Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету



Кіріспе
1. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориялық аспектілері
1.1 Экологиялық мәселелердің қалыптасуындағы зерттеуші ғалымдардың көзқарасы
1.2 Экологиялық проблемалардың әлеуметтік­экономикалық мазмұны
1.3 Экологиялық мәселелерді мемлекеттік реттеудегі әлемдік тәжірибе
2. Қазақстандағы экологиялық мәселелердің қазіргі жағдайы және шешу жолдары
2.1 Қазақстандағы экологиялық мәселелердің экономикаға тигізетін әсері
2.2 Қазақстанда қоршаған ортаның ластануын бағалау және негізгі іс.шаралар
2.3 Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі экономикалық тиімділік
2.3 Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі экономикалық тиімділік
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Тақырыптың өзектілігі. Адамның қоршаған ортаға деген жауакершіліктен қашуы табиғаттың келеңсіз әсерін шұғыл күшейтіп, биосферадағы табиғи жағдайдағы энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның табиғатты өзгертуі өте қауіпті жағдайға айналды. Бұл құбылыс дүние жүзі бойынша экологиялық сипат алды, сондай-ақ ғаламдық экологиялық көкейкесті проблемалардың туындауына себеп болып отыр. Анығырақ айтсақ, жердің шөлге айналуына, орманның құрып кетуіне, табиғи қордың сарқылуына, озон қабатының бұзылуына, жылыжай буының әсеріне, тұзды жауынның қалыптасуына, ауыз судың тапшылығына, мұхиттардың ластануына, өсімдік пен жануарлар түрлерінің жойылуына және жердің азуына әкелді. Адамзаттың табиғатқа жағымсыз әсер етуінің ұзақ тарихы бар. Бірақ, осылардың барлығы біздің заманымыздағы жағымсыз әрекеттің жылдамдығыңдай болған емес. Бұл ғаламдық экологиялық дағдарыстың есіктен «сығалауы» деген сөз.
Рим клубының тапсырысы бойынша Д.Медоуздың жетекшілігімен «Пределы роста» (1972), М. Месарович пен Э. Пестелдің «Человечество у поворотного пункта» (1974) еңбектерінде XXI ғасырдың ортасына таман барлық минералды шикізат қорлары таусылып бітіп, қоршаған орта шектен тыс ластануына байланысты алыс болашақта емес, нақты осы уақыт ішінде өркениеттің ақырғы заманы болады деген суық болжам алғаш рет айтылды [2, 17б]. Сондықтан болар, тап қазіргі проблеманы зерттейтін сол саланың біліміне деген қажеттілік туындап, ғаламдық апатты болдырмау жолдары белгіленуде.
Сондықтан, экология мәселелері Қазақстанның да алдыңғы қатардағы шешілуі тиіс міндеттерінің бірі болып отыр. Себебі экологиялық даму әрбір елге, барлық адамзатқа, әсіресе елімізге бүгін, қазір ауадай қажет. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелерінің шешімін табу еліміздің тұрақты дамуының кепілі болып табылады. Сондықтан болар, елбасымыздың жыл сайынғы жолдауларында, мемлекеттік ұзақ мерзімді бағдарламаларда экологиялық саясат, экологиялық мәселелерді шешуді міндетті түрде алдыңғы шепте қарастырады [1].
Шетелдік ғалымдардың арасынан неміс экономиа ғылымдарының докторы, профессор Бодо Лохманды атауға болады, өзінің «Экологиялық проблемаларды шешудегі ғылымның рөлі» мақаласында өзекті пікірлер келтіреді. Ресей ғалымдарынан Гирусов Э.В., Бобылев С.Н. есімдерін атауға болады. «Экология және табиғатты пайдалану экономикасы» оқулықтарымен танымал. Отандық ғалымдардан Мамыров Н.Қ., Тонкопий М.С., Үпішев Е.М. есімдерін мақтанышпен атап өтуге болады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері − Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелерін шешу еліміздің тұрақты дамуының ең негізгі қозғаушы күші екендігінің мәнін ашып көрсету. Соған сәйкес оның алдында келесідей міндеттер тұр:
- экологиялық мәселелердің қалыптасуындағы зерттеуші ғалымдардың көзқарастарына талдау жүргізу;
1. «Қазақстанның əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы», Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, наурыз, 2006.
2. Мамыров Н.Қ., Тонкопий М.С., Үпішев Е.М. Табиғатты пайдалану экономикасы. − Алматы : Экономика, 2005. - 367 б.
3. Тонкопий М.С. Экономика природопользования. - Алматы: Экономика, 1998. – 476 с.
4. Гирусов Э.В., Бобылев С.Н. и др. Экология и экономика природопользования. - Москва: Закон и право, 1998. – 455 с.
5. Біріккен ұлттар ұйымының сайты \\http://www.unep.org.
6. Әлімбетов Қ.Ә., Оспанова Г.С. және басқалары. Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері. Алматы: 2003. - 131 б.
7. Есполов Т.И., Абралиев О.А. Табиғатты пайдалану экономикасы.- Алматы: 2005. - 283 б.
8. Лохман Б. Роль науки в решении экологических проблем // Вестник КазНУ. Экономическая серия. - 2009. -№3 (73).-С.15-30.
9. Аскарова М.А. Проблемы оценки и управления экологической загрязненностью атмосферного воздуха // ВестникКазНУ. Серия географическая. - 2009. -№2(29).-С.105.
10. Национальный доклад о состоянии окружающей среды в Республике Казахстан в 2008 году. −223 с.
11. Информационный бюллетень о состоянии окружающей среды Республики Казахстан. 2001-2009 гг.
12. Центр Экологического мониторинга окружающей среды Республики Казахстан // Информационный бюллетень о состоянии окружающей среды РК. − 2007. – 4 квартал.
13. Информационно­аналитический отчет по контрольной и правоприменительной деятельности экологической инспекции Западно­Казахстанского областного территориального управления охраны окружающей среды. – 2007. – 152 с.
14. Альмаганбетова Л.Ж. Мониторинг загрязнения природной среды Карачаганакского месторождения // Вестник КазНУ. Серия географическая. -2009. - №2(29).-С.120.
15. Жансерикова А.Ж. Гигиеническая оценка и прогнозирование качества почвы в зоне Карачаганакского нефтегазоконденсатного месторождения . / Автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата биологических наук. 14.00.07. – Гигиена. – Алматы, 1998. – 25 с.
16. К.К.Мақаш, А.Н.Султанбекова. Каспий теңізінің экологиялық жағдайы // ҚазҰУ хабаршысы. Геграфия сериясы. 2009.-№1(28).-С.57.
17. Салманова М.А.− Экология и биологическая продуктивность Каспийского моря.− Баку.−2008.−14 с.
18. Консалтинговый центр «NEDRA». По заявке Министерства охраны окружающей среды. Фоновые исследования состояния окружающей среды на участке «Северный Каспий-1».−Атырау.− 2008.−7 с.
19. Жайық - Каспий департаменті. Жайық - Каспий экологиялық департаментінің Каспий экологиялық бағдарламасына жолдаған ұсыныстары. −Атырау.− 2008.−20с.
20. Министерство охраны окружающей среды. Национальный план обеспечения экологической безопасности Каспийского моря.− Астана.− 2008.−10 с.
21. Экологический кодекс Республики Казахстан. Алматы:ЮРИСТ, 2009. -172с.
22. Орхусс конвенциясын іске асыру жөніндегі ұлттық баяндама.
23. Аскарова М.А. Теоретико-методологические аспекты управления экологической безопасностью: основные принципы и конструктивные подходы. // Вестник КазНУ. Географическая серия. - 2009. -№2 (29).-С.111-119.
24. Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасы. 2003. 12. 03.
25. ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің сайты. \\ http://www.nature.kz.
26. Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасы. 14.11.2006.
27. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары. 2010.12. 30.
28. ҚР Статистика агенттігінің сайты \\http://www.stat.kz.
29. «Дағдарыстан кейінгі Қазақстан: болашаққа интеллектуалды секіріс». ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- да оқыған лекциясы. 15.10.2009.
30. Рахимова С.А. Экономика и экология: управление эколого-экономическими системами в условиях устойчивого развития // Вестник КазНУ. Экономическая серия. - 2010. -№1 (77).-С.91-94.
31. Экологиялық бағдарламаларды қаржыландырудың және инвестициялаудың концептуалды негізі // ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. - 2009. -№4 (74).- 113-118 б.
32. Шаяхметова К.О., Уразгалиева М.А. Экологический менеджмент и эко-аудирование// Вестник КазНУ.Экономическая серия. 2009.№6 (76).-С.79-84.
33. Искакова А. Экологизация экономики как фактор устойчивого развития Казахстана // АльПари. - 2008. -№4.-С.95-98.
34. Кадочникова В.П. Устойчивое развитие сельскохозяйственного комплекса региона // АльПари. - 2008. -№4.-С.86-87.
35. Абдибеков С.У. Рациональное природопользование и устойчивое развитие экономики на современном этапе // Вестник КазНУ. Экономическая серия. - 2010. -№2 (78).-С.13-16.
36. Алтаева Р.А. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды жақсартудың маңызы // ҚазҰУ хабаршысы.Экономика сериясы. - 2008. -№6 (70).- 93­96 б.
37. Кушенова М.Ш. Оценка эколого-экономического ущерба от размещения отходов производства и потребления // Вестник КазНУ. Экономическая серия. - 2008. -№1 (65).-С.115-119.
38. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы. – Алматы, 1997.
39. «Қазақстан халқының əл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты». Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы – Астана, ақпан, 2008.
40. «Жаңа он жылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері». Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, 2010.
41. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз». Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, 28.01.2011 ж.
42. Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы 2003.05.17.
43. Реестр экологических проблем Республики Казахстан.
Баев С. Карачаганак: Сохраняя эклолгический баланс // Газета «Литер». 28 августа 2008 г. – С.9.
44. Программы по борьбе с опустыниванием в Республике Казахстан на 2005-2015 годы.
45. ҚР электрондық үкіметінің сайты \\http://www.e.gov.kz.
46. ҚР қоғамдық ұйымдарының экологиялық форумының сайты \\http:// www.ecoforum.kz.
47. Орнықты даму үшін Қазақстан табиғат пайдаланушыларының ассоциациясының (ОДҚТПА) сайты \\http://www.kap.kz.
48. Қоршаған ортаны жақсартуға арналған соңғы технологиялар туралы ақпарат алуға болатын сайт \\http://www.journalistreviews.com.

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Адамның қоршаған ортаға деген жауакершіліктен
қашуы табиғаттың келеңсіз әсерін шұғыл күшейтіп, биосферадағы табиғи
жағдайдағы энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның табиғатты өзгертуі өте
қауіпті жағдайға айналды. Бұл құбылыс дүние жүзі бойынша экологиялық сипат
алды, сондай-ақ ғаламдық экологиялық көкейкесті проблемалардың туындауына
себеп болып отыр. Анығырақ айтсақ, жердің шөлге айналуына, орманның құрып
кетуіне, табиғи қордың сарқылуына, озон қабатының бұзылуына, жылыжай буының
әсеріне, тұзды жауынның қалыптасуына, ауыз судың тапшылығына, мұхиттардың
ластануына, өсімдік пен жануарлар түрлерінің жойылуына және жердің азуына
әкелді. Адамзаттың табиғатқа жағымсыз әсер етуінің ұзақ тарихы бар. Бірақ,
осылардың барлығы біздің заманымыздағы жағымсыз әрекеттің жылдамдығыңдай
болған емес. Бұл ғаламдық экологиялық дағдарыстың есіктен сығалауы деген
сөз.
Рим клубының тапсырысы бойынша Д.Медоуздың жетекшілігімен Пределы
роста (1972), М. Месарович пен Э. Пестелдің Человечество у поворотного
пункта (1974) еңбектерінде XXI ғасырдың ортасына таман барлық минералды
шикізат қорлары таусылып бітіп, қоршаған орта шектен тыс ластануына
байланысты алыс болашақта емес, нақты осы уақыт ішінде өркениеттің ақырғы
заманы болады деген суық болжам алғаш рет айтылды [2, 17б]. Сондықтан
болар, тап қазіргі проблеманы зерттейтін сол саланың біліміне деген
қажеттілік туындап, ғаламдық апатты болдырмау жолдары белгіленуде.
Сондықтан, экология мәселелері Қазақстанның да алдыңғы қатардағы шешілуі
тиіс міндеттерінің бірі болып отыр. Себебі экологиялық даму әрбір елге,
барлық адамзатқа, әсіресе елімізге бүгін, қазір ауадай қажет. Осы тұрғыда
Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелерінің шешімін табу еліміздің
тұрақты дамуының кепілі болып табылады. Сондықтан болар, елбасымыздың жыл
сайынғы жолдауларында, мемлекеттік ұзақ мерзімді бағдарламаларда
экологиялық саясат, экологиялық мәселелерді шешуді міндетті түрде алдыңғы
шепте қарастырады [1].
Шетелдік ғалымдардың арасынан неміс экономиа ғылымдарының докторы,
профессор Бодо Лохманды атауға болады, өзінің Экологиялық проблемаларды
шешудегі ғылымның рөлі мақаласында өзекті пікірлер келтіреді. Ресей
ғалымдарынан Гирусов Э.В., Бобылев С.Н. есімдерін атауға болады. Экология
және табиғатты пайдалану экономикасы оқулықтарымен танымал. Отандық
ғалымдардан Мамыров Н.Қ., Тонкопий М.С., Үпішев Е.М. есімдерін мақтанышпен
атап өтуге болады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері − Қазақстан Республикасының экологиялық
мәселелерін шешу еліміздің тұрақты дамуының ең негізгі қозғаушы күші
екендігінің мәнін ашып көрсету. Соған сәйкес оның алдында келесідей
міндеттер тұр:
- экологиялық мәселелердің қалыптасуындағы зерттеуші ғалымдардың
көзқарастарына талдау жүргізу;
- экологиялық мәселелердің әлеуметтік-экономикалық мазмұнына
қысқаша шолу жасау;
- экологиялық мәселелерді шешудің моделдері мен олардың
ерекшеліктерін қарастыру;
- еліміздің экологиялық мәселелерінің қалыптасу себептері мен одан
шығу жолдарын қарастыру болып табылады.
Жұмыстың методологиялық негізі ретінде экологиялық мәселелерге
экономикалық, статистикалық, құрылымдық-функционалдық ғылыми талдауды
қарастырамыз. Зерттеу нысаны еліміздің экологиялық мәселелері болып
табылады. Зерттеу пәні экологиялық мәселелердің қалыптасуы мен оны шешудің
ерекшеліктері болып табылады. Жұмыстың теориялық базасы экологиялық
мәселелерді реттейтін заңнамалық актілер, отандық және шетелдік ғалымдардың
еңбектерінде негізделген теориялар мен концепциялар, ҚР мемлекеттік билік
пен жергілікті атқару органдарының бағдарламалары мен жоспарлары болып
табылады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы ретінде экологиялық мәселелерді талдап,
қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шараларды сараптай келе, келесілерді
айтуға болады:
- еліміздің экологиялық мәселелерінің қалыптасу себептері анықталды;
- экологиялық мәселелерді шешудің жолдары көрсетілді;
- экологиялық мәселелердің, сондай-ақ, қазір орын алып жатқан барлық
дағдарыстардың туындауына адамның рухани құлдырауының басты себеп болып
отырғандығы дәлеледенді.
Зерттеудің ақпараттық базасына монографиялар мен мерзімді басылымдарда
берілген экологиялық мәселелерді шешудегі шетелдердің тәжірибесі, ҚР
экологиялық мәселелері бойынша деректі материалдар мен статистикалық
мәліметтер кіреді. Сонымен қатар, зерттеу барысында ғылыми конференциялар
мен семинарлардың материалдары; ҚР эколог, экономист ғалымдарының
еңбектері; ҚР қоршаған ортаны қорғауға байланысты заңнамалық актілер,
методикалық және нормативтік құжаттар; анықтамалық деректер және
мемлекеттік органдардың мәліметтері қарастырылды.
Жұмыстың негізгі бөлімі 3 тараудан, бірінші және екінші тараулар 3
бөлімшеден тұрады. Дипломдық жұмыстың жалпы көлемі 77 бетті құрайды.

1. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориялық аспектілері

1.1 Экологиялық мәселелердің қалыптасуындағы зерттеуші ғалымдардың
көзқарасы

Кез келген бір мәселе туралы сөз қозғап, оның шығу себептерін, шешілу
жолдарын іздестіру үшін, алдымен сол күн тәртібіндегі мәселенің тереңіне
бойлап, тарихын, қалай пайда болғандығын, онымен қандай ғалымдар
шұғылданғандығын біліп алу міндетіміз деп ойлаймын. Сондықтан бұл бөлімді
экология ғылымының қалай пайда болғандығына, қалай қалыптасқандығына,
қазіргі уақытта оның қалай дамып жатқандығына, онымен сонау ерте заманнан
қазірге дейін қандай ғалымдар айналысқандығына қысқа шолу жасауды ниет
еттім.
Сонымен, экология дербес ғылым ретінде табиғат туралы үлкен ғылыми
ілімді жинақтаудың барысында қалыптасты. Бұл ғылым саласы табиғатпен,
жаратылыспен тығыз байланыста болғандықтан бастауын сонау ерте уақыттардан
алады. Экология сөзінің мағынасы − қоршаған ортадағы барлық тіршілік
иелерінің бір­бірімен өзара қарым­қатынасы дегенді білдіреді. Ал қоршаған
ортаны қорғау сөзін күнделікті естіп жүргенімізбен мағынасына мән бердік
пе? Жоқ, мән бермедік. Осы сөздің қадірін білгенімізде көгілдір экраннан,
жалпы бұқаралық ақпарат құралдарынан(БАҚ) күнде жиі көрсетіліп жүрген,
әсіресе соңғы кезде жиілеп кеткен табиғи апаттарға, адамның жүрегі ауыратын
экологиялық мәселелерге куә болмас едік.
Бұл тіркеске тоқталып отырғандығымның себебі экология, қоршаған орта,
қоршаған ортаны қорғау түсініктері бір­бірімен өте тығыз байланыста,
әрқашан бірін бірі толықтырып отырады, осы уақытқа дейінгі ғалымдардың
барлығы осы қоршаған ортаны бақылап, зерттеу нәтижесінде осы ғылымның
негізін қалады.
Сонымен, ерте дүниедегі пәлсафашылардың еңбектерінен жануарлар мен
өсімдіктер дүниесінен, олардың өмір сүру ортасына тәуелділігі мен ауа
райының жай-күйін баяндаудың мәліметіне талпыныс жасалғанын аңғарамыз.
Мәселен, Аристотель (б.э.д. 384-382 ж.ж.) жануарлардың өзіне белгілі 500
түрінің мінез-кұлқын айтады. Ботаниканың атасы Теофраст Эрезийский
(б.э.д. 372-287 ж.ж.) өсімдіктердің түрлі жағдайларда ауа райы мен
топыраққа байланысты өсуінің түрліше болатындығынан мәлімет береді [2, 8б].

Дәуірлеу заманында табиғатты зерттеу ұлы жағрапиялық ашылулармен жаңа
қарқын ала бастады. Осы кездері зерттеушілер жануарлар мен өсімдіктердің
ішкі және сыртқы құрылыстарын тәптіштеп жаза бастайды. Дж. Рей (1627-1705),
К. Линней (1707-1778) және басқалары толық жүйені жасауға ұмтылып, өсімдік
әлемінің қыр-сырын, жан-жақты зерттеп, мол мағлұматтар жинады.
ХVІІ-ХVШ ғғ. атақты саяхатшылардың жазбаларында да экология мәліметтері
жайында айтылады. С.П. Крашенинников, И.И. Лепехин, П.С. Паллас және басқа
табиғат танушылардың еңбектерінде өсімдік пен жануарлардың жер шарының
түрлі аудандарына таралуы ауа райының климатына да байланысты деп тұжырым
жасайды. А.Ж-Б. Ламарк (1744-1829) эволюциялық ілімнің алғашқы авторы, ол
жануарлар мен өсімдіктердің эволюциясы сыртқы жағдайдың әсерінен өзгеріп,
бейімделіп отыратындығын тұжырымдайды.
XIX ғ. басында биогеография саласындағы экологиялық зерттеулер шыға
бастады. А.Гумбольдтың (1769-1859) еңбектерінде өсімдіктер жаратылысын
танудың экологиялық жаңа бағыты анықталды. Жер ландшафтысына орай
өсімдіктердің сыртқы түріне қарай: ұқсас зоналық және тік белдеулі
географиялық жағдайда әр түрлі өсімдіктердің жүйелік топтарында ұқсас
түрлері болады деп ғылымға ұсыныс енгізді [2, 13б].
Мәскеу университетінің профессоры К.Ф.Рульені (1814-1858) классикалық
экологияның негізін салған адам ретінде атауға болады. Ол жануарлар өмірін
жан-жақты зерттеудің зоологиядағы ерекше бағыттың даму қажеттілігін кең
түрде насихаттады. Әсіресе жануарлардың қоршаған ортамен өзара байланысының
күрделі жақтарына назар аудара білді. Ол жануарлар дүниесін зерттеудің
экологиялық кең жүйесін жасады.
XIX ғ. 70-жылдарының соңына таман экологияда - биоценологияның жаңа
бағыты туындады. Неміс гидробиологі К. Мебиус ортаның белгілі бір
жағдайында организмдердің үйлесуі және ұқсас экологиялық жағдайда ол
түрлердің бір-біріне бейімделуінің себепшісі болатынын, тарихының ұзақтығын
зерттеді [2, 15б].
Гидробиолог, ботаниктер мен экологтардың экологиялық мектебі белгілі бір
жақтарымен дамып, XX ғ. басында экология ғылымы қалыптасты. 1913-1914 жж.
экологиялық ғылыми қоғамдар құрылып, журналы да ашылып, экология пән
ретінде университеттерде оқытыла бастады. Ағылшын ғалымы Ч. Элтон негізін
салған экология саласындағы жаңа - популяция экологиясы (демэкология) 30-
жылдары қалыптасқанын жария етті.
Экологиядағы популяцияны зерттеу (бір түрдің тұтас ерекшелігін)
тәжірибеде айтарлықтай сұранысқа, атап айтқанда: орман және ауыл
шаруашылығында зиянкестермен күрес, бағалы жануарлар тұқымының нашарлауы,
жабайы жануарлардың адамға және үй жануарларына түрлі ауру қоздырғыштарын
жұқтыруының ашылуы себепші болды [3, 19б].
40-жылдарға таман экологияда табиғат ортасын зерттеудің принципті жаңа
тәсілі туды. 1935 ж. ағылшынның ғалым-ботанигі А. Тенсли өздерінің тіршілік
ететін ортасымен кез келген организмнің қалыпты да жүйелі тұтастығының
сипаты үшін экожүйе түсінігін ұсынды. Қай жерде болсын қоршаған ортамен
өзара байланыстағы тіршіліктің нышаны бар болса кез келген биосфераның
кәдімгі қалдығы экожүйе болуы мүмкін деді.
Соғыстан кейінгі 50-ші жылдардың басында экология карыштап дами түсті.
Көптеген экологиялық зандылықтардың баяндау, математикалық әдіспен
модельдеу тәсілдері кең түрде енгізіле бастады. Ал, бұл нәтиженің арқасында
егістікті бағдарламалау міндетінің шешіміне негіз болды. Сонымен қатар, ол
ауыл шаруашылық дақылдары сызбасының тиімді есебін жасауға т.б. мүмкіндік
берді.
Соңғы 20 жылдың ішінде экология бүкіл жер шарында үлкен секіріс жасап,
экожүйені зерттейтін маңызды ғылымның біріне айналды.
Адамзат алдында қоршаған ортаны үйлесімді түрде меңгеру ісі, тірі
табиғаттың элементтерін күрделі жүйе ретінде қарауды талап ететін міндеттер
тұр.
Бұл күндері экологиялық принциптер және оның теориясы сирек өсімдіктер
мен жануарларға, адамға, олардың табиғи өмір сүру жағдайына қолданылуы
жалпы танылып отыр.
Экология принциптерін зерттейтін экология саласы адамзат коғамының
қалыпты дамуы үшін өте қажет. Оны қоршаған орта жөніндегі ғылым деп орынды
айтады. Өкінішке орай, ғасырлар бойы табиғат байлығын пайдалану экология
заңдарын білмей жүзеге асырылып келді [3, 23б]. Соның салдарынан табиғи
қордың сарқылуы мен өмір сүріп отырған ортамызды кең аукымда ластап
отырмыз. Оның зардаптарын адамзат баласы тартып та отыр.
Адамның болашақта және бүгін әдеттегідей өмір сүруіне мүмкіндік үшін
шұғыл түрде шаралар қолдану қажет. Осыған орай, экологияда биологиялық және
дүниеге деген көзқарастың негізі болуы керек екенін атап өткен жөн. Сол
негізге сүйене отырып, адам баласы корлаған табиғатты сақтап қалу үшін
тиісті шаралар қабылдауы қажет.
Табиғаттың айналымына адамдардың араласуы биосфера жағдайының қатты
өзгеруіне әкеліп соқтырды. Адам және оның өндірістік қызметі дамуының
нәтижесінде ол ғаламшар биосферасында болып жатқан барлық өзгерістердің
негізгі геологиялық факторы болып отыр, - деп есептейді В.И.
Вернадский. Ғаламдық сипат алып отырған жалпы, адамзат қуатты геологиялық
күш болады - деп тұжырымдайды атақты ғалым. Осыдан былай адамдардың
бақылаусыз әрекеттерінің дамуы үлкен қатерді жасырып отыр, - дейді ол.
Сондықтан, биосфера біртіндеп ноосфераға немесе парасаттың сферасына
айналуы керек, - деп түйіндейді ғалым.
Ноосфера тұжырымдамасының негізін салушы үш ғалымды атауға болады -
француз математигі, антропологы және палеонтологы Э. Леруа (1870-1954) және
атақты орыс ғалымы В.И. Вернадский, франңуз теологы, палеонтологы және
философы П.Тейяра де Шарден (1881-1955). Олардың жаратылыс тарихын
органикалы түрде жалғастырушы адамзат тарихының дамуы бойынша бағалаудағы
пікірлері бірдей. Айтарлықтай ноосфера идеясының зандылық кезеңінің қоғам
тарихында емес, тұтас биосферада толықтай дамуына үлес қосып, енгізген В.И.
Вернадский болды. Сондықтан да оның ноосфера туралы ілімдері оның атымен
қауымдастырылады. Ноосфера ұғымында ғалым биосфера дамуының жоғары
формасын қоғам мен табиғаттың қатар өмір сүруінің үйлесімді процесі мен
дамуын анықтауды түсінеді [2, 14б]. Ғалымның ноосфера туралы ілімі адамзат
пен табиғи ортаның бірлескен эволюциялық принципін бекітіп, қоғам мен
табиғаттың тепе-теңдігін қамтамасыз ету жолдарының тәжірибесін іздеп табуға
бағыттайды.
Адамның ойлау қабілеті қарапайым шектеулі факторларды уақытша жеңіп
шығуға мүмкіндік береді. Адам өзінің өмір сүруін су, жер және энергетикалык
ресурстарды пайдалану арқылы сақтайды. Ол сонымен қатар, ғаламшардағы зат
айналымының шұғыл тездеуіне елеулі ықпал етіп отыр.
Өндіріс қызметі процесінің туындауы, жаңа зат алмасуы техногенді сипат
алуда. Бірақ та, адам мен табиғат арасындағы биологиялық зат алмасулар
тіршіліктің тұрақты жағдайы болып қала береді. Антропогенді зат алмасу
биологиялық айналымнан өзінің тұйық еместілігімен принципті түрде
ерекшеленеді, ашық сызықты сипатта, яғни тіршіліктің айналымынан
айрылған. Антропогенді зат алмасуды енгізуде — табиғи ресурстар, шығаруда -
өндірістік және тұрмыстық қалдықтар.
Экологиялық шараның жетімсіздігінен табиғи ресурстарды тиімді түрде
пайдаланудың коэффициенті өте төмен болып тұр, пайдалы қазбаларға карағанда
2-10%-ті ғана құрайды [4, 42б]. Ресурстар сарқылуда, халық саны өсуде. Оның
үстіне тау-тау болып үйілген өндіріс қалдықтары мекен ортасын ластауда.
Олар ыдырамастан тіршілік иелеріне көптеген зиян келтіруде.
Тіршілік табиғатында күрделі иерархиялық ұйымдардың өзін-өзі реттеудің
орасан мол резервтері қаланған, бірақ сол резервті ашу үшін биосфера
ағынының процесіне сауатты түрде араласа білу керек.
Өндірістік жұмыстың барлығын жоспарлағанда экологиялық зардаптардың
болатын мүмкіндігін қатаң ескеру керек [5, 78б]. Бұрынғы жинақталған
табиғат заңдары жайындағы білімді есепке ала отырып, қазіргі эколог-
ғалымдар экология зандары деп әдебиеттерде аталып жүрген адамзат коғамы мен
қоршаған ортаның өзара принциптерінің жалпы заңдылықтарын белгіледі.
Экология заңдарының ішінде айқын тұжырымдармен белгілі болған
американдық эколог-ғалымы В. Коммонердің (1971) төрт заң-афоризмі бар:
табиғаттағы құбылыстың бәрі барлығымен байланысты;
барлығы бір жаққа кетіп қалуы керек (сақталу заңы);
еш нәрсе тегін берілмейді (бағаның дамуы туралы);
табиғат өте жақсы біледі (эволюциялық таңдаудың басты критерийлері туралы);
Жалпыға бірдей байланыс (бәрі барлығымен байланысты) заңынан бірнеше
салдар шығады:
Үлкен сандар заңы − үлкен сандардың кездейсоқ факторларының тұтас
әрекеті жағдайынан тәуелсіз жүйелі сипаты бар нәтижеге әкеледі. Сонымен,
топырақтағы, судағы миллиардтаған бактериялар тірі организмдер денесінде
тіршілік иелерінің қалыпты өмір сүрулері үшін тұрақты микробиологиялық
ерекше ортаны жасайды [2, 19б]. Немесе кейбір газ көлемінде көп мөлшердегі
молекуланың козғалысы температура мен қысымның ерекшелігін анықтауға
себепші болады.
Табиғаттағы кез келген жүйе өзгерісінің адамға тура немесе тікелей
әсері индивидумның күйінен күрделі қоғамдық қатынасқа дейін болады.
Заттар массасының сақталу заңынан (барлығы бір жаққа кету керек) іс-
тәжірибелік мағынасы бар ең аз дегенде екі постулат шығады.
Оның қоршаған орта есебінен жүйені дамыту заңы мынаны айтады: кез
келген табиғи немесе қоғамдық жүйе тек коршаған ортаның материалдық-
энергетикалық және ақпараттық мүмкіндікті пайдалану есебінен дами алатын
болады. Оқшауланып, өзін дамыту мүлдем мүмкін емес [2, 11б].
Қалдықтар немесе өндірістік жанама әсердің жойылуға келмейтін заңы:
өндірістік жұмыс процесінде пайда болатын қалдықтар ізсіз жойылмайтындығы,
олар бір формадан екінші формаға ауыстырылады немесе басқа кеңістікке
қойылады. Ал оның әсері талай уақытқа созылуы мүмкін. Бұл заң казіргі
қоғамда тұтыну мен қалдықсыз өндірістің принципті мүмкіпшілігін
болғызбайды. Материя жойылмайды, тіршілікке ықпал жасай отырып, бір
формадан басқаға ауысады.
Ештеңе тегін берілмейді - деген тұжырымдама мынаны аңғартады:
экожүйенің эволюциясындағы кез келген жаңа табыстар, бұрынғы жетістіктердің
әйтеуір бір бөлігін жоғалтумен жалғасатыны ақиқат және жаңаның туындауы өте
күрделі проблема. Мысалы, көп клеткалы организмдердің пайда болуы
(өсімдіктер, саңырауқұлақтар, жануарлар) мен олардың құрғаққа шығуынан
ғаламшардағы биологиялык әр алуандылықтар бірнеше есе көбейді. Экономикалық
қуыстар мен жер биосферасын қалыптастырып оны игеру басталды. Көп
клеткалармен бірге тіршілік иелеріне қауіпті аурулар, оның ішінде жұкпалы
қатерлі ісіктер т.б. келді.
Тегін ресурстар болмайды, - осы заңның тағы бір салдары: кеңістік,
энергия, күн сәулесі, су қандайда сарқылмайтын болса да кез келген олардың
шығындарын сол жүйемен мүлтіксіз төленеді. Б. Коммонер былай деп жазды:
... ғаламдық экожүйе бірдей тұтас болып көрінеді, сол шеңберде ештеңені
ұту немесе жоғалтуы мүмкін емес және ол жаппай жақсарудың объектісі бола
алмайды, адам еңбегімен алынғандардың барлығының орындары толықтырылуы
тиіс. Осы вексель бойынша төлемнен қашқақтауға болмайды, бұл тек кейінге
шегерілуі мүмкін. Қоршаған ортаның бүгінгі дағдарысының шегерілімі тым
созылып барады....
Табиғат жақсы біледі заңы биосферада ненің болуы керек, ненің орын
алуы қажет еместігін барлығын алдымен анықтайды. Қарапайым молекуладан
адамға дейін - табиғатта барлығы қатаң конкурстан өтіп, жүлде ретінде -
тіршілік етуге құқық алып отыр. Бүгінде ғаламшардың эволюциясынан өткен
мыңның бір бөлігі болатын өсімдіктер мен жануарлардың түрлері мекендеуде.
Бұл эволюциялық таңдап іріктеудің басты критерийі - ғаламдық биотикалық
айналымға, кетігін тауып қалану мен барлық экологиялық қуыстарды толтыру.
Кез келген организмнен шыққан заттардың барлығында оны ыдырататын
ферменттер болуы керек, ал ыдыраған өнімдер қайтадан айналымға қосылуы тиіс
[5, 86б]. Егерде осы заңды биологиялық түрлердің біреуі бұзатын болса, ерте
ме, кеш пе эволюция онымен ажырасып тынады. Адамның өнеркәсіп өркениеті
ғаламдық көлемде биотикалық тұйықтықты өрескел бұзып отыр, ол үшін
жазаланбай қоймайды. Осындай қиын жағдайдан тек қана ымыраға келу ғана
шығармақ. Нұрлы жол мен ақылға ие бола білген адамның қиындықтан жол
табатынына сенім мол. Расында адам баласы өзге тіршілік иелерінен санасының
болуымен ерекшеленеді, ал қазір шынымен де саналы екендігімізді дәлелдейтін
сәт туып отыр.

1.2 Экологиялық проблемалардың әлеуметтік­экономикалық мазмұны

Осы бөлімде бірқатар ғаламдық деңгейдегі экологиялық проблемалар
қозғалып, олардың қоршаған ортаға, жер бетіндегі бүкіл халықтың өміріне,
денсаулығына,отбасына, бір сөзбен айтқанда, әлеуметтік­экономикалық
жағдайына қалай, қаншалықты деңгейде кері әсерін тигізіп жатқандығы
қарастырылды. Бұл дипломдық жұмыстың тақырыбына қандай қатыстылығы бар
деген орынды сұрақ туындауы мүмкін. Қазақстан Республикасының экологиялық
мәселелері және оны шешу тәсілдері деп аталатын дипломдық жұмысымның
тақырыбы осы бөлімде қарастырылатын ғаламдық экологиялық проблемалармен
тығыз байланысты деп айтуға болады.
Мысалы сіз ауылдың ортасында бір үйде тұрдыңыз делік. Күндердің бір
күнінде ауылдың жан­жағын өрт жалмай бастаса, сіз өз үйім әйтеуір аман
ғой деп тып­тыныш жата аласыз ба? Егер қам­қаракет жасамасаңыз, аздан соң
сол өрт сіздің үйіңізді де жалынына орап, қашар жер таба алмайсыз ба?
Немесе әлемді − адам деп алсақ, ал әлемдегі барлық мемлекеттерді − адамның
ағзасы деп қарастыратын болсақ, еліміз сол ағзаның құрамына кіретіндіктен,
қандай да бір мәселе туындай қалса, ол елімізге де әсерін тигізбей
қоймайды, сырт айналып өте алмайды. Немесе еліміздегі экологиялық апаттар
өзге мемлекеттерге де міндетті түрде өз зардабын әйтеуір тигізбей
қоймайтындығы айдан анық.
Осы сөзімізге жақында ғана Жапония еліндегі орын алған (11 наурыз, 2011
ж.) қайғылы жағдайды дәлелге келтіруге болады. Халқымыз сол елдегі
радияцияның әсері бізге де тиіп кетпесін деп сақтық шараларын жасауда,
мысалы, құрамында йоды бар тағамдарды жиі тұтынуға әрекет етуде,
дәріханалардан йодомарин дәрілері көптеп сатып алынуда. Ғаламдық
проблемаларды, олардың шешілу жолдарын қарстыру арқылы өхіміздің елдегі
экологиялық мәселелерді шешуге дұрыс жол қойылады деп ойлаймын және
елімізді осы тығырықтан алып шығуымызға көмегін тигізетіндігіне сенімім
мол. Сонымен сөз кезегін ғаламдық экологиялық проблемаларға берейік.
Соңғы кезде естігенде бойымызға қорқыныш ұялатып, есімізге апокалипсисті
еріксіз түсіретін сөз тіркестерінің бірі − ғаламдық жылыну. XX ғ. 60 ж.
соңына қарай бір мезгілде барлық сынап бағаналарының жоғары көтеріле
бастағанын ғалымдар аңғара бастады. 80 ж. ортасына таман тағы да көтерілді.
90 ж. әлемнің орташа температурасының жылына бастағанын метереологиялық
станциялар байқады [2, 27б]. Әрине, бұл өзінше рекорд еді. Ғалымдар мен
экологтар саясатшыларға қарсы шабуылға шыға бастады. Нәтижесінде
климаттың өзгеруі бойынша мемлекетаралық комиссия жұмыс жасай бастады. 1995
ж. алғаш рет адамзаттың бейберекет жаққан отындарының нәтижесі жер шарында
температураның жылынуына әкелгенін ресми түрде мойындалды.
Дүрлігу мен алаңдаудың негізгі көздері - автомобиль газдары мен
өндірістік түтіндер, яғни көміртегінің қос тотығы екені анықталды.
Атмосфераға үнемі шығарылған газ бен түтіндер озон тесіктерін тудырып, одан
ультракүлгін сәулелер жылыжай әсерін туындатып отырғандығы дәлелденді.
Қоршаған ортаны қорғау бойынша жапон ҒЗИ-ның ғаламдық экологияның
проблемаларын зерттеу бойынша топ жетекшісі Сюдзо Ниноко: Ғаламдық
климаттың өзгеруі шындыққа айналып отыр. Жылына климаттық зоналардың
шамамен бір жарым километр экватордан екі полюске қарай жылжуы үлкен
көлемде өзгерістерге ұшыратуы мүмкін - деп тұжырымдайды. Жағдайдың бұлай
дамуы 2030 жылы Токионың климатын тропикалық ауа райына әкелуі мүмкін [2,
35б]. Егер көмір қышқыл газы осы үрдіспен шығарыла беретін болса, онда
жапон аралында жылдың орташа температурасы 70 жылдан соң 2-3°С өседі. Бұл
мұхиттағы су деңгейінің көтеріліп, 4 млн адамды көшірумен аяқталады - дейді
жапон сарапшылары.
Алдын ала болжамдарға қарағанда 2030 ж. дамушы елдердің атмосфераны
ластаудағы көрсеткіштері Еуропа, Америка және Жапон елдерін бірге алғанда
да артып кетеді екен. 2050 жылға таман көміртегінің қос тотығы атмосферада
екі есеге дейін шоғырланады, - дейді сарапшылар. Ғаламдық проблемалардың
қалыпты жағдайдан ауытқу нүктесі - климаттың өзгеруінің басталуы деп, олар
тұжырымдайды.
Осы проблемалардың шығу себебін іздестіріп жатқан бір топ ғалымдар
арасында ғылыми-техникалық прогресс − экологиялық зардаптарды ала келуде,
- деген пікір қалыптасуда [5, 48б]. Бірақ осы жерде мына бір өзекті пікірді
айта кеткен дұрыс деп ойлаймын, экологиялық зардаптарды әкеліп жатқан
ғылыми­техникалық прогресс емес, сол ғылыми­техникалық прогрессті басқарып
жатқан мына біз адамдар. Мысалы: күнделікті орын алып жатқан жол апаттарына
кінәлі көлік деп, көліктердің бәрін жойып тастамаймыз, керісінше сол
көлікті жүргізіп отырған жүргізуші дұрысталса болғаны.
Сонымен қатар соңғы уақытта атмосфераға тұрақты түрде шығарылатын
жылыжай газдары мен көміртегі диоксиді тегіндегілер артып келеді.
Соңғысының шығатын көздері - көмір, мұнай, газ, бензин мен ЖЭО-да жанатын
отындар т.б.
Атмосфераға шығарылған газдардың нәтижесінде жылдың орташа температурасы
да артып отыр [4, 58б]. 1890 ж. әлемде тұтас алғанда 14,5°С болса, ал 1980
ж. 15,2°С-қа жетіп отыр. Температураның өзгеруі жыл мезгілдеріне қарай
біркелкі емес. Атап айтсақ, 1940-1970 жж. көрсеткіш тұрақты болды, бірақ 80
ж. 7-8 жыл ішінде жоғарыдағы шамаға жетіп жығылды. Әрине, 90-жылдардың
ішінде температураның 0,7°С-қа көтерілуі едәуір емес сияқты, бірақ та қауіп
оның өсу тенденңиясында жатыр. 2030-2050 жж. қарай жылдың орташа
температурасы әлемде 1,5-4,5°С жоғары болуы мүмкін деп болжанып отыр, яғни
жер соңғы 2 млн жыл ішіндегіден де жылы болады.
XXI ғасырдың бірінші жартысындағы жылынудың жылдамдығы өткен жүз
жылдыққа қарағанда 5-10 есеге жоғары болмақшы [3, 41б]. Жылынудың
зардаптары халық пен түрлі елдердің экономикасына кері әсер етуі мүмкін.
Ғаламдық көлемдегі төтенше өзгерістің жылдамдығы, жаңа жағдайға
бейімделудің қиындығы немесе тездеп бейімделудің мүмкін еместігі туралы
бүгінде түрлі болжамдар айтылуда.
Осы ғасырдың соңына қарай мұхит 0,5-2 метр көтерілуі мүмкін. Соның
салдарынан талай аймақ су астында қалмақшы. Метео апаттардың саны артады.
Осының бәрі биотоға көрінеді: флора мен фауналар күрт азаяды, ормансыз жер
көлемі артады, экожүйенің қайтарымсыз бұзылуы басталады, - деп болжануда.
Статистика мәліметтері көрсеткендей ғалымдардың болжамы құр утопия емес.
Атап айтқанда, 80-жылдары жаздың 5 ыстық айы тіркелген. Осы жылдары әлемнің
бірталай елдерінде, оның ішінде КСРО-да құрғақшылық болып, түсім кеміп
кеткен. 1988 ж. әлемде бидай өндіру 1,5 млн тоннаға дейін қысқарған. Бұл
соңғы 30 жылдың ішіндегі ең төмен көрсеткіш болатын, бұл сирек оқиға
ретінде тіркелді [6].
Соңғы 100 жылда жер бетіндегі ғаламдық орташа температура 0,3-0,6° С-ге
көтерілгені байқалды. Жылыжай әсерінің күшеюін он жылға дейін табудың
мүмкіндігі өте аз. Климат болжамының анықталмау дәрежесі өсе түсуде: сыртқы
әсер етудің климат сезгіштігі нашар зерттелуде, көміртегі айналымы және
ғаламдық баланс компоненттерінің арақатынасы туралы ақпараттар қайшылығы
қалып отыр. Мәселен, қазбалы отындарды жағу есебінен атмосфераға шығарылуы,
жер пайдаланудың, орман шабудың, теңіз биотосының өзгеруі т.б. Үлгілердің
барлық параметрлері үшін бағалаудың кең диапазоны тиісті. Сонымен, мұхит
деңгейі әзірге 10 см-ге көтерілді, кейбір бағалау бойынша осы ғасыр
ортасына таман 30 см, өзгелері 150 см, тіпті 2 метрге дейін жетеді дейді
[2, 65б].

Келесі өзекті проблема − озон қабатында тесіктердің пайда болуы болып
отыр. Озон тесігінің ұлғаюы жайында ғалымдардың айтқан болжамдары
шындыққа айналуда. Ньюсуик журналының хабарламасында Американың ұлттық
аэронавтика мен ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі басқарма мамандары соңғы
кезде атмосферада шоғырланған химиялық заттардың аса көп мөлшері туралы
айтады. Олар жердің озон қабатын бұзып, барлық тіршілік иелеріне
ультракүлгін сәулелердің өтуіне ықпал етуде.
Бұрын озон тесігі адам аз қоныстанған жерде болса, енді халық жиі
тұратын аймақтарда да пайда бола бастады. Бұл әсіресе - адамдарда тері рагы
және көзді шөл басу ауруларының өсуімен қауіпті болуда. Соңғы уақытта
адамдардың басым көпшілігі көзілдірікке, линзаларға тәуелді болып қалғанын
өзіміз де көріп жүрміз [6]. Онкологиялық аурулар туралы сөз етпесек те
болады.
БҰҰ-ның ресми мәліметтеріне сәйкес озон қабаты 1%-ке кысқарса, әлемде
100 мың адамның көзін шөл басып (катаракт), 10 мың адам тері рагы ауруына
ұшырайды екен, бұдан қайда көп болуы да мүмкін.
АҚШ мамандарының пікірінше атмосферадағы озонның әрбір процентке азайып
кетуі, экватор аймағындағы халықтың (барлық тіршілік иелерініц) 4-5%
иммунитетін төмендетіп, ауру-сырқауды асқындырып жібереді. Мысалы, соңғы 7
жылда АҚШ-та тері рагының қауіпті түрі − маленомамен ауыратындар саны 3-7%-
ке артып отыр [6]. Денсаулыққа әсер етумен қатар, озон қабатының азайып,
кеміп кетуі жылыжай әсерін күшейтіп, егін шығымының деңгейін төмендетіп
жібереді, бұл экономика ғылымының қазіргі кездегі өзекті проблемаларының
бірі − азық­түлік қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіреді. Қазірдің өзінде осы
проблеманы шеше алмай отырмыз, ал жоғарыдағы жағдай орын ала қалса халіміз
қалай болады екен ?
Адамзаттың өміріне қауіп төндіріп тұрған келесі проблема − биологиялық
әр алуандылықтың ғаламдық өзгерістері болып тұр. Күн сайын жануарлар мен
өсімдіктердің түрлері жойылып, жоғалып, келмеске аттануда. Сарапшылардың
пікіріне қарағанда, алдағы 20-30 жылда жердегі барлық биоәралуандылықтың
шамамен 25%-і жоғалу каупінің үстінде болмақ [2, 51б].
Биоәралуандылыққа төніп тұрған қатер күн санап артуда. 1990-2000 жж.
аралығында 5-15% түрлердің құрып кетуі мүмкін деп айтылды. Қазір бұл
көрсеткіш еселенбесе азайған жоқ. Оған мысал, тропикалық ормандардың
селдірей бастауы. Бұл жылына 15 мыңнан 50 мыңға дейінгі түрлердің бір
жылдағысы немесе күніне 40—140 аралығында түр жойылады деген сөз.
Қазір 22 мыңдай өсімдік пен жануарлар жоғалып кету шегінде тұр. Олардың
66%-і омыртқалы жануар түрлеріне жатады және олар ғаламшарды мекен етеді
[2, 73б].Түрлердің жоғалып кетуінің негізгі төрт себептері бар:
- мекендейтін ортаның жоғалуы, түрлену мен фрагменттелуі;
- шамадан тыс ресурстарды пайдалану;
- қоршаған ортаның ластануы;
- жерсіндірілген экзотикалық түрлердің табиғи түрлерді ығыстыруы.
Аталған себептерге мұқият ойланып отырып зер салсақ осы проблемалардың
барлығына өзіміз, тек адамзат кінәлі екендігіне көз жеткіземіз. Әр жылда
тропикалық орманды алқаптың 11,1 млн га (яғни, әр минутта 21 га) жері
жойылып барады. Тропикалық орманның 70% қысқаруы сол түрлердің 30%
қысқаруына әкелуде. Көптеген теңізде тіршілік ететін түрлер коммерциялық
пайдаланулардың салдарынан жойылып барады. Африка пілі шектен тыс
антропогенді қысымның әрекетінен жойылудың алдыңғы белесінде тұр. Бұл деген
адамзаттың күнделікті тұтынатын тағамының түрлері де қысқарады дегенді
білдіреді, нәтижесінде адамның иммунитетінің қызметі нашарлап ауруларды тез
қабылдағыш қасиетке ие болады [5, 98б]. Сонымен бірге, биологиялық әр
алуандылық жердегі өмірдің негізі және тіршіліктің маңызды ресурстары болып
саналады. Биологиялық әр алуандылықпен қамтамасыз ететін тауар сандары мен
қызмет көрсету түрлерінің барлық маңызын есептеп шығу қиын. Олардың кейбір
түрлері өмірге қажетті деп саналады. Адамдар азық ретінде 7 мыңның
айналасындағы өсімдік атаулыны пайдаланады. Әлемдік азықтың 90%-ы бар
болғаны 20 түрден, оның ішінде үш-ақ түрінен − бидай, жүгері, күріштен
құралады. Осы атаулардың өздері тұтыну азығының тең жартысынан тұрады.
Биологиялық ресурстар тиісінше өнеркәсіп, медицина салаларының шикізат көзі
және осыларға ұлттық экономика тәуелді болады.
Соңғы уақытта адамзат жабайы өсімдіктер мен жануарлардың пайдалы
екендерін түсіне бастады. Олар ауыл шаруашылығының дамуына ықпал етіп
қоймай, биотиканың табиғи экожүйесін құрайтын міндетті компоненті, циклдері
мен биосферадағы энергияның тұрақтылығын анықтайтын басты факторлары болып
табылатындығы дәлелденді.
Көптеген түрлер арасындағы себеп-салдарлық қатынастар адаммен тікелей
байланыстағы экожүйенің компоненттерінде, энергия ағыны мен заттектердің
айналымында үлкен рөл атқарады. Мысалы, сүзгіш заттар мен қалдық қоректілер
(детритофагтар), жануарлар адам азыққа пайдаланбайтындарды қорек етіп,
биоген элементгерін айналымға шығарып, елеулі үлес қосады (мәселен, фосфор)
[7, 48б].
Сонымен, адамның азық тізбегіне кірмейтін организм түрлерінің көбі
жанама түрде пайда әкелумен қатар өздері де пайдалы болуы мүмкін. Көптеген
түрлер жер бетіндегі климаттың қалыптасуына басты рөл атқарады және
климатқа қатысты өз жұмыстарын күшті тұрақтандырғыш фактор ретінде
жалғастыруда.
Сонымен климаттың өзгеруі, атмосфераға жылыжай газдары шығарындыларының
араласуы және өзге де проблемалар мамандардың болжамы бойынша, көптеген
экожүйедегі түр-тұқымдар құрамының өзгерісіне, ауытқуларға әкеледі [8,
67б]. Ал, осының әсерінен бір түрлердің саны қысқарып, екіншісінің саны
артуы ғажап емес.
Ауыл шаруашылығында жаңа сорттардың енгізілуі, мәселен, бидай мен күріш
дақылдарының Азия мен Орталық Шығыста өсірілуі Түркия, Иран, Ирак,
Ауғанстанда және өзге елдерде генетикалық банктердің жоғалуына әкеледі. Әр
алуандылық түр-тұқымының жоғалуы − тіршілік ресурстары ретінде адамның
жайлы өмір сүруіне және оның жер бетіндегі тіршілігіне төнген ғаламдық
қатер.
Ғаламдық проблемалардың үлкен тобын құрайтын мәліметтер шоғыры БҰҰ
Бас ассамблеясының 1997 ж. маусымда Нью-Йоркте болған арнаулы сессиясындағы
ғаламдық экодинамиканы сипаттайтын келесі аспектісінде анықталды: тұщы су,
атмосфера, қалдық, радиоактивті қалдық, мұхит пен теңіздер, ауыл және орман
шаруашылығы, энергетика, көлік, шөлге айналу мен құрғақшылық,
биоәралуандылық, туризм, шағын аралдардағы дамушы елдер, табиғи кедейлену,
техногенді апаттар. Осы проблемалардың кейбіріне қысқа шолу жасасақ [4,
53б]:
1. Тұщы су - жоғары артықшылықтағы проблема. Ғаламдық көлемде су
ресурстары жеткілікті. Бірінші кезекте дамушы елдердегі судың сапасы
мен жетімсіздігі асқынған проблемамен байланысты. 1950 ж. бастап
судың әлемдік тұтынуы 1960 ж. екі есеге дейін көбейді. 1990 ж.
бастап судың әлемдік тұтынуы 4138 км3-ка жетті, суды ең көп
тұтынатын Азия құрлығы болып отыр. Оның артынан Солтүстік Америка
мен Еуропа, Африканың 28 елінде мекендейтін 338 млн адам судың
тапшылығын көруде. Ғаламдық көлемде дамушы елдердегі 1 млрд адам
судың тапшылық жағдайында күн кешуде. 1,7 млрд адам генетикалық-
санитарлық нашар ахуалмен байланысты өмір суруде. Судың 70-90% ауыл
шаруашылығының қажетіне жұмсалады (дамушы елдерде 39%). Батыс Азия
мен Африканың бірқатар аймақтарында суды тиімді пайдалану өте
маңызды. Судың тапшылығына орай бұл аймаққа тән сипат - оның көп
мөлшерде булануы болып отыр. Көптеген мәселелердің ішінде үлкен
қалаларды сумен қамтамасыз ету − трансшекаралық проблемалар мен
мүмкін болатын даулы жағдайды шешу жолдарын талап етуде. Жер асты
мен үстіндегі су көздерін бейберекет пайдалану салдарынан су
деңгейінің түсіп кетуімен, су көздерінің тұзданып, бұзылуымен
байланысты қиындықтар туындап жатыр. Қоршаған теңіз ортасын қорғау
мен балық корының сарқылуынан асқынған проблемалар жиналып отыр.
Әлемдік мұхиттардың жағасындағы аймақтардың проблемалары
артықшылықты деп есептелуде, өйткені олар антропогенді ластану
әсерлеріне жиі ұшырап отыр. Мамандардын бағалауы бойынша қазір
шамамен жағалаудағы үш аймақ жоғары дәрежелі тозу тәуекелдігіне
ұшырауда. Мәселен, Батыс Азия мен Кариб аймағында кеме қатынасынан
ластанудың қаупі төніп тұр. Балтық аймағында эвтрофикация қаупі бар.
2. Ауыл және орман шаруашылығы. Тыңайтқыштарды қолданған сайын әр
гектардан ғаламдық орташа түсім кеміп барады, әрине, азық-түлік
өндірісіндегі бұл жағдай үлкен алаңдатушылық тудырып отыр. Азық
ресурстарын теңдей бөлмеу сақталып отыр. Соған қарамастан жан басына
шаққанда азық тұтыну дамушы елдерде 13%, дамыған елдерде 10% өсіп,
оның кұнарлығы батыс елдерімен салыстырғанда 75%-ті құрайды. 1980-
1990 жж. ішінде дамушы елдердегі орман алқаптары анағұрлым қысқарып
кетті. Шамадан тыс қысқарған тропикалық ормандар көлемі Латын
Америкасында, Кариб бассейінінде, Африка, Азия және Тынық мұхит
аймағында тіркеліп отыр. Ресейде де орман көлемі қысқаруда. Батыс
Азияда ормандарды отау топырақтың тозуына, Африкада - су тасқынына
әкеліп отыр. Соның салдарынан атмосферадағы оттегі шоғырлануының
кемуі орын алуда.
3. Энергетика. Энергияға деген қажеттілік әлемде артып отыр. Энергияның
орташа жылдық дамуы 1970-1997 жж. 2,3% болды. Дамушы елдердің үлес
салмағы осы кезең ішінде 14-тен 30%-ке дейін артты. Жылдың орташа
ғаламдыққа қатысты энергияны тұтыну өсімі өнімнің бірлігіне шаққанда
энергия шығысы азайып отыр. Өсіп отырған тұтынуды орны толмайтын
энергия көздері есебі арқылы қанағаттандыруға тура келеді. Ал, бұл
атмосфераға көміртегі диоксидінің шығарындыларының көбеюіне әкеліп
соқтырады.
4. Көлік. Жол көлігінің ғаламдық орташа өсуі 1980-1993 жылдар
аралығында 50%-ке жетті, Көлікті дамыту ісі энергияны жетілдіру мен
үнемдеудегі қозғағыштардың (двигатель) ықпалымен көліктің артуы
мысал болады. 2015 жылға таяу көліктің ауаны ластауы атмосферада 3
есеге артады деп болжанып отыр.
Аталған проблемалар аспаннан түскен жоқ. Біздің – адамзаттың қоршаған
ортаға мән бермей, тек өзіміздің қара басымыздың қамымен жүргендігімізден
осындай қасіреттердің астында көміліп қалдық. Егер адамзат шұғыл түрде осы
проблемаларды шешумен айналыспаса, жақын жылдарда тым кеш болып, табиғат
бізбен айналысып жүрмесін. Дана бабаларымыз бір ағаш кессең, орнына он ағаш
отырғыз деген. Шіркін не деген өсиет десеңізші. Әттең, осы мағынадағы
өсиеттерді орындағанымызда мұндай халге душар болмас едік.

1.3 Экологиялық мәселелерді мемлекеттік реттеудегі әлемдік тәжірибе

Экологиялық жағдайдың нашарлап бара жатқандығы көптеген қоғамдық
талқылаулардың, ғылыми зерттеулердің басты тақырыбына айналып, көптеген
конференциялардың өтуіне себеп болды.
Соның бірі, қазіргі уақыттағы климаттың нашарлау мәселелеріне қатысты ең
маңызды зерттеулерге айналып отырған Штерннің есебі. Бұл ірі көлемдегі
зерттеу жұмыстары Ұлыбритания үкіметің тапсырысы негізінде жүргізілді және
әлемге 2006 жылы ұсынылды [8, 16б].
Жалпы, бұл есепте адам өмірінің тіршілік негіздерін қорғау бойынша үлкен
әрекетсіздік орын алып жатқандығы айтылды. Сонымен қатар, климаттың
өзгеруінің нақты экономикалық және басқа да салдарларын анықтау қиын
болғандықтан, көп зерттеулерді қажет ететін белгісіздіктің элементтері бар
екендігі айтылды. Аталған есептің жалпы қорытындысы төмендегідей [8,17б ]:
- Климаттың нашарлауы экологиялық апат аймақтарының экологиялық
қасіреттерін одан сайын көбейтуде;
- Егер де жылыжай газдарының шығарылу мөлшері тез арада
қысқартылмаса, жақын онжылдықта ЖІӨ 20%-ға(бұл 5,5 биллион АҚШ
долларды құрайды) төмендейді, нәтижесінде шешімін онсыз да таба
алмай отырған кедейшілік мәселесін одан сайын қиындатып, жаңа
бөлінушілік қақтығыстарына жол ашады;
- Экологиялық апаттар жердің бұрын-соңды мұндай қасіреттер
байқалмаған аймақтарында орын алуда;

Сурет 1. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған әрекет пен әрекетсіздіктің
тигізер пайдасы мен зияны [8, 17б]

- Орын алып жатқан кері әсерлерді тоқтатуға бағытталған нақты іс-шараларға
тез арада кіріскен жағдайда әлемдік ЖІӨ-нің 1%-ы(немесе 276 млрд АҚШ
доллары) ғана жеткілікті екендігі және де бұл шығындар аз уақыттың ішінде
өтелетіндігі айтылды. Сонымен қатар 1-суреттегі салыстырулар ұсынылды. Егер
де қауіпсіздік шаралары тез арада қолға алынса, шығындар – 431 млрд АҚШ
долларын, ал климаттың нашарлауынан түскен зияндар – 1332 млрд АҚШ долларды
құрайды. Аталған шаралар 2025 жылдан бастап қолға алынса, шындап
кіріскеннің өзінде шығындар – 478 млрд АҚШ долларды, ал климаттың
нашарлауынан түскен зияндар – 3783 млрд АҚШ долларға дейін өсіп кететіндігі
ететіндігі айтылды. Яғни адамзат тарапынан ешқандай әрекетсіздік шұғыл
түрде әрекетке кірісуге қарағанда өте қымбатқа, орны тола алмайтын үлкен
шығындарға әкелетіндігі дәлелденді.
Осы есептен кейінгі климаттың нашарлау мәселелеріне қатысты екінші ірі
ғылыми-тәжірибелік оқиға биоәралуандылыққа байланысты конференция болды.
Бұл конференция 2008 жылы, мамыр айында Германияның Бонне қаласында
өткізілді [8, 17б]. Бұл форумның басты мақсаты − бүкіл адамзаттың күшін
табиғи ресурстарды қорғау мен тиімді пайдалану, флора мен фаунаның жоғалып
бара жатқан түрлерін сақтап қалу шараларының төңірегіне жұмылдыру.
Сонымен қатар адамзаттың өте қиын жағдайда тұрғандығы және де ешқандай
даму үрдістерінің байқалып жатпағандығы баса айтылды. Бір қуантатыны, осы
конференцияда халықаралық ірі 34 концерн өз еріктерімен биоәралуандылыққа
бағытталған шараларға өз үлестерін қосатындығы туралы жоспарларын ұсынды.
Қарап отырсақ, соңғы 30 – 40 жылдарда қаншама халықаралық
конференциялар, форумдар өткізіліп жатыр. Бірақ бұл аздық етуде. Бұл шараға
адамзаттың барлығы бір кісідей қатыспаса мәселенің шешілмейтіндігіне көз
жетіп отыр.
Сондай-ақ, бұл мәселелерді әр мемлекет шамасы келгенше реттеуде.
Мысалы, неміс саясаты қоғам алдында мынадай мақсат қойып отыр: 2020 ж.
дейін 1990 жылмен салыстырғандағы қоғам өмірінің және қоғамдық өндірістің
энерготиімділік көрсеткіштерін екі есеге дейін арттыру [8, 18б]. Бұл
мақсат көп ізденістерді жүктеп отыр, неге десеңіз қазірдің өзінде Германия
энерготиімділік бойынша әлемдік масштабта алғашқы орындарға ие. Бұл деген
сөз осы көрсеткішті одан әрі дамыту барысында қолданылып жүрген
технологиялардан өзге инновациялық жаңа идеяларды ойлап табуды және ойлап
табылатын жаңа өндірістер мен олардың қалдықтарын дамыған технологиялық
әдістермен реттеу дегенді білдіреді.
Бұл стратегиялық мақсатқа жеткізетін жұмыстар көбіне келесі бағыттар
бойынша жүргізіледі [8, 21б]:
- Жылу мен электр қуатының біріккен өндірісін қолдануды кеңейту,
әсіресе көптеген кіші ЖІС­тер(ТЭЦ) көмегімен (5 тен 100­ге дейінгі үй
шаруаларын жабдықтауға есептелген). Бұл тоқты жүргізу кезіндегі
жоғалтуларды төмендетуге мүмкіндік береді;
- Шағын және орта кәсіпорындарда энергияны анағұрлым тиімді пайдалану
үшін қатысты жобаларды дайындау мен кеңес беру жүйесін кеңейту.
Германиядағы кәсіпорындардың жалпы санына шаққандағы осы санаттағы
кәсіпорындар саны, өндіріс көлемі бойынша салмағы басым болып
келеді. Бірақ, көбінесе оларда энергияны тиімді пайдаланудың
мәселелерін шеше алатын өздерінің инженерлік әлуеттері болмайды;
- Қуатты үнемдейтін жаңа құрылғыларды сатып алу барысында шешім қабылдау
процесін максималды деңгейге дейін оңайлату мақсатында тұрғылықты
халыққа техникалық құрылғылардың (тоңазытқыш, копьютер, жеңіл көлік,
теледидар және т.б.) энерготиімділігі туралы мәліметтердің
таралуын одан әрі кеңейту. Соңғы 20 жылдан бері қуатты тұтыну
саласында аталған мәліметтер түрі жабысқақ қағаздарда(наклейка)
жарияланып келеді, дегенмен бұл жүйе қазіргіге қарағанда одан әрі
жетілдіріліп, кеңейтілуі керек;
- энергияны тұтынудың максималды рұқсат етілген үлесі төңірегінде
тұрақты ержелерді енгізу. Озық тәжірибе, яғни қуатты барынша тиімді
пайдалану бойынша бас жүлдеге ие болған кәсіпорынның тәжірибеден сәтті
өтуге себеп болған қуатты үнемдеудің ең озық ережелері біршама
уақыттан соң қағидаға айналып, бәріне ортақ болып кетеді.
1970ж. аяғына дейін салынған үйлердің жылудан қорғағыш қызметтерін
реттеуге бағытталған жұмыстар ауқымын кеңейту [8, 21б]. 1980ж. басынан
бастап салынған үйлер қуатты тұтынудың соңғы талаптарына жауап береді,
сондай­ақ жеке үйлер де соңғы 15-20 жылда соңғы талаптарға сәйкес қайта
жаңартылды, бірақ көп пәтерлі үйлерде өкінішке орай әлі мұндай жұмыстар
жасалмауда, сәйкесінше осы үйлердегі пәтер жалдаушылар қуатқа жоғары
бағамен төлейді. Осы үйлердің иелеріне экологияға негізделген жаңарту
жүргізу үшін әлі құқықтық тетікткер қарастырылмаған;
Тұрғылықты халықтың қоршаған ортаны қорғау мен энергияны сақтау бойынша
жобаларға өз еркімен, белсенді түрде қатысуын ынталандыратын
ақпараттандыру, үгіт­насихат жұмыстарын одан әрі кеңейту.
1970ж. соңынан бастап Германияда (алдынғы он жылдықтың екі энергиялық
дағдарысынан кейін) энергиятиімділік және үй жағдайында қалпына келетін
энергия тасымалдаушыларды пайдалану мәселелері бойынша ақпаратты алуға
болатын үлкен нарық жұмыс істеуде. Барлық классикалық БАҚ­ры осы мәселелер
бойынша күніге дерлік ірілі­ұсақты кеңестер беруде; өздерінің тұрақты
сатып алушылары бар 15-20 шақты арнайы газет­журналдар шығарылады;
телеканалдардың көпшілігі арнайы бағдарламаларды ұсынуда; кеңес беруші
пунктердің көпшілігі (оның ішінде энергияны өндіретін және сататын
фирмалар) тұрғылықты халыққа ақылай, ақысыз сипатта қызмет көрсетуде.
Қоршаған орта мен табиғатты қорғау жұмыстарының негізгі бағыттарының
даму кезеңдері 1960 жылдан басталды. Негізінен үш бағыт қолға алынды.
Соңғы 25-30 жыл ішінде қоршаған ортаны қорғау мен оған қолданылатын
құралдар мәселелеріне қатысты қағидалардың түбегейлі өзгерісі байқалуда.
Тәжірибе төменде көрсетілген үш маңызды шешімдер мен құралдарды барынша
араластырып қолданғанда ғана белгілі бір оң нәтиже беретінін көрсетеді [8,
23б]:
1. 1960 жылдан бастап заңи бағыт: яғни заңдар, тыйым салулар,
лицензиялар, нормалар, бақылау мен айыппұл формасындағы мемлекеттік
мәжбүрлеу шараларын дайындау мен жүзеге асыру. Бұл аталған проблемаларды
шешудегі дәстүрлі бағыт болып есептеледі. Онымен, көбіне қоршаған
ортаны қорғаудың барлық қазіргі жүйесі жұмыс істей бастады. Бұл, әрине
белгілі бір нәтижелер береді және осы бағыттағы мемлекеттің жұмысы
болашақта да керек болады. Бірақ осы бағыттың басты кемшіліктері болып −
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТЕТІГІН ЖЕТІЛДІРУ
Экологиялық қауіпсіздік ұғымы және оның экономикалық аспектісі
Экологиялық бақылауды ұйымдастыру
Экологиялық қауіпсіздіктің мақсаты
МЭЭ қорытындысының талаптарын орындауға мемлекеттік экологиялық бақылау
Қазақстан Респбуликасындағы экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру жолдары
Қауіпсіз экологиялық материалдар, органикалық заттардың, мұнайдың суды ластауы
Аймақтық экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету құрылымындағы мемлекеттік саясат
Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігіне саяси сараптама, жан-жақты талдау
Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру
Пәндер