Мемлекет қаржысы жайлы


Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның ұлттық экономикасын дамытудың стратегиялық мақсаттарын орындау әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекеттік реттеуді түбегейлі жақсартуды көздейді. Тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етіп, соның негізінде халықтың тұрмыс жағдайын көтеру үшін ең алдымен мемлекеттік қаржы саласында мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістерін жетілдіру қажет. 1990-шы жылдардың басындағы Қазақстан экономикасын қайта құру әлеуметтік-экономикалық реформаларды қаржыландыруға және ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге өз қаржы қорының тапшылығымен (жетіспеуімен) сипатталды. Бұл мемлекет қаржы жүйесінің басқаруындағы түбегейлі өзгерістерді қамтамасыз етті.
Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қогамдық ұдайы өндірісті дамытуда, қоғамның экономикалық құрылымын қалыптастыруда, өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттің қаржылары әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараты мен корғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық қызметті атқаруға жұмсалады.
Мемлекеттік қаржының материалдық мағынасында мемлекеттік қаржылар мемлекеттің және қоғамның тиісті мүдделерін қамтамасыз етуге қажетті, әрдайым мемлекет меншігінде болатын орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қаражаттары қорларының жиынтығын көрсетеді.
Халықаралық тәжірибе көрсеткеніндей, мемлекеттік қаржысын ойластырылған түрде жұмылдырып, қолдану және қаржы саясатын ұтымды қолдану мен реттеу саласында мемлекеттің әлеуетін нығайту үшін уақытында қажетті шаралар қолдану елдің макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады.
Осыған байланысты мемлекеттік қаржысының әлеуметтік экономикалық мәнін негіздеу мен қаржы саясатының бағыттарын айқындап отыру өзекті болып табылады.
Мемлекеттік қаржы туралы сұрақтарға мемлекеттік қаржы ұғымын күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл ұғымның авторлығын 1577 жылы "Республика туралы алты кітап" деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың ("Афин республикасының кірістері туралы") алғашқы авторы Ксенофонт (б. э. д. 430-365 жж. ) болды.
Аристотельдің (б. э. д. 384-322 жж. ) қаржы саласындағы көзқарасы оның "Афиннің мемлекеттік құрылысы" атты жұмысында баяндалған. Және де XIX ғасырдағы неміс экономисі Вагнердің заңы - «Өспелі мемлекеттік белсенділік заңы» жұмысында баяндалған
Мемлекеттік қаржының мәні, оның даму зандылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіңдегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Қазіргі таңда мемлекетік қаржы ұғымы - елдегі макроэкономикалық тұрақтылықтың негізгі факторлардың бірі. Мемлекет қолданған қаржы саясаты шешімінен Қазақстанның бюджет қабілеттілігінің, мемлекет пен оның кәсіпорынының функцияларын ұтымды пайдалану қорытындылары, инвестициялық климат, және отандық қаржылық нарықтың барлық сегменттерінің жағдайы тәуелді болады. Жоғарыда айтылған себептер Қазақстанның қаржылық нарығының барлық қатысушыларына берілген мәселенің өзектілігін айқындайды.
Диплом жұмысымның мақсаты мен міндеттеріне келетін болсақ, бюджет шығыстарын қалыпты деңгейде ұстап, қаржы саясатының бағытын қарастырып, бюджет түсімдерінің жолдарын көбейтіп, бюджет тапшылығына жол бермеу.
Қойылған мақсатты жүзеге асыру төмендегі міндеттерді шешуді көздейді:
- Мемлекеттік қаржыны ұйымдастырып оның теориялық аспектілерін ашу;
- Бюджеттік қаражаттарды пайдаланудың тиімділігін анықтаудағы стратегиялық жоспар қажеттілігін негіздеу;
- Мемлекеттік қаржыны басқару жағдайында теориялық негіздерін зерттеу;
- Мемлекеттік қаржы саясатын тиімділігін, мемлекеттік қаржының экономикалық дамуға ықпалын бағалаудың тәжірибеленген тәсілдерін қарастыру;
- Мемлекеттік қаржы түсімдерін талдай отырып, шығындарды азайтып, мемлекеттік қаржының экономидағы рөлін одан әрі жоғарлату;
- Мемлекеттік қаржының стратегиялық жоспарлау арқылы Қазақстан Республикасының дамуына ықпал ету;
- Экономикалық дағдарыстан шығу және одан әрі серпінді даму.
Диплом жұмысының зерттеу объектісі ретінде оңтайлы стратегиялық жоспар жасап, бюджеттік шығындарды қадағалау арқылы түсімдерді жоғарылату болып табылады.
Зерттеудің предметі оның нысандарының, әдістерінің, элементтерінің экономикалық рөлі ретіндегі мемлекеттік қаржының мехенизмі болып табылады.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы негізінде мынандай нәтижелерге қол жеткізілді:
- Мемлекеттік қаржының экономикалық мәні анықталған;
- Қазақстан Республикасында Мемлекеттік қаржысын жұмылдырудағы қаржы саясаты мен қаржы механизмінің әдістері мен нысандары жүйеленген;
- Мемлекеттік бюджет кірістері құрамы мен құрылымы айқындалып талданған;
- Бюджет шығыстарының дұрыс жұмсалу бағыттарына талдау жасалып анықталған;
- Мемлекет қаржысының экономикалық мәні теориялық тұрғыда нақтыланған;
- Мемлекет қаржысын жұмылдырудағы қаржы саясатының рөлі анықталған;
- Мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрылымы нақтыланып, талданған;
- Бюджет тапшылығын қаржыландыру жолдарын жетілдіруге байланысты ұсыныстар жасалған.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі ретінде экономикалық ғылым классиктерінің еңбектері, сонымен қатар қазіргі қазақстандық және шетелдік ғалымдардың мемлекеттік қарыз әл-ахуалына талдау еңбектері, мемлекеттік бюджет пен бюджет тапшылығын қаржыландыру жолдарымен айналысатын халықаралық экономикалық және қаржы институттарының ғылыми-әдістемелік басылымдары алынды.
- Мемлекет қаржысының әлеуметтік экономикалық мәні
1. 1 Мемлекет қаржысының мазмұны және құрамы.
Кез-келген қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам дамуының таңдап алынған үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптасқан дәстүрлерге, сыртқы факторларға байланысты экономикалық қызметке қатысады. Жалпы мемлекеттің қоғамдағы экономикалық қызметі оның мына функцияларында көрінеді:
- Экономикалық дамудың қалыпты барысына мүмкіндік туғызатын құқықтық базаны анықтау;
- Монополиялық қызметті шектеу және бәсекені қорғау;
- Табыстар мен байлықты қайта бөлу;
- Экономиканы тұрақтандыру;
- Ресурстарды қайта бөлу.
Аталған функциялардың әс әрекеті тікелей немесе жанама түрде қаржы категориясын пайдаланумен байланысты болып табылады; айтарлықтай дәрежеде бұл байланыс мемлекеттің үшінші, төртінші және бесінші функцияларында көрінеді.
Рыноктық жүйе табыстар мен байлықты алғашқы бөлуде айтарлықтай теңсіздікті тудыратындықтан мемлекет оларды қайта бөледі. Мемлекет азаматтардың табыстарын теңестіру үшін салық салудың, трансферттердің, жалақыны реттеудің, бағалардың жүйелерін пайдаланады.
Мемлекеттің экономиканы түрақтандыру жөніндегі іс-қимылы экономикалық конъюнктураның ауытқулары туғызатын жұмыспен қамтылу және инфляция деңгейін бақылауды, сондай-ақ экономикалық өсуді ынталандыру жөніндегі шараларды кірістіреді.
Экономикалық ресурстарды қайта бөлу екі жағдаятта нарықтық жүйенің жетілмегендігінен барып туады:
- Бірқатар тауарларды өндірудің тепе-теңдік көлемінің олардың оңтайлы көлемінен ауытқуы;
- Ресурстарды бөлуден рыноктың бас тартуы немесе қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді ұлғайту мен өндіру үшін оларды жеткілікті бөлмеу.
- Бірінші жағдаятта тауарлар мен қызметтер көрсетудің бірқатарын өндіру немесе тұтыну бұл тауарларды тікелей өндіруші немесе тұтынушылар болып табылмайтын субъектілерде шығын тудырады немесе пайда келтіреді. Бұл құбылыс жанама нәтижелер немесе құйылымдар деп аталады және бұл шаруашылық процесстердің қатысушылары емес адамдардың немесе топтардың пайдалары немесе шығындары болып табылады.
Құйылым шығындарына айналадағы ортаның ластануымен, шудың, тербелістердің, түрлі қолайсыздықтардың болуымен байланысты шығындар жатады. Бұл жағдайда өндірушілер өздерінің шығындарының бір бөлігін халыққа аударып салады және өндірушілердің шығындары азаяды. Нәтижесінде өндірушілерде өндірістің үлкен көлемі болуы мүмкін, демек бұл тауарларды өндіру үшін ресурстар көбейтілген көлемде түсетін болады.
Құйылым пайдаларын: білім беру, санитарлық-профилактикалық шаралар, медициналық көмек, ауа-райын болжау, өрттен қорғау және басқа бірқатар қызметтер көрсетулер жасайды, бұлардан пайданы, бұл игіліктерді нақты пайдаланушылар ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғам да алады. Бұл қызметтер көрсетуді нақты пайдаланушылар тек рыноктық сұранымды қалыптастырады, ал құйылым пайдалары ақиқаттық мөлшерге дейін сұранымды толықтырады және қызмет көрсетудің қажетті көлемін белгілейді. Бұл жағдаят мұндай қызметтер көрсетуге ресурстарды бөлудің жеткіліксіздігін сипаттайды.
Өндіріске және тиісінше белгілі бір тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіретін, қамтамасыз ететін салаларды қаржыландыруға сонымен бірге мемлекеттің тікелей қатысуы нұсқалары болуы мүмкін алады. Олар қоғамдық және әлеуметтік деп аталады. Қоғамдық тауарлардың рыноктық тауарлардан қағидалы айырмашылығы, олар бөлінбейді және шығарып тастау қағидатының әрекетіне ұшырамайды.
Бөлінгіштік жеке сатып алушының тауарға қол жетушілігін оның тап өзіне қажетті нақты тауарларды сатып алу мүмкіндігін қажет етеді, бұның өзі сатып алушының егемендігін анықтайды.
Шығарып тастау қағидаты тұтынушы егер ол тауардың нарықтық бағасын төлей алмаса немесе төлегісі келмесе осы тауардан болатын пайданы аластатуды білдіреді.
Қоғамдық тауарлар бөлінбейді, өйткені олар жеке сатып алушыларға бөлшектеніп сатылмайды және пайдаланушыларды әдеттегідей олардан аластатуға болмайды, яғни бұл жерде шығарып тастау қағидаты іс-әрекет етпейді. Рыноктық тауарлардан алынған пайда оларды сатып алу кезінде, ал қоғамдық тауарлардан алынған пайда өндіру кезінде ажыратылады.
Елеулі сипаттағы қоғамдық тауарларға қалалар мен елді мекендердегі абаттандыру объектілерінің құрылысы мен оларды: көше жарығын, көгалдандыруды, тротуарларды және басқа қолайлықтарды ұстау; кеңірек аспектіде - құқықтық тәртіпті қорғау жөніндегі қызметтер, мемлекетті сырттан қол сұғушылықтардан қорғау, мемлекеттік басқару қызметтері жатады[1] .
Кез-келген жағдайда нарықтық жүйе не қоғамдық тауарларға ресурстарды бөлмейді немесе оларды жеткіліксіз көлемде бөледі. Сондықтанмемлекет қаржысының механизмі арқылы мұндай тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіру және қоғамды олардың белгілі бір көлемімен қамтамасыз ету туралы мемлекет шешім қабылдауы тиіс. Экономикалық ресурстарды қайта бөлуге салық-бюджет жүйесі арқылы жетеді: салық және басқа да міндетті төлемдер арқылы, жекеше сектор дара, рыноктық тауарларды өндіруде, ал халық оларды тұтынуда шектелінеді. Сөйтіп ресурстардың бір бөлігі мемлекеттік бюджетке беріліп, керекті қажеттіліктер, қоғамдық мүдделерді қанағаттандыруды қамтамасыз етуші салалар, өндіріс қаржыландырылады.
Теориялық айқындамалар тұрғысынан қоғамдық тауарлардың оңтайлы саны тұтынушы таңдауының теориясына, тұтынушылардың соңғы қосымша өлшемді төлеуге жалпы әзір екендігі, яғни оның бағасы қоғамдық тауардың бұл өлшемінің шекті шығындарымен теңестірілгенде шекті пайданың шекті шығындарға сәйкестігі қағидаты бойынша баға мен өндіріс көлемінің есептелуіне сәйкс анықталады. сөйтіп, экономикалық ресурстарды қайта бөлу проблемалары саяси тұрғыдан салықтық-бюджеттік механизм арқылы шешілетін мемлекеттің қаржы салаларының аспектісіне ауысады және қоғам дамуының бұл кезеңінің мемлекеттік қаржылық саясаттың тиімділігі мен мақстаына сайлығының мән-мағынасын құрайды.
Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика мен социумдағы сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс қимылмен байланысты.
Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлумен байланысты болатын ақшалай қатынастарды білдіреді.
Мемлекет (өзінің билік пен басқару органдары арқылы), бір жағынан, жеке кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар, басқа жағынан бұл сферадағы ақшалай қатынастардың субъектілері болып табылады.
Ішкі ұлттық өнімнің өсуімен салыстырғанда мемлекеттің шығыстары көлемінің озыңқы қарқынмен өсуі мемлекеттің қаржыларына тән сипат болып табылады. Бұл құбылыс XIX ғасырдағы неміс экономисі Вагнердің заңы - «Өспелі мемлекеттік белсенділік заңы» ретінде белгілі. Бұл заңға сәйкес өнеркәсіп саласы дамыған елдерде мемлекеттің шығындары өндіріс көлеміне қарағанда жылдамырақ өсуі тиіс. Вагнер мемлекет белсенділігін үш фактормен байланыстрады:
- Экономика дамуының натижесінде экономикалық тірліктің күрделенуімен және еңбек бөлінісінің тереңдеуімен; бұл мемлекет тарапынан тиімді және ұтымды экономиканы, құқық тәртібін, заң қызметтерін кеңейтуді қолдаудың қажеттігіне жеткізеді;
- Теника мен технология дамуы капиталдың үлкен мөлшеріне қажеттілікті қажет етеді, бұл капиталды майда фирмалардың алдында артықшылықтары бар акционерлік компаниялар немесе мемлкеттік корпорациялар қамтамасыз ете алады; мемлекет монополиялардың қызметін реттеу үшін техникалық шаттар бойынша олар құрылатын өндірістерге қатысуы тиіс;
- Көрсетілетін қызметтерден болатын пайда экономикалық бағалауға төзбейтін білім беру және денсаулық сақтау сфераларында мемлекет белсенділікті күшейтеді.
Сөйтіп, Вагнер заңы рыноктық шаруашылықтың белгілі бір шектеулігін және экономикалық үдерістерді мемлекеттік реттеудің қажеттілігін дәлелдейді.
Мемлекет қаржысы үшін көп дәрежеде бөлгіштік тұжырымдаманың іс-әрекеті қолайлы. Сондықтан ол бөлу мен бақылау функцияларын орындайды.
Сонымен бірге экономиканың мемлекеттік секторында нақтылы өндіріспен байланысты қаржылық қатынастар әрекеті жағдайларында мемлекет қаржысының ұдайы өндірістік функциясы іс-әрекет етеді. Жалпы кеңейтілген түсінікте бұл буын қоғамдық ұдайы өндіріске оның адамның өсіп-өнуіне, оның материалдық, әлеуметтік, табиғи және моральдық игіліктеріне жәрдемдесу бөлігіне жұмыс істейді. Бұл мағынада қаржыда ұдайы өндірістік функцияның ғаламдық әрекеті және жарым-жартылай бөлгіштік туралы айтуға болады.
Алайда бөлгіштік функциядағы мемлекеттің қаржысын неғұрлым толық сипаттау үшін мемлекеттің реттеуші іс-қимылдарының қажеттігінен туындайтын құрамдас қосалқы функцияларды бөліп көрсеткен жөн, олар:
1. Орналастыру; 2. Қайта бөлу; 3. Тұрақтандыру.
Орналастыру қосалқы функциясы қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер рыноктық жуйе арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін еместігінде мемлекеттің оларды өндіру және халықты қамтамасыз ету үшін ресурстарды бөлуі және орналастыруы қажет екендігінде көрінеді. Мәселе шектеулі экономикалық ресурстарды жекеше және қоғамдық тауарлар арсында оңтайлы бөлуде және олардың құрылымы мен мөлершін таңдауда болып отыр. Қоғамдық тауарлардың ресурстары көбінесе салықтардың есебінен өалыптасатындықтан, жекеше, рыноктық тауарларды өндірудің мүмкіндіктері шектелінеді, оңтайландыру проблемалары фискалдық саясат үшін қиын болып көрінуі мүмкін[2, 214] .
Түрлі фискалдық құралдар арасында бөлгіштік қосалқы функция көбінесе тікелей мыналар арқылы орындалады:
- Табысы төмен үй шаруашылықтарын қаражаттандыруды жоғары табыстарға үдемелі салық салумен ұштастыратын салықтық-трансферттік тәсілі арқылы;
- Баламалы түрдегі бөлініс жалдаушылардан төмен табыс болатын тұрғын үй сықылды қоғамдық шаруашылықты қаржыландыру үшін пайдаланылатын прогрессивті салықтар арқылы орындалуы мүмкін;
- Ақырында қайта бөлуге табысы төмен тұтынушылар пайдаланатын басқа тауарларды қаражаттандыруды көбінесе жоғары табысты тұтынушылар сатып алатын тауарларға салынатын салықтармен ұштастыру арқылы жетуі мүмкін.
Саясаттың баламалы құралдарын таңдауда тұтынушылардың немесе өндірушілердің таңдауға араласуы болғанда көтерілетін толық нәтижеленетін ысыраптар немесе тиімділік шығындары есепке алынуы тиіс.
Салықтық-трансферттік механизм арқылы қайта бөлудің жеке тұтыну немесе өндірістік таңдауға кедергі жасамайтын артықшылығы болады. Алайда тіпті бұл механизм де тиімділік шығындарыңыз емес, сондықтан жанжалды теңдік пен тиімді мақсаттарды теңгеруді табу қажет. Жүргізілетін оңтайлы саяссат мүдделердің екеуіне қолданылуы тиіс.
Тұрақтандырудың қосалқы жүйесінің іс-әрекеті сыртқы сауда мен төлем балансының жай-күйінің нәтижелерін ескере отырып, жоғарғы жұмыспен қамтуға, бағаны тұрақтандыру мен экономикалық өсудің қолайлы дәрежесін қамтамасыз етуге саяды. Сонымен бірге мемлекеттік бюджеттің шығыстары және салық салудағы өзгерістер бойынша қатаң не шектеулі шараларды қолдана отырып, мемлекет жиынтық сұранымға ықпал жасайды. Осыған байланысты бұл қосалқы функция қаржының ұдайы өндірістік функциясына барып тіреледі және мемлекет жұмылдырған қаржылық ресурстарды ұлғаймалы ұдайы өндіріске инвестициялау мақсатына бағыттау кезінде оған түрленуі мүмкін[3, 285] .
Мемлекеттің қаржысы бұл буынға имманенттік түрде тән ретінде бұрын баяндалған түсініктерді бақылау функциясын орындайды.
Мемлекет қаржысының экономикалық мазмұны бірыңғай емес: олардың құрамында жеке оқшауланңан буындар бөлінеді, олардың әрқайсысы өзгеше функцияларды орындайды.
Мемлкеттің қаржысы республикалық және жергілікті деңгейлерде іс-әрекет етеді және мемлекеттік бюджетті, мемлекеттік бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті, мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларын кірістіреді. Аталған буындардың түрлі функциялық арналымының арқасында мемлкет экономикалық, әлеуметтік, саяси үдерістердің үлкен спектріне, салалық және аумақтық проблемаларды шешуге ықпал етеді.
Экономикалық және әлеуметтік сфераға мемлекеттік басшылықтың деңгейіне қарай мемлекеттің қаржысы жалпымемлкеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) қаржылар болып бөлінеді.
Функциялық арналымы бойынша мұндай сан алуан қаржылық байланыстардың арқасында мемлекет аумақтық, сондай-ақ салалық аспектілерде көптеген экономикалық және әлеуметтік үдерістерге ықпал жасай алады.
Егер қаржылық қатнастарды топтастыру кезінде мемлекеттің экономика мен әлеуметтік үдерістерге басшылық жасау деңгейіне сүйенетін болсақ, онда Қазақстан Респпубликасындағы мемлкет қаржысының құрылымын шамамен мынадай түрде көрсетуге болады.
Мемлекет қаржысының құрамында республикалық және жергілікті деңгейлерде қалыптасатын бюджеттік қатынастар маңызды рөл атқарады. Бюджеттік өзара байланыстар қатынастар көмегімен мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржылық әдіспен қайта бөлінетін ұлттық табыстың едәуір бөлігі жұмылдырылады.
Сурет 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысы құрылымы
Қайнар көзі: Қаржы негіздері. С. Құлпыбаев, С. Ж. Интыкбаева,
В. Д. Мельников
Түрлі деңгейдің бюджеттері ─ республикалық, жергілікті бюджеттер тиісінше билік пен басқарудың республикалық және жергілікті органдары үшін тірліктің қаржы базасы болып табылады.
Қазақстан Республикасы аумағында жалпы функцияларды орындау үшін республикалық бюджет қалыптастырылады. Оның ресурстары мемлекеттік мақсатты кешенді бағдарламаларды қаржыландыруға, республикалық функцияларды орындауға, сондай-ақ қарулы күштер мен басқару органдарын ұстауға байланысты мемлекеттңің шығыстарын қамтамасыз етуге арналған.
Бюджеттік қатынастар жуйесінде жергілікті бюджеттерге маңызды орын беріледі. Жергілікті бюджеттер көбінесе экономикалық үдерістерді реттеу үшін пайдаланылады, өндіргіш күштерді орналастыруға ықпал етеді, жергілікті кәсіпорындар шығаратын өнімнің бәсекелестік қабілетін арттыруға, аумақтық инфрақұрылымды жасауға еңбек ресурстарының ұдайы өсуі жөніндегі шығындарды қаржыландыруға жәрдемдеседі. Жергілікті бюджеттер әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруда зор рөл атқарады.
Бюджеттен тыс қорлардың арналымы арнаулы мақсатты аударымдар мен басқа көздер есебінен жеке нысаналы шараларды қаржыландыру. Бюджеттерде қаражаттар иесізденеді, ал бюджеттен тыс қорлардың құқықтық мәртебесі қаражаттарды қатаң мақсатты арналым бойынша пайдалануға мүмкіндік береді.
Қорлардың дербестігі өкілетті және атқарушы органдардың қатысуысыз дербес басқаруды қажет етеді, мұның өзі бюджеттен тыс қорлардың қаражаттарын неғұрлым жедел пайдалануға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік кредиттің мазмұнын құрайтын ақша қатынастары кәсіпорындардың ұйымдар мен халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруға және оларды мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін билік органдарына уақытша беруге байланысты пайда болады.
Заңи және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшаларын мемлекеттің жұмылдыруы қаржы рыногында облигацияларды, қазынашылық міндеттемелерді және мемлекеттік бағалы қағаздардың басқа түрлерін сату арқылы жүзеге асады. Халықаралық кредитте қарым қатынастарға шетелдік мемлекеттер, олардың компаниялары, фирмалар сонымен қатар халықаралық және мемлекет аралық қаржы мекемелері кіріседі.
Мемлекеттік сектордың жұмыс істеуі мемлекеттік меншіктің болуына негізделген. Меншікті жіктеу тұрғысынан мемлекеттік заңи ұйымдардың мүлкі және мемлекеттік қазына болып ажыратылады.
Мемлекеттік заңи тұлғалардың мүлкі заңмен бөлектелген және мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысының жұмыс істеуінің негізін құрайды. Олардың қызметтерінің ерекшеліктері Шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қаржысы бөлімінде баяндалған, өйткені мемлекеттік сектор кәсіпорындар ының өзіндік қаржы жуйесінің бұл буынының барлық субъектілері үшін ұқсас және басқарудың біртұтас қағидаттарына бағынады.
Мемлекеттік қазына республикалық және жергілікті қазына болып бөлінеді. Республикалық қазына мыналарды кіріктіреді:
- Республикалық бюджеттің қаражаттары;
- Мемлекеттің алтын валюта қаражаттары:
- Мемлекеттік меншіктің айрықша құқығының мүлкі(жер, оның қойнауы, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа табиғи ресурстар) ;
- Республикалық меншікке жататын оқшауландырылмаған мүлік. Мүлік иесі талап етпеген иесіз мүлік, тәркілегнген, мұраланған құқығы бойынша мемлекетке берілген өлген адамнан қалған мүлік (иесіз мүлік), мемлекетке қазынаға өткізуге немесе беруге жататын көмбелер, олжалар қазыналық бола бастайды.
Жергілікті қазына мыналарды кіріктіреді:
- Жергілікті бюджеттің қаражаттары;
- Коммуналдық меншікке жататын оқшауландырылмаған мүлік.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz