Ж.Аймауытовтың аудармашылық шеберлігі


Жоспар
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім
1-тарау Ж. Аймауытов және қазақ аудармасы . . . 6
1. 1 ХХ ғасыр басындағы қазақ аудармасының дамуы . . . 12
1. 2 Ж. Аймауытовтың аударма саласындағы алғашқы қадамдары . . . 22
2-тарау Ж. Аймауытовтың аудармашылық шеберлігінің қалыптасуы. 34
2. 1. Көркем проза аудармасының ерекшеліктері . . . 36
2. 2. Джек Лондонның «Күштілердің күші» және «Теңсіз телегей
аттаныс» шығармалары Ж. Аймауытовтың аудармасында . . . 41
Қорытынды . . . 79
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 82
ӘЛ -ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ф и л о л о г и я ф а к у л ь т е т і
Әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы кафедрасы
М А Г И С Т Р Л І К Д И С С Е Р Т А Ц И Я
Ж. Аймауытовтың аудармашылық шеберлігі
Орындаған:
«___» 2008ж М. Т. Кожаканова
Ғылыми жетекші:
Филология ғ. к. доцент
«___» 2008ж Л. Ж. Мұсалы
Қорғауға жіберілді
«___» 2008ж
Кафедра меңгерушісі:
ф. ғ. д. профессорЖ. Д. Дәдебаев
Алматы 2008
РЕФЕРАТ
Жұмыстың тақырыбы: Ж. Аймауытовтың аудармашылық шеберлігі.
Жұмыстың көлемі: 83 бет.
Жұмыстың құрылысы:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1-тарау Ж. Аймауытов және қазақ аудармасы.
1. 1 ХХ ғасыр басындағы қазақ аудармасының дамуы.
1. 2 Ж. Аймауытовтың аударма саласындағы алғашқы қадамдары
2-тарау Ж. Аймауытовтың аудармашылық шеберлігінің қалыптасуы.
2. 1. Көркем проза аудармасының ерекшеліктері. .
2. 2. Джек Лондонның «Күштілердің күші» және «Теңсіз телегей
аттаныс» шығармалары Ж. Аймауытовтың аудармасында.
Қорытынды:
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Жұмыстың мақсаты: Ж. Аймауытовтың аудармашылық шығармашылығын жан-жақты зерттеп, саралау. Шет ел жазушыларынан аударған еңбектерін талдап, аударманың сапасына, құрылымына мазмұнына баға беру, осылайша қаламгердің аудармашылық шеберлігін айқындау.
Жұмыста қолданылған әдістер: салыстырмалы-салғастырмалы, мәтін талдау, лингвопоэтикалық әдіс, тарихи зерттеу.
Кіріспе
Диссертациялық жұмыстың тақырыбы қазақтың көрнекті жазушысы Жүсіпбек Аймауытовтың аудармашылық шеберлігіне арналады.
Ж. Аймауытов - Джек Лондонның шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған алғашқы аудармашы. Жүсіпбек Аймауытұлы аудармашы есебінде қазақ әдебиеті мен орыстың және дүниежүзілік классикалық әдебиеттің шығармашылық байланысын ұлғайтуға көп күш жұмсады. Қазір оның аударуымен басылған Н. В. Гогольдің «Бақылаушы», А. С. Пушкиннің «Тас мейман», «Сараң сері», А. Дюманың «Дәмелі», К. Берковичтің «Өрбике», С. Чуйковтың «Тау еліндегі оқиға» атты шығармалар басылған. Сонымен бірге Ги де Мопассаннан, Р. Тагордан, М. Горькийден аударған шығармаларын ол кезінде баспасөзде жариялаған. Бұлардан басқа Жүсіпбек Аймауытұлы бірқатар саяси, тарихи еңбектерді, оқулықтарды қазақшаға аударуға қатысқан. Оның аударуымен Н. И. Бухарин мен Е. А. Покровскийдің «Коммунизм әліппесі», М. И. Покровскийдің «Ресейдің ХІХ-ХХ ғасырлардағы төңкеріс қозғалыстары тарихынан», «Орыс тарихы», Богдановтың «Саяси экономияның қысқаша курсы», П. И. Стучкийдің «РСФСР конституциясы» атты кітаптары басылған (17, 29) . Бұлар Жүсіпбек Аймауытұлын өз заманының жан-жақты білімді, ағартушы, педагог, ғалымы ретінде тұлғаландыра түседі.
Ж. Аймауытовтың өз дәуірін жан-жақты бейнелеп, қорықпай суреттеген шығармашы екені баршаға мәлім. Ол өзі өмір сүрген заманның әлеуметтік, қоғамдық мәселелерімен, кейбір мән беріле бермейтін қырларына дейін суреттей отырып бұрын-сонды айтылмай келген жаңалықтарды ашқан талантты тұлға деп айта аламыз.
Жүсіпбектің қоғамдық, әдеби көзқарасы ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде іске асқан Россиядағы саяси-әлеуметтік өзгерістердің әсерімен қалыптасты. Алғашқы орыс революциясының демократтық бағыттағы табыстары қазақ жерінде де азаттық үшін күрес идеясының тарауына жол ашты.
Ж. Аймауытовтың революцияның от жалынында туып, халқына азаттық, теңдік идеясын таратқан туындылары, әр жанрдағы ізденістері жаңа әдебиеттің негізін қалады.
Жазушы шығармаларының сюжеті бай, композициясы шебер, адам кескінін бейнелеуде психологизм принциптерін еркін пайдалана білген. Ж. Аймауытов шығарамаларының негізгі идеясы - қазақ халқын, қазақ жастарын жаңа заман ағымына баули, біліміне құштарлығын арттыру.
Сөз өнерінің барлық саласында жемісті еңбек еткен жан-жақты дарын иесі Ж. Аймауытов көркем шығарамашылықпен бірге өз заманындағы әдеби өмірдің зәру мәселелері төңірегіндегі пікір алысуларға да батыл араласып, жазу өнері жайлы ойларын үнемі білдіріп отырған.
Бауыржан Момышұлы: “ Менің ұстаздарым көп. Солардың бірі - Жүсекең. Ол кісі “ Интернационалды” қазақшаға тұңғыш аударған кісі. Тағы қалай аударған десеңізші? “ Бізге теңдікті әпермес бай да, патша да”, дей келіп, “құдай да” сөзін “батыр да” деген сөзбен алмастырып аударған. Ондағы ойы - қазақ халқы әлі дінге сенеді, “ құдайды” айтып шошытып алмайық дегені, қандай психолог.
Орыс сөйлемінің жүйесі сол қалпында аударғанда, қисынсыз келетін болса, көңілге, қиялға әсер бермей, ақыл ойға әсер беретін сөздер болса, мұндай жерде жалпы ұғым беруге тырысу керек, бұлжытпай аударудан қашу керек. Әсіресе, “ Сорпа жедім”, “Роль ойнадым” сыќылды күлкі болып шығуы мүмкін”, - деген пікір айтады.
Осыған орай Жүсіпбек аударма кітапқа «бәленшеден аударма», «еркін аударма», «бәленшенің саранымен» дегендей ескертулер жасауды мақұл көреді. Бұл ескертулер арқылы ол аударманың сипатын байқатуды тілейді. Өзінің осы принципін Жүсіпбек өз аудармаларында жиі қолданған.
Ж. Аймауытов творчествосының үлкен бір саласы, ұлттық топырақта бұрын - соңды болмаған театр өнерінің негізін қалап, оның дамуына өзіндік үлес қосу - халқымыздың мәдени тарихындағы елеуші құбылыс.
Алғашқы қадамын поэзиядан бастаған Ж. Аймауытов 13 жасында тұңғыш күлдіргі өлеңдерін жазып, қаламы төселе келе өзі қатарлы оқыған замандастарымен айтысқа да түскен, оның жазушы ретінде алғашқы баспа бетін көруі - 1913 ж бір болымсыз біреудің болыс болам деп арам терге түсуі мен босқа шығынданғанын баяндайтын шағын әңгімеден басталған, осындай тәжірибелерден кейін-ақ ол ел ішіндегі әлеуметтік құбылыстарды суреттейтін шығармалар жазуды ойластырып, оның бейнелеу үлгісіне драматургия жанрын лайық көрген. «Рәбиға», «Жебір болыс» «Қанапия - Шәрбану» пьесаларының 1916-1917 жылдары жазылуы-Ж. Аймауытовтың күрделі жанрды меңгеруді творчествосының алғашқы кезеңінде-ақ қолға алғанын көрсетеді.
Мұнан соң ол А. Пушкиннің «Сараң сері», «Тас мейман» сынды шағын трагедиялары мен Н. В. Гогольдің «Ревизорын қазақшаға Бақылаушы» деген атпен аударған. Соңғысының қолжазбасынан әзірге ешқандай ізі жоқ. Алдыңғы екеуін 1927 ж Жумат Шанин қазақ театрының сахнасында қоюға талпыныс жасаған. Бірақ ол уақыттағы актерлер шеберлігінің тапшылығынан бұл талпыныс бас репетициядан тоқтатылған. Ендігі бір ол аударған «Октябрь» пьесасы, әзірге қолжазбасы табылмағандықтан, қай драматургтің дүниесі екені белгісіз. Бәлкім, қазақшаға аударылғаннан кейін пьесаның түп нұсқадағы аты өзгеріп те кетуі ықтимал. Мұндай құбылыс пьеса сахнаға тұңғыш шыққында жиі кездеседі. Пьесаларының бәрі де Семейдегі губерниялық, кейін «Ес Айман» деп аталатын трулладан бастап, Қазақстанның көптеген қалаларында, Ташкентте, сосын Қызылорда кезеңіндегі қазақтың тұңғыш мемлекеттік ұлт театрының сахнасына қойылды.
Көркем аударма жасаудың көркем мәтінді аудару шеберлігін жетілдірудің өзектілігі мен қажеттілігі әсіресе қазіргі кезеңде күшейіп отырғаны мәлім. Осындай жауапты кезеңде «мәдени мұра» бағдарламасы бойынша дүниежүзілік әдебиеттің үздік туындыларын аудару қажеттілігі туған кезде, біздің көркем аудармашылар үшін сөз зергері, көрнекті жазушы Ж. Аймауытұлының аудармашылық тәжірибесі сөз қолданысы, прагматикалық бейімдеуі үлгі нұсқа бола алады деп санаймыз. Осы уақытқа дейін Ж. Аймауытовтың аударма жасаудағы шеберлігіне ғылыми жұмыстар жазылмаған. Ж. Аймауытов әр түрлі жанрдағы шығармаларды аударған соның ішінде ертегі, әңгіме, повесть, публицистикалық мақалалар
Ж. Аймауытовтың аудармаларын зерттей келе жазушының сөздік қорының молдығын, ұлттық ұғымдағы сөздерді кеңінен пайдаланатындығын, жалпы аудару үрдісінде өзіндік бағыты, әдіс-тәсілдері болғанын байқадық.
Демек біздің тақырыбымыз болашақ аудармашылар мен аударма танушылардың іс тәжірибесі үшін практикалық тұрғыда және көркем аударманың өзіндік ерекшелігін сыр-сипатын анықтайтын теориялық тұрғыда да өзекті деп білеміз.
Жұмыстың мақсаты: Ж. Аймауытовтың аудармашылық шығармашылығын жан-жақты зерттеп, саралау. Шет ел жазушыларынан аударған еңбектерін талдап, аударманың сапасына, құрылымына мазмұнына баға беру, осылайша қаламгердің аудармашылық шеберлігін айқындау.
Бұл мақсаттан көптеген міндеттер туындайды.
-Ж. Аймауытовтың аударма мұрасын жинақтау
-Аудару тәжірибесін талдап, өзіндік аудару машығын тану.
-Аудармаларын теориялық тұрғыда қарастырып аудармашының бейімдеп аудару ұстанымын анықтау.
-Кейбір жеке көркемдік тәсілдерді, аудармаларын бөлек зерттеу.
-Джек Лондонның «Күштілердің күші», «Теңсіз телегей аттаныс» шығармалары Ж. Аймауытовтың аудармасында.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: салыстырмалы-салғастырмалы, мәтін талдау, лингвопоэтикалық әдіс, тарихи зерттеу
Магистрлік диссертацияның басты жаңалығы: Диссертацияның жаңалығы оның өзектілігінен туындайды. Зерттеу жұмысында алғаш рет Ж. Аймауытовтың аудармашылық шеберлігі қарастырылып, оның шеберлік жолындағы ізденістері айқындалды.
Зерттеу нысаны ретінде түпнұсқа мәтін мен аударма мәтіндер алынды.
Әр жылдары жарық көрген аударма шығармалары мен зерттеу еңбектері, Джек Лондонның шығармалары алынды.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздерін салыстырмалы әдебиеттану ғылымдарының жетекші өкілдерінің сын, зерттеу еңбектеріндегі ой пікірі, тұжырымдары құрайды.
Зерттелу деңгейі: Көтерілген мәселелердің шешімін іздерде көрнекті ғалымдардың ғылыми еңбектері басшылыққа алынды. Атап айтсақ: А. Бархударов, В. И Комиссаров, Г. Р Гачечиладзе, Тюленев, И. Левый.
Жұмыстың құрылымы: Магистрлік жұмыс кіріспеден, екі тарау және тараушалардан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1-тарау
Ж. Аймауытов және қазақ аудармасы.
ХХ ғасырдың басында алмасқан қоғамдық құрылыстар жіктеген екі дәуірдің шекарасында өмір сүріп, сол заманның аласапыран шындығын әдебиет әлемінде үлкен суреткерлікпен бейнелеген қаламгердің бірі Жүсіпбек Аймауытов еді. Ол қазақ халқының отаршылдық езгіге қарсы және ұлттық тәуелсіздік үшін күресі идеясымен сусындап, әдеби шығармашылығын революция қарсаңында бастады да, оны Кеңес өкіметі орнаған тұста айрықша дамытып жетілдірді. Ақын, драматург, публицист, прозашы, сыншы, аудармашы Жүсіпбек бұл кезде әдебиеттің көптеген жанрларында өнімді қызмет істей отырып, осы жанрлардың ұлттық әдебиетімізде орнығуына ерекше еңбек сіңірді, сөйтіп азаттық бостандық ұраны астында туған жаңа әдебиеттің негізін қаласқан талантты топтың алдыңғы легінде болды.
Жүсіпбектің қоғамдық, әдеби көзқарасы ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде іске асқан Россиядағы саяси-әлеуметтік өзгерістердің әсерімен қалыптасты. Алғашқы орыс революциясының демократтық бағыттағы табыстары қазақ жерінде де азаттық үшін күрес идеясының тарауына жол ашты.
Ж. Аймауытовтың революцияның от жалынында туып, халқына азаттық, теңдік идеясын таратқан туындылары, әр жанрдағы ізденістері жаңа әдебиеттің негізін қалады.
Жазушы шығармаларының сюжеті бай, композициясы шебер, адам кескінін бейнелеуде психологизм принциптерін еркін пайдалана білген. Ж. Аймауытов шығарамаларының негізгі идеясы - қазақ халқын, қазақ жастарын жаңа заман ағымына баули, біліміне құштарлығын арттыру.
Сөз өнерінің барлық саласында жемісті еңбек еткен жан-жақты дарын иесі Ж. Аймауытов көркем шығарамашылықпен бірге өз заманындағы әдеби өмірдің зәру мәселелері төңірегіндегі пікір алысуларға да батыл араласып, жазу өнері жайлы ойларын үнемі білдіріп отырған. Оның қазақ әдебиетінің өзекті жақтарын қозғаған мақалаларының жалпы саны жиырмадан асады.
Ж. Аймауытов «әдебиет-өнер» деп біледі. Сондықтан да «Өнер азды-көпті еркіндік тілейді. Қазақ әдебиеті көгерсін, гүлденсін десек, жалаң тап көзімен, не саясат көзімен қарап, сыңаржақ кетпеу» керек. Бұл жолдарды Жүсіпбектің әдеби ойларының негізгі түп қазығы жатыр. Осы ойын ол тағы бірде таратыңқырап «әдебиеттің күшеюіне, қаламшыларға азды - көпті еркіндік керек» деп түсіндіреді. Демек әдебиет сөз өнері, «өнер істеп үйрететін-шеберлік» Оған таптық тұрғыдан қысым жасауға болмайды. Осы негізгі ой оның әдебиет жайлы білдірген пікірлерінің орталық өзегіне айналып, өн бойынан байқалып отырады.
Ж. Аймауытовтың өз дәуірін жан-жақты бейнелеп, қорықпай суреттеген шығармашы екені баршаға мәлім. Ол өзі өмір сүрген заманның әлеуметтік, қоғамдық мәселелерімен, кейбір мән беріле бермейтін қырларына дейін суреттей отырып бұрын-сонды айтылмай келген жаңалықтарды ашқан талантты тұлға деп айта аламыз.
Стиль - қаламгердің ерекшелігі мен даралығы деп айтатын болсақ, Ж. Аймауытов шығармаларын зерттеушілердің зер сала қарастыруы да сол себептен. Жазушының туындыларын тұтастай алып қарағанда кейбірінің басқа шығармасына ұқсас сияқты көрінгенмен әрқайсысының қайталанбас өзіндік жекелік ерекшеліктері бар.
Аударма біздің ана тіліміздің өткірлігін, икемділігін, үйлесімділігін, бейнелеу қабілетін арттырады. Аударма біздің сөздік қорымызды байытты, дүниетану өрісімізді ұлғайтты.
Аудару үстінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы әрдайым ана тілінің бүкіл қазынасы аударылып, төңкеріліп отырады. Соның арқасында тіл қазынасының қалтарыстарындағы не бір байырғы сөздер, кейде тіпті ұмытылып бара жатқан атаулар да жазу, сөйлеу қызметіне жегіледі де, әдеби тілдің тұлғасы болып шыға келеді.
Аудару үстінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы тілдік қорымыздағы бар сөздер мағына жағынан сараланып, ұғымдық шектері айырыла түседі.
Аудару үстінде жеке сөздерге балама іздеу арқылы архаизм деп аталатын, яғни ескіріп бара жатқан көне сөздер жаңғырып, қазіргі жанды әдеби тіліміздің қатарына қосылып жатады. Олардың көбі бірте-бірте бұрынғы мәнін өзгертіп, жаңа мағынада қолданылады.
Аударма қызметінің тілімізге келтіріп жатқан зор пайдаларының бірі-көптеген орыс сөздері мен шетел сөздерінің енуіне тікелей себепші болатындығы. Бұрын қазақша баламасы болмаған шетелдік сөздер, әсіресе, терминдік атаулар аудармада сол күйінде еркін қолданылып келді. Соның нәтижесінде тіліміз толып жатқан жаңа сөздермен байыды.
Аударманың арқасында бізде неологизмдер де көбейді. Аударма қызметі ондай сөздерді жаңадан туғызып қана қоймай, күн сайын аударылып жатқан сансыз көп материалдарда белгіленген орнын бұлжытпай қолдану арқылы тұрақтандыруға, халықтың ойы мен тілін үйретіп, сол сөздің ұғымдық шегін қалыптастыруға себепші болып отырады.
Аударма деген біздің жағдайымызда тіл ұстартудың нағыз лабораториясы. Қазақтың бар сөзі сол лабораторияның сарабынан өтіп жатыр. Күн сайын соншалық көп істелетін аударма процесінде бір сөз әр мақамда қолданылып сан рет салыстырылады. Кейде оғаш та қолданылып жүріп бірте-бірте орнын табады.
Аударма арқылы біздің тілімізге жаңа формалы, жаңа мазмұнды фразеологиялық тіркестер, мақал- мәтелдер, афоризмдер енді.
Аударма жасау арқылы біздің тілімізге сөз құраудың, ойды бейнелеудің неше алуан жаңа тәсілдері туды, жазу шеберлігі артты. Аударма арқылы тіліміздің синтаксистік құрылысына да көптеген жаңалықтар енді. Ойды ықшамдап, нақтылап айту, сөйлемді жинақы құру, шұбалаң қылыққа соқтыратын көп сөзділіктен, орынсыз орағытудан қашу сияқты жазу мәдениетінің өсуін бейнелейтін тәсілдердің дамуына аударманың да әсері тимей жүрген жоқ.
Ақындарды ортақ тақырыпқа қалам сілтеткен бар тілге түсінікті, "Көзбен көріп, ішпен білетін" Махаббат әлемі. Мағжан өлеңдеріне тән сезім мен тылсым сырлардың бейнелі де бедерлі суреттері, сезім бұлқынысының сәттік құбылыстары өлеңнің өн бойынан нұр шашып тұр. Тақырып атауы болмаса Мағжанның өз өлеңі деп қабылдауға әбден болғандай.
Блок, Фет творчестволарымен таныса, тәржіма жасай отырып, солардың рухында өлең жазған Мағжан ақын қазақ поэзиясына соны сипат, европалық үлгімен астасқан өзгеше өрнек әкелді.
Жүсіпбек Аймауытов әйгілі "Мағжанның ақындығы туралы" мақаласында: "Мағжан еліктегіш ақын, еліктеу - ақынға мін емес, қандай көрнекті ақындар да алдыңғы ақындарға еліктемей жаза алмаған. Романтик Мағжан символистерге, кейде сентименталистерге, орыс ақындарына еліктеп жазса, бұл алданғандық, не адасқандық емес, іздену соқпағына өзін-өзі салып, сан түрлі сырлы саздарды қазақ поэзиясына әкелу әрекеттерінің басы еді. Орыс поэзиясындағы сол кездегі әр түрлі ағымдар бағытын Мағжан жақсы бағдарлап, қазақ поэзиясына енгізген . . . " деп жазады. Мағжан аудармалары өлеңмен ғана шектеліп қалмайды. Ол М. Горькийдің "Сұңқар жыры", "Жұртын сүйген жүрек", "Ана", "Темірді жұмсартқан ана", "Хан мен ұлы" әңгімелерінде қазақша тәржімалады.
Мағжан романтизмінің түп төркіні Батыстағы Байрон, Гейне, Ресейдегі Пушкин, Лермонтов, Баратынский, А. Блок, ' М. Горькийден келіп шығады деген Жүсіпбек пікірі шындыққа жанасымды екенін Мағжан шығармашылығы дәлелдеп отыр.
Романтизм демекші, XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде сыншыл реализммен қабаттаса осы әдісте, өзіндік деңгейде көрініс тапты. Кейінгі кезде біз бұл әдісті тек Мағжан шығармашылығына қатысты сөз қылып жүргенімізбен, ол көптеген творчесвалық тұлғалардың шығармашылығынан берік орын тепті.
XX ғасыр басындағы әдебиетіміздің дүниежүзілік әдебиетпен байланысын айтқанда, Мағжан поэзиясындағы сентиментализм, символизм сарындарының сол байланыс арқылы енгенін атауымыз қажет. Аударма жасау барысында Мағжан орыс символистерінен өзіне жаңа өрнек, үлгі іздеген. Жаңашылдыққа, әсемдікке жаны құмар ақын өзі аударған шығармалардан қазақ құлағына тосын естілетін жаңа тараптарды, сөз тіркестерін, ішкі мағынаны іздеп табады. Оны әрлеп, жаңғыртып, жандандырып оқырманына жатсынбастай етіп ұсынады.
"Қазақ әдебиетіне Мағжанның кіргізген жаңалығы аз емес, орыстың символизмін (бейнешілдігін) қазаққа аударды, өлеңді күйге (музыкаға) айналдырды, дыбыстан сурет туғызды, жаңа өлшеулер шығарды. Романтизмді күшейтті, тіпті ұстартты" - деп, Жүсіпбек Аймауытов бағалағандай, Мағжанның төл шығармалары, аудармалары қазақта бұрыннан бар әдістер мен тәсілдерге символизм, сентиментализм ағымдарының элементтерін енгізіп, европалық әшекейімен безендіре түсті.
ХХ ғ басында қазақ ақын жазушылар томаға -тұйық күйде қалмай, жазба әдебиетті - биікке көтерілген алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесіне көз салып, әдеби байланысқа түсе бастады. Әсіресе, орыс әдебиетінен үйрену кең етек жайғанын жоққа шығара алмаймыз. Оның ең бір жанды көрінісі аударма шығармалардың көптеп пайда бола бастауы болатын. Ендеше белгілі бір кезең әдебиетін қарастырғанда көркем аударманың өрісін көз жібермей өту мүмкін емес. Өйткені аударма жазба әдебиеттің өскелеңдігінің белгісі. Ол әдебиеттің биік деңгейде дамуына әсер етіп, оған өзінің игі ықпалын тигізіп отырады. Аударма төл әдебиетпен қатар өседі, әрқашан да бірінің жетістігі мен кемшілігіне екіншісі ортақ, екеуінің тағдыры үнемі тығыз байланыста болып келеді.
Орысшадан қазақ тіліне аудару өнерін ілгері бастыруда ХIХ ғасырдың соңғы ширегінде қазақша мерзімді баспасөздің дүниге келуі үлкен рөл атқарды.
ХХ ғасырдың бас кезінде қазақтың төл әдебиеті де, аударма әдебиеті де едәуір дамыды.
Аударма көне де, жаңа да өнер. Өнер болғанда, ол сөз, әдебиет, публицистика ғылымдарының ажырамас бір саласы. Аударма адамдардың көп замандарға созылған ұзақ тарихында тілі өзге басқа адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарым-қатынас жасаудың делдалы, дәнекері болған.
Аударма жасау арқылы тілімізде сөз құраудың, ойды бейнелеудің жаңа тәсілдері туды, шеберлігі артты. Ол халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы, бүкіл адамзат мәдениетінің қазыналы қақпасын ашатын кілт, ғылым мен білімнің қайнар бұлағы, тіл ұстартудың мектебі.
ХIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы аударма ісінің жағдайын біз тек сол жылдардағы дүниеге келген шығармалардан байқай аламыз. Мысалы Субханбердиннің «Дала уалаятының газеті.
20-30 жылдары қазақ баспасынан шығарылатын басылымдардың 70-80 пайызы аударма әдебиетін құрады. Осы жылдардағы әдебиет өздеріне белгіленген жүйе бойынша дамып отырды. Бұл жүйені жоғарғы билік органдарында отырған адамдар жүргізді. Сондықтан да болар қазіргі ғалымдардың айтуы бойынша сол кездегі аударманың сапасы төмен болатын. Себебі жазушылар «халық жауы» аталуына қорқып, аудармамен еркін және терең айналысуларына мүмкіндік болған жоқ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz