Қылмыстық процестегі адамның жеке басына тиіспеушілік принципі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 189 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ гуманитарлық заң университеті

Алматы заң академиясы

ӘОЖ 343. 13:343. 211. 3 Қолжазба құқығында

Қылмыстық процестегі адамның жеке басына тиіспеушілік принципі

12. 00. 09 - қылмыстық іс жүргізу; криминалистика және сот сараптамасы;

жедел-іздестіру қызметі

Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші:

заң ғылымдарының кандидаты,

доцент Ерешев Е. Е.

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2007

МАЗМҰНЫ

Қысқартулар . . .

Кіріспе . . .

  1. Адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің теориялық

бастамалары . . .

  1. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау қағидасының пайда болуы және қалыптасуы . . .
  2. Адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің құқықтық мәні және маңызы . . .
  3. Адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің қылмыстық

процестің өзге принциптерімен ара қатынасы . . .

  1. Адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде жүзеге асырылуы және кепілдіктері . . . Адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің кепілдіктері: ұғымы және жүйесі . . . Сезіктіні ұстау кезінде адамның жеке басына тиіспеушілік

принципінің жүзеге асырылуының кепілдіктері . . .

  1. Бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу кезінде адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің жүзеге асырылуының кепілдіктері . . .
  1. Қылмыстық процестегі адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің жүзеге асырылуының өзге кепілдіктері. . . Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруда адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің сақталуы . . . Жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің жүзеге асырылуы . . . Сот бақылауының адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің жүзеге асырылуының құралы ретінде маңызы . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. . . .

3

4

15

15

26

44

64

64

75

94

111

111

116

126

135

139

ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚР
-
Қазақстан Республикасы
ҚР: РФ
-: -
Қазақстан Республикасы: Ресей Федерациясы
ҚР: К
-: -
Қазақстан Республикасы: Конституция
ҚР: ҚІЖК
-: -
Қазақстан Республикасы: Қылмыстық істер жүргізу кодексі
ҚР: ҚК
-: -
Қазақстан Республикасы: Қылмыстық кодекс
ҚР: АК
-: -
Қазақстан Республикасы: Азаматтық кодекс
ҚР: ІІО
-: -
Қазақстан Республикасы: Ішкі істер органдары
ҚР: ІІМ
-: -
Қазақстан Республикасы: Ішкі істер министрлігі
ҚР: БҰҰ
-: -
Қазақстан Республикасы: Біріккен Ұлттар Ұйымы
ҚР: ТМД
-: -
Қазақстан Республикасы: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
ҚР: ҰҚК
-: -
Қазақстан Республикасы: Ұлттық қауіпсіздік комитеті
ҚР: ЖІШ
-: -
Қазақстан Республикасы: жедел іздестіру шаралары
ҚР: ЖІҚ
-: -
Қазақстан Республикасы: жедел іздестіру қызметі
ҚР: УҰИ
-: -
Қазақстан Республикасы: уақытша ұстау изоляторы
ҚР: Т. б.
-: -
Қазақстан Республикасы: тағы басқа
ҚР: Т. с. с.
-: -
Қазақстан Республикасы: тағы сол сияқты

КІРІСПЕ

Диссертациялық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста мемлекеттік-құқықтық ғылым категориясы ретінде адамның жеке басына тиіспеушіліктің құқықтық негіздері, сондай-ақ қылмыстық процестің принципі ретінде адамның жеке басына тиіспеушіліктің құқықтық негізі; қылмыстық процесте солардың арқасында адамның жеке басына тиіспеушілік принципі жүзеге асырылатын құқықтық құралдар, дәлірек айтқанда конституциялық және қылмыстық-процессуалдық кепілдіктер зерттеледі. Бұл мәселелер бүгінгі таңда ойдағыдай көңіл аударуды талап етеді.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жеке адамның заңда бекітілген құқықтары оған лайықты өмір сүруге, білім алуға, еңбек етуге, бала тәрбиелеуге, қоғамдық-пайдалы міндеттерді атқаруға және осы қоғам үшін т. б. мүмкіндіктер беретін бостандық көлемін ұсынады. Бүкіл әлемнің еш жерінде абсолюттік бостандық деген жоқ. Мемлекет өзінің жеке адамдарын қажетті бостандықпен қамтамасыз етеді. Бұл бірінші кезекте, заңның басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуына, сондай-ақ мемлекеттің мүддесіне кедергі келтірмейтіндей жүріс-тұрысының аясын анықтайтынын білдіреді. Дегенмен, біз мемлекеттің мүддесі туралы тұлғаның мүддесінен бөліп алып айта алмаймыз, өйткені тұлғаның бостандығының өлшемі тікелей қоғам бостандығының деңгейімен байланысты. Тұлға табиғаттан еркін бола алмайтыны сияқты ол қоғамнан да еркін бола алмайды. Адам табиғаттың және қоғамның бөлігі ретінде өзінің барлық әрекеттерімен табиғатпен, қоғаммен, мемлекетпен және оның органдарымен, топтармен әртүрлі қарым-қатынасқа түседі.

Адам қоғамда соншалық еркін, оған қоғам өзінің бостандығының қаншалықты деңгейінде рұқсат беретіні анық. Адамның құқықтары соншалық айқын, қоғам оларды қаншалықты қамтамасыз ете алады, ол қаншалықты мүдделі. Әрине, бұл заңдылықтың күші үзілді-кесілді емес: ең негізгі рөл тұлғаның өзіне, оның қасиеттеріне, белсенділігіне тән. Бірақ оны қоғамға қарама-қарсы қою, әлеуметтік ортадан оның құқықтарының жүзеге асырылу нәтижелері тәуелсіздігінің елесін құру - осы салада әділетсіздіктің бой көрсетуінің мүмкіндіктерін алдын ала қарастыруды білдіреді. Адам мен мемлекеттің, олардың өзара құқықтары және міндеттерімен, сондай-ақ заңда бекітілген заңи жауаптылықпен жанамаланған тығыз байланысы қалыптасады.

Кез келген қоғамда қалыптасушы бірде бір дағдарыстық жағдай адамның құқықтары теңгерілмей, оның қоғам өмірінің барлық салаларында анық белсенді қатысуына, оның тәуелсіздігіне және бостандығына жағдай жасамай жеңілмейді [1, 3 б. ] .

Соған қарамастан, біз тұлға - мемлекет - билік ұлы антогонизмнің өмір сүру фактісін белгілей аламыз. Тұлғаға оның құқықтарымен және бостандықтарымен бірге билікпен, басқа да құралдармен жабдықталған, солардың көмегімен жеке адамнан күшті болатын мемлекеттік механизм аппараты қарсы тұрады. Сондықтан осы диссертациялық жұмыста қылмыстық процесте аса айқын көрінетін, адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің жүзеге асырылу мысалында тұлға мен мемлекеттің мүдделерінің теңдестікке келтірілуінің мәселелері өзекті етіп алынған.

Осыған байланысты автор төмендегілердің:

1) мемлекеттік органдармен, соның ішінде құқық қорғау органдарымен (анықтау және тергеу органдары) қабылданатын, мемлекеттік заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге саятын қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларының;

2) ҚР-ның қылмыстық процесінің негізін қалаушы және бастама негіз ретінде адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің мәнін, маңызын және рөлін өзектейді.

Біріншіден, адамның жеке басына тиіспеушіліктің жүзеге асырылу мәселелері тұлғаның қоғамдағы анық жағдайына сүйенеді. Мемлекеттік-құқықтық қоғамдық құрылымға бастайтын демократиялық жол тұлғаға айрықша көңіл аударылуын, оның құқықтары мен бостандықтарының билік институттарын қоса алғанда басқа институттардан басым болуын болжайды. Негізінде табиғи және ажыратылмайтын құқықтар мен бостандықтар жатқан тұлғаның құқықтық мәртебесінің күзетілуі мен қорғалуының сенімді жүйесін де қамтиды. ҚР-ның Конституциясының нормаларымен адам және азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтары, олардың жүзеге асырылуының кепілдіктері, олардың сақталуына және жүзеге асырылуына міндетті адамдардың жауаптылығы бекітілген.

Бұл нормалардың толық жүзеге асырылуы қажет. Өткен жылдар практикасы қазақстандық қоғамның тіршілік әрекетінің демократиялық негіздерінің қалыптасуының жатық және ауыртпалықсыз өтпегенін көрсетеді. ҚР-ның Конституциясында баянды етілген құқықтар мен бостандықтар көптеген себептерге байланысты әрдайым толық жүзеге асырылмайды. Құқық қолдану практикасында жойылуы көбінесе қазақстандық заң шығарушыға, құқық қолдану субъектілеріне тәуелді кедергілер тобы туындайды. Тұлғаның құқықтық мәртебесі оның құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің қорғалуының берік механизмін қамтамасыз етуші қазіргі заңмен кепілденген болуы қажет;

Екіншіден, зерттеудің өзектілігі тұтас қоғамның демократиялану процесімен және соның ішінде билік институттарымен көрсетіледі. Қазақстан мемлекетінің демократизмі халықтың жоғары саяси-құқықтық мәртебесінде ғана емес, сонымен қатар әрбір жеке адам мен азаматтың құқықтық жағдайында байқалады. Конституцияда бекітілген демократиялық құқықтар мен бостандықтардың кең кешені азаматтарға көптеген бостандықтарды қолдануға заңдық мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы басым және кідірусіз бағыттары ретінде тұлға үстем болатын демократиялық мемлекетті құруды ұсынып, шынайы мемлекеттік тәуелсіздікке ие болды. Осы мақсатқа жету қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық институттардың қайта құрылуын, сондай-ақ жаңарушы қоғамның рухани дамуын болжайды.

Өтпелі кезеңде қалыптасушы әлеуметтік, экономикалық, моральдық-өнегелілік қатынастар объективті алғышарттары болып экономиканың құлдырауы, халықтың көпшілігінің әлеуметтік орналаспағандығы, бұрынғы шаруашылық байланыстарының бұзылуы сияқты, яғни бір жағынан әмірлік әкімшілік жүйенің мұрасы ретінде, екінші жағынан - бұрынғы Одақтың ыдырауы нәтижесі ретінде көрінетін барлық келеңсіз факторлары болушы қоғамға бұрын тән емес әлеуметтік проблемалар мен қайшылықтарды сөзсіз алға тартады.

Көрсетілген келеңсіз нәтижелерді жеңіп шығу тек мақсатталған демократиялық қайта құру, республиканың құқықтық жүйесінің рационалды реформалау процесінде мүмкін, жиынтығында негізін қалаушы мақсатты - мемлекетте қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қудалайды.

Осы зерттеу тақырыбына қатысты адамның жеке басына тиіспеушілікті құқықтық принципке шығару, мемлекеттің қоғамдық қатынастары құрылымының демократиялық ережелерін ұстанатынын білдіретінін көрсетеміз. Әрине, мемлекет демократиялықтың мәртебесіне үміттенуі үшін осы принциптің жүзеге асырылуының әрекетті механизмі қажет. Сондықтан қарастырылып отырған осы мәселе талқылаудың және зерттеудің кең спектрлі болуын қажет етеді;

Үшіншіден, қылмыстық процесте адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің жүзеге асырылу мәселелері заңдылықтың және құқықтық тәртіптің жоғарылауына, қылмыстылықпен күреске бағытталған мемлекеттің саяси-құқықтық жоспарын орындаумен байланысты маңызды.

Осындай мәселенің ұтымды жүзеге асырылуы, қазіргі кезеңде, қоғамның әлеуметтік сөзсіз жіктелуімен, жұмыссыздықпен және халықтың кейбір бөліктерінің идеологиялық, рухани-өнегелілік бағыттарының жоғалуымен қосақталады. Қазақстанның дамуының ұзақ мерзімді Стратегиясын жүзеге асыру мақсатында алдағы кезеңде басым маңыз ішкі саяси тұрақтылыққа беріледі. Ішкі саяси тұрақтылықты қолдау стратегиялық мемлекеттік жоспарлардың жүзеге асырылуы үшін қажетті шарт болып табылады. Осы жоспарлардың ойдағыдай жүзеге асырылуы әлеуметтік шиеленістің жұмсаруы бойынша шараларға ғана емес, сондай-ақ құқық қорғау органдарының, сот өндірісінің, заңгерлердің кешенді және жүйелі қарсы әрекетінің деңгейіне де тәуелді. Дәл осы мәселелер қылмыстарды дер кезінде ашу, ескерту және алдын алу бойынша ғылыми негізделген ұсыныстарды өңдеуге ең маңызды шараларды қолдануға мәжбүрлейді және өзектейді. ҚР-ның 2002 жылғы 20 қыркүйектегі құқықтық саясат Тұжырымдамасында басты мақсат болып нақты нормаларда адамның төмендегідей құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған қылмыстық сот өндірісінің іргелі принциптердің ары қарай жүйелі түрде жүзеге асырылуы болып табылады:

- заңда көзделген реттерде ғана және тек соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады; ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды деп көрсетілген адамның жеке басына тиіспеушілік, қадір-қасиетін және беделін құрметтеу;

- соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді; тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі; әркімнің өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, пошта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан ақпараттарының құпиялылығы сақталуына құқығы бар дегенді білдіретін тұрғын үйге және жеке өмірге қол сұқпаушылық [2, 74-75 б. ] ;

Төртіншіден, ҚР-ның заңдарын реформалау процесі қылмыстық процесс өрісін де қамтиды. Осыдан шығып қарағанда, 1997 жылы қабылданған көптеген толықтырулар мен өзгерістерге ұшыраған ҚР-ның Қылмыстық іс жүргізу кодексі қазірде қылмыстық процестің принципі ретінде адамның жеке басына тиіспеушілікті мұқият зерттеудің қажеттілігін көріп отыр;

Бесіншіден, құқық қолдану практикасының қанағаттанарлықсыз көрсеткіштеріне байланысты адамның жеке басына тиіспеушілік мәселесі маңыздылыққа ие болады. Статистикалық мәліметтер қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану барысында заңның бұзылуы орын алып отырғанын куәландырады, көптеген азаматтар заңсыз ұсталады, тұтқындау орындарына орналастырылады, алдын ала тергеуді жүргізуші органдар жағынан күш көрсету және психикалық зорлық-зомбылық қолданылады.

Барлық осы көрсеткіштер адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің қылмыстық-процессуалдық ғылым теориясында, сондай-ақ конституциялық құқық, мемлекет және құқық теориясының жетістіктеріне тірелуі қажет ары қарайғы зерттеуді талап ететінін айқындайды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.

Осы диссертациялық зерттеудің мақсаты қылмыстық процесте адамның жеке басына тиіспеушілік принципімен тікелей байланысты мәселелерді зерттеуден көрінеді. Қойылған мақсаттарға жету үшін автор өзінің алдына мына міндеттерді қойды:

- Қазақстанда адам және азамат құқықтары мен бостандықтары институтының қалыптасуы мен дамуына тарихи талдау жасау. Адамның жеке басына тиіспеушілік институтының құқықтық реттелуінің толық жетілдіруінің қайнар көздерінің ерекшеліктерін табу;

- адамның жеке басына тиіспеушілік институтының саяси-құқықтық және қоғамдық-әлеуметтік маңызын айқындау;

- мемлекеттің бұрынғы тоталитарлық режим кезіндегі декларацияланған құқықтар мен бостандықтардың жүйесіне сын көзбен баға беру;

- тұлғаның құқықтары мен бостандықтары, мемлекет мүдделерінің өзара байланысының мәселелерін зерттеу. Тұлға - мемлекет - билік проблемасын құрушы кейбір категорияларды қарастыру;

- демократиялық мемлекетте адамның құқығы ретінде оның жеке басына тиіспеушілік категориясын тұжырымдау. Адамның жеке басына тиіспеушілікке құқықты реттеуші халықаралық құқықтық нормалар мен ҚР-ның заңдарының арақатынасын анықтау;

- адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің негізі ретінде адамның жеке бостандыққа құқығы туралы ҚР-ның Конституциясының нормаларына талдау жасау;

- қылмыстық-процессуалдық ғылымның категориясы, қылмыстық-процессуалдық заңның принципі ретінде адамның жеке басына тиіспеушілікке құқықтық баға беру;

- адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің қылмыстық процестің өзге де принциптерімен байланысын қарастыру;

- процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану барысында адамның жеке басына тиіспеушіліктің жүзеге асырылуының кепілдіктерінің түсінігін және түрлерін анықтау;

- ұстау және қамауға алу барысында адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің жүзеге асырылуының кепілдіктерін зерттеу және құқықтық талдау жасау;

- алдын ала тергеу, ұстау және қамауға алу барысында адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің жүзеге асырылуының кепілдіктерін күшейту мақсатында қазіргі заң нормаларына сын көзбен баға беру және оларға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар жасау;

- жедел-іздестіру қызметін жүргізу барысында адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің жүзеге асырылуының ерекшеліктерін анықтау;

- жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізу барысында адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің жүзеге асырылуының ерекшеліктерін анықтау. ҚР-ның Қылмыстық істер жүргізу кодексінің кейбір нормаларына талдау жасау;

- Қазақстан Республикасында адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің жүзеге асырылуының құралы ретінде сот бақылауы институтының ролін анықтау.

Зерттеудің пәні болып ҚР-ның қазіргі заңдардың, халықаралық құқықтың жалпыға танылған принциптері мен нормаларының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің жүйесі; олармен реттелетін қылмыстық процесте адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің жүзеге асырылуы мәселелері бойынша біркелкі қоғамдық қатынастардың шеңбері; осы заңдарды қолдану практикасы және соларды зерттеу негізінде заңдарды жетілдіруге байланысты ұсыныстар жасау.

Диссертациялық зерттеудің әдістемелік негізі болып азаматтардың жеке бостандыққа құқықығының құқықтық реттелуінің конституциялық негіздерінің жүзеге асырылу тәртіптерінің және принциптерінің, сондай-ақ қылмыстық процесте адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің жүзеге асырылуының саяси-құқықтық, философиялық, құқықтық және өзге де ғылыми негіздері табылады. Бұл үшін мемлекеттік және құқықтық көріністерді зерттеудің жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдістері қолданылды. Осылайша, мәселен, салыстырмалы құқықтану әдісі тарихи және диалектикалық амалдарымен бірге бізге адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының жағдайының нақты болмысын, адамның жеке басына тиіспеушілік принципімен арақатынасын, сондай-ақ қылмыстық-процессуалдық және конституциялық құқық теориясында көрінуін түсінуге мүмкіндік береді.

Қойылған мәселелерді зерттеуде сонымен қатар, логикалық, формалды-құқықтық; аналитикалық; зерттеудің пәнінің сапалы сипаттамасын ашушы, зерттелуші институттың мәнін анықтауға, Қазақстан Республикасында заңдылық және құқықтық тәртіп жағдайына конституциялық және салалық заңдардың жүйелі әсер етуіне мүмкіндік беретін функционалды әдіс қолданылады.

Зерттеудің теориялық негізін құқықтың жалпы теориясы, конституциялық және қылмыстық-процессуалдық құқықтың теориясы, криминалистика аясындағы ғылыми еңбектер; қылмыстық-процессуалдық ғылымын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұлғаның құқықтары мен бостандықтары институтының дамылу мәселелері бойынша теоретик және практиктердің, заңгер-ғалымдардың еңбектері құрады. Атап айтқанда, кеңестік дәуір кезіндегі және ресей авторларының еңбектері: С. С. Алексеев, М. С. Строгович, В. А. Кучинский; С. В. Долгоруков, Н. И. Матузов, К. Ф. Гуценко, П. А. Лупинская, А. М. Чельцов-Бебутов, П. С. Элькинд, А. Я. Вышинский, И. Л. Петрухин, О. Е. Кутафин; Ю. Д. Лившиц, З. Ф. Коврига, В. А. Патюлин, Л. Д. Воеводин, М. А. Краснова, Е. Г. Васильева; Т. Н. Москалькова, М. Ю. Барщевский, В. М. Корнуков, В. А. Образцов, А. Р. Ратинов; В. Н. Григорьев және т. б.

Сондай-ақ, бірқатар қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеулері қызығушылық танытқан: Ә. Қ. Меңдіғұлов, Е. Е. Ерешев, С. Гинзбург, Ғ. С. Сапарғалиев; Б. Қ. Төлеубекова, С. Ф. Бычкова, Г. Ж. Сулейменова, С. П. Вареникова; Д. Қ. Қанафин, Т. Биятов, Л. В. Воронина, С. М. Жалыбин, А. Н. Ахпанов, К. Ж. Капсалямов, О. И. Жумабеков, С. К. Журсимбаев, Р. Т. Шуменова және т. б.

Теориялық-құқықтық негізді сонымен бірге тарихи маңызға ие халықаралық құқық нормалары, соның ішінде: Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы; Адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Конвенция; Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық Пакт; Жасы кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін атқаруға қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымының минималды стандарттық ережесі (Пекин ережесі) және т. б. толықтырды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және қорғауға ұсынылатын мәселелер.

Осы диссертациялық жұмыс қарастырылып отырған мәселе бойынша республикада алғашқы болып саналады. Зерттеудің нәтижесінде Қазақстан Республикасында демократиялық қайта құрулардың негізін қамтамасыз етуге шақырылған адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің кепілдіктері және жүзеге асырылуы саласында теориялық ережелер жүйесі негізделген.

Зерттеу тақырыбына қатысты Қазақстанда азаматтардың жүріп-тұру бостандығына және тұрғылықты жерін таңдау бостандығына құқықтарының жүзеге асырылуының тиімділігін байқауға және талдау жасауға болады. Автормен осы диссертациялық зерттеуде Қазақстан Республикасында адамның жеке басына тиіспеушілік институтының құқық қолдану негізін дәл солар құрайтындықтан қылмыстық қудалау органдарының басқару қызметінің құқықтық негізі қарастырылған.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы осы диссертациялық жұмыста соңғы он, жиырма жылдықта зерттелуі бізбен қойылған тақырыптың тек жекелеген кесінділерін, фрагменттерін көрсететін мәселелер жинақталып және талданғанынан көрінеді. Бұл, бізбен зерттеліп отырған тақырыптың маңыздылығы, «өтпелі кезең» жағдайындағы аса өзектілігімен және ең алдымен қоғамның әлеуметтік-құқықтық өміріндегі ұдайы өзгерістерімен, демократиялық институттардың өсуімен және нығайтылуымен байланысты ғылыми ізденулерге, көптеген және уақытша өзгертулерге ұшырап отыруымен түсіндіріледі.

Автордың ғылыми талдау жасау талпынысында кешенділік (конституциялық құқық ретінде адамның жеке басына тиіспеушілікті зерттеу) және жүйелілік (қылмыстық процестің принципі) принциптері жүйелі жүзеге асырылып, тиімді үйлесімін табады, бұл адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің жүзеге асырылуы үшін қылмыстық-процессуалдық мүмкіндіктерін жетілдіру мәселелерін аса толық ғылыми өзекті етуге жол ашады.

Адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің жалпы теориялық және практикалық сипаттамасы сот-тергеу практикасы саласының, ҚР-ның прокуратура органдары статистикалық есептерінің жаңа мәліметтерінің ескерілуімен толықтырылып түзетілген.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы - автор империкалық ғылыми материалдарды қолдана отырып, ҚР-ның Қылмыстық істер жүргізу кодексінде қылмыстық процесс аясына түскен азаматтардың заңды құқықтары мен бостандықтарын анықтау, тергеу, прокуратура органдары және басқа да құқық қолдану субъектілері тарапынан қол сұғылушылығынан қорғаудың барабар қамтамасыз етілуінің жолдарын негіздейді.

Осы жерде жоғарыдағы қазақстандық ғалымдардың, практиктердің зерттеулері бізді күнделікті қызметімізде қоғамның демократиялық құрылысының қауіпті жаңылыстарына, құқықтың және басқа да мемлекеттік және қоғамдық категориялардың жойылып кетуіне душар етуі өзіміздің қателерімізді айқын білуімізге жетелейді деп айта кету қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңдылық принципі
ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІ
Қылмыстық іс жүргізу принциптері
Адамның қадір қасиетіне нұқсан келтіретін қылмыстар
Қылмыстық процесс принциптерін жіктеу
Бұлтартпау шарасын қолданудың негіздері мен шарттары
Қылмыстық процесс
Қылмыстық процестiң қағидалары
Бұлтартпау шарасын қолданудың бір қатар мәселелері және оларды шешу жолдары
Қылмыстық процестің принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz