Инвестициялық жобаны қаржыландыру жайлы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Тәжірибелік жұмыстың зерттеу объектісі болып кәсіпорынның инвестициялық қызметі танылады. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі - бұл кәсіпорынның шаруашылық қызметінде маңызды рөл атқаратын және өзіне тән заңдылықтарымен дамып отыратын, өзіндік логикаға ие обьективті процесс, себебі инвестициялар өзінің экономикалық табиғаты жағынан болашақта табысқа жету үшін ағымдағы тұтынудан бас тартуды білдіреді. Сол себептен инвестициялық процесс кәсіпорынның инвестициялық жоспарын анықтаудан басталады, оны таңдау төмендегілерге байланысты:

  • Кәсіпорынның өмір сүру циклының сатылары;
  • Жалпы даму стратегиялары;
  • Инвестициялық ресурстардың ішкі және сыртқы нарықтарының жағдайы;
  • Құралдардың салу обьектісі ретіндегі кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы.

Барлық кәсіпорындар инвестициялық қарекетпен байланысты. Инвестициялық жоба бойынша шешім қабылдау көптеген факторлармен қиындатылады. Олар: инвестицияның түрі, инвестициялық жобаның құны, қаржы ресурстарының шектеулігі, шешім қабылдаумен байланысты тәуекел.

Инвестицияны қажет ететін себептер көп болуы мүмкін, бірақ жалпы оларды үш түрге бөлуге болады: қолда бар материалды-техникалық базаны жаңарту, өндірістік қарекеттің көлемін ұлғайту, жаңа қарекеттердің түрін меңгеру. Инвестициялық жобаны қабылдау міндеті әр бағытта әртүрлі. Егер бар өндірістік қуатты ауыстыру керек болса, онда шешім оңай қабылданады, себебі кәсіпорынның басшылары жаңа өндірістің қандай сиппаттамалары мен қанша керектігін нақты біледі. Ал егер негізгі қарекетті кеңейтумен байланысты инвестиция туралы шешімді қабылдау қиынға түседі. Осы жағдайда жаңа туындайтын факторларды ескеру қажет. Олар: тауар нарығында фирманың жағдайының өзгеруі, қосымша еңбекті игеру және т. б.

Инвестициялық талдаудың маңызды құрамдас бөлігі іс-әрекеттің тиімділігін бағалау болып табылады. Оның қажеттілігі экономиканың ресурстарды шектеу туралы негізгі қағидасымен байланысты: «Адамның талаптары шексіз, ал оларды қанағаттандыратын ресурстар шектеулі». Стратегиялық тұрғыдан инвестициялар кәсіпорындардың дамуын, техникалық жарақтануын және экономикалық өсуін анықтайтын негізгі буын болып табылады. Елімізде болған соңғы жылдардағы өзгерістерге байланысты кәсіпорындар үшін де біршама қолайлы инвестициялық жағдай қалыптасты. 2003жылы 8-қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» Заңы инвестицияларды ынталандырудың экономикалық негіздері мен принциптерін анықтап, еліміздегі инвестициялық жағдайды одан әрі жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар отандық кәсіпорындардың инвестициялық қызметін жетілдіруге кедергі болатын бірқатар, әлі де болса шешуін таппаған, мәселелер бар. Сол себепті де бұл тақырыптың қорғалуы экономикада маңызды рөлге ие және өзекті мәселе болып табылады.

1. ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҮСІНІГІ

1. 1 Инвестиция түсінігі және оның жіктелуі

Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде жалпы капиталдық салымдар деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта ( өндірістік капиталдық салымдар) , тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін.

Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез-келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі - пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге жақын келеді.

Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлы жүйелерде инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлы экономика жағдайында инвестициялар ағымындағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айырықшаланатын залал түрінде көрінді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі дәлелдеп отырғандай, капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі болып табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салынымға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған елдерде (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де қолданылады.

«Инвестиция» термині латынның investire - «жұмылдыру» сөзінен алынған. Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Пол Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: «Біз қоғамның нақты капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар, өндіріс-материалдық запастар және т. б. ) «таза инвестицияландыру» немесе капитал қалыптасуы деп атаймыз. Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген құнды қағаздарды немесе меншіктің кез-келген түрін сатып алу инвестицияландыру болып табылады. Экономистер үшін бұл тек таза трансферттік операциялар. Яғни біреуі инвестицияландырса, басқа біреуі . Таза инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал қалыптасқан кезде ғана орын алады.

У. Шарп инвестицияны былайша анықтайды: «Нақты инвестицияларға әдетте қандай да бір материалдық-көрнекті активтер түрінде инвестициялау кіреді, мысалы, жер, қондырғылар, зауыттар сияқты. Қаржылық инвестицияға қағазда жазылған келісім-шарттарды, мысалы, кәдімгі акциялар мен облигациялар сияқтыны жатқызуға болады. Қарапайым экономикаларда инвестициялардың негізгі бөлігі нақтыға жатқызылса, қазіргі дәуірдің экономикасында инвестициялардың үлкен бөлігі қаржылық инвестициялар болып табылады. Қаржылық инвестицияландыру институттарының жоғары дамуы нақты инвестицияның өсуіне едәуір дәрежеде ықпал етеді. Әдетте, бұл екі форма бәсекелес емес, бір-бірін толықтырушы болып табылады. В. Бочаров инвестицияны табыстың тұтынуға жұмсала алмайтын бөлігі деп түсінеді. Инвестициялық ресурстар инвестициялдық іскерліктің капиталдық құнының табыс немесе әлеуметтік әсер түріндегі өсімі алынатын нақты объектіліеріне трансформацияланады.

Экономикалық және қаржылық тұрғылық инвестицияландыру экономикалық ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салынған капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу деп анықталады. Капиталдық салым процесінің жалпы анықтамасы: инвестицияландыру дегеніміз бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды оны келешекте инвестициялық игіліктердің көмегімен қанағаттандыру үмітіне айырбастауды білдіреді.

Инвестиция - бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға болатын кез-келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды, себебі қолма-қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін және ол ешқандайда табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторлармен айрықшаланатын әр түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлікке; қарыздық міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын немесе үлкен тәуекелмен; қысқа немесе ұзақ мерзімге; тікелей және жанама. /1, 5-7 бб/

Инвестициялардың жіктелу. і Инвестициялардың экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ түсіндіреді, жіктеу негізіне түрлі белгілер салынған. Белгілер ретінде мынылар қолданылады:

  1. инвестициялардың түрлері
  2. ақша құралдарын салу обьектілері
  3. инвестицияландыруға қатысу сипаты
  4. инвестицияландыру кезеңі
  5. меншік түрлері
  6. инвестордың қатысу түрлері
  7. тәуекел дәрежесі
  8. ұдайы өндіріс түрлері
  1. Инвестициялардың түрлерін былайша топтайды:Ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды қағаздар; Жылжымайтын және жылжымалы мүлік; Авторлық құқықпен, тәжірибемен және басқа да интеллектуалды құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар; Жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқығы және басқа да мүліктік құқықтар; Қандай да бір өндірісті (бірақ патенттелген ноу-хау емес) ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірибе ретінде рәсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық сауаттылық.
  2. Құралдардың салыну обьектілері бойынша инвестициялар былайша бөлінеді:
  • Нақты нвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге салынуы, яғни нақты инвестициялар - кәсіпорынның негізгі және айналыс капиталын қалыптастыратын материалды және материалды емес активтерге салынатын салым. Материалды активтер - ғимараттарға, станоктарға, қосымша материалдық бұйымдарға, дайын өнімдерге айналдырылған құралдар;
  • Материалды емес активтер - лицензиялардың, патенттердің, тауар белгісінің құны, жарнамаға және кадрларды дайындауға кеткен шығындар;
  • Қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша құралдардың салынуы - депозиттер, құнды қағаздар, банктік салынымдар.
  1. Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
  • Тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын салу обьектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі. Сонымен қатар инвестор инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне тартылады, оның ішінде алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулерге, инвестицияландыру обьектілірін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім өндірісіне;
  • Жанама, бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді орналастыратын және аккумуляциаландыратын түрлі қаржылық делдалдар арқылы (инвестициялық қорлар және компаниялар) жүзеге асады. Мұндай делдалдар инвестицияландыру обьектілерін басқаруға қатысады, ал алатын табыстарын клиенттері арасында бөледі. Тұтас басқарылатын құнды қағаздарға салынатын салынымдарды портфельдік деп те атайды.
  1. инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мына түрлерге бөледі:
  • Қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді депозиттік салымдар, жинақ сертификаттар) ;
  • Ұзақ мерзімді, бұның ұзақтылығы бір жылдан көп.
  1. Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:
  • Азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың, үкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары;
  • Мемлекеттік, ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің бюджет көздерінен қаржыландырылады.
  1. Инвестордың қатысу түріне байланысты:
  • Қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір бөлігін иелену (шектеулі меншік қоғамына үлестік қатынас) ;
  • Инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды өз меншігіне алу;
  • Жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар арқылы немесе басқа да құнды қағаздар түрінде алу;
  • Табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығына, басқа да мүліктік құқықтарға концессия алу.
  1. Тәуекел дәрежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
  • Тәуекелсіз инвестициялар. Мысалы, бірқатар мемлекеттерде қысқа мерзімді мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп саналады, ал олар бойынша алынған табыс қауіпсіз қойылымды анықтайды, бұл қауіпсіз қойылым инвестициялық тәуекел нүктесін санау ретіндегі салымдарды бағалау ретінде қолданылады;
  • Тәуекелді инвестициялар. Инвестициялармен байланысты тәуекел немесе белгісіздік дәрежесі, мысалы, уақыт, салыным обьектісі сияқты факторларға тәуелді. Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі кәсіпорынның жұмыс істеу нәтижесінің өзгеруі инвестицияландырудың мерзіміне және жобаның масштабы мен оның мақсаттарына тәуелді, сондықтан қауіптіліктің дәрежесі нарықтың мүмкін болатын әрекетін шеше алмау болып табылады (жаңа өнім түрін құру, өндіріс шығындарын төмендету, сату көлемін кеңейту, мемлекеттік тапсырыстарды орындау және т. б. ) . дәрежені бағалау критерийлері мыналар болуы мүмкін:
  • барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі. Тәуекелдің орын алуы мүмкін;
  • жоба іске асқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы есептемелік табысты жоғалту мүмкіндігі. Тәуекел дағдарысты болып табылады;
  • барлық активтерді жоғалту мүмкіндігі және инвестордың банкротқа ұшырауы немесе апаттық тәуекел.
  1. Ұдайы өндіріс инвестицияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асуы мүмкін:
  • Жаңа алаңдарда және бастапқыда бекітілген жоба бойынша іске асып жатқан жаңа құрылыстар немесе кәсіпорындардың, ғимараттардың салынуы;
  • Шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі - өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатымен шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың екінші және келесі кезектерін, қосымша өндіріс кешендерін және өндірістерді, жаңа кәсіпорындарды салу немесе қызмет етіп жүрген кәсіпорындарды кеңейту;
  • Шаруашылық жүргізіп жүрген кәсіпорынды қайта құру - моральды тұрып қалған және физикалық жағынан тозған қондырғыларды ауыстыру арқылы жаңа өнімнің шығарылуының профилін өзгерту мақсатымен өндірісті толық немесе жартылай қайта жабдықтауды ортақ жоба бойынша жүзеге асыру;
  • Техникалық қайта қамтамасыздандыру - жекелеген цехтардың, өндірістердің, учаскелердің өндірісінің техникалық-экономикалық деңгейлерін арттыруға бағытталған шара кешендерін жүргізу.

Инвестицияның ұсынылған жіктелуі қазіргі заманның инвестициялық жобалау концепцияларын толығырақ түсіну үшін, жүріп жатқан процестерді жан-жақты бағалау үшін қажет. /1, 7-11 бб/

1. 2 Кәсіпорында инвестицияны жоспарлау

Кәсіпорынның инвестициялық қызметі - бұл кәсіпорынның шаруашылық қызметінде маңызды роль атқаратын және өзіне тән заңдылықтарымен дамып отыратын, өзіндік логикаға ие обьективті процесс, себебі инвестициялар өзінің экономикалық табиғаты жағынан болашақта табысқа жету үшін ағымдағы тұтынудан бас тартуды білдіреді. Сол себептен инвестициялық процесс кәсіпорынның инвестициялық жоспарын анықтаудан басталады, оны таңдау төмендегілерге байланысты:

  • Кәсіпорынның өмір сүру циклының сатылары;
  • Жалпы даму стратегиялары;
  • Инвестициялық ресурстардың ішкі және сыртқы нарықтарының жағдайы;
  • Құралдардың салу обьектісі ретіндегі кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы.

Сонымен, егер бастапқыда инвестицияны жүзеге асыру жетекшілері өз бетінше инвестицияға қатысты шешім қабылдай алатын кәсіпорынның жұмысы болып көрінсе, онда мұндай жағдайда ең әуелі шешімнің зардаптарын бағалауды үйрену керек, өйткені инвестициялардың жүзеге асырылмауы да өзінше бір стратегия. Инвестициялық стратегиясы деп ұзақ мерзімді мақсаттар кешені және оларға жетудің анағұрлым тиімді жолдарын таңдау түсініледі. Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзімді мақсаттарға бағытталуы қажет және сәйкес инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды іріктеп алу арқылы ағымдағы шаруашылық қызмет процесінде жүзеге асырылуы тиіс. Инвестициялық жоспарлардың қалыптасуы күрделі шығармашылық процесті білдіреді, ол кейбір жағдайлар мен инвестициялық нарықтың жалпы және жекелеген сигменттер аралығындағы конъюктурасын болжауға негізделген. Бұл стратегия әрқашанда экономикалық дамудың жалпы стратегиясы шеңберінде қалыптасып, онымен мақсаты, кезеңдері, жүзеге асу мерзімі бойынша үйлеседі. 1-кестеде белгігі бір кезең ішіндегі осындай өзара байланыстылық пен үйлесімділіктің мысалы келтірілген.

Кәсіпорынның әр түрлі кезеңдеріндегі нақтыланған ұзақ мерзімді мақсаттары ретінде мыналар болуы мүмкін: белгіленген нормаларға және пайда көлеміне жету, нарыққа бақылау жүргізудің үлесін және сауда айналымын ұлғайту арқылы масштабты өсіру, жаңа өнім өндіру, өндіріс шығындарын төмендету үшін тозған қондырғыларды ауыстыру, қоршаған ортаны қорғау және т. б.

Кәсіпорынның инвестициялық қызметке қатысты шешім қабылдауы бәсекелік ортада дамудың балама нұсқаларын таңдау проблемасына тіреледі және бұл бәсекелік орта бір немесе басқа да салаларға тиісті әр түрлі экономикалық, құқықтық және басқа да факторлардың ықпалында болады.

1-кесте

Сатылары
Сатылары: Страте-гиясы
Пайда болуы
Өсуі
Жетілуі
Ескіруі/Пайда болуы
Сатылары: Жалпы
Нарыққа еніп, бекітілу процесінде өмір сүру
Нарық сегментінің кеңеюі, іс-әрекет диверсификациясы мен пайданың жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз ету
Іс-әрекеттің салалық диверсификациясы, пайданың қол жеткен нормасына қолдау жасау
Пайда нормасын сақтау және іс-әрекеттің бағыты мен нысандарының бір уақыттық жаңалануының қаржылық тұрақтылығы, дәстүрлі іскерліктің масштабтарын сақтау
Сатылары: Инвести-циялық
Бастапқы нақты инвестицияның жеткілікті көлемін қамтамасыз ету
Өндірістің және нақты қаржылық инвестиция масштабтарының кеңеюі
өндірістің техникалық қайта қамсыздандырылуы және кең масштабты қаржылық инвестицияландыру
Жаңа құрылыс пен өндірістің қайта құрылуына нақтылы масштабты инвестицияландыру

Инвестициялық қызмет атқарылмаған жағдайда уақыт өте келе өндірістік аппараттардың моральдік және физикалық тозуы және өндірісті ұйымдастырудың төмендеуі салдарынан салынған құралдардың табыстылығы азаяды, бұл нәтижесінде мұндай кәсіпорындардың болашағына күмән келтіреді.

Кәсіпорынның тұрақты деңгейін ұстап тұру үшін қолданылатын пассивті инвестицияландыру орташа салалық деңгейден қалып қоюға әкеледі және неғұрлым ұзақ мерзімде де осы сияқты зардаптарға ие болады.

Ал табыстылықтың салымның орташа деңгейіне дейін өсуін қамтамасыз ететін активті инвестициялық стратегия инновациялық жобалардың іріктеліп, жүзеге асуын, нарықта белсенді әрекет етуді көздейді.

Тиімді немесе озу стратегиясы жаңа технологиялық шешім қабылдаумен іске асатын және мұндай салымдардың тәуекелділік дәрежесімен айрықшаланатын инновациялармен байланысты.

Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру кәсіпорынның да, потенциялды стратегиялық инвесторлардың да ортақ мүдделерінің қиылысуы кезінде жүзеге асады. Ал инвестиция болса нарықта айналысы бар тауарды білдіреді. Сондықтан оны осы немесе басқа түрде алу мүмкіндігі серіктестердің түсінушілігімен ортақ мүдделерін есепке алуға және инвестициялық обьектіні стратегиялық инвестор тұрғысынан көре алуы мен оның инвестициялық тартымдылығын бағалай алуына байланысты. /1, 11-15 бб/

1. 3 Кәсіпорындағы инвестициялаудың ішкі көздері мен әдістері

Қазіргі заңға сәйкес инвестициялық қызмет мыналар есебінен қаржыландырыла алады.

- меншікті қаржы ресурстары және инвесторлардың ішкі шаруашылық резервтері (пайда, амортизациялық аударымдар, ақша жинақтау және азаматтардың жинақтары) ;

  • инвестордың қарыздық қаржылық қаражаттары (банктік және бюджеттік несиелер т. б) ;
  • инвестордың тартылған қаржылық қаражаттары (акцияларды, пайларды сатудан түскен қаражаттар және басқа салымдар) ;
  • тәртіп бойынша кәсіпорындардың бірігуінің орталықтанған ақша қаражаттары;
  • мемлекеттік бюджеттен, жергілікті бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан инвестициялық ассигнациялау.

Меншікті қаржылық ресурстар (өзін-өзі қаржыландыру) Пайда - қосылған өнімнің құнын көрсететін кәсіпорынның таза табысының негізгі формасы. Оның көлемі өнімнің өткізілетін бағасы мен оның өзіндік құнының арасындағы айырмашылықты құрайтын ақша түсімнің бөлігі. Пайда кәсіпорынның коммерциялық қызметінің қорытындысының жалпылық көрсеткіші болып табылады. Салықтарды төлегеннен кейін, пайдадан бюджетке басқа төлемдерді төлегеннен кейін, кәсіпорында таза пайда калады. /2, 45-48 бб/

Кәсіпорында инвестицияны қаржыландырудың екінші үлкен бағыты амортизациялық аударымдар болып табылады. Кәсіпорында тозудың құндылық жинақталуы жүйелі түрде болып тұрады, ол негізгі өндірістік қорлар әр өндірістік циклдан кейін натуралды түрде өтеуді талап етпейді. Соңында кәсіпорынның негізгі капиталын қайта өндіруді кеңейтуге бағытталған бос ақша қаражаттары қалыптасады.

Инвестициялаудың экономикалық стимулы болып табылатын тездетілген амортизация екі әдіспен іске асырылады:

  • қызметтің нормативтік мерзімі жасанды қысқарады және сәйкесінше, амортизацияның нормасы кеңейеді.

Тездетілген әдіспен жасалған аударым амортизациялық аударымдар кәсіпорында ескірген жаңа техникаға ауыстыру үшін пайдаланады. Жоғары амортизациялық аударымдар негізінде салықтың көлемі қысқарады.

  • мемлекет бекіткен негізгі капиталдың қызметінің нормативтік мезгілі қысқартылуысыз жеке фирмаларға бірнеше жылдарға амортизациялық аударымдарды жоғары көлемде жүргізуге рұқсат етіледі. Бірақ болашақта фирмалар төменгі көлемде жүргізеді.

Акциялау инвестициялаудың әдісі сияқты Бағалы қағаздарға кіретіндер: акциялар, облигациялар, вексельдер мемлекеттің қазыналық міндеттемелері, сертификаттар және т. б. Бағалы қағаздар айналымы қаржылық нарықты құрайды. Қазіргі жағдайда бағалы қағаздар шығару ірі инвестицияларды іске асыру үшін кәсіпорынның жинақталған қаражатын мобилизациялауды көмек ету керек, бюджеттік және ведомстволық қаржыландырудың жою көлемін қысқарту қорытындысын жұмсарту керек. Инвестицияны қаржыландыру көздерінің құрылымында банктік пайыз мөлшерлемесінің жоғарлауына байланысты банктердің ұзақ мерзімді несие үлесі төмендейді. Сондықтан кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасын қаржыландырудың сыртқы әдісі бағалы қағаздарды эмиссиялау болып табылады. Бұл процесс “секьюритизация” деп аталады, өйткені банктік несиелер нарықтық қарыздық міндеттемелермен ауыстырылады.

Бағалы қағаздар сәйкесінше, құжатсыз басқа тұлғаға өткізілмейтін немесе берілмейтін иемденушінің мүлікке немесе ақша сомасына меншік құқығын дәлелдейтін құжат болып табылады.

Бағалы қағаздар нарығында қаржылық брокердің қызметі комиссия келісімі негізінде клиенттің тапсырысы бойынша бағалы қағаздарды сату - сатып алу кезінде делдалдық функцияны атқарумен байланысты. Инвестициялық кеңес берушінің қызметі бағалы қағаздар шығару және айналу бойынша кеңестік қызмет көрсетумен байланысты.

Инвестициялық компаниялардың функцияларына кіретіндер:

  • бағалы қағаздарды шығаруды ұйымдастыру және үшінші тұлғалар пайдасы негізінде оларды орналастыру кепілдігін беру;
  • бағалы қағаздарға қаражаттарды салу;
  • бағалы қағаздар өз аты бойынша және қаражаты бойынша оларды сату- сатып алу, сонымен қатар олардың котировкасын хабарландыру жолдары бойынша.

Инвестициялық қор (инвестициялық бағдарламаға қарағанда) халықтың ақша қаражатын тартуға құқығы бар, ол өз кезегінде олардың активтерінің көлемін ұлғайтады, сонымен қатар халықтың жинақтарын инфляциядан сақтауды қамтамасыз етеді.

Инвестициялауды несиелендіру. Несие - қайтарымдылық шарты бойынша ақша айналысымен байланысты пайда болатын қарыз алушы мен қарыз беруші арасындағы экономикалық қатынас. Несиелік реттеудің негізгі элементі ссудалық пайыз болып табылады.

Заңды және жеке тұлғалардың капиталдық салымдары банктік несиелендірудің объектісі болып, шығындар мыналар бойынша табылады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландыру
Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау
Инвестициялық жоба мәні, мақсаты жүзеге асыру ерекшеліктерін айқындау
Инвестициялық жоба объектілері
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландырудағы тартылған ресурстардың рөлі
Жобаның өмірлік циклі
Инвестициялық жобаның өмірлік циклі
Жобаға қатысу тиімділігі
Жобалық несиелеу
Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz