Іле алатауының ландшафтарына физикалық географиялық сипаттама


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

  1. ІЛЕ АЛАТАУЫНЫҢ ЛАНДШАФТАРЫНА ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА

1. 1 Іле Алатауының зерттелу тарихы . . . 4

1. 2 Геологиялық құрылысы . . . 5

1. 3 Іле Алатауының орографиясы . . . 11

1. 4 Іле Алатауының климаты . . . 14

1. 5 Іле Алатауының гидрографиясы . . . 18

1. 6 Іле Алатауының өсімдігі және жануарлар әлемі . . . 20

2. ТУРИСТІК АУДАНДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ. АУМАҚҚА РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ БАҒА БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2. 1 Туристік рекреациялық ресурстар туралы түсінік . . . 23

2. 2 Аумаққа рекреациялық баға берудің әдістемесі . . . 26

2. 3 Туризм және экология . . . 30

2. 4 Таулы аймақтардағы ресурстарды тиімді игерудің жолдары . . . 33

3. ІЛЕ АЛАТАУЫНДАҒЫ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ БАСТЫ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ЛАНДШАФТАР

3. 1 Іле Алатауы Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі . . . 38

3. 2 Үлкен Алматы көлі . . . 41

3. 3 Түрген, Үлкен Алматы және Кіші Алматы шатқалдары . . . 42

3. 4 Медеу мұз айдыны және Шымбұлақ тау шаңғылық курорты . . . 44

3. 5 Шарын Мемлекеттік Ұлттық саябағында геотуризмді дамыту мүмкіндіктері . . . 47

3. 6 Іле Алатауының ландшафтарын туризмде қолдану . . . 51

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 53

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 54

КІРІСПЕ

Таулы аймақ жер шарының шамамен 40% алып жатыр. ТМД елінде 26% алса, соның 12% биіктігі 1500 м-ден асатын биік таулар болса, ал қалғаны орташа таулар. ТМД халқының 20% таулы аудандарда қоныстанған. Бұл жерлерде әр түрлі табиғи ресурстар - минералдар, өсімдіктер, ормандар, аң шаруашылығы, демалыс орындары мен рекреационды орындар кездеседі. Жазықтар мен салыстырғанда таулы облыстар айтарлықтай алуан түрлі табиғи жағдайлармен ерекшеленеді. Бұл зоналы биіктік ландшафтармен, жоталардың түрлілігі мен геологиялық құрылымының қиындылығы мен анықталады.

Таулар Қазақстан аумағының 12% -ын құрап, республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс белдемін қамтиды. Бұл көтерілімдер Балқаш суайрығын құрайды. Негізінен көтерілімдер шығыстан-батысқа және оңтүстіктен-солтүстікке қарай төмендейді.

Іле Алатауы - Солтүстік Тянь-Шаньның ең биік жотасы, ол 350 км-ге созылған, ең биік жері - Талғар шыңы (5017м) . Таудың солтүстік етегінде Алматы қаласы орналасқан. Іле Алатауы шығыс жағында орографиялық тұтастығын жоғалтып, Жалаңаш және Сөгеті ойпаттарымен бөлінген үш сілемге тармақталады. Солтүстік сілемге Қараш тауы кіреді. Түрген өзенінен кейін Бақай мен Сөгеті таулары басталады, бұлар бірте-бірте Үлкен Бұғыты және Бала Бұғыты деп аталатын екі кішкене тауға ұласады. Орта тармақ - Сарытау мен Торайғыр тау жоталарынан, оңтүстік тармақ Далашық жазық тауынан тұрады. Іле Алатауы батысында Кіндіктас тауына (1506м), солтүстік-батысында Шу - Іле аласа таулары (1274м) бөліп тұратын Балқаштың батыс жағалауына ұласады.

  1. Солтүстік - Қараш, Бақай, Сөгеті, Бұғыты
  2. Ортаңғы - Сарытау, Торайғыр
  3. Оңтүстік - Далашық тау үстірті

Олардың аралықтарында Сөгеті, Жалаңаш, Асын, Жіңішкен ойыстары жатыр.

Іле Алатауының оңтүстік бөлігі тігінен келіп, Шоңкемін және Шілік өзендерінің аңғарларына тіреледі. Іле Алатауының беткейлері алуан өрнекті терең шатқалдармен тілімденген. Аймақ сейсмикалық қауіп-қатерімен, сел тасқынының молдығымен, қар көшкінімен, ірі мұздықты тораптарымен сипатталады. Мұнда 393 - тен астам мұздық (жалпы көлемі 27, 7 км 3 ) бар.

1 ІЛЕ АЛАТАУЫНЫҢ ЛАНДШАФТАРЫНА ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА

1. 1 Іле Алатауының зерттелу тарихы

Іле Алатауы Тянь-Шань таулы жүйесінің солтүстік жоталарының бірі болып табылады. Ең алғашқы зерттеушілер бұл кең аймақты Іле өлкесі деп атаған. Солтүстігінде жота тауалды жазығымен, ал оңтүстігінде - Шелек және Шоңкемін өзендерінің аңғарлары болып табылады. Батысында Қастек өзенімен, шығысында Шарын өзенімен шектеледі. Жотаның ең биік нүктесі Талғар шыңы. Биік таулар негізінен орталығында орналасқан. Климаты континентальдығымен ерекшеленеді. Іле Алатауының геологиялық құрылымы өте күрделі. Мұнда интрузивтік магмалық жыныстар кездеседі. Сонымен қатар метаморфтық тау жыныстары да кездеседі. Тау жотаның үлкен бөлігінде палеозойлық жыныстардан құралған «сөрелер» пайда болды.

XIX ғасырдың екінші жартысында Еуропаның ғылыми әдебиетінде, Тянь-Шань таулы елі мүлде белгісіз қалды. Батыс Еуропа ғалымдарының Тянь-Шань табиғатымен танысуы өте қызық болды. Мысалы атақты неміс ғалымы А. Гумбольдт Тянь-Шань тауы қазіргі вулкандық аймақ екенін дәлелдеді.

Көрнекті қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов еуропалықтардың аяғы жетпеген, жұмбақ болып келген Тянь- Шань таулы аймағын алғаш зерттеген. 1856 жылы белгілі Семенов Тянь- Шаньский екі рет саяхат жасады. Ыстық көлдің шығысына жасаған бірінші саяхатында ол Верный бекінісінен Уәлиханов маршрутымен аттанды. Географ, әрі геолог, ботаник, әрі зоолог болған П. П. Тянь-Шаньский маршрут бойынша әр түрлі әсіресе Іле Алатауының геологиясын ғылыми тұрғыдан зерттеді. Ол жотаның рельефі геологиясы және өсімдік жамылғысына ауқымды сипаттама берді. Биіктік ландшафтық белдеулікті алғаш рет ұсынды. Оны бес зонаға; далалық, мәдени және бақшалық, қылқан жапырақты ормандар зонасы, альпілік және мәңгілік қар зонасы деп бөлді. 1902-1903 ж. ж. В. В. Сапожников неміс геологы Фридерхсенмен бірге Жетісуда геоботаникалық жұмыстар жүргізді. 1903 жылы және одан кейінгі жылдары С. В. Димитрев Іле Алатауы мұздықтарын зерттеді. 1916-1920 жылдары Іле Алатауының мұздықтарын В. Д. Городецкий зерттеді. Д. Н. Казаналин 1946-1949 жылдары Іле Алатауының сейсмикасы мен тектоникасын зерттеді. Ол өзінің есеп беруі кезінде жотаның геологиялық картасын көрсетті. 1946-1948 жылдары Іле Алатауының тауалды лессті түрімен Ломонович айналысты.

Іле Алатауын зерттеген көрнекті орыс ғалымы, географ Семенов Тянь-Шаньский. 1856-1857 жылдары оның Тянь-Шаньға жасаған атақты саяхаты арқылы, Еуропа ғалымдары бірінші рет географиялық тұрғыдан сол аймақтың геологиясы мен өсімдіктерінен нақты мәлімет алды. Ол Іле Алатауының солтүстік беткейінің орталық бөлігіне, тік бағытта ландшафтық белдеу орналастырды. Ең бірінші Іле Алатауының топырақ жамылғысы, осы аймақта 1886 жылы геоботаникалық зерттеу жүргізген атақты ботаник әрі географ А. Н. Красновтың еңбегін еске түсіреді.

1. 2 Геологиялық құрылысы

Қазақстан Республикасының кең-байтақ аумағы ұзақ қалыптасу тарихы бар күрделі геологиялық құрылым болып табылады. Осы кең аумақтың геологиясын, тектоникалық құрылысын және пайдалы қазбаларын зерттеуде көптеген геологтар жемісті еңбек етті. Олардың ішінен А. А. Абдуллин, А. Д. Архангельский, Ш. Е. Есенов, Г. Ц. Медоев, Қ. И. Сәтбаев, А. Л. Яншин және т. б. ғалымдарды атап көрсетуге болады.

Осы ғалымдар Қазақстанның геологиялық құрылысын жан-жақты зерттеулерінің нәтижесінде «СССР геологиясы» (1967-1970 ж. ж. ) топтамасында Қазақстан геологиясы туралы мәліметтер, А. А. Абдуллиннің монографиялары (1981, 1994 ж. ), В. Ф. Беспалов еңбектері (1971, 1975 ж. ), тектоникалық карталар (1971, 1976 ж. ), «Қазақстандағы палеозой» (1969 ж. ) және «Қазақстанды геофизикалық мәліметтері бойынша геоботаникалық аудандастыру» жинақтары жарық көрді.

Палеозой дәуірінде Қазақстан Республикасы аумағының негізгі геологиялық құрылысының құрылымдық-тектоникалық белгілері анықталды. Жер қабығы үлескілерінің шекараларында тектоникалық жарылымдар пайда болды. Жер беттерінде жанартаулық құбылыстар байқалды.

Кембрий шөгінділері Ерментау және Баянауыл тауларында жақсы зерттелгенімен, біз қарастырып отырған аумақта ол шөгінділер кремний-сазды тақтатастармен, тиллитті конгломераттармен және хемогенді құрылымдар арқылы көрінеді. Ол дәуірде Қазақстан аумағының көп жерін су басып жатқанымен, ороген алқабы орнында аралдар тізбегі болған /1/.

Климаттық жағдайлар құрғақ және жоғарғы температурада болды. Бұған дәлел Қаратау жоталарындағы қабаттардың алуан түрлілігі және доломиттердің кеңінен дамуы болады.

Ордовик кезеңінде Қазақстанның шығыс бөліктері күрделі аралдар архипелагын құрды. Олардың теңіз суымен шайылуы сазды және кремнийлі шөгінділердің жинақталуына алып келді. Ордовикте магмалық іс-әрекет қарқындылығы жоғары болды. Кембрий климаты ордовик климатына ұқсас болды.

Төменгі силур соңында күшті қатпар құрылуы үрдісі жүре бастады. Осы кезеңде теңіз түптерінен жаңа таулар көтеріліп, басқа аймақтарда бату және шөгінді жиналу белдемдері қалыптасты. Силур кезеңінде теңіз алаптары тек Алтайдың батыс және шығыс шектерінде, Жоңғар Алатауының шектерінде ғана қалды /2/.

Каледон қатпарлығында пайда болған тау құрылымдары көп мөлшерде сынықтық материалдарды бөліп шығарды. Ондай шөгінді жыныстар Жоңғар Алатауының батыс шектерінде молынан байқалады.

Девон кезеңі басында теңіз тек Жоңғар Алатауы мен Мұғалжарда кіші үлескілерде ғана қалды. Басқа аумақтың бәрінде континенттік жағдай басым болды. Каледон қатпарлығының жоғарғы таулы қыраттары Алтай мен Жоңғар Алатауында болды. Бірақ төменгі девондағы күшті денудациялық үрдістер олардың биіктігін біраз төмендетті. Девон шөгінділері Алтайда кең таралған. Олар негізінен қызыл құмтастар және эффузивтер түрінде.

Триас дәуірінде ыстық климат жағдайында тау жыныстарының химиялық үгілу құбылысы кеңінен жүрді. Бұлардың шөгінділері тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде пайда болған ойпаңдарға жиналды. Жер кабығындағы жарылымның пайда болмаған жерлерінде осындай жарылымдар Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауы арасындағы Іле ойпаңы, Алтайда Кендірлік ойпаңы қалыптасты.

Юра кезеңінде вулканизм процестерінің орын алған жерлері Алакөл ойпаңы және Кетмен қыраты. Алтайдың көтеріле бастаған қыраттарының етектерінде өзен сулары мен ағындарының тасымалымен келген ірі сынықты қабаттардың жиналуы жүрді.

Төрттік дәуірде тау түзілу процесі одан әрі жалғасып, әлі күнге дейін қарастырылып отырған аймақта қарқындылығын тоқтатқан жоқ /2/.

Геоморфология - жер бетінің рельефін, оның әр түрлі формаларының құрлымын және шығу тегін зерттейтін ғылым. Кез-келген ауданның геоморфологиясын жеткілікті зертеу үшін рельеф формаларын белгілі бір жүйеге келтіру керек, яғни оларды ең маңызды белгілері бойынша топтастыру керек. Мұндай жүйелеу рельефтің берілген ауданның геологиялық құрылымы мен генетикалық байланысын, жер бетінің даму заңдылықтарын қамтып көрсетуі және геоморфологиялық карталардың шартты белгілерін өңдеуде негізгі қызмет атқаруы керек.

Мұндай жүйелеу рельефтің берілген ауданның геологиялық құрлымы мен генетикалық байланысын, жер бетінің даму заңдылықтарын қамтып көрсетуі және геоморфологиялық карталардың шартты белгілерін өңдеуде негізгі қызмет атқаруы керек. Іле Алатауының территориясы шығу тегі әр түрлі рельеф пішіндері және типтерінің күрделі үйлесімімен сипатталады, рельефтің қалыптасуына әсер етуші факторлар да алуан түрлі. Осының бәрін есепке ала отырып, біз Іле Алатауын екі кешенге: эрозиялы-тектоникалық (таулы) және аккумулятивті-тектоникалық (жазықтық) кешенге біріккен рельефтің жеті типін бөліп көрсетеміз. Бірінші жағдайда жер қыртысының тектоникалық көтерілуін үнемі бұзу процесі басып озады, сондықтан таулы рельефтің әр түрлі типтер қалыптасады. Осы кешенге кіретін рельеф типтерінің сипаттамасын келтірейік.

Биік таулы-мұзды рельеф. Әдеттегідей жотаның ең жоғарғы зонасында, 3000-5000м-ге дейін биіктікте орналасады. Бұл максимальды тау көтерілу зонасы. Берілген рельеф типі ендік бағытта 160 км-ден көп қашықтыққа созылатын Іле Алатауының орталық бөлігін алып жатыр. Ол жотаның ең биік шыңдары: Талғар (5017), Қопа (4600), Погребецкий (4551) және тағы басқа шыңдарын қамтиды. Олардың барлығы тауларда пирамидалы жарлы шыңдар түрінде жақсы ерекшеленеді. Мұнда асулар 3600 метрден жоғары биікте орналасқан және шығуға қиын.

Мұзды биік тау қазіргі заманғы мұз басу зонасында орналасқан, сондықтан рельефтің сыртқы көрінісі тік, құламалы, баурайлы (40-50 0 С) дейін және үшкір шыңды болып келеді. Суайрық қырқасының саласы қыртысты қимамен ерекшеленеді. Қырқаның баурайларын бойлай аумағы 800 м-ге дейін, кейде көлденеңінен километрден көп мұздықтардан құралған орасан зор тостаған тәрізді қазан шұңқырлар карлардың тізбегі байқалады. Олар көп камералы болады және мұздықтардан тұрады. Қыста олар орасан мол қармен тығыздалып, қабырғалары аппақ қарға оранады. Жиі, қарама-қарсы беткейлердің карлары артқы қабырғаларының жақындауынан суайрық қырқасында ойпат түзеді, немесе 3-4 карлар қабырғалары үйлескенде ортасында құзды шың - карлинг қалады бұл типке жотаның көптеген шыңдары жатады.

Дәл осы зонаны П. П. Семенов-Тянь-Шаньскийдің жазған мына сөздері сипаттайды: «Күнмен, көгілдір көлеңкелермен, мәңгі ұйқыдағы қарлармен шағылысқан таулар аспанда төніп тұрған тәрізді. Олардың үшкір шыңдары, қатты пирамидалар, орасан зор күмбездер, бұзылған және дөңгелек асулар жердің түбіне созылған, көтерілген тұтас қабырға тәрізді көрінеді. »

Мұз зонасында барлық жерде мәңгі тоң таралған, мұнда көптеген бұзу процестер байқалады: сел тасқындары, тасқұлауы, беткейдегі малтатастардың жаппай қозғалысы, қар опырылымдары: сондай-ақ таулардың үстінде тасты көпбұрыштардың қалыптасуы байқалады. Сел тасқындарына жеткілікті материал болып табылатын ежелгі және қазіргі заманғы мореналардың көптеген жиналуы жүреді. Мұздықтардың соңынан алынған тік беткейлі және тегіс түпті үлкен мұз аңғарлары басталады.

Жотаның шеткі сілемдерінің сондай-ақ тік жартасты пішіндері бар. 3000-3500 м биіктікте жотаның солтүстік және оңтүстік беткейлерінде әрекетсіз карлардың орналасқан типтері бар. Олар Асы, Түрген өзендерінің басталар жерінде, Үлкен Алматы, Ұзынағаш, Қарақастек және тағы басқа өзендердің бастауларында жақсы көрінеді. Ежелгі трогтардың төменгі шетінде сондай-ақ едәуір биіктікте тік кертпештер түзетін мореналардың үйіліп жатуы және сарқырамалар байқалады. Мұндай кертпештің биіктігі мысалы: Үлкен Алматы аңғарында 500 метрге дейін жетеді.

Орташа тау. Ол Іле Алатауында ең көп таралған және 1600-3000 м биіктік шекарасында орналасқан. Жотаның орталық бөлігінде ол тікелей биік таулы рельефке жалғасады, ал шығыс бөлігінде азды-көпті дербес тау сілемдерінен тұрады; Бақай, Сөгеті, Торайғыр, Далашық және т. б. Орташа тауға көбірек тегістелген майда пішіндер (контурлар) тән, бірақ сондай-ақ ол тереңдігі 800-1000 м-ге және тіпті одан да көп бірнеше метрге жететін орасан зор шатқалдар жүйесімен күшті тілімделген. Бұл осы зонадағы жауатын жауын-шашын және мұздықтармен қатар шұғыл төмендейтін және тек қана бірыңғай энергиямен терең эрозия тудыратын суы мол өзендерді қоректендіретін атмосфералық жауын-шашынның максимальды мөлшерінің басымдылығымен түсіндіріледі. Олардың аңғарларының беткейлері тіп-тік 30-40 0 С.

Сондай-ақ орташа таулар шекарасында, өте құламалы бірте-бірте бұзыла отырып малта тастармен немесе көлге айналатын сулармен толығатын ежелгі сөнген карлар көп.

Осы типке жататын таулар айналасы түгелдей дерлік рельефте айқын көрсетілген опырылмалармен қоршалған. Таулардың беткейлері сонау шыңдарына дейін тығыз таулы шалғынды өсімдіктермен, жотаның орталық бөлігіндегі солтүстік экспозиция беткейлері орманмен көмкерілген.

Сатылы аласа таулар . Іле Алатауының геоморфологиялық құрылымының өзгеше ерекшеліктерінің бірі-оның солтүстік беткейінің сатылы құрылымы, яғни екі айқын сатыланған прилавкалардың бар болуы. Жоғарғы сатының рельефі тығыздалған немесе сатылы бетті және бірқалыпты кескінді жотаның негізгі сілемінен солтүстік бағытта шегінген кішкене таулар немесе тізбектер болып табылады. Олардың абсолютті биіктігі 1200-1700 м. Олар шатқал тэрізді тереңдігі 300-400 м-ге дейінгі өзен аңғарларымен тілімденген.

Олардың беткейлері тік 25-30°С, шымға айналып қыртыстанған және қалың таулы-шалғынды өсімдіктермен жамылған жыныстардың көптеп жиналуы нәтижесінде топырақ түзілу процесі сферасына қатыстырылған және едәуір биіктікке көтерілген осы тау белдеуінің бұрынғы гипсометриялық күйінің өте төмендегенін көрсетеді.

Төменгі тау алды сатысының биіктігі 900-1200 м. Рельефтің оң пішіндеріне тегіс немесе солтүстікке жалпы еңістелген, әлсіз адырлы бетті аласа таулар жатады. Олар өзендермен және көптеген уақытша ағын сулар сайларымен тілімделген сатылы тау алды шекарасында табиғи және рельефтің жасанды формалары үлкен даму алған: карьерлер, каналдар, сатыланған беткейлер, жолдар, платиналар, дамбалар және тағы басқа. Төбелі аласа таудың өзен аңғарлары кең, ысырынды конустарға ауысатын, айқын байқалған террассалы болып келеді.

Тізбектелген-ұсақ шоқылы аласа таулар . Ол жотаның батыс және Шығыс атыраптарында жекелеген үлескелермен таралған: Торайғыр массивінің шекарасында, Жіңішке ойпатында, Қозыбасы тауларында, жотаның оңтүстік батыс бөлігінде және басқа аудандарда. Оның рельефі көбінесе салыстырмалы биіктігі 100 м-ге дейін, сирегірек 200 м-ге дейінгі ассиметриялы аласа таулар болып табылады. Олар құрғақ аңғарлармен немесе тереңдігі 50-70 м сайлармен тілімденген. Қозыбасы тауларының солтүстік беткейі тік және биіктігі 200 м жоғары тектоникалық кертпеш, оңтүстігі жазық созылған болып келеді. Сөгеті массивінің сілемі солтүстігінде меридиан бағытында орналасқан және алмаспайтын өтпелі құрғақ аңғарлармен тілімденген қысқа ассиметриялы тізбектер дамыған. Торайғыр жотасының шығыс бөлігінде симметриялы жоталар таралған, олардың осьтері бойынша әдетте аса тұрақты жыныстардың желілері айқын көрініп тұрады. Торайғырдың оңтүстік беткейінде тегіс қырқалы немесе салыстырмалы биіктігі 100 м-ге дейінгі қысқа тізбекті таулар дамыған.

Ұсақ шоқы . Ол екі аймақта таралған. Біріншісі - Қызылқырқа ұсақ шоқысы орналасқан Сөгеті тауларының шығыс бөлігі, оның рельефінің қарапайым пішіндері жекеленген шоқылар немесе оң конус тәрізді шыңды төбелер болып табылады. Олардың салыстырмалы биіктіктері 15-30 м. Өзінің оңтүстік бөлігінде Қызылқырқа биіктігі 50 м-ге дейінгі тектоникалық кертпешпен шектелген. Мұнда ұсақ шоқы аса қарқынды тілімденген және аласа тау сипатына ие.

Сөгеті ойпатының шығыс бөлігінде орналасқан Шөладыр ұсақ шоқысының дамуы біршама өзгеше. Мұндағы оң элементтер биіктігі 10-15, кейде 30 м-ге дейінгі сиретілген аласа және жайпақ төбелер болып келеді. Шөладыр ежелгі тегістелу бетінің аса көтеріңкі аймағы болып табылады. Өзінің дамуында ол барлық тау аралық ойпаттармен бірге айналасындағы таулардан елеулі артта қалады және бірте-бірте соңғыларының қалдықтарының астына көміледі.

Екіншісі эрозиялық - тектоникалық жазық кешен Іле Алатауының тауалды зонасының және тауаралық ойпаттарының рельеф типтерін біріктіреді, онда теріс тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде үлкен қалдықты материал жиналады. Жекелеген аймақтарда, орта антропогеннен басталып, керісінше көтерілулерді бастан өткізеді. Әр түрлі бедерлердің тектоникалық қозғалыстарының байланысы және борпылдақ қалдықты материалдардың жиналуы, сондай-ақ тау өзендерінің қарқынды эрозиялы әрекеті рельефтің әр түрлі типтерінің қалыптасуын алдын ала анықтайды.

Ғалымдар Іле Алатауы жоталарында тау жондарының қалыптасу процесі әлі де жүріп жатыр деп санайды. Таудың жотасы жыл сайын орташа есеппен 5 мм жоғары көтеріледі, мұның өзі жер сілкінуіне, тастардың құлауына, жер бедерінің өзгеруіне себепкер болады.

Іле Алтауының орнында көне замандарда әжептәуір жазық жер болған. Жүздеген миллион жылдардың ішінде герцин қатпарлықтары нәтижесінде құралған ежелгі тау жүйелерінің барлығы пенипленделген, яғни тегістелген жерлерге айналған.

Іле Алатауы жотасының биіктеуі осы плиоценде басталған. 13-14 миллион жыл ішінде таудың биіктігі шамамен 2500 м-ге жеткен. Жотаның биіктеуімен бір мезгілде тау етегіндегі бөктерлер шөгіп, жотаның шығыс жағындағы тауаралық алқаптар да бірте-бірте төмендеген. Тектоникалық әсер ету кезеңінің біршама тынышталған уақытынан кейін орта антропоген дәуірінде (осыдан 600 мың жыл бұрын ) тектоникалық қимыл-қозғалыстар қауырт күшейіп, таулар осы күнгі биіктігіне - 4700 метрге жеткен.

Іле Алатау бедерінің қалыптасуына едәуір дәрежеде мұздықтану кезеңі де әсер еткен, сол әсердің салдарынан тау жыныстары етекке қарай ығыстырылып, орасан үлкен төкпелі өршіктер пайда болған, жоғары белдікте тау жыныстары сынықтарының үйілген шөгінділері қалыптасқан.

В. М Чупахиннің (1964) пікіріне қарағанда, мұздықтану дәуірі екі рет болған. Алғашқысы үшінші кезеңнің ( полеозой эрасы ) соңына тура келеді. Ежелгі мұздықтанудың екінші дәуірі орта немесе соңғы төртінші кезеңге (мезозой эрасы ) тұспа - тұс келеді. Бұл уақытта Еуразияның жалпы климаты өзгереді. Алғашқысында жер беті жартылай мұздықтанған, екінші мұздықтану таулар мен тау алқаптарына жайылған. Осы мұздықтанулардың нәтижесінде Іле Алатауы биік таулы альпілік бедерге ие болған. Тау бөктерлерінде шомбал тастардың ұмар-жұмар үйінділері мен қуыстар (мұздақ эрозиясының нәтижесінде беткейлерде, бөктерлерде, жартастарда пайда болған) кездеседі. Жоғары жақтағы алқаптар трог түрінде, яғни түбі жалпақ та дөңгелектеу астау тәрізді шұңқыр, ең төменгі бөктері тік жарқабақ болып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рекреациялық географияны дамыту және оны ұйымдастыру
Қытайдағы қазақтар
Шарын өзені алабының климаттық ерекшеліктері
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
ҚАЗАҚСТАН ТАУЛАРЫН ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Қазақстанның мұздықтары реликті мұздықтар
ТЯНЬ-ШАНЬ ТАУЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Жетісу Алатауының солтүстік-орталық жотасына физикалық-географиялық сипаттама
Жетісу алатауының физикалық-географиялық орны мен геологиялық құрылысының ерекшеліктері
Таулы аймақтардың зерттелу тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz