Синонимдік қатарлардың жасалуы және когнитивтік мәні (зат есімдердің негізінде)


Синонимдік қатарлардың жасалуы және когнитивтік мәні
(зат есімдердің негізінде)
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 4-6
1 Қазақ тіліндегі синонимдік қатардың жасалу жолдары
1. 1 Тіл біліміндегі синонимдердің зерттелуі мен жасалу жолдары . . . ……7-19
1. 2 Қазақ тіліндегі зат есімді синонимдік қатарлардың фонетика-семантикалық тәсіл арқылы жасалуы . . . 20
1. 3 Зат есімді синонимдердің семантикалық тәсіл арқылы жасалуы.
1. 4 Зат есімді синонимдердің синтетика-семантикалық тәсіл арқылы жасалуы.
1. 5 Қазақ тіліндегі зат есімді синонимдік қатарлардың аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы
2 Қазақ тіліндегі синонимдік қатарлардың когнитивтік қырлары.
2. 1 Зат есімді синонимдердің танымдық мәні.
2. 2 Зат есімді синонимдердің денотаттары.
2. 3 Зат есімді синонимдердің қолданыстық қызметі.
2. 4 Сөз варианттары мен синонимдердің арақатынасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Әлемдік тіл біліміндегі ғылыми бағыттар мен жаңалықтар қазіргі таңда қазақ тіл білімінің дамуына да өзіндік үлесін қосып, жаңа ғылыми бағдарлардың өмірге келуіне игі әсер етуде. Осындай бағыттардың қатарына коммуникативтік, когнитивтік, прагматикалық, дериватологиялық бағыттар және семантикалық, ономасиологиялық, гносеологиялық аспектілер жатады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Тіл білімінде атаулардың туындауына, олардың жасалуына әсер етуші экстралингвистикалық және лингвистикалық факторларды, номинативті туындыны ономасиологиялық, гносеологиялық, семантикалық аспектілер тұғысынан қарастыруды міндет етіп отыр.
Қазақ тіл біліміндегі синонимдердің зерттелуі Ә. Болғанбайұлының есімімен байланысты. Ғалымның бұл саладағы зерттеуінің ғылыми айналымға енгеніне де жарты ғасыр уақыт өтіпті. Содан бері синонимдер, әсіресе, зат есімді синонимдер зерттеу нысанына айналмаған. Қазіргі қазақ тіліндегі синонимдердің сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалуын, пайда болуындағы ұлттық дүниетанымның рөлін, когнитивтік мәнін, функционалды-семантикалық өрісін, қолданылуындағы стилистикалық сипатын қарастыру - теориялық тұрғыдан зерттеу нысанына айналып, тіл білімінің қажеттілігінен туындап отыр. Заттық ұғымды білдіретін синонимдік атаулардың когнитивтік қырлары тіл білімінде бірінші рет қарастырылуда. Сондықтан бұл зерттеу жұмысы бүгінгі күнде қазақ тіл ғылымы үшін маңызды, өзекті.
Зерттеудің нысаны. Қазақ тіліндегі зат есім синонимдердің жасалу жолдары мен когнитивтік қыры зерттеу жұмысының негізгі нысаны саналады.
Зерттеу пәні. Қазақ тіліндегі синонимдер және оның сөзжасамдық жолдары.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты - қазақ тілі жүйесіндегі синонимдер, олардың сөзжасамдық жолдарын, сондай-ақ когнитивтік қырлары мен танымдық сипатын зерттеу. Осыған байланысты зерттеу жұмысында төмендегідей міндеттер шешу көзделді:
- зат есімді синонимдік атаулардың сөзжасамдық сипаты мен мағынасына талдау жасау; зат есімді синонимдердің тілдік варианттармен ұқсастығын, айырмашылығын анықтау; зат есім синонимдердің когнитивтік қырын айқындау; зат есім синонимдердің денотаттарын, олардың синонимдік қатардағы орнын анықтау; зат есімді синонимдік атаулардың қызметтерін көрсету.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:
- зат есімді синонимдердің сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалуын зерделеуде номинация теориясының алар орны ерекше; қазақ тіліндегі синоним сөздер тілдегі варианттармен салыстырғанда туынды атау ретінде танылып, түрлі ұғымдық сипатқа ие болады; қазақ тіліндегі зат есім синоним сөздердің транспозиция жолымен жасалып, синонимдік қатарлар құрайтындығы анықталды; зат есімді синонимдік атаулардың денотаттары пішіндік, ұғымдық ұқсастығы бар заттар мен құбылыстар екені танылды;
Зерттеудің дереккөздері. Дереккөздер негізінде диссертациялық жұмысты жазу барысында 5000-нан аса тілдік бірліктерге талдау жасалды. Бұл тілдік бірліктер М. Қашқаридың “Диуани лұғат ат-түрк”, В. В. Радловтың “Опыт словаря тюркских наречии”, “Древнетюркский словарь”, Ә. Болғанбаевтың “Қазақ тіліндегі синонимдер сөздігі”, С. Бизақовтың “Синонимдер сөздігі” және І. Кеңесбаевтың “Фразеологиялық сөздігі”, “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінің” (10 томдық) негізінде талданды.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу барысында алынған тұжырымдар мен қорытындылар қазақ тіліндегі зат есім синоним сөздердің мағыналық мәндестігі, шендестігі, жақындығы - номинативтік белгілері атау теориясына қосатын үлесі мол болмақ. Зерттеу жұмысында синонимдер мен олардың танымдық қырларының, стильдік ерекшеліктерінің синонимдер жайлы қалыптасқан теорияға белгілі дәрежеде үлес қосады. Практикалық тұрғыдан зерттеу жұмысының ғылыми тұжырымдары мен нәтижелерін жоғары оқу орындарында филология факультетінің студенттеріне «Қазақ тілінің лексикологиясың, «Қазақ тілінің сөзжасамың, «Қазақ тілінің семантикасың пәндері бойынша оқылатын дәрістер мен жүргізілетін практикалық сабақтарда, арнайы курстарда көмекші құрал ретінде, сонымен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстарына пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысы бойынша ұсынылатын тұжырымдар:
- синонимдік қатарлар сөзжасамның фонетика-семантикалық, синтетика-семантикалық, аналитика-семантикалық және семантикалық тәсілдері арқылы жасалады; сөз варианттары - синонимдік қатарлардың жасалуының бір жолы; синонимдік қатарлардың жасалуына ұлттық танымның қосар үлесі мол; синонимдік қатарлардың жасалуында денотаттардың қызметі ерекше.
Зерттеудің әдісі. Зерттеу жұмысына қойылған міндеттерді шешу үшін когнитологиялық бағыт пен семасиологиялық, ономасиологиялық аспектілер негізге алынып, диахрондық, синхрондық тұрғыдан зерттеуде ретроспективті және баяндау, жүйелеу әдістері пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының жариялануы мен мақұлдануы.
Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдары мен жалпы мазмұны бойынша
Сондай-ақ жұмыстың негізгі тұжырымдары мен қорытындылары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қазақ филологиясы кафедрасында лингвистикалық семинарда баяндалды және кафедра мәжілісінде талқыланды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СИНОНИМДЕРДІҢ ЖӘНЕ СИНОНИМДІК ҚАТАРЛАРДЫҢ ЖАСАЛУЫ
1. 1 Синонимдердің зерттелуі және жасалу жолдары
Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер бастауы тереңде жатыр. Түркітанушылар зерттеуі - өз алдына үлкен іргелі еңбектер. Ал лексикология саласының зерттелуі түркітану ілімінде де, жалпы тіл білімінде де кеш қолға алынған. Қазақ тілінің лексикологиясының ғылыми түрде зерттелуі Кеңес дәуірінен, ғылымның бір жолға қойылуынан басталды. А. Байтұрсынов алғашқы тіл білімінің мәселелерін оқу құралдарын, оқулықтар жасау, жазу жүйесін ретке келтіру, терминдерді қалыптастыру мақсатындағы алғашқы шараларды іске асырды. Қазақ тілінің лесикологиясының құрамында қарастырылатын термин сөздерді ретке келтіру қазақ тілі ғылымының бір жүйеге түсіріп алудың негізгі көзі болды. ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ тілінің жалпы мәселелері туралы ғалым І. Кеңесбаев мынадай пікір айтады: “Қазақ тіл білімі дамуының болашағын дайындаған, сонымен бірге ана тіліндегі ағарту ісін шын мәнінде дүниеге әкелген жылдар. Олай болатыны - халықтың сауатсыздығын жою, ұлттық терминологияны жасау, оқулықтар шығару, мемлекеттік істі ана тілінде жүргізу сияқты шараларды жүзеге асырудағы алғашқы адым осы жылдардан басталды” [1, 49 б. ] . Одан кейін қазақ тіл білімінің дамуында орын алатын ғалым Қ. Жұбановтың қазақ терминологиясына қосқан өзіндік үлесі бар. Ғалым түрлі ғылым салаларына тән термин сөздерге, әсіресе, кірме сөздерге қосымшаның қалай жалғануы керек жайлы пікірлері құнды саналады [2] . Ал 1940 жылдары қазақ тіл білімінің теориялық мәселелеріне көбірек көңіл бөлінді. Бұл жылдары қазақ тілінің фонетика және грамматика саласында теориялық мәселелер көтерілді. Бұл жылдары тіл білімінің синтаксис саласы бойынша С. Аманжоловтың, Н. Сауранбаевтың, С. Жиенбаев, М. Балақаевтың еңбетері жарық көрсе, морфология саласының жекелеген сөз таптары бойынша А. Ысқақовтың, Ы. Мамановтың, Ғ. Мұсабаевтың еңбектерін атап өтуге болады.
Ғылыми пән ретінде оқытылмай, бұрын зерттелмей келе жатқан тіл білімінің саласы лексикология еді. Тіл білімінің бұл саласы 40 жылдардың екінші жартысы мен 50 жылдарға тура келді. Бұл жылдары қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясы зерттеу нысанына айналды. С. Малов пен Н. Сауранбаевтың қазақ (түркі) тілінің тарихы туралы зерттеулер жазса, диалектология саласында С. Аманжолов, Ж. Досқараев сынды ғалымдар жергілікті тіл ерекшеліктерін, лексикалық ерекшеліктерді, олардың әдеби тілде қолданылатын сөздермен синонимдік қатар құрайтынын сөз етеді. Сонымен бірге 1950 жылдары синонимге, олардың мағыналық ерекшеліктеріне қатысты біраз ой-пікірлердің Н. Сауранбаев, І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев сынды алғашқы тіл зерттеушілерінің еңбектерінде синонимдер жайлы үстірт қарастырылғаны Ә. Болғанбаевтың зерттеуінде айтылып өтеді [3] .
Қазақ тіл білімінде синоним сөздер, олардың мағыналары, синонимдік қатардың тізбегі, синонимдердің жасалуы жайлы жүйелі зерттеуге айналуы, ғылыми айналымға енуі Ә. Болғанбаевтың есімімен тығыз байланысты. Ғалым зат есімді синонимдерді зерделей келе, олардың қасиеті мен заңдылығын, мән-мағынасын, түрлерін түгел қамтып көрсетіп бере алмайды деп санайды. Себебі әр сөз табының өзіне тән ерекшелігі, грамматикалық заңдылығы, өзгеру жүйесі бар екендігін сөз ете келіп: “Қазақ тіліндегі синонимдерге қатысты барлық мәселені түбегейлі зерттеп, егжей-тегжейіне дейін тәптіштеп түгел шешіп беру мәселесін” 1970 жылы жарық көрген “Қазақ тіліндегі синонимдер” еңбегінде негізгі мақсат ретінде алғанмен, басты шешім болмайды деп есептейді [3, 5 б] . 1962 жылы тұңғыш рет жарық көрген “Қазақ тіліндегі синонимдер сөздігі” 4500-ге жуық жеке сөз, яғни 1400-ден астам синонимдік қатарды қамтыған. Ал соңғы 2007 жылғы С. Бизақовтың авторлығымен жарық көрген “Синонимдер сөздігінде” 3800-дей синонимдік қатар еніпті. Бұл жарты ғасыр ішіндегі синоним сөздердің сөздік құрамымызды толықтырғанын, сондай-ақ қазақ лексикологиясының дамығандығын көрсетеді.
Жалпы ғалымдардың еңбектерін қарасақ, олардың барлығы да синонимдерге анықтама беруден бастаған. Мысалы, Ә. Болғанбаев өз еңбегінде Н. Т. Сауранбаев, І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, К. Аханов сынды ғалымдардың синонимге берген анықтамаларын саралай келе, тілдегі синонимдерге тән белгілерді санамалап көрсетеді. Жалпы тіл білімінде танылып жүрген 1) сөздің сырт формасында аз да болса, өзгешелігі болуы шарт; 2) сөздер бір ғана ұғымды білдіруі шарт; 3) синоним болып жұмсалатын сөздер бір сөз табына қатысты болуы шарт деген үш түрлі шартқа қосымша мынадай белгілердің болуын дұрыс деп санайды: 1) бір сөз табынан болған синонимдердің бірыңғай грамматикалық тұлғада келуі, 2) бір синонимдік қатарға енген сөздер сөйлем ішінде алмасып келгенмен бір қызметті атқарып, бір сөйлем мүшесі ретінде танылуы керек [3, 15 б] . Негізгі зерттеу нысаны синонимдер болғандықтан ғалым мұндай белгілерді тап басып тани алған.
Көне түркі және орта түркі жазба ескерткіштерінің тілі туралы түркітанушылар мен қазақ ғалымдарының зерттеулері негізінде біріккен авторлар Ғ. Айдаров, Ә. Құрышжанов, М. Томановтың “Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі” (1971) [4], К. Мұсаевтың “Лексикология тюркских языков” (1984) [5], “Қазақ тілі тарихи лексикологиясы” [6] еңбектерінде синонимдер жайлы, олардың көне түркі жазба ескерткіштерінде кездесетіні туралы, сонымен бірге орта дәуірдегі, ұлт болып қалыптасқанға дейінгі және кейінгі кезеңдердегі шығармалардағы синонимдердің қолданылуы жайлы молынан жазды. Дегенмен, синонимдердің берілу сипаты тек құрылымдық тұрғыдан ғана көрсетілді. Олар танымдық, болмыстық тұрғыдан зерттелмеді.
Бабаш Әбілқасымов “Әбілғазы ханның “Түркі шежіресі” және оның тілі” атты еңбегінде шежіреде бірқатар бірінің орнына бірі жұмсалатын сөздерді мысалға келтіреді: жазу - біті (бітіг тастар - жазу жазылған тастар деген көне түркі тілінде кездесетін тіркестермен салыстырып көруге болады), халық - бұдұн, ау - ав, аб (аң аулау мағынасындағы сөз), сүйек - омақ (қойдың үмесі деген тіркеспен салыстырып көруге болады) және т. б. бірінің орнына бірі жұмсалатын сөздер кездеседі. Бұл еңбекте көне түркі тілінде басқа мағына, қазіргі қазақ тілінде өзге мағынада жұмсалатын сөздердің де кездесетіні айтылады. Мысалы, “Шежіреде” кездесетін арқа сөзі ұрпақ, үрім-бұтақ мағынасында жұмсалады: “ Бізнің ұлұғ атамыз һалаку хан Мұғұлстандын келкенден бері екі үч арқа өтді”, “Тоқыз арқа болғұнча шондағ болғай” [7, 63 б. ] . Сондай-ақ тілімізде ұрпақ сөзіне берілген анықтамаларда артындағы ұрпағы, арқасында (артында) қалған тұяқ, соңын жалғастырар ұрпақ деген секілді тіркестермен түсіндірілетіні белгілі.
“Шежіреде” қарындас және сіңлі сөздері бір-біріне синоним ретінде жұмсалғандығын зерттеуші атап көрсетеді. Оны мынадай мысалдармен дәйектейді: “Хамар текен Хорезм шаһының анасы Тұрқан хатұнның қарындашы ерді аны Үркенічде хәкім қылыб ерді. Екісінің бір-біріне һеч қарындашлықы болмас ерді” Бұл мысалдан көретініміз, қазіргі әдеби тілімізде тек ер адам тарапынан айтылатын қарындас сөзі ескерткіште ағайын, тума деген кең мағынада қолданылады. Сол секілді сіңлі сөзінің ол кездегі мағынасы қарындас сөзі секілді жақын туған кіші бауыры деген мағынада жұмсалғандығы да осы зерттеуде айтылады. Мысалы, “Әбулхайыр ханның хатұны Ғабдол латиф мырзаның сіңлісі еркен дүр” . Бұл сөз әйел адамдардың бір-біріне қатынасын білдіріп қана қоймай, бір туған адамдардың жасы кішісін де білдірген. Ғасырлар қойнауында қарындас, сіңлі сөздерінің жынысына қарамай бірге туған бауыр мағынасында жұмсалса, қазіргі қазақ тілінде де екі лексема бір-бірінен ажырамай бір синонимдік қатар құрағаны байқалады. Синонимдер сөздігіндегі сөздік мақалада: Қарындас, сіңлі. Бір анадан туылған бауырлардың жасы кіші қызы. Оның Жібек дейтін қарындасы Ташкенттің политехникалық институтында оқиды (Ғ. Сланов) . Ертеңіне Баян Қозының келгенін шешесіне, сіңлісіне айтып, олар келіп, оңашада Қозымен көрісіп амандасты (С, Сейфуллин) . сипатында беріліп, мұнда тек әйел адамдарға қатысты мағынасы қалғандығы көрінеді [8, 339 б. ] . Ортақ түркі тілінде бұл сөздердің мағынасы кең түрде жұмсалған. В. В. Радлов бұл сөздің карандаш = карындаш деген варианттарының қатар жұмсалғанын көрсетеді. Ондағы мағынасы туысқандар, бір туғандар түрінде беріледі. Ары қарай тарата берсе, мағыналарының көпқырлылығы байқалады: ер қарындасы - брат мужа; карындас катын - жена брата; кат карындасы - шурин, брат жены; кыс карындас - сестра; ұл карындас - брат деген мағыналарының танымдық қыры тіптен ерекше [9, 157-172 бб. ] . Қарындас деген сындық мағыналы сөз заттық ұғымға ауысып, семантикалық тәсіл арқылы транспозицияланып тұр. Атрибутивті мағынаның субстантивтенуі тілімізде өте көп. Бір қарында жатқан, бір ананың құрсағында жаратылған деген сындық мағына синтетикалық тәсіл арқылы алғашқы сындық мағынаны тудырып, сөз мағынасын дамытып, жаңа атау тудырып тұр. Ал қазіргі қазақ тілі тұрғысынан қарындас, сіңлі сөздерінің мағыналар тарылған деп есептейміз. Мағынаның тарылуы да мағыналық даму деп аталады. Демек, жылдар жылжыған сайын сөз мағынасының өзгеруі тілдің дамуының айқын көрінісі. Қанша уақыт өтсе де, қарындас, сіңлі сөздерінің когнитивтілігі өз мәнін жойған жоқ. Мағыналық өзгеруге түскенімен, уәжділік сипаттарының бір қыры, яғни антропоцентристік танымның бір ізі, табы қалғандығы көрініп тұр.
Ғалым Б. Әбілқасымов Әбілғазы ханның “Түркі шежіресі” еңбегіндегі фразеологизмдердің синонимдік, антонимдік және көпмағыналы түрлерін ажыратады. Қол қойды // ат салды; аман беру // ел болу // аузы бір болу; қабыл қылу // аузына бағу // сөзін жыға білмеу; аузы ала болу // дұшмандық оты жану // жау болу; қайран болу // таң қалу сияқты синонимдік фразеологизмдердің мағыналық ерекшеліктерін, құрылымдық сипаттарын, ұғымдық жақындықтарын қарастырады [7, 88 б. ] . Кез келген жырдағы синонимдер жайлы жазылған ақпараттарда тек синонимдердің тізімі беріледі де, олардың ұғымдық табиғаты жайлы сөз болмайды. Ол еңбектердегі синонимдер жайлы мәліметте сипаттамалылық басымдық танытады. Синонимдердің жасалуының когнитивтік мәніне назар аударылмайды. Синонимдердің жасалуы мен олардың когнитивтік мәніне соңғы жыдары назар аударыла бастады десек те, біздің зерттеу нысанымызға айналып отырған тақырыбымызға қатысты мәліметтерді сирек кездестіреміз. Бұл біздің зерттеу нысанына айналып отырған мәселеміздің жаңа қырын айқындайды. Ғылыми еңбектерден байқағанымыздай соңғы жылдары синонимдерге, олардың жасалуына, синонимдік қатарларға қатысты материалдардың аздығынан, дәлірек айтсақ, когнитивті мәніне қатысты ғалымдар пікірлерінің аздығы да зерттеуіміздің өз шешімін табуына әсерін тигізіп отыр. Тақырыптың өзектілігі тұрғысынан алғанда бұл, әрине, дау туғызбайды. Десек те, зерттеу жұмысымызға ғалымдар пікірінің қосар үлесі де мол болған болар еді. Қазіргі шетел, әсіресе, орыс лингвистикасында синонимдерді зерттеуге байланысты жаңа ой-пікірлердің туындағанын байқаймыз. Тіпті орыс лингвистикасында грамматикалық көрсеткіштердің синонимдік жағдаятына дейін ғылыми зерттеулердің арналғанына көзіміз жетті. Бұл қазақ тіл білімінің қайта жаңару, өрлеу дәуірін басынан кешіп жатқандай әсер қалдырады. Шындығына келсек, қазақ тіл білімінде синонимдерді Ә. Болғанбаевтан кейін арнайы зерттеу нысанына алмағаны, тек жарты ғасырға жуық уақыттан кейін ғана ғылыми еңбектің арналып отырғаны қайта өрлеу дәуірінің кейбір принциптерін еске түсіреді. Тек “Ана тілі” газетінің жекелеген нөмірлеріне жарияланып жүрген қазақ тілінің байлығын танытатын синоним сөздердің ұғымдық аясының кеңдігін көрсететін сөздерді Б. С. Қошым-Ноғай жазып, қалың оқырман қауымға, сондай-ақ лингвистерге көп ой салуда. .
“Синонимдес сөздер өзара мәндес сөздер болғанмен, олардың мағыналық жақтан қалай да бір айырмашылығы болады… Екіншіден синонимдес сөздердің бір-бірінен өзара айырмашылығы қолданылу ыңғайына қатысты стильдік айырмашылық түрінде ғана болуы мүмкін. Синонимдес сөздердің мұндай жақтары стильде түрлендіре ажыратылып, айқындалады”, - дейтін К. Ахановтың пікірі ғылым үшін құнды. [10, 125 б. ] .
Қазақ тіл білімінде синонимдерді алғаш терең зерттеген, тамаша еңбек жазған ғалым Ә. Болғанбаев. Ғалымның 1957 жылы жарық көрген “Қазақ тіліндегі зат есімдік синонимдер” атты зерттеу еңбегінен бастап, “Қазақ тіліндегі синонимдер”, “Қазақ тілінің синонимдер сөздігі” атты еңбектері жарық көрген. Ә. Болғанбаев синонимге алғаш толық анықтама берген, жүйелі зерттеген ғалымдардың бірі болды. Ол синонимдік қатарға енген сөздердің мағыналарын, олардың қолданылу дәрежесіне байланысты былай бөледі:
- Синонимдік қатарға енген сөздер мағына жағынан бір-бірінен сәл жоғары және төмен дәрежеде болуы мүмкін. Синонимдер градация жолымен (бірден-бірге басқыштап) өзгеріп отырады:аязсөзіне мағыналық салмағы күштірек; атқыш - мерген, апат - қырғын, белсену - құлшыну.
2) Синонимдердің біреуінің мағынасы екіншісінен кеңірек болады: ұрыс - соғыс, мұғалім - ұстаз, жабу - кілттеу.
- Синонимдер бір-бірінің мағыналарының аз-көбіне қарай ажыратылуы мүмкін:ат- көп мағыналы, ныспы- бір мағыналы.
- Бір синонимдік қатарда жатқан мағыналас сөздердің біреуі деректі, екіншісі дерексіз болып келеді:маңдай - пешене, жүрек - көңілт. б.
- Синонимдік ұқатар құрайтын жұптардың біреуі тура мағынада қолданылса, екіншісі ауыспалы мағынада қолданылады:көмей - көмекей. Көмей сөзі ауыспалы мағында жұмсалады, ал көмекей сөзі тек адамға қатысты тура мағынада жұмсалады.
- Жаңа атау жасауға қабітті, қабілетсіздігіне қарай өзгешеленеді:сапар - жол, сүрлеу - жол. Сапар, сүрлеу сөздерінің көп жаңа атау туғызу мүмкіндіктері шектеулі болса, жол сөзінің сөз тудыру мүмкіндігі мол [3, 106 б. ] . Тіліміздегі жалпы синонимдердің тұлғалық, мағыналық, функционалдық қызметтеріне орай бөлінген белгілері осындай. Ғалымның қолтаңбасы ізімен қазіргі қазақ тілі оқулықтарындағы лексикология бөлімдерінде синоним сөздердің ғылым анықтаған басты-басты мағыналық айырмашылықтарын Б. Сағындықұлы таразылап көрсетеді:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz