай және жедел түрде кӨрсету.
3) Бұл інген лимиттерге, қорларға және сметаларға сәйкес ақша қаражаттарын мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы ережелерін сақтау.
4) Белгіленген мерзімдерге ақша қаражаттары мен есеп айырысудың жағдайына түгендеуді ұйымдастыру және жүргізу. Мерзімі кешігетін дебиторлық және кредиторлық берешектердің туындауын болдырмаудың мүмкіндіктерін іздестіру.
5) Кассадағы, есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа шоттардағы ақшалардың бар жоғы мен сақталуына бақылау жасау.
6) Есеп айырысу - төлем тәртібінің сақталуына, материалдық құндылықтар мен қызметтер үшін сомалардың уақтылы аударылуына, сондай - ақ несие тәртібінде алынған ақша қаражаттарының қайтарылуына бақылау жасау.
Есеп-операциялық жұмыстың жалпы сипаттамасы:
Үзіліссіз бақылау және өлшеу барысында шаруашылық қызметтің сандық көрсеткіштері жөнінде ақпараттар алынады. Осы алынған сандық көрсеткіштер көмегімен шаруашылық процестеріне сапалық баға беріледі. Міне, сондықтан, есеп дегеніміз шаруашылық процестерін бақылау және оларды басқару мақсатында сандық түрде көрсету және сапалық түрде сипаттауды білдіреді. Есептің басты үш түрі бар: статистикалық, оперативті және бухгалтерлік. Бухгалтерлік есеп өзара қаржылық және басқарушылық деп бөлінеді.
Қаржылық есеп беру тұжырымдамасы төмендегідей элементтерді қамтиды: активтер, капитал, міндеттемелер, табыстар және шығындар. Олар қолданушылар үшін қаржылық есеп беруде ақпаратты пайдалы ететін атрибуты болып табылады.
Бухгалтерлік есеп пайдаланушылары екі негізгі топқа бөлінеді. Олар:
- Ішкі пайдаланушылар;
- Сыртқы пайдаланушылар.
Ішкі пайдаланушылар қатарына банктің құрамына жататын тұлғаларды жатқызады. Олар: банк менеджерлері, меншік иелері, акционерлер, директор кеңесі, т. б.
Сыртқы пайдаланушылар екі топқа жіктеледі: тікелей қаржылық мүддесі бар (инвесторлар, кредиторлар) және жанама қаржылық мүддесі бар (салық органдары, мемлекеттік бақылаушы органдар) .
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп беру стандарты мен келесідей қағидалар қабылданған:
Есептеу - табыстар тапқан кезде, ал шығындар шығарылған кезде танылады. Есепке алу принципі бойынша құрылған қаржылық есеп беру өткен операциялар мен басқа оқиғалар туралы ақпараттарды қамтамасыз етеді.
Есептесу кезенінде жалғастырады және оның жақын болашақта жою қажеттілігі жоқ немесе ол өзінің қызмет мастштабын қысқартуды көздемейді.
Қаржылық есеп берудін негізгі сапалық сипаттамалары:
- Түсініктілігі - қаржылық есеп берумен ұсынылған ақпараттар қолданушыға түсінікті болуы керек.
- Мәнділігі - нақты және болашақтағы оқиғаларды бағалауға көмектесе отырып, қолданушының экономикалық шешіміне әсер ету. Ақпарраттардың мәнділігінде оның сипаты мен маңыздылығы әсер етеді.
- Сенімділігі - ақпаратта маңызды қателер мен дұрыс емес көрсетулер болмауы керек, өйткені қолданушылар оған шынайы көрініс ретінде қарайды.
- Шынайылық-ақша қаражаттарының қозғалысын, операциялар нәтижелері мен қаржы жағдайлары туралы ақпараттардың сенімділігін қамтамасыз ету үшін операциялар мен басқа да оқиғаларды шынайы көрсету қажет.
- Форманың мәнділіктен айырмашылығы-операциялар мен басқа да оқиғалар шынайы көріністер үшін қажетті, олар заңды формамен емес, олардың мәнімен және экономикалық нақтылығы мен сәйкес келуі керек.
- Бейтараптығы-қаржылық есеп берудегі ақпараттардың сенімділігін қатамасыз ету үшін бейтарап болуы қажет.
- Сақтық-активтер мен табыстар төмендетіліп, міндеттемелер мен шығындар әдейі жоғарылатылмас үшін белгісіздік жағдайда баға беруге қажетті шешімдер қабылдаған кезде сақ болған жөн.
- Толықтылығы-қаржылық есеп беру сенімділігін қамтамасыз ету үшін ақпараттар толық болу қажет.
- Салыстырмалылығы-қаржылық ақпараттар пайдалы және мазмұнды болуы үшін есеп беру кезеңдері салыстырмалы болуы қажет. Қолданушылар субъектінің есептік саясаты туралы, ондағы өзгерістер мен осындай өзгерістердің нәтижетері туралы хабардар болуы керек.
- Пайда мен шығындар арасындағы баланс-ақпараттардан алынған пайдалар оны алуға кеткен шығындардан жоғары болуы керек. Пайда мен шығынды бағалау мәнді дәрежеде кәсіби тұжырымдамалардың сұрағы болып табылады.
- Сенімді және объективті көріністер-негізгі сапалы сипаттамалар мен бухгалтерлік есептің сәйкес қолдану сенімді және объективті ақпараттарды қолданатын қаржылық есеп берудің құрылымы мен көрінісін қамтамасыз етеді.
Қаржылық есептің элементтері - қаржылық есеп берулер мәмілелердің және басқада оқиғалардың қаржылық нәтижелері мен экономикалық сипаттарына сәйкес олардың жалпы категорияларын қалыптастыра отырып көрсетеді. Осы кең көлемді категориялар қаржы есептерінің элементтері деп аталады. Шаруашылық құралдарының (мүліктердің), олардың пайда болу көздерінің және шаруашылық процестердің есебі олардың үзіліссіз және өзара байланысқан көрінісі мен экономикалық жалпылығын қамтамасыз ететін әр түрлі тәсілдер мен әдістер арқылы жүзеге асырылады. Осы әдістер мен тәсілдердің жиынтығы бухгалтерлік есеп әдістері деп аталады. Әрбір жеке әдіс немесе тәсіл бухгалтерлік есеп әдісінің элементі деп аталады. Ондай элементтеріне мыналар жатады: құжаттау, түгендеу, бағалау, калькуляция, шоттар, екі жақты жазу, бухгалтерлік баланс, есеп беру .
Құжаттау - шаруашылық операцияларды құжаттарда алғашқы рет бейнелеу тәсілі. Дұрыс толтырылған құжаттар бухгалтерлік жазулардың заң күшін қамтамасыз етеді.
Түгендеу - шаруашылық құралдардың нақты қолда барын анықтау және алынған мәліметтерді бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстыру тәсілі. Бұл субъектінің құралдарының сақтығына бақылау жасау тәсілі болып табылады.
Бағалау - бухгалтерлік есеп объектілерін құндық көрсету тәсілі. Құралдардың және олардың құрылу көздерінің қозғалысын есептеу үшін оларды бағалау керек, яғни ақшалай өлшеммен көрсету керек. Бағалау нақты және бірыңғай болу керек. Нақтылығы дегеніміз - есептің белгілі бір объектісінің ақшалай өлшеуішінің оған жұмсалған шығынға сай келуі.
Калькуляция - өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын есептеу тәсілі. Өнімді дұрыс бағалау үшін есеп объектілері мен калькуляция объектілерін дұрыс белгілеу маңызды.
Шоттар - кәсіпорын мүлкінің және олардың құралу көздерінің құрамында болып жататын өзгерістерді ағымда есепке алу үшін арналған.
Екі жақты жазу - шаруашылық о. перацияларын бір мезгілде бірдей сомада екі шотта көрсету.
Баланс - шаруашылық құралдарын және олардың көздерін белгілі бір мерзімге ақшалай бағада топтау тәсілі.
Есеп беру - субъектінің шаруашылық қызметінің нәтижелері кешенді түрде сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы.
1. 2 Есеп айырысу шоты операцияларының есебі.
Барлық шаруашылық субъектілер ақша қаражаттарын банктердің сәйкес мекемелеріндегі шоттарда сақтайды және міндеттемелер бойынша төлемдерді жүзеге асырады. Көп жағдайда бұл төлемдер қолма-қолсыз есеп айырысу нысанында болады, ал қажетті қолма - қол есеп айырысулар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативті құжаттарымен бекітілген мүлшерде ғана жүзеге асады. Заңды түлғалар арасындағы төлем 4000 айлық есеп айырысу күрсеткішінен артып кеткен жағдайда, есеп айрысу тек қолма - қолсыз түрде жүзеге асу керек. Ақша қаражаттарын сақтау және заңды тұлғалармен есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банктік шоттарды ашады. Банктік шот депозит қабылдаумен, келісім - шартта қарастырылған клиентке банктік қызмет күрсетумен байланысты операцияларды жүзеге асыру бойынша банк пен клиент арасындағы келісім - шарт қатынастарын көрсету амалы. Банктік шоттар теңге мен шетел валютасында жургізілуі мүмкін және есеп айырысу (ағымдағы), жинақ, корреспонденттік шоттар болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар - (банктер мен ұйымдардың) банктік операциялардың жеке бір түрлерін ғана жүзеге асыратын банктік шоттары.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары - жеке және заңды тұлғаларға, заңды тұлғалардың ерекше бөлімшелеріне (филиалдар мен -өкілдіктер) ашылатын банктік шоттар.
Есеп айырысу шоты мынадай құжаттардың негізінде ашылады:
1) шотты ашу жүніндегі өтініш;
2) қойылатын қол таңбалары мен мөр таңбаларының үлгісі бар карточка;
3) субъектінің салықтық есепке қойылу фактісін растайтын салық органының анықтамасы;
4) мемлекеттік тіркеу туралы кәэліктің көшірмесі;
5) жарғы мең құрылтай шартының күшірмесі (егер құрылтайшылар саны 1-ден көп болса) .
Есеп айырысу шотын ашқан шаруашылық субъектісі оның иесі болыи табылады. Ол үзіне берілген құқықтардың шегінде осы шоттағы қаражаттардың барлығына иелік жасайды.
Ақшаларды қабылдауды, беруді және аударуды банк мынадай құжаттардың негізінде орындайды:
1. Қолма-. қол ақшаларды; кассадан есеп айырысу шотына енгізген кезде қолма-қол ақша салымының мэлімдемесі ресімделеді. Қолма - қол ақша салымының мэлімдемесі түскен түсімді, депоненттелген еңбек ақыны және қолма - қол ақшадағы басқа да сомаларды өз шотына қабылдау туралы шот иесінің банкке деген бұйрығы. Мәлімдемені сиямен бір данада толтырады; қабылданған ақшаға банк квинтация береді, ол шығыс касса ордеріне тіркеледі.
2. Әртүрлі мақсаттар үшін кассаға алынғанда-чек ресімделеді. Чек ресімделуі - чек берушінің чек алушыға төлем құжатын беру арқылы төлемнің жүзеге асуын білдіреді.
3. Басқа субъектілермен есеп айырысқанда төлем тапсырмасы жазылады. Төлем тапсырма - қызмет көрсететін банкке өз ақшасын тапсырмада күрсетілген сомада бенефициар пайдасына аудару жөнінде төлеушінің тапсырмасы.
4. Субъект босатылған өнімдердің, орындалған жұмыстар мен қызметтердің қүнын сатып алушыдан өндіріп алуға тиіс болғанда - төлем талап тапсырмасы жасалады. Төлем талап - тапсырмасы бенефициардың сатылған тауарлар, күрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар үшін дәлелдеуші құжаттар негізінде ақша аударушыға төлем ақыны жүргізу туралы талабы.
5. Шаруашылық істері жүніндегі комиссияның бұйрығы, сот органдарының атқарушы қағаздары есеп айырысу шотынан қаражаттар есептен шығарылатын атқарушы құжат болып табылады.
Субъектінің шотынан барлық төлемдер есеп айырысу құжаттарының банкке түсуіне қарай күнтізбелік кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Банк түлеуге қабілетсіз деп жариялаған міндеттемелер бойынша төлемдердің кезектілігін банк мекемесінің басшылығы белгілейді. Банктер мезгіл- мезгіл немесе күн сайын шоттардың иелеріне жүргізілген операциялар туралы хабарлап, есепке алуға және есептен шығаруға негіз болған құжаттарды оған қоса беріп, оларға есеп айырысу шотынан күшірме жолымен құлақтандыру жасайды. Күшірмеде банк кодтайтың, қатаң түрде белгіленген күрсеткіштер болады. Бухгалтер банктен алынған күшірмені тексереді, құжаттарды таңдап, шоттардың кодын (корреспонденциясын) қояды, ол жекелеген операциялар бойынша есептік тіркелімдерге жазу үшін талдау есебі баптарының кодын қояды.
Банктің көшірмесі есеп айырысу шоты бойынша талдамалы есептің тіркелімін үздігінен алмастырады және сонымен бірге бухгалтерлік жазулар үшін негіздеме қызметін атқарады. Кәсіпорынның банктегі есеп айырысу шоты кредиторлық берещекті көрсететін пассивтік шот болып табылады. Көшірмеде банк ақша қалдығын немесе кредит бойынша оның өсуі, ал дебет бойынша оның есептен шығарылуын күрсетеді. Шаруашылық жүргізуші субьектінің бухгалтериясында керісінше, есеп айырысу шоты актңвтік болып табылады. Ақша қаражаттарының қалдығы мен өсуі дебет бойынша, ал кемуі (есептен шығару) кредит бойынша күрініс табады. Банк көшірмесінің деректері бойынша есеп айырысу шотындағы ақша қозғалысының есебі 441 - шотта жүргізіледі.
1030 - шот бойынша түмендегідей шаруашылық операциялары жүргізіледі:
1. Өнімдер, жұмыстар мен қызметтер және сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған төлем сомасына Дт- 1030 Кт-1210
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz