Инфляцияның мәні, себептері және түрлері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 ИНФЛЯЦИЯНЫҢ МӘНІ, СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Инфляцияның мәні және пайда болу себептері ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Инфляцияның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.3 Инфляцияның әлеуметтік. экономикалық салдары ... ... ... ... ... ... ... .8
1.4 Ақша айналымын тұрақтандыруда қолданылатын шаралар ... ... ... 9

2 ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... 11
2.1 Инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.2 2009 жылғы инфляция болжамын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.3 Инфляциялық үдерістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.4 Қазақстан Республикасындағы инфляция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Қазіргі заманның алдында өз алдына байлық көзі ретінде қаржы, валюта көздері басты орын алады. Бұл жұмыстың басты тақырыбына келетін болсақ, яғни сол байлық көзі ретіндегі табыс мөлшері ақшаның ісінің нәтижесінен құралады. Бұл- ақшадағы инфляция мәселесі. Өзімнің кіріспе нұсқауымды бастар алдында, елбасымыздың «Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму стратегиясы»-ндағы жолдауын айта кеткен жөн. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың біздің Қазақстанымыздың жақсылап дамуына септігін тигізетін үлкен мәселелерді қозғайды. Әрине бұл мәселенің инфляцияға жол бермеу керек деген ой- пікірі қалыптасқан. Инфляция дегенді ел экономикасына қарсы індет деп атайды.
Еліміздің сан жылдар бойы, яғни тәуелсіздіктен кейінгі кездерде бұқаралық ақпарат құралдарынан шындықтары ашылуда. Сол кезеңде Ресейдің ақшасы құнсызданып, қымбатшылдық орнайды да, біздің елімізге үлкен әсерін тигізеді. Жалпы қарапайым тілде айтатын болсақ, инфляция ол тарихи тұрғыда сонау АҚШ еліндегі үлкен бір дағдарыс есебінен туды дейді. Осы инфляцияның болуына мына себептерді айтады, ол шектен тыс қаржы жұмсау, әрине, өндіріс секторын дамыту мақсатында, соғыс жағдайларында т.с.с.
Бұл курстық жұмыстың маңызы зор, ол- әрине тәуелсіздік алғанымыздан кейін Ресейдің Қазақстанға тигізген мемлекет экономикасы алдында және де біздің алдымызда. Бұлай айтар себебім, қазіргі нарық заманындағы үлкен бір мәселе болып табылады. Сол жылдардағы Н. Назарбаевтың жүргізген саясаты арқасында жеңе білдік, және де алдымызға мақсат қоя білдік.
Курстық жұмысты таңдаған мақсатым Қазақстан Республикасына және де өзге мемлекеттеріне қаржы мәселесінің қандай сипаты тиетінін жақсы танығым келеді.
Курстық жұмыстың мақсаты- инфляцияның мәнін және әлеуметтік- экономикалық салдарын көрсету.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер орныдалуы керек:
 Инфляцияның мәнін ашып, пайда болу себептерін атап, түрлерін көрсету;
 Инфляцияның нарықтық экономикадағы әсер ету ерекшеліктерін атау және де Қазақсатандағы ерекшеліктерін көрсету;
 Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясат жолдарын анықтау;
 Қазақстанның өткен және қазіргі жағдайын талдау, шешу жолдарын талқылау.
1. Құлпыбаев. С., Қазжы.- Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық.-Алматы.2007.-б. 666.
2. Әкімбеков С, Баймухамедов А.С., Жанайдаров У.А., Экономикалық теория. - Оқу құралы.- Астана. 2002.-б. 464.
3. Шеденов Ө.К., Жүнісов Б.А., Байжомартов У.С., Жалпы экономикалық теория.-Алматы. 2002.- б.
4. Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә., Макроэкономика.- Оқулық.-Алматы: Экономика, 2003.-б. 432.
5. Усов В.В., Деньги. Денежное обращение. Инфляция.- Учебное пособие для вузов. – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1999- 544с.
6. Сейтқасымов Ғ.С., Омарбеков А.Ғ., Сейтқасымова А.Ғ., және т.б., Ақша,кредит,банктер.- Оқулық. –Алматы: Экономика,2006.- б. 480.
7. Матайұлы И. Инфлясиямен күрес/Нұр Астана. – 2008.- 9-қаңтар.-№2(215).- б.1-2.
8. Сейтқасымов Ғ.С., Ақша,несие,банк. Оқулық. –Алматы: Экономика, 2001.- б. 466.
9. Исабеков Б.Н. Дағдарыс кезіндегі қауіп қатерді мүмкіншілікке транформациялаудың экономикалық тетіктері//ҚазҰУ хабаршысы, экономика сериясы.- 2008.- №6(70).- б.35-38.
10. Инфляцияға шолу [режим доступа]: http://www.nationalbank.kz/cont/publish301220_5888.pdf.
11. Қазақстан Республикасындағы инфляция туралы [режим доступа]: http://www.kaz.stat.kz/digital/ceni_tarifi_kz/DocLib/%DO

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 ИНФЛЯЦИЯНЫҢ МӘНІ, СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Инфляцияның мәні және пайда болу
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ...4
1.2 Инфляцияның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... 5
1.3 Инфляцияның әлеуметтік- экономикалық
салдары ... ... ... ... ... ... ... .8
1.4 Ақша айналымын тұрақтандыруда қолданылатын шаралар ... ... ... 9

2 ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... .. ..11
2.1 Инфляцияның Қазақстандағы
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .11
2.2 2009 жылғы инфляция болжамын бағалау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.3 Инфляциялық үдерістер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
15
2.4 Қазақстан Республикасындағы
инфляция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...28

КІРІСПЕ

Қазіргі заманның алдында өз алдына байлық көзі ретінде қаржы, валюта
көздері басты орын алады. Бұл жұмыстың басты тақырыбына келетін болсақ,
яғни сол байлық көзі ретіндегі табыс мөлшері ақшаның ісінің нәтижесінен
құралады. Бұл- ақшадағы инфляция мәселесі. Өзімнің кіріспе нұсқауымды
бастар алдында, елбасымыздың Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму
стратегиясы-ндағы жолдауын айта кеткен жөн. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың
біздің Қазақстанымыздың жақсылап дамуына септігін тигізетін үлкен
мәселелерді қозғайды. Әрине бұл мәселенің инфляцияға жол бермеу керек деген
ой- пікірі қалыптасқан. Инфляция дегенді ел экономикасына қарсы індет деп
атайды.
Еліміздің сан жылдар бойы, яғни тәуелсіздіктен кейінгі кездерде
бұқаралық ақпарат құралдарынан шындықтары ашылуда. Сол кезеңде Ресейдің
ақшасы құнсызданып, қымбатшылдық орнайды да, біздің елімізге үлкен әсерін
тигізеді. Жалпы қарапайым тілде айтатын болсақ, инфляция ол тарихи тұрғыда
сонау АҚШ еліндегі үлкен бір дағдарыс есебінен туды дейді. Осы инфляцияның
болуына мына себептерді айтады, ол шектен тыс қаржы жұмсау, әрине, өндіріс
секторын дамыту мақсатында, соғыс жағдайларында т.с.с.
Бұл курстық жұмыстың маңызы зор, ол- әрине тәуелсіздік алғанымыздан
кейін Ресейдің Қазақстанға тигізген мемлекет экономикасы алдында және де
біздің алдымызда. Бұлай айтар себебім, қазіргі нарық заманындағы үлкен бір
мәселе болып табылады. Сол жылдардағы Н. Назарбаевтың жүргізген саясаты
арқасында жеңе білдік, және де алдымызға мақсат қоя білдік.
Курстық жұмысты таңдаған мақсатым Қазақстан Республикасына және де
өзге мемлекеттеріне қаржы мәселесінің қандай сипаты тиетінін жақсы танығым
келеді.
Курстық жұмыстың мақсаты- инфляцияның мәнін және әлеуметтік-
экономикалық салдарын көрсету.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер орныдалуы керек:
– Инфляцияның мәнін ашып, пайда болу себептерін атап, түрлерін
көрсету;
– Инфляцияның нарықтық экономикадағы әсер ету ерекшеліктерін атау және
де Қазақсатандағы ерекшеліктерін көрсету;
– Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясат жолдарын анықтау;
– Қазақстанның өткен және қазіргі жағдайын талдау, шешу жолдарын
талқылау.

1 ИНФЛЯЦИЯНЫҢ МӘНІ, СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

1.1 Инфляцияның мәні және пайда болу себептері

Инфляцияның мәні - ол тауарлар мен көрсетілген қызметтің
бағасының өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының
төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу
мүмкіндігінің құлдырауы. Инфляция- қоғамдық ұдайы өндірістегі
диспропорцияның көрінісі. Ол мемлекеттің табысы мен шығынның үйлеспеуі
салдарынан кездесетін кез келген экономикалық формацияға тән
құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың салдары арасында,
коммерциялық құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және
шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді [1, б. 554].
Алғашқы рет “инфляция” деген ұғым ақша айналымына қатысты
АҚШ- та Азамат соғысы кезінде (1851-1865ж.ж.) орасан зор гривналар
ақша орнына қолданылған күміс кесек 450млн доллар шығарылуына
байланысты қолданыла бастады, ал оның төлем қабіліеті 2 жылдың
ішінде 60 процентке дейін төмендеді.
Қоғамдық ұдайы өндірістің пропорциясын стихиялық
реттеу, соның ішінде ақшаның қазына жинау құралы қызметі
механизмін атқару кезеңінде қалыптасқан айналым саласында, алтын
монометаллизм жағдайында инфляцияның созылмалы ауру ретінде
дамуына кедергі жасалды. Еркін бәсеке кезеңіндегі капитализм
жағдайында инфляцияны соғыс, дағдарыстар, стихиялық апаттар
кезінде болатын несие ақшаларының алтынға айырбасталуының тоқтатуы
кезде пайда болды. Капитализмнің жалпы дағадарысы кезінде инфляция
жалпы созылмалы сатып алып, маңызды әлеуметтік- экономикалық
проблемалардың біріне айналады [2, б. 308].
Енді инфляция дегеніміз не, осы сөздің басын ашып
алайық. Инфляция латын сөзінен алғанда inflatio- көтерілу, ісу- қағаз
ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік- экономикалық
құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналыстағы ақша
өнімдері мөлшерінің тауарлар бағаларының қосындысынан артып
кетіп, осының нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген
ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді [3, б. 249].
Инфляция жұмысшылардың тұрмыс жағдайына зардаптың
ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал
мемлекет жалақыны бұрыңғы дәрежесінен арттырмауға тырысады.
Ақшаның құнсыздануы халықтың әл- ауқатының дәрежесіне әкеп
соқтырады.
Инфляциядан өндірісте біраз зардап шегеді. Инфляцияның
деңгейінің көтерілуіне байланысты еңбекке деген ынта да
бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі бола тұрып
тауар мен азық- түлікті белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр
етеді.
Инфляция кешенді себептердің негізінде пайда болады
және оның маңыздылары болып мыналар саналады: мемлекеттік бюджеттің
тапшылығы, оны азайту мақсатында мемлекеттік бағалы қағаздар
немесе жай қағаз ақшалар шығарылады. Тұтыну игіліктерінің
көбеюіне айналмайтын, адамзат еңбегінің мақсатынсыз шығындарына
жол беретін мемлекеттің өндірістік емес шығындары, әсіресе
әскери шығындар.
Сұранымды ұсынымнан алшақтататын тауар тапшылығы және
соның негізінде бағаның өсуі, бірқатар өндірушілердің аз
өнімдеріне, олардың тұтыну сапасын арттырмай- ақ жоғары баға
қою және негізінен қымбат тұратын өнім шығаруға мүмкіндік
беретін монополиялық үстемдік жағдайы, жалақының өсуінің еңбек
өнімділігінің өсуінен алшақтауы және басқа себептер. Бұл
себептер мемлекетттік бюджеттің тапшылығының тұрақты ұдайы
өндірілуіне және жиі-жиі артық ақша эмиссиясына , эмиссия –
айналысқа ақша және бағалы қағаздар шығару жағдай жасайды [2,
б 310-312].

2. Инфляцияның түрлері

1 сурет – Инфляцияның өту қарқынына байланысты бөлінуі
Түсініктеме: құрстырылған әдебиет бойынша[4, б. 83-87]

Шет ел нарықта болатын инфляциялық тепе- теңдік формаларына
байланысты ашық және басылыңқы деп бөледі. Еркін баға белгілеу
экономикасына тән ашық инфляция бағаның тауарлар мен
қызметтерге созылмалы артуы түрінде көрінеді. Ашық инфляция
кейбір тауар нарығындағы бағаның оқтын- оқтын төмендеуімен немесе
оның өсуінің байлауымен сыйыса береді, ал ол ашық инфляцияның
нарық механизмін едәуір бұрмалағанымен әйтсе де оны толық бүлдіре
алмайтынын көрсетеді.
Жасырын инфляция деп аталатын басылыңқы инфляция
реттелмелі бағалар қолданылатын экономикаға тән, ол тауар
тапшылығына, өнімнің сапасының нашарлауында, амалсыздан ақша
жинақтауда, астыртын экономикада бартерлік айырбастың дамуында
көрінеді. Басылыңқы инфляция мемлекет тауар бағасын сұраным мен
ұсыным тепе- теңдігі бағасынан төмендеуін қолдау әсерінен туады,
онда ақшалар жалпы төлем құралы және тауарларды бөлу өлшемі
ретінде қызметін атқарудан қалады. Егер біздің осы уақытқа
дейінгі экономиканы алсақ, онда ол ұзақ жылдар бойы басылыңқы
инфляция жағдайында болды. Және болашақ экономика үшін бұл қауіпті
емес, одан әлі де болса құтылуға болады [4, б. 83-87].

2 сурет – Сұраным мен ұсынымға байланысты инфляцияның түрлері
Түсініктеме: құрстырылған әдебиет бойынша [4, б. 83-87]

3 сурет – Инфляцияның түрлері
Түсініктеме: құрстырылған әдебиет бойынша [2, б. 308-313]
Инфляция балансталған, тепе- теңдікті болуы мүмкін, яғни
бағаның өсуі баяу және ол барлық тауарлар мен қызметтерге
бірдей өседі. Мұндай жағдайда бағаның жылдық өсуіне сәйкес
ставка проценті көбейеді, бұл бағалардың тұрақтануы кезеңіндегі
экономикалық ахуалды білдіреді [2, б. 308-313].
Болжамды, күткен инфляцияны кенеттен өршитін
инфляциядан ажырата білу керек. Күткен инфляцияның мерзімін
анықтауға болады, үкімет оны “жоспарлайды”, мысал ретінде Ресей
Федерациясының, Қазақстанның 1991жылы бағаны ырықтандыру алдында
жасаған бағаны жоғарлату қарқынының бағдарламасын келтіруге болады.
Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген кезде өсуімен
сипатталады, ол ақша айналымына, салық салу жүйесіне теріс әсер
етеді. Егер экономикалық инфляция күтілген болса, халық өз
табысының құнсыздануынан қауіптеніп, артық тауарлар сатып алуға
ұмтылады, қызмет көрсету шығындарын шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп
экономикаға қиындық келтіреді. Қоғамдағы шын қажеттілік
бүркемделенеді, шаруашылықтың қалыпты жайы бұзылады. Бағаның
тұтқиылдан шарықтауы инфляцияны күтуді одан әрі арандатып, бағаның
өсуін өршітеді. Егер бағаның тұтқиылдан өсуі “инфляцияны күту”
басталмаған экономикада орын алса, онда халықтың бағаның өсуіне
көзқарасы өзгеше болады. Бағаның күрт өсуі қысқа мерзімді құбылыс,
ол төмендейді деген үмітпен , тұтынушылар рынокқа сатып алу
қабілеті бар сұраныс ретінде ғана ақша жасайды, көбірек сақтап,
жинауға тырысады. Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне
оны төмендету мақсатында қысым жасалады. Экономика тағы да өзінің
тепе-теңдік жағдайына келеді [1, б. 554].

1.3 Инфляцияның әлеуметтік- экономикалық салдары

Инфляция кезінде өндіріс қарқыны төмендейді, экономикалық
өсудің пропорциясы бұзылады, ақша- несие, қаржы және валюта
механизмі бүлінеді, елде әлеуметтік - экономикалық тұрақсыздық
күшейді. Инфляция халықаралық экономикалық қарым - қатынастарды,
жұмыс күшін ұдайы өндіру шарттарын бұзады, капиталды экономиканың
ең пайдалы салдарына салуды ынталандырады, экономикалық
қылмыстар мен астыртын экономиканың дамуын жеделдетеді.
Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып
келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда
нормасын жоғарлатып, уақытша конъюктураны жандырады. Процестің
ұшығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп,
қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленістерді тереңдетеді.
Инфляция аттың текіректеп шауып, бой бермеген кезіндегідей
шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп,
экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі
өсуі экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып,
тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, ішкі рынокта тауарлар өткізуді
қиындатады. Мұндай инфляция тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын
күшейтіп, бұл процесті таудан аққан тасқынға айналдырып,
тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны жойып, ақша-
несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы
құнсызданады, банктер, несие беретін мекемелер зиян шегеді.
Өндірістердің интернационалдануы инфляцияны бір елден
екіншісіне аударады, халықаралық валюта және несие қатынастары
күрделенеді [2, б 312-313].
Өнеркәсібі дамыған елдерге жылжымалы инфляция тән, яғни
жылдан жылға ауысатын бірқалыпты ақшаның құнсыздануы.
Батыс экономистерінің жобалауынша инфляцияның бұл түрі өндіріс
пен жалпы ұлттық өнімнің өсуін ынталандыруы мүмкін. Ал
дамушы мемлекттерде қарқынды және ұшқыр инфляция басымдау
болады. Инфляцияға әсер ететін факторлар, оның түрлері және
инфляцияның әлеуметтік- экономикалық зардаптарын жою шаралары да
әр елдің экономикалық өсуін ерекшеліктеріне байланысты
болады.
Инфляцияның әлеуметтік- экономикалық зардаптары төмендегі
жағдайлардан: тауарлар бағасының өсуінен; халықтың ақшалы
жинағының; шаруашылық субъектілерінің және мемлекеттік бюджет
қаржысының құнсыздануынан; халықтың экономикалық белсенділігінің
төмендеуі мен жұмыссыздықтың көбеюінен; ұлттық валютасының
сатып алу мүмкіндігінің төмендеуі мен басқа валюталарға
қарағанда оның нақты курсының бұрмалануынан, көлеңкелі
экономиканың белсенді өсуі мен оның салық төлеуден жалтаруынан
және көптеген көлеңкелі процестерден байқалады.
Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол
ұлттық табысты қайта бөледі, халыққа салық үстіне салық
болып, номиналды және нақты жалақының өсу қарқынын қызметтер
мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін қалдырады. Инфляция
зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп иелері,
зейнеткерлер және т.б. басынан өткізеді.
Инфляцияның зардаптарын жойып, ақша айналысын
тұрақтандырудың негізгі әдістері- ақша реформасын жүргізу
және инфляцияға қарсы басқа да саясаттар жүргізу болып
табылады [2, б 312-315].

1.4 Ақша айналымын тұрақтандыруда қолданылатын
шаралар

Соңғы жылдары инфляция бұрыңғы КСРО елдеріндегі ең
қиын халық шаруашылығы проблемасына айналды. Әміршілдік- әкімшілдік
жағдайында инфляция “қисыңқы”, “басыңқы” , “жабыңқы” күйде болып,
көптеген тапшылықтар болуы мен өнім сапасының үнемі төмендеу
түрінде көрініп келді. Нарықтың құрыла бастауы инфляциялық
процестерді едәуір дәрежеде өршітті. Инфляцияны бәсеңдету үшін
баға мен табысқа түгелдей әкімшілік бақылауды күшейту нарық
қатынастарының дамуына теріс әсер етті. 1992жылға дейін бұрыңғы
КСРО елдерінде инфляцияға қарсы жан- жақты ойластырылған
шаралар жүргізілген жоқ. Мысалы, Ресей Федерациясындағы ,
Қазақстандағы жағдайлардың күрделілігі инфляцияға қарсы саясатты
тек жанама экономикалық әдістер арқылы жүргізілуге
болмайтынын көрсетті. Халық шаруашылығы пропорциясын бірте- бірте
мемлекеттің тиімді құрылымдық саясаты арқылы қалпына
келтіруге болады. Ол үшін әскери өндіріс пен әскери шығындарды
қысқарту, өндірісті бюджетті қаржыландырудан гөрі кәсіпорындардың
акционерлік капиталын пайдалануға көшу экономикадағы монопольді
құрылымдарды жою керек. Бұлардың өзі ақша массасын азайту,
мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жою, елдің валюта курсын
тұрақтандыру және экономикада бәсекені күшейту сияқты қосымша
шаралармен толықтырылуы тиіс.
Инфляция қалпына тәуелді болатын ақша айналымын
тұрақтандырудың негізгі формасы болып - ақша реформасы және
инфляцияға қарсы саясат жатады [5, б. 285]
Тарихта ақша реформасын жүргізудің екі формасы бар:
Бірінші, жаңа ақша жүйесін құру- ол алғашқыда металл
ақша жүйесін құрғанда, сонымен қатар мемлекеттік құрылым
өзгергенде, яғни отаршылық жүйе құлап, оның орнына отаршылдықтан
арылған саяси тәуелсіз мемлекеттер пайда болғанда және 90-
жылдардың басында КСРО- ның орнына ТМД елдері құрылғанда, бұл
елдердің даму ерекшеліктеріне байланысты өзіне тән жаңа
ақша жүйесі пайда болы.
Екінші, ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгерту,
яғни жаңа ақша өлшемін енгізу, баға масштабын, ақша түрлерін
өзгерту.
Соғыс және революциядан кейінгі жылдары көптеген
мемлекеттер ақша айналымын тұрақтандыру мен экономиканы қалпына
келтірудің ең бір қажетті жолы ретінде мына әдістерді қолданады:
нуллификация, реставрация, девальвация және деноминация.
Нуллификация - ол құнсызданған ақшаны жойып, орнына жаңа
валюта енгізу әдісі. Мысалы, 20-жылдары Германияда соғыстан
кейінгі ұшқыр инфляцияның нәтижесінде рейхсмарка құнсызданып,
1924жылы енгізілген жаңа марка 1:1 триллион ескі рейхсмаркаға
арақатынасымен айырбасталды. Сөйтіп, құнсызданған ескі марка жойылды.
Реставрация - ол ақша өлшемінің бұрыңғы алтын
құрамын қалпына келтіру әдісі. Мысалы, Англияда Бірінші
дүниежүзілік соғыстан кейінгі 1925-1928 жылдардағы ақша реформасы
кезінде фунт стерлингтің алтын құралы соғысқа дейінгі қалпына
келтірілді.
Девальвация - ақша өлшемінің алтын құрамын төмендету. Ол
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ долларына шаққанда
ұлттық валютаның ресми курсын да, оның алтын құрамын да
төмендету. Долларды екі рет девальвациялау нәтижесінде оның алтын
құрамы 1971ж. желтоқсанда 7,89%-ке , ал 1973ж. ақпанында 10%-ке
төмендетілді. 1973ж. “өзгермелі” валюта курсын енгізген соң,
девальвация Еуропа валюта жүйесінде - “реттелетін валюта курсы”
топтастығында жүргізілді.
Деноминация - ол “нольдерді сызу” әдісі, яғни баға
масштабын ірілендіру. Мысалы, КСРО- да 1961жылдың 1 қаңтарынан бастап
баға масштабына 10 есе ірілендірілді. 1988ж. Бразилияда енгізілген
жаңа ақша өлшемі- нокрузадо бұрыңғы құнсызданған 1000 крузадоға
эквивалентті болды. 1998ж. Ресейде де рубльге деноминация 1:1000 ескі
рубльге арақатынасымен жүргізілді [6, б. 100-104].
Қорыта айтқанда, қазіргі инфляция сан қилы, көп
факторлы күрделі процесс, ол белгілі бір дәрежеде барлық елдерді
қамтиды. Инфляцияның жоғары қарқыны елдің, халықтың экономикалық
дамуына көптеген зиян келтіреді. Инфляциямен күресу әдістері -
мемлекеттің экономиканы реттеудегі жүргізетін іс - әрекеттерінің
жиынтығы [7].

2 ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктері

Қазақстандағы инфляция барлық ТМД елдері сияқты
ел экономикасының мемлекеттік- монополияланған жүйеден нарықтық
қатынастарға өту кезіндегі өндірістерге байланысты. КСРО- ның
халық шаруашылығындағы инфляция көптеген жылдар бойы мойындалған
жоқ. Социализм жүйесінің экономикасы жағдайында инфляция болу
мүмкін емес, ол тек капиталистік өндіріс тәсіліне тән деген
үзілді- кесілді тұжырымдар айтылды.
Қазақстандағы қазіргі инфляцияның себептерін нарыққа
өтуге дейінгі инфляцияны тудыратын факторлардан іздестіру керек.
Олардың ең бастысы- шаруашылықты басқарудың жоспарлы болу
жүйесі. Ол шаруашылықтың шығынды механизмін қалыптастыруға, халық
шаруашылығында материалды- ақшалық үйлесімсіздіктің тууына
мүмкіндік жасап, экономиканың барлық салаларына зиян шеккізді.
Әсіресе: ұлттық өнімді жинақтау қорына және тұтыну қорына бөліп,
соның негізінде инвестициялық саясат жүргізуде; құрал- жабдықтарды
өндіру және тұтыну тауарларын өндіру салаларында; мемлекеттік баға
белгілеу жүйесінде; мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығынында;
несиелік және қаржылық ресурстарды қалыптастыруды байқалды.
Қазіргі инфляцияның бір көрінісі - тауар тапшылығы
біздің экономикада ондаған жылдардан бері байқалуда, оның түпкі
себептері:
біріншіден, бұрыңғы КСРО- ның 20 жылдар аяғынан бастап бұрыңғы
нарықтық құрылымдарды жоя бастауы; екіншіден, бұрыңғы КСРО- ның
экономикасында көп жылдар бойы үйлесімсіздік қалыптасты, яғни бір
жағынан, өндірістік құрал- жабдықтар шығаратын ауыр өнеркәсіп жедел
қарқынмен дамыса, екінші жағынан, тұтыну құралдарын өндіретін
салалар қарқынсыз жай дамиды. Ол салалар- ауыл шаруашылығы, тамақ,
жеңіл және басқа өнеркәсіп салалары. Статистика мәліметтері бойынша,
барлық өнеркәсіп өндірісінде А тобындағы салалардың үлесі
1928жылы-39,5%, 1940ж-61%, 1960ж-72,5% болды. Үшіншіден, бұрыңғы КСРО-ның
ұлттық табысының жартысына жуығы жинақтау қорына кетсе, ал
алдыңғы қатардағы өркендеген мемлекеттерде ол 15-25% болды;
төртіншіден, бұрыңғы КСРО- да ұлттық жиынтық өнімнің 25-30%- ті
ғана тұтыну қорын құраса, өркендеген елдерде ол көрсеткіш 60-65%
болды. Жалақы да өте төмен, яғни ол ұлттық табыстың 13 бөлігін
құрады, ал өркендеген капиталистік елдерде ол 23 бөлігі болды
[8, б. 65-69].
Біздің елде инфляцияны тудыратын себептер көп жылдар бойы
қалыптасты. Бірақ жоспарлы - әкімшілік экономика жағдайында да
директивалы баға белгілеу халықтың күнделікті қажет заттарының
бағасын тұрақты қалыпта ұстауға мүмкіндік берді. Көптеген
тауарлар бағасын өндірістегі, сұраныс пен ұсыныстағы өзгерістерді
есептемей тұрақты қалыпта немесе төмен деңгейде ұстап тұру кейбір
тауарлар мен көрсетілген қызмет бағасының олардың құнымен
салыстырғанда әлдеқайда көп ауытқуына (деформация) әкеп соқтырды.
Мемлекет жүйелі түрде көтерме, сатып алу бағаларын қайта
қарап, ол бөлшек саудадағы бағасын өзгеріссіз төмен қалыпта
қалдырды. Бұл бағалар еңбектің қажетті қоғамдық шығындары мен
өнімнің сапасын , олардың тұтыну қасиетін, оларға сұраныс пен
ұсыныстың ара қатынасын көрсеткен жоқ, ол әлемдік деңгейден біраз
ауытқыды.
Сөйтіп, тауардың көтерме, сатып алу бағасы мен бөлшек
саудадағы бағалары арасындағы үйлесімсіздік жылдан - жылға
тереңдей түсті. Оған мемлекеттің бюджеттен дотация беріліп
отырылды. Бұл тауар өндірушілердің көтерме және дара бағаларды
көтере белгілеуге деген ұмтылысын күшейтіп, соның әсерінен
кейбір тауарлардың тапшылығына және кейбіреулерінің сауда
орындары мен өнеркәсіптің жиналып қалуына әкеп соқтырды [9].
Жалпы экономикадағы инфляция деңгейін тұтыну бағасының
индексі көрсетеді. Ол үй шаруашылығының “тұтыну қоржының” үлес
салмағын есептеу негізінде бірсыпыра тауарлар мен көрсетілген
қызмет бағасының өсу индексінің қорытындысымен есептелінеді.
Қазақстанда ТБИ 1991 жылы белгіленді. “Тұтыну қоржынына”
біздің елде 275 тауарлар мен қызмет түрлері кіреді. Бағаның және
тұтыну тауарлары құрылымының өзгеруі ескеріліп, ТБИ - нің
құрылымы да әлсін - әлі қайта қаралады.
Тәуелсіз Қазақстанның тәжірибесі инфляцияға қарсы күресте
энергоресурстарына, монополді құрылымдардың өніміне және
транспорт қызметтеріне баға белгілеуде, сондай-ақ өнеркәсіп пен
ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға қайшысын жоюға мемлекеттік
ретеудің қажеттілігін аңғартты [8, б. 64-65].

2.2 2009 жылғы инфляция болжамын бағалау

2009 жылы Қазақстанда макроэкономикалық жағдай бірнеше процестермен
қысқаруымен сипатталады. Бірінші рет 1999 жылдан бастап 2009 жылғы 1-
тоқсанда нақты ЖІӨ 2,2%-ға төмендеді. Өндірістің төмендеуі көптеген
салаларда байқалды. Мәселен, 2008 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 2009
жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіптік өндірістің көлемі, оның ішінде өңдеуші
өнеркәсіпте, жүк айналымы, бөлшек тауар айналымы қысқарды.
Экономикадағы іскерлік белсенділіктің төмендеуіне қарамастан, 2009
жылғы 2-тоқсанда еңбек нарығындағы жағдай тұрақтанды, бұл жұмыссыздық
деңгейінің бірте-бірте төмендеуімен қатар жүрді. Халық табысы өсуінің төмен
қарқыны сақталды. Жекелеген шикізат тауарларының (мұнай, металлдар) әлмдік
бағасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инфляцияның әлеуметтік - экономикалық себептері және салдары
Инфляция туралы
Инфляция деңгейін өлшеу
Инфляцияның пайда болу себептері және даму факторлары.Инфляцияға қарсы саясат
Инфляцияның мәні, түрлерi
Инфляция экономикалық құбылыс ретінде
Инфляцияның мәні, негізгі мазмұны
Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі
Инфляцияның көрініс табу формалары және мәні
Инфляцияның мәні және мазмұны
Пәндер