Банк үшін программалық жабдықты жобалау



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРМЕН ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУДІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Коммерциялық банктің заңды тұлғалармен жүргізетін операциялары. Үрдістің экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 «Центр Кредит Банкі» акционерлік қоғамы қызметінің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
1.3 Коммерциялық банктің заңды тұлғалармен операцияларын жүргізудің ақпарат жүйесінің тағайындалуы және мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
1.4 Коммерциялық банктің заңды тұлғалармен операцияларын жүргізудің ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
1.5 Коммерциялық банктің заңды тұлғалармен операцияларын жүргізудің ақпараттық жүйесіне концептуалды сызбасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРМЕН ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУДІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .49
2.1 Мәселенің қойылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .49
2.2 Ақпараттық жабдықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51
2.3 Ақпараттық база ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..57
2.4 Программалық жабдықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60
2.5 Есеп кешенін жүзеге асыруда қолданылатын программалық құралдар жабдығын сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61
2.6 Программалық қамтамасыз ету құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62

3 АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУЫ МҮМКІН БОЛАТЫН САЛА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 67
3.1 Коммерциялық банктің заңды тұлғалармен операцияларын жүргізудің ақпараттық жүйені тұрғызуға кететін шығынын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... 67
3.2 Ақпараттық өнімді коммерциялық сатуға берілетін кеңестер және нәтижесін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .72

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...74
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...76
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...79
Қазіргі даму кезеңінің ажырағысыз белгісі жаһандандыру және қоғамды ақпараттандыру болып табылады. Қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандыру ақпараттың және ақпараттық технологиялардың мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық дамуындағы рөлін түбірлі өзгертеді. Қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі, оның әлемдік жүйеге интеграциясы ақпараттық технологияларды пайдаланудың масштабы мен сапасына және мамандардың кәсіпкерлік қызметіне тәуелді [1].
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды.
Ақпараттандыру – жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді ақпараттық технологияларды қолдану негізінде құруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік – экономикалық және ғылыми – техникалық үрдіс [3]. Осы жағдайда ақпараттың маңызы артады, оның мәртебесі өзгереді – ақпарат бизнестің стратегиялық ресурсы болуда. Осы орайда мекемені басқару тиімділігі көп жағдайда ақпараттық база сапасымен және оны аналитикалық өңдеудің мұқияттылығымен анықталады.
Нарықтық жағдайда мекеменің өмір сүргіштігінің және тұрақтылығының кепілдігі қызметін оның қаржылық тұрақтылығы атқарады, ол ақша қаражаттарымен еркін маневрлеу, оларды тиімді қолдану арқылы үздіксіз өндіріс және өнімді өткізу процесін қамтамассыздандыратын қаржылық ресурстардың жағдайын бейнелейді. Мекеменің қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін, объективті, ғылыми негізделген және оптимальді басқарушылық, өндірістік және әсіресе қаржылық шешімдерді қабылдау үшін мекеменің қаржылық жағдайын талдау қажет.
Қазіргі кезде барлық мекемелер нарыққа өтуге, даму перспективаларын жасаумен, шаруашылық жүргізудің түрлі формаларын қолдану тиімділігін кешенді бағалаумен, жедел басқарушылық шешімдерді жасаумен байланысты байланысты талдау жұмыстарының ауқымының кеңейтілуінде қажеттілік сезінуде. Осыған байланысты ЭЕМ негізінде экономикалық талдауды автоматтандыру объективті қажеттілік болуда. Ол шаруашылық қызметті басқару процесіне сапалы ақпараттық қызмет көрсетудің маңызының артуымен, қазіргі заманғы ЭЕМ-ң техникалық мүмкіндіктерінің қарқынды дамуымен, экономика дамуының қазіргі кезең ерекшеліктерімен шарттасады.
Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі.
1. Қазақстан – 2030 Н.А.Назарбаев. Қазақстандықтар жағдайының өркендеуі, қауіпсіздігі және жақсаруы. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы – Егеменді Қазақстан,11 қазан 1997жыл.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы – Алматы,1995.
3. Закон РК. Об информатизации // Казахстанская правда. - 2003.- 14 мая
4. «Қазақстан Республикасының ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мемлекеттік бағдарлымасы туралы» 14 наурыз 2000 жылдың №359 Қазақстан Республикасының Президентінің /Указ/.
5. “Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы” ҚР заңы.29.06.1998ж.
6. 2000 жылғы 2 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасы бекіткен “ҚР-ның банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы” №266 нұсқау.
7. 2002 жылы 16 қарашада №465 қаулысымен бектілілген “Активтердің, шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы провизиялар құру” туралы ережесі.
8. 1999 жылы 15 қарашада Ұлттық банк Басқармасының қаулысымен бекітілген “ҚР екінші деңгейдегі банктерде кассалық операцияларды жүргізу” ережесі.
9. “ҚР аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі” туралы ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірде бекіткен №179 қаулысы.
10. Екінші деңгейдегі банктердің аудармалы және жай вексельдермен операцияларын жүргізу ережесі.15.11.1999ж. ҚҰБ Басқармасының №397 қаулысымен бекітілген.
11. Вендров А.М. Проектирование программного обеспечения экономических информационных систем. Учебник, М: Финансы и статистика,2000-352б
12. Е.Г.Неверова Ақпарат жүйелеріндегі мәліметтер базасын құрудағы пробл емаларды зерттеу/ “Экономикадағы ақпарат жүйелері” мақалалар жинағы. Алматы: Экономика.
13. Қ.С.Байшоланова Ақпараттық жүйелер теориясы/Алматы: Экономика Баспасы, 2002
14. Н.Б.Бралиева, Қ.С.Байшоланова Экономикадағы ақпарат жүйелері/Алматы: Экономика Баспасы, 2001.
15. Н.Б.Бралиева, Л.А. Байбулекова, А.И.Тилегенов Бизнестегі ақпарат жүйелері. – Алматы: Экономика Баспасы, 1998.
16. Э.М.Бенецкий, Л.А.Морозов. Қосымша программа пакеті қоймасына автоматтандыралған басқару жүйесін ендіру. – М, Статистика.
17. Экономикадағы автоматтандырылған ақпараттық технологиялар: Оқулық. Трибулина И.Т. – М: ФиС, 2000 – 416 бет.
18. Фаронов В.В. Delphi 4. Учебный курс.-М: “Нолидж”,1998.
19. Финансово-кредитный словарь, т. 1-3.
20. Данилов А.В. Корпоративные информационные системы. Москва 2004г.
21. Банк В.Р., Зверев В.С. Информационные системы в экономике. Экономист 2005г.
22. Гринберг А.С., Горбачев Н.Н. Информационные технологий управления. Учебное пособие – Москва.: Юнити - Дана, 2004г.
23. Банковское дело/под. ред. Сейткасымова Г.С. – Алматы:Қаржы-қаражат, 1998ж.
24. Грекул В.И., Денищенко Г.Н., Коровкина Н.Л. Проектирование информационных систем
Интернет-университет информационных технологий - ИНТУИТ.ру, 2005
25. Данилин А., Слюсаренко А. Архитектура и стратегия. "Инь" и "янь" информационных технологий. Интернет-университет информационных технологий - ИНТУИТ.ру, 2005
26. Вендров А.М. Проектирование программного обеспечения экономических информационных систем. М: «Финансы и статистика», 2000
27. Колтунова Е. Требования к информационной системе и модели жизненного цикла
28. Автоматизированные Системы Стадии создания. ГОСТ 34.601-90. Комплекс стандартов на автоматизированные системы. ИПК издательство стандартов. 1997
29. Буч Г., Рамбо Д., Джекобсон А. Язык UML. Руководство пользователя: Пер. с англ. М.: ДМК, 2000
30. Thiele D. Life cycle management using life cycle process standards. Abstract.
31. Козленко Л. Проектирование информационных систем.
32. Clegg, Dai and Richard Barker. Case Method Fast-track: A RAD Approach
Adison-Wesley, 1994.
33. Смирнова Г.Н., Сорокин А.А., Тельнов Ю.Ф. Проектирование экономических информационных систем. М.: Финансы и статистика, 2002
34. Построение и совершенствование систем управления. Елиферов В.Г., Репин В.В.
Бизнес-процессы: регламентация и управление. М.: ИНФРА-М, 2004
35. Основы организационного бизнеса (01.2002, Эмитент. Существенные факторы, события, действия)
36. Кондратьев В.В., Краснова В.Б. Модульная программа для менеджеров. Реструктуризация управления компанией. М.: Инфра-М, 2000
37. Калянов Г.Н. Теория и практика реорганизации бизнес-процессов
М.: СИНТЕГ, 2000
38. Калянов Г.Н. Структурный системный анализ. М.: Лори, 1996
39. Калянов Г.Н. Структурный системный анализ. М.: Лори, 1997
40. Марка Д.А., МакГоуэн К. SADT — методология структурного анализа и проектирования. М.: Метатехнология, 1993
41. Маклаков С.В. Создание информационных систем с AllFusion Modelling Suite
М.: Диалог-МИФИ, 2003
42. Черемных С.В., Ручкин В.С., Семенов И.О. Структурный анализ систем. IDEF-технологии. М.: Финансы и статистика, 2001
43. Буч Г. Объектно-ориентированное проектирование с примерами применения М.: Конкорд, 1992
44. Нейбург Э. Д., Максимчук Р.А. Проектирование баз данных с помощью UML
М.: Издательский дом «Вильямс», 2002
45. Маклаков С.В. BPwіn, Erwіn. Case -средства разработки информационных систем. М.: Диалог - Михи, 2000
46. Неверова Е.Г. Технология проектирования баз данных и знаний. - Алматы, Институт развития Казахстана, 2000
47. Мишенин А.И. * Теория экономических систем./ учебное пособие. - М.: Финансы и статистика, 2000.
48. Морозов В.К. * Основы теории информационных систем./уч.пособие- М.: ВШ, 1994.

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

Қорғауға жіберілді
Қолданбалы
информатика
кафедрасының
меңгерушісі:
ф.-
м.ғ.к., доцент Заурбеков Н.С.
№ ___ хаттама _________ 2010 ж.

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Банк үшін программалық жабдықты жобалау

050704- Есептеу техникасы және программалық жабдықтама мамандығы

Орындаған:
3 курс студенті _________________
Тугелбаев К.С.

Ғылыми жетекшісі:
ф.-м.ғ.д., профессор _________________
Нуржумаев О.Н.

Алматы, 2010

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Коммерциялық банктің заңды тұлғалармен операцияларды жүргізудің
ақпараттық жүйесін ТҰРҒЫЗУДЫ
негіздеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Коммерциялық банктің заңды тұлғалармен жүргізетін операциялары.
Үрдістің экономикалық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..5
1.2 Центр Кредит Банкі акционерлік қоғамы қызметінің
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
1.3 Коммерциялық банктің заңды тұлғалармен операцияларын жүргізудің
ақпарат жүйесінің тағайындалуы және
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
1.4 Коммерциялық банктің заңды тұлғалармен операцияларын жүргізудің
ақпараттық жүйесіне қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 35
1.5 Коммерциялық банктің заңды тұлғалармен операцияларын жүргізудің
ақпараттық жүйесіне концептуалды
сызбасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46

2 Коммерциялық банктің заңды тұлғалармен операцияларды жүргізудің
ақпараттық жүйесін
жобалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .49
2.1 Мәселенің
қойылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .49
2.2 Ақпараттық
жабдықтау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 51
2.3 Ақпараттық
база ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..57
2.4 Программалық
жабдықтау ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...60
2.5 Есеп кешенін жүзеге асыруда қолданылатын программалық құралдар жабдығын
сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...61
2.6 Программалық қамтамасыз ету
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62

3 Ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және қолдануы мүмкін болатын
сала ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 67

1. Коммерциялық банктің заңды тұлғалармен операцияларын жүргізудің
ақпараттық жүйені тұрғызуға кететін шығынын
есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... 67
2. Ақпараттық өнімді коммерциялық сатуға берілетін кеңестер және нәтижесін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..72

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .74
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..7 6
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...79

Кіріспе

Қазіргі даму кезеңінің ажырағысыз белгісі жаһандандыру және қоғамды
ақпараттандыру болып табылады. Қоғам өмірінің барлық салаларын
ақпараттандыру ақпараттың және ақпараттық технологиялардың мемлекеттің
әлеуметтік және экономикалық дамуындағы рөлін түбірлі өзгертеді. Қоғамның
экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі, оның әлемдік жүйеге интеграциясы
ақпараттық технологияларды пайдаланудың масштабы мен сапасына және
мамандардың кәсіпкерлік қызметіне тәуелді [1].

Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму
дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен,
біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық
технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі
пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді
қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды.

Ақпараттандыру – жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ақпараттық ресурстарды,
ақпараттық жүйелерді ақпараттық технологияларды қолдану негізінде құруға
және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік – экономикалық және
ғылыми – техникалық үрдіс [3]. Осы жағдайда ақпараттың маңызы артады, оның
мәртебесі өзгереді – ақпарат бизнестің стратегиялық ресурсы болуда. Осы
орайда мекемені басқару тиімділігі көп жағдайда ақпараттық база сапасымен
және оны аналитикалық өңдеудің мұқияттылығымен анықталады.
Нарықтық жағдайда мекеменің өмір сүргіштігінің және тұрақтылығының
кепілдігі қызметін оның қаржылық тұрақтылығы атқарады, ол ақша
қаражаттарымен еркін маневрлеу, оларды тиімді қолдану арқылы үздіксіз
өндіріс және өнімді өткізу процесін қамтамассыздандыратын қаржылық
ресурстардың жағдайын бейнелейді. Мекеменің қаржылық тұрақтылығын бағалау
үшін, объективті, ғылыми негізделген және оптимальді басқарушылық,
өндірістік және әсіресе қаржылық шешімдерді қабылдау үшін мекеменің
қаржылық жағдайын талдау қажет.
Қазіргі кезде барлық мекемелер нарыққа өтуге, даму перспективаларын
жасаумен, шаруашылық жүргізудің түрлі формаларын қолдану тиімділігін
кешенді бағалаумен, жедел басқарушылық шешімдерді жасаумен байланысты
байланысты талдау жұмыстарының ауқымының кеңейтілуінде қажеттілік
сезінуде. Осыған байланысты ЭЕМ негізінде экономикалық талдауды
автоматтандыру объективті қажеттілік болуда. Ол шаруашылық қызметті басқару
процесіне сапалы ақпараттық қызмет көрсетудің маңызының артуымен, қазіргі
заманғы ЭЕМ-ң техникалық мүмкіндіктерінің қарқынды дамуымен, экономика
дамуының қазіргі кезең ерекшеліктерімен шарттасады.
Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен
жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері
болып жіктеледі.
Ақпараттық жүйе (АЖ) - экономикалық объектіні басқаруға қажетті
ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі [8].
АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ)
тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу
мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал
ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру
техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп
беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ
жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономиканың функционалды құрылымының ақпарат жүйесіне
негізінен экономикадағы ақпарат жүйесі кіреді - бұл экономика бағытындағы
қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді
өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық
жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі.
Әлемдік қауымдыққа интеграциялану Қазақстан экономикасын дамыған
мемлекеттер үшін жалпы тенденцияларға сәйкес реформалауы тиіс, бұл барлық
кезеңдерде ең прогрессивті және қазіргі заман талабына сай ғылым және
басқару тәжірибесінің тәсілдерін, соның ішінде екінші деңгейлі банктер
қызмет көрсету саласының жаңа бағыттарын ендіруду білдіреді.
Ұсынылып отырған диплом жұмысының мақсаты – коммерциялық банктердің
қызмет көрсету түрлерін толығымен зерттеу, оның ішіндегі заңды тұлғалармен
операцияларды жүргізу технологиясын анықтау және осы операцияларды жүзеге
асыруға мүмкіндік беретін ақпарат жүйесін тұрғызу. Осы мақсатпен екінші
деңгейлі банктердің заңды тұлғаларға қызмет көрсетуі туралы ақпарат толық
болуын, заңды тұлғалардың қажеттіліктерін зерттеп, оларға ең қолайлы
технологиялардың тиімділігін арттыру, ағымдағы ақпараттың тиімділігін және
оның айқындылығын арттыру, коммерциялық банктер қызмет түрлерін талдауда
қолданылатын әдістердің және технологиялардың тиімділігін арттыру,
ұсынылатын мәліметтердің нақты және дәл болуын қамтамасыз ету және т.б.
есептер шешіледі.
Диплом жұмысы кіріспеден, теориялық бөлімнен, негізгі бөлімнен,
қолданушыға мүмкін болатын облысының ақпараттық жүйесінің деңгейін
бағалаудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан
тұрады.
Коммерциялық банктердегі заңды тұлғалармен операцияларды жүргізудегі
қолданылатын ақпарат жүйесін тұрғызуды негіздеу бөлімінде пәндік сала,
ұйым сипаттамасы, ақпараттық, программалық, математикалық,
ұйымдастырушылық, лингвистикалық қамтамасыз ету талаптары анықталған және
концептуалды сызбасы көрсетілген.
Негізгі бөлімінде коммерциялық банктердегі заңды тұлғалармен
операцияларды жүргізудегі қойылатын есептер кешенін жүзеге асыруда
қолданылатын программалық құрал жабдықтар сипаттамасы, математикалық,
программалық қамтамасыз етілуі және оның құрылымы берілген. Сонымен қатар
бақылаушы есеп пен қолданушыға нұсқау көрсетілген.
1 Коммерциялық банктің заңды тұлғалармен операцияларды жүргізудің
ақпараттық жүйесін ТҰРҒЫЗУДЫ негіздеу

1.1 Коммерциялық банктің заңды тұлғалармен жүргізетін операциялары.
Үрдістің экономикалық мәні.
Банктік ақпараттық жүйелер

Әлеуметтік-экономикалық реформалардың өзгеру барысында өндірістік
қатынастар өзгеріп, меншіктің жаңа түрлері-жалға беру, жеке, акционерлік
сияқты жаңа түрлері дамиды да, бұлардың барлығы қаржылық механизмнің және
оның түрлері мен шаруашылық субъектілерге әсер ету әдістерінің маңызды
өзгерісін туындатты.
Қаржылық және банктік ұйымдарды жетілдірудің маңызды бағыттарының
біріне қазіргі АЖ-ны қолдану жатады. Еліміздің нарықтық қатынасқа көшуіне
байланысты қаржылық және банктік жүйелердің түбірлі өзгерістерінің жүзеге
асырылуы, жоғарыдығы бағыттың жаңа болашағын ашты. Банктер үшін ақпаратты –
есептеу желістерін біртұтас ұйымдастырудың, әрі қаржы органдарының АЖ-ларын
басқа АЖ мен тығызырақ өзара әрекеттестірудің мүмкіндіктері туындады.
Қаржы басқарудағы есептерді шешу үшін қазіргі АЖ-ны қолданып,
қабылданатын шешімдердің сапасын жақсартады, аймақтар мен ұйымдардың,
мекемелердің қаржылық күйінің сипатын ашып, қаржылық жағдайды жақсарту
бағытын, әрі қосымша қорларды анықтайды.
АЖ тұрақсыз, себебі онда ақпарат және есептеу техникасы саласындағы
ұдайы дамудың нәтижесінде, едәуір жылдамырақ өзгерістер болады.
Нарықтық қатынасқа көшу барысындағы қаржылық және банктік
механизмдердің қайта құрылуы, қаржылық және банктік ұйымдардағы АЖ-ның
функционалдық бөліміне маңызды әсер етеді.
Қазіргі уақытта қаржылық объектілерді басқару жұмысы жетілдіріліп,
қаржылық есепке алудағы АЖ құрастырылды. Мұндағы қаржылық есепке алу – бұл
мемлкеттік бюджетті құрсатырып және орындау бойынша есеп айырысуды
атқаратын жинақталған жүйе.
Бұл жүйенің функционалдық бөліктері: бюджеттің құрамына есеп
айырысуы, мемлекеттік кіріс, бюджеттік мекемелер мен шаралардың шығындары
және халық шаруашылығының салаларындағы қаржылар болып, төрт ішкі жүйелерге
бөлінеді.
АЖ-да мәліметтердің интегрирленген қоймасын құрастырып, әрі қолдану
жоспарлы есеп айырысу функциясымен қатар, есепке алу, жедел талдау және
реттеу, бақылау функцияларындағы шешімдерді қабылдауды кеңейтеді.
Банктік мекемелердің АЖ-сы құрастырылуда. Банктік мекемелерді тұрғызу
негізі – банктік органдарды тұрғызудың иерархиялы құрылымын
бейнелейді.Ұлттық банктің біртұтас АЖ-сы көлемінде коммерциялық банктердің
АЖ-сы тұрғызылады.
Банктік ақпараттық жүйесін – қаржыландыру мен несиелендірудің
шарттары бойынша бақылауда болатын қорлардың таратылуын, қайтарылып отыруын
және теңбе-теңдігін жеңілдететін жабдық болып табылатын біртұтас
программалық-технологиялық жиын деп түсінуге болады.
БАЖ – банктік есептерді дара түрде емес, қайта біріккен түрде, әрі
олардың өзара күрделі байланысын бейнелеп отырып қамтиды. Бұл дегеніміз
жақсы автоматтандырылған есептердің бірігуі емес, бұл өзінше күрделі
иерархиялы құрылымымен бірнеше функционаодық мақсаттары бар және
стохастикалық (ықтималдық) сипаттағы жұмыс кезеңдерін басқаруды
жабдықтайтын жұмыста динамикалық қасиеті бар күрделі жүйе. Сол себепті де
БАЖ тұрғызып өңдеуде оның құрылымына әсер ететін көптеген келесі
факторларды талдау қажет болады:
▪ Банктің жалпы сипаттамасы және оның жақындағы және болашақтағы
мақсаттары мен стратегиялық бағытының дамуы;
▪ Банкте қалыптасқан басқару құрылымының ерекшеліктері;
▪ Банктік технологияларды тұрғызудың жалпы принциптері;
▪ Автоматтандырылуға тиісті функциялардың құрамы мен болашақтағы
жүйенің сәулеті;
▪ Кіру және шығу ақпаратының көлемі мен кіру құжаттарының саны;
▪ Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар.
Осы талдаулар негізіндегі болашақ БАЖ-ның принциптері қалыптасады.
ЭАЖ-ның функционалдық бөлігіне қатысты экономикалық объектіні
автоматтандыру барысында бүгінге дейін өзекті болып отырған мәселелердің
біріне оның ішкі жүйелерінің бөліну қағидасы жатады. Ал кез-келген жүйенің
құрылымы мен функциясын меңгеру – оны талдаумен әрі қарай синтездеуге
негізделеді. Егер талдаудың мақсаты қандай да бір жүйенің қызмет жасау
заңдылықтарын оның құрамы бойынша меңгеру болып табылса, ал синтездеу есебі
– жүйенің қызметін жүзеге асыратын құрылымды жобалап, оны іріктеу.
Банктегі басқару көп аспектілі болғандықтан, жобалау барысында БАЖ-
сын банктегі басқару объектілері мен функциялары және уақыт аралықтары
бойынша жіктеуге болады.
БАЖ-де басқа да басқару жүйелері сияқты өзара тығыз байланысқан
келесі түрдегі функциялар орындалады:
▪ Есепке алу мен бақылау. Банктегі есепке алу мен бақылау операциялық
және бухгалтерлік есеп бойынша бөлінеді. Себебі банктік есепке алуды
аналитикалық деңгей тұлғалық шоттарда бейлененіп әрбір тұлғалық шот
нақты баланстық түрге енеді. Әрбір жұмыс күні баланс, правоткалар және
тұлғалық шоттардың өзгерген күйін қалыптастырумен аяқталатын
болғандықтан олар тез арада синтетикалық шоттармен баланста
бейнеленеді;
▪ Талдау, ол банктің ішінде және сыртында қалыптасқан экономикалық
жағдайларды танып білуге мүмкіндік жасайтын басқару функциясы. Ірі
банктерде екі тәуелсіз бөлімдер: банк ішіндегі және сыртындағы күйін
талдаумен жабдықтайтын бөлімдер болады;
▪ Жоспарлау – ол талдау мәліметтері арқылы күрделі жағдайдан шығудың
мүмкін болатын шешімдерін және алға қойған мақсаттарға жету жолдарын
дайындайды. Бұл жағдайды банктің ішкі күйін жоспарлау мен сыртқы
әрекеттерін жоспарлау бірігіп қарастырылады. Дегенмен олар құрылымдық
тұрғыда бөлек алады;
▪ Реттеу, басқарудың бұл функциясында жоспарлау функциясының шешімдері
жүзеге асырылады. Банктегі стратегиялық және тактикалық мақсаттар
бойынша басқару уақыттары басқару кезеңінің ұзақтығына сәйкес жедел
(бір жұмыс күні) және ағымдағы (ай, квартал), болашақтағы (жыл) болып
бөлінеді.
Банктегі басқару объектісіне бөлімшелердің немесе жеке қызметкерлердің
қызметін және технологиялық кезеңдерде тұратын банктік операцияларды
жатқызуға болады.
Банктің басқару құрылымы – оның көлеміне, қызмет көрсету және
клиенттермен операциялар жасау санына байланысты болады. Банктің басқару
құрылымы үшке бөлінеді:
1. Сызықты түрдегі басқару;
2. Штабты ұйым түрінде;
3. Сызықты-штабты ұйым түрінде.
Сызықты түрдегі басқару жағдайында банк басқармасының бөлімдер тікелей
бағынады. Бұл жағдайдағы бақылау жеңіл және қарапайым түрде жүргізіледі.
Штабты ұйым түрінде, басқармаға басқару қызметінде орындалатын
біртекті принциптер бойынша біріккен бөлімдердің бағынуы жатады.Оған
мысалға валюта департаментін айтуға болады.
Сызықты-штабты ұйым түрі күрделі болып ондағы депозиттік, несиелік,
инвестициялық және т.б.амалдары жүзеге асыратын бөлімдер аралық деңгейдегі
басқаруға бағынып қажет еткен жағдайда жергілікті мақсаттарды қалыптастырып
жүзеге асырады.Басқарудың бұл түоі күрделі әрі қымбатқа түседі.Бірақ
басқару сапасы жағарырақ болады.Мысалы, коммерциялық банк құрылымын
қарастырайық. Коммерциялық банк басқармасы стратегиялық басқаруды жүзнгн
асырады, яғни ол бухгалтерлік есеп беру нәтижесіндегі мәліметтермен
экономикалық талдаулар негізнде банктің саясатын, мақсатын қалыптастырады
және оларды департаменттерге жеткізіп, ондағы бөлімшелердің орындалуын
тапсырып бақылайды. Сондай-ақ банктік портфельдің күйін бақылап,
экономикалық жағдайға байланысты оларды қайта өзгертіп қарастырады.
Банктегі қызмет барысының автоматтандаралуына байланыстыбанктік
технологияларға тоқталайық. Әр түрлі банктердегі біртекті операциялардың
орындалу технологиясы әр түрлі болып, кейде олардың мақсаттары мен
фукциялары біртекті автоматтандырылған бөлімшелерге сәйкес келмей жатады.
Соның салдарынан нарық жағдайындағы банктік қызметті автоматтандыруға
арналған әр түрлі программалық жабдықтар көптеп пйда бола бастады. Мысалы,
Мини банк, Диасофт, Банкир, Коммерческий банк, VIMCOM,
OPTIMUM, DACOMS-Bank және т.б. БАЖ пайда бола бастады. Нарықтағы
талдауға байланысты, оларды келесі белгілнр бойынша топтауға болады:
1. басқару құрылымы бойынша;
2. қорларды трансфармациялау бойынша;
3. басқару қызметтері бойынша;
Бұл жаңа ақпараттық технологиялар әртүрлі автоматтандырылған жұмыс
орындарына бөлінеді. БАЖ өзгертуді тек өңдеушілер өздері жасай алатындай
жүзеге асырылады. Оны администратор жүзеге асырады. Дегенмен Отандық БАЖ-
ның кемшіліктеріне: несиелік портфельдің сапасына автоматтандаралған түрде
талдау жасау және жоспарлау жұмыстарының жоқтығы жатады.
БАЖ-ны тұрғызудың маңызды негізіне – оның сенімділігі мен
қалыптасқыштығы жатады. Сенімділік АЖ қорларымен жұмыс істеуде туындайтын
ақау кезіндегі жүйенің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етуден тұрады. Бұл
әсіресе, банктік қызметтің қысқа мерзімдік нәтижелерін келесі күні таңертең
алу үшін өте маңызды. Қалыптасқыштық – бұл өзгеріп отырған жағдайлардағы АЖ-
ның қалыпты қызмет ету мүмкіндігі, яғни жүйеге қызмет көрсететін мекемелер
саны өскенде, жүйе қалыпты қызмет етуі керек. [8]
Әр түрлі банктердің АЖ-сындағы функционалдық ішкі жүйелер, осы
банктегі орыдалатын функциялармен анықталатындықтан, әр түрлі болып
табылады. ҰБ-тің АЖ-сындағы функционалды ішкі жүйелер – банктік амалдардың
орыдалуын басқару мен есепке алу және төлемдік айналымды, ақша айналымын,
несиені, қаржыландаруды басқару болып бөлінеді.
Банктік ұйымдардағы АЖ-ны құрастыруға жүйелік тұрғыдан келу керек,
яғни барлық қаржы – несиелік жүйелер көлеміндегі ақпаратты өңдеуді, оның
құрылымын ескере отырып, дәлірек айтқанда, әр түрлі деңгейлер мен
бөлімшелер бойынша, тік және көлденең бойынша ақпаратты байланыс түрінде,
сондай-ақ, басқа да АЖ бойынша құрастыру қажет.
АЖ саласындағы ғылым жетістіктері, қолданушылардаң мәліметтер банісін
пайдалану жағдайындағы жұмыс істеу мүмкіндігін атқаруға рұқсат етеді. Ол
бүтін жүйеге біріккен және қаржы-несие жүйесіндегі қолданушылар мен
бөлімшелер, объектілер және деңгейлер арасында таратылған бірнеше МБн-ді
қамтуы мүмкін. Бұл ақпаратты оның пайда болған жерінен ендіріп және
мәліметтерді өңдеу барысын орталықтандырмауға мүмкіндік береді. Қаржы-несие
жүйесінде АЖ-ның әрі қарай дамуы мәліметтерді өткізудің қазіргі жүйелерін
пайдалану негізінде, мәліметтер тарапын өңдеуге сүйенуі тиіс. Сондай-ақ,
есептеу жүйелері мен желістерін орталықтандырып және орталықтандырмай
басқару мен ұйымдастыруды үйлестіру қажет. Орталықтанырмай өңдеудің
келешегі зор түріне қаржы-несие қызметкерлерінің АЖО-сы жатады. Бұл ыңғайлы
және сенімді АЖ-ны тұрғызуға; ЭЕМ-мен қолданушының ұтымдыөзара әрекетін
қамтамасыз етуге; қаржы-несие ұйымдарындағы қолданушылардың әр қайсысына
жеке АЖ-ны тұрғызуға, әрі желістегі кез-келген абоненттің АЖ-сына ене
білуге мүмкіндіктер береді. АЖО адамның есептеу техникасымен қатынас
жасайтын тікелей құралы. АЖО-ның ыңғайлығына сол, ол қолданушы жұмысының
талаптары мен шарттарына жеңіл қалыптасқан.
АЖО-ны қолданудың тиімділігі – ақша қорларын пайдаланудысенімді
бақылаудан, әрі қызметкерді бейнеті көп амалдардан босатып, талдау
жұмыстарын тез уақытта жасауға мүмкіндік береді, әрі қабылданатын
шешімдердің жеделдігі мен тиімділігіне жақсы әсер етеді.
Банктің есеп айырысу-кассалық операциялары екі формада жүзеге асады:
қолма-қол ақшалар мен қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу.
Қолма-қол акшалармен есеп айырысулар — бұл нақты ақшалармен төлемдер
және аударымдар жасауды сипаттайды.
Мұндағы нақты ақшаларға: банкноталар және монеталар жатады. Қолма-қол
ақшалармен есеп айырысулар көбіне кассалық операциялар көмегімен іске
асады.
Есеп айырысу операцияларының басым бөлігі қолма-қолсыз түрде жүреді.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулар — клиенттердің банкте ашқан
шоттары көмегімен, олардың тапсырмасы негізінде бір шоттан екінші бір шотқа
аударылатын төлемдердің жиынтығы.
Мүндағы, қолма-қолсыз ақшалар — чектер, пластикалық карточкалар,
электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы
сақтаған ақшалары (депозиттер).
Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен
өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс сферасынан екінші біріне
өтіп отыруынан байқалады. Айталық, қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке
салынуы,олардың қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал банктен жалақы,
жәрдемақы, стипендия, зейнетақы және т.с.с. төлеу үшін ақша алған
жағдайларда қолма-қолсыз ақшалардың қолма-қол ақшаларға ауысуы байқалады.
[5]
Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және
қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі туралы
ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірде бекіткен № 179 қаулысына
сәйкес, заңды түлғалар арасындағы 4000 айлық есеп көрсеткішінен асатын,
яғни 3488000 ~ (4000 X 872) теңге сомасынан жоғары мөлшерде есеп айырысулар
тек қана қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс. Осы ережеге сәйкес
қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылатын төлем құжаттарының түрлеріне
мыналар жатады:
* төлем тапсырмасы;
* төлем талабы-тапсырмасы;
* инкассалық үкім;
* чекпен есеп айырысу;
* вексельмен есеп айырысу.
Аталған төлем құжаттарының мынадай өзіне тән көрсеткіштері болуға тиіс:
1) төлем құжатының атауы;
2) төлем құжатының номері, толтырылған күні, айы, жылы;
1) ақшаны аударушының (төлеушінің) толық аты-жөні және жеке
идентификациондық коды;
2) ақшаны аударушы банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық
коды;
5)бенефициардың (ақшаны алушының) толық аты-жөні және жеке
идентификациондық коды;
5) бенефициар-банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық коды;
6) төлемнің тағайындалу коды;
8) санмен және жазбаша түрде берілген төлем сомасы;
9) төлемді немесе ақшалай аударымды жасайтын тұлғаның қолдары мен мөрлері
(егер құжат қағаз түрінде толтырылған болса);
10) бенефициардың және ақшаны аударушының салықты
төлеуші ретінде тіркеу номері (СТТН).
Төлем құжаттары қағаз және электрондық жолмен толтырылуы мүмкін.
Төлем құжаттарының дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі. Әсіресе, ондағы
телемнің тағайындалу коды 1999 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік классификаторы — төлемдердің тағайындалуының
бірдей классификаторын пайдалану ережесі туралы ҚР Ұлттың Банк
Басқармасының бекіткен № 388 қаулысына сәйкес болуға тиіс.
Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторы Қазақстан
Республикасындағы ақша-несие және валюта саясаты, сыртқы қарыз, төлем
балансының параметрлерін, банк жүйесінің жағдайын шұғыл түрде талдау,
жоспарлау және бақылау, сондай-ақ ақша ағымын талдауға мүмкіндік беретін
көрсеткіштер жүйесін қалыптастыруға арналған.
Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторының құрылымы
мынадай:

II III IV VVII IX X
I VI VIII

мүндағы:
I — ақшаны аударушының резиденттік белгісі;
II — ақшаны аударушынын экономика секторы;
III. — бенефициардың резиденттік белгісі;
IV. — бенефициардың экономика секторы:
V, VI, VII — валюта және бағалы металдар коды;
VIII — операция түрі;
IX— төлемнің сипаты;
X — төлемнің ашып көрсетілуі.
Резиденттік белгісі ҚР-ның валюталық заңдылықтарына сәйкес анықталады және
былай белгіленеді: 1 — резидент; 2 — бейрезидент. Экономиканын,
секторыныц коды мынадай:
0. — Халықаралық үйымдар;
1. — Орталық Үкімет;
2. — Аймақтың және жергілікті басқару органдары;
3. — Орталық (үлттың) банктер;
4. — Басқа депозиттік ұйымдар;
5. — Басқа қаржылық ұйымдар;
6. — Мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар;
7. — Мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар;
8. — Үй шаруашылығына қызмет көрсететін, коммерциялық емес ұйымдар;
9. — үй шаруашылықтары.
Төлемнің тағайындалу коды операциянын түрін анықтайтын 10 санаттан
тұрады:,
0. — Зейнет ақы және жәрдем ақы;
0. — Қолма-қол ақшамен операциялар (спецификалық аударымдар);
1. — Шетел валютасы және бағалы металдармен операциялар;
2. — Депозиттер;
4. — Займдар;
— Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінің шығарған бағалы қағаздары,
вексельдер және депозиттік сертификаттары және шетел капиталына
инвестициялар;
— Қазақстан Республикасының резиденттерінің шығарған бағалы қағаздары мен
вексельдері және Қазақстан капиталына инвестициялар;
7. — Тауарлар мен материалдық емес активтер;
8. —Көрсетілетін қызметтер;
9. — Бюджетке төлемдер мен бюджеттен төлемдер. Төлемдердің тағайындалуының
бірдей классификаторы
толтырылатындарға мынадай төлем құжаттары жатады:
-төлем тапсырмасы;
-төлем талабы-тапсырмасы;
-сальқ (кеден) органдарының инкассалык үкімі;
-аударуға берген өтініш; [10]
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу — бұл қазіргі кезде кеңінен
қолданылатын есеп айырысу формасы.
Төлем тапсырмасы — ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада
көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке
берген тапсырмасы.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу мынадай төлемдерді жүзеге асыру үшін
қолданылады: алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін, тауарлы емес
операциялар (зейнетақы және сақтандыру қорына төлемдер, салықтық төлемдер,
банкке комиссиондық және т.б. төлемдер) бойынша, жабдықтаушылар мен
мердігерлерге тауары және көрсетілген қызметтері үшін алдын ала төлеуге
аванстык төлемдер.
Төлем тапсырмасы оны толтырған күннен бастап (оны толтырған күн
есепке алынбайды) он күнге жарайды және тәлеушінің шотында қаражат болған
жағдайда ғана іске асырылады.
Екі жақтың келісуі бойынша төлем тапсырмасы мерзімді, мерзімінен
бүрын және кешіктірілген болуы мүмкін. Мерзімді төлем — бүл тауарды
жөнелткенге дейін (1-сурет); тауарды жөнелткеннен кейін, яғни тікелей
келісім беру жолымен (2-сурет); немесе ірі мәмілелер барысында бөліп төлеу
арқылы жүргізіледі. Мерзімінен бұрын және кешіктіріп төлеу
бұл жақтың қаржылық жағдайына зиян келмеуі үшін жасалған келісім негізінде
төленуі мүмкін.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу сызбасы 1-суретте берілген.

1

4 2

3

1-сурет. Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар (қызметтер) үшін төлемді сатып
алғаннан кейін төлеу барысында есеп айырысу сызбасы

1 — тауарды (қызметті) жабдықтау; 2 — төлем тапсырмасын банкке беру
және шоттан қаражатты шегеру; 3 — бенефициар банкіне қаражатты аудару және
алушының шотына есептеу; 4 — бенефициардың шотына қаражат түскендігін
хабарлау.
Төлеуге кепіл болуы мақсатында төлеуші мәміленің шартында төлем
тапсырмасына акцепт беруі мүмкін. Бүл жағдайда банк тапсырмадағы соманы
төлеу үшін тиісті қаражатты жеке бір шотқа аударып қояды.Төлем тапсырмасы
арқылы есеп айырысудың кемшілігіне қаражат айналымының біршама қиындығы мен
ұзақтығы және клиенттің шаруашылық айналымынан белгілі бір қаражат
бөлігінің шығып қалуы жатады.
1
5
4 2

3

2-сурет. Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар (қызметтер) үшін төлемді алдын
ала төлеу барысында есеп айырысу сызбасы

1— алдын-ала төлеу барысында тауарды (қызметті) жабдықтау туралы
келісімшарт жасау; 2 — төлем тапсырмасын банкке беру және шоттан кара-жатты
шегеру; 3 — бенефициардың банкіне қаражатты аудару және алушының шотына
есептеу; 4 — бенефициарға оның шотына қаражат түскендігін хабарлау; 5—
тауарды (қызметті) жабдықтау.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысудың артықшылығы, оның әмбебап есеп
айырысу формасы ретінде ішкі банкаралық есеп айырысуларда және
мемлекетаралық жабдықтауларға байланысты, тауарлы және тауарлы емес
операциялар бойынша, сатып алған тауарын төлеу және алдын ала төлеу, аванс
арқылы төлеуде қолданылумен сипатталады.
Төлем талап-тапсырмасы — бүл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың
жаңа формасы, біздің тәжірибеге 1990 жылы енгізілген болатын. Мұнда төлем
талабы және телем тапсырмасының элементтері қатар қамтылған. Төлем
талап-тапсырмасы — бенефициардың төлеушіге оған қызмет көрсетуші банкке
бағытталған, жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет
құнын жіберілген есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабы.
Төлем талап-тапсырмасын бенефициар толтырады да, оны коммерциялық
құжаттармен бірге бірден аударушының банкіне жібереді. Аударушының банкі,
ол төлем талап-тапсырмасын төлеушіге береді. Төлем талап-тапсырмасы
банктегі аударушының шотында ақша болған жағдайда ғана қабылданады.
Төленбеген төлем талап-тапсырмасы 3 күннен 30 күн араулығында № 1
картотекаға орналастырылуы мүмкін.
Төлем талап-тапсырмасы бойынша төлеуден бас тартатын болса, оны осы
үш күн ішінде банкке хабарлайды. Сөйтіп төлем талап-тапсырмасы жөнелту
құжаттарымен және телеуден бас тартуын хабарлайтын құжатпен бірге тікелей
бенефициарға қайтарылады. Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысудың
мынадай артыкшылықтары бар: келісімшарт тәртібінің нығаюына мүмкіндік
береді және құжат айналымын жылдамдатады.

1

6 2 3 4

5

3-сурет. Төлем талап-тапсырмасы бойынша есеп айырысудағы құжат
айналымының сызбасы
1— тауарды жабдықтау (қызмет көрсету); 2— төлем талап-тапсырмасын
аударушының банкіне жіберу; 3 — есеп айырысу құжаттары аударушыға келісім
беруі ушін беріледі; 4 — төлеуге келісім берген есеп айырысу құжаттары
банкке кайтарылып, ондагы сома банкте сатып алушының шотынан шегеріледі; 5—
бенефициардың банкіне қаражат аударылып, онда бенефициардың шотына есепке
алынады; 6 — бенефицйардың шотына қаражат келіп тускендігін хабарлайды.
Инкассалық өкім — заң актілерінде көзделген жағдайда ақшаны
жөнелтушінің келісімінсіз, оның банктік шотынан ақшаны алу үшін
пайдаланылатын төлем құжаты.
Инкассалық өкім салық және кеден органдарына төленбеген төлемдерді,
сондай-ақ соттың шешімі бойынша басқа да төлемдерді талап ету жағдайында
қолданылады. Мұндағы салық және кеден органдарының инкассалық өкімінен
басқасы міндетті түрде соттың шешімдері, бүйрығы, қарары және қаулысы
бойынша берілетін орындау парағымен бірге жүреді.
Инкассалық өкімде төлемнің тағайындалуы ақшаны аударушының банктік
шотынан, оның келісімінсіз ақшаны алуға құқық беретін заңды актіге сілтеме
көрсетіледі.
Салық және кеден органдарынан келіп түскен инкассалық өкім сомасы
аударушының шотындағы қаражат көлемінде төленуі мүмкін, яғни қаражат келемі
толық жетпеген жағдайда, сол құжаттың келесі бетіне жартылай төленді
деген белгі қойылуға тиіс. Қалған сома қаражаттық шотқа түсуіне қарай
төленеді. Тек қана соттың шешімімен келетін инкассалық өкімдер шотта
қаражат сомасы жеткілікті болған жағдайда төленеді, керісінше жағдайда ол
шоттағы қаражат қозғалысына тыйым салынады. Мұндай төлем құжаттары басқа
қүжаттарға қарағанда кезектен тыс төленуге тиіс.
Чекті есеп айырысу барысында төлем құралы ретінде заңды және жеке
түлғалар пайдалана алады. Чек арқылы есеп айырысудың қолайлылығы мынада:
* егер де төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал жабдықтаушы
төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағдайда;
* сатушы белгісіз болған жағдайда.
Еліміздегі чекті пайдалану барысы 1998 жылғы 5 желтоқсандағы ҚР
Ұлттың банк Басқармасы бекіткен № 266 қаулыға сәйкес жүзеге асады.
Аталған ережеге сәйкес чектер мынадай түрлерге бөлінеді:
• Кепілденген чек — чек берушінін банкіндегі шотындағы қаражаттың
көлеміне байланыссыз чекте көрсетілген
соманы төлеуге қызмет көрсетуші банктің беретін кепілін
көрсететін чек.
Кепілдендірілмеген чек — чек беруші банктің кепілдігі көрсетілмеген чек;
Қамтамасыз етілген чек — банкке алдын ала салған депозитпен қамтамасыз
етілген чек;
■ Камтамасыз етілмеген чек — депозитпен қамтамасыз етілмеген чек.
Ережеге сәйкес, чек — бүл чек берушінін чекті қабылдаушы банкпен
өзара жасалған келісімшарт негізінде чекте көрсетілген соманы чекті
ұстаушыға төлеу туралы бүйрығы.
Чектің өзіне тән мынадай көрсеткіштері болады:
1) Чек деген атауы;
2) Чек номері мен сериясы;
3) Чектің қызмет ету мерзімі;
4) Чек берушінің аты-жөні;
5) Чек берушінің СТТН-І;
6) Санмен және жазбаша түрде көрсетілген сомасы, күні, айы, жылы, чек
берген жері және чек берушінің қолы мен мөрі;
7) Чек ұстаушының аты-жөні;
8) Чек ұстаушының СТТН-І;
9) Чекті төлеуге міндетті чек беруші банктің атауы;
10) Чек беруші банктің жеке банктік коды;
11) Бүйрық бойынша төлеңіз кестесі;
12) Төлемнің тағайындалу кестесі;
10) Чекті төлем ретінде қабылдағаны туралы чек үстаушының белгі соғатын
орны.
Чектер қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру және қолма-қол ақша алу
үшін пайдаланылады. ҚР-да чекпен есеп айырысу тек қана үлттық валютада
жүзеге асады. Банктен қолма-қол ақшалар алуға арналған чектің түріне
акшалай чек жатады. Мүндай чектің түрін Ұлттық банктің бекітілген
формасында 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін екінші деңгейдегі банктер
өздерінің клиенттеріне беріп келсе, бүгінгі күні кез келген коммерциялық
банк өзінің формасында чекті шығарып отыр. Чекті пайдалану банктен алатын
чектік кітапша негізінде іске асады. Чек алу үшін шот иесі банкке чектік
кітапша алуға өтінішін жасайды.

Чектің қызмет ету мерзімі толтырылған күнді есептемегенде он күнді
құрайды. Чек бойынша бір банкте есеп айырысудың тәртібі сызбамен берілген
(4-сурет). 3
5 1 2

4-сурет. Чекпен есеп айырысу сызбасы

1 — төлеуші банкке чектік кітапша беру туралы өтінішін жасап, оған
косымша төлем тапсырмасын береді; 2 — банк оған чектік кітапша береді және
төлем тапсырмасындағы соманы жеке бір шотка аударады; 3 — бенефициар
тауарын жөнелтеді немесе кызмет көрсетеді; 4 — тауарлар мен қызметтер үшін
чекпен есеп айырысады; 5— бенефициар чекті банкке көрсетеді, ал банк сатып
алушының шотынан чектегі соманы шегеріп, оны бенефициар шотына түсіреді.
Вексель қолма-қолсыз есеп айырысудың бір құралына жатады. Себебі,
вексельдің атқаратын басты қызметі — төлем құралы. Есеп айырысу барысында
пайдаланылатын вексельдің түрлері: жай және аудармалы болып келеді.
Вексель сөзі ағылшын тілінде Bill notе — міндеттеме шоты дегенді
білдіреді.
Вексель — белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және
белгіленген жерде тәлейтіндігі туралы борышқордың қарыздыкқ міндеттемесі.
Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы. Вексельдің түрлеріне ҚР-
дағы вексель айналысы туралы (28.04.97) ҚР заңында мынадай түсініктемелер
берілген:
— Жай вексель (соло) — вексельді ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы
белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель
берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.
— Аудармалы векселъ (тратта) — вексельде керсетілген соманы білгілі бір
уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір
тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен
негізделмеген ұсынысын (бүйрығы) сипаттайтын вексель.
Жай және аудармалы вексель — коммерциялық вексельдің түрлері ретінде
қарастырылады.
Енді жай және аудармалы вексельдің айналысы процесіне мән берелік. Ол
көрініс 5-ші және 6-ші суретте берілген.
1
2
3
4

5-сурет. Жай вексельдің айналыс процесі

1 — сатып алушы (вексель беруші) вексельді тауарды (қызметті) сату-шыға
ұсынады; 2 — сатушы (вексель үстаушы) сатып алушыға (тапсырыс берушіге)
тауарын, өнімін жөнелтеді, жүмысын атқарады, қызметін көрсетеді; 3 — сатушы
вексельде көрсетілген,яғни төлейтін мерзім жеткенде вексельдегі қарызды
төлеуге төлеушіге үсынады; 4 — сатып алушы (телеуші) вексельді төлейді.

1
2
3 5 4

6-сурет. Аудармалы вексельдің айналыс процесі

1 — вексель беруші (трассант) төлеушіге (трассатқа) тауарын және оған қоса
аудармалы вексельді (траттаны) жөнелтеді; 2 — төлеуші (трассант)
акцептелген вексельді вексель берушіге (трассантқа) қайтарады; 3 — вексель
беруші (трассант) акцептелген вексельді ремитентке (аудармалы вексель бо-
йынша қаражатты алушыға) жібереді; 4 — вексельде келісілген төлем
мерзімінде ремитент вексельді трассатқа төлеуге үсынады; 5 — трассат
вексельді телейді және сонымен бірге вексельдің келесі бетіне төлегені
туралы белгісін салады.
Вексель айналысын бірінші болып қолдаушылардың қатарында
Казкоммерцбанк тәжірибесін атап кетуге болады. Бүл банк 1996 жылы ҚР
Үкіметінің астың жинау бағдарламасына сәйкес өзінің 500, 1000 және 5000 АҚШ
долларындағы астың вексельдерін айналымға шығарып, оларды несие қүралы
ретінде клиенттеріне берді. Сол клиенттерінің ішінде атап айтсақ сыртқа
астық сатумен айналысатын Астық акционерлік компа-ниясы 5000 АҚШ
долларындағы вексельді тендер бойынша жеңіп алып, оны өзінің
жабдықтаушылары арасында төлем құралы ретінде пайдаланды.
Сонымен қатар, осы банк 2003 жылы домицилиант ретінде Қазақстан
темір жолы ҮК-ның 200,0 млн теңгеге бағалаған вексельдерін өтеді.
Мұндағы, домицилиант — векселъде көрсетілген төлемді жүзеге
асыратын, вексельге делдал ретінде қатысатын банк.
Аккредитивтік есеп айырысу формасы. Аккредитивпен есеп айырысу жиі
қолданылмайды, бірақ та ол нарық жағдайында біршама түрақты есеп айырысу
формасы.
Аккредитив — бүл сатып алушының тапсырмасы бойынша сатып алушының
(аккредитив ашушының) банкісінін жабдыктаушының банкісіне аккредитивте
көрсетілген құжаттарды жабдықтаушы бергеннен соң және аккредитивтің басқа
да шарттарын орындаган жагдайда төлемді төлеуге берген шартты акшалай
міндеттемесі
Егер де аккредитивті ашатын банк, клиенттің тапсырмасы бойынша
қаражатты жабдықтаушының банкіне аударып қойса, онда аккредитивте
көрсетілген барлың шарттардың орындалуы барысында төлемді жүзеге асыру үшін
жабдықтаушының банкінде Аккредитив жеке баланстық шоты ашылады.
Аккредитивтің мынадай түрлері болады:
• өтелген және өтелмеген;
• қайтарылатын және қайтарылмайтын.
Өтелген (қаражат аударылган) — бүл эмитент-банктің міндеттемесінің іс-
әрекетінің барлық мерзімі ішінде төлеушінің меншікті қаражаты немесе
несиеге клиентіне берген қаражаты есебінен аударылған жабдықтаушының
банкісінде ашқан аккредитиві (7-суретте берілген).

1
5
4 6 8 2

3
7

7-сурет. Алдын ала қаражатты аудару арқылы аккредитив формасымен есеп
айырысудағы құжат айналымының сызбасы

1 — алдын ала каражатты аудару аркылы аккредитив формасын пайдала-ну
барысында есеп айырысу туралы өзара келісімшарт жасасу; 2 — банкке
аккредитив ашуға өтінішін және оған коса каражатты аудару туралы төлем
тапсырмасын беру, одан соң, ол соманы сатып алушының шотынан шегеру; 3 —
каражатты жабдыктаушының банкіне аудару жэне оны Аккредитив шотына
есептеу; 4 — жабдыктаушыға аккредетивтің ашылғаны туралы хабарлау; 5 —
тауарды жабдыктау немесе ңызмет көрсету; 6 — келісімшартка сөйкес тауар-ды
женелткені (қызметті көрсеткені) туралы есеп айырысу қүжаттарын жаб-
дықтаушының банкіне жіберу және Аккредитив шотынан каражатты шегеріп, оны
жабдыктаушының шотына есептеу; 7 — есеп айырысу құжаттары сатып
алушының банкіне жіберіліп, аккредитивті пайдаланғаны туралы хабардар
етеді; 8 — құжаттарды сатып алушыға бере отырып, оған аккредитивті
пайдаланғаны туралы хабарды жеткізеді.
Өтелмеген (кетлденген) — бүл банктердің өзара корреспонденттік
ңатынастар орнатуы негізінде жабдыңтаушы-ның банкіне сатып алушының
банкісінің шотынан ңаражатты шегеруге ңүқың беру арңылы ашңан аккредитивін
сипаттайды (8-суретті қараңыз).
Кепілденген аккредитивті эмитент-банк сатып алушымен келісімшарт
негізінде, сондай-аң басңа банкпен арадағы корреспонденттік ңарым-ңатынас
жағдайына байланысты аша-ды. Ал енді өтелмеген аккредитив бойынша есеп
айырысу ерекшеліктерін ңарастырып өтейік.
Әрбір аккредитив ңайтарылатын немесе ңайтарылмайтын болуға тиіс.
Ондай анықтауыш белгі болмаған жағдайда, ол аккредитив қайтарылатын болып
табылады.
Қайтарылатын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз эмитент-банктің
әмірімен өзгертілуі немесе күшін жойы мүмкін. Бүл аккредитив сатып алушының
мүддесін көздейді.
Кайтарылмайтын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз өзгере немесе
күшін жоя алмайды. Себебі, мүндай аккредитив жабдыңтаушының пайдасына
ашылған болып табылады.

1
5
4 6 8 2

3
7

8-сурет. Банктік кепілдемені пайдалану арк,ылы аккредитив формасымен есеп
айырысудағы құжат айналымының сызбасы

1 — банк кепілдемесін беру аркылы аккредитив формасын пайдалану ба-
рысында есеп айырысу туралы өзара келісімшарт жасасу; 2 — банк
кепілдемесінің негіэінде банкке аккредитив ашуға өтінішін жасау және
аккредитивтің ашылу-ын Банктің кепілдемесі және тапсырмалары деген
баланстан тыс шоты бойынша көрсету; 3 — аккредитив ашылғаны және
аккредитивтің ашылуының баланстан тыс шотта көрсетілгені туралы хабарлау; 4
— жабдыктаушыға аккредитивтің ашылғаны туралы хабарлау; 5 — тауарды
жабдыктау немесе қызмет көрсету; 6 — келісімшартка сәйкес тауарды
жөнелткені (кызметті көрсеткені) туралы есеп айырысу күжаттарын
жабдыктаушының банкіне жіберу және жабдыктаушының шотына ңаражатты есептеу;
7 — есеп айырысу құжаттары сатып алушының банкіне жіберіліп, онда сатып
алушының шотынан кара-жат шегеріледі, шотында каражаты болмаған жағдайда
банк төлеушіге несие береді; 8 — құжаттарды сатып алушыға бере отырып, оның
шотынан ңаражат-ты шегергендігі туралы хабарды жеткізеді.
Аккредитив формасын пайдалану арқылы есеп айырысуда қолма-қолсыз
ақшамен есеп айырысудың барлың негізгі ережелері сақталады: өнім
жөнелтілгеннен кейін барып телем жүргізіледі; төлем төлеушінің келісімімен
жүзеге асырылады, яғни оған аккредитивтің ашылуы дәлел болады;
келісімшарттағы жағдайлардың бүзылуына байланысты төлеушіге төлемнен бас
тартуға ңүңық беріледі. Егер де .төлеушінің аккредитив ашуға ңүңығы болса,
аккредитив төлеушінің ңаражаты есебінен немесе банктің несиесі есебінен
ашылады. Аккредитивтің басты артықшылығы, оның төлеуге кепіл болуымен
сипатталады. Сонымен ңатар, бүл есеп айырысу формасында бірңатар
кемшіліктер де бар: сатып алушының ңаражаты аккредитивтің ңызмет ету
мерзімінің ішінде оның шаруашылың айналымынан шығарылып ңалады; тауар
айналымы бәсеңдейді, яғни жабдықтаушы аккредитивтің ашылғаны туралы хабар
алғанша, өзінің дайын өнімін жөнелте алмайды және оның сақталуы да қосымша
шығындарды қажет етеді.

Банкаралық есеп айырысу операциялары

Шаруашылықтағы өнімді жабдықтаушылар мен түтынушылар арасындағы қолма-
қол ақшасыз есеп айырысудың жүзеге асырылуы барысында банктер арасында
өзара есеп айырысулар туындайды. Банкаралық есеп айырысулар төлеуші мен
қаражатты алушы әр түрлі банкте ңызмет керсетілген жағдайда туындайды.
Мүндай есеп айырысулар бүгінгі күні корреспонденттік шоттар арқылы жүзеге
асырылады.
Нарық экономикасына өтуге байланысты, яғни көптеген дербес
коммерциялық банктердің құрылып, жүмыс жасауына байланысты банкаралық есеп
айырысу жүйесі толық өзгеріске ұшырады. Бүл өзгеріс банктер арасында өзара
корреспонденттік ңатынасңа түсуге әкелді.
Қазіргі уақытта корреспонденттік шоттар арңылы банкаралық есеп
айырысуды үйымдастырудың мынадай екі варианты бар:
I варианты — орталыңтандырылмаған, яғни коммерциялың
банктердің бір-бірімен корреспонденттік ңатынас орнатуы
негізіндегі;
II варианты — орталықтандырылған, яғни комерциялық
банктер арасындағы есеп айырысулар Ұлттың Банктегі, яғни
Қазақстан Банкаралық есеп айрысу орталығында ашылған
корреспонденттік шоттары негізінде жүргізіледі.
Корреспонденттік шот — бүл коммерциялык, банктердің өзара есеп
айырысуларды жүргізуге арналган елдін орталық банкінде және банктердің бір-
бірінде ашатын шоты.
Корреспонденттік шотта банктердің меншікті қаражаттары және оның
клиенттерінің несиелік, есеп айырысу және кассалың қызмет көрсетуіне
байланысты операциялары керсетіледі. Мүндай операцияларға:
* банк клиенттерінің аңшалай ңаражаттарына аудару және есептеу;
* банк клиенттерінің бюджетпен, зейнетақы қорларымен және басқа үйымдармен
есеп айырысулары;
* клиенттерге қолма-қол ақша беру және қабылдау;
* банкаралық займдар және депозиттер, бағалы қағаздар;
* ҰБ-пен кассалық операциялар;
* берілген несиелер үшін алынған пайыздар және басқа табыстар;
* депозиттік шоттар бойынша пайыздар төлеу;
* банктің өзінің бюджетке төлемдері (салың);
• банктің басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстар
т.б. жатады.
Корреспонденттік шотты ашу үшін банктер мьшадай құжаттарды Ұлттық
банкке табыс етеді:
* корреспонденттік шот ашу туралы өтініш;
* банк жарғысының көшірмесі;
* банктік операцияларды жүргізуге рұқсат беретін лицензияның көшірмесі;
* қолдары мен мөрінің үлгісі бар карточка (нотариуспен
куәландырылған).

Кассалық операциялар

ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктер өздерінің кассалың операцияларын
1999 жылы 15 қарашада Ұлттың банктің Басқармасының қаулысымен бектілген КР
екінші деңгейдегі банктерде кассалық операцияларды жүргізу ережесіне
сәйкес жүзеге асырады.
Осы ережеге сәйкес, кассалық операция — бүл құндылықтарды қабылдау,
қайта санау, майдалау, айырбастау, беру, сорттау, орау және сак,таумен
байланысты операцияны білдіреді.
Касса жүмысын үйымдастыру, яғни клиенттерге кассалың операциялар
бойынша қызмет көрсету және қолма-қол ақшаны өңдеу үшін банктерде мынадай
бөлімшелер болуға тиіс:
▪ кіріс кассасы;
▪ шығыс кассасы;
▪ кіріс-шығыс кассалары;
▪ қайта санау кассасы;
▪ кешкі касса;
▪ сырқа шығатын касса;
Банк кассасына клиенттерден қолма-қол ақшаларды қабылдау және оларды
ағымдық және корреспонденттік шоттар бойынша есепке алу мынадай кіріс
кассалық құжаттар көмегімен жүргізіледі:
1) қолма-қол ақшаны салатындығының хабарламасы;
2) кіріс кассалық ордер бойынша.
Басқа да құндылықтарды қабылдау баланстан тыс ордерлер арқылы
рәсімделеді.
Кассадағы қолма-қол ақшаны өткізу үшін клиент кіріс кассалың құжатты
толтырады және оған ңосымша бетте кассаға өткізілетін банкнота мен
монеталардың тізімін жасап, онда олардың номиналдарын, санын, сондай-аң
банкноталар мен монета-лардың жалпы сомасын санмен және жазбаша түрде
көрсетеді.
Операциондың жүмыскер кіріс кассалың ңүжаттың дүрыс толтырылғандығын
тексереді де, құжаттарды бақылаушы-бухгалтерге тапсырады. Ол бүл ңүжатта
көрсетілген соманы кассалың журналға жазады.
Бақылаушы-бухгалтер, кассалық құжатты алғаннан соң, ондағы операциондың
жүмыскердің қолын қол қойылған үлгімен салыстырып, қолма-қол ақшаны салу
туралы хабарламадағы санмен және жазба түрінде көрсетілген соманың
сәйкестігін тексеріп, қолын қояды да, ол кіріс кассалық құжатты кассирге
тапсырады.
Бақылаушы-бухгалтер болмай қалған жағдайда, банктегі бүйрыққа
байланысты, оның міндеті кассирге жүктеледі.
Кассир кіріс кассалық құжаттарды тексеріп болғаннан соң, клиентті
шақырып, одан банкноталар мен монеталарды санап, қабылдап алады.
Қабылдау барысында кассирдің үстелінде тек қана қолма-қол ақшаны
тапсырушының ақшалары болуға тиіс.
Қолма-қол ақшаны қабылдап алғаннан кейін, кассир қабылдаған соманы,
кіріс кассалық құжатындағы сомамен салыстырады, сома сәйкес келген жағдайда
кассир кіріс кассалық құжатқа қолын қойып, түбіртекке Кіріс кассасы деген
мөр басып, оны ақшаны тапсырушыға береді.
Егер қолма-қол ақшаны тапсырушының тапсырған сомасы мен кіріс
кассалық қүжатындағы сомасы арасында сәйкессіздік анықталса, сондай-ақ
күмәнді ақша белгілерінің барлығы айқындалса, онда кассир бастапқы құжатты
қайта сызып тастап, оның келесі бетіне ұсынылған соманы көрсетіп жазады да,
өзінің қолымен оны куәландырып, клиентке түбіртекті береді. Ал кіріс
кассалық құжаттар операциондық жүмыскерге қайтарылып, онда нақты өткізілген
қолма-қол ақша сомасына қайта рәсімделініп, бақылаушы бухгалтерге
қайтарылады, ол кассалық журналдағы көрсетілген соманы сызып тастап,
қайтадан жаңа соманы жазады.
Күмәнді ақша белгілерін кассир, касса меңгерушісінің және клиенттің
қатынасумен ақша белгілерін сараптамаға қабылдау туралы екі данада акті
жасайды. Актіде: күні, сондай ақшаны анықтаған кассирдің аты-жөні,
клиенттің аты-жөні, банкноталардың номиналдары, сериялары мен номерлері,
сондай-аң ақша белгілерінің жарамсыздың сипатының белгілері керсетіледі
және бүл актіге кассир, касса меңгерушісі және бас бухгалтер қолдарын
ңойып, банктің мөрі басылады. Актінің бірінші данасы банкте қалдырылып,
екіншісі клиентке беріледі. Алынған күмәнді аңша белгілері Ұлттық банктің
тиісті бөлімшелеріне сараптамаға жіберіліп, олардың жарамдылығы анықталған
жағдайда, клиентке басқа ақша белгілері айырбасталып беріледі.
Банк клиентінің ағымдың және корреспонденттік шотынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпаратты өңдеу жүйесіндегі программалық қамтамасыз ету
Қазынашылық басқармасының ашылуы
Программалау технологиясы
Программаны құрудың техникалық тапсырмасы. Программаларды техникалық жобалау кезеңдерін сипаттау. Алгоритмдердің құрылымдық схемасын дайындау
Программаны құрудың техникалық тапсырмасы. Программаларды техникалық жобалау кезеңдерін сипаттау. Алгоритмдердің құрылымдық схемесын дайындау
Программаны құрудың техникалық тапсырмасы
Программаларды техникалық жобалау
Кәсіпорынға арналған қойма есебінің автоматтандырылған жұмыс орнын әзірлеу
Ақпаратты өңдеуді ұйымдастыру
Delphi командасы және мәзір
Пәндер