Қазақ тіліндегі дисфемизмдер


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 144 бет
Таңдаулыға:   

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ӘОЖ 81’276. 12. 512. 122 Қолжазба құқығында

Қазақ тіліндегі дисфемизмдер

10. 02. 02 - қазақ тілі

Филология ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші,

филология ғылымдарының

докторы, профессор Б. Сағындықұлы

Қазақстан Республикасы

Алматы 2008

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 Дисфемизмдердің қайнар көздері . . . 6

1. 1 Қазақ тіл білімінде дисфемизмдердің зерттелуі . . . . … . . . 6

1. 2 Халық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі және орта ғасырлық жазба ескерткіштер тіліндегі дисфемизмдер……. . ……… . . . 8

1. 3 Ауызекі сөйлеу тіліндегі және диалектілердегі

дисфемизмдер . . . 18

1. 4 Көркем әдебиеттегі, баспасөздегі дисфемизмдер . . . … . . . 28

Бірінші бөлім бойынша тұжырым . . . 36

2 Дисфемизмдердің жасалу жолдары . . . … . . . 37

2. 1 Неке мен туыстық қарым-қатынастарға байланысты

қалыптасқан дисфемизмдер……… . . . . . . 38

2. 2 Мінез-құлыққа байланысты қалыптасқан дисфемизмдер. … . . . 50

2. 3 Адамның дене мүшлері мен ағзаларына, ауру-сырқауларына

байланысты дисфемизмдер . . . . . 53

2. 4 Эмоционалды-экспрессивті сөздердің негізінде

пайда болған дисфемизмдер . . . …… . . . . . . 55

2. 5 Қарапайым сөздердің негізінде пайда болған дисфемизмдер . . . 65

2. 6 Көп мағыналы сөздердің негізінде пайда

болған дисфемизмдер…… . . . 73

2. 7 Іс-қимыл, қозғалысқа байланысты қалыптасқан

дисфемизмдер . . . … . . . 77

Екінші бөлім бойынша тұжырым . . . . . . 81

3 ЖЕКЕ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ДИСФЕМИЗМДЕР . . 83

3. 1 Дисфемисттік метафора. ………. . . . 83

3. 2 Дисфемистік синекдоха…. … . . . . … . . . 93

3. 3 Дисфемистік перифраза………. …. . . . . . . 101

3. 4 Дисфемистік теңеу…. . . . . 109

Үшінші бөлім бойынша тұжырым . . . … . . . . . . 117

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . 119

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ … . . . . . . 124


КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы . Күнделікті өмірде, әдеби қолданыста жағымды, сыпайы, әдепті сөздерді саналы түрде, дөрекі, тұрпайы, анайы сөздермен ауыстырып айту дисфемизмдер деп танылғанымен, олардың қолдану өрісі, жұмсалу аясы, өзге сөздермен ара-салмағы осы кезге дейін белгісіз болып келді. Дисфемизмдердің ерекшеліктері, өзіне тән белгілері ашылып, айқындалмады. Сондай-ақ олардың басқа да лексикалық, стильдік топтармен қарым-қатынасы, жігі ажыратылмады. Осы себепті дисфемизмдер көбіне-көп қарапайым сөздермен, эмоционалды-экспрессивті сөздермен қоса қарастырылып келді. Атадан балаға мирас болып, ғасырдан-ғасырға ұласқан, халықтық рухта жасалған дисфемизмдермен қатар қалам қайраткерлерінің шеберліктерінен пайда болған контекстік (шағын мәтіндік) дисфемизмдер де назардан тыс қалып, сөздік құрамдағы орны анықталмады, ғылыми негізде сарапталмады. Осыларды ескере келгенде қазақ тіліндегі дисфемизмдерді жан-жақты зерделеу дұрыс деп танылды.

Тақырыптың өзектілігі . Тіліміздің сөз байлығы бірден-бірге ауысып, бүгінгі дәуірге дейін келіп жеткен мол қазына, асыл-мұра екендігі баршамызға аян. “Тілдегі сөздер - халықтың барлық білген білімі мен білігі, ойы мен идеясы, дүниетанымның көрінісі” [1, 89 б. ] . Осы тұрғыдан келгенде, дисфемизмдер де ұлт өмірінің айнасы, тұрмыс-тіршілігінің рухани мәдениетінің куәсі бола алады.

Тіліміздегі дисфемизмдерді өзге де лексикалық, стильдік топтардың қатарында жан-жақты қарастыратын уақыт жетті. Олардың тілдік табиғатын ашу, пайда болу жолдарын, қыр-сырын нақты фактілер негізінде түсіндіру, маңызы мен мәнін айқындау - жоғары деңгейдегі ғылыми талаптардың бірі. Дисфемизмдер мән-мазмұны, коммуникативтік қызметі жағынан жағымсыз сипатта қолданылатындығымен ерекшеленеді. Олардың арасында жұрттың бәріне бірдей түсінікті, ешкім де жатырқамай, жатсынбай қолдана беретіндері бар да, сан алуан тілдік тәсілдерді пайдалана отырып, сөз зергерлері жасаған авторлық қолданыстағылары бар. Эмоционалды бояуы күшті, экспрессивтілігі өте әсерлі сөздермен қатар әдеби тілде қолдануға жатпайтын дөрекі, тұрпайы сөздер де аз ұшыраспайды. Осыдан келіп дисфемизмдер мен эмоционалды-экспрессивті лексиканың, сондай-ақ, қарапайым сөздердің ара қатынасын, өзара жігін анықтауға тура келеді. Жалпы алғанда, морфология үшін сөз таптарының лексикалық-грамматикалық табиғатын, қызметін, өзіндік белгілерін ашып айқындау қандай қажет болса, лексика үшін сөздердің лексикалық, стильдік болмысын, пайда болу жолдарын, ара қатынасын, бір-бірінен айырмашылығын ашып-айқындау соншалықты қажет. Осы ретте қазақ тіліндегі дисфемизмдерді зерделеудің теориялық-практикалық құндылығы жоғары. Бұл екінші жағынан тақырыптың өзектілігін байқатады.

Зерттеудің нысаны. Бүкіл халықтық қолданыстағы дисфемизмдер мен жеке қолданыстағы дисфемизмдер.

Зерттеудің пәні . Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың басты мақсаты - қазақ тіліндегі дисфемизмдердің сөздік құрамда алатын өзіндік орнын айқындау, олардың өзіне тән белгілерін анықтап, өзге лексикалық, стильдік топтардан айырмашылықтарын көрсету.

Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді шешу көзделді:

- қазақ тіліндегі жалпы қолданыстағы дисфемизмдер мен жеке қолданыстағы дисфемизмдерді жинастыру және олардың қайнар көздерін табу;

- қазақ тіліндегі дисфемизмдердің қолданылу аясын, түрлерін айқындау;

- дисфемизмдердің эмоционалды-экспрессивті сөздерден айырмашылығын көрсету;

- дисфемизмдер мен қарапайым сөздердің өзара айырмашылығын табу;

- дисфемизмдердің құрамында кездесетін көне сөздердің этимологиясын ашу;

- жеке қолданыстағы дисфемизмдердің пайда болу жолдарын анықтау;

- тұрақты дисфемизмдер мен контекстік дисфемизмдердің арақатынасын сипаттау.

Зерттеу жұмысының дереккөздері . Халық ауыз әдебиетінің, ауызекі сөйлеу тілінің, көркем әдебиеттің материалдарынан терілген дисфемизмдер.

Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Жұмыс барысында сипаттама жасау, жүйелеу, топтау, салғастыру, түйіндеу, талдау, қорытындылау әдістері пайдаланылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері:

- қазақ тіліндегі дисфемизмдер алғаш рет жинақталып, жүйеленді, зерттеу нысанына айналды;

- дисфемизмдердің өзіне тән белгілері анықталып, тілдік ерекшеліктері сипатталды;

- дисфемиздердің қай-қайсысы да әдеби тілде белгілі бір баламасы болатындығымен ерекшеленеді, негізінен алғанда ол осы белгісі арқылы өзге стильдік топтардан айырылып-ажыратылады;

- дисфемизм ретінде жұмсалатын сөздерден дисфемистік қатарлар түзілетіндігі мәлім болды;

- сөйлемде, мәтінде белгілі бір стильдік мән-мағынаны айшықтау үшін дисфемизмдердің арнайы, саналы түрде пайдаланылатындығы айқындалды;

- этимологиялық талдау дисфемизмдердің экспрессивтік қызметімен қатар коммуникативтік қызметі де елеулі екендігін көрсетті;

- жеке қолданыстағы дисфемизмдердің барлығы да дәстүрлі қолданыстағы дисфемизмдердің үлгісімен жасалатындығы айқындалды.

Жұмыстың әдістанымдық негізі . Диссертацияда А. Н. Кононов, В. А. Звегенцев, Н. М. Шанский, Е. М. Галкина-Федорук, А. А. Реформатский, Р. А. Будагов, Р. Әмір, Ә. Нұрмағамбетов, С. Омарбеков, Н. Уәлиев, Ә. Хасенов, С. Исаев, Б. Хасанов, Т. Қоңыров, Ш. Нұрғожина, Ш. Сарыбаев, М. Оразов, Б. Сағындықұлы, Г. Смағұлова, Б. Момынова, А. Салқынбай, Т. Пірімбетов, т. б. ғалымдардың негізгі теориялық тұжырымдары мен пікірлеріне сүйендік.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу барысында қол жеткен ғылыми нәтижелер мен тұжырымдар тіл білімінің лексикология, семасиология, ономасиология, номинация, тарихи диалектология т. б. салаларында өзекті мәселелерді айқындауға және оларды теориялық тұрғыдан әрі қарай дамытуға жәрдемін тигізеді. Дисфемизмдердің қазақ тілі лексикасының өзге стильдік топтарымен тең дәрежеде қалыптасуына игі әсер етеді.

Зерттеу жұмысын көмекші әдебиет ретінде студенттерге ұсынуға болады, ол болашақ мамандардың білімін толықтыруға көмектеседі. “Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы” пәні бойынша арнайы курстар оқып, семинар сабақтарын жүргізуге, пайдалануға болады. Сондай-ақ бакалавр бітірушілердің курстық жұмыс, бітіру жұмыстарын, магистрлердің диплом жұмыстарын жазуда көмекші құрал қызметін атқарады.

Зерттеу жұмысы бойынша қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

- қазақ тілінің сөздік құрамында дисфемизмдер өзіндік орны бар стильдік топ болып есептеледі;

- дисфемизм болу үшін белгілі бір стильдік мақсатпен әдеби тілдегі жағымды, сыпайы, әдепті сөздер саналы түрде жағымсыз, тұрпайы, анайы сөздермен ауыстырылады;

- дисфемизмдер жұмсалу сипатына қарай тұрақты (жалпыхалықтық) және контекстік (жеке қолданыстық) болып екіге бөліне алады;

- дисфемизмдердің барлығы эмоционалды-экспрессивті мағына бере алады, алайда эмоционалды-экспрессивті сөздердің барлығы бірдей дисфемизм бола алмайды;

- дисфемизмдердің үлкен бөлігін неке мен туысқандық атауларға, мінез-құлыққа, адамның дене мүшелері мен ағзаларына, ауру-сырқауларға, жағымсыз іс-әрекеттерге байланысты қалыптасқан дөрекі, тұрпайы, анайы, сөздер құрайды;

- жеке қолданыстағы дисфемизмдер негізінен метафора, синекдоха, перифраза, теңеу сияқты көркемдеу тәсілдері арқылы жасалады;

- қалам қайраткерлері ойлап тапқан дисфемизмдер бірте-бірте тұрақты дисфемизмдерге айнала алады.

Зерттеудің жарияланымы мен мақұлдануы. Жұмыстың негізгі мазмұны “Әуезов оқулары-4” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында (Шымкент, 2004), “Ғасырлар тоғысындағы Қазақстанның ғылым, білім және рухани даму мәселелері” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында (Шымкент, 2004), жас ғалымдардың Қазақстан Республикасы тәуелсіздік күніне арналған Халықаралық ғылыми практикалық конференциясында (Шымкент, 2004), ҚазҰУ хабаршысы (Шығыстану сериясы) (Алматы, 2005), Тіл таным (2005), ҚазҰУ хабаршысы (Филология сериясы) (Алматы, 2007) ; “Қазақ тілі ғасырлар тоғысында: теориясы, тарихы және қазіргі жайы” атты профессор М. Балақаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2007), Қазақ ұлттық университетінің қазақ филологиясы кафедрасында ғылыми лингвистикалық семинарларда баяндалып, мақалалар жарияланды. Зерттеу бойынша ғылыми басылымдар мен жинақтарда 8 мақала жарық көрді.

Зерттеу жұмысының негізгі теориялық мәселері мен тұжырымдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ филологиясы кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.


1 Дисфемизмдердің қайнар көздері

1. 1 Қазақ тіл білімінде дисфемизмдердің зерттелуі

Қазақ тілі байлығының арқауы болып саналатын осы заманғы лексиканы құрамы мен құрылысы, мағынасы мен қолданымы, тәсілі жағынан бүгінгі өмір талабына сай қарау, зерттеу - ең негізгі міндет. Академик І. Кеңесбаев: “…жазба әдебиетіміздің, оның ауызекі баламаларының, неше қилы ситуацияда қолданылу жай-жапсарына құлақ түре отыру, үңіле зерттеу баршамыздың борышымыз” [2, 227 б. ] . Қазақ тіл білімінде басқа сөз топтарына қарағанда ғылыми тұрғыда зерттелуден қалыс қалған сала дисфемизмдер деп айтуға болады. Әлі күнге дейін тілдік құбылыс ретінде оның мағыналық түрлері мен жасалу жолдары қазақ тілінде зерттеу нысаны болған жоқ. Бұл туралы кейбір ғалымдарымыздың айтқан пікірлері де саны жағынан көп емес. Дисфемизмдер туралы алғашқылардың бірі болып құнды пікір айтқандар Ғ. Қалиұлы мен Ә. Болғанбайұлы. Олар дисфемизмге былайша анықтама береді: “Дисфемизм, какофемизм - тілде әдепті сөзді әдепсіз (дөрекі) сөздермен ауыстырып айту” Дисфемизм мағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы құбылыс. Белгілі контексте жөнімен дұрыс жұмсалған сөзді мағынасы неғұрлым дөрекілеу сөзбен алмастыру - сөзді ауыспалы мағынада (троп) қолданудың бір жолы. [3, 232 б. ] . Белгілі түрколог Б. Сағындықұлы: “Дисфемизм тәсілімен сөз қолдану - мағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы тілдік құбылыс соңғысы сөздің ұғым-түсінігін сыпайылап әдемілесе, алдыңғысы керісінше жағымды мағынаны дөрекілейді, қатайтады. Күнделікті өмірде, әдеби қолданыста жағымды, сыпайы әдепті сөздерді дөрекі, анайы сөздермен ауыстырып қолдану тәсілі тіл білімінде дисфемизм деп аталады. Дисфемизмдер көркем шығармада көбіне ауызекі сөйлеу тілінің үлгісі ретінде кейіпкерлер тілінде беріледі. Сол арқылы әр жазушы өз қаһармандарының мінез-құлқын, білім дәрежесін, іс-әрекетін бейнелейді, шынайы образын жасайды, ” - деп жазады. [4, 99] . Жалпы тіл білімінде дисфемизмдер жеке алынып зерттелінбесе де, жанама зерттелімдер бар. Қазақ тіл білімінде дисфемизмдер күні бүгінге дейін қарапайым сөздердің құрамында қарастырылып келеді. Т. Пірімбетов қарапайым сөздерді арнайы зерттеді. Ол бұл стильдік топтың басқа сөз топтарынан ерекшелігін, мағыналық қызметін, басқа да айырмашылығын түсіндіре келіп былай деп жазады: “Просторечные слова относятся к одному из сложнейших языковых явлений и потому в их отношении и по сегодняшний день существуют различные точки зрения. По нашему мнению, лексически образования, которые мы относим к просторечным словам, обладают следущими природными особенностями:

а) являются элементами разговорной речи;

б) не регламентированы литературными нормами;

в) имеют свои литературные адекваты;

г) просторечные элементы общедоступны, ими пользуются все слои общества;

д) просторечную лексику составляют преимушественно экспрессивные, эмоционально-окрашенные, оценочно-характерологические слова с заведомо грубыми значениями;

е) функционально просторечие употребляется с целью унижения, обесценивания объекта с тем, чтобы нивести речь до уровня, обесценивания объекта с тем, чтобы нивести речь до уровня заниженного стиля” [5, с. 26] .

Орыс зерттеушісі И. Баранникова да қарапайым сөздер турасында қарымды пікірлер айтушылардың бірі. Оны мына бір тұжырымдамадан көруге болады. “Элементы просторечия, т. е. просторечные слова, обычно принимаются как грубые, низкие. Это связано прежде всего с сужением и снижением сферы употребления просторечия, утратой им прежности. Но сама функция просторечия - быть средством обиходно-бытового общения способствовала укреплению в его составе лексики конкретно-бытовой, имеющей оценочный характер, лексики эмоционально выразительной. За свое длительное существование просторечие впитало много ярких, выразительных, образных слов и оборотов, возникших в живой, непринужденной народной речи, которые тщательно отобранные и обработанные писателями придают литературному языку яркость, живость и выразительность” [6, с. 35] .

Дисфемизмдердің эмоциональды-экспрессивті сөздердің де құрамына да кіретіні де бізге мәлім болып отыр. Эмоциональды-экспрессивті сөздер туралы үлкен мәселе көтеріп, сырын ашуға ат салысқан тілші мамандардың бірі- Ш. Нұрғожинаның атын атағанды жөн деп санаймыз. Ғалым “Эмоционально-экспрессивная лексика казахского разговорного языка” деген тақырыпта жазған кандидаттық диссертациясында (1989) эмоциональды-экспрессивті сөздерді былайша сипаттайды: “Экспрессивность в языке является самостоятельной стилистической категорией, которая может сочетаться с эмоциональностью. Анализ лексических элементов, характиризующихся разной степению экспрессии, свидетельствует о том, что эмоции в своем языковом проявлении обычно экспрессивны, либо служат для выражения, психических состояний человека средствами языка, а также при стремлений определенным образом воздействовать на партнера” [7, с. 15] .

Қазақ тілінде сөздердің ауыспалы мағынада қолдануы туралы алғаш рет қазақ тілінің өз табиғи тілдік деректеріне сай, ана тіліміздің өзіндік заңдылықтарына үйлестіре отырып, жүйелі түрде ғылыми талдаулар мен тұжырымдар жасаған ғалым Ш. Мұхаметжанов еді. Сонау 1964 жылдың өзінде-ақ какофемизм деген терминді келтіре отырып, былай деп жазған болатын: “…Эвфемизмге қарама-қарсы сөздердің жағымсыз мағынада қолдануын какофемизм деп атаймыз. Какофемизмдер, әсіресе сатиралық комизмдік мақсатта жазылған шығармаларда стилистикалық тұрғыда көп қолданылады. Бұл да адамға байланысты кемшіліктерді сынау, сықақ ету арқылы тәрбиелік мақсат қою процесіндегі тілдік құрал” [8, 154 б. ] .

Сонымен қатар дисфемизмдерге байланысты тікелей айтылған көзқарастар мен пікірлерді орыс, ағылшын тілі мамандарының еңбектерінен аз да болса кездестіруге болады. Ағылшын тілінің маманы Э. Мұнатаева: “Дисфемизмы призваны заменить стилистические нейтральные слова и выражения в коммуникативно-прагматических целях на стилистические более сниженные единицы языка. Дисфемизмы существуют во всех языках и образует тем самым языковую универсалию. Он представляет интерес для разных наук: этнографии, лингвистики, этнолингвистики, лингвострановедения, лексикографии, межкультурной коммуникации. Дисфемизм - этнолингвистическое понятие которые занимает определенное место в языковой культуре разных народов. Дисфемизмы является одним из продуктивных способов, обогощающих словарный состав языка с лексико-семантической значимости. Он выполняет особую роль в изменении значения слов и их развития. Слова, которые употребляют с целью дисфемизации выходят из своих прежних значений и приобретают другое значение. Вследствие порождает множество неологизмов”, -деп дұрыс тұжырымдайды [9, с. 15] .

Ал, орыс лингвисі О. С. Ахманова дисфемизм туралы былай дейді: “Дисфемизм (дисфемизм, какофемизм исп. dіsfemіsmo) . Троп, состоящий в замене естественно в одном контексте обозначения какого-либо предмета более вульгарном, фамилярным или грубым. Противоп. Эвфемизм. Англ Оnne mіgnt alsocall іt the fatheded typе вм. Thosе who delong, nо what one mіght call the areamer type” [10, с. 137] .

Жоғарыдағыдай қағидалар дисфемизмдердің сыры мен табиғатын, мағынасы мен жасалу жолдарын ғылыми тұрғыдан зерттеуге негіз бола алады деп есептейміз. Дисфемизмдердің сан-алуан теориялық мәселелерін жан-жақты зерделеу - бүгінгі күннің талабы.

1. 2 Халық ауыз әдебиеті үгілеріндегі және ортағасырлық жазба ескерткіштер тіліндегі дисфемизмдер.

Халқымыздың сөз байлығы - ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, бүгінгі заманымызға дейін келіп жеткен алтын қазынасы, үлкен мұрасы. Сөз байлығы өз тамырын терең ауыз әдебиетінен алады. М. Қаратаев: “Әрбір халықтың өнері, әдебиеті әуелі бір елдің қоғамдық әлеуметтік тіршілік қалпындағы белгілі шарттарынан туады” [11, 12 б. ] .

Қай халықтың лексикасы болмасын оның ұзақ уақыт басынан өткен тарихымен, тұрмыс-салтымен, шаруашылығымен тікелей байланысты. Тіліміздегі барлық сөздер халқымыздың өнері мен білімі, ұлттық дүниетанымы мен көзқарасы. Халықтық лексикада жағымды-жағымсыз эмоциялар, өкініш пен сүйініш сезімдері жақсы сақталған. Сөз тағдыры да халықтың тағдыры іспеттес талай-талай замандарды басынан өткерген. Ана тіліміздің лексикасы замандар бойы жасалып, танылып, дамып отырады. Осыған орай сөз зергері Ғ. Мүсірепов айтқандай: “Қай халықтың болса да өсу-өркендеу жолында көтеріле алған биігі мәңгілік ана тілінде сақталып отырады. Қай халықтың болса да басынан өткен дәуірлері, қилы-қилы кезеңдері ана тілінде із қалдырмай өте алмайды. Ана тілі ғасырлар бойында жасала да береді, жасара да береді. Тіл диалектикасы жасаған сайын жасара береді. Ана тілі дегеніміз - сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі’’ [12, 151 б. ] . “Әдеби тіліміз нәр алып сусындаған сан-салалы бұлақ бар, солардың ішіндегі ең бір сарқылмасы деп халық тілін атасақ лайық”, - деп жазады тілші-ғалым С. Омарбеков. Не ықылым замандар бойы атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болған қазақтың халық тілі - әдеби тіліміз дамуының барша кезең-кезеңдерінде де оның қуат алар қайнар көзі болып келгені аян. Қазақ әдеби тілінің өткені мен бүгінгісіне, тарих көгінде ол кешкен ұзын-сонар соқпақтың бүкіл бұралаң-бұлтарысына көз жүгіртіп бақсақ, оның қалыптасуы мен кемелденуіндегі басты ұйтқы, түп қазық халық тілі екенін айқын сеземіз. Әдеби тіліміздің тұңғыш кескін-кейпін нұсқалаған шебер де, оның жаңа дәуір талабына анық биік бел-белестерге көтерілуіне қозғау салған пәрменді күште халық тілі. Стильдік өріс-орамы мейлінше кең сөз өнерінің таусылмас қазынасын еншілеген қазіргі әдеби тіліміздің қол жеткен табысы, абзалында, халық тілімен сабақтас. Толғауы тоқсан қызыл тілді шын қастерлеп, оны өнер танып өскен халқымыз сөз жиһазының не тамаша асылын жинап, көкейіне түйе білген, кейінгіге нұсқау қалдыра білген.

Сан ғасырлар бойы халқымызбен егіздің сыңарындай бірге жасасып келе жатқан ана тіліміз ұзақ-ұзақ тарихы бар, ежелден ірге теуіп орныққан дәстүрі бар тіл. Халықтың ауыз әдебиетінің өрен үлгілерінен, өткендегі аты әйгілі ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан, бұлбұлдай сайраған шешендер өнерінен бүгінгі әдеби тіліміз мирас еткен қыруар сөз байлығы, сөз саптау машығы халықтық тілімізде есте жоқ ерте замандардың өзінде-ақ берік дәстүрдің болғандығының кепілі” [13, 3 б. ] .

Демек, ана тіліміз адамзат қоғамының ұзақ тарихын басынан өткерген, қиында-қилы сәттерден аман-сау қалған қасиетті тіл. Халқымыз өмір сүрген бұрын-соңды замандарда мал мен жан үшін ғана емес, ар-намыс үшін де талай айтыс-тартыстар болған. Халық керекті жерінде тіпті дөрекі, тұрпайы сөздерді де орынды пайдаланып жеңіске жетіп отырған. Адамдардың мінез-бітіміне, тағдыр-талайына, іс-әрекетіне байланысты айтылған дисфемизмдер осындай жағдайларда пайда болған.

Тіліміздегі дисфемистік атаулар көшпелі өмір салтымен, өмір сүру тәсілімен тікелей байланысты. Дисфемизмдер - салтымыздың, әдет-ғұрпымыздың болмысынан шығып, тілімізде көрініс тапқан, ұғымдық атаулар десек те болады. Барлық халықтың жазба әдеби тілі ауызекі тілден нәр алып, халық ауыз әдебиетінен бастау алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭВФЕМИЗМДЕР МЕН ДИСФЕМИЗМДЕРДІҢ КЕЙІПКЕР ТІЛІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Тыйым салынған атаулар
Дисфемизмдер және олардың зерттелуі
Қазақ тілі - менің тілім, бабамның тілі
«Жолдастар» романындағы кейіпкер тілі және автор тілінің І.Жансүгіровтің қазақ тіліндегі лексикалық бірліктер мен грамматикалық бірліктер
Д.Исабековтың Қарғын романына стилистикалық талдау
Табу мен эвфемизмнің қазақ тіл білімінде зерттелуі
Қазақ контентінің дамуы
Көркем проза шығармалары тіліндегі теңеудің стильдік қызметі
Сөз және мағына
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz