АФ "Астана почтампы" "Қазпочта" ААҚ-на экономикалық сипаттама


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 3

1. Ақша қаражаттарының, есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебінің теориялық аспектілері. 5

1. 1. Ақша қаражаттарының, есеп айырысу операцияларының экономикалық мәні. 5

1. 2. Кассадағы және есеп айырысу шотындағы нақты ақшаның есебін ұйымдастыру. 10

1. 3. Банктердегі арнайы және валюталық шоттардағы

ақша қаражаттарының есебі. 16

2. АФ "Астана почтампы" "Қазпочта" ААҚ-на ұйымдастыру экономикалық сипаттама. 19

2. 1. АФ "Астана почтампы" "Қазпочта" ААҚ-ның заңдық

статусы және ұйымдастыру құрылымы. 19

2. 2. АФ "Астана почтампы" "Казпочта" ААҚ-ның органдары

және қызметкерлердің жауапкершілігі. 22

2. 3. АФ "Астана почтампы" ″Казпочта″ ААҚ-ның

есеп саясаты. 23

2. 4. АФ "Астана почтампы" "Казпочта" ААҚ-ның

бухгалтерлік есебін ұйымдастыру. 25

2. 5. Жекеленген құрылымдық бөлімшелерде есеп

жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері. 27

3. АФ "Астана почтампы" "Қазпочта" ААҚ-ның ақша қаражаттарының қозғалысын талдау. 29

3. 1. АФ "Астана почтампы" "Қазпочта" ААҚ-ның

төлем қаблеттілігін талдау. 29

3. 2. "Қазпочта" ААҚ-ның қызметінің тиімділігін және

іскерлік белсенділігін талдау. 38

3. 3. "Қазпочта" ААҚ-ның табыстылық көрсеткіштері

және оларды талдау. 40

4. АФ "Астана почтампы" "Қазпочта" ААҚ-ның кассадағы

және есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарының есебі

және оны жетілдіру жолдары. 44

4. 1. "Қазпочта" ААҚ-ның кассадағы және есеп айырысу

шотындағы ақша қаражаттарының есебі. 44

4. 2. АФ "Астана почтампы" "Қазпочта" ААҚ-ның

ақша қаражаттары қозғалысы туралы есеп беруді құрау. 47

(тікелей әдіс)

4. 3. "Банк-клиент" программасын енгізу. 50

Қорытынды және ұсыныстар 53

Қолданылған әдебиеттер тізімі. 59

Кіріспе.

Ақша қаражаттары, есеп айырысу операциялары - кәсіпорын қызметі үшін қажетті жағдай, өйткені олар жабдықтаудың, өндіріс процесінің үздіксіздігін және өнімді уақытында тиеу мен өткізуді қамтамасыз етеді. Есеп айырысу операциялары келісім шартпен толтырылып, бекітіледі. Соған сәйкес бірінші кәсіпорын тауарлы-материалдық қорларды, жұмыстар немесе қызметтердің жабдықтаушысы, ал екіншісі олардың сатып алушссы, тұтынушысы және төлеушісі болып табылады.

Жабдықтаушылар мен сатып алушылардың арасында нақты есеп айырысуларды ұйымдастыру айналым қорларының айналымдылығының жылдамдауына және уақытында ақша қаражаттарының келіп түсуіне тікелей әсер тигізеді.

Кәсіпорында өндірістік талаптарды орындаушы персоналымен өзара қарым қатынастар пайда болады, бұл кәсіпорын жұмыскерлермен есеп айырысуларды, әлеуметтік қамтамасыз ету органдарымен және басқа да ұйымдармен есеп айырысуды қажет етеді. Бұл есеп айырысулардың барлығы ақша формасында жүзеге асырылады.

Кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен есеп айырысулар қолма қол ақшасыз нысанда жүргізіледі. Қолма қол ақшасыз есеп айырысулар төлеушінің шотынан ақша қаражаттарын алушының шотына аудару жолымен, әртүрлі банктік операциялар (несиелік, есептік) көмегімен айналымдағы нақты ақшаның орнын басумен жүргізіледі. Осылайша кәсіпорындар мен ұйымдар арасында есеп айырысысуда делдал болып, сәйкес банк мекемелері шығады.

Банк пен клиент арасындағы қатынастар келісім шарт түрінде болады. Клиенттер несиелік есептесу қызметтерін алуға банкті өздері таңдайды және барлық банктік операция түрлерін жүргізеді.

Есеп айырысу шотынан басқа, банктерде қорларды сақтауға ағымды және арнайы шоттар ашылады.

Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебінің негізгі талаптары мыналар болып табылады:

ақша қаражаттарының, есеп айырысудың қозғалысы бойынша операцияларды уақытында және дұрыс құжаттандыру;

кәсіпорын кассасындағы нақты ақша қаражаттарының, бағалы қағаздың сақталуына күнделікті, оперативті бақылау;

бюджетпен, банктермен, персоналмен уақытында есеп айырысысуын және дұрыстығын бақылау;

сатып алушылармен және жабдықтаушылармен келісім шарттарда бекітілген есеп айырысысу нысандарының сақталуын бақылау;

мерзімі кешіктірілген қарыздарды шығару үшін, дебеторлармен және кредиторлармен есеп айырысуларды уақытында салыстыру.

Берілген дипломдық жұмысымның мақсаты АФ "Астана почтампы" "Қазпочта" ААҚ-ын мысалға алып, ақша қаражаттарының, есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебінің ұйымдастыруын талдап, оны жетілдіру жолдарын ұсыну. Ол үшін келесі жағдайларды қарастыру қажет:

- АФ "Астана почтампы" "Казпочта" ААҚ-ның бухгалтерлік есебін ұйымдастыру.

-Жекеленген құрылымдық бөлімшелерде есеп жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері.

-АФ "Астана почтампы" "Қазпочта" ААҚ-ның ақша қаражаттарының қозғалысын талдау.

-АФ "Астана почтампы" "Қазпочта" ААҚ-ның төлем қаблеттілігін талдау.

-"Қазпочта" ААҚ-ның қызметінің тиімділігін және іскерлік белсенділігін талдау.

-"Қазпочта" ААҚ-ның табыстылық көрсеткіштері және оларды талдау.

-АФ "Астана почтампы" "Қазпочта" ААҚ-ның кассадағы және есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарының есебі.

-"Қазпочта" ААҚ-ның кассадағы және есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарының есебі.

-АФ "Астана почтампы" "Қазпочта" ААҚ-ның ақша қаражаттары қозғалысы туралы есеп беруді құрау.

(тікелей әдіс)

-Ақша қаражаттарының есебін жетілдіру.

-"Банк-клиент" программасын енгізу.

Дипломдық жұмысты жазу барысында экономикалық- статистикалық салыстыру, талдау әдістері қолданылған.

1. Ақша қаражаттарының, есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебінің теориялық аспектілері.

1. 1. Ақша қаражаттарының, есеп айырысу операцияларының экономикалық мәні.

Еліміздегі үрдіс пен рыноктық қатынастар жүйесі жылдан жылға дамып келеді. Рыноктық экономиканы әрі қарай жетілдіру мен дамыту, экономикалық қатынастарға түсуші жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету, жан-жақты талдау қызметтерін жүргізу, экономикалық тиімді шешім қабылдау үрдісінде бухгултерлік есептің атқаратын ролі зор.

Аралық шаруашылық қатынастарды қағазға түсіру заманынан бастап қалыптасқан бухгалтерлік есептің атқаратын ролі мен маңызы осы заманда да өз мағынасын жоғалтпай ой мен санаға сиярлық жолмен дамып келеді. Экономикалық өмір мен заңдылықты іске асырушы шаруашылық субъектілерінің өрісі мен салалары бойынша міндетті түрде жүргізілетін бухгалтерлік есеп ешқашанда өз мағынасы мен маңызын төмендетпейтіндігіне әркімнің де көзі жеткен болар.

Шаруашылық субъектілері, меншік иелігінің кез келген түрлері, рыноктық әрекетке түсуші құқылы тұлғалар, ұйымдар мен мекемелердің барлығында бухгалтерлік есеп жүргізіледі.

Меншігінде қаражаттары мен мүліктері, қорлары мен капиталы, алған міндеттемелері, өндірген дайын өнімдері, тауарлы-материалдық құндылықтары, негізгі құралдары мен айналым қаражаттары, сатып алу мен сату өрісі, шаруашылық жүргізу үрдісі бар шаруашылық субъектілерінде бухгалтерлік есеп жүргізу экономикалық қатынастардың басты мәселелеріне жатады.

Кәсіпорындардың шаруашылық қызметі өрісінде болып отыратын, немесе күнделікті нақтылы орын алған операциялардың мазмұны мен мәліметтерін есептеп, бағалау және шоттар жүйесіне түсіру бірнеше өлшеу принциптері қолданылады.

Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ақпараттарды өлшеп, тексеру мен бағалау және талдап, зерттеу қызметін жан-жақты іске асыру үшін түрлі өлшеу әдістері болады. Бұлар ақшалай, натуралды және еңбек өлшемі болып үшке бөлінеді.

Ақша- өлшеу принципінің ең негізгісі. Қызмет атқарушы бухгалтерлер ненің қанша сомаға сатылып алынғандығын, ненің қанша сомаға өндіріліп сатылғандығын, ненің қолда қалғандығын білуі керек.

Сонымен қатар, ағымдағы шаруашылық операцияларының мазмұнын өлшеп, есептеп, бухгалтерлік есеп шоттарына жазып, жекелеген шоттардың жинағын шығарып, бұл жинақтарды қорытынды есепке түсіру сияқты қызметтердің барлығы да ақшалай өлшеу принципі бойынша орындалады. Кәсіпорындар қызметін қорыту мен талдау, басқару жүйесін жетілдіру бағытында тиімді шешімдер қабылдау әрекеттері де осы ақшалай өлшеу принципін қолдану арқылы іске асырылады.

Ақшалай өлшем кәсіпорындар меншігінде активті қаражаттардың, міндеттемелер мен меншікті капиталдың, қаржы салымы инвесторлардың үлес көлемі мен қозғалысын, қалыптасқан көздерін тәуекелшіліктің дережесін зерттеу үшін де қажет. Сонымен қатар ақшалай өлшеу принципін пайдалану арқылы жұмсалған шығындар, өндірілген өнім, таза пайда, шеккен зиян, еңбекке ақы төлеу, банк несиесі, тауарлы материалдық құндылықтар, негізгі құралдар тағы басқа құндылықтардың жалпы сомасын кез-келген есепті кезеңде жинақтап көрсетуге болады.

Радостовец Владимир Константиновичтің "Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп" деген оқулығында, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады делінген.

Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары- бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім шарттың қатынастарын көрсететін әдіс.

Ф. С. Сейдахметованың "Современный бухгалтерский учет" деген оқулығында көрсетілгендей, есеп беру терминінен есептік мәліметтер жиынтығын түсінеміз, одан шаруашылықтанушы субъектінің кез-келген кезеңінде әр жақты қызметін қадағалауға болады. Есеп беру - бұл тексті анықтамасы және сандық сипаттағы жүйесі бар есептің әртүрлі түрінің негізінде құралған ақтайтын құжаттар. Есеп пен есеп беру арасындағы байланыс, есептегі қорытынды мәліметтер жинақталған көрсеткіштер түрінде сәйкес есеп беру формаларына құйылғанда тағайындалады.

Жоспарлы экономикада есеп беру пайдаланушылардың шектелген ортасына ғана көрсетілген- басқарудың жоғары тұрған органына, сәйкес қаржылық, банктік мекемелерге және статистика органына. Есеп берудің мұндай түрі мемлекеттік деп аталып, оған бухгалтерлік және статистикалық формалар кірген. Қазақстандағы есеп беру жүйесінің тарихы мынадай, негізінен әкімшілік-шаруашылық басқару кезінде есеп беру формаларына кіретін барлық көрсеткіштер, бірінші кезекте жоғары тұрған органдарға тағайындалған. Артықшылық жоспардың кез-келген көрсеткіштерінің орындалуына орталықтандырылған бақылауды қамтамасыз еткен статистикалық ақпаратқа берілген. Есеп берудің мұндай мәліметтері тігінен ғана құралған (региондар, облыстар және жалпы республика бойынша) макродеңгейде басқару үшін қажетті.

Бухгалтерлік есеп және оның мазмұны туралы сұрақ, бірінші кезекте осы ақпаратты пайдаланушылардың шығуымен байланысты, ерекше ауқымды болды. Рыноктық қатынастар жағдайларында индивидтер немесе индивид топтары, олардың қазіргі және келешектегі шарушылық қызметімен байланысты шешімдерді қабылдайды.

Д. Сансызбаевтің "Қазақстанның ұлттық валютасына тоғыз жыл" деген мақаласында, Қазақстанға меншікті ұлттық валютасын, яғни теңгені енгізу туралы мәселе қарастырылған. Тәуелсіздік туралы заңды қабылдауда, суверенді Қазақстанның дамуының негізгі моменті бұл жоспарлыдан рынокқа көшу, әкімшілік басқарудан басқару жүйесін рыноктық реттеуге көшу болды. Бірінші қадамды регламенттейтін бірнеше заңдар қабылданды. Осыдан болашақта қайта құрулар болды. Елеулі өзгерістердің ішінен мемлекеттік меншікті жекешелендіруді және екінші деңгейлі банктердің құралуын айтуға болады.

Кешенді факторларды ескере отырып, еліміздің басшысы Н. Ә. Назарбаев 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға ұлттық валютаны - теңгені енгізу туралы указға қол қойды, бұл атаудың өзі жай алынған емес.

Тарихта белгілі, теңге Орта Азияның және Оңтүстік Қазақстанның сауда орталықтарында орта ғасырларда пайда болған. М. Барманкулов профессордың зерттеулеріне сәйкес, Қазақстан территориясында моңғолдарға дейінгі кезеңде күміс және мыс монеталары - танга (теңге) болған. Олар айналымда 19 ғасырдың аяғына дейін, яғни Ресей империясының құрамына кіргенге дейін болған. Меншікті ұлттық валютаны енгізу туралы сұрақ Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік белгілерді шығарумен бірге қарастырылған. Купюраның жаңа үлгісін жасап шығаруға Ұлыбританиядағы "Харрисон және оның ұлдары" деген банкноттік фабрика таңдалған. Қазақстан-әлемдегі жалғыз мемлекет, яғни бес жүз теңгеден жоғары купюраларында екі тілде жазылған-орыс және қазақ тілдерінде.

"Қазақстан Халық банкі" ААҚ-ның заңдық департаментінің директоры А. Карагусовтың "Банктердің құқықтық статусы" деген мақаласында ақша түсінігі экономикалық болып табылады делінген. Қазіргі кезеңде Қазақстандағы заңда ақша категориясы ақша бірлігінің және ақшаның әрекет ету формалары арқылы көрсетеді.

Мемлекет ұлттық ақшаны енгізе отырып, олардың басқа да жоғары ликвидті активтерге ауыстыру мүмкіндігін растайды, яғни олар мемлекет міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етудің, ұлттық ақша белгілерін шығаруды негіздеген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында ақша айналымы, тауар айналымы, қызмет көрсету және әртүрлі төлемдерді жүзеге асыру процесі түсінігін анықтай отырып, мұндай айналымға қолма қол ақшамен және ақшасыз есеп айырысудың қозғалысын енгізеді. Айналымға қатысушылардың көпшілігі-өздерінің активтерін екінші деңгейлі банктерде ұстайды, яғни олар банк шоттарында ақшасын орналастырған иеленуші мен осы ақшаның эмитенті болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің арасындағы делдал болып табылады. Бұл екі деңгейлі жүйе ақырғы пайдаланушы үшін көрінбейді-екінші деңгейлі банк клиентіне. Банктік шот-бұл шотты иеленушінің және оның банкінің арасындағы қарыздық қатынастары.

О. Мырзабаевтың "Өз уақытында өтелген төлемдердің барлығы жақсы" деген мақаласында еліміздегі есеп айырысу нысандарының маңыздылығы туралы айтылған. Республикада жыл сайын сатып алушылар мен тауарларды сатулардың, жұмысты, қызметті көрсетушілердің арасында мыңдаған келісім шарттар жасалуда, яғни мұндай келісім шарт төленуі керек, төлем нақты ақшамен немесе ақшасыз формада жүргізіледі.

Біздің елімізде төлем құралдарының бірнешеуі қолданылуда, оның әрбіреуі әртүрлі. Мысалға төлем-тапсырма. Банк клиенттерінің көпшілігі осы кең тараған төлем құжатын пайдалануда. Төлем тапсырмасы сатып алушының инициативасы бойынша, яғни өзінің бизнес партнерынан тауар сатып алғысы келгенде пайдаланылады.

Енді Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төлемдік жүйесінің әдістемелік бөлімінің бас экономисті Е. Ашыкбековтің “Болашақ-төлемдік карточкаларында” деген мақаласында қолма қол ақшасыз есеп айырысудың бір нысаны төлемдік карточкалардың маңыздылығы туралы айтылған.

Бөлшектік саудада қолма қол ақшасыз төлемдерге көшу мемлекет үшін салықтарды тиімді жинауды, қолма қол ақшаның көлеңкелік айналымын азайтады, ақша айналымын бақылауды күшейтеді.

Қолма қол төлемдерді аударуда ең тиімді құралы төлем карточкасы болып табылады деген. Ол экономикаға қолма қол ақша массасын тартуға қол жеткізудің құралы, яғни, ұсақ бөлшекті тауар ақша айналымын қолма қол ақшасыз айналымға аударады.

Төлем карточкасы- бұл ақша емес, электрондық терминалдар немесе басқа да құралдар арқылы, яғни карточканы ұстаушыға төлемдерді жүргізуге, нақты ақша алуға, валюта айырбастауға және карточка эмитентмен анықталған басқа да операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпараты бар, ақшаға қол жеткізу құралы болып табылады.

Барлық шаруашылықтанушы субъектілер өздерінің ақша қаражаттарын сәйкес банк мекемелерінің шоттарында сақтайды және осы мекемелер арқылы қолма қол ақшасыз есеп айырысу формасында міндеттемелері бойынша төлемдерін жүзеге асырады, ал қажетті қолма қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бекітілген нормативтік құжаттары шегінде жүзеге асырылады. Заңды тұлғалар арасында 4000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары төлемдер сомасы тек қолма қол ақшасыз есеп айырысумен жүзеге асырылады. Берілген шарт заңды тұлғалар арасындағы кез келген келісім шартта қолданылады. Егер келісім шарт сомасы көрсетілген лимиттен жоғары болса, онда төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен аспаса.

Ақша қаражаттарын сақтауға және заңды тұлғалар арасында есеп айырысысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері банктік счеттар ашады. Банктік счет - келісім шартта қарастырылған, банк пен клиент арасында депозитті қабылдау бойынша және операцияны орындауға, клиентке банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырумен байланысты келісім шарт қатынастарын көрсету тәсілі.

Банктік шоттар теңгеде және шетелдік валютада жүргізіледі де, ағымды, жинақ және корреспонденттік шоттар болып бөлінеді.

Корреспонденттік шоттар - банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асырушы банктер мен ұйымдардың банктік шоттары.

Ағымды (есеп айырысу) және жинақ шоттар жеке, заңды немесе заңды тұлғалардың жекеленген бөлімшелеріне (филиалдар мен өкілдерге) ашылатын банктік шоттар.

Шаруашылықтанушы субъектіге шетелдік валютада қаражаттардың қозғалысының есебіне арналған ағымдық валюталық шот ашылуы мүмкін. Оны сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырушы субъектілерге ашады. Аккредитив бойынша шоттарды, чек кітапшасы бойынша шоттарды субъектілер ақша қаражаттарын ерекше сақтауға және сәйкес операцияларды орындауға ашады.

Субъектілердің шоттарынан қаражатты, оны иеленушінің бұйрығы бойынша есептен шығарады. Субъектінің бұйрығынсыз шоттағы қаражатты есептен шығару, тек соттың шешімімен, мемлекеттік салықтық қызметпен және басқа да заңды жағдайлармен жіберіледі.

Қазақстан Республикасының территориясында төлемдер мен ақша аударуды жүзеге асыруда келесі тәсілдерді қолданады: қолма қол ақша беру; төлем тапсырмасын көрсету; чек беру; вексель беру немесе оларды индоссамент бойынша беру; төлем карточкаларын пайдалану; банктік шотты тікелей дебеттеу; төлем талап-тапсырмасын көрсету; инкассалық бұйрықтарды көрсету; республиканың заңды актілерімен бекітілген басқа да тәсілдер.

Қолма қол ақшасыз есеп айырысудың негізгі формалары төлем тапсырмалар, чек, вексель, төлем талап-тапсырмасы, салықтық қызмет пен кедендік мүшелердің инкассалық бұйрықтары болып табылады.

Төлеуші мен қаражатты алушының арасындағы есеп айырысу формасы келісім шартпен анықталады.

1. 2. Кассадағы және есеп айырысу шотындағы нақты ақшаның есебін ұйымдастыру.

Әрбір кәсіпорындар мен ұйымдардың, шаруашылық субъектілерінің қолда бар нақты ақшалай қаражаттарын сақтайтын өздерінің кассасы болуы керек. Касса арнайы жабдықталған, яғни едені мен төбесінен ешқандай адам кіре алмайтындай етіп жабылған, терезесі мен есігіне темірден тор қойылған және дыбыстық белгі беретін қондырғылар орнатылған, өрттен сақталатындай түрлі материалдармен қапталып жасалған бөлмеде орналастыруды қажет етеді.

Кассадағы нақты ақша қаражаттары кассирдің мөрі сургуч арқылы басылып жабылатын сейфте немесе темір шкафта сақталынуы тиіс. Бұл сейфтің кілті мен сургуч басатын мөр кассирде, ал кілттің екінші данасы белгіленген ыдысқа салынып, аузы жабылып, кассирдің мөрі басылып, кәсіпорын, яғни субъектінің басшысында сақталады. Кассир жұмыс күнінің соңында кассаның тиісті жерлеріне (есігіне) мөр таңбасын басып, күзетшіге тапсыруы тиіс. Кассадағы ақшаның түгелдігіне жұмысқа деген немқұрайлылық пен салақтық салдарынан кәсіпорынның, субъектінің шеккен зардабына, әдейі қастандықпен немесе арам ниетпен істелген әрекет негізінде кәсіпорынға, ұйымға келтірілген шығындарға касса қызметкері, яғни кассир толық жауап береді.

Кассир - материалды жауапты тұлға. Ол кассалық операцияларды жүргізу тәртібімен таныс болуы керек. Кәсіпорындар мен ұйымдарда, субъектілерде кассирлік жұмысқа қызметкердің тағайындалғаны, орналасқаны жайлы бұйрық шыққаннан кейін касса қызметкерін касса операцияларымен таныстырып, кәсіпорын яғни шаруашылық субъектімен кассир арасында жеке материалдық жауапкершілікке келісім-шарт жасалуы керек.

Субъект жетекшілері кассадағы ақшаның сақталуын және оны банктен жеткізгенде, өткізгенде оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Берілген субъектіге жатпайтын қолма қол ақшаны немесе басқа да құндылықтарды кассада сақтауға болмайды.

Жалпы касса операцияларының есебі 45 бөлімше ″Кассадағы ақша″ активті синтетикалық счеттарында жүргізіледі: 451-″Кассадағы ұлттық валютасы түріндегі нақты ақша″ және 452-″Кассадағы шетелдік валютасы түріндегі ақша″.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни шаруашылық субъектілерінің кассадағы ұлттық валюта есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мекемесі бекіткен, кассалық операцияларды жүргізудің тәртібіне сәйкес жүргізіледі .

Кассаға ақшаны қабылдау бас бухгалтердің қолы қойылған кіріс кассалық ордер бойынша (ф. № КО-1) жүргізіледі. Кассаға ақша тапсырған заңды немесе жеке тұлғаға бас бухгалтер мен кассирдің қолы қойылған ақшаны қабылдағаны туралы квитанция (ордердің екінші жартысы) беріледі. Кассирлер ақша билеттерін, монеталарын қабылдау кезінде ″Төлем белгілерін анықтау тәртібімен″ жұмыс істеуге міндетті.

Кассадан ақша берілгенде жетекші және бас бухгалтердің қолдары қойылған, шығыс кассалық ордермен (ф. № КО -2), төлем ведомосіне сәйкес толтырылған, ақша беру туралы өтінішімен, шоттармен және басқа да құжаттармен толтырылып беріледі. Егер де шығыс кассалық ордерге тігілетін құжаттарда субъект жетекшісінің келісімі туралы қолы болса, ордердің өзіне қол қойылуы міндетті емес. Кассир шығыс кассалық ордер бойынша жеке тұлғаға ақша бергенде оның паспортын немесе жеке куәлігін көрсетуін талап етеді. Құжаттың нөмірін, атауын, қашан және кіммен берілгенін ордерде көрсетеді. Алушы кассалық ордерге қолын қойып, алынатын соманы көрсетеді: теңгені жазбаша, тиынды санмен .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диплом алдындағы өндірістік тәжірибенің есебі
«Қазпочта» ақ компаниясына жалпы сипаттама
«Қазпочта» АҚ құрылымдылық ұйымы
ЕСЕП БЕРУ “ҚАЗПОШТА” АҚ-на жалпы тәжірибелік сипаттама
Пошта қызметіндегі веб-сайт құру
Қазактан поштасынын тарихы
Басқарудың экономикалық әдістері
Қазақстан Республикасындағы пошта-жинақ жүйесі
Компанияның ақша қаражаттарын басқару туралы
Инвестициялық стратегия - табыс стратегиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz