Шардара суқоймасындағы сазан (Сyprinus carpio aralensis) балығының морфологиясы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Биология факультеті
Зоология және гистология кафедрасы
Бітіру жұмысы
Шардара суқоймасындағы сазан
(Сyprinus carpio aralensis) балығының морфологиясы
Жұмысты орындаған
4 курс студенті Мағрипа
Ғылыми жетекшісі зоология және гистология
кафедрасының оқытушысы
Байдилдаева Г. Ө.
Нормабақылаушы Сапаргалиева Н. С.
Қорғауға жіберілді
кафедра меңгерушісі Нуртазин С. Т.
б. ғ. д, профессор
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
- ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ . . . 4Шардара суқоймасына қысқаша сипаттама . . . 4Шардара суқоймасының ихтиофаунасы (зерттеу тарихы және балықтардың биологиясы) . . . 6Шардара суқоймасы ихтиофаунасының қазіргі кездегі жағдайы . . . 7
1. 4. Сазан ( Сyprinus linne ) туысының сипаттамасы . . . 10
- Арал сазанының систематикасы . . . 11
1. 6. Таралуы . . . 11
1. 7. Биологиясы . . . 11
1. 8. Көбеюі . . . 12
1. 9. Өсуі және жасы . . . 13
1. 10. Қоректенуі мен қоңдылығы . . . 14
1. 11. Сандық көрсеткіші және кәсіптік маңызы . . . 15
- МАТЕРИАЛДАР МЕН ӘДІСТЕМЕ . . . 17
2. 1. Биоанализ көрсеткіштерінің сипаттамасы17
2. 2. Правдинің әдісі бойынша морфологиялық белгілерінің көрсеткіштері…18
- НӘТИЖЕЛЕР МЕН ТАЛҚЫЛАУЛАР . . . 22
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 32
КІРІСПЕ
Шардара суқоймасы - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданындағы ең үлкен жасанды суқоймалардың бірі. 1965-1968 жылдары жоспар бойынша Сырдария өзенінің арнасын бөгеу арқылы тұрғызылған. Негізгі мақсаты - суармалы егіншілікті дамыту, сонымен бірге, балық шаруашылығымен елді мекендерді тұрмыстық- шаруашылық сумен қамтамасыз ету. [1] .
Шардара суқоймасының ихтиофаунасында балықтардың алуан түрлі түрлері кездеседі, соның ішінде тұқытәрізді балықтардың бір түрі; сазан ( Сyprinus carpio aralensis ) балығының тіршілік ететін тағы бір ортасы болып табылады. Суқойманың бұрынғы және қазіргі жағдайларына жағдайларын біліп отыру үшін, ихтиологиялық зерттеулерде дәлелденеді [2, 3, 4] . Сазан балығын зерттеу нәтижесінде, популяциядағы өзіндік кейбір ерекшеліктерді биологиялық және морфологиялық өзгерістері арқылы анықталады. Сонымен қатар, суқоймасының қоректік базасының, экологиялық ортасының және басқада биотикалық және абиотикалық жағдайларының нормаға сай болып келуіне байланысты, жерсіндірілген балық популяциясы түр саны түрлерінің сақталып қалуы кейбір қорғау шараларының нәтижелерінде сақталып отыр.
Шардара суқоймасында тіршілік ететін балықтардың алуан түрлі биологиясына тән едәуір материал жиналды, бұл қазіргі кездегі жағдайда қоршалып тұрған су экожүйесіне адамның әсерін бағалау және балықтардың биологиялық алуан түрлілігін сақтау үшін табиғи процестерді басқару әдістерінің қажеттілігінен туады.
Жұмыстың мақсаты . Шардара су қоймасынан әкелінген сазан балығына морфологиялық жағынан сипаттама беру.
Жұмыстың мақсаты . Биоанализ көрсеткіштерінің сипаттамасы және Правдинің әдісі бойынша морфологиялық белгілерінің көрсеткіштеріне сипаттау.
- ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУШардара суқоймасына қысқаша сипаттама
Шардара суқоймасы - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданындағы бөген (сурет 1) . Сырдария өзенінің арнасын бөгеу арқылы тұрғызылған. Негізгі мақсаты - суармалы егіншілікті дамыту, сонымен бірге, балық шаруашылығымен елді мекендерді тұрмыстық-шаруашылық сумен қамтамасыз ету [5] .
1966 жылы Шардара қаласының тұсындағы Сырдария өзенінің орта ағынында Оңтүстік Қазақстандағы ең ірі су қоймасы салынды. Ондағы ГЭС -тің қуаты 100 мың киловатт. Су қоймасының негізінен ирригациялық мақсатқа пайдаланылады. Шардара суымен 100 мың га егістік, 500 мың га шабындық жер суарылады [5] .
Шардара плотинасының биіктігі 24 м, ал ұзындығы 5, 8 км. Суқоймасының жалпы ұзындығы Сырдария өзенін бойлай 100 км жерді алып жатыр, орташа тереңдігі 6, 3 м (ең терең жері 25м), ені 25 км, ал көлемі 900 шаршы км. Балтық жүйесі бойынша Шардара 252, 5м биіктікке орналасқан. Оның көп жері 10 м жоғары, тереңдігі Шардараның жалпы көлемінің 20 % ғана алып жатыр. Батыс жағында үлкен ойыс - шұңқыр бар, ол Арнасай ойысы деп аталады, оған су тасқыны кезеңінде артық су жіберіледі.
Шардара суқоймасы 1965 жылдың сәуір айында тола бастайды да 1968 жылдың аяғында жоспарлы деңгейіне жетті. Суқойма Сырдария өзенінің суымен және жауын- шашын суымен қорланады. Қоймаға 5, 7 млрд. м 3 су жиналады. Суқоймасы күз және қыс айларында толтырылып, сәуір - тамыз айлары аралығында олар суландыру және де басқа шаруашылық жұмыстарына пайдалынылады. Қойманың су деңгейі орта есеппен 5, 4 м дейін азайып немесе көбейіп отырады. Бұған өзен суының буға айналуы, оның халық шаруашылығына пайдалану сияқты факторлар әсер етеді.
Суқоймасының минералдылығы жыл ішінде 0, 71-1, 65 г/кг дейін құбылып тұрады. Осыған байланысты қойма суының минералдылығы едәуір өседі. Химиялық құрамы жағынан Шардара суы сульфат класына, натрий тобына жатады. рН-тың мөлшері 7, 4-8, 5 аралығында, ал көмір қышқылы 1, 5 -8, 5мг/л. Судағы оттегі мөлшері 85 - 120%. Перманганат қышқылдануы 1, 7 -7, 7мг О/л. Фосфор мөлшері 1 л суда: 0, 001-0, 02 мг, кремний 3, 5 нитрат және нитрит азоттары 0, 01-7, 0 мг, сілтілігі - 5, 8- 29, 27 мг экв/л шамасында. Ағынын реттеу режимі - маусымдық. Су кірісінің 98%-ін Сырдария өзенінің ағындысы, 2%-ін қапталдық салалар мен айдынына түскен жауын шашын құраса, шығынының 4, 5%-ын булану, қалғанын реттелген су жіберу құрайды. Суының минералдылығы 710-1650 мг/л. Бөген суы қазіргі кезде жалпы ауданы 394, 0 мың га жерді суаруға (оның 105мың га - суы күріш егістігі) негізделген. Бөгенде балықтың 34 түрі мекендейді, жылына 1, 5 мың т балық ауланады [5] .
![]()
1 Сурет Шардара суқоймасының көрінісі
Шардара суқоймасында планктон түрлерінің пайда болуына Сырдария өзені мен оның салаларының (Шыршық, Бозсу, Ақанқаран, Келес) сулары, арықтар, көлдер мен көлшіктер т. б. әсер етеді. Гидрологиялық және гидрохимиялық жағдайының өзгеруіне байланысты су балдырларының саны мен сапасы маусым жыл аралығында өзгеріп отырады. Шардара суқоймасының бентосы - олигохеттерден, моллюскалардан, мизидтерден және инелік құрттарынан, хирономидтерден тұрады. Сонымен қатар, Шардара суқоймасының кәсіптік маңызы да бар яғни, құнды биоресурс ортасы болып табылады. Ирригационды суқоймадағыдай, суқойманың аулануы жағдайы, су режимінің қолайсыздығын, тудырады. Ол кәсіптік балық түрлеріне және қоректік гидробионттарға әсер етеді. Суқойманың пайда болуынан бастап кәсіптік балық аулауда тек сол уақыттағы суқоймада доминантты бір түр ғана ауланған [6] .
2006 ж. кәсіптік балықтар мекендейтін ортада мониторинг жүргізуге; суқойманың әртүрлі аймағындағы балықтардың қоректік базасының жағдайларының ерекшеліктерін бағалауға; Шардара суқоймасының кәсіптік балықтар түрінің популяциялық құрамын морфологиялық маркерлер және зерттеу тәсілдерін анықтауға; Шардара суқоймасындағы кәсіптік балықтардың популяциясы ішіндегі локальды топтардың құрылу мүмкіндіктерін зерттеулерге тыйым салынған [6] .
- Шардара суқоймасының ихтиофаунасы
Шардара суқоймасының ихтиофаунасында 1970-ші жылдардың ортасында - сазан, 1980 ж. - тыран, 1990-шы жылдарда - мөңке ауланды. 2001 - 2002 жылдары сазан, 2004 -2005 жылдары дөңмаңдай кездесіп келеді. Осындай балық ресурстарын аулау, ихтиофаунаның түрлік алуантүрлілігінің бірігуіне, рациональды емес балықтың қоректік базасын қолдану, соңғы жылдары суқоймадағы балық өнімділігінің төмендеуіне әкелді. [6] .
Басқармалы кәсіпшілікті ұйымдастыруда, бізге қажетті түрдің популяциялық құрамының ерекшелігі туралы, оның популяциясының алатын орнының кеңдігін, үлкендігін түсіну, олардың санының динамикасы мен толықтырылу ырғағын білу, және де олардың популяциясының интенсивті кәсіптік алынуы, табиғи толтырылу ырғағынан аспауы керек аргументті түсніктеме берілуі туралы анық түсінігі болуы тиіс. Тек осындай жолмен ғана оптимальды шаруашылық стартегияны практикалық қолдану, тек экономикалық пайданы ғана алмай, сонымен бірге бізге берілген табиғи популяцияны ұзақ уақыт, шексіз сақтайды. Зоопланктондарының сандық құрамы көлдің су температурасына тікелей тәуелді. Бентос едәуір көбейді, сондықтан осы қоректік ресурсқа байланысты балықтар 50-ші жылдарға қарағанда қорекпен қамтамасыз етілген. Онда кездесетін планктон және бентостық организімдерден моллюскалар, мизидалар, инеліктердің личинкалары, хирономидтер кездеседі. Осындай қоректік қолайлы ортада қазіргі кезде балықтардың 34 түрі мекендеген [5] .
Қазіргі уақытқа дейін, ихтиологиялық зерттеудегі негізгі бағалау кәсіптік балықтарда шығу тегіне қарамастан саны көп құнды балықтарға беріледі. Кәсіптік құнды балықтардан арал сазанының таңдап алыну себебі, Шардара суқоймасындағы аборигенді популяциясын басқа суқоймадағы жергілікті популяциясымен шағылыстырылған. Сырдария бассейінінде басқа балықтар осындай генетикалық жиынды иемденбейді.
2002ж. Шардара суқоймасы мен Сырдария өзенінің төменгі бьефіндегі сазанның дене биіктігін салыстыру жүргізілді. Төменгі бьеф сазанында бұл көрсеткіш төмен суқоймамен салыстырғанда. Төменгі бьефтегі қолайсыз жағдайда мекендейтін сазанды жергілікті популяциямен шағылыстыру ұсынысы жаслынды. Сонымен қатар, 2002-2005 жылдары Шардаралық сазан популяциясының морфологиялық өзгергіштігін зерттеу, суқоймада бірдей емес генетикалық тұрғыда сазанның бір популяциясы бар, сазан және тұқыдан тұрады [6] .
1. 3. Шардара суқоймасы ихтиофаунасының қазіргі кездегі жағдайы
Шардара суқоймасының ихтиофаунасы Сырдария өзенінің ортаңғы ағысын мекен еткен аборигенді балықтардан және суқойманың балық өнімділігін арттыру үшін арнайы жерсіндірілген - аккиматизанттардан және кездейсоқ енгізілген балықтардан пайда болған. Қазіргі кезде ихтиофаунаның түзілу процессі әлі де жалғасын тауып келеді. Суқойманың түзілуінің (1965-1970 жж. ), бастапқы кезінде мекен еткен балықтардың 33 түрі мен түршелерінің қазіргі жағдайда кездесетін 30 түрі көрсетілген. (1кесте) [6] .
1 Кесте
Шардара суқоймасының ихтиофаунасының түрлік құрамы
Р.
№
2006 жылы БШ ҒЗИ-ң мамандарымен Шардара суқоймасына жасалған зерттеулер [6] бойынша 26 түр аталды - кәсіптік балықтар ретінде сазан, арал тортасы, ақ амур, арал ақмарқа, шортан, шығыс тыраны, қаракөзі, қылыш-балығы, шемейі, күміс мөңке, жайын, жыланбас-балығы, көксерке, ақ және шұбар дөңмаңдай. Кәсіптік емес - гамбузия, кекіре, білеу балық, амур шабағы, үш-ерінді, элеотрис, жалған теңге - балығы, талма балық. Соның ішінде ҚР Қызыл Кітабына тіркелген үш түрі - арал, түркістан қаязы және арал албырты кездеседі.
Кәсіпшілікте 12 түр пайдаланылады: сазан, тыран, көксерке, плотва, чехонь, жерех, жайын, ақ амур, ақ және шұбар дөңмаңдай, күміс мөңке, жыланбас балығы, ақ дөңмаңдай, сазан, мөңке, көксерке балық түрлері. Аталып өткен балықтардың кәсіптік маңызды обьектілердің бірі болып табылады [6] .
1. 4. Сазан туысының сипаттамасы
Табиғи ареалдың кеңейтілген территориясында сазан бірнеше түршемен сипатталады, (сурет 2) . соның ішінде СССР бойынша - 3, Қазақстанда 2 түршемен сипатталады [7] .
Л. С. Берг [2] . Г. ВНикольский [3] . Ф. А. Турдаков [4] арал сазанын түршеге бөлудің қажеттілігі жоқ екендігін дұрыс көріп, СССР территориясында сазанның 2 түршесі: кәдімгі және қиыршығыс түршелері мекендейді деп санайды. Сазан пластикалық түр ретінде, көптеген популяциялық ерекшеліктер қалыптастыра алады, яғни бір популяциядан екіншісіне өтіп, ареалдың тек ең шеткі нүктелерінде ғана ерекшеленеді.
Түршелер арасындағы негізгі ерешелікке желбезек жапырақшаларының, омыртқаларының және бүйір сызығындағы қабыршақтар саны жатады.
Сазанның түрлері Жерорта, Қара, Каспий (С. carpio carpio) және Арал теңіздерінің (С. carpio aralensis) бассейндерінде; шығыста-Амур бассейнінде (С. carpio haematopterus) және ары қарай Оңтүстіктен Бирмаға дейін кездеседі. Қазіргі кезге дейін тоған шаруашылығының негізгі объектісі болып саналады, және оның мәдениетті формасы (тұқы) кеңірек таралған [8] .
2 Сурет Сазан балығының көрінісі
1. 5. Арал сазаны балығының систематикасы
Тип Chordata - хордалылар
Тип тармағы Vertebrata, seu Craniota - омыртқалылар немесе басқаңқалылар
Бөлім Agnata, seu Entobranniata - жақсыздар немесе энтабранхиаттар
Бөлімтармағы Gnathostomata - жақтылар
Классүсті Pices -балықтар
Класс Osteichthyes - сүйекті балықтар
Класс тармағы Actinopterygii - сәулеқанатты балықтар
Teleostei - нағыз сүйекті балықтар
Отрядүсті Cyprinimorpha - циприноидтар
Отряд Cyprinifopmes - тұқытәрізділер
Отряд тармағы Cyprinoidei - тұқытектестер
Тұқымдас Cyprinidae - тұқылар
Туыс Cyprinus linne - сазан
Түр Сyprinus carpio aralensis Spitshakow - арал сазаны [9]
1. 6. Таралуы
Қазақстан бойынша барлық суқоймаларда кездеседі десе болады, тек- Орал-Каспий мен Омбы бассейндерінде жоқ, себебі, ол жерлерде европалық сазандар түрі мекендейді. Бірақ арал сазанның табиғи ареалы Арал бассейнімен шектелеп қоймай, теңіздер мен Амудария, Зеравшан, Сырдария, Сарысу өзендер жүйесінде және Шудың дельталық көлдерінде (Қамшылы бас, Ақшатау, Телікөл және т. б. ), суқоймаларда (Шардара, Бөген және т. б. ) және де Ыстық көлде де кездеседі.
Басқа суқоймаларға арал сазаны жерсіндірілген, сонымен қатар, республика бойынша жерсіндіру шаралары үшін оның алғашқы формасы ретінде Шу өзенінің популяциясы алынды. Осылайша өткен ғасырдың соңына қарай, Шу өзенінің сазанын Балхаш басейініне, ал осы жүз жылдықтың басында Талас басейніне әкелініп жерсіндірілген. 30-шы жылдары Балхаштан Алакөлге, Зайсанға, Ертіске; ал 40-шы жылдары Нұра басейніне жіберілген. Кейін осы арал сазанын Тобыл, Ырғыз, Торғай суқоймаларына жерсіндірілді. Кейбір су қоймаларға Алматы тоған шаруашылығынан алынған тұқы балықтары да отырғызылған. Жерсіндірілген суқоймалардың барлығында да сазан табиғи сіңіп, кәсіптік балық түріне айналды [10]
1. 7. Биологиясы
Сазанның морфологиясына географиялық орны емес, экологиялық жағдайы көбірек көрінеді. Сазандарда суқойманың әр түрлі жағдайларына байланысты жай өсетін карликті формалар пайда болған. Ол денесінің формасымен сандық белгілерінің өзгеруі әсерінен, сазанның түсі де мекен ерту ортасына байланысты да әр түрлі болып келеді. Әр түрлі түстері кездеседі, Мысалы қара- қоңыр түстен басының үсті қарашалау, арқасы мен бүйірі ашық қоңыр және арқасы жасыл, қоңыр және ашық алтын түстес бүйірі болады: ал құрсағы үнемі сары немесе ақшыл сары, арқа қанаты қаралау, жұп қанаты қызғылт түстес болып келеді. Түгел қызыл түстес особьтары да кездеседі. Арал сазанының популяциясында кездесетін түрінің көптеген кемшіліктері кездеседі.
Арал теңізіндегі сазанда [11] . осындай кемшіліктерді, мысалы көзінің және аналь қанатының жоқтығы; қанаттарының ұзаруы байқалған.
1949-1950ж А. И. Горюнова кемшіліктерді (популяцияның 2%), соның ішінде омыртқалары қисайған балықтарды Ақкөл, Талас бассейнінде байқаған. Осындай кем-тарлықтың нәтижесінде бүкіл пластиклық белгілері өзгеріп, кем-тар балықтардың өсуінің тежелуі анықталды. Автордың ойы бойынша көлдегі газдың режимнің бұзылу әсерінен болған, популяцияның өзін-өзі жаңарту арқылы қалпына келуі тек 1954 ж. болды [12] .
Арал сазанының ең үлкен өлшемдері табиғи ареалдары бар су қоймаларда ғана ұзындығы 80 см, ал салмағы 16 кг кездеседі.
1. 8. Көбеюі
Арал сазаны жыныстық жасқа өмірінің 3-7 (2+, 6+) жасында 3-4 жастық массада жетіледі. Ареалдық оң жағында сол жағына қарағанда ертерек және аталықтары аналықтарына қарағанда 1жыл ерте жетіледі. Аталықтар 4 жаста 30 см, аналықтары 5 жаста 34 см-ге жетеді.
Гидрологиялық және қоректік жағдайы дұрыс болмағандықтан карлик жыныстық жасқа жеткендер бар. Олардың ұзындығы 15см және салмағы 70 кг. [13] Талас өзенінен және Іле өзенінен байқаған. Арал сазаны полициклды балықтарға жатады. Уылдырықты порциялап шашады [10] . (1940) . Арал теңізіндегі сазанның уылдырығының 2 типін бөледі; ірілері, диаметрі 1, 06 мм; ұсақтары 0, 62 мм.
Сазанның абсолютті индивидуальды өнімділігі өте кең ауқымды: Терс-Ащыбұлақ суқоймасында 12, 8 мың уылдырықтан, Бұқтырма суқоймасында 2534 мың уылдырыққа дейін ауытқиды. Ал жалпы Аралдың өзінде және Сырдария су қоймаларында өнімділігі жоғары болады. Ал керісінше, Талас, Шу, Сарысу өзендерінде аз болады. Сонымен қатар, балықтың дене көлеміне де байланысты, ұзындығы мен жасына байланысты өнімділігі өседі.
Шашуға дайын уылдырықтың түсі сары-жасыл, әр популяцияда- жасылдан қызғылт сарыға дейін ауысып тұрады.
Аталық пен аналықтың қатынасы айқын ауытқиды, бірақ кіші генерацияда аталықтар көп, ал ересектерінің -аналықтары көп болып келеді [13] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz