Қаржылық инвестициялар және ақшалар жайлы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

І бөлім. Қаржылық инвестицияның қазіргі жағдайы

1.1. Инвестициялардың ұғымы және оның жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.2. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің,
еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің
инвестициясының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
1.3. Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын және ұзақ
мерзімді қаржылық инвестициясын қайта бағалауын анықтау.
Есеп беруде инвестицияны ашу және түгелдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41

ІІ бөлім. Қаржылық инвестициялар және ақшалар.

2.1. Ақшалар және қаржы салымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53
2.2. Касса операцияларының есебі.Кәсіпорындар мен ұйымдардың
есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операцияларының
есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63
2.3. Валюталық шоттардағы ақшалар қозғалысының есебі. Банктер.
дегі арнаулы шоттардағы ақшалардың есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...75
2.4. Жолдағы ақшалардың есебі.
Ақшалардың қозғалысын бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...82

Қоршаған ортаны қорғау және еңбек қауіпсіздігі техникасы ... ... ... ... ...84

ІІІ бөлім. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...88
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
2008 жылғы 6-ақпанда халыққа жолдауында былай деген болатын:
Тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту барлық дәрежедегі әкімдердің бірінші кезектегі міндеті болып қалуға тиіс. Сондықтан мына бағыттарда мақсатты түрде жұмыс жүргізу керек.
Бірінші. Бюджеттің нәтижелілігін арттыру. Тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға арналмаған барлық шығындарды қысқарту қажет.
Орталықта нәтижелікке бағытталған бюджетті өмірге енгізу жөніндегі жұмыс қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмысты жергілікті жердегі деңгейде де дамыту қажет. Тұрғындар өңірлік биліктің нақты қамқорлығын сезінуге тиіс.
Жаңа әлеуметтік нысандар: медициналық мекемелер, мектептер, спорт ғимараттары, тұрғындарға сапалы, озық және ең бастысы, бұқаралық қызмет көрсету орталығына айналуға тиіс.
Екінші. Әкімдер инфрақұрылымдарды, әсіресе, жергілікті маңызы бар жолдарды барынша дамытуды қамтамасыз етуі қажет.
Үшінші.Жер телімдерін жасырын бөлу тәсілінің тәжірибесін тоқтату керек. Барлық жер телімдері ашық аукциондар арқылы бөлінуге тиіс.
Аймақтарды дамытудың және экономиканы жаңғыртудың сындарлы факторына айналуы қажет. Олар жоғарыда айтылған кешенді шараларды жүзеге асыруға белсенді түрде қатысып, атап көрсетілген міндеттерді айрықша бақылауға алулары керек.
Жаңа үшжылдық бюджет:
-тұтас алғанда 2007 жылға қарағанда зейнетақының орташа мөлшерін 2012 жылға қарай 2,5 есе, оның ішінде 2009 жылы -25%, 2010 жылы-25% және 2011 жылы 30% арттыруды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте 2011 жылы арқаулық зейнетақылық төлемдер мөлшері ең төменгі күнкөріс мөлшеріне қарай 50%-ға дейін өсірілуге тиіс; мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін 2009 жылдан бастап жыл сайын орта есеппен 9% арттыруды көздеп отырмыз.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..7

І бөлім. Қаржылық инвестицияның қазіргі жағдайы

1.1. Инвестициялардың ұғымы және оның
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.2. Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің,
еншілестердің және тәуелді серіктестіктердің
инвестициясының
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..19
1.3. Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнын және ұзақ
мерзімді қаржылық инвестициясын қайта бағалауын анықтау.
Есеп беруде инвестицияны ашу және
түгелдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41

ІІ бөлім. Қаржылық инвестициялар және ақшалар.

2.1. Ақшалар және қаржы
салымдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53

2.2. Касса операцияларының есебі.Кәсіпорындар мен ұйымдардың
есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін операцияларының

есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63
2.3. Валюталық шоттардағы ақшалар қозғалысының есебі. Банктер-
дегі арнаулы шоттардағы ақшалардың
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .75
2.4. Жолдағы ақшалардың есебі.
Ақшалардың қозғалысын
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 82

Қоршаған ортаны қорғау және еңбек қауіпсіздігі
техникасы ... ... ... ... ...84

ІІІ бөлім. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...88

6

Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
2008 жылғы 6-ақпанда халыққа жолдауында былай деген болатын:
Тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту барлық дәрежедегі әкімдердің
бірінші кезектегі міндеті болып қалуға тиіс. Сондықтан мына бағыттарда
мақсатты түрде жұмыс жүргізу керек.
Бірінші. Бюджеттің нәтижелілігін арттыру. Тұрғындардың әлеуметтік
әл-ауқатын арттыруға арналмаған барлық шығындарды қысқарту қажет.
Орталықта нәтижелікке бағытталған бюджетті өмірге енгізу жөніндегі
жұмыс қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмысты жергілікті жердегі
деңгейде де дамыту қажет. Тұрғындар өңірлік биліктің нақты қамқорлығын
сезінуге тиіс.
Жаңа әлеуметтік нысандар: медициналық мекемелер, мектептер, спорт
ғимараттары, тұрғындарға сапалы, озық және ең бастысы, бұқаралық қызмет
көрсету орталығына айналуға тиіс.
Екінші. Әкімдер инфрақұрылымдарды, әсіресе, жергілікті маңызы бар
жолдарды барынша дамытуды қамтамасыз етуі қажет.
Үшінші.Жер телімдерін жасырын бөлу тәсілінің тәжірибесін тоқтату
керек. Барлық жер телімдері ашық аукциондар арқылы бөлінуге тиіс.
Аймақтарды дамытудың және экономиканы жаңғыртудың сындарлы
факторына айналуы қажет. Олар жоғарыда айтылған кешенді шараларды жүзеге
асыруға белсенді түрде қатысып, атап көрсетілген міндеттерді айрықша
бақылауға алулары керек.
Жаңа үшжылдық бюджет:
-тұтас алғанда 2007 жылға қарағанда зейнетақының орташа мөлшерін 2012
жылға қарай 2,5 есе, оның ішінде 2009 жылы -25%, 2010 жылы-25% және 2011
жылы 30% арттыруды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте 2011 жылы арқаулық
зейнетақылық төлемдер мөлшері ең төменгі күнкөріс мөлшеріне қарай 50%-ға
дейін өсірілуге тиіс; мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың және арнаулы
мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін 2009 жылдан бастап жыл сайын орта
есеппен 9% арттыруды көздеп отырмыз.
7
Оқулықта баяндалған материалдар мен қатар нормативті құжаттар, алғашқы
құжаттардың нысандары мен типтік бухгалтерлік жазулардың үлгілері берілген,
оларды оқу мақсатында да, қаржылық және өндірістік қызметтеде де
қолдануға болады.
Оқулық 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде –Қаржылық инвестицияның
қазіргі жағдайы, бухгалтерлік есептің мәні мен мазмұны, оны ұйымдастыру
принциптері бухгалтерлік есепті құжаттық ресімдеу, қаржылық есеп беру мен
бухгалтерлік есеп тұжырымдамасы қарастырылады.
Екінші бөлімде –Қаржылық инвестициялар, оның негізгі мәселелері,
ағымдағы активтер: ақша қаражаттары, олардың балаламалары, алынуға тиісті
шоттар мен басқадай дебиторлық қарыздар; тауарлы материалдық қорлар есебі
қаржылық есеп беруді жасау мен ұсыну жолдары жазылған.
Үшінші бөлімде –қорытынды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
ерекшеліктері ашып көрсетілді. Соның ішінде, бухгалтер қызметіндегі есепті
ұйымдастыру, компанияларда бухгалтерлік есепті жүргізу ерекшеліктері,
ломбардтардағы операциялар есебі, саудадағы есеп ерекшеліктері,
автотранспорт кәсіпорындарындағы есеп шарттарының ерекшеліктері
қарастырылған.

І бөлім. Қаржылық инвестицияның қазіргі жағдайы
1.1 Инвестициялардың ұғымы және олардың жіктелуі.
Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және
экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып,
жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық кызметтің мақсаты-
түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан калыптасқан (құрылған) құн немесе
таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны
өзінің табысының (таратылған) каражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі
капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде
қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны
жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.
Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ
мерзімді болып бөлінеді.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық және
нақты болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар – бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және
материалдық өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар – бұл субъектінің табыс алу мақсатында
пайдаланатын активі (мысалы, пайыздар, роялтилер дивидендтер, және жалға
ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар
(мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі).Сондай-ақ, қаржылы инвестицияға
пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның
бір түрі болып бағалы (құнды) қағаздар саналады. Барлық (құнды) қағаздар
екі топқ бөлінеді,ақшалай және күрделі ( капиталды) болып. Ақшалай бағалы
қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді.
Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ
сертификаттар және т.б.жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір
мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық (атаулы) құнынан
төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар,
10

әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уақытқа) беріледі.
Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын
(қорын) құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.
Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін
куәландыру үшін олар былайша бөлінеді:
-- бағалы қағазды ұсынушыға –құқықтарын орындау үшін, бірақ олардың
иелерін теңестіреді (идентификациялауды) талап етпейді, ұстаушылардың
атына тіркеу жасалынбайды. Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратын құқығын
басқа адамға қарапайым жолымен қолына береді.
--атаулы бағалы қағаздар- белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы
қағаздарда куаландырылған құқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету
үшін белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі. Атаулы бағалы қағаздар
бойынша құқық беретін адам соған сәйкес келетін талаптардың орындалуы
емес, ондағы тиесілі талаптың заңды еместігіне жауап береді.
--ордерлік бағалы қағаз- ол ен алғашында иемденушінің атына немесе оның
бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда көрсетілген құқықтар қағазға түсірілген
тәртіпке байланысты ауыспалылығын сақтайтындай етіп—индоссаментке жазып
береді. Бағалы қағаздардан алынатын табысқа қатысты оларды борыштық және
инвестициялық етіп бөлуге береді.
Борыштық бағалы қағаздар пайыздарды (проценттерді) төлеуді және
негізгі қарыздың негізгі сомасын графикке сәйкес жабуды эмитент өз
міндетіне алады. Бұл кімнің эмитенті екендігіне қарамастан барлық
облигациялар, вексельдер жатады.
Инвестициялық бағалы қағаздар эмитент активтерінің бір бөлігін
иемденуге құқық береді, оларға эмитенттердің барлық типтеріндегі акциялары
тұтастай жатады.
Бағалы қағаздар эмитенттік сипаты бойынша: мемлекеттік (Үкіметпен
Ұлттық Банктің борышкерлік міндеттемелері), және корпоративтік (шаруашылық
жүргізуші субъектілерін жарғылық капиталын қалыптастыру немесе қаржылық

қызметін жургізу үшін қажет қаражатты тарту мақсаты мен қолданыстағы заңға
сәйкес шығарылатын) болып бөлінеді.
11
Мәмілеге байланысты шығарылатын бағалы қағаздар: фондылық
(акциялар, облигациялар) және саудалық (коммерциялық вексельдер, чектер,
коносаметер, кепілдік міндеттемелер, т. б.) болып бөлінеді.
Фондылық бағалы қағаздар көптеп шығарылуымен (эмиссиясымен)
ерекшеленеді және олар қор биржаларында айналысқа түседі.
Саудалық бағалы қағаздар коммерциялық бағытқа ие: олар негізінен сауда
операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларды орын алмастыру
процесіне қызмет көрсетуге арналған.
Нарықтағы айналыс ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздарды
нарықтық (айналыстағы) және нарықтық емес(айналыстағы емес) етіп бөлу
мүмкін. Нарықта болатын бағалы қағаздар биржалық немесе биржалық емес
айналым шеңберінде нарықта екінші рет еркін сатылуы және сатып алынуы
мүмкін. Олар сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсынылмайды.
Нарықтық емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін көше
алмайды , яғни екінші рет айналысқа түспейді. Бұндай бағалы қағаздар
қатарына оларды шығару кезінде сатылмайды деген шарт қойылса, онда оларды
тек эмитенттің өзі ғана сатып алады. Сондай-ақ айналысы шектеулібағалы
қағаздар да бөлініп көрсетілуі мүмкін. Мысалыға, жабық АҚ акциялары сатып
алу және сату мәміле бойынша шектелген акциялардың қатарына жатады.
Бағалы қағаздар әрекет ететін орыны бойынша ақша нарығының бағалы
қағаздары және капиталдық бағалы қағаздары болып бөлінеді. Ақша нарығы
дегеніміз—қысқа мерзімді бағалы қағаздардың алынуы мен
сатылуын көрсетеді және ол қаржылық нарықтың бір бөлігі.Қысқа
мерзімді бағалы қағаздардың әрекет ету мерзімі – бір күннен бастап бір
жылға дейін болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы қағаздар, әдетте, төменгі
төмен тәуекелімен қатар жүреді, өйткені қарыз берушілердің төлем
қабілеттілігі жоғары болса ғана шығарылады. Ақша нарығының бағалы
қағаздарына – қазыналық вексельдер, депозиттік сертификаттар, коммерциялық
қағаздар жатады. Бағалы қағаздар нарықтық капиталдар ретінде бір жылдан
астам мерзімге ұсынылады. Бұл борышкерлік сондай-ақ инвестициялық бағалы
қағаздар болуы мүмкін.
Бағалы қағаздардың атқаратын рөлі бойынша: негізгі (акциялар мен
12
облигациялар), көмекші (чектер, вексельдер, облигациялар т.б.) және негізгі
бағалы қағаздардың алынуы мен сатылуы құқығын куәландыратын шартты бағалы
қағаздар компаниялардың акциясына тәуелді болады. болып бөлінеді
(варанттар, опциондар, қаржылық фьючестер, сатып алу құқығының
артықшылығы).
Бағалы қағаздарды өздерінің алдына қойған мақсаты мен міндетіне
сәйкес
басқа да белгілері бойынша (құжжатты және құжжатсыз, кері қайтарылатын және
қайтарылмайтын, тұрақты деңгейде және әртүрлі деңгейде табыс әкелетін)
жіктелуі мүмкін.
Инвестор бағалы қағаздар нарығында жұмыс істей жүріп салымдарды
тараптандырудың (диверсификациялау) принципін ұстануы тиіс инвестор қаржылы
aктивтердің әртүрлісін алуға ұмтылуы керек. Бұл салымдардың тәуекелділігін
азайту үшін қажет. Мысалы, инвестор өзінің барлық ақшаларын бір компанияның
акцияларына салды делік. Бұл жағдайда ол акция курсының нарықтық ауытқуына
толық тәуелді болады. Егер кәсіпорын қаражаттары бірнеше компаниялардың
акцияларына салынатын болса, онда инвестордың табысы неғұрлым аз ауытқитын
біршама копаниялардың акциясына тәуелді болады. Егер инвестор әр
тараптандыру (диверсификациялау) принципін ұстанатын болса, онда ол
инвестициялық (фондылық) портфель деп аталатын бағалы қағаздардың жиынтығы
мен байланысты болады.
Қоржындық (портфельдік) инвестициялардың объектілері ретінде әр түрлі
бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар, бағалы қағаздардың шартты түрлері
әрекет етеді. Қоржынның бір бөлігі ақша түрінде ұсынылуы мүмкін. Қоржындағы
қағаздардың көлемі әр түрлі болады. Қоржындық инвестициялау өзінің құрамына
тәуелді, ол табыс немесе залал әкелуі мүмкін тап сондай тәуекелдіктің де
сол және басқа да деңгейіне ие. Қоржынға енетін бағалы қағаздардың тізбесін
де, көлемін де өзгерте алады.
Қоржынды құрастыру кезінде инвестор келесі факторларды есепке алуы
тиіс.Тәуекелділікті, табыс дәрежесін, орындалу мерзімін, бағалы қағазда
Инвестор инвестициялық мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді
қалыптастырады.Келесі типтерін бөліп көрсету қабылданған- бірінші тип—
13
өсім қоржыны, екінші тип—табыс қоржыны.
Қоржынның бірінші типі мақсаты өсімді көбіне дивиденттер мен
проценттер алу есебінен емес, бағалы қағаздардың бағамдық (курстық)
өсімінің есебінен алу болып табылады. Бұл негізгі салымның басым бөлігін
акция құрайды. Күтілетін капитал өсімі мен және тәуекелділіктің ара
қатынасына байланысты қоржындық өсімнің ортасынан, тағы да басқа қоржынның
түрлерін, атап айтқанда – агрессивті, консервативті және орташа өсімін
бөліп көрсетуге болады. Агрессивті өсім қоржындары капиталдың максималды
өсіміне бағытталады. Бұл қоржын үлкен тәуекелділікпен байланысты екенін
көрсетеді, бірақ эмитент- кәсіпорындардың қолайлы дамуы кезінде ол үлкен
табыс әкелуі мүмкін. Қоржынның бұл құрылымы, әдетте тез өсетін жас
компаниялардың акцияларымен көрсетілуі мүмкін. Консервативтік қоржынның
өсімі негізінен ірі, жақсы белгілі және тұрақты компаниялардың акциясынан
тұрады, бұндай қоржынның тәуекелділігі де аса үлкен болмайды. Қоржынның
орташа өсімінде агрессивті қоржынға да, консервативті қоржынға да тән
инвестициялық қасиеттері болады. Оның құрамына сенімді кәсіпорындардың да
акциялары енеді. Мұндай қоржын жеткілікті жоғары табысқа және тәуекелдің
орташа деңгейін ұстауына қолайлы жағдай туғызады.
Қоржындардың екінші типі дивидендттер мен роценттер есебінен табыс алу
болып табылады. Қоржынның бұл типі тәуекел кезінде жоспарланған табыстың
деңгейін қамтамасыз етеді және онда тәуекелділіктің деңгейі нөльге тең
болады. Қоржындардың аталған типін инвестициялау объектілері ретінде
сеінімділігі жоғары бағалы қағаздар алынады. Оның құрамына енетін қорлардың
инструменттеріне байланысты олар: конверттер, нарықтық ақшалар және
облигациялар болып бөлінеді. Конверттелетін (айырбасталатын) қоржындар
айрықша акциялар және облигацияларынан тұрады. Мұндай қоржын оны құрайтын
бағалы қағаздардың есебінен нарық конюктурасы мүмкіндік беретін.Болса, онда
оларға жай акциялардың өзі де қосымша табыс әкелуі мүмкін. Басқаша
жағдайда, қоржын инвестициясы тек тәуекелділік төмен болған кезінде ғана
табыспен қамтамасыз етеді. Ақша нарығының қоржындары (портфель) капиталды
толық сақтау
14
мақсатынан тұрады. Егер де ұлттық валюта өзінің төмендеу бағамын көрсетсе,

онда ол шетелдік валютаға өзінің төмендеу бағамын көрсетсе, онда ол
шетелдік валютаға айырбасталуы мүмкін. Сөйтіп, салынған капитал нөльдік
тәуекелділік кезінде өзөсімін сақтайды. Облигациялар қоржындары
облигациялардың есебінен қалыптасады және нөльдік тәуекелділік кезінде
орташа табыс әкеледі.
Қоржындардың өсуіне қоржынға енген құрылымдардың өзгерісі мен
бағамдары әсер етеді. Табыс қоржындары тұрақты құрымға және құрылымға ие.
Мерзімі шектелген қордан тек табыс табуға талпыныс жасап қана қоймай, алдын
ала уақыты шектеліп белгіленбейді. Мүмкіндігінше толықтырылатын, қайтарып
алынатын және тұрақты қоржындар ажыратылып көрсетіледі. Толықтырылатын
қоржындар, бастапқы салынған ақша қаражаттарының есебінен емес, сыртқы
қаражат көздерінің есебінен өсуі (толықтырылуы ) мүмкін. Қайтарылып
алынатын қоржындар бастапқы салынған қаражаттардың бір бөлігін қайтарып
алуға жол береді. Тұрақты қоржындарда бастапқы салынған қаражаттар
қоржынның барлық кезең бойына тұрақты көлемін сақтайды.
Инвестиция—экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқынын
қалыптастыруды, ғылыми техникалық прогрестің жетістіктерін енгізуді
инфрақұрылымды дамытуды көздейтін басты фактор.
Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ
мерзімгенесие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен
акционерлік қоғамдардың акцияларынан құрылған инвестициялық қорлар ерекше
роль атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы салаларымен
кәсіпорындарына капиталдың құрылуына жағдай жасайды.
Қаржылық инвестициялар инвесторлар үшін ішкі және сыртқы инвестициялар
жағдайына белгілі бір тәуекелділікпен байланысты болатынын ескерген жөн.
Бұл тәуекелділік басшылардың біліктілігімен және олардың епті
әрекеттерімен, есеппен бақылау жұмысын ұйымдастыруымен, валютаның бағамдық
пайыз мөлшерлемесінің өзгерістерімен, орта мерзімді және қысқа мерзімді
несиелерді тартудың қиындылықтарымен және т. б. Осы сияқты мәселелерімен
байланысты болып келеді. Сонымен қатар, табиғат
15
зілзалалары мен және саяси тәуекелділігімен байланысты болатынын ескерген
абзал. Қаржылық инвестициялар техникалық-экономикалық есептеулер жасалған
соң және сол инвестицияланатын объектіні қажетті зерделенуден өткізгеннен
кейін барып, жүзеге асырылады. Осы жағдайда ғана нарықтық қарым қатынастар
жағдайындағы тәуекелділіктер төмендеуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының заңдары экономиканың барлық саласын
инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған. Республикада
инвестициялықжобаларды жүзеге асырудың тиімділігіне бағытталған жеңілдіктер
мен преференциялар әзірленіп жасалған.
Түптеп келгенде, инвестициялардың мақсаты – жаңа технологияларды,
алдыңғы қатарлы техниканы және ноу-хауды енгізу, ішкі нарықты жоғары
сапалы тауарларымен толтыру және қолайлы қызмет көрсету, отандық тауар
өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру, экспортқа бағытталған
және импортты алмастырушы өндірістерді дамыту, Қазақстан Республикасының
шикізат көздерін тиімді және кешенді пайдалану, қазіргі заманғы менеджмент
пен маркетингтің әдістерін енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру, жергілікті
мамандардыңүздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру,
өндірістің жедел дамуын қамтамасыз ету, қоршаған ортасын жақсарту болып
табылады.
Қазақстан Республикасының экономикасын көтеруде және оны одан әрі
дамытуда шетелдік инвесторлардың атқарар ролі зор.Шетелдік инвестицияларға
табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне инвесторлар салып
отырған мүліктік құндылықтар және оған қоса олардың құқықтары, яғни
интеллектуалдық меншік құқығы да кіреді.
Шетелдік инвестициялар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының
жарлық капиталына қатыса отырып, ондағы қабылданатын шешімдерге өз
үлестерін және құқықтарын қорғауына болады.
Кәсіпкерлік табысты, капитал өсімін немесе процентін алу (шаруашылық
жүргізуші субъектілерінің құнын арттыру және осыған орай оны
меншіктеушілердің әл ауқатын көтеру) мақсатында әр түрлі экономика саласы
капитал жұмсау жолымен іс жүзіне асырылатын жиынтық шығындарды инвестиция
деп ұғамыз. 16
Инвестиция мыналарға бөлінеді:
Үлестік—жай және артықшылықты акциялар;
Борышқорлық—облигациялар, қазыналық вексель, депозиттік
сертификация және т. б.
Инвестиция көздері:
а) жаңадан жасалған құн(таза табыстың жиналған бөлігі)
ә) амортизацияның қорлануы (накапливаемая амортизациясы)
б) кредиттік ресурстар.
Инвестицияны мына топтарға жіктеуге болады:
1. Жұмсау мерзімі бойынша:
-- қысқа мерзімді—бір жылға дейін иемдену мерзімі( бұл еркін
ақшалай қаражатты уақытша орналастыру мақсатында оңай өткізілетін бағалы
қағаздардағы компанияның инвестициясы)
-- ұзақ мерзімді – бір жылдан көп иемдену мерзімі;
-- мерзімсіз инвестициялар.
Ұзақ мерзімді және мерзімсіз инвестициялар—бұл қосымша пайда алу
мақсатында немесе құнды қағаздар сатып алынатын компанияға ықпалге ие болу
мақсатында немесе бұл салада өз операцияларын жүргізетін ұйыммен
салыстырғанда қаражаттың мұндай жұмсалымы әлдеқайда пайдалы болғандықтан
қаражатты орналастыру.
2. Тағайындалуы бойынша:
-- қаржылық – құнды қағаздарға жұмсау;
-- нақты (мүліктік жұмсау) – субъектінің негізгі капиталына
жұмсау
және материалдық-өндірістік өсуіне жұмсау.

3. Шығу тегі бойынша—бірінші, екінші.
4. Болу формасы бойынша— құжжаттық, құжжатсыз.
5. Ұлттық тегі бойынша – отандық, шетелдік.
6. Қолдану түрі бойынша – инвестициялық (капиталдық) инвестициялық

7. Шығарылым формасы бойынша—эмиссиондық, эмиссиондық емес
8. Иемдену қатары бойынша—жеке, жалпы.
9. Меншік формасы бойынша—мемлекеттік, корпоративтік.
17
10.Айналыс сипаты бойынша—нарықтық, нарықтық емес.
11.Тәуекелдік деңгейі бойынша—аз тәуекелдік пен мүмкін үлкен
тәуекелділікпен.
-- капиталды тәуекелдік – бұл барлық жұмсалымға арналған жалпы
тәуекелдік, инвестор өзінің инвестициясын ысырапсыз қайтара алмайтын, толық
босатып ала алмайтын тәуекелдік;
-- уақытша тәуекелдік—міндетті түрде ысырапқа ұшырататын қолайсыз
уақыттағы инвестицияны сату және сатып алуға байланысты тәуекелдік;
--заңдық өзгерістер тәуекелділігі—шығын мен ысырапқа ұрындыруы
мүмкін тәуекелдік;
-- өтімділік тәуекелділігі – инвестицияны өткізу барысындағы болуы
мүмкін ысырапқа ұрындыратын тәуекелдік;
-- нарықтық тәуекелдік-- нарықтың жалпы құлдырауымен байланысты
инвестиция құнының төмендеуінен ысырапқа ұрындыратын тәуекелдік;
-- кредиттік және іскерлік тәуекелділік-- борыштық құнды қағаздар
шығарушы (эмитент) негізгі қарыз сомасын немесе сол бойынша сыйақы
төлеуге жағдайын болдырмайтын тәуекелдік;
-- проценттік тәуекелдік—нарықтағы проценттік мөлшерлемелердің
өзгеруіне байланысты инвесторға ысырап әкелуі мүмкін тәуекелдік;
-- валюталы тәуекелдік-- шетелдік валютадағы инвестициямен
байланысты тәуекелдік.
12. Қолма-қол табыс бойынша—табыстық, табыссыз.
13. Қаражатты жұмсау бойынша:
-- борыштық-- құнды қағаздардағы немесе міндеттердегі
инвестиция;
-- иелі үлестік—нарықты субъектінің капиталындағы үлестер
немесе уақытша шектеулермен байланысы жоқ (еншілес және тәуелді
компаниялардағы инвестиция) мүліктегі үлес;
-- жеке жобалар (кенішті игеру - разработка месторождения )
14. Экономикалық мәні (құқық түрі) бойынша – міндеттік, м
15. Халықаралық және отандық стандарт бойынша бухгалтерлік есепте
инвестиция мыналарға бөлінеді:
18
а) қаржылық (БЕС (СБУ) 8 “ Қаржылық инвестиция есебі “ және оған
әдістемелік ұсыныс)
ә) еншілес, тәуелді және бірігіп бақылау арқылы шаруашылық
субъектісіндегі инвестициялар (БЕС 13 “ Шоғырландырмалы қаржылық есеп
және еншілес серіктестіктегі инвестиция есебі” және оған әдістемелік
ұсыныс;
БЕС 15 “ Біріккен қызметтегі қатысу үлесінің қаржылық есепке көрініс
табуы”
және оған әдістемелік ұсыныс).
Бұған қоса, инвестиция мыналарға бөлінеді:
■ тікелей – басқа субъектілердің жарғылық капиталындағы инвестициялар
■ портфелдік – субъект иелігіндегі құнды қағаздар жиынтығы
■ венчурлік (тәуекелшіл)—жаңадан пайда болған субъектілердегі (мұнай
және газ компаниялары, ғылыми-техникалық жобалар) тәуекелді және тез
өтелімді инвестициялық салым ақшалар.

1.2.Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктердің, еншілестердің
және тәуелді серіктестіктердің инвестициясының есебі.
Заңды тұлға басқа кәсіпорындардың пакет акциясын, қатысу үлесін алу
арқылы қаржылық салымдарын жүзеге асыруы мүмкін.Салынған қаржылық
салымдардың деңгейіне байланысты олар: не бақылаушы, не қаржылық немесе
Субъектінің басқада саясатына да едәуір әсер ететін болып белгіленеді.
Егер де инвестордың қатысу үлесі 50 % және одан да көп болса немесе
50% және одан да көп дакыс беру құқы бар акциясы болса, онда ол
қаржыландыратын объекті бойынша оның бақылауында болатын және еншілес
серіктестігі болып т.
Егер де инвестордың қатысу үлесі 20 %-тен астам болса, бірақ оның
дауыс беруге құқы бар акциясы 50 %-тен аспаса, онда ол қаржыландыратын
объекті бойынша оның едәуір әсер етуінде болатын және тәуелді серіктестік
болып табылады.
Егер де инвестордың қатысу үлесі 20 % акциясынан аспаса, онда ол
бірлесіп бақыланатын заңды тұлға болып табылады.
Инвестицияның есебі 14 инвестициялар бөлімшесінің шоттарында
19
жүргізіледі, оның құрамына мынадай синтетикалық шоттар кіреді : 141
Еншілес серіктестіктерге салынған инвестициялар, 142 “Тәуелді
серіктестіктерге салынған инвестициялар“, 143 “Бірлесіп - бақыланатын заңды
тұлғаларға салынған инвестициялар“, 144 “Басқа инвестициялар“.
Бұл бөлімнің шоттары еншілес, тәуелді серіктестіктер мен бірлесіп
бақыланатын заңды тұлғалардың акциялары мен жарнамаларындағы
инвестициялардың нақты бары мен қозғалысы туралы мәліметті талдап
қорытындылауға бағытталған. 141-144 шоттар активті және күрделі болып
келеді . Талдамалы (аналитикалық) есеп инвестицияланған кәсіпорындар мен
инвестициялар түрлері бойынша жүргізіледі.
Инвестицияларды есепке алу бухгалтерлік есептің №14 “Тәуелді
шаруашылық серіктестіктерінің инвестициялық есебі“ деп аталатын стандарты
бойынша реттеледі.
Тәуелді шаруашылық серіктестіктердің инвестициялық есебі. Тәуелді
серіктестік инвестициялардың едәір ықпал етуінде болады және ол еншілес
шаруашылық серіктестігі де, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғасы да бола
алмайды. Субъектің қызметіне инвестор едәір ықпал етеді, оның тек 20 %
-тен астам ғана дауыс беруші акциясы болса да. Тәуелді серіктестіктер өз
инвестициясын жүзеге асыру үшін мына екі әдістің бірін пайдаланады :
-үлестік қатысу әдісі,
-құндық әдіс(немесе құн әдіс).
Үлестік қатысу әдісі – инвестициялардыиеленген мезетте сатып алу
құнымен көрсетіп , кейінірек тәуелді шаруашылық серіктестіктерінің таза
активтеріндегі өзгерістерде инвестордың үлесі мойындалуына байланысты
олардың құнының өсуін (кемуін) есепке алу әдісі. Тәуелді шаруашылық
серіктестігінің таза кірісінде (шығысында) инвестор үлесінің өзгеруі
қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есептегі табысқа (шығынға жатқызылады.
Тәуелді шаруашылық серіктестігінің жинақталған табысының жалпы сомасынан
тиісті дивидендтер инвестициялардың баластық құнын кемітеді. Егерде
инвестордың салған инвестициясының баланстық құны тәуелді шаруашылық
серіктестіктеріндегі алған зияндар келешекте есепке
20
алынбайды. Инвестиция мөлдір құны бойынша көрініс табады.
Тәуелді шаруашылық серіктестігінің активтерінің қайта бағалануына
байланысты инвестордың үлесінің өзгеруі инвестициялардың баланстық құнын
көтереді (кемітеді) және ол меншік капиталының бөлімшесінде көрсетіледі.
Инвестор өзінің тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза табысында
үлестік қатысын қайта жаңғырту үшін таза табыс пен таза шығындар тең болуы
керек.
Егерде тәуелді серіктестіктің активтері қайта бағаласа, онда олардың
баланстық құныда өзгереді. Баланстық құнның өсуі меншік капиталындағы
төленбеген қосымша капиталда көрініс табады, ал егерде ол азайса, онда сол
төленбеген қосымша капиталды азайтады.
Мысалы. “ Шығыс “ ААҚ қоғамы “Темір” ААҚ –ның 30 % және “Цемент” ААҚ-
ның 28 % акциясын сатып алған, сол сатып алынған акцияға сәйкес олардың
құны : 3110 мың тенге және 4600мың тенге құраған .
“Шығыс” ААҚ сатып алғаннан кейін, бір жылдан соң, “Темір” ААҚ өзінің
кейбір негізгі құралдарына 300 мың тенгеге қайта бағалауды жүргізген.
Бірінші жылдың қорытындысы бойынша “Темір” ААҚ 9900 мың тенге зиян шексе,
ал “Цемент” ААҚ 5000 таза табыс тауып, 2000 теңге деңгейінде дивидендті
жария еткен. Ал келесі жылы “Темір” ААҚ кейбір негізгі құралдарының бағасын
410 мың теңгеге түсірген, ал “Цемент” ААҚ керісінше, 500 мың теңгеге
көтерген. табыс тауып, 200 мың тенгеге дивидендті жария еткен, ал “Цемент”
ААҚ 1000 мың теңге таза табыс тауып, 200 мың тенгеге дивидендті жария
еткен, ал “Цемент” ААҚ -1500 мың тенге деңгейінде зиян шеккен.

21
Енді осы жасалған операциялармен байланысты шоттар
корреспонденциясын қарастырып көрейік:

Қатар сома,
№ Шаруашылық операцияларының мазмұны тенге Шоттар
корреспонденциясы


дебет кредит
1 3 5.
2 4
1. Заңды тұлғалардан оларда қалыптасқан немесе
олардан алынған баға бойынша акциялары сатып311000 142
алынды: 4600000 671
“Цемент”ААҚ -33% айналыстағы акциясы
“Цемент”ААҚ -28% айналыстағы акциясы
Жиыны 7710000
Бірінші жылы
2. “Темір”ААҚ өзінің кейбір негізгі
құралдарының объектілерін қайта бағалаудың 99 000 142 542
нәтижесінде үлестік қатысу
3. Бірінші жылдық нәтижесі бойынша:
-инвестицияның құнының өсуімен бірге “Шығыс”140000 142 871
ААҚ үлесі де өскен, өйткені “Цемент” ААҚ
үлесі 1 400 000 теңге құраған (5 000 000 x 320900 871 142
28%)
-“Темір” ААҚ зиаян шеккендіктен, “Шығыс”ААҚ 58000 011
–на тиесілі 3267000(9900000х 33%) тенге
құраған.(Шеккен зиянның үлесі инвестицияның
құнынан асып түскендіктен, инвестицияның
құнын нөльдік деңгейге дейін жеткізіп, ал
қалған 58 000 тенге сомасын баланстан тыс 560 000 322 142
шотта есепке алынған
(3267 000-3110 000-99 000)
-“Цемент”ААҚ-нан “Шығыс”ААҚ-ның алынатын
дивиденд сомасы 560 000 тенге құраған
(2 000 000х%)
4. Бірінші жылдың нәтижесі бойынша “Шығыс”ААҚ
өз балансында, “Цемент”ААҚ 540000 тенге
сомасындағы инвестициясын ғана көрсеткен
(4600 000+1 400 000-560 000)
Екінші жылы
5. “Шығыс”ААҚ –ында инвестициясының құны
азайған, өйткені “Темір”ААҚ өзінің кейбір
негізгі құралдарының құнын арзандатқан.
-бұрындары жасалғансомасының шегінде 9900 542 142
-бұрынғы артық жасалған соманың шегінде 36300 845 142
36 300 тенге (135300-99000)
6. “Цемент”ААҚ өзінің негізгі құралдарын қайта
бағалаудың нәтижесінде, “Шығыс”ААҚ-ның
қатысу үлестікқұны, яғни инвестициясының 140 000 142 542
құны өскен
7. Бірінші жылдың нәтижесі бойынша 272000 142 871
-“Темір” ААҚ таза табысында “Шығыс”ААҚ
қатыстық үлесі өсуіне байланысты 58000 001
инвестицияның құны өскен. Қатысу үлесі
330 000тенге құраған (1000 000х33%) Өткен 66000 322 142
кезеңде зиян шеккендіктен осы ағымдағы
кезеңдегі инвестицияның өскен құны
001-баланстан тыс шоттағы есепке алынған, 420 000 871 142
сол зиян сомасы ескерілген соң барып, өскен
құны көрсетіледі [272 000(330000-58000)]
Екінші жылдың нәтижесі бойынша “Шығыс”ААҚ
балансында 5 160 000 тенгеге “Цемент”ААҚ-ның
және 70700тенге Темір ААҚ-ның ивестициясы
көрініс тапты. Нәтижесінде ол 5730 700 тенге
құрады.

Құн әдісі- инвестицияны алу кезінде сатып алу құны бойынша
көрсетілетін есептік әдісі. Инвестордың қаржылық шаруашылық қызметінің
нәтижелері туралы есепке инвестиция табысы тәуелді шаруашылық
серіктестігінің жинақталған жалпы таза табысының срмасынан тиісті
дивиденттердің мөлшері алынғаннан кейін барып мойындалады.
Инвестиция сатып алу құны бойынша есептелінеді, егер де инвестицияны
жақын арада сату мақсатында алса немесе инвестицияланған кәсіпорын қатаң
ұзақ мерзімді шектеулі жағдайында әрекет ететін болса, бұл соңғы инвесторға
табысты беру қабілетін юіршама төмендетеді. Мұндай шектеулерді тудыратын
себептерінің қатарына: реттеуші органың бақылауында болса, сондай ақ олар
кәсіпорындағы дивидендтерді бөлу саясатына араласса, кәсіпорын өз
қызметін, дивидендтерді (табыстарды) аударуға шек қойылған елдерде
жүргізілуі мүмкін. Сондай-ақ, саяси хал-ахуалдың өзгеруі кәсіпорынның
шаруашылық қызметін жүзеге асыру туралы келісімдерде қарастырылған
дивидендтерді төлеуге шектеулердің күшіне енуі және басқа да кедергілердің
болуы мүмкін.
Егерде дивидендинвестицияны алғанға дейін алынса, онда ол капиталды
қайтарған болып саналады және инвестордың балансы сол сомаға азаяды. Енді
біз жоғарыда келтірілген мысалға қайтып ораламыз. Келесі жылдың (яғни
екінші жылдың) наурызында “Темір”ААҚ-3500 000 тенгеге ал “Цемент” ААҚ
23
5000 000 тенгеге өз акцияларын сатқан.
Енді осы бойынша шоттар корреспонденциясын жасап көрейік.

Қа Сомасы, Шоттар
тар Шаруашылық операцияларының мазмұны тенге корреспонденциясы

дебет
кредит
1. 2. 3. 4. 5.
1. Заңды тұлғалардан онда қалыптасқан (немесе
олардан алынған) бағасы бойынша акциялары 3110 000 142 671
сатып алынды 4600 000
- “Темір” ААҚ - 33% айналыстағы акциясы
- “Цемент” ААҚ-28% айналыстағы акциясы
Жиыны
7710000
2. Бірінші жылдың нәтижесі бойынша “Цемент”
ААҚ 2000 тенгеге дивидендті жария еткен,
сондықтан “Шығыс” ААҚ оны табыс ретінде
көрсетуі керек 3733333
тенге(2000000х28%12), яғни инвестицияны 373333 332 724
алғанға дейін алынған табыс -186667тенге 186667 332 142
(2000000х 28%х 412), инвестицияның
баланстық құнын азайтады
3. Келесі жылдың наурызында сатылған
инвестиция көрініс табады:
-инвестицияның баланстық құнының сомасына7523333 843 142
;
-инвестицияны сатқан кездегі, оның 8500000 301 723
келісім шарттық құнына
4. Сатып алушылар ұсынылған шотты төледі. 8500000 441 301

Тәуелді шаруашылық серіктестік деген анықтамаға сәйкес келмеген
күннен бастап, инвестициялар ұзақ мерзімді инвестицияны есептейтін есепке
алу саясатына сәйкес есептелінеді.
Еншілес шаруашылық серіктестіктің инвестициясының есебі. Еншілес
шаруашылық серіктестік – негізгі серіктестіктің бақылауында болатын
серіктестік. Бұндай бақылау қаржыландыратын объектінің 50% астам акциясын
тікелей немесе жанама емденсе жүзеге асуы мүмкін. Еншілес серіктестіктің
көрсеткіштері негізгі серіктестіктің қаржылық есеп беруінде, біріктірілген
(консолидалынған) есеп беруінде көрсетіледі, бірақ онда қабылданылған
есептік саясаты ескеріледі, сондықтан олар мына екі әдістің бірін
пайдалануы мүмкін: -үлестік қатысу әдісі;
24
-ұзақ мерзімді инвестицияны есептеу әдісі. Негізгі серіктестік өзінің
еншілес серіктестігіне инвестициясын бөліп, біріктірілген (консолидалынған)
қаржылық есеп беруін жасайды, ол кезде барлық жергілікті және шетелдік
еншілес серіктестіктерді өзіне енгізеді, тек ондағы мына жағдайларды
қоспағанда:
-егер де еншілес серіктестік жақын келешекте сату мақсатында
алынған болса, онда олар оның уақытша бақылауында ;
- егер де еншілес серіктестік ұзақ мерзімді қатаң шектелген
жағдайында әрекет ететін болса, бірақ бұл соңғы жағдай негізгі
серіктестіктің қаражатын қайтару қабілетін төмендетеді.
Негізгі серіктестіктің біріктірілген (косолидалынған) есебіне енбей
қалған жағдайда қаржылық инвестицияның есебі бойынша ескеріледі (8 БЕС).

Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің
инвестициясының есебі
Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің инвестицияны жүзеге асыруы
–бірлесіп жасайтын қызметтің бір нысаны, онда бірлескен бақылау қызметін
бекіткен кезде әрбір қатысушы шаруашылық серіктестікте өзінің қатысу үлесі
бойынша топшылаған келісім-шартын жасайды.
Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар активтерді бірігіп алады, жасалған
шығындарды таниды және алынған табысты анықтайды. Олардың әрқайсысы өз
атынан мәміле жасай алады, өз қызметін қаржыландыру үшін капиталдарды
тарта алады. Бұл кезде бірлескен қызметке қатысушылардың әрқайсысы қызмет
нәтижесінде алынған олжадан өз үлесін алуға құқылы. Бірлесіп бақыланатын
заңды тұлға басқа да бірлескен қызметтерді келесі нысанда жүзеге асыруына
болады:
-бірлесіп бақылайтын жұмыс;
-бірлесіп бақылайтын активтер.
Бірлесіп бақылайтын өндіріс—заңды тұлғаны құрмай тұрып, қатысушылар
өздерінің жалпы шаруашылық мақсатына жету үшін активтерді пайдалануын
топшылайды.
Әрбір қатысушы бірлесіп бақыланатын өндіріс бойынша өзіне тиесілі
шығындары 25
алады және олар алдын ала өнімді сатудан алынған табысты таратудың
тәсілін қарастырып қояды. Осы процестің барысында пайдаланған негізгі
құралдардың, тауарлы-материалдық запастардың және т.б. активтердің құнын,
әр қатысушы өз балансында ескереді.
Бірлесіп бақылайтын активтер- жалпы мақсат үшін алынған немесе
салынған активтерді қатысушылар бірлесіп иелік етуді топшылайды Бұл арада
олардың негізгі қызметі үшін салынған активті барлық қатысушылар теңдей
пайдаланады. Әрбір қатысушының табысы оның кәсіпорын экономикасына қосқан
үлесі арқылы анықталады. Әрбір қатысушы өзінің қосқан үлесін басқа
қатысушыларға сатуға, тегін беруге құқылы.
Төменде еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіктестіктерге
салынған инвестициялар бойынша шоттар корреспонденциясы келтірілген.

Қатар Шоттар
№ Шаруашылық операцияларының мазмұны сомасы корреспонденциясы
тенге
дебет кредит
1. 2. 3. 4. 5.
1. Еншілес тәуелді және бірлесіп бақыланатын
серіктестіктердің мына игіліктерді салу 222,223,1
арқылы инвестициялары жасалынды 200000 141-144 21-125,10
-тауарлар, негізгі құралдар, материалдық 300000 141-144 1-104,106
емес активтер 431-452
-ақша қаражаттары 50000 141-144 333
-есеп беретін адамдарға берілген соманың 641-643
есебінен 600000 141-144 671,687
-еншілес тәуелді және бірлесіп бақыланатын 450000 141-144
серіктестіктерден
-заңды және жеке тұлғалардан
Жиыны.
1600 000
2. Заңды және жеке тұлғалардан тегін түскен
инвестициялар 100 000 141-144 727
3. Тәуелді немесе еншілес серіктестіктер өз
активтерін қайта бағалаудың нәтижесінде
үлестік қатысу сомасы инвестицияның құнын 300 000 141 144 542
өсіреді.
4. Тәуелді немесе еншілес серіктестіктер
активтерін қайта бағалаудың нәтижесінде 300 000 542 141-144
үлестік қатысу сомасы инвестицияның құнын 150 000 845 141-144
төмендеткен :
-бұрынғы жасалған қайта бағалау сомасының
шегінде
-бұрынғы жасалған қайта бағалаудың артық
жасалған сомасына
5. Тәуелді немесе еншілес серіктестіктердің
таза табысында инвестордың үлесі өсуімен 540 000 141-144 871
байланысты инвестицияның құны өскен.
6. Инвестицияны үлестік қатысу әдісі бойынша
есепке алған кезде инвестордың алатын немесе140 000 321-323,3141-144
алуына жататын дивидендтер 32
сомасынаинвестицияның құны азайды.
7. Тәуелді немесе еншілес серіктестіктердің
шеккен зияны инвестордың үлесін кемітуімен 2000000 871 141-144
байланысты инвестицияның құны азайды.
8. Егерде инвестицяның баланстық құнынан зиян
асып түссе, онда ол баланстан тыс шоттарда 50 000 011 -
есепке алынады.
9. Тәуелді немесе еншілес серіктестіктердің
таза табысында инвестордың үлесі өсуімен
қатар инвестицияның құны өскен кезде
бұрындары инвестицияның құнын төмендету
үшін есептеген шығарылған құн қалпына
келтіріледі, бұл кезде баланстан тыс шоттар300 000 141-144 871
жабылады.
Еншілес тәуелді бірлесіп бақыланатын шаруашылық
серікріктестіктердің
инвестициясы сатылды.
-инвестицияның баланстық құнына 300 000 843 301-3141-144
-инвестицияның сатылған бағасы бойын 700 000 03, 334
ша

Қаржылық инвестициялардың есебі.
Қаржылық инвестициялардың есебі 40 “Қаржылық инвестициялар”
бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Оған 401 “Акциялар”, 402
“Облигациялар” және 403 “Басқа қаржылық инвестициялар”шоттар кіреді.
401-403 шоттары активті, күрделі, негізгі болып табылады. Осы шоттардың
дебетіне қаржылық салымдардың айдың басы мен аяғындағы қалдықтары,
инвестициялардың ұлғаю операциялары, кредит бойынша қаржылық
инвестициялардвң кему операциялары жазылады.
Қаржылық инвестицияларды сатып алу кезінде ол оның сатып алынған
бағасымен бағаланады, ал сатып алынған бағаға алумен байланысты тікелей
шығыстар, яғни брокерлік марапаттауы, банктің көрсеткен қызметі үшін
27
төленетін пайыздары, қор биржасының комиссиондық төлемдері кіреді.
Құнды қағаздар инвестициясының өтелу құнымен оның сатып алынған құнының
арасындағы айырмашылықтары (сатып алу кезінде пайда болған жеңілдік немесе
сыйақы) инвестор өзі иеленген уақыт ішінде амортизацияланады. Қысқа
мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста: не ағымдағы құнымен,
не сатып алу құны мен немесе ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен
есептелінеді.
Егерде қысқа мерзімді инвестиция ағымдағы (нарықтық) құнымен
есептелінсе, онда тұрақты түрде кезеңдік өзгерістерін ескеріп отыруға тура
келеді, мысалға, қор биржасындағы инвестицияның котировкасы сияқты.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция өссе, онда ол табыс болып табылады.,
ал керісінше өзгерсе, онда ол шығыс болып танылады.
Егерде қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы немесе сатып алу
құнының ең төменгі бағасымен алынса, онда оның баланстық құнын келесі
негізде анықтайды:
-жалпы қоржындық (портфельдік) жиынтығымен;
-жеке инвестициялары (әрбір инвестициясы) бойынша;
-инвесимцияның түрі бойынша қоржындық жиытығымен;
Бұл кезде сатып алынған бағасы ағымдағы (нарықтық) бағадан жоғары болса,
онда олардың айырмашылығы шығыс ретінде танылады, ал керісінше жағдайда-
табыс ретінде танылады.
Біз енді баланс құнын анықтаудың тәсілдеріне бір мысал келтіріп көрейік.
Инвестициялардың Сатып алу Сатып алынған кезеңауытқулары
түрлері құны дегі(моментіндегі) (+,-)
ағымдағы(нарықтық)
құны.
Акция: 280, 0 300,0 +20, 0
“А” компаниясы
“Б” компаниясы 220, 00 210, 0 -10, 0
“С “ компаниясы 150, 0 150, 0 -
“Г” компания 170, 0 165, 0 -5,0
Акция жиыны 820, 0 825, 0 +5,0
Облигация
“К” компаниясы 100,0 130,0 +30,0
“М” компаниясы 150,0 40,0 -110,0
“Н” компаниясы 170,0 180,0 +10,0
“П” компаниясы 190,0 200,0 +10,0
“О” компаниясы 200,0 190,0 -10,0
Облигациялар жиыны 810,0 740,0 -70,0
Қоржынның барлығы 1630,0 1565,0 -65,0

Жоғарыда көрсетілген варианттың біріншісі бойынша қысқа мерзімді
қаржылық инвестицияныңқұнын анықтайтын болсақ, онда ағымдағы кезеңдегі құны
сатып алу құнынан 65мың тенгеге (1565-1630) теріс айырмасы болғанын
көреміз, демек ол шығыс ретінде танылады.
Ал екінші вариант бойынша акцияның баланстық құны ең кіші баға ретінде
сатып алынды(820 мың теңге 825 мың тенгеден аз), ал облигацияның баланстың
құны ең кіші баға ретіндеағымдағы (нарықтық) бағасынан алынды (740 мың
теңге 810 мың теңгеден аз). Осы вариантты біріншісі 5мың тенгеге оң
айырмашылығын берген, яғни ол табыс ретінде танылды, ал екінші 70 мың тенге
теріс айырмашылығын берген яғни ол шығыс ретінде танылды. Нәтижесінде,
екігші варианттың да, бірінші варианттың да айырмашылығы бірдей соманы(65
мың теңгені) берген.
Үшінші вариант бойынша қысқа мерзімді қаржылық инвестиция мынадай
баланстыққұны құрайды:
“ А “ компаниясы - 280,0 мың тенге - сатып алу
құны бойынша;
“ Б “ компаниясы -210,0 мың тенге - ағымдағы құны
бойынша;
“ С “ компаниясы - 150,0 мың тнге - сатып алу
құнымен ағымдағы құны бірдей;
“Г“ компаниясы 165,0 мың тенге -ағымдағы
құны бойынша;
“К“ компаниясы 100,0 мың тенге - ағымдағы
құны бойынша;
“М“ компаниясы 40,0 мың тенге -ағымдағы құны
бойынша;
“Н“ компаниясы 170,0 мың тенге - ағымдағы
құны бойынша;
“П“ компаниясы 190,0 мың тенге -сатып алу құны
бойынша компаниясы 190,0 мың тенге - ағымдағы құны
бойынша;

Бұл варианттағы 135 мың тенге (1630,0-1495,0) теріс айырмашылығы ретінде
танылды. 29
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция бухгалтерлік баланста төмендегідей
жолмен анықталады:
-сатып алу құнымен
-қайта бағалау құны ескерілген құнмен
-сатып алынған құнымен және ағымдағы құнның ең кіші (төменгі) бағасымен
бағаланады, яғни қоржындық бағалы қағаздар негізінде.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицицяларды қайта бағалау үшін қайта
бағалаудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша қаражаттары есебінің теориялық негіздері
Ақша баламаларының есебінің ұйымдастырылуын зерттеп, оның мәні мен маңызын, өзектілігін оқып, ашып көрсету
Бухгалтерлік баланс туралы
Дебиторлық борыштар және Вексель операциялары
Мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарда ұзақ мерзімді активтер есебі және аудиті
Коммерциялық банктердің қаржылық есебі
Инвестицияны қаржыландырудың сыртқы және ішкі көздері
ЖШС ЖЕДЕЛ БАСУ БАСПАХАНАСЫ қаржылық есептілігін талдау
Ақша қаражаттар қозғалысы
Дебиторлық борыштардың есебі
Пәндер