Әлемдік шаруашылық қаржы ресурсы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Әлемдік шаруашылық қаржы ресурсы және оның даму эволюциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

2. Әлемдік шаруашылық қаржы ресурсының дамуының алғы шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

3. Әлемдік қаржы ресурстарының Қазақстан Республикасының қазіргі қаржы саясатына ықпалы оның даму тенденциялары мен проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Әлемдік шаруашылық қаржы ресурсы дұрыс және жеткiлiктi қалыптастырудың маңызы өте зор деп айтуға болады. Себебi, мұндай қаржы ресурсы әлемдік шаруашылықтың даму мүмкiндiгiн жетiлдiруге өте зор ықпал етедi. Сондықтанда әлемдік шаруашылықтың бел ортасында қаржы ресурсы тұрады. Әлемдік шаруашылық қаржы ресурсы өте күрделi механизм. Әлемдік шаруашылық қаржы ресурсы әлемдік экономиканың оның әлеуметтiк-экономикалық мүмкіндігін бiлдiредi. Әлемдік қаржы ресурсы ол ең алдымен ақша ресурстарының орталықтанған қоры болып табылады. Бұл қаражат әлемдік экономиканы жандандыруға, әлемдік әлеуметтiк-экономикалық жоспарларды жүзеге асырыуға өзге де ғаламдық проблемаларды шешуге өзге де қызметтердi атқаруға жұмсалады.
Әлемдік шаруашылық қаржы ресурсы сан түрлi қызметiн көрсететiн күрделi де көп қырлы қаржы көзі болып табылады.
Соңғы жылдары әлемдік қаржы ресурсарының дербес мемлекет болып табылатын көптеген елдердің ұлттық экономика мен ұлттық қаржы саясатына ықпалы айтарлықтай елеулі болып тұр. Оның басты себептерінің бірі әлемдегі экономикалық ресурстар мен қаржы ресурстарының глоболизация процесіне бой алдырып, әлемдік шаруашылық сипатына ие бола бастағанымен тікелей байланысты.
Мен өзiмiнiң курстық жұмысымда әлемдік шаруашылық қаржы ресурстарына қатысты мәселелерді қарастырып оны дамытудың жолдарын мен осы аталаған проблемаларды теориялық және экономикалық тұрғыдан мүмкiндiгiнше толықрақ мәнiн ашып кетудi және әлемдік қаржы ресурстарының Қазақстан Республикасының қазіргі қаржы саясатына ықпалын талдап оның даму тенденциялары мен проблемаларын саралауды
өз жұмысымның басты мақсаты етiп белгiлеп отырмын.
1. Нәбиев Е.Н. халықаралық экономикалық қатынастар: Оқуқұралы. –Астана: “Фолиант”, 2001.
2. Мамыров Н. Қ., Мадияров Д.М., Қалдыбаев А.Қ. халықаралық экономикалық қатынастар. Оқу құлары. Алматы: экономика, 1998.
3. Михайлушкин А.И., Шимко П.Д. Экономика. Учеб. для вузов.-М.: 2001.
4. Қасқырбаев, Қозыкеева «Экономикалық шолу»/ 2 шығарылым. ҚҰБ-2000.
5. Қозыкеева. Экономикалық шолу. / 2 шығ. ҚҰБ-2000.
6. Қажрахимов Экономикалық шолу. / 2 шығ. ҚҰБ-2000.
7. Экономикалық теория. Оқулық құралы/ Я.Ә.Әубәікров, Б.Б. Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П. Табаев. –Алматы: Қазақ университеті. 1999. 180.
8. Арынбаев «Современный Казахстан. Экономика. Политика. Общество» 1-том. Алматы. 1999.
9. Биқандиев Б. «Рыноктық шаруашылық негiздерi» Алматы. 1992.
10. Жеблакова. «Словарь внешне экономических терминов». Алматы. 1993.
11. Е.Ф. Жуков «Деньги, кредит, банки». Москва-2000.
12. Көшенова Б. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары». Алматы. 2000.
13. Мамыров. «Экономика Казахстана на пороге XXI века». «Экономика». 1998.
14. Тоқсеитов Р.К. «Экономикалық сөздiк-анықтамалық» «Болашақ Баспа». 1999.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   


ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Әлемдік шаруашылық қаржы ресурсы және оның даму эволюциясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

2. Әлемдік шаруашылық қаржы ресурсының дамуының алғы шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

3. Әлемдік қаржы ресурстарының Қазақстан Республикасының қазіргі қаржы саясатына ықпалы оның даму тенденциялары мен проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

Кіріспе

Әлемдік шаруашылық қаржы ресурсы дұрыс және жеткiлiктi қалыптастырудың маңызы өте зор деп айтуға болады. Себебi, мұндай қаржы ресурсы әлемдік шаруашылықтың даму мүмкiндiгiн жетiлдiруге өте зор ықпал етедi. Сондықтанда әлемдік шаруашылықтың бел ортасында қаржы ресурсы тұрады. Әлемдік шаруашылық қаржы ресурсы өте күрделi механизм. Әлемдік шаруашылық қаржы ресурсы әлемдік экономиканың оның әлеуметтiк-экономикалық мүмкіндігін бiлдiредi. Әлемдік қаржы ресурсы ол ең алдымен ақша ресурстарының орталықтанған қоры болып табылады. Бұл қаражат әлемдік экономиканы жандандыруға, әлемдік әлеуметтiк-экономикалық жоспарларды жүзеге асырыуға өзге де ғаламдық проблемаларды шешуге өзге де қызметтердi атқаруға жұмсалады.
Әлемдік шаруашылық қаржы ресурсы сан түрлi қызметiн көрсететiн күрделi де көп қырлы қаржы көзі болып табылады.
Соңғы жылдары әлемдік қаржы ресурсарының дербес мемлекет болып табылатын көптеген елдердің ұлттық экономика мен ұлттық қаржы саясатына ықпалы айтарлықтай елеулі болып тұр. Оның басты себептерінің бірі әлемдегі экономикалық ресурстар мен қаржы ресурстарының глоболизация процесіне бой алдырып, әлемдік шаруашылық сипатына ие бола бастағанымен тікелей байланысты.
Мен өзiмiнiң курстық жұмысымда әлемдік шаруашылық қаржы ресурстарына қатысты мәселелерді қарастырып оны дамытудың жолдарын мен осы аталаған проблемаларды теориялық және экономикалық тұрғыдан мүмкiндiгiнше толықрақ мәнiн ашып кетудi және әлемдік қаржы ресурстарының Қазақстан Республикасының қазіргі қаржы саясатына ықпалын талдап оның даму тенденциялары мен проблемаларын саралауды
өз жұмысымның басты мақсаты етiп белгiлеп отырмын.

1. Әлемдік шаруашылық қаржы ресурсы және оның даму эволюциясы

Әлемдік шаруашылық қаржы ресурсы өзінің дамуы процесінде төрт кезеңнен өтеді, олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар.
Бірінші, алтын стандарт жүйесі. Бұл жүйе XIX ғасырда стихиялы түрде қалыптасты және заңды түрде 1867 жылы Париж конференциясында бекітілді. Осы конференцияның шешімі бойынша, алтын әлемдік ақшаның жалғыз формасы болып есептеледі.
Алтын стандарт жүйесі төмендегі принциптерге сүйенеді:
1. Бұл жүйенің негізі - алтын монеталық стандарт. Әрбір валютаның алтындық құрамы бар, осыған сәйкес олардың алтындық паритеттері белгіленеді.
2. Әрбір валютаның алтынға айырбастылуы. Алтын танымал әлемдік ақша ретінде қолданылады. Әрбір валюта ел ішінде де, оның шекарасынан тыс жерлерде де еркін түрде алтынға айырбасталады.
3. Алтын құймалар монетарларға еркін түрде айырбасталады, сонымен бірге, алтын еркін импортталады, экспортталады және алтын халықаралық нарығында сатылады.
4. Алтынның ұлттық қоры және ақшаның ішкі ұсынысы арасында қатаң арақатынас орнатылады.
Алтын монеталық стандарт бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін салыстырмалы түрде тиімді болды. Уақыт өте келе алтын монеталық стандарт ескіре бастады, яғни ол өсіп бара шаруашылық байланыстардың масштабына сәйкес қалды.
Соғыс басталғаннан кейін жауласушы елдердің орталық банктері банкноттарды алтынға айырбастауды тоқтатты және соғыс шығындарын жабу үшін олардың эмиссиясын үлғайтты.
Бірінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде қалыптасқан валюталық хаос кезеңінен кейін алтын девиздік стандарт белгіленді. Ол алтынға еркін айырбасталатын жетекші валюталарға негізделді.
Екінші, валюталық жүйе заңды түрде 1992 жылы Генуядағы халықаралық экономикалық конференцияда белгіленді.
Алтын - девиздік стандарттың принципі бойынша, банкноттар алтынға емес, вексель және чек, яғни девиздерге айырбасталды. Девиздік валюта ретінде доллар мен фунт стерлинг қабылданды.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарының өзінде жаңа дүниежүзілік валюталық жүйені құру жұмыстары басталған еді, өйткені Генуядағы валюталық жүйенің дағдарысы тереңдей түсті.
Үшінші, халықаралық жүйе заңды түрде 1944 жылы Бреттон-Вудстағы (АҚШ) халықаралық конференцияда бекітілді.
Бреттон-Вудс валюталық жүйесі төмендегі принциптерден тұрады:
1. Алтын бұрынғыдай елдер арасындағы соңғы ақшалай есеп айырысулардың функциясын орындайды.
2. Американдық доллар біртұтас резервтік валюта болды, ол алтынмен қатар әр түрлі елдердің валюталарының құндылығын анықтайтын өлшем ретінде әрекет етті, сонымен бірге, халықаралық төлем құралы болып саналады.
3. Басқа елдердің Орталық банктері мен үкімет мекемелері долларды АҚШ-тың казначействосында (қазына мекемесі) айырбастаған. Ол кездегі курс бойынша, 35 АҚШ доллары 1 тройск унцияға (31,1035 гр.) тең болды. Сонымен бірге, үкімет органдары және жеке адамдар алтынды жеке меншік нарықтардан сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
4. Валюталардың өзара айырбасы және олардың бір-біріне теңестірілуі алтынмен және доллармен өрнектелген ресми валюталық паритеттер (тепе-теңдік) негізінде жүргізілді.
5. Елдер кез келген басқа валюталарға қатысты өз валюталарының өзгеріссіз курсын сақтауға тиіс болды. Нарықтық валюталық курс паритеттен тар көлемде ауытқушы еді (ХВҚ-тың жарғысы бойынша + 1% және Еуропалық валюталық келісім бойынша + 0,75%). Халықаралық валюталық операцияларда алтынның қолданылу масштабы күрт төмендеп кетті, ең басты орында доллар болды.
6. Мемлекеттер арасындағы валюталық қатынастар Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) арқылы реттелуші еді. Бұл қор Бреттон-Вудс конференциясында құрылды1.
Әлемдік шаруашылық қаржы ресурсының негізгі функциясы - осы қорға мүше елдердің валюталық паритеттерді, курстар мен валюталардың еркін айырбасталуын дұрыс жүргізуін бақылау.
Бреттон-Вудс конференциясына қатысты айтар болсақ, халықаралық валюталық жүйе ең алғаш рет үкіметаралық келісімдерге негізделе бастады.
Бреттон-Вудс жүйесі ширек ғасыр ішінде әлемдік сауда мен өндірістің өсуіне ықпал етті.
Бірақ та бұл жүйе оған қатысушы елдердің барлығына тең құқықты бере алмады және АҚШ-тың Батыс Еуропа, Жапония және ХВҚ-қа мүше басқа елдердің валюталық саясатына ықпал етуіне мүмкіндік берді.
Басқа елдерге зиян келтіре отырып, АҚШ-тың позициясы күшейе бастады және соған сәйкес Бреттон-Вудс жүйесінің қарама-қайшылықтары күн санап шиеленісе түсті.
Американдық центризм принципі АҚШ - Батыс Еуропа -Жапония сияқты үш әлемдік орталықтардың пайда болуына қарай жаңа күштердің орналастырылуына сәйкес болмай қалды.
Валюталық қатынастарда доллар өзінің монополиялық жағдайын жоғалта бастады. ГФР маркасы, швейцар франкі, Батыс Еуропаның басқа валюталары және жапон иенасы американ долларына бәсекелестік жасады. АҚШ-тың төлем балансының тапшы болуы шектеулі мөлшерден асып кетті.
Долларды алтынға айырбастау АҚШ үшін өте қиынға соқты, өйткені өз резервтері есебінен алтынға төмен баға белгілеуге мәжбүр болды.
70-жылдардан бастап АҚШ ресми баға бойынша долларды алтынға айырбастаудан бас тартты.
Бреттон-Вудс жүйесі іс жүзінде күйреді.
Төртінші, халықаралық валюталық жүйе 1976 жылы ХВҚ-тың Кингстонда (Ямайка) өткен кезекті мәжілісінде қабылданды. Төртінші ХВЖ-нің принциптері төмендегідей:
Валюталық курстардың құны мен есептелу нүктесін құрал ретіндегі алтынның функциясы жойылды, алтынның ресми бағасы, алтын паритеттер жойылып, доллардың алтынға айырбасталуы тоқталды.
2. Елдер арасындағы валюталық өзара қатынастар әлемдегі елдердің ұлттық ақша бірліктерінің өзгермелі курсына негізделді. Кез келген елге валюталық курстардың кез келген режимін таңдауға мүмкіндік беріледі. Жаңа жағдайларда курстардың өзгеруі екі факторға тәуелді болды:
а) валюталардың сатып алушылық қабілеті;
ә) халықаралық нарыққа валюталардың сұранысы мен ұсынысының арақатынасы.
3. Арнаулы ақша резерві (СДР), яғни (қарыз берудің арнайы құқығы) стандарты құрылды.
СДР негізгі резервтік валюта ретінде болып, басқа резервтік валюталардың рөлін азайтты. СДР алтын мен доллардың альтернативасы болып табылады.
90-жылдардың басында бесінші, халықаралық валюталық жүйе - валюталардың өзгермелі курсы қалыптасты.
Бұл жүйе екі элементтен тұрады:
1) негізгі тіреуші бірліктер таңдалады, ол бірліктер негізінде жекелеген ұлттық валюталар өздерінің валюталық курстарын сақтай алады;
2) валюталық курстардың ауытқу диапазоны үлкен амплитудаларда жүзеге асырылады.
Валюталық курс кейбір валюталарға қатысты сақталады, валюталарға қатысты валюталық курс еркін түрде өзгереді: Ямайка келісімінде қабылданған СДР алтын мен доллардың орнын басушы болып қабылдануы тиіс еді.
Алғашында СДР бірлігі доллардың осыған сәйкес құрамына теңестірілді.
1944 жылдың шілде айынан бастап, СДР-дың алтындық құрамы алынып тасталды.
СДР курсы валюталық кәрзеңке негізінде анықталды.
Валюталық кәрзеңке — 16 ел валюталарының орташа өлшенген курстары, бұл елдердің сыртқы саудасы дүниежүзілік сауданың 1%-нен кем болмауы тиіс.
1978 жылдың 1 шілдесінен бастап, валюталық кәрзеңкенің құрамы мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы (ОПЕК) валюталарының күшеюіне байланысты түзетілді.
1981 жылдың 1 қаңтарынан бастап валюталық кәрзеңке 5 валютаға дейін қысқарды. Бұл қысқартудағы мақсат – СДР-дың шартты құнын есептеуді жеңілдету.
Бұл валюталарға жататындар: АҚШ доллары, ГФР маркасы, жапон иені, француз франкі, ағылшын фунт стерлингі.
Валюталық кәрзеңке - бұл белгілі бір валютаның орташа өлшенген курсын басқа валюталар жиынтығына қатысты өлшеу. Валюталық кәрзеңкені есептеуге мынадай элементтер әсер етеді: оның құрамы, валюталық компоненттердің көлемі, долларға қатысты валюталардың нарықтық курсы. Көптеген экономистердің пікірі бойынша, СДР әрі резервтік валюта, әрі несие болып табылады.
Біз жоғарыда СДР резервтік валюталық бірлікті қарастырдық, сонымен бірге, резервтік валюталық бірліктің тағы бір түрі бар. Ол - валюталар кәрзеңкесінің құны негізінде анықталған ЭКЮ бірлігі.
Халықаралық және ұлттық валюталық жүйелердің өзара байланыстылығына қарап, оларды бірдей деп есептеуге болмайды, өйткені олардың элементтері бір-бірінен ерекшеленеді.
Осы ерекшеліктерге көзімізді жеткізу үшін Ұлттық вальюталық жүйе мен Халықаралық вальюталық жүйенің негізгі элементтерін қарастырайық.

Ұлттық валюталық жүйені сипаттайтын негізгі
элементтер
Халықаралық вальюталық жүйенің негізгі элементтері
1. Ұлттық валюталық бірлік.
2.Ресми алтын-валюталық
резервтердің құрамы.
3. Ұлттық валютаның паритеті және валюталық курстардың қалыптасу механизмі.
4.Валюталардың конвертирлену (айырбасталыну) немесе айналым-дық шарттары.
5. Валюталық шектеулердің бар-жоқтығы.
6.Елдердің сыртқы экономикалық есеп айырысуларды жүзеге асыру реті.

1. Резервтік валюталар.
2.Халықаралық ликвидтік активтер-дің құрамы мен құрылымы.
3.Паритеттер мен курстардың меха-низмдері.
4. Валюталардың өзара айналымды-лық шарттары.
5.Халықаралық есеп айырысулардың формалары.
6.Халықаралық валюталық нарықтар мен алтынның дуниежүзілік нарық-тарының режимі.
7.Валюталық-қаржылық қатынастарды реттеуші мемлекетаралық валюталық-несиелік ұйымдардың (Халықаралық валюта қоры, халықаралық қайта өркендеу және даму банкі) статусы

Паритет - бұл валюталардың алтындық құрамына байланысты өзара қатысы. Паритет валюта курстарының негізінде жатыр. Бірақ паритет пен валюталық курс ешқашан да бір-біріне тең болмайды.
Валюталық курс - жекелеген елдердің валюталарының арасынадағы арақатынас немесе басқа елдің валютасымен өрнектелген белгілі бір ел валютасының "бағасы".
Валюталық курс және паритет ұлттық валюталық жүйелер арасындағы байланыстырушы буын ретінде қызмет атқарады.
Валюталық жүйенің дамуы қоғамдық ұдайы өндіріс процесінің заңдылықтарымен анықталады.
Кейбір жағдайларда әлемдік валюталық жүйе дүниежүзілік Шаруашылық құрылымына сәйкес келмеуі мүмкін. Осындай сәйкессіздік нәтижесінде әлемдік валюта жүйесі дағдарысқа ұшырап отырады, бұл дағдарыс ескі жүйенің бұзылып, оның жаңа жүйеге айырбасталуына әкеліп соғады. ХВЖ-нің эюлюциясы ұлттық және әлемдік экономиканың сұраныстарына байланысты қалыптасады.
Еуропалық валюталық бірлік (ЭКЮ) (Еигоре ап сиггеп су ипі) Еуропалық қоғамдастық құрамына кіретін алдыңғы қатарлы Еуропа елдерінің 12 валютасына негізделеді. Кәрзеңкедегі әрбір валютаның үлесі - Еуропалық Қоғамдастықтың (ЕК) жалпы ұлттық өнімдегі және ЕҚ экспортындағы мүше мемлекеттің салмағына байланысты анықталады.
Бір ЭКЮ шамамен: 1,3 АҚШ долларына тең.
Ресми ЭКЮ-дін, эмиссиясы жартылай есеппен алтынмен және доллармен белгіленген.
ЭКЮ қолма-қол ақшасыз формада, яғни қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар кезінде орталық банктердің есеп шоттарында жазу ретінде көрсетіледі.
Еуропалық валюталық жүйеде (ЕВЖ) ЕҚ мүшелерінің ЭКЮ-мен өрнектелген әрбір валютасының негізгі курсы белгіленген. Осы негізгі курс негізінде валюталардың өзара курстары есептеледі, іс жүзіндегі курстар одан 2,25%-тен аспайтын шектерде ауытқуы мүмкін.
Бірақ та 1993 жылдың тамызында итальян лирасы мен испан песетасы үшін 15%-тік шектегі ауытқулардың жеңілдетілген режимі белгіленген.
ЭКЮ-ді құрудағы мақсат - бұл ЕҚ-қа кіретін жекелеген елдердің валюталық курстарының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
ЭКЮ-ді құрудағы тағы бір себеп - алтынның орнын басуда АҚШ долларының жеткілікті дәрежеде сенімді болмауы, сонымен бірге, ЭКЮ-дің құрылуы ЕВЖ-нің доллардың ауытқуына тәуелді болуынан және АҚШ-тың тотальдық экономикалық диктатынан босатылуын қамтамасыз етуі тиіс.
Еуропалық Қоғамдастық АҚШ долларына альтернатива болып табылатын валюталық бірлікті құрып қана қоймай, сонымен бірге, валюталық интеграцияны жүргізуге, валюталардың ауытқуына мемлекеттік бақылау қоюды жүзеге асыруға тырысты.
Осылайша, 1993 жылдың наурызындағы келіссөздер нәтижесінде Еуропалық валюталық жүйе (ЕВЖ) құрылды.
ЕВЖ - бұл халықаралық валюталық жүйе, ол экономикалық интеграция шеңберінде ұлттық валюталардың қызмет етуімен байланысқан экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады.
ЕВЖ-ге мүше елдердің валюталары және де олардың Еупопалық есеп айырысу бірлігінің ЭКЮ-дегі үлесі.
1) люксембург франкі - 0,3%;
2) грек драхмасы - 0,7%;
3) португал эскудосы - 0,8%;
4) дат кронасы - 2,5%;
5) испан песетасы - 5,2%.
Ж. Делор концепциясы бойынша, Еуропалық валюталық бірлесу жоспары 3 кезеңнен тұрады:
1) ЕҚ-тың жекелеген елдерінің координацияланған экономикалық және валюталық саясатты жүзеге асыруы;
2) ЕҚ-тың Орталық банкін құру;
3) Ұлттық валюталардың ЕҚ-тың біртұтас валютасына айырбасталуы.
Ж. Делор жоспарының үшінші кезеңі үш бөлікке бөлінеді:
а) 1998 жылы валюталық Одаққа кіру рұқсаты бар елдер анықталады. Одаққа кірудің критерийлері мыналар: инфляция деңгейі, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы (3%-тен көп емес), есепке алу ставкасының мөлшері, ұлттық валютаның тұрақтылығы;
ә) 1999 - 2001 жылдар аралығында Орталық Еуропалық банк валюталық айырбас операцияларында ортақ валютаны қолданатын болады. Оларды валюталық нарықтарда коммерциялық банктер мен қаржы ұйымдары да қолданатын болады.
б) 2002 - 2003 жылдары ұлттық монеталар мен купюрлардың ЕВРО атты жаңа Еуропалық ақша бірліктеріне айырбасталуы жүзеге асырылады.
Еуропалық валюта жүйесінің (ЕВРО) пайда болуы нәтижесінде ЕҚ-тың алатын артықшылықтары:
- ЕВРО-ның әлемдегі ең күшті валюталардың бірі болуға мүмкіншілігі бар. Ол ЕҚ-тың маңызды тұрақтандырғыш факторы болады, инфляциямен күресуді жеңілдетеді, АҚШ және Жапониямен бәсекелесе отырып, ЕҚ-тағы мемлекеттердің тауарлары мен қызметтерінің бәсекелесу қабілетін ұлғайтады;
- бағалы қағаздармен байланысқан барлық әлем инвесторларының ЕҚ-қа деген қызығушылығының ұлғаюы;
- еуровалюта нарығы бірден әлемдегі ең маңызды валюталық нарыққа айналады;
-бір валютаның екінші валютаға айырбасталуымен байланысқан шығындарды жоюға мүмкіндік береді;
-барлық Еуропалық ақша бірліктері арасындағы паритеттердің қатаң фиксациясы биржалық маклерлер жүргізетін есепке алу ставкаларымен байланысқан операциялардың жойылуына әкеліп соғады2.

2. Әлемдік шаруашылық қаржы ресурсының дамуының алғы шарттары

Әлемдік шаруашылық қаржы ресурсын қалыптастыру мен дамыту және ол ресурстарды пайдалануды ұйымдастыру бүгiн аса өзектi мәселлердiң қатарына жатады.
Әлемдік шаруашылық қаржы ресурсын қалыптастыру және дамыту, қаржылық бақылауды қажет етедi, олар яғни қаржы ресурсын қалып­тастыру, бөлу және бөлiнген қаражаттарды пайдалану процестерiнiң заңды негiзде, мақсатқа сай жүргiзiлуiн бақылап, тексерудi жүзеге асыратын уәкiлеттi, арнайы мамандандырылған халықаралық қаржылық органдардың шеңберi мен дәреже —деңгейлерiн және құзыреттерiн айқындайтын, сондай — ақ осы бақылаудың түрлерi мен әдiстерiн белгiлейтiн халықаралық қаржы институты ретiнде көрiнiс табады3.
Әлемдік шаруашылық қаржы ресурсы, яғни халықаралық қаржы жүйе – дүниежүзілік капиталистік шаруашылықтың эволюциялық дамуы нәтижесінде XIX ғасырдың ортасына қарай туындады. Әлемдік шаруашылық қаржы ресурсының ерекшеліктері мен сипаты дүниежүзілік шаруашылық құрылымына, оның принциптерінің сәйкестілігіне, алдыңғы қатарлы елдердің мүдделеріне тәуелді болады.
Әлемдік шаруашылық қаржы ресурсы - ғаламдық деңгейде валюталық-қаржылық қатынастарды реттеуші механизм, сонымен бірге ол ұлттық валюталық жүйемен өзара тығыз байланысты болады. Дүниежүзілік шаруашылық жүйенің қалыптасуы, елдер арасындағы экономикалық байланыстардың интернационалдануы ұлттық шаруашылықтар қызметінің интенсивтенуіне (жеделдеуіне) әкеліп соғады. Осыған байланысты аталған процесте қызмет көрсетуші құрал ретіндегі халықаралық валюталық-қаржылық қатынастар қалыптасады.
Әлемдік шаруашылық қаржы қатынастардың жекелеген элементтерінің қалыптасу тарихына көз салсақ, оның антик дәуірде пайда болғанын байқаймыз. Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде валюталық қатынастар вексельдік және айырбастық қызмет түрінде жүргізілген.
Сонымен бірге, валюталық қатынастар Орта ғасырда, дәлірек айтқанда, Лионда, Антверпенде және Батыс Еуропаның басқа да сауда орталықтарында "вексельдік жәрмеңкелер" түрінде жүзеге асырылғандығын атап өту керек.
Бұл жерлерде барлық есеп айырысулар аудармалы вексельдер (тратталар) бойынша жүргізілген.
Феодалдық және капиталистік өндірістің дамуы дәуірінде халықаралық есеп айырысулар жүйесі банктер арқылы жүзеге асырылған.
Халықаралық валюталық қатынастардың дамуына әсер еткен жағдайлар:
- өндіргіш күштердің дамуы;
- дүниежүзілік нарықтың құрылуы,
- халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі;
- шаруашылықтың дүниежүзілік интернационалдануы. Халықаралық валюталық қатынастар ХЭҚ-тың алуан түрлі формаларын қалыптастыратын механизм болып табылады.
Әлемдік шаруашылық қаржы ресурсы өзінің дамуы процесінде белгілі бір ұйымдастырушылық формаларға ие болды.
Осы контекст бойынша валюталық жүйе дегеніміз — валюталық қатынастарды ұйымдастырушы және реттеуші форма. Олар ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетаралық келісімдермен бекітілген.
Әлемдік шаруашылық қаржы ресурсы қатынастарының дамуы процесінде ең алдымен ұлттық валюталық жүйелер қалыптасты.
Әлемдік шаруашылық қаржы ресурсы дегеніміз —әр түрлі елдің валюталық заңдылығымен бекітілген валюталық қатынастарының ұйымдастырылу формасы.
Әлемдік шаруашылық қаржы ресурсының дамуы және оның ерекшеліктері мыналарға тәуелді болады:
белгілі бір елдің даму дәрежесіне;
осы елдің экономикалық жағдайына;
осы елдің сыртқы экономикалық байланыстарына4.

3. Әлемдік қаржы ресурстарының Қазақстан Республикасының қазіргі қаржы саясатына ықпалы оның даму тенденциялары мен проблемалары
Қазақстан Республикасының қазіргі қаржы саясатына әлемдік қаржы ресурстарының мен қаржы институттарының ықпалы өте жоғары деп айтуға негіз бар. Себебі қазір әлемдік экономика мен әлемдік қаржы институттарының глоболизацияның ықпалына бой алдырғаны рас.
Мәслен, 1999 жылдың IV тоқсанында банк жүйесiнде банктердiң экономиканы несиелеуiнiң белсендiлiгiнiң баяулағаны байқалды, бұл банктердiң қорлар базасының өсуiне сай жұмыс атқара алмауымен байланысты болды. Бiр сөзбен айтқанда, нақты сектор субъектiлерiмен несиелеуге қызығушылық таныта қоймай, негiзiнен бос қорларын валюта рыногына, бағалы қағаздар нарығына, сонымен қатар қысқа мерзiмдiк банкаралық нарықтағы операцияларға бағыттануды жол көрiп отыр.
Банк табыстың негiзгi бөлiгiн өзiнiң ссудалық операцияларымен алады, осыған байланысты бiз несиелiк тәуелдiлiктiң азаюының маңыздылығын және де ссуда бойынша төленбеу тәуелсiздiлiгiн көре алмаймыз. Әсiресе, ссуданың қайтарылмауы бакнтерге үлкен мөлшерде шығын түсiредi және көп жағдайларда несиелiк мекемелердiң жойылуына әкелiп соғады. Бүгiнгi күнде несиелеу қарызгердiң төлем қабiлетсiздiгiндегi жоғары тәуекелдiлiкке байланысты. Республикадағы көптеген кәсiпорындар жойылу ұшында тұр, ал олардың жалпы санының жартысы шығындану арқылы жұмыс iстейдi. Кәсiпорынның банкроттану жолымен оның төлем қабiлетсiздiгiнен құтылуы, мемлекеттiң жаппай барлық өнер кәсiптерiнiң банкроттануына тең күштi. Кәсiпорындар бiр-бiрiнiң арасындағы қаржы айналысымен тығыз байланысты болғандықтан әр ссуданың төленбеуi кезiнде кiм? Және қандай деңгейде ? кiнәлi екенiн анықтау мүмкiн емес және де бұл жағдай өте қатты шиеленiсiп барады.
Банктер несие тәуелсiздiгiн төмендету үшiн өз жұмысының барысында төлемнiң қайтарылмауы тәуекелдiлiгiне әсер ететiн факторларға көп көңiл аударады. Сонымен бiрге несиенiң қайтарылмауы несие беру процесiнде банктердiң жеткiлiктi бақылау жасалмағандығыменде түсiндiрiледi.
1999 жылы 16 қарашада Ұлттық Банктiң басқармасының №276 Қаулысымен тiркелген Екiншi деңгейлi банктермен несиелену құжатына ену шартына байланысты табыс пен шығын және баланс мәлiметтерiн қосқанда арыз берiлген күнi қарызгердiң қолы қойылған және аудитормен сендiрiлген қаржы мәлiметтерi несиелiк құжаттама үшiн негiзгi құжат болып табылады5. Бiрақ, тәжiрибе көрсеткендей, қарызгердiң қаржы мәлеметтерi аудиторлардың қызметтерi қымбат тұратындықтан, олар арқылы сендiрiлмейдi. Одан басқа аудиторлар, бiлiмдерiнiң аздығынан, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның сыртқы саудасы туралы
Қазақстанның сыртқы саудасы жайында
Банктің жеке капиталын қалыптастыру және оның қаржылық тұрақтылығын қамтамсыз ету
Ақша-несие саясатын ұйымдастырудың және жүзеге асырудың теориялық негіздері
Экономикалық, әлеуметтік географиясы дәрістік кешен
Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігінің түрлері, ерекшеліктері
Францияның экономикасы
Ортақ нарықтың басымдылықтары
Инновация түсінігі және инновациялық саясат
Кәсіпорынның инновациялық қызметін басқару
Пәндер