12 жылдық білім беру жүйесінде мектепалды даярлау


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І тарау 12 жылдық білім беру жүйесінде мектепалды
даярлықты ұйымдастырудың ғылыми - теориялық
негіздері
І. 1 12 жылдық білім беру жүйесінде мектепалды даярлауды
ұйымдастырудың педагогикалық, психологиялық
шарттары… . . . 9
І. 2 Мектепалды даярлықты ұйымдастыру үрдісі және оның
ерекшеліктері . . . 21
Бірінші тарау тұжырымы . . . 41
ІІ - тарау 12 жылдық білім беру жағдайында мектепалды даярлауды ұйымдастырудың эксперименттік зерттеулері
ІІ. 1 12 жылдық білім жағдайында мектепалды даярлықтың
ұйымдастырылуын анықтау жұмыстары . . . 43
ІІ. 2 Мектеп алды даярлық сыныбында жүргізілген эксперименттік
зерттеулердің қорытындылары, нәтижелері . . . 65
Екінші тарау тұжырымы . . . 68
Қорытынды . . . 69
Әдебиеттер тізімі . . . 72
Кіріспе
Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. «Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесін дамытудың негізгі факторларына білім беру парадигмасын өзгерту; оқыту, тәрбиелеу және білім беру сапасын арттыру; білім беру ұйымдарының материалдық базасын нығайту жұмыстарымен қатар, оқушылардың әлеументтенуі және олардың денсаулығын сақтау міндеттері де кіреді [1] .
Білім беру жүйесінің жаңа тұжырымдамасында 1997 жылғы қабылданған Лиссабон конвенциясы бойынша әлемдік білім кеңістігін интеграциялау, отандық білім жүйесі білім берудің ұзақтығы факторын орындауы, яғни жаңа білім мен ақпаратты алу жағдайында, интелектуалдық мүмкіндіктерді дамытуда 12 жылдық орта білім беруге кезең - кезеңмен көшуді іске асыру қажеттілігі негізделді кіреді [2] . Ел президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халықына жолдауында «Әйтседе барлығы мектептен басталады. Сондықтан да біз 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшуіміз керек, педагогтардың кәсіби деңгейін, оқулықтар мен білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруымыз керек» деп нақтылап айтты [3] . 12 жылдық оқытудың балалар мен жасөспірімдердің әлеументтену үрдісіне әсері зор. 12 жылдық мектеп 2003 жылдың 1 қыркүйегінен біздің республикамызда білім беру сапасын көтеру, мазмұнды жеңілдету және жаңарту, оқушылардың денсаулығын сақтауға ықпал ететін жағдай жасау, тұлғалық-бағдарлы оқытуды, қызметтік біліктілік келістерді қамтамасыз ететін қазіргі педагогикалық технологияларды енгізу және ҚР білім және ғылым министрлігінің 12 жылдық оқытуға көшу жөніндегі эксперименттік жұмысты ұйымдастыру туралы (2002жылдың 1 шілдесіндегі №524 бұйрығына) ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен «12жылдық жалпы орта білім құрылымы мен мазмұнын жетілдіру жөніндегі экспериментті жүргізу тәртібі туралы» (2002 жылдың 1 тамызындағы №593 бұйрығы) ереже, ҚР Білім және ғылым министрлігінің (2003 жылдың 8 тамызындағы №528) бұйрығына сәйкес эксперименттік жұмыс іске асуда. 12 жылдық жалпы білім беру мектебі «Жеке тұлға жетістігі» негізгі идеясы үлгісімен таңдалынып алынды. 12 жылдық оқытудағы басты мақсат-қарқынды дамып келе жатқан, ортада өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауы мен қоғам талабына сай, өзін көрсете білуге бейім, білімді, шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру [4] .
Жаңа тұжырымдамаға сәйкес 12 жылдық мектептің бастауыш сатысына бала арнайы танымдық, психологиялық даярлықпен келуі шарт. Сол себептен де мектепалды және мектепке даярлық кезеңіне ерекше мән беріп отырмыз.
Ғасырдан астам тарихы бар және әлеуметтік қоғамдастықта балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балалар бақшасы бұл күндері де үздіксіз білім берудің бірінші сатысының және балалардың ерте бастан әлеуметтенуінің тиімді үлгісі болып отыр.
Балалардың мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиелеу құқығын қамтамасыз ету мақсатында 5-6 жастағы бүлдіршіндердің бала-бақшадағы 12-жылдық міндетті әрі тегін мектепке дейінгі даярлығы енгізу тиімділігіне ерекше тоқталып өттік. Бәрімізге белгілі соңғы жылдары білім мекемелерін орынсыз оңтайландыру үрдісінің нәтижесінде, елімізде 3320 бала-бақша жабылып олардың контингенті 1, 0 млн. балаға азайды, мектепке дейінгі мекемелерге сәбилердің тек 10% ғана баратын жағдайға тап болдық. Осылайша балалардың көбі мектепке дейінгі мекемелерден тыс қалғандықтан, олардың бастауыш мектептің оқу жоспарларын меңгерудегі мүмкіндіктерін теңестіру мақсатында, қазіргі білім беру үрдісінің үздіксіздік және сабақтастық 5 жастағылардың міндеті, әрі тегін ұстанымдарына сәкес мектепалды даярлығы енгізілді.
Бұл тәжірибе басқа елдерде ертеден, 1920 жылдардан бері бар. Мысалы, Ұлыбританиядағы бастауыш мектептердің жанынан құрылатын «Балдырғандар» мектебін, АҚШ пен Франциядағы бес жастағылардың бала-бақшадағы арнайы дайындық бөлімін атауға болады. Кезінде бұл тәжірибе әр жылдарда біздің елімізде де жүзеге асырылған болатын. Ең бастысы, мектепке дейінгі бұл міндетті даярлық бастауыш мектептің құрылысын өзгертіп отыр. Осы орайда 12 жылдық мектепке көшуде мектепаралық мектепке дайындық кезеңін ұйымдастыру, оны дұрыс жолға қою, көкейкесті мәселе болып отыр.
Жалпы балалардың мектепке дейінгі шақтан мектептік өмірге көшуі -педагогика, психология ғылымында кеңінен қарастырылған мәселе болып отыр. Осы мәселені жан-жақты тексеріп, зерттеулер жүргізген ғалымдар В. С. Мухина, Е. Е. Кравцова, Т. М. Иванова, Л. А. Славина, И. В. Дубровина, В. Шаталов және т. б. Дубровина И. В. мектептің 1-сыныбына даярлықпен келетіндер, олар отбасында, бала-бақшада жүйелі түрде үйретуден өткен балалар. Алғашқы кезде қабылданған балалардың оқу үлгеріміне мектептегі бағдарлама да, мұғалім де әсер етпейді, яғни оның мектепке даярлығы әсер етеді, - деген өз тұжырымын ұсынды [5] .
Жалпы отандық ғылымда мектепке психологиялық даярлық мәселесін алғаш көтерген белгілі дидакт К. Д Ушинский болды. Ол мектептік оқуға дайын бала оқығысы келу тілегі мен, іскерлігмен, ұзақ уқыт бойы зейінін шоғырландыра алу қабілетімен дағдыланбаған жағдайда баяу меңгерілетін нәрселерді жылдам игеретіндігімен сипатталады [6] .
Республикамызда мектепке даярлау мәселесін зерттеумен айналысқан ғалымдардың бірі Б. Баймұратова «Балаларды мектепке даярлау» жөніндегі еңбегінде, ол жалпы мектепке даярлауды мектепке дейінгі кезеңнің басты мәселелері деген болатын. Яғни баланың тілін дамыту, сауатын ашу жұмыстары балаларға түрлі әңгімелер, ертектер оқып беруді бала-бақшадағы тәрбие үрдісі арқылы шешуді ұсынады [7] .
Педагог, ғалым Қ. Т Шериазданованың еңбектерінде баланың мектепке танымдық даярлығы аса маңызды дей келе, баланың мектепке даярлығын анықтайтын 5 бағытты ұсынды: танымдық қабілет, дене күшінің дамуы, оқуға ынта-ықыласы, көңіл-күйі, ерік сапаларының қалыптасуы деді.
Осындай ғылыми тұрғыда дәлелденген тұжырымдарға сүйене отырып мектеп жасына дейінгі балаларды міндетті мектепалды даярлықта оқыту қажеттілігі туындайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дейінгі сапалы білім бағдарламаларына қол жететіндігіне арттыру нысандарының бірі мектепалды институт болады, ол балаларды балалар бақшасында жалпы білім беретін мектепте және отбасында мектепалды даярлануды барлық жерде ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Мектепалды институт- бұл мектепке дейінгі ересек жастағы, негізінен бұрын балалар бақшаларына бармаған балалар үшін оқу-тәрбиелі үдісті мақсатты бағытта ұйымдастыру институты.
12 жылдық мектептің мектепалды даярланудың қызметі мыналар: балалардың тән сұлулығы мен психикалық саулығын сақтау әрі нығайту; балалардың интелектуал және тұлға ретіндегі дамуын қамтамасыз ету, олардың эмоционалдық салауаттылығы жөнінде қамқорлық; баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара қимыл жасау.
Жалпы мектепалды даярлықты дұрыс бағытта, сапалы жүргізуде мектеп, бала-бақша және отбасына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Отбасы баланы мектепалды даярлауды дербес, мектепке дейінгі ұйыммен немесе мектеппен бірлесіп ұйымдастыруды таңдауға хақылы. Отбасы мүшелері және т. б. тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген білімді дағдылар мен қарым-қатынастарды баланың меңгеруін, сондай-ақ, күш жігері мен психологиялық жағынан мектеп бағдарламасын игеруін қамтамасыз етуге міндетті. Яғни, отбасының балаға деген үлкен қамқорлығы мен жауапкершілігі негізінде оңды нәтижеге жететіні сөзсіз. Мектепалды даярлық топтары мен сыныптарының мұғалімдері мен тәрбиешілері жан-жақты, жарасымды тәрбие мен сапалы да, саналы білім беру жолында жаңа жобалар мен тенологияларды қолдана алу, олардың тиімділігі мен қажеттілігін қарастыру, тәжірибеде қолданыс табу жұмыстарын жоспарлауы қажет. Сонымен қатар бұл жүйенің жүзеге асыруда мұғалімдер мен тәрбиешілерді даярлау ісіне ерекше көңіл бөліп, қолға алу қажеттілігі, яғни мектеп басқару органдарының педагог кадрлардың кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігіне, педагогтік техникасымен педагогикалық қабілетінің дамуына ерекше көңіл бөліп, дамытуы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру мен тәжірибелерін жетілдіру мәселесінің өзекті етіп қою. 12 жылдық мектеп - ғылым, білім, сапаға негізделген мектеп болғандықтан сол мектептің алғашқы сатысына ерекше көңіл бөлу қажеттілігі туындайтындықтан, зерттеу тақырыбы «12 жылдық білім беру жүйесіне көшуде мектепалды даярлық кезеңін ұйымдастырудың маңызы» деп белгіленді.
Зерттеу мақсаты: он екі жылдық білім беру жүйесіне көшу үрдісінде
мектепалды даярлықты ұйымдастырудың маңызын зерттеу.
Зерттеу нысаны: он екі жылдық білім беру жүйесіне көшу үрдісі.
Зерттеу пәні: білім беру жүйесіндегі мектепалды даярлық кезеңі.
Зерттеу болжамы: он екі жылдық білім беру жүйесінде мектепалды
даярлықты ұйымдастырудың педагогикалық және психологиялық шарттарын талдап, мектепалды жасындағы балалардың психологиялық, физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес жүйелі және жоспарлы түрде дайындық жұмыстарын ұйымдастырып, бұл үрдістің балалардың даму өрісіне әсер ету тиімділігін анықтасақ, он екі жылдық білім беру жүйесіне көшу үрдісінде мектепалды даярлық кезеңін ұйымдастырудың маңызы туралы тың деректер алынар еді.
Зерттеу міндеттері :
- он екі жылдық білім беру жүйесінде мектепалды даярлықты ұйымдастырудың педагогикалық және психологиялық шарттарын анықтау;
- мектепалды жасындағы балалардың психологиялық және физиологиялық даму ерекшеліктерін талдау;
- мектепалды жасындағы балалармен жүйелі және жоспарлы түрде дайындық жұмыстарын ұйымдастыру;
- дайындық жұмыстарының балалардың даму өрісіне әсер ету тиімділігін анықтау.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі :
12 жылдық білім беру мен міндетті мектепалды даярлық жұмыстарына байланысты нормативтік құжаттар; мектепалды сыныптары мен мектепалды топтарында даярлық жұмыстарын жүргізу бағдарламалары; балаларды мектепке дайындау туралы ғылыми-зерттеулер.
Зерттеу әдістері: эмпирикалық материал жинау әдісі, ғылыми-теориялық шолу және талдау әдістері, практикалық әдістер тобы, сандық мәліметтерді статистикалық өңдеу әдістері, зерттеу нәтижелерін талдау және қорытындылау әдістері.
Зерттеудің теориялық жаңалығы : мектепалды даярлық кезеңін ұйымдастырудың он екі жылдық білім беру жағдайында қарастырылуы.
Зерттеу нәтижесінің дәйектілігі мен сенімділігі: зерттеудің ғылыми әдістері жүйесін мақсатты түрде қолдану мен теориялық тұрғыда негіздеу арқылы жүзеге асырылды және эксперимент барысында алыған деректердің сандық, сапалық жағынан талданып, статистикалық әдістер арқылы өңделуімен қамтамасыз етілді.
Зерттеу базасы: Тараз қаласындағы Керімбай атындағы №12 орта мектептің мектепалды сыныбы.
Зерттеу кезеңдері :
1-кезең: 2006-2007ж. ж. зерттеу тақырыбы аясында эмпирикалық материалдар жиналып, оларды ғылыми талдау жұмыстары жүргізілді;
2-кезең: 2007-2008ж. ж. ғылыми-эксперименттік жұмыстар жүргізіліп, зерттеу нәтижелері қорытындыланды.
Диссертацияның көлемі және құрылымы: магистрлік диссертацияның жалпы көлемі 77 бет, кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
І - тарау Он екі жылдық білім беру жүйесінде мектепалды даярлықты ұйымдастырудың ғылыми - теориялық негіздері
1. 1 Он екі жылдық білім беру жүйесінде мектепалды даярлауды ұйымдастырудың педагогикалық, психологиялық шарттары
Адамзат ұрпағы ХХ ғасырдың аяғында талай тарихи белестерді артқа тастап, ХХІ ғасырға аяқ басқалыда бес жылдан асып барады. Бүгінде білім -ғылымы мықты дамыған елдер барлық жағынан алда болатынына көз жеткіздік. Оның дәлелі ретінде өткен ғасыр аяғында әлемнің дамыған мемлекеттерінде білімді түбегейлі реформалау бағытында жүргізілген бірқатар іс - шараларды айтсақ та жеткілікті. Мәселен, Германиядағы «2000 жылға дейінгі білім», АҚШ-тың «ХХІ ғасырдағы америкалықтар білімі» Франциядағы «ХХІ ғасырдың білім моделіне ізденіс» реформалары соған дәлел. ЮНЕСКО қазіргі білімді жаңа тұратын әлемдік қоғамды қалыптастыруға және қоғамды тұрақты дамытудың орталық мәселесі дей отырып, 2002 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында Жапон мемлекетінің ұсынысы бойынша 2005-2014 жылдары «Тұрақты даму үшін білім декадасы» болып жарияланды. Бұл бағдарламаны Қазақстан мемлекеті де өз жүйесіне қарқынды түрде енгізе отырып, өзінің білім беру жүйесін де реформалауда.
XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың алғашқы жылдары осындай халықаралық бағдарламалар аясында білім жүйесін жетілдіру реформаларын жүзеге асырған елдердің ішінде Жапон елінің білім жүйесінің дамуын зерделесек, оның басты ерекшелігі ұлттық құндылықтар негізінде тәрбие беруді әрқашанда басты орынға қоятындығы байқалады. Күншығыс елі 12 жылдық орта білім жүйесіне бұдан жарты ғасыр бұрын көшкен, бес күндік оқу аптасы енгізіліп, балалардың мектепте өзін аса қолайлы жағдайда сезінуіне толық жағдай жасалған, балаларды балабақшалармен қамтамасыз ету, білім жүйесін ақпараттандыру, жастарды жоғары біліммен қамту сияқты шешуші мәселелер бойынша да Жапония әлемдегі ең алдыңғы қатарда. Сол секілді АҚШ, Ұлыбритания, Финляндия, Сингапур елдерінің білім жүйесіндегі реформалар барысында нәтижелер қазіргі таңда өз нәтижесін беруде.
Жоғарыда аталған озат елдердің тәжірибелеріндегідей, 12 жылдық топ білім жүйесінің басты мақсаты мен міндеті білімді, жан-жақты жетілген, эрудит, интелекті, рухани-адамгершілік қасиеттерді меңгерген ел жанды азаматты қалыптастыру. Осы бағытта 12 жылдық білім беру жүйесіндегі бастауыш сатысына ерекше мән берудеміз. Сонымен қатар 2008 жылдан бастап 5-6 жастағы балаларды міндетті мектеп алды даярлықтан білім алып тәрбиеленуіне ерекше назар аударуда. Алайда, ел басшысы Н. Ә. Назарбаев 12 жылдық мектепке көшу мәселесін біршама кейінге шегіндіруді ұсынды. Өйкені бұл жаңа жүйеге көшуде 12 жылдық мектеп базасының әлі толық дайын еместігімен түсіндіріліп отыр. Жалпы 12 жылдық мектепке көшу 2010 жылға дейін жүзеге асырылмақ [8] .
Бұл жолдарда ғалым педагогтар мен практиктер білімнің сапасы жүйесін әлеуметтендіру бағыттарына қадам жасаған. Негізгі бағдар-қазіргі заманда қоғамның жедел өркендеуі мен ғылымның зор әсер ететіндігін, олардың ұлттық, отандық жетістіктерді әлемге танытып қалыптастырып, өркениет үрдістерін санаға сіңіру. Ия, жаһандау үрдісі бел алып келе жатқан кезде Қазақстан дүниежүзілік интеграциялық процестерден оқшаулана алмайды. Бұл ең алдымен білім алу жүйесіне әсер етуі табиғи жағдай. Алайда, жаһандану егемендігіне қол жеткізген біздің елімізге пайдасынан залалы көп болуы мүмкіндеушілерде бар. Қалай болғанда алдағы уақытта оқшау, оңаша өмір сүру мүмкін емес. Қазіргі заман бұрын-соңды болып көрмеген бәсекелестік заманы. Ел Президенті Н. Ә Назарбаевтың 2005 жылғы халыққа Жолдауының «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» деп аталуы түбінде жеңіске білімділер ғана жетпек. Білім мен біліктілік диалектикалық бірліктегі егіз ұғымдар. Біліктілік бар жерде бедел де, күш те, береке де бар. Аз жылдар аумағында әлемдік қауымдастық қатарынан лайықты орынға ие болған мемлекетіміз үшін ендігі жерде жастарымыздың білімі мен біліктілігінің басқа елдерде мойындалуына, оң бағалауына жол ашу аса маңызды. Министрлік қабылдаған білім беруді дамыту тұжырымдамасында жоғары білімге тән біліктілікті өзара тану жөніндегі Лиссабон конвенцияның, жаңа қоғамдық даму сатысына лайық мамандар даярлау үлгісін айқындаған Болон декларациясының негізгі ұстанымдары мен білім берудің халықаралық стандарттық жіктелуіне сәйкес. Олардың қатарындағы ең бастылары: 12 жылдық орта білім беру, магистратураны жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім деңгейіне көшіру және докторлық бағдарламасы негізінде жаңа үлгідегі ғылыми, ғылыми- педагогикалық кадрлар дайындау. Осының алдын алу мақсатын көздей отырып Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасын дайындап, көрсетілген кезеңдерге білім қызметкерлері мен білім беру мекемелерінің міндеттерін анықтаған болатын. Ал Елбасымыз 2004 жылы білм беруде атқарылуға тиісті нақты істер белгіленген 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны бекітті. Ендігі жерде білім берудегі басты құжат осы деп білем. ХХІ ғасырда мемлекеттердің өркениеттілігі мен қуат көзі- шикізат байлықтарымен, көне тарихи- мәдени мұраларымен ғана емес, сол ел тұрғындарының интеллектуалдық, білімділік деңгейлерімен де анықтамақ. Олай болса, білім- мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуы мен елдің бәсекелестік қабілетін анықтаушы фактор және қауіпсіздік кепілі деген сөз.
Әлемдік білім кеңістігіне ену Қазақстанның жоғары оқу орындары Халықаралық стандарттау ұйымы дайындаған 2000 жылғы нұсқаудағы 9000 стандарттар сериясының талаптарынан кем түспейтін ұлттық ерекшеліктеріміз ескерілген сапалы білім қызметін ұсынғанда ғана мүмкін болады [9] . Себебі, біздің ғасыр- білім, ғылым және сапа ғасыры. Біз жоғарғы оқу орындарын тек білім беруші мекеме деп қарайтын біржақты түсініктен арылып, оның ғылымның да бастауы және орталығы екенін ұғынғанымыз абзал. Өйкені оның деңгейін анықтайтын өлшем-сапа. Ендеше, біз жалпыға бірдей жоғары білім беруден элитарлық білім беруге біртіндеп көшуіміз қажет.
Қазақстандағы білімнің өткеніне көз салсақ, білім беру тамыры ерте заманнан басталады. 7-8 ғасырларда мектеп-медреселер, діни білім беретін жоғары оқу орындары жұмыс істеген. Ал 19-ғасырдың екінші жартысында білім беру ісі үш бағытта дамыды:
1. Кадим мектептері ( мұсылмандық дәстүрлі діни мектептері) ;
2. Орыс-қазақ мектептері;
3. Жәдит мектептері.
Қазақ жерінде орыс-қазақ мектептерін ұйымдастырушы миссинерлердің түпкі мақсаты Ресей үкіметіне қызмет ететін кеңсе қызметкерлерін даярлау болатын. Бұл мектептер халықты ана тілінен, дінінен айыру міндетін қойды. Қазақстандағы білім беру жүйесінің жолға қойылуына, дамуына Ыбырай Алтынсариннің еңбегі зор болды. Ы. Алтынсарин өзінің ардақты борышы-халқының көзін ашу, қазақ балаларына өнер-білім беру деп түсінді. 1864 ж. Торғайда тұңғыш қазақ мектебі және оның жанынан интернат ашылды. Білім беруге отыз жылдай еңбек етті.
19 ғасырдың екінші жартысында қазақ мектептері қандай болу керек деген мәселе күн тәртібіне қойыла бастады. Оқытудың жәдид ( төте оқу) деп аталатын ағымы отаршылдық орыстандыру саясатына қарсы түркі тектес ұлттардың өзін-өзі қалу жолындағы қажырлы күресінен туған еді. Жәдитшілік бағытындағы ағартушылар өз кезіндегі білім беру ісіне елеулі еңбек сіңірді. Олар ұлт мәселесіне ерекше назар аударып, бірнеше оқулықтар жазып шығарды. Азамат соғысынан кейін білім беру ісі қарқынды дамыды. Білім жүйесіндегі бастауыш, 7 жылдық және 9 жылдық мектептер болды. Қазақстанда 20 ғасырдың 70-80 жылдары жаппай орта білім мен жалпыға бірдей 8 жылдық білім беру ісі жүзеге асырылды. 1980-90 жылдары елімізде халыққа жаппай орта білім беру саласында біраз жұмыс жүргізілді. Соның бірі оқуға 6 жастан бастап алу мәселесі еді. Сондай-ақ ауылдық жерлерде шағын мектептік проблемасын шешу, бастауыш мектеп пен балабақша ашу, баланы мектепке алдын ала даярлау, жаппай орта білімге көшу, мектепаралық оқу шеберханаларын ашу мәселесіне ерекше көңіл бөлінді [10] .
Ал бүгінгі таңда білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Білім берудің стандарты бойынша әрбір шәкірттің зердесіне жететін білімнің ең төменгі міндетін деңгейін көрсететін мемлекеттік стандарт бекітілді. Әр пән бойынша базалық білім аумағының стандартын жасауға жол ашты. Сол пәннің тұжырымдамасы мен оқу бағдарламасы, соған сай келетін жаңа типті оқулықтар мен оқу әдістемелік керек жарақтармен қамтамасыз етіліп, жұмыс жасауда. Төл оқулықтар жазылды. Белгілі арнаулы білім салаларына икемі бар балаларға арналған лицей, гимназия, колледж, медреселер, оқуды тегін оқыту мен қатар, жекелеген ақылы мектептер ашылды. Әлемдік деңгейге сай салауатты өмір салтын, тұрмысын қалыптастыратын халықаралық Мирас мектебі ашылды. Қазіргі кездегі республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі саналы жан-жақты өзгертуге бағытталған кешенді шығармаларымен тығыз байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа үрдістің мақсаты, бағыты, ұлттық білім беру ісінің әлемдік жүйесіне кірігуіне тығыз байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz