Ақша қаражаттарының есебі және аудиті


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Әл-Фараби Атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және бизнес жоғары мектебі
Есеп және аудит кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі Сұлтанова Б. Б.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ ЖӘНЕ АУДИТІ
050508 «Есеп және аудит» мамандығы бойынша
Орындаған
3 курс студенті Шалхар А.
Ғылыми жетекші
Аға оқытушы Арыстамбаева А. З.
Норма бақылаушы Досумова А. С.
Алматы 2011
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және бизнес жоғары мектебі
Есеп және аудит кафедрасы
Диплом жұмысын орындауға
ТАПСЫРМА
050508 «Есеп және аудит » мамандығы бойынша Шалхар Ақбота студентіне « Ақша қаражаттарының есебі және аудиті » атты диплом жұмыс тақырыбы
«» № бұйрығымен бекітілді
Дайын жұмысты тапсыру мерзімі « » 2011 жыл.
Жұмысқа бастапқы мәліметтері: нормативтік-құқықтық актілер, отандық әдебиеттер, баспасөз материалдары мен ресми интернет сайттары
Диплом жұмысындағы толықтырылуы қажет сұрақтар тізімі немесе жұмыстың қысқаша мазмұны:
а) Ақша қаражаты қозғалысының теориялық аспектілері және ұйымның сипаттамасы
б) Ақша қаражатының есебі
в) «ТАББ - 777» ЖШС-нің материалдар мәліметтерінің негізінде ақша қаражаттарының аудиті
Мазмұны
Кіріспе . . . 4
1. Ақша қаражаты қозғалысының теориялық аспектілері және ұйымның сипаттамасы . . . 7
1. 1 Ақша қаражаттарының экономикалық мәні. …… . . . … . . . 7
1. 2 «ТАББ - 777» ЖШС-нің есеп саясаты . . . 16
1. 3 «ТАББ - 777» ЖШС-нің экономикалық көрсеткіштері . . . 22
2. Ақша қаражатының есебі . . . 34
2. 1 Кассалық операцияларесебі . . . 34
2. 2 Есеп айырысу операцияларының есебі . . . 41
2. 3 Ақша қаражатының есебін автоматтандыру . . . 49
3. Ақша қаражаттарының аудиті . . . 54
3. 1 Ақша қаражаттарынның аудитінің жоспары, бағдарламасы . . . 54
3. 2 «ТАББ - 777» ЖШС-нің ақша қаражаты аудиті . . . 62
3. 3 «ТАББ - 777» ЖШС-нің ақша ағымын талдау . . . 70
Қорытынды . . . 79
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 82
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің бекіткен нормативтік актілерге және басқа да заң актілерінің талаптарына сәйкес барлық шаруашылық жүргізуші шаруашылықтар өз ақша қаражаттарын оларға қызмет көрсететін банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтауға міндетті. Шаруашылық күнделікті қажетін өтеу үшін қалдырылған ақша-қаражаттары, Ұлттық банктің белгілеген көлемінде шаруашылықтың қассасында сақталуға. тиісті. Яғни, ақша қаражаттар деп шаруашылықтың кассасындағы және банктердегі шоттардағы нақты ақшасын айтамыз.
Бағдарламада тексеруді талап ететін мәселелер ретімен жазылып, тексеру барысында басшылыққа алынып, кездескен фактілерге байланысты толықтырылулар мен түзетулер енгізіліп отырылады.
Аудитор ақша қаражаттарының есебіне тексеру жүргізген кезде, құжаттары бойынша жүргізілетін жаппай тексеру әдісін қолдануға тиісті. Аудитор ақша қаражаттарының сақтау және заңды тұлғалармен есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының және шетелдердің банк мекемелерінде ұлттық және шетелдік валютада ашылған шрттарын анықтауға міндетті. Сондай-ақ, шаруашылықтың ішіндегі кассалардың санын да қоса анықтайды.
Шаруашылықтағы ақша-қаражаттарының есебінің тиімділігін арттырып, талапқа сай жүргізілуіне бірден-бір әсер ететін фактор - ол уақтылы жүргізілген түгендеу. Аудитор түгендеудің материалдарымен танысып, оның нәтижесі бойынша жасалған актіде көрсетілген фактілерге назар аударып, олардың кейбіреулерін қағазға жазып алып, тексеру барысында қайталануын бақылауға алады. Түгелдеу ақша қаражаттарына және басқа да, бетінде ақшалай бағаланып номиналды құндылығы жазылған құндылықтарға (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер басқадай ақша құжаттарға, жол жүру билеттері, үшақ билеттері, демалыс үйлеріне және санаторийлеріне жолдама ж. т. б. ) жүргізіліп, түгемдеу актісінде көрсетілген нақты қолда бар ақша қаражаттарды, құндылықтарды, ақша құжаттарын сол түгендеу жургізілгсн күні берген есеп мәліметтерімен салыстырылып нәтижесінің шырғарылғандығын тексереді. Жол үстіндегі ақша құжаттарын түгендеу жүргізгенде, сол түгендеу жүргізген күні жол үстінде екенін растайтын құжаттарының көшірмелерінің тіркелгендігін анықтайды.
Шаруашылықтың кассасына ұлттық валюта түріндегі ақшаларды қабылдау, сақтау және нақты ақшаны тарату операцияларының есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сейкес жүргізіледі.
Ақша бірлігі ретінде теңгені пайдаланатын коммерциялық банктер арасындағы есеп айырысуларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктер орналасқан жерлерде құрылған өзінің есеп айырысу - кассалық орталықтары арқылы ұйымдастырады. Банкаралық есеп айырысуларды жүргізетін коммерциялық банктермен есеп айырысу орталықтарындағы құжаттар айналымы Ұлттық Банктің нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіледі. Банктердің қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі үйлестіреді және оған бағыт береді.
Субъектіге валюталық шот ашылуы мүмкін, ол шетел валютасындағы қаражаттың нақты бары мен қозғалысын есепке алуға арналған. Ол сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредетивтер бойынша шоттарды, чек /аванс/ кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларды жүргізу үшін ашады.
Республикада банк мекемелері арқылы жүзеге асырылатын ақша аудару арқылы есеп айырысудың бірыңғай жүйесі қолданылады. Салыстырмалы түрде ұсақ төлемдерді субъектіге кассадан қолма-қол ақшамен, почта аударылымымен немесе байланыс кәсіпорындары арқылы үстеме төлем жасау арқылы төлеуге құқылы. Кәсіпорындардың банктер арқылы жүргізетін есеп айырысуларын тауарлық (сатылған өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет үшін) және тауарлық емес (бюджетке, әлеуметтік сақтандыру органдарына, зейнетақы қорына және басақалары) деп бөлуге болады.
Банк субъектілердің ақша қаражаттарының олардың шоттарында сақтайды, осы шоттарға келіп түскен соммаларға есептеме жүргізеді,
субъектілердің шоттарынан аудару мен беру және банк ережелері мен шартта көзделген басқа да операцияларды жүргізу туралы өкімдерін орындайды.
Зерттелетін тақырыптың өзектілігі. Ақша қаражаттарының есебі қаржы нарығында туындайтын қиыншылықтарға байланысты күннен-күнге маңызы артып келеді. Бәсекеге қабілетті өнім өндіру мен қызмет түрін қалыптастыру кез-келген кәсіпорын үшін маңызды экономикалық процесс. Сондықтан өз қызметінің өміршеңдігін одан әрі дамыту үшін қаражаттың бар болуын талдап етеді. Ақшалай қаражатты және оның баламаларын дұрыс ашып көрсету мен жіктеу кәсіпорының өтемдігін дәл бағалау үшін қажет.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банк мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін нормативтік құжаттармен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептеуді жүзеге асырады.
Коммерциялық қызметтегі серіктестермен есеп айырысуды жедел жүргізу көп жағдайда кәсіпорынның ақша құралдарының бар болуына байланысты болып келеді. Сондықтан кәсіпорынның ақша құралдарының есебін уақытылы жүргізу маңызды болып табылады. Нарықтық ортада қызмет ететін кәсіпорындардың басты мақсаты - сұранысқа ие тауарларды өндіре отырып, экономикалық өсуін тұрақтандыру және өндіріс ресурстарын тиімді пайдалану. Бұл өз кезегінде ақша құралдарының жеткіліктілігімен анықталады.
Ақша қаражаттарында тиістілік белгілері жоқ және олар тез айырбасталатындықтан ақша құралдарын оңай жасыруға, басуға болады. Сондықтан кәсіпорын ішінде ақша құралдарының қозғалысын бақылау үшін мына функциялар орындалуы тиіс:
- ақша құралдарын жеке сақтау мен жеке есептеу;
- қолма-қол есеп айырысу жасаған операциялардың барлығын есептеу;
- кәсіпорын кассасында тек қажетті қалдықтарды сақтау;
- кассадағы қалдықтарды мезгіл-мезгіл тексеріп отыру.
Кәсіпорын активтерінің өтімділігі мен төлем қабілетін бағалау ағымдық активтер, соның ішінде ақша құралдарының көлемімен анықталады. Абсолютті өтімділік коэффициентінің мәні ағымдық міндеттемелердің қандай бөлігі жуық арада өтелетінділігін көрсетеді. Бұл көбіне ақша құралдарының нақты бар болуымен өлшенеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысын зерттеудің негізгі мақсаты ақша құралдарының есебін жүргізу мен талдау, ақша құралдарымен есепке алудың есебін жетілдіру және кәсіпорында ақша қозғалысының нақты есебін жүргізу болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесінегізгі міндеттер ұсынылады:
- ақша құралдарының есебін жүргізу және есеп айырысу нысандары;
- кәсіпорын кассасындағы қолма-қол ақша есебін жүргізу;
- есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебін жүргізу ерекшеліктері;
- ақша құралдарының есеп бланкілерін түгендеу;
- барлық активтердегі ең өтімді активтердің үлесін анықтау және олардың өзгерісін талдау;
- кассадағы ақша құралдарына түгендеу есебін жүргізу.
Зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасы Алматы қаласында «ТАББ-777» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі болып табылады. Ұйымның негізгі қызмет түрі Жарғыға сәйкес тауарлар және қызметтердiң нарығының кеңейту, сонымен бiрге пайда табу болып табылады.
Жұмыстың негiзгi түрлерi болып:
- сауда-саттық қызмет, соның iшiнде сауда нүктелерiнiң тауар акцизге жататын азық-түлiк, өнеркәсiптiк ашуларымен көтерме, бөлшек, комиссиялық сауда;
- Делдалдық қызмет табылады.
Фирманың жарғысымен сонымен бiрге қызметтiң мына түрлерi ескерiлген:
- сақтандыру компаниясының қызметi,
- тауарларды, азық - түлікті Қытайдан, Түркиядан тасымалдау.
«ТАББ-777» ЖШС - не 600900532768-шi (Инн ) салық төлеушiнiң жеке нөмiрi берген, және салық органындағы есепке алуға салық төлеушi ретiнде орнатылған.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, үш негізгі бөлім, қорытындылар мен ұсыныстар, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
1. Ақша қаражаты қозғалысының теориялық аспектілері және ұйымның сипаттамасы
1. 1 Ақша қаражаттарының экономикалық мәні
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде ақша - қаражаттар қозғалысының ролі мен мәні артуда. Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес субъектіні айқындауға, субъектілердің қаржылық қызметі туралы сапалы, уақытылы ақпаратты қалыптастыру ақша қаражаттар қозғалысының есептілігінің басты мақсаттары болып табылады.
Ақша - бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтін, жалпыға балама айрықша тауар. Өндіріс және бөлу процесіндегі адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтін, тарихи турде дамып келген экономикалық категория.
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні, оның мынадай үш қасиетінің біртұтастығынан байқалады:
- жалпыға тікелей айырбасталу формасы;
- айырбас құнының дербес формасы;
- еңбек өлшемінің заттай формасы.
Жалпыға тікелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екіншісі тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиеті тауар өндіруге жұмсалған еңбектік ақша көмегімен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.
Ақшаның қазіргі экономикада атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
1. құн өлшемі және баға масштабы;
2. айналыс (айырбас) құралы;
3. төлем құралы;
4. қорлану және қор жинау құралы
5. дүниежүзілік ақша
Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар.
Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептеуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпке айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек [1] .
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары - бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім- шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспондеттік шоттар - банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары - бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банкалушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды) . Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қайтарылады.
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері) көрсетіледі:
- төлем тапсырмасының нөмірі;
- төлем тапсырмасының жазылған күні;
- жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған)
коды (ЖТК немесе ИИК)
- жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
- бенефициардың коды (БК немесе КБе) және жіберушілердің коды (ЖК немесе КОд) - бұл кодтар екі символдан (белгіден) тұрады: біріншісі-резиденттік белгісін, ал екіншісі-экономиканың секторын көрсетеді;
- бенефициар-аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;
- банк-алушы-банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы көрсетіледі;
- бенефициар банкісі-бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;
- жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) - филиаларалық айналымдарының коды (ФАК немесе МФО) ;
- төлем арналымының коды - ҚР ҰБ нормативтік-құқықтық актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үш символдан (белгілерден) тұрады;
- бюджеттік классификациясының (жіктемесінің) коды - салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;
- валюттелген күні - ақша қаражатын бенефициардың (алушының)
банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының нысанымен анықталады.
Төлем құжатына кез келген жөндеудің түрін жасауға рұқсат етілмейді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.
Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады: аванстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдері.
Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп жасалуы керек.
Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент, жалақы, іс-сапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың атына; жалақы төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының атын, оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны көрсетіледі. Байланыс кәсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем құжатттары келіп түскеннен кейін төлейді.
Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да. Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады.
Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі - депозитттермен қамтылған, ал екіншісі - қамтылмаған болып бөлінеді. Бұл кезде чектердің төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті қолданумен байланысты банк пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім-шарттың негізінен шығады, яғни бұл келісім-шартта, банк өз клиенттеріне чек берушіге (заңды және жеке тұлға) чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін өзіне алады, ал клиенттер өз кезегінде банкі белгілеген (демек чектерді беру мен пайдалану) ережелерін сақтауға міндетті. Чек ұстаушылардың құқығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп айырысу шотының төлем құжаттарына қол қою құқығына ие тұлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің нөмірінің таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету және өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе, онда чекте және чектің түбіртегінде қишағынан "бүлінген" деп жазу жазылады, мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы қойылады.
Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге қабылдаған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке ұсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі, жазылған күнін есептемегенде, әдетте, 10 күннен аспайды.
Банк чек берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына болады, егер де мынадай жағдайлары анықталса:
- егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
- чектің мерзімі өтіп кетсе;
- төлем құжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса;
- чек әртүрлі қолмен және әртүрлі сиямен жазылған болса;
- чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе (қорғалу деңгейі бестен кем болмауы керек) ;
- чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
- чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған құжаттардағы қолымен сәйкес келмесе;
- чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
- чектің басқа да дефектілері бар болса.
Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жазылып қайтарылады. Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуін тез арада тоқтатады. Бұндай дефектісі бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данада болады:
- біріншісі - банкте қалса;
- екіншісі - көшірмесімен бірге ішкі істер органдарына беріледі;
- үшіншісі - Клирингтік палатаға беріледі;
- төртіншісі - чекті беруші банкке беріледі.
Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті беруші банкке қайтарылады [2. 199] .
Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz