Шағын кәсіпорындардың қаржыларын басқару мәселелері


ӘЛ- ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және бизнес факультеті
Қаржы кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Шағын кәсіпорындардың қаржыларын басқару мәселелері
Орындаушы Мұхтаров О.
(қолы, күні)
Ғылыми жетекші Купешова Б. Қ.
(қолы, күні) аға оқытушы
Норма бақылаушы Садыханова Д. А.
(қолы, күні) аға оқытушы
Кафедра меңгерушісі Арзаева М. Ж.
Қорғауға жіберілді (қолы, күні) э. ғ. к., доцент
Алматы, 2010
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және бизнес факультеті
Қаржы кафедрасы
Қаржы мамандығы
Диплом жұмысын орындауға арналған
ТАПСЫРМА
Мұхтаров Олжас студентіне «Шағын кәсіпорындардың қаржыларын басқару мәселелері» жұмыс тақырыбы «23» желтоқсан 2009 ж № 4-2841 бұйрығымен бекітілді. Дайын жұмысты тапсыру мерзімі «26» сәуір 2010 ж.
Жұмыстың бастапқы мәліметтері: Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен нормативтері, экономика, қаржы менеджменті салалары бойынша оқулықтар мен оқу құралдары, «Бриз» ЖШС-ның мәліметтері.
Диплом жұмысындағы толықтырылуы қажет сұрақтар тізімі немесе жұмыстың қысқаша мазмұны:
а ) шағын кәсіпорындардың қаржыларын басқарудың теориялық негіздерін
анықтау;
б ) кәсіпорынның қаржысын тиімді басқаруды талдау;
в ) кәсіпорын қаржысын басқарудың мәселелерін шешу жолдарын ұсыну.
Диплом жұмысын дайындау
ГРАФИГІ
Реттік
№
Бөлімдер атауы,
Қарастырылған сұрақтар тізімі
Тапсырманың берілген күні 23. 12. 2009.
Кафедра меңгерушісі Арзаева М. Ж.
э. ғ. к., доцент
Жұмыс жетекшісі Купешова Б. Қ.
Аға оқытушы
Тапсырманы орындауға алған студент Мұхтаров О.
Реферат
Диплом тақырыбының өзектілігі. Кәсіпорынның қаржысын басқару механизмін жетілдіру отандық экономика дамуының қазіргі сатысында өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық және нарықтық инфраструктураның өзгермелілігі жағдайында қаржылық менеджердің ағымдық күнделікті жұмысында айналым қаражаттарын басқару маңызды орынды алады, себебі осыдан кәсіпорынның сәтті және сәтсіз өндірістік-коммерциялық операцияларының себебін байқауға болады. Кәсіпорын қаржысының жеткіліксіздігі жағдайында оларды тиімді қолдану қазіргі кезде әрбір кәсіпорын қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Берілген жұмыстың өзектілігі кәсіпорынның одан әрі дамуы және бәсеке қабілеттілігін арттыруы үшін кәсіпорын қаржысын тиімді басқарудың маңыздылығымен анықталады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - шағын кәсіпорынның қаржыларын басқаруды талдау және басқару мәселелерін шешу жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- шағын кәсіпорындардың қаржыларын басқарудың теориялық негіздерін
анықтау;
- кәсіпорынның қаржысын тиімді басқаруды талдау;
- кәсіпорын қаржысын басқарудың мәселелерін шешу жолдарын ұсыну.
Шағын кәсіпорын қаржысы қаржы жүйесінің саласы ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер жасалады. Шағын кәсіпорын қаржысының саласы шеңберінде материал, еңбек және қаржы ресурстарының белгілі бөлігі шоғырладырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісін қамтамасыз етеді.
Шағын кәсіпорын қаржысының болуы, жалпы мемлекеттің қаржысы сияқты, тауар-ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық заңдардың іс-әрекетімен байланысты.
Шағын кәсіпорын қаржысы − бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Елдегі ақша қатынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, жасалатын қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты − халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін кейінгі бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың қосымша, кейінгі бөлігі болып табылады.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 6
1. ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫЛАРЫН БАСҚАРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Шағын кәсіпорын қаржылары мен оларды ұйымдастыру негіздері . . . 8
1. 2 Шағын кәсіпорындағы қаржыны басқарудың экономикалық
мазмұны . . . 19
1. 3 Қаржыны басқарудың тұжырымдамалары мен коэффициенттер
жүйесі . . . 29
2. ШАҒЫН Кәсіпорынның қаржыЛАРЫН тиімді
басқаруды «БРИЗ» ЖШС-НЫҢ МЫСАЛЫНДА ТАЛДАУ
2. 1 «БРИЗ» ЖШС-ның қаржылық - шаруашылық қызметінің сипаттамасы . . . 39
2. 2 «БРИЗ» ЖШС-ның қаржылық тұрақтылығын талдау . . . 44
2. 3 «БРИЗ» ЖШС-ның қаржысын тиімді басқаруды факторлық талдау . . . 59
3. «БРИЗ» ЖШС-НЫҢ ҚАРЖЫЛАРЫН БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН
ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Тереңдетілген операциялық талдау технологиясын пайдалану . . . 63
3. 2 Қаржыны басқарудың стратегиясы мен тактикасын әлемдік қаржы
дағдарысы жағдайында жетілдіру . . . 70
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 75
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 78
КІРІСПЕ
Елбасының 2009 жылдың 28 наурызындағы “Дағдарыстан жаңару мен дамуға” атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бәсекеге қабілеттілік ─ Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кіруінің кілті. Сондықтан да өткен жылдың өзінде біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл ─ біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыздың және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту» деген. Осы орайда кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мәселесі олардың қаржысын тиімді қолданудың, басқарудың тиімділігін жоғарылату мәселесімен тығыз байланыстылығына көз жеткізуге болады. [4, 4-5 б]
«Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық “орнын” иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз. Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жеке меншік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге, Жаңа экономика жаңа басқару шешімдерін қажетсінеді, ал ондай шешімдерді осы заманға сай ойлай білетін және түпкі нәтижеге бағдарланған мемлекеттік менеджерлер ғана қабылдауға қабілетті. » - деп айтып кеткен еді Республикамыздың Президенті Н. Ә. Назарбаев 2009ж. Қазақстан халқына арналған «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауында. [4, 5 б]
Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Кәсіпорынның қаржысын басқару механизмін жетілдіру отандық экономика дамуының қазіргі сатысында өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық және нарықтық инфраструктураның өзгермелілігі жағдайында қаржылық менеджердің ағымдық күнделікті жұмысында айналым қаражаттарын басқару маңызды орынды алады, себебі осыдан кәсіпорынның сәтті және сәтсіз өндірістік-коммерциялық операцияларының себебін байқауға болады. Кәсіпорын қаржысының жеткіліксіздігі жағдайында оларды тиімді қолдану қазіргі кезде әрбір кәсіпорын қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Берілген жұмыстың өзектілігі кәсіпорынның одан әрі дамуы және бәсеке қабілеттілігін арттыруы үшін кәсіпорын қаржысын тиімді басқарудың маңыздылығымен анықталады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - шағын кәсіпорынның қаржыларын басқаруды талдау және басқару мәселелерін шешу жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- шағын кәсіпорындардың қаржыларын басқарудың теориялық негіздерін
анықтау;
- кәсіпорынның қаржысын тиімді басқаруды талдау;
- кәсіпорын қаржысын басқарудың мәселелерін шешу жолдарын ұсыну.
Зерттеу объектісі - «Бриз» ЖШС мысалында кәсіпорын қаржысы.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізін қаржылық талдаудың әдістері құрады: бухгалтерлік есептің көлденең және тік талдауы; статистикалық мәліметтерді жинау мен топтау; динамика қатарларын талдау; кәсіпорынның қаржысын басқарудың қазіргі заманғы әдістері. Бұл жұмысты жазу барысында Баканов М. И., Шеремет А. Д., Сайфуллин Р. С., Ковалев В. В., Негашев Е. В. Стоянова Е. С., Дюсенбаев К. Ш., Ермекбаева Б. Ж., Б. Ж., Купешова Б. Қ., Өсербайұлы С., Қалымбекова Ж және т. б. ғалымдардың еңбектері әдістемелік арқау ретінде көрініс тапты. Зерттеудің ақпараттық негізін кәсіпорынның бухгалтерлік және қаржылық есептілігінің мәліметтері, кәсіпорынның ішкі нормативті-техникалық құжаттары, мерзімді баспа құралдарының ақпараттары, қаржылық менеджмент саласындағы отандық және шетелдік мамандардың оқулықтары құрайды.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы : дипломдық зерттеудің нәтижелері - кәсіпорынның қаржылық қызметінде қаржыны басқаруға талдау жүргізу және оның тиімділігін арттырудың кейбір жолдары.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш маңызды бөлімдерден, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан құралады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі айқындалады, мақсаттар мен алдына қойылатын мәселелер қалыптастырылады, зерттеудің объектісі мен пәні, әдістемелік және ақпараттық негіз анықталады, сонымен қатар зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы көрсетіледі.
Бірінші бөлімде шағын кәсіпорындардың қаржыларын басқарудың теориялық негіздері келтірілген; кәсіпорын қаржысының экономкалық мәні және ұйымдастыру негіздері анықталған; шағын кәсіпорындағы қаржыны басқару түсінігі келтірілген; қаржыны басқарудың тұжырымдамалары мен коэффициенттер жүйесі ашылған.
Дипломдық жұмыстың екінші бөлімі кәсіпорынның қаржысын тиімді пайдалануға талдау жүргізуге арналған: «Бриз» ЖШС-ның қаржылық тұрақтылығын талдау, капиталды қолдануын талдау, өзін - өзі қаржыландыру деңгейін талдау жүргізілген.
Үшінші бөлімде қойылған мақсаттар шегінде кәсіпорынның қаржысын басқару мәселелерін шешу бойынша тәжірибелік ұсыныстар келтірілген.
1. ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫЛАРЫН БАСҚАРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Шағын кәсіпорын қаржылары және оларды ұйымдастыру негіздері
Шағын кәсіпорын қаржысы қаржы жүйесінің саласы ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер жасалады. Шағын кәсіпорын қаржысының саласы шеңберінде материал, еңбек және қаржы ресурстарының белгілі бөлігі шоғырладырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісін қамтамасыз етеді.
Шағын кәсіпорын қаржысының болуы, жалпы мемлекеттің қаржысы сияқты, тауар-ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық заңдардың іс-әрекетімен байланысты.
Шағын кәсіпорын қаржысы − бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Елдегі ақша қатынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, жасалатын қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты − халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін кейінгі бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың қосымша, кейінгі бөлігі болып табылады. [7, 247б]
Шағын кәсіпорын қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шағын кәсіпорынның берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігне тікелей әсер етеді.
Шағын кәсіпорын қаржысы өзіне қоғамдық − пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, меркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын салалармен байланысты.
Ұлттық шаруашылықтың әрбір саласы қаржысының бұл саланың техникалық-экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын елеулі айырмашылықтары бар. Бірақ сонымен бірге барлық салалардың қаржысының мәні мен оны ұйымдастырудың негізгі қағидаттары бірдей, бұл шаруашылық жүргізудің орта қағидаттарына және бірыңғай экономикалық заңдарға байланысты. Мұның бәрі олардың барлығын қосалқы категорияға − жалпы «қаржы» категориясы сияқты оның функцияларын орындайтын шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына біріктірудің мүмкіндігі мен қажеттігін алдын ала анықтайды. [7, 137-146 б]
Шағын кәсіпорын қаржысы жалпы қаржылар сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды.
Шағын кәсіпорын қаржысы бөлгіштік функциясының ерекшелігі қаражаттардың жеке-дара ауыспалы айналымының үдерісінде өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер (салық мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары, несие үшін пайыз) негізінде бөлінетігінде болып отыр, мұның өзі қаржының ұдайы өндіріс процесінде құнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Ақшалай қорлар мен қорланымдарды экономикалық тұрғыдан негіздеп бөлу қаржының ұдайы өндірістік тұжырымдамасын да іске асырудың басты шарты блып табылады.
Оның мазмұны жай және ұдайы өндіріс кезінде материалдық және ақша қаражаттарының ауыспалы айналымы процесінде олардың қозғалысы арасындағы сәйкестікті қамтамасыз етуде болып табылады. Бұл үшін кәсіпорында өнім өндіру мен оны өткізудің жоспарлары, болжамдары мен ниеттері негізінде, белгіленген экономикалық нормативтер негізінде уақыттың белгілі бір мерзіміне кірістер мен шығыстардың көлемін жасайды; шығыстардың шамаланған меншікті қаржы ресурстары, басқа ұйымдар мен өз қызметкерлерінің уақытша тартылған қаражаттары, банк несиелері есебінен, ал айырықша жағдайда бюджеттен бөлінетін қаражаттар есебінен жабылатынын анықтайды.
Бөлу − өндіру мен тұтыну арасындаңы байланыстырушы буын. Бұл процесс кәсіпорындардың өнім өткізуден түсім-ақша алуы және оны өндірістің жұмсалынған қаражаттарын өтеуге және таза табысты (пайданы) жасауға пайдалану арқылы болып жатады. Табыстың (пайданың) бір бөлігі қайта бөлу ретінде орталықтандырылған қорларға − мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға түседі, ал қалған бөлігі еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға, өндірісті кеңейту және дамыту жөніндегі шығындарды қаржыландыруға шаруашылықтың қарамағында қалады.
Шағын кәсіпорын қаржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды рөл атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Ақшамен бақылау тек шағын кәсіпорынның ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілермен, жоғарғы ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарым-қатынастарын да жүзеге асырылады. Субъектілер арасындағы өзара қатынастарды бақылау жеткізілім тауарларға, көрсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде болады. Қаржы-несие органдарымен өзара іс-әрекет кезінде бақылау бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк несиелерін алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады.
Шағын кәсіпорын қаржысы сферасындағы сан алуан қатынастар олардың шаруашылық қызметі процесінде басқа шаруашылық жүргізуші субъектілермен болатын мынадай топтарға ірілендірілген ақша қатынастарына саяды:
басқа әр түрлі кәсіпорындармен және ұйымдармен (олар: өнім өткізуден түсім-ақша алу, өткізуден тыс табыстар түсіру, материалдық шығындарды төлеу, шарт міндеттерін бұзған кезде айыппұл төлеу және алу, бағалы қағаздарды өткізу, басқа кәсіпорындардың акциялары мен облигациялары қаражаттарды инвестициялау, олар бойынша дивиденттер мен пайыздар төлеу және алу процесінде коммерциялық несиелеу кезінде қалыптасады) ;
өзінің еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбекке ақы төлеуді, силық қорын жасауда, табысты (пайданы) бөлу және тұтыну қорынан қызметкерлерге жәрдемақылар төлеуді, сонымен бірге қызметкерлердің қаражаттарын тартуды (бағалы қағаздар сату, кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру үшін үлестік жарналарды) ортақтастырады;
мемлекетпен − бюджетке салықтар төлеу, бюджеттен қаржыландыру кезінде, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде, сондай-ақ олар бойынша төлемдер алғанда, валюта қорлары мен ресурстарын қалыптастырғанды;
банктермен (қаржы қатынастарының бұл тобы банк несиелерінің алу, оларды қайтару, несиелер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға белгілі бір төлем мен бос ақшаны беру, банк өткізетін бағалы қағаздармен жасалатын операциялар нысаны түрінде іске асады) ;
сақтық органдармен − мүлікті, қызметкерлерді, коммерциялық және коммерциялық емес тәуекелді сақтандыру жөнінде;
жоғары ұйымдармен − ішкі салалық қайта бөлу шегінде (пайданы, табыстарды, капиталды қайта бөлу кезінде, жалгерлік төлемдер бойынша және басқалары) ;
құрылтайшылармен (бұл қатынастар құрылтайшылардың жарғылық капиталды қалыптастыру үшін қаржы жарналарын (салымдарын) төлеу кезінде, сондай-ақ кәсіпорынның пайдасын бөлгенде және оның бір бөлігін шартқа сәйкес құрылтайшыға аударған кезде қалыптасады) және т. с. с.
Шағын кәсіпорын қаржысына, бір жағынан, жалпы[7, 141-144б] қаржылардың экономикалық табиғатын сипаттайтын белгілер, басқа жағынан, қоғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қызмететуіне байланысты ерекшеліктер тән. Сонымен бірге бұл қаржыға тән мынадай негізгі белгілерді атауға болады:
1) қаржы қатынастарының көпқырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;
2) өндірістік құралдың (капиталдардың) міндетті болуы және оларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың пайда болуы. Өндірістік капиталдар − бұл өндірістің серпінді элементі, олар өндірістің өзі сияқты үздіксіз қозғалыста болады; сонымен қатар құн нысандарының тұрақты ауысымы болып отырады. Кәсіпорын қызметінің кез келген мезетінде өндірістік құралдар материалдық-заттай және ақша нысанында болуы мүмкін;
3) жоғары белсенділік, шаруашылық қызметінің барлық жағына әсер ету мүмкіндігі;
Сөйтіп, шағын кәсіпорын қаржысы деп өнім (жұмыс, қызметтер көрсету) өндіріп, сату кезінде ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды айтады.
Шағын кәсіпорын қаржысы шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының құрамының маңызды бөлігі болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер − кәсіпорындар мен ұйымдар (фермалар, компаниялар, фермер шаруашылығы, шаруашылық серіктестіктері, ассоциациялар (бірлестіктер), ұлттық компаниялар және басқалары), мекемелер әр түрлі белгілері бойынша сыныпталады және оларды не ол, не бұл түрі бойынша айырудың негіздемелері қаржыны ұйымдастырудың сипатына елеулі әсер етуі мүмкін. Шаруашылық субъектілердің сыныптамасы 1 суретте бейнеленген. [7, 145б]
Межелеудің ең жалпы белгісі кәсіпорындар мен ұйымдарды қызмет сфераларының біріне − материалдық немесе материалдық емес (өндірістік емес) сфераға жатқызу болып табылады. Қызметтің материалдық сферасының кәсіпорындары бүкіл қоғамның тіршілік әрекетінің негізі болып табылатын материалдық өнімдер мен игіліктерді жасайды. Бұл сферада жасалған өнімнің бір бөлігі оның салалары ішінде (өндірістік тұтынудың өнімдері) тұтынылады, басқа бөлігі түпкілікті тұтынуға, соның ішінде өндірістік емес сфераға да бағытталады. Өндірістік емес сфера қызметінің нәтижелері қызметтердің нысанын қабылдайды, қызметтерді жасаудың процесі әдеттегідей, оларды тұтыну үдерісіменмен тоқайласады, яғни олар қордалауға, сақтауға жатпады.
Қоғамдық өндірістің екі сферасының аталған қағидалы айырмашылықтары бұл салалардың қаржысын ұйымдастыруға − қаржыландыру, өнімдер мен қызметтер құнының жасалу үдерістеріндегі қаржы қорларының қозғалысы кезінде де, сондай-ақ қызметтің қаржы нәтижелерін қалыптастыру − қорланымдарды, табыстарды немесе пайданы бөлу және пайдалану кезінде де әсерін тигізеді. Мысалы, материалдық сфера қорларының қозғалысында өндірістік босалқы қорларды, аяқталмаған өндірісті жасаумен, дайын өнім және өндірістік емес сфераға сипатты емес бірқатар басқа процесстердің қозғалысымен байланыстырылады елеулі орын алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz