Малайзияның туристік орталықтары жайлы


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3 1 МАЛАЙЗИЯНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Тарихы . . . 5

1. 2 Географиялық орны мен экономикалық жағдайы . . . 5

1. 3 Мәдени және салт-дәстүр байлығы . . . 10

2 МАЛАЙЗИЯНЫҢ ТУРИСТІК ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

2. 1 Мемлекет астанасы - Куала-Лумпур . . . 14

2. 2 Сабах пен Саравак . . . 15

2. 3 Кедах штаты . . . 17

2. 4 Таман-Негара ұлттық қорығы . . . 18

2. 5 Лангкави мен Пенанг аралдары . . . 19

2. 6 Борнео мен Пангкор аралдары . . . 21

3 МАЛАЙЗИЯНЫҢ ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ

3. 1 Малайзиядағы жағажайлар . . . 23

3. 2 Экскурсиялар және көрсетілетін көлік қызметтері . . . 23

3. 3 Малайзия отелдері . . . 26

4 МАЛАЙЗИЯНЫҢ ТАНЫМАЛ ТУРИСТІК ОРТАЛЫҚТАРЫНА

БАЙЛАНЫСТЫ БАҒДАРЛАМАЛАР

4. 1«Малайзияның Бақ туризмі» мен «Медициналық туризмін»

дамыту атты бағдарламасы . . . 28

4. 2 «Малайзия курорттарында туристер санын өсіру» бағдарламасы……. 28

4. 3 Малайзияның «Ресей және ТМД елдерінің

нарығында көтерілу» бағдарламасы . . . 29

4. 4 Малайзия мен Қазақстанның бағдарламасы . . . 29

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 31

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 32

ҚОСЫМША А

ҚОСЫМША Б

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда, көптеген мемлекеттердің экономикасының басты саласын туризм алады. Сол сияқты, Малайзия мемлекетінде де туризм экономиканың басты саласы және негізгі табыс көзіне айналған. Табиғи және тарихи-мәдени көрікті жерлері, туризм тармақтары жоғарғы деңгейде дамыған.

Малайзия - шексіз жазбен және жарық күннің елі. Мұнда тарихи құндылықтар мен қазіргі заманғы жетістіктері керемет үйлесім тапқан. Ол ежелгі мәдениетімен, аса жоғарғы деңгейдегі дамуымен, бірігей экзотикалық құрамдастығымен, көне сәулет өнерімен және мәдениет ескерткіштерінің осы күнге дейін жақсы күйінде сақталуымен ерекшеленеді. Қазіргі заманғы бизнес орталыққа арналған мегаполис астанасы - Куала - Лумпур.

Малайзия Сингапурдан кейінгі экономикасы дамыған мемлекет.

Малайзия - Оңтүстік Шығыс Азиядағы туризмі жақсы дамыған мемлекеттердің бірі. Табиғи және мәдени-тарихи көрікті жерлері, халықтың салт - дәстүрлерімен танысу мүмкіндіктері, теңіздік - курорттары және дамыған инфраструктурасы - осының барлығы Малайзияға келуге шетел туристерін тартады. Бұл жерде туристерді қызықтыратын, Азиядағы ең үлкен мешіт, ең ұзын жер бетіндегі үшінші көпір, әлемдегі ең биік телемұнарадан кейінгі үшінші орындағы «Петронас Тауэрс» ғимараты, ең үлкен, бай аквариум бар. Сонымен қатар, туристерді таң қалдырмай қоймайтын, Сабах пен Саравак таулы курорттары, Пенанг пен Лангкави, Тиоман аралдары, аппақ қардай құнды, керемет, ғажайып жағажайлары (4800 шақырым) .

Лангкави аралы ең киялшыл, ең көрікті аралдардың бірі. Лангкавидің Куах қаласында Махсури Мавзолейі ерекше көзге түседі, ондағы Қолтырауындар фермасы, Телага Туджух сарқырамасы, Жыландар, Құстар паркі туристерді үнемі өзіне тартады. Сонымен қатар, Сабах пен Саравак белсеңді демалыс орындарын ерекше атауға болады. Дүниежүзінің ең әйгілі үнгірлері - Таза бұлақ, Мулу, Гунг Сабис орналасқан.

Малайзия тағы порттары көп теңіз - курортты аймақтарға, саябақтарға, мешіттерге, шіркеулерге бай. Малайзия курорттарының ең атақтысы, Пенанг теңізді - курортты қаласына ерекше көңіл бөлуге болады, ол Лангкавиден 112 км оңтүстікке қарай орналасқан. Бұл кеш батқан соң қызықты, белсеңді өмір басталатын жарнама жорықтары мен биік - биік ғимараттары бар қала.

Туристердің көп келетін жерлерінің бірі - Таман - Негара қорығы, ол Келантан, Тегару және Паханг таулы штаттарында орналасқан ұлттық қорық. Таман - Негара орманына кем дегенде 130 млн. жыл болған, ол әлемдегі ең ескілерінің бірі болып келеді. Мұнда карстық үңгірлер, сирек кездесетін аңдар мен құстар және ылғалды тропикалық джунглиялар өскен әктасты жарлар, сарқырамалар бар.

Курстық жұмыстың мақсаты:

Малайзияның танымал туристік орталықтарын және демалыс орындарын қарастыру.

Курстық жұмыстың міндеттер:

- Малайзияның туристік орталықтарын сипаттау;

- әр туристік орталықпен жеке-жеке таныстыру;

- туризмнің мемлекет экономикасындағы негізгі орнын көрсету;

- мемлекеттің көркем жерлерімен таныстыру.

Курстық жұмыста қолданған әдістер:

- тарихи;

- мәдени;

- статикалық;

- аналитикалық.

1 МАЛАЙЗИЯНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Тарихы

Малайзияның ежелгі тарихы жөнінде мәліметтер өте аз, бұл жерді адамдар өте ерте заманнан қоныстанған. Елде үнділердің ықпалы зор болды, себебі Үндістан мен Қытай арасындағы сауда жолдары бойында орналасқан. XIII ғасырда елдің солтүстігі Қытайға бағынған, VII ғасырда үнділік мемлекет құрылды.

XV ғасырда Малакка патшалығы құрылды, бұл патшалық барлық Малайзия жерін біріктірген. Осы патшалыққа XVI ғасырда Португалия, кейінен Голландия басып кірді. Содан кейін, XVIII ғасырда осы аймаққа ағылшын әскерлері келіп, үш кезеңдік отарлау саясатын жүргізді:

1. 1786-1824 ж. ;

2. 1834-1867 ж. ;

3. 1867-1914 ж.

Малайзия Британ билігінде болып, Жапония елі 1941 жылы елді жаулап алып, 1945 жылы 2- ші дүниежүзілік соғыста жеңіліп, Малайзия қайтадан Британ отарына айналды.

Батыс Малайзияда 1948 жылы Малайя федерациясы құрылды.

1948-60 ж. ұлт-азаттық қозғалыс күшейді, нәтижесінде Малайзия 31 тамызда 1957 жылы Британ аумағында өз тәуелсіздігін алды.

1963 ж. Малайзия федерациясы Сингапур, Малайя, Саравак, Сабах, Солтүстік Борнео елдерінің бірігуінен құрылып, Сингапур, 1965 жылы болған саяси - экономикалық тартыстардан кейін бөлініп шықты.

1965-66 жылдары Индонезиямен қақтығыстар болды.

1969-71 жылдары Конституциясы уақытша күшін жойды, оған себеп болған елдегі малайлар мен қытайлық қауым арасында жанжалдың туындауы.

Малайзия мемлекетінде елдер арасында ислам беделі күрт өсті. Халықтың тұрмыс деңгейі жақсарды [10] .

  1. Географиялық орны мен экономикалық жағдайы

Мемлекет құрылымы. Малайзия - Оңтүстік Шығыс Азиядағы федералды мемлекет. Шығыс бөлігі Калимантан аралының солтүстігі мен солтүстік-батысында орналасқан, батыс бөлігі Малакка түбегінің оңтүстігінде орналасқан.

Астанасы - Куала-Лумпур қаласы.

Жер аумағы - 332, 8 мың шаршы шақырым.

Халқы - 21, 3млн. (2000) . Тұрғындарының 54%-ы малайлар, 35%-ы қытайлар, 10%-ы үнділер. Малайзияда 1000 адамға шаққанда 2, 37 деп бағаланады, ал өлім-жітім коэффициенті 5, 12 болып келеді. Бір жылда халықтың саны 1, 86 % көбейіп отырады. Малайзия жарты аралында еркектер үшін орташа өмір сүру ұзақтығы 2003 жылдан бастап 69 жас болды.

Ресми тілі - малай тілі.

Негізгі діні - ислам (мұсылман-сунниттер), сонымен бірге, буддизм, христиан діндерін ұстанады.

Малайзия - Конституциялы монархиялы мемлекет.

Ел басшысы - сұлтан. Әкімшілік тұрғыдан 13 штатқа және 2 федералды аумаққа бөлінеді. 13 штаттың 9-ын мұрагерлік құқығы бар, сұлтан әулетінің өкілдері билесе, төртеуін губернаторлар басқарады. Сұлтандар жоғары басқару кеңесін құрып, 5 жылдық мерзімге өз арасынан Жоғары сұлтанды сайлайды. Жоғарғы заң шығарушы орган екі палатадан (Сенат және Өкілдер палатасы) тұрады. Атқарушы билік премьер-министерге бағынады.

Ақша бірлігі - ринггит [3] .

Табиғаты. Малайзия - экваторлық белдеуде орналасқан. Батыс аумағын солтүстіктен оңтүстікке қарай таулы белдеу кесіп өтсе, шығысын жағалаулық жазық алып жатыр.

Климаты солтүстігінде субэкваторлық, муссондық, оңтүстігінде экваторлық. Орташа айлық ауа температурасы 25-28 С градус аралығында өзгереді. Күндіз температура +32С градус көтерілсе, ал түнде +21С дейін төмендейді. Тауларда климат салқынырақ.

Жауын-шашынның орташа жылдық мәні 1500-2500 мм, жартылай аралдық бөлігінде 3750 мм, Калимантан аралында, тауларда 4000-5000 мм дейін көтеріледі. Жауын-шашын жыл бойы түседі, бірақ солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс муссондардың кезектесуіне байланысты маусымдық өзгерушілік байқалады (ең жауын-шашынды ай - желтоқсан, ақпан мен маусым арасында жауын-шашын мөлшері біршама тұрақты) . Жалпы Саравака мен жартылай аралдық Малайзияның шығыс жағалауында тұрақсыз, бұлтты ауа-райы жиі байқалады. Ылғалдылықтың максимальды жылдық мөлшері Лонг- Атарда, Саравакада 600 мм тіркелген.

Ортажылдық ауа температурасы (°C) :

қаң
ақп
Нау
сәу
мам
мау
шіл
там
Қыр
қаз
қара
жел
қаң: +27°
ақп: +28°
Нау: +28°
сәу: +29°
мам: +30°
мау: +29°
шіл: +30°
там: +31°
Қыр: +29°
қаз: +28°
қара: +27°
жел: +26°

Ірі өзендері - Бором, Кинабатонлон, Раужинг.

Ортажылдық су температурасы (°C) :

қаң
ақп
Нау
сәу
мам
мау
шіл
там
Қыр
қаз
қара
Жел
қаң: +24°
ақп: +25°
Нау: +25°
сәу: +24°
мам: +24°
мау: +23°
шіл: +24°
там: +25°
Қыр: +24°
қаз: +23°
қара: +23°
Жел: +23°

Малайзия жерінің жартысынан жуығын мәңгі жасыл ылғалды ормандар алып жатыр. Ең үлкен аралдары - Пенанг және Лангкави аралы.

Батыс Малайзияның биік нүктесі - Тахан тауы (2190), батыс таулары Малакканың орталық бөлігін алып жатыр.

Шығыс Малайзиядағы Индонезияның шекарасына дейін жететін, Сарвак штатында таулы жоталар оңтүстікке қарай жалғасады. Жеке таулардың биіктігі 2300-2400 метрге жетеді. Солтүстігіне қарай биіктігі 4175 м. болатын, Малайзияның ең биік тауы - Кинабалу орналасқан. Малайзиялық таулар құрамы әктасты, балшықты, гранитті болып келеді. Кей кезде таудан таулы ағындар төгіледі.

Малайзияның жер қойнауы әр түрлі пайдалы қазбаларға бай: мұнай, көмір, алтын, боксит, темір, қорғасын рудалары, табиғи газ, сирек кездесетін металлдар бар. Малайзияның жағалауларындағы теңіз шельфінде мұнай қоры табылған.

Малайзия өзендері элетроэнергияның негізгі көзі болып табылады. Елде көптеген өзендер бар. Ағыстары өте қатты болады, олар бастауларын таулы массивтерден және таулы қыраттардан алады. Таудан түскен кезде жайылып суы мол жазық өзендерге айналады, сонымен қатар, таудан аққан кезде түрлі әдемі сарқырамалар құрайды. Малакка түбегіндегі өзендер теңізге құяр кезде кең, эстуарилер құрайды. Раджонг өзені ірі кеме қатынасына пайдалануға қолайлы. Осындай көптеген ірі өзендердің төменгі ағындарын ұсақ кеме қатынасына пайдалануға қолайлы. Малайзияның ¾ бөлігі мәңгі жасыл тропикалық өсімдіктермен жабылған. Теңіз жағалауларының ойпатты бөліктерінде қалың ормандар қаптаған [10] .

Топырағы мен өсімдіктер дүниесі. Малайзияда негізінен қызыл-сары ферралитті және аллювиальді топырақ таралған. Нөсерлі жауын әсерінен эрозияға ұшарап, өзінің құнарлығын жоғалтады.

Малайзияның топырақтық климаттық жағдайы қалың ылғалды тропикалық ормандардың өсуіне өте қолайлы. Малайзия территориясының 70% ормандар алып жатыр. Олардың көп бөлігі Калимантанда таралған. Ылғалды тропикалық ормандар түрлерінің әртүрлілігімен ерекшеленеді. Онда 8000 жуық өсімдік түрлері, 1000 орхидеялар, 3000 бұтақтар, 300 пальмалар, 60 бамбук, 500 папортниктер түрлері өседі. Малакка жартылай аралының шығыс бөлігінде 20 метрлік жолда, пенанглауат пен кетепанга және казуарин өсімдіктері таралған. Сабаха мен Саравакадағы биіктігі 12 м, мангр ормандарында апи-апи, лангадая, баку өсімдіктерін кездестіруге болады. Малаккада - қымбат тұқымдастар гелам тектес өсімдіктерін, ал Саравакада - рамин өсімдіктері кездеседі [26] .

Жануарлар дүниесі. Малайзия территориясы Үнді-Малай зоогеографиялық ауданына жатады. Соңғы жылдары жабайы жануарлар, соның ішінде ірі жануарлары: пілдер, гаур сиырлары, тапирар саны азайып кетті, олардың негізгі себебі ормандарды кесудің көбейіп кетуінде. Ормандарда маймылдар өте көп: гиббондардың төрт түрі, макакалар, орангутан, лемур деп аталатын батпырауықта бар. Ормандарда барлығы 240 - сүтқоректілер түрі бар, орнитфаунаның 600түрі кездеседі. Самбу және мунтаж бұғылары, жолбарыс, арыстан, сақалды шошқалар, кабандар, қара пантераларды кездестіруге болады. Малайзияның ең жарық көріністері-павлиндер, фазондар, тотықұстар, жабайы көгершіндер, жабайы тауықтар, Малайзия қарғалары және т. б. Көбелектің 1000 түрі кездеседі. Малайзия суларының жағалауларында балықтардың жүздеген түрі және молюскалардың 1000 түрі кездеседі, өзендердің сағаларын қоныстанатын крокодильдер азайып кеткен. Тасбақалардың 25 түрі таралған, кесіртке 100 түрі, жыланның 17 түрі (корольдік кобра, торлы питондар, кобра) .

Экономикасы.

2007 жылдың көрсеткіштеріне қарағанда, Малайзияның ЖІӨ 6 % өсті (151, 0 млрд АҚШ доллары, адам басына шаққанда 6050 долларына жетті ) . Малайзия экономикасы мұнай, каучук, ағаш, қалайы өнімдерін экспортқа шығаруға негізделген. Экспорттық тұтынушылары: США (21%), Сингапур (20%), Жапония (12%), Гонконг (5% ), Ұлыбритания және Тайланд (4%), ФРГ(3%) .

Импорттың негізгі түрі: машиналар және аспаптар, химикаттар.

Импорттың 27% Жапониядан келеді, 16% - США-дан, 12%-Сингапурден, 5%-Тайваньнан, 4% -ФРГ және Оңтүстік Кореядан.

Экспорт көлемінен 19-шы орын, импорттан 17-ші орынды алады.

Ауыл шаруашылық дақылдары - күріш, какао, бұрыш. Радиоэлектроника, автокөлік бөлшектері, тоқыма-тігін тауарлары, цемент, станоктар 1995 жылы экспорттық тауарлар қатарына қосылды.

1990 жылдан Малайзия туризм орталығына айнала бастады, туристік сала қаржы секторы, көтерме және жеке сауданың арқасында Малайзияның қызмет көрсету нарығының үлесі 51% құрады. Негізгі сауда серіктері: АҚШ, Сингапур, Жапония.

1992 жылы 16 наурыздан бастап, Қазақстан мен Малайзия арасында дипломатиялық қарым-қатынасы орнығып, тұрақты елшіліктер ашылды.

1996 жылы мамырда Н. Назарбаев Малайзияға ресми сапармен барды.

1996 ж. шілдеде, 2003 ж. қыркүйекте Малайзияның Жоғарғы билеушісі Қазақстанға келді.

Малайзия Қазақстанның туризм, мұнай, спутниктік байланыс саласындағы негізгі әріптестерінің бірі болып табылады [10] .

Шетел инвестициясына қатысты тартымдылық жағынан Азия елдері ішінде, «Economіst Іntellіgence Unіt» болжамы бойынша, 2006-2010 жылдарда Малайзия Оңтүстік Корея мен Жапониядан озып, 4-орынға ие болды. 2006 жылдың қорытындылары бойынша, Малайзия экономикасына тікелей шетел инвестициясының көлемі 4, 3 млрд долларды құрады.

Малайзия әлемдегі бәсекелестік деңгейі бойынша 24-ші, технологиялық көрсеткіші бойынша - 25-ші, үкіметтер арасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды нығайту көрсеткіші бойынша - 2-ші, мемлекеттік қаржыны қадағалау бойынша - 2-ші орындарға ие болды. Малайзия бизнес жүргізу жеңілдігінен дүниежүзілік банктің зерттеуі бойынша,

175 ел арасында 25-ші орынға шықты. Малайзия мемлекетінде исламдық банк жүйесі толықтай қолданысқа ие.

Әр жылда елдің эконмикасының даму үрдісі өзгеріске ұшырап отырды (1кесте) .

1 кесте

Малайзия экономикасының 1970 - 2007 ж. ж. даму үрдісінің

көрсеткіштері [21]

Көрсеткіштер
1970 ж
2007 ж

2007 ж.

1970 ж.

шаққанда

Көрсеткіштер:

1. Жалпы ішкі өнім. ІЖӨ

(млн. АҚШ долл)

1970 ж: 4 280
2007 ж: 84 100
2007 ж.1970 ж.шаққанда: 19, 6 есе өсу
Көрсеткіштер:

2. Адам басына шаққан жалпы

ішкі өнім (АҚШ долл)

1970 ж: 368
2007 ж: 5 801
2007 ж.1970 ж.шаққанда: 15 есе өсу
Көрсеткіштер:

3. Сауда айналымы

(млрд. АҚШ долл)

1970 ж: 2, 7
2007 ж: 316, 2
2007 ж.1970 ж.шаққанда: 117 есе өсу
Көрсеткіштер:

4. Шаруашылық салаларының

ІЖӨ-дегі үлесі (қорытындыға

пайызбен)

- өндіріс

- ауыл шаруашылығы

- қызмет көрсету

1970 ж:

13

31

42

2007 ж:

30

8

53

2007 ж.1970 ж.шаққанда:

2, 3 есе өсу

3, 9 есе азаю

1, 6 есе өсу

Көрсеткіштер:

5. Экспорт - жалпы көлемі

(млн. АҚШ долл)

1970 ж: 1 475
2007 ж: 168276
2007 ж.1970 ж.шаққанда: 114 есе өсу
Көрсеткіштер:

6. Экспорт құрылымы (қорытындыға

пайызбен)

- өндіріс (электроника, электрлік

мәшинелер мен тетіктер, т. б. )

- каучук (өнделмеген түрде)

- пальма майы (өнделмеген түрде)

1970 ж:

11

33, 4

16. 9

2007 ж:

81, 4

9, 4

3, 9

2007 ж.1970 ж.шаққанда:

74 есе өсу

3, 5 есе өсу

4, 4 есе өсу

Көрсеткіштер:

7. Шаруашылық салалары

бойынша халықтың жұмыспен

қамтылуы (қорытындыға пайызбен)

- өндіріс

- ауыл шаруашылығы

- қызмет көрсету

1970 ж:
2007 ж:
2007 ж.1970 ж.шаққанда:
Көрсеткіштер:

8. Жалпы халық ішіндегі

кедейлер үлесі (%)

1970 ж: 53
2007 ж: 1, 2
2007 ж.1970 ж.шаққанда: 44, 2
Көрсеткіштер:

9. Үлестік капиталға иелік ету

(компаниялардың таза құнының

жалпы қорытындысына пайызбен)

- шетел компаниялары

- малайлар

- қытайлықтар

- үнділер

1970 ж:

62, 3

0, 07

22, 9

7, 0

2007 ж:

25, 0

18, 9

34, 3

8, 4

2007 ж.1970 ж.шаққанда:

2, 5 есе азаю

270 есе өсу

1, 5 есе өсу

1, 2 есе өсу

Жоғарыдағы көрсеткіштерге қарасақ. Малайзия елінің әлеуметтік экономикалық даму жолындағы табыстары айтарлықтай және басқаларға үлгі боларлықтай да.

Басқа себептерін айтпай, осы табыстарға жету жолында шешуші рөл атқарған малайзиялықтардың үш өте ұтымды тәжірибесіне тоқтаған жөн. Біріншісі - тиянақты және жан-жақты ойластырылған малай қоғамының, малай экономикасының даму стратегиясы және осы стратегиялық жолды бұлтаратпай ұстау.

Осыған байланысты екі мысал келтірейік (2 кесте) . Жоғарыда айтылған бірінші 20 жылдық стратегиялық жоспардың алғашқы 10 жылының (1970 - 1980) негізгі мақсаты экономиканы, тауар өндіруді экспорттық бағытқа бұру деп анықталған еді. Оны мына төмендегі салыстырулардан байқауға болады.

  1. кесте

Экономиканы, тауар өңдіруді экспорттық бағытқа бұру [22]

Жыл
Экспорт
өңдеуші өңдірістің ЖІӨ үлесі
өңдеуші өнімнің экспорттың жалпы көлеміндегі үлесі
№: 1
Жыл: 1970
Экспорт: Түгелмен зкспортқа жұмыс істейтін бірде-бір кәсіп орын болмаған.
өңдеуші өңдірістің ЖІӨ үлесі: 13, 1%
өңдеуші өнімнің экспорттың жалпы көлеміндегі үлесі: 11, 4%
№: 2
Жыл: 1980
Экспорт:

- Малайзия электрондық жартылай өткізгіштерді экспортқа шығаратын әлем деңгейіндегі ең ірі ел.

- Тұрмыстық (бөлмелік) кондиционерлерді экспортқа шығаратын үшінші ел

өңдеуші өңдірістің ЖІӨ үлесі: 19, 7%
өңдеуші өнімнің экспорттың жалпы көлеміндегі үлесі: 21, 7%

Осындай мазмұнды өзгерістерге экономиканы экспорттық бағытқа бұру стратегиясының алғашқы он жылдығында қол жетеді.

1. 3 Мәдени және салт-дәстүр байлығы

Малайзия бай және көркем мәдени мұрасына ие. Әр этникалық топ көптеген салт-дәстүрлі көркем өнерлерін, мәдениетін және қолөнер кәсіптерін сақтайды. Діни салтанаттардан басқа, Малайзия халқы мейрамдату үшін қосымша себептер табуға дайын. Сондықтан да, Малайзия мемлекеті түрлі мерекелерге бай, әр ай сайын түрлі мерекелерді тойлаумен өткізеді, оның бірден-бір себебі көп ұлтты мемлекет болуы. Ең негізгі мейрамдары: Жаңа жыл, Хари Райя Айдиль-Адха, Мекка мен Мединага қажыға барудың біту мерзімі, Федералды территория күні, Қытай Жаңа жылы, Авал Мухаррам мұсылман Жаңа жылы, Мұхаммед пайғамбардың туған күні, Еңбек күні (бірінші май), Весак, Будда мейрамы, Жоғарғы басқарушы туған күні, Тәуелсіздік күні, Дипавали, индуистік отты мейрам, Хари Райя Айдиль Фитри, Жалпы мемлекеттік мейрам және т. б. [1] . Халықтардың сенімдері мен діндерінің араласуының тамыры ғасырлар тереңдігіне жоғалатын көптеген қызықты дәстүрлер және мерекелер пайда болған. Көбінде мерекелері үш түрлі болады:

1. Мұсылмандық мерекелер;

2. Буддистік мерекелер;

3. Еуропалық мерекелер.

Мұсылмандық мерекелер. Малайзиялықтарда Хари - Рай - Лусса деп аталатын мұсылман мерекесі бар, бұл мереке қасиетті рамазан айының соңғы күні деген мағынаны білдіреді. Барлық мұсылмандар бұл мерекені отбасымен бірге өткізеді. Сонымен қатар, Мұхаммед (С. А. С. ) пайғамбардың тұған күніде үлкен мейрам деп аталады. Мұсылман мерекелері кезінде барлық мұсылман қауым мешіттерге құран оқып, бағыштауға барады. Рамазан айынан 70 күннен кейін, Малайзия мұсылмандары Құрбан айт мерекесін тойлайды [18] .

Буддистік мерекелер. Малайзияда буддистік мерекелердің көптеген түрлері тойланады. Яғни, қытайлықтар және индуистік мейрамдары. Қытайлық мерекелердің бірі, барлық әулиелер мейрамы Ченг - Ченг, бұл ай күнтізбесімен есептегенде жеті ай бойы тойланатын аш әруақтар мейрамы.

Шамдар мерекесі және ай шелпектердің мейрамы - қытайлықтардың ең қызықты мейрамдары. Ай шелпектер мейрамы негізінен патриоттық болып саналады. Осы мейрамдарға тән, бірақ әлдеқашан ұмтылған аңыздары бар, осы күндері бүкіл қытайлықтар айға ұқсайтын шелпектерді даярлап, далаға неше түрлі киімдер киіп, қолдарына шам ұстап, өздерінің ежелгі мейрамдарын тойлауға шығады. Монғолдармен соғыс кезінде, қытайлықтар бір - біріне құпия хабарларды «айдай дөңгелек шелпектер» арқылы жіберген. Осы мейрамның тағы бір әдемі аңызы бар: бір хан болған екен, ол өте өз халқын қатты жәбірлеуші жауыз болыпты. Ол ажалсыздық сусынын ойлап табуға бұйрық береді. Ал оның әйелі болса, өз халқын сүйетін, сондықтан бұл сусынның көзін құртқысы келіп, өзі ішіп қояды. Ханшайым айға ұшып кетеді, сол уақыттан кейін ай адамдарға мейірімділік шуағын шашады. Халық болса, өз ханшайымы құрметіне ай шелпектерін пісіріп жүреді.

Мукейк фестивалі, бұл - Юань юнастиясы билеуі кезіндегі Қытайдың моңғолдарды жеңуі құрметіне, қытайлармен тойланатын мереке.

Малайзиялықтардың көптеген аңыздарымен байланысты, түпкі мейрамдары үнділік болып келетін, индуистік мейрамдары да көп. Осындай үлкен мейрамдар Куала - Лумпурда өтеді. Мерекелердің бірі Шри Махмашмариан шіркеуінде, қақтарда тойланатын томильдық мейрам. Осы мейрамда Тайпусам құдайының мүсіні тиелген арбаны сүйрейді. Осы мейрам Үндістанда еретикалық саналып, тойлануына тиым салынған. Сондықтан 2млн. жуық Азия томилдықтары өз рәсімдерін өткізу үшін, Куала - Лумпурға жиналады. Тағы аңызға айналған мейрамдардың бірі - Весак мейрамы. Бұл мейрам үнді күнтізбенің толуында болады. Весак мейрамында кептерді тордан босатып, тақуаларға садаққа беру керек. Бір апта бойы шіркеулерде будда діні туралы айтады, шіркеу айналасында осы үш оқиғаны көрсететін қызықты салтанатты шерулер өтіп жатады. Осы күні жергілікті шіркеулер ауласында күндіз-кешке қағаз шамдарын жағады [13] .

Еуропалық мерекелер. Малайзиялықтар бірінші қаңтарда жаңа жылды тойлайды. Бұл мейрам мұсылмандар тұратын штаттарда (Джохор, Келантан, Кедах, Перлис, Тренгану) тойланбайды.

Ең сүйікті еуропалық мейрамдарының бірі, бұл - христиандық Пасха. Осы мейрамда, олар әр түрлі тағамдарын пісіріп, даярлайды.

Ал Пенангта, 26 шілде де әулие ана мейрамын тойлайды.

Ұлттық тағамдар. Сечуандық тауық - тауықтан жасалған тағам, бұнда чили бұрышы көп мөлшерде салынған.

Унтон Ми - қуырылған доңыз, креветка және жіңішке жұмыр кеспе салынған тағам.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Малайзияның туристік орталықтары
Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі рекреациялық туризмнің дамуы
Малайзия мемлекетіндегі туризм
Жаңа индустриалдық елдер және олардың әлемдік экономикадағы рөлі
Малайзия елі
Өзіндік туризмді дамыту
Малайзия экономикасы
Тематикалық парктер жайлы
Туристік формальділік
Экологиялық туризмнің мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz