Қазақ қоғамындағы “билер институтының” құқықтық қызметi, бұл институттың қалыптасу кезеңдерi және құқықтық қатынастардағы орны, сондай-ақ, билердiң билiк шешiмдерiне ғылыми тұрғыда талдау жасау, оның құқықтық табиғатын айқындау және мән-мазмұнын ашып көрсету


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 134 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi. Егемендiк алған соңғы он шақты жылдың iшiнде рухани өркендеуiмізде бiрқатар оңды өзгерiс-тер болды. Осы уақытқа дейiн отандық тарих сахнасынан өшiрiлген немесе жоғалтып ала жаздаған асыл мұраларымызбен қайта қауыш-тық. Ұлттық тарихымыздағы асыл қазыналарымызды қайта жандан-дырудамыз.
Рухани өркендеуiмiздегi келесi оңды өзгерiстердiң бiрi халық-тың тұтастай ойлау жүйесiнiң жаңғыруы. Соның нәтижесiнде қазақ халқы өзiнiң ұлттық тарихына, елiмiздiң өткен өмiрiнде басты орын алған алып тұлғалардың өмiрi мен қызметiне жаңаша көзқараспен қарай бастады. Сондай жаңаша көзқараспен ғылыми талдаудан қазақ-тың “билер институты” да өтiп, өзiнiң шынайы бағасын алуда.
Кеңес дәуiрi кезiнде ұлттық тарихымызды еркiн зерттеп, шынайы нәтижесiн жариялауға сол кезеңдегi идеологияға байланыс-ты мүмкiндiк болмаған-ды. Бiрен-саран шындықты жариялауға тырысқан ғалымдарды кеңестiк үкiмет “ұлтшылдар” деп айыптап, түрмеге қамады. Сондықтан да кеңестiк дәуiрдегi “билер институты” туралы зерттеулер таптық тұрғыда жүргiзiлiп, қазақ елiнiң алып қайраткерлерiнiң өз халқына жасаған қызметтерi жоққа шығарылу, даттау, қаралау негiзiнде жүргiзiлдi. Сол себептi де, жалпы “би” тұлғасы өзгертiлiп өзiнiң шынайы бет-бейнесiнен айрылып, “хандардың қолшоқпарлары”, “ханның, билеушi топтың сөзiн сөйлеушiлер”, “парақорлар, жемқорлар”, “халықты алдаушылар” деген теңеу алды.
Тәуелсiздiк алған алғашқы жылдардан бастап ғалымдарымыз “билер институты” турасындағы шындықты халқымызға көрсету iсiне белсене кiрiстi. Аз уақыттың iшiнде “билер институтына” байланысты бiраз еңбектер де шығып үлгердi. Бұл еңбектер елiмiздiң белгiлi заңгер ғалымдарымыз болып табылатын С. Зиманов, С. Сартаев, С. Өзбекұлы, Ғ. Сапарғалиев, З. Кенжалиев, Н. Өсерұлы, Б. Қуандықов, Н. Мыңбатырова және т. б. жазылды.
Қазақ халқының тарихындағы билер институының қалыптасуы ерте заманнан өз бастауын алады. Сақ дәуiрiнде нұсқасы жасалған бұл институт дами-дами келе, ғасырлар бойғы халқымыздың сот билiгi мен әдет-ғұрып құқығының тәжiрибесiн бойына сiңiрiп, қазақ халқының өмiрiнде басты орын алған құқықтық институт ретiнде бола алды. Бұл құқықтық институт дәстүрлi қазақ қоғамында болып тұратын жер дауы, жесiр дауы, құн дауы, мал-мүлiк дауы, ар-намыс дауы және тағы басқа сол сияқты дауларды ерте кезден келе жатқан әдет-ғұрып құқығына сүйенiп шешiп отырды.
Бүгiнгi таңда халқымыз ұмыт қалдырған өзiндiк әдет-ғұрыптарын, санаға сiңген тәртiп пен этикалық, рухани мәдениетiнiң оңды жақтарын қайта жаңғыртуда. Өйткенi, ендi ғана тәуелсiздiкке өз қолымызды жеткiзген сәтте, осынау жылдар бойы қалыптасқан мол рухани байлықты келешек ұрпаққа жеткiзу қажеттiлiгi туындап отыр. Сондықтан да ұлттық құқықтық болмысымыздың кейбiр жекелеген құрылымдарын жаңа заман талабына қарай икемдеп жасап, пайдалану қажеттiлiкке айналып отыр. Осындай ұлттық құқықтық болмысымыз-ды қайта жаңғырту үрдiсiне, соңғы он жылдықта ауылдарда, аудан орталықтарында, қалаларда ашылып, қоғамда өз орнын тауып, тұрақты түрде жұмыс iстеп жатқан “билер кеңесi”, “билер алқасы”, “ақсақалдар кеңесi” сияқты қоғамдық ұйымдар мысал бола алады. Қазiргi кезде елiмiзде құрылып жатқан “ақсақалдар алқасы”, “ақсақалдар кеңесi”, “билер кеңесi” өз кезегiнде елiмiздiң ұлттық құқықтық мәдениетi бар, зайырлы, құқықтық, демократиялық мемле-кетке айналуына ықпал етiп, сонымен қатар, бұл қоғамдық ұйымдар заң аясында мынандай қызметтер атқаруда:
• Қоғамдық тәртiптiң сақталуына ықпал жасауда. Мәселен, ұсақ ұрлық, бұзақылық және ауыл арасында болып тұратын адамдар арасындағы түсiнбеушiлiктi реттеп отырады және де халқымыздың қасiретiне айналған арақпен күресуде;
• Жастар тәрбиесiмен айналысуда, жастарды ұлтымыздың салт-дәстүрiне, әдет-ғұрпына және үлкендердi сыйлауға, оларға iзет көрсе-туге баулуда. Сонымен қатар, қазақ жастарын Отанын сүюге, яғни ұлттық патриотизмге тәрбиелеуге және ана тiлiнде сөйлеуге үйрету-мен айналысуда.
Ұлттық құқықтық болмысымыздың соңғы он жылдықта мұндай түлеп шығу құбылысы, яғни "ақсақалдар кеңесі" сияқты ұйымдардың қоғамдық қатынастарда өз қажеттiлiгiн табуы барлық қоғамтану ғылымдарына соның iшiнде, заң ғылымына “билер институтының” қайта жандану құбылысын, оның құқықтық бастауларын және мазмұнын, құқықтық табиғатын тереңнен зерттеу талабын туын-датып, зерттеуi кезек күттiрмес мәселеге айналып отыр.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесi. Қазақ қоғамындағы “билер институтын” ғылыми тұрғыда зерттеген зерттеушiлер Қазан төңкерiсiне дейiн қазақ жерiнде болған орыс шенеунiктер мен Ресей елiнiң озық ойлы ғалымдары, саяхатшылары болды. Бұлардың қатарында, Д'Андре, Л. Ф. Баллюзек, Г. Загряжский, И. А. Козлов, А. Леонтьев, А. И. Добросмыслов, Л. А. Словоохотов және тағы басқаларының еңбектерiне ерекше тоқтала кеткен жөн.
Билер институтына өздерiнiң ғылыми еңбектерiнде қазақ халқының ғұлама ойшылдары - Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердiұлы және т. б. тоқталып кеткен. Бұл ойшылдар “билер институты” турасында аса құнды тың мәлiметтер мен деректер қалдырған.
Билер институтын ғылыми зерттеу кеңес үкiметi орнағаннан кейiн өрiс алды. Билер институтын зерттеуде елiмiздiң заңгер, әдебиетшi, тарихшы ғалымдарымыз үлкен үлес қосты. Бұлардың қатарына, С. З. Зиманов, С. С. Сартаев, Ғ. С. Сапарғалиев, С. Өзбекұлы, З. Ж. Кенжәлиев, Н. Өсеров, М. С. Нәрiкбаев, К. А. Жиреншин, А. Қосжанов, Ш. Андабеков, Б. Қуандықов, Б. Адамбаев, Т. Кәкiшев, Н. Төреқұлов, М. Қазбеков, О. Исмайлов, М. Есламғалиұлы, Ж. Дәдебаев, I. Есхожин және т. б. еңбектерiн ерекше атап өткен орынды болады.
Осы бағытта жазылған еңбектердiң бiрi А. Мәметованың “Қазақтың шешен билерiнiң сөздерi және қазақ әдебиетiндегi оның орны” атты ғылыми жұмысы. Бұл жұмыста зерттеушi билердiң билiк шешiмдерiне кеңiнен талдау жасап, оның iшкi мазмұнын ашып көрсетуге талпыныс жасайды. Бұл ғалымдар өз кезегiнде ел iшiнде экспедициялар жүргiзiп, халық арасынан билердiң билiк шешiмдерiн, нақыл сөздерiн жинап, қалпына келтiруде теңдесi жоқ үлкен еңбек жасады.
Сонымен қатар, қазiр “билер институтының” жекелеген өкiлдерiне байланысты диссертациялық еңбектер де қорғалды. Мысалға алсақ, академик С. З. Зимановтың жетекшiлiгiмен Ш. Андабеков “Билердiң төтенше сьезi: оның құрылымы мен билiк шешiмдерi”, А. Қосжанов “Сырым Датұлын әрi шешен, әрi би ретiнде зерттеу”, Н. Қ. Мыңбатырованың “Төле бидің соттық шешімдері және қазақтың әдет - ғұрып құқығы” деген және белгілі заңгер ғалым З. Ж. Кенжалиевтiң жетекшiлiгiмен Б. Қуандықовтың “Әйтеке Бәйбекұлының би ретiндегi қызметi” атты диссертациялық еңбектер қорғалды.
Зерттеудiң негiзгi пәні бұл XVII-XVIII ғасырлардағы “билер институты” болып табылады. Оның құқықтық бастаулары мен даму кезеңдерi. Билер институтының көшпелi қазақ елiнiң iшкi және сыртқы саяси-құқықтық қатынастарындағы қызметiн және билерден қалған үлгiлiк және қағидалық билiк шешiмдердiң iшкi құқықтық табиғатын ашып көрсету болып табылады.
Зерттеудiң теориялық және әдiстемелiк негiзi. Диссертация жалпы қоғамтану ғылымындағы соның iшiнде құқықтану ғылымын-дағы зерттеу әдiстерiне негiзделiп жазылды. Бұл әдiстерге тарихи-хронологиялық зерттеу әдiсi, анализ (талдау) және синтез тәсiлдерi, барлық қоғамтану ғылымдарына тән “жалпыдан жекеге, жекеден жалпыға” қозғалу әдiсi және салыстырмалы-теңестiрмелi әдiсi жатады.
Диссертациялық жұмысты жазуда елiмiздiң белгiлi заңгер ғалымдары - С. З. Зиманов, С. С. Сартаев, Ғ. С. Сапарғалиев, Т. Культелеев, Г. Б. Шакаев, С. Л. Фукс, А. Е. Еренов, С. Өзбекұлы, З. Ж. Кенжалиев, Н. Ө. Өсеров, М. С. Нәрiкбаев, К. А. Жиренчин, Н. С. Ахметова және тағы басқа да ғалымдардың ғылыми еңбектерi басшылыққа алынды.
Сондай-ақ, ғылымның әр саласындағы зерттеушiлердiң (тарихшылар, әдебиетшiлер, философтар) - Е. Бекмаханов, М. Қозыбаев, Н. Г. Аполлова, В. Я. Басин, В. А. Моисеев, Б. С. Сулейменов, С. Өтенияз, Б. Адамбаев, Н. Төреқұлов, Ж. Дәдебаевтiң, С. Негимовтiң, С. Дәуiтов, М. Есламғалиұлы, I. Есхожин, О. Исмайлов және тағы басқа да ғалымдардың ғылыми еңбектерiне сүйендiк.
Жұмыстың мақсаты мен мiндеттерi. Диссертациялық еңбектiң негiзгi мақсаты қазақ қоғамындағы “билер институтының” құқықтық қызметiн ашу, бұл институттың қалыптасу кезеңдерiн және құқықтық қатынастардағы орнын, сондай-ақ, билердiң билiк шешiмдерiне ғылыми тұрғыда талдау жасап, оның құқықтық табиғатын айқындап және мән-мазмұнын ашып көрсету болып табылады. Алдымызға қойылған осы мақсатқа жету үшiн мынандай мiндеттердi шешу жоспарланды:
- Қазақ қоғамындағы “билер институтының” құқықтық бастаулары мен даму эволюциясын кезең-кезеңге бөлiп, шолу жасап көрсету;
- "Би" терминінің этимологиясын ашып көрсетіп, қазақ қоғамында "би" дәрежесіне ие болу жолдарын ашып көрсету;
- Билер институтының қазақ қоғамындағы iшкi және сыртқы саяси-құқықтық қызметiне сипаттама беру және билер институтының құқықтық қатынастардағы рөлiн айқындап, ондағы билер сотына, билер сотындағы сот процесiн толығымен ашып көрсету және билердiң қазақ қоғамындағы әдет-ғұрып заңын қалыптастырудағы қызметiн анықтау;
- Қазақ қоғамындағы билердiң билiк шешiмдерi мен көзқарастарының қазақтың әдет-ғұрып құқығын түзудегi ықпалын анықтау.
- Билердің саяси - құқықтық көзқарастарына талдау жасап, оның мән-мазмұнын ашу.
- Билер институтын бүгiнгi таңда қайта жаңғыртудың нышандарына ғылыми тұрғыдан сипаттама беру.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Диссертация қазақ қоғамындағы “билер институтын” жеке-дара құқықтық құрылым ретiнде қамтып, толық әрi кең көлемде жан-жақты терең ғылыми талдауға талпыныс жасаған диссертация деңгейiнде жазылған еңбектердiң бiрi болып табылады.
Зерттеу жұмысының ең басты ғылыми жаңалығын төмендегi тұжырымдардан байқауға болады:
- “Би” сөзiнiң этимологиясын ерте дәуiрден бастап зерттей келе, осы термин турасында кешендi ғылыми пайымдаулар жасалынды. Билер институтының құрылымдық жүйесi ғылыми тұрғыда сараланып, ата би, төбе би, қатар би, жеке би, төтен би немесе төтенше би, бала би сияқты билердiң түрлерi тұтастай сараптамаға түсті.
- Қазақ билерiнің құн, жер, жесiр және т. б. даулардағы айтқан билiк шешiмдерi, құқықтық мәні бар нақыл сөздері мен өсиеттері ғылыми тұрғыда жан-жақты сарапталып, осы уақытқа дейiн жарияланбаған билер туралы кейбiр мұрағаттық, тарихи, баспасөз материалдарын және өзіміз іздестіріп тапқан қолжазба қорларындағы деректерді диссертацияға кірістірдік;
- Билердiң қазақ қоғамындағы iшкi және сыртқы саяси-құқықтық қызметтерi айқындалды. Онда саяси және дипломатиялық қызметi және басқару функциялары мен орны көрсетілді;
- Бүгiнгi таңда қайта жаңданып жатқан “билер институтының” нышандары мен көрiнiстерiне ғылыми талдау жасалынып, бұл құбылыстың алдыңғы уақытта қалай дамуының әдiстерi мен жолдары көрсетiлдi;
Қорғауға шығарылатын түйiндер. Диссертациялық еңбектiң қорғауға шығарылатын басты түйiндерiн төмендегi тұжырымдардан көруге болады:
- Билер институтының қалыптасуы, дамуы, өзгеруі, құлдырау үрдістері әр тарихи кезеңдердегі саяси, әлеуметтік, құқықтық жағдайлармен байланыста қарастырылды.
- Билер институты қазақ даласында сахара халқының ата заңдары болған “Қасым ханның қасқа жолы”, “Есiм ханның ескi жолы”, әз-Тәукенiң “Жетi жарғысы” сияқты әдет-ғұрып құқығын түзуге және бұл дала заңдарын билер өздерiнiң билiк шешiмдерiмен заман талабына қарай дамытып отыруда үлкен үлес қосты.
- Билер институтының саяси-құқықтық мәні бар нақыл сөздері, мақал-мәтелдері, толғаулары жаңа қырынан қаралып, олардың адамгершілік пен әділеттілік жақтары айқындалады.
- Билер институты көшпелi және жартылай көшпелi қазақ қоғамында туындап тұратын құн дауын, жер дауын, жесiр дауын, мал-мүлiк және тағы басқа сол сияқты дауларды шешуде ерте заманнан келе жатқан қазақтың әдет-ғұрып құқығына сүйеніп нақты (үлгілік) шешімдер түйіндеген әмбебап институт болып табылады.
- Билер институтының маңыздылығын қазіргі таңда жаңданып жатқан ұлттық құқықтық болмысымызбен бір ізділікте қарастыра отырып, оны болашақта әрі қарай дамыту, құқықтық мәртебесін жоғарылату жолдары көрсетілген.
Зерттеу жұмысының iс-тәжiрибелiк маңызы. Диссертация-лық жұмыстың нәтижелерi қазақ қоғамындағы “билер институты” турасында танымымызды кеңейтуге мүмкiндiк бередi. Жұмыстың нәтижелерiн билер институтының жекелеген өкiлдерiнiң би, шешен ретiндегi қызметiн және қазақтың әдет-ғұрып құқығын зерттегенде қолданысқа алуға болады. Сонымен қатар, билердiң билiк айтуындағы, билiк жүргiзудегi тәжiрибелерiн қазiргi кезде елiмiзде жүргiзiлiп жатқан құқықтық реформаларда соның iшiнде сот органдарын реформалауда ескеруге бастама болмақ.
Диссертациялық жұмыс жоғарғы оқу орындарында мемлекет және құқық тарихы, саяси-құқықтық iлiмдер тарихы пәндерiн оқытуда қосымша көмекшi материал есебiнде басшылыққа алуға берiледi.
Зерттеу жұмысының сынақталуы. Диссертациялық жұмыс-тың негiзгi ұйғарымдары мен ғылыми тұжырымдары ғылыми конференцияларда баяндалып талқыланған, атап айтқанда “Әдiлет” ЖҚМ-бi өткiзген “Саяси-құқықтық зерттеулердiң өзектi мәселелерi” атты халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференциясы. Алматы, 2003 ж; Ұлттық Ғылым Академиясымен өткiзiлген “Орта Азия аймағындағы мемлекеттерде егемендiктiң орнау мәселелерi” халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференциясы. Алматы, 2003; Қ. Сәтбаев атындағы ҚҰТУ-мен өткiзiлген “Жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдары және олардың инженер мамандарды дайындаудағы маңызы” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы. Алматы, 2002 ж; “Тұран” университеті ұйымдастырған “Десять лет реформ на постсоветском пространстве: ожидания, результаты, перспективы” атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы. Алматы, 2001ж. Сол секiлдi "Политическая и дипломатическая деятельность казахских биев во внешней политике". // Фемида. 3/2004 61 - 68 стр. "Внутренняя политико-правовая деятельность биев в казахском обществе". // Фемида. 4/2004 48 - 53 стр. "Қазақ қоғамындағы билер институтының құқықтық мұрасы". //Құқық және мемлекет журналы, №4/2002 жыл, 112 б. 16-18 беттер. "Би" сөзінің төркіні туралы. // Ізденіс, №2/2002, 260 б. 208 - 213 бб жарияланымдарда сарапталды.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемi. Диссер-тациялық жұмыстың құрылымы кiрiспеден, негiзгi мазмұндағы екі бөлiмнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады. Диссертациялық жұмыстың жалпы көлемi 136 бет. Қолданылған әдебиеттердiң жалпы саны 164 әдебиет.
Қысқартылған сөздердің тізімі
т. б. - тағы басқалары;
т. с. с. - тағы сол сияқты;
ЖҚМ - Жоғары құқық мектебі;
ҚҰТУ - Қазақ Ұлттық Техникалық университет;
А. Н. - автор: Ақылбек Нурлин;
К. Р. - Кыргызская Республика;
ҚР ҰҒА - Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясы
ҚРОММ - Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Мұрағаты;
1 Қазақ қоғамындағы билер институтының құқықтық бастаулары және оның құқықтық нормаларды түзудегі рөлі
- Қазақ қоғамындағы билер институтының құқықтық бастаулары мен оның даму кезеңдерi
Зерттеу нысанамыз (объектiмiз) “билер институтының” құқықтық бастаулары ерте кезде пайда болғандықтан оны зерттеу үшiн оның пайда болуын, қалыптасуын, дамуын белгiлi бiр кезекте кезең-кезеңге бөлiп қарастыруды қажет етедi. Бұның өзi әр кезеңдегi, дәуiрдегi билер институтының ерекшелiктерiн анықтауға мүмкiндiк бередi. Тарихи институттарды, тұлғаларды зерттегенде оларды өмiр сүрген нақтылы дәуiрдiң шеңберiнде қарастыру әр зерттеушiге шарт болып табылады. Себебi, сол дәуiрдегi саяси, құқықтық, экономи-калық, әлеуметтiк қарым-қатынастардың ерекшелiгiн, деңгейiн ескер-iп барып қана зерттеу нысанының iшкi табиғатын, құбылысын ойдағыдай ашып көрсетуге болады. Зерттеудегi осы бiр ерекшелiктi академик С. Зиманов былай айтады: “Өткен дәуiрде өмiр сүрген қайраткерлердiң көзқарастарын зерттеудiң өзiне тән қиыншылықтары бар. Қиындық-қайраткер өмiр сүрген және туындылар жасаған сол дәуiр мен кезеңнiң бiртұтастық көрiнiсiн азды-көптi болса да қалпына келтiру, өзiне қоғам дамуының бағытын және қажеттiлiгiн ұғынуы, атап айтқанда, әлеуметтiк қатынастар саласында, саясатта және идеологияда. Сомдап айтқанда, зерттеушi тарихқа кiруi қажет. Бұл оңай мiндет емес. Бiрақ, мұндай түсiнiксiз өткен құбылысты (құбылыстағы А. Н. ) нақтылы-тарихи ыңғай туралы айту қиын-ақ. Кейде бiзден алшақта қалған қоғамдық-саяси қайраткерлерге баға беруде сол кезеңнiң тарихын және жағдайларын зерттемей, бiлмей ынта бiлдiретiн фактiлермен де кездесiп қаламыз. Осыдан мәселелердi ашуда субъективизм және догматика туындайды” [1, 5] .
Мiне, бұл баға жетпес құнды пiкiр қазақ қоғамындағы “билер институтын” зерттеуде басты қағида болып табылады
Жалпы билер институтының пайда болуы белгiлi бiр қоғамның қалыптасуымен, дамуымен байланысты. Қазақ рулары мен ұлыстары қалыптасқаннан берi, өз замандастарынан озған озат ойлы, шебер тiлдi адамдар болғаны күдiк туғызбайды. Сондықтан да билер институтының пайда болуы мен қалыптасуы қоғамның белгiлi бiр даму сатысымен, шешендердiң шығуымен, олардың сөздерiмен байланысты.
Қазақ қоғамындағы билер институтына тоқталмас бұрын, бiрiншi, “би” сөзiнiң этимологиясына тоқталайық. “Би” сөзiнiң этимологиясы туралы нақты тұжырымды пiкiр әліде дұрыс қалыптаса қойған жоқ. Себебi бұл терминдi әр түрлi кезеңдерде зерттеген ғалымдардың пiкiрлерi бiр жерден шықпай отыр. Көрсетiлген терминге алғаш көңiл аударғандар қатарында Ш. Уәлиханов, В. Радлов, А. Леонтьев, Н. Березин, А. Добросмыслов, Л. А. Словоохотов және т. б. бар.
В. Радлов өзiнiң зерттеулерiнде “би” сөзiнiң үш түрлi мағынасын келтiредi. Яғни, бiрiншiден, “би”-князь, патша, қожайын; екiншiден, “би”-сот(судья) ; үшiншiден, “би”-“өзiнiң шешiмдерiнде ақылды, дана адам”, -деген анықтама бередi [2, 109-110] .
Ал, А. И. Добросмыслов осы сөздiң мәнiн зерттей келе, “би” сөзiнiң шығуын “билейдi” деген етiстiкпен байланыстырса [3, 7], осы сияқты А. Леонтьев те “би” сөзiн “билеу” етiстiгiнен туындата келiп, оның “басқарушы” мағынасында қолданылғанын айтады [4, 118] . Осындай тұжырымдарды И. Березин де қолдап, “бек” және “би” сөздерi ақылды, дана адам дегендi бiлдiредi, ал “би” сөзiнен “билеу” деген етiстiк шығып, ол “сот” деген мағынаны бiлдiретiнiн көрсетедi [5, 247] .
Көрсетiлген терминнiң этимологиясына байланысты Л. А. Словоохотовта ерекше көзқарас ұстанды. Оның айтуынша: “Бий-мудрый в решениях, краснобой; по Будагову-князь, господин. От бий пройзошли бöйк-высокый, бöйле-управлять”, -дей келе, әрi қарай “И хотя термин бий указываеть на лицо судебной профессии, а аксакал на переклоннасть возраста, но в существе дела эти названия, взаймно дополняя друг друга, обозначают один и тот же судящий персонал степного кочевья”, -дедi [6, 74] .
Жоғарыда көрсетiлiп кеткен ғалымдар сияқты В. Бартольд та “би” терминiне өзiнше түсiнiк бередi. Оның пiкiрiнше, “би”-түрiктерше “бек” түрiнде айтылып, белгiлi бiр лауазым иесiн бiлдiредi. Ал, Осман түркiлерiнде “би” түрiнде айтылып, бiрiншiден, қарахалықтан да, билеушi топтан да бөлек тұрған “беделдi адамдарды”, екiншiден, салыстырмалы түрде үлкен мемлекеттердi басқаратын билеушiге, ханға қарағанда орташа тайпалар мен рулардың жетекшiсi “князьдi”, үшiншiден, сөздiң кең мағынасында қандай да болмасын “басқарушыны” бiлдiретiндiгiн айтады [7, 502] .
Аталмыш терминнiң шығу тегi кейiнгi зерттеушi ғалымдар арасында да қызу талас тудырды. Мысалға алсақ, “би” терминiнiң шығу төркiнiне байланысты профессор Е. Бекмаханов: “…бий восходит к далекому прошлому, согласно восточным авторам, слово “бий” образовано от слова “бек” или “биюк”, что в переводе означает глава одного рода или старшина рода, или бек города”, -деп көрсетеді [8, 40] .
Ал С. Аманжолов болса, берiк және бек сөздерiнiң түбiрi бiр, берiк сөзiнен “бек” сөзi туындап, ол белгiлi, қайырымды, бекзат дегендi бiлдiредi және одан “би” сөзi туындап ол-“сот, судья, билеушi (правитель, владыка) ”, -деген мағынаны қамтитындығын көрсетедi [9, 88] .
Ал С. Толыбеков терминнiң пайда болуы туралы былай дейдi: “…пройсхождения термина “бий” была связано с появлением постоянной распорядительной функций известных лиц в общественной жизни”, -деп жазды [10, 76] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz