Қазақстанның су қорлары туралы



I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.
Қазіргі тоқталатын өзекті мәселе - су көздері. Су - табиғат байлықтарының қымбатты түрлерінің бірі. Дүние жүзінде көптеген өнім мен тағамға айырбас боларлық заттар табылғанымен суды алмастыратын зат табылған жоқ. Су адамдар мен жануарлардың дене құрамына кіріп, онда болатын зат және энергия айналымына қатысады. Бұл айналымдар тек сулы ортада жүретінін де ескерген жөн. Су физикалық химиялық тұрғыдан қарағанда, ең күрделі заттың біріне жатады. Оны таза күйінде алу өте қиын. Таза су барлық уақытта жеңіп, су мен аз мөлшерде ауыр және аса ауыр судан тұрады. Академик А.Карпинский су туралы былай деген: «Су – ең бағалы байлық, су – тек минералды шикізат, ол тек өнеркәсіп пен ауылшаруашылығын дамытушы ғана емес, сонымен бірге өмір жоқ жерге тіршілік сыйлайтын ыстық нан».
1. А.К.Бродский. Жалпы экологияның қысқаша тарихы (Оқу құралы). А., 1998
2. Ж.Ж. Жатқанбаев. Экология негіздері. А., 2003
3. А. Жақбасова, Г.Ә. Сайнова. Экология негіздері. А., 2003
4. Г.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаева. Экология. Оқулық. А., 2002
5. Ғ. Сағымбаев. Экология негіздері. А., 2005
6. Е.Баянов. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. А., 2001


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Қазақстанның
су қорлары

Орындаған: Қажмұратова Д.
Тексерген:Мұхтар Г.

Алматы 2008

ЖОСПАР:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.
Қазіргі тоқталатын өзекті мәселе - су көздері. Су - табиғат байлықтарының қымбатты түрлерінің бірі. Дүние жүзінде көптеген өнім мен тағамға айырбас боларлық заттар табылғанымен суды алмастыратын зат табылған жоқ. Су адамдар мен жануарлардың дене құрамына кіріп, онда болатын зат және энергия айналымына қатысады. Бұл айналымдар тек сулы ортада жүретінін де ескерген жөн. Су физикалық химиялық тұрғыдан қарағанда, ең күрделі заттың біріне жатады. Оны таза күйінде алу өте қиын. Таза су барлық уақытта жеңіп, су мен аз мөлшерде ауыр және аса ауыр судан тұрады. Академик А.Карпинский су туралы былай деген: Су – ең бағалы байлық, су – тек минералды шикізат, ол тек өнеркәсіп пен ауылшаруашылығын дамытушы ғана емес, сонымен бірге өмір жоқ жерге тіршілік сыйлайтын ыстық нан.
Негізгі бөлім
Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден құралған. Ең ірі су көздеріне: Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Жайық, Шу, Талас, Асса өзендері жатады. Соңғы жылдары бірқатар көлдер жүйесінің кебуі байқалып отыр. Бұл өзендер ағысының шектен тыс реттелуі ен олардың деңгейінің табиғи ауытқуларына байланысты болып отыр. Экологиялық жағынан ең қолайсыз жағдайда Қазақстанның басты су артериясы – Ертіс өзені қалып отыр. Оның сулары жоғары дәрежеде ауыр металдармен ластанған. Негізгі ластаушы заттар – мыс, шайынды сулармен бірге келіп түседі.
Су қоймалары мен бассейіннің су ағыстарына түсетін негізгі ластаушыларға иондық ағыс, азотты органикалық қосылыстар, фосфор қосылыстары, цинк жатады. Табиғи суларды ластайтын негізгі химиялық элементтердің барлығы дерлік су ортасына өнеркәсіп орындарының шайынды суларымен келіп түседі. Ғасырлар бойы зат алмасудың дұрыс жабық технологияны иеленетін экологиялық жүйелердің арасындағы қарама-қайшылық және өндірістік жүйелер арасындағы қарама-қайшылық ақырғы шегіне жетті: Чернобыльде, Аралда, Балқашта және басқа аумақтарда экологиялық апаттар болды.
Соның ішінде Қазақстандағы болған Арал апатына тоқталайық. 60-жылдардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастады. Суды ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тянь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90%-дан астам қысқартып жіберді. Теңіз ауданы 2,6 млн. га-ға кеміп, өзінің 60% көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 м-ге түсіп кетті, тұздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна тұз бен құм желмен 300 км арақашықтыққа таралды. Шөлдену, топырақтың тұздануы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі, климаттың өзгеруі одан әрі жалғасуда. Халықтың денсаулығы күрт төмендеп кетті.
Арал аймағының экологиялық жағдайы экономиканың дәстүрлі бағыттарының дамуының мүмкін болмауына әкеліп, бірқатар әлеуметтік және саяси мәселелерді туғызды. Қоршаған ортаны бұза отырып, кез келген қазіргі заманғы қоғам өзінің болашағын жояды. Болашақ ұрпақтың дамуы үшін экологиялық тұрақтылықты сақтап қалу қажет. Экологиялық тұрақты болашақты сақтау үшін табиғи ортаның жағдайын бақылап, өнеркәсіптік қалдықтарды норалау мен алдын алу, қалдықсыз және ресурстарды тиімді пайдаланатын технологияларды жасап, іске қосу керек.
Аралды сақтап қалу мүмкін бе? 30 жылдың ішінде Арал теңізі 640 км3 судан айырылды, судың тұздылығы 26-27 глитрге (бұрын 11-12) жетті. Судың деңгейі 13 метрге төмендеп, су жағалаудан жүздеген километрге шегінді. Кеуіп қалған теңіз түбінен құмды-тұзды дауылдар көтерілуде. Арал теңізі Орта Азияның шөлді белдеуінде орналасқан. Көлемі бойынша Арал дүние жүзінде ішкі су қоймаларының ішінде төртінші орында болған.
Теңіз Тұран ойпатында орналасқан. Қарақұм және Қызылқұм шөлдері Аралды оңтүстік шығыс жағынан қоршап жатыр. Судың орташа көлемі – шамамен 1000 км3. Тереңдігі 20-25 м., ең үлкен тереңдігі – 67 м. Жаздағы орташа температура 24-260С, қыста – 7-13,50С. Жылдық жауын-шашын мөлшері шамамен 100мм. Арал теңізінің су балансы бұрын жауын-шашынмен – 5,9 км3, өзен ағысымен – 54,8 км3 қамтамасыз етіліп отыр. Орташа булану – 60,7 км3. Теңіз деңгейінің маусымдық ауытқуы – 25 см, ал ғасырлық – 3м-ден артпаған. Дүние жүзінің ірі тау жүйелері бұл орасан үлкен аумақтың өзендерінің сулылығын қамтамасыз еткен. Аралдың су балансын Орта Азияның ірі өзендері – Амудария мен Сырдария ұстап тұрған.
Арал теңізі табиғи температура реттеуші ретінде ауа райы үнемі әсер етіп отырады. Теңіздің қолайлы әсері 300-400 км ара қашықтықта байқалды. Бұл Хорезм облысында мақта өсірудің солтүстік белдеуін жасауға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда судың сапасының нашарлауы мен оның жетіспеуі өсімдіктер жабынына ерекше әсер етті. Бағалы орман, қамыс, өнімді жайылымдар мен шалғындықтар жойыла бастады. Олар сортаң жерлерге айналған. 50 көл кеуіп кеткен. Сырдария грунт суларының деңгейі төмендеп кеткен.
Енді Балқаш көліне тоқталайық. Ағынсыз Балқаш көлі Қарағанды, Алматы және Жамбыл облыстарымен шектесіп жатыр. 70-жылдарда көлдің ауданы жылдық жауын-шашын мөлшеріне байланысты 17-ден 22 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғат қорларының кешенді пайдалануы
Су шаруашылығы, және оның салалары. Әлемнің, Қазақстанның су қорлары және оларды кешенді пайдалану
Минералдық қорлар
Топырақ - өсімдік қорлары
Өзеннің ластану деңгейі
Жергілікті өлкенің географиялық ерешеліктері
Табиғи ресурстарды пайдалануды және қорғауды мемлекеттік қорғау
Орманның қорғалуы мен пайдаланылуын мемлекеттік басқару
Табиғатты пайдалану мен қорғау негіздері
География сабағында табиғи көрнекіліктердің атқаратын рөлі
Пәндер