Қазыбек би және оның дәуірі



М А З М Ұ Н Ы

К І Р І С П Е ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.8

I Т А Р А У
ҚАЗЫБЕК БИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘУІРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9.36

II Т А Р А У
ҚАЗЫБЕК БИ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ШЕШЕНДІК ӨНЕРІ ... ... ... ... ... ... ...37.49

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50.51

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .52.53
КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі аса бай мұралардың бірі – шешндік сөздер. Шешендік сөздер – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан, рухани ойлау сүзгісінен өткен, тұшымды әрі ұтқыр сөз өнерінің жауынгер саласы. Қазақ шешендік өнерінде өзіндік орны бар, беделді Қазыбек бидің есімі ерекше екені даусыз. Қазақ шешендік өнері мен Қазыбек биді, оның өмір сүрген дәуірін суреттеп, соны беттерін ашу жұмысымыздың негізгі өзектілігі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті.
- Қазақ шешендік өнері жайлы;
- Қазақ шешендік өнері және Қазыбек би дәуіріне тоқталу;
- Қазыбек бидің шешендік келбетін танытатын шешендік толғауларына талдау жасай отырып, мәнін түсіндіру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Қазақ шешендік өнерінің өзекті мәселелеріне арналған ғылыми еңбектер көптеп пайдаланылды. Атап айтсақ, М.Ғабдуллиннің «Халық ауыз әдебиеті», С.Негимовтың «Шешендік өнер», Б.Адамбаевтың «Халық даналығы» сынды еңбектер қарастырылып, талданды. Қазыбек би жайында айтылған пікірлерге шолулар жасалып, жан – жақты қаралды.
Зерттеу жұмысының құрылымы.
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Шешендік сөздерді тек қана тарихи тұрғыдан ғана емес, практикалық тұрғыдан қарастырып, зерделеу – бүгіннің талабы. Себебі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында: «Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениет аралық келісімді, біртұтас қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз».
Қазақ ауыз әдебиетіндегі аса бай мұралардың бірі – шешендік сөздер. Сөз жоқ, шешендік сөздер – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан, рухани ойлау сүзгісінен өткен, тұшымды әрі ұтқыр сөз өнерінің жауынгер саласы. Бір қызығы – қазақ қоғамында шешендік өнер немесе шешендік сөздердің араласпайтын мәселесі кемде-кем болған. Күнделікті өмірдегі «от басы, ошақ қасындағы» даулы мәселелерден бастап, іргелі, мемлекетаралық деңгейдегі іс-шараларға дейін шешендікпен көмкеріліп, әділ шешімін тауып отырған.
Қазақ халқы – сөз қадірін өз қадірім деп білген. Кеңдігін де, кемелділігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған. Оның тарихы да, тағдыры да, тәлімі мен тәрбиесі де, даналығы мен дала көңілі де сол сөзде жатыр. Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаяр, лып еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат, мұң мен сыр – бәрі сыйған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай-ақ білсін. Сондықтан да ол үшін сөзден өткен күш, құдірет жоқ. Тоқтам жоқ.
Қазақ – «ат сүрінгенше» ақыл тапқан, ұшқыр ойды қастерлеген, ғасырлар бойы сөз мұрасын қорғаштап, сөз асылын жоғалтпай келген, ардақтысы да, аяулысы да сөз болған халық. Сондықтан да, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» айтуға талап қойған. Небір әйгілі шешендер, дуалы ауыз билер шаршы топта сыбанып шығып жүйелі сөз бастаудың қиын екендігін ескертіп отырған.
Қол бастау қиын емес,
Көк найзалы ерің болса.
Жол бастау қиын емес,
Соңыңа ерген елің болса.
Тауып айтсаң береке қылады,
Таптай айтсаң келеке қылады (1,87).
Демек, қазақ қоғамында сөзге талап бәрінен де қатал. Оған «сөз шынына тоқтайды пышақ қынына тоқтайды» - дейтін мақал да дәлел бола алады. Ел арасында шешендікке қатысты құланаян Құлмамбеттің айтатын «сөзімнің қыл өтпейді арасынан» дейтін сөзі де кең тараған. Сөз жоқ, сөзге талап қою, шешендіктің сапасын арттырып, қадірін күшейткен. өз тұсында халық әдебиетін зерттеген Х.Досмұхамедұлы да «Шешен қандай болу керек?» деген сауал тастап, оған халық әдебиетінен мынадай мысал келтірген болатын:
Алқада жауап сөйлесе,
Түюлі сөзден аспаса,
Десте-десте сөз жөнін,
Іретімен сәндесе.
Кемелдігін парықтаса,
Билігін алаш мақтаса,
Түмен жауап айтпаса,
Уәдесін сатпаса.
Қалдырып әділ сөздерін,
Көңілінде шанбаса,
Сабырсыз сөзден қатпаса,
Орнына қойып баршасын,
Бір-біріне шатпаса.
Пікірге кәміл жұрт озған –
Би шешеннің іреті... (2, 23).
Сөзсіз, шешендік сөз суырып салма ақындықпен туыстас. Қысылған жерде қисынын тауып сөз сөйлеу, дағдарған сәтте шешімін тауып кесім айту – тапқырлықты, суырып салмалықты, әрі шығармашылықты талап ететіндігі ақиқат. Аумалы-төкпелі, алмағайып замандарды басынан өткерген халықтың өзіндік басқару жүйесі болды: ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, жағдайын жайлаған шешендері, білімпаз билері болды. Олардың айтқан сөздері кейінгі ұрпаққа үлгі болып, аңыз-әңгіме түрінде бізге жетті. Қазақ ауыз әдебиетінде мұндай аңыз-әңгімелер саны жағынан да, сапасы жағынан да елеулі орын алады.
Аңыз-әңгімелердің қамтитын тақырыптары әр түрлі. Аспандағы ай, күн, жұлдыздар, жердегі тау, тас, өзен, көлдер, қала, қамал, ескерткіштер жайында, өмірде не табиғатта болып жатқан әр түрлі құбылыстар турасында айтылған аңыз-әңгімелер көптеп сақталған.
Қазақ аңыз-әңгімелерінің мол, әрі қызықты бір саласы – тарихи аңыздар. Онда ел басынан өткен ұлылы-кішілі уақиғалар, қауымда елеулі қызмет атқарған қоғам, өнер қайраткерлері сөз болады, олардың ұрпаққа үлгі-өнеге болғандай немесе сақтандырғандай іс-әрекеттері сипатталады.
Сондықтан да мұндай шындыққа негізделген әңгімелердің тарихи да, тәрбиелік те мәні зор. Әуел баста көрген-білгендерінен жеке әңгімешілер, тілмар шешендер шығарған аңыз-әңгімелер бірте-бірте өңделе, жөнделе келіп, тілдік, стильдік жағынан да көркем әңгімеге, новеллаға айналған. Соны аңғарған қазақ фольклортану ғылымының негізін салушы ғалым Мұхтар Әуезов: «Тарихта, ел жадында аты қалған, белгілі бір қылық-әрекетімен елге даңқты болған кісі болса, соның өміріндегі шын болған мінез-қалпынан туғызып, қиялдық тың іс, уақиғалар тізіледі, ондай әңгімелерді аңыз дейді» (3,170), - деп аңыз-әңгімелерге анықтама береді де, пікірін былайша түжырымдайды: «Қазақ халқының тарихымен қатар фольклоры сақтаған аңыз-әңгімелер, әсіресе Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе және Орта Азия халықтарының бәріне ортақ Қожанасыр жайы көбірек және нағыз көркем шығарма болып қалыптасқан».
Қазақтың тарихи аңыз-әңгімелері мен шешендік сөздері мазмұны, құрылысы және көркемдігі жағынан қарағанда бейне бір ауыз әдебиетінің құндағында өсіп-жетілген алғашқы көркем қарасөз, яғни көркем әңгіме, повесть сияқты. Сондықтан да қазақ ауыз әдебиетін алғаш зерттеушілердің бірі – академик Мәлік Ғабдуллин ертегі-аңыздардың әдеби мәні туралы айта келіп: «Халықтың жазу-сызу өнері болмаған кезде туған ертегілер мен әдемі аңыз-әңгімелердің әдебиет тарихынан алатын орны да, мәні де үлкен. Халық ертегілері сюжет құру, образ жасау, тіл байлығын қолдану жөнінде жазба өдебиетіміздің алғашқы үлгілеріне көп әсеретті» (4,73), - деп жазды. Демек, тарихи аңыз-әңгімелер мен сөздер елдің тарихынан, қоғам қайраткерлері мен өнер иелерінің өмірі мен өнерінен және әлеуметтік қызметтерінен мағлұмат береді. Сонымен қатар халықтың тіл байлығын, әдеби тіліміздің қалыптасуын, көркем әдебиетіміздің бастауын көрсетеді.
Халық ауыз әдебиетінде авторы белгісіз немесе пәленше айтыпты делінетін қызықты, қисынды шешендік сөздер, аңыз-әңгімелер көптеп кездеседі. Әдепкіде бұлардың барлығының шығарушысы болғандығы, уақыт өте келе көмескі тартып, халықтық сипатқа ие болғандығы жасырын емес. Қазақ шешендік өнерінің тарихында біздің заманымызға дейін өмір сүрген Ақарыстың (Анахарисис) шығармашылық мұрасының бізге жетпеуі – дер кезінде хатқа түспеуі және араға түскен жылдардың уақыт қатпарында ұлы бабаның айтқан сөздерін халықтық шығармашылыққа айналдырғандығының жемісі дер едік. Алайда, бертіңгі дәуірлерден есімдері белгілі, даңқты би-шешендеріміздің шығармашылығы әлдеқайда жарқын, әрі бізге мүмкіндігінше толығырақ жеткен.
Солардың бірі – біздің дипломдық жұмысымызға арқау болып отырған ұлы жүз –Төле, кіші жүз – Әйтеке билердің замандасы, әйгілі әз-Тәукенің «Жеті жарғысын» шығаруға қатысқан, орта жүздің биі – Қаз дауысты Қазыбек.
Шешендікті сөз сөйлеудің салты ретінде емес, өнер ретінде түсінген, өнер өрісін кеңейтіп, биік белеске көтерген кемеңгер бабамыздың әр сөзінде терең мағына мен астарлы ой, ақылмандық пен көрегендік жатыр.
Баба мұрасы ұзақ жылдар бойы кеңестік идеологияның салдарынан Ә.Мәметованың, Б.Адамбаевтың еңбектерінде шет жағалап айтылып, соңғы жылдары Н.Төреқұловтың, С.Негимовтың зерттеу еңбектерінде лайықты бағасын алып келеді. Әсіресе, жерлесіміз, тарихшы-ғалым Ж.Артықбаевтың «Қаз дауысты Қазыбек» (2000 ж.) монографиясында арнайы зерттеу нысанасына айналды. Дегенмен, Қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың Қазақ тарихындағы даңқы шешендігімен шыққандығын ескерсек, бабамыздың шешендік өнердегі жарқын тұлғасын таныту, ұлттық шешендік өнердің дамуына қосқан үлесін айқындау – диплом жұмысымыздың негізгі мақсаты болмақ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Билер сөзі. -Алматы: Қазақ университеті, 1992.
2. Досмұхамедұлы Х. Аламан. –Алматы: Ана тілі, 1991.
3. Әуезов М. Әдебиет тарихы. -Алматы: Ана тілі, 1991.
4. Ғабдуллин М. Халық ауыз әдебиеті. –Алматы: Мектеп, 1979.
5. Омари Ж. Қаз дауысты Қазыбек. –Астана: Фолиант, 2000.
6. Сматаев С. Қаз дауысты Қазыбек //Егемен Қазақстан, 1991. 16 қараша.
7. Негимов С. Шешендік өнер. –Алматы: Ана тілі, 1998.
8. Адамбаев Б. Халык, даналығы. –Алматы: Мектеп, 1976.
9. Созақбаев С. Тәуке хан. Жеті жарғы. –Алматы: Санат, 1994.
10. Төреқұлұлы Н. Қазақтың 100 би-шешендері. -Алматы: "Қазақстан", 1993.
11. Сматаев С. Елім-ай. –Алматы: Жазушы, 19
12. Байтұрсынұлы А. Ақ жол. -Алматы: Жалын, 1991.
13. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. –Алматы: Жазушы, 1985.
14. Адамбаев Б. Шешендік сөздер. –Алматы: Мектеп, 1967.
15. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 1-кітап. –Алматы: Қазақ университеті, 2001.
16. Адамбаев Б. Қазақтың шешендік өнері. –Алматы: Ғылым, 1984.
17. Адамбаев Б. Тозған Қазды топтанған қарға жейді. –Алматы: Мектеп, 1982.
18. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі /Құрастырушылар: З.Ахметов,Т.Шаңбаев/ –Алматы: Ана тілі, 1996.
19. Жұмабеков К. Қаз дауысты Қазыбек // Қарқаралы журналы. 1998. №1-2.
20. Төреқұлов Н. Нақыл сөздің мәні. – Алматы: Мектеп, 1971.
21. Дәдебаев Ж. Шешендік сөздер. – Алматы: Ғылым, 1993.
22. Төреқұлов Н. Даланың дара ділмарлары. – Алматы: Жазушы, 2001.
23. Қасымова. Қазақ шешендік өнерінің негіздері. – Алматы: Жазушы, 2003.
24. Адамбаев Б. Шешендік өнер. – Алматы: Мектеп, 1999.
25. Адамбаев Б. Алтын сандық. – Алматы: Мектеп, 1989.
26. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991.
27. Жармұхамедов. Шешендік өнер. – Алматы: Мектеп, 1998.
28. Төреқұлов Н. Нақыл сөздің мәні. – Алматы: Мектеп, 1971.
29. Есхожин Шешендік жырлары. Алматы: Ана тілі, 1991.
30. Шынбатыров, Жарқынбаев. Шешендік сөз,ақындық толғаулар,
Алматы: Ғылым. 1985.
31. Жандыбаев. Сөз мәйегі.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
М а з м Ұ н ы

К і р і с п
е ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .3-8

I т а р а у

Қазыбек би жӘне ОНЫҢ дӘуірІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..9-36

II т а р а у

Қазыбек би жӘне ҚАЗАҚ ШЕШЕНДІК Өнері ... ... ... ... ... ... ...37- 49

Қ о р ы т ы н д
ы ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
50-51

Пайдаланылған
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 52-53

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі аса бай мұралардың
бірі – шешндік сөздер. Шешендік сөздер – халқымыздың ғасырлар бойы
қалыптасқан, рухани ойлау сүзгісінен өткен, тұшымды әрі ұтқыр сөз өнерінің
жауынгер саласы. Қазақ шешендік өнерінде өзіндік орны бар, беделді Қазыбек
бидің есімі ерекше екені даусыз. Қазақ шешендік өнері мен Қазыбек биді,
оның өмір сүрген дәуірін суреттеп, соны беттерін ашу жұмысымыздың негізгі
өзектілігі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті.
- Қазақ шешендік өнері жайлы;
- Қазақ шешендік өнері және Қазыбек би дәуіріне тоқталу;
- Қазыбек бидің шешендік келбетін танытатын шешендік толғауларына талдау
жасай отырып, мәнін түсіндіру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Қазақ шешендік өнерінің өзекті мәселелеріне арналған ғылыми еңбектер
көптеп пайдаланылды. Атап айтсақ, М.Ғабдуллиннің Халық ауыз әдебиеті,
С.Негимовтың Шешендік өнер, Б.Адамбаевтың Халық даналығы сынды еңбектер
қарастырылып, талданды. Қазыбек би жайында айтылған пікірлерге шолулар
жасалып, жан – жақты қаралды.
Зерттеу жұмысының құрылымы.
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттерден тұрады.
Шешендік сөздерді тек қана тарихи тұрғыдан ғана емес, практикалық
тұрғыдан қарастырып, зерделеу – бүгіннің талабы. Себебі Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында: Біз қазақ
халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап түлете береміз.
Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениет аралық келісімді, біртұтас қазақстан
халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі аса бай мұралардың бірі – шешендік сөздер.
Сөз жоқ, шешендік сөздер – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан, рухани
ойлау сүзгісінен өткен, тұшымды әрі ұтқыр сөз өнерінің жауынгер саласы. Бір
қызығы – қазақ қоғамында шешендік өнер немесе шешендік сөздердің
араласпайтын мәселесі кемде-кем болған. Күнделікті өмірдегі от басы, ошақ
қасындағы даулы мәселелерден бастап, іргелі, мемлекетаралық деңгейдегі іс-
шараларға дейін шешендікпен көмкеріліп, әділ шешімін тауып отырған.
Қазақ халқы – сөз қадірін өз қадірім деп білген. Кеңдігін де,
кемелділігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге
сыйғызған. Оның тарихы да, тағдыры да, тәлімі мен тәрбиесі де, даналығы мен
дала көңілі де сол сөзде жатыр. Тұла бойдың тылсым сырын сыртқа жаяр, лып
еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат, мұң мен сыр – бәрі сыйған
сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай-ақ білсін. Сондықтан да ол үшін
сөзден өткен күш, құдірет жоқ. Тоқтам жоқ.
Қазақ – ат сүрінгенше ақыл тапқан, ұшқыр ойды қастерлеген, ғасырлар
бойы сөз мұрасын қорғаштап, сөз асылын жоғалтпай келген, ардақтысы да,
аяулысы да сөз болған халық. Сондықтан да, Тоқсан ауыз сөздің тобықтай
түйінін айтуға талап қойған. Небір әйгілі шешендер, дуалы ауыз билер
шаршы топта сыбанып шығып жүйелі сөз бастаудың қиын екендігін ескертіп
отырған.
Қол бастау қиын емес,
Көк найзалы ерің болса.
Жол бастау қиын емес,
Соңыңа ерген елің болса.
Тауып айтсаң береке қылады,
Таптай айтсаң келеке қылады (1,87).

Демек, қазақ қоғамында сөзге талап бәрінен де қатал. Оған сөз шынына
тоқтайды пышақ қынына тоқтайды - дейтін мақал да дәлел бола алады. Ел
арасында шешендікке қатысты құланаян Құлмамбеттің айтатын сөзімнің қыл
өтпейді арасынан дейтін сөзі де кең тараған. Сөз жоқ, сөзге талап қою,
шешендіктің сапасын арттырып, қадірін күшейткен. өз тұсында халық әдебиетін
зерттеген Х.Досмұхамедұлы да Шешен қандай болу керек? деген сауал тастап,
оған халық әдебиетінен мынадай мысал келтірген болатын:

Алқада жауап сөйлесе,
Түюлі сөзден аспаса,
Десте-десте сөз жөнін,
Іретімен сәндесе.
Кемелдігін парықтаса,
Билігін алаш мақтаса,
Түмен жауап айтпаса,
Уәдесін сатпаса.
Қалдырып әділ сөздерін,
Көңілінде шанбаса,
Сабырсыз сөзден қатпаса,
Орнына қойып баршасын,
Бір-біріне шатпаса.
Пікірге кәміл жұрт озған –
Би шешеннің іреті... (2, 23).

Сөзсіз, шешендік сөз суырып салма ақындықпен туыстас. Қысылған жерде
қисынын тауып сөз сөйлеу, дағдарған сәтте шешімін тауып кесім айту –
тапқырлықты, суырып салмалықты, әрі шығармашылықты талап ететіндігі ақиқат.
Аумалы-төкпелі, алмағайып замандарды басынан өткерген халықтың өзіндік
басқару жүйесі болды: ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, жағдайын
жайлаған шешендері, білімпаз билері болды. Олардың айтқан сөздері кейінгі
ұрпаққа үлгі болып, аңыз-әңгіме түрінде бізге жетті. Қазақ ауыз әдебиетінде
мұндай аңыз-әңгімелер саны жағынан да, сапасы жағынан да елеулі орын
алады.
Аңыз-әңгімелердің қамтитын тақырыптары әр түрлі. Аспандағы ай, күн,
жұлдыздар, жердегі тау, тас, өзен, көлдер, қала, қамал, ескерткіштер
жайында, өмірде не табиғатта болып жатқан әр түрлі құбылыстар турасында
айтылған аңыз-әңгімелер көптеп сақталған.
Қазақ аңыз-әңгімелерінің мол, әрі қызықты бір саласы – тарихи аңыздар.
Онда ел басынан өткен ұлылы-кішілі уақиғалар, қауымда елеулі қызмет
атқарған қоғам, өнер қайраткерлері сөз болады, олардың ұрпаққа үлгі-өнеге
болғандай немесе сақтандырғандай іс-әрекеттері сипатталады.
Сондықтан да мұндай шындыққа негізделген әңгімелердің тарихи да,
тәрбиелік те мәні зор. Әуел баста көрген-білгендерінен жеке әңгімешілер,
тілмар шешендер шығарған аңыз-әңгімелер бірте-бірте өңделе, жөнделе келіп,
тілдік, стильдік жағынан да көркем әңгімеге, новеллаға айналған. Соны
аңғарған қазақ фольклортану ғылымының негізін салушы ғалым Мұхтар Әуезов:
Тарихта, ел жадында аты қалған, белгілі бір қылық-әрекетімен елге даңқты
болған кісі болса, соның өміріндегі шын болған мінез-қалпынан туғызып,
қиялдық тың іс, уақиғалар тізіледі, ондай әңгімелерді аңыз дейді (3,170),
- деп аңыз-әңгімелерге анықтама береді де, пікірін былайша түжырымдайды:
Қазақ халқының тарихымен қатар фольклоры сақтаған аңыз-әңгімелер, әсіресе
Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе және Орта Азия халықтарының бәріне
ортақ Қожанасыр жайы көбірек және нағыз көркем шығарма болып қалыптасқан.
Қазақтың тарихи аңыз-әңгімелері мен шешендік сөздері мазмұны, құрылысы
және көркемдігі жағынан қарағанда бейне бір ауыз әдебиетінің құндағында
өсіп-жетілген алғашқы көркем қарасөз, яғни көркем әңгіме, повесть сияқты.
Сондықтан да қазақ ауыз әдебиетін алғаш зерттеушілердің бірі – академик
Мәлік Ғабдуллин ертегі-аңыздардың әдеби мәні туралы айта келіп: Халықтың
жазу-сызу өнері болмаған кезде туған ертегілер мен әдемі аңыз-әңгімелердің
әдебиет тарихынан алатын орны да, мәні де үлкен. Халық ертегілері сюжет
құру, образ жасау, тіл байлығын қолдану жөнінде жазба өдебиетіміздің
алғашқы үлгілеріне көп әсеретті (4,73), - деп жазды. Демек, тарихи аңыз-
әңгімелер мен сөздер елдің тарихынан, қоғам қайраткерлері мен өнер
иелерінің өмірі мен өнерінен және әлеуметтік қызметтерінен мағлұмат береді.
Сонымен қатар халықтың тіл байлығын, әдеби тіліміздің қалыптасуын, көркем
әдебиетіміздің бастауын көрсетеді.
Халық ауыз әдебиетінде авторы белгісіз немесе пәленше айтыпты
делінетін қызықты, қисынды шешендік сөздер, аңыз-әңгімелер көптеп
кездеседі. Әдепкіде бұлардың барлығының шығарушысы болғандығы, уақыт өте
келе көмескі тартып, халықтық сипатқа ие болғандығы жасырын емес. Қазақ
шешендік өнерінің тарихында біздің заманымызға дейін өмір сүрген Ақарыстың
(Анахарисис) шығармашылық мұрасының бізге жетпеуі – дер кезінде хатқа
түспеуі және араға түскен жылдардың уақыт қатпарында ұлы бабаның айтқан
сөздерін халықтық шығармашылыққа айналдырғандығының жемісі дер едік.
Алайда, бертіңгі дәуірлерден есімдері белгілі, даңқты би-шешендеріміздің
шығармашылығы әлдеқайда жарқын, әрі бізге мүмкіндігінше толығырақ жеткен.
Солардың бірі – біздің дипломдық жұмысымызға арқау болып отырған ұлы
жүз –Төле, кіші жүз – Әйтеке билердің замандасы, әйгілі әз-Тәукенің Жеті
жарғысын шығаруға қатысқан, орта жүздің биі – Қаз дауысты Қазыбек.
Шешендікті сөз сөйлеудің салты ретінде емес, өнер ретінде түсінген,
өнер өрісін кеңейтіп, биік белеске көтерген кемеңгер бабамыздың әр сөзінде
терең мағына мен астарлы ой, ақылмандық пен көрегендік жатыр.
Баба мұрасы ұзақ жылдар бойы кеңестік идеологияның салдарынан
Ә.Мәметованың, Б.Адамбаевтың еңбектерінде шет жағалап айтылып, соңғы
жылдары Н.Төреқұловтың, С.Негимовтың зерттеу еңбектерінде лайықты бағасын
алып келеді. Әсіресе, жерлесіміз, тарихшы-ғалым Ж.Артықбаевтың Қаз дауысты
Қазыбек (2000 ж.) монографиясында арнайы зерттеу нысанасына айналды.
Дегенмен, Қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың Қазақ тарихындағы даңқы
шешендігімен шыққандығын ескерсек, бабамыздың шешендік өнердегі жарқын
тұлғасын таныту, ұлттық шешендік өнердің дамуына қосқан үлесін айқындау –
диплом жұмысымыздың негізгі мақсаты болмақ.
I т а р а у

Қазыбек би жӘне ОНЫҢ дӘуірІ

Қаз дауысты Қазыбектің кіндік қаны тамған топырағы, туған мекен-жайы,
ешбір хат-шотта сақталмаған. Ж.Омаридің пікірінше даңқты бабамыз Сыр
бойында туыпты. Өйткені он жетінші ғасырдың екінші жартысында Жоңғар
хандығының басым түсіп отырған шабуылының әсерінен ата қонысынан ығысқан
Қазақ жұртының Алтай мен Арқаны еріксіз тастап, Сыр бойы мен Қаратау
өңіріне жөңкіле құйылғаны тарихтан мәлім. Қаз дауысты Қазыбек тарихи
деректер бойынша 1667 жылы сол өңірде туып, 1764 жылы тоқсан жеті жасында
дүниеден өткен (5,38).
Қазыбектің сүйегі – Орта жүз Арғын ішіндегі Қаракесек (Болатқожа).
Қазыбектің өз әкесі – Келдібек, ұлы әкесі, яғни атасы Абыз атанған Шаншар.
Бабасы – Бұлбұл. Шетінен тілге шешен, сөзге ұйыған, уәжге тоқтаған
біліктілер болыпты бұлар. Қазыбектің атасы Шаншардың ескіше көп оқып, көп
тоқып, төңірегіне ақыл -кеңесімен, үлгі-өнегесімен ерекшеленіп Абыз атануы
да тегін емес.
Қазыбектің анасы – Тоқмейіл. Қазыбек – осы Тоқмейілден туған алты
баланың ең үлкені екен. Тоқмейілдің әкесі Сүлеймен деген кісі осынау ғұлама
жанмен көрші болу үшін қасына әдейілеп көшіп келмесе, Келдібек пен
Тоқмейілдің бір-бірімен кездесуі, отау құруы жайындағы ел аузында аңыз
болған хикая таралмас па еді, халықтың кемеңгер көсемі болған Қаз дауысты
Қазыбек өмірге келмес пе еді. Әрине, себепке себеп десек те, талғампаз
тағдырдың кей-кейде қиыннан қиыстырып, алысты жақындатып, болмасты
болдыртып, осындай бір құдіреттерді жасай алатынына таң қалмасқа және
болмайды. Қалай десек те, 1667 жылы шыр еткен іңгәсімен дүние есігін ашқан
нәресте – өсе келе Үйсін Төле бимен, Алшын Әйтеке бимен терезесін
теңестіріп, қазақ халқының кемеңгер үш биінің бірі – Қаз дауысты Қазыбекке
айналып еді.
Қазыбектің ат жалын тартып мінген тұсы халқының қиын-қыстау
тағдырымен дөп келгендіктен жүйрік мініп, сұлу киініп, бала тірлік кеше
алмаған. Әрине, бедеу мінгізіп, бүлде кигізіп, нөкер ертем десе, қызды
ауылдың сыртында түн күзетіп, торғын шапан жамылған бұлықсыған бойжеткенді
оңаша құшам десе, әке дәулеті жетер де еді. Бірақ, есі кіргеннен ел
бетіндегі мұңды ел бетінен қууды, сол мұң торлаған ел жүзіне күлкі шырайын
енгізуді өмірлік мақсат қып алған ғой. Содан да ол ел ісіне ерте араласып,
ел дауын шешуді өз басына ғұмырлық міндет етіп еншілеп алып, ел бірлігін
сақтаудың төте жолына тайсалмай түсіп кеткен-ді (6).
Бала би деген аттан дана би деген атаққа дейін көтерілген Қазыбектің
ғұмыр жолы он жетінші, он сегізінші ғасырлардағы қазақ халқының аса бір
қилы кезең, дүрбелең дәуірінің шытырман оқиғаларымен тікелей байланысты.
1680 жылы, Қазыбек он үш жасқа толғанда кейінде әз Тәуке атанған Тәуке
қазақ хандығының тағына отырып еді. Есім ханның кезінде "алты алаш" атанып:
Қазақтың үш жүзі мен ноғай, башқұрт, өзбекті құраған қазақ даласындағы
хандықтың бірлігі әлсіреп, ноғай, башқұрт, өзбек одақтары ыдырап, енді
"төрт алаш" атауымен үш жүзге қырғыз ұлысы қосылып, Тәукенің қол астына
жиналады. Осы терт алаштың басына төрт биді – ұлы жүзге Төлені, Орта жүзге
Қазыбекті, Кіші жүзге Әйтекені және Қырғыз биін қырғыз ұлысына қойып, солар
арқылы ел басқару тізгінін өз қолында ұстап отырған.
Тәуке тұсында қазақтың шығыстағы көршісі – Жоңғария хандығының негізгі
халқы – ойраттар ат арқасын құрғатпай жиі шабуылдап тұрған. Бірде ойрат,
бірде қазақ жеңіп, ит-жығыс түсіп жатқан жерде елшіліктің, мәмлегерліктің
ықпалы мол болады. Сондайда атақты үш бидің еңбегі ерекше сіңген. Ол
жөнінде белгілі әдебиетші-ғалым С.Негимов былай дейді:
Қаз дауысты Қазыбек Жоңғария хандығына елшілік, мәмілегерлік жолмен
үш рет барған. Бұған ел аузындағы аңыз-әңгімелер куә. Жол бастаған
көсемнің, сөз бастаған шешеннің атақ-даңқы бірінші рет атқосшы ретінде
барғанда-ақ шыққан. Жобамен айтқанда, ХVІІ ғасырдың 80-жылдарына сәйкес.
Жас шамасы 14 пен 15-тегі кезі. 1680-1684 жылдарда жоңғарлықтар Қазақ
даласына ойран салып, мал-мүлкін алып, кісілерін тұтқындап, қанды қырғынға
ұшыратқан. Бұл кезде ел тізгінін ұстаған Тәуке хан еді. Қалмақ хонтайшысы
Ғалдан Бошакту (кейде Қоңтәжі деп те атайды) еліне Тайкелтір би бастаған
елшілер тобын ұйымдастырған Әз Тәуке тәрізді. Сонда Әз Тәуке дана биге
Қазыбек баланы тапсырып, жауды алмас қылышпен әлсіретіп жеңуге болады,
мылтықпен дәлдеп атып жер жастандыруға болады, сегіз қырлы семсер сөзбен
тереңнен толғап елжіретіп жеңуге болады деген екен. Мал-жанды тегіс
құтқарып, дүние-мүлікті Қаз қалпында елімізге алып қайтыңдар деп батасын
берген екен (7,84), - деп жазады. Ал, жазушы С.Сыматаев бұл дерекке орай
өз ойын былайша білдіреді:
1710-11 жылдары Қазақ-ойрат шабуылдары кезінде Қазақтар ойратты біраз
тықсырып, сәл де болса үстемдеу шығыпты. Осыдан кейін Жоңғар хандығы
бұрынғыдай өршуін тежеп, бітімшілікке шақырғаны тарихтан аян. Осы
бітімшілікке барған елшіліктің ішінде Қазыбек би де болған деп кесіп
айтпасақ та, болжауға әбден ретіміз бар. Ұзақ ғұмырында Жоңғария хандығына
елшілік, бітімшілік, мәмлегерлік міндетпен үш рет барған Қаз дауысты
Қазыбек нақ сол жылдарда ойраттарда болуға тиіс (6) – деген тұжырым
жасайды.
Мәселе, бұл жерде Қазыбек бидің нешінші реткі елшілігі екендігінің
айқындалмауында болып отыр. Әйтпесе, екі деректің айырмашылығы айқын
көрініп тұр. С.Негимов алғашқы елшілікті 1680-1684 жылдар аралығы деп
көрсетсе, С.Сматаев 1710-1711 жылдарды атап отыр. Демек, дерек көздерінде
қайшылық бар. Алайда, тарихшы, ғалым Ж.Омари Қаз дауысты Қазыбек
кітабында бұл сауалға толық жауап берген. Ғалымның айтуынша: ...Қазақ
елшілері 1683 жылы бірнеше ай жүріп, күз түспей Қазақ жеріне оралған
(5,93).
Бірақ, біз үшін тарихи даталардан гөрі Қазыбекті Қаз дауысты деп
Жоңғар хонтайшысының атағандығы, Қазыбектің екі иығынан от шашқан екі аюдың
осы сапарда көрінгендігі, ең маңыздысы – шешендік өнерге бет бұрған
Қазыбектің шығармашылық айбынын асырған, тегеурінді даналық сөздерінің
шешендік өнер тарихынан терең із қалдыруы. Ұлы бидің тұтас елге танылу
сапары осылай басталса керек.
Әрине, дәл осы елшілік жөнінде жазылған құжаттың әзірше жоқтығын
ескерсек, ел аузындағы аңыз әңгімелер Ж.Омари негіз етіп отырған шындық
сүрлеуіне бастар бірден бір адастырмас шиыр. Ендеше осы аңыз, хикаяларды
салыстырып, салмақтап, екшеп, байқап, содан соң ақиқатқа сәйкес, ұғымға
лайықты пікірімізді ұсынуды жөн санадық.
Бір аңыз бойынша былай дейді:
Қанды қырғын ұрыстан кейін бейбітшілік жолымен бітімге келу үшін
Қазақ пен ойрат бір-біріне мәмлегер елшілік жібермек болады.
Жоңғария хонтайшысы (сірә, Цеван – Рабтан болса керек) "Қазақтың
атақты үш биінің бірі келсін. Аузынан сөзі, қойнынан бөзі түсіп тұрған иіс
алмас біреу келсе, бітім болмайды" - деп қолқа салады. Осы хабарды естіген
үш би қырандай дүр сілкініп, әрқайсысы өзі бармаққа ниет қылған екен.
Төрде отырған Төкең екі биге кезек қарап, екі етегін қымтанып, екі
иығын қомданып қойып, тамағын қырнапты:
– Уай, қос інім, қос шырағым! Аға боп алдарыңа түсейін деп тұрмын.
Ағаң – алдындағы әуелеп өскен дарағың. Інің – қанатың мен құйрығың, қайрап
салар жарағың. Артымда сендер барда қанат жайып самғармын, алдаспанды
сермермін. Дауласқанды жайғармын, жауласқанды жерлермін. Мен барайын бұл
жолға! - депті.
Сонда Әйтеке жай оғындай жарқ етіп, жайраң қағып, шапшаңдық танытыпты.
– Уай, Төкем! Аға – бордан, іні – зордан демей ме. "Іні – найза, аға
– қорған" демей ме. Арқамды қорғанға тіремеймін бе, найзамды ерсілі-қарсылы
іремеймін бе?. Жағаласқанды жапырып, дауымды аршып, күремеймін бе. Менің
баруым жөн емес пе? - дейді ғой.
Сол кезде қоңыр қаздың дауысындай дауысын бір жотадан екінші жотаға
асыра саңқылдап Қазыбек есіліп кетіпті.
– Уай, асыл ағам! Уай, асқақ інім! Ағасы бардың жағасы бар емес пе.
Жағасы бардың тоқсан пәледен сақтар панасы бар емес пе. Інісі бардың тынысы
бар емес пе. Тынысы бардың елде – ырысы, жауда – ұрысы, дауда – жұмысы бар
емес пе.
Екі би үнсіз бас шұлғып, бірақ тіл қатып, ләм дей қоймапты. Қаз
дауысты Қазыбек енді Төле биге еңсеріле бұрылыпты.
– Бүтін билікке Төле жеткен, бүтін хандыққа Есім жеткен. Қазақта
хандыққа жолсыз таласқандар болғанмен, билікке жөнсіз таласқандар болған
емес. Ендеше, әділ би, әділетін өзің айт. Аттың басы күшті ме, белі күшті
ме, құйрығы күшті ме?
– Шырағым Қазыбек, жол бастайды әманда омырауы жүйріктің. Бөгелекті
қуарда пайдасы мол құйрықтың. Аттың белі қызметті көп қылар, саған кепті
кезегі осы жолғы бұйрықтың. Жай онда қолыңды!

Атасызға ата бол!
Батасызға бата бол!
Арып-ашқан қаріптің
Жел жағына жота бол!•
Панасызға пана бол,
Кек сақтамас бала бол!
Дос сүйініп, қас сыйлар,
Асу бермес дана бол (8,118) -
деп батасын беріп аттандырып салыпты.
Хош. Қазақтан келген елшілерді сынау үшін хонтайшы қарапайым киініп,
белін жіппен буынып, түсіне кәрілік сипат өң беріп, жотасына бөстек-өркеш
өңгеріп, Қазыбектер түскен үйге келеді. Әңгімеден әңгіме туындап, бара-бара
сұрақ-жауап додасы басталып кетеді.
– Әуелінде не бар? Ортасында не бар? Ақырында не бар? - деп бүкір
кейпіндегі хонтайшы Қазыбекке шаншыла қарайды.
– Арға мінәжат етілсе, барға қанағат етілсе, әуелінде ынтымақ,
ортасында береке, артында шүкірлік тұрмас па, - деп Қазыбек бір түйіп
қойыпты.
– Аспан мен жердің арасы қаншалық жол? - деп "бүкір" хонтайшы қыңырая
қадалыпты.
– Бір-ақ шақырым жол ғана. Олай дейтінім, ешкім аспан мен жердің
арасын құлаштап өлшеген жоқ, қадамдап басқан жоқ. Күн күркіреп жауғанда, ел
дүрлігіп сасатын, құлақтарын басатын. Сонда күн күркірі шақырым жерден
жететін. Кемпір-қосақ құрылып, аспан мен жерді табыстырып кететін.
Доғаланған иіні шақырымдай-ақ жерден өтетін,- деп Қазекең тағы бір қайырып
тастапты.
– Батыс пен шығыстың арасы қаншалық жер? - деп кірпіше жиырылған
хонтайшы кіржие қалыпты.
– Небәрі күншілік жер ғана. Олай дейтінім, азанда шығыстан атқан күн
ымыртта батысқа шаршап батады. Күншілік жер жүріп өтіп ұясында қалжырап
жатады. Ал кереметті көзбен көрген, шығыс пен батыстың арасында зымыраған
күнге ерген адамзатты естіген емеспін, - деп соңғы рет кесіп түскенде,
хонтайшы үн-түнсіз шығып жүре беріпті.
Содан көп кешікпей келіссөз басталып кеткен ғой.
Біз Қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан
елміз... - деп басталатын атақты дауын Қаз дауысты Қазыбек бабамыз дәл осы
сапарында айтуы да мүмкін деген пікірді қостағымыз бар. Не десек те, осы
елшілік екі елдің арасындағы дау-жанжалды бейбіт жолмен тындырып, бітім
тапқызып, екі елдің жер шебін белгілетсе керек (6).
Ойрат пен Қазақ бітімінен кейін тұтқын алмастыру болған ғой. Сол
кезеңнің тағы бір үлгілі аңызына құлақ түрейік.
Сол жолғы сапарынан туған жерге оралып келе жатқан Қазыбек шағын
тобымен жол-жөнекей Қоңырат руының бір жігітінің үйіне қонып қалыпты.
Қонақжай қазақ дәстүрімен қолын қусырып, қойын сойып, құрақ құшып
қымызын ұсынған үй иесінің жүзі сынық, көңілі күпті көрінген ғой. Қонақтар
әліптің артын бағып, суырыла сөйлеп, сұғына қоймапты. Ет пісіп, табаққа
түсіп қонақтар алдына келіп те қалады. Сыйлы меймандардың мүшелі сыбағасын
турап берген жігіт енді бір табақ етті майдалап кесіп, құрулы тұрған
шымылдықты түріп қалып, ағаш төсекте жатқан иттің алдына апарып қойыпты.
Қонақтар аң-таң боп, үнсіз отыра берген ғой. Жігіт сыртқа шығып кетіп,
үй қасындағы үйшіктен үсті-басы алба-жұлба, мойнына дорба салған, шашы
ұйысқан, бет-аузы тырысқан, көзі кіртиген, өңі оңған бір әйелді ертіп
кіріп, итаяқтағы сүйек-саяқты алдына итере салыпты.
Қазекең тіксініп қалып, қолын майлыққа сүртіп, кейін шегініп арқасын
жүкаяққа сүйеп, қасын қиғыштай кере үй иесіне шаншылып қарапты. Жігіт те
түйсіксіз болмаса керек, қолын кеудесіне төсеп, бас иіп, хикаясын бастап
кетіпті.
Сөйтсе, келіншек жігіттің қыздай айттырып алған әйелі екен. Содан
бірер жыл бұрынғы ойрат шабуылында қолды боп кетіпті. Қазақ-ойрат бітімінен
кейін келіншегін іздеп барған жігітті некелі жары кеудеден итерген ғой.
Тұтқында жүріп тұрмыс құрған ойрат күйеуіне әбден бауыр басып алған
бәтшағар шіркін бұрынғы қазақ отағасына пысқырып та қарамай қойыпты. Қолға
түскендерді тегіс қайтару керек дейтін хонтайшы әміріне бас иген ойраттың
жігіті: Көнсе, алып кете бер деп мәрттік танытыпты. Әйелді иліктіре алмай
әбден мысы құрыған жігіт: Алыстан әдейі іздеп келіп ем, ең болмаса әудем
жер шығарып сал деп келіншекке жалынады. Амалсыз ілескен әйелді ұзап шыға
беріп, мойнына қыл шылбырды тастап жіберіп, артына қағып салып, іліп ала
жөнеледі. Ер жігіттің аты – қанаты. Түнімен құйғытып, таң ата Қазақтың жер
шебіне жеттім деген мезетте артынан шаң көрінеді. Жарамды атпен қуып жеткен
кең жауырынды ойрат күйеу екен. Анадайдан айқайлап, дабылды қағып қалады
ғой, Енді бұл әйелді жеңген алар. Кел, бауырым. Сенімен аянбай бір
ойнайын!, - деп қылышын ала ұмтылады. Жігіт те аттан қарғып түсіп,
қарсысына шыға беріпті. Дәл сол кезде әйел жігіттің аяғынан шап беріп,
екеулеп жерге алып ұрады. Ойраттың астына түсіп, өлгелі қалғанда күшігінен
асыраған иті жауын жарып тастапты. Содан бері өмірін сақтап қалған итті
қадірлеп, иттік жасаған әйелге итаяқтан ас беріп жүрген екен (6).
Қаз дауысты Қазыбек ұзақ ойланып отырып, бір кезде қоңыр Қаздай қаңқыл
дауысты көмейден төгіпті деседі:
– Жүрекке әмір жүрмейтінін білмей, құштарлықтың қызыл тілді
күрмейтінін білмей, сен жүректі білекпен жеңбек болыпсың. құшағына
өктемдікпен енбек болыпсың. Сенің өктемдігіңе көнбеген бұл айыпты емес,
жүрекке ерік бермеген сен айыптысың. Одан соң бұл әйел басқаны ұнатқаны
үшін емес, жауына болысып, сені құлатқаны үшін айыпты. Сонымен айыпты айып
жусын да ашуды ақыл қусын. Бұл әйел тµркінін тапсын. Сен өзің өшпенділіктен
босап, еркіндігінді тап! - деп кесігін шорт кесіпті би бабамыз.
Тағы бір аңыз мынандай бір сыр шертеді.
Дәл осы бітім тұсында әлде келушілердің көзіне түсе қоймаған ба, әлде
іздеушісі болмаған ба, қаршадай ғана қозышы қазақ баласы жылқының бас
сүйегін құшақтап: Толыбай сыншының баласы деп мені кім айтады, алдына қара
салмаған тұлпардың басы деп сені кім айтады? - деп еңіреп отырған жерінен
хонтайшы әлгіні шақыртып алады.
– Балам, сен тұлпарды танимысың? Онда мыналардың ішінен маған
тұлпарды көрсетші, - деп мың-мындаған жылқысын айдап өткізеді.
– Тұлпар жоқ, тақсыр. Ылғи жабы жинапсыз, хан ием! - дейді бала.
– Онда сен маған елімнен тұлпар тауып бересің. Таппасаң, басыңды мен
шауып берем! - деп хонтайшы баланың қасына кісілерін қосып, хандығын
аралатып жібереді.
Апта жүреді, ай жүреді – тұлпар кездеспейді. Ханға не деп жауап
беремін? - деп аландап келе жатқан баланың көзі өзенде ағып бара жатқан
жылқының тезегіне түсіп кетеді ғой. Қуанған бала: Тап анау тұлпардың
тезегі! деп айғайлап жіберіпті. Өзенді өрлеп, құйғыта жөнелген бұлар су
жағасында дамылдап жатқан саудагерлерге кездеседі. Баланың көзі сал сүйек,
көтерем, арқасы жауыр атқа түскен бойда айрылмай қалғанын көріп,
қасындағылар әлгіні бір бедеуге айырбастап алады.
Көтеремді жетектеп хонтайшыға әкеліп көрсетеді ғой. - Тулақтан тұлпар
іздеген бұл ақымақ па, малшыдан сыншы іздеген мен ақымақ па? - деп хонтайшы
арық атқа осқырына қарапты.
– Тақсыр, біздің елде ерді кебенек ішінде таны, түйені жүк астында
көр, тұлпарды бәйгеде сына деген мақал бар. Жылқы жануарды күніне мінсе –
есек, айында мінсе – ат, жылында мінсе – тұлпар деген емес пе. Сіз бұған
он қысыр биеден үйір салып беріңіз. Жылында кезегімен біреуін сойып көріп,
тұлпардың толған уағын өзіңізге айтып берем, - дейді бала.
Содан әлгі көтерімді үйірге салып, жайлауға айдап кетіпті.
Жылда бір биені сойып байқап жүрсе, жетінші жылғы сойылғанының жілік
майы ақ кемік болған көрінеді дейді.
Тұлпардың мүддеге толғанын білген сыншы енді оны баптап, суытуға
кіріседі. Сымға тартқан күмістей болған тұлпарды бәйгеге қоспақ болады. Хан
бүйрығымен бүкіл елден арғымақтар жиналып, күншілік жерге жіберіледі ғой, ә
дегенде тұлпар қиқақтап шаба алмай, жарысқа қосқан сәйгүліктердің ең
соңында қалып қойыпты дейді. Анау да, мынау да мазақтап ағызып өтеді екен.
Бір кезде өз-өзінен еліріп, өршіген ат сәске түсте алдында самғап бара
жатқан арғымақтардың бәрін көктей өтіп, күн қыза хонтайшының алдына қара
үзіп жетіп барған ғой.
– Аз да болса дәмдес, түздас болып ем, сау бол, хан ие. Ит тойған
жеріне, ер туған жеріне деген. Арманым бір тұлпар еді, міне сұңқар боп
еліме ұшып барам, - деп бала жігіт батысты бетке алып, тартып беріпті
деседі.
Бұл шақта Толыбай сыншы құсадан жатып қалған екен. Күншілік жерден
тұлпардың дүбірін естіп, орнынан атып тұрған көрінеді.
– Тұлпар дүбірі жетіп тұр, қашып шыққан ұлым болар-ал осы!.. Қас
тұлпар басын тасқа соқпай тоқтамаушы еді, амалдап баланы түсіріп алайық, -
деп Толыбай сыншы арқан кергізіп, кілем төсетіп қойыпты ғой. Әлгі керілген
арқан баланы тұлпардың арқасынан сыпырып қалып, кілемнің үстіне топ еткізіп
түсіріпті дейді. Құйғытқаннан құйғытқан тұлпар басын тасқа соғып, мең-зең
боп, Жиделі-Байсынға жетіп бір-ақ тоқтаған ғой. Ол жақтағы жұрт оған дейін
жылқы тұқымын көрмеген екен деседі аңызда. Бір қария әлгі тұлпарға қарап
тұрып: "Бұл өзі төрт тұяғы болат жылқы деген мал екен, жүрген жері
жаугершілік пәле екен. Құтырғаннан құтылған абзал" деп жануарды атқызып
тастапты - деп аяқталады аңыз.
Халық тағдырының қиын-қыстау шағында, ел өмірінің аса қиын кезеңінде
шұғыл жасалатын құбылыстар – төңкерістер, өзгерістер, реформалар әл заманда
сол халықты билеген әкімнің, басшының пәрменді әрекетімен тікелей
байланысты болған. Осы тұста біз қазақ жұртының болашағын, туған халқының
тарихтан өшіп кетпеуін тілеген Тәукенің, ел ауызында құрметпен Әз Тәуке
аталған ұлы ханның еңбегін ерекше атап кеткеніміз жөн. Ол хандық құрған
(1680-1718) тұстың бас кезінде бір орталыққа бағынған бұрынғы дербес Қазақ
мемлекетінің тұтастығына сызат түсе бастаған еді. Шыңғыс хан тұқымынан
тараған төрелер елді іштен ірітсе, сырттан теріскей көршісі Ресей патшалығы
мен шығысындағы Жоңғария хандығы қорқаулана қоршай түскен болатын.
Бірінші Петр тұсында қатты дәуірлеген Ресей оңтүстік пен шығысқа
құлашын кең созып, империясын барынша молайтуға жанталаса әрекет жасап
жатқан кез еді ол. Дәл осы кезеңде қазақ жұртының іргесінен дамылсыз шаң
боратып, шабуылы мен шаңдуылын үдетіп Жоңғар хандығы қатты бел алып тұрған.
Ол аздай-ақ Бұқар мен Хиуа хандықтары, төменгі қалмақтар мен башқұрттар
"түрт шайтанды!" қоздырып қойып, саяқ шыққан Қазақтың мал мен жанын қылғып
жұтып, құнығып алған еді.
Сондықтан да Әз Тәуке шығысындағы ойраттардан төнген қауіптің алдын
алу үшін батысындағы орыс патшалығымен барлық қарым-қатынасты түзеуге
мейлінше күш салған. Сауда-саттық, елші алмастыру, дипломатиялық
байланыстарды жандандыруда Тәукенің қызметі өте мол. Және де оның Қазақ
хандығын бас сауғалаған кіріптар күйде ұсынбай, іргелі ел, темірқазықты
мемлекет дәрежесінде қабылдатып, батыс-шығыс көршілерімен иығын теңестіріп,
терезесін тең ұстап сөйлеуді дәстүрге айналдырғаны көптеген архивтік
құжаттардан белгілі. Болжағыштығы мен көрегендігі қауіп-қатердің алдын
алғызып, қазақ жұртына төне бастаған зобалаңның бұлты мен түтінін бұрып
жібертіп отырғаны да тарихтан мәлім.
Әз Төукені сыртқы басқыншылардан да гөрі әсіресе, ішкі алауыздық қатты
қобалжытқан ғой. Содан да ол осы бас араздық, ру таласы, іштей арбасу,
аяқтан шалу, шоқ тастап өрт тұтату, үй арасының шаңын қоюлататын дау-
жанжал, ұйқыны алып, шырық бұзатын барымта, сырымталарды азайту, тежеу
өшіру үшін хандықтың ішкі жағдайына ерекше назар аударып, мемлекетінің
күш-қуатын арттыруды алдына үлкен мақсат қып қойған-ды. Сол мақсаттың түп
қазығы — ұлы жүзде билік құрған Үйсін Төле бидің, Орта жүзде әділ қазылық
жасаған Қаз дауысты Қазыбектің, Кіші жүзде әділеттік жүргізген Алшын Әйтеке
бидің қатысуымен дүниеге келген "Жеті жарғы" еді. Қазақ даласының ереже-
қағидаларының үлгілі нұсқасы, халықтың тәртіп-низамының, салт-дәстүрінің
әсем жиынтығы — "Жеті жарғы" Қазақ қоғамына біртұтастық беріп, ынтымақтық
әкелді. Ал ол үйдің берекесін қашыратын талас-тартысты азайтып, бірлікке
үндеді. Күншілдік, бақталастық, қызғаншақтық сияқты күйдіргі дерттен
айықтырып, шаруаға құлшындырып, еңбекке баулып, қарекет-тірлікке икемдеді.
Ел басы қосылып, ер қосы көркейіп, ел жасы азамат аталып, ұлдан ұлан өсіп,
ұлт қадірленіп, халық өз қасиетін таба бастап еді. Әрине іргелі елдің
ірілігі бірден келе қойған жоқ-ты. Ол екі тізгін бір шылбырдың қарулы қолға
тигендігінің арқасында болған-ды. Ол тізгін — Тәуке хан меңгерген хандық
билік еді. Ол тізгін — Тәуке хан маңайына топтасқан үстем тап өктемдігі де
еді. Ол тізгін – бүкіл халықтық әдет-ғұрыпты, тәртіп-низамды қамтамасыз
ететін һәм қорғайтын бірден-бір дала заң-жосығының жинағы еді. Ол тізгін –
елдің елдігін, халықтың бірлігін сақтап, азаматтығы мен тәуелсіздігі үшін
кеудесін оққа төсеп, жанын құрбандыққа шалатын ерлік пен жанкештілікке
апаратын, арды шыңдап, намысты қайрайтын Адамдық пен Әділет нұсқаулары еді.
Әлбетте "Жеті жарғыдай" заң нормалары тақыр жерден өздігінен туа салмайды.
Осы жарғының негізіне Тәуке хан "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның
ескі жолы" деп аталатын байырғы Қазақ хандарының мемлекеті басқару мен
халықты билеудің қалыптасқан жосықтары мен низамдарын алған. Ал сол
кезеңнің үш данасы атанған, үш кемеңгері деп танылған, халқының үш көсеміне
айналған Төле би, Қазыбек және Әйтекелер сайын сахараның сол замандағы
тұрмыс-тіршілігіне, қоғамдық һәм әлеуметтік ортасына икемдей түсіп,
сәйкестендіре екшеп, жаңғыртып қайта жасаған ғой. Сондықтан да бұл жарғы
"Тәуке хан зандары" деп те аталады Сондықтан да бұл жарғы "Төленің жеті
жарғысы", "Қазыбектің жеті жарғысы", "Әйтекенің жеті жарғысы" деп те
аталады. Ендеше біз енді "Қазыбектің жеті жарғысында" қандай жосындар
болған еді дейтін сұрақтарға жауап іздеп көрелік.
Қарағанды облысында шығатын "Қарқаралы" журналының бірінші санында:
"Көне түрік тілінде "жарғы" деген сөздің "жарлық" деген тұлғада айтылып,
Қазақ тіліндегі "әмір, билік, заң" деген мағына беретінін, ал бүгінде
баршаға жақсы мәлім "Кодекс Куманикусте" "жарғы " сөзі "дау, айтыс,
тартыс", "әмір", "әдет-ғұрып заңы" ұғымын білдіретінін, оларға жер дауы,
құн дауы, барымта, айып-жаза, алым-салық және басқалар енетінін еске алып,
болжайтын болсақ, "жеті жарғы" деген сөздің жеті салада, жеті бағыт-
бағдарда, жеті бап-пункт бойынша сараланған жарлық-әмір, байлам-тоқтам
деген ұғым болса керек", делінген. Әдемі айтылған, дәл айқындалған
түжырым. Әдет-ғұрып нормалары елдің жер-суын, қоныс-құдығын бөлуде, малының
ен-таңбасын анықтауда, әртүрлі дау-жанжалды шешуде жоба-нұсқаға айналып,
құн мен айып төлеудің жайы мен мөлшерін белгілеуді де ретке келтірген еді.
"Қазыбектің жеті жарғысының" өзінен бұрынғы жарлықтардан бір
әзгешелігі – қатал кесім, қанды өлімге тыйым салғандығы. Әріден беріге
қанды өткел салып, қарғыс зауалындай суық сұсты ажалын сүйреп жеткен "қанға
– қан, жанға – жан" дейтін тоқтам-байламды барынша жеңілдетіп, енді құн
төлеу сияқты жаза, кесік түрлерін далалық құқыққа енгізген болатын...
(9,18).
Ел ауызындағы аңыздарға сүйеніп, халықтық дастандарға жүгінсек, онда
Қазыбек, Төле, Әйтеке түзген "Жеті жарғының" ұзынырғасы төмендегі
жосындарды қамтитын болған тәрізді.
Бірінші һәм негізгі сала – жер дауы. Қыс қыстау, жаз жайлау, қоныс,
құдық-мал баққан елдің атадан балаға мирас қып қалдыратын еншісі. Өйткені
жер – атамекен, кіндікжұрт, отан. Жер – тіршілік етер ортасы, баба моласы,
кіндікбайлар қасиетті тұрағы. Сондықтан көшпелілер үшін жерден киелі ештеңе
жоқ. Жер дауынан қиын дау да жоқ.
Екінші сала – үй-ішілік тірліктері сыйластық, байланыстылық, әке мен
бала, ене мен келін арасындағы, қарым-қатынас, үлкен мен кіші арасындағы
сыпайыгершілік, ата-анаға деген құрмет, жастарды тәрбиелеу, баулу сияқты
инабаттылық, имандылық шаралары. Өйткені, "баланы жастан"... дейтін
қағиданы қатты ұстанған халқымыз ұл-қызын ибалылыққа үйретіп, имандылық
қасиетке икемдеп отырған ғой.
Үшінші тармақ ұрлық пен қарлыққа, барымта мен сырымтаға кедергі қойып,
Бұқараны адалдыққа шақырып, еңбекпен күнелтуге бейімдеген зандар тізбегін
қамтиды. "Арам жемейік, адал өлейік" дейтін пікір сол кезде қалыптасса
керек.
Жарғының төртінші бабы ел мен ел, халық пен халық, ру мен ру
арасындағы дау-дамайды әділдікпен шешуге арналған. Ынтымақтық тілеген ол
дауды білекпен емес, білікпен тындыруды көздегені ақиқат. Өйткені Қазыбек
би өмірі – ақиқат куәсі. Сондықтан бұл тармақтың қазақ даласы үшін де,
қазақ баласы үшін де мәні зор екені даусыз.
Бесінші бунақ-бап ел бірлігін сақтау, отанын қорғау, сыртқы жауға
тойтарыс беру, жасақ құру, сардар сайлау, сауын айту тәрізді жаугершілік
кезіндегі мемлекеттік ірі оқиғаларды қамтыған ереже-қағидалар шоғырын түзсе
керек.
Алтыншы тармақ түгелдей құн дауына бағышталған. "Қанды кек", "қанды
мойын құныкер", "ежелгі дүшпан", "ескі жау" ұғымдары қалыптастырған адалдық
пен қатыгездікті жұмсартып, Қазақтың онсыз да оңай желпілдегіш түндігіне
одан сайын жел үрлемей, жаттан емес жақыннан жау тапқызатын қатқылдықты
иітуге барын салған үш бидің, соның ішінде Қаз дауысты Қазыбектің де
мәмлегер даналығы бар бұл тармақта. Өлімді өліммен көбейтпей, ізгілік
тілекпен өмірді арашалаған, өмірді қорғаған бұл жосынның маңызы да,
ерекше.
Тағы да дәлелге жүгінейік. Қасым мен Есім хандардың әдет-ғғұрып
зандары бойынша кісі өлтірген айыпкердің шаңырағы ортасына түсіріліп, қара
орманы бүлдіргісіне дейін түк қалынбай түгел таланып, өзі өлім жазасына
бұйырылатын болған. Ал, "Жеті жарғыда" бұл даудың жазасы әжептәуір
жеңілдене түскен. "Қанға – қан" жойылып, енді құн төленіп, айып кесілетін
болған. Және ол айып – жеті айып аталған. Олар мыналар:
Бірінші айып – "қара Қазан" төлеу. Қара Қазан төлеуі – айыпкердің
шаңырағының ортасына түскенінің белгісі.
Екінші айып – "қара нар беру". Сол қара нармен өлген кісі атақты адам
болса Түркістанға апарылып қойылатын болған.
Үшінші айып – "қара мылтық алу". Қара мылтықты алу –қылмыскердің күшін
алуы, қаруын жоюы. Бұдан кейін ол өлгенмен тең болмақ-мыс.
Төртінші айып – "қара шолақ бие жетектету". Қара шолақ бие жетектету
айыпкердің ырысының шайқалуының анық нышанына баланған.
Бесінші айып – "қара кілем ұстату". Қара кілем ұстату –
тұралағандықтың көрінісі саналған.
Алтыншы айып – "жетім беру". Ол көңілде кірбіндік қалмасын, аралас-
құраластық басталсынды мегзеген.
Жетінші айып – "жесір бастаған тоғыз жөнелту". Ол – қан-жыны араласып,
ағайынның қылшықсыз табысуының басы деп есептелген.
Енді "Жеті жарғының" ең соңғы жетінші тармағына көшелік. Бұл тармақ
тұтастай жесір дауынан құралады екен. Әрине ол тұста ру мен руды, ауыл мен
ауылды әрі біріктіретін де, әрі бөлектейтін де жесір дауы болғаны рас. Құда
боп төс түйістіріп, көңіл қосып, құшақ табыстырған қазақ осы қыз дауы,
жесір дауы арқылы аттан айғайға басып, сойыл-шоқпарға жармасып, барымта-
сырымтаға аттанып, оқ боратып, шаң суырып, бас жарып,білек сындырып, қан
ағызып, көз шығарып алыс-жұлысқа, төбелес-ұрысқа да, сойқан соғысқа да
барып қалатын. Сол себепті де ең бір осал тұс, өкпе сызы көп, айқай жанжалы
мол, ұрыс-керісі орасан осы жесір дауына үш бидің – Тµленің, Қазыбектің,
Әйтекенің "Жеті жарғысы" қатты көңіл бөлген көрінеді. Бір ғана мысал:
Айттырған жеріне бармай, өзге жігітпен көңіл қосып кеткен бойжеткеннің
төркіні алған қалың малын қайтарып қана қоймай, қосымша үш тоғыз айып
(біріншісі жамбы бастаған тоғыз, екіншісі ат бастаған тоғыз, үшіншісі түйе
бастаған тоғыз) төлейтін болған. Әрине, бұл өте ауыр айып, қиын айып. Бірақ
бүтін елдің бүлінбеуін, тату ағайын арасының ірімеуін, шырық бұзар шабуыл,
шандуылдың шықпауын түгендеген қатал ұйғарым. Сонысымен де құнды.
Әз Тәукенің тұсында әдет-ғұрып заңдарын жасап және соны үш жүздегі үш
бидің – Төленің, Қазыбектің, Әйтекенің жүзеге асыруымен Қазақ хандығы
біршама бейбіт өмір сүрген еді.
Бұл кезде он сегізінші ғасырдың алғашқы ширегінде, Қазыбек Ұлытауды
жайлап, осы төңірекке топтасқан Арғындарға ықпал етіп отырған. Шын
мәніндегі осынау кемеңгердің Тәуке өлгеннен кейін таққа отырған (1719-1828)
Тәукенің ұлы Болат ханның нашарлығынан үшке бөлініп кеткен елді ақтабан
шұбырындыға ұшыратып, атадан ұлды, анадан қызды айырылтып, қайғылы күйді
күңірентіп жеткізген Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ жұртын қайта
көтерудегі еңбегін баса көрсету ләзім. Әсіресе, жиырмасыншы жылдардың орта
шенінде Орта жүз бен Кіші жүздің ауылдарын қысы-жазы аралап, елді бірлікке,
ұлдарын ерлікке, бай-билерін бірауыздылыққа шақырып, азаттық аңсаған
халықтың қонысын жоқтаған босқын жұрттың тәуелсіздігін әперіп, атамекенін
құтқаруды айтқан Қаз дауысты Қазыбек бидің ат үстінен түспей, алты малтаны
қорек қып, Сарыарқаның сарқыраған суына шомылуға да мұршасы болмай, түнгі
шығына омырауын төсеп, күндізгі мұнарына бетін шайып, кең даланың кер
бетегесін сырлас етіп алғанын аңыздан да білеміз, құжаттардан да
кездестіреміз (10,133).
Қаз дауысты Қазыбектің елінің еркіндігі, ұлтының тәуелсіздігі,
азаматының азаттығы деп жарғақ құлағы жастыққа тимей жылдар бойы түн
жортқан жолаушы болып жүріп, 1731 жылғы Ресей патшалығының қол астына бодан
боп кірген Әбілқайыр хан тіршілігін қолдағанынан да хабардармыз. Ол ол ма,
1741 жылы Орск қамалына барып сенатор Иван Неплюевтің алдында императрица
Елизавета Петровнаға ант бермекші болған Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен
Абылай сұлтанға қатты ықпал етіп, Арғын руының атынан ант беруге
қосылатындарын білдіріп хат жазып беріп, өз өкілін жөнелткенін де көне
жазбалардан оқығанымызды растаймыз. Сонда қалай? Азаттық аңсаған Қазыбек,
халқының еркіндігін көксеп, ұлтының тәуелсіздігін армандаған Қазыбек,
кіріптарлықты адам бойындағы ең бір ауыр азап деп сезінген батагөй қария
құлдық құрығын, отаршылдық бұғауын, теңсіздік қамытын өз Қазағының мойнына
өзі салып беруге құлшынған ба? - дейтін заңды сұрақ туындайды.
Бірақ сол кезеңнің шындығына сүңгіп шыққанда ғана, кереғар заманның
ақиқатына бойлаған шақта ғана Қазыбек сияқты кемеңгер, сұңғыла әрі
алдағысына ой көзін жіті жеткізе алатын данышпан адамның жан дүниесіне
енуге болады.
Қаз дауысты Қазыбек хандыққа таласқан Әбілқайыр, Барақ, Әбілмәмбет,
Батыр сияқты хан, сұлтандардың әрекеті елді іштен іріткенін көрген еді.
Ойрат, қалмақ, башқұрт шабуылы аз болғандай ендігі қауіп қара құрттай
қаптаған шүршіттен төне бастағанын сезген еді. Қазақ халқы тарихтан біржола
өшіп, жоғалып, құрып кету қаупі туғанын болжаған дана қарт қайткен күнде де
елді сақтап қалудың амалын іздеген еді. Сондағысы – Ресей империясына
еріксіз қол қусыру еді. Сондағысы – еркін халықтың тәуелсіздігін,
құрбандыққа шалу еді. Сондағысы – мойнына отаршылдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шешендік сөздер түрлері
Қазақ жырауларының педагогикалық идеялары
Қазақ қоғамындағы батырлар мен билердің рөлі
Төле би және оның дәуірі туралы
Билер жөнінде бірер сөз
Шешендік өнер
ТӨЛЕ БИДІҢ ӨМІРБАЯНЫ ЖӘНЕ ШЕШЕНДІК ӨНЕРІ
Қазақ журналистикасындағы шешендік сөз бен шешенсөз
XVII ғасыр аяғымен XVIII ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық саяси жағдай
Ер Жәнібек
Пәндер