Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру мен басқару


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
1 КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 7
1. 1 Кәсіпорын қаржысының мәні кәсіпорын қаржы кызметінің міндеттері . . . 7
1. 2 Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру және оның қағидалары . . . 17
1. 3 Кәсіпорын қаржыларын басқару жүйесі мен оның элементтері . . . 22
2 КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН БАСҚАРУЫН ТАЛДАУ . . . 31
2. 1«Жантуева» кәсіпорнының қаржысын ұйымдастыру мен басқару . . . 31
2. 2 «Жантуева» кәсіпорнының қаржыландыру көздерінің құрамы мен құрылымын талдау . . . 44
2. 3 Компанияның қаржылық жағдайын талдау . . . 49
3 КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН БАСҚАРУДЫҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ . . . 65
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 75
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 77
ҚОСЫМШАЛАР . . . 79
КІРІСПЕ
Кәсіпорынның қызмет етуінің ең негізгі және маңызды мәселелерінің бірі оның қаржысын ұйымдастыру және тиімді басқару болып табылады. Әрбір кәсіпкер өзінің ісін бастау кезінде қаржылық, материалдық, еңбек және интеллектуалдық ресурстарда қажеттілігін, оларды алу көздерін анықтау керек, сонымен қатар, кәсіпорын жұмысы ағымында сол ресурстарды пайдалану тиімділігін дәл есептеуі қажет.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның өз міндеттемелерін уақытылы өтеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді.
Диплом жұмысының өзектілігі. Кез-келген кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы, әсіресе, алдына қойылған мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызуда, оның қаржысын ұйымдастыру мен басқарудың маңыздылығы өзекті мәселе болып табылады. Оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету жолдарын қарастыру өте маңызды.
Диплом жұмысының мақсаты. Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру мен басқарудың теорилық негіздерін ашып көрсетіп, оның практикада қалай жұмыс істейтінің белгілі компания мысалында талдап көрсету және оның даму болашағы мен келешегіне болжам жасау, даму аспектілерін белгілеу болып табылады.
Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін дипломдық жұмыстың келесі міндеттері белгіленді:
- Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру мен басқарудың теориялық негіздерін ашып көрсету;
- Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру мен басқаруды талдау;
- Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру мен басқарудың даму стратегиясын болжау.
Дипломдық жұмыс 74 беттен, үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім, корпорация қаржысын ұйымдастыру мен басқарудың теориялық негіздерінен тұрады. Бұл бөлімде корпорация қаржысының мәні, корпорацияның қаржы кызметінің міндеттері, корпорация қаржысын ұйымдастыру және оның қағидалары, және корпорация қаржыларын басқару жүйесі мен оның элементтері қарастырылған.
Екінші бөлім кәсіпорнының қаржысын ұйымдастыру мен басқаруды мысал негізінде, кәсіпорнының қаржыландыру көздерінің құрамы мен құрылымын талдау, компаниның қаржылық жағдайын талдауды қарастырады. Бұл бөлім бірінші бөлімнің практикалық жағанын талдауы болып табылады.
Үшінші бөлім кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру мен басқарудың даму стратегисы мен келешегін болжаудан тұрады, оның негізінде дамыған елдердегі корпорация қаржысын басқару тәжірибесі қарастырылған.
Қорытындыда жұмыстың нәтижелері келтірілген, корпорациялардың қаржы ресурстарын ұйымдастыру мен басқару бойынша жасалған жұмыстардың нөтижелері қорытындыланған, экономикалық механизмдері бойынша ұсыныстар мен нұсқаулар беру негізделген.
Қазіргі кезде кәсіпорындардың жоғарғы қарқынмен дамуына байланысты олардың қызмет етуінің ең негізгі және айырмас бөлігі, оның қаржысын ұйымдастыру мен басқарудың, қаржысының қаржыландыру көзін дұрыс анықтау мен пайдалану көсіпкерлердің алдына қоятын ең негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.
Кәсіпорындар мен кәсіпорындардың каржысы олардың шаруашылық қызметінің процесінде туындайтын және капиталды, кіріс пен ақша қорын қалыптастыру әрі оны пайдалану үшін қажет ақша қатынастарының жүйесі болып табылады.
1 КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Кәсіпорын қаржысының мәні кәсіпорынның қаржы кызметінің міндеттері
Қаржы мемлекет түрлі қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржы ресурсының қорларын қалыптастыру мақсатында реттейтін ақша қатынастарының жүйесі болып табылады.
Корпоративтік топ капиталды шоғырландыру әдістерін пайдалана отырып, атқарушы билік органдарының атынан мемлекет пен кәсіпорынның, шағын және ірі бизнестің, кәсіпорын мен өңірдің арасындағы әріптестік қатынастарды құруға мүмкіндік беретін мекемелік құрылымдар.
Кәсіпорындар мен корпорациялардың каржысы олардың шаруашылық қызметінің процесінде туындайтын және капиталды, кіріс пен ақша қорын қалыптастыру әрі оны пайдалану үшін қажет ақша қатынастарының жүйесі болып табылады.
Капитал (баланстың пассиві) - активтің (айналымнан тыс және айналым) пайда болатын көзі.
Кіріс тауар сатудан алынатын және өзге де операциялық және сатудан тыс алынған түсімнің нысаны болып табылады.
Ақша қоры тұтыну, жинақтау және резерв қорына бөлінеді. Ақша қоры - көзделген мақсатқа сәйкес және біршама дербес қолданылатын шаруашылық жүргізуші субъектінің ақшалай каражатының жеке бөлігі. Ақша қоры кәсіпорын айналымындағы ақшалай қаражаттың тек бөлігін ғана құрайды.
[1, 4-5бет]
Корпоративтік қаржының басты функциясы - шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорларының жеке ауыспалы айналу процесінде ақша қатынастарының пайда болуына себеп болады.
Нарықтық (тауарлық) шаруашылық жағдайында корпоративтік қаржының мына үш функциясы заңды түрде танылған:
- капитал, кіріс және ақша қорын калыптастыру;
- капитал, кіріс және ақша қорын пайдалану;
- бақылау функциясы.
Бірінші функция ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Тауар сатудан алынған түсімді бастапқы болу есебінен кәсіпорындар мен корпорациялардың қаржы жоспарында (бюджетінде) көрсетілетін арнайы қоры пайда болады.
Бухгалтерлік есеп жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес бухгалтерлік баланста құрылтайшылық құжаттар мен осыған орай пайда болған және есептік саясаттың жыл бойы жұмыс нәтижелері бойынша таза (бөлінбеген) таза кірістің есебінен қабылдаған тұтыну мен жинақтау қорының қалдығы жеке көрсетілмейді. Таза пайданың пайдаланылуын сипаттайтын тиісті ажырату бухгалтерлік балансқа және пайда мен залал жөніндегі есепке түсіндірмеде (атап айтқанда, капитал өзгерісі жөніндегі есепте), сондай-ақ түсіндірме жазбада келтіріледі.
Сатудан алынған түсімді қайта бөлу процесінде оның барлық элементтерінің
(с + v + m) есебінен мемлекеттің келесі кірісі қалыптастырылады:
- өтеу қорының (с) есебінен өндіріс пен айналыс шығынына енгізілетін салық төленеді;
- еңбекақы төлеу қорынан (v) мемлекеттік бюджетке төленетін әлеуметтік салық және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін міндетті аударым белгіленген тариф бойынша төленеді;
- пайданың(т) есебінен бюджетке корпоративтік табыс салығы енгізіледі.
Сөйтіп, «Капиталды, кірісті және ақша қорын қалыптастыру» функциясы мына шаруашылық операцияларын атқарады:
- акционерлік қоғамдардың жарғылық және резервтегі капиталын құру және толықтыру;
- қор нарығынан даму мақсаттары үшін қаржыландыру көзін тарту;
- несие капиталы нарығынан кредит пен қарызды жұмылдыру;
- тауар сату түсімі құрамында пайда болатын ақша қорын шоғырландыру;
- белінбеген пайданы қалыптастыру;
- арнайы мақсатты қаражатты тарту;
- капиталды, кірісті және ақша қорының есебін жүргізу мен талдау.
Нәтижесінде материалдық және ақша ресурстарының қозғалысы арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізіледі, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъект өндірістік-коммерциялық қызметін үздіксіз жалғастыруды қамтамасыз ету және мемлекет пен контрагенттері алдындағы өзінің міндеттемелерін орындау үшін қажетті қаржы ресурстары қалыптастырылады.
Капиталды, кірісті және ақша қорын кәсіпорынның (корпорацияның) қаржы жоспарында (бюджетте) қарастырылған мақсатқа пайдалану каржының екінші функциясының экономикалық мәні болып табылады.
Кәсіпорын кірісті пайдалану процесінде, ол:
- бөлінеді (бастапқыда с + v + m құрамдас элементтерге бөлу) ;
- қайта бөлінеді - мемлекеттің бюджет жүйесіне КТС-ты төлегенде;
- таза пайда есебінен пайда болған ақша қорын нақты жұмсау, ал сол кезде оған тауарлық нысандағы құн қарсы қозғалыс жасайды(Д- Т және Т-Д)
Мысалы, күрделі салымға бағытталатын қаражат есебінен құрылыс салуға арналған жобалау-сметалық құжаттама, материал мен жабдық сатып алу. Бұл жерде қаржы ақшаның тауарға және кері айналуына ықпал етеді. (1-сурет)
Мемлекет алынған кіріс (салықтар мен жиын нысанындағы) есебінен осы қаражатты мемлекеттік және жергілікті бюджетте қарастырылған мақсаттарға пайдаланады. Аталмыш ақпарат кәсіпорын қаржысының тұрақтылығын, кірістілігін, оның іскерлігі мен нарықтық белсенділігін сипаттайтын талдамалы қаржы коэффициенттерін есептеуге арналған бастапқы база ретінде пайдаланылады. Қаржы көрсеткіші шаруашылық қызметтің нәтижесін бағалауға, анықталған келеңсіздіктерді жоюға бағытталған іс-шараларды қарастыруға мүмкіндік береді.
Сурет 1. Жұмыс істейтін кәсіпорында (корпорацияда) ақша ағынының козғалысы.
Дерек көзі: Кадерова Н. Н. Корпоративтік қаржы [1, 7бет]
Мемлекет алынған кіріс (салықтар мен жиын нысанындағы) есебінен осы қаражатты мемлекеттік және жергілікті бюджетте қарастырылған мақсаттарға пайдаланады.
«Капиталды, кірісті және ақша қорын пайдалану» функциясы келесі экономикалық процестерді атқарады:
- капиталды (меншік және қарыз) айналымнан тыс және айналым активтеріне салуды оңтайландыру;
- салық төлемін қамтамасыз ету;
- бос ақша қаражатын ең өтімді активке салу;
- кірісті тұтыну, даму және резерв кұру мақсатына салу;
- капиталды, кірісті және ақша қорын пайдаланудың есебін жүргізу және талдау. Нәтижесінде кәсіпорын (корпорация) капиталының кұны барынша жоғары шамаға жетеді.
Үшінші (бақылау) функция қаржы кәсіпорын мен мемлекетте кірістің пайда болуына орай, пайдаланылған кезде оның құндық және материалдық-мүліктік үйлесімінің сақталуын бақылау үшін қолданылады. Аталмыш функция, мысалы, бюджет жүйесіне салық пен жиын төлегенде қаржы ресурсының қозғалысына негізделеді. Ол мемлекетке шаруашылық жүргізуші субъекті қызметінің түпкілікті қаржы нәтижесіне ықпал ету мүмкіндігін береді. Бухгалтерлік есептегі қаржы ақпараты қаржының бақылау функциясын іске асыру кұралы болып табылады.
Аталмыш ақпарат кәсіпорын қаржысының тұрақтылығын, кірістілігін, оның іскерлігі мен нарықтық белсенділігін сипаттайтын талдамалы қаржы коэффициенттерін есептеуге арналған бастапқы база ретінде пайдаланылады. Қаржы көрсеткіші шаруашылық қызметтің нәтижесін бағалауға, анықталған келеңсіздіктерді жоюға бағытталған іс-шараларды қарастыруға мүмкіндік береді. Қаржының бақылау функциясы қаржы көрсеткіштерінің мөлшеріне (тауарды сатудан алынған түсім, инвестиция, актив, меншік капитал, пайда жэне т. б. ) негізделуіне байланысты, қаржы ақпаратының сенімділігі жөніндегі мәселе өткір қойылуда. Тек осындай талап қойылған жағдайда ғана негізделген басқарушылық шешім қабылдауға болады.
Қаржыға объективті түрде тән бақылау функциясы іс жүзінде барынша толық немесе одан аз-кем іске асырылуы мүмкін. Қаржының бақылау функциясы қалай іске асырылатыны көп жағдайда халық шаруашылығының жай-күйіне байланысты болады.
Халық шаруашылығында қаржыны бақылау төмендегідей жүзеге асырылады:
- кәсіпорындардың (корпорациялардың) қаржы және бухгалтерлік қызметі жеткізушілер материалдық құндылық пен жүктің шотын төлегенде өндіріс пен айналыс және өнімді тиеу шығынын; дебиторлық берешектің өндірілуін және кредиторлық берешектің өтелуін бақылайды және т. б. ;
- банкілер - өз клиентін кредиттеу процесінде және оның кассалық тәртіпті сақтауын;
- салық органы - заңды және жеке тұлға бюджет жүйесіне салық пен жиын төлегенде және т. б. [1, 9бет]
Корпорацияның каржы қызметінің міндеттері
Корпорациядағы каржы жұмысын арнайы қаржы қызметі немесе бухгалтерия жүзеге асырады. Қаржы қызметіне мына міндеттер жүктеледі:
- өндірістік-коммерциялық қызметті ақша ресурсымен, яғни корпорацияның тұрақты төлем қабілетінің және оның балансын өтімділікпен камтамасыз ету;
- активтің (мүліктің), меншік капитал мен сатудың кірістілігінің өсуін камтамасыз ету;
- есеп айырысуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттің және әріптестердің (заңды және жеке тұлғалар) алдындағы қаржы
міндеттемесін орындау;
- жедел (ағымдағы) және ұзақ мерзімді қаржы жоспарын (бюджеті) әзірлеу;
- ақша ресурсының ұтымды қозғалысын (ақша ағындарын) бақылау.
Қаржы қызметінің басшысы корпорация қаржысының жай-күйі, қаржы жұмысының барлық түрлерін басқару, сонымен бірге ақша ағынын реттеу (ақшалай қаражаттың түсуі мен кетуі) үшін жауап береді. Қаржы қызметі акционерлік компанияның жетекші өндірістік коммерциялық бөлімшелерімен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Корпорацияның қаржы кызметі келесі үш негізгі бағытта жүзеге асырылады:
- Қаржыны жоспарлау (кірісті, шығын мен капиталды бюджеттенд іру) .
- Ақша айналымын басқару жөніндегі жедел (ағымдағы) қызмет.
- Бақылау-талдау жұмысы.
Қаржыны жоспарлау деген каржы жоспарының (бюджеттің) сан алуан түрлерін әзірлеу және олардың орындалуын талдау.
Бюджетті қүрылымдык бөлімшелер (жауапкершілік орталығы) бойынша және жалпы кәсіпорын бойынша жасау ұсынылады. Бюджеттендіру жүйесін ұйымдастыру үшін мынадай жауапкершілік орталықтарын құру ұсынылады:
- кіріс бойынша, сонымен бірге коммерциялық және маркетингтік қызметті басқару;
- шығын бойынша, сонымен бірге өндірісті, негізгі құрал-жабдықпен жабдықтауды және жөндеуді басқару;
- пайда бойынша, сонымен бірге қаржы кызметін басқару;
- инвестиция бойынша, оған техникалық даму мен кәсіпорын қызметкерлерін басқару кіреді.
Жауапкершілік орталығының кұрамын айқын белгілеу қаржыны жоспарлау мен болжау жүйесін қарқынды енгізуге мүмкіндік береді.
Бюджет операциялық және қаржылық бюджетке бөлінеді.
Операциялық бюджетінің құрамына мыналар кіреді:
- сату бюджеті;
- өндіріс бюджеті;
- өндірістік запас бюджеті;
- материал мен энергия шығынының бюджеті;
- еңбекақы шығынының бюджеті;
- амортизациялық аударым бюджеті
- жалпы өндірістік шығын бюджеті;
- коммерциялық шығын бюджеті;
- басқарушылық шығын бюджеті.
Қаржы бюджеті:
- кіріс пен шығыс бюджеті (пайда мен залал есебінің болжамы) ;
- ақшалай қаражат қозғалысының бюджеті;
- баланстық парақ бюджеті (актив пен пассивтің болжамды балансы) ;
- айналым активі мен оны қаржыландыру көздерін қалыптастыру бюджеті;
- күрделі қаржы (инвестициялық) бюджеті. Бюджет сондай-ақ келесі белгілер бойынша жіктелуі мүмкш:
- жасалу кезеңділігі бойынша - кезеңді және түрақты;
- көрсеткішті есептеу тәсілі бойынша - өткен кезеңнің деректеріне негізделетін жэне басынан бастап әзірленетін;
- өзгерістің ықпалын есептеу бойынша - тіркелетін өзгеретін және көпнұсқалы.
Бюджетті әзірлеу үшін келесі ақпарат пайдаланылады:
- өнімді (жұмысты, қызметі) сатудан алынатын түсім жөніндегі болжамды деректер;
- өндірістік шығынның ауыспалылары жөніндегі әр бір тауар тобы бойынша деректер;
- тұрақты ауыспалы жөніндегі қорытындыланған, жеке түрлерге бөлінген деректер, бұлар жеке бұйымдардың табыстылығын негізді бағалауға мүмкіндік береді;
- өнім сатудан алынатын түсімнің жалпы мөлшеріндегі баспа-бас айырбастың, өзара есепке жаткызудың өзіндік салмағы туралы болжамдық деректер;
- салық төлеміне, мемлекеттік әлеуметтік бюджеттен тыс қорға жарнаға, банк кредитіне және оларды өтеу мүмкіндіктеріне қатысты төленетін күрделі салым мен оларды қаржыландыру көзі мөлшерінің болжамы;
кәсіпорынның өндірістік әлеуеті (негізгі құрал- жабдықтың құрамы мен құрылымы, олардың ескіру мен тозу деңгейі, істен шығу мен жаңару, қор қайтарымы мен табыстылығының бөлімшелер «стратегиялық жоспарлау тобы» немесе «қаржыны талдау мен жоспарлау тобы»» деп аталады.
Кәсіпорынның (корпорацияның) шоғырландырма (жиынтық) бюджетінің кұрамына мыналар кіреді:
- бастапқы болжамдық деректер (өндірістің және өнім сатудың, күрделі салым және т. б. мөлшері) ;
- кіріс пен шығын бойынша жиынтық бюджет. Шығын бюджетіне өндірістік, коммерциялық, басқарушылық, сондай-ақ жалпы корпорация бойынша жалпы шығынның (өнімнің, жұмыстың, қызметтің толық өзіндік кұны) жергілікті бюджеті;
- пайда мен залал жөніндегі есептің болжамы;
- ақшалай қаражаттың қозғалысы жөніндегі есептің болжамы;
- актив пен пассив балансының (ірілендірілген баптар номенклатурасы бойынша) болжамы.
Шоғырландырма бюджеттің осы бөлімі өнім сату жоспарының және өзге көзден түсетін ақша түсімі жоспарының негізінде болжанады. Сонымен бірге корпорацияның баланс есебіндегі ақшалай қаражаттың кіріс қалдығын: кассаны, есеп айырысу шотын, валюталык шотты, банкілердегі арнайы шоттарды, жолдағы аударымдарды ескеру қажет.
Шоғырландырма бюджеттің шығыс бөлімі:
- өндірістік бағдарламаға есептелген материалдық шығын бюджеттін;
- электр энергиясы шығыны бюджетінің;
- еңбекақы төлеу қорының бюджетінің;
- салық төлемі жоспар-кестесінің;
- мемлекетттік әлеуметтік бюджеттен тыс қорларға;
- жарна енгізу жоспар-кестесінің;
- кредит өтеу жоспар-кестесінің;
- өзге шығын бюджетінің негізінде есептеледі.
Корпорацияның кіріс пен шығыс шоғырландырма (жиынтык) бюджетінің құрамы 1-кестеде келтірілген.
Іс жүзінде жөнелтілген өнім үшін толем төлеу немесе қарама-қарсы төлемде есепке жатқызу кешіктірілетін жағдайлар жиі кездеседі. Бұл жағдайда шоғырландырма бюджеттің нақты кіріс бөлігі төмендетіледі. Сондықтан тапшылықты жою үшін оның кіріс және шығыс баптарын дереу кайта қарау (түзету) қажет. Бюджетті түзету корпорация басшылығының құзыретіне жатады.
- коэффициенті) ;
- айналым активінің кұрамы мен кұрылымының, олардың өсу және каржыландыру көзінің мөлшерін айналымдылык жэне айналым активінің кірістілік көрсеткішінің болжамы және т. б.
Бюджетті басқаруға көшу үшін бірінші кезекте орындалатын іс-әрекет:
- Экономикалық әлеуетті (ресурс және қаржы) талдау.
- Басқарушылық есеп пен есеп беруді енгізу.
- Қызметкерлердің есебін жүргізу.
- Қаржыны басқару жүйесін кұру, яғни қаржы есебі орталығын бөлу.
- Операциялық және қаржы бюджетін, сондай-ақ олардың пайдалануын бақылауға арналған тиісті есепті дайындау.
Бюджеттендіруді басқару бюджет бойынша директорды тағайындаудан басталады. Бюджет жөніндегі директор болып әдетте қаржы директоры (акционерлік коғамда экономика және қаржы жөніндегі вицепрезидент) тағайындалады. Ол штаттағы сарапшы ретінде болады және кәсіпорынның бөлімдері мен қызметтерінің жұмысын үйлестіреді. Бюджет жөніндегі директор кәсіпорынды басқаратын жоғары буындағы мамандар қатарынан құрылатын бюджеттік комитеттің жұмысын басқарады. Бюджет жөніндегі комитет тұрақты жұмыс істейтін орган, ол стратегиялық және қаржы жоспарын тексерумен айналысады және бюджетті әзірлеу мен бекіту процесінде туындайтын даулы мәселелерді шешеді. Батыс корпорацияларында осындай құрылымдық
Кесте 1.
Кіріс пен шығыстың жиынтық бюджеті
Кіріс бөлім
1. Жоспарланатын кезең басында баланстык шоттағы акшалай қаражаттың қалдығы
2. Өнім (тауар, жұмыс, қызмет) сатудан түсетін түсім (нетто)
Шығыс бөлім
- Бюджет жйесіне салық төленетін төлемі
- Мемлекеттік әлеуметтік бюджеттен тыс қорларға төленетін жарна
- Материалдық ресурс сатып алу
1-ші кесте жалғасы
1
2
3. Өзге сатудан түсетін түсім
- Операциялык кіріс (шығысты шегергенде)
5. Сатудан тыс түсетін кіріс (шығысы шегергенде)
6. Төтснше кіріс (шығысты шегергенде)
7. Кредит пен карыз
8. Бюжеттік қаражат:
8. 1. Тегін каржы бөлу;
8. 2. Бюджеттік кредиттер нысанында
9. Бюджеттен тыс қорлардан түскен қаражат
10. Өзге кіріс
Барлық кіріс
4. Электр энергиясын төлеу
- Еңбекақы шығысы
- Коммерциялык шығындар
- Басқарушылық шығындар
- Күрделі салымдарды қаржыландыру шығындары
- Айналым қаражатын толықтыру
- Эмиссиялык бағалы қағаздарбойынша пайыз бен дивиденд төлеу
- Өзге шығыс пен каражат аудару
Барлық шығыс
Бюджет тапшылығы (егер шығыс кірістен асса)
Бюджеттің профициті (егер кіріс шығыстан асса)
Дерек көзі: Кадерова Н. Н. Корпорация қаржысы [1, 28 бет]
Корпорация жедел қаржы жұмысын мына әріптестерімен (контрагенттерімен) ақшалай өзара тұрақты қарым-қатынастарды қамтамасыз етеді:
- материалдық құндылық пен қызметті жеткізушілермен (сатып алуды төлеу, өндірістік запасты басқару және т. б. ) ;
- даяр өнім мен қызметті сатып алушылармен (төлем алу және дебиторлық берешекті басқару) ;
- мемлекеттің бюджет жүйесімен;
- қызметкерлермен (еңбекақы төлеу, әлеуметтік және дивиденд төлемі) ;
- банкілермен, сақтандыру компанияларымен, инвестициялық қорлармен және т. б. ;
- талап туындаған жағдайда сотпен және т. б. Корпорацияны қаржыландырудың ең тиімді тәсілдерін таңдау да жедел қаржы жұмысының бөлігі болып табылады. Осы тәсілдерге төмендегілер жатады:
- өзін-өзі қаржыландыру (негізінен меншік каражат есебінен - қалыпты қаржы саясаты;
- қысқа мерзімді банк кредиті есебінен каржыландыру (агрессияшыл қаржы саясаты) ;
- негізінен меншік қаражат және ұзак мерзімді кредит пен қарыз есебінен қаржыландыру (сақтанымпаз - консервативтік саясат) ;
- хеджерлеу (активті түрлі мерзімде өтелетін міндеттемелермен өтемақы төлеп өтеу) ;
- міндеттеме бойынша төлемді кешіктіру есебінен қаржыландыру (мысалы, жеткізушілерге) . Алайда заңнамада корпорация өзінің қаржы міндеттемесін орындауды кешіктіре алатын шек белгіленген;
- жоғарыда келтірілген тәсілдердің элементтері үйлесетін құрамдас (аралас) қаржыландыру.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz