Нарықтық экономикадағы инфляция жайлы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . . 5
1. 1 Инфляцияның пайда болу түрлері және оны әлемдік экономикада айқындау әдістері . . . … . . . ………. 5
1. 2 Инфляцияны реттеудегі ақша-несие және фискальді саясаттың
халықаралық тәжірибесі… . . . . . . …… . . . …14
2 ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ИНФЛЯЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРГЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ . . . ……… . . . ……… . . . 25
2. 1 Қазақстанда инфляцияға қарсы саясаттың жүргізілуінің қалыптасуы… . . . 25
2. 2 Шетел капиталының ағыны жағдайындағы инфляцияны реттеу шараларының экономикалық талдауы . . . ………35
3 ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ
БАҒЫТТАРЫ . . . 46
3. 1 Инфляцияға қарсы саясатты дамытудың кейбір өзекті мәселелері……… . . . 46
3. 2 Инфляцияны реттеуде мемлекеттердің орталық банктерінің рөлін
жетілдіру бағыттары…… . . . . . 59
ҚОРЫТЫНДЫ . . . ……… . . . ……. … . . . 77
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . ……… . . . 80
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық экономиканы құрудың бүкіл кезеңінде инфляция тұрақтандыру үдерісіне анықтаушы ықпал ететін шешуші факторлардың бірі болып қала береді. Дамушы нарығы бар экономикаларда инфляцияның өзіндік ішкі ерекшелігі бар.
Экономикасы өтпелі елдерде өтпелі кезеңнің тез өзгеретін жағдайларымен, ерекшеліктерімен және қарама-қайшылықтарымен шарттасылған инфляцияның ерекше түрі туралы сөз қозғау керек.
Бұл елдердегі инфляцияның негізінде бірнеше өзара байланысты себептер бар. Ұсыныс жиынтығының көлемінен қысқа мерзімді сұраныстың асып кетуі байқалған жағдайда, ол сұраныс жағынан пайда болуы мүмкін (сұраныстың инфляциялануы) . Ол өндіріс факторларының кенеттен қымбаттауы салдарынан жиынтық ұсыныс қысқарған кезде, өнімді шығару шығындарының инфляциясынан пайда болуы мүмкін.
Инфляция қарқыны жұмыссыздық деңгейіне тәуелді болады. Инфляция қарқынының өсуі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді және керісінше.
Жұмыссыздықтың жоғары деңгейінің (стагнация) және бағалардың жалпы деңгейінің жоғары өсімділігінің бір сәттегі үйлесімі инфляцияға тән болады.
Ақшалай салымдардың есебінен жұмыссыздықтың қысқаруын ынталандыратын мемлекет саясаты инфляцияның деңгейін күткен деңгейден де жоғарыға көтереді.
Берілген мәселелерді зерттеудің дер кезінде орындалуы және өзектілігі, қазіргі жағдайда әлемдік экономикада әсерлі өзгерістер болып жатқанына байланысты. Әлемдік экономика тек ұлттық экономиканың жиынтығы ғана болып қоймай, сонымен бірге өзара себептелген, өзара байланысты жүйеге - жаһандық әлемдік шаруашылыққа айналып бара жатыр. Жаһандану халықаралық сауданың ырықтандыруында, кәсіпкерлік капиталдың ұтқырлығында, ұлттық нарықтардың ашықтығында көрініс алды. Осының бәрі әр түрлі ұлттық экономикаларда инфляциялану жағдайларының қалыптасуына әсер етпей қоймады.
РЕФЕРАТ
Инфляцияның кең таралуы және тұрақтылығы оны қазіргі заманғы нарықтық шаруашылықтың табиғи және қажетті бөлігі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді, оған қатысты «күрес» емес, «реттеу» терминін қолданған орынды. Реттеудегі басты мәселе - инфляцияны белгілі шекте ұстап тұру, яғни осы шектеулердегі инфляция экономикалық дамуға, жұмысбастылыққа және төлем балансының тепе-теңдігіне зиян келтірмейтін болады.
Осы орайда инфляцияны қазіргі заманғы өндірістің даму факторы ретінде немесе осы дамудың міндетті төлемі ретінде түсіндіруге болады. Бірақ оны «бақылаусыз қалдыруға» болмайды, оның реттелуі үздіксіз және тиімді болуы тиіс.
Соңғы жылдары ТМД елдерінің инфляцияға қарсы саясатта қол жеткізген елеулі жетістіктеріне қарамастан, инфляцияның жаңа айналымының қаупі бұрынғыдай сақталып келеді. Бағалардың үйлеспеуіне және өндірістік қуаттарды қолданудың төмен тиімділігіне байланысты инфляцияның әлеуеті де едәуір болып отыр. Осының барлығы осы елдердегі, соның ішінде Қазақстандағы инфляция мен қаржылық тұрақтылық мәселелерін маңызды етеді.
Аталған мәселелердің өзектілігі қазіргі жағдайда инфляцияның мәнін, түпкілікті себептерін және даму тетіктерін анықтау қажеттілігімен, Қазақстандағы инфляция үдерісінің табиғатымен және ерекшеліктерімен, инфляцияны реттеудің қаржылық құралдарын жетілдірумен және шетел тәжірибесін қолдану негізінде мемлекетте инфляцияға қарсы саясаттың негізгі бағыттарын көрсетумен анықталады.
Осының барлығы дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауға негіз болды және динамикалық үдеріс ретінде инфляциялану феноменін зерттеу, инфляцияны реттеу құралдарын қалыптастыру және тиімді деңгейде оны ұстап тұру бойынша сәйкес ұсыныстарды зерттеп дайындау қажеттілігін анықтады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты әлемдік тәжірибе негізінде экономикасы өтпелі кезеңде мемлекеттерде инфляцияның теориялық-әдістемелік ерекшеліктерін дәлелдеу және жаһандану жағдайында Қазақстан экономикасының қаржылық тұрақтылығына себеп болып, оны реттеудің құрама шараларын дайындау.
Зерттеу мақсатынан туындайтын міндеттер:
- Филлипс қисығының негізінде инфляция теориясының негізгі күйлерінің эволюциясын зерттеу;
- өндірістің көлемі және инфляция қарқыны арасындағы, номиналды еңбекақының өсу қарқыны мен күтілген инфляция арасындағы өзара байланысты сипаттау; инфляцияның экономикадағы қаржылық тұрақтылыққа әсерін айқындау; инфляцияны қаржылық тұрақтандыру және қаржылық реттеу бойынша шетел тәжірибесінің негізінде осы тәжірибені Қазақстан экономикасында қолдану мүмкіндігін дәлелдеу; экономикасы өтпелі мемлекеттерде инфляцияның өзіне тән ерекшеліктерін анықтау және экономиканы инфляцияға қарсы реттеу бойынша ұсыныстар жасау; ұлттық валютаны нығайтуда ақша-несие саясаты және инфляцияның одан әрі өсуін қатал қадағалаудың әсерін анықтау.
Диплом кең көлемде мазмұндалған, ол кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Инфляцияның пайда болу түрлері және оны әлемдік экономикада айқындау әдістері
Бұрынғы өндірісті ұйымдастыру түрлерімен салыстырғанда, нарықтық экономиканың артықшылығы - жедел экономикалық өсімді қамтамасыз ету. Алайда нарықтық экономика бұрын болмаған ауыртпалықтарға да тәуелді болып отыр. Зерттеу жұмысы ең алдымен инфляция және жұмыссыздық жайын зерттеуден басталады.
Инфляция дегеніміз тауарлар мен қызметтерге қатысты ақшаның құнсыздануы және бағалардың өсуі. Дегенмен, бағаның өсуі өз бетінше инфляциялық көрініс болып есептелмейді. Осылайша, экономиканың өркендеуі, әдеттегідей, бағаның өсуімен қатар жүреді, бірақ та ақшаның салыстырмалы құнсыздануы болмауы мүмкін, өйткені өндірісті кеңейту олардың қосымша көлемін қажет етеді.
Инфляция бағалардың өсуінен көрінетіндіктен, егер өткен жылдардағы бағалар индексі мәлім болса, онда инфляция қарқыны ағымдағы және базалық кезеңдегі индекстер айырмасының базалық кезең индексіне қатынасы ретінде анықталады, ол пайызбен өрнектеледі:
(1)
мұндағы π - инфляция қарқыны;
Р - ағымдағы кезең бағаларының көрсеткіші;
Р 0 - базалық кезең бағаларының көрсеткіші.
Инфляция қарқынының кіші мәндері үшін «70 санының ережесін» қолдануға болады. Инфляцияның кіші-гірім қарқыны кезінде (жылына 5%-дан аз), егер 70-ті бағалардың жыл сайынғы өсу қарқынына бөлсе, онда анықталған жыл ішінде инфляция қарқыны екі есеге ұлғаяды:
, (2)
мұндағы φ - шамамен алынған жылдар саны, осы уақыт ішінде инфляция қарқыны екі есеге ұлғаяды;
π - ТБИ-дің жыл сайынғы өсу қарқыны, %.
Мынаны атап өту керек, яғни «70 санының ережесі» жиі түрде шынайы жалпы ішкі өнімнің немесе жеке жинақтардың екі есе өсу уақытын анықтау үшін қолданылады [1-3] .
Сандық тұрғыдан алғанда, инфляция төмендегі түрлерге бөлінеді: баяу - шамамен жылына 5-10%-ға дейін, шоқырақтаушы - 20-50%-ға дейін және гиперинфляциялық - жылдық көрсеткіші 100%-дан астам. Кейбір жағдайда, гиперинфляция ретінде инфляцияның 20-30%-дық деңгейі алынады, бірақ та ол айлық өлшемде қарастырылады. Бағаның жылдық өсімі бұл жағдайда он есе артуы мүмкін [4] .
Әлемдік тәжірибеде инфляцияның гиперинфляцияға айналуы жиі кездескен.
Бірінші дүниежүзілік соғыс барысында және одан кейінгі жылдары Германияда болған бағаның өсуін гиперинфляцияның айқын мысалы ретінде қарастыруға болады. Осылай, 1923 жылдың соңына қарай ақша массасы қажетті көлеммен салыстырғанда триллион есеге өсті, осы кезде еңбекақы күн сайын беріле бастады, яғни адамдар оны бағаның келесі өсуіне дейін жұмсап бітірулері тиіс еді.
Шамамен, дәл осы уақытта осыған ұқсас үдерістер Ресейде де болып жатты. Гиперинфляция аздап баяу жүргеніне қарамастан (рубль шамамен 50 миллион есеге құнсызданды), халықтың жапа шегуі (аштық, жылудың болмауы) өте шиеленіскен сипатта болды.
Бағаның жалпы өсуімен сипатталатын ашық инфляцияны атап көрсетуге болады. Бұл кезде жекелеген тауарларға баға төмендеуі мүмкін. Ашық инфляция нарықтық экономикасы бар мемлекеттерге тән болып келеді, бұл жағдайда бағалар сұраныс және ұсыныс әсерінен қалыптасады.
Өкімет баға деңгейін реттеп, олардың еркін өзгеруіне кедергі жасаған жағдайларда, ақшаның құнсыздануы тауарлар тапшылығынан, тауарларды төмен мемлекеттік бағалармен сатып алу кезектерінен, «ақша шатыры» көрінісінен (monetary overhand) байқалады. Ақша шатыры әрқашанда тауарлар нарығының және ақша нарығының теңгерілмегендігінің нәтижесі ретінде қарастрылады. Халықтағы ақша саны мәжбүрлі қор жинау нәтижесінде көп болып саналады, бірақ та ол ақшаға қажетті мөлшердегі және қажетті сападағы тауарларды сатып алуға болмайды, бұл жағдай өз нәтижесінде нарыққа ашық инфляция қысымы түрінде қауіп төндіреді. Алғаш рет ақша шатыры Кеңестік Одақта 1929-1930 жж. көрініс алды. Ақша эмиссиясы бір жарым жылда бүкіл алғашқы бесжылдыққа жоспарланған мөлшерден де жоғарылап кетті және ақшаның көп бөлігі шаруалардың қолында болды.
Жасырын инфляция өкімет шығындарының өсуі кезінде мемлекеттік бюджет тапшылығы жағдайларына тән болып келеді.
Инфляция деңгейін өлшеу үшін статистиктер ЖІӨ (жалпы ішкі өнімі) дефляторы көрсеткішін қолдануды ұсынады. Бұл Пааше бағалар индексі:
(3)
мұндағы
- Пааше бағалар индексі;
- ағымдағы кезең бағаларында берілген ЖІӨ-нің ағымдағы көлемі;
- базистік кезең бағаларында берілген ЖІӨ-нің ағымдағы көлемі.
Инфляцияны өлшеудің басқа әдісі - Ласпейрес бағалар индексі. Ол бағаларды өлшеу үшін «таразы» ретінде ЖІӨ базалық көлемін қолданады.
Берілген әдіспен тұтынушы бағаларын, көтерме бағаларын және т. б. өлшеу үшін кеңінен қолданады. Ласпейрес көрсеткішінің формуласы:
(4)
мұндағы
- Ласпейрес бағаларының көрсеткіші;
- ағымдағы кезең бағаларында ЖІӨ базалық көлемі;
- негіз боларлық кезең бағаларында ЖІӨ-нің базалық көлемі.
Тәжірибе көрсеткендей, Ласпейрес бойынша өлшенген бағалар көрсеткіші бағалар өскен жағдайда жоғарылатылған мәнді береді. Ол Пааше бойынша өлшенсе инфляция деңгейін төмендетеді.
Біздің ойымызша, осындай жағдайларда орташа мәндерді пайдалану қажет. Олардың бірі ретінде Фишер индексі қарастырылады, ол орташа геометриялық көрсеткіш ретінде есептеледі:
(5)
мұндағы
- Фишер индексі.
Инфляция әрқашанда байлықты белгілі дәрежеде қайта бөлу деген мағынаны береді. Біріншіден, тауар массасымен қамтамасыз етілмеген қосымша шығарылған қағаз банкноттарға өкімет тарапынан белгілі бір қызметтер мен игіліктердің сатып алынуы (мысалы, соғыс кезінде қару-жарақ сатып алу, полиция қызметкерлерінің, шенеуніктердің қызметі) . Дәл осы себепке байланысты, инфляция әрқашан инфляциялық салықпен қатар жүреді.
Инфляциялық салықпен байланысқан жағдай өсіп кеткен ақша массасының көлемімен байланысқан, ол тауар массасының бұрынғы көлеміне бөлістіріледі. Бұл жағдай бүкіл жалпы ішкі өнімге деген тауар бойынша (өндіру немесе тұтыну көлеміне байланысты) салықты белгілеуге бара-бар.
Сонымен бірге салықты белгілеу үшін, ереже бойынша, заң шығарушы жиналыс атынан өкілдердің рұқсаты қажет. Қосымша ақша көлемін шығару кезінде бұл сұрақтар талқыланбайды.
«Инфляциялық салықтан» алынған шығындардың мөлшері төмендегі формуламен есептеледі:
(6)
мұндағы λ - пайыз түріндегі «инфляциялық салық»;
π - бірлік үлесінде өлшенген инфляция қарқыны (базалық бағалар деңгейі бірге тең деп қабылданады) .
Екіншіден, инфляция халықтың түрлі санаттарында әр түрлі деңгейде көрсетіледі. Қазіргі уақытта сатып алуларды жүргізген адамдар ұтылады. Ал кімде-кім несиеге сатып алып, енді «арықтаған» ақшалармен төлеп жатса, олар инфляция нәтижесінде ұтады.
Үшіншіден, инфляция ақша шығару орталығына қатысты әр түрлі жағдайы бар адамдарға да түрлі деңгейде ықпал етеді. Ақшаны ертерек алатын адамдар ұтымды жағдайда болады. Олардың ақшалары ең аз шығын мөлшеріне «арықтап» үлгереді.
Ақырында, инфляция алыпсатарларды, епті алаяқтарды және инфляция ауыртпалықтарын басқаларға жүктейтін кәсіпкерлерді байытады.
Егер айналымдағы ақша санының өсу қарқыны төмен болған жағдайда, инфляция аздап кешіксе, халық құнсызданып қалған ақшаға да сеніммен қарауды жалғастырса, онда инфляциялық салық саясатын жалғастыру нәтижесінде халық инфляцияның өзіне үйреніп, инфляция күтулері маңызды рөлді атқара бастайды.
Ақшаның сандық теориясы айналымға қажетті ақша саны баға деңгейіне және нарықта айналатын тауарлар мен қызметтер көлеміне тікелей пропорционалды тәуелділікте екенін және ақша бірлігінің айналымдық жылдамдығына кері тәуелділікте екенін көрсетеді:
M · V=P · Y , (7)
мұндағы M - экономикадағы ақша көлемі;
P - бағалардың орташа деңгейі;
V - ақша бірлігінің айналым жылдамдығы;
Y - нарықта айналатын тауарлар мен қызметтер массасы.
Параметрлердің біршама өзгерісі жағдайында шамамен алынған формуланы қолдануға болады, онда өсім қарқындарының пайызбен өрнектелген сол және оң жақтағы көрсеткіштері қосылады:
(8)
Инфляция бағалардың өсуінен көрініс табады және пайыздық нысандағы осы өсімді көрсетеді, онда бұл формула инфляцияға әсер ететін негізгі факторларды да айқындайды.
Бұл біріншіден, тауар массасының көлемі. Дәл соғыс кезеңдерінде өндірістің азаматтық салалардан басқа жаққа көңіл аударуы көрініс алды және инфляция - соғыстар мен революциялардың тұрақты серігі.
Екіншіден, экономикада ақша көлемінің өсуі. Орталық банктің негізгі мақсаттарының бірі - айналымда ақша көлемінің артық болуына жол бермеу. Қосымша ақша эмиссиясы үнемі революцияларды және экономиканы қайта реформалауды ілестіріп жүреді, өйткені бұл кезде өндіріс - «арзан қолды» мәселе, ең бастысы - қайта өзгеріс жасау (жерді қайта үлестіру, жекеменшіктердің басқа қолға ауысуы және т. б. ) . Бірақ та «судың да сұрауы бар», сондықтан өзгерістер үшін де жауап беру керек. Революциялар, соғыстар және қайта құрулар негізінен баспа станогы, яғни инфляциялық салық арқылы есесін қайтарады.
Үшіншіден, инфляция ақша айналымының жылдамдығына байланысты. Әдеттегі жағдайларда бұл ақша айналымының жеткілікті дәрежедегі статикалық, баяу сипаты болып табылады. Бірақ та кейде ол өте қозғалмалы шамаға айналады. Әдетте, ол дәл жоғары инфляция кезеңдерінде және «ыстық» ақшалардан қашу кезеңдерінде көрініс алады. Гиперинфляция кезінде халық ақшаны, олар арзандап кеткенге дейін тез жұмсап тастауға, оларды нақты құндылықтарға алмастыруға асығады. Бұл жағдайда айналым жылдамдығы бірнеше есеге ұлғаяды, ол инфляцияның келесі айналымын әрі қарай орнатудың факторы болып табылады.
Төртіншіден, ақшамен жұмыс істейтін тауар массасының көлемі инфляция факторы болып табылады. Дағдарыс кезеңдеріндегі өндіріс көлемінің қысқаруы ақшаның инфляциясына әкелуі мүмкін. Алайда, бұл кезде кедейлену салдарынан халықтың сатып алушылық қабілеті де төмендеуі ықтимал.
Революциялар мен революциялық реформалар өндіріс көлемінің өсуімен қатар жүрмейді. Сонымен қатар, әдеттегідей, негізгі революциялық өзгерістер инфляциялық салық есебінен, яғни ақша массасының өсу кезінде іске асырылады [5-8] .
Бесіншіден, нарықтық экономикаға көшкен бұрынғы социалистік елдер үшін бастапқы кезеңде инфляцияның жоғары қарқынымен алынған төлемдер дағдарысы тән болды.
Осылай, 1994 жылдың Қазақстандағы тұтынушылық бағалардың көрсеткіші 1260%-ды, ал өндірушілердің бағалары - 2040%-ды құрады. Энергия тасымалдаушылар бағасының өсуі, өз ретінде, өндірістік өнімге де бағаның өсуіне әкелді және жалпы шығындар құрылымы мен бағалар құрылымы өте жоғары деңгейде қайта қалпына келді.
ТМД елдеріндегі инфляцияның жоғары деңгейі бағаларды ырықтандыру кезінде индекстелмеген кәсіпорындардың айналым қаражаттарының құнсыздануына әкелді. Осыған сәйкес, ЖІӨ-дегі айналым қаражаттарының үлесі күрт қысқарды және контрагенттер арасында қалыпты есеп айырысулардың жүргізілуін, әсіресе банктік есеп айырысулардың жаппай кідірістерімен үйлесуін қамтамасыз ете алмайтын болды. Осыған байланысты, төлемеулердің өсуі өндірісті сақтау мақсатында кәсіпорындардың айналым қаржыларын толықтыру әдістерінің бірі болып табылады. Бірақ та, бұл жағдай кәсіпорынның айналым қаражатының тапшылығының өсуіне және өндірістің әрі қарайғы құлдырауына әкеліп соғады. Сондықтан да, айналым қаражатын қалпына келтіру мәселесін шешусіз қарапайым өзара есеп айырысу жүйесін қалыпты деңгейге дейін жетілдіру төлемеулер мәселесін шеше алмады [9] .
Төлеумеулердің инфляцияға және экономиканың өсуіне әсерін бағалау үшін келесі тәсілді қолдануға болады.
Ақшаны айырбастау теңдеуі айналымдағы ақша массасы көлемінің өзгерісін бағаның жалпы деңгейіне және қысқа мерзімді болашақта өндіріс көлемінің жалпы деңгейіне әсерін зерттеуге мүмкіндік береді, ол инфляциямен күресудің жалпы экономикалық стратегиясы аясында ақша-несие және қаржы саясатын әзірлеу үшін өте маңызды болып келеді. Бұл жағдайда төлемеулер, бір жағынан, шикізат пен материалдарды сатып алуға, еңбекақыны төлеуге және т. б. қаражаттың жоқтығынан әрі қарайғы құлдырауды қолына алады. Екінші жағынан, инфляциялық үдерістерді сақтауда төлемеулер рөлі жоғары болып табылады. Өзара төлемеулер дегеніміз мәні бойынша барлық технологиялық тізбек бойынша тауарлық несиелер. Олар жалған (квази) ақшалардың рөлін атқарады.
Төлемеулер тәжірибесінің кең таралғандығын ескере отырып, айналымда жүрген ақша массасының төмендегідей көлемі бар есептеуге болады:
М = М 1 + М 2 , (9)
мұндағы М 1 - айналымда жүрген шынайы ақша массасы;
М 2 - төлемеулер сомасына тең жасанды ақша массалары.
Онда айырбастау теңдеуін келесі түрде көрсетуге болады:
М 1 · V + М 2 = P · Y . (10)
Бұдан М 1 · V= P · Y - М 2 аламыз.
Бұл кезеңде экономика дұрыс жұмыс істеді және төлемеулер болмады деп болжайық.
Қолданыстағы ақша массасы экономиканың қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз етуге қабілетті. Онда, ақша айырбастау теңдеуін келесі түрде жазуға болады:
М 1 · V 1 = P 1 · Y 1 . (11)
Ақшаның сандық теориясының негізгі алғышарттары мынада, яғни ақшаның айналу жылдамдығы қысқа мерзімде тез өзгере алмайды және V=const тұрақты шама болып табылады.
Сонымен бірге, осы кезеңде шығарылған өнімнің физикалық көлемі өзгеріссіз деп есептейік, яғни Y 1 =Y. Онда берілген тепе-теңдіктің қолданылуы төлемеулер болған кезде іс жүзінде қалыптасқан бағалардың басқа деңгейі кезінде орынды болады. Нәтижесінде төмендегі теңдік алынады:
P 1 · Y 1 = P · Y - М 2 ,
немесе
P 1 =( P · Y - М 2 ) / Y 1 = P - М 2 / Y 1 . (12)
Осыдан шығатыны, яғни P 1 = P - М 2 / Y 1 теңдігі бүгінгі таңда орнатылған бағалардың жалпы деңгейінің қай бөлігі төлемеулерге жататынын сипаттайды.
Осыған орай, мемлекеттерде инфляция қарқынының төмендеуі белгілі мөлшерде өзара қарыздар мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Инфляцияға әсер ететін факторлар тұрғысынан, сұраныс инфляциясын және шығындар инфляциясын атап көрсетуге болады.
Дж. М. Кейнс ақшаға деген сұраныс факторлары үшеуін атап көрсетеді:
а) затты сатып алу үшін ақшаның қажеттілігенен туындайтын трансакциялық себеп;
ә) сақтандыру себебі - ақша қорын жинау қажеттілігі, өйткені нарықтық экономика тұрақсыз;
б) өзінің үй шаруашылығы жинақтары үшін табысты қаржылық активтер жинаудағы алыпсатарлық себебі.
Трансакциялық себеп айналу қаражаты ретінде ақша функциясынан шығады. Сондай-ақ, ақшаға деген сұранысты шынайы кассалық қалдықтарға деген сұраныс деп айтуға болады.
Қысқа мерзімді кезеңде шынайы кассалық қалдықтар шынайы табыстар деңгейіне - оң тәуелділікте, ал ақшаны сақтаудың баламалы шығындарына - кері тәуелділікте болады. Ақшаны сақтаудың баламасына табысты тәуекелсіз активтерге пайыз мөлшерлемесінің деңгейі, яғни мемлекеттік ұзақ мерзімді құнды қағаздар (облигациялар) жатады.
Ресурстардың толық жұмысбастылығы жағдайында бағалардың жалпы деңгейі ақшаның сұранысы мен ұсынысының арақатынасымен оңай анықталады. Ақша ұсынысы ОБ саясатымен анықталады және оның міндеті - ақша мөлшерін тұрақты деңгейде ұстап тұру. Ақшаға деген сұраныс ақша бағасына қатысты кері тәуелділікпен және баға деңгейіне қатысты оң тәуелділікпен сипатталады. Басқаша айтқанда, орталық банк тарапынан ақша ұсынысы ұлғайған жағдайда, айқын кассалық қалдықтарға сұраныс бұрынғы қалпында қалады, бірақ ақша бағасы төмендейді және олардың көп мөлшері үй шаруашылықтарына қажет болады.
Артық көлемдегі жиынтық сұраныс өнімнің шынайы көлеміне әсер етпейді. Бұл - сұраныс инфляциясы. ОБ тарапынан ақша ұсынысының ұлғаюы ақшаға деген сұраныс көлемін жоғарылатуға әкеліп соғады. Нәтижесінде, ақшаның шынайы бағасы төмендейді. Бағалардың инфляциялық өсімі жүзеге асады.
Сұраныс инфляциясы дегеніміз қысқа мерзімді сұраныстың жиынтық ұсыныстан қысқа мерзімді асып кетуі салдарынан болатын инфляция. Қысқа мерзімді кезеңде жиынтық сұраныстың өсуі ақырғы өнімге деген бағаның өсуіне, сондай-ақ өндірістің шынайы көлемінің өсуіне, жұмыссыздықтың қысқаруына әкеледі. Әрі қарай өндіріс факторларына деген бағалар да өседі. Сұраныс инфляциясы жиі түрде өндірісті ынталандыру бойынша мемлекет әрекеттерінен туындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz