Казкоммерцбанк АҚ бухгалтерлік есепті жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. Екінші деңгейлі банктерде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Ұлттық банк және оның екінші деңгейлі банктерді реттеудегі ролі ... ... ..5
1.2. Банктегі бухгалтерлік есеп операция жұмысының жалпы сипаттамасы..11
1.3. Банктердегі аналитикалық және синтетикалылық есеп, олардың
формалары. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

ІІ. «Казкоммерцбанк» АҚ бухгалтерлік есепті жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.1.Екінші деңгейлі банктерде клиенттерге шот ашу, жүргізу және жабу
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.2. «Казкоммерцбанк» АҚ негізгі құралдар мен материалдық
емес активтердің есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
2.3. Несиелендіру бойынша операциялардың есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

ІІІ. Екінші деңгейлі банктерде аудитті ұйымдастыру мәселелері ... ..41
3.1. Банктік аудитті жүргізудің тәсілдері мен амалдары ... ... ... ... ... ... ... ... ...41
3.2. Банктердегі аудиттің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
3.3. Банктердің қаржы есебі элементтерінің аудиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...48

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
Кіріспе

Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар, шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды.Ондай тұлғалар – халықтың өзі,одан кейінгісі: мемлекет және банк, басқа қаржылық делдалдар. Осы аталған әрбір тұлға өз мақсатымен,өз мүддесімен және өз ұйғарымымен іске кіріседі.Ал біздің елімізде қаржы тіршіліктің тамырына айналып отырған кезеңде банк жүйесіндегі бухгалтерлік есептің керектігін өмірдің өзі мықтап алға қойып отыр.
Өз басқаруына алған кәсіпорындардың жай-жапсарын білу үшін шетелдік басқарушылар,қаржы беруші инвесторлар бухгалтерлік есепті,аудитті тексеруді халықаралық стандарт бойынша өткізуді талап етіп,келешке кеңестік жоспарлы экономика кезіндегі бухгалтерлік есепке сенбейтіндігін ашық айта бастады.
Осы кезеңде бүкіл әлем бойынша бухгалтерлік есеп,қаржы есебінің реформасы мен аудит жүргізу мәселелеріне ерекшк көңіл бөлінген болатын.Әсіресе, тәуелсіз мемлекеттер достастығы ауқымында халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарын үйлестіріп ретке келтірудің,олардың ережелері мен қағидаларын бір-біріне сәйкестендіре қорытып жүйелеудің маңызы зор.кез келген жас маманға заңдылық: есептей білген ұтады. Бұл өмірлік ақиқат шағын фирма мен кәсіпорыннан бастап үлкен компанияларды,банктерді,экономика мен бизнестің алыптарын алға жетелеп отыратын екінші тыныс сияқты болуы тиіс.
Бухгалтерлік есептеу жүйесінде кредиторлық және дебиторлық қарыздардың маңызы зор.
Осыған орай осы дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктерде есеп жүргізу амалдарын үйрену.
Осы мақсатты орындау үшін алдымда шешілетін мәселелер:
1. Банктерде бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды зерттеу;
2. «Казкоммерцбанк» бөлімшелеріндегі операцияларды есепке алу;
3. Банктегі аудиттің мәні мен ерекшеліктері.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
1 Мазмұны

2

3

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І. Екінші деңгейлі банктерде бухгалтерлік есепті
ұйымдастыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Ұлттық банк және оның екінші деңгейлі банктерді реттеудегі
ролі ... ... ..5
1.2. Банктегі бухгалтерлік есеп операция жұмысының жалпы сипаттамасы..11
1.3. Банктердегі аналитикалық және синтетикалылық есеп, олардың
формалары-
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 17

ІІ. Казкоммерцбанк АҚ бухгалтерлік есепті жүргізуді ұйымдастыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.1.Екінші деңгейлі банктерде клиенттерге шот ашу, жүргізу және жабу

тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.2. Казкоммерцбанк АҚ негізгі құралдар мен материалдық
емес активтердің
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .29
2.3. Несиелендіру бойынша операциялардың
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .31

ІІІ. Екінші деңгейлі банктерде аудитті ұйымдастыру
мәселелері ... ..41
3.1. Банктік аудитті жүргізудің тәсілдері мен
амалдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
3.2. Банктердегі аудиттің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43
3.3. Банктердің қаржы есебі элементтерінің
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..48

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 55

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..57

4 Кіріспе

Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар, шағын және
орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің
қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат
құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-
қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды.Ондай тұлғалар – халықтың өзі,одан
кейінгісі: мемлекет және банк, басқа қаржылық делдалдар. Осы аталған әрбір
тұлға өз мақсатымен,өз мүддесімен және өз ұйғарымымен іске кіріседі.Ал
біздің елімізде қаржы тіршіліктің тамырына айналып отырған кезеңде банк
жүйесіндегі бухгалтерлік есептің керектігін өмірдің өзі мықтап алға қойып
отыр.
Өз басқаруына алған кәсіпорындардың жай-жапсарын білу үшін шетелдік
басқарушылар,қаржы беруші инвесторлар бухгалтерлік есепті,аудитті тексеруді
халықаралық стандарт бойынша өткізуді талап етіп,келешке кеңестік жоспарлы
экономика кезіндегі бухгалтерлік есепке сенбейтіндігін ашық айта бастады.
Осы кезеңде бүкіл әлем бойынша бухгалтерлік есеп,қаржы есебінің
реформасы мен аудит жүргізу мәселелеріне ерекшк көңіл бөлінген
болатын.Әсіресе, тәуелсіз мемлекеттер достастығы ауқымында халықаралық
бухгалтерлік есеп стандарттарын үйлестіріп ретке келтірудің,олардың
ережелері мен қағидаларын бір-біріне сәйкестендіре қорытып жүйелеудің
маңызы зор.кез келген жас маманға заңдылық: есептей білген ұтады. Бұл
өмірлік ақиқат шағын фирма мен кәсіпорыннан бастап үлкен
компанияларды,банктерді,экономика мен бизнестің алыптарын алға жетелеп
отыратын екінші тыныс сияқты болуы тиіс.
Бухгалтерлік есептеу жүйесінде кредиторлық және дебиторлық қарыздардың
маңызы зор.
Осыған орай осы дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасы
екінші деңгейлі банктерде есеп жүргізу амалдарын үйрену.
Осы мақсатты орындау үшін алдымда шешілетін мәселелер:
1. Банктерде бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды зерттеу;
2. Казкоммерцбанк бөлімшелеріндегі операцияларды есепке алу;
3. Банктегі аудиттің мәні мен ерекшеліктері.

І. Екінші деңгейлі банктерде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ерекшеліктері
1.1. Ұлттық банк және оның екінші деңгейлі банктерді реттеудегі ролі
Банк жүйесіндегі есепке алу экономиканың басқа саласындағы есептеу
жүйесімен тығыз байланысты. Бұл байланыс банктердің кәсіпорындарға,
мекемелерге есептеу, кассалық, кредиттік, инвестициялық қызметтер
көрсетуінде байқалады. Қазақстан Республикасында банк жүйесі қалыптасу
процесінен әлдеқашан өтіп кетті. Қазіргі қызмет көрсету қарқыны әлемдік
аренаға көтерілу, Қазақстан экономикасының дамуы және оның әлемдік
экономикаға интеграциялану процесіне енуге ынталану. Бұл орайда теңгенің
тұрақтылығын сақтау үшін Қазақстан Ұлттық Банкі теңгенің бағамын
макроэкономикалық көрсеткіштермен ішкі және сыртқы қаржы рыноктарындағы
ахуалды ескере отырып белгілеп, реттелетін еркін айырбас бағамының саясатын
жүзеге асырып отыр. Ұлттық банк банктердің сенімділігімен олардың сырттан
қарыз алуына қатаң бақылауды қамтамасыз етуге,банктердің халықаралық
стандартқа көшу бағдарламасын іске асыруға байланысты шараларды жүзеге
асырып отыр.
Ұлттық банкінің тарихына қысқаша оралсақ, ол республикадағы банк
жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банк,өз қызметін Қазақстан
Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі туралы Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді
және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді.Сонымен қатар Ұлттық банк өз
қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа
заңдарды,халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.
Ұлттық банк - заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей
бағынатын төменгі бөлімшелерімен бірге тіке бағыныстағы біртұтас
орталықтандырылған құрылым, іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде
жүргізеді. Әр түрлі салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден
босатылады. Ол республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерде
өзінің басқармасын және басқада бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын
үкіметпен келісіп,үнемі кеңесіп жүргізеді.Үкімет Ұлттық банктің
міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқты, егер өзіне белгілі бір
жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап
бермейді. Үкіметтің өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен оның
құрылымдық бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруға араласуға құқығы жоқ.
Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде
өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік
операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, банктік емес қаржы
мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады. Ол
нормативтік актілер Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысы, Вестник
Национального Банка Казахстана атты қазақ және орыс тілдерінде шығатын
ресми басылымдарда жарияланады.
Ұлттық банктің негізгі міндеті - ұлттық валютаның ішкі және сыртқы
тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Сондықтан ол:
• ақша айналымы,несие,банктік есеп айырысу мен валюталық қатынастарды
ұйымдастырады;
• ақша,несие және банк жүйелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді;
• несие берушілер мен салымшалардың,сондай-ақ шетел валютасын сатып алу-
сату және басқа ұйымдардың мүддесін қорғау және олардың жұмысын бақылау
сияқты мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізеді.
Ұлттық банктің міндеті оның атқаратын қызметтері арқылы орындалады:
Біріншіден,Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын
жүргізу, яғни Ұлттық банк айналымдағы ақша массасының көлемін реттеумен
және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады. Егер ақша-
несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған
жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары
бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқығы бар. Сондай – ақ алты айға
дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айналмалы
вексельдерді, чектерді сатып алып және қайта сатады.
Ұлттық банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады,сонымен қатар мемлекеттік
бағалы қағаздарды, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды, дисконттық
және өтер мерзімі бір жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды сатып алу
және сатумен шұғылданады. Ұлттық банкте сақталатын міндетті резервтердің
нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының түрлерін
анықтайды.
Екіншіден, Қазақстан Республикасында қолданылатын банкнота және
монетаны (теңге мен тиынды) эмиссиялау. Ол үшін Ұлттық банк номиналдардың
құрылымын,теңге мен тиындардың пішінін (дизайн), олардың қажет мөлшерін
анықтап, дайындығын қамтамасыз етеді.
Үшіншіден, банктердің банкісі қызметін атқару. Ол үшін Ұлттық банк
республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып, бірінші класты (
жоғары өтімді, қауіпсіз) бағалы қағаздармен және басқа активтермен
қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді.Ұлттық банк- екінші
деңгейдегі банктер үшін соңғы сатыдағы несие беруші. Несиені ұлттық
валютамен де, шетел валютасымен де, сондай-ақ қамтамасыз етілген,ия болмаса
қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық банктің басқармасы белгіленген
тәртіппен және мерзімге береді. Қазақстан Республикасындағы есеп айырысу
формалары мен тәртібін анықтап, қазақстандық теңгемен жүргізілетін
банкаралық есептесуді өз уақытымен және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін
төлем жүйесінің қызметін ұйымдастырады.
Төртіншіден, үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі және агенті
қызметін атқару үшін кепілшісі үкімет болған республиканың ішкі және сыртқы
қарызын өтеуге қатысады, Қаржы министрлігінің шоттары бойынша дебеттік
қалдықты (сальдо) болдырмау үшін қажетті іс-шараларды қабылдайды. Қаржы
министрлігімен келісілген шарт негізінде мемлекеттік бағалы қағаздарды
орналастырып,олардың депозиторлық ісін жүзеге асырады.
Бесіншіден, банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі. Ол үшін
Қазақстан территориясында,сондай-ақ одан шет жерлерде банктермен олардың
филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар жүргізуге лицензия
береді. Барлық банктер,банк емес қаржы мекемелері және олардың клиенттері
міндетті түрде орындауы үшін банк ісі, есептеу, есептесу, валюта
операцияларын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік актілер шығарып,
олардың орындалуын қадағалайды.
Банктердегі бухгалтерлік есеп айырысудың, бухгалтерлік, банктік және
басқа есептін мерзімін, формасын,тәртібін және әдісін бекітіп, сондай-ак
олардың орындалуын бақылайды. Банктер мен олардың филиалдарының қызметін
жергілікті жерде немесе аудиторлық ұйымдарды шакырып бакылайды. Ұлттық банк
өзінің бақылау қызметін атқару үшін банктердің балансын, есебін және басқа
құжаттарын тексереді.
Алтыншыдан, ваюталық реттеу және валюталық бақылау қызметі. Оны атқару
үшін Ұлттық банк шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы
қағаздардың айналым аясын және тәртібін белгілеп, шетел валютасымен
жүргізілетін операцияларға қажетті кезде, оның ішінде проценттік мөлшер
деңгейіне шектеу қояды.
Жетіншіден, елдің алтын валюта қорларын басқару қызметі. Оны атқару
үшін Ұлттық банк мемлекеттің алтын валюта қорларын қалыптастырып, олармен
операция жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Бағалы металдарға
және асыл тастарға байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы Заң
куші бар Жарлығына сай бағалы металдардың алғашқы саудасына бірінші сатып
алушы құқымен қатынасып, қазақстандық және басқа өндірушілерден сатып
алушылардан Ұлттық банктің алтын валюта қорын толтыру үшін бағалы
металдарды сатып алады. Оларды сақтауға қабылдап, одан әрі сақталуын
қамтамасыз етіп, қажет жағдайда заңға сәйкес сатады.
Президенттің немесе үкіметтің тапсырмасы бойынша Ұлттық банктің
қоймасында сақтау үшін үкіметтік бюджеттік резервке алынған қундылықтарды
қабылдайды. Алтын және басқа да бағалы металл құймаларын,
монеталарды,өңдеген және өңделмеген табиғи асыл тастарды ішкі және сыртқы
нарықта сатып алу және сату операцияларын жүргізеді.
Ұлттық банк өз шығындарын өз қаражатымен өтейді. Оның өз қаражаты:
жарғылық, резерв капиталынан, қайта бағалау шоттары және арнайы
провизияларынан резервтерінен құрылады. Ұлттық банктің жарғылық капиталы
20 млрд теңгеден қалыптасады және оның міндеттемелерін қамтамасыз етеді.
Жарғылық капитал мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыдан, мемлекет берген
негізгі қордың құнынан және Ұлттық банктің алған пайдасынан құрылады.
Резерв капиталы жаргылық капиталы мөлшерінен тұрады. Таза табысы есебінен
толтырылып, жүргізілген операциялар бойынша шығындарды өтеуге жұмсалады.
Алтын валюта активтерін қайта бағалау шоты оларды қайта бағалау
шоты оларды қайта бағалаудан тускен іске асырылмаған табысты есепке алуға
арналады. Бұл шоттың Ережесін Ұлттық банктің Басқармасы бекітеді. Алтын
валюталық резерв теңгенің ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету
үшін құрылып және мақсаттарға жұмсалады. Алтын валюталық резерв төмендегі
элементтерден құрылады:
• алтыннан;
• банкнота, монета түріндегі шетел валютасынан, шетелдердегі және
республикадағы Ұлттық банктің шоттарындағы қаржылардың қалдықтарынан;
• Ұлттық банкте сақтаулы валюталық құндылықтардан;
• шетел үкіметтері немесе халықаралық қаржы мекемелері шығарып, кепілдік
берген бағалы қағаздардан;
• шетел валютасындағы жай және аударым вексельден;
• өтімділігі және қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайдағы шетел
валютасындағы басқа сыртқы активтерден құрылады.
Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы оның іс жүзінде алған
кірістері мен осы жылғы шығын арасындағы айырмаға тең. Шығынға шығарылып
тасталған күмәнді борыштар, активтердің, оның ішінде айналымға шығарылған
банкноталар мен монеталардың амортизациясы тозуы қосылады. Табыс жоғарыда
айтқанымыздай, жарғылық, резерв капиталын қалыптастыруға жұмсалып, қалған
бөлігі келесі қаржы жылының үлесіне жіберіледі. Ұлттық банктің басқарушы
органы болып Басқарма және директорлар Кеңесі Директорат саналады. Оның
жоғарғы органы-Басқарма, ол 9 адамнан тұрады. Оған Ұлттық банктің
төрағасы, бес лауазымды адамы және Президенттен бір, Республика Үкіметінен
екі өкіл кіреді. Президенттен, Республика Үкіметінен және Ұлттық банктен
кірген басқарма мушелерінен тиісінше Президент, Үкімет және Ұлттық
банктің төрағасы бекітеді және қызметтен босатады.
Ұлттық банктің төрағасын республика Президенті Парламентпен келісе
отырып 6 жыл мерзімге тағайындайды. Егер төраға қызметтен кеткісі келсе 2
ай бұрын алдын ала Президентке арыз жазуға құқылы. Оны қызметтен Президент
босатады. Төраға Ұлттық банктің қызметіне жауапты. Оның орынбасарларын
төрағаның ұсынысымен Республика Президенті төрағаның бекітілген мерзіміне
тәуелсіз 6 жыли мерзімге бекітеді.Төрағаның орынбасарларын қызметінен
төрағаның ұсынысымен республика Президенті босатады.Сондай-ақ төрағаның
орынбасарлары өз еркінше қызметінен кеткісі келсе,онда 2 ай бұрын төраға
арқылы Президентке арыз береді. Ұлттық банктің Басқармасының мәжілістері
қажетті кезде,бірақ айында кемінде 1 рет өткізіп,онда Ұлттық
банктің,жоғарыда айтылған қызметтерін орындайды,ал Ұлттық банктің күнбе-
күнгі қызметін басқаратын орган – Директорлар Кеңесі Президенттің
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заң күші бар Жарлығына сай
Ұлттық банктің қарауындағы барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

1.2. Банктегі бухгалтерлік есеп операция жұмысының жалпы сипаттамасы

Бухгалтерлік есеп жүйесі банк басшысына банкті ұйымдастыруды
жоспралау мен бақылау үшін қажетті қаржылық және экономикалық ақпараттарды
дайындау мақсатында жүргізілетін ақпаратты жүйе.
Бухгалтерлік есеп жүйесінің сапалылығын келесі белгілерден сипаттауға
болады:
1. Ақпараттарды тиімді өңдеуге мүмкіндік береді;
2. Есеп беру мәліметтерін жедел түрде алуға мүмкіндік береді;
3. Нақтылықтың дәлділіктің жоғары дәрежесімен қамтамасыз етеді;
4. Алаяқтық мүмкіндіктерін азайтады.
Барлық екінші деңгейлі банктер үшін бухгалтерлік есепті жүргізудегі
құжат айналымымен есеп беруді ұйымдастыру мен бақылаудың ортақ тәртібі
белгіленген. Заңды және жеке тұлғалардың шоттары бойынша нақты және ақшасыз
түрде есеп ақша құжаттарына сәйкес орындалатын жұмыс шеңбері- есеп
операция жұмысы деп аталады.
Банктің операцияларын жүзеге асыратын және олардың сомаларын есептеп
бейнелейтін қызметкерлері – есеп операция аппараты деп аталады. Банктің
есеп операция жұмысы өзінің жедел сипатымен ерекшелінеді. Оны мыналардан
байқауға болады:
1. Банк мекемесіне клиенттерден, сондай-ақ байланыс бөлімшелері арқылы
түскен құжаттар сол күні есепке бейнеленіп, өңделуі тиіс;
2. Күнделікті жұмыс күнінің басында бухгалтер клиент шотындағы қалдықты,
сондай-ақ шотқа қойылатын талаптарды біліп отыруы тиіс;
3. Банк мекемелеріне күнделікті дербес шоттың көшірмесін және операцияны
жүргізу есебінде қолданылған құжаттың көшірмесін беріп отыру керек;
4. Күнделікті құжаттардың аналитикалық және синтетикалық есеп
материалдарының өз-ара салыстырулары жүргізіледі;
5. Әр-бір банк мекемесі операциялық күннің аяқталуына байланысты күнделікті
бухгалтерлік баланс құруы керек.
Жұмысты ұйымдастыруға байланысты барлық аталған талаптар мен банк
айналымдағы ақша қорытындылары, құндылықтарын сақталуын қамтамасыз етеді.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру банк басшысына және бас бухгалтерге
жүктелген. Банктің бас бухгалтердің құқықтары мен міндеттері заң және
нормативті актілерде бейнеленген. Бас бухгалтерді тағайындау және оны
жұмыстан босату жоғары тұрған мекеме арқылы жүргізіледі және бас бухгалтер
міндетті түрде банк бастығына бағынады. Бас бухгалтер заң актілерін
басшылыққа ала отырып қызмет етеді, яғни бухгалтерлік есеп пен есеп беру
туралы ҚР-ның Ережесі, Ұлттық банктің нұсқаулық құжаттары, нормативтік
актілері және тағы басқалары. Бас бухгалтер қабылданған бухгалтерлік
есептің жалпы әдістемелік принциптерінің сақталуына жауапты болады. Бас
бухгалтерге заңға қарсы келетін операциялар бойынша қаржылық тәртіпті
бұзатын құжаттарды қабылдауға тиім салады. Есеп операция аппараты жауапты
қызметкерлер принципі бойынша жұмыс істейді. Жауапты қызметкерлерге есеп
ақша құжаттарын толтырып, оларға қол қою жұмысы жұктелген.
Есеп операция аппаратының негізгі міндеттерін, сондай-ақ жауапты
қызметкерлерге, бақылаушыға, шоттардың белгіленіп берілуін олардың қайта
белгіленуін бас бухгалтер арнайы шоттарды белгілеуі және қайта белгілеу
туралы кітапқа тіркеу арқылы жүзеге асырады. Қазіргі кезде банкте жоғалту,
жымқыру, зұлымдық жасау, тәуекелшілікті жою үшін ішкі құрылымдар ашылуы
тиіс. Оның негізгі принципі мынада: әр қызметкер өзінің бөлімшесінде
жүргізілетін операцияларды қадағалап солар бойынша жауаптылықта болады.
Банктің ішкі құрылысы шартті түрде негізгі екі бөлігі бөлінуі керек
Франт-офис – банктің клиенттерімен серіктестік келісім шарт құратын бөлімі,
ал Бэк-офис- орындалған операцияларды тіркейтін бөлім.
Құжаттар – жүргізілуі шаруашылық операцияларға заңды күш беретін
жазбаша куәлік болу болып табылады.Құжаттау есеп аппаратының басы және банк
қызметін тұтас ұздіксіз көрінісімен қамтамасыз етеді. Құжат дұрыс, ешқандай
түзетусіз тапсырылуы керек. Құжаттарда тиісті реквизиттер және оған заңды
күш беретін көрсеткіштер болуы керек оған мыналар жатады: құжат атауы, банк
мекемесінің қызметін пайдаланатын мекемелер, төлеушілер мен алушылардың
аттары мен тұрғылықты жері, банктегі шот нөмері, төлем түрі , операция
сомасы, жауапты тұлғалар мен клиенттердің қолдары мен және олардың мөрінің
көшірмесі, барлық құжаттарға бухгалтерлік жазба негізінде копировка болуы
қажет, балансті және баланстан тыс дербес шоттар бойынша сомалары
көрсетілуі керек.
Банктің есеп кассалық, несиелік және тағы басқа операциялары
бухгалтерлік есеп жүйесінде ақша есеп құжаттары негізінде бейнеленеді. Бұл
құжаттар банкке шаруашылық мекемелерден, ұйымдардан және басқа да
банктерден келіп түседі. Сондай-ақ құжаттарды банктердің өздері құрады.
Бұл құжаттардың жиынтығы банктік құжаттар деп аталады.
Құжаттар былай бөлінеді: банктік , клиенттік.
Банкте құралатын құжаттарға мыналар жатады:
- банк аралық есеп айыру бойынша дебеттік және кредиттік тапсырма.
- Мемориалдық және кассалық ордер
- Қаржы шоты бойынша несиенің қамтылуын талдау нәтижесі бойынша несие
бөлімінің өкімі;
- Есеп айыру құжаттарын төлеу үшін несие беру туралы өкім;
Клиенттік құжаттарға мыналар жатады:
- төлем тапсырысы;
- төлем талап тапсырысы;
- қолма-қол жарнама, хабарлама;
Банк аралық есеп айыру бойынша дебеттік және кредитік тапсырыс
операцияның орындалғаны туралы, сондай-ақ басқа қаланың есеп айыруын
толтыру кезіндегі бір банктің екінші банкке хабарламасы ретінде
қолданылады.
Мемориалды ордер төлем тапсырысын бөліп төлеген кездегі операцияны
толтыру үшін қолданылады. Ақшаны босату және қабылдау операциясы кезінде
толтырылатын кассалық ордерлер кіріс және шығыс бойынша бөлінеді.
Кіріс кассалық ордерге мыналар жатады:
- қол ма қол жарнаға хабарлама;
- кіріс кассалық ордер;
- ақша қабылдау бойынша түбіртек;
Шығыс кассалық ордерге мыналар жатады:
- ақшалай чек;
- ішкі банк операцияларын жүргізу кезінде қолданылатын шығыс
кассалық ордераванс беру,қызметкерлерге жалақы беру, клиенттерге аманат
беру, айналымға ақша шығару;
Бухгалтерлік жазбаларда қысқарту мақсатында операцияның сипатына
байланысты құрама құжаттар қалдырылады. Бұл құжаттарда бірнеше операциялар
біріктіріліп көрсетіледі. Оған жататындар:
-құрама төлем тапсырысы;
-құрама ордерлер;
Баланстан тыс құжаттарға кіріс және шығыс баланстан тыс ордерлер
жатады. Бұл құжаттарда құндылықтардың, қатаң есеп бланкілерінің,
бухгалтерия мен кассадағы құжаттардың қабылдануы мен берілуі көрсетіледі.
Банк операциясын жүргізуге негіз болатын барлық кассалық және
мемориалды ордерлерде оларды тексерген және толтырған бланктерде
тұлғалардың қолдары боу керек:
Ақосымша тексеруді қажет етпейтін құжаттарда жауапты орындаушының
біреуінің ғана қолының болуы да жеткілікті
Бклиенттерден келіп түскен құжаттар формальды және мәні жағынан
тексеріледі.
Формальді жағынан бухгалтер мыналарды тексереді:
-реквизиттердің толықтылығын
-клиенттердің қолы мен мөрінің дұрыстығын
-алғашқы және соңғы даналарда ешқандай айырмашылық жоқ
екендігін.

2 Мәні жағынан тексергенде:

-құжат қай шоттан төленуі тиіс екендігін
-шотта құжатты төлеуге қаржы бар екендігін
-қол үлгісінің карточкасы бойынша құжаттарға кімнің қол
қойғанын
-құжаттың мерзімін.
Ақшалай чек бойынша шаруашылық ұйымдар ақша алғанда, шаруашылықтың
жауапты тұлғасының төл құжаты тексеріледі.
Жұмыс күнін және құжат айналымын ұйымдастыру, банктің ішкі бақылауын
жүргізу.
Есеп операция қызметкерлерінің жұмыс күнін ұйымдастыру, келіп түскен
есеп ақша құжаттарын толтырып, бухгалтерлік есепте балансты және баланстан
тыс шот бойынша баланс құрумен уақтылы қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.
Банктерді жұмыс күнін және құжат айналымын ұйымдастыруға мынадай
негізгі талаптар қойылады:
-барлық есеп ақша құжаттары шоттар бойынша бухгалтерлік есепте сол
күні бейнеленуіне тиіс
-операция күнінің соңына келіп түскен құжаттар тәртіп бойынша келесі
жұмыс күні клиенттер шоты бойынша жүргізіледі.
Банктің жұмыс күнінің операциялық және операциялық емес болып
бөлінуіне байланысты операция күнінің нақты аяқталу уақытын банк басшысы
белгілейді. Операция күнінің барысында клиенттерден қабылданған есеп ақша
құжаттары тікелей есеп операция қызметкерлерімен жүргізіледі. Операциялық
емес уақытта құжаттар банкке тікелей жауапты орындаушылармен немесе арнайы
жәшіктерге салынған күйде тапсырылады. Бұл жәшіктерден құжаттар сағатына
бір рет алынып тұрады. Әрбір банкте операция салмағын реттеу үшін банкке
айтарлықтай көлемде құжат әкелетін негізгі клиенттерден құжаттарды қабылдау
кестесі құрылады. Жеке тұлғалардың, аманатшылардың, зейнеткерлердің,
азаматтардың есеп және кассалық операциялары күні барысында жауапты
орындаушылармен жүргізіледі.
Банк қызметін бақылау бойынша операциялар жиынтығы ішкі банктік
бақылау деп аталады. Ішкі банктік бақылаудың үш түрі бар: 1.Алдын-
ала бақылау; 2.Ағымды бақылау; 3.Кейінгі бақылау.
Алдын-ала бақылау – операция орындалғанға дейін жүргізіледі. Онымен
банк басшысы, несие бөлімінің қызметкері, ал бөлек операция бас бухгалтер
айналысады. Мысалы, облыстық Ұлттық Банктің жетекшісі операцияны қолдану
мүмкіндігін анықтайды және ақша эмиссиясын жүргізуге рұқсат береді. Бас
бухгалтер клиенттің ағымды шоттарын ашу үшін құрылған құжаттарды тексереді.
Ағымды бақылау – операцияны жүргізу кезінде, операциялық күн
барысында жүргізіледі. Оған жататындар мыналар:
1.Құжаттарды формальді және мәні жағынан тексеру;
2.Клиенттің дербес шоты бойынша құжаттағы жазбаларды тексеру,
аналитикалық және синтетикалық есептің материалдарын салыстыру;
3.Бөлшек операциялар бойынша ағымды бақылауды бас бухгалтер немесе
оның орынбасары жүргізеді;
Кейінгі бақылау – жүргізілетін операция бойынша есептің дұрыстығын
және сәйкес құжаттардың дұрыс толтырылғандығын тексеру болып табылады.
Операцияны жүргізу тәртібі және бухгалтерлік есептің жүргізілуі бойынша
қателіктердің жіберілуі себептерін анықтау керек.

1.3. Банктердегі аналитикалық және синтетикалылық есеп, олардың формалары

Аналитикалық есеп – бұл әрбір банк операциясының бейнеленуін
көрсететін нақтылы, түсінікті есеп болып табылады. Аналитикалық есеп
қаржыларды қолдану тәртібін және әрбір ұйымның қаншалқты қаржысының бар
екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ аналитикалық есепті
қаржылық және стаистикалық мекемелер де пайдаланады.
Аналитикалық есептің материалдары болып келесілер табылады:
аДербес шоттар;
боперациялық журналдар;
втүгелдеу карточкалары;
гкітаптар.
Олар әрбір балансты және баланстан тыс шоттар бойынша ашылады. Мысалы,
банкаралық есеп айыру бойынша аналитикалық есептің құжаты болып дебеттік
және кредиттік тапсырыс қызмет етеді. Тапсырыс өзара есеп айыру бойынша
операцияны бастайтын банк мекемесімен құрылады.
2Қысқа мерзімді несие бойынша міндеттеме бойынша аналитикалық
есептің құжаттары болып қарызшыдан несие беру кезінде алынған жедел
міндеттеме қызмет етеді.
Карточка-паспорт әрбір шаруашылық инвентармен арзан бағалы тез
тозатын заттарға ашылады. Инвентарлық карточкалар түгелдеу карточкасы
әрбір ғимараттар бойынша ашылады.
Операциялық журналдар – анықталғанға дейінгі сомалар есептелетін
шоттар бойынша аналитикалық есептің құжаты болып табылады. Журналдар,
карточкалар, кітаптар жүйеден тыс құжаты болып табылады.
Аналитикалық есептің негізгі материалы- дербес шот?
Дербес шот клиенттің әрбір клиенттің әрбір шоты бойынша ашылады және
олардың белгіленуі бойынша ақшалай құжаттардың есебін жүргізуге мүмкіндік
береді. Қаржылық және статистикалық мекемелердің келісімімен дербес шоттың
әртүрлі формалары қолданылады.
Дербес шоттың реквизиттері:
1.Дербес шоттың нөмірі;
2.Мерзімі;
3.Құжат нөмірі;
4.Корреспонденттік шоттың нөмірі;
5.Операция түрі, айналым сомасы;
6.Дебет және кредит бойынша қалдық сомасы.
Дербес шот орнатылған стандартқа сәйкес 2 данада басылады. Екінші
дана клиентке беруге арналған дербес шоттың көшірмесі болып табылады.
Бірінші дана банкте қалады. Дербес шоттағы жазбалар тиісті есеп-ақша
құжаттары негізінде жасалады. Электронды есептеу машинасына дербес шоттың
көшірмесін еңгізу кезінде оған ешқандай қол және мөр қойылмайды.
Клиенттерге беруге арнайы клавиштік машинада құрылатын дербес шоттың
көшірмесіне жауапты орындаушының қолы мен мөрі қойылады. Дербес шоттың
көшірмесінде соңғы жазба мен мөрі қойылады. Дербес шоттың көшірмесінде
соңғы жазба мен мөр және қолдың арасында бос орын қалмауы тиіс. Көшірме
берілген шот бойынша бір немесе екі қолға құқығы бар тұлғаларға беріледі
немесе олардың өкілдеріне сенімхат бойынша рұқсат етіледі. Шот иесі
орнатылған тәртіп бойынша бес күн ішінде дебет немесе кредиті бойынша қате
жазылған сома туралы хабарлауы тиіс.
Синтетикалық есеп – бұл жалпылама есеп. Банктегі синтетикалық есептің
материалдары болып мыналар табылады:
1.Бухгалтерлік журналдар;
2.Кассалық журналдар;
3.Құрама карточкалар;
4.Айналм және тексеру ведомостері;
5.Баланстар күндік, айлық, жылдық.
Синтетикалық есеп мәліметтері кассалық жоспрадың, мемлекеттік
бюджеттің және басқа да көрсеткіштердің қолданылуын талдау үшін
пайдаланылады. Есептеу орталығымен берілетін күнделікті баланста кредит
және дебет бойынша айналымдар, шығыс қалдықтар көрсетіледі. Күнделікті
балансқа баланстан тыс шоттар бойынша құрылған баланс қосылады. Оның
негізінде құрама карточка құрылады. Кассалық операциялармен, әкімішілік
басқару шығындарымен байланысты операциялар бойынша І 0487007 формадағы
құрама карточка жүргізіледі. Құрама карточкаға күнделікті дебет және кредит
бойынша айналымдар және келесі күнге аналитикалық есептің балансты шотында
ашылған дербес шот бойынша есептелген қалдық жазылады.
Кассалық журнал – кассалық жоспардың белгісі мен сомасын,
клиенттердің дербес шоты мен нөмірін көрсететін кассаның кіріс және шығыс
құжатының жазбасын сақтайды. Операцитя уақтының аяқталуына қарай кассалық
журналдың қорытындысы есептелінеді, ол банктің айналым кассасының кіріс
және шығыс мәліметтерімен салыстырылады. Күнделікті есептеу орталығымен
екі сальдолық ведомость беріледі. Бірінші данасы бас бухгалтерде сақталады,
екініші данасы экономикалық бөлімге беріледі. Операциялық журналмен дербес
шоттар жүргізілетін балансты және баланстан тыс шоттар бойынша тексеру
ведомості құрылады. Онда әрбір айдың күніне қалдықтар, шот бойынша
жазбалардың мерзімі және сомасы көрсетіледі. Бас бухгалтер аналитикалық
және синтетикалық есептің ұстінен осы шоттар бойынша тексеру жүргізеді және
оның нәтижесінде алынған қорытынды сальдолық ведомость пен балансқа қол қою
арқылы күәландырылады. Әрбір айдық бірінші күніне құрылған тексеру
ведомостіне жауапты орындаушы мен бас бухгалтер қол қояды. Операциялық
журнал немесе құрама дербес шоттар жүргізілетін балансты және баланстан тыс
шоттар бойынша тексеру ведомості құрылады. Әрбір айдың бірінші күніне
тексеру ведомостіне жауапты орындаушы мен бас бухгалтер қол қояды.
Екінші деңгейлі банк балансы банктің меншікті және тартылған
қаржыларының жағдайын көрсетеді, сондай-ақ банктің несиелік, инвестициялық
және басқа да операцияларға орналастырылған қаржыларын бейлнелейді. Банк
балансы күнделікті құралады, банк басшысы мен бас бухгалтер қолдарымен
куәландырылады. Банк мәліметтері арқылы келесілер бақыланады: -ақша
ресурстарының қалыптасуы мен орналасуы; -банктің несиелік,
инвестициялық, кассалық және басқа да операцияларының қозғалысы;
-бухгалтерлік есепте операциялардың толық және дұрыс бейнеленуі
көрсетіледі.
Күнделікті бухгалтер аналитикалық және синтетикалық есептің
мәліметтерін салыстыруы керек. Алынған дербес шоттарды осы шотты жүргізуге
жауапты орындаушылар тексереді. Дербес шоттағы барлық жазбалар сәйкес
құжаттармен негізделінгендігі тексеріледі. Бұл құжаттар банктің өкілді
қызметкерлерінің бақылауынан өтіп, операцияны құжаттау кезінде олардың
қолдары қойылады. Сондай-ақ дербес шотқа құжаттардың реквизиттері мен
сомалардың дұрыс көшірілгендігі тексеріледі. Қосымша бақылауды қажет ететін
операция бойынша дербес шоттағы жазбаларды тексеруді бақылау жүргізумен
айналысатын қызметкерлер жүргізеді. Банк балансы электронды есептеу
машинасында құрылып, келесі жұмыс күнінің басына дайын болуы керек.
Күндіз құрылған баланстың дұрыстығы, актив пен пассив қалдықтарының
қорытындысының тең болуымен бақыланады. Баланстан тыс шоттар бойынша
баланстың қорытындысының дұрыстығы, алдыңғы баланстың қорытындысындағы
кіріс айналымының қорытындысын қосып, баланс құрған күнгі шығыс айналымы
қорытындысын алып тастағанға тең болады.
Баланста балансты құрған қызметкердің және бас бухгалтердің қолы
болуы тиіс. Сонан соң оны банк басшысы қарап, қол қояды. Кассалық журналмен
күнделікті баланс ай бойынша жинақталады.

ІІ. Казкоммерцбанк АҚ бухгалтерлік есепті жүргізуді ұйымдастыру
ерекшеліктері
2.1.Екінші деңгейлі банктерде клиенттерге шот ашу, жүргізу және жабу және
оларды есепке алу тәртібі

Клиенттердің банктік шоты – бұл банк пен шот иесі арасындағы банктік
операцияларды жүргізуі бойынша келісімдік қатынасты бейнелеу және депозит
қабылдауға байланысты шот иесімен қатынас жасау әдісі.
Келісімде көрсетілген шарттар мыналар:
-клиенттердің нақты ақшасын сақтауға және клиенттердің кез келген
уақытта қаржысын қолдануына еркі бар екендігіне банктің кепіл беруі;
-шот иесінің есебіне ақша сомасын қабылдау қосу;
-шот иесінің тапсырысы бойынша немесе үшінші тұлғаның бұйрығы бойынша
шоттан ақша сомасын босату өшіру;
Банктік шоттар теңгеде, сондай-ақ шетел валютаарында ашылып,
жүргізіледі және мынадай түрлерге бөлінеді:
аағымды шот бкорреспонденттік шот.
Ағымды шот - бұл заңды және жеке тұлғалардың банктік шоты.
Корреспонденттік – банктердің және банктік емес қаржылық мекемелердің
банктік шоттары. Банктік шотты ашу мен жүргізу банк пен шот иесі арасында
жасалған келісімге негізделеді. Ол үшін клиент мынадай құжаттарды ұсынуы
тиіс: 1.Өтініш; 2.Қол және мөр басылымының үлгісін көрсететін құжат құжат
№202; 3.Салық мекемесінен берілген клиенттің салық есебіне
тіркелгендігі туралы анықтама; 4.Бекітілген формада еңбек және әлеуметтік
қорғау бөлімінен берілген шаруашылық субьектінің зейнетақы қорына жарна
төлейтіндігін көрсететін құжат. 5.Бекітілген формада өкілетті мекемемен
берілген клиенттің мемлекеттік тіркеуден өткендігін дәлелдейтін құжат
көшірмесі. 6.Қазақстан Республикасы заңы бойынша белгіленген тәртіппен
бекітілген жарғының көшірмесі.
Шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілеттіліктер үшін:
1.Қол және мөр басылымының үлгісін көрсететін құжат;
2.ҚР-ның СІМ-мен бекітілген, оның аккредитациясын көрсететін құжаттың
көшірмесі.
Ашылатын шоттың түріне байланысты банк клиенттен қосымша құжаттарды
ҚР-ның заңдарында немесе банктік заңда көрсетілген жағдайларда талап етеді.
Банктер клиенттердің талаптары бойынша шотты ашу, жүргізу және жабу, ол
бойынша операцияны жүргізудің тоқтап қалу мүмкіндігі туралы тәуекелділіктер
бойынша ақпараттарды клиенттерге ұсынып отыруы керек. Заңды тұлғалардың
атын өзгертсе, мөрін жоғалтса немесе ол тозса, банк шот иесіне жаңа мөр
дайындау үшін уақыт береді. Мөрді дайындау кезінде, шот иесінің мөрінсіз
төлем құжатын толтыру тәртібі орнатылады. Ол тәртіп келісімде көрсетілуі
керек. Шот ашу үшін клиенттің әкелген құжаттары банкте әрбір шот иесі
бойынша ашылған іс құжатқа тігіліп, келісімнің түпнұсқасымен сақталады.
Заңды және жеке тұлғалар барлық кредитор банктің міндетті жазбаша
хабарламасымен бірнеше банктерде шоттар аша алады. Банк клиентке шот
ашқаннан кейінгі он күн ішінде тиісті салық мекемесін хабардар етуі тиіс.
Клиенттердің меншіктік қаржыларын сақтауы мен есебі үшін, оларға
банктен ағымды шот ашылады. Қолданбалы шот жоспары бойынша ағымды шот
нөмірі 9 санынан құралатын болған:
-алғашқы үш сан ЭЕМ-ға енгізу үшін;
-келесі үш сан – балансті шот нөмірі;
-жетінші сан – бақылау кілті;
-соңғы екі сан – тіркеу нөмірі.
II деңейлі банктердің жаңа шот жоспарына көшуімен байланысты, Ұлттық
Банк тарапынан дербес шоттарды нөмірлер жүргізілмейді. Банктер дұрыс және
уақтылы есеп беруге қолайлы болу үшін дербес шоттарды еркін нөмірлей алады.
Шот нөміріндегі сандар санымен, кодтау төлем жүйесінің талаптарына сәйкес
болуы тиіс.
Шоттар нөмірінде теқ қана сандар қолданылады, ал шот құрылымында,
еңгізу кезіндегі толық сақтығы үшін , бақылау кілтін қолдануға рұқсат
етілген.

Дербес бет ескіше; 523467108
Банктік шот жаңаша; 2203000122500110007
Қарыз шоты ескіше; 010477108
Қарыз шотыжаңаша; 1411000122582200207
Ұлттық Банк ұсынған нөмірлеудің негізінде, екінші деңгейлі
банктердің бірінде мынадай нөмірлеу реті еңгізілген;
Б Б Б Б - баланстық шот нөмірі;
Ю – құқылық статусы;
Р – резиденттік белгісі;
Нөмірлеу соңында нөлдер тіркеледі, бұл банктердің нөлдерді кез-келген
уақытта жай сандарға айналдыруға болатындығымен түсіндіріледі.
Клиенттің шот ашуға жазған өтініші №1 формадағы тіркеу кітабында
қандай нөмірмен тіркелгендігіне байланысты.
Операцияның код бойынша номірленуі
01 – төлем тапсырысы
02 – төлем талап-тапсырысы
03 – нақты ақшаның түсімі
04 – есеп айыру чегі
05 – аккредитивтер
06 - өшіру,аудару
17 – қарыз ұсыну,қайтару
Клиенттің банктік шоты бойынша операциялар мына жағдайда жүргізіледі
: -шот иесінің тапсырысы бойынша ; -үшінші тұлғаның талабы бойынша,шот
иесінің келісімімен (акцептеуімен);-акцепт заңдылығымен сәйкес шот иесінің
келуін талап етпейтін үшінші тұлға талабы бойынша;
-ҚРның заңына және жасалған келісім-шартқа қайшы келмейтін банк
бұйрығы бойынша.
Банктік шоттар бойынша,кіріс операцияларынан басқа оперрацияларды
тоқтату немесе шот иесінің ақшаларын тұтқындау,құқығы бар өкілетті
мекемелердің шешімі негізінде ҚР-ның заңына сәйкес жүргізіледі.
Банктік шоттардың жабылуы, клиентпен жасалған банктік шот туралы
келісім шарттың қызмет етуінің тоқтатылуына байланысты жүргізіледі. Заңды
тұлғаның таратылуы немесе қайта ұйымдастырылуы кезіндегі шоттың жабылуы
мемлекеттік тіркеуге сәйкес жазбаларды енгізгеннен кейін жүргізіледі.Шот
иесінің іс құжатында шоттың жабылу себебі көрсетілуі қажет.Банктік шотты
жабу кезінде шот иесінің жеке идентификациялық коды жойылады.Жабылатын шот
бойынша орындалмаған талаптар болса,шотты жабуға тыйым салынады. Бірақ
шоттың жабылуы заңды тұлғаның таратылуына немесе қайта ұйымдастырылуына
байланысты немесе заңды тұлғаның 1 жылдан аса,ал жеке тұлғаның 3 жылдан аса
мерзім ішінде шотының қозғалыссыз болуына байланысты жүргізіледі.Шот
жабылғаннан кейін банк 3 күн ішінде жазбаша түрде, салық мекемесімен
аудандық халықты әлеуметтік қорғау және еңбек бөліміне хабарлауы тиіс.
Кредитор бактің хабарлануынсыз ашылған банктік шот үшін клиент мыңдық
есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Әрбір банктік нұсқаулық
талаптарының бұзылуына байланысты,банк тарапынан болған бұрмалаушылықтар
үшін банк мыңдық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Айыппұл
сомасы республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.
Клиенттердің тапсырысы бойынша банк мекемелері арасындағы есеп
айырулар банкаралық есеп айыру деп аталады.Банкаралық есеп айырулар есеп
айыруға қатысушылардың кімге бағынуына, олардың есебі қайда және қалай
автоматтандырылғанына және олардың бір немесе әртүрлі мемлекетте болуына
байланысты жүргізіледі.
Әртүрлі банктерге бағынатын банк мекемелері арасындағы есеп айырулар
банкаралық есеп айыру орталығы арқылы жүргізіледі.Банкаралық есеп айыру
орталығы Ұлттық Банктің облыстық басқармасының деңгейінде құрылған.
Есеп айыруды жүзеге асыру үшін әрбір банкке корреспонденттік шоттар
ашылады. Корреспонденттік шотты ашу үшін банк мыналарды ұсынуы тиіс:
1.Корреспонденттік шотты ашуға өтініш;
2.Қол және мөр басылымының үлгілері көрсетілетін құжат.
Егер бір банкте немесе есеп айыру орталығында операция басталса
немесе басқа банкке тапсырыс берсе,онда шартты түрде ол А филиалы деп
аталады. Жауапты өткізбе құратын,яғни тапсырманы орындайтын банк немесе
есеп айыру орталығы шартты түрде Б филиалы деп аталады.
Корреспонденттік қатынастар – бұл екі немесе бірнеше несиелік
мекемелер арасындағы төлемдер жүргізу және тапсырыс бойынша есеп айырысу
туралы келісілген қатынастар.
Корреспонденттік қатынас арнайы корреспонденттік келісіммен
толтырылады.Онда сәйкес банктік операцияларды орындау тәртібі мен шарты
көрсетіледі.Келісіммен мыналар анықталады:
-міндетті резервтердің нормативі;
-өтімділік;
-овердрафт түрінде несие алу мүмкіндігі ;
-несие лимиті және өшіру тәртібі;
-сальдолық шотқа түсініктеме;
-корреспонденттік шотты ашу тәртібі;
-өзара мүдделіктерге байланысты қойылатын басқа да сұрақтар.
Корреспонденттік шот – бұл бекітілген келісім негізінде басқа
банктердің есебінен және тапсырысы бойынша бір банктің жүргізген есеп
айыруларын көрсететін шот .
Корреспондент – бұл басқа банк қаржылары есебінен және тапсырысы
бойынша есеп айыруды жүргізетін банк.
Коореспондент – бұл есеп айыру операцияларының жүзеге асырылуы үшін
корреспонденттің көрсететін қызметтерін пайдаланатын банк.

Кесте 1 - Корреспонденттік шоттар бойынша бухгалтерлік жазулар
№ Шаруашылық операциялардың мазмұны Шоттар корреспонденциясы
дебет кредит
1 Ұлттық банк мекемелерінде Облыстық Ұлттық 2203 1051
банк немесе Бас Алматы (БАФ) арқылы
клиенттермен төленген төлем тапсырысының
сомасы
2 Облыстық Ұлттық банкпен немесе БАФ – тан 1051 2203
клиенттердің шотына қаржылардың
аударылғандығы туралы көшірмені алу кезінде
3 Екінші деңгейлі банк мекемелерінде, басқа 2203 1052
банктердің корреспонденттік шоттары арқылы
аударылған төлем сомасы
4 Басқа екінші деңгейлі банкте корреспонденттік1052 2203
шоттан көшірмені алу кезінде сома
5 Егер төлеуші мен алушыға бірыңғай 2151 1051,1052
корреспонденттік шотқа көшкен банктің әртүрлі
филиалдары қызмет көрсетсе,онда төлеуші
банкінің филиалында төлем тапсырысы негізінде
келесі өткізбе құрылады

Электронды төлемдердің есебі мен оларды ұйымдастыру тәртібі
Электронды төлемдер әр түрлі екінші деңгейлі банктер арасындағы
банкаралық есеп айыруды тездету үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің
есеп торабы (сеть) арқылы енгізіледі.
Электронды төлемдерді енгізу бір уақытта банктер арасындағы қағазды
құжат айналымын азайта отырып,сенімділік пен жылдамдылықты арттыра түсуі
тиіс. Электронды төлемдерді жүргізудің ерекшеліктері мыналарда:
а) Барлық электронды төлемдермен безендірілген құжаттарҰлттық Банктің
жіберуші және алушы бөлімшелері арасындағы өзара және екі жақты куәландыру
негізінде жүргізіліп қалыптастырылады .
Б филиалына электронды аударуды жіберуші оның шынайылылығын
куәландырады,ал электронды аударуды алушы қаржылардың алушының шотына
түскендігін куәландырады.
Б) Электронды құжаттардың байланыс шоттары бойынша квитовкасы
бастапқы және жауапты өткізбелер бойынша жүргізіледі.Олардың қорытындысы
операцияның сипатына байланысты балансты шоттарда бейнеленеді.
Электронды төлем құжаты клиенттің электрон деген белгісі бар жай
төлем құжаты негізінде құрылады .Электронды төлем құжатында төлемнің
белгілену мәтіні,төлеуші банктегі жауапты тұлғалардың аты-жөндері және тағы
басқа да реквезиттер болады.
Банк мекемесі мен оның клиентіне арналған электронды төлем А
филиалынан аударудың шынайылылығы туралы 3, 4 операциялық күн ішінде
алынған куәландырудан кейінгі алушының шотына қаржыларды аудару кепілі
болып табылады.
Электронды төлем құжаты шынайылылықтың қажетті деңгейін қамтамасыз
ететін байланыс (телекоммуникация) торабы арқылы беріледі.
Электронды төлем арқылы есеп айыру екіге бөлінеді:
1) Облыс ішіндегі есеп айыру;
2) Аймақ аралық есеп айыру.
Электронды төлем құжаттарының түрлері операция түрлерінің келесі
белгілері бойынша анықталады:
01 – төлем тапсырысы
02 – төлем талап тапсырысы
03 – кассалық
04 – есеп айыру чегі
05 – аккредитив
06 – мемориалды ордер (№2 –ші картотекадағы төлем құжаттарын бөлшектеп
төлеу немесе банкаралық есеп айырумен байланысты ішкі аударулар)
08 – қаржылық мекемелердің есеп айыру чектері.
Дебеттік электронды төлемді аударулар барлық байланыс шоттары бойынша
жүргізіледі.
Электронды төлем құжатын бастапқы өткізбе бойынша Б филиалына жіберу
кезінде облыстық Ұлттық Банкке немесе БАФ-ті келесі өткізбе құрылады:
Дт – клиент шоты
Кт – 44421.
Алушының облыстық Ұлттық Банкінде немесе БАФ-ті электронды құжаттың түсуі
кезінде автоматты түрде А филиалына сұрау жіберіледі және одан куәландыру
түскен кезде,қабылданған электронды құжаттардың картотекасында автоматты
түрде белгі қойылады және жауапты өткізбенің құжаттарының квитовкасы
бойынша өткізбе құралады да,сома транзитті шоттан өшіріліп,клиент шотына
есептелінеді.
Ал облыстық Ұлттық банктің немесе БАФ-тің бөлімшесінде клиент шотына
соманың аударылғандығы туралы хабарлама негізінде бастапқы өткізбелер
бойынша құжаттардың картотекасында автоматты түрде белгі қойылады және
бастапқы өткізбелердің құжаттарының квитовкасы бойынша өткізбе құрылады.
Барлық аймақ аралық есеп айыру бойынша түскен электронды төлемдер
қаржыны алушының облыстық Ұлттық Банкінің немесе БАФ-тің балансында
кредиттік төлемдер бойынша жүргізіді:
Дт -24421
Кт –44721.
А филиалынан куәландыруды алғаннан кейін Б филиалында автоматты түрде
өткізбе құрылады:
Дт –44721
Кт – ағымды шот.
Және бір уақытта құжаттардыңквитовкасы жүргізіледі.Сол квитовкаланған
сомаға мына өткізбе құрылады:
Дт –24427
Кт –24421.
Осыдан кейін А филиалына алушының шотына қаржылардың
аударылғандығы туралы куәландыру жіберіледі.Егер Б филиалында шот жоқ
болса немесе алушының шотының атауы болмаса,онда электронды төлемдер
автоматты түрде қайтарылады.

2.2. Казкоммерцбанк АҚ негізгі құралдар мен материалдық емес
активтердің есебі

Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есебі
орталықтандырылған түрде SCALA ақпараттық жүйесінің негізінде
жүргізіледі. Бухгалтерлік жазулар бастапқы құжаттардың негізінде жасалады.
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер бухгалтерлік есепте
бастапқы құн бойынша есепке алынады. Негізгі құралдарды қабылдаған кезде
материалдық жауапты тұлғалар олардың атауын, санын, сапасын, бағасын
тексереді. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді есепке алу
бастапқы құжаттардың негізінде жүргізіледі (тауарлы-көлік накладнойлары,
шот-фактуралар, негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің қабылдау-
тапсыру актілері). Осы бастапқы құжаттардың негізінде есеп қисап бөлімінде
түгендеу карточкалары толытырылады.
Негiзгi құралдардың сапалық (моральдық) тозуы техникалық
прогреске, өндiрiс әдiстерiн жетiлдiруге және жаңартуға байланысты
болып келедi.
Негiзгi құралдардың сапалық (моральдық) тозуын мынадай
факторлар арқылы анықтайды: өндiрiсте нмесе жабдықтарды жаңартудағы
жаңалықтар (ескi машиналарды жаңа, неғұрлым өнiмдi машиналармен
ауыстыру); техзнологиялық процестi жетiлдiру жаңа технология
қолданған кезде пайдаланудағы машиналар мен жабдықтар жарамайды,
шағарылатын өнiмнiң номенклатурасын өзгерткенде және жаңартқанда
(ескi машиналар мен құрал-жабдықтар жарамсыз болып танылады);
жұмысшы күшінiң еңбекке қамтылсуындағы, жұмысшылар
бiлiктiлiгiндегi, өндiрiстi орналастыру географиясындағы өзгерiстiң
және бiлiктiлiгiндегi, өндiрiстi орналастыру географиясындағы
өзгерiстер өндiрiстiң және пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар
санының азайтылуын талап етуi мұмкiн; өндiрiстiң өңдеушi
салаларындағы өнiмнiң жекелеген тұрлерiн шығаруға қажеттi шикiзат
құрамындағы өзгерiстер өнеркәсiптiң өндiретiн салаларында өндiрiс
көлемiнiң қысқаруына әкелiп соғуы мүмкiн.
Амортизация (латынның “өтеу” деген сөзiнен) –тозудың құндық
көрiнiсiн бiлдiредi. Амортизацияланған құн бастапқы құны мен жою
құнының арасындағы айырма. Амортизациялық аударымдар әрбiр
есептiк кезеңнiң шығысы ретiнде танылады. Жаңадан пайдалануға
берiлген құралдар бойынша амортизация есептеу келiп түскен айдан
кейiнгi айдың бiрiншi кұнiнен басталады, ал шығып кеткен
негiзiнде құралдар бойынша -шыққан айдан кейiнгi айдың бiрiншi
кұнiнен бастап тоқтатылады. Толығымен амортизацияланған негiзгi
құралдар бойынша амортизацияны есептеу қорлардың құны өнiмнiң
(жұмыстың, қызметтiң) құнына толықтай ауысқан айдан кейiн туатын
айдың бiрiншi кұнi тоқтатылады. Тоқтап тұрған негiзгi құралдар
бойынша техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыру барысында,
консервацияға ауыстырылған кезiнде амортизация есептелiнбейдi.
Жалға алынған негiзгi құралдар бойынша амортизация есептеудi жалға
беру шартының немесе шарт талаптарына сай жалға алушы
жасайды.

Кесте 2 - Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер бойынша жасалатын
шоттардың корреспонденциясы
№ Шаруашылық операциялардың мазмұны Шоттардың корреспонденциясы
дебет кредит
1 Алдын-ала төлемсіз негізгі құралдар мен 1652-920,1653-922856-932
материалдық емес активтер келіп түсті 2,1654-921,926,1
657-923,
1658-929,
1659-925
2 Алынған негізгі құралдар мен материалдық1651-930,937 2856-932
емес активтердің төлемдері аударылды
3 Алдын-ала төлем арқылы негізгі құралдар 1856-932 1051-161
мен материалдық емес активтер сатып
алынды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Материалдық емес активтердің есебі мен аудиты»
Коммерциялық банк қызметіндегі аудиттің рөлі
Компанияның ақша ағымдары
Қаржылық менеджменттің эволюциясы
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУЫ
Банктегі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы
Несие жүйесі. Әлемдегі банктік несие жүйесі дамуының қазіргі тенденциялары
Кәсіпорынның жарғылық капиталға
Қаржы мамандығы бойынша оқу тәжірибесі бойынша есеп
Банк активтерінің есебі мен аудитін ұйымдастыру
Пәндер