Ұлттық валюталардың айырбас бағамы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. Ұлттық валюталардың айырбас бағамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
1.1. Бағамдық айырма түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Ұлттық валюталардың айырбас бағамының қалыптасу теориясы ... .. 5
1.3. Елдің төлем балансы және ұлттық валютаның айырбас бағамы ... ... . 8

ІІ Бағамдық айырманың пайда болуы және валюта бағамы өзгеруінің әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
12
2.1. Экспорттық және импорттық операцияларға валюталық бағамының әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
12
2.2. Шетелдік валютамен жасалатын операцияға валюталық бағамның әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
15
ІІІ Валюталық бақылау және хеджерлеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.1Валюталық бақылау және шетелдік валюталармен жасалатын операцияларды реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 18

18
3.2. Хеджерлеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 22
Халықаралық валюталық қатынастар – ұлттың шаруашылықтарының қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері ерте Грецияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған.
Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында ортағасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өндірістің капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар жүйелері дами түсті.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралың экономикалық қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның ішінде валюталық байланыстарда саясат пен экономика, дипломатия мен коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен сауда бір-бірімен өзара бітісе байланысуы валюталық қатынастардың ұлттың және әлемдік шаруашылықтағы орны ерекшелігін көрсетеді.
Капиталдың шеңбер айналысы процесінде ұлттың нарықтан әлемдік нарыққа қосылуы нәтижесінде ұлттық ақшалардың ішіндегі ақшалай капиталының бір бөлігі шетел валютасына айналады немесе керісінше. Ол көріністі халықаралық есеп айырысуларда, валюталық, несиелік және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.
Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндірістің сыртқы факторларға: әлемдік өндіріс динамикасы, шетелдік ғылым мен техника деңгейіне, халықаралық сауданың дамуына, шетел капиталының ағымы арта түседі. Сондықтан да, бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндірістің арасында тікелей және кері байланыстың болатынын көрсетеді. Халықаралық валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы өндіріс процесіне кері әсерін тигізеді.
Шаруашылық байланыстардың интернационализациялануы негізінде халықаралық валюталық қатынастар біртіндеп бір формаларға ие болады.
Валюталық жүйе – ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетаралық келісім шарттармен бекітілетін валюталық қатынастарды ұймдастыру және реттеу формасы.
Валюталық паритет – валюталық бағамның негізі болып табылатын заңды тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынасы.
Валюта – бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралы (СДР, еуро).
1. Кеулимжаев К.К., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері. Алматы, Экономика, 2006ж.
2. Ә.Әбдіманапов «Қаржылық есеп», Алматы, 2007ж
3. Кеулимжаев К.К., «Кәсіпорындағы қаржылық есеп», Алматы, Экономика, 2005ж.
4. В.Л. Назарова «Шаруашылық субъектілерінің бухгалтерлік есебі», Алматы, Экономика, 2003 -2005
5. В.К. Родостовец «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», Алматы, Экономика, 2003
6. Баймуханова С.Б. «Қаржылық есеп», 2007ж
7. ҚР Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңы. 2007 жылы ақпанның 28-і. № 234-ІІІ
8. Академический бизнес-журна. Экономические стратегии. 2007г. 2(5)
9. Сейдахметова Ф.С. «Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп» Алматы, LEM баспасы, 2008
10. Укашев Б.Е., Әжібаева З.Н. «Бухгалтерлік есеп теориясы». Алматы, 1999
11. С.Б. Мақыш «Ақша айналымы және несие». Оқу құралы. Алматы, 2004
12. Ә.Д. Шелекбай, Н.А. Әлмереков «Валюта нарығында операциялардың жүргізілу теориясы мен тәжірибесі», Монография, Алматы, 2008ж

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...

І. Ұлттық валюталардың айырбас 5
бағамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1. Бағамдық айырма 5
түсінігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
1.2. Ұлттық валюталардың айырбас бағамының қалыптасу теориясы ... .. 5
1.3. Елдің төлем балансы және ұлттық валютаның айырбас 8
бағамы ... ... .

ІІ Бағамдық айырманың пайда болуы және валюта бағамы өзгеруінің
әсері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Экспорттық және импорттық операцияларға валюталық бағамының
әсері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .
2.2. Шетелдік валютамен жасалатын операцияға валюталық бағамның
әсері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..
ІІІ Валюталық бақылау және 18
хеджерлеу ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .
3.1Валюталық бақылау және шетелдік валюталармен жасалатын 18
операцияларды
реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..
3.2. 19
Хеджерлеу ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .

Пайдаланылған 22
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..




Кіріспе

Халықаралық валюталық қатынастар – ұлттың шаруашылықтарының
қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы
валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар
жиынтығы.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері ерте Грецияда және
Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған.
Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да
сауда орталықтарында ортағасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда
аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргізілген. Феодализм
қарсаңында және өндірістің капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты
банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар жүйелері дами түсті.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралың экономикалық қатынастарды
жалғастырады. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік
экономиканың дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті
қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның
ішінде валюталық байланыстарда саясат пен экономика, дипломатия мен
коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен сауда бір-бірімен өзара бітісе
байланысуы валюталық қатынастардың ұлттың және әлемдік шаруашылықтағы орны
ерекшелігін көрсетеді.
Капиталдың шеңбер айналысы процесінде ұлттың нарықтан әлемдік нарыққа
қосылуы нәтижесінде ұлттық ақшалардың ішіндегі ақшалай капиталының бір
бөлігі шетел валютасына айналады немесе керісінше. Ол көріністі халықаралық
есеп айырысуларда, валюталық, несиелік және қаржылық операциялардың
барысында байқауға болады.
Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндірістің
сыртқы факторларға: әлемдік өндіріс динамикасы, шетелдік ғылым мен техника
деңгейіне, халықаралық сауданың дамуына, шетел капиталының ағымы арта
түседі. Сондықтан да, бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндірістің
арасында тікелей және кері байланыстың болатынын көрсетеді. Халықаралық
валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы өндіріс
процесіне кері әсерін тигізеді.
Шаруашылық байланыстардың интернационализациялануы негізінде
халықаралық валюталық қатынастар біртіндеп бір формаларға ие болады.
Валюталық жүйе – ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекетаралық келісім
шарттармен бекітілетін валюталық қатынастарды ұймдастыру және реттеу
формасы.
Валюталық паритет – валюталық бағамның негізі болып табылатын заңды
тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынасы.
Валюта – бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел
мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері
және төлем құралы (СДР, еуро).
Валюталық бағам – бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша
бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.
Валюталық бағамның қажеттігі:
1) тауарлар мен қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер
қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Импортер ұлттық
валютасын шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына ауыстырады.
2) дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, сол сияқты әр елдің құндық
көрсеткіштерін салыстыруға;
3) фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы шоттарын үздіксіз қайта
бағалап отыруға.
Мен осы курстық жұмысымда валюталық бағам, валюталық бағам өзгерістері мен
оның әсерін қарастырамын. Қазақстан Республикасы территориясында шетел
валютасымен жасалатын операциялар және олардың есебі, бағамдық айырма және
оны есепте көрсету мәселелірн талдаймын.

І Ұлттық валюталардың айырбас бағамы

1.1. Бағамдық айырма түсінігі

Валюталық бағамның ауытқуы бағамдық айырма сомасы пайда болуына
себепші. Бағамдық айырмалар – валюталық активтер мен пассивтерді
бухгалтерлік есепте оларды тіркеу кезіндегі бағам бойынша және есеп
айырысулар жүзінде атқарылған уақыттағы бағалаулар арасындағы сомалық
айырмалар.
Шетелдік валютамен жасалған операциялар есебі №9 бухгалтерлік есеп
стандарттарына сәйкес шетелдік ваютамен жасалған операциялар болып субъект
шетелдік валютаға мүлік сатып алатын немесе сататын шетелдік валютамен
кредиттер алатын не болмаса беретін, шетелдік валютаға активтерді
ауыртырып, активтерде сататын мәмілелер табылады. Валютамен операциялар
бойынша бухгалтерлік есептегі жазбалар атқарылған операциялар кезіндегі
нарықтық бағам бойынша саналған. Қазақстан Республикасының валютасымен
шоттарда көрсетуі керек.
ҚР валютасына қатысты шетел валютасының бағасы – ол басқа ұлттық
немесе халықаралыө валюта бағасын теңгемен көрсету болып табылады. Ол
биржадағы банкаралық нарықта сұраныс пен ұсыныстар негізінде, коммерциялық
банктер мен басқа заңды тұлғалар мен азаматтардың, яғни валюталық ішкі
нарықта валютаны сату-сатып алуда қалыптасады.
Коммерциялық банктерде валютаны сатып алу-сту бағамдары, аукциондық
және биржалық бағамдар шетелдік валютаны нақты коммерциялық банктерде,
айырбас пункттерінде, валюталық аукциондар мен биржаларда сатып алу мен
сату бойынша операциялар жасау үшін арналған.

1.2. Ұлттық валюталардың айырбас бағамының қалыптасу теориясы

Халықаралық экономикалық операциялар бір валютаны екіншісіне
ауыстырумен байланысты болады. Валютаның айырбас бағамы – елдің
экономикасын барлық әлеммен байланыстыратын негізгі баға болып табылады.
Осыған байланысты валюта мен валюта бағамы арасында бір елдің ақша
бірлігінің басқа елдердің ақша бірлігінде көрінетін құны ретінде анықтауға
болатын белгілі бір ара-қатынас орнату қажеттілігі туындайды. Валюта бағамы
ұлттық және әлемдік экономика салалының өзара ынтымақтастығын көрсететін
өзіндік сипаттамасы бар ақша категориясы ретінде көрінеді.
Ұлттық ақшалардың валюталық бағамы елдің әлем экономикасында орнын
анықтауға мүміндік беретін байланыстырушы объективті тізбек болып табылады.
Валюталық бағаны өз мәнінде бір ақша бірлігінің жай ғана бағасы ғана емес,
бұл валютаның сатып алу қабілеттілігінің қатынасы кұнының кешенді
көрсеткіші. Экономикалық категория болып табыла отыра валюта бағамы
эконмикалық көрсеткіштер жүйесінде маңызды орын алады және олардың
көрсеткішінің айнасы.
Валюталық бағамдарды қалыптастырудың көптеген теориялары, тұжырымдары
мен моделдерінің арасында орасан зор айырмалар бар, алайда бұлардың барлығы
да ортақ негізге кұрылады. Бұл ортақ негіз валюта бағамын рынокта қысқа
мерзімдегі жай-күйін анықтайтын қатынастар арқылы құрылады. Бұларға
жататындар:.
1. Валюта бағамының өзгеруін тауарлардың ішкі бағасының өзгеруіне
тәуелділігімен түсіндірілетін бірыңғай баға заңы.
2. Сатып алушылық кабілет басымдығы, бұл валюта бағамы мен спотты
түрлі елдердің баға деңгейімен салыстырады.
3.Пайыздық ставка басымдығы, бұл валюта бағамдары мен спотты,
форвардтық валюта бағамдары және номиналдық пайыздық ставкаларды
салыстырады.
4. Валюта бағамдарын номиналдық пайыздық ставка деңгейімен
байланыстыратын халықаралық Фишер әсері.
5.Форвардттық бағамы бар валюта бағамы бойынша күту байланысын
орнататын, күтілетін валюта бағамы.
Валюта бағамын қалыптастыру кезінде бірыңғай құн заңдылығы деп
аталатын теория кеңінен қолданылды: егер де екі елде ұқсас тауар
шығарылатын болса, бұл тауардың бағасы, қандай ел өндіруші екеніне
қарамастан-ақ екі елде де бірдей болуы керек.
Бұл теория тауарлардың ішкі құқының деңгейі ұлттық валюталардың
айырбас бағамына міндетті түрде әсер етуі тиіс деген ойдан шыққан. Бұл
жағдайда валюта бағамы өз кезегіңде ішкі бағалардың деңгейіне әсер етуіне
жол береді.
Шарттылығының белгілі бір дәрежесі бар бірыңғай кұн теориясы валюта
бағамының өзгерістерін тауарларға деген ішкі бағаның өзгеруіне байланысты
түсіндіреді. Немесе басқаша айтқанда, бір валюта түрінде көрінетін түрлі
елдердің тауарлары бір бағаға ие болады. Бірнеше елдерде сатылатын бір
нақты тауар бір бағамен ғана бағалануы керек.
Алайда бірыңғай құн заңы егер де тауарлар сапалық сипаттамалары
бойынша өзгерістерге ие болса, сақталынбауы мүмкін. Бұдан басқа, түрлі
көлік шығындары мен еларалық сауда кедергілерінің болуынан бірыңғай құн
заңын қабылдауға келмейді.
Бірыңғай құн теориясы бойынша валюта бағамы түрлі елдерде орташа
өлшенген баға қатынастарын көрсетеді, және де түрлі валюталардың сатып
алушылық мүмкіндіктерін өлшейді.
Валюта бағамының қалыптасуын түсіндіретін басқа теория - сатып
алушылық мүмкіндік басымдығы (СМБ). Бұл теория бойынша бірыңғай құн заңын
тек қана жекелеген тауарларға ғана емес, бағаның ұлттық деңгейіне
қолданады. Аталмыш теория валюта бағамы түрлі елдерде баға деңгейінің
динамикасындағы айырманың орнын толтыру үшін кажетті жағдайға дейін өзгере
береді деп тұжырымдайды. Егер де нақты бір елдегі инфляция шекара
сыртындағы инфляциядан асып кететін болса, онда басқа да тең жағдайларда
аталмыш елдің валютасы біршама арзандау тенденциясына душар болады.
Осылайша валюта бағамы мен баға – деңгейі белгілі бір дәрежеде арақатынас
тенденциясына ие болады.
Абсолютті СМБ жағдайында валюта бағамы бағаны бір елдің ұлттық
валютасында екінші елдің ұлттық валютасындағы бағасына бөлу арқылы
анықталады. Екі елдің корзиналарына ұлттық валютамен бағаланған тауар
толтырған жағдайда валюта бағамы бір елдің корзина құнын басқа елдің тап
сондай корзина құнына бөліп шығарылады.
Екі елдің де жақтарының тұтынушылары пайдаланатьш біркелкі гомогендік
тауарлар корзинасының бағасын теңестіруші келесі формула арқылы беріледі:

Евк= РА Рв

мұнда Евк – валюта бағамы,
РА - ішкі баға деңгейі,
Рв - шетелдегі баға деңгейі.
Абсолютті СМБ формуласы бұл елдердегі барлық тауарлардың құнының
деңгейі болғанда, бірыңғай баға заңына негізделетін валюта бағамының
формуласы негізіне бірнеше елдегі белгілі бір ғана тауардың құны алынады.
Ал практика саласында абсолютті СМБ де, бірыңғай баға заңы да түрлі
елдерде сатылатын бірыңғай ұқсас тауарлар корзинасын құрау мүмкін
еместігінен; басқа да ішкі рынок бағасына әсер ететін, бірақ та объективті
себептерден сыртқы экономикалық айналымға шығарыла алмайтын көптеген
тауарлардьщ болуы себепті қолданысқа жарамайды,
Біздің зерттеуімізше – қысқа мерзімдік валюталық бағам ұзақ мерзімдік
теденция желісінен жиі ауытқуы себебінен, ұлттық валюта бағамы мен оның
сатып алушылық мүмкіншілігінің арасындағы тәуелділік ұзақмерзімдік кезеңге
ғана тән болады. Ұзақмерзімдік перспективада валюталық бағамды коррекциялау
арқылы оларды тепе-теңдік деңгейіне дейін жеткізу жүргізіледі. Баға
деңгейінің салыстырмалы деңгейі валюта бағамы тенденциясы соңынан тұрған
негізгі күш болып табылады.
Валютаның тепе-теңдік бағамының өзгерісі салыстырмалы деңгейіндегі
өзгерістеріне жақынырақ қатысты болады. Мұндай тәуелділікті
қыскамерзімдіктен көрі, ұзақмерзімдік кезеңнен жиірек табуға болады.
Қысқамерзімдік валюта бағамына баға деңгейінің салыстырмалы
өзгерісімен қатар, басқа да факторлар тізбегі әсер етеді. Бұлардың қатарына
халықаралық саудадағы аса маңызды тауарларға әсер етуші рынок жағдайы,
форекстік рыноктағы орталық банкілердің интервенциясы мен алыпсатарлық
енеді. Қысқамерзімдік кезеңдегі сапыстырмалы баға деңгейіндегі
өзгерістермен салыстырғанда бұл факторлардың әрқайсысы валюта бағамдарына
ұзақмерзімдікке қарағанда көбірек әсер етеді. Сондықтан да СМБ теориясы
бойынша ұлттық валюталардың айырбас бағамының жиі өзгерулері мен толқуларын
толықтай түсіндіру мүмкін де емес.
Бірқатар кемшіліктерге қарамастан, салыстырмалы СМБ теориясы маңызды құрал
ретінде валюта бағамын бағалау мен болжау үшін жиі колданылады. Бірқатар
жылдардың валюта бағамы мен СМБ туралы есеп көрсеткіштерінің статистикалық
мағлұматтары ұзақмерзімдік перспективаға бағамды болжауға негіз болушы
валюта бағамы мен СМБ арасынадағы корреляциялық байланысты анықтауға
мүмкіндік береді. Бағдарлық валюта бағамын есептеу және брі бағамға
бағдарланатын басқа да макроэкономикалық көрсеткіштерді бағалау ұлттық
тауарлар мен қызметтердің шынайы құнын анықтауға мүмкіндік береді.

1.3. Елдің төлем балансы және ұлттық валютаның айырбас бағамы.

Бекітілген де, иілмемелі де айырбас бағамында төлем балансы дефициті
және төлем балансының профициті болған жағдайда төлем балансы теориясы мен
оны реттеу шығыны болған резервтердің орнын толтыру жағдайларында шетел
валютасы резервінің деңгейіне әсер етуші түрлі факторлардың әсерінде
болады.
Сондықтан да біз шетел валютасын айырбастау рыноғына, шетелвалютасының
сұранысымен ұсынысына әсеретуші факторларға және шетел валютасының ел
ішіндегі айырбас бағасының өзгеруі кезіндегі рынок тұрақтылығына әсер етуші
жағдайларға көңіл аударуымыз керек.
С.В. Горбунов халықаралық айырбас барысында пайда болатын валюта
бағамы елдер арасындағы қатынас кұндылығын көрсете отыра, елдердін әлем
рыноғындағы жайын айқындаушы экономикалық факгорларға тура тәуелді болады.
Валюта бағамының ұзақ мерзімдік эволюциясы сыртқы экономикалық байланыс
саласында валюталардың салыстырмалы құны толқуларында көрініс беретін
өндіріс шығыстарының өзгерулерімен айқындалады. Ол түрлі елдердегі тауар
құнын айқындайтын ақша бірлігі қатынасы және ақша белгілері салыстырмалы
сатып алушылық қабілеттілігінің өзгеруі түрінде көрінеді. Бұл ұзақ
мерзімдік факторлар әсері валюталық бағамның негізін анықтайды. Валюталық
факторда кейінірек сұраныс және ұсыныс арақатынасы түрінде көрінетін басқа
да факторлардың әсерінен ауытқулар болады.
С.В. Горбунов сұраныс пен үсыныс ең алдымен төлем балансында неғұрлым
толық көрініс беретін халықаралық мәмілелердің барлық түрлері бойынша елдің
түсімдері мен төлемдері арақатынасына тәуелді деп атап көрсетеді.
А.Г. Наговицин валюта бағамының қалыптасу процесін екі негізгі кезеңге
бөледі: шынайы валюта бағамын құру және рыноктік (номиналды) валюта курсын
құру. Ол валюта бағамы динамикасына әсер етуші неғұрлым маңызды факторларды
атап көрсетеді. Олар: сауда балансы, ұлттық кіріс, ақша массасының молшері,
есептік ставкалар, инфляцияның күтілетін қарқыны, мемлекеттік ретгеу
түрлері.
Л.Н.Красавина келесі бағамды құрайтын факторларды белгілеп көрсетеді,
бұлар: инфляция қарқыны, төлем балансы жайы, пайыздық ставка деңгейі,
алыпсатарлық операциялар, валюта рыноктарының қызметі, халықаралық
есептерде белгілі бір валютаны қолдану дәрежесі, белгілі бір, немесе басқа
валютада халықаралық есептесулердің жылдамдығы, валюта рыноғын реттеудің
дәрежесі.
Біздің пікірімізше, сатып алушылық мүмкіншіліктің арақатынасы валюта
бағамының құралуының негізі балып табылады. Бұл арақатынас валюта бағамының
ұзақ мерзімдік динамикасын айқындайды. Төлем балансы жайы, инфляция
қарқыны, пайыздық ставка деңгейі, валюта рыноғын мемлекеттік рсттеу сияқты
сұраныс пен ұсыныс жағында жататын басқа факторлар валюта рыноғы
қатысушыларының күтулерін құрауга әсер етеді. Инфляция қарқынының өсуін
немесе төмендеуін, ұлттық валютаға деген сенімнің төмендеуі немесе есуін
күту, және де осының салдары ретінде авуарларды басқа валютаға аудару
валюта бағамының қысқа және ортамерзімдік динамикасын айқындайды.
Төлем балансы мен валюта бағамы ұлттық және әлем экономикасының
жинақталған көрінісі болып табылады. Бұлардың арасында өте тығыз арақатынас
бар екені көзге көрініп тұр. Төлем балансы жүйеленген көрінісі болып
табылатын сыртқы экономикалық қызметі жүзеге асыру процесінде белгілі бір
бағам бойынша жүзеге асатын бір валютаны екіншісіне ауыстыру қажеттілігі
туындайды.
Ақша бірлігімен немесе ақшамен қызмет көрсететін тауарлар мен
қызметтер арасындағы айырбас пропорциясы көрінісі ретіндегі ақшаның сатып
алушылық мүмкіншілігі валюта бағамының құндылық негізі болып табылады.
Алайда валюта бағамының деңгейлері валютаға деген сұраным мен ұсынысты
айқындайтын көптеген факторлардың әсерімен ұлттық ақша бірлігінің сатып
алушылық арақатынасынан алшақтап кетуі мүмкін.
Төлем балансы бағам құраушы факторлар арасында негізгі орынға ие
болады. Төлем балансының валюта бағамын өзгертуге әсер етуінің үш тәсілі
болуы мүмкін, бұлар: (1) экономиканың шынайы секторының әсеріндегі ағымдағы
баланс жайы өзгереді де валютаға деген сұраныс пен ұсыныстардың
арақатынасына жылжымалылық енгізеді; (2) ағымдағы есептердің бейбаланстығы
төлем балансының басқа да бөліктері есебінен қаржыландыруды қажет етуі
мүмкін; (3) ағымдағы есептер жайы валюта бағамы күтулерін құруға әсер
етеді.
Ағымдық есеп-шот жайы тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импорты
динамикасы арқылы айқындалады. Қандай да болмасын елден импорттау, ұлттық
ақша бірлігін арзандата отыра, сол елдің влютасына деген жоғары сұранымды
көтереді.
Импорттың өсуі айырбас бағамының барлық деңгейінде валюта ұсынысының
жоғарылауына алып келеді де, ұсыныстар сызығы оңға қарай жылжиды. Жаңа
айырбас бағамы бұрынғыдан төмен тепе-теңдік бағамына айналады. Импорттың
азаюы шетел валютасының құнының төмендеуін алып келеді де, ұсыныс сызығы
солға қарай қисаяды, ал ұлттық валютаның бағасы көтеріледі.
Елден тауарлар мен қызметтерді экспорттау рынокта бұл елдің валютасына
деген сұранымның өсуіне алып келеді. Мұндай заңдылық еркін
конвертацияланатын валюталарға тән болады. Алайда жартылай
конвертацияланатын валютасы бар елдердің валюта саясаты тек қана ұлттық
валюта бірлігін бір ғана заңды төлем құралы ретінде мойындайды.
Айырбас бағамы мәнін анықтаған кезде импорт пен экспорттың әсер етуі
қайшылықты түрде болады. Айырбас курсына өскен импорттың әсер ету дәрежесі
осы бағамның реакциясына байланысты болады. Қандай да болмасын мәндегі
импорттың төмендеуі ұлттық валюта құнының көтерілуіне алып келеді. Ұлттық
валютаның жоғарырақ мәні өз кезегінде осы елдің экспортын қымбатырақ етеді.
Өз кұрылымы принциптеріне сәйкес төлем балансы әр уақытта тепе-теңдік
жағдайьщда болады. Сондықтан да оның бейбаланстығы жөнінде тек қана
жекелеген баптары туралы ғана сөз қозғауға болады.
Ұлттық баланстың бейбаланстығы екіұшты жағдайда болуы мүмкін, бұлар:
профнцит және дефицит. Төлем балансының дефициті қаржыландыруды қажет
етеді. Бұл жерде сөз елдің төлем балансының бір бөлігінде азайту арқылы,
бір белігінде міндеттемелерінің өсуін бейтараптандыру туралы болып отыр.
Мысалы, Германия сауда балансының профициті арқылы компенсацияланушы
қызметтер балансының тұрақты дефицитіне ие.
Жалпы алғанда төлем балансының дефициті шетелдерден ұзақмерзімдік
ссудалар, ХВҚ, ХДҚБ, ЕДҚБ, АДБ және басқа да халықаралық мекемелерден
үкіметтік займдар алу, мемлекеттің ресми алтын валюталық резервін тарту,
ерекше қаржыландыру көзі ретінде мемлекеттік меншік кәсіпорындарының
акцияларын сату арқылы қаржыландыруы мүмкін.
Мемлекеттің сыртқы резервтік активтері түп келгенде төлем балансының
дефицитін қаржыландырудың соңғы кезеңі болып табылады, оны тепе-теңдеу іс
жұзінде толқуларды шектеу мақсатын көздейтін валюта рыноғындағы валюта
интервенциясы механизмі арқылы жүзеге асырылады.
Алтын валюталық резервін күру және оны қолдану мемлекеттің валюта
саясатының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Халықаралық
ликвидтіктің көлемі мен құрылымы елдің қажетті төлем қаражатымен қамтамасыз
етілуі дәрежесін айқындайды. Резервтік активтердің қоры халықаралық
есептесулерді жүзеге асыру - елдің ұкіметтік органдарының да, сонымен бірге
коммерциялық және қаржы құрылымдарының да қарыздық мінтеттемелерін жабу
үшін қолданылуы мүмкін. Алтын валюталық активтерін тиімді қолдану валюта
резерві ликвидтігінің жоғары дәрежесін ұстап тұруын, валюта резервтерінің
диверсификациясын, активтер кұрылымын оптимизациялауды қажет етеді, бұл
сыртқы экономикалық қызметтің максималды мүмкін болуы әрекеттестігін және
ұлттық ақша бірлігінің валюта бағамын тиімді реттеуді қамтамасыз етуге
тиіс.
Ағымдағы төлем балансының профициті ұлттық валютаның қымбаттауына алып
келеді, мұның нәтижесінде сыртқы және ішкі рыноктарда отандық
өндірушірердің бәсекелестікке төзімділігі төмендеуі мүмкін. Мұндай
бейбаланстық жағдайды тепе-теңдеу елдің орталық банкілерінің экспорттық
өндірісті ынталандыру үшін ұлттық ақша бірлігін девальвациялау мақсатындағы
валюталық интервенциясына алып келеді. Девальвация импортты қымбаттата
отыра отандық тауарлар өндірісін төмендеуіне алып келеді, бұл олардың
сыртқы рыноктағы бәсекелестікке төзімді басымдылықтарын жоғалтуына алып
келуі мүмкін.
Төлем балансы мен валюта курсы елдің әлем шаруашылығына қатысуының
көлемін ғана көрсетіп қоймай, сонымен бірге оның ішкі экономикасының
жағдайын да көрсетеді. Толем балансының тұрақсыздығы экономиканың
құрылымдық диспропорциясын, циклдік толқуларын, елдің экономикалық және
саяси бағдарын (бұлар өз кезегінде орта және ұзақмерзімдік болашақтағы
валюта курсының күтулерін қалыптастыруға әсер етеді) көрсете отыра валютаға
деген сұраныс пен ұсыныстың секірмелі өзгерісіне алып келеді.
Біз валюта курсының қалыптасуының негізі ретінде сатып-алушылық
мүмкіндігі паритетін мойындайтын болғандықтан, валюталық курс инфляцияның
қарқынына әсер етеді. Елдегі инфляция қарқыны неғұрлым жоғары болған сайын,
сол елдің ұлттық валютасының курсы соғұрлым төмен болады. Елдегі ақшаның
инфляциялық құнсыздануы инфляция қарқыны баяу елдермен салыстырғанда
сатыпалушылық мүмкіндіктерінің төмендеуіне және қарастырып отырған елдің
валюта курсының төмендеуі тенденциясына алып келеді.
Атап өтілгендей, проценттік ставканың деңгейі валютаға деген сұранысты
анықтайтын өте маңызды фактор болып табылады. Бұл ақша рыноғына
қысқамерзімдік капиталдардың инвестициялануы және олардың неғұрлым кіріс
алып келетін валюталарға салынуымен түсіндіріледі.
Валюталық курстың процентгік ставкаға тәуелділігі процент-тік ставка
басымдығы деп аталады. Осының негізінде Кейнс форвардтық валюта курсы
теориясын жасап шыгарды: Про-центтік ставка паритетіне сай, қысқамерзімдік
инвестициялауға арналған қолда бар қаржы негүрлым мол кіріс алып келетін
ақша рьгаоғына салынатын болады.
Кейнс спот және форвард курсы арасындағы айырма валюта рыноғының белгілі
бір, немесе басқа бір валютаны таңдауының бағасы болып табылады. Бұл сәтте
пайыз нормасы капитал мо-билділігінің анықтаушы факторы болып қызмет ететін
болады.
Форвардтық курс спот курсы мен спот курсы бойынша сатып алынатын және
толем мерзімі туғанға дейін белгілі бір пайыздарға салынатын, және де толем
мерзімі туғанға дсйін алынган несие үшін пайыздық шығындар мен спот курсы
бойынша сатылган валюта кірісінен қүралатын болады.
Егер де шетелдегі елде проценттік ставкалар котерілетін болса валюта
курсы осетін болады, ал егер де елде күтілетін инфляцияның өсуі және оның
шетелде томендеуі жағдайында, аталмыш елде пайыздық ставкалар құлдырайтын
болса - пайыздық ставкалар көтеріледі.
ІЖӨ-нің әсер етуі сиякты, пайыздық ставкалардың әсер етуі де пайыздық
ставкалардың озіне әсер етуші факторлармен айқындалады. Қатаң ақша-несие
саясатына байланысты пайыздық ставкалар көтерілетін болса, үлттық валюта
курсының бекуі күшейеді. Бірақта, егер инфляцияныц күшеюі нәтижесінде
немесе мемлекеттік бюджет дефицитініц өсуі нэтижесінде пайыздық ставкалар
осетін болса, мұндай жагдайда шетелдік ин-весторлар осы елдің экономикасына
капитал құюга деген ынтасы болмайды.
Валюта курсы деңгейі макроэкономикалық корсеткіш больга табылады, және
де оның озгеруі шынайы және ақша секторларын қоса алғандағы экономикаға
біршама үлкен әсер етеді.
Сыртқы сауда бағытындағы экономикасы басым елдер үшін валюта курсы
эволюциясының эсер етуінен туындайтын экспорт және импорт колемінің озгеруі
мәселесі оте маңызды болып табылады. Валюта курсының төмендеуі дегеніміз -
үлттық валютаныц белгілі бір колемін шетелдік валютага айырбастаған кезде,
шетелдік валюта көлемі бірлігініц азаюына алып келеді. Бұл жагдайда
импортгаушы тауарлардың жергілікті валюталық багасы оседі. Алайда мұндай
өсу Бұл тауардың шетелден алып келу көлемінің азаюына алып келеді, себебі
аталмыш тауарды жергілікті ондірушілердің бэсекелестігі көтеріледі. Сонымен
бірге девальвацияланған валюталы елдерден экспорт колемінің өсуіне деген
ынта өседі, себебі шетелдік қаржының белгілі бір сомасын айырбастағанда сол
елдіц үлттық валютасының мол сомасын алуга мүмкіндік болады.
Валюта ревальвациясы жағдайында кері көрініс байқалады. ¥лттық валютамен
импорттьщ қүны озгеруі нәтижесінде валюта курсьшыц озгеруі, әдетте ішкі
баға деңгейіне бірден эсер етеді. Мұндай эсер ету екі канал арқылы жүреді:
импортталатын дайын тауарлар мен қызметтердің бағасына, және де ондіріске
импор-таушы компоненттер енетін ел ішінде ондірілетін тауарлар мен
қызметтерге тура эсер етеді. Егер де белгілі бір жағдайлармен баға
деңгейіне байланысты болатын болса, бір мезгілде жалақы колемі де озгеретін
болады.
Бұл жағдайда жиынтык сүраныстыц озгеруі баға децгейінің валюта курсына
эсер етуі күшейеді. Жергілікті валютаныц қүн-сыздануы жагдайында валютаныц
өсуі жалақыныц өсуіне және жиынтық сүраныстың өсу і баганың әрі карайғы өсу
іне түркті болады. Сонымен бірге біршама уақыттан соц ондірістер шығындары
өзгереді, бұл бага деңгейінің әрі қарай өзгеруіне алып келеді.
Валюта курсының елдегі баға деңгейіне эсер етуін сараптай отыра, екі
бірдей жагдайды ескеру керек.
Біріншіден, қазіргі заманғы жагдайда бага өсу жағына қарай икемділікке
ие. Бұл жалақыныц өсу жағына карай бейімділуіне тура байланысты, және де
әдетте ревальвация баганыңтөмендеуіне алып келмейді.

ІІ. Бағамдық айырманың пайда болуы және валюта бағамы өзгеруінің әсері

Бағамдық айырмалар нарықтық бағамдардың шаруашылық операциясын жасау
мен есеп айырысу кезі арасындағы, яғни дебиторлық немесе кредиторлық
берешекті толық немесе жарым-жартылай өтеу кезеңінде болған өзгерістердің
нәтижесінде пайда болады. Бағамның жағымды дамыған кезінде жағымды, ал
жағымсыз болғанында теріс бағамдық айырмалар пайда болады.
Бағамдық айырмалар мынандай жағдайда пайда болады:
а) импорттық операцияларда ұлттық валютадағы тауардың мәмілелік кұны
баламасының шот-фактурада (инвойсте) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық валюталар
Халықаралық валюта қозғалысы және айырбас бағамы
Валюталық бағам және оған әсер етуші факторлар
Валюта жүйесі туралы
Ресей Халықаралық валюта қоры
Валюталық саясаттың түрлері мен жүйелері
Валюта атауы валюта бағам
Халықаралық валюталық қатынастарды реттеу
Халықаралық валюта жүйесі туралы ақпарат
Валюталық жүйелер
Пәндер